Қазақстан республикасы


Жатақханаға кіру тәртібі мен қонақтарды кіргізу тәртібі



жүктеу 449.52 Kb.
Pdf просмотр
бет2/5
Дата20.03.2017
өлшемі449.52 Kb.
1   2   3   4   5

Жатақханаға кіру тәртібі мен қонақтарды кіргізу тәртібі 

Жатақханаға  кіру  тәртібі  комендант  берген  арнайы  үлгідегі  рұқсат 

қағазының кӛмегімен жүзеге асырылады. 

Рұқсат  қағазы  –  жатақханаға  кіруге  рұқсат  беретін  негізгі  құжат  болып 

табылады,  ол  жоғалған  жағдайда  қайта  жасату  керек.  Жатақханаға  кіру  уақыты 

кӛктем  мен жазда 07:00-ден  23:00-ге  дейін,  ал күз  бен қыста   07:00-ден 22:00-ге 

дейін. 

Тұрғындардың  жатақханаға  22:00  мен  07:00  аралығында  кіруі  тек  рұқсат 



қағазы  немесе  жұмыс  орнынан  берілген  анықтамада  декан  мен  тәрбие  жұмысы 

жӛніндегі проректордың бұрыштамасы болған жағдайда жүзеге асырылады. 

 

БІЗДІҢ ДӘСТҤР 

Сіз кӛп жылғы тарихы мен дәстүрі қалыптасқан жоғарғы оқу орны – Алматы 

технологиялық  университетінің  студенті  атандыңыз.  Алдағы  4  жыл  ішінде  ол 

Сіздің екінші үйіңіз болып кетеді. Университет табалдырығын аттаған жағдайда,  

жалпыға  ортақ  арнайы  тәртіп  ережелерімен  жүру  керек.  Оларды  сақтау  –  табыс 

пен түсіністіктің кепілі. 

 

Университетке  жинақы  киініп  келіңіз  –  себебі,  Сіздің  сырт  келбетіңізге 

қарап, білім алушы екеніңізді кез-келген адам түсіну керек. 

 

Жан-жағыңыздағы  адамдарға  сыйластық  танытыңыз  –  егер  кіре/шыға 

беріс  есікте  кӛп  адамдар  жиналып  қалса,  жігіттер  қауымы  қыз  балаларға  жол 

беруі керек, ал білім алушылар – университет қызметкерлерін ӛткізіп жіберуі тиіс. 

Университетке  кіргенде  жігіттер  қауымы  бас  киімдерін  шешіп,  ал  сырт  киімді 

барлық білім алушылар  гардеробқа ӛткізу керек. Лифтке кірерде білім алушылар 

университет  қызметкерлері  мен  оқытушыларға,  жігіттер  –  қыздарға,  кішілер  - 

үлкенге  жол  беруі  тиіс.  Кӛпшілік  ортада  ұялы  телефонмен  қатты  сӛйлесуге, 

барлық дауыста музыка тыңдауға тыйым салынады.  

  

Вахтадан ӛтерде күзет қызметкеріне студенттік билетіңізді немесе жеке бас 

куәлігін  кӛрсетуді  ұмытпаңыз.  Университетке  келудегі  мақсатыңызды  айтыңыз. 

Аталған құжаттар болмаған жағдайда Сіз университетке кіре алмайсыз. Кӛпшілік 

ортада  романтикалық  қатынастарыңызды,  құшақтасып,  сүйісуді  ысырып 



12 

 

қойыңыз.  Себебі,  бұл  Сіздің  айналадағы  адамдарды  сыйламайтындығыңызды 



кӛрсетеді. 

 

Кіммен  қалай  сӛйлесу  керектігін  ҧмытпаңыз:  ӛз  ойыңызды  анық 

жеткізіңіз,  жаргон  сӛздерді  қолданбауға  тырысыңыз!  Оқытушымен  сӛйлескенде 

ӛте  сыпайы  болуды  естен  шығармаңыз.  Сонымен  қатар,  университетте  қалай 

болса солай сӛйлеуге болмайтынын ескертеміз! 

 

Сабаққа  уақытында  келіңіз:  білім  алушылар  аудиторияға  оқытушыдан 

бұрын  келуі  тиіс.  Егер  Сіз  кешіккен  жағдайда,  есікті  жай  ашып,  оқытушымен 

амандасып, кешіккеніңіз үшін кешірім сұраңыз. Есіңізде болсын, оқытушы Сізді 

аудиториядан  тәртіп  бұзған  жағдайда  шығаруға  құқылы!  Бұл  жағдайда 

оқытушыдан  үндемей  кешірім  сұраңыз,  оқиғаның  шиеленісіп  кетуіне  жол 

бермеңіз! 

 

Оқу ғимаратында тазалық сақтаңыз – университетте кез-келген қоқысты 



тастауға арналған орындар бар.  

Университет  қабырғаларына  Сіздің  шығармашылық  қабілетіңізді 

кӛрсететін  суреттер  салуға,  шимайлауға  тыйым  салынады.  Бҧл  Сіздің 

тәрбиесіздігіңізді  кӛрсетеді  және  Сіз  университетті  материалдық  шығынға 

ҧшыратасыз.  

Университетте  рұқсат  берілмеген  хабарландыруларды  ілуге  тыйым 

салынады. Егер стендке студенттер мен қызметкерлерге қызықты ақпарат ілгіңіз 

келсе, тәрбие жұмысы  жӛніндегі проректордың рұқсатын алу қажет. 

Жоғарыда  аталған  ережелерді  қатаң  ұстануға  тырысыңыз,  әрқашан  тек 

жақсылық  жасауға  ұмтылыңыз  –  басқалар  да  Сізге  сондай  жауап  қайтарады. 

Қандай  жағдай  болмасын,  Сіз  Алматы  технологиялық  университетінің  студенті 

атанып, ӛмірдің бір сатысына кӛтерілдіңіз! 



          Сіздің кӛмегіңізбен біз мықты боламыз! 

2 Жастар кеңесі 

Жастар  Кеңесі  –  білім  алушы  жастардың  тұрмыс,  оқу,  бос  уақытын 

ұйымдастыру туралы маңызды сұрақтарымен ғана айналысып қоймайтын, оларға 

әлеуметтік 

қолдау 

кӛрсететін 



бастамашыл, 

инновациялық, 

тәуелсіз, 

жауапкершілігі мол білім алушылардың қоғамдық қызметі. Жастар Кеңесі жастар 

саясатын жүзеге асыратын қоғамдық бірлестік болып табылады.   

         Жастар Кеңесінің негізгі мақсаттары: 

 



білім  алушылар  бойында  белсенді  азаматтық  позицияны  қалыптастыру, 

оларды заманауи қоғамда маңызды проблемаларды шешуге белсенді түрде 

ат салысуға шақыру

 



АТУ  білім  алушыларының  мүдделері  мен  құқықтарын  қорғау  және 

ӛкілеттілік жасау; 

 

білім  алушылардың  мәдени,  шығармашылық,  ұйымдастырушылық 



қажеттіліне жағдай жасау. 

          Жастар Кеңесі жҧмысының негізгі бағыттары: 

 



АТУ  білім  алушыларының  бойында  патриоттық  мақтаныш  сезімін 

қалыптастыру,  студенттік  ӛмірдің  дәстүрлерін  сақтап,  молайту  және 

жетілдіру; 


13 

 



 

білім  алушылардың  мүдделерін  АТУ  құрылымдық  бӛлімшелерінің  барлық 

деңгейінде қорғау; 

 



университеттің  әр  түрлі  қызмет  шеңберінде  білім  алушылардың 

бастамаларын  дамыту,  әлеуметтік-маңызды  іс-шараларды  жасау  және  іске 

асыру; 



 



белсенді білім алушыларды дайындау; 

 



білім алушылардың ғылыми қызметін ынталандыру; 

 



студенттік  конкурстар,  мерекелер  және  басқа  да  кӛпшілік  іс-шараларды 

ӛткізу; 


 

АТУ білім алушыларын университеттің спорттық ӛміріне тарту; 



 

білім алушылардың ортасында бейәлеуметтік жағдайлардың алдын-алу



 

ҚР  және  шет  елдегі  қоғамдық  ұйымдарымен  және  басқа  да  студенттік, 



жастар ұйымдарымен гуманитарлық және ғылыми байланыстарды дамыту. 

Сіз  де  біздің  қатарға  қосыла аласыз.  Біз  Сізді  бас оқу корпусында  1117 

кабинетте кҥтеміз.  

3 «Технолог» газеті 

Газеттің  негізгі  міндеті  университет  қызметкерлері  мен  білім  алушыларын 

ректораттың,  Ғылыми  Кеңестің,  құрылымдық  бӛлімшелер  мен  қоғамдық 

ұйымдардың  жұмысы  жайында  хабардар  ету,    университеттің  барлық  негізгі 

жаңалықтарын  жеткізу  болып  табылады.  Басылым  «Білім,  мәдениеттілік,  жан-

жақтылық  –  Алматы  технологиялық  университеті  түлегінің  маркасы»  атты 

концепцияны іске асырады.  

Егер  де  Сіз  креативті  болсаңыз,  мақала  және  ӛлең  жазумен 

айналыссаңыз.  Егер де Сіз біздің газеттің тілшісі болғыңыз келсе – біз Сізді 

кҥтеміз!  Келіңіз-  басқалар  Сізді  білсін!  Жазбаша  мақалаларыңыз  мен 

ӛлеңдеріңіздің  электронды нҧсқасы мен жазбаша нҧсқасын Жастар Кеңесіне 

(1117 кабинет) тапсырыңыз.  

Білім алушының бос уақыты 

Университетте    сабақ  уақытында  және  де  бос  уақытта  Ӛзіңізді  біздің 

ұжымның толыққанды мүшесі ретінде сезінуге барлық жағдайлар жасалған. Егер 

Сіздің бойыңызда кӛшбасшылық қабілет болса,онда Сіз университеттегі мәдени-

спорттық іс-шараларды, мерекелерді ұйымдастырушы немесе бастамашы ретінде 

ӛз қабілетіңізді кӛрсетіп қана қоймай, оны одан әрі шыңдай аласыз.  

Егер  Сіз  жаңа  идеялар  мен  бастамаларыңызды    жүзеге  асырғыңыз  келсе  –

Жастар Кеңесіңе келіңіз! 

Біздің университетте Жастар Кеңесінің басшылығымен білім алушылардың 

талантын шыңдауға арналған кӛптеген үйірмелер қызмет атқарады: 

-

 

«Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты; 



-

 

«ATU scientists» жас ғалымдар клубы; 



-

 

 «Тай-На» сән театры; 



-

 

«АТУ құрамасы» және «Online» КТК (КВН) командалары



-

 

«Қарлығаш» би ансамблі; 



-

 

вокал студиясы; 



-

 

«Домбыра-дастан» оркестрі; 



14 

 

-



 

«Жастар» және «Клуб мастеров слова» (КМС) пікірсайыс клубтары; 

-

 

 «Жалын» жас журналистер клубы; 



-

 

 «English  Club  ATU»,  «Веб-дизайнер»,  «Батл-АТU»  мүдделестер 



клубтары; 

-

 



Тәртіп сақтау жӛніндегі студенттік отряд (СТОП). 

-

 



«TED ATU» «Enactus ATU» 

 

4 Оқу ҥдерісін ҧйымдастыру ережелері 

4.1 Кредиттік технология бойынша оқытудың жалпы ережелері 

Кредиттік оқыту технологиясы  білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы 

кӛлемінің біріздендірілген ӛлшем бірлігі ретінде кредитті  қолдану арқылы, білім 

алушының  пәндерді  таңдауы  және  реттілікпен  оқуын  ӛз  бетінше  жоспарлауы 

негізінде жүзеге асырылады. 

Кредиттік  оқыту  технологиясы  білім  берудің  барлық  деңгейлері  бойынша 

бұрын  меңгерілген  кредиттердің  ӛспелі  есебін  білдіретін  жинақтаушы  болып 

табылады. 

Кредиттік  жүйемен  оқытуда  тӛмендегідей  негізгі  ұғымдар  мен  анықтамалар 

қолданылады: 



1)  академиялық  кҥнтізбе  (Асаdеmіс  Саlеndar)  -  оқу  жылы  бойына 

демалыс  күндерін  (каникулдар  мен  мерекелерді)  кӛрсете  отырып,  оқу  және 

бақылау іс-шараларын, кәсіби  практикаларды ӛткізу күнтізбесі; 

2)  академиялық  кезең  (Теrm)  -  үш  нысанның  біреуін  таңдайтын  ӛз  білім 

беру  ұйымының  еркімен  белгіленетін  теоретикалық  кезең:  семестр,  триместр, 

тоқсан; 

3)  академиялық  ҧтқырлық  –  білім  алушыларды  немесе  оқытушы-

зерттеушілерді белгілі бір академиялық кезеңге: семестр немесе оқу жылына ӛзге 

жоғары  оқу  орнына  (ел  ішінде  немесе  шетелде)  игерген  білім  бағдарламаларын 

міндетті  түрде  кредит  түрінде  сынақ  ретінде  тапсыра  отырып  ӛз  ЖОО-сында 

немесе  ӛзге  ЖОО-да  білімін  жалғастыру  немесе  зерттеулер  жүргізу  үшін 

ауыстыру;    



4)  академиялық  еркіндік  –  білім  беру  үрдісінің  субъектілеріне  оларды 

таңдау  бойынша  жиынтық  пәндерден,  оқытудың  қосымша  түрлерінен  білім 

мазмұнын  дербес  анықтау  үшін  және  білім  алушылардың,  оқытушылардың 

шығармашылық  дамуына  және  оқытудың  инновациялық  технологиялары  мен 

әдістерін қолдануға жағдай жасау мақсатында білім беру қызметін ұйымдастыру 

үшін ұсынылатын білім беру процесі субъектілерінің ӛкілеттіктер жиынтығы;    



5) білім алушының академиялық рейтингі (Rating) – аралық аттестаттау 

нәтижелері  бойынша  жасалатын  білім  алушының  оқу  бағдарлама  пәнін  игеру 

деңгейінің сандық кӛрсеткіші;  

6)  академиялық  деңгей    (Degree)  –  қорытынды  аттестаттау  нәтижелері 

бойынша,  тиісті  оқу  бағдарламаларын  меңгерген    білім  алушыларға  білім  беру 

ұйымдары тағайындайтын дәреже;   


15 

 

7)  академиялық  сағат  -  кесте  бойынша  оқу  сабақтардың  (аудиториялық 

жұмыс)  барлық  түрлерi  немесе  жеке  бекiтiлген  графика  бойынша  білім 

алушылардың оқытушымен байланыс жұмысының уақыты; 



8)  белсенді  ҥлестірмелі  материалдар  (КҤМ)  (Hand-оuts)  -  білім 

алушының  тақырыпты  шығармашылықпен  табысты  меңгеру  үшін  оқу 

сабақтарында  таратылатын  кӛрнекі  безендірілген  материалдар  (дәріс  тезистері, 

сілтемелер, слайдтар, мысалдар, глоссарийлер, ӛз бетінше жұмыс істеуге арналған 

тапсырмалар); 

9) 

білім 

алушыларды 

қорытынды 

аттестаттау 

(Qualification 

Eхamination)  -  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартында 

қарастырылған  оқу  пәндерінің  игеру  дәрежесін  немесе  кӛлемін  анықтау 

мақсатында ӛткізілетін рәсім;  

10)  білім  алушыларды  аралық  аттестаттау    -  білім  алушының  емтихан  

сессиясы  кезеңінде  бір  пәннің  толық  кӛлемін  немесе  бір  бӛлігінің  мазмұнын 

аяқтап болғаннан кейін оның игеру сапасын бағалау мақсатында ӛткізілетін рәсім;  

11)  білім  алушылардың  ӛзіндік  жҧмыстары  (бҧдан  әрі  -  БӚЖ)  -  ӛз 

бетінше  оқуға  берілген,  оқу-әдістемелік  әдебиеттермен  және  ұсынымдармен 

қамтамасыз  етілген,  тест,  бақылау  жұмыстары,  коллоквиумдар,  рефераттар, 

шығармалар мен есеп берулер түрінде бақыланатын тақырыптардың нақты тізбесі 

бойынша  жасалатын  жұмыс;  білім  алушының  санатына  қарай  ол  студенттің 

ӛзіндік жұмыстары (бұдан әрі - СӚЖ), магистранттың ӛзіндік жұмыстары (бұдан 

әрі  -  МӚЖ)  және  докторанттың  ӛзіндік  жұмыстары  (бұдан  әрі  -  ДӚЖ)  болып 

бӛлінеді;  БӚЖ-дің    барлық  кӛлемі    білім  алушылардан  күнсайын    ӛзіндік 

жұмыстарды    талап ететін  тапсырмалармен  расталады;  

12)  білім  алушылардың  оқудағы  жетістігі  -  білім  алушылардың  оқу 

үдерісінде  алатын  және  жеке  тұлғаның  қол  жеткізген  даму  деңгейін  кӛрсететін 

білімі, іскерліктері мен дағдылары, құзыреті; 

13)  білім  алушылардың  оқудағы  жетістіктерін  бақылау  -    жоғары  оқу 

орындары  дербес  анықтайтын  бақылау  мен  аттестаттаудың  әртүрлі  нысандары 

арқылы  (ағымдық,  межелік,  қорытынды)  білім  алушылардың  білім  деңгейін 

тексеру;  



14)  білім  алушылардың  ҥлгеріміне  ағымдық  бақылау  –  академиялық 

кезең ішінде,  оқытушымен ӛткізілетін аудиториялық және аудиториялардан тыс 

сабақтарда білім алушылардың  білімін  оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде 

тексеру;  



15) екі дипломдық білім –  екі  тең  бағалы диплом   (Double Major)  немесе 

бір  негізгі  және  екінші  қосымша  диплом  (Major  Minor)  алу  мақсатында  екі  оқу 

жоспары (білім беру бағдарламалары) бойынша параллельді білім алу мүмкіндігі; 

16)  Еуропалық  трансферт  (аударым)  және  несиелік  жинақтау  жҥйесі 

(ECTS)  -  білім  беру  траекториясы,  оқу  орны  және  оқыту  елі  ауысқан  жағдайда 

білім  алушылардың  игерген  оқу  пәндерін  (кредит  мен  бағаларын    қоса  алғанда) 

салыстыру  және  қайта  сынақтан  ӛткізуде  пайдаланылатын  білім  беру 

бағдарламалары компоненттеріне сынақ бірліктерін (несие) белгілеу әдісі;     



17)  жеке  оқу  жоспары  -  білім  алушымен  ҮОЖ  және  элективті  пәндердің 

каталогы  негізінде  эдвайзердің  кӛмегімен  әрбір  оқу  жылына  дербес  жасалатын 

оқу  жоспары; 


16 

 

18)  кредит  (Credit,  Credit-hour)  –  білім  алушының/оқытушының  оқу 

жұмысы кӛлемін ӛлшейтін сәйкестендірілген бірлігі;   

19)    кредиттік  оқыту  технологиясы  -  білім  алушы  мен  оқытушының  оқу 

жұмысы  кӛлемінің  біріздендірілген  ӛлшем  бірлігі  ретінде  кредитті  қолдану 

арқылы,  білім  алушының  пәндерді  таңдауы  және  реттілікпен  оқуын  дербес 

жоспарлауы негізінде оқыту; 



20) қорытынды бақылау – емтихан түріндегі аралық аттестаттау кезеңінде 

жүргізілген  оқу  пәні  бағдарламасын  бағалау  сапасының  мақсатын  игеру,  білім 

алушылардың  оқудағы  жетістігін  бақылау;  егер  бірнеше  академиялық  кезеңдер 

барысында  пәндер  оқытылатын  болса,  онда  оқытылған  нақты  академиялық 

кезеңде, пәндерге бӛлімдер бойынша, қорытынды бақылау жүргізіледі;  

21)  межелік  бақылау  –    бір  оқу  пәнінің  ірі  бӛлімін  (модулін)  аяқтағанда 

білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау; 



22)  оқу  пәнiне  жазылу  (Enrollment)  –  білім  алушылардың  оқу  пәніне 

белгілі бір  тәртіппен алдын ала жазу рәсімі;     



23)  оқу  жетістіктерін  бағалаудың  балдық-рейтингтік  әріптік  жҥйесі  - 

халықаралық  тәжірибеде  қабылданған  әріптік  жүйедегі  сандық  эквивалентіне 

сәйкес  келетін  және  білім  алушылардың  рейтінгін  белгілеуге  мүмкіндік  беретін  

балл түріндегі оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау жүйесі; 



24)  тіркеу  Офисі

 

-  білім  алушылардың  оқудағы  жетістіктерінің  барлық 



тарихын тіркеумен айналысатын және білімін бақылаудың барлық түрлерін және 

оның академиялық рейтингісіне есеп жасауды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін 

академиялық  қызмет; 

25) оқытушының басшылығымен жҥргізілетін білім алушының ӛзіндік 

жҧмысы  (бҧдан  әрі  -  ОБӚЖ)  –  бекітілген  кесте  бойынша  оқытушының 

басшылығымен  жүргізілетін  білім  алушының  аудиториядан  тыс  жұмысы;  білім 

алушының  санатына  қарай  ол:  оқытушының  басшылығымен  жүргізілетін 

студенттің  ӛзіндік  жұмысы  (бұдан  әрі  -  ОСӚЖ),  оқытушының  басшылығымен 

жүргізілетін  магистранттың  ӛзіндік  жұмысы  (бұдан  әрі  -  ОМӚЖ)  және 

оқытушының  басшылығымен  жүргізілетін  докторанттардың  ӛзіндік  жұмысы 

(бұдан әрі - ОДӚЖ) болып бӛлінеді; 

26) оқу ҥлгерімінің орташа балы (Grade Point Average - GРА) – (ағымдық 

оқу  кезеңі  бойынша  кредиттердің  жалпы  санына  қарай  аралық  аттестаттау 

пәндерінің  балдық  бағасының    сандық  эквиваленті    мен  кредиттер  сомасының  

қатынасы)      білім  алушының  таңдаған бағдарлама  бойынша  бір  оқу  жылындағы 

қол жеткізген оқу үлгерімінің таразыланған орташа бағасы;   

27)  оқу  жҧмыс  жоспары  (бұдан  әрі  -  ОЖЖ)  -  мамандықтың  ҮОЖ  және 

білім  алушының  жеке  оқу  жоспары  негізінде  білім  беру  ұйымдары  дербес 

әзірлейтін құжат; 

28)  пәннің  сипаттамасы  (Curse  Description)  -  пәннің  мазмұнын, 

мақсаттары  мен  міндеттерін,  қысқаша  нысанды  қамтитын  пәннің  қысқаша 

сипаттамасы (5-8 сӛйлемнен тұрады); 

    29)  пререквизиттер  (Рrereguisite)  -  оқылатын  пәнді  игеру  үшін  қажетті 

білім, икемділіктер мен дағдыларды қамтитын пәндер; 


17 

 

  30)  постреквизиттер  (Роstreguisite)  -  аталған  пәнді  оқыту  аяқталғанда 



оларды  зерделеу  үшін  меңгерілген  білім,  икемділіктер  мен  дағдыларды  қажет 

ететін пәндер; 



31)  пәндер  бағдарламасы  (Syllаbus)  -  оқитын  пәннің  сипаттамасын, 

мақсаттары мен міндеттерін, оның қысқаша мазмұнын, оның  үйренуі тақырыбы 

мен  ұзақтығын,  ӛзіндік  жұмыс  тапсырмаларын,  кеңес  беру  уақытын,    білім 

алушылардың    білімін  тексеру  кестесін,  оқытушы  талаптарын,  бағалау 

ӛлшемдерін  қамтитын оқу бағдарламасы және  әдебиеттер тізімі;  

32)  транскрипт  (Тrаnsсrірt)  –  білімді  бағалаудың  сандық  және  әріптік 

жүйесі  бойынша  кредиттері  мен  бағалары  кӛрсетілген  тиісті  кезеңде  ӛтілген 

пәндердің тізбесі бар құжат; 

33) тьютор – студенттің нақты пәнді игеруі бойынша  академиялық кеңесші 

рӛлін атқаратын оқытушы; 



34)  ҥлгілік  оқу  жоспары  (бұдан  әрі  -  ҮОЖ)  -  білім  берудің  кәсіптік  оқу 

бағдарламасының оқу пәндерінің тізбесі мен кӛлемін, оларды оқытудың тәртібін 

және бақылау нысандарын реттейтін құжат; 

35)  элективтік  пәндер  –  белгіленген  кредит  шеңберінде  және  білім  беру 

ұйымы  енгізетін  таңдау  бойынша,  білім  алушылардың  жеке  дайындығын 

кӛрсететін  әлеуметтiк-экономикалық  дамытудың  ерекшеліктерін  және  нақты 

ӛңірдің, жоғары оқу орындарында ғылыми мектеп пайда болатын қажеттiліктерін 

есепке алатын   компонентке кiретiн оқу пәндерi. 

36)  эдвайзер  (Аdvisor)  -  тиісті  мамандық  бойынша  білім  алушының 

академиялық  тәлімгерінің  қызметін  атқаратын,  оқу  траекториясын  таңдауына 

(жеке  оқу  жоспарының  қалыптасуына)  және  оқу  кезеңінде  білім  беру 

бағдарламаларын игеруіне ықпал ететін оқытушы

 

4.2 Эдвайзер-куратордың атқаратын міндеттері 

Эдвайзер-куратор  –  тиісті  мамандық  бойынша  білім  алушының  тәлімгері 

ретінде оқыту траекториясын таңдауға (жеке оқу жоспарын қалыптастыруға),  оқу 

барысында  білім  беру  бағдарламасын  игеруге  ықпал  жасайтын  және 

университетте мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыратын  оқытушы.  

Эдвайзер-куратор  білім  алушының  академиялық  мүддесін  қорғайды  және 

оқу  үдерісін  ұйымдастыру  бойынша  барлық  қажетті  ақпараттық  материалдарды 

даярлап,  білім  алушыға  жеткізеді.  Оның  жеке  оқу  жоспарын  жасауға  және 

түзетуге кӛмектеседі. 

Эдвайзер-куратор 

 



тіркеу кезінде ұйымдық-әдістемелік және кеңес беру жұмысын атқарады; 

 



жұмыс  оқу  жоспары  және  пәндер  каталогымен  жұмыс  жасау  негізінде, 

білім алушыға пәндерді және оқытушыларды таңдауға кӛмектеседі; 

 

болашақ  мансап  мәселесін  шешуде,  ғылыми  зерттеулердің  бағытын 



анықтауда,  ғылыми  жетекші  мен  біліктілік  жұмыстарының  тақырыбын  

таңдауда, кәсіптік тәжірибе ӛту базасын анықтауда кеңес бере алады; 

 

бүкіл оқыту мерзімінде білім алушыларға жетекшілік жасайды



 

курстың, факультеттің ерекшелігін және академиялық топтың мүдделерін 



қарастыра отырып, қолданыстағы  нормативтік-нұсқаулық құжаттарымен 

18 

 

белгіленген мәселелер бойынша ӛзіне бекітілген білім алушылармен жеке 



және ұжымдық кездесулер ескерілген жұмыс жоспарын жасайды; 

 



білім  беру  бағдарламасын  меңгеруге  және  білім  алу  траекториясын 

жасауға кӛмектеседі; 

 

білім алушыларға жеке оқу жоспарын (ЖОЖ) жасауға кӛмектеседі. Қажет 



болған  жағдайда,  білім  алушының  жеке  оқу  жоспарына  ӛзгерістер 

еңгізуге кӛмектеседі; 

 

бекітілген  білім  алушылардың  үлгеріміне  бақылау  жүргізеді,  тіркеу 



бӛліміндегі  ӛз  факультетінің  тіркеушісімен  тікелей  жұмыс  атқарады.  

Білім алушылардың паспорттарын жүргізеді; 

 

білім  алушының  ЖОЖ-на  енгізілген  арнаулы  пәндер  шеңберінде 



эдвайзер-куратордың  тиісті  ғылыми  ой-ӛрісі  болуы  қажет.    Ол 

корпоративтік  және  кәсіптік  этика  ережелерін  басшылыққа  ала  отырып, 

ПОҚ  және  білім  алушылармен  қарым-қатынас  орнатып,  ӛз  жұмысына  

шығармашылық тұрғыдан қарауы керек

 

білім  алушылардың  бекітілген  жеке  оқу  жоспарларын  орындауына 



жауапты; 

 



академиялық  үлгерімді  жақсарту,  тәртіп  және  сабаққа  қатысу, 

унивеситеттің  қоғамдық  жұмыстарына  қатысуға  ынталандыру  және  т.б. 

мәселелер бойынша ӛзіне бекітілген білім алушылармен тәрбие жұмысын 

жүргізеді; 

 

эдвайзер-куратор  студенттердің  талап-тілектерін,  ішкі  реттілік  пен  оқу 



тәртібінің  бұзылу  фактілерін  кафедраға,  деканатқа  және  университеттің 

қоғамдық ұйымдарына жеткізіп отырады; 

 

ӛз жұмысы туралы кафедра мәжілісінде жыл сайын есеп береді. 




жүктеу 449.52 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет