Қазақстан республикасы



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет6/17
Дата23.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

  Учитель- В годы войны в свет вышел сборник стихов К.М.Симонова с названием 
« С тобой и без тебя ». Это цикл стихов, повествующих об истории большой, трогательной и трудной любви  поэта к актрисе
Валентине Серовой. Самым знаменитым из них стало « Жди меня », включенное в этот сборник. Это послание поэта 
любимой женщине. В нем отражены его личные чувства, он писал его для себя, не собирался публиковать. Но жизнь 
изменила его намерения. Поэт вспоминал, что « люди переписывали его, посылали своим любимым, оно доходило до их 
сердец. Это заставило меня через полгода опубликовать его в газете « Правда » в январе 1942 года.
Выразительное чтение стихотворения учителем.
 III. Закрепление.
1)  Вопросно – ответная беседа по содержанию стихотворения:
Каково это стихотворение по эмоциональной окраске ?( написано в сдержанной форме, в нем нет признаний в любви, 
нежных слов)
Что звучит  в  неоднократно повторяющемся призыве  ?( просьба, мольба) Что хочет сказать автор во второй строфе ?
( просит ждать его, даже когда самые близкие люди  устанут ждать, что любовь сильнее родственных и дружеских чувств)
Каково стихотворение по своим художественным особенностям: есть ли в нем сравнения, образные выражения ?( здесь нет 
сравнений, даже рифма очень простая: 
жди-дожди, придет- ждет; предложения простые, короткие)
Какие чувства передаются в третьей строфе ?( звучит уверенность в том, что его дождутся)
Как вы думаете, в чем секрет популярности стихотворения ?( оно выражало чувства каждого воина)
Какой поэтический прием сразу бросается в глаза? ( повтор)
2) Работа по группам:
   первая группа – дать краткую характеристику К. Симонову как воину
   вторая группа- дать краткую  характеристику К. Симонову  в качестве журналиста
   третья группа- назвать основную идею стих-я «Жди меня..»
  IY. Обобщение.
  Учитель:  
-Сегодня на уроке мы с вами познакомились с поэтами, чьё творчество пришлось на наиболее трудный  период в истории 
страны. Их  очень  много, всех невозможно перечислить, но подвиг их бессмертен. Каждый из них вправе сказать про себя: 
41

«Мы мужество, как знамя, пронесли».
  Самое страшное из всех преступлений – это равнодушие. Ведь это – наша история, наше прошлое. А без прошлого нет 
будущего, Помните о тех, кто  много лет назад ценой своей жизни оплатил наш сегодняшнюю мирную жизнь, чтите их 
память. Читайте книги о войне, смотрите фильмы.  И в преддверии великого праздника Дня Матери мне хотелось бы 
завершить наш урок стихами К. Симонова, посвященных матерям:
                            Есть матери – блажен, кто их имеет,
                            Нам кажется порою, может быть,
                            Они всего на свете и умеют,
                            Что только нас жалеть, кормить, любить.
Берегите своих матерей, относитесь к ним с любовью, с вниманием, не скупитесь на добрые слова.
  Y. Домашнее задание.  Творчество К.М.Симонова
 Выучить наизусть одно из стихотворений (любого автора)
 Составить синквейн к слову подвиг.
YI. Комментирование оценок.
 *****
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласындағы Қармақшы аудандық білім бөліміне қарасты
 «№275 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
 жоғары санатты математика пәнінің мұғалімі Қомытбаева Торғай Елеусінқызы
Сабақтың тақырыбы: «Бөлшек дегеніміз не»
Сыныбы: 5 «А»
Мақсаты:
        білімділік: бөлшек туралы білетін ұғымдарды есептер шығаруда қолданабілуді бекіту.
           дамытушылық:  жаңа технология элементтерін пайдалану арқылы таным     белсенділіктерін арттыру, шығармашылық
қабілеттерін ұштау.
     тәрбиелік: өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге, ынтаны арттыруға тәрбиелеу.
                         Кәсіби бағдар беру. Еркіндік пен сенімді күшейту.
Сабақ типі: пысықтау, жинақтау сабағы.
Сабақ түрі: дәстүрлі.
Сабақ әдісі: сұрақ – жауап, ішінара ізденушілік, ой – қозғау стратегиясы.
Көрнекілігі:   топ   аттары,   эмблемалар,   белгілер,   бағалау   парақтары,   үлестірме   тапсырмалар,   мультимедиялық   проектор,
ноутбук, слайдтар.
Пәнаралық байланыс: география, тарих, қазақ тілі.
Сабақ жоспары:
I.
Ұйымдастыру кезеңі.  II.      Үй тапсырмасын тексеру.
а. Есептер шығару  ә. Өткен тақырыпты пысықтау
     III.     Жаңа сабақ түсіндіру.
     а. Мақсатын хабарлау    ә. «Бөлшек туралы»
     б. Сергіту сәті
    IV.    Сабақты бекіту.
     а. Есептер шығару
     ә. Қызықты есептер
     б. Тарихи мағлұмат
     В. Тақырыптың өмірде қолданылуы
    V.      Сабақты қорытындылау.
   VI.      Үйге тапсырма беру.
   VII.     Білім бағалау.
Сабақ барысы:
I.
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Топ жетекшілері арқылы оқу – құралдарының түгелдігін анықтау, математика сабағы екендігіне тоқталу.
«Ақыл –ойды тәртіпке келтіретін – математика, сондықтан да оны оқу керек» М.В.Ломоносов
М.В.Ломоносовтың «Ақыл –ойды тәртіпке келтіретін – математика, сондықтан да оны оқу керек» деген ұлағатты сөзін
сынып өмірімен байланыстыру, кәсіби бағдар беру, ынтасын сабаққа аудару.
II.
Үй тапсырмасын тексеру.
а. № 826 – ауызша, № 843 - жазбаша
ә. Өткен тақырыпты пысықтау.
1. Семантикалық кесте «Бөлшектер»
2. «Ережелер әлемінде»
Семантикалық кесте «Бөлшектер»
Берілгені
Жауаптары
Дұрыс бөлшек
Бұрыс бөлшек
1-ден   үлкен
бөлшек
1-ден   кіші
бөлшек
1-ге
 
тең
бөлшек
Жарты 
Ширек
42

Мұғалім:  Балалар,   «Бөлшек   дегеніміз   не»   тақырыбын   бастағанбыз.   Бүгін   осы   тақырыптың   соңғы   сағатына   арналған
сабақты өтеміз.
Сынып   оқушылары   төрт   топқа   бөлінген   (білім   деңгейлеріне   қараай   бұл   топтардың   аттарыоқушылардың   намыстарына
тимейтіндей   «А»  тобы,   «Б»   тобы,   «В»   тобы,   «Г»  тобы   деп   қойылды).   Әр   топ   жетекшілері   өздерін   таныстырады   (топ
жетекшілері орындарынан тұрып, өздерін таныстырады).
Қазір   әр   топтың   жетекшісінің   көмегімен   топ   мүшелеріне   «Ережелер  әлемінде»   тақырыбы   бойынша   тапсырмалар
таратылады (балаларға алдын-ала бөлшек туралы сұрақтарға дайындалып жүру ескертілген, топ жетекшілеріне мұғалім
таратады). 
Балалар, ойланасыңдар, ойларыңды қағаз бетіне түсіріп, жауап беруге дайындаласыңдар. Дайындалып болған соң алған
тапсырмаларың бойынша негізгі жауапты топтың жетекшісіне бересіңдер.  Топтың әр мүшесінің жауабын қалған мүшелер
тыңдай   отырып,   толықтырулар,   түзетулер   жасай   алады.   Толықтыру,   түзету   жасаған   топ   мүшесіне   әрбір   түзету,
толықтыруына   сай   ұпай   санын   топ   жетекшісі   белгілеп   отырады.   Бұл   жағдайда   жинаған   ұпай   санына   байланысты   топ
мүшесінің негізгі жауабына қойылған ұпай көтеріледі. (интерактивті тақстада «Іске сәт, балалар!»)
Топтардың 1 – тапсырмалары:
1.
Бүтінді тең бөліктерге бөлгенде қандай үлес шығады? Мысал келтір, геометриялық фигураны пайдаланып 
кескінде.
2.
Алымдары бірдей, бөлімдері әртүрлі екі бөлшекті салыстыр, қорытынды жаса.
3.
Бөлшекке мысал келтір, оның алымын, бөлімін ата, мағынасын түсіндір.
4.
Дұрыс бөлшек деген не? Оны әріптердің көмегімен жаз.
5.
Бұрыс бөлшек деген не? Оны әріптердің көмегімен жаз.
6.
Дұрыс бөлшекті 1 санымен салыстыр, түсіндір.
7.
Бұрыс бөлшекті 1 санымен салыстыр, түсіндір.
8.
Бөліктер саны неғұрлым көп болса, соғұрлым үлестер шамасы аз болады. Мысал келтір, негізде.
9.
Бөлшектер координаталық түзуде нүктелермен кескінделеді? Негіздеп түсіндір.
10.
 Координаталық түзуде дұрыс бөлшектер қалай орналасады? Негіздеп түсіндір.
(Осы   сәтте   топ   жетекшілері   мұғалім   үстелін   айнала   отырып,   тапсырмалары   бойынша   жауаптарын   береді.   Әр   топ
жетекшісінің жауабын қалған топ жетекшілері тыңдай отырып толықтырулар, түзетулер жасай алады, толықтыру, түзету
жасаған топ жетекшісіне әрбір толықтыру, түзетуіне сай ұпай санын мұғалім белгілеп отырады. Бұл жағдайда жиналған
ұпай санына   байланысты  топ жетекшісінің  негізгі  жауабына   қойылған ұпай көтермеленеді.  Олар  өз  топтарына  оралып
тобының мүшелерінің жауаптарын ұпаймен бағалайды.)
III.
Жаңа сабақ түсіндіру.
 а. Мақсатын хабарлау
Балалар, бүгінгі сабақтың мақсаты: бөлшек туралы білетін ұғымдарды есептер шығаруда қолдана білуді бекіту.
 ә. Бөлшек туралы   (интерактивті тақтада «Бөлшек туралы не білеміз»
Әр топ пікірлесе келіп, дайындығын тобының атын, мысалы үлкен А әрпін көтерумен білдіреді)
Сергіту сәті. «Ақиқат, жалған» (жауап қате болса оқушылар тұрады, дұрыс болса отырады).
1.
а×в=в×а теңдігі көбейтудің үлестірімділік қасиетін өрнектейді.
2.
Дұрыс бөлшекке сәйкес нүкте координатасы 1-ге тең нүктенің сол жағына орналасады.
3.
  дұрыс бөлшек   5:0=0 
4.
10 санының бөлігі 6.
 IV.    Сабақты бекіту.    а. Есептер шығару
Мұғалім:   Бөлшек   туралы   білетіндерімізді   пайдаланып   есептер   шығарамыз.   (топтарға   есептер   жазылған   деңгейлік
тапсырмалар таратылады)  
   1. Әр топ есептерін шығарып болғанын, оны қорғауға дайындығын тобының атына сай  әріпті (мысалы үлкен Б) көтеріп
белгі береді. Тақтаға шығарып қорғайды.
 «А» тобының 2- тапсырмасы
1.
К-ның орнына қандай сандарды қойғанда  бөлшегі дұрыс бөлшек болады?
2.
Паркке 60 емен және қайың ағаштары отырғызылды. Емен ағашы барлық ағаштардың   - сі. Паркке қанша
қайың ағашы отырғызылды?
3.
Координаталық түзуді сызып, оның бойынан  және бөлшектерін белгіле.
«Б» тобының 2 – тапсырмасы
1.
а-ның орнына қандай сандарды қойғанда 8/а бөлшегі бұрыс бөлшек болады?
                                                                   
2.
Координаталық түзудегі белгіленген нүктелерге сейкес сандарды жаз:       А                  В                      С
Д
    0                                                                        1     
3.
Туристер 1 сағатта жүруге тиісті жолдың  -ін жүрді. Олар барлық жолды неше сағатта жүреді?
«В» тобының 2 – тапсырмасы
1.
Ас үйдің ауданы 9 м 
2
. Ол –үйдің барлық ауданының - і. Үйдің ауданын тап.
                                                                   
2.
Координаталық түзу сызып, оның бойынан   ,   ,   бөлшектерін белгіле.                                                         
43

3.
   бөлшегіндегі   мен   – ның орындарына   1 – ден 5-ке дейінгі қандай сандарды қойғанда дұрыс бөлшек
шығады?
«Г» тобының 2 – тапсырмасы
1.
Бак 40 л сумен толады. Бактың қаншалықты толғанын анықтайтын көрсеткішке қарап, онда неше литр  су
бар екенін анықта (суретімен берілген).
                                                                   
2.
Мадина дәптердің 8 бетін жазғанда, оның 14 беті жазылмай таза қалды. Дәптердің жазылған беті оның 
барлық бетінің қандай бөлігі?                                                         
3.
    Балалар жаңа есептердің бірінде туристер туралы әңгіме қозғалды. Осыған орай бір жақсы хабар айтқым келеді. Жақында
«Бәйтерек» газетінде «Байқоңыр қаласы келешекте туристер қаласы болады, Сырдария өзенінің жағалаулары жөнделіп,
қайта жабдықталады, өзенмен қайықтар, моторлы қайықтар қозғалады» деп жазылған.
Байқоңыр қаласы болашақта
Сырдария өзені
   
Сөйтіп қаламыздың тұрғындары, шетел азаматтары демалатын туристер қаласына айналады екен. 
Бұл әрине қуанарлық жағдай!
ә. Қызықты есептер 
1. Қандай дұрыс бөлшекті аударып жазғанда дұрыс бөлшек болады?
2. Теңдіктегі  а  санын тап.  |а+а|:а=а  а=2
б. Тарихи мағлұмат. «Бөлшектің шығу тарихы» - оқушының хабарламасы.
в. Тақырыптың өмірде қолданылуы. «Бөлшектер - өмірде» 
«Бөлшектер - өмірде»
Әр топ тобының сұраққа дайындығын тобының атына сай әріпті көтеру арқылы белгі береді.
V.      Сабақты қорытындылау.  Математикалық диктант
5 «А» сыныбында 24 оқушы бар, оның 10-ы қыздар. Қыздар барлық оқушылардың қандай бөлігі?
Гүлсім бөлшек сан ойлады. Ол бүтін шаманы тең 13 бөлікке бөліп, оның 7-ін алды. Гүлсім қандай бөлшекті ойлады?
1.
Бөлшектің алымы 2, ал бөлімі 3-ке артық. Бөлшекті жаз.
2.
Бір бүтінде неше  үлес бар?
3.
1 см 1 дм-дің қандай бөлігі? (жауаптары интертақтада беріледі).
Математикалық диктант жауаптары
;   ;   ;  4;   
   VI.      Үйге тапсырма беру.
1.
№ 859 (1, 2)
2.
«Бөлшектермен өзіңнің есебіңді құрастыр» - шығармашылық жұмыс.  
 VII.     Білім бағалау.
Топ   жетекшілері   өз   тобының   жұмысын   бағалайды.   «5»,   «4»,   «3»  нешеу  екеніне   тоқталады.   Мұғалім   «Бағалау
парақтары»   бойынша   әр   топтың   жинаған   ұпайларын   атайды.   Білімді   топты,   дайындығы   аз   топты   атайды.   Бағаларды
«Бағалау парағынан» журналға түсіреді. Сабақтың аяқталғанын айтып, денсаулық тілейді.
Ескерту: Әр топтың жетекшісі төмендегі көрсетілген үлгідегі «Бағалау парағымен» жұмыс істейді.
Бағалау парағы
Білекті бірді жығады,  Білімді мыңды жығады.
Ұпай саны
«      »
тобының
мүше
лері
Үй тап
сыр
масы
Семан.
кесте
«Ережеле
р
әлемінде»
Бөлшек
тур.не
білеміз
Сергі
ту
сәті
Есепте
р
шығару
Қызық
ты
есепте
р
Тарихи
мағлұмат
Матем.
диктан
т
Барлығы 
44

Бағалау реті                     10 ұпайдан артық болса «5»
                                            8 ұпайдан артық болса «4»
                                            6 ұпайдан артық болса «3»
                                    *****
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласындағы Қармақшы аудандық білім бөліміне қарасты
 «№275 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 
I санатты сызу және бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Абтикерова  Аманкул Абибуллаевна
Сабақтың тақырыбы
Цилиндр мен конусты проекциялау
Сілтеме
Оқу бағдарламалары, оқулық «Сызу» авторы В.Г.Чукалин, Міндетті графикалық жұмыстар – 
авторы Ж.Есмухан
Мақсаты
Проекциялау тақырыбын түсіндіру арқылы сызбаны орындау ережелерін қалыптастыру, 
орындау тәсілдерін үйрену.
Жалпы мақсат
Тапсырмалар арқылы тақырыпты түсінуге, сызбаны ұқыпты орындауға мүмкіндік жасау, ой-
өрісін дамыту.
Оқушылар үшін
күтілетін нәтиже
Оқушылар топтық, жеке жұмыс жасауда дағдыланады. Тақырып бойынша еркін ойлана 
алады. Еркін ойлау дағдысы қалыптасады.
Сабақта
қолданылатын
материалдар
А4 формат, жұмыс дәптері, маркерлер, стикерлер, интерактивті тақта
Әдіс-тәсілдер
Жаңа әдістер, АКТ, жеке жұмыс, топтық жұмыс, салыстыру кестелері
Ресурстар
Электронды оқулық, ИТ-ның «Activ insper» бағдарламасы, ноутбук
Сабақтың барысы
Уақыт
       Бөлім
      Тапсырма
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
2 мин.
Ұйымдасты
ру 
Оқушылар бір-бір фишка 
алады. Түр-түсіне қарай үш 
топқа бөлінеді.
І топ(сары)-архитекторлар
ІІ топ(көк)- инженерлер
ІІІ топ(қызыл)-
конструкторлар
Амандасып, көңілді ахуал 
орнату, сабаққа дайындығын 
тексеру: фишка түріне қарай 
топқа бөледі. Бағалау 
парағын топ жетекшісіне 
тапсырады.
Ынтымақтастық орта 
қалыптасады, амандасады, 
топ жетекші сайлайды.
7 мин.
Білу
Үй
тапсырмас
ын сұрау
Бекіту
«Ыстық орындық» 
стратегиясы арқылы үй 
тапсырмасына жауап беру. 
Электронды оқулық бойынша
тест сұрақтарына жауап беру. 
Әрбір дұрыс жауап 1 ұпай 
болып есептеледі. 
Үй тапсырмасына толық 
жауап 3 ұпай жинайды.
Топтық жұмыс
«Сызбаны жетіспейтін 
сызықтармен толықтыр»
Оқушылардың жауаптарын 
қадағалайды.
А3 форматқа салынған 
тапсырма береді
Оқушылар сұрақтарға жауап
береді. Топ жетекші ұпай 
сандарын бағалау парағына 
жазып отырады.
Топтағы әрбір сызықты 
тапқан оқушыға 2 ұпай 
беріледі.
7 мин.
Мағынаны 
тану. Түсіну.
Жаңа тақырып «Цилиндр 
мен конусты проекциялау»
X,Y проекция осьтерін 
жүргізу.
Жаңа тақырыпты 
хабарлайды, мақсатын 
айтады. Мақсаты: тік 
бұрыштап проекциялау әдіс-
тәсілдерін меңгеру. Цилиндр 
мен конусты проекциялап 
Жұмыс дәптеріне күн ретін, 
жаңа тақырыпты жазады.
Оқушылар проекция 
осьтерін сызып,
оқулықтағы мысалдарды 
орындайды. 
45

үйрену.Цилиндр мен 
конустың табандарында 
жататын дөңгелектер 
проекцияның горизонталь 
жазықтығына параллель 
орналасқандықт. олардың 
осы жазықтыққа проекциясы 
да дөңгелек болады.
Цилиндрдің фронталь және 
профиль проекциялары – тік 
төртбұрыштар, ал конустікі –
тең бүйірлі үшбұрыштар.
20 мин.
1 мин.
Сергіту сәті
«Пойыз» 
жаттығуы
Сарамандық жұмыс
112-113-114-суреттер, 54 бет
І топ – цилиндр 
проекциясын орындайды.
ІІ топ – конус проекциясын 
орындайды.
ІІІ топ – қиық конус 
проекциясын орындайды.
   
      
    Бірінші қадам – алақанмен 
бір шапалақ, екі рет аяғымен 
топылдату.
Екінші қадам – екі шапалақ 
бір топылдату. Қозғалыс 
кезекпен қайталанады. Пойыз
доңғалақтарының шуылы 
пайда болады.
Сарамандық жұмыстың 
орындалу тәртібін 
түсіндіреді.
Мұғалім ойын шартын 
түсіндіреді.
Жұмыс дәптерлеріне 
М2:1 масштабпен берілген 
тапсырманы орындайды.
Оқушылар ойын шартын 
орындайды.
3 мин.
Білімді
жинақтау,
қорытындыл
ау
Қызықты есептер
115 – сурет
а) суретте және 
б) суретте неше дойбы 
тастары бар.
Тапсырма үш топқа ортақ 
беріледі. 
Дұрыс жауап берген оқушы 3 
ұпай жинайды.
Мұғалім оқушы жауабын 
қадағалайды.
Сұрақ-жауап арқылы 
қорытындылайды.
Жаңа сөздерді дәптерге 
жазады.
2 мин.
Үйге
тапсырма
Жаттығуға арналған 
тапсырма
118 – сурет
Геометриялық денелер 
тобының сызбасын 
жетіспейтін проекциялармен 
толықтыру.
Үй тапсырмасын түсіндіреді
Үйге тапсырма алады
3 мин.
«Бірін-бірі 
бағалау»
Фишка арқылы ұпай санын 
анықтап, бірін-бірі 
бағалайды.
Рефлексия.
Кері 
байланыс
Сабақ ұнады ма?
Оқушылар стикерлерді 
толтырып, өз ойларын 
білдіреді.
46

БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласындағы Қармақшы аудандық білім бөліміне қарасты
 «№275 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі  Куразова Бибайша Темирхановна
Қазақстандағы   білім   беруді   дамытудың   2011–2020   жылдарға   арналған   мемлекеттік   бағдарламасында   Қазақстанда
оқитындарды   сапалы   біліммен   қамтамасыз   етіп,   халықаралық   рейтингілердегі   білім   көрсеткішінің   жақсаруы   мен
қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру,
олардың   кәсіби   біліктілігін   дамытуды   қамтамасыз   ету,   сондай-ақ   педагогтердің   еңбегін   мемлекеттік   қолдау   мен
ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген.
Бүгінгі күні көкейтесті болып отырған білімнің құзырлылық ұстанымын жүзеге асыру құралы ретінде педагогикалық
технологиялар мен белсенді оқыту әдістерінің алар орны ерекше. Әрекетке негізделген технологиялық оқыту танымдық
белсенділігі   жоғары,   өмірдің   әртүрлі   мәселелерінен   хабардар,   кез   келген   тапсырманы   орындауға   қабілетті,   қолынан   іс
келетін (құзырлы) азаматтарды қалыптастырады.
«Құзырлылық» ұғымы соңғы уақытта  жалпы дидактикалық  және әдіснамалық    деңгейде  қолданысқа  еніп отыр деп
айтуға болады. Ғылыми әдебиеттерде құзырлылық қайсыбір тапсырманы орындай алуға қабілеттілік, бір нәрсені жасау,
оқушының қалыптасып үлгерген жеке сапасы мен тәжірибесінің жиынтығы ретінде қарастырылады.
  «Құзырлылық» ұғымы -    қазақ тіліндегі түсіндірмесі «жасай алу» деген мағынаны білдіреді.Соңғы кезде елімізде
білімге деген көзқарас өзгерді: бұрын ғылым - өндіріс  пен білім деп қарайтын болсақ, қазір мәдениетті - білім мен тарих
деп қарайтын болды. Бұдан орта білім берудің мақсаты нақтыланды: алған білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде өмірдің
өзгермелі жағдайларына еркін бағдарлай алатын, өзінің алған білімін қолдана алатын, өзін-өзі дамытуға және адамгершілік
тұрғыда   өз   бетінше   дұрыс,   жауапты   шешім   қабылдауға   қабілетті   тұлға   қалыптастыру.  «Құзырлылық»   ұғымы   жайлы
К.Құдайбергенова   ғалымның   мәлімдемесі   бойынша,   «Құзырлылық   ұғымы   -     соңғы   жылдары   педагогика   саласында
тұлғаның субьектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылықтың латын тілінен
аудармасы  «competens»  белгілі сала бойынша жан – жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір
сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді. Ал, Б.Тұрғынбаева «…өзінің
практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын – құзырлылықтар деп атаймыз»
деп анықтайды. 
ҚҰЗЫРЛЫҚ : 
-
Алған білімін пайдалана білу қабілеті; 
-
Болашақ таңдайтын мамандығына қатысты қабілеттер мен шеберліктерін меңгере білу; 
-
Әлеуметтік даму деңгейіне сәйкес  келетін және қоршаған ортаның әсері 
ету факторларына төтеп бере алатын қасиеттер   жиынтығы. Бүгінгі күні көкейтесті болып отырған білімнің құзырлылық 
ұстанымын жүзеге асыру құралы ретінде педагогикалық технологиялар мен белсенді оқыту әдістерінің алар орны 
ерекше.Әрекетке негізделген технологиялық оқыту танымдық белсенділігі жоғары, өмірдің әртүрлі мәселелерінен хабардар, 
кезкелген тапсырманы орындауға қабілетті, қолынан іс келетін (құзырлы) азаматтарды қалыптастырады. Оқушы 
құзырлылығын қалыптастыру сабақ барысында жүзеге  асырылады, сондықтан сабақ кезеңдерінде мақсат, нәтиже мен   іс-
әрекет түрлері нақты айқындалуы қажет.  
Қазіргі   педагогикалық   ғылым   мен   практикада   «кәсібилілік»,   «педагогикалық   шеберлік»,   «құзыреттілік»,   «кәсіби
құзыреттілік», «педагогтың кәсіби құзыреттілігі» деген ұғымдар – категориялар кеңінен қолданыс табуда. 
Педагогика мен әдістеме ғылымдарында «кәсібилілік» және «педагогикалық шеберлік» ұғымдарының сипаттамалары мен
анықтамалары қалыптастқан. 
«Құзыреттілік»   ұғымының   көптеген   түсініктемелері   бар.   Шетелдік   сөздердің   сөздіктерінде   «құзыреттілік:   1)   тиістілік,
қабілеттілік немесе белгілі бір саланы білушілік; 2) белгілі бір зат, құбылыс жөнінде пайымдау, салмақты да беделді пікір
айтуға мүмкіндік беретін білімді игеру ретінде түсініктеме берген. 
           Қазір құзыреттілікке – дербес және жауаптылықпен әрекет етуге, белгілі бір жұмысты орындауға қабілеттілік пен
икемділікті игеруге жол ашатын психологиялық ахуал, психикалық сапалардың жиынтығы ретінде түсініктеме беріліп жүр.
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасының жобасында «12 жылдық мектептің педагогы
жоғары деңгейде қалыптастырудың бірнеше құзіреттілігін игеруге міндетті» деп педагог құзыреттілігінің мынадай үш түрін атаған:
1. Арнайы құзыреттілік -  өзінің  кәсіби қызметімен жоғары деңгейде айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан әрі
жобалай білетін қабілет;
2.   Әлеуметтік   құзыреттілік   –   кәсіби   қызметпен   бірге   (ұжыммен,   топпен)  айналысатын,   кәсіпті   басқаруға
қабылданған кәсіби қарым-қатынас тәсілдерін қолдана білетін және ынтымақтастықта болатын қабілет;
3. Білімдік құзыреттілік -  білім  беру әрекетінде кәсіби білімді, білік пен  дағдыны,  мақсат қоюшылықты игеруге деген
қызығушылық,   білім   беру  әрекетінде   субъектілік   пен   креативтіліктің   дамуына   ынталылық,   педагогикалық   және
әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті.
Біздіңше, бұларға қосымша тағы да төртінші құзыреттілік болу керек, яғни: 
4.  Дара   құзыреттілік   -  өзінің  қабылетін  жүзеге  асыру және  кәсібі  аясында  өз  даралығын дамытуға  қабілеттілік,  кәсіби
тұрғыда өсуге деген даралығы, өзінің даралығын сақтауға деген қабілеті.
Мектеп педагогының кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың мынадай шарттары бар: 
Әдістемелік құзыреттілік – оқытудың әртүрлі әдістерімен қарулану, дидактикалық әдістер мен тәсілдерді білу және оларды
оқыту процесінде білімдер мен іскерліктерді меңгерту үшін қолдана білу іскерлігі;
Зерттеушілік құзыреттілігі – оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтары, құрылымы және мазмұны туралы жаңа білімдерді
жасау үшін педагогикалық құбылыстарды, фактілерді оқып үйренудің ғылыми әдістерімен қарулану;
Басқарушылық құзыреттілігі - өз қызметі мен оқушы қызметін басқару тәсілдерімен, әдістерімен қарулану;
Ақпараттық құзыреттілігі – қазіргі ақпараттық технологиялармен қарулану, олардың күштілігі мен нашарлығын, пайдалану
аясын түсіну, алынған ақпаратқа сыни көзбен қарай білу;
47

Коммунативтік   құзыреттілік   –   қоршаған   ортамен   өзара   әсерлесу   әдістерімен,   тәсілдерімен   қарулану,   әртүрлі
ситуациялардағы қарым-қатынасты бағалай білу;
Білімділік құзыреттілік - өзінің кәсібилілігін үздіксіз жетілдіру қабілеті, жеке және қоғамдық өмірде дамып отыру.
Біздіңше, тағы да екі шарт жетіспейді, олар:
Экологиялық құзыреттілік - өзінің экологиялық мәдениетін қалыптастыру, оны пайдалана білу;
Тәрбиелілік   құзыреттілік   -   өзінің   тәрбиелілігін   ұлттық   құндылықтар   арқылы   қалыптастыру,   оны   ұлттық   тәрбие   беруде
кеңінен қолдану.
Сонымен, осы құзыреттіліктерді педагог игерсе, ол жоғары деңгейде қалыптасып, жаңа тұрпатты педагог болады.
Оқушының құзыреттіліктерін қалыптастырудағы дамыта оқыту технологиясының қолданыс табуын төмендегідей көрсетуге
болады.     Құзырлы   мұғалімнің   кәсіби   -   әдістемелік   қабілеті   жоғары   деңгейде   қалыптасуға   тиісті.   Дәлірек   айтқанда
мұғалімнің   кәсіби-әдістемелік   даму   деңгейі,   тұлғалық   қажеттілігі   мен   сұранысына   негізделе   отырып,   инновациялық
мектептердің   талаптарына   сай,   әдіснамалық   ұйымдастырылатын   басқару   жүйесінің   нәтижелі     болуымен   байланысты. 
Кәсіби  оқыту  үрдісін ұйымдастыруда құзырлы мұғалім құзыреттілік қабілетінің бірнеше түрлерімен жұмыстанғанда ғана
өз еңбегінің нәтижесіне жетеді. 
Мысалы; 
Арнайы құзыреттілік – кәсіби қызметімен жоғарғы деңгейде айналысатын және кәсіби дамуын одан әрі жобалай білу 
қабілеті.  
Әлеуметтік құзыреттілік- бірлескен кәсіптік қызметпен айналысу қабілеті (ұжыммен, топпен), қызмет ету, басқару 
кәсібінде қабылданған кәсіби қарым – қатынас тәсілдерін қолдана білу қабілеті. 
Білім беру құзыреттілігі – білім беру қызметінде кәсіби білімді, білік пен дағданы, мақсат қоюшылықты игеруге деген 
қызығушылық және білім беру қызметінде субъектілік пен креативтіліктің дамуына ынталылық, педагогикалық және 
әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті. 
Мұғалімдердің ең маңызды тапсырмасы ол - сабақтарда оқушылардың құзіреттілігін ояту. 
Педагогика   ғылымының   аяққы   эксперименттерінің   нәтижесіне   сүйенсек  оқушылардың   құзіреттілігінің   жоғарылауы
сабақтың   жүргізу   әдістемесіне   байланысты   болады   екен.   Оқушылардың   танымдық   қабілеттерін   арттырудың   тиімді
құралдарының   бірі   –   оқушылардың   өздік   жұмысы   мен   өздігінен   білім   алу   әрекеті.   Оқушының   өзіндік   әрекетінің
нәтижесінде оның бойында мынадай қаситеттер қалыптасады:
1.
Өз бетінше ойлау біліктері мен  ізденімпаздығы
2.
Оқуға деген қабілетінің артуы
3.
Өз ойының дербестігі
4.
Басқа оқушылардың түсіндірмелеріне сын көзбен қарауы.
Оқушылардың өздік жұмыстарына олардың өз еркімен жаңа амал – тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстар
жатады.   Оған   оқушылардың  өздігінен  шығарма,   баяндама,   реферат,   доклад,   көрнекі   құралдар  жасауы   тағы   басқаларын
жатқызуға болады. Оқушылардың сабақ үстінде құзіреттілігін қалыптастырудағы басты мақсат – білім берудің түрлі тиімді
жолдарын   қалыптастырып,   оқыту   үрдісін   нәтижелі   ұйымдастыру.   Оқушылардың   өзіндік   әрекеті   тек   қана   оқытудың
педагогикалық әдістері мен құралдары төңірегінде ғана емес, сондай-ақ зерттеу нысанасы ретінде танылуымен сипатталады.
Оқушылардың құзіреттілігін, ізденімпаздығын арттыру үшін оқу үрдісі оларды қанағаттандыратындай ұйымдастырылуы
қажет. Құзіреттілік әркімге тән, тек оны дамыта білу - әр ұстаздың міндеті. Сондықтан, дайын ақпараттық фактілерді, заңдар
мен   ережелерді   беріп   қоймай,   оқушыларды   өз   бетіншше   іздендіретін,   алған   білімдерін   тұжырымдай   алатын   оқу
материалдарын беру қажет.
Өз тәжірибеме келетін болсақ, «Who is bigger?» тақырыбында қалалық ашық сабақ беру барысында сабақта әртүрлі әдіс-
тәсілдерді   қолдандым.  Сабақ   барысында   оқушылар  топтарда  жұмыс  жасады,   мәтінмен  өздері   танысты,  әртүрлі   әдістер
арқылы   тапсырмаларды   саралады.   Жаңа   технологияны   сабағымда   пайдалана   отырып   оқушылардың   сөздік   қорын
молайттым,диологтық   сөйлеуді   қалыптастыруға   ықпал   жасадым,сонымен   қатар   пәнге   деген   қызығушылығын
арттырдым.Оқушылардың   ағылшын   тілі   пәніне   деген   қызығушылығын   арттыруда   көп   ізденіп,   жаңа   ақпаратттық
технологияларды меңгенруге, әртүрлі әдіс-тәсілдерді білуді қажет деп санаймын және мен өз сабақтарымда жиі қолданамын.
Және мен өз сабағымда ''Enjoy English''электронды оқулықтарын жиі қолданамын.’’English grammar for pupils’’ ағылшын
грамматикасы мен фонетикасын оңай әрі тиімді жолмен түсіндіруге көмектеседі.''Enjoy English''электронды оқулығында
оқушылардың   ойлау,   сөйлеу   және   олардың   коммуникативті   дамуына   көп   ықпал   етеді.   АКТ-мен   қатар   өз   сабағымда
интербелсенді оқытуды пайдалана отырып ойын әдіс – тәсілін қолданамын. Ойын арқылы ұстаз қойған мақсатына жетеді.
Сонымен қатар оқушылардың ұйымдастыру қабілеттерін арта отырп сабақ кезінде қуаныш сезімін оятады. Оқу үрдісіне
тиімді ойындардың бірі «Рольдік», «Блиц» оқу ойындары,  сонымен қатар «Саяхат», «Домино», «Бинго», «Жұлдызды сәт»,
«XXI ғасыр көшбасшысы»  ойындарын  сабақ барысында өткіземін. 
    Мұғалім   жан-жақты   ізденісті   қажет   етеді,   өз   білімімді   үздіксіз   көтеріп,   біліктілік   арттыру   курстарында   білімімді
толықтырып отырамын.
  2015-2016   жылғы   оқу   жылында   11сыныптарды   ҰБТ-ға   дайындық   жұмысын   жүргіздім,   соның   нәтижесінде   ағылшын
пәнінен оқушыларым 100% сапа, 100% үлгірім көрсеткіш берді. Өзімнің  жетекшілік ететін  11Ә сыныбы мектеп бойынша
ең жоғарғы нәтиже 100% сапа, 100% үлгірім көрсетті. 
 11 Ә сынып оқушысы  Қолғанатов Аңсат «Үздік аттестат» иегері   атанды.
 2 оқушым - қалалық, 9 оқушым - халықаралық, 4 оқушым - Республикалық олмпиадалардың жүлдегері болды.
    Қазіргі   таңда   мектептерде   мұғалімдерді   мазалайтын  басты  мәселе   «қиын»  балалар.   Алдымен  осы   «қиын»  оқушылар
дегеніміз кімдер? Олар – мектеп тарапынан ерекше, қосымша бақылауды талап ететін, тәрбиелеуге қарсылық білдіретін
оқушылар. Сонымен қоса , білім деңгейі төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын, ұстаздардың талабын орындамайтын,
адамгершілік деңгейі төмен, сыныптастарымен үнемі тіл табыса алмайтын, ұжым мәселелері қызықтырмайтын оқушылар,
ойлау қабілеті кейін қалған, ашуланшақ  оқушыларды қиын балалар қатарына жатқызып жүрміз. Осы мәселемен жұмыс
жасай отырып, мектеп психологының яғни өзімнің алдыма қойған мақсатым: «Қиын» балалармен жұмыс жүргізу жолдарын
жетілдіре отырып, оқушыларға құқықтық білім беру мен жоғары әлеуметтік-құқықтық мәдениетін қалыптастырудың тиімді
әдіс-тәсілдерін табу.
48

Жалпы «қиын» балалармен жұмыс жасау барысында төмендегі жұмыс түрлерін қолданамын:
1.Ең әуелі сабаққа деген қызығушылығын ояту;
2.Жеке талап қою оқушының өзіне деген сенімін бекіте түсу;
3.Өзінің мүмкіндігін тексере отырып, түрлі іс-әрекет түрлеріне қатыстыру арқылы дамуына ықпал ету;
4.Оқушының сынып ұжымында беделін және мектепке деген көзқарасын қалыптастыру.
Қорытындылай келсек, бала, ата – ана және мектеп осы үш бірлік бірлесе жұмыс атқарғанда ғана нәтижеге қол жетеді.
Мектеп - жасөспірімдерді қалыптастыратын келешекке жол беретін алтын орда. Мектеп жөнінде: М.Жұмабаев данамыз
былай деген: «Қазақтың тағдыры, келешегі, ел болуы да мектептің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді
сау, берік, һэм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізде құра білсек, келешегімізге тайынбай серттесуге болады. Сондай
негізде құра алмасақ, келешегіміз күңгірт».
   Ендеше, оқу процесінің жаңаруындағы ағылшын тілі мұғаліміне жан-жақты, жаңалыққа жаны құмар, шығармашылық
қасиеті қалыптасқан, жоғары деңгейде өз пәні бойынша білімді меңгерте алатындай жауапкершілік жүктеледі
Дәстүрлі әдістеме орнына жаңа технологиялардың келуі сөз жоқ оқу үрдісінің зор тиімділігін арттырады. 
Ағылшын   тілі   пәнінде   оқушылардың   құзіреттілігін   қалыптастыруда   сабақты   түрлендіріп   өткізудің   маңызы   ерекше.Ел
өмірінде   болып   жатқан   саяси   әлеуметтік   өзгерістерге   байланысты   білім   беру  саласына   қойылатын   талаптар   да   өзгеріп
отырады.   Мұғалім   үнемі   білімін   молайтып,   ізденісін   тоқтатпауы  керек,   онсыз   болмайды.   Ал   бүгінгі   таңда   мектептің,
мұғалімнің ең қаситетті міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлға қалыптастыру. Қазіргі кезде оқыту
үрдісін жоспарлаудың, қолданудың және бағалаудың жүйелі әдісі ретінде жаңа педагогикалық технологиялар түрлері көбее
түсуде.  Оқушылардың құзіреттілігін, белсенділігін арттыру үшін – ойын сабақтарын ұйымдастыруға болады. Сабақ ойын
түрінде жүргізілетін болса оқушылардың белсенділігі артады, бір-бірімен бәсекеге түсу арқылы оқуға, көп білуге ынтасы
өседі. Ол тәрбиеге де, оқу ісіне де зор ықпалын тигізеді. Білім берудің ұлттық болмысына өту жағдайында қазіргі таңдағы
мектеп оқытудың және тәрбиелеудің жаңаша психологиялық - педагогикалық диагностиканың тәсілдерін шебер меңгерген,
шығармашылықпен ойлайтын, педагог ізденуші, ғылыми ойы бар, патриоттық қасиетке ие, жаңашыл шет тілі педагогты
қажет етеді.
           Баланың ақылы, сезімі, қайраты мұғалімнің жігерлі ықпалы арқасында жетіледі. Мұғалім балаларына салақ, селқос
қараса,  олардың  жан  қуатын кемітіп,  тәрбие   де  бере  алмайды.«Еліміздің ертеңі  бүгінгі  жас  ұрпақтың  қолында,  ал  жас
ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»-деп елбасы  Н.Ә.Назарбаев айтқан сөзімен қорытындылағым келіп отыр.
*****
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласындағы Қармақшы аудандық білім бөліміне қарасты
 «№275 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 
I санатты музыка пәнінің мұғалімі Нарманова Кулмараш Абдиалимовна
Сыныбы: 4 «В»
Сабақтың тақырыбы: Симфониялық оркестрдегі ішекті – ыспалы       аспаптар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Симфониялық оркестрдегі ішекті – ыспалы аспаптар туралы түсіндіру.
 Әр аспаптың шығу тарихын, әр қайсысына тән дыбыс ерекшеліктерін ажырату,  есту,  есте сақтау қабілеттерін арттыру,
музыка теориясы элементтерін меңгерту,  көркемдік білім беру.
Дамытушылық:  Әр   оқушының   өзіндік   ой   қиялына   ерік   бере   отырып,   өзінше   ой   түюге   баулу,   шығармашылық
 мүмкіндіктерін  дамыту.
Тәрбиелік: Симфониялық музыкаларды  қадір тұтуға, түсініп тыңдауға баулу. Эстетикалық тәрбиенің маңызды бір бөлігі – 
музыка өнері арқылы
адамгершілікке, қай халықтың болмасын музыка мәдениетін құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ 
Сабақтың түрі:Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ойын элементтері, би  қимылдары, музыка тыңдау, ән айту.
Көрнекілігі: тақырыптық слайдтар, баян
Сабақтың құрал-жабдықтары: интербелсенді тақта
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:  Амандасу.   Психологиялық дайындық:
Жақсы тілек тілейік,
Мен саған, сен маған.
Күнде күліп жүрейік,
Күннің нұрын төгейік.
Мен саған,сен маған.
3.Оқушылардың назарын сабаққа аудару
4.Дауыс жаттығуы
1.До-ре- ми,до-ре-ми,
Үйреніп аламын.
Фа-соль-ля,
Соль-ля-си,
До-до-до.
Деп әнге саламын.
2.До-ре-ми, до-ре-ми,
Нотаның аттарын.
Фа-соль-ля,Соль-ля-си,
49

До-до-до
Деп күнде жаттадым.
II. Үй тапсырмасы
Скрипка аспабы қалай пайда болды? 
М.Ілиясовтың «Қазақы дастарқаным» әнін орындау.
(Өтілген тақырып бойынша, оқушылардың дайындықтарын тексеру.)
Үй тасырмасын қорытындылау:
1.Не себепті Еуропада скрипка «музыка патшайымы» атағына ие болды?
2.Скрипканың шығу тарихы қай ғасырдан басталады? 
3.Скрипканың классикалық түрі қай ғасырда, қай жерде пайда болған?
4. Скрипканың көне түрлері қалай аталады?
5. Оркестрдің түрлерін ата?
Мұғалім:   Сонымен   балалар,   біз   сабағымызда   симфониялық   оркестрдің   құрамындағы   аспап   скрипкамен     таныстық.
Италиялық   скрипкашы   әрі   композитор   Никколо   Паганини   өзінің   аспабының   үнімен   бірде   адамдарды   жылатса,   бірде
қуантып, кейде онымен билетіп те жібере алатын. Оған дейін скрипка аспабында бұлай ойнаған адам болған емес. Ол
скрипкада   ойнаудың   жаңа   техникалық   мүмкіндіктерін   көрсетті.   Сондықтан   да   Паганинидің   скрипкасын   «сайтанның
аспабы» деп те атаған. Қазіргі кезде скрипкашылар өздерінің шеберліктерін дәлелдеу үшін міндетті түрде Паганинидің
шығармасын орындауға тырысыды.
III. Жаңа білімді меңгерту.
Мұғалім: –( Интербелсенді  тақтадан ыспалы аспаптар  суретін көрсету.) 
Балалар,  суреттегі  аспаптарды қалай атауға болады? 
Ыспалы аспаптар Дұрыс.
Бұл аспаптар қай елден келген?  Еуропадан.
Қандай оркестрде кездеседі?  Симфониялық оркестрде. Дұрыс.
Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Симфониялық оркестрдегі ішекті -ыспалы аспаптар».
(Интербелсенді тақтадан бүгінгі күн реті мен жаңа сабақ тақырыбы ашылады)
 Мақсаты:
Қай халықтың музыка аспаптары болмасын өмірге жайдан-жай келмеген. Ол адамның жан дүниесі, ішкі сезім иірімдерін
білдіру  қажеттілігінен,   әр халықтың  тұрмыс-тіршілік,  салт-дәстүр,   әдет-ғұрпына  орайласа  туындап  пайда   болған.  Адам
болмысының сөзбен жеткізе алмайтын күрделі сезімдерін сыртқа шығару үшін музыкалық аспаптарды ойлап шығарған.
Скрипкамен қатар ішекті – ыспалы аспаптар тобын құрайтын  - альт, виолончель және контрабас аспаптары. Бұл аспаптар
симфониялық   оркестр   үшін   ойлап   табылған.   Себебі,   олар   оркестрдің   дыбыс   кеңістігін   мейлінше   толтыру  үшін   қажет.
(экраннан альт аспабының суреті көрсетіледі)
Дыбыс бояуы (тембр) жағынан  альт  скрипкаға жете алмайды. Оның  дыбысы қысыңқы, көмескі реңді болып шығады.
Ансамбль немесе оркестр құрамында басқа аспаптармен дыбысы жақсы үйлесім табады.
(экраннан контрабас аспабының суреті көрсетіледі)
Контрабас аспабы тек қана оркестрде қолдалынады. Ол өзінің  қою және төменгі дыбысымен оркестрдегі барлық аспаптар
сүйенетін тірек іспетті.  (экраннан виолончель аспабының суреті көрсетіледі)
Ал виолончель дыбысының өзіне тән ерекше бояуы бар. Оның қоңыр да қою  дыбысы Европа музыкасындағы  қайғы мен
мұң, аңсау мен күйініш сезімдерін жеткізе алады. 
(экраннан аспап ішегіне байланысты слайд көрсетіледі)
Аспаптардың дыбыс биіктігі аспаптың өлшемі мен оған тағылған ішектердің ұзындығына тікелей байланысты. Неғұрлым
аспап үлкейген сайын, соғұрлым дыбысының биіктігі төмендей түседі.
(Слайд)  Дыбысы ең жоғарғы аспап – скрипка болса, ең төменгі  - контрабас аспабы.                            
Орындау кезінде скрипка мен альтты иыққа бұғақпен тіреу арқылы көлденең ұстап, виолончель мен контрабасты жерге тік
тіреп ойнайды.                        
Бұл аспаптардың ең қарқынды дамыған шағы  - XVIII  ғасыр. Сонымен, скрипка тектес Еуропаның қазіргі ішекті – ыспалы
аспаптары – альт, виолончель және контрабас оркестр үшін жасалып,  бүгін де оның негізі болып табылады.
(Экраннан ыспалы аспаптарды бірге көрсету)
 Музыка тыңдайық.  Виолончель аспабында Сен – Санстың «Аққу» шығармасы.
 Сергіту сәті: «Қара жорға»биіне ырғақтық қимылдар жасау.
Ән орындайық!
Жаяу Мұсаның әні «Ақ сиса»
(Жаяу Мұса туралы қысқаша мағлұмат айтып кетемін)
 (әнді алдымен тыңдатамын, одан соң үйретемін)
 Серік Ибрагимовтың орындауында «Ақ сиса» әнін тыңдау
Әннің екпіні: көңілді
Дәптермен жұмыс.
(дәптермен жұмыс кезінде симфониялық музыка ойнап тұрады)
(оқушылар әннің сөзін жазып алады)
Сабақты қорытындылау. «Өзіңізді тексеріңіз»
Бұл мәлімет шындық па немесе жалған ба? Өтілген тақырыптар бойынша мысалдар келтіріледі. Мысалдарды оқу кезінде
оқушылар ол келтірілген мысалдың өтілген тақырыпта бар жоғын анықтайды. 
IV.Жаңа сабақты бекіту
«Сиқырлы ағаш» ойыны
Жаңа сабақ бойынша алма (стикер) артындағы сұрақтарға жауап беру арқылы ағашқа іліп алма ағашын толтырады.
1.
Скрипка тектес қандай ішекті – ыспалы аспаптарды білесің?
2.
Альт, виолончель және  контрабас аспаптары не үшін қажет болды?
50

3.
Бұл аспаптардың дыбыс бояуының ерекшелігі неде?
4.
Аспаптардың дыбыс биіктігі тікелей неге байланысты?
5.
Аспаптарды қалай ұстап орындайды?
6.
Бұл аспаптар қай ғасырда қарқынды дамыды?
7.
Біз бүгін кімнің әнін үйрендік?
8.
Әнді кімнің орындауында тыңдадық?
 9. Виоланчел аспабында кімнің шығармасын тыңдадық?
10.Қазақстанның қандай скрипкашыларымен таныстық?
 V. Қорытынды:
Балалар   біз   әлі   алдағы   уақытта   симфониялық   оркестр   құрамындағы   басқа   да   аспаптармен   танысамыз.   Біздің   бүгінгі
сабағымызға мектебіміздің музыка жетекшісі Динара апайларың келіп отыр. Ол бізге жай келген жоқ симфониялық оркестр
құрамында болатын үрлемелі аспап флейтамен келіп отыр. Енді осы апайымызды шақырайық.
Флейта аспабында шығарма тыңдау
(Қол шапалақтап қошемет көрсету)
Оқушылар  бүгінгі сабақтан алған әсерлерін ортаға салады.
Мұғалім:  Әрбір аспаптың өзіндік тарихы бар. Олардың әрбірі оркестр құрамына ену үшін көп жылдар мен ұзақ жолдан
өткен.
Ұлы жазушы  М.Әуезов  «Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі» деген екен. Ендеше ән мен
күйге құмар болып, қызығушылықтарың арта түссін деп сабағымызды аяқтаймыз.
VI. Үйге тапсырма:
1.Симфониялық оркестрдегі ішекті - ыспалы аспаптар оқып келу.
2.«Ақ сиса» әнін жаттау және оркестр құрамына кіретін өзі ұнататын аспаптардың суретін салып келу.
VII.
Бағалау.
*****
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласындағы Қармақшы аудандық білім бөліміне қарасты
 «№275 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 
биология пәнінің мұғалімі  Рсалиева Гулим Жаксымуратовна
Сыныбы: 8 «Б»   Сабақ тақырыбы:  «Қанның құрамы »
Сабақ мақсаты:  Білімділігі: оқушылар  қан жасушалары, олардың қызметі, эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер 
туралы білімдерін жетілдіру.
Дамытушылығы: оқушылардың ой - өрісін білімін тиянақтау. Ойлау қабілеттерімен танымдық ерекшелігін арттыру.
Тәрбиелігі: ұрпақ тазалығының ұлт болашағы екендігін ұғындыру, жаман әдеттен жиренуге, салауатты өмір сүруге 
тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже: 1. Оқушылар қанның құрамы мен құрылысын біледі;   
2.
Эритроциттердің құрылысын, қызметін түсінеді;
3. Лейкоциттердің құрылысы, қызметі мен маңызын анықтайды;   
4. Қанның ұюы және тромбоциттердің қызметін ұғынады.
 Сабақтың түрі:    Аралас сабақ
 Сабақтың типі:    Жаңа сабақты меңгерту
 Әдіс-тәсілдер:  СТО, эссе жазу, қарлы кесек ойыны, топтастыру, видеоролик арқылы ой қозғау,«сымсыз телефон ойыны » 
сергіту сәті, сізден сұрақ, менен жылдам жауап, қалыптастырушы бағалау, кері   байланыс «қанның құрамы»; 
Көрнекі  құралдар: Интерактивті тақта,  суреттер, оқулық,бағалау парағын беру, плакаттар,маркерлер, жетондар. 
  Сабақ барысы: 
Уақы
ты
Сабақ кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
1 мин
І.Ұйымдастыру кезеңі. 
Оқушылармен амандасып, 
сынып ахуалын бақылау. 
 Оқушыларды түгелдейді.
5мин
II.Үй тапсырмасын 
пысықтау.
 Қарлы кесек ойынын 
ойнату.  Оқушыларға 
парақтар таратылады
 Топқа бөлу
 1.Қарлы кесек ойыны бойынша           
екі сұрақтан ақ параққа жазып қарсы 
топтарға лақтырады.
2.2 минуттық эссе жазып, оны қорғау. 
Парақтардың шетінде А,Б,В әріптері 
бойынша   
оқушыларды топқа бөледі
1.Қарсы топтағы балалар сұрақтарға     
жауап береді. 
2.Эсселерін қорғап, А,Б,В әріптері 
бойынша топқа бөлінеді. 
2мин
ІІІ.Жаңа сабақ
Ой қозғау
Тақтадан  қан туралы 
видеоролик көрсетіледі.
көргендері бойынша тақырыпты 
ашуға байланысты 
Қанның адам өмірінде қандай маңызы
бар?
*оқушылар ойланып өз ойларымен 
бөліседі
51

7  мин
Сабақтың  тақырыбы және 
күтілетін нәтиже (жоспары)
тақтадан көрсетіледі
  Мұғалім таратпа материалдарды 
және оқулықтағы мәтінді  әр топқа 
бөліп береді. Берілген мәтінмен 
танысып, дәптерлеріңе тірек-сызба 
ретінде түсінгендеріңді түсіріңдер.
1-топқа эритроциттер
2-топқа лейкоциттер
3-топқа тромбоциттер
топта талқылап қорытынды 
жауаптарын дәптерлеріне сызып 
түсіреді.
 7 мин
Топпен жұмыс жасайды
Ортаға плакат пен маркерлер 
таратылады. 
Топтағы оқушылар ортақ пікірге келіп 
оны плакатқа түсіріп, флипчарт 
жасайды.
5 мин
Сергіту сәті 
« Сымсыз телефон» ойыны
Бұл ойын топ оқушыларын 
ынтымақтастыққа, 
сыйластыққа, бірін-бірі 
тыңдай,түсіне білуіне 
көмектеседі.
Ойынның шартымен таныстырады. 2-
топқа бөлінеді.
1- топқа сыбырлап айтылған сөз: 
Вильям Гарвей қан айналым жүйесін 
алғаш рет зерттеген ғалым.   
2- топқа сыбырлап айтылған сөз:
Мечников обыр жасушалардың ролін 
зерттеді.  
  Соңғы оқушы жасырылған сөзді 
дұрыс айтуы тиіс.
10 
мин
ІV. Бекіту
Жасаған флипчарттарын 
қорғайды. 
Әр тапсырмаға мұғалім тиесілі 
ұпайларын жетондар арқылы беріп 
отырады.
Бағыт-бағдар береді, бақылап, 
тексереді
*Бақылайды
Топтағы оқушылар флипчарттарын 
қорғайды.
Барлық балалар мәтінмен толық 
танысады. 
Топ басшылары мұғалімнің берген 
жетондарына (қан жасушалары) 
байланысты  ұпайларын бағалау 
парағына түсіреді.
5 мин
V.Жаңа сабақты 
қорытындылау
« Сізден сұрақ, бізден 
жылдам жауап» тәсілі 
бойынша жаңа тақырыпты 
қорытындылау
Тақтадан «Сізден сұрақ, бізден 
жылдам жауап» бойынша сұрақтар 
көрсетіледі.Оқушылар жауаптарын 
табады. 
1. Қан неден тұрады?
2.Эритроциттер қандай клеткалар?
3.Гемоглобин дегеніміз не?
4.Лейкоциттер қандай клеткалар?
5.Фагоцитоз дегеніміз не?
6.Фагоцитоз құбылысын ашқан кім?
7.Қан клеткалары қай жерде түзіледі?
8.Тромбоциттер қандай қызмет 
атқарады?
9.Фибриноген дегеніміз не?
10.Қан қандай ұлпаға жатады?
 Оқушылар  сұрақтарға жауап береді.
1 мин.
.Үй тапсырмасын беру
 Қанның құрамы мен 
құрылысы тақырыбын 
оқып келу. Басқа топтардың
жасаған жұмысын 
дәптерлеріне түсіріп келу.
Жекелеген тапсырма;
Ізденімпаз оқушыларға  қанға  
байланысты хабарлама немесе 
презентация  дайындап келуді 
тапсырады.
Үй тапсырмасын жазып алады
1 мин.
VIІ. Бағалау. Топ 
басшылардағы бағалау 
парағын алып жинақтау 
бағасын қояды.
Қосымша сұрақтар қоя отырып 
бағалау
сұрақтары болса қою,
бағалау критерийімен танысу
1 мин.
Бүгінгі сабақ жайлы кері 
байланыстарын өз жинаған 
жетондарына жазып, 
тақтаға іледі.
«Қан құрамын толтыру» кері 
байланыс сұрайды;
-бүгінгі сабақтан нені білдім,осы 
жетонды қалай жинадым? Не білгім 
келеді?
Бүгінгі сабақ жайлы кері 
байланыстарын өз жинаған 
жетондарына жазып,тақтаға іледі.
52

Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласындағы Қармақшы аудандық білім бөліміне қарасты
 «№ 275 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 
математика пәнінің мұғалімі Калмаханова Баян 
Сынып: 7 «В»
Сабақтың тақырыбы: Алгебралық бөлшектерді көбейту.
Сабақтың мақсаты: 
А)   Білімділік:  оқушыларды   алгебралық   бөлшектерді   көбейтуде   көпмүшені   жіктеу   тәсілдері   мен   қысқаша   көбейту
формулаларын қолдануды үйрету.
Ә) Дамытушылық: есеп шығару дағдысын қалыптастыру, ережелерді тиімді қолдана білуді меңгерту, есеп шығаруда ойлау,
ауызша есептеу, ой қорыту қабілеттерін дамыту.
Б) Тәрбиелік: оқушыларды жауапкершілікке, жүейлі ойлауға, нәтижеге қол жеткізе білуге, өзіне сенімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, репродуктивті, практикалық, инсерт әдісі, сейкестендіру тест.
Пайдаланатын көрнекіліктер және құрал-жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта, үлестірмелі таратпалар.
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 
ІІІ. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру.
     «Кім жылдам?»    «Формула білеміз бе?»
IV. Мақсат қою кезеңі.
V. Жаңа материалды түсіндіру.
VI. Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі.
Сергіту сәті
VIІ. Бекіту кезеңі.
VIII. Үйге тапсырма.
ІХ. Оқушылар білімін бағалау кезеңі.
Рефлексия «Көңіл-күйіміз қалай?»: 
Ал,   енді,   балалар,   сабағымдызды   бастамас   бұрын,   сендердің   сабақ   алдындағы   көңіл-күйлеріңді   байқайық.   Ол   үшін
алдарыңда тұрған үш түрлі көңіл-күйді көрсететін суреттердің ішінен өздеріңнің көңілдеріңе сәйкесін көтеріп көрсетіңдер.
Көңіл-күйлеріңнің жақсы екендігін байқап тұрмын. Онда сабағымызға кірісейік.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.  № 432 (6)  № 440 (4)
Өткен тақырып бойынша сұрақтар:
1.
Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай қосамыз? 
2.
Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай азайтамыз? 
3.
Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қалай қосамыз? 
4.
Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қалай азайтамыз? 
ІІІ. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру.
«Ой қозғау»: берілген өрнектерді математика тілінде оқу.
 «Кім жылдам?». Берілген есептерді ауызша есептеу
«Формуланы аяқтаңдар». Интербелсенді тақтада қысқаша көбейту формулаларын аяқтап жазу.
IV. Мақсат қою кезеңі.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Алгебралық бөлшектерді көбейту».
Балалар,   біз   бүгінгі   сабағымызда   алгебралық   бөлшектерді   көпмүшені   жіктеу   тәсілдерін   және   қысқаша   көбейту
формулаларын қолдану арқылы көбейтуді үйренеміз. 
V. Жаңа материалды түсіндіру. Оқушы тақтаға шығып есепті шығарады. Жай бөлшектерді көбейту ережесін айтады.        
Демек, алгебралық бөлшектреді көбейту амалдары жай бөлшектерді көбейту ережесі бойынша орындалады: 
Жай бөлшектерді дәрежелеуге оқушы шығып, есепті шығаруға қолданған ережесін айтады. 
Алгебралық бөлшектерді дәрежелеудің формуласы мен мысал қарастырылады.
Алгебралық бөлшектерді қысқаша көбейту формуласын қолдану арқылы көбейтуге мысал қарастырылады.
VI. Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі.     
Сергіту сәті   
Оқулықпен жұмыс:  5 оқушыға үлестірмелі таратпа беріледі.
VIІ. Бекіту кезеңі.
Өтілген тақырыпқа байланысты сәйкестендіру тесті «Дәлдеп көзде» беріледі. 
Сыни тұрғысынан оқыту әдісі бойынша оқушылар бүгінгі сабақтан алған білімдері туралы айтып өтеді (Нені білдім? Нені
оқуым керек? Нені білгім келеді?)
VIII. Үйге тапсырма. 
ІХ. Оқушылар білімін бағалау кезеңі.
Рефлексия «Көңіл-күйіміз қалай?»
*****
53

Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласындағы Қармақшы аудандық білім бөліміне қарасты
 «№275 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 
I санатты тарих пәнінің мұғалімі Калиева Гулбану Шариевна 
Сыныбы:  5 «Б»
Сабақтың тақырыбы:  §18. Сәулет ескерткіштері
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға  Қазақстандағы орта  ғасырлық сәулет өнерінің дамуы, тарихы жайлы мағлұмат 
беру. Архитектуралық құрылыс жүйелерінің ерекшеліктерін аша отырып, олардың тарихта алатын орнын анықтау.     
Дамытушылық: Қазақстандағы сәулет өнері туындыларынан мысалдар келтіре отырып, оқушылардың танымдық және 
сөйлеу қабілеттерін дамыту.      
Тәрбиелік: орта ғасырлардағы сәулет өнерінің туындыларын қазіргі заманғы архитектураның озық үлгілерімен салыстыра 
отырып, оқушылардың сәулет өнеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі:  аралас сабақ
Сабақтың түрі:  дәстүрлі 
Сабақтың әдістері: СТО технологиясы элементтері, АКТ.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, слайдтар, аудиотаспа, интерактивті тақта, кесенелер суреттері, қанатты 
сөз,стикерлер.
Сабақтың барысы: 
І.Ұйымдастыру.
а) Оқушыларды түгелдеу.
ә) «Жүректен жүрекке» тілегімен сабағымызды бастаймыз.
                                     Жас ұрпақ өмірлі болсын,
                                     Тұрмысы көңілді болсын!
                                     Халқым деген жүрегі болсын,
                                     Жұртының қамқор тірегі болсын!
б) Сыныпты топқа бөлу, топ басшысын сайлау, стикерлер жинау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Каталог: 2017
2017 -> Реферат на тему философия. Скачать реферат бесплатно и без регистрации. 713694721348727 Знание сила
2017 -> Болашақ желтоқсан 2016 жыл
2017 -> Программа PowerPoint имеет свои стандартные шаблоны Ложным было событие №3, а на фото изображен Дитер Рамс Вот
2017 -> Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң
2017 -> Мектепті сақтау – ауылды сақтау Намыс қайда? Шаңырақ
2017 -> «еуразиялық гендік қОР» ғылыми-өндірістік білім беру орталығы
2017 -> Еуропалық тұрғыдан көптілдік құзыреттілігін дамыту жолдары

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет