Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы



жүктеу 0.55 Mb.

бет2/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.55 Mb.
1   2   3   4   5   6

шаруамызды ілгері бастырды

Адам және Заң

Брифингте –  жыл қорытындысы


26 қаңтар 2016 жыл

3

E-mail: too-orda@bk.ru



ЖҰЛДЫЗЫ

ОрДа


Баспа  бетіндегі  деректерден  белгілі  XVIII 

ғасырдың  екінші  жартысынан  бастап,  орыс 

географиялық  қоғамының  ғылыми  экспеди­

циялары  мен  жекелеген  ғалым  саяхатшы­

лары  бір  ғасырдан  астам  уақыт  бойы  Батыс 

Қазақстан  аймағын,  соның  ішінде,  Бөкей 

Ордасын  да  жүйелі  түрде  жан­жақты  зертте­

ген.  Осылайша  олар  біздің  өңір  тарихында 

өздерінің қайталанбас іздерін қалдырды. Әйтсе 

де,  солардың  арасында  бүкіл  саналы  өмірі 

Қазақстанмен (соның ішінде Бөкей Ордасымен) 

байланысты, кезінде белгілі саяхатшы, табиғат 

зерттеушісі болған Григорий Силыч Карелиннің 

орны өзгеше.

Орда  музейінде  қызмет  еткен  кезімде 

сондағы  қордағы  дерек  көздерінен  ол  туралы 

біраз керекті мәлімет жинағанмын. Дәл уақыты 

есімде  қалмапты,  әйтеуір,  өткен  ғасырдың 

70­ші  жылдарының  іші  болуы  керек.  Бірде 

«Огонек»  журналын  оқып  отырып,  Владимир 

Енишерлов деген журналистің «Сыны отраже­

ны  в  отцах»  атты  көлемді  мақаласына  көзім 

түсті. Онда бірқатар орыс зиялыларының өмір 

жолы,  олардың  бір­бірімен  туыстық  қатынасы 

сөз  болғаны  есімде.  Біз  осы  туындыдан 

Г.С.Карелиннің  орыстың  атақты  ақыны  Алек­

сандр Блок және атақты химик Дмитрий Менде­

леевпен тума­туыс екенін білдік. 

Орыстың  ұлы  ақыны  Александр  Блоктың 

нағашы  атасы  Г.С.Карелин  1801  жылы  Пе­

тербург  губерниясында  кедейленген  дворян 

семьясында  дүниеге  келген.  1817  жылы,  он 

алты  жасында  Петербургтегі  кадет  корпусын 

бітіріп,  біраз  уақыт  өз  бетінше  жұмыс  істейді. 

1821  жылы  ол  белгілі  реакционер,  патшаның 

оң  қолы  болған  министр  граф  Аракчеевтің 

кеңсесіне қызметке тұрады. Кім білген, іскерлік 

қабілетімен көріне бастаған жас маман жұмыс 

бабында жоғарылап, отставкаға шыққанша ты­

ныш өмір сүре берер ме еді, қайтер еді? Алай­

да, жұмыс кезінде көлденең кезіккен бір қырсық 

жағдай оның тағдырының күрт өзгеруіне себеп­

ші болады. Бір жағынан оған өзі де кінәлі. Ол 

бастығы  Аракчеевтің  ақ  патшаға  шын  беріл­

гендігін  бейнелейтін  ресми  қағаздағы  «Без 

лести  предан»  деген  сөздерді  «байқамай»  ка­

лып,  «Бес,  лести  предан»  деп  жазып  жіберіп­

ті. Сөздің мән­мағынасы мүлдем өзгеріп шыға 

келді.  Нәтижесінде  бастығы  жағымпаз  болып 

шықты. Орыс әдебиетінде тап осындай сөздерді 

А.С.Пушкин  айтты  деген  сөз  бар.  Мейлі,  ұлы 

ақын айтсын, Карелин жазсын, қалай болғанда 

да, әйтеуір, сол сөздердің Аракчеевтің адресі­

не  айтылғандығы  хақ.  Сол  қылығынан  кейін 

Г.С.Карелин  қызметінен  қуылып,  Орынборға 

жер аударылады. Мұнда ол табиғат зерттеуші 

ғалымдармен танысып, зоология, минерология, 

ботаника  ғылымдарына  ден  қояды.  Ғалымдар 

П.П.Свиньин және Ф.Бергпен Орынбор өлкесін 

аралап, қазақ даласымен танысады.

1827 жылы Г.С.Карелин Қазан университетінің 

профессоры  Э.А.Эверсман  экспедициясының 

құрамында  Еділ,  Жайық  өзендерінің  төменгі 

сағасын зерттеуге қатысады. Олар Жалпақтал, 

Жаңақала  жерлеріндегі  үлкен,  кіші  өзендер 

арқылы бүкіл Бөкей даласын басып өтіп, оның 

орталығы  Хан  Ордасына  соғып,  Нарын  құмын 

бойлап үлкен сыртпен (үстіртпен) Еділ­Жайық 

аралығын түгел қамтып, кері оралады. 

Сондай­ақ, Г.С.Карелин Жәңгір ханмен жақсы 

таныс  болған.  Ол  туралы  Ішкі  қырғыз  (Бөкей) 

Ордасын  басқару  жөніндегі  Уақытша  Кеңестің 

архивтік  іс­қағаздарында,  бөкейлікті  зертте­

ген  ғалымдардың  жазбаларында  айтылады. 

Екеуінің  таныстығы  1828  жылдың  көктемінде 

басталады.  Жәңгір  баласы  Зұлқарнайды 

Орынбор кадет корпусына оқуға бергенде, осы 

Карелиннің  үйіне  жатқызады.  Әрі  Г.С.Карелин 

ғылыми жұмыспен жүйелі түрде шұғылдануын 

Ордадан  бастады  деуге  толық  негіз  бар.  Сол 

1828 жылы ол Жәңгір ханның шақыруымен Хан 

Ордасына  келіп  тұрақтап,  түпкілікті  ғылыми 

жұмыспен  шұғылданады.  Осы  жылы  Бөкей 

Ордасының  алғашқы  картасын  жасап,  оған 

ғылыми  сипаттама  береді.  Бұл  еңбегі  үшін 

Жәңгір оған бриллиант жүзік сыйлайды. Ол ту­

ралы  Петербургтегі  «Табиғаттану  қоғамының 

хабарында»  айтылған  көрінеді.  1830  жылы 

Карелин  бірыңғай  ғылыми  жұмыспен  айналы­

су мақсатында әскери қызметінен біржола бо­

сап,  Сыртқы  істер  министрлігінің  қарамағына 

өтіп,  ресми  түрде  Жәңгір  ханның  кеңесшісі 

болып  қызметке  тұрады.  Мұнда  оның  ғылыми 

жұмыспен  еш  алаңсыз  айналысуына  толық 

мүмкіндік  туады.  Себебі  өзі  де  ғылымның  әр 

саласынан хабардар, жан­жақты білімді Жәңгір 

хан  оның  зерттеу  жұмысына  қолдау  жаса­

маса,  кедергі  келтірмегені  айдан  анық.  Оған 

дәлел  Бөкей  Ордасының  картасын  жасағаны 

үшін  бриллиант  жүзік  сыйлауы.  Оның  үстіне 

екеуі  түйдей  құрдас  болса,  ірімшікке  май 

қондырғандай болмай ма?!

Саяхатшы Г.С.Карелиннің туғанына 215 жыл

Хан Жәңгірге кеңесші 

болған ғалым

Сол тұста Сабанщиков деген ғалымның жа­

зуы бойынша Карелин ханға кеңесшілік қызметі 

үшін  жылына  4000  сом  жалақы  алып,  оның 

толық күтімінде болды дейді (жалақысы күтімнің 

сыртында).

Карелин  Бөкей  даласында  физикалық­

географиялық  зерттеулер  жүргізіп,  өңірдің 

өсімдіктері,  хайуанаттар  әлемі  туралы  бағалы 

мәліметтер жинады, бай коллекция жасақтады. 

Карелин  ғылыми  жұмыстарымен  Петер­

бургке  жүрерде  жаңалыққа  жаны  құмар  хан 

Жәңгір  оның  қолына  қаржысын  ұстатып,  қап­

қап  кітап,  мерзімді  басылымдар  алдыратыны 

дереккөздерде  келтірілген.  Сондай­ақ,  ол  кол­

лекционер  әрі  әскери  адам  ретінде  ханның 

қару­жарақ  палатасын  жасақтаудан  да  сырт 

қалмаған шығар деп болжам жасасақ ақиқаттан 

алшақ кетпеспіз.

Осыдан  13  жыл  бұрын  БҚО  әскери 

комиссариатының 

комиссары, 

әскери­

патриоттық тақырыпқа қалам тартып жүрген та­



рих ғылымының кандидаты Геннадий Мұқатаев 

пен  тарихшы,  өнертанушы,  баспагер  Марина 

Ирхина  екеуі  бірігіп  жазған  «Султан  Губай­

дулла  Чингисхан»  атты  кітапта  (Санкт­Петер­

бург.  2003,  «Ирхина»  баспасы)  1832  жылы 

Хан  ставкасында  қызмет  ететін  Сыртқы  Істер 

министрлігінің  шенеунігі,  лауазымды  кеңесші 

Г.С.Карелин Жәңгір ханның сұрауы бойынша І 

Николай патшаның оны қабылдауына дәнекер 

болғаны сөз болады. 

Орда  селосындағы  Карелинге  қойылған  ес­

керткіш  тақтада  Ордада  1828­1831  жылдар 

аралығында  тұрғандығы  жазылған.  Ал,  архив 

деректерінен  белгілі  болып  отырғанындай,  ол 

Ордада он жыл бойы тұрған. Ішкі қырғыз (Бөкей) 

Ордасын  басқару  жөніндегі  Уақытша  Кеңестің 

төрағасы Иван Семенович Иванов 1898 жылы 

«Астрахань листогі» газетінде Жәңгір хан тура­

лы бір кітаптың көлеміндей еңбегінің Карелинге 

қатысты  жерінде  «ол  Ордада  1831­1838  жыл­

дары  тұрды»  дейді.  Кейіпкеріміз  1828  жылы 

Жәңгірдің  шақыруымен  Ордаға  келіп  жұмыс 

істегенін,  сол  жылы  Бөкей  Ордасының  карта­

сын жасағанын, 1830 жылы әскери қызметінен 

босап, ханның кеңесшісі болып қызмет істегенін 

ескерсек, он жылымыз түгенделеді.

Карелинді  саяхатшы  ретінде  атын  алғаш 

танытқан 1832 жылы жасаған жеке экспедиция­

сы еді. Осы жылы ол Каспий теңізінің солтүстік­

шығыс бөлігін зерттеу экспедициясын басқарып, 

теңіздің  бұрын  зерттеліп  жарымаған  бөлігінің 

картасын  жасады.  Маңғыстау  түбегіне  бойлай 

еніп, үлкен сыртқа шығар жолды барлап, онда 

статистикалық,  топографиялық,  физикалық, 

географиялық зерттеулер жүргізеді. Саяхатшы 

сол сапарынан үлкен әсермен оралады.

1834  жылы  Карелин  Маңғыстауға  тағы  са­

пар  шегеді.  Бірақ,  бұл  жолы  саяхатшы  емес, 

құрылысшы  ретінде.  Оның  басшылығымен 

түбектегі Кайдак шығанағының оңтүстік­шығыс 

жағасынан Жаңа Александровка әскери бекінісі 

(қазіргі Форт­Шевченко) салынған.

1836 жылы Карелин «Әулие Гавриил» шху­

насымен  бұрынғыдан  әлдеқайда  үлкен  экс­

педицияны  басқарып,  Каспий  теңізінің  шығыс 

және  оңтүстік­шығыс  жағалауларын  зерттеп, 

Иранның  Астрабад  шығанағына  дейін  жетеді. 

Экспедиция  барысында  ол  түйемен  түрікмен 

және  үстірт  далаларын  зерттеу  жұмысын 

ұйымдастырады, Амудария өзенінің Ақтам са­

ласы  жағалауын  да  зерттейді.  Қарабұғазкөл 

жағасын  картаға  түсіріп,  оған  нақты  ғылыми 

сипаттама  жазады.  Зерттеушінің  бұл  экс­

педициясы  ғылыми  ортада  үлкен  бағаға  ие 

болады,  оны  Москва,  Петербургтің  белгілі 

ғалымдары  да  таниды.  Сондықтан  болса  ке­

рек,  Москва  табиғат  зерттеу  қоғамының  Ка­

релинге  Қытаймен  шектес  Алтайдан  Аспан 

тауына  дейінгі  (Тянь­Шань  –  қытайша  «Ас­

пан  тауы»  деген  мағынада  қолданылады) 

Россияға  жаңадан  қосылған    үлкен  аймақты 

зерттеуге ұсыныс жасауы тектен­тек емес еді. 

1840 жылы ол қоғамның тапсырмасымен досы, 

жас  ботаник,  географ  И.П.Кирилловпен  жаңа 

сапарға  аттанады.  Бұл  екі  жылға  созылған 

экспедицияда  Г.С.Карелин  Алтай  тауының 

шығыс  бетін,  Тарбағатай,  Зайсан  көлдерін 

бойлай  отырып,  Жоңғар  Алатауына  дейін  ба­

рады.  Экспедиция  нәтижесінде  ол  жануарлар 

мен өсімдіктер әлемінің аса мол коллекциясын 

жинап, олардың жаңа түрлерін табады. Сапар 

барысында буырқанған өзендер мен биік асу­

лардан,  шыңырау  тау  шатқалдарынан  өтуге 

тура  келеді.  40­шы  жылдардың  орта  тұсында 

Карелиннің  саяхатшылық  сапарлары  күрт 

үзіледі. Оған себепші Батыс Сібір губернаторы 

екеуінің  арасындағы  қайшылық,  қақтығыстар­

ды.  Сөз  жоқ,  егер  губернатордың  айла­

шарғысына ілігіп, қысастығына қалмағанда әлі 

талай экспедицияға шығып, жаңалықтар ашқан 

болар ма еді?! Карелин біраз жылдай Семей­

де  тұрып,  өмірінің  соңғы  20  жылын  Гурьевте 

өткізгені де белгілі. 1872 жылы 17 желтоқсанда 

сонда қайтыс болады. 

Бір  өкініштісі,  өлерінен  аз  ғана  бұрын  оның 

үйі  өртеніп,  11  томдық  баға  жетпес  ғылыми 

қолжазбалары мен бай коллекциясы жойылып 

кеткен.  Ғылым  әлемінде  оның  еңбегі  тиісті 

дәрежеде  көрінбей,  аты  аталмай  келу  себебі 

де  сондықтан  шығар.  Карелин  кезінде  өзінің 

минералогия,  зоология,  ботаника  саласында 

жинақтаған  бай  коллекцияларын  орталықтың 

көптеген  ірі  университеттерінің  ғылыми  каби­

неттеріне, музейлерге, тіпті, шет елге де жіберіп 

тұрған.  Ол  туралы  Үлкен  Совет  Энциклопеди­

ясында  біркелкі  айтылған.  Ал,  Орал  облыстық 

өлкетану музейінің табиғат бөлімінің флора мен 

фауна  саласындағы  экспонаттары  Карелиннің 

ұзақ  жылғы  еңбегінің  көрінісі  екенін  екінің  бірі 

біле бермейді.

Өмірінің  ең  көп,  ең  жақсы  жылдарын 

Қазақстанды (соның ішінде, біздің өлкені) зерт­

теуге арнап, есімі ел тарихымен, жер тарихымен 

тығыз  байланыста  болған  сол  Г.С.Карелиннің 

туғанына  215  жыл  толып  отыр.  Айта  кетелік, 

осынау  даланың  дарабозына  Ордада  ескерт­

кіш тақта қойылса, музейдегі суреті де көрнекі 

жерден  орын  алған.  Мұндайды  атам  қазақ 

«Жақсының аты өлмейді» деп бір ауыз сөзбен 

түйіндеген емес пе?!



А.ХАМЗИН,

тарихшы, 

өлкетанушы.

Сайқын ауылы. 

26 қаңтар 2016 жыл

4

E-mail: too-orda@bk.ru



ЖҰЛДЫЗЫ

ОрДа


Заман  көшінен  қалмай,  ауданның 

тыныс­тіршілігін,  жаңалығын  тың 

әдіс­тәсілдерімен 

тасқа 


басқан 

«Орда жұлдызы» газетінің журналис­

тері  мен  ауылдық  тілшілері  өмірдің 

сан­саналы  құбылыстарын  көсілте 

жазып,  келелі  мәселелердің  жүзеге 

асуына  ой  тастап  келеді.  Солардың 

ішінде қаламы ұшты, пікірі салмақты, 

көргені  мен  түйгені  мол  ардагер­

журналист  Тұрақбай  ағамыз  да  бар. 

Басылым  бетінде  бірде  Т.Шәкенов 

деп  фамилиясын  көрсетсе,  бірде 

Т.Шариғалиев,  Т.Оңқаев,  Т.Нарынов, 

Т.Толостов,  Т.Құмашев,  Т.Дүйсин, 

Т.Есенгелдин, 

Т.Нұрышев 

деп, 


бүркеме 

атпен 


(псевдониммен) 

мақала  төкпелеткен  Тұрақбай  ағаны 

оқырмандары  ұмытпаса  керек.  Сол 

кездегі  аудандық  «Октябрь  туы», 

«Орда  жұлдызы»  газеттеріндегі 

ол    туралы  қаламдастарының  да 

жазғаны жетерлік.

Қаламгер қасиеті

Жауапты хатшы

...Домбыра 

тарту 

әулетінен 



жалғасқан  үрдіс.  Анасы  Нәсіпқаным 

мен  нағашысы  Қатиолла  аға  бұл 

аспапта  шебер  ойнайтын.  Сол 

музыкалық  дәстүр  Ғабдоллиндер 

отбасының  балаларына  да  жұғысты 

болды.  Қазір  сегіз  үйдің  ұйытқысы 

бауырларының 

әрқайсысының 

төрінде домбыра ілулі тұр. 

Бауетдинде  «музыканың  шыңына 

жетем»  деген  арман  бала  кезде­

ақ  оянған.  Сезімтал  жігіт  санада 

сансыраған  әуенмен  ерте  достасты. 

Орал  қаласындағы  мәдени­ағарту 

училищесінің  халық  ұлт  аспаптар 

оркестрінің  дирижері  мамандығында 

оқып  жүргенде  ұстаздарының  әр 

сөздерін есте сақтап қалуға тырыса­

тын.  Сайын  Ғұбашев,  Қырымгерей 

Қажымовтардан  алған  білімі  бұл 

мамандықты  терең  ұғынуға  тал­

пындырды.  Әсіресе,  Қырымгерей 

ағайы:  «Дирижер  таяғы  суретшінің 

қылқаламы  іспетті.  Ақ  параққа  сурет 

салғанда  сенің  өз  бейнең  көрінеді. 

Қағазды  бей­берекет  шимайлап 

тастасаң, ішкі буырқанған сезім сыртқа 

шықпайды.  Шығарма  жандүниеңмен 

үндескенде ғана оркестрді еркін иіріп 

алып  кетесің...»,  –  дейтін.  Сол  ұстаз 

сөзі есінде сақталып қалыпты.

Талапты  шәкірт  тәлім  берген 

аяулы  жандармен  қалтарыс  сәттің 

өзінде  де  сөйлесіп  қалуға  тыры­

сып,  күмәнді  сұрақтарына  жауап 

алуға  асығып  тұратын.  Оны  өзі 

сүйетін  мамандықтың  ерекшелігі 

қызықтыратын.  Қырымгерей  ағайы: 

«Оң  қолың  –  жүрегің,  сол  қолың 

–  миың»  дейтін.  Оркестр  алдында 

тұрғанда  сол  ұстазы  айтқан  сөздер 

еріксіз  ойға  оралады.  Сезімталдық 

–  бұл  мамандықтың  ерекше  қыры. 

Шығарманы 

бар 

болмысыңмен 



қабылдамасаң,  оркестрге  жетекшілік 

ете  алмайсың.  Жүректен  шықпаған 

нәрсе,  жүрекке  жетпейді.  Бұл 

Бауетдиннің өмірлік ұстанымы. 

Сол  Орал  мәдени­ағарту  учили­

щесінде  оқып  жүргенде  ұстазы  Сай­

ын  Ғұбашевтан  нота  да  үйренген. 

Бұл  оқу  орнындағы  мұғалімдері  де 

мықты  болғанға  ұқсайды.  Дауыс 

екпініне  мән  беру,  үндестігін  аңғару, 

дыбысты  төмен  алғанда  музыка  үні 

де  сәнді  шығатынын  білікті  музы­

канттардан  естіген­ді.  Үнемі  бете­

геден  биік,  жусаннан  аласа  болып 

жүретін  Бауетдин  өзін  көрсетуге 

анабір 


құлшынбайды. 

Қашанда 


қарапайым,  ішкі  әлемінің  түсініксіз 

сырларымен алысып жүргені. Әрине, 

ол  шығармашылық  адамдарына  тән 

құбылыс.  Интернет  арқылы  ізденіп, 

күрделі  шығармаларды  орындау­

ды  қалап  тұратын  Бауетдин  өзінің 

осал тұстарын ой елегінен өткізгенді 

қалайды.  Қашанда  жаңа  туынды­

ны  қызметтестері  Ермек,  Әсима, 

жас  маман  Жасұлан  Абахановтар­

мен  бірге  тыңдап,  әріптестерімен 

ақылдасқанды 

жаны 

сүйеді. 


Шығармаларды  талдап,  пікірлерін 

ортаға  салу  өнер  адамдарының 

әдемі үрдісі. Қобыз, баян, контрабас, 

прима,  домбыра,  флейта,  сыбызғы, 

барабан,  дауылпаз,  виолончельден 

төгілген  әуезді  әуен  шығарманың 

жарқырап  шығуына  үлес  қосады. 

Музыка құдіретін терең ұғындырады. 

Бауетдин  келешекте  күрделі  туын­

дыларды  оркестр  сүйемелдеуімен 

жарыққа  шығаруды  армандайды. 

Әйтсе де, ондайларды орындауға ор­

кестр құрамы жеткіліксіз. 

−Кейде бес адам ойнайтын жұмыс 

үш адамға жүктеліп кетеді, – дейді ол. 

–  Бетховеннің  сонаталары,  Нұрғиса 

Тілендиевтің 180 актілі «Шаттық Ота­

ны» өте ауыр шығармалар. Аспаптың 

аздығы  әуеннің  жұпынылығын  сез­

діреді.  Нұрғиса  Тілендиевтің  «Еңбек 

қуанышы»  атты  шығармасын  орын­

дау  да  бір  арман.  Оркестрге  аспап 

толу  үшін  мамандарды  қаладан 

әкелу керек, – дейді дирижер әңгіме 

арасында. 

Иә,  өнер  әлемі  шынайылықты 

қалайды. Ол адамның ішкі түйсігімен 

үндеседі.  Әрі  талант  табиғаты 

тазалықты, 

адалдықты 

сүйеді. 

Бақыттың  бастауы  –  тынымсыз 

еңбекте.  Бауетдиннің  әріптестері 

Бауыржан  Темірәлиев  барабанда, 

Нұржан Темірбаев контрабаста, Аза­

мат Зайноллин бас домбырада, Қанат 

Бекеев виолончель аспабында ойнай­

ды. Олардың орнын басатын маман­

дар  жоқ.  Нарын  топырағының  пер­

зенттері өнерден кенде емес, әсіресе, 

Шамғон 

Қажығалиев, 



Тұяқберді 

Шәмеловтей ағалар осы киелі жердің 

перзенттері  екені  көптің  көкейіне 

мақтаныш сезімін тудырары анық. Бұл 

бергісі ғой, арғысы Құрманғазы, Сей­

тек, Дәулеткерейлерді қоспағанда... 

Тәуелсіздік  күніне  орай  Бауетдин 

Ғабдоллин  облыс  әкімі  Н.Ноғаевтың 

қолынан  Елбасы  Н.Назарбаевтың 

«Құрмет»  грамотасын  алды.  Бұл 

еңбектің әділ бағалануы. Аяулы жары 

Жанар  мен  ұлы  Айбек  оның  тыным­

сыз  шығармашылық  өмірінің  мән­

мағынасы. 

Өнер  көгінде  жұлдызың  жарқырай 

берсін, Бауетдин!



Гүлнар ҚАДЫРОВА.

Орда – өнерлілер өлкесі

«Оң қолың – жүрегің, 

сол қолың – миың»

Музей қашан да көне жәдігерлерді, 

тарихи  маңызы  бар  деректерді  із­

дестіріп  отырады  ғой.  Сондай  бір 

жоғымыз  аудандық  газеттің  «Орда 

жұлдызы»  деген  атпен  жарыққа 

шыққан  бірінші  нөмірі  еді.  Кітапха­

налардан,  мекемелер  мен  жеке 

адамдардан  газет  тігіндісін  іздестір­

генімізде Тұрақбай аға «Менде бар» 

деп  «Орда  жұлдызы»  газетінің  №1 

және №2 санын ұсынды. Алғашқысы 

1973  жылдың  1­ші  қаңтарында, 

екіншісі  3­қаңтарында  басылып­

ты.  Бастапқыда  ксерокөшірмелерін 

алуға сұрап алдық. Кейін ақсақалдың 

өзі  «Менің  музейге  сыйым  болсын», 

−  деп  әлгі  газеттерді  бізге  басыбай­

лы  берді.  Осыдан  бастап  Тұрақбай 

ағамен  жиі  хабарласып,  оның  жеке 

мұрағатында аудандық газеттің тігін­

ділері сақталғанын білдік.

Музей  кешенінде  жаңадан  бой 

көтерген  «Тұңғыш  қазақ  кеңестік 

баспаханасы»  музейі  экспозици­

ясы  жасақталып  жатқан  кезде  де 

ағамыз  бізге  үлкен  көмек  көрсетті. 

Орда  аудандық  баспаханада  әр 

жылдарда істеген адамдар жайында 

мол  мәліметтерді  өзінде  сақталған 

әріптестерінің  суреттерімен  қоса 

тапсырды.  «...Бұл  газеттерді  оқуға 

қазір  көзім  де  көрмейді,  құлақ  та 

ауырлады»  деп  неше  бір  жылдар 

өзі  де  қолтаңба  қалдырған,  бірне­

ше  үзеңгі  жолдас  әріптестерін  еске 

түсіретін «Октябрь туы» (1964, 1970­

1971  ж.ж.)  «Орда  жұлдызы»  (1973, 

1974,  1975,  1976  ж.ж.)  газеттерінің 

тігінділерін 

қолымызға 

ұстатты. 

Сарғайған 

газеттердің 

бірінші 


бетінің  жоғарғы  бұрышында  кезекші 

Наурызғалиев, Шәкенов, Ғайсин, т.б. 

фамилиясы мен атының бірінші әрпі 

жазулы  тұр.  Бұл  сол  күнгі  шыққан 

газетке  жауапты  адам  екенін  ұқтық. 

Осының  өзі­ақ  ұқыпты  қолдың  та­

бын  айқын  аңғартып  тұрғандай.  Са­

налы  ғұмырында  аудандық  газетте 

отыз  жыл  жауапты  хатшы  қызметін 

атқарған  көкірегі  толы  сыр  сандық, 

қазыналы  қарияға  көнекөз  ел  адам­

дары  туралы  сауал  тастап,  тың 

мәліметтерге де қанықтық. Фототілші 

(фотокорреспондент) Төлеу Бәйішев, 

«Сталин»  колхозының  басқарма 

төрағасы  Мәмбет  Теміралиев,  ұзақ 

жыл  бөлімше  басқарған  Исағали 

Бисекенов,  тағы  басқалар  туралы 

сұрағанымызда  өз  білгенін  баяндап, 

тағы кімдермен байланысуға болаты­

нын айтып, телефоны мен үй­жайла­

рын хабарлады. 

2014  жылы  Хан  Ордасы  ауылын­

да  өткізілген  Орда  кеңшарының  50 

жылдық  мерейтойында  бұрындары 

кеңшардың  әр  саласында  қызмет 

атқарып,  аудан  экономикасының 

өсіп­өркендеуіне 

өз 

үлестерін 



қосқан  жерлестеріміздің  еңбектерін 

қайта  насихаттауда,  музей  ке­

шені  дайындаған  «50  жылда  –  ел 

жаңа»  атты  тақырыптық  экспозици­

ясы  жасақталғанда  осы  газеттерді 

парақтап, көп сырларға қанықтық.

Отыз  жылдан  астам  газет  жұмы­

сының қазанында қайнап, түйгені мол 

ардагер  журналистің  ел  алдындағы 

еңбегі  бағаланып,  бірнеше  рет 

аудан, облыс басшыларының Мақтау 

қағаздарымен марапатталған.

Өткерген бұл өмірдің дүрмектерін,

Тек қана жақсылықты құрметтедім.

Барым да, базарым да арналды әр күн,

Ел үшін арманы не тер төкеннің!

Сондықтан түн болса да ерінбедім,

Досы боп көргенім жоқ көрінгеннің.

Мейлің ұқ, мейлің ұқпа мен әйтеуір,

Еңбектің  дүрілдеген  төріндемін,  – 

деп ақын ағамыз Хамидолла Қыдыров 

жырлағандай,  журналистердің  әр 

күнінің  тынымсыз  еңбекпен  өтетінін 

бағалап,  насихаттай  жүрейік  де­

мекпіз. Өйткені, газеттің өзі бір күндік 

болғанымен,  сөзі  мың  күндік.  Оған 

жоғарыдағы жәйттер куә. Айтпақшы, 

мына  суретте  сол  Тұрақбай  ағамыз 

бен оның бір топ әріптестерінің сен­

білікте жүрген сәті бейнеленген.



Бақыт ДӘУЛЕТОВА,

Бөкей ордасы тарихи 

музей кешенінің бас қор 

сақтаушысы.

«Орда  жұлдызы»  аудан  өмірінің  айнасы 

ғана емес, Елбасы алға қойған асқаралы мін­

деттерді қалың бұқараға түсіндіретін насихат 

құралы  екенін  ұғынып,  газетке  жанашырлық 

танытып  келе  жатқан  әрі  2016  жылғы 

таралымының  артуына  ықпал  еткен  Бисен, 

Мұратсай ауылдық округі әкімдері Қайырсапа 

Саматов  пен  Сұңғат  Қойшекеновке,  мекеме 

басшылары – аудандық аурухана директоры 

Әділгерей Ғаббас пен «Қазсушар» аудандық 

өндірістік  учаскесі  директоры  Махамбет 

Кенжеғалиевке  облыстық  «Жайық  Пресс» 

ЖШС­нің  бас  директоры  Жантас  Сафуллин 

«Алғыс  хат»  жолдап,  өз  ризашылығын  біл­

дірген­ді.  Мына  суретте  аудан  әкімі  Нұрлан 

Рахымжановтың  Бисен  ауылдық  округінің 

әкімі  Қайырсапа  Саматовқа  сол  марапатты 

тапсыру сәті бейнеленген.

Жамағатқа жағымды жаңалық

Баспасөз − өмір айнасы



1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал