Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты омыртқасыз жануарлар зоологиясынан лабораториялық сабақтар методикалық нұсқау Павлодар, 2009



жүктеу 182.91 Kb.
Pdf просмотр
Дата19.03.2017
өлшемі182.91 Kb.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты

ОМЫРТҚАСЫЗ ЖАНУАРЛАР ЗООЛОГИЯСЫНАН

ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ САБАҚТАР

методикалық нұсқау

Павлодар, 2009

УДК 591.471.29

ББК 28.691я7

Р 93

Павлодар   мемлекеттік   педагогикалық   институтының   Жалпы   биология 



кафедрасы ұсынған.

Пікір жазғандар:

Биология ғылымдарының докторы, доцент Н.Е. Тарасовская

Биология ғылымдарының кандидаты, доцент Б.К. Жумабекова

Р 93          Т.С. Рымжанов

Омыртқасыз   жануарлар   зоологиясынан   лабораториялық   сабақтар: 

Әдістемелік нұсқау. – Павлодар, 2009. – 23 б.

Методикалық нұсқауда омыртқасыз жануарлардың зертхана сабақтары бойынша 

бір   және   көп   клеткалы   жануарлар   тармақтарына,   жұмыр,  буылтық,  кірпікшелі 

құрттарға, бунақаяқтылар, насекомдар мен моллюскалардың  систематикалық орны, 

олардың өкілдерінің құрылым ерекшілітерін қарастырылған. Зерттеу тақырыбтары, 

мақсаттары,  тапсырмалары, жұмыс барысы, оған керекті  жабдықтары, қайталауға 

арналған сұрақтары жүелі түрде баяндалған.

Методикалық   нұсқау   университеттер   мен   педагогикалық,   медицианалық,   мал 

дәргерлік   жоғарғы   оқу   орындарының   студенттеріне,   магистрантарына, 

оқытушыларына, сондай-ақ биология салаларының мамандарына арналған.

© Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, 2009

© Т.С. Рымжанов

2


3

ЖҰМЫС № 1

Тақырыбы:  Кәдімгі   амебаның   және   қабыршақты   амебалардың 

құрылысы.



Систематикалық орны:

1. Бір клеткалы жануарлар – Protozoa

2. Тип.Саркомасты гофоралар – Sarcomastigophora

3. Класс. Жалған аяқтылар – Sarcodina

4. Класс тармағы: Тамыраяқтылар - Rhisopoda

4. Отряд. Амебалар – Amoebina

5. Өкілі. Кәдімгі амеба – Amoeba proteus

6. Отряд. Қабыршақты амебалар –  Testacea

7. Өкілдері – Difflugia, Arcella

8. Отряд. Фораминифемалар – Foraminifera

9. Өкілдері. Бір және көп камералы фораминефералар.

Мақсаты:   Кәдімгі   амебаны   мысалға   ала   отырып,   құрылысы 

қарапайым жалған аяқтылар класына тән ерекшеліктерді анықтау.



Тапсырма:  Амебаның   дене   пішінімен   танысып,   қозғалысын 

бақылау. Цитоплазманың жіктелуіне назар аудару, жиырылғыш және ас 

қорыту   вакуоляларының   пайда   болуын   бақылау.   Эктоплазманы   және 

эндоплазманы   салыстыру.   Қабыршақты   амебалардың   құрылысымен 

танысу.   Фораминифералардың   жай   және   күрделі   қабыршақтарын 

микроскоппен қарау.



Жабдықтар: Таблицалар: Қарапайымдылардың системасы, амебаның 

құрылысы, дизентерия амебасының даму циклінің схемасы. Лабораторияда 

өсірілген   амебалар   заттық   және   жабын   әйнектер,   пипеткалар.   Амебаның 

тұрақты препараты. Қабыршақты амебалардың тұрақты препараттары.



Жұмыстың барысы: Уақытша препарат жасап, амебаны тауып, оны 

микроскоптың   әртүрлі   ұлғайтқыштарымен   қарау.   Амебаның   қозғалуын, 

қоректенуін бақылау. Ядросын боялған тұрақты перараттан қарау.

Экто және эндоплазманы ажыратып, оларды салыстырыңдар. Көпіршік 

тәрізді   асқорыту   вакуольдерін   және   жиырылғыш   вакуольдерін   табыңдар. 

Амебаның   суретін   сызып,   онда   эктоплазманы,   эндоплазманы,   жалған 

аяқтарды, ядроны, асқорыту және жиырылғыш вакуольдерін көрсетіңдер.

Дизентерия   амебасының   даму   циклімен   таблица   арқылы 

танысыңдар.

Қабыршақты амебалардың құрылысымен танысып, арцелланың және 

диффлогияның схемалық суретін салыңдар.

Қайталауға арналған сұрақтар

1. Бір клеткалы жануардың қандай типтерін білесіңдер?

4


2.   Қарапайымдылардың   құрылысының   көп   клеткалы   жануардың 

жеке клеткасымен ұқсастығы неде?

3. Қарапайымдылардың қозғалу органеллаларын атаңдар.

4. Жалаңаш   амебалар   мен   қабыршақты   амебалардың   ұқсастық 

белгілері мен айырмашылығы қандай?  

5. Амебаның,   диффлогияның,   фораминефераның   денесіне   сұйық 

заттар қалай енеді және олар қандай жолмен қоректенеді?

6. Цистаға қоршаудың қандай биологиялық маңызы бар?

7. Жалаңаш және қабыршақты амебалар қалай көбейеді?

8. Фораминефералар қалай көбейеді?

9. Амебалар қалай көбейеді?

10. Жалған аяқтыларды неге ең төменгі сатыдағы қарапайымдыларға 

жатқызады? 

ЖҰМЫС № 2

Тақырыбы:   Жасыл   эвгленаны   мысалға   ала   отырып,   талшықтың 

құрылысы және тіршілік циклімен танысу



Системалық орны:

1. Тип. Бір клеткалы жануарлар – Protozoa

2. Класс. Талшықтылар –  Mastigophora

3. Отряд. Эвгленалар –  Euglenoidea

4. Өкілі. Жасыл эвглена – Euglena viridis

Мақсаты:  Эвгленаның   дене   пішінімен   және   қозғалу   тәсілімен 

танысу.   Микроскоппен   қарап,   оның   қоректену,   қозғалу   және   қысымды 

реттейтін   органеллаларын   ажырату.   Цитоплазманың   экто   және 

эндоплазмаға тіктелуіне назар аудару. Вольвокстің колониясымен танысу. 

Колониядағы   соматикалық   және   генеративті   клеткаларды   ажырату. 

Трипанасоманың құрылысымен танысу.



Жабдықтар: Таблицалар: Талшықталыр класының систематикалық, 

эвгленаның   және   вольвокстың   құрылысы.   Вольвокстың 

микропрепараттары.   Фиксацияланған   вольвокстер.   Өсірілген   эвглена. 

Трипанасоманың препараты. Препарат жасайтын әйнектер, пипеткалар, су 

құйылған ыдыс.

Жұмыс   барысы:   Эвглена   өсірілген   ыдыстан   бір   тамшы   су   алып, 

уақытша   препарат   жасап,   оны   микроскоптың   кіші   ұлғайтқышымен 

қараңдар.  Эвгленалардың  ұршық  тәрізді  пішініне  және жасылдау  түсіне 

қарап   ажыратуға   болады.   Эвгленаның   денесі   жұқа   қабықша   – 

пелликуламен   қапталған.   Денесінің   алдыңғы   бөлімінен   /стигма/,   оның 

қасында   орналасқан   талшығын   табыңдар.   Талшықты   көру   үшін 

микроскопқа түсетін жарықтың мөлшерін азайту керек. Эндоплазмадағы 

жасыл ұсақ денешіктерге – хлоропластарға назар аударыңдар. Денесінің 

5


артқы бөлімінде хлоропластардың арасында орналасқан түссіз шар тәрізді 

ядроны   және   циста   түзуге   бейімделген   особьтарды   табыңдар.   Альбомға 

эвгленаның   суретін   салып,   онда   стигмасын,   жиырылғыш   вакуолін, 

талшығын, ядросын көрсетіңдер.

Вольвокстің   колониясын   қарап,   ондағы   соматикалық   және 

генеративтік клеткаларды құрылысына, мөлшеріне байланысты бір-бірімен 

салыстырыңдар.   Аналық   колониялардың   ішіндегі   жас   колонияға 

/жыныссыз   көбеюі/   назар   аударыңдар.   Жыныс   клеткалары   орналасқан 

вольвокстің колониясының бір бөлігінің және колонияның жыныс көбею 

кезеңіндегі суңреттерін сызыңдар.

Трипаносоманың   құрылысымен   танысып,   сүреті   салып,   онда 

талшығын, толқын тәрізді жарғақты, кинетесоманы, кинетопласты ядроны 

көрсетіңдер.

Қайталауға арналған сұрақтар

1. Эволюциялық теория тұрғысынан қарағанда талшықтар класының 

қандай маңызы бар? Мысал келтіріңдер.

2. Талшықтылардың өсімдіктерге ұқсас белгілерін айтыңдар.

3. Эвглена жарықта және қараңғыда қалай қоректенеді?

4. Стигма дегеніміз не?

5. Талшықтардың қозғалу органеллаларын атаңдар.

6. «Аксостиль» дегеніміз не?

7. «Миксофтофты» қарапайымдар деген терминді түсіндіріңдер.

8.   Талшықтылардың   колониясы   формаларын   атаңдар.   Олардың 

жануарлар дүниесінің тарихи даму процесіндегі маңызы неде?

9. Эвгленаның вольвокстің трипанасомасының латынша атауларын 

жазыңдар.

ЖҰМЫС № 3

Тақырыбы: Грегаринаның құрылысы және тіршілік циклі

Систематикалық орны:

1. Бір клеткалы жануарлар тармағы – Protozoa

2. Тип. Споралылар – Sporosoa

3. Класс. Грегариналылар – Gregarinina

4. Отряд. Нағыз грегариндер – Eugregarina

5. Өкілі – Gregarina sp.



Мақсаты:  Грегаринаны   мысалға   ала   отырып,   паразиттік   тіршілік 

ететін  қарапайымдылармен танысу.



Тапсырма: Үй қоңызының личинкасын алып, оның ішкі мүшелерінен 

(органдарынан) уақытша препарат жасау. Препаратты микроскоппен қарап, 

6


одан грегориндерді табу. Грегаринаның құрылысымен және оның тіршілік 

циклінің әртүрлі фазаларымен танысу.



Жабдықтар.  Қара   тарақан   немесе   үй   қоңызының   личинкалары. 

Грегоринаның микропрепараты. Затты және жабын шынылар, физиологиялық 

ерітінді, пипетка, кармин, пластилин, сүзгі қағаз, қайшы, пинцет.

Жұмыстың барысы: грегариналардың құрылысымен танысу үшін екі 

объекті пайдаланылады: қара тарақан және үн қоңызының личинкалары. Егер 

де, қара тарақанды пайдаланатын балса, онда оның арқа жағын кесіп, ішегін 

бөліп алып, ортаңғы ішекті физиологиялық ерітінді құйылған ойыс заттың 

ішіне салу керек. Ал, егер үн қоңызының личинкасын пайдаланатын болса, 

онда   оның   бас,   артқы   бөлімін   қайшымен   алып   тастап,   пинцетпен   ішегін 

шығарып, оны да физиологиялық ерітіндіге салып езу керек. Ерітіндіден бір-

екі тамшы сұйықтық алып, микроскоппен қарау керек.

Препараттан   грегариналарды   тауып,   дене   бөліктерін   ажыратыңдар 

/протомерит, детомерит/. Пелликула, эктоплазма, эндоплазма қабаттарына 

назар   аударыңдар.   Дейтомериттен   эндоплазмадағы   ядроны   табыңдар. 

Препаратта   бір-бірімен   жалғасқан   особьтарды   да   кездестіруге   болады. 

Бұлар – сизигиялар. Григоринаның   сизигия стадиясының протомеритін, 

дейтомеритін, ядросын, пелликуласын көрсетіңдер. 



Қайталауға арналған сұрақтар

1. Грегаринаның құрылысына қандай ерекшеліктер тән?

2. Спорогония және гаметогония дегеніміз не?

3. Дамудың қай стадиясында редукциялық бөліну іске асады?

4. Грегаринаның тіршілік циклінің ерекшелігі неде? 

5. Паразитизм дегеніміз не?

6. Грегариналарды неге споралар класына жатқызамыз?

ЖҰМЫС № 4

Тақырыбы: Инфузория – туфельканың құрылысы

Систематикалық орны:

1. Бір клеткалы жануарлар тармағы –  Protozoa

2. Тип. Инфузориялық немесе кірпікшелілер –  Ciliphora

3. Класс. Кірпікшелі инфузориялар –  Infusoria

4. Отряд. Тең кірпікшелі – Hymenostomata

5. Өкілі. Туфелька – Paramecium caudatum



Мақсаты:  Инфузория   –   туфелканы   мысалға   ала   отырып, 

қарапайымдардың   ішіндегі   құрылысы   күрделі   инфузориялық   типіне   тән 

ерекшеліктерді анықтау.

7


Тапсырма:  Тірі туфельканы микроскоппен қарап, оның асқорыту, 

қозғалу,   зәр   шығару   органоидтарының   құрылысымен   танысу.   Үлкен 

ұлғайтқышпен   туфельканың   ядролық   аппаратын   және   трихоцисталарын 

көру. Инфузорияның құрылысының схемалық суретін сызу.



Жабдықтар: Таблицалар: Туфельканың құрылысы. Тірі инфузориялар. 

Гематоксилинмен боялған туфельканың тұрақты препараттары. Сүзгі қағаз, 

пипеткалар,  заттық және жабын  шынылар,  метиленді жасылдың  ерітіндісі, 

бояғыш қызыл конго.



Жұмыстың   барысы:  Алдын   ала   қызыл   конгомен   боялған 

инфузорияның   культурасынан   уақытша   препарат   жасап,   цитоплазмадағы 

оргаоидтардың   құрылысын   қарау.   Ядролық   аппараттың   құрылысын 

тұрақты   препараттан   қарап   танысу.   Инфузориянық   құрылысына,   ас 

түйірлеріне ұқсауына, ас қорыту вакуольдерінің  цитоплазмада қозғалуына, 

қалдық заттарды сыртқа шығаруына, жиырылғыш вакуольдерінің қызметіне 

бақылау жасаңдар. Ядролық аппаратпен трихоцистаны микроскоппен қарау 

үшін   заттық   шыныға   бір-екі   тамшы   инфузорияның   кулетурасын 

орналастырып, оған құрамына 1% сірке қышқылы бар метиленді жасылды 

тамызып, үстін жабын шынымен жабу керек. Сірке қышқылының әсерінен 

инфузория   трихоцисталарын   тастайды.   Трихоцисталар   –   ұзын-жіңішке 

жіпшелер.   Метиленді   жасылдың   әсерінен   туфельканың   ядролары   жасыл 

түске   боялады.   Препараттан   ядросы   және   трихостасы   жақсы   боялған 

инфузорияны   тауып   суретін   салу.   Суретте   талшықтарын,   ас   қорыту 

вакуольдерін,   макро   және   микронуклеусті,   ауыз   қуысты   жұтқыншағын, 

жиырылғыш вакуольдерін трихоцисталарын көрсетіңдер. 



Қайталауға арналған сұрақтар

1.   Басқа   қарапайымдылармен   салыстырғандағы   инфузориялардың 

құрылысының күрделілігі неде?

2. Ядролық дуализм дегеніміз не?

3. Инфузорияның қозғалу органелласының құрылысының ерекшелігі 

неде?


4. Инфузорияның көбею жолдарын атаңдар.

5. Коньюгация процесінің биологиялық маңызын түсіндіріңдер.

6.   Инфузорияның   тіршілігіндегі   макро   және   микронуклеустің   рөлі 

қандай?


7.   Инфузорияның   шабуыл   жасау   және   қорғау   денешіктері   қалай 

аталады?


8. Инфузорияның қоректену органдарын атаңдар.

9. Балантидиоэ ауруынан қалай сақтануға болады?

8


ЖҰМЫС № 5

Тақырыбы: Тұщы су гидрасының құрылысы

Систематикалық орны:

1. Көп клеткалы жануарлар тармағы - Metasoa

2. Тип. Ішекқұстылар – Coelenterata

3. Класс. Гидроидалар – Hydrosoa

4. Класс тармағы. Гидроидтар – Hydroidea

5. Отряд. Гидролар – Hydridea

6. Өкілі. Тұщы су гидросы – Hydra oligactis

Мақсаты:  Ішекқуыстыларды   мысалға   ала   отырып,   төмендегі 

сатыдағы клеткалыларға тән белгілерді анықтау.



Тапсырма:  Тірі   гидраның   қоректенуіне,   қозғалуына,   тітіркенуіне 

бақылау жасау. Гидраның сыртқы пішінімен танысу, денесінің оральдық 

және оборальдық полостерін табу. Гидраның сыртқы пішінінің схемалық 

суретін сызу, гидраның гистологиялық препараттарын   қарап, энтодерма 

қабаттарын   тірек   пластинасының   әртүрлі   типтерін   анықтау.   Гидраның 

көлденең кесіндісінің суретін сызу.



Жабдықтар:  Таблицалар:   Гидраның   құрылысы,   ішек   қуыстылар 

типінің   систематикасы.   Макропрепараттар:   гидроидті   полип. 

Микропрепараттар: гидраның ұзынынан және көлденеңінен кесінділері.

Жұмыстың   барысы:  Гидраның   тітіркендігіштігін   бақылау   үшін 

оған сірке қышқылымен немесе инемен әсер етуге болады. Инемен әсер 

еткенде   гидра   белгілі   бір   бағытта   жиырылады.   Мұндай   жиырылуы 

эптолиальды   клеткаларының   қызметі   нәтижесінде   іске   асады.   Сірке 

қышқылымен   әсер   еткенде   көбіне   қармалағыштарындағы   атқыш 

клеткалары   активті   жауап   береді.   Препараттардан   гидраның   денесінің 

кесінділерін қарап, ондағы эктодерма, эндодерма қабаттарын және тірек 

пластинкасын ажыратыңдар. Гидраның денесіндегі әр түрлі клеткаларды 

анықтап,   олардың   морфофункиональдық   айырмашылықтарына   назар 

аударыңдар.



Қайталауға арналған сұрақтар

1. Ішекқуыстылармен губкалардың ұқсастығын қандай белгілерінен 

байқауға болады? Олардың бір-бірінен айырмашылықтары неде?

2. Тұщы су гидрасының эктодерма және эндодерма қабаттарындағы 

клетка типтерін айтып беріңдер.

3. Гидраларға симметрияның қандай типі тән?

4. Гестраль қуысы және гастроваскулярлық система дегеніміз не?

5.   Көп   клеткалылардың   пайда   болуы   жөніндегі   Геккель   мен 

Мечниковтың теорияларының мәні неде?

6. Гидраның ас қорыту процесі қандай этаптардан тұрады?

9


7. Ішек қуыстылар қалай көбейеді?

8.   Не   себепті   ішекқуыстыларды   төмендегі   сатыдағы   клеткалылар 

дейміз?

9. Ішекқуыстылар типінің систематикасын айтып беріңдер.



ЖҰМЫС № 6

Тақырыбы:  Аурелия   аурита   және   актинияның   құрылысымен 

тіршілік циклі



Систематикалық орны:

1. Көп клеткалы жануарлар тармағы - Metasoa

2. Тип. Ішекқуыстылар – Coelenterata

3. Класс. Сцифомедузалар – Scyphosoa

4. Отряд. Семалостомалар – Semalostemata

5. Класс. Маржан полиптер – Antosoa

6. Класс тармағы. Алты сәулелі коралдар – Hexocorallia

7. Отряд. Актиниялар – Actinaria

8. Өкілі. Кәдімгі актиния –Actinia eguina

Мақсаты:  Сцифомедузалар   актинияның   сыртқы   және   ішкі 

құрылысымен танысу.



Тапсырма:

1. Аурелия   ауританың   құрылысымен   танысып,   схемалық   суретін 

салу.   Гастровискулярлық   системада   суда   қозғалу   бағытын   стрелкамен 

көрсетіңдер. Сцифомедузалар даму циклінің схемасын сызыңдар. 

2. Актинияның   сыртқы   пішінімен   танысыңдар.   Суретін   сызу. 

Актинияның   көлденең   кесіндісінің   препаратын   лупамен   қарап, 

құрылысындағы   ерекшеліктерді   анықтау   және   көлденең   кесіндісінің 

суретін сызу.



Жабдықтар:  Таблицалар:   Аурелияның   құрылысы.   Актинияның 

сыртқы   пішіні.   Фиксацияланған   медузалар   мен   актиниялар.   Көлденең 

кесінділерінің препараты. Штативті лупа. Қол лупасы. Демонстрациялық 

материалдар.



Жұмыстың барысы: Лупаны пайдаланып, медузаның сыртқы және 

ішкі   құрылысымен   танысу.   Ауыз   қуысын,   қармалағыштарын, 

ропалийлерін табыңдар. Ас қорыту системасының құрылысымен танысып, 

ондағы   жеке   мүшелерді   (органдарды),   яғни   ауыз,   радиальды   каналдар 

системасы,   шеңбер,   канал,   қарын   қалталары,   гастраль,   жіпшелері, 

гонадаларды   ажыратыңдар.   Актинацияның   оральдық   және   оборальдық 

полюстерін   табыңдар.   Ауыз   қуысына   қармалағыштарының   орналасуына 

назар   аударыңдар.   Ұзынынан   кесілген   актинияның   препаратына   қарай, 

одан   жұтқыншағын,   гастраль   қуысының   септаларын,   мизантериялық 

жіпшелерді табыңдар.

10


Қайталауға арналған сұрақтар

1. Гидралардың,   лептолидтердің,   сцифамедузалардың,   маржан 

полиптердің   гастраль   қуысының   дамуының   негізгі   бағыттарын 

көрсетіңдер.

2. Сцифомедузалардың даму циклі қалай өтеді? Дәлелдеңдер.

3. Сцифомедузалардың нерв системасының құрылысы қандай?

4. Сцифомедузаларда   қай   тіршілік   фазасы   /полиптік   немесе 

медузаның/ басым келеді?

5. Актинияның гастраль қуысында ас қорыту процесі қалай жүреді?

6. Маржан   рифтерімен   атолдардың   пайда   болу   жолдарын   айтып 

беріңдер.

7. Маржан   полиптердің   скелет   құрысының   және   жетілуінің 

ерекшеліктері қандай?

ЖҰМЫС № 7

Тақырыбы: Сорғыш құрттардың құрылысы және тіршілік циклі.

Систематкалық орны.

1. Тип. Жалпақ құрттар – Plathelminthes

2. Класс. Сорғыш құрттар – Trematoda

3. Класс тармағы. Дигенетиалық сорғыш құрттар – Dige

4. Өкілдері. Бауыр сорғыш құрт – Fasciola hepatica

5. Мецент тәрізді сорғыш құрт – Dendrocoelium lanceatum 



Мақсаты:  Лацент   тәрізді   сорғыш   құрт   пен   бауыр   сорғыш   құрт 

құрылысымен, тіршілік циклімен танысу.

Бауыр   сорғыш   құрттың   ас   қорыту,   зәр   шығару   және   жыныс 

системаларының   құрылысымен   танысу   /микроскоптық   препарттар/. 

Жыныс және зәр шығару системаларының схемалық суреттерін сызу.

Жабдықтар: 

Таблицалар:   Типтің   систематикасы,   сорғыш 

құрттардың   құрылысы,   фиксацияланған   сорғыш   құрттар,   бауыр   сорғыш 

құрт пен залалданған ірі қара малдың бауыры; Микропрепараттар: бауыр 

сорғыш құрттың ас қорыту системасы, бауыр сорғыш құрттың зәр шығару 

системасы лацент тәрізді және мысықтың сорғыш құрттарының тотальдық 

препараттары.

Жұмыстың   барысы:  Микропрепарттан   табиғи   түсі   сақталған 

құрттың пішініне, мөлшеріне /3-5см/, денесінің дорсо-вентральды бағытта 

қысыңқы келетіндігіне назар аударыңдар. Ауыз және бауыр сорғыштарын 

табыңдар.   Бауыр   сорғыш   құрттың   ас   қорыту,   зәр   шығару   және   жыныс 

системаларымен танысып, оларға тән ерекшеліктерін анықтаңдар. Бауыр 

сорғыш   құрттың   ішкі   құрылысының   және   даму   циклінің   суреттерін 

11


сызыңдар.   Суретте   ауыз   сорғышын,   жатынын,   ұрық   қабылдағышын, 

жұмыртқа безін, сары уыз бездерін, зәр шығару каналдарын көрсетіңдер.



Қайталауға арналған сұрақтар

1. Сорғыш   құрттар   мен   кірпікшелі   құрттарға   тән   ортақ   белгілерін 

атаңдар.

2. Паразиттік   тіршілік   етуіне   байланысты   сорғыш   құрттардың 

құрылысында қандай өзгерісті байқауға болады?

3. Паразиттік   тіршілік   етуіне   байланысты   сорғыш   құрттардың 

медициналық   және   ветеренариялық   маңызы   қандай?   Ойларыңды 

дәлеледіңдер.

4. Аналық жыныс системасының органдарын атаңдар.

5. Аталық жыныс системасының органдарын атаңдар.

6. Сорғыш   құрттардың   даму   цикліндегі   личинкалық   стадияларды 

атаңдар.


7. Сорғыш   құрттардың   қай   личинкалық   стадияларында   ұрық 

клеткалары болады және ол клеткалардың маңызы неде?

8. Фасциолее ауруы адамға қалай жұғады?

9. Аралық және ақырғы деген ұғымдарға түсінік беріңдер.



ЖҰМЫС № 8

Тақырыбы: Таспа құрттардың құрылысы және тіршілік циклі

Систематикалық орны:

1. Тип. Жалпақ құрттар –  Platheimintes

2. Класс. Таспа құрттар – Cestodea

3. Отряд. Цикло Пиллидалар – Cyclopphyllidae

4. Өкілі. Шошқа солттері – Taenia solium

Мақсаты:  көптеген   өкілдері   адамның   кең   таралаған   паразиттері 

болып табылатан таспа құрттарға тән ерекшеліктерді анықтау, тенгентоз 

ауруын   қоздырушы   таспа   құрттарды   қарастыра   отырып,   олардың 

құрылысымен және даму циклімен танысу.



Тапсырма: 

Таспа   құрттардың   сыртқы   пішінімен   және 

стробиласының,   басының   /сколексінің/,   гермафродитті   және   жетілген 

сацианаларының, финкасының құрылысымен танысу. Шошқа және сиыр 

цепеньдерінің   даму   циклімен   танысу.   Сколестің   гедмафродитті   және 

жетілген сақиналардың схемалық суретін сызу.



Жабдықтар:  Таблицалар:   Жалпақ   құрттар   типінің   систематикасы, 

шошқа цепенінің құрылысы, сиыр цепенінің құрылысы, шошқа цепенінің 

даму   циклінің   схемасы.   Макропрепараттер:   шошқа   цепенінің   ересек 

формасы, шошқа цепенінің финкасы, финкаларымен залалданған малдың 

12


еті.   Микропрепараттар:   шошқа   цепенінің   сколексі,   шошқа   цепенінің 

гермафродитті және жетілген сақиналары, сиыр цепенінің сколексі, сиыр 

цепенінің гермофродитті және жетілген сақиналары.

Жұмыс   барысы:  Препараттарды   пайдалана   отырып,   құрттардың 

сколекстерінің   әртүрлі   типтерімен   танысу   және   бір-бірімен   салыстыру 

/ілмектері,   сорғыштары,   тұмсықтары,   ботриялары   т.б./   Сақиналардың 

құрылысымен   танысқанда   иолардың   бас   бөлімінен   денесінің   артқы 

бөліміне   жіктелу   ерекшелігіне   назар   аудару   қажет   /жас   сақина, 

гермофродитті сақина, жетілген сақина/.

Сиыр,   шошқа   цепендерінің,   кең   сақиналы   таспа   құрттың 

сколекстерінің   суретін   салыңдар.   Суретте   сорғыштарын,   ілмектерін, 

мойнын, жеке ілмегін көрсетіңдер.

Гетмофродитті және жетілген сақиналардың құрылысымен танысып, 

схемалық   суреттерін   сызып,   онда   жыныс   клоакасын,   зәр   шығару 

каналдарын,   ұрық   өткізгіштігі,   ұрық   бездерін,   жатынды,   қынапты, 

жұмыртқа   бездерін,   жетілген   сақинадағы   жатынды,   жеке   ілмегін 

көрсетіңдер.



Қайталауға арналған сұрақтар

1. Кірпікшелі құрттар мен таспа құрттардың  құрылысында  қандай 

ортақ белгілері бар?

2. Паразиттік тіршілік етуіне байланысты таспа құрттардың сыртқы 

құрылысы қандай өзгерістерге ұшыраған?

3. Таспа құрттар қалай қоректенеді?

4. Таспа құрттардың жыныс системасының  құрылысы қандай?

5. Таспа құрттардың ұрықтануы қалай жұреді?

6. Таспа құрттың тіршілік циклінің ерекшеліктерін айтып беріңдер /

шошқа және сиыр цепендерінің даму циклін мысалға алу/.



ЖҰМЫС № 9

Тақырыбы: Жұмыр құрттардың құрылысы және даму циклі

Систематикалық орны:

1. Тип. Жұмыр құрттар – Nemathelmintes

2. Класс. Нағыз жұмыр құрттар – Nematodae

3. Өкілі. Адам аскаридасы – Ascaris lumbricoides



Мақсаты:  Нағыз жұмыр құрттарды мысалға ала отырып, көптеген 

өкілдері   адам   мен   жануарлардың   кең   тараған   паразиттері   болып 

табылатын жұмыр құрттар типіне тән ерекшеліктерді анықтау.

13


Тапсырма:  аскариданың   сыртқы   құрылысы,   пішінімен   танысу. 

Аскариданы сойып, ас қорыту, зәр шығару және жыныс системаларының 

органдарымен танысу. Сойылған аскариданың схемалық суретін сызу.

Жабдықтар:  Таблицалар:   Жұмыр   құрттар   типінің   систематикасы, 

аскариданың   сыртқы   және   ішкі   құрылысы.   Макропрепараттар: 

аскариданың   аталығының   және   аналығының   жыныс   системасы, 

аскаридамен   залалданған   малдың   ішегі,   өкпесі.   Микропрепараттар: 

аскариданың көлденең кесіндісінің препараты.

Жұмыстың   барысы:  Аскариданың   дене   пішіні   цилиндр   тәрізді. 

Денесінің   алдыңғы   және   артқы   бөлімі   сүйір.   Ұзындығы   –   15-16см. 

Алдымен құрттың жынысын анықтаңдар. Аталық денесінің артқы бөлімі 

бауыр   жағына   қарай   иілген.   Аналық   денесінің   алдыңғы   бөліміне   таман 

сақина тәрізді сайша болады. Онда жыныс тесігі орналасқан. Аскариданы 

соймас бұрын оның бауыр жағын анықтап алу қажет.

Сонан соң екі бүйірін қарап, ондағы қара-қоңыр түсті екі зәр шығару 

каналын табыңдар. Аскариданы сою үшін салаусыз құйылған ваннаға оны 

бауыр   жағымен   орналастырып,   денесінің   екі   ұшын   түйреуішпен 

бекітіңдер. Сонан соң денесінің артқы бөлімінен / аналь тесігінен/ бастап 

алдыңғы ұшына дейін /жыныс тесігіне дейін/ тері-ет қапшығын тіліп, оны 

қайырып   ваннаға   туйреуіштермен   бекітіп,   ішкі   органдарын   қараңдар 

/жұмыртқа безі, жұмыртқа өткізгіш, жатын, қынап, аталық ұрық безі, ұрық 

өткізгіш,   ұрық   шашқыш   канал,   өңеш,   ішек/.   Тері-ет   қапшығының   іш 

жағынан зәр шығару органдары өтетін гиподерманың бөліктерін табыңдар. 

Аскариданың   көлденең   кесіндісінің   препаратын   қарап,   кутикуланы, 

гиподерманы, ұзын салалы ет талшықтарын, дене қуысын ажыратыңдар.

Қайталауға арналған сұрақтар

1. Жұмыр құрттар типіне тән прогрессивтік белгілерді атаңдар.

2. Жұмыр   құрттардың   тері-ет   қапшығының   қабаттарын   атап 

шығыңдар.

3. «Дененің алғашқы қуысы» деген терминді түсіндіріңдер.

4. Жұмыр құрттардың зәр шығару системасының құрылысы қандай?

5. Аталық және аналық жыныс системасының органдарын атаңдар. 

6.   Жыныс   диморфизмі   дегеніміз   не?   Ол   жұмыр   құрттарда   қалай 

байқалады?

7. Аскарида личинкасының миграция жасайтын органдары ретінде 

атап шығыңдар.

8. Аскариданың даму циклінде қайсы стадиялар үшін аэробты және 

анаэробты жағдайлар қажет? 

9. Жұмыр құрттардың қандай практикалық маңызы бар?

14


ЖҰМЫС № 10

Тақырыбы:  Аз   қылтанды   құрттар   класының   өкілі.   Жауын 

құрттарының сыртқы және ішкі құрылысы



Систематикалық орны:

1. Тип. Буылтық құрттар –  Annelida

2. Тип тармағы. Белдеулілер –Clitellata 

3. Класс. Аз қылтанды құрттар –Oligocheata 

4. Отряд. Ломбрикоморфалар – Zumbricomorpha

5. Өкілі. Жауын құрты – Zumbricus terrestris



Мақсаты:  Аз қылтанды құрттарды мысалға ала отырып, буылтық 

құрттар   типіндегі   прогрессивтік   белгілермен   танысу.   Сүліктер   класын 

қарастыра   отырып,   олардың   жартылай   паразиттік   тіршілік   етуге 

бейімделген ерекшеліктерін анықтау.



Тапсырма: Жауын құрттардың сыртқы пішінімен танысып, суретін 

сызу.   Жауын   құртын   сойып,   ішкі   органдарының   құрылысымен, 

орналасуымен танысып схемалық суретін салу. Жауын құртының көлденең 

кесіндісінің   препаратын   микроскоппен   қарау.   Суретін   сызу.   Медицина 

сүлігінің құрылысымен танысу. Суретін салу.

Жабдықтар:  Таблицалар:   Буштық   құрттардың   систематикасы, 

жауын құртының және медицина сүлігінің құрылысы. Макропрепараттар: 

сүліктің   ас   қорыту   системасы.   Микроперпараттар:   жауын   құртының 

көлденең құрылысы.



Жұмыстың барысы: Жауын құртының сыртқы пішінімен танысып, 

оның   денесінің   көптеген   сегмнеттерден   тұратындығына, 

прапорцияларының   болмайтындығына   көңіл   аудару.   Сонан   соң 

простомиум, перистомиум және пигидиум деп аталатын бөлімдерін және 

белдеу   зонасын   табыңдар.   Жауын   құрттың   қозғалысын   және   топыраққа 

енуін   бақылаңдар   /ол   үшін   топырақ   салынған   ыдысқа   жауын   құртын 

орналастырса, ол біртіндеп топыраққа ене бастайды/. Құрттың топыраққа 

енуі,   оның   денесіндегі   қылтандарының   көмегімен   іске   асады. 

Қылтандарының бар екенін білу үшін, құртты қағаздың үстіне қойсаңдар, 

бірден сытырлаған дауысты естуге болады. Құртты сою үшін оны тұзды 

ерітіндіге   салып,   өлтіріп,   балауызды   ваннаға   орналастырып,   тері-ет 

қапшығын   өткір   скальпельмен   кесіп,   түйреуіштермен   бекітіп,   ішкі 

мүшелеренің   құрылысымен   танысыңдар.   Жұтқыншақты,   өңешті, 

жемсауды, етті қарынды, ортаңғы ішекті, ұрық қабылдағыштарды,  ұрық 

қапшықтарын,   ұрық   бездерін,   жұмыртқа   бездерін,   арқа   бауыр   қан 

тамырларын,   сақиналы   жүрегін,   бауыр,   нерв   тізбегін   табыңдар.   Жауын 

құртының   көлденең   кесіндісінің   препаратын   қарап,   эпидермисті, 

кутикуланы, сақина салалы, ұзын салалы ет талшықтарын, целом қуысын, 

ішекті,   тифлозалисті,   метанефридияларды   қылтандарды   тауып,   олардың 

орналасуымен,   құрылысымен   танысыңдар.   Схемалық   суретін   салыңдар. 

15


Медицина сүлігінің сыртқы пішінімен танысып, сегменттердің, алдыңғы 

және артқы сорғыштарын табыңдар. Макропрепаратты қарап, сүліктің ас 

қорыту   системасымен   танысыңдар.   Ондағы   қарын   қалталарының   санын 

анықтаңдар. 



Қайталауға арналған сұрақтар

1. Буылтырық құрттар типіне кіретін кластардың латынша аттарын 

жазыңдар.

2. Гомономды   метамерияның   гегереномды   метамериядан 

айырмашылығы неде?

3. Екінші   дене   қуысының   алғашқы   дене   қуысынан   қалай 

ажыратылады?

4. Параподиялар дегеніміз не?

5. Гирудин дегеніміз не?

6. Қан айналу системасы қандай функциялар атқарады?

7. Буылтық құрттардың бауыр нерв тізбегінің құрылысы қандай?

8. Буылтық   құрттардың   зәр   шығару   системасының   ерекшелігін 

айтып беріңдер.

9. Сүлікті медицинада қалай, қандай мақсатта пайдаланады? Мысал 

келтір, ойыңды тұжырымда.

ЖҰМЫС № 11

Тақырыбы: Өзен шаянының сыртқы және ішкі құрылысы

Систематикалық орны:

1. Тип. Бунақаяқтылар – Arthropoda

2. Тип тармағы. Желбезек тыныстылар – Branchiata

3. Класс. Шаян тәрізділер –Crustocea 

4. Класс тармағы. Жоғары сатыдағы шаян тәрізділер – Melocosiraca

5. Отряд. Он аяқты шаяндар – Decapoda



Мақсаты:  Шаян   тәрізділермен   таныса   отырып,   буынаяқтылар 

типіндегі   прогрессивті   белгілерді   және   оларды   буылтық   құрттармен 

салыстырып, көрсететін ерекшеліктерді анықтау.

Тапсырма:  Өзен   шаянының   сыртқы   пішінімен   танысып,   дене 

бөлімдерін анықтаңдар /баскөкірек, құрсақ/. Өзен шаянының сегменттерін 

қарап,   салыстырып   олардың   метамерияның   қай   типіне   жататындығын 

ажыратыңдар.   Өзен   шаянының   аяқтарын   мүшелеп,   оның   құрылысымен 

танысып, схемалық суретін салу.

Жабдықтар:  Таблицалар:   Буынаяқтылар   типінің   систематикасы. 

Өзен   шаянының   және   төменгі   сатыдағы   шаяндардың   құрылысы. 

Микропрепараттар: өзен шаянының ішкі құрылысы, өзен шаянының нерв 

16


системасы,   өзен   шаянының   ас   қорыту   системасы,   тыныс   системасы, 

фиксацияланған шаяндар.



Жұмыстың   барысы:  Шаянды   алып   алдымен   арқа   жағынан 

қараңдар.   Шаянның   денесі   баскөкірек   және   құрсақ   болып   айқын   екіге 

бөлінеді.   Арқа   жағынан   қарағанда   дене   сигмантациясы   тек   құрсақ 

бөлімінде жақсы байқалады. Шаянды аударып бауыр жағынан қараңдар. 

Бауыр   жағынан   дене   сигментациясы   өте   айқын   байқалады   және   әр 

сигментте бір жұптан аяқтары болады. Соңғы /19-шы/ сигменттегі аяқтары 

түрін өзгертіп жүргіш өсінділерге айналғанда 20-шы сигментпен қосылып 

жүзу қанатының құрамына кіреді. Сонан соң аяқтарының құрылысымен 

танысыңдар. Ол үшін шаянның аяқтарын /ең соңғысынан бастап/ денесінен 

жеке-жеке   бөліп   алып,   ретімен   картон   қағазының   бетіне   орналастыру 

керек   /желімдеу   немесе   жіппен   тігу   керек/.   Өзен   шаянын   союды   арқа 

жағынан бастайды. Ол үшін баскөкірек қалқанын қайшымен кесіп алып 

тастайды.   Оның   астынан   гиподерманы   көруге   болады.   Гиподерманы 

алғаннан соң оның астындағы ішкі мүшелері көріне бастайды. Алдымен 

жүректі,   сонан   соң   жыныс   бездерін   табыңдар.   Баскөкірек   бөлімінен 

қарынды,   ортаңғы   ішекті   және   бауырды   табыңдар.   Желбезек   қуысын 

ашып, желбезектің құрылысымен танысыңдар.

Қайталауға арналған сұрақтар

1. Хитин дегеніміз не және ол қандай қызмет атқарады?

2. Буынаяқтылардың систематикасын айтып беріңдер.

3.   Шаян   тәрізділер   мен   буылтық   құрттарға   тән   ортақ   белгілерді 

айтып беріңдер.

4. Өзен шаянының дене бөліктерін атаңдар.

5. Өзен шаянының аяқтарын /19-шы жұп/ жеке-жеке атап шығыңдар.

6.   Буынаяқтылардың   ет   системасынан   қандай   прогрессивті 

белгілерді байқауға болады?

7. Бауыр нерв тізбегінің құрылысы қандай?

8. Өзен шаянының желбезегінің құрылысын айтып беріңдер.

9. Асқорыту системасының ерекшеліктерін атаңдар.



ЖҰМЫС № 12

Тақырыбы:  Тақта   желбезектердің   өкілі   айқұлақтың   сыртқы   және 

ішкі құрылысы



Систематикалық орны:

1. Тип. Малюскалар – Mollusca

2. Тип тармағы. Бақалшақтылар – Conchifera

3. Класс. Тақта желбезектілер –Zammelibranchiata 

17


4. Өкілі. Айқұлақ –Anodonta Cygnea

Мақсаты:  Айқұлақты   мысалға   ала   отырып,   тақта   желбезектілер 

класына тән ерекшеліктерді анықтау.



Тапсырма: Айқұлақтың бақалшағының пішінімен, сыртқы жіне ішкі 

құрылысымен   танысу.   Мантиялық   комплекстегі   органдармен   танысу, 

айқұлақты   сойып,   ішкі   құрылысындағы   органдарды   сипаттап   жазу, 

айқұлақтың ішкі құрылысының суретін салу.



Жабдықтар:  Таблицалар:   Айқұлақтың   құрылысы.   Айқұлақ   союға 

қажетті құрал-жабдықтар (инструменттер).



Жұмыс   барысы. 

Айқұлақты   алып,   оның   бақалшағымен 

танысыңдар.   Бақалшақ   симметриялы   екі   жақтаудан   тұрады   және   арқа 

жағына лигаментпен жалғасқан.

Бақалшақ жақтаулары үш қабаттан тұрады: сыртқы; ортаңғы және 

ішкі қабаттар. Сыртқы қабаты органикалық зат ө конхиолиннен тұрады, 

ішкі (перламутра – інжу) және ортаңғы (фарфор тәрізді қабат) қабаттары 

көмір қышқыл кальцийден тұрады. Бақалшақтың алдыңғы бөлімі жалпақ 

және доғалдау, ал артқы бөлімі сүйірлеу болады. Табиғи жағдайда жәндік 

қоректенгенде, қозғалғанда бақалшық жақтаулары ашылады. Айқұлақтың 

ішкі   құрылысымен   танысу   үшін,   скальпельді   екі   жақтаудың   арасына 

салып,   жиырылғыш   еттерді   кесіп,   айқұлақты   ваннадағы   суға   салып, 

мантия   қатпарларына,   желбезек   және   клоакалық   сифондарға, 

желбезектеріне   аяғының   пішініне   назар   аударындар.   Сонан   соң 

скальпельмен   айқұлақтың   денесі   ұзыннан   екіге   (арқа   жағындағы 

перикардиялық қапшығына дейін) бөліп ішкі органдарының (асқорыту, қан 

айналу,   зәр   шығару,   нерв   және   жыныс   системаларының)   құрылысымен 

танысындар. Айқұлақтың бақалшағының және ішкі құрылысының суретін 

сызындар.   Суретте   жиырылғыш   еттер,   ішкі   және   сыртқы   желбезегі, 

желбезек   және   клоакалық   сифондар,   аяғы,   қарны,   бауыры,   перикардия 

қапшығы, жүрегі, жыныс бездері көрсетілуі тиіс.

Қайталауға арналған сұрақтар

1. Тақта желбезектілердің бақалшағының құрылысы қандай?

2. Айқұлақтың   ас   қорыту   системасының   ерекшелігі   неде   және   ол 

қалай қоректенеді?

3. Айқұлақтың көбеюі және дамуы қалай өтеді?

4. Моллюскалардың нерв системасы қандай типке жатады?

5. Моллюскалардың зәр шығару системасының құрылысы қандай?

6. Мантияның атқаратын қызметін айтып беріндер.

18


ЖҰМЫС № 13

Тақырыбы: Жүзім ұлуының сыртқы және ішкі құрылысы.

Систематикалық орны:

Тип. Моллюскалар – Mollusca

Тип тармағы. Бақалшақтылар – Conchihera

Бауыраяқтылар – Gastropoda

Класс тармағы. Өкпелілер – Pulmanota

Отряд. Сабақша көзділер – Stylommatophora

Өкілі: Жүзім ұлуы – Helix pomatia

Мақсаты:  Жүзім   ұлуымен   таныса   отырып,   бауыраяқтыларға   тән 

белгілерді анықтау.



Тапсырма:  Бақалшақтың   пішінімен   және   құрылысымен   танысу. 

Жүзім ұлуын сойып ішкі органдараның (асқорыту, жыныс, зәр шығару, қан 

айналу системаларын) құрылысымен танысу және схемалық суретін сызу.

Жабдықтар.   Таблицалар:   жүзім   ұлуының   сыртқы   пішіні,   ішкі 

құрылысы. Фиксацияланған жүзім ұлулары, союға қажетті құралдар.

Жұмыс   барысы:  Бақалшақтың   құрылысымен   танысып,   оның 

төбесін, орамдарына сәйкес кесіп өкпесін, жүрегін қараңдар. Одан әрі соя 

отырып,   асқорыту,   жыныс   системаларының   органдарымен   танысыңдар. 

Жүзім ұлуының ішкі құрылысының суретін сызыңдар.



Қайталауға арналған сұрақтар

1.Бауыраяқтыларға симметриялылықтың қандай типі тән?

2.Мантия қуысы қандай эпителиймен қапталған?

3.Бауыраяқтыларда   висцеральдық   коммиссуралардың   айқаспалы 

болатындығын қалай түсіндіруге болады?

4.Көптеген ұлулардың жүрекшесі неге сынар болады?

5.Моллюскаларға қандай сезім органдары тән?

6.Моллюскалардың халық шаруашылығында қандай маңызы бар?

7.Моллюскалардың   медициналық   тұрғыдан   қарағанда   қандай 

маңызы бар?



ЖҰМЫС № 14

Тақырыбы: Өрмекші тәрізділердің сыртқы құрылысы және олардың 

алуан түрлілігі



Систематикалық орны:

1. Тип. Буынаяқтылар – Arthopoda

2. Тип тармағы. Хелицералылар – Chelicerata

3. Класс. Өрмекші тәрізділер – Arachnida

19


4. Отряд 1. Құршаяндар – Scarpiones

5. Отряд 2. Сольпуталар – Solfugidae

6. Отряд 3. Пішеншілер – Opilenes

7. Отряд 4. Нағыз өрмекшілер – Aranea

8. Отряд 5. Кенелер – Acarina

Мақсаты:  Өрмекші тәрізділердің сыртқы пішінімен танысып, дене 

сигментациясымен, ауыз аппаратының, аяқтарының құрылысымен танысу. 



Тапсырма:  Құршаянның   сыртқы   құрылысымен   танысып,   дене 

бөліктерін   анықтау.   Суретін   сызу.   Сольпуганың,   өрмекшінің,   кененің 

құрылысымен   танысып,   оларға   тән   ерекшеліктерді   сипаттап   жазу. 

Өрмекші   тәрізділердің   басқа   өкілдерін   /жалған   құршаян,   пішенші/ 

препараттардан қарап, құрылысындағы ерекшеліктерді ажырату. 

Жабдықтар: 

Таблица:   Өрмекші   тәрізділер   класының 

систематикасы.   Құршаянның,   бүйінің,   тарантулдың,   кененің   құрылысы. 

Макропрепараттар:   құршаян,   тарантул.   Микропрепараттар:   жайылым 

кенелерінің   личинкасы,   нимфасы,   ересек   кенелер.   Кенелердің   ауыз 

аппаратының препараты. 



Жұмыстың барысы:  Құршаянның сыртқы пішінімен танысыңдар. 

Денесінің   сегменттерге   жіктелуіне   баса   назар   аударыңдар,   себебі   осы 

белгілері арқылы құршаяндар, өрмекшілер, кенелер отрядтары бір-бірінен 

ажыратылады. Құршаянның денесі баскөкірек және күрделі құрсақ болып 

бөлінеді. Дене құрсақ бөліктері құрсақ жағынан айқын байқалады. Басы 

трапецияғя   ұқсас.   Одан   алға   қарай   екі   жұп   ауыз   аяқтары   кетеді.   Оның 

бірінші   жұбы   –   хелицералар,   екінші   жұбы   –   педипальпалар   /аяқ 

қармалағыштары/. Баскөкірегінде жүру аяқтары орналасқан. Құршаянның 

қанша жұп жүру аяқтары болғандығын санаңдар.

Баскөкіректен   соң   алдыңғы   және   артқы   құрсақтарымен   танысып, 

олардың   қанша   сигменттерден   тұратындығын   анықтаңдар.   Құрсағының 

соңғы   сегментіндегі   улы   безін   табыңдар.   Өрмекші   тәрізділердің   басқа 

өкілдерімен   таныса   отырып,   оларға   тән   ортақ   белгілерді   және 

айырмашылықтарын   көрсетіңдер.   Құршаянның,   өрмекшінің   дене 

кескінінің, тайға кенісінің ауыз аппаратының суретін сызыңдар.

Қайталауға арналған сұрақтар

1. Хелицералар тип тармағына қандай белгілер тән?

2. Сыртқы пішініне қарап үш отрядтың өкілдері: кенені, құршаянды, 

өрмекшіні бір-бірінен қалай ажыратуға болады?

3.   Хелицералылардың   аяқтарының   саны   қанша   және   олар   қандай 

қызмат атқарады?

4. Хелицералылырдың ауыз аппарытының құрылысы қандай?

5. Өрмекші тәрізділердің қандай тыныс алу мүшелері бар?

6. Тыныс алу системасына ауа қалай енеді?

20


7. Құршаянның уы қауіпті ме? Мысал келтіріп дәлелде.

8. Стигма дегеніміз не?

9. Өрмекшілер отрядының қай өкілдері адам үшін қауіпті?

10. Кенелердің қандай зияны бар?

11. Кененің даму сатысын атаңдар.

ЖҰМЫС № 15

Тақырыбы: Насекомдардың сыртқы және ішкі құрылысы

Систематикалық орны:

1. Тип. Буынаяқтылар – Arthropoda

2. Тип тармағы. Трохеялылар – Tracheata

3. Класс. Насекомдар – Jnsecta

4. Өкілдері: қара тарақан, май қоңызы, шегіртке .

Мақсаты:  Қара тарақанды мысалға ала отырып, насекомаларға тән 

ерекшеліктерімен танысу.



Тапсырма:

1. Насекомдардың дене бөліктерін анықтау;

2. Бас, көкірек және құрсақ бөліміндегі мүшелерді анықтау;

3. Насекомды сойып, ішкі мүшелерімен танысу;

4. Насекомның сыртқы және ішкі құрылысының суреттерін сызу.

Жабдықтар:  Таблицалар:   кластың   систематикасы,   тарақанның, 

қоңыздың   құрылысы.   Макропрепараттар:   тарақанның   ішкі   құрылысы. 

Микропрепараттар:   тарақанның   ауыз   аппараты,   трахеясы,   аяқтары,   үй 

шыбынының ауыз аппараты, аяқтары.



Жұмыс барысы: Насекомдардың сыртқы құрылысымен танысу. Бас 

бөліміндегі   мүшелерді   /көзі,   мұрты,   қармалағыштары,   ауыз   аппараты/ 

ажыратыңдар. Насекомның денесін үшке бөліңдер /баскөкірек, құрсақ/. Ал 

көкірек   бөлімінің   өзін   үшке   жіктеп,   ондағы   аяқтарының,   қанаттарының 

орналасуына   назар   аударыңдар.   Мүшеленген   насекомды   картон   қағазға 

орналастырып тігу керек. Насекомның жеке бір аяғын алып мүшелеңдер 

және   жамбасты,   ұршықты,   санды,   сирақты,   табанды,   оның   буындарын 

ажыратыңдар.   Мүшеленген   насекомның   суретін   сызыңдар. 

Насекомдардың   ішкі   құрылысымен   танысу   үшін;   өлтірілген   тарақанды 

бауыр жағынан табақшаға қойып, инелермен бекітіп, үстіне батқанша су 

құю   керек.   Сөйтіп,   хитинді   жабынды   ажыратып   алып,   оның   астыңғы 

бетіндегі   жүректің   құрылысымен   танысу   керек.   Жүрек   камераларының 

санын анықтаңдар /12-13/. Қанат тәрізді жүрек еттеріне назар аударыңдар. 

Бұдан соң майлы денені алып тастап, асқорыту системасымен танысыңдар. 

Оның   негізгі   бөлімдерін   /өңеш,   жемсау,   қарын,   ортаңғы   ішектің   тұйық 

өсінділері, ортаңғы ішек, артқы ішек/ ажыратыңдар. Жіңішке жіпше тәрізді 

мальпитий   түтіктерін   табыңдар.   Денесінің   алдыңғы   бөліміндегі   бір   жұп 

21


сілекей безін,  оның қалталарына назар  аударыңдар.  Трахеялардың,  нерв 

системасының   ерекшеліктерімен   танысыңдар.   Ішкі   органдарға   қысқаша 

сипаттама беріп, суретін сызыңдар.

Қайталауға арналған сұрақтар

1. Насекомдар класының қанша түрі бар?

2. Насекомдарға қандай дене бөліктері тән?

3. Трахея системасының құрылысы қандай?

4. Асқорыту системасының бөлімдерін атаңдар.

5. Толық   және   шала   түрленіп   дамитын   насекомдардың   даму 

стадияларын атаңдар.

6. Ауыз аппаратының құрылысы қандай?

7. Үй шыбының даму стадияларын атаңдар.

8. Ауыз аппарытының типтерін атаңдар.

9. Насекомдардың басының денесіне орналасуның қандай типтерін 

білесіңдер?

10. Насекомдардың нерв системасы қай типке жатады?

11. Насекомдардың қанаты қандай тканьнан пайда болған?

12. Насекомдардың   табиғаттағы   және   адам   өміріндегі   маңызы 

қандай?


22

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.

Догель В.А. Зоология безпозвоночных. Высшая школа, – М., 1981.



2.

Натали В.Ф. Зоология безпозвоночных.  – М., Просвещение. 

К практическим занятиям, 1975.

3.

Зеликман А.Л. Малый практикум по зоологий безпозвоночных. – 



М., Просвещение, 1965.

4.

Зеликман   А.Л.   Практикум   по   зоологий   безпзвоночных. 



Издательство: «Высшая школа». – М., 1969.

5.

Фролова   Е.Н.,   Щербина   Т.В.,   Михина   Т.Н.   Практикум   по 



зоологий безпозвоночных. – М., Просвещение, 1985.

23


МАЗМҰНЫ

Жұмыс № 1..................................................................................................

3

Жұмыс № 2..................................................................................................



4

Жұмыс № 3..................................................................................................

5

Жұмыс № 4..................................................................................................



6

Жұмыс № 5..................................................................................................

8

Жұмыс № 6..................................................................................................



9

Жұмыс № 7.................................................................................................. 10

Жұмыс № 8.................................................................................................. 11

Жұмыс № 9.................................................................................................. 12

Жұмыс № 10................................................................................................ 14

Жұмыс № 11................................................................................................ 15

Жұмыс № 12................................................................................................ 16

Жұмыс № 13................................................................................................ 18

Жұмыс № 14................................................................................................ 18

Жұмыс № 15................................................................................................ 20

Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................

22

24



Т.С. Рымжанов 

ОМЫРТҚАСЫЗ ЖАНУАРЛАР ЗООЛОГИЯСЫНАН ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ 

САБАҚТАР 

әдістемелік нұсқау

Басуға қол қойылды 02. 04. 2009 ж.

Гарнитура Times.

Форматы 29,7 

×

 421/4. Офсеттік қағазы.



Көлемі 0,9 шартты б.т. Таралымы 100 дана.

Тапсырыс № 0348

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының

Ғылыми-баспа орталығы

140000, Павлодар қ., Мир көшесі, 60.

E-mail: rio@ppi.kz



25

жүктеу 182.91 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет