Қазақстан республикасы



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет1/11
Дата08.02.2017
өлшемі5.01 Kb.
#2327
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
 
Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ 
УНИВЕРСИТЕТІ 
 
 
 
 
 
Құлманов Қуандық Сәндібекұлы 
Құлманова Әсем Құрмашқызы 
 
 
 
 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІ. ӘДІСТЕМЕЛІК КӚМЕКШІ ОҚУ ҚҰРАЛЫ 
 
(Студенттердің ӛздік жұмысына арналған) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Астана, 2013 


 
ӘОЖ  811.512.122 (075.8) 
ББК   81.2 Қаз я 73 
Қ  74 
 
Баспаға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 
университетінің Ғылыми-әдістемелік кеңесі ұсынған 
 
 
Пікір жазғандар: 
          Күзекова З.С. - филология ғылымдарының докторы 
          Ӛтегенова Ә.А. - филология ғылымдарының кандидаты 
 
Қ  74  Құлманов Қ.С., Құлманова Ә.Қ. 
           Қазақ тілі. Әдістемелік кӛмекші оқу құралы   
(студенттердің ӛздік жұмысына арналған). – Астана: Л.Н. Гумилев 
атындағы ЕҰУ, 2013. – 168 б.,www.enu.kz 
 
 
ISBN  978-601-7321-72-7 
 
 
Бұл  әдістемелік  кӛмекші  оқу  құралы  оқу  жұмыс 
бағдарламасына  сай  физика-техникалық  факультеті  студенттерінің 
ӛздік  жұмысына  арнала  отырып,  түрлі  тақырыптармен  жүйелі  түрде 
жұмыс  істеу  мақсатында  құрастырылған.  Жоғары  оқу  орындарының 
орыс  тілді  аудиториясында  білім  алып  жатқан  студенттерге  және 
ӛздігінен білім-біліктілігін жетілдіруші қауымға арналады. 
 
 
 
 
ӘОЖ  811.512.122 (075.8) 
ISBN  978-601-7321-72-7                                 ББК 81.2 Қаз я 73 
 
 
 
                                   
© Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2013 
            © Құлманов Қ.С., Құлманова Ә.Қ., 2013 


 
Алғы сӛз 
 
Әдістемелік  кӛмекші  оқу  құралы  жоғары  оқу  орындарында 
кредиттік  оқыту  жүйесі  бойынша  орыс  тілді  топтарда  қазақ  тілі 
пәнінен  білім  алып  жатқан  физика-техникалық  факультетінің 
студенттеріне  арналады.  Әдістемелік  кӛмекші  оқу  құралының 
мақсаты  –  білімгерлердің  практикалық  және  оқытушылардың 
басшылығымен  жасалатын  студенттердің  ӛздік  жұмысындағы 
берілген  тапсырмаларды  студенттердің  ӛздік  жұмысында  дамыта 
оқыту. 
Еңбекте  түрлі  тақырыптарды  қамтыған  мәтіндер  топтамасы 
жүйелі  түрде  берілген  және  мәтінді  меңгеру  үшін,  студенттер 
тақырыпқа  қатысты  түрлі  сұрақтар  мен  тапсырмаларды  орындай 
отырып ӛз ойларын еркін баяндау жағы қарастырылады. 
Кредиттік 
оқыту 
жүйесіне 
сәйкес 
оқу 
жұмыс 
бағдарламаларында 
практикарық 
сабақ, 
 
оқытушылардың 
басшылығымен  жасалатын  студенттердің  ӛздік  жұмысы  және 
студенттердің ӛздік жұмыстарына  арнайы сағат бӛлінген. Сондықтан 
студенттердің 
ӛздік 
жұмысын 
жүргізу 
мақсатында 
түрлі 
тақарыптарды    рет-ретімен  беріп  және  ондағы    тапсырмаларды 
түрлендіре берумен қатар, оларға бағыт-бағдар сілтейді.  
Аталмыш 
еңбекте: 
отансүйгіштік, 
еңбек, 
табиғат, 
адамгершілік,  экология,  мамандық  тақырыбындағы    мәтіндер 
қарастырылады.  Берілген  мәтіндер:  оқылым,  тыңдалым,  айтылым, 
тілдесім,  жазылым  сияқты  тілдік  қатынастарға  сай  жұмыстарды 
жүргізуге  мүмкіндік  береді.  Мәтіндер  білімгерлерді  отансүйгіштікке, 
еңбекке, адамгершілікке тәрбиелейді деген ойдамыз.  
Сонымен  қатар,  қазіргі  білім  беру  жүйесінде  тестілеу  кең 
кӛлемде  қолданылуда,  соған  байланысты  білімгерлердің  білімін 
анықтау  мақсатында  тестік  тапсырмалар  берілді.  Студенттер  тестегі 
сұрақтарға жауап беріп, ӛздерінің алған білімдерін бақылап, тексеріп 
отырады.  Еңбекте  тест  сұрақтарының  кілті  берілмеді.  Авторлар  тест 
жауабы кілтінің берілмеу себебін ескерді. 
Еңбекте студенттер мерзімді баспасӛз беттерінде жарияланып 
жүрген  ӛз  мамандықтарына  қатысты  мақалалармен  де  танысып,  ӛз 
ойларын  жан-жақты  жеткізе  алады  деген  сенімдеміз.  Әдістемелік 
еңбекте  кәсіби  сӛздер  де  кең  кӛлемде  қамтылған.  Оқытушы 
студенттердің 
мәтінді 
қабылдау 
қаблетіне 
байланысты 
тапсырмаларды күрделендіре де, дамыта да түсулеріне болады. 


 
Әдістемелік кӛмекші оқу құралы    орыс тілді  аудиториясында 
білім  алып  жатқан  студенттердің  білімдерін  шыңдай  түсуге  септігін 
тигізер деген ойдамыз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
Студенттердің ӛздік жұмысына арналған тапсырмалар: 
 
1 – апта 
 
1- тапсырма. Сӛздікпен жұмыс істеңіздер. 
Жақын - близко. 
Қымбат - дороже. 
Қан - кровь. 
Сезім - чувство. 
Тіл жеткісіз – непередаваемое. 
 
2 - тапсырма. Оқыңыз. 
 
Ана 
 
Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес бір 
жатқан теңіз емес пе? Па, шіркін, ананың айналып-толғанғаны кімнің 
есінен  кетеді.  Шырылдап  жерге  түскеннен-ақ  сенің  ең  бір  жақының, 
ең  бір  досың,  ең  бір  ұстазың  бар.  Ол-ана:  қара  жерді  баспай  жатып, 
есіңді  білмей  жатып,  тырмысып  бауырына  жабысатының,  шырылдап 
уанбай,  жылап  іздейтінің-ана.  Сен  жан  болып  дүниеге  келдің.  Сенің 
іздейтінің бір-ақ жан. Ол - ана. Ол саған бәрінен қымбат. Сен үшін ол 
жалпақ дүниеден де үлкен. Сондықтан да сен бір-ақ жанды білесің. Ол 
- ана. 
Міне, анаға деген махаббат сенің құндақта жатқан күніңнен-ақ 
басталады. Ананың жолы басқа, ана деген сӛздің ӛзі ыстық. Ана десе 
толқымайтын  жүрек,  тасымайтын  қан,  сезбейтін  сезім  болуға  мүмкін 
емес! 
Мен  білетін  қазақ  әйелі-қазақпын  дейтін  қара  кӛз,  қара 
баланың  анасы,  сенің  жүрегің  нәзік,  сенің  махаббатың  балаға  тіл 
жеткісіз биік. 
                                                             ( Баубек Бұлқышев) 
 
3 - тапсырма. Мәтінді  мазмұндаңыз.  
4 - тапсырма. Мәтінге қатысты ӛзіңіздің ойыңызды айтыңыз. 
5 – тапсырма. Тіл ӛнері мен ой пікір туралы мақал-мәтелдерді 
толықтырыңыз. 
      1. Тіл тас жарады, тас жармаса, … 
      2. Айтылған сӛз - ... 


 
      3. Ақынның тілі қылыштан ӛткір, ... 
      4. Тіл буынсыз, ... 
      5.  Бал тамған тілден, ... 
      6.  Бас кеспек болса да, ... 
      7.  Ойнап сӛйлесең де, ... 
      8.  Сӛз сүйектен ӛтеді, таяқ ... 
      9.  Жақсы сӛз - ... 
     10. Піл кӛтермегенді ... 
     11. Шебердің қолы ортақ, шешеннің ... 
     12. Тіл - ... 
 Керекті  сӛздер  мен  сӛз  тіркестері:  тілі  ортақ,  тіл  кеспек  жоқ, 
ой түпсіз, атылған оқ, қылдан нәзік, бас жарады, у тамар, ойлап сӛйле, 
еттен ӛтеді, тіл кӛтереді, тиексіз, жарым ырыс. 
6  -  тапсырма.    «Ана  тілі-ардағым»  тақырыбына  байланысты 
эссе жазыңыз. 
 
1- тапсырма. Сӛздікпен жұмыс істеңіздер. 
 
Жаратылыс - природа. 
Мұңды - печальный. 
Жалаң - голый. 
Лағыл - рубин. 
Дәуір - период. 
Серт - обещание. 
Бейне - образ. 
Ілтипат - любезность. 
 
2 - тапсырма. Оқыңыз. 
 
Ӛмірдің сәні – арулар 
 
Тегінде  қазақ  халқы  –  әдемілікке,  сұлулыққа  жаны  құмар 
халық.  Дүниенің  ағысы  мен  бітім-болмысындағы  болар-болмас,  жай 
кӛзге  аңғарыла  бермейтін  ӛте  нәзік  нәрселерді  байқағыш-ақ, 
аңғарғыш-ақ.  Оларға  адам    мен  табиғаттың  арасындағы  тепетеңдік 
құбылыс  ерекше  әсер  еткен:  Шолпанның  нұрлы  сәулесі,  маралдың 
мұңды  үні,  жалаң  қия  жартастан  кӛтерілген  күннің  алғашқы 
шұғыласы,  алыстан  ағараңдап  кӛрінген  мұз  таулары,  аспандағы 


 
аққумен  ән  қосқан  ақын-жыршылардың  даусы.  Солардың  арасында, 
әсіресе, қыздардың сұлулығы мен әдемілігі ерекше дәріптелген. 
Тамаша  талай  ақындар  кӛркем  қыздардың  кескін-келбетін 
раушан гүлге, інжу-маржан, лағыл тастарға, күн мен айға, құндыз бен 
жұлдызға теңеген. Соның ӛзінде қыздарға дәл теңеу таба алмадық деп 
ӛкінген ақын, әншілер кӛп болған. 
Қазақтың  кӛшпелі  дәуірінде  қыздарды,  әйелдерді  жоғары 
бағалаған.  «Олар  –  ӛмірдің  сәні  мен  салтанаты,  әр  адамның 
ақылшысы,  балалардың  тәрбиешісі»  деп  қараған.  Қыздардың 
есімдерін  жарық  жұлдыздарға,  айға  теңеп  атаған,  анаға  тіл 
тигізілмесін деп серт айтылған.  
Қазақ  халқы  –  балажан  халықтың  бірі.  Халқымыз  қыз 
балаларын  ерекше  еркелеткен,  сәукеле,  сәнді  киімдер  кигізген. 
Ақбаян, Айман, Шолпан, Қыз Жібек, Қарлығаш, Гүлбаршын, Назым, 
Ақжүніс,  Ақтоты,  Айторы  деп  табиғаттағы  сұлулықтың  бейнесін 
білдіретін  әдемі  атаулармен  атаған.  Кім  біледі,  қыздардың  алдағы 
уақытта  кӛретін  кейбір  қиыншылықтарын  алдын-ала    іштей  сезе  ме, 
әйтеуір,  ӛз  шаңырағында  жүргенде  қыздың  ата-аналары  баласының 
қас-қабағына  ілтипатпен,  сүйіспеншілікпен  қараған,  жалғыз  қызын 
үкідей ұстап, еш уақытта бетінен қақпаған. 
                                                (Ж.Н.Нығмет «Қазақ тілі хрестоматиясы») 
 
3 - тапсырма. Мәтінді  мазмұндаңыз.  
4 - тапсырма. Мәтінге  қатысты ӛзіңіздің ойыңызды айтыңыз. 
5  -  тапсырма.  «Ана  -  ӛмір  гүлі»  атты  тақырыпқа  шығарма 
жазыңыз. 
 
 
Студенттердің ӛздік жұмысы 
2 - апта 
 
1- тапсырма. Сӛздікпен жұмыс істеңіздер. 
 
Жұмсақ - мягкий. 
мамық - пух. 
риза болу - удовлетворен. 
 
2 - тапсырма. Оқыңыз. 
 


 
Не тәтті? 
Жиренше  шешен  бір  күні  жолда  келе  жатып  алдынан  қарсы 
кездескен балалардан: 
-Дүниеде бәрінен не тәтті?-деп сұрайды.  
Сонда бір бала: 
-Бал тәтті,-деген екен. 
-Ал жұмсақта не жұмсақ? 
-Мамық жұмсақ. 
-Қаттыда не қатты? 
-Тас қатты. 
Бұл  баланың  жауабын  тыңдап  тұрған  екінші  бала  "Осы 
сұрақтарыңызға мен жауап беріп кӛрейін, рұқсат етіңіз",-деп ӛтінеді. 
-Ал айта ғой, балам, не тәтті?-дейді Жиренше шешен. 
-Ананың сүті,-деп жауап беріпті бала. 
-Не жұмсақ? 
-Ананың қолы! 
-Ал енді не қатты?-деп сұрағанда: 
-Атаның жүрегі, -деген екен. 
Шешен  екінші  баланың  жауабына  риза  болып,  батасын 
беріпті. 
                                                         (Б.Адамбаев "Ел аузынан" ) 
 
3 - тапсырма. Әңгімені мазмұндаңыз.  
4 - тапсырма. Әңгімеге қатысты ӛзіңіздің ойыңызды айтыңыз. 
5-тапсырма.Ӛздік  есімдіктерін  жекеше  және  кӛпше    түрінде  
септеңіздер 
 
Жеке түрі (В единственном числе) 
 
        Септіктер (Падежи) 
І жақ 
ІІ жақ 
ІІІ жақ 
        Атау (Именительный) 
Ӛзім 
(сам) 
Ӛзің (Сам) 
Ӛзіңіз (Сами) 
Ӛзі 
(Сам) 
Ілік (Родительный) 
 
 
 


 
     Барыс (Дательно-напр.) 
 
 
 
     Табыс (Винительный) 
 
 
 
      Жатыс (Местный) 
 
 
 
      Шығыс (Исходный) 
 
 
 
  Кӛмектес (Творительный) 
 
 
 
 
Кӛпше түрі (во множественном числе) 
 
    Атау (Именительный) 
Ӛзіміз 
(Сами) 
Ӛздерің (Сами) 
Ӛздеріңіз 
(Сами) 
Ӛздері 
(Сами) 
    Ілік (Родительный) 
 
 
 
    Барыс (Дательно-напр.) 
 
 
 
    Табыс (Винительный) 
 
 
 
    Жатыс (Местный) 
 
 
 
    Шығыс (Исходный) 
 
 
 
Кӛмектес (Творительный) 
 
 
 
6-тапсырма.‖Ӛз‖,  ‖Ӛзім‖,  ‖Ӛзіңіз‖,  ―Ӛзі‖  сӛздерімен  сӛйлем  
құрастырыңыздар. 
7-тапсырма. 
Біреу‖, 
‖Кейбіреу‖, 
‖Әркім‖ 
белгісіздік 
есімдіктеріне сӛйлем    құрастырыңыздар. 
8-тапсырма. 
‖Никто‖,‖Ничто‖, 
‖Ничего‖, 
‖Никуда‖, 
‖Никакой‖ 
деген 
болымсыздық 
 
есімдіктерін 
қазақшаға  
аударыңыздар. 

10 
 
9-тапсырма. 
‖Біз‖,  ‖Барлық‖,  ‖Әрбір‖,  ‖Әр‖жалпылау 
есімдіктерін қатыстыра  отырып, бірнеше  сӛйлем  жазыңыздар. 
10-тапсырма. 
Мына 
мақал-мәтелдерді 
жаттап 
алып, 
мағынасын  түсіндіріңіздер. 
              Ӛз елің - алтын  бесік. 

 
 Кісі  елінде сұлтан болғанша
     Ӛз  еліңде  ұлтан  бол. 

 
 Ӛз  елім- ӛлең  тӛсегім. 

 
 Ӛзі  тойса да  кӛзі  тоймайды. 

 
 Біреу  зәбір етсе, сен  сабыр  ет. 

 
 Әркімнің  шыққан тауы биік. 

 
 Әркімнің  ӛз  жері- Мысыр  шаһары. 

 
 Біреуді  қор  тұтсаң , қор боларсың, 
     Біреуді   зор   тұтсаң , зор  боларсың. 

 
 Біреу  тойып  секіреді, 
     Біреу  тоңып  секіреді. 

 
 Әр кемістікке  - бір  жетістік. 
 
11 - тапсырма. «Мейрімді ана» тақырыбына эссе жазыңыз. 
 
Студенттердің ӛздік жұмысы 
3 – апта 
 
Кітапхана – қоғамның даму дәрежесін кӛрсететін басты кӛрсеткіш 
 
Кітапханалардың жағдайы мен оған деген адамның кӛзқарасы 
кез-келген қоғамның даму дәрежесін кӛрсететін басты кӛрсеткіш. 
Ӛйткені, кітапхана атты рухани ордада әрбір азамат білім-ілім іздейді, 
алған нәрсесін одан әрі дамытады. Сондықтан болар ӛркениетті 
елдерде бұл салаға деген назар қашан да жоғары. Француз ойшылы 
Пьер Буаст: «Шын мәнінде сарқылмайтын бір байлық бар. Ол – 
кітапхана»-деп атап ӛткен кітапханалардың біздің елдегі жағдайы 
қандай, оларды қалай дамытуға болады? 
Кітапхана – киелі мекен. Қазақ даласындағы кӛненің кӛзі 
саналған қаншама кітап қоймаларын айтпағанның ӛзінде бүгінгі 
қарашаңырақ саналатын Ұлттық кітапхананың ӛзі 85 жасқа толды. 
Қойнауында әлем халықтарының 50 тіліндегі 5,7 миллион дана 

11 
 
әртүрлі басылымы бар бас кітап ордасының бұл белесін де ұлттық 
мәдениетіміздің бір бӛлшегіне балаған дұрыс. 
                     (С.А.Қамаева, А.Б.Нұржанова «Кәсіби қазақ тілі») 
 
1-тапсырма. Мәтінді сӛздікпен аударыңыз. 
2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақ әзірлеңіз. 
3-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.  
 
1- тапсырма. Сӛздікпен жұмыс істеңіздер. 
 
Нәресте - ребенок. 
Жастар - молодежь. 
Мұқият - внимательно. 
Тұтас - целый. 
Омыртқа - позвонок. 
Ӛкпелеп қалады - обижается. 
Думан - празднество. 
Таң атқанша - до рассвета. 
 
2 - тапсырма. Оқыңыз. 
 
Шілдехана 
 
Шілдехана  –  жаңа  туған  нәрестенің  құрметіне  жасалатын 
ойын-сауық, той. Шілдеханаға кӛбінесе жастар жағы жиналады. Оған 
шақырумен де, шақырусыз да бара береді. 
Кӛлігі  бар  кӛрші  ауылдың  жастары  шілдехана  тойына  атқа 
мініп  сән-салтанатпен  келеді.  Олар  тойға  әндетіп  келіп,  әндетіп 
қайтады. Жан-жақтан келген жұрттың бас-аяғы жиналған соң, оларға 
қымыз  беріліп  қошаметпен  қарсы  алынады.  Жастар  шілдеханада  таң 
атқанша  айтысып,  домбыра  тартып,  ән  салып  кӛңіл  кӛтереді.  Үйге 
сыймағандар  ӛнерлі  жастардың  ән-күйін  тамашалау  үшін  киіз  үйдің 
жабағынан (үзектің етегін кӛтеріп) сығалап қарайды.  
Жастар  осындай  думанмен  отырғанда  шілдехананың 
дастарқаны  жайылады.  Қойдың  етімен  бірге  оның  он  екі  омыртқасы 
бірге келеді. Оны отырғандардың ішіндегі ең бір шебері қолына алып, 
етінен  барлық  адамға  кішкентайдан  болса  да  татырады.  Егер  біреу 
татпай  қалса,  ол  адам  ӛкпелеп  қалады.  Ӛйткені  омыртқаның  етінен 
татқан адам осы үйдің қызығындай қызық кӛреді деген ұғым бар. 

12 
 
Мойын  омыртқа  мұқият  мұжылғаннан  кейін  оны  тұтас 
күйінде  тобылғыға  немесе  жіпке  ӛткізіп,  биік  жерге  (мысалы, 
керегенің басына) іліп қояды. Бұл – нәрестенің мойыны бұлғақтамай, 
тез  бекісін  дегені.  Қалжаға  сойылған  малдың  етін,  омыртқадан 
басқасын,  жас  босанған  әйел  түгел  жеу  керек.  Сонда  ғана  босанған 
әйел  тез  ширайды  деген  ұғым  бар.  Сӛйтіп,  шілдехана  да  –  ӛмірге 
келген нәрестеге қуанудың ерекше бір белгісі. 
                                               (Ж.Н.Нығмет «Қазақ тілі хрестоматиясы») 
 
3 - тапсырма. Мәтінді  мазмұндаңыз.  
4 - тапсырма. Мәтінге  қатысты ӛзіңіздің ойыңызды айтыңыз. 
5 - тапсырма. Салт - дәстүрге байланысты шығарма жазыңыз. 
  
1- тапсырма. Сӛздікпен жұмыс істеңіздер. 
 
Кӛсем - вождь. 
Ақылгӛй - мудрый. 
Жетесіз - неразумный. 
Тӛлқұжат - паспорт. 
Салдары - последствия. 
Кемтар - инвалид. 
Берік - прочно. 
Араластыру - смешивать. 
 
2 - тапсырма. Оқыңыз. 
 
Жеті ата деген не? 
Қазақтың ел басқарған кӛсемдері, ақылгӛй ақсақалдары әрбір 
жеткіншектің жеті атасын  білуін міндеттеген.  «Жеті атасын  білмеген 
жетесіз»,-деп  қатты  сӛгіп,  ал  жеті  атасын  білгендерді  «Жеті  атасын 
білген ер, жеті жұрттың қамын жер»,-деп артына аталы сӛз қалдырған. 
Жеті  атасын  білдіру  дәстүрі  күні  бүгінге  дейін  әрбір  қазақ 
отбасында  сақталып  келеді.  Жеті  ата  –  дала  тұрғындарының  ата-тегі 
жазылған тӛлқұжат, сондықтан әрбір ата-ана баланың тілі шыққаннан 
оған жеті атасының атын үйреткен. Мәселен, қазақ арасында сіңіскен 
монғолдар  мен  арабтар  ертеректен  «қанымызды  қара  қазақпен 
араластырмаймыз»,-деп  балаларын  бір-біріне  үйлендіре  беретін. 
Осының салдарынан олардың саны ӛспей, азайып кеткені кӛпшілікке 
мәлім.  Күні  бүгінге  дейін  туыстас  ӛзбек,  ұйғыр,  түркімендер  жақын 

13 
 
туыстарына  үйлене  салады.  Жақын  туысқандардың  үйленуінен 
дүниеге ӛлі сәби келіп, тірілері «кемтар» болып жатқанын олар қазір 
ашық айтып отыр. 
Әлемде  осындай  салт-дәстүрді  берік  ұстаған  басқа  да 
халықтар кездеседі. Мысалы, грузиндер мен армяндар туыстық араға 
сегіз ата салып үйленсе, қырғыздар тӛрт атаға дейін қыз алыспайды. 
                                      (Ж.Н.Нығмет «Қазақ тілі хрестоматиясы») 
 
3 - тапсырма. Мәтінді  мазмұндаңыз.  
4 - тапсырма. Мәтінге қатысты ӛзіңіздің ойыңызды айтыңыз. 
5 - тапсырма. Жеті атаңызды білесіз бе? 
6-тапсырма. Әңгіменің мазмұнын баяндаңыз. 
 
 
Әдептілік 
 
Бір  жұрттың  үлкен  бір  оқымысты  кісісі  екінші  бір  елдің 
байымен сӛйлесіп тұрғанда, қасынан бір жарлы кісі ӛтіп бара жатып, 
оқымыстыға иіліп сәлем береді. 
Оған  қарсы  әлгі  оқымысты  да  онан  тӛменірек  басын  иіп, 
қайтара сәлем береді. Сонда қасындағы бай тұрып: 
-Тақсыр,  осыншама  біліміңіз  бар  ғалымсыз,  сӛйте  тұра 
осындай  бір  бейшараға  соншама  бас  иіп,  неге  сәлем  бердіңіз?  –деп 
сұрапты. Сонда ғалым кісі тұрып: 
-Ешбір  ғалым-білім  үйренбеген  кісі  сонша  иіліп,  әдептілік 
кӛрсеткенде,  менің  оған  әдепсіз  болып  кӛрінгенім  лайықсыз  болған 
болар еді, -депті. 
                                                                                    (Ы.Алтынсарин) 
 
7-тапсырма. Сіз әдептілікті қалай түсінесіз? 
 
 
 
8-тапсырма. Әңгіменің мазмұнын баяндаңыз. 
 
БАЙЛЫҚ 
 
Бұрынғы ӛткен заманда бір дана кісі ӛлерінің алдында жалғыз 
қалып бара жатқан баласына: ―Шырағым, жер астына кӛмген қазынам 

14 
 
бар, соны алсаң, қарының аш болмас, киімсіз болмассың ‖, - депті. 
Әкесі ӛлгеннен соң, жетім баласы үйінің айналасындағы жерді 
ертенді-кеш еңбек етіп қазады, кӛп машақаттанады, бірақ әкесі айтқан 
қазынаны таба алмайды. 
Басы дал болып, шаршап, шалдығып, ақырында, бір кӛп 
жасап, кӛп кӛрген данышпан қарияға келеді. Әкесінің үгіт-насихатын, 
ӛзінің кӛп әуре болғанын баяндайды, енді не қылсам екен дейді. 
-Балам, сен әкеңнің ӛсиетіне түсінбеген екенсің, оның мәнісі былай:                                          
әкең саған мирасқа жер қалдырыпты, сол жерді күшің жеткенше 
күтіп, егін егіп, күз тұқым шашып, еңбек етсең, уақытында ӛнімін 
тӛкпей-шашпай жиып алсаң, сонда сен байлықтың астында қаласың, 
кӛп байлыққа душар боласың, аш та, жалаңаш та болмайсың. Байлық 
жерде, еңбекте, - депті                                                                                         
- Сонда бала басын қасып, әкесінің ӛзіне айтқан ӛсиетіне енді ғана 
түсініп, оны орындауға кіріскен екен. 
                                                                                         
  (Ы. Алтынсарин) 
1. Әкесі ӛлер алдында баласына не деді? 
2. Бала данышпан қарияға не үшін барды? 
3. Қария балаға қандай ақыл айтты? 
4. Бала қандай шешімге келді? 
 
                                            Сӛздік: 
 
Бұрынғы ӛткен заманда  -  в давние времена 
Дана кісі  - мудрый человек 
Үгіт, насихат  - агитация, пропаганда 
Ӛлерінің алдында  -  перед смертью 
Мирас  -  наследство 
Қазына  - клад 
Еңбектену  - трудиться 
Қарның аш болмас  - не будешь голодным 
Душар болу  - подвергнутся  
Байлық  - богатство 
 
 
 
 
 

15 
 

Каталог: repository -> repository2013
repository2013 -> Атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. Астана. 11-12 қараша, 2011 жыл
repository2013 -> АҒалардың алғауында жүрді
repository2013 -> Л. Н. Гумилевтің пассионарлық теориясы және оның пайда болу себептері мен әлсіз тұстары
repository2013 -> Қазақ прозасындағы студент-жастар ҿ мірі с. Шаймерденов «Болашаққа жол»
repository2013 -> О. БӨкейдің суреткерлік шеберлігі акишева Ж. Е
repository2013 -> Атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. Астана. 11-12 қараша, 2011 жыл
repository2013 -> Шалқыма – шалқар шабыт жемісі (Қанеш Қанафиннің шығармашылығынан) Амандықов О
repository2013 -> Наурыз–ШЫҒыс елдері ҥ шін ежелден ынтымақ-ырыс мейрамы

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет