Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қарағанды облысының білім басқармасы



жүктеу 100.67 Kb.
Pdf просмотр
Дата14.03.2017
өлшемі100.67 Kb.

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ  

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ 

ҚАРАҒАНДЫ КӚПСАЛАЛЫ ГУМАНИТАРЛЫ – ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ 

 

 



 

Келісілді: 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Бекітемін: 

Директордың оқу ісі жӛніндегі орынбасары 

 

 

 



 

 

 



 

Колледж директоры  

_____________ 

Садық Ж.Т.   

 

 

 



 

 

 



 

             ______________ Смагулов С.Г. 

«    »  _________ 2015 жыл   

 

 



 

 

 



 

 

 



 

«      »_________ 2015 жыл 

 

 

Оқу жұмыс бағдарламасы 



Пән:  Қазіргі заман әдебиеті 

Оқытушы:  Жарылгапова А.С. 

Типтік оқу бағдарлама негізінде жасалған: ҚР Білім және ғылым министрлігінің техникалық және кәсіптік білім бойынша үлгілік бағдарлама 

негізінде жасалынған. 

Тіркеу № «1577»    23 қаңтар 2012жыл 

Мамандығы: 0111000 «Негізгі орта білім» 

Біліктілігі: 0111013 «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі»

 

Оқу жұмыс жоспары негізінде__________________________  жасалды 



 

 

 



Оқу уақытын үлестіру 

 

Курс 

Барлық 

сағат 

Теориялық 

сабақтар 

Зертханалық 

сабақтар 

Тәжірибелік 

сабақтар 

Курстық жоба 

Бақылау 

жұмыстары, 

сынақ 

Емтихан 

 

 



 

 

10 

 

I сем. 


 

II сем. 


 

I сем. 


 

II сем. 


 

I сем. 


 

II сем. 


 

I сем. 


 

II сем. 


 

I сем. 


 

II сем. 


 

I сем. 


 

II сем. 


 

 10 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



 

 

 



 

 

 

Оқу – жұмыс бағдарламасын қолдану 

 

Оқу жылы 

Топтар 

2015-2016 

4ҚТӘ-1 кз 

 

 



 

 

 



 

 

 



«Экономика, құқық және гуманитарлық пәндер» бӛлім кеңесінің отырысында қаралды және құпталды 

 

Хаттама №  ___ «___ »______ 2015 жыл 



 

Бӛлім  тӛрайымы: ____________ Сухорукова Елена Юрьевна 

 

 

 



 

 

 



 

 


 

Мазмұны 


 

1.Түсіндірме хат 

2. Оқу пәнінің жоспарланған нәтижесі 

3. Пәнінің мазмұны мен тақырыптық жоспары 

3.1. Пәнінің тақырыптық жоспары 

3.2. Пәнінің оқу – жұмыс бағдарламасының мазмұны 

4.Оқытудың жоспарланған нәтижесін бақылау 

5. Әдебиеттер және құралдар тізімі 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

1.Түсініктеме хат 

  

      «Қазіргі заман әдебиеті» пәнінің осы жұмыстық оқу  бағдарламасы Қазақстан Республикасының  мемлекеттік жалпыға міндетті 



техникалық және кәсіптік білім беру  стандартына сәйкес (ҚР МЖМБС.05.155-2010) 0111000- Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының   

0111013- Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі біліктілігі бойынша  әзірленген.  

Пәннің мақсаты дәрістерде әрбір тақырыпқа қатысты обьектілердің сӛзді қолдану ерекшелігі түсіндірілуі қажет. Тіл мәдениеті сӛз құдіретін, 

ана тілінің сырын сезіндіру, сӛйлеу ӛнерін игеруге бағытталады. 

Пәннің міндеті – пәннің мазмұнындағы жаңа бағытты оқыту, білім алушылардың тіл ерекшелігін кӛркем, жүйелі ойын жеткізуге 

жаттықтыру. Тақырыптарды меңгеру барысында «Қазіргі заман әдебиеті» пәнінің терең, толық, жан – жақты білім алып, бүгінгі күн 

талабына сай білім алушыны білікті маман етіп даярлау қарастырылады. 

      Оқу бағдарламасын жүзеге асыруда бәсекеге қабілетті мамандар даярлау мақсатында оқытудың дәстүрлі жүйесін, жаңа технологияларды 

, дидактикалық және кӛрнекіліктерді: плакаттарды,  электронды оқулықтарды, оқу және оқу-әдістемелік құралдарды пайдалану ұсынылады. 

«Қазіргі заман әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасын іске асыру үшін оқытуды ұйымдастырудың келесі түрлері ұсынылады: лекция, 

семинар, тәжірибелік сабақтар және басқалар. 

        Оқу материалы мазмұнының ерекшелігі мен күрделілігіне байланысты келесі оқыту әдістері ұсынылған: әңгіме, пікірталас, жағдайлық 

мәселелерді шешу, ӛндірістік жағдайларды талдау, рольдік және іскерлік ойындар, материалды рәсімдеу, шағын топтардағы жұмыс және 

басқалар. 

        Оқу бағдарламасы білім алушылардың қазақ тілі, қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы пәндерден меңгерген білімдеріне негізделеді, 

Пәнді педагогика, психология, әдебиетті оқыту әдістемесі пәндермен байланыстырып оқыту ұсынылады. 

Жалпы сағат кӛлемі- 10сағат, соның ішінде: 

-

 



теория-  10сағат 

-

 



сынақ – 7 семестр 

 

 



  

 

 



 

 

2.Оқытудың жоспарланған нәтижесін бақылау 

 

 

Стандарт және білім бағдарламасында 

жоспарланған оқу нәтижесі 

Жұмыс оқу бағдарламасында жоспарланған оқу нәтижесі 

Білім алушылар келесі құзіреттіліктерге ие 

болулары керек: 



Базалық: 

БҚ 1 Мұғалім мамандығының мәні мен  

әлеуметтілік маңыздылығын түсіну; 

БҚ 2. Оқуға, ӛзінше оқуға  қабілеттілік – 

үздіксіз ӛзінше білім алуға және кәсіптік 

біліктілікті жетілдіруге дайындық; 



Біледі: мұғалім мамандығының қазіргі кездегі беделін, мұғалім мамандығының мәнін, қазіргі кездегі 

маңыздылығын 



Меңгереді: білім алушылармен қарым- қатынас жасауды, теориялық білімді практикамен 

байланыстыруды, тәжірибе алмастыруды; 



Дағдысын қалыптастырады: мамандықты сүю дағдысын қалыптастырады; 

 Құзыретті: мұғалім мамандығының мәні мен маңыздылығын түсінуге; 

-

 



Кәсіптік: 

КҚ 1. Сабақты жобалау және құрастыру, 

педагогикалық мақсатқа жету үшін алған 

білімін саралауға, талдап және жинақтауға 

қабілетті ойлауды дамыту тәсілдерін 

меңгеру; 

КҚ2.  Оқу – бағдарламалық құжаттарын 

жасақтау негіздерін меңгеру, мектеп 

оқулықтары мен оқу – әдістемелік 

құралдардың мазмұнын талдай білу. 



Біледі: пән бойынша сабақты жоспарлай біледі, әдіс- тәсілдерді ажырата алады, 

- оқулықтардың мазмұнына талдау жасай біледі, 



Меңгереді: оқыту формаларын, қазіргі заманғы әдіс –тәсілдерді, 

- оқу бағдарламалық құжаттарды жасақтауды; 



Дағдысын қалыптастырады: жаңа педагогикалық технологиясы арқылы оқу әдістемелік кешен 

әзірлеуде; 



- оқулық пен әдістемелік құралдардағы мазмұнын оқушының жас ерекшелігіне сай жоспарлай білуді; 

Құзыретті: қазіргі заман талабына, оқушының жас ерекшелігіне сай кешен әзірлеуге 

- жас ерекшелігіне сай оқу бағдарламалық құжаттарды жинақтап, сабақты жоспарлай білуге; 

-

 

Арнайы: 



АҚ 1. Арнайы кәсіптік білімді, қазақ тілі 

мен әдебиетін оқыту формалары мен 

құралдарын, қазіргі заманғы әдіс-

тәсілдерді, инновациялық педагогикалық 

технологияларды, пәннің оқу-әдістемелік 

кешенін қолдана білу; 

АҚ 2. Негізгі ұғымдар мен терминдерді, 

әртүрлі нысандар мен нақты құбылыстар 

арасындағы қатынастар мен 

байланыстарды ашатын заңдарын білу; 

 

Біледі: ақпараттық оқыту технологиясын, сын тұрғысынан ойлау технологиясын, дамыта оқыту 

технологиясы туралы теориялық тұрғыда мәліметтерді біледі, 

- сабақ барысында сӛздікпен жұмыс жасай білуді, сабақты жоспарлағанда жаңа сӛздер мен терминдерге 

баса назар аударуды, 

- оқыту тәсілдерін, пәннің мақсаттары мен міндеттерін, сабақ жоспарын білім алушының жас 

ерекшелігіне сай құруды; 



Меңгереді: ӛз бетінше ақпараттық оқыту технологиясын қолдануды, сын тұрғысынан ойлаудың 

тиімділігін; 



- терминдер туралы заңдарды; 

- сабақтың дидактикалық материалдарын дайындауды, жаңа технологияларды қолдана отырып, сабақ 

жоспарын құруды, оқытудың техникалық құралдарын қолдануды; 

Дағдысын қалыптастырады: сабақ жоспарын құру, ӛз бетінше білім алушылармен қарым- қатынас 


АҚ 3. Қазақ тілі  мен әдебиеті  пәндерін  

оқыту әдістемесін меңгеру; 

АҚ 4. Мұғалім мен білім алушының 

портфолиосының мазмұнын жинақтау 

әдістерін меңгеру; 

АҚ 5. Оқу  -ақпараттық құралдармен 

жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдерін  және 

оларды қолдану кезіндегі қауіпсіздік 

техникасын меңгеру.  

жасау, 


- ӛздігінен талдап, заңдағы терминдерді білу дағдаларын қалыптастыру; 

- жаңа технологиялармен тиімді жұмыс жүргізу; 



Құзыретті: оқытудың жаңа технологияларын саналы тұрғыда жеткізуді ұйымдастыруға; 

- терминдер мен белгіленген нысандар туралы     берілген заңдарды білуге; 

- білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға байланысты дидактикалық материалдар 

әзірлеуге; 

 

 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Пәннің мазмұнын мен тақырыптық жоспары 

3.1 Тақырыптық жоспар 

 

№ 

 

 

Бӛлімдер мен тақырыптар атауы 

 

Күндізгі оқыту нысананы 

кезіндегі оқу уақытының 

саны (сағат) 

Орта буын маманы 

 

Бекітілген 

деңгей 

Жоғары 

деңгей 

Негізгі 

орта 

білім 

Жалпы 

орта 

білім 













1.1 тақырып   Қазіргі әдебиеттің дамуы, бағыттары  

А.Тоқмағанбетов ӛмірі, шығармашылығы 

  

 



 



1.2 тақырып.   Т.Ахтанов ӛмірі, шығармалары.  

Ә. Нұрпейісов ӛмірі, шығармашылығы 

 

 



 



1.3 тақырып.   Ж.Молдағалиев ӛмірі, шығармашылық жолы  

І.Есенберлин ӛмірі, шығармалары 

 

 



 



1.4 тақырып.    Қ.Аманжолов ӛмірі, шығармалары  

Ә.Тәжібаев ӛмірі, шығармалары 



 

 



 

 1.4 тақырып.    Ғ.Орманов ӛмірі, шығармалары 



Х.Ерғалиев ӛмірі, шығармашылығы 

 

 



 

 

Барлығы: 



 

 

10с 

 

 

 

3.2. Пәннің оқу-жұмыс бағдарламасының мазмұны 

 1.1 тақырып Қазіргі әдебиеттің дамуы, бағыттары .Қазіргі заман әдебиетінің ӛкілдері. Асқар Тоқмағанбетов (1905-1983)   

Әбдіжәміл Нұрпейісов 

Қазіргі заман әдебиетінің даму жолдары, оның негізгі бағыты туралы түсінік. 

Қазіргі заман әдебиетінің кеңес дәуіріне дейінгі, кеңес дәуірі кезіндегі әдебиеттің таптық, революциялық, пролетарлық, кейінірек партиялық, 

социалистік бірден- бір шынайы әдебиет ретінде түсінік қалыптастыру. 

Кеңес дәуірінен кейінгі  әдебиеттің ӛсіп- ӛркендеу мәселелерінің біржақты кӛзқараспен ӛлшенуі,  кӛркем әдебиеттің бірден- бір партиялық 

саясатқа бағынуы нәтижесінде табиғи даму заңынан айырып, оны мемлекеттік халық шаруашылығы міндеттерінің бірі ретінде қарау, кӛркем 

сӛзді ежелгі жаратылысынан айырған факторларды ұғындыру. Кеңес Дәуіріндегі әдебиеттің ерекшелігін, тақырыбын, алға қойған мақсатын 

белгілеу. 

Жанр түрлері және оны кӛркемдік ерекшеліктері. Қазіргі заман әдебиетіндегі  поэзия, проза, драматургия, оның ӛкілдері. 


Қоғамдағы саяси- әлеуметтік жағдайлармен таныстыру, соған байланысты шығармалардың идеясын түсіндіру, тарихи маңызды оқиғалармен 

таныстыру. 

Асқар Тоқмағанбетов әдебиетімізге халық поэзиясы үлгісіндегі шешендік толғауларымен, әсем лирикасымен, ӛткір сатирасымен, пайымды 

прозасымен, маңызды мысалдарымен үлкен үлес қосқан анық екендігі. 

  Ӛмірі мен шығармашылық жолы. Білім алған ортасы. 

   Ақын лирикасында саяси- әлеуметтік, ӛнер- білім, табиғат, кӛңіл-күй, достық, махаббат, еңбек тақырыптарының терең жырлануы. 

   Поэмалары: «Берлин кӛшесінде», «Ақын тағдыры», «Ӛмір дӛңгелегі», «Балдақты Оспан» т.б. 

«Ақын тағдыры» поэмасы- қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі сүйікті ақын, қоғам қайраткері С.Сейфуллин туралы толғау. 

А.Тоқмағанбетов-  сатирашы.  Толымды  сатираларымен  осы  саланы  байытуы.  1929ж.  «Күлкі-сықақ  ӛлеңдер»  атты  сатиралық  жинағының 

шығуы. Оған «Арыздың арызы», «Күдікті күңкіл», «Тӛрешілдік», «Тӛраға», «Мылжыңның бет-аузы» т.б. сықақтарының енуі. 

А.Тоқмағанбетов- қазақ әдебиетінде тӛл мысал жанрының негізін қалаушылардың ағасы екендігі. Мысалдарының тақырыбы, сюжеті, 

кӛркемдігі, тілі жағынан мінсіздігімен ерекшеленуі. Романдары: «Жыр күмбезі», «Қарбаласта». С.Айнидің «Құлдар» романын аударуы. Сан 

қырлы таланттың зерттелуі. Жаттауға: «Түрксиб түйіскенде» ӛлеңі. Мәнерлеп оқуға: «Мұнай бер!», «Қызылорда» ӛлеңдері.Сыныптан тыс 

оқуға: «Жыр күмбезі» романы. 



1.2 тақырып    Тахауи Ахтанов /1923-1995/ 

Ә. Нұрпейісов ӛмірі, шығармашылығы 

Отан соғысында кӛзімен кӛргендерін /1956 ж./  «Қаһарлы күндер» романына арқау етуі.  «Дала сыры» /1963ж./ повесін, кейін оны  «боран» 

деген  атпен  романға  айналдыруы.  Романдағы  Қоспан  рухани  күші  мол,  саликалы,  қажырлы  мінездің  адамы,  оның  жолын  жалғайтын 

ізбасары жас бала Қаламұшты мүсіндеуі жазушының ӛзіндік қолтаңбасын аңғартады. 

«Шырағың  сӛнбесін»  /1980  ж./  Тахауи  романдарының  ең  шоқтығы  биігі.  Басты  кейіпкері-  қазақ  қызы  Нәзира.  Кешегі  Отан  соғысы  адам 

баласының  рухани  дүниесінің  күш-  жігерін  безбендеген  адам  айтқысыз  алапат  болғандығы.  Оның  осы  аталған  романда  ӛз  биігіне  жете 

суреттелуі. Романның романтико- психологиялық сипаты. Композициясы, сюжеті, кӛркемдігі, тілі. Т.Ахтановтың драматургия саласындағы 

еңбегі  «Сәуле»,  «Боран»,  «Ант»,  «Әке  мен  бала»,  «Махаббат  мұңы»,  «Күтпеген  кездесу»  пьесалары  арқылы  халыққа  танылуы. 

Пьесаларындағы ой-мұраты шшық, айқын. Ахтанов әдебиеттің сын, зерттеу саласына да үлес қосты. 

Талдауға: «Шырағың сӛнбесін» романы. Сыныптан тыс оқуға: «Махаббат мұңы» пьесасы.  

Шығармашылық ӛмірбаяны. Алғашқы туындысы «Курляндия» романының ӛзегі- Отан соғысы екендігі. Оның 1956 ж. «Күткен күн» деген 

атпен қайта жариялануы. 

Ә.Нұрпейісовтің  халықтың  рухани  қазынасына  айналған  романы-  «Қан  мен  тер»  үштағаны.  Шығарманың  Арал  балықшыларының  ауыр 

тұрмысын  елдегі  тарихи  әлеуметтік  жағдайлардың  ушығуына  астастыра  суреттейтін  тарихи  туынды  екендігі.  Жазушының  характер 

жасаудағы, оның ішкі жан- дүниесін танытудағы ерекше шеберлігі. 

Еламан,  Ақбала,  Кәлен,  Сүйеу  қарт,  Тәңіберген,  Судыр  Ахмет  бейнелерінің  даралық  сипаттары.Композициясы,  сюжеті,  кӛркемдігі,  тілі. 

«Қан  мен  тер»  роман-  эпопеясына  КСРО  мемлекеттік  сыйлығының  берілуі.  Бірнеше  шетел  тіліне  аударылуы.  Фильм  түсірілгені.  «Сең» 

романы 1981 ж. Экологиялық тақырыпқа арналуы. Әдеби -сын  мақалалары «Толғау», «жүрегі толы жыр еді» 1972. 

Ә.Нұрпейісовтің аудармамен айналысқандығы. Шығармашылығының зерттелуі. 


Талдауға: «Қан мен тер» романы. «Ымырт», «Сергелдең», «Күйреу». 

Сыныптан тыс оқуға: «Сең» романы. 

 

 1.3  тақырып   Жұбан Молдағалиев /1920-1987/ 



 Ілияс Есенберлин /1915-1983 / 

Шынайы  шындықты  ту  еткен  аса  талантты  ақын,  қоғам  қайраткері  екендігі.  Шығармашылық  ӛмір  жолы.  Отан  соғысы  шыңдалу  мектебі 

болғандығы. Тұңғыш ӛлеңдер жинағы «Жеңіс жырлары» /1949 ж. / деген атпен жарық кӛрген. Мұнда майдан ӛмірі суреттелген. 

Ж.Молдағалиев әрі лирик, әрі эпик. Тума талант, талмай ізденіс, ерінбей еңбектенуі шығармаларының шұрайынан кӛрінуі. 

Асқақ сезім, ойлылық, шешендік, алмастай айтқыштық, тақырып аясының кеңдігі, азаматтық әуен, ірілік, «Мен! » арқылы оның азаматтық 

ар- ожданы, қоғамдық келбеті, сыр- сипатының кӛрінуі. 

Лирикалары:  «Ақын  туралы»,  «Ана  туралы  жыр»,  «Қазақ  тілі»,  «Қазақ»,  «Мен  қазақ  әйеліне  қайран  қалам»,  «Ауыл  түтіні»,  «Аққуым», 

«Туған ӛлке» т.б. 

Поэмалары: «Мен қазақпын, «Нұрлы жол», «Жыр туралы жыр», «Жесір тағдыры», «Дала дастарханы», «Кісен ашқан», «Қыран дала», «Сел» 

т.б. 


«Мен қазақпын» поэмасы талдауға. 

«Мен қазақпын» поэмасы- қазақ халқының екі жарым ғасырлық жүріп ӛткен ӛмір жолын жырлаған тарихи сыр- толғау. Поэмада ақын тұтас 

халықтың атынан «Мен!» деп отай салып, жүрегін халқының мықтылығына деген мақтаныш сезімі билеп тұр. Поэманың тақырыбы, идеясы, 

кӛркемдігі, тілі. 

Жаттауға: «Мен қазақ әйеліне қайран қалам». 

«Мен қазақпын» поэмасынан оқушының ӛзі қалаған тарауы. 

Сыныптан тыс оқуға: «Қыран дала», «Дала дастарханы», «Жыр туралы жыр». 

Ілияс Есенберлиннің шығармашылық ӛмірбаяны. 

Әдебиетте алғаш ақын ретінде танылуы. 

1945 ж. «Айша», «Сұлтан» поэмаларын жазуы. 1960 жылдан прозаға атсалысуы. 

Романдары:  «Ӛзен    жағасында»,  «Толқиды  Есіл»,  «Айқас»,  «Қатерлі  ӛткел»,  «Ғашықтар»,  «Алтын  құс»,  «Кӛлеңкеңмен  қорғай  жүр», 

«Манғыстау майданы», «Алтын орда» /1980-1983/. 

Талдауға:  «Кӛшпенділер»  үштағаны.  І  «Алмас  қылыш»,  ІІ  «Жанталас»,  ІІІ  «Қаһар».  Үш  кітап  бойындағы  негізгі  ӛзек-  қазақ  халқының 

тәуелсіздігі, бостандығы үшін басқыншыларға қарсы күресі. Бұл тарихи романның басты бейнелері қазақ тарихында ӛз аттарын мәңгілікке 

қалдырған  ірі  қоғам  қайраткерлері  Қасым,  Әбілхайыр,  Жәнібек,  Кеңесары,  Абылай  т.б.  Монологтарды  тиімді  пайдалануы.  Романның 

кӛркемдігі, тілі. Жазушының саясат салқынына қарамастан аса жанкештілікпен уақытынана 

 ( егемендіктен бұрын) тарихи тақырыпты тереңнен тарта жазуы. Сыныптан тыс оқуға: «Алтын орда» романы. «Ғашықтар». 

 1.4  тақырып  Қасым Аманжолов /1911-1955/  



Әбділда Тәжібаев   

Қасым Аманжолов- талантына сезімін серік еткен қазақтың аса кӛрнекті ақыны. Ӛмір жолы. 1938 ж. «Ӛмір сыры» атты жинағының  жарық 

кӛруі.  Алғашқы  ӛлеңдерінің  тақырыбы  әралуан  «нар  тәуекел»,  «Дауыл»,  «Кӛкшетау»,  «Орамал»,  «Заула,заула  Түрксиб»,  «Сұлтанмахмұт 

туралы беллада» т.б. 

1941 ж. Бір топ ӛлеңін «Бар дауыспен» деген атпен жинақ етіп бастыруы. 

Дауыл мінезді отты ақын шабытының Отан соғысы жылдарында шарықтай түсуі. Майданда жүріп «Қанқұйлы жау», «Үстімде сүр шинелім», 

«Мартбек», «Жеңіс дауысы», «Сен- фашиссің, мен- қазақпын», «Елге хат», «Сәбитке», «Ғалиға», «Дариға, сол қыз» т.б. ӛлеңдерін жазған. 

Отан  соғысы  жылдарындағы  шығармаларының  шырқау  биігі-  «Ақын  ӛлімі  туралы  аңыз»  поэмасы.  Поэмада  жас  ақын  А.Жұмағалиевтың 

ерлігі.  Н.Тихоновтың  «бүкіл  қазақ  поэмасының  маржаны»,  Ғабит  Мүсіреповтің  «Майданнан  ескен  жаңа  леп»  -деп  жоғары  бағалауы. 

Поэмдағы кеййіпкердің ішкі монологы, Кӛркемдігі, тілі. «Ӛзім туралы» ӛлеңі (жаттауға). 

Поэмалары:  «Бикеш»,  «Құпия қыз»,  «Жамбыл тойында»,  «Біздің дастан»,  «Сырттан»,  «Хорлығайын». Ақынның аударма  саласында еңбек 

етіп  А.С.Пушкиннің  «Полтавасын»,  А.Твадовскийдің  «Василий  Теркинін»,  М.Ю.  Лермонтовтың  «Маскарад»  драмасын,  Н.А.Некрасовтың 

«Саша» поэмасын т.б. аударуы. Прозасы. Сын мақалалары. Ақын шығармаларының ұлттық поэзиямыздағы орны. Зерттелуі: С.Досановтың 

«Екінші ӛмір» атты романының жазылуы. Жаттауға: «Ӛзім туралы» ӛлеңі. Талдауға: «Ақын ӛлімі туралы аңыз» поэмасы. 

  

 

Расул Ғамзатов 

Авар ақыны. Аударған Сағи Жиенбаев. «Тау қарттары» атты ӛлеңі. Ақын ӛз ұлтының әулие қарттарын пір тұтады. Олар нағыз адалдықтың, 

мәрттіктің, ақыл- ойдың кені дейді ақын. 

 

Мұса Жәлел 

Татар ақыны. Аударған Қайнекей Жармағанбетов. «Соңғы наз» ӛлеңі. Ақынның туған анасына, топырағына деген сағынышы, 

сүйіспеншілігі. Ӛзегін ӛртеген ӛкініші- туған жерден топырақ бұйырмауы. 



 

Қайсын Күлеев 

Болгар ақыны. Аударған Қадыр Мырзалиев. «Ӛлсем егер» ӛлеңі. Ақын бұл дүниенің жалғанын, бәрі уақытша екенін, ӛлеңдерді еске алып 

ескеретін тірілер екенін, не қызмет жасаса да тірілердің ғана қолынан келетінін айтқан. 

 

 

4. Оқытудың жоспарланған нәтижесін бақылау 

 

Кәсіби біліктіліктің деңгейіне сәйкес тест тапсырмаларының күрделілігі негізгі үш деңгейде (ең тӛмен, орта және күрделі) . 

Оқытудың жоспарланған нәтижесі пән бойынша қорытынды,  сынақ, емтихан  ӛткізіледі. 

Сынақ–    2 семестрде; 

  


 

Сынақ сұрақтары 

 

1. Қазіргі заман әдебиетінің даму жолдары, оның негізгі бағыты 

2. А.Тоқмағанбетов ӛмірі, шығармашылығы 

3. Ә. Нұрпейісов ӛмірі, шығармашылығы 

4. Т.Ахтанов ӛмірі, шығармалары 

5. Ж.Молдағалиев ӛмірі, шығармашылық жолы 

6. І.Есенберлин ӛмірі, шығармалары 

7. Қ.Аманжолов ӛмірі, шығармалары 

8. Ә.Тәжібаев ӛмірі, шығармалары 

9. Ғ.Орманов ӛмірі, шығармалары 

10. Х.Ерғалиев ӛмірі, шығармашылығы 

11. Т.Жароков ӛмірі, шығармалары 

12. М.Мақатаев ӛмірі, шығармалары, кӛркемдік ерекшеліктері 

13. Б.Момышұлы ӛмірі, шығармалары 

14. Шерхан Мұртаза ӛмірі, шығармалары, кӛркемдік мәні 

15. Т.Молдағалиев ӛмірі, шығармалары 

16. Қ.Мырзалиев ӛмірі мен шығармашылығы 

17. Т.Айбергенов ӛмірі, шығармалары 

18. Ф.Оңғарсынова ӛмірі, шығармашылық жолы 

19. Ә.Кекілбаев ӛмірі мен шығармашылығы 

20. Ш.Айтматов ӛмірі, шығармашылығы 

21. Ж.Саин ӛмірі, шығармалары 

22. Омар һайам ӛмірі, шығармалары 

23. Расул Ғамзатов ӛмірі, шығармалары 

24. Мұса Жәлел ӛмірі, шығармалары 

25. Қайсын Күлеев ӛмірі, шығармалары 

26. «Кӛшпенділер» үштағаны. І «Алмас қылыш», ІІ «Жанталас», ІІІ «Қаһар» 

27. Т.Ахтанов «Шырағың сӛнбесін» романы 

28. Т.Ахтанов «Махаббат мұңы» пьесасы 

29. Ж.Молдағалиев «Мен қазақпын» поэмасы 

30. Шерхан Мұртаза «Қызыл жебе» 

 

       


 

  Әдебиеттер және оқу құралдары 

1.

 



М.Базарбаев, С.Қирабаев, М.Хасенов, Р.Нұрғалиев, Б.Дәрімбетов «20-30 жж.,40-50-60 жжж. Және 70-80-90 жжж. Монографиялық 

еңбек» 


2. Отан соғысы кезіндегі әдебиет, Алматы, 1984 

4. Т.Ахтанов «Кӛкейтесті. Әдебиет туралы ойлар», Алматы, 1980 

5. С.Әшімбаев «Талантқа тағзым. Әдеби- сын мақалалары», Алматы, 1982 

6. М. Базарбаев «Әдебиет және дәуір», Алматы, 1976 

7. А.Егеубаев «Сыр мен сымбат», Алматы, 1985 

8. Т.Кәкішев «Дәуір дидары», Алматы, 1985 

9. Ә.Кекілбаев «Дәуірмен бетпе- бет», Алматы, 1972 

10. З.Қабдолов «Жебе», Алматы, 1977 

11. З.Қабдолов «Сӛз ӛнері», Алматы, 1976 

12.С.Қирабаев «Әдебиет және дәуір талабы», Алматы, 1976 

13. Р.Бердібаев «Қазақ тарихы романы», Алматы, 1979 

14. Ш.Елеукенов «Замандас парасаты»,  Алматы, 1977 



 

 Қосымша әдебиеттер тізімі 

1. Ә. Нұрпейісов  таңдамалы шығармалар жинағы 

2. Асқар Тоқмағанбетов таңдамалы шығармалар жинағы 

3. Тахауи Ахтанов таңдамалы шығармалар жинағы 

4. Жұбан Молдағалиев таңдамалы шығармалар жинағы 

      5. І.Есенберлин таңдамалы шығармалар жинағы 

      6. Қ.Аманжолов таңдамалы шығармалар жинағы 

      7. Ә.Тәжібаев таңдамалы шығармалар жинағы 

      8. М.Мақатаев таңдамалы шығармалар жинағы 

      9. Ә.Нұршайықов таңдамалы шығармалар жинағы 

      10 Шерхан Мұртаза таңдамалы шығармалар жинағы 

      11. Т.Молдағалиев таңдамалы шығармалар жинағы 

      12. Қ.Мырзалиев таңдамалы шығармалар жинағы 

      13. Т.Айбергенов таңдамалы шығармалар жинағы 

      14. Ф.Оңғарсынова таңдамалы шығармалар жинағы 

      15. Ә.Кекілбаев таңдамалы шығармалар жинағы 



  

 


 

Каталог: dist zaoch -> 4kurs -> 4kta-1z -> kazirgi
4kta-1z -> Сайф Сараи «Гулистан бит-турки»
4kta-1z -> ДƏріс бейімбет Майлин (1894-1938)
4kta-1z -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қарағанды облысының білім басқармасы
4kta-1z -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қарағанды облысының білім басқармасы
kazirgi -> Алдыңнан терезеңнің жүріп өттім
4kta-1z -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қарағанды облысының білім басқармасы
4kta-1z -> Қазіргі оқыту технологияларының негіздері
4kta-1z -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қарағанды облысының білім басқармасы
kazirgi -> Тенденциялары

жүктеу 100.67 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет