Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» рмм



жүктеу 2.8 Kb.
Pdf просмотр
бет11/12
Дата09.01.2017
өлшемі2.8 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

              

95 
 
4.2. Қазақ ойшылдары ілімінің бүгінгі қоғамдағы маңызы 
        Қазір таңда еліміздің дәстүрлі қоғамға қайта оралу кезеңін бастан кешіріп 
жатқаны белгілі. Содан да болар, руханият төңірегінде қаумалаған түсініксіз 
мәселелер көп-ақ. Жұртшылықты, әсіресе, еліміздегі діни ахуал қатты мазалап 
отыр. Қоғам шын дін қайсы, шатақ дін қайсы екенін біле алмай дағдарып 
қалды. Жалпы рухани-діни өрісте тура жолды таптық деуге әлі ерте.  
        Хакім Абайдың әлеміне тереңдеп барудың қажеттігі, ойшылдық мұрасын 
халық игілігіне пайдаланудың уақыты жеткендігі осыдан-ақ айқын.   
        Басқа  шығармаларын  қоя  тұралық,  ұлы  Абайдың  «Ғақлиат-тасдиқат» 
(қазіргіше 38-қарасөз) атты трактаты қазіргі таңда ғалымдарымыз қолына шам 
алып  таба  алмай  жүрген  даналық  танымдарға  толы.  Бірақ,  «қолда  барда 
алтынның  қадірі  жоқ»  демекші,  оларды  назарға  ілгеніміз  кәне,  мектеп 
қабырғасындағы жастардың Абай ілімінен мақұрым қалғаны анау.  
         Сонымен,  дүниеге,  дінге  Абайдың  көзімен  қарауды  үйрену,  санаға 
шөктіру  қайнаған  өмірдің  сұранысы.  Бірақ  Абай  танымдарын  қоғамдық  сана 
дамуының  факторына  айналдыру  айтуға  ғана  жеңіл,  шын  мәнінде  қиынның 
қиыны екені тағы анық. Төменде осы мәселе төңірегінде ой-пікір бөліспекпіз. 
Сол  үшін  алдарыңыздағы  мақалада  ислам  канондарын  Абай  ілімі  арқылы 
танып-білу мәселесі қойылып отыр.  
        Дін  білімінің  шыңы  -  теология,  Тәңіріні  тану.  Абай  ашқан  әлемдік 
жаңалықтар негізінен осы салаға тиесілі. Дәлелге ғұламаның жоғарыда аталған 
трактаты,  яғни  38-қарасөзге  көз  тігелік.  Абай  алдымен  Тәңірінің  сипаттары 
мен  есімдерін  аса  қиын  сырлы  тәсілмен  зерттей  келе,  бір  жүйеге  салады. 
Ақырғы  нәтижесінде:  «Сенде  бұл  ғылым,  рахым,  ғаделет  үш  сипатпенен 
сипаттанбақ»  деп  қорытады.  Қарапайым  болып  көрінетін  бұл  тезистегі 
айтылмыш  үш  сипатты  шығару  үшін  ұлы  Абайдың  қаншама  ой  еңбегін  сарп 
еткені  бір  Аллаға  ғана  аян.  Анығы,  біз  бұл  жерде  таңдай  қағарлық  ғажайып 
жаңалықтың, құдіретті формуланың куәсіміз.  
         Бұл  тұжырым  өсіріп  айтқандық  болып  көрінбеуі  үшін  үш  сипатқа  рет-
ретімен келейік. 
         Галатикадағы  аспан  денелерінің  мүлтіксіз  қозғалысы,  жер  бетіндегі 
барша  құбылыстар  (күн  мен  түн,  қыс  пен  жаздың  ауысуы,  ажал  мен  өмір, 
ыстық  пен  суық  т.с.с.)  Алланың  ғылымы  бойынша  атқарылады  және  сол 
бойынша өз түсінігін табады.  
       Адамның  ғылымы  Алланың  ғылымының  зәредей  ғана  бөлшегі.  Соның 
өзінде ол адамзатты тас дәуірінде мәңгі қалудан құтқарды. Соңғы ғасырларда 
ислам елдерінің прогресс көшінен шет қалуы, Еуропаның ойқастап озып қара 
үзуі,  осы  заманғы  кейбір  елдердің  алға  шығуы  сияқты  құбылыстарға  да 
«кінәлі»  жалғыз  ғылым-құдірет.  Қоғам  дамуының,  жалпы  өркениеттің  басты 
көрсеткіші - ғылым-білім деуімізге бұлардан артық дәлел бола ма? 
        «Адамды  ерекше  ақыл  иесі  қылып  жараттық»  деген  Құран  аяты  адамды 
адам  қылған  керемет  -  ғылым  деуімізді  растай  түседі.  Өйткені,  «ақыл  - 
ғылымның  бір  аты»  (Абай).  Тіршіліктің  рухани-материалдық  жағы,  оның 

96 
 
ішінде ғылымды дамыту, сөз жоқ, ақылдың ісі. Абай айтқан «дүние де өзі, мал 
да өзі», «ғылым - Алланың бір сипаты», «ғылым - һаммаға харекет беретұғын 
өзі»,  «біз  ғылымды  сатып,  мал  іздемек  емеспіз,  малменен  ғылымды  кәсіп 
қылмақпыз» деген аят-хадистей айқын тезистер соның дәлелі. 
         Ғылым  -  адамзат  дамуының  сара  жолы  деген  бұрыннан  мәлім,  ешкім  де   
жоққа  шығара  алмайтын  ақиқат.  Онда  біз  неге  оны  Абайға  теліп,  қазақ 
данышпаны  ашқан  жаңалық  деуге  бейілміз.  Өйткені,  Абай  ғылым  -  Алланың 
қозғаушы  (өз  сөзімен  айтқанда  «харекет  беретұғын»)  сипаты  екендігін 
теологиялық  тұрғыдан  тұңғыш  дәлелдеген  ғұлама,  қазіргі  тілмен  айтқанда, 
ұлы теолог-хакім. Ізденгіш Абай Алла тағаланың сегіз сүбүтия сипаттарының  
ішіндегі  «харекет  беретұғыны»,  яғни  айқындаушысы  -  ғылым-құдірет  қана 
деген  маңызды  қорытындыға  келеді.  Ал,  «сегіз  сипаттан  қалған  алтауы  – 
бұларға шарх (шарх - түсініктеуші, толықтырушы деген мағынаны білдіреді)» 
деп түсіндіреді. Қайталап айтайық, бұл бұрын-соңды болмаған соны жаңалық. 
Алланың ғылым сипаты  қоғам тұра  тұрсын,  күллі ғарыштың қозғаушы күші 
екендігі  тұңғыш  рет  дәйектеліп  отыр.  Абай  жүргізген  теологиялық  ізденістің 
кереметі міне осы. 
         Енді  Абай  тезисіндегі  үш  сипаттың  қалған  екеуі  –  рахым  мен  әділетке 
ойысалық.   
         «Рақымдылық,  мейірбандылық,  әр  түрлі  істе  адам  баласын  өз  бауырым 
деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек, бұлар - жүректің ісі», - 
дейді Абай (14-сөз).  
         Осынау  тамаша  анықтамадан  рақым,  мейірімнің  ұясы  жүрегімізде  екені 
ұғылады. Сол себепті  «тірі адамның жүректен аяулы жері жоқ» (Абай). 
         Әсілі, мейірім адам баласына ғана тән сезім емес, аңдар мен құстардың да 
бастарын  байлап  тұқымына  қамқор  қылып  қойғандығы  -  Алла  тағаланың 
хикметі.  
         Кеудеміз  қуысындағы  жүректе  ұялаған  екінші  қастерлі  сезім  -  әділет. 
Махаббаттан  кейінгі  таңғажайып  нәрсе  осы.  Неге  десеңіз,  әділет  жоқ  жерде, 
береке-бірлік  болмайды.  Ештеңе  де  дәл  әділетсіздік  сияқты  жұмыр  басты 
пенденің жүрегіне жара салып, жүйкесін тоздыра алмайды. Фольклор мен ауыз 
әдебиетінен де, күнделікті өмір шындығынан көреміз  - тек әділ адам, әділ би, 
әділ патша ғана халықтың сүйіспеншілігіне, ыстық ықылысына бөленеді. Неге? 
Хакім Абай бізге әділетті адам болудың, сонымен бірге, «Құдай жолы», «таза 
мұсылман», «толық адам» ұғымдарының мәнісін: «...Біреулерге я дүниеңмен, я 
ақылыңмен, я малыңмен ғадалет-шапағат секілді жақсылық тигізбек мақсатың 
болуы» деп ұқтырады (Бұл арада ой салмағы «мақсатың болуы» деген тіркесте. 
Мәселен,  Абай айтқан: «Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, 
қалайша бітіргендігінен емес» деген нақыл осы жәйтпен өз түсінігін табады).  
         Сөйтіп,  сезімдердің  патшасы  -  махаббат  (мейірім)  пен  әділет.  Абай  бұл 
екі ұғымды қосақтап «ғаделет-шапағат» терминін енгізеді. Осы тұста тағы бір 
пысықтаған жөн, ғылым, мейірім, әділет тұтастығы - Абай жаңалығы,   ғылым 
тілімен айтқанда, бұлар күллі прогрессті айқындайтын үш координата.  

97 
 
         Осы  тұста  тоқтала  кетелік,  Абай  танымына  әлденеше  маңызды 
ерекшеліктер  тән.  Күллі  адамдық  қасиеттер  мен  идеалдар  Алла  тағаланың 
сипаттарынан  бастауын  алады.  Осыған  қарамастан  ойшылдың  ғақлия 
мұрасында  дін  ғылымы,  дін  заңы,  дін  жолы  ұғымдары  жоққа  тән,  есесіне 
Алланың  ғылымы,  махаббаты,  Құдай  ісі,  құдайылық  заңдар  және  Хақ  жолы 
деген  түсінік,  терминдер  төрден  орын  алады  (бұл  тіркестер  енді-енді  ғана 
санамызға  орнықты,  кеңестік  идеология  дәуірінде,  мәселен,  адамның 
ғылымынан  басқа  ғылым,  адамның  заңынан  басқа  заң  бар  дегенді  естіген  де, 
білген де емеспіз). 
          Бұл  ерекшеліктер  де  Абай  бір  мәдениеттің  немесе  бір  діннің  шеңберіне 
симайтын жалпыадамзаттық ақиқаттарды ашқан деуімізге дәлел. 
          Шынтуайтында,  ой  алыбы  Абайдың    әлемдік  теологияға  қосқан  үлесі 
ерен.  Сайып  келгенде,  Нъютон  заңдары  физика  саласында  қандай  маңызды 
болса, Абай ашқан заңдар рухани әлемде тура сондай маңызды. Төменде осы 
тұжырымды әрі қарай бекіте түселік. 
         Құраннан  мәлім,  Құдайдың  ғылым-құдіреті  қандай  шексіз  болса,  Оның 
мейірім, махаббаты да сондай шексіз. Адамға берілген сүйіспеншілік, мейірім, 
рақым,  ізгілік  сезімдер  соның  бір  кішкене  ғана  көрінісі.  Абайша  Құранның 
бүтін  рухы  және  Құдай  ісі,  Хақ  жолы  ұғымдарының  мәнісі  -  махаббат  пен 
әділетке тіреледі.  Жаңалық ойын қазақ данасы өзінің «Алланың өзі де рас, сөзі 
де рас» өлеңінде былайша өреді: 
                                          Махаббатпен жаратқан адамзатты, 
                                          Сен де сүй Ол Алланы жаннан тәтті. 
                                           Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, 
                                           Және Хақ жолы осы деп әділетті.  
          Берісі  мұсылман,  әрісі  бүкіл  адамзат  ғұламалары  ұқтыра  алмай  жүрген 
«иман»  ұғымына  Абайдың  өзіндік  жол  табады,  оны  «үш  сүю»  ілімі  арқылы 
жеткізгенінің куәсіміз. 
          Шариғат  бойынша  «мұсылман  -  мұсылманның  бауыры».    Абай  бұл 
шеңберден  асып:  «Адамзаттың  бәрін  сүй  бауырым  деп»  дейді.  Бірақ  қалай, 
қайтіп? Қамшының сабындай қысқа ғұмырда адамзаттың бәрін сүю мүмкін бе? 
Сол  сияқты  «Бір  адамды  өлтіру  бүкіл  адамзатты  өлтірумен  тең»  деген  аятта 
қандай астар бар?  
         Осынау  қиын  сырды  бізге  Абайдың  өзі  «Құдай  жолы»  ұғымы  арқылы 
ашып  береді.  Адамзаттың  бәрін  сүю,  әрине,  мүмкін  емес.  Бірақ  кімде  кім 
өзінің жақын айналасын, ең болмаса бір адамды шын сүйе білсе, оның Құдай 
жолына  қадам  басқаны  сол.  Егер  сол  мақсаттан  еш  тайқымауды  пенде  өзіне 
шарт  қылып,  өмір  сүретін  болса,  оның  адамзаттың  бәрін  сүйгендігі  сол.  Бұл 
пайым  дәлеліне  38-сөздегі  мынадай  қорытынды  түйінді  келтірелік:  «Енді 
білдіңіздер, перзенттер! Құдай тағаланың жолы деген жол ниһаятсыз (шексіз) 
болады. Оның ниһаятына ешкім жетпейді. Бірақ сол жолға жүруді өзіне шарт 
қылып, кім қадам басты, ол таза мұсылман, толық адам делінеді».       

98 
 
         Осы  тезисі  арқылы  Абай  бүгінгі  таңда  таба  алмай  жүрген  діндегі  түзу 
жолымызға сілтейді. Бұл ұлағаты өлеңіндегі «Алла мінсіз, әуелден пайғамбар 
хақ, мүмин болсаң үйреніп, сен де ұқсап бақ» деуімен сабақтасады.  
        Сөз  басында  айттық,  ұлы  Абай  өзінің  «Ғақлиат-тасдиқат»  (қазіргіше  38-
қарасөз)  атты  трактатында  Алланың  сипаттары,  адам  баласының  болмысы, 
иман, ғибадат, сопылық пен хакімдіктің табиғаты, пенденің тура жолы, діннің 
хақ  мағрифаты,  қоғамның  даму  заңдылығы    т.с.с  сан  жылдар  толғандырған 
тарам-тарам  танымдарын  қорытындылап,  олардың  соңғы  нүктесін  қойған 
болатын.  Солардың арасынан үш сипатты (ғылым, рахым, ғаделет) қоғамның 
даму  формуласын,  «ғаделет-шапағат»  және  «үш  сүю»  ілімдерін  қарастырып, 
азды-көпті  саралап  өттік.  Бұлар  тек  тәлім-тәрбие  шеңберінде  қарастыруға 
келмейтін,  бүкіладамзаттың  дамуын  дұрыс  бағытқа  сілтейтін  аса  құнды  ілім, 
доктриналар.  
         Абай  ашқан  басты  жаңалық  қоғамдық  келісімнің  іргетасы  -  әділет  һәм 
махаббат  сезім  деп  дәйектегенінде.  Қос  феномен  сезім  ауыспайтын  Тәңірінің 
ісі,  жарлығы  болғандықтан  оларды  көркейтуге,  рәуеж  беруге  ұмтылыс  жеке 
адамға да, қоғам үшін де басты мақсат болып табылады. 
          Елімізде  көп  айтылып-жазылып  жүрген  қоғамдық  келісім,  оның  ішінде 
дінаралық  келісім,  сол  сияқты  төзімділік,  оның  ішінде  діни  төзімділік  өз 
алдына  философиялық  категориялар  емес,  олар  Тәңірінің  ісі  -  мейірім, 
әділеттен туады.   
         Сөз  соңы,  Абай  бастатқан  қазақ  ғұламалары  ілімінен  ғибрат  алу,  оны 
пайдалану мәселесіне келейік.    
         Қазақты  қазақ  қылған  әдет-ғұрыптың  бірі  де  бірегейі  –  жасы  үлкенді 
сыйлау  екені  мәлім.  Ал,  қазіргі  жастардың  бірлі-жарымы  ғана  болмаса, 
көпшілігі автобусқа бір қария адам кірген кезде атып тұрып орнын ұсынбайды, 
не болмаса үлкеннің я ұстаздың жолын кес-кестемеу үшін тұра қалмайды. Бір 
сөзбен айтқанда, жас буынның бойына мейірімділік, бауырмалдық қасиеттерді 
егу күн тәртібінде тұр. Сол сияқты кез келген әділетсіздік те қоғамды кеміріп, 
жегідей  жейді.  Мәселен,  капитал  билеген  мына  заманда  біреудің  маңдай  тер, 
адал ақысын жеу үйренішті құбылысқа айналды. Мұның арты аят-хадистерде 
сөгілген үлкен күнә, тозақ азабы ғой. 
          Тағы  бір  келеңсіздік,    әлемдік  рухани-діни  дағдарыс  өртінен  ұшқан 
шоқтар  қазақ  елінің  әр  тұсына  түсе  бастады.    Құранның  бүтін  рухын  дұрыс 
түсіне  алмай,  исламды  жекелей  аят,  хадистер  арқылы  немесе  тек  шариғат 
шарбағында қарастырмақ болып, тура жолдан адасып қалған, яғни қатігездікке 
салынған азаматтар арамызда баршылық.  
          Қай қырынан келсек те, Құдайдың махаббат, әділет заңын танып-білудің 
мән-маңызы  ерекше,  ол  әлеуметтік  дерттердің  алдын  алу  үшін  ауадай  қажет.  
Қай  жерде  қатігездік  пен    қиянатшылық  өрістесе,  сол  жерде  рухани 
қуаңшылық бар, сол жерде мейірім, рахым жетіспейді.   
         Қорыта  айтқанда,  екі  ғасыр  тоғысында  өмір  кешкен  ұлт  ойшылдарының 
даналық  танымдары  қоғамдық  санамызға  серпіліс  әкеле  алатын  қуатты  да 

99 
 
шуақты идеологиялық құралымыз. Олар қазақ руханиятына қан жүгіртіп, оны 
әлемдік  өркениетпен  ұштастыруға  да  қабілетті.  Сонымен  бірге,  оның  діндегі 
түзу жолымызды табуға септесері сөзсіз.   
 
4.3. Ойшылдық мұрамызды заманауи тәжірибеде  
пайдалану жолдары 
          Қазақтың төл ғұламалары мен көрнекті ағартушы қайраткерлерінің бірде 
бірі  «таза  ислам»  тақырыбын  алдыға  қойған  емес.  Неге  десеңіз,  бұл  жеңіл-
желпі  қарауды  көтермейтін,  ұлттың  жан  дүниесіне,  көпғасырлық 
менталитетіне  жақын  жанасатын  нәзік  мәселе.  Өкінішке  қарай,  соңғы  он-он 
бес  жылда  қазақылық  болмыстың  қандай  да  болмасын  сипат-көріністері  қос 
өкпеден  қыспаққа  алынып,  тынысы  тарылып  келе  жатқанын  байқау  қиынға 
соқпайды. Осылай жалғаса берсе көпғасырлық дәстүрлерден жалаңаш қалған, 
космополит жұрттың біріне айналарымыз сөзсіз.  
        Кез келген дін рухани ілім, сол себепті, жалған діни ағымдарға түбегейлі 
тойтарыс берудің ең тиімді жолы – олардың теориялық негіздерін шайқалту я 
жоққа  шығару  болып  табылады.    Әйтпегенде  себептің  өзімен  емес,  тек  оның 
түрлі  салдарларымен  ғана  күресіп,  өндімейтін  шаруаға  уақыт  жұмсауға 
мәжбүр боламыз.  
         Алла  тағаланы  тану  және  Құран  арқылы  түскен  сөздерін  бұрмаламай 
дұрыс тәпсірлеу санаулы  рухани ұстаздардың  ғана  еншісі, тым сирек сыбаға. 
Алайда  мұндай    руханият  шыңына,  тұтастық  сана  деңгейіне  әлі  шыға  алмай 
жатса  да  «таза  ислам»  үшін  деген  ізгі  ниетпен  қасиетті  Құранды  тәпсірлеуге 
талап  қылып,  нәтижесінде  жаңа  бір  ағымды  дүниеге  әкелген  дін  ұстаздары  я 
дін хакімдері аз емес.    
        Адам Ата мен Хауа Анадан беріде асқан ақыл иелері өздері тексеріп, онан 
соң  бүкіл  адамзатқа  ұқтырып,  жеткізуге  талпынып  келе  жатқан  екі  даусыз 
ақиқат бар: бірі – Алла тағаланың абсолюттігі, яғни құдыретінің, мүмкіндігінің 
шексіздігі,  бірі  –  он  сегіз  мың  ғаламның  меңгерілуі  махаббат  пен  әділет 
заңымен  іске  асатындығы.  Соңғысы  жайлы  Абайдың:  «Махаббат,  ғаделеттің 
керек емес жері жоқ, кіріспейтұғын да жері жоқ. Ол – жаратқан Тәңірінің ісі» 
деген тезисін саралап өткенбіз. Ал, бірінші ақиқатқа келгенде, оны  байыппен 
тарқаталық.  Қазіргі  таңда  бақсы,  балгерлік,  көріпкелділік,  аруақтармен 
байланыс, аян алу, басқа планеталарда порымы өзге жан иелерінің болуы т.б. 
табиғаты  түсініксіз  құбылыстарға  деген  көзқарастарымыз    баяғыша  екіұдай. 
Кіміміз күмәнді, кіміміз мүңкір болып, адам санасынан тыс әлемге сене алмай 
жатамыз  ғой.  Тіпті  мұндайды  «көпқұдайшылыққа»  балап,  соққы  астына 
алатынымыз  бар.  Неге,  не    себептен  дейсіз  ғой.  Өйткені,  «Алла  тағала  - 
өлшеусіз,  біздің  ақылымыз  -  өлшеулі».    Жаратушының  заты  түгіл,  хикметіне 
ақыл  ілестіру  еш  мүмкін  емес.  Сөйтіп,  сыры  беймәлім  хикметтерге 
пендешілікпен  өлшеммен  келіп,  адамнан  өзге  тіршілік  иелерінің  болуын 
терістейміз.  Шынтуайтында  «біздікі  оңды,  ана  діндікі  қате»  немесе  әлдебір 
құбылысқа  қатысты  «ол  жоқ,  болуы  да  мүмкін  емес»  деп  кесіп-пішу 

100 
 
жарамайды.  Мұның  бәрі,  сайып  келгенде,  Жаратушы  құдіретіне  шектеу 
қоюшылық, яғни күпірлік болып табылады.  
        Әсілі,  қай  дін  болмасын  қандай  дәрежеде  толерантты  болса,  сондай 
дәрежеде ақиқатты. Сол сияқты қай халық фанатизмнен аулақ, бауырмал болса, 
сол халық кемеңгер.   Өйткені, Алла тағала еш пендесін алаламайды, ал этнос, 
ұлт  туралы  сөз  де  жоқ.  Өз  пиғылдарыңды  Жаратушы  фиғылына  «өз  хәліңше 
ұқстауды шарт қыл» деп үйретеді Абай.  
       Құрғақ  ой-пайымдар  ести-ести  құлағымыз  жауыр  болған  жалпылама 
полемикалық  пікірлер  сияқтанады.  Сондықтан  Абайдың  ойшылдық  мұрасы 
арқылы  ең көнеден келе жатқан және теориялық жағынан іргелі, қазіргі тілмен 
айтқанда,  «фундаменталді»  ағымның  бірін  мысалға  ала  отырып,  оның  
теоретиктеріне    тойтарыстар  беріп  көрелік.  Исламда  мұндай  ағым  «салафия» 
деп аталатын ағым деген ойдамыз.  
        «Салафи» (әс-салафи), толық түрде  «әс-салаф әс-салих» деген араб сөзі  –
«ең  қайырлы  буын»,  яғни  алғашқы  сахабалар  өткен  өнегелі  жолды 
ұстанушылар  деген  мағынаны  білдіреді.  Аталмыш  ағымның  пайда  болу 
тарихы  сонау  13  ғасырда  өмір  сүрген  шейх  ибн  Теймияның  есімімен  тығыз 
байланысты.  Ол  ислам  өркениеті  құлдырай  бастаған  дәуірде  сүріп,  оны 
дамудың  даңғылына  қайта  шығаруды  аңсаған,  сол  үшін  артына  көп  мұра 
қалдырған ірі ғалым адам болған. Салафия радикальді ағым саналмайды. 
        Бірақ  Мұхаммед  ибн  Әбділ  Уаххаб  (1703-1792)  деген  арабиялық 
уағыздаушы  салафилер  ілімін  негізге  ала  отырып,  қоғамға  қауіп  төндіретін 
экстремистік  бағыттағы  ұйымның  іргесін  қалады.  Сондықтан  18-19 
ғасырлардан  беріде  салафилерді  «уаххабилер»  деп  те  атайды.  «Уаххаби» 
ағымы  соңғы  ғасырда,  әлбетте,  ұлт-тәуелсіздік  күресінің  алдыңғы  шебінен 
табылды,  сондай-ақ,  соңғы  онжылдықта  «жиһад»  жариялау  сияқты    теріс 
әрекеттерімен «даңқты» болғаны баршаға аян нәрсе.   
       Қазақ  мұсылмандығы  ескілікті  тәңірлік  сенім-наным  мен  исламдық 
танымның  біте  қайнасқан  синтезі  ретінде  қалыптасқаны  жақсы  белгілі. 
Қазақстан мұсылмандары ұстанатын Әбу Ханифа мазхабы өз жамағатына  көп 
жеңілдік  беруімен,  әрі  демократиялығымен  ерекшеленеді.  Міне  соңғы 
жылдарда    осы  ерекшелікке  қарсы  шабуыл  толастар  емес.  Мұның  салафизм 
ағымынан жұққан «дерт» екеніне күмән жоқ.    
         Сол  сияқты  еліміздегі  салафизмнің  теріс  ықпалы  аруақтардың,  ұлы 
тұлғалар  рухының  әсерін  жоққа  шығаруда  анық  бой  көрсетіп  отыр.  Өйткені, 
олар дұғаларда пайғамбарлардың, әулиелердің, періштелердің есімдерін айтуға, 
өлгендерге Құран оқып бағыштауға қатаң тиым салады. Кәне, жер бетіндегі әр 
ұлттың ұлы тұлғаларының рухына тағзым етіп, аруағын силамаудың арты неге 
апарып соғарын көзге елестетіп көріңізші. Жә, тәу етуге лайықталған жүздеген, 
мыңдаған  ескерткіштер  мен  кесенелерді  түбімен  қопарып  жойып  жібердік 
делік,  содан  адамзаттың  имандылығы  нығаяды  дегенге  ақылы  сау  адам  сене 
ала ма?  

101 
 
       Ең  бастысы,  Құранда  көрсетілген:  «Көктерде  қаншама  періштелер  бар. 
Алла  қалап,  разы  болған  кісісіне  рұхсат  бермейінше,  олардың  шапағаты  еш 
нәрсеге жарамайды» (53:26) деп. Демек, сансыз періштелердің бары шындық, 
олардың жер бетіндегі адамды қорғаштап, шапағатын тигізуі бек мүмкін нәрсе. 
Тек ол үшін мейірімді Алланың разылығы болсын деңіз. 
        Салафизм  өкілдері  Құран  аяттарын  өз  өрелері  жеткен  деңгейде,  шолақ 
ойлы,  дәлелсіз  тәпсірлеумен  әуре.  Хүкім  шариғатты  бұрмаламай  дұрыс 
тәпсірлеу сирек данышпандардың ғана сыбағасы екенін жоғарыда айтқанбыз. 
Өйткені,  әр  сырлы  сөздің  астарынан  махаббат  пен  әділет  заңдылығын, 
Шәкәрімше  «діннің тазасын, шын негізін»,  «діннің адамды бір бауыр қылмақ 
мақсатын» көре білу шарт. Әйтпесе жоқ.  
         Қорыта  айтқанда,  халықтық  педагогика  мен  қазақтың  ырым-жоралары, 
қағидалары  үлкен  тәрбие  мектебі  рөлін  атқарып  келеді.  Сондықтан  салафия 
теоретиктерінің «көпқұдайшылық» деген жаламен ұлттық нанымдар мен салт-
дәстүрлерді  сылу,  басып-жаншу  тәсіліне  көне  алмаймыз.    Схоластикалық 
догмат пен діни фанатизм қыспағымен олардан түгел айырылып, ажырап қалу, 
ұлттық бітім-болмысымыз және менталитетімізбен қош айтысу деген сөз.   
         Ұлы  Дала  жұрттары  білген,  ұстанған  манихей,  зороастризм,  тәңірлік 
сияқты ескі діндердің келмеске кеткені аян.  Діндердің тарихын жақсы білмесе 
Абай олардың «қағида, шариғаты» өзгеріп отырды дегенді неге айтсын. Бүгінгі  
жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай көбейіп жатқан жаңа ағымдар да әлбетте 
сыртқы ғибадатқа, оған «реформа» жасауға ғана қатысты. Тек Абай, Шәкәрім 
айтқан  Алланың  ішкі  хақиқаты  ғана  өзгермек  емес.  Жастарымыз  жалған 
ілімнің иіріміне түсіп кетпеуі үшін бүкіл әлем болып, иманның тазалығы мен 
діннің түп мақсатын ұқтыруды қолға алған жөн-ау. 
        Сонымен,  қазақ  ойшылдарының  еңбектері  кез  келген  діни  бағытқа,  оның 
ішінде  «фундаменталистік  ислам»  деген  атаққа  ие  болған  салафизм 
теоретиктерін мықтап сынға алуға мүмкіндік береді. Демек, олардың даналық 
танымы еліміздің рухани-діни қауіпсіздігін сақтаудың құралы. 
         Ғаламдану  процессі  есігімізді  қаққан  осы  заманда  Қазақстан  халқының 
рухани  тұтастығы,  жас  буынға  құдайшылық  және  адамшылық  тәлім-тәрбие 
беру, сондай-ақ, еліміз – дінаралық келісім орталығы деп мойындала бастаған 
мезетті  пайдаланып  қазақ  руханиятын  соған  лайық  дәрежеге  көтеру  сияқты 
мәселелер күн тәртібінде тұр.  
        Осы мәселелердің бірде бірін қазақ топырағында бар ойшылдық мұраны, 
әсіресе, теологиялық ізденістерді айналып өтіп, шешу мүмкін емес. Сондықтан 
оларды  алдағы  уақытта  да  жан-жақты  зерттеп-зерделеу  зор  қажеттілік, 
мемлекеттік келелі мәселе.     
        Шәкәрім  ХХ  ғасырдың  бірінші  ширегіндегі  діни  ахуалды  былайша 
сипаттаған: 
                               Бұл кездегі діндердің бәрі – нашар, 
                              Ешбірі түзу емес көңіл ашар. 
                              Өңкей алдау, жалғанды дінім дейді

102 
 
                              Тексерсең, ойың түгіл жаның сасар. 
        Бұл жағдай бүгінгі күні оңалып кетті деуге қиын. Қасиетті кітаптар өмірді 
қалай  сүру  керектігі  жайлы  адамзатқа  түскен  ілімдер,  оларға  сүйенбейтін  дін 
атаулы  жоқ.  Бірақ  діндер  уақыт  өте  келе  нашарлап,    схоластикаға  айналады, 
философиялық тілмен айтқанда, мазмұн мен форма арасы алшақтайды. 
        Абайша бүкіл әлемнің үйлесімді басқарылу тәртібі екі нәрсеменен: бірі  – 
махаббат,  бірі  -  әділет.  Осыны  паш  еткен  «үш  сүю»  идеясының  бір  өзі  неге 
тұрады.  Ол  жалғыз  қазаққа  емес,  бүкіл  адамзатқа,  жалғыз  исламға  емес, 
әлемдегі діндердің бәріне де ортақ өсиет пен заңдылық. Абай ілімі – дінаралық 
келісімнің негізі дейтін себебіміз міне осында. 
         Отанымыз  Қазақстан  –  посткеңестік  кеңістікте  этникалық  және  діни 
негізде  қантөгіс  орын  алмаған  жалғыз  ел.  Сол  себепті  конфессияаралық 
келісім орталығы ретінде бүкіл ай асты әлемге үлгі болуға талпынып отырғаны 
жақсы  мәлім.  Ендеше  келелі  мақсатты  іске  асыруға  хакім  Абайдың  айқын 
танымдары  мен  кемел  өсиеттері  сұранып-ақ  тұр.  Абай  мұрасының  статусы 
әлемдік деңгейге көтеріліп жатса, ол қазақ руханиятының асқақтауы.     
Каталог: uploads
uploads -> Лекция: 20 Семинар 10 СӨЖ 30 соөЖ 30 Аралық бақылау 4 Консультация 2 Емтихан: 3
uploads -> МазМұны. Содержание жоғары білім. Высшее образование
uploads -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
uploads -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 /2012
uploads -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
uploads -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды
uploads -> Өмірбаяны Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897
uploads -> Филология кафедрасы
uploads -> Облыстық «Жылдың үздік мұғалімі -2014» байқауының ережесі
uploads -> 46-ғылыми-әдiстемелiк конференция материалдары

жүктеу 2.8 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет