Кроссмәдени (кросскультурные) зерттеу (ағыл. cross - перекрестный) - әртүрлі
мәдениеттің ӛкілдерінің арасында біртекті құбылыстарды зерттеу. Мақсаты –
мәдениеттің осы құбылыстарға әсерін орнату.
Креативтілік – тұлғаның салыстырмалы орнықты сипаттамасын құрайтын
шығармашылық дарындылықтың деңгейі, шығармашылыққа қабілеттілігі. Кредиттік оқу технологиясы – білім алушының және оқушының оқу жұмысының
кӛлемін ӛлшеудің сәйкестендірілген бірлігі ретінде кредитті пайдалана отырып,
білім алушылардың пәндерді оқып зерделеу дәйектілігін таңдауы және дербес
жоспарлауы негізіндгі оқыту.
Концепция /тұжырымдама/ - лат. - түсіну, жүйе; кӛзқарастар жүйесі,
құбылыстарды, процестерді олайша және былайша түсінуі, оларды ашып
кӛрсетудегі жетекші идея: іс-әрекеттің жетекші ойы; негізгі идеяға топтастырылған
зерттеу объектісіне қатысты кӛзқарастардың жүйесі.