Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі



жүктеу 174.6 Kb.
Pdf просмотр
Дата18.03.2017
өлшемі174.6 Kb.

ҚАЗАҚСТАН

 РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ  

КӨПСАЛАЛЫ

 ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ 

 

 



 

КЕЛІСІЛДІ                                                                   БЕКІТЕМІН 

ПЦК төрайымы                                                           Əдістемелік  

                                                                                       кабинеттің       меңгерушісі 

___________Оразбаева Д.Т.                                       ____________Сауытова С.С. 

 

«_____»      «_____   »_______2013ж                   « __  »  «___» __________2013ж 



 

 

 

Жұмыс

 оқу бағдарламасы 

 

 



Пəн: Əдебиеттануға кіріспе 

Техникалық жəне кəсіптік білім бойынша үлгілік бағдарлама негізінде    жасалынған 

Тіркеу № «1576» 23.01.2012ж. 

Мамандық: 0111000 Қазақ тілі мен əдебиеті 

№________ «____»______________2013ж. оқу жоспарына сəйкес 

 

 



 

Оқу

 уақытының бөлінуі 

 

 

 



Жұмыс

 оқу бағдарламасын қолдану 

 

 

Оқу жылы 



Топтар 

2014-2015 о/ж 

2ҚТƏ-1 

 

 



 

 

 



 

 

Курс  Барлық 



сағаттар 

Теориялық 

сабақтар 

Зертханалық 

сабақтар 

Тəжірибелік 

сабақтар 

Курстық 


жоба 

Бақылау 


жұмыстары 

Сынақ, 


емтихан 

1-

сем 



2-

сем 


1-

сем 


2- 

сем 


1- 

сем 


2-

сем 


1-

сем 


2-

сем 


1-

сем 


2- 

сем 


1-

сем 


2-

сем 


16 


 

 



 

10 


 

 

 



 

 

 



 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Құрастырған: 



қазақ 

тілі 


мен 

əдебиеті 

пəндерінің 

оқытушысы, 

қазақ 

филологиясының  магистрі Оразбаева Д.Т. 



 

Педагогикалық пəндердің циклдік комиссиясы 

                       

Оқу  жұмыстық  бағдарламасы  мамандықтың  Мемлекеттік  стандарты  ҚР  МЖМБС 

4.05.155-2010 негізінде əзірленді.  

 

ПЦК  отырысында қаралды жəне құпталды 



№         хаттама «          »                       2014 ж. 

 

ПЦК төрайымы ___________________  Оразбаева Д.Т. 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



 

Мазмұны 


 

1.

 



Түсіндірме жазба                                                           5  

2.

 



Оқу пəнінің жоспарланған нəтижесі                            6 

3.

 



Пəннің мазмұны мен тақырыптық жоспары                

3.1.


 

Пəннің тақырыптық жоспары                                      7-8 

3.2.

 

Пəннің оқу-жұмыс бағдарламасының мазмұны         9-12 



3.3.

 

Оқытудың жоспарланған нəтижесін бақылау            13-16 



4.

 

Əдебиеттер жəне оқу құралдар тізімі                           17 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



 

1.

 



Түсіндірме жазба 

 

«Əдебиеттануға кіріспе» пəнінің осы жұмыстық оқу  бағдарламасы Қазақстан 



Республикасының  мемлекеттік жалпыға міндетті техникалық жəне кəсіптік білім 

беру  стандартына сəйкес (ҚР МЖМБС 4.05.155.2010) 0111000- Негізгі орта білім 

мамандығының  (біліктілігі 0111013- Қазақ тілі мен əдебиеті мұғалімі біліктілігі) 

бойынша  əзірленген.  

 «Əдебиеттануға  кіріспе»  пəнінің  осы  жұмыстық  оқу  бағдарламасының 

мақсаты-  білім  алушыларға  əдеби  пəндер  жүйесіне  тəн  білім,  іскерлік  дағдыларды 

меңгертіп,  көркем  шығарма  мəтіндерін  мазмұны  мен  түр,  негізгі  əдеби  тарихи  

мағлұматтар  жəне  теориялық  əдеби  ұғымдар  бірлігі  тұрғысынан  игерту,  əдебиет 

тарихы  бойынша  қажетті  мəліметтерді,  сондай-ақ  əдебиеттану  ұғымдарын 

пайдалана  отырып,  көркем  шығармаларды  оқу  мен  талдау    туралы  мəселелерді 

зерделеуді қарастырады. 

Осы жұмыстық оқу бағдарламасын жүзеге асыруда бəсекеге қабілетті 

мамандар даярлау мақсатында оқытудың дəстүрлі жүйесін, жаңа технологияларды, 

дидактикалық жəне көрнекіліктерді: плакаттарды, оқу видеофильмдерін, 

электронды оқулықтарды, оқу жəне оқу- əдістемелік құралдарды пайдаланады. 

«Əдебиеттануға  кіріспе»  пəні  бойынша    жұмыстық  оқу  бағдарламасын  іске 

асыру  үшін  оқытуды  ұйымдастырудың    дəріс,  семинар,  экскурсия,  тəжірбиелік 

сабақтар  жəне тағы басқа түрлері ұсынылады. 

Оқу  материалы  мазмұнының  ерекшелігі  мен    күрделілігіне    байланысты 

əңгіме, жағдайлық мəселелерді шешу, өндірістік жағдайларды талдау, рольдік жəне 

іскерлік ойындар,  материалды   рəсімдеу,  шағын  топтардағы  жұмыс жəне  т.б оқыту 

əдістері ұсынылады. 

Осы жұмыстық оқу бағдарламасы қазақ əдебиеті, қазақ тілі пəндері бойынша 

білім алушылардың білімдеріне, іскерліктері мен дағдыларына негізделеді: 

Пəнді  қазақ  тілі,  қазақ  əдебиеті,  педагогика,  психология  келесі  пəндермен 

байланыстырып оқыту ұсынылады. 

Осы жұмыстық оқу бағдарламасы  0111000 «Қазақ тілі мен əдебиеті» мамандығы 

бойынша оқитын студенттерге арналған. 

Жалпы көлемі-  16 сағат, соның ішінде: 

 



теориялық оқу-  6 сағат; 

 



семинар, практикалық оқу-  10 сағат; 

Қорытынды мен  сынақтың  өткізілу мерзімі:  5  семестрде 

 

 

 



 

 

 



 

 


 

 



2.

 

Оқу

 пəнінің жоспарланған нəтижесі 

Стандарт жəне білім бағдарламасында 

жоспарланған оқу нəтижесі 

Жұмыс оқу бағдарламасында жоспарланған оқу нəтижесі 

Білім 

алушылар 



келесі 

құзіреттіліктерге ие болулары керек: 



Базалық

БҚ 1 Мұғалім мамандығының мəні мен  

əлеуметтілік маңыздылығын түсіну; 

БҚ 2. Оқуға, өзінше оқуға  қабілеттілік 

–  үздіксіз  өзінше  білім  алуға  жəне 

кəсіптік 

біліктілікті 

жетілдіруге 

дайындық; 

Біледі

мұғалім мамандығының қазіргі кездегі беделін, мұғалім 

мамандығының мəнін, қазіргі кездегі маңыздылығын 



Меңгереді

:  білім  алушылармен  қарым-  қатынас  жасауды, 

теориялық  білімді  практикамен  байланыстыруды,  тəжірибе 

алмастыруды; 

Дағдысын

  қалыптастырады:  мамандықты  сүю  дағдысын 

қалыптастырады; 



 Құзыретті:  мұғалім  мамандығының  мəні  мен  маңыздылығын 

түсінуге; 

-

 

Кəсіптік



КҚ 


1. 

Сабақты 


жобалау 

жəне 


құрастыру, педагогикалық мақсатқа жету 

үшін  алған  білімін  саралауға,  талдап 

жəне  жинақтауға  қабілетті  ойлауды 

дамыту тəсілдерін меңгеру; 

КҚ2. 

 

Оқу 



– 

бағдарламалық 

құжаттарын жасақтау негіздерін меңгеру, 

мектеп 


оқулықтары 

мен 


оқу 

– 

əдістемелік 



құралдардың 

мазмұнын 

талдай білу. 

Біледі

: пəн бойынша сабақты жоспарлай біледі, əдіс- тəсілдерді 

ажырата алады, 

- оқулықтардың мазмұнына талдау жасай біледі, 



Меңгереді

:  оқыту  формаларын,  қазіргі  заманғы  əдіс  –

тəсілдерді, 

- оқу бағдарламалық құжаттарды жасақтауды; 

Дағдысын

 

қалыптастырады

жаңа 


педагогикалық 

технологиясы арқылы оқу əдістемелік кешен əзірлеуде; 



-  оқулық  пен  əдістемелік  құралдардағы  мазмұнын  оқушының 

жас ерекшелігіне сай жоспарлай білуді; 



Құзыретті

қазіргі 


заман 

талабына, 

оқушының 

жас 


ерекшелігіне сай кешен əзірлеуге 

жас  ерекшелігіне  сай  оқу  бағдарламалық  құжаттарды  жинақтап, 

сабақты жоспарлай білуге; 

-

 



Арнайы

АҚ  1.  Арнайы  кəсіптік  білімді,  қазақ 

тілі мен əдебиетін оқыту формалары мен 

құралдарын, 

қазіргі 

заманғы 


əдіс-

тəсілдерді, инновациялық педагогикалық 

технологияларды, пəннің оқу-əдістемелік 

кешенін қолдана білу; 

АҚ 

2. 


Негізгі 

ұғымдар 


мен 

терминдерді,  əртүрлі  нысандар  мен 

нақты 

құбылыстар 



арасындағы 

қатынастар  мен  байланыстарды  ашатын 

заңдарын білу; 

АҚ  3.  Қазақ  тілі    мен  əдебиеті  

пəндерін  оқыту əдістемесін меңгеру; 

АҚ  4.  Мұғалім  мен  білім  алушының 

портфолиосының  мазмұнын  жинақтау 

əдістерін меңгеру; 

АҚ  5.  Оқу-ақпараттық  құралдармен 

жұмыс  жасаудың  əдіс-тəсілдерін    жəне 

оларды  қолдану  кезіндегі  қауіпсіздік 

техникасын меңгеру.  



Біледі

:  ақпараттық  оқыту  технологиясын,  сын  тұрғысынан 

ойлау  технологиясын,  дамыта  оқыту  технологиясы  туралы 

теориялық тұрғыда мəліметтерді біледі, 

-  сабақ  барысында  сөздікпен  жұмыс  жасай  білуді,  сабақты 

жоспарлағанда  жаңа  сөздер  мен  терминдерге  баса  назар 

аударуды, 

-  оқыту  тəсілдерін,  пəннің  мақсаттары  мен  міндеттерін,  сабақ 

жоспарын білім алушының жас ерекшелігіне сай құруды; 



Меңгереді

:  өз  бетінше  ақпараттық  оқыту  технологиясын 

қолдануды, сын тұрғысынан ойлаудың тиімділігін; 



- терминдер туралы заңдарды; 

-  сабақтың  дидактикалық  материалдарын  дайындауды,  жаңа 

технологияларды  қолдана  отырып,  сабақ  жоспарын  құруды, 

оқытудың техникалық құралдарын қолдануды; 



Дағдысын

  қалыптастырады:  сабақ  жоспарын  құру,  өз 

бетінше білім алушылармен қарым- қатынас жасау, 



-  өздігінен  талдап,  заңдағы  терминдерді  білу  дағдаларын 

қалыптастыру; 

- жаңа технологиялармен тиімді жұмыс жүргізу; 

Құзыретті

:  оқытудың  жаңа  технологияларын  саналы  тұрғыда 

жеткізуді ұйымдастыруға; 

-  терминдер  мен  белгіленген  нысандар  туралы  берілген 

заңдарды білуге; 

-  білім  алушылардың  пəнге  деген  қызығушылығын  арттыруға 

байланысты дидактикалық материалдар əзірлеуге; 



 

 



3. Пəнінің тақырыптық жоспары жене мазмұны  

 

3.1 тақырыптық жоспар 

 



 

 

 

 Тақырыптар мен бөлімдердің 

атауылары 

 

Сағат 


саны 

Аудиториялық

 

сағат

 саны 

Виртуалды

 

сағат

 саны 



I  бөлім Əдебиеттануға кіріспе 

Əдебиеттануды оқыту мақсаты мен 

міндеттері.

 

Əдебиеттану 



салаларының өзара байланысы 

Əдебиет тарихы, теориясы, сынынан 

мілімет беру 



 

 



Өнер

 туралы жалпы ұғым 

Əдебиеттің танымдық жəне 

тəрбиелеушілік міндеттері 

 



 



II бөлім Өлең жəне оның 



құрылысы

 

Өлең өнерінің құрылысы. Өлең 

ұйқасы, оның түрлері 

Өлең бунағы мен буын түрлері 

 



 



 



III бөлім Образ жəне образдылық 

Образдың жасалу жолдары 

Образдың түрлері 

Тип. Образдардың көркемдік əдіс 

тұрғысынан жіктелуі 

Көркем бейне жəне мінез.

 

Көркем 


бейне жəне оның жасалу жолдары 

Көркем образ жасаудағы типтендіру 

тəсілі 

 



 

 IV бөлім  Əдебиеттің тектері мен 



түрлері

 

Жанр, оның түрлері. Эпос, лирика, 

драма түрлері 

 



 

 



V бөлім Əдебиет пен бағыт 

Стиль, Ағым ,Əдіс 

Сентиментализм жəне классицизм 



 

 



VI  Көркем əдебиеттің өнер түрі 

ретіндегі

 өзіндік табиғаты 

Көркемдік таным, оның зерттеу пəні 

Көркем əдебиеттің табиғаты 

 



 



VII Əдеби шығарма көркемдік 



тұтастық

 ретінде 

Əдеби шығарманың мазмұны мен 

формасы 

Көркем  шығарманың композициясы 

мен сюжеті 

Көркем шығарманың идеялық 

мазмұны 

 



 

 



VIII Əдеби процесс  

Əдеби даму стадиялары мен əдеби 

бағыттар  Əдеби шығармалардың 

ұлттық ерекшелігі, ұлттық жəне 

жалпы адамдық мəні 

 



 

10 


Көркем

 шығарманың тілі 

Əдеби процесс туралы түсінік 

Əдеби процестегі ұлттық-мəдени 

дəстүр 


 

 



 

Барлығы



 

 

 



I  бөлім Əдебиеттануға кіріспе  

Əдебиеттану

 ғылымы туралы түсінік  

Əдебиеттану-  сөз  өнерін  зерттейтін  ғылым.  Əдебиет  туралы  ғылым  мынадай  үш  салаға 

бөлінеді:  əдебиет  теориясы,  əдебиет  тарихы,  əдебиет  сыны.  Алғашқы  ой-  толғамдар,  көне  грек 

ойшылдары Демокрит, Платон, Аристотель т.б. еңбектері. 



Əдебиеттануды

 оқыту мақсаты мен міндеттері. Əдебиеттану салаларының өзара байланысы 

Əдебиет теориясы мəселелерінің даму тарихы. Көркем əдебиет, оның тарихилығы, халықтығы, 

қоғамдық мəні. 

Əдебиеттануға  кіріспе  пəні  бойынша  білім  алушыларға  мынадай  деңгейде  білім  беру:  əдебиет 

пен өнер диалектикасы туралы көркем бейне шығарманың оқиғасы  мен құрылысы, өлең өлшемі, 

драма  табиғаты,  жанрлар  жүйесі,  көркемдік  пен  сұлулық,  əдіс  жəне  стиль,  мектеп  пен  ағым, 

сондай-  ақ  басқа  да  эстетикалық  категориялар  мен  ұғымдар  туралы  əлемдік  ойдың  көрнекті 

өкілдерінің пікір- байлам ой- толғауларынан мол мəлімет беру.  

Пəнді оқытудағы негізгі міндеттер: Ой жүйесін  рухани əлемге бұру, əдебиеттену ғылымының 

ұлттық  сөз  өнеріннің  бүгінгі  жетістіктерін  саралаумен  қатар  оның  кешегі  тарихына  да  жиі-  жиі 

оралу, ой көзін салып отыру. 

Əдебиеттің  ұғымдарын,  категорияларын,  заңдылықтарын,  құбылыстарының  диалектикалық 

мəнін, олардың өзара байланысын жетік меңгеру.  

Тақырып  пен  идея,  мазмұн  мен  түр,  композиция,  фабула,  сюжет,  жанр,  көркемдік 

компонеоттерге, дəлірек айтқанда стиьді жасаушы теориялық тұғырдың беріктігін ұғындыру. 

Туған  əдебиетіміздің  көркемдік  жетістіктерін    жеке-  дара  аламай  əлемдік  сөз  өнерінің  үздік 

жетістіктерімен сабақтастыра талдап, əділ таразылау.  

Əлемдік  əдебиеттану  ғылымының  жетістіктеріне,  бұрынғы  озық  прогресшіл  əдеби-  теориялық 

ой- пікірлерге сүйенетін, уақыт талабына сай жаңаша көзқарастармен байып, толғанып отыратын 

ғылым екендігін ұғындыру.  



Əдебиет

 тарихы, теориясы, сынынан мəлімет беру 

    Əдебиеттану ғылымы, негізінен, мынадай 3 түрлі ғылыми салаға бөлінеді.  

Əдебиеттің тарихы. 

     Əдебиеттің сыны. 

     Əдебиеттің теориясы. 

     Əдебиеттанудың көмекші салалары: историография,  текстология, библиография,  архивтану,  

палеография 

Өнер

 туралы жалпы ұғым 

Əдебиет туралы ғылым əдебиеттен туады. Əдебиет жоқ жерде əдебиеттану да болмақ емес. Жазу, 

сызу,  өнері  ерте  дамыған  елдерде  əдебиеттану  ғылымы  да  ерте  дамып  қалыптасты.  Ал  біздің  қазақ 

сияқты  көшпелі  өмір  сүрген,  бұрын  болған  жазу,  сызуын  жоғалтып,  сергелдең  кешкен  қалыптарда 

кештеу дамыды. 

Жалпы  адамзат  мəдениетінен  көркем  өнердің  алар  орны  ерекше.  Ежелгі  гректер  мен  римдіктер 

жасаған  мүсіндер,  Шекспир  туғызған  трагедия,  Моцарт  пен  Глинка  шығарған  музыка,  Абай  жазған 

лирика, Рафаэль мен Репин салған суреттер мезгіл мешелерінен аттап өтіп, уақыт сынына мүдірместен 



 

адамзатқа  қызмет  етіп  келеді.Ал,  осы  адамдардың  парасат  дүниесіне  қызмет  ететін  өнердің  бірнеше 



түрі бар. 

Бірінші–  тастан,  кірпіштен,  ағаштан  не  басқа  заттан  сəнін  келтіріп,  сəулетті  сарайлар,  үлкен 

ғимараттар  салу өнері. Бұл сəулет өнері– архитектура 

Екінші,  металдан  құйып,  тастан не  ағаштан  жонып, нəрсенің тұлғасын,  тұрпатын,  сын-сымбатын 

келтіру. Бұл мүсін өнері– скульптура. 

Үшінші,  түрлі  бояумен  нəрсенің  түрін,  түсін,  кескін–келбетін  суреттеп  көрсету  өнері.  Бұл 

бейнелеу өнері – живопись.  

Төртінші, көңілді əсерлетіп əн салу, күй тарту өнері. Бұл əн өнері– музыка. 



Əдебиеттің

 танымдық жəне тəрбиелеушілік міндеттері 

Əдебиеттің  халықтық  пролблемасына  қатысты  ой-пікірлер  ұдайы  дамып,  жетіліп  келе  жатқан 

мəселелердің  бірі.  Қазіргі  кезеңдегі  «Əдебиеттің халықтығы»  деген  түсінік.

 

Өнер  мен  əдебиеттің 



басты мақсатына сəйкес, олар шешуге тиісті міндеттер 

II бөлім Өлең жəне оның құрылысы 

Өлең

 өнерінің құрылысы. Өлең ұйқасы, оның түрлері  

Өлең  еркін  сөйлейтін  жай  сөздер  тіркесі  емес,  ырғағы  мен  ұйқасы  белгілі  қалыпқа  түскен, 

шумағы мен бунағына дейін белгілі тəртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі.  

Ырғақ,  яки  ритм  қимылдың,  үннің,  құбылыстың  жүйелі,  мерзімді,  мөлшерінің  қайталануы. 

Ырғақ жасанды емес, табиғи нерсе, өнерге ғана емес, өмірге де тəн нəрсе.  

Бүкіл  əлем  əдебиетіндегі  өлеңдер  əр  халықтың  тіл  ерекшелігіне  лайық  əр  түрлі  жүйеде 

жазылады. Ең көне түрі метрикалық өлең жүйесі. Метрикалық жүйе, əуезді жүйе, оның арқауында 

əн жатады. Силлабикалық жүйе бағзы бір əдебиеттерде əшейін өткінші құбылыс  



Өлең

 бунағы мен буын түрлері  

Силлабикалық  өлең  атаулының  бəрінде,  оның  ішіндегі  қазақ  өлеңіндегі,  поэзиялық  қасиеттің 

көптен көбі буында жатыр. Өлеңді өлең ететін ырғақ болса, қазақ өлеңіндегі күллі ырғақ буын мен 

үндес.  


Ұйқас өлеңнің сыртқы түріне ғана емес, ішкі сырына тікелей қатысты нəрсе. Ұйқастың түрлері  

III бөлім Образ жəне образдылық 

Образдың

 жасалу жолдары 

 Көркем əдебиеттегі жинақтау типке əкелсе, даралау мəнезге əкеледі 



Образдың

 түрлері  

Образдың жасалу түрлеріне лайық образдың түрлері туады. Эпикалық образ, лирикалық образ 

жəне драмалық образ. Жасалу тəсілдеріне қарай: юморлық образ, сатиралық образ, фантастикалық 

образ, геройлық образ т.б. 



Тип

  

Жазушының  өмірдегі  ұсақ-  түйек,  кездейсоқ  жағдайлардан  аулақ,    биік  талғамы  арқылы 

жинақтау жəне даралау əрекетінен əдеби бейне туады.  

Көркем

 бейне жəне мінез 

Мінез-  адамның  ішкі  болмысы,    белгілі  қоғамдық  жағдай  қалыптастырған    қоғамдық  құлқы, 

барлық псизологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы.  Образдың мағынасын ашу.  

Көркем

 образ жасаудағы типтендіру тəсілі 

Əдебиетте адам бейнесінің алуан түрлілігі. Типтендіру- суреткердің іс жүзінде өмір шындығын 

өз  дүние  танымы  тұрғысынан  белгілі  бір  уақыт  пен  кеңістікке,  əлеуметтік  орта  мен  дəуірге  сай 

талаптануы,  таңдап  іріктеуі  жəне  жинақтауы,  көркем  бейнені  сомдауы,  тұлғаландыруы, 

даралануы.  

IV бөлім  Əдебиеттің тектері мен түрлері 

Жанр

, оның түрлері 

Жанрдың  түрлеріне:  роман,  повесть,  өлең,  поэма,  трагедия  т.б.  жатады.  Əр  терминнің 

психологиялық,  лингвистикалық  аясы  бар.  Əдеби  тектің  өзі  өлең  сөзбен  қара  сөзге  ортақ  екенін 

айта кеткен жөн. Эпос, лирика, драманың əрқайсысының өзінің шығу тегі бар. Осы кезде тұрмыс-

салт  жырлары  мен  өнердегі  санкертизм  терминін  де  байланыстыру  керек.  Эпос  тегі–  ол  өткенді 


 

10

баяндау.  Мұнда  уақыт  алшақтығы  авторлық  талғам  жəне  адамның  ішкі  өмірі  үлкен  шабытпен 



суреттеледі. 

Эпос

, лирика, драма түрлері 

Əдебиеттің тектері: эпос, лирика, драма жəне шығарма түрлері: əңгіме, роман, баллада, поэма, 

комедия, трагедия т.б. Жанр даму үстіндегі ұғым. Эпос көркем əдебиеттің көне түрі жəне күрделі 

жанр.  Лирика  əдебиеттің  Аристотель  заманынан  бері  келе  жатқан  үш  тегінің  бірі,  шындықты 

адамның  ішкі  көңіл  күйіне  бөлеп,  ойы  мен  сезіміне  астастыра  суреттейтін  терең  психологиялық 

шығармалардың түрі.Лириканың бас қаһарманы ақының өзі.  

Драма-  кейіпкерлердің  тікелей  қатысуымен  олардың  арасындағы  тартыс,  қақтығыстарды 

əлеуметтік- психологиялық сипатта берумен ерекшеленеді.  



V бөлім Əдебиет пен бағыт 

Стиль

  

Стиль деген терминнің мағынасы əр түрлі: байырғы римляндар сырлы тақтағы сөз жазатын бір 

ұшы қалақша, бір ұшы сүйір таяқшаны стиль деген болса, кейін əркімнің қолтаңбасы, жазу өрнегі, 

одан  бертін  келе  сөз  мəнері,  сөйлеу  машығы,  ақыр  аяғында  əр  суреткерге  тəн  өнер  ерекшелігі 

стиль атанған. 

Ағым

  

Əдеби  ағым  əр  дəуірдегі  идеологиялық  күрестің  əдебиеттегі  көрінісі.  Əдеби  ағым  тарихи 

категория.  

Əдіс

  

Əдебиет теориясындағы əдіс мəселесі, əдіс жайлы ой- пікірлер. 

Сентиментализм жəне классицизм 

Сентиментализм-XVIII ғасырдың екінші жартысында европа əдебиеті мен өнеріндегі ағым. Ағым 

атауының негізі француздың sentimentalisme, ағылшынның sentimental- сезімтал, sentiment- сезім деген 

сөздерінен өрбиді. 



VI  Көркем əдебиеттің өнер түрі ретіндегі өзіндік табиғаты 

Көркемдік

 таным, оның зерттеу пəні.  

Көркемдік  танымның  тəсілі,  формасы,  жинақтау  сипаты,    зерттеу  пəні  тұрғысынан  ғылыми 

санадан айырмашылығы. 

Көркем

 əдебиеттің табиғаты 

Эстетикалық  таным-халықтың  өмірге  философиялық  көзқарасы  арқылы  беріледі.  Қазақ 

фольклоры  мен  əдебиетіндегі  əсемдік  талғам  табиғаттың,  жыл  мезгілдерінің,  тіршілік  сəнінің,  ой 

əсемдігінің бейнелеуінен көрінеді.  



VII Əдеби шығарма көркемдік тұтастық ретінде 

   Əдеби шығарманың мазмұны мен формасы  

Көркем  шығармадағы  мазмұны  мен  форманы  шектеудің  əдістемелік  мəні.  Идеялық  мазмұнның 

формаға қарағанда жетекші рөлі. Көркемдік форманың негізгі деңгейлері: заттық бейнелеу, сөздік, 

түзіліс, композицияның мазмұндық жəне конструктивті рөлі. 



Көркем

  шығарманың композициясы мен сюжеті 

Композиция– латынша«құрастыру, қиыстыру» деген мағына береді. Бұл көркем шығарманың 

құрылысы.  Композиция  тек  формаға  ғана  байланысты  ұғым  емес,  мазмұнмен  де  тікелей 

байланысты.  Сонымен  қатар  көркемдік  түрлердің  орналасуы  жəне  ара  қатынасы,  яғни 

шығарманың  мазмұны  мен  жанрынан  өрбитін  туынды  құрылысы.  Композиция  шығарманы 

біртұтас дүниеге айналдыруға ықпал етеді. 

Сюжеттің басталуы– оның кіріспесі іспетті мұнда əдеби қаһармандар өзара қарым-қатынасқа 

көшпестен  бұрынғы  хал-жағдай,  тіршілік,  қоғамдық  орта,  болашақ  қақтығыстар  алаңы,  оқиғалар 

орны  суреттеледі.  Экспозицияның  бір  ерекшелігі–  ол  шығарманың  сюжеттік  желісіндегі  өмірлік 

тартысқа  тікелей  ықпал  жасамайды,  тек  мезгіл  мен  мекенге  меңзеу,  дерек,  дəйек  ретінде  ғана 

қалады. Экспозиция үнемі шығарма басында кездесе бермей, кейде шығарма соңында да беріледі. 

Көркем

 шығарманың идеялық мазмұны  

Идея  болмысы.  Көркем  шығарма  идеясы,  оның  объективті  жəне  субъективті  жағының  бірлігі. 

Шығарманың идеялық мазмұнының авторлық ой өзегінен айырмашылығы.  


 

11

VIII Əдеби процесс 



Əдеби

 даму стадиялары мен əдеби бағыттар  

Қоғам  тарихына  байланысты  əдеби  даму  заңдылықтары.  Əдеби  процесті  кезеңдерге  бөлу 

проблемасы.  Əдлеби  бағыттар.  Əдеби  бағыттың  идеялық-  эстетикалық  ерекшеліктері,  əдіс, 

жанрлар жүйесі.  



Əдеби

 шығармалардың ұлттық ерекшелігі, ұлттық жəне жалпы адамдық мəні  

Əдебиеттің  ұлт  қоғамы  мен  ұлт  тілінің  тарихымен  байланысы.  Жазушының  туындысы  мен 

шығармашылығының халықтығы. Оның қоғам үшін идеялық- эстетикалық құндылығының басты 

өлшемі. Ұлт əдебиеттеріндегі классикалық шығармалардың жалпы халықтық мəні.  



Көркем

 шығарманың тілі 

 Көркем шығарма тілінің ерекшелігі. Тілдік құбылтулар. Поэтикалық айшықтаулар 



Əдеби

 процесс туралы түсінік 

Əдеби процесс ұғымының көркемдік даму заңдылықтары жəне көркемдік дамудың кезеңдік 

сипаттары арқылы өлшенеді. Əдеби процесспен шартты түрде үш түрлі даму стадиясы.  

Əдеби

 процестегі ұлттық-мəдени дəстүр 

Дəстүр мен жаңашылдық бір-бірінен ажырамас бірлікте, яғни тарихи философиялық ұғымдар. 

Дəстүр жалғастығын аралық буынмен өлшесе, жаңашылдық– талант пен шеберліктің жемісі 

деп есептелді. Дəстүр бастуын əдебиетімізден, фольклордан бастайды. Осы тұста ауыз əдебиеті 

мен жазба əдебиеті əрқашан ортақ бір міндетте боды. Ұлттық əдеби дəстүрді орнықтыруға 

əлем əдебиетінің тигізген ықпалы орасан зор. 



4.Оқытудың жоспарланған нəтижесін бақылау 

Кəсіби  біліктіліктің  деңгейіне  сəйкес  тест  тапсырмаларының  күрделілігі  негізгі  үш  деңгейде  (ең 

төмен, орта жəне күрделі) . 

Оқытудың жоспарланған нəтижесі пəн бойынша қорытынды,  сынақ, емтихан  өткізіледі. 

Сынақ–  5 семестрде; 

 

4.2. «



Əдебиеттануға

  кіріспе» пəнінен тест тапсырмалары 

                                                                   І нұсқа 

1.

 



Əдебиеттануға кіріспе пəні бойынша көркем шығармадағы кейіпкерлер мен  əдеби 

қаһарманды  .........   деп атайды. 

А) типтендіру 

В) образ 

С) мінездеу 

Д) портрет 

Е) əдеби тип 

2.

 



Идея дегеніміз не? 

А) ой өзегіндегі мығым принципті 

В) бір арнамен өрбітіп тұрған бірегей  өзекті мəселені 

С) өмір құбылыстарының тобын 

Д) жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы 

Е) шығарманы реттеп, қиыннан қиыстырып тұратын нəрсе 

3.

 

Қоғамдық ғылымдар ішіндегі өзіне тəн өзгещелігі орасан мол, қиын əрі күрделі ғылымды 



қалай атаймыз? 

А) историография 

В) əдебиеттану 

С) қазақ əдебиеті 



 

12

Д) текстология 



Е) тенденция 

4.

 



........ – адамның ішкі болмысы, белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған қоғамдық құлқы, 

барлық психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. 

А) образ 

В) мінез 

С) портрет 

Д) қаһарман 

Е) əдеби сыншы 

5.

 



Ирония дегеніміз не? 

А) дəрменсіз бейшаралықты əшкер ету 

В) кемшілікті, астармен перделеп санау, мысқылдау, кекету 

С) адамға тəн небір жақсы қасиеттердің жинақталуы 

Д) əдебитте тым ерте келе жатқан адам бейнелері 

Е) жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы 

6.

 

Эпикалық шығарма авторының ойы мен сезімінің шығармада тікелей  көрінуі не деп 



аталады? 

А) оқшау эпизодтар 

В) лирикалық шегініс 

С) композиция 

Д) көркемдік аңдату 

Е) сюжеттік байланыс 

7.

 

Барлық қаламгерге ортақ нəрсені атаңыз 



А) сюжет 

В) тіл 


С) кейіпкер 

Д) фабула 

Е) өлең 

8.

 



Композицияның бөлшектер қатарын көрсетіңіз 

А) сюжет пен фабула 

В) оқшау эпизодтар, лирикалық шегініс  жəне пейзаж 

С) интерьер жəне тартыс 

Д) өлең жəне мінездеме 

Е) метафора жəне теңеу 

9.

 

.......  – жансызға жан бітіру. 



А) метафора 

В) кейіптеу 

С) теңеу 

Д) эпитет 

Е) алмастыру 

10.


 

Ақшыл бұлт, ащы дауыс, қызыл ту, күміс ай, алтын күндеген сияқты мысалдар жататын 

тілдік құбылтуды атаңыз 

А) ажарлау 

В) тұрақты эпитет 

С) астарлау 

Д) теңеу 



 

13

Е) сюжет 



11.

 

 Арнауды жарлай арнау, сұрай арнау, зарнай арнау деп үш топқа жіктеген ғалымды 



көрсетіңіз 

А) З.Қабдолов 

В) Қ.Жұмалиев 

С) Қ.Бітібаева 

Д) М.Сауранбаев 

Е) Р.Əмірова 

12.

 

 Б.Майлинің «Шұғанаң белгісі» повесіндегі оқиғының шарықтау шегі 



А) Шұғаның өлімі 

В) Шұғаның қатты құса болып, ауруға шалдығуы 

С) Əбдірахманың өлімі 

Д) Шұғаның аурудан айығуы 

Е) екі жастың бақытты өмір сүруі 

13.


 

 Эпикалық шығармаларға: 

А) шолу тақырыптары 

В) əңгіме, роман, эпопея, мысал 

С) ақындардың өмірбаяны 

Д) драммалық шығарма, пьеса, көрініс 

Е) лирика, поэма, қара өлең 

14.


 

 Əдебиеттануға  кіріспе саласында өлең жүйелерін неше топқа бөліп қарастырамыз? 

А) 2 

В) 4 


С) 3 

Д) 5 


Е) дұрыс жауап жоқ 

15.


 

 Сөз өнеріндегі адамның жан –жақты кейіпте көріну шарттарының бірі болып табылатын 

көрке бейнені табыңыз 

А) көркемдік шындық 

В) əдеби қаһарман 

С) образ 

Д) портрет 

Е) В жəне Д жауаптары дұрыс 

16.

 

 Өлеңтану саласы іштей неше топқа жіктеледі? 



А) 4 

В) 3 


С) 2 

Д) 5 


Е) 7 

17.


 

Əдебиеттану тұғысынан қарағанда, ....... – жазу машығы, шығарманың көркемдік 

құралдарының тұрақты жинағы деген мағынада қолданылыды.  

А) өлең 


В) стиль 

С) шығарма 

Д) көркем сөз 

Е) барлық жауап дұрыс 



 

14

18.



 

Ғылыми тілде қолданылатын версификациясөзінің қазақша баламасын табыңыз 

А) көркем сөз 

В) өлең құрылысы 

С) өлең сөз 

Д) стилдік айшықтау 

Е) əдеби сын 

19.


 

 Алғаш YIII ғасырда ежелгі Грекцияда пайда болған өлең жүйесін анықтаңыз 

А) силлабикалық 

В) метрикалық немесе квантитативті 

С) метрикалық немесе силлабикалық 

Д) квантитативті 

Е) квантитативті немесе силлабикалық 

20.


 

Өлең сөзі қай тілден енген? 

А) парсы 

В) грек 

С) латын 

Д) араб 

Е) түрік 

21.

 

 Поэтикалық тіл айшықтаулар қатарын көрсетіңіз 



А)  əңгіме, роман, эпопея, мысал 

В) анафора, эпифора, түйісу, шендестіру 

С)драммалық шығарма, пьеса, көрініс 

Д)лирика, поэма, қара өлең 

Е) барлық жауап дұрыс 

22.


 

 Латынша стиль сөзі қандай мағына береді? 

А) жазуға арналған қалам 

В) жазуға арналған таяқша 

С) жазуға арналған қарындаш 

Д) жазуға арналған ағымдық өзгешелік 

Е) дұрыс жауап жоқ 

23.


 

Сюжет – авторлық  мақсат та,  ........  – сол  мақсатқа жетудің құралы. 

А) тартыс 

В) фабула 

С) композиция 

Д) эпилог 

Е) шығарма 

24.


 

  Шығармада көрінген əрекет, оқиғалардың ең ақырғы шешімінің бейнеленуі не деп 

аталады? 

А) пролог 

В) эпилог 

С) мінездеу 

Д) пейзаж 

Е) образ 

25.

 

 Шығарма кейіпкерлерінің тұрмыс – тіршілігіне қатысты түрлі заттар мен құрал –



жабдықтардың бейнеленуі не деп аталады? 

А) пейзаж 



 

15

В) интерьер 



С) көркемдік образ 

Д) ирония 

Е) фабула 

26.


 

Эпос, лирика, драма  бұлар  ........ 

А) тілдік құбылтулар 

В) əдебиеттің тектері 

С) əдебиеттің түрлері 

Д) əдеби шығарманың түрлері 

Е) дұрыс жауап жоқ 

27.

 

 Драматургияның бір түрі –  ............ 



А) роман 

В) комедия 

С) əңгіме 

Д) эпос 


Е) лирика 

28.


 

Əдебиет туралы ғылым неше салаға бөлінеді? 

А) 2 

В) 3 


С) 4 

Д) 5 


Е) 6 

29.


 

Шындықты сураттеудегі қаламгерге тəн құштарлық жəне мығым принцип қалай аталады? 

А) идея 

В) тенденция 

С) фабула 

Д) тақрып 

Е) көркемдік шындық 

30.


 

 Əдебиеттің ең басты өлшемі қалай аталады? 

А) сюжет 

В) көркемдік 

С) идея 

Д) образ 

Е) дұрыс жауап жоқ 

5. Əдебиеттер жəне оқу құралдары 

Негізгі

 

1.

 



А.Байтұрсынов. Əдебиет танытқыш. (Ақ жол)-А., 1991 ж 

2.

 



Ə.Қоңыратбаев. Қазақ əдебиетінің тарихы. А., 1994 ж 

3.

 



Р.Сыздықова. Қазақ əдеби тілінің тарихы. (15-19 ғ.ғ) А., 1993 ж 

4.

 



Т.Тебегенов. Халық ақындары шығармаларындағы əдебиет пен фольклор дəстүрі. А., 2001  

5.

 



З.Ахметов. Əдебиеттану терминдерінің сөздігі. А., 1998 ж 

6.

 



С.Б.Смағұлов. Қазақ əдебиеттануындағы алаш арыстары мұрасының зерттелуі. А., 2006 ж 

7.

 



Е.Тілешов. Суреткер жəне көркемдік əдіс. А., 2005 ж 

8.

 



Р.Нұрғали. Сөз өнерінің эстетикасы. Асатана., 2003 ж 

9.

 



Б.Кəрібаева . Қара өлең жəне лирика. А., 2001 ж 

5.1. Қосымша  

 

16

1.



 

Қазақ прозасы. Хрестоматия. Үш томдық. Құрастырған, алғы сөзін жазған Х.Сүйіншəлиев.  

2.

 

Р.Нұрғалиев. Ахмет Байтұрсынов. А., 1991 ж 



3.

 

А.Нұрқатов Абайдың ақындық дəстүрі. А., Жазушы., 1996 ж 



4.

 

Ш.Сəтбаева. Шəкəрім Құдайбердіұлы, А., Ғылым., 1993 ж 



5.

 

З.Қ.Бітібаева. Г.Құдайбергенова. Əдебиетті оқытудың инновациялық технологиясы. А., 2002  



6.

 

З.Р.Нұрғали. Драма өнері. А., 2001 ж 



7.

 

К.Ергөбек. Жазушы шеберханасы. А., 2002 ж 



8.

 

Б.Төлегенова. Марат Қабанбаев прозасының көркемдік ерекшелігі. Автореферат. А., 2006 ж 



5.2. Оқытуға қосымша ұсынылатын материалдар 

1

 



Оқу-əдістемелік құралдар. 

2

 



Түрлі денгейдегі  өзіндік жəне бағалау жұмыстарының, тестілік тапсырмалардың жинтығы. 

3

 



Комьютер, пректор, аудио жəне бейнетаспалар. 

4

 



Тест жинағы 

5

 



Кестелер 

6

 



Ақындардың жеке суреттері  

7

 



Қосымша материалдар

   


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Каталог: dist zaoch -> 2kurs -> 2KTA-1kz -> Adeb Kiricpe
2KTA-1kz -> Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі Көпсалалы
2KTA-1kz -> Қаратаев М., Нұртазин Т., Қирабаев С. Қазақ совет əдебиеті. Алматы, 1987
2KTA-1kz -> Семинар тапсырмалары А. Тоқмағанбетов өмірі, шығармашылығы Жаттауға «Түрксиб түйіскенде»
2KTA-1kz -> «Қазақ тілі жəне əдебиеті» мамандығына арналған
2KTA-1kz -> Қазақ тілін оқыту əдістері
2KTA-1kz -> Келісілді Бекітемін
2KTA-1kz -> 1-нұсқа Тақырыпты меңгеруге бағытталған мақсаттардың саны нешеу?
2KTA-1kz -> Республикасының білім жəне ғылым министрлігі қарағанды облысының білім басқармасы
2KTA-1kz -> Қазақ тілін оқыту құралдары
Adeb Kiricpe -> 9-ДƏріс тақырыбы : Əдебиеттің тектері мен түрлері Жоспар

жүктеу 174.6 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет