Календарлық-тақырыптық жоспар – бір оқу пәні бойынша құрылатын жоспар.
Оған кіретіндер: тақырыптардың тізімі, олардың оқудың міндеттері, тақырыптарға
бӛлінетін сағаттардың саны, сабақтың типін анықтау, пәнаралық байланыс,
әдістемелік жағынан қамтамасыз ету. Календарлық жоспар бойынша жұмыс оқу
бағдарламасын орындаудың кепілі болады.
Категория /ұғым; гр.-пікір, белгі/ - шындықтың белгілі бір құбылысының ең мәнді
қасиеттерін және қатынастарын кӛрсететін ғылыми ұғым. Ғылымның тілін түсіну
үшін категорияларды білу қажет.