Қазақстан республикасы



жүктеу 449.52 Kb.
Pdf просмотр
бет1/5
Дата20.03.2017
өлшемі449.52 Kb.
  1   2   3   4   5

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 



БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

 

АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 

 

 

 

БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ АНЫҚТАМА – ЖОЛ СІЛТЕУШІСІ 

 

 

 

 

 

АЛМАТЫ, 2016 

 


 

Білім  алушының  анықтама  –  жол  сілтеушісі  Алматы  технологиялық 



университетінің Ғылыми Кеңесінде мақұлданған, 30.06.2016 жылғы             №11 

хаттама. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ 

Мемлекеттік  Ту,  Мемлекеттік  Елтаңба,  Мемлекеттік  Әнұран  Қазақстан 

Республикасының мемлекеттік рәміздері болып табылады. Қазақстан Республикасының 

Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының эталондары Қазақстан Республикасы 

Президентінің Резиденциясында сақталады.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМ-

ЛЕКЕТТІК    ТУЫ  -  ортасында  шұғылалы  күн, 

оның 


астында 

қалықтап 

ұшқан 

қыран 


бейнеленген  тік  бұрышты  кӛгілдір  түсті  мата. 

Тудың сабының тұсында ұлттық ӛрнек тік жолақ 

түрінде  нақышталған.  Күн,  оның  шұғыласы, 

қыран  және  ұлттық  ӛрнек  бейнесі  алтын  түстес. 

Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы 1:2. 

 

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  МЕМ-



ЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ - дӛңгелек нысанды және 

кӛгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы 

күмбез 

тәрізді 


бӛлігі) 

түрінде 


бейнеленген, 

шаңырақты  айнала  күн  сәулесіндей  тарап  уықтар 

шаншылған.  Шаңырақтың  оң  жағы мен  сол  жағында 

аңыздардағы 

қанатты 

пырақтар 

бейнесі 

орналастырылған.  Жоғарғы  бӛлігінде  -  бес  бұрышты 

кӛлемді  жұлдыз,  ал  тӛменгі  бӛлігінде  «Қазақстан» 

деген 


жазу 

бар. 


Жұлдыздың, 

шаңырақтың, 

уықтардың,  аңыздардағы  қанатты  пырақтардың 

бейнесі,  сондай-ақ  «Қазақстан»  деген  жазу  -  алтын 

түстес. 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҦРАНЫ 

 

Сӛзін жазғандар: Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов 

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов 

 

Алтын күн аспаны 

Алтын дән даласы 

Ерліктің дастаны 

Еліме қарашы! 

Ежелден ер деген 

Даңқымыз шықты ғой 

Намысын бермеген 

Қазағым мықты ғой! 

 

Қайырмасы: 



Менің елім, менің елім, 

Гүлің болып егілемін, 

Жырың болып тӛгілемін, елім! 

           Туған жерім менің, Қазақстаным! 

 

Ұрпаққа жол ашқан, 



Кең байтақ жерім бар. 

Бірлігі жарасқан, 

Тәуелсіз елім бар. 

Қарсы алған уақытты, 

Мәңгілік досындай. 

Біздің ел бақытты, 

Біздің ел осындай! 

 

 Қайырмасы:



 

 

 



 

ҚҦРМЕТТI БІЛІМ АЛУШЫ! 



 

Осы  басылым  Сіз  үшiн  анықтама  және  Алматы  технологиялық 

университетіндегі  (бұдан  әрi  –  АТУ)  студенттiк  ӛмiрге  жол  сілтеушi  болып 

табылады. 

Анықтама  -  жол  сілтеушi  университеттiң  құрылымы,  бӛлiмдер  мен  

бӛлiмшелердің орналасқан жері мен телефондары туралы ақпарат бередi.  

Сонымен бiрге, Сiз анықтама - жол сілтеушісінде ЖОО-дағы оқу үдерісінде 

кезігетін сұрақтарға жауаптар таба аласыз. 

Бiздiң университетте бейiмделу үдерісінде «Білім алушының анықтама-жол 

сілтеушісі» Сiздiң сенiмдi кӛмекшiңіз болады деп үмiттенемiз.   

Оқу  бағыттары  туралы,  оқудан  тыс  уақытта  студенттер  ӛмiрiнiң  спорттық 

және  мәдени  мүмкiндiктерi  туралы,  бiздiң  ЖОО-ның  инновациялық  типті 

университетке  айналуының  стратегиялық  жоспарлары  туралы  толық  ақпарат 

алуға,  сонымен  бірге  профессор-оқытушы  құрамының  жеке  және  зияткерлiк 

біліктілігін  бағалауда  Сiзге 

www.atu.kz

  Алматы  технологиялық  университетiнiң 

сайты кӛмектеседi. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

МАЗМҦНЫ 

 

МАЗМҰНЫ ................................................................................................................................................................. 5 



Университет туралы жалпы мәлімет......................................................................................................................... 6 

Университет миссиясы, кӛрінісі, басым бағыттар мен стратегиялық мақсаттар ................................................. 7 

1 Алматы технологиялық унивеситетінің студентіне арналған ішкі тәртіп ережелері ........................................ 8

 

2 Жастар кеңесі ......................................................................................................................................................... 12 



3 «Технолог» газеті ................................................................................................................................................... 13 

4 Оқу үдерісін ұйымдастыру ережелері ................................................................................................................. 13 

5 Білімді басқарудың автоматтандырылған «PLATONUS» жүйесінде жұмыс жасауға арналған нұсқаулық . 25 

6 Ғылыми кітапхана қызметін  пайдаланудың жалпы ережелері ......................................................................... 27 

7 Білім беру қызметінің тӛлемақы тәртібі .............................................................................................................. 30 

8 Алматы технологиялық университетінің халықаралық ынтымақтастығы ....................................................... 30 

9  2016-2017 оқу жылына арналған мәдени-кӛпшілік  іс-шаралар  жоспары ...................................................... 34

 

10 Қысқаша анықтамалық ақпарат .......................................................................................................................... 35



 

 

 



 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

Университет туралы жалпы мәлімет 

Алматы  Технологиялық  Университеті  (АТУ)  бүгінде  –  Қазақстан  мен 

Орталық  Азиядағы  тағам  және жеңіл  ӛнеркәсібі,  бизнес,  қызмет  кӛрсету  және 

қонақжайлылық  индустриясы  салалары  бойынша  білім  мен  ғылымның  жетекші 

орталықтарының бірі. АТУ Болон Декларациясы мен Лиссабон Конвенциясының 

қағидаларына  сәйкес  бакалавриаттың  –  22,  магистратураның  –  18  және  PhD 

докторантураның – 11 білім беру бағдарламалары бойынша кӛп деңгейлі үздіксіз 

кәсіптік білім беру үлгісін табысты жүзеге асырады. 

Халықаралық  білім  беру  кеңістігіне  бірігу  мақсатында  АТУ  2010  жылы 

Университеттердің  Ұлы  Хартиясына  (Magna  Charta  Universitatum)  қол  қойып, 

Болон үдерісінің толық құқылы мүшесі болды. 

АТУ  Халықаралық  университеттер  қауымдастығының  (IAU),  Еуразия 

университеттері  Одағының  (EURAS),  Еуропа  ректорлары  клубының  (СRE), 

Халықаралық  студенттермен  алмасу  жӛніндегі  қауымдастығының  (IAESTE) 

мүшесі болып табылады. 

Еуропалық  Университеттер  Қауымдастығы  Кеңесінің  2014  жылғы  3 

сәуірдегі  шешімімен  Алматы  Технологиялық  Университеті  Еуропалық 

Университеттер Қауымдастығының (EAU) мүшесі ретінде тіркелді. 

2014 жылы Алматы Технологиялық Университеті Халықаралық ISEKI-Food 

(IFA) Қауымдастығына кірді. 

Алматы 


Технологиялық 

Университетінде 

бірнеше 

қосдипломдық 

бағдарламар іске асырылуда: 

1.

 



«Туризм» және «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» мамандықтары 

бойынша  Алматы  Технологиялық  Университеті  және  Халықаралық 



туризм  және  қонақҥй  менеджменті  институтымен  (HTMi,  Швейцария) 

бірлескен 

бағдарлама. 

Оқу 


бағдарламалары 

аяқталғаннан 

кейін 

Халықаралық  туризм  және  қонақүй  менеджменті  институтының  (HTMi, 



Швейцария)  және  Алматы  Технологиялық  Университетінің  мемлекеттік 

үлгідегі дипломдарына ие болады; 

2.

 

«Дизайн» мамандығы бойынша Алматы Технологиялық Университеті және  



I.L.E.M.  SRL  –  Альдо  атындағы  Бейнелеу  ӛнерінің  академиясымен 

ALDO 

GALLI 

GROUP 

(Италия) 

бірлесен 

бағдарлама. 

Оқу 


бағдарламалары  аяқталғаннан  кейін  I.L.E.M.  SRL  –  Альдо  атындағы 

Бейнелеу  ӛнерінің  академиясы  ALDO  GALLI  GROUP  және  Алматы 

Технологиялық  Университетінің  мемлекеттік  үлгідегі  дипломдарына  ие 

болады; 


3.

 

«Қаржы»,  «Экономика»  мамандығы  бойынша  Алматы  Технологиялық 



Университеті  және  «Г.И.  Плеханов  атындағы  Ресей  экономикалық 

университеті»  Федералдық  мемлекеттік  бюджетті  жоғарғы  білім  беру 

оқу  орынымен  (Ресей  Федерациясы)  бірлесен  бағдарлама.  Оқу 

бағдарламалары  аяқталғаннан  кейін  I.L.E.M.  SRL  –  Альдо  атындағы 

Бейнелеу  ӛнерінің  академиясы  ALDO  GALLI  GROUP  және  Алматы 

Технологиялық  Университетінің  мемлекеттік  үлгідегі  дипломдарына  ие 

болады 


 

АТУ  әлемнің  86  университетімен  келісімшарт  жасасып,  оқытушылар  мен  білім 



алушылардың  академиялық  ұтқырлығымен  қоса  оқу  бағдарламаларын 

реформалауды,  бірлескен  ғылыми  зерттеулер  жүргізуді  және  халықаралық

 

бағдарламаларға  қатысуды  кӛздейтін  білімді  интернациоландыру  үдерісінің 



белсенді серіктесіне айналды.  

АТУ  «Биотехнология  және  азық-түлік»  (BIO-NCP)  бағыты  бойынша  FP7 

ЕуроОдақ бағдарламасының үйлестірушісі болып тағайындалған. 

АТУ-дың  білім  беру  және  ғылыми  қызметінің  жоғары  сапасы:  еуро-



инженер  EUR-ACE®  белгісін  табыс  ету  құқығын  беретін  ASIIN  агенттігіндегі 

(Германия) Бейінді 

бағдарламаларды 

халықаралық 

аккредиттеумен; 

Институционалды  аккредиттеумен;  Мемлекеттік  аттестаттаумен;  Бакалавриат, 

магистратура  және  докторантураның  барлық  білім  беру  бағдарламаларын 

мамандырылған  аккредиттеумен;  ISO  9000  Сапа  менеджменті  жүйесінің 

сертификатымен;  “EUROPEAN  QUALITY”  номинациясы бойынша халықаралық 

марапаттарымен,  Іскерлік  тәжірибедегі  жоғары  сапасы  үшін  Халықаралық 

қорының  (Швейцария),  Ӛнеркәсіпке  қолдау  қауымдастығының  (Франция)  алтын 

медальдарымен расталған. 

Алматы  технологиялық  университетінің  тағам  және  жеңіл  ӛнеркәсіп  негізгі 

профильдік мамандықтар НКАОКО и НААР бойынша Қазақстанның 2016 жылы 

ең  үздік  кӛрсеткіш  қорытындысының  нәтижесінде  5  орынға  ие  болды,  сонымен 

қатар  Қазақстанның  жоғары  оқу  орындарының  Генералдық  кӛрсеткіш  білім 

бағдарламасы  нәтижесінде  қонақжайлық  индустрия  жыл  сайын  бірінші  орын 

иегері. 


QS  кӛрсеткіш  бойынша  Алматы  технологиялық  университеті  Орталық  Азия 

және Шығыс Европа мемелекеттерінің халықаралық ТОП-150 университеттерінің 

қатарында. 

АТУ-дың  жабдықталған  материалдық-техникалық  базасы  бар:  оқу-ғылыми-

ӛндірістік  орталықтар,  ӛзекті  бағыттар  бойынша  жұмыс  жасайтын  ҒЗИ, 

дәрісханалар  мен  зертханалар,  заманауи  компьютерлік  кластар,  кітапхана  және 

оқу  залдары,  жатақханалар,  асханалар,  мәжіліс  және  спорт  залдары,  дәрігерлік 

бӛлім  және  баспахана.  Оқу  ғимараттары  мен  жатақханаларда  интернетке  (WiFi) 

тегін кіруге мүмкіндіктер бар.  

Университет миссиясы, кӛрінісі, басым бағыттар мен стратегиялық 

мақсаттар 

Миссия:  Білімді,  ғылымды  және  ӛндірісті  ұштастыру  мен  үздік 

халықаралық  тәжірибелер  негізінде  Қазақстан  Республикасының  тағам, 

қайта  ӛңдеу,  жеңіл  ӛнеркәсіп,  бизнес,  туризм,  қонақжайлылық 

индустриясын  кадрлық  және  ғылыми-инновациялық  тұрғыдан  қамтамасыз 

ету    үшін  жоғары  білікті  мамандар  даярлау  және  ғылыми  зерттеулер 

жүргізу.  



Кӛрінісі:  Алматы  технологиялық  университеті  –  бәсекеге  қабілетті  сапалы 

мамандарды  үздіксіз,  кӛпдеңгейде  дайындау  үшін  білім  бағдарламаларын 

жүзеге  асыратын  және  ел  экономикасының  түрлі  салаларының 

индустриалды  инновациялық  тұрақты  дамуын  қамтамасыз  ететін  ғылыми 



 

зерттеулер жүргізетін жаңа үлгідеге зерттеуші университет.  



Басым бағыттар мен стратегиялық мақсаттар 

1.

 



Ұлттық және халықаралық  талаптарға сай университеттің білім беру 

қызметін жаңғырту. 

Мақсат: білім беру сапасын әлемдік стандарттар деңгейіне кӛтеру. 

2.

 



Ғылыми-зерттеу үдерісін және инновациялық қызметті жаңғырту. 

Мақсат:  ғылымды,  білімді  және  ӛндірісті  ұштастыруға  бағытталған 

университеттің ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметін жетілдіру.  

3.

 



Тиімді  менеджмент  ұйымдастыру  және  корпоративті  басқару 

принциптерін енгізу. 

Мақсат: университеттің барлық бағыттағы жұмыстарында сапа менеджменті 

жүйесін ұйымдастыру, диагностикалау және жетілдіру.  

4.

 

Университет инфрақұрылымын жаңғырту. 



Мақсат: университеттің материалдық-техникалық базасын нығайту. 

5.

 



Жастарға азаматтық патриоттық тәрбие беруді жетілдіру.  

Мақсат:  университет  түлегін  жоғары  мәдениетті,  әлеуметті-жауапты  тұлға 

ретінде қалыптастыру.  

1 Алматы технологиялық университетінің білім алушысына арналған 

ішкі тәртіп ережелері 

     Білім алушы қҧқылы: 

 



мемлекеттік  білім  беру  гранттары  шеңберінде  және  ақылы  негізде  білім 

алуға; 


 

оқу үдерісіне қатысуға қажетті ақпаратты еркін алуға; 



 

ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  барлық  түрлеріне,  конференциялар  мен 



симпозиумдарға қатысуға

 



студенттік  ӛзін-ӛзі  басқару  органының  жұмысына  және  мәдени-кӛпшілік 

шараларға қатысуға; 

 

ӛзінің жұмыстарын АТУ-да және басқа басылымдарда жариялауға; 



 

бос уақытында оқуды еңбекпен ұштастыруға; 



 

оқудағы,  ғылыми  және  шығармашылық  жетістіктері  үшін  ынталандыру 



шараларына ұсынылуға; 

 



 ҚР  Заңнамаларында  белгіленген  тәртіпке  сәйкес  әкімшіліктің  бұйрықтары 

мен ӛкімдерін бұздыру туралы шағым беруге. 



Білім алушы міндетті: 

 



ҚР  Конституциясы  мен  заңдарын,  АТУ-дың  Жарғысын,  ішкі  тәртіп 

Ережелерін,  жатақханада  тұру  Ережелерін  және  басқа  да  нормативтік 

актілерді сақтауға

 



ҚР  мемлекеттік  рәміздерін,  ұлттық  мәдениетті,  Қазақстанның  тарихы  мен 

мемлекеттілігін  қадірлеуге    және  құрметтеуге,  университет  дәстүрлерін 

мұқият сақтап, молайта түсуге; 

 



елдегі  тәртіпті  тұрақсыздандыруға  бағытталған  ақпаратты  таратпауға, 

рұқсат  берілмеген  жиналыстарға,  митингілерге,  шерулерге,  ереуілдерге 

қатыспауға; 

 



ұқыпты, таза, жалпыға ортақ қалыптасқан киім үлгісімен киінуге міндетті; 

 



 

сабақтың барлық түрлеріне кешікпей, оқу кестесіне сәйкес қатысуға; 

 

сабақ үстінде ұялы телефондарды ӛшіріп қоюға; 



 

сабақ үстінде сӛздерімен, жүрісімен оқытушыға бӛгет жасамауға; 



 

денсаулығына  немесе  басқа  да  дәйекті  себептермен  сабаққа  қатыспаған 



жағдайда дәлелді құжаттарды уақытында әкелуге; 

 



оқу тобының, курстың, факультеттің жұмысына қатысуға ұмтылуға; 

 



оқу пәндері бойынша СӚЖ-ін жасауға; 

 



университет  мүлкіне,  кітапханалық-ақпараттық және басқа  да    ресурстарға 

ұқыпты болуға; 

 

оқу  ғимараттарында  шылым  шекпеуге,  ластамауға,  сағыз  шайнамауға, 



тәртіп пен тазалық сақтауға; 

 



университет жарғысына сәйкес ішкі тәртіп ережелері мен жатақханада тұру 

ережелерін сақтауға. 



     Университет ғимаратында қатаң тыйым салынады: 

 



сырт және бас киіммен жүруге; 

 



сабақ үдерісі кезінде аудиторияда немесе коридорда қатты сӛйлеуге, балағат 

сӛздер айтуға, шулауға; 

 

оқу  ғимаратында  темекі  шегуге,  алкогольдік  сусындар  ішуге,  нашақорлық 



немесе  токсикологиялық  күйде  жүруге,  наркотик  немесе  психотропты 

заттарды таратуға;  

 

университетте, жатақханада студенттік билетсіз жүруге; 



 

университеттін  мүлкіне  зиян  келтіруге,  рұқсатсыз  пайдалануға  тыйым 



салынады. 

 

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ  СТУДЕНТТІК ЖАТАҚХАНАДАН  ОРЫН  



АЛУ ТӘРТІБІ  

Басқа  жерлерден  келген  немесе  шетелдік  білім  алушыларға  арналған 

университеттің 4 жатақханасы бар.  

Жатақханалардағы  орындарды    «Білім  алушыларға  орын  берудің  тәртібі 

туралы Ереже мен  АТУ-дың студенттік жатақханаларында тұрудың Ережесіне» 

сәйкес факультеттердің декандары береді.   



Ол ҥшін білім алушы: 

1.

 



Факультет деканының атына ӛтініш толтырады. 

2.

 



Жатақханадағы  орын  мен  келісуші  жақтардың  жауапкершілігі  туралы 

университет басшылығымен келісім-шартқа отырады. 

3.

 

№  1  жатақхананың  екінші  қабатында  орналасқан  денсаулық  пунктінде 



дәрігерлік қараудан ӛтеді. 

4.

 



Ордер  алғанға  дейін  жатақханада  тұрудың  тӛлем  ақысының    жалпы 

сомасының  кем  дегенде  50%  -ын,  ал  қалған  сомасын  қысқы  емтихандық 

сессия басталғанға дейін  «ЦентрКредит Банкі» АҚ арқылы тӛлейді.     

5.

 



Тәрбие жұмыстар жӛніндегі проректор арқылы жатақханаға электронды түрде 

тіркеледі.  

6.

 

Факультет деканының орынбасарынан жатақханаға тұру үшін ордер алады.  



10 

 

7.



 

Жатақханадан бӛлме алу үшін барлық құжаттармен жатақхана меңгерушісіне 

жолығады. 

Жатақхана тҧрғындарының қҧқығы: 

 



ішкі  тәртіп  және  келісімшарт  ережелерін  сақтаған  жағдайда  берілген 

орында оқу жылының соңына дейін тұруға; 

 

жатақхананың  санитарлы-тұрмыстық  ғимараттарын,  бӛлмесін,  жуынатын 



бӛлме, дәретхана және т.б. пайдалануға; 

 



декандардың  орынбасарлары  мен  коменданттың  жазбаша  рұқсатымен  ғана 

бір бӛлмеден екінші бӛлмеге ауысуға; 

 

жатақхананың  Студенттік  Кеңесін  сайлауға  және  сайлауға  түсуге, 



Студенттік  Кеңестің  жұмыстарына  қатысуға,  жатақхананың  тұрмыстық 

ӛмірін жақсартуға үлес қосуға. 



         Жатақхана тҧрғындарының міндеттері: 

 



жатақхананың  ішкі  тәртіп  ережелерін,  техника  қауіпсіздігін,  ӛрт 

қауіпсіздігін, келісімшарт және т.б. актілерді қатаң сақтауға; 

 

электр  энергиясын,  газ  бен  суды  үнемдеп  жұмсау.  Бӛлмеден  немесе 



жатақханадан  шыққанда  ыстық  және  суық  су  шүмектерін  жауып,  терезе, 

есіктерді жауып, жарықты және электрқұрылғыларын сӛндіріп кетуге; 

 

бӛлменің  артық  кілтін  жатақхананың  вахтерына  ӛткізуге,  жатақхананы  тек 



тұрғылықты орын ретінде пайдалануға, кілтті немесе бӛлмені бӛтен адамға 

бермеуге; 

 

жатақхананың  мүлкін  күтіп  ұстауға,    кӛпшілік  орындарда  тазалық  пен 



тәртіпті  қатаң  ұстауға,  тұрғылықты  бӛлмеде  жиі  тазалық  жұмыстарын 

жасауға; 

 

жатақхананың мүлкіне материалды жауапкершілікте болуға, жатақхананың 



мүлкіне зиян келген жағдайда материалдық шығынның ақысын ӛтеуге; 

 



жатақханадан шығарда жатақхана мүлкін түгелімен қайтаруға; 

 



университет  әкімшілігінің,  коменданттың  рұқсатынсыз  жатақханаға  бӛтен 

адамды  кіргізбеуге. 



Жатақхана тҧрғындарына қатаң тыйым салынады: 

 



декандардың  орынбасарларының  жазбаша  рұқсатынсыз  ӛз  еркімен  бір 

орыннан  екінші  орынға  ауысуға.  Ордерде  кӛрсетілген  бӛлмеде  тұрмаған 

жағдайда,  ол  білім  алушы  жатақхананың  ішкі  тәртіп  ережелерін  бұзған 

болып саналады; 

 

жатақхана  комендантының  рұқсатынсыз  жеке  пайдалануға  берілген 



мүліктерді ӛз еркімен бір бӛлмеден екінші бӛлмеге тасуға; 

 



жатақханаға  кіру  рұқсат  қағазын  жатақханаға  кіру  үшін  бӛтен  адамға 

беруге; 


 

жатақхананың кез-келген жерінде темекі шекпеуге, жатақханада алкогольді, 



нашақорлық күйде келуге, сонымен қатар есірткі, психотропты, алкогольді 

заттарды таратпауға және пайдалануға; 

 

аудио,  теле  және  видеоаппаратура  қондырғыларын  барлық  қатты  дауыста 



қоюға; 

 



үй жануарларын ұстауға, бауырымен жорғалаушы және құстарды асырауға

11 

 



 

жатақхана  айналасын  ластауға,  ас  әзірлейтін  бӛлмеде,  кӛпшілік 

пайдаланатын орындарда, коридорда қоқыс тастауға; 

 



электрқондырғыларын  пайдалануға,  соның  ішінде  сапа  сертификаты  жоқ  

электрұзартқыш және жалғастырғыш құрылғыларды пайдалануға; 

 

шатырға  шығуға,  кӛтерілуге,  балкон  мен  терезелерге  асылып  тұруға, 



отыруға; 

 



құмар  ойындар  ойнауға,  балағат  сӛздер  сӛйлеуге,  ұрыс-тӛбелес 

ұйымдастыруға; 

 

басқа тұрғындардың бӛлмелеріне тұрғындардың рұқсатынсыз кіруге; 



 

жоғарыда кӛрсетілген ішкі тәртіп ережелерін бұзған жатақхана тұрғындары, 



сонымен қатар техника қауіпсіздігі, ӛрт қауіпсіздігі, санитарлық ережелерді, 

жатақханада  тұру  келісімшартын  бұзған,  жатақхана  қызметкерлерін, 

студенттік  кеңес  мүшелерін,  қабат  жауаптыларын  сыйламағандар 

жатақханадан  шығарылып,  жатақханада  тұру  үшін  тӛленген  ақша 

қайтарылмайды.  



жүктеу 449.52 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет