Қазақстан республикасының бiлiм және ғылым министрлiгi


Коменский  Я.А.  (1592-1670)



жүктеу 0.99 Mb.
Pdf просмотр
бет108/251
Дата12.02.2022
өлшемі0.99 Mb.
#17190
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   251
Педагогика сөздік by Нұрмұхаметова Р.Ә., Молдағалиев Б.А., Фейзулдаева С.А., Урбисинова А.Б. (z-lib.org)
Смарт технологиялар Сымбат Жұпар, №13 енбек, №12 енбек срсп Иса Сымбат
Коменский  Я.А.  (1592-1670)  –  ХVI  ғ.  мен  ХVIІ  ғ.  аралығындағы  жаңа 
педагогиканың негізін қалаушы ұлы славян педагогы. Еңбектері: Тілдер мен барлық 
ғылымдардың ашық есігі  (1631), Ұлы дидактика (1657), Әлемді суреттеп бейнелеу, 
Жақсы ұйымдастырылған мектептің заңдары т.б. 


 
42 
Я.А.Коменский  педагогиканың  ӛз  алдына  бӛлек  ғылыми  жүйе  ретінде  алғаш 
тұжырымдалуына  үлес  қосты.  Я.А.Коменский  адам  ӛзінің  жетілуіне  жалпы 
табиғатқа  қатынасты  Заңдарға  тәуелді  деп  есептеді,  осыған  сәйкес  құрылатын 
тәрбиенің,  оқытудың  жалпы  принциптерін  іздестірді.  Кейіннен  бұл  идея 
педагогикада «табиғатқа сәйкестік принципі» деп аталды. 
Я.А.Коменский  «Ұлы  дидактика  еңбегінде  «бәрін,  барлығында  оқытудың  әмбебап 
ӛнері» мағынасында оқытудың жолын жаңа негізге салу мақсатын қойды. 
Дидактиканың  жүйелі  және  бірізділік  принципіне  байланысты  Я.А.Коменский 
оқытудың 
«жақыннан 
алысқа», 
«белгіліден-белгісізге», 
«нақтылыдан 
абстрактылыға»,  «жеңілден ауырға»  қарай кӛшіп отыратын  негізгі ережесін құрды. 
Я.А.Коменский  пікірі  бойынша  «Дидактиканың  алтын  ережесі»  -  кӛрнекілік 
принципі. 
Я.А.Коменский  білім  беру  ісінің  ұйымдастыру  түрлерін  түбірімен  бір  тәртіпке 
келтіруді  ұсынды.  Педагогика  тарихында  тұңғыш  рет  оқу  жұмысын 
ұйымдастырудың негізгі түрі, теориялық жағынан негізделіп сыныптық  – сабақтық 
жүйесі ұсынылды. 
Я.А.Коменский  балаларға  тәлім-тәрбие  беріп,  ұстаздық  кӛрсететін  мұғалімді  ӛте 
жоғары бағалады. 
Оның  ойынша,  мұғалім  –  «мәңгі  нұрдың  қызметшісі.  Ол  барлық  ой  мен  қимыл 
әрекетіне  ақылдың  дәнін  сеуіп,  нұр  құятын  танамсыз  лаулаған  жалын  иесі». 
Мұғалімнің балаға әсер ету күшіне ешбір күш тең келе алмайды: «Мұғалімдерге ең 
тамаша міндет жүктелген, Күн астында одан жоғары тұрған ешнәрсе жоқ». 
Я.А.Коменский  оқу-тәрбие  жұмысында  жас  ерекшеліктерін  ескеруді  алғаш  рет 
ұсынған. 

жүктеу 0.99 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   251




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет