Қазақстан республикасы білім жҽне ғылым министрлігі қ. ЖҦбанов атындағЫ



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет1/25
Дата12.02.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 
БІЛІМ ЖҼНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
Қ. ЖҦБАНОВ АТЫНДАҒЫ 
АҚТҾБЕ ҾҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ТҤРКІ ФИЛОЛОГИЯСЫНЫҢ ҾЗЕКТІ МҼСЕЛЕЛЕРІ 
халықаралық  ғылыми on-Line семинар материалдары жинағы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ақтҿбе -2015 

2
 
 
 
 
ҼОЖ 811.512.1 
КБЖ 81.2-923 
          Т90 
 
Ғылыми Басылым 
 
          Баспаға филология факультетінің ғылыми кеңесі ұсынған.  
№8  хаттама 24 маусым 2015 жыл 
Пікір берушілер:  
Мухтаруллина А.Р. – филология ғылымдарының докторы, профессор БашМУ,  
Ресей Федерациясы 
Тектіғұл Ж.О – филология ғылымдарының докторы, профессор.  
 
Жалпы  редакциясын  басқарған:  Садирова  К.Қ.,  филология  ғылымдарының 
докторы, профессор, теориялық жҽне қолданбалы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі 
 
Редакция алқасы   
 
Мұхтаров  С.С.  -  филология  факультетінің  деканы,  филология  ғылымдарының 
кандидаты, доцент,  Исакова С.С.- филология ғылымдарының докторы, Қарағұлова Б.С. - 
филология  ғылымдарының  кандидаты,  доцент,  Айтбенбетова  А.Қ.-  филология 
ғылымдарының кандидаты, доцент. 
 
Т90    Түркі  филологиясының  ҿзекті  мҽселелері:  халықаралық  онлайн  семинарының 
жинағы/. Ред. басқ. К.Қ.Садирова. – Ақтҿбе, 2015.- 183б.  
 
ISBN 978-601-7388-68-3 
 
Бұл    ғылыми  жинаққа  оқытушылар,  магистранттар  мен  студенттердің    түркі 
тілдерінің,  атап  айтқанда,  қазақ,  башқұрт  тілдерінің  ҿзекті  мҽселелеріне  арналған 
мақалалары енгізілген.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ҼОЖ 811.512.1 
КБЖ 81.2-923 
 
ISBN 978-601-7388-68-3                                                  
 
© Қ.Жұбанов атындағы  
Ақтҿбе ҿңірлікмемлекеттік университеті, 2015 
 
 
 

3
 
 
АЛҒЫСҾЗ 
 
       Қазіргі  білім  беру  жүйесіне  компьютерлік  технологияның  тереңдеп 
енгені белгілі. Адамдардың қарым-қатынасында ғаламтор желісін пайдалану 
артып келеді. Бұл тек тұрмыстық хабар алмасу мақсатында ғана емес, білім 
беру  мен  білім  алу,  ғылыми  ақпарат  алмасу  үшін  де  кеңінен  қолданылып 
жүр.  Мұндай  тҽжірибе  Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтҿбе  ҿңірлік  мемлекеттік 
университеті  филология  факультеті  теориялық  жҽне  қолданбалы  тіл  білімі 
кафедрасында халықаралық ынтымақтастық шарттары негізінде жүргізілетін 
жоспарлы онлайн режиміндегі ғылыми, ғылыми-ҽдістемелік семинарлар мен 
магистранттарға  арналған  «Лингвистикалық  жұма»  ғылыми  семинарларын 
ұйымдастыруда орныққан. Аталған ғылыми іс-шаралар дҽстүрлі түрде соңғы 
5  жыл  бойы  үзбей  жүргізіліп  келеді.  Бұл  шараларға  Ресей  Федерациясы 
Башқұртстан Республикасынан екі жоғары оқу орны, атап айтқанда, Башқұрт 
мемлекеттік  университеті  мен  М.Акмулла  атындағы  Башқұрт  мемлекеттік 
педагогикалық  университетінің  профессор-оқытушылар  құрамы  жҽне 
башқұрт  филологиясы  факультетінің  студенттері  кеңінен  тартылып  келеді. 
Ұсынылып отырған жинаққа осы ҽр жылдарда аталған ғылыми семинарларда 
тыңдалып  талқыланған  ғылыми  баяндамалар  мен  хабарламалар  мҽтіндері 
енгізіліп отыр. Профессор-оқытушылардың ғылыми баяндамаларымен қатар 
магистранттар мен студенттердің ғылыми хабарламалары да енгізілді. 
 
 
 
                                                                                    К.Қ. Садирова 
                                               филология ғылымдарының докторы, 
профессор  
 
 
 
 

4
 
 
І. ТҤРКІ ТІЛДЕРІНІҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ МҼСЕЛЕЛЕРІ 
 
ТҤРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СҾЗЖАСАМ МҼСЕЛЕЛЕРІ 
 
Қондыбай К.Ҽ. 
Филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы 
Қ.Жұбанов атындағы Ақтҿбе ҿңірлік мемлекеттік университеті,       
                                                                                  Қазақстан, Ақтҿбе қаласы 
 
В  статье  рассматриваются  проблемы  изучения  словообразования  в  тюркских 
языках. 
Сҿзжасамның тіл білімінің дербес саласы деп бірден қалыптасқан мҽселе емес. Оның 
орыс  тіл  білімінде  ерте  басталып,  1970  жылдарда  ҽбден  шешілгені,  оның  танылуын 
дҽлелдеген  бір  топ  ғалымдар  бары,  шетел  ғалымдарының  да  бұл  мҽселенің  шешілуіне 
қатысы  болды.  Жалпы  тіл  білімінде  сҿзжасамның  дербес  сала  болып  танылуы  түркі 
тілдеріне  ҽсер  етті.  Қазақ  тіл  білімінде  сҿзжасамның  дербес  сала  болып  танылуы 
дҽлелденген ғылыми еңбек (Қазіргі қазақ тілінің сҿзжасам жүйесі) негізінде жүзеге асты. 
Осы монографияда дҽлелденген мҽселелер: 1) сҿзжасам - дербес сала: 2) сҿзжасамның тіл 
білімінің  басқа  салаларымен  байланысы;  3)  сҿзжасамның  жалпы  теориялык  мҽселелері; 
4) сҿз таптарының сҿзжасамы. Сҿзжасамның тілдің жаңа сҿз, туынды сҿз жасау қызметін 
жүзеге  асыратындығы  туралы,  сҿзжасам  саласының  тілдің  морфология,  синтаксис, 
лексикология,  морфонология  салаларымен  байланысы  жайлы,  тілдердің  сҿзжасам 
жүйесінің кҿне дҽуірлерден ұзақ уақыт ағымында қалыптасқан құбылыс жҽне қазіргі қазақ 
тілінің сҿзжасамы біршама тұрақты екендігі, сҿзжасамның дербес ғылым саласы ретінде 
тек ҿткен ғасырдың аяғында ғана зерттеле бастағандығы, оның зерттелуіне Н.Оралбаева, 
Е.Жанпейісов,  Қ.Есенов,  М.Балақаев,  А.Салқынбай,  О.Тоққожаева  сынды  зерттеушілер 
еңбектерінің үлесі мол болғаны аян. Сҿзжасамды зерттеуде аталған ғалымдардан ҿзге де 
С.  Исаев,  О.Тоққожаева,  К.Құрманалиев,  З.  Құрманалиева,    Б.Есімсейтов  жҽне  т.б. 
еңбектерін атауға болады.  
2001  жылдың  27-28  қыркүйегінде  Қазанда  «Түркі  тілдеріндегі  сҿзжасам» 
тақырыбында  конференция  болып  ҿткен  болатын.  Осы  конференция  жинағына  енген 
мақалалардың  барлығы  осы  конференцияда  жасалған  баяндамалар.  Қазіргі  таңда 
түркітануда  сҿзжасам  мҽселелері  ҿте  белсенді  зерттелуде.  Осы  конференцияның 
ҿткізілуінің  ҿзі  сҿзжасамның  зерттелуінің  нҽтижесі  деуге  болады.  Баяндамалар  тек 
Татарстаннан ғана емес, Башкұртстан, Чувашия, Қазақстан, Ҿзбекстан зерттеушілерінің де 
мақалалары жарияланған болатын. Олар сҿзжасамның түрлі аспектілерін қамтыған. 
Ең  алдымен,  баяндамаларда  сҿзжасамның  жалпы  мҽселелері  қарастырылған.  Бұнда 
сҿзжасам  тіл  білімінің  басқа  салалары  сияқты  жеке  пҽн  екендігіне  ерекше  тоқталады. 
Түркі  тілдерінде  сҿзжасамның  сегізден  кем  емес  тҽсілдері  бар  екендігі  атап  кҿрсетілген. 
Жалпы тіл біліміндегі «сҿздің морфологиялық құрылысы» деген терминнің нақты еместігі 
айтылады.  Бұл  терминге  екі  түрлі  ұғым:  «сҿздің  сҿзжасамдық  құрылысы»  
«морфологиялық  құрылысы»  енеді.  Конференцияда  осы  уақытқа  дейін  ҿте  аз  зерттелген 
мҽселе    күрделі  сҿздің  жасалуына  ерекше  кҿңіл  аударылған.  Күрделі  сҿздің  үш  түрлі 
тҽсілмен:  сҿзқосым,  сҿз  тіркесінің  лексикалануы,  жұрнақ  жалғанумен  бір  мезгілде  сҿз 
тіркесінің  лексикалануы  арқылы  жасалатындығы  ерекше  аталып  кҿрсетілген.  Осы  үш 
тҽсіл  бір  ғана  сҿзқосым  тҽсілі  саналады  да,  күрделі  сҿздің  жасалуын  қиындатады.  Осы 
конференциядағы  баяндамалардың  кҿпшілігі  сҿзжасамның  синтетикалық  тҽсіліне 
арналған  екен.  Басым  кҿпшілігінде  жеке  тақырыптық  топтардың  жұрнақтар  арқылы 
жасалуы мҽселесі қарастырылған. 
Сондай-ақ баяндамаларда сҿзжасам үдерісінің стилистикалық ерекшеліктері мҽселесі 
кҿтерілген.  Сонымен  қатар  жұрнақтардың  иерархиясы,  олардың  тіркесу  тҽртібі  туралы 
қызықты  баяндамаларда  кездесті.  Баяндамалардың  басым  бҿлігінде  аналитикалық 

5
 
 
(күрделі)  етістіктердің  жасалуы  мҽселесі  қарастырылған.  Соңғы  кездерге  дейін  аз  кҿңіл 
аударылған  проблема  болып  келді.Түркі  тілдерінің  етістік  жүйесінде  ерекше  орынға  ие 
құранды  етістік  күрделі  етістік  құрамына  енетіндігі  бекітілді.  Кейбір  түркі  тілдерінде 
олардың  саны  100000-ға  дейін  жеткені  белгілі.  Осыған  қарамастан,  тҽжірибе  жүзінде  
сҿздіктерде толықтай қарастырылмаған.  
Түркітануда енді ғана зерттеле бастаған  сҿзжасамдағы конверсия мҽселесіне арналған 
баяндамалар  да  болды.  Басқа  да  жекелеген  сҿзжасамның  қызықты,  яғни  сҿзжасамның 
салыстырмалы түрде  зерттелу  мҽселелері кҿтерілген. Сҿзжасамның ғылыми- теориялық 
мҽселелерімен  қатар  практикалық  аспектілеріне  де  ерекше  назар  аударылған.  Ҽсіресе, 
күрделі  сҿздердің  емлесі  жҽне  олардың  сҿздікке  енуі  тҽрізді  мҽселелер  ерекше 
қызығушылық тудырды.  
Таукенова  Жаннета  Мухтаровнаның  «Внутриглагольное  словообразование  в 
карачаево-балкарском  языке»  атты  кандидаттық  диссертациясында  етістік  ішіндегі 
сҿзжасамның  етістіктен етістіктің жасалуы, етіс түрінің лексикалануы,  күрделі кҿсемше 
мен  кҿмекші  етістіктің  тіркесуі  сияқты  жасалу  тҽсілдері  жүзеге  асатыны 
кҿрсетіледі.Кҿптеген  зерттеушілер  етістіктің  ҿзінен  етістіктің  жұрнақ  арқылы  жасалуы 
маңызын жоймаған құбылыс деп есептейді. Жекелеген түркітанушылардың еңбектерінде 
байқалатын  етістік  ішіндегі  етістіктің  жұрнақ  арқылы  жасалуы  жҽне  жанама  етіс 
түрлерінің жасалуымен тепе-тең деуге болмайды.  
Қарашай-балқар  тілдерінде  осы  күнге  дейін  етістіктен  етістік  тудырып,  ҿнімді  жҽне 
ҿнімсіз  деп    бҿлінетін  13  етістік  жасайтын  жұрнақ  бҿлініп  кҿрсетілген.  Бұл  еңбек 
сҿзжасам бойынша екі тілді салыстыру арқылы зерттелген еңбек деуге болады.   
Осы  аталған  еңбектегі  зерттеулерде    қарашай-  балқар  тілдерінде  39  бҿлшектенетін  
(5 жоғары  ҿнімді,  3  ҿнімді,  4  орташа  ҿнімді  жҽне  27  ҿнімсіз  )  жҽне  25  бҿлшектенбейтін  
етістіктен етістік жасайтын жұрнақ болғанын дҽлелдеп кҿрсетеді.  
Черкесова  Захура  Барисбиевнаның  «Словообразование  незнаменательных  слов 
карачаево-балкарском  языке»  атты  диссертациясы  түркітану  мен  орыс  тіл  білімінде 
атауыш  емес  сҿз  таптарының  сҿзжасамы  мҽселесі  алғаш  рет  зерттелуімен  құнды  болып 
саналады. Белгілі сҿзтудыру тҽсілдерімен бірге сҿз тудырудың кҿмекші жҽне экспрессивті 
–эмоционалды сҿз таптарының барлық  семантикалық сҿз тудыратын тҽсілдері: лексика-
семантикалық,  семантика-морфологиялық  жҽне  семантика-морфология-  синтаксистік 
тҽсілдері түркітануда алғаш рет кешенді қарастырылған. Диссертациялық жұмыстың пҽні 
-    қарашай-балқар  тілдеріндегі  атауыш  емес  ҽр  сҿз  таптарының  сҿзжасам  тҽсілдерін 
анықтау. 
Сҿзжасам  мҽселесін  зерттеуде  башқұрт  тіл  білімі  ерекше  орын  алады.  Осындай 
зерттеулер  қатарында  М.Х.  Ахтямов,  Т.М.  Гарипов,  К.Г.  Ишбаев,  A.A.  Юлдашев, 
Н.К. Дмитриевтің башқұрт тілінің грамматикасы, Г.Р. Абдуллинаның, М.В. Зайнуллиннің, 
З.Г. Ураксин, М.Г.Усмановалардың белгілі еңбектерін ерекше атауға болады.  
Сонымен,  түркітануда  сҿзжасам  мҽселесін  зерттеу  күн  тҽртібінен  түспейтін  ҿте 
кҿкейтесті  мҽселелердің  бірінен  саналады.  Түрлі  аспектіде  зерттеу  жалғасын  табатыны 
күман тудырмайтын мҽселе екені баршаға мҽлім.  
 
Пайдаланылған ҽдебиеттер: 
1. Қазіргі қазақ тілінің сҿзжасам жүйесі. -  Алматы, Ғылым, 1989 
2. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сҿздердің грамматикалық сипати. - Алматы, Рауан, 
1998  
3. Салқынбай А. Қазақ тілі сҿзжасамы, - Алматы, Қазақ уриверситеті, 2007 
4. Ганиев Ф.А. Образование сложных слов в татарском языке. - М,1982. 
5.  Ганиев  Ф.А.  Суффиксальное  словообразование  в  современном  татарском  языке.-
Казань, 1974. 
6. Есімсейітов Б. Қазақ тіліндегі сҿзжасамдық тізбек. КДА. -Алматы, 2002. 
7.  Құрманалиев  К.  Қазақ  тіліндегі  сҿзжасамдық  ұя  проблемаларының  ғылыми-

6
 
 
теориялық негіздері.- Алматы, 2002. 
8. Тоққожаева О. Қазақ тіліндегі сҿзжасамдық ұялар сҿздігі.-Алматы,1996. 
9.  Таукенова  Ж.  М.    Внутриглагольное  словообразование  в  карачаево-балкарском 
языке. АКД. - Нальчик, 2011 
 
 
АНАЛИТИЧЕСКИЕ ГЛАГОЛЫ В БАШКИРСКОМ ЯЗЫКЕ  
И  ИХ ЛЕКСИКОГРАФИРОВАНИЕ 
 
Л. Ф. Абубакирова, канд. филол.наук, доц., 
 БГПУ им. М. Акмуллы, г. Уфа 
 
В  тюркских  языках,  в  том  числе  башкирском,  основа  глагола  обозначает  действие 
безотносительно  к  его  повторяемости,  длительности,  законченности  или  результативности, 
поэтому может соответствовать русским глаголам как совершенного, так и несовершенного вида. 
Для их выражения широко используются аналитические глаголы (АГ), состоящие из смыслового 
глагола в форме деепричастия на –ып и словоизменительной формы вспомогательного глагола, вне 
этих конструкций являющегося полнозначным. Определение места таких конструкций в системе 
языковых  средств  вызывает  значительные  трудности,  так  как  они  обладают  широким  кругом 
разнообразных  значений,  относящихся  к  временной,  аспектуальной,  залоговой,  модальной, 
пространственной  и  другим  характеристикам  глагольного  действия,  и  различной  степенью 
десемантизации второго компонента. В роли вспомогательных глаголов используются глаголы с 
самостоятельным  лексическим  значением.  Но  в  составе  аналитических  форм  они  теряют  свое 
лексическое  значение  и  выражают  только  видовые  значения
1
  завершенности,  результативности, 
начала и конца действия, продолжительности и др. Кроме того, в башкирском языке есть глаголы 
со  значением  многократности,  повторяемости,  которые  образуются  при  помощи  суффиксов  -
кыла/келэ,  -штыр/штер.  Причем  эти  суффиксы  весьма  активны,  с  их  помощью  могут 
образовывать видовые формы все глаголы. 
В двухтомном толковом словаре башкирского языка отражены основные способы образования 
аналитических  глаголов  на  –п..  Аналитические  глаголы,  выражающие  «видовые  значения», 
расположены  в  конце  словарной  статьи,  где  перечислены  собственно  фразеологизмы  и 
идиоматика,  и  распределены  внутри  словарной  статьи  по  второму  компоненту.  Родство  их, 
образующих гнездо, заключается в смысловой общности. 
Например, с глаголом сыгыу «выходитьвыезжать», который является вторым компонентом 
АГ  и  представляет  собой  34,  35,  36,  37-е  оттенки  его  основного  значения,  модель  АГ  имеет 
следующие значения: «назначение неконкретных планов и времени»: килеп сыгыубарып сыгыу 
(без- гэ) «приходитьприезжать (иногда)»; «полноту действия и результативность»: трап сыгыу 
«просмотреть»,  курешеп  сыгыу  «поздороваться»;  «продолжительность  действия  в  течение 
ограниченного времени»: ягып сыгыу «топить в течение всего того времени». 
Таким образом, в одно гнездо объединяются слова, имеющие внешнее сходство, общую часть 
— формант, который выступает в них как носитель общего словообразовательного значения. 
Из  всех  описанных  в  словаре  глаголов-модификаторов  только  глагол  языу  представлен  (в 
качестве омонима) как заглавное слово: 
«Языу 5 всп. гл., присоединяясь к деепричастной форме с -й, выражает действие, которое чуть-
чуть не соверши- лось. Ныгыла языу. Илай языу» (1, с. 778). 
                                                           
1
 Здесь необходимо подчеркнуть, что трактовка понятия "вид" в разных языках происходит по 
разному и совпадает не во всех своих аспектах. В тюркских языках природа многих аналитических 
конструкций  полнее раскрывается с точки зрения словообразовательной системы. Следовательно, 
русский вид - категория грамматическая, а аналитические образования - лексическая. 
 

7
 
 
Следует подчеркнуть, что проблема семантизации АГ в толковых словарях башкирского языка — одна 
из актуальных лексикографических проблем. Как должен отразить словарь башкирского языка семантико-
грамматические особенности таких производных единиц, как аналитические глаголы? 
На наш взгляд проблему семантизации в толковых словарях целесообразнее решить не общими правила-
ми  и  отсылкой  к  этим  правилам,  а  индивидуальным  объяснением  каждого  АГ.  Аналитические  глаголы 
составляют  значительную  часть  словарного  состава,  и  все  аналитические  глаголы,  бытующие  как 
самостоятельная  лексическая  единица,  и  наиболее  употребительные  из  них,  должны  стать  заглавными 
словами. Только в таком случае пользователь словаря может получить существенные сведения о системе и 
способах глагольного словообразования башкирского языка в целом. 
Примечание 
1. Словарь башкирского языка (на башк. яз.): в 2 т. М. : Рус. яз., 1993.814 с.; 860 с. 
 
 
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ҼДЕБИ ТІЛІН ЗЕРТТЕУДІҢ  
ЖАҢА ТЕОРИЯЛЫҚ ҚЫРЛАРЫ 
 
                                                                                                   Б.Қ.Мұратбек 
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент  
Қ.Жұбанов атындағы Ақтҿбе ҿңірлік  
  мемлекеттік университеті, Ақтҿбе қаласы  
 
Қазақ  ҽдеби  тілінің  тарихы  мен    теориясын  бір  топ  қазақ  ғалымдарының  плеядасы 
жасады.    Қазіргі  қазақ  жазба  ҽдеби  тілі-сан  ғасырлық  тарихы  бар,дамудың  ҽлденеше 
сатысынан ҿткен,бір арнаға ұйыстырылу принциптері мен амалдарының ҿзгерісіне қарай 
тілдік  құралдары  тарихи    кезеңдерге  сай  жетіліп,дамып,  кҿбейіп  отырған,құрамы 
күрделі,бүгінгі  таңда  қоғамда  басты  рҿл  атқаратын,  сонымен    қатар  функциясы  ҿткен  
уақыттың  кез  келгеніне  қарағанда  күрделенген  тіл.  Ҽдеби  тіл-  бүкіл  интеллектуалдық 
байлық  пен  адамдар  арасындағы    қарым-қатынасты,  олардың  эмоциясы  мен  түрлі  
дҽрежедегі  экспрессиясын  жеткізудің  құралы  ретінде  нормативтік  тұрғыда  да  үнемі 
жетіліп, жаңарып, толысатын тіл. Қазақ ҽдеби тілі, қазақ халқының сан ғасырлық рухани 
жҽне  мҽдени    байлығының  кҿрсеткіші  ҽрі  нҽтижесі  ретінде  бағаланады.  Қазақ  ҽдеби 
тілінің  негізінде ұлт тілі жатыр.Ұлт тілі диалектілерден,түрлі жаргондардан жҽне ҽдеби 
тілдің  қосындысынан  құралады.  Ұлт-мҽдениет-тіл  триадасындағы  қазақ  ҽдеби  тілінің 
орны  мен  маңызын  пайымдауға  бағыт  берілді.    Ҽдеби  тілдің  тарихын  тану  дегеніміз 
жалпыхалықтық тілдің ҽдеби сұрыптаудан ҿтіп қырлануын, түрлі  стильдік құралдар мен 
тілдік  жаңа  элементтермен  толығуын,  баюын,  олардың  экспрессивті,  эмоционалды 
бояуларының  жандана  түсуін,  мҽндес  сҿздердің  мағыналық  жақтан  алшақтауын, 
терминдену процесінің жүруін зерттеу болып табылады. 
Бүгінгі таңда: 
1.
 
Ҽдеби  тіл  туралы  түрлі  кҿзқарастар  мен  ҽдеби  тілмен  байланыстырыла 
оқытылатын тілдік ұғым-түсініктердің, теориялық проблемалардың шеңбері кеңейді. 
2.
 
ХIХ  ғасырдың  II  жартысынан  басталып,  ХХ    ғасырға  ұласатын,    ХХ-
ХХI ғасырлардағы  ұлттық  жазба  ҽдеби  тіл  туралы  бұрын-соңды  айтылмаған 
мағлұматтармен толықты. 
3.
 
ХIY - ХYIII ғғ.  аралығындағы ҽдеби тіл дҽуіріне байланысты бұрын-соңды жарық 
кҿрген  оқулықтарда  қамтылмай  жүрген  армян  жазулы  қыпшақ  ескеркіштері-  армян 
жазулы  қыпшақ  ескерткіштері-орта  ғасыр  жазба  мұраларының  бірі.  Қазақ  тіл  білімінде 
бұл  мҽселені  С.Құдасов  арнайы  қарастырды.  «Дана  Хикар  сҿзінің  тілі»  армян  жазуымен 
жеткен  қыпшақ  тіліндегі  мұралардың  ішіндегі  кҿркем-дидактикалық  жанрдағы,  ҽзірге 
белгілі жалғыз шығарма. 54-62 беттік  қыпшақ тіліндегі текст. Бұл ескеркіштердің  қазақ 
жазба  ҽдеби  тілімен  байланысы,  жазба  тілдік  нормаларға  қатысы  жҿніндегі  ғылыми 
пікірлер бар. 

8
 
 
4.
 
Репрессияға  ұшыраған  зиялылардың  мұралары  баспа  бетін  кҿре  бастағаннан  бері 
ХХ ғасыр басындағы ҽдеби тіл туралы мҽліметтерді толықтырудың қажеттілігі туындады. 
ХХ  ғасырдың  алғашқы  он  жылдығында  жарық  кҿрген  «Қазақ»  газеті,  «Темірқазық», 
«Абай»,  «Ызың»  журналдарының  қазақ  ҽдеби  тілін  жетілдірудегі  қызметтері  жекелеген 
тілші-ғалымдар тарапынан сараланды. 
5.
 
Ҽдеби  тілдің  функциональды  стильдік  тармақтарының  жетілуі  мен  қалыптасу 
процесі  қазақ  зиялыларының  жҽне  алаш  қайраткерлерінің  шығармалары  негізінде 
нақтыланды. 
6.
 
Қазақ диаспорасының ҽдеби тілі туралы мҽселе де ғылымда қолға алынды. 
7.
 
Лексикография мен терминологияға байланысты материалдар толықтырылды. 

 
Сонымен  бірге  ҽдеби  тіл  нормалары  мен  қазақ  ҽдеби  тілінің  қалыптануы  ҽдеби 
тілдің  мҽртебесін  кҿтеретінін,  тілдің  аутенттілігінің  артуы  тіл  эволюциясындағы  ұлт 
мҽдениетінің кҿрсеткіші ретіндегі аса қажетті фактор. 

 
Ұлт-мҽдениет-тіл  триадасындағы  қазақ  ҽдеби  тілінің  орны  мен  маңызын 
пайымдауға бағыт берілді. 

 
Қазақ  ҽдеби  тілінің  тарихына  байланысты  жазба  мұралардың  тілі  туралы,  кҿне 
қазақ ҽдеби тілі туралы түсінікті кеңейтті. 

 
Қазақ  ҽдеби  тілінің  теориялық  негізін  қалыптастырып,  зерттелуіне  жол  ашқан 
С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, Қ.Жұбановтармен қатар, зерттеулерді жаңа белеске кҿтерген 
Р.Сыздық,  С.Исаев,  Б.Ҽбілқасымов,  Қ.Ҿміралиев  т.б.  тілші-ғалымдардың  ғылыми 
еңбектері  мен  кҿзқарастары  негізінде  жасалды,  соңғы  жылдары  жарық  кҿрген  ғылыми 
еңбектердің нҽтижелері ҽдеби тілдің дамуын жаңаша пайымдауға негіз деуге болады.  

 
Ҽдеби  тілдің  кодификациялануы  тілдің    ҿмір  сүруінің  ғана  емес,  оның  ғасырдан-
ғасырға  динамикалы жетуінің негізгі  шарттарының бірі  жҽне этностың ҽлеуметтік жҽне 
мҽдени тарихының тіл арқылы қалыптануының кҿрінісі. 

 
Ҽдеби  тіл-категория.  Кез  келген  тілдік  категорияның  функциясы  бҿлек,  ҿте 
күрделі, қызмет аясы кең. Ал ҽдеби тілдің күн сайын күшейіп бара жатқан бүгінгі таңдағы 
функциясын ҿткенмен, бұрынғы кезеңдермен салыстыруға келмейді.  Ғалым Ғ.Қалиевтің 
атап кҿрсеткеніндей – «Ҽдеби тіл, кҿркем ҽдебиет тілін емес, ғылым, ҿнер, публицистика, 
мемлекеттік    басқару  орындары  саласындағы  ҽдебиеттердің  ауызша  жҽне  жазбаша 
түрлерін қамтиды. 

 
Қазақ  ҽдеби  тілінің  бүгінгі  таңдағы  ҽлеуметтік  негізі  анықталған.  Ғылым,  қоғам, 
ҿнер,  баспасҿз  қайраткерлері  қазақ  жазба  ҽдеби  тілі  үшін  ҽлеуметтік  орта  болып 
табылады.  Бүгінгі  ҿркениетті  замандағы  ҽдеби  тілдің  тағдыры  мҽдени  жақтан 
салмақтылығымен,  сҿздік  қорының  байлығымен,  ҽлеуметтік  базасының  күштілігімен, 
саяси күштердің тіл тағдырына араласуымен шешіледі.  
Ҽдеби  тілді  тұтынушылардың  құрамы  жағынан  ҽр  түрлі  болып  сапалық  жағынан 
ҿзгеруі XX ғасырдың соңғы ширегі мен XXI ғасырдың бас кезінде анық байқалып отыр. 
Ҽдеби тілдегі ҿзгерістердің бірнеше ҽлеуметтік себептері бар: 
1.
 
Қазақ тілі мемлекеттік тілге айналды жҽне қазақ ҽдеби тілінде сҿйлеушілердің саны 
бір  кездерде  қарапайым  тілде  сҿйлейтін  жҽне  территориялық  аймақтық  ерекшеліктерді 
кҿбірек пайдаланатын тұрғындардың қалаға ауысуы  есебінен артуда.Ауыл адамдарының 
қалаға жаппай қоныс аударуы үлкен масштабтағы урбандалу процесінің жүруіне ҽкелсе , 
олар ҿз кезегінде ҽдеби тілдік үрдістерге ықпалын тигізуде. 
2.
 
Ҽдеби  тіліді  меңгеру,ҽдеби  тілді  игеру  отбасы  тҿңірегінен  тыс  жерде,  атап 
айтқанда,  оқу  орындарында,  мекемелерде  іске  асуда  (бұрын  да  солай  еді,қазір  тіпті 
жанданды) . 
3.
 
Ҽдеби  тілдің  жаңа  тілдік  қолданыстарымен  баюы  тезірек  жүруде.Ондай 
қолданыстар  кҽсіби  терминологиялық  лексика  арқылы  кҿбеюде.Дүниеде  ғылыми-
техникалық,  ақпараттық  жаңалықтар  үстемдік  жасауда,соның  нҽтижесінде  тілде 
терминдену үрдісі қатты белең алуда. 
4.
 
Ҽдеби  тілде  стилистикалық  ҿзгерістер  пайда  болуда.Стилистикалық  ҿзгерістердің 

9
 
 
пайда болуының ҽлеуметтік себептерінің бірі  кітаби (ортағасырлық мағынысында емес-
Б.М.)  тіл  мен  қала  тілінің  жҽне  ауыз  екі  тілдің  ҿзара  ҽсерлесуі,ықпалдасуынан  кҿрінеді. 
Бұл ҽбеби тілдегі нормалардың ҿзгеруіне ҽкелуде. Ҽдеби тілде бұрыннан бар,қолданыста 
жүрген  сҿздердің  синонимдес  сҿзжасамдық  жаңа  типтермен  жарыспалы  қолданыс  табу 
процесі  байқалуда.  Тілдің  ақпараттық  жҽне  экспрессивтік  функциялары  арасында 
антиномия  пайда  болуда,стиларалық  бейтараптануды  немесе  стильдер  арасындағы 
шекаралық  белгілердің  ҽлсіреуі  (нивелировка)  құбылысын  байқауға  болады.Бірнеше 
стильге ортақ бейтарап номинацияларды атау үшін сҿз тудырудың осы жолы (мағыналық) 
белсенді  бола  түсуде,яғни  тіл  демократиялануда  немесе  ескі  типтермен  сҿз  тудырудың 
нҽтижесінде  пайда  болған  жаңа  типтер  жарсыа  қолданылуда.  Нормалардың  тұрақтануы 
тілдің аутенттілігін арттырады,тілдің ауттенттілігі мен кодификациялануы ҽдеби тіл үшін 
аса маңызды. 
Лингвистикалық  ҽдебиеттерде  ҽдеби  тілдің  ҽлеуметтік  анкетасы  нақтыланған. 
Айталық,  ҽдеби  тілдердің  дипломатиялық  рангасы  жҽне  оның  талаптары  бойынша 
халықаралық  конференциялар  мен  мҽжілістерде,  форумдарда  барлық  құжаттар, 
қорытынды    актілер,  дипломатиялық  хаттамаға  сҽйкес  осы  іс-шараларға  қатысушы 
мемлекеттердің  ана  тілінде  тотырылуына  мүмкіндік  береді.  Ҿйткені,  қатысушы 
мемлекеттердің тілі іс-шаралардың ресми тілдері (бірақ жұмыс тілі емес) болып саналады. 
Тілдің ҽлеуметтік анкетасы бірнеше сауал-шарттардан тұрады: 
1.
 
Тілдің  коммуникативтік  рангасы  (тілдегі  функцияналдық  стильдердің  ҽртүрлілігі 
мен толыққандылығы, қызмет ету ауқымының кҿлемді болуы). 
2.
 
Жазу мен жазба дҽстүрінің болуы. 
3.
 
Тілдің нормалану дҽрежесінің деңгейі. 
4.
 
Тілдің құқықтық мҽртебесі. 
5.
 
Тілдің  оқу-педогогикалық  мҽртебесі,т.б.  Ҽдеби  тілдің  ҿміршеңдігі  осы  сауал-
шарттарға сай болуына, нақты жауап беруіне қарай анықталады. Қазіргі қазақ ҽдеби тілі 
осы шарттардың бҽріне жауап бере алады деп санаймыз. 
Ал  болашақта  қазақ  ҽдеби  тілінің  ҽлеуметтік  жай-күйін  анықтау  үшін:  ғылыми- 
зерттеулер жетілдірілуі тиіс; ҽдеби тілдің болмысын ҽлі де тани түсу керек; қазіргі ҽдеби 
тілдің  теориялық  негізін  жасауды  қамтамасыз  ету  үшін  зерттеулер  одан  ҽрі 
жалғастырылады. 
 

Каталог: sites -> default -> files -> docs
docs -> Сабақ беру қызмет ұйғарылады;мәдени-ағарту; лекциялар оқу, өнер жөнінде әңгіме өткізу, мұражай
docs -> А. Нұрмағамбетовтың Жоғары білім беру көшбасшыларының 2014 Еуразиялық
docs -> Педагогтың ҥздіксіз білім беру жҥйесіндегі кәсіптік қалыптасуы мен дамуы
docs -> Сборник содержит материалы избранных докладов участников международной
docs -> Халықаралық электронды ғылыми конференция материалдары
docs -> 5В011900Шетел тілі: екі шетел тілі Академиялық дәрежесі: 5В011900 Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша білім бакалавры Сипаттама
docs -> 5В0116 00 Геогра фия Академиялық
docs -> Сабақ атты байқау өткізеді Байқаудың мақсаты мен міндеттері
docs -> Сабақ атты байқау өткізеді Байқаудың мақсаты мен міндеттері
docs -> Сборник содержит материалы избранных докладов участников международной

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет