бірге экономикалық білім алғаны туралы сертификат алады. "Дәулет" мектебінде ұлттық сана-сезімді қалыптастыруға байланысты бірнеше бастамалар бар, олар - " Лингвоелтану" оқулығы бойынша қазақ және ағылшын халықтарының тарихын, мәдениетін, білім беру құндылықтарын, рухани мұраларын зерттеу және олардың ерекшеліктерін мәдениеттанымдық тұрғыдан салыстыру. Оқушылардың ағылшын тілі грамматикасын меңгеруі мен тіл дамытуы компьютерлік бағдарлама бойынша беріліп, тексеріледі.