Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «ЖАҢА Қазақстанды қалыптастырудағЫ Қр тұҢҒыш президенті н.Ә. Назарбаевтың тағдыркешті шешімдері»



жүктеу 4.82 Mb.
Pdf просмотр
бет14/47
Дата08.09.2017
өлшемі4.82 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   47

 

1.

 



Токаев К. Свет и тень. - Астана, 2011 - С. 95. 

2.

 



Султанов  Б.К.,  Музапарова  Л.М.  Становление  внешней  политики 

Казахстана:  история,  достижения,  взгляд  в  будущее.  -  Алматы:  КИСИ, 

2010 - С. 38. 

 

 



 

 

 



138 

 

ӘОЖ 9-59(574):323.2=512.122  Бериккали А.Ж. (ҚарМТУ, БЖД-16-2 т. ст.)  



Ғыл. жетекші - аға оқытушы Ошанов Н.З.      

 

ЕЛОРДА – АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН 



ӨРКЕНДЕУІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ  

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ТАРИХИ РӨЛІ 

 

Тәуелсіз  мемлекет  құру  және  оның  жаңа  астанасын  таңдау  бақыты 



Мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевқа  бұйырды.  Өзінің 

төлтумасына  балаған  Астана  қаласы  туралы  толғауын  Елбасы:  «Жаңа 

астанаға көшу және оны салу туралы ой менде ертеректе, сонау алыстағы  - 

1992  жылы  туған  еді,  бірақ  мен  ол  кезде  мұны  аузымнан  шығармадым, 

өйткені  Қазақстанның  экономикасы  ойлағанды  іске  асыруға  мүмкіндік 

бермеді»,  -  дей  келіп,  -  1992  жылы,  Қазақстанның  Президенттігіне  бүкіл 

халық болып сайланғаннан кейін, мен Ақмолаға келдім. Есілден көлденең 

тартылған ескі көпірдің ортасында тұрып, өзенге қарадым. Маған қаланың 

ортасында  ағып  өзен  жатқан  болса,  қашанда  сол  ұнайтын.  Өзен  қалаға 

ерекше бір көрік береді,  мәртебесін  көтереді.  Бірінші өрлеу  кезеңі  қазіргі 

Астана  қаласынан  бес  шақырым  жерде  орналасқан  ортағасырлық  Бозоқ 

қаласының  гүлдену  кезеңімен  байланыстырылады.  Бозақ  қаласы  Қыпшақ 

хандығының  астанасы  болған.  Осы  аумақ  арқылы  ХVІ  ғасырда  Сібір  – 

Орта  Азия  керуен  жолы  өткен.  Тағы  бір  еңбегінде  «Ортағасырлық  Бозоқ 

қаласын  Ақмоланың  түпкі  атасы  деп  санауға  болады,  ал  оның  соңғы 

мұрагері  қазіргі  Қазақстанның  бас  орталығы  –  Астана  қаласы»  екені 

айтылады.

   


Астана қаласының маңына орналасқан Бозоқ қаласының орны 

1998 жылы анықталып, 1999 жылы Есіл археологиялық экспедициясының 

жетекшісі,  танымал  ғалым  Кемал  Ақышев  бастаған  археологтардың  осы 

жерде  алғаш  рет  қазба  жұмыстарын  жүргізгені  белгілі.  Л.Н.  Гумилев 

атындағы  ЕҰУ-нің  К.Ақышев  атындағы  археологиялық  ғылыми-зерттеу 

институтының  директоры  Марал  Хабдулинаның  пайымдауынша,  «Бозоқ» 

–  түркі-оғыз  термині.  Яғни  көне  түрік  мемлекеттерінің  әкімшілік 

құрылымының  шығыс  бөлігінің  атауы.  Түрік-оғыздың  бузук  (боз  оқ) 

термині  –  тесіп  өтетін  жебе  немесе  ақ  жебе  деген  ұғымды  білдіреді. 

Сонымен  бірге  түркі  ұғымында  «боз»  сөзі  «боз  дала»,  «ақ  селеулі  құтты 

қоныс» деген мағынада түсіндіріледі [1].  

Тәуелсіздік  тарихында  осы  кезеңдегі  Астана  қаласының  маңызды 

оқиғалары Мемлекет басшысының астананы көшіру туралы идеясын 1994 

жылы қайта жаңғыртқан. Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қазақстан 

Республикасының  астанасын  көшіру  туралы»  тарихи  қаулы  қабылдаған. 

Ресми тұсаукесері болған 1998 жыл. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен 

«Бейбітшілік  қаласы»  атанды.  Қаланың  тарихына  байланысты  Астана 

қалалық  мемлекеттік  мұрағат  құжаттарында  Ақмола  қаласының  дамуы  3 

кезеңге  бөлінеді.  Қазақстан  Республикасының  жоғары  және  орталық 


139 

 

мемлекеттік мекемелерінің Ақмола қаласына көшірілуі еліміздің астанасы 



ретінде даму бағдарламасына сәйкес келеді.  Оның алғашқы екі кезеңіндегі 

қыруар жұмыстар «сындарлы онжылдықта» орындалды. Ал соңғысындағы 

ұзақ  мерзімге  жоспарланған  іс-шаралар  кешені  соңғы  онжылдықта  іске 

қосылды.  Бірінші  кезеңде  (1996-1997)  жоғары  мемлекеттік  мекемелер, 

экономикалық,  өндірістік  және  қарулы  күштер  министрліктері  мен 

ведомостволары  орналастырылды.    Екінші  кезеңде  (1998-2000)  Ақмола 

қаласына  орналастыру  процесі  аяқталды.  Үшінші  кезеңде  (2001  жылдан 

бүгінге  дейін)  Ақмола  қаласы  және  ірі  өндірістік,  әкімшілік  және  мәдени 

орталықтары ретіндегі дамуы жүзеге асырылуда [2]. 

Аталған  «Арнайы  экономикалық  аймақ»  тұрғындардың  көші-қоны 

есебінен  2005  жылға  дейін  халық  санын  600  мың.  адамға  көбейтуді 

көздеген  болатын.   Бүгінде  бұл  міндет те  шешімін  тапты деуге  негіз  бар. 

2012  жылғы  мәлiмет  бойынша,  қалада  743  014  адам,  2013  жылғы 

мәліметтерде  800  мың  адам  ресми  тiркелген.  Осы  жылғы  статистикалық 

мәліметтерге  сүйенсек,  халықтың  табиғи  өсімі  4092  адамды,  ал  көші-қон 

өсімі  3384  адамды  құрап  отыр.  Астананы  салуға  бөлінген  инвестициялар 

көлемі  2  миллиардтай  долларды  құраған  және  соның  70  пайыздайы 

өзіміздің  инвестициямыз  болған.  Бүгінгі  әсем  Астанамыз  еліміздің  тек 

әкімшілік  орталығы  болумен  шектелмейді,    сонымен  қатар    бабаларымыз 

аңсаған  азаттық  пен  ұлттық  қайта  түлеудің  де  орталығына  айналды. 

Еліміздің  шетелдермен  жоғары  деңгейдегі  ресми  кездесулері,  білім  мен 

ғылым, мәдениет пен өнер, спорт пен туризм саласындағы іс-шаралардың 

бәрі  біздің  Астанамызда  өтеді.  ХХІ  ғасырдағы  бүкіл  жаһандық 

үдерістердің  бел  ортасында  тіршілік  ету    –  әлемдегі  кез  келген  ұлттың 

пешенесіне  жазылмаған.    Астана  әртүрлі  тарихи  тағдыр  тауқыметімен 

елімізге табан тіреген өзге халықтардың да мекені [3]. 

Астана  -  біздің  ортақ  шаңырағымыз,  өзге  ұлттарды  ғана  емес,  бүкіл 

адамзатты бейбітшілік пен келісімге шақырып отыр және шақыра бермек. 

Еуразия  жүрегінде  орналасқан  Астана  қаласының  жаңа  тарихы  –    бұл 

тәуелсіздік  тарихы,  мемлекеттілік  тарихы  және  ұлттық  тарих.  Ал  Астана 

қаласының құрылысы - төл тарихымыздың жаңа беттерін құрайды.  

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 



 

1.  Ақышев  К.А.,  Хабдулина  М.Қ.  Ежелгі  Астана:  Бозоқ  қалашығы.-

Астана, 2011. – 260 б.  

2. Назарбаев Н. Қазақстан жолы. – Астана, 2007. – 372 б.  

3. Астана замандастардың көзімен. – Астана, 2004. - 256 б.  

 

 



140 

 

ӘОЖ 512.122 



 

 

 



Битакаева М.К.

 

(Қарағанды, ҚарМТУ) 



 

 

 



 

 

 



Сейдинова М.А. (Қарағанды, ҚарМТУ) 

 

ЕЛБАСЫНЫҢ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ 

 

Егеменді  Қазақстанның  жетістігі  біздің  Президентіміз,  Ұлттың 



Көшбасшысы  Н.Ә.Назарбаевтың  есімімен  тығыз  байланысты.  Нұрсұлтан 

Әбішұлына  сәулетші  және  жаңа  тәуелсіз  Қазақстанның  негізін  қалауға  рөлі 

түсті.  

«Мемлекеттік  тәуелсіздік»  -  бұл  жай  сөздер  ғана  емес,  оның  түбінде 

терең  ой  мен  әрбір  нағыз  патриот  үшін  маңызды  ардақты  мағынасы 

айтылады.  Мемлекеттік  тәуелсіздікті  хабарлаған  кезде  екі  жарым  жүз 

жылдық бойы күреспен келген қазақ халқының өмірінде ұлы оқиға болды.  

Қазақстан  мемлекетінің  қалыптасуы  әуел  бастан  күрделі  саяси, 

құқықтық  және  әлеуметтік-экономикалық  жағдайларда  қоғамдық 

қатынастарды  біртіндеп  және  сонымен  қатар  жүйелі  түрде  реформалау 

арқылы  жүргізілгенін  айта  келе,  Қазақстанның  ішкі  мемлекеттік  дамуда 

қол  жеткізген  нәтижелері,  жоғары  сыртқы  саяси  деңгейі  оның  Тұңғыш 

Президенті  –  Ұлт  Көшбасшысы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың 

көпқырлы қызметінің жемісі екендігін атап айтқан жөн. 

Елбасының сан қырлы қызметі арқасында Қазақстан егемендік алу және 

халықаралық  деңгейде  танымал  болу  мәселелерінен  бастап  ЕҚЫҰ-да 

төрағалық  етуге  дейін  өсу,  өркендеу  жолдарынан  өтті.  Мемлекет 

басшысының күш-жігерінің, оның батыл да көреген әрекеттерінің арқасында 

егемендікті  сақтап  қалып,  оны  орнықтырып  қана  қоймай,  мемлекеттік 

дамудың  көптеген  бағыттары  мен  көрсеткіштері  бойынша  Қазақстан  өз 

ұстанымдарын нығайта алды [1, б. 34]. 

Тәуелсіздігімізді  алып,  егемендігімізді  бекіткеннен  кейінгі  еліміздің 

дамуы,оның әлем алдындағы беделінің өсуі Елбасы бастаған қазақ халқының 

қажырлы 


еңбегі 

екені 


баршамызға 

аян. 


Ғасырларға 

созылған 

мемлекеттіліктің даму эволюциясында ең ерекше заңды факт, ол Елбасының 

Қазақстанды  халықаралық  құқықтың  субъектісі  ретінде  дүние  жүзіне 

танытуы.  Әрине  тәуелсіздігін  қайта  жаңғыртқан  қазақ  мемлекеттілігінің 

қалыптасуының алғышарттары да тереңде жатыр.        

Қазақ елі өз тәуелсіздік ғасырының төрттен бірін толтырды. Бұл мерзім 

адам өмірімен есептегенде де, тарихи тұрғыдан алып қарағанда да көп уақыт 

емес.  Бірақ  осы  бір  қысқа  мерзімге  қарамастан  тәуелсіздіктің  алғашқы 

жылдарындағы  экономикалық-әлеуметтік  және  саяси    көтерілді,  әлеуметтік 

салада  жаңа  асулар  бағындырылды.  Мемлекеттік  шекарамыз  айқындалып, 

елдің тұтастығы, жердің бүтіндігі қамтамасыз етілді. Елбасының көрегендігі 

мен  ерік-жігерінің  нәтижесінде  Қазақстан  әлемде  тұңғыш  рет  ядролық 

қарудан  бас  тартып,  Семей  сынақ  полигонын  жабуы  бүкіл  дүниежүзінің 

назарын  өзіне  еріксіз  аударған  болатын.  Осы  бір  батыл  қадамның 


141 

 

нәтижесінде  мемлекетіміздің  тәуелсіздігінің  қауіпсіздігіне  әлемнің  іргелі 



мемлекеттері кепілдік берді.  Әлем елдерімен терезесі тең тәуелсіз мемлекет 

құрып,  ата-бабаларымыздың  ғасырлар  бойғы  ұлы  арманы  мен  мақсаты 

орындалды [2, б. 279]. 

1991  жылы  1  желтоқсанда  қазақстандықтар  өздерінің  Тұңғыш 

Президентін сайлап, сенім артты, ел тәуелсіздігін аманат етті, жауапкершілік 

жүгін арқалатты, халық өздері таңдаған Көшбасшысының не істеу керектігін 

білетіндігіне,  елді  адастырмайтынына,  тура  жолға  бастайтынына  сенді. 

Еліміз  бен  халқымыздың  сол  сенімін  Елбасының  толық  ақтап 

отырғандығына да осы күндері көзіміз анық жетіп отыр. 

Нұрсұлтан  Назарбаевтың  жаңа  астананы  тұрғызу  бастамасы  мен  оны 

ақиқатқа  айналдыруы  Елбасының  модернизациялық  жобасының  басты 

табысының  символына  айналды.  Қазақстанның  жаңа  астанасы  шын 

мәніндегі  жаңа  дәуірдің  қаласы  бола  алды.  1994  жылы  Н.  Назарбаев 

астананы көшіру ойын алғаш рет алға тартқан кезде бұл жағдай қоғамда екі 

ұдай 

пікір 


туғызған 

болатын. 

Дүние 

тарихында 



өз 

тәуелсіз 

мемлекеттіліктерін  қалыптастыру  кезеңінде  бір  де  бір  мемлекет  басшысы  

мұндай түбегейлі батыл қадамға барған да емес. 

Жаңа астананың салынуы және көшірілуі рекордтық аса қысқа мерзімде 

өтті.  Бұл  қадам  дағдарыс  кезеңінде  қазақстандықтардың  әлеуметтік 

оптимизміне  қолдау  жасау  үшін  өте  маңызды  еді.  Астана  елдің  өткенінен 

болашаққа,  жаңа  дәуірге  ауысуының  нышандық  оқиғасына  айналды.  Жас 

елдің  мүмкіндіктері  әлемге  паш  етілді.  Астана  саяси  және  экономикалық 

қана  емес,  сонымен  бірге  Назарбаевтың  жеке,  адами  жобасына  да,  ұлттық 

тарихтың жаңа келбетіне де айналды. 

Елбасы  Н.  Назарбаевтың  Қазақстанның  өзіндік  даму  жолын  таңдауы 

туралы  бастамасы  алғаш  рет  1992  жылы  мамыр  айында  «Қазақстанның 

егеменді  мемлекет  ретінде  қалыптасуы  мен  дамуының  стратегиясында» 

жария етілді. 

Тәуелсіз  еліміздің  бағытын  айқындауда,  оқиғаны  болжап  білуде,  түпкі 

мақсатқа қол жеткізуге сенімді болуға мүмкіндік беретін Қазақстан қоғамы 

дамуының  айқын  және  нақты  стратегиясының  қажеттігін  баса  көрсеткен 

Елбасы Н. Назарбаев аталған еңбегінде мемлекет алдында қойылып отырған 

нақты  стратегиялық  мақсаттарды  белгілеп  берді.  Мемлекет  басшысы 

еліміздің саясат саласындағы басым бағыты жас егеменді мемлекеттің күшті 

президенттік  республика  құру  бағытына  тікелей  байланысты  болу 

қажеттілігіне назар аудартты. 

Өзіміздің  ел  тәуелсіздігінің  тарихы  және  Елбасының  ел  егемендігіндегі 

рөлі  жөніндегі  ойымызды  қорыта  айтқанда,  аз  ғана  уақытта  Тұңғыш 

Президентіміз 

Нұрсұлтан 

Назарбаевтың 

жетекшілгімен 

елімізде 

экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және саяси түбегейлі өзгерістер жүзеге 

асырылғандығын  бөле-жара  атап  көрсету  қажет.  Тәуелсіздіктің  алғашқы 

жылдарындағы  Елбасы  белгілеген  және  батыл  жүргізген  бағыт  өзін-өзі 


142 

 

ақтады  және  алдағы  уақытта  да  өміршең  болатындығын  дәлелдеп  отыр. 



Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізген бұл саясаты мен бағыты қазіргі 

уақытта  «Қазақстанның  даму  жолы»  ретінде  дүниежүзі  қауымдастығынан 

мойындалды.  2012  жылдың  13  қарашасында  Қазақатанның  БҰҰ  адам 

құқықтары  бойынша  Кеңесінің  мүшесі  болып  сайлануы  да  Елбасының 

қоғамды  реформалауға  қатысты  іс-шараларының  әлем  тарапынан 

танылғанын  көрсетеді.Қазақстанның  Тәуелсіздігі  мен  Елбасы  еңбегінің  бір-

бірімен тығыз ұштасып жатқандығын, олардың бір-бірімен ажырағысыз егіз 

ұғым екендігін ақиқат есебінде тарих алдымызға тартып отыр [3, б. 148].  

Бүгінде  жастар  елімізде  болып  жатқан  барлық  қоғамдық,  саяси-

экономикалық  іс-шараларға  белсене  атсалысады.  Әрі  ол  заңды  да.  Өйткені, 

біз,  яғни  ел  болашағы-жастар  елдің  ертеңі  үшін  жауаптымыз.  Бұл  орайда, 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаевтың: 

«Халқымыз дарынды ұлға, талантты қызға қай заманда да кенде болмаған» 

деген сөзі еріксіз еске түседі. Кез келген жас өз білімін туған елінің кәдесіне 

жаратып,  мемлекет  артқан  үмітті  ақтау  керектігін  айтқан  Елбасымыз 

келешек  ұрпақтың  бейбітшілікте,  татулықта,  молшылықта  өмір  сүруі  үшін 

қолдан келгенін жасап жатыр. 

Тәуелсіз  Қазақстанның  даму  жолын  жыл  сайын  Елбасымыз  өзінің 

Қазақстан халқына Жолдауында айқындап ашып басты бағыт-бағдар береді. 

Мұны  да  біз  –  қазақстандықтар  Презиндентіміздің  бізге  деген  қамқорлығы 

деп білуіміз қажет. Қазақстан дамуының басты бағытының бірі ол кәсіптік –

техникалық  білім  беру  саласы.  Біз  мемлекет  тарапынан  үлкен  қолдауға  ие 

болып  отырамыз.  Оқушыларымызға  жасалып  жатқан  жағдайлардың  бәрі 

Елбасымыздың қамқорлығы. 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі 



 

1.  Маргулан  А.,  Акишев  К.,  Кадырбаев  М.,  Оразбаев  А.  Древняя 

культура Центрального Казахстана. -Алма-Ата, 1966. -288 б. 

 

 



2.  Назарбаев  Н.А.  Бауырларымызға  құшағымыз  ашық  (Дүние  жүзі 

қазақтары  құрылтайының  1992  ж.  1  қазандағы  салтанатты  мәжілісіндегі 

сөзі) // Тәуелсіздігіміздің бес жылы. -Алматы: Қазақстан, 1996. -179б.   

3. Райымжан Мәрсеков. Патшалық. «Қазақ». 1913, 31 желтоқсан. № 44. 

 

 


143 

 

УДК 9-05 (574)   



 

 

Воробьева Ю.Б. (магистрант, КарГТУ) 



Нуржанов А.Б. (магистрант, КарГТУ) 

Науч. рук. – ст. преп. Лазаренко И.А.  

 

ВКЛАД ПЕРВОГО ПРЕЗИДЕНТА РК Н.А. НАЗАРБАЕВА В 

ПОСТРЕНИИ СТАБИЛЬНО РАЗВИВАЮЩЕГОСЯ ГОСУДАРСТВА 

 

Стабилизация и модернизация экономики страны, повышение качества 



и  стандартов  жизни  народов  Казахстана,  разработка  стратегии 

экономического  прорыва  и  вхождение  страны  в  число  50-ти  наиболее 

конкурентоспособных стран мира, демократизация политической системы, 

построение  основ  правового  государства  и  гражданского  общества, 

создание  условий  для  реализации  прав  и  свобод  человека  в  обществе, 

сохранение  и  укрепление  межнационального  и  межконфессионального 

согласия  –  все  это  заслуги  нашего  Президента  Нурсултана  Абишевича 

Назарбаева.  Под  руководством  Первого  Президента  Казахстан  уверенно 

обретает  оптимальный  баланс  между  прочностью  государственности  и 

развитием общепризнанных демократических ценностей [1]. 

Н.А.  Назарбаев  –  Президент  страны,  лидер  нового  типа,  лидер-

государственник,  олицетворяющий  Республику  Казахстан  не  только  в 

глазах  казахстанцев,  но  и  в  представлении  всего  мирового  сообщества. 

Мудрость,  дальновидность,  решительность  и  неутомимость,  а  также 

призыв  к  возрождению  и  подъему  Казахстана  способствуют  особому 

отношению многих казахстанских граждан к Главе государства.  

Благодаря  уникальным  способностям  Елбасы  Республика  Казахстан 

служит  моделью  развития для постсоветских  стран.  Президент превратил 

Республику  в  регионального  лидера  по  масштабам  и  эффективности 

реформирования  общества,  укрепления  региональной  и  глобальной 

стабильности,  интеграции  государства  в  мировое  сообщество.  Н.А. 

Назарбаев  стал  одним  из  инициаторов  создания  Евразийского 

экономического сообщества (ЕврАзЭС), Совещания по взаимодействию и 

мерам 


доверия 

в 

Азии 



(СВМДА), 

Шанхайской 

организации 

сотрудничества (ШОС). 

В  Карагандинском  государственном  техническом  университете 

разработана  «Комплексная  программа  воспитания  студентов»  на  примере 

личности Первого Президента. 

Для молодого человека, для тех, кто стоит перед выбором жизненного 

пути, личность Президента - это самый яркий пример жизненного успеха, 

служения своему народу и своей стране. 

Ученым  предстоит  дать  оценку  роли  Н.А.    Назарбаева  в  становлении 

государственности  Казахстана,  укреплении  его  позиций  в  мировом 

сообществе.  Мы  же,  его  современники,  эту  роль  уже  сейчас  по  праву 

можем  назвать  крупномасштабной  и  многогранной.  Этому  во  многом 



144 

 

способствовали 



и 

личные 


качества 

Президента, 

его 

яркая 


индивидуальность.  

Благодаря  государственному  курсу  Казахстан  вышел  на  динамичную 

траекторию  развития.  Сегодня  мы  живем  в  состоявшемся  государстве  с 

развитой экономикой и устойчивой политической системой. Многие блага 

нашего общества могут восприниматься для молодежи как некая данность, 

так как мы выросли в условиях динамичных темпов развития Казахстана. 

Трудности, с которыми страна столкнулась в первые годы независимости, 

знакомы  нам  лишь  из  рассказов  родителей  и  хроник  документальных 

фильмов. 

Н.А.  Назарбаев  с  первых  дней  независимости  несет  миссию  мира, 

интеграции  и  процветания,  инициировав  ряд  глобальных,  широко 

признанных  сегодня  идей.  Все  граждане  Казахстана  имеют  равные 

возможности  независимо  от  национальной,  языковой,  религиозной 

принадлежности и социального статуса [2]. 

После  распада  Советского  Союза  и  обретения  независимости 

Казахстан,  как  другие  республики,  поставил  перед  собой  цель 

строительства  собственной  государственности,  перехода  к  рыночной 

экономике,  создания  демократического  общества  и  укрепления 

национального  самосознания.  Перед  руководством  нашей  страны  стоял 

трудный вопрос выбора последовательности реформ, выбора приоритетов 

развития.  Президент  выбрал  путь  постепенного  реформирования 

экономики,  поставив  задачу  экономического  развития  впереди 

политических  изменений.  Жизнь  показала,  что  выбор  Главы  государства 

верный. Формула Н.А. Назарбаева «сначала - экономика, затем - политика» 

стала  классическим  выражением  методологии  успешных  реформ  на 

постсоветском  пространстве.  Благодаря  успеху  нашей  страны  получило 

широкое  распространение  такое  понятие,  как  «казахстанская  модель 

развития»,  которое  заключается  в  поступательном  движении  вперед  по 

четко  заданному  курсу  -  на  основе  взвешенной  и  глубоко  продуманной 

стратегии.  

За  короткий,  по  историческим  меркам,  отрезок  времени  Казахстан 

превратился в самостоятельное, политически и экономически независимое 

государство,  что  подтверждается  успешным  преодолением  последствий 

недавнего финансово-экономического кризиса. 

Особую  роль  Лидер  государства  придавал  созданию  системы 

национальной безопасности с учетом геополитического и экономического 

положения  Казахстана.  Активно  поддерживая  и  участвуя  в  позитивных 

процессах, происходящих в обществе, Н.А. Назарбаев ставил перед собой 

задачу  сделать  Республику  узнаваемой  на  мировой  арене.  Впервые  в 

новейшей истории Казахстана и евразийского пространства 1 декабря 2010 

года  в  Астане  состоялся  уникальный  Саммит  глав  государств  ОБСЕ,  что 

стало  абсолютной  исторической  победой  Лидера  нации  и  народа 



145 

 

республики.  Сегодня  наше  государство  представлено  в  таких 



авторитетных  международных  организациях,  как  ООН,  ОБСЕ,  СВМДА, 

ОИС, ШОС, ЮНЕСКО, МВФ и во многих [3]. 

Президентом  страны  принята  уникальная  долгосрочная  Стратегия 

«Казахстан-2050»,  ставшая  своеобразным  компасом,  который  указывает 

нашей стране дальнейший путь успешного развития.  

Символом  исторического  триумфа  деятельности  Главы  государства 

является  Астана  –  жемчужина  Казахстана,  уникальная  и  красивейшая 

столица  XXI  века,  главным  архитектором  и  зодчим  которого  по  праву 

является Лидер нации. Выбор Астаны, как центра проведения Всемирной 

выставки  «ЭКСПО-2017»  в  очередной  раз  подтвердил,  что  Казахстан 

занимает достойную позицию в мировом сообществе, а наш Лидер нации 

Нурсултан  Назарбаев  является  общепризнанным  политиком  глобального 

масштаба.    Историческая  заслуга  Президента  Республики  Казахстан 

состоит  в  том,  что  Казахстан  сегодня  –  это  современное  состоявшееся 

общепризнанное  государство  в  мире  с  динамично  развивающейся 

рыночной  экономикой,  с  крупным  экономическим,  промышленным, 

научным,  культурным  потенциалом  и  новыми  инновационными 

технологиями. 

 

Список использованных источников 



 

1.  Роль  личности  Президента  Республики  Казахстан  в  формировании 

казахстанского  патриотизма.  В  помощь  кураторам  студенческих  групп.  1 

книга  /Под  ред.  акад.  НАН  РК  А.М.  Газалиева.  –  2-е  издание,  перераб.  и 

доп. - Караганда: Изд-во Карагандинского государственного технического 

университета, 2011. – 133 с. 

2. Утебаев М. Эпоха независимости Казахстана //Казахстанская правда, 

20 ноября 2014 г. 

3. Роль Первого Президента республики Казахстан Н. А. Назарбаева в 

становлении  казахстанской  государственности  //Международный  журнал 

прикладных  и  фундаментальных  исследований 

/

Сулейменова  М.  Ж. 



Макалаков Т. Ж., Выпуск № 5-3 / 2015. УДК: 342.51 (574) 07.00.02 

 

 



 
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   47




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет