Қазақстан республикасы білім және ғылым


-ұйымдық-басқару  қызметі



жүктеу 1.13 Mb.
Pdf просмотр
бет9/12
Дата02.05.2017
өлшемі1.13 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

йымдық-басқару  қызметі,  жастарды  оқуға  тарта  отырьш,  оларды  я 

бригада бойынша өндірістік оқыту үрдісінің жұмыс орнын істеуге баулиды; 

басшы  және  инженер-педагог  кадрларды  іріктеумен  және  жұмыс  орнына 

орналастырумен шұғылданады. 



-материалды-техникалық  қызмет  бойынша  оқу  тәрбие  жұмысындағы 

материалды-техникалық  базаны  дамытуды  және  техникалық  оқыту 

құралдарын дайындауды көздейді. 

-қаржы-шаруашылық  қызметі  арқылы  білім  беруді  қаржыландыруды 

қамтамасыз  етеді,  қызметкерлерге  жалақы  төлеу,  студенттерге  шәкіртақы 

беру, тиісті төлемдер аудару мәселелерін қамтиды. 

-медициналық 

және  санитарлық-гигиеналық  қызмет  саласы 

бойынша  оқу  орны  оқытушылары  мен  студенттер  кұрамын  қамтиды,  осы 

аталған  қызметтердің  барлығы  дерлік  -  негізгі  сала  кәсіптік  оқыту  мен 

тәрбиелеу ісі төңірегінде топтасуы тиіс. 



2.  Менеджердің  диагностикалық  қызметінің  нақтылығы  және 

мақсаттылық  принципі  бойынша  иедагогикалық  ұжым  мен  оқушылар 

білім деңгейін кез-келген уақытта диагностикалық талдау жасауға мүмкіндігі 

бар. 

Талдау — кез-келген объектіге не қимылдың іс-әрекет нәтижесін қажетті 

жағдайда  жеткілікті  саналары  мен  қасиеттерін  айқындау,  оларды 

құрамаларға, не бөліктерге бөлу арқылы жүргізу, салыстыру және біртіндеп 

зерттеуді бейнелейтін танымның логикалық тәсілі. Білімді тексергенде оның 

ауқымы  мен  сапасы,  оқылған  материалды  түсіну  мен  игеру,  негізгі  ойлау 

амалдарын  игеру  дәрежесі,  әрекеттердің  бірізділігі,  сенімділігі,  өз  бетініше 

түрлі жағдайларда тәжірибеде өз білімдерін пайдалану білігі есепке-алынады. 

Ол  сонымен  бірге  әрбір  оқытушы  педагог  не  шебердің  еңбегін,  іс-

тәжірибесін, әдістемелік шеберлік деңгейінің көрсеткіші. 


 

65 


3.Қызметтік  мақсатка  лайықтылық  принципі  жас  ұрпақтың  кәсіби 

біліктіліктілігін  жоғары  деңгейде  оқытуға  қол  жеткізуге  негізделген. 

Қызметтік  мақсатқа  лайықтылык  принципі  менеджерден  тұрақты 

шығармашылық  ізденісті  талап  етеді.  Ережелер,  қызметтік  міндеттеме,  ішкі 

еңбек тәртібінің ережесі, оқу-тәрбие қызметіне ғылыми негізделген талаптар, 

түрлі  нұсқаулардың  ішіндегі  қажеттілерін  ғана  алып,  менеджер  өз 

жұмысында  аз  жұмыс  нұсқаулардан  бас  тартуы  керек,  ол  білім  мазмұнын 

заман талабына сай әлеуметтік сұранысқа негіздеп, нарықтық бәсекелестікке 

қабілетті мамандар әзірлеуге бар күш-жігерін жұмсауы қажет. 

4.Басқару  үрдісінің  пәрменділік  принципі  басқару  кызметі  мен 

әкімшілік басшылықтың сатылық үлгісінің өзара үйлесімді әрекет етуін талап 

етеді.  Оқу-тәрбие  барысында  мақсатқа  бағытты  ұйымдастырылған  іс-әрекет 

арқылы,  оқытушылар  мен  тәрбиеленушілер  қарым-катынасы  арқылы 

тәрбиеленушілер санасына, еркіне көңіл күй сезіміне жүйелі ықпал жасайды. 

Соның арқасында әлеуметтік тәжірибе беру, оны қарқынды меңгерту жүзеге 

асады.  Оқу-тәрбие  жұмысын  басқару  үрдісінің  қозғаушы  күші  үздіксіз  өсіп 

отыратын  адам  және  оның  тұлғасының  жан-жақты  және үйлесімді  дамуына 

коғамдық  қажеттіліктер  мен  білім  алушылардың  басқару  процестері 

арасындағы  қайшылықтардан  байқалып  отырады.  Диалектика  заңдылығы 

бойынша  түр  мен  мазмұн  арасындағы  бірлік  сақталып  отыруы  қажет. 

Сондықтан  білім  беру  менеджері  басшылықтың  әкімшілік  жолмен  жүзеге 

асуының барлық сатысын бақылап, кемшіліктерді дер кезінде байқап, тиісті 

қорытынды шығарып отыруы керек. 



5.Басқару  кызметін  өзара  бөлісу  принципі  менеджерден  ұжымдық 

шығармашылық  пен  ұжымдық  сана  қызметіне  арқа  сүйеуді  талап  етеді.  6. 



Өзін-өзі  жетілдірудің  жүйелі  принципі  менеджердің  теорияда  қол  жеткен 

табыстарын  алдыңғы  қатарлы  практикаға  ендіре  білу  мүмкіндігіне 

негізделген.  Ол  білім  берудің  акмеологиялық  заңдылықтарын  орындауды 

басшыдан да, педагогтен де талап етеді. Олар: 

өзін-өзі сынай білу заңдылығындағы сын әділ болса, оған дұрыс көзбен 

қарап,  қабылдай  білу  менеджер  жұмысының  алға  жылжуына  септігін 

тигізетінін ұмытпаған жөн; 

-  менеджердің  жоғары  нәтижелі  көрсеткіштерге  өздігінен  әрекет  ету 



заңдылығы  оның  педагогикалық  шеберлігін  шыңдауына  да,  басшылық 

кабілетін жетілдіруіне де тікелей байланысты. Сондықтан ол ылғи өз бетінше 

ізденісте жүруі қажет; 



технологиялық  заңдылықтар  менеджерден  табыстың  оңай 

келмейтінін, өнім өндіру, оның сапалық және сандық көрсеткіштерін көтеру 

жаңа технологияны қолдану мен оны ұдайы жетілдіріп отыруын талап етеді; 

-  орнықтылық  заңдылығы  -  өз  ісінде  басқару  заңдылықтары  негізін 

орнықтыру,  психологиялық  және  икемділігі  жағынан  оны  қолдана  білуінде. 

Әрине,  басқа  біреудің  үлгісін  көшіре  салу  жақсы  нәтиже  бере  алмайды, 

кейбір элементтері болмаса, оның байланысуы да қиын. 

-  біртұтастық  заңдылығы  менеджердің  басқаруында  мейлі  қай  сала 

болса да өзіне тән тәсілді біртұтас етіп қолдана білуінде. Енді педагогакалық 



 

66 


менеджменттің осы принциптерін іске асыруда қандай әдістер мен тәсілдерді 

қолдану арқылы максаттар мен міндеттерге қол жететінін білуіміз керек. 

Педагогикалық менеджмент әдістерін шартты түрде мына 4 топқа бөліп 

жүр: 


1. Психо-педагогикалық әсер ету әдісі; 

2. Әкімшілік басқару әдісі; 

3. Экономикалық әдістер; 

4. Қоғамдық пікір арқылы әсер ету әдісі; 

Білім  беру  менеджерінің  кәсіби  еңбек  тиімділігін  арттырудың  негізгі 

өлшемі мына төмендегілер: 



-оңтайландыру (қажеттілік пен жеткіліктілік) дегеніміз мақсатқа жету 

жолында  күш-жігердің  жеткілікті  болуы,  сондай-ак  қүралдар  мен  тиісті 

мерзімнің  шешімді  орындауда  мүмкіндіктің  мейлінше  жасалуы,  ол  істі  оң 

шешуге әсерін тигізеді



-субъектінің  қызмет  тәсілдері  мен  әдістерінің  тиімділігі,  олардың 

біртұтас өзара байланысты болуы; 



-менеджмент субъектісінің іс-кимылының нақты жолына жұмсалуы. 

Бағдарлама мен жүйелі басқару ісінің үйлесімділігі; 



-атқарылатын жұмыстың перспективалық бағыттылығы. 

-  барлық  қимыл  іс  -  әрекеттің  қойылған  мақсаттар  мен  міндеттерге 

байланысты актуалдығы (көкейкестілігі); 

-  оқу-танымдық  процесте  оқушылар  қызметінің  белсенділігі  мен 

дербестігі. 

Осы  өлшемдерге  сәйкес  білім  беру  мснеджерінің  қызметін  мына 

темендегі 5 деңгейге бөлмекпіз: 

1.Репродуктивті деңгей.Мұнда басшы педагогтер жұмысы туралы ақпар 

жинап  оны  ұжымға  хабарлаумен  ғана  шектеліп,  кәсіби  оку-тәрбие 

жұмысының кейбір түрін ғана атап өте алады. 

2.Икемделген  -  басшы  педагогтің  кейбір  істеріндегі  мәнді  сәттерді  ғана 

анықтауға кабілеті жетеді, соны ұжымға икемдеп, таратуға тырысады. 



3.Оқшауланған  үлгі  -  басшы  мұнда  педагогикалық  кызметтің  кейбір 

аспектілерін  ғана  үлгі  етіп  алуға  кабілетті,  оны  педагогтермен  оқу-тәрбие 

процесінің бір бөлігінде ғана пайдалана алады. 

4.Жүйеленген 

үлгібойынша  менеджер  білім  берудің  актуалды 

мәселелері  төңірегінде  оқу-тәрбие  жұмысын жүйелі  үлгі бойынша  атқаруға, 

оны дамытуға кабілеттілігі жетеді. 

5.Экстраполяциялык  -  мұнда  басшы  әлеуметтік  прогрестің  даму 

бағытын  болжай  отырып,  педагогикалық  ұжым  алдына  білім  берудің 

перспективалық  моделін  ұсынады.  Білім  беру  менеджері  қызмет  өлшемінің 

осы 5 деңгейі ішінен басқару ісіне 4-ші және 5-ші деңгейді осы заманғы оқу 

орнын басқаруға лайық деп атауға болады. 

 Әдебиеттер:  

 Негізгі1[233-239],2 [325-335] 

Бақылау сұрақтары: 

1.Педагогикалық менеджменттің  мақсаттары мен міндеттері қандай ? 


 

67 


2.Педагогикалық  менеджер  қызметінің  принциптері  мен  әдістері 

қандай ? 

3.Педагогикалық менеджер біліктілігінің өлшемі не жатады ? 

4.Педагогикалық  жүйенің  тиімділігін  арттырудағы  менеджердің  ролі 

қандай ? 

13-дәріс Кәсіптік мектеп оқушыларының шығармашылық іс-                     

әрекетін     дамыту                      ерекшеліктері

 

Кәсіптік  мектеп  оқушыларының  техникалық  шығармашылығының  мәні, 



міндеттері және түрі 

Шығармашылык  жұмыс-  адам  қызметінің  жемісі,  ол  материалдық  және 

рухани игіліктердің саналы жаңа көрінісі. 

Адам  шығармашылық  жұмыспен  шұғылданған  кезде  оның  бойындағы 

барлық  рухани  күштер  іске  қосылады,  таным,  түйсік,  пайымдау,  оқу  мен 

практика  кезінде  жинақталған  шеберліктері,  әсіресе,  қиял  арқылы  ойлау 

процесі шығармашылық жұмыста өз нәтижесін береді. 

Техникалық  шығармашылық    -  бұл  тиімді  әрі  жаңашыл  техникалық 

нысандарды  жасау,  сол  арқылы  оқушылардың  шығармашылық  қабілетін 

дамытып, оқу мен тәрбиелеудің белгілі бір мақсатты көздеген құралы. 

Кәсіптік 

мектеп 


оқушыларының 

техникалық 

шығармашылығының 

нәтижелері - жеке тұлғаның саналы шығармашылық жұмыстарының кешенді 

сипаты  болып,  оны  дамытудың  негізгі  жолдары  болып  саналады.Ойлау 

белсенділігі  практикалық  жұмыстарды  орындауда  білім  мен  икемділікті 

шыңдауға  апаратын  жол  және  міндеттерді  өздігінен  шеше  алуға; 

еңбексүйгіштік 

қабілетін 

дамытуға; 

өнертапқыштық 

қасиетін 

қалыптастырады.  Оқушылар  мен  өндірістік  оқыту  шебері,  үйірме 

жетекшілеріне  әрбір  оқушының  творчестволық  мүмкіндігінің  деңгейін 

анықтайтын мынадай көрсеткіш келтіріледі: 

I-  деңгей.  Оқушылар  техникалық  құжат  бойынша  сызбаларға  аздаған 

өзгерістер енгізу арқылы деталдар орнын өзгертіп бұйым дайындай алады. 

II-деңгей. 

Техникалық 

құжат 


бойынша 

сызбаларға 

өзінше 

өзгерту жасап, құрастыруды жетілдіріп, өнім жасай алады. 



III-  деңгей.  Өнімді  оқушылар  технологиялық  процестерді  түпнұсқасын 

сақтай отырып, жетілдіре алады. 

IV-  деңгей.  Окушы  өз  жетекшісінің  ұсынысы  бойынша  технологиялық 

процестерді өзі құрастырып, өнім дайындай алады. 

V-  деңгей.  Оқушы  өздігінен  бұйым  сызбаларын  негіздеп,  идеяларын 

өнертапқыштық жолмен жүзеге асыруға мүмкіндігі бар. 

Техникалық шығармашылық түрлері: 

 өнертапкьіштар бригадасы; 

 техникалық үйірме;  

 шығарманылық тапсырма

оқушылар конструкторлық бюросы;  

бітіру алдындағы өндірістік практика; 

ғылыми жетістіктер көрмесіне топтық саяхат. 


 

68 


Инженер-педагогтік 

кәсіптік 

мектеп 

оқушыларының 



техникалық 

шығармашылық қабілетін қалыптастыру әдістері мына бағыттарда жүргізілуі 

тиіс: 

1. 


Кәсіби оқуға алғашқы кіріскен күннен бастап шығармашылық жұмысқа 

қызығушылығын арттыру; 

2 .  

Олардың 


бойында 

өз 


ісіне 

деген 


берік 

сенімділік 

қалыптастыру; 

Жаңа  ақпарат көздерін  тауып, ғылым негіздерін өз  бетінше  жүйелі жинауға 

үйрету. 

Жеке  тұлғалық  шығармашылық  белсенділігінің  көзін  ашу,  одан  нәр  алуға 

баулу. 

Жаңа  технологиялық  тәсілдерді  игерген  сайын,  шебер  оқушы  қабілетін 



лайық жаңа шеберлік көкжиегіне қарай бағыттау ізденіске жетелеу; 

Жағдаяттық  қиындықтарды  отбасымен  бірлесіп  шешу  (материалдар, 

құралдар, қаражат көздері, уақыт т.б.) 

Әрбір  жұмыста  немесеөнімде  дұрыс  тұрмаған  бөлшекті  немесе 

технологиялық процесті жете білу, аңғару, оны өзінше ой елегінен өткізу; 

Техникалық үйірмелердің конструкторлық қызметінде ой бөлісу, пікір алысу, 

жобасын дәлелдеу; 

Оқушыларды  сыни  ойлауға  үйрету,  кез  -  келген  бұйымды  жетілдіру 

мүмкіндігі  бар  екенін  ұғындыру,  өз  кәсіби  білім  кеңістігін,  кәсіби  шеберлік 

деңгейіне  жеткізіп,  өнертапқыштық  жолында  өз  ізденісін  түпкі  нәтижеге 

дейін апару қасиетін қалыптастыру. 

Жеке  демек,  тұлғаның  саналық  қасиеттері  оны  белгілі  кәсіп  саласы 

аймағындағы 

қызметінде 

айқындалып, 

ашыла 


түседі. 

Мысалы 


радиоэлектроника аспаптарын (РЭА) жөндеуші шебердің бойына тән өзіндік 

кәсіби қасиеттері: тұрақтылық, жинақылық, ізденімпаздық дәл анықтай білу, 

білім тереңдігі, хабардарлығы, т.б.  

 Ал,  инженер-педагогика  тән  сапалы  кәсіби  қасиеттер:шыншылдық,  әділдік, 

талап ете білушілік, адамгершілік, ұстамдылық, жұртпен тіл таба білушілік, 

т.б.  Әрбір  сөз  сонында  айтарымыз  жеке  тұлға  белгілі  бір  техникалық 

үйірмелерге  қатысып,  өз  идеяларын  жүзеге  асыру  үшін,  ұдайы  ізденісте,  өз 

білім  қорын  танымдық  қабілетін  ақпарат  көдері  арқылы  үнемі  толықтырып 

отырғандағы кәсіби шеберлік шыңына жете алады. 

 Әдебиеттер 

Негізгі :1[207-218].2[296-302],3[372-384]. 

Қосымша 4[135-149],5[72-77,97-104] 

Бақылау сұрақтары: 

1.Шығармашылық түрлері қандай ? 

2.Оқушылырадың шығармашылығын арттырудың жолдары. 

3.Оқушыларды  шығармашылық  қабылетін  қалыптастырудың  әдістерін 

атаңыз. 

 

14-дәрісКәсіптік    мектеп  оқушыларына    теориялық    білім  беру 



процесін басқару 

 


 

69 


Кәсіптік  білім  беру  мазмұны  екі  бөліктен  тұрады:  теориялық  және 

практикалық оқыту. 

Кәсіби  білім  беру  жүйесінде  оқушыларды  теориялық  оқыту  мазмұны 

мына негізгі міндеттерден тұрады: 

1)Оқытушы кадрларды жасақтау олардың оқу жүктемелерін тиімді бөлу; 

2)Оқытудың материалдық-техникалық базасын жасау және жетілдіру - ол 

оку  кабинеттерін,  әдістемелік  кешендер  жүйесін  техникалық  құралдармен 

жабдықтау т.б. 

3) Әдістемелік жұмыстар жүргізу; 

4) Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру

5)Теориялық оқытудың сабақ кестесін жасау

6)Теориялық 

оқытуды 

жетілдірудің 

жылдық, 

ағымдағы 

және 

перспективалық іс-шараларын жоспарлау; 



7) Іс-шараларды атқаратын ұйымдастыру жүмыстарын анықтау; 

8) Оқу жұмыстарын күнделікті реттеу, 

9) Оқу жұмыстары туралы есеп беру; 

10) Оқшылардың теориялық оқуын бақылау және талдау;  

Теориялық  оқытудың  тиімділігі  көбінесе  оқу  процесінің  жүргізілетін 

орны  мен  оқу  режимінің  ұйымдастыруына  байланысты.  Оқупылардың 

жұмыс  қабілетінің  артуына  санитарлық  физиологиялық  және  гигиеналық, 

жағдайлардан  басқа  оку  процесінде  оқушылар  қызметін  басқаруға  арналған 

психопедагогикалық факторлар да әсер ететіні де анықталған. Олар: 

- оқу материалының мазмұны мен көлемі; 

-  оқыту түрінің ұйымдастырылуы мен оның құрылымдық жұйесі; 

- көрнекі және техникалық құралдарын пайдалану; 

- оқыту әдістері мен тәсілдері; 

- оқушылар қызметінің түрі. 

Оқушылардың  зейіні  мен  танымдық  қабілетін  арттыратын  теориялық 

оқытудың жоғарыда аталған факторларының арасында өзара тығыз байланыс 

бар. 

1. Оқудың түрі мсн құрылымы, мазмұны мен көлемі, оқыту әдістері бүкіл 



апта  бойы  бірқалыпты  болуы  мүмкін  емес,  әсіресе,  алғашқы  және  соңғы 

сабақтар. Оқушылар кызметіне анық ойлауы мен дене қимылына, пәндердің 

сабақ кестесінде бір мезгілде біркелкі орналасуы да әсер етеді. 

2. Аптаның ішіндегі өнімді күндер - сейсенбі және сәрсенбі. Бұл күндерге 

негізінен  қиын  меңгерілетін  оқу  материалдарын,  проблемалы  жалпылама 

шолу  лекциялары,  ұғынуы  қиын  жаңа  тақырыптарды,  қайталау,  бақылау  - 

тексеру сабақтарын қойған дұрыс. 

3.  Аптаның  басқа  күндеріне  көрнекі  және  техникалық  құралдарды 

кеңінен  қолданылатын білім, білік және дағдылық қабілеттерін бейімдейтін 

бағыттағы  сабақтарды  қою  керек.  Сондай-ақ  зертханалық,  сарамандық 

жұмыстар  жүргізу  де  ыңғайлы.  Бұл  күндері  оқушылардың  ой  кабілетін  жиі 

ауыстыратын тапсырмалар беріп, жаңа материалдар көлемін азайтқан дұрыс. 

4.  Оқушылардың  күні  бойы  бірқалыпты  жұмыс  қабілетінің  мүмкіндігі 

жоқ  екенін  мұғалім  сабақ  мазмүны  мен  мәндерін  таңдағанда  мұқият 



 

70 


дайындалып  есепке  алуы  керек.  Дүйсенбі  күні,  әсіресе,  бірінші  және  соңғы 

сабақ лекция оқуға тиімді емес, сол сияқты ұзақ жазу, қиын есептер көлемін 

де шектеген жөн. Негізінен, бұл күндері жаттығу жұмыстарын, зертханалық-

сарамандық,  шағын  өздігінен  істейтін,  пығармашылыққа  іздену  сипаты  бар 

материалдар берген абзал. 

5.  Жоғары  және  тұрақты  жұмыс  қабілеттері  байқалатын  (2-4  сабақтар) 

кезеңде  оқытушы  кәсіптік  мектеп  оқушыларының  жас  ерекшеліктеріне 

бірқалыпты  өнімді  жұмыс  істеуге  (30  минуттай)  тапсырманы  бере  алады. 

Күрделі  математикалық,  технологиялық  есептер,  жалпылама-аналитикалық 

семинарлар, ұзақ шығармашылық жұмыстар берген өзін-өзі ақтап жүр. Айта 

кету  керек,  теориялық  оқытуда  пән  күрделілігі  мен  оқу  материалын  игеру 

оқушыларға  көп  қиындық  туғызады.  Осы  қиындыктардың  өзін  бірнеше 

сатыға бөлуге болады: 

- жоғары ойлау қабілеттілігін қажет ететін, абстрактылы жалпылама ұғым 

сипатына байланысты пәндер (математика, шет тілі, техникалық механизм); 

-  ойлау  қызметімен  коса  нақты  материалдар,  заттарды  құрылымдарды 

пайымдап, көрсетіп өтетін пәндер циклы (арнаулы технология пәндері, сызу, 

электротехниа, физика, химия) 

-  фактілер  басым  бағытқа  ие  пәндер  (машина  құрылыс  технологиясы, 

техникалық  өлшеу  мен  дәлдік  шегі,  еңбек  және  өндіріс  экономикасы 

негіздері,  әдебиет,  география,  биология,  тарих,  эстетика)  Мұның  бәрі 

оқушылардың  сабақ  кестесін  жасауда,  оларды  орналастыруда  есте  болатын 

нәрсе. 

Теориялық  оқытуда,  әсіресе,  білім  негіздерін  игертуде  нашар  үлгеретін 



оқушылармен жүмыс істеу маңызды орынға ие екені белгілі. Осы мақсатпен 

директордың  оқу-тәрбие  істері  жөніндегі  орынбасарлары  мына  төмендегі 

жұмыс түрлеріне көбірек көңіл бөледі: 

-  нашар  үлгеретін  оқушылар  үшін  қосымша  сабақ  кестесі  мен 

консультация кестесін жасайды; 

-  оқушылардың  сабаққа  катысуы  мен  оқытушылардың  жұмысын 

қадағалайды. 

Теориялық  оқытуды  басқаратын  білім  беру  менеджері  кызметіне  мына 

басты бағыттарды ұсынғымыз келеді. 

1.  Кәсіптік  мектепте  теориялық  оқытуды  мейлі  қандай  пән  болсын 

болашақ  кәсіп  иесі  өз  мамандығына  сәйкес  бағыттап  практикалық  тұрғыда 

іске  асыру  принципін  ұстанған  жөн.  Бұл  туралы  өткен  тарауларда 

тоқталғанбыз. 

2.  Теориялық  оқытуды  жоспарлау  мен  үйымдастыру  жұмыстары 

өндірістік окытудан бүрын іске асуы қажет екендігі есте болсын. 

3. Апталық, тіпті күндік сабак өтуде өндірістік оқытуды мейлінше тиімді 

ұйымдастыру, әсіресе, кәсіптік мектеп оқушыларының психофизикалық жас 

ерекшеліктерін ескере отырып. 

4.  Теориялық  оқыту  көлемі  мен  мазмұнын,  үй  тапсырмасын  өзіндік 

жұмыстарды  оқытушы  алдын  ала  іріктеп,  әдістемелік  кешендерді  дұрыс 

таңдап ұйымдастыра білуі керек. 


 

71 


5.  Инженер-педагог  кадрлардың  педагогикалық  тиімді  бөліп,  теориялық 

оқытуды  нақтылап,  жылдық  бойынша  апталық  және  күнделікті  сабақ 

жоспарын құра білуі 

6.  Теориялық  кәсіптік  білім  беру  мекемелерінде  психология,  педагогика 

және  физиология  ғылымдарының  талаптарын  есепке  алатын  ішкі  бақылау 

жүйелерін әзірлеп, оқушылардың жас ерекшелігіне қарай ендіру қажет. 

Кәсіптік білім беру оқу орындарындағы әрбір іске асырылатын маңызды 

шаралардың тиімділігін бақылап, оның практикалық нәтижесін шығаратын - 

директор болуы тиіс. 

Оқушылардың  кәсіби-практикалық  дайындығы  (өндірістік  оқыту)  мына 

төмендегі компоненттерді қамтиды: 

-  оқушыларды  оқу  шеберханаларында,  зертханаларда,  полигонда  жәнс 

шаруашылық учаскелерінде окыту; 

-  оларды  өндірістік  я  шаруашылық  жағдайында  жақындастырып, жұмыс 

орнында мамандығына бейімдеу; 

-өндірістік 

практиканы 

кәсіпорын, 

ұйым, 

не 


шаруашылықта 

ұйымдастыру. 

Оқупылардың  өндірістік  оқыту  мен  өндірістік  практикасына  басшылық 

жасау мына заңдылықтарға сүйеніпжүргізіледі: 

1.  Мұнда  оқу  тәрбие-жұмысы  мен  өндірістік  окыту  қатар  жүргізіледі. 

«Оқу  мен  тәрбие  -  егіз»  ұстанымы  ұдайы  басшылыққа  алыньш  отырады. 

Дидактикалық  және  өндірістік  міндеттер  өзара  байланыста  басты  мақсат 

жолына жұмылдырылады. 

2.  Өндірістік  оқыту  мен  практиканы  басқару  төмендегідей  иерархиялық 

құрылымға ие: 

1-ші деңгей - оқу орнының директоры; 

2-ші  деңгей  -  директордың  оқу-өндірістік  жұмыстар  жөніндегі 

орынбасары; 

3-ші деңгей - кәсіптік мектептің аға шебері

4-ші деңгей - белгілі бір топтық өндірістік оқыту шебері; 

5-ші деңгей - оқу тобы; 

6-шы деңгей - оқу бригадасы ұжымы. 

3. Өндірісте практикалық оқыту барысында басқарудың мына жүйесі де 

жұмыс істейді: 

- өндірістік оқыту шебері — тәлімгер — оқушы; 

- өңцірістік оқыту шебері - бригадир - оқупы; 

-  өндірістік оқыту шебері - учаскі шебері - оқу бригадирі -окуяылар т.б. 

4.    Осы  келтірілген  құрылым  үлгісіндегі  әрбір  субъекті  өз  деңгейіндегі 

құзыреттілікке  сәйкес  басқару  циклын  іске  асырады,  жоспарлайды, 

ұйымдастырады,  бақылайды,  талдау  және  есеп  жұмыстарын  жүргізеді.  Енді 

осы  айтылған  өндірістік  практиканың  басқару  құрылымына  кеңінен 

тоқталайық:  оқушыларды  өндірістік  оқыту  мен  практикасын  басқаруды 

жоспарлау  -  бұл  оқу  орнынын  перспектикалық,  жылдық  және  ағымдағы 

жұмыс  жоспарларын  жасап,  оған  дайындық  алдын  ала  жүргізіледі.  Осы 


 

72 


жоспарлар  негізінде  топтық  оқу-өндірістік  жоспары,  өндірістік  оқытудың 

сабақ жоспары, оку - өндірістік жұмыстар тізімдемесі жасалынады. 

Оқушылардың  өндірістік  оқыту  мен  практикасын  ұйымдастыруға 

мыналар кіреді: 

- Оқытудың материалдық-техникалық  базасын дайывдау; 

-    Оқу  топтарына  өндірістік  оқыту  шеберлерін  іріктеу  жәнс  бекіту, 

оларды оқу бағдарламаларымен, тиісті техникалык құралдармен камтамасыз 

ету; 


- Оқу шеберханасында сабақ кестесін жасау; 

- Өндірістік объектілердегі өндірістік практика жұмысын ұйымдастыру; 

- Оқушылардьщ оқу - өндірістік қызметіне сұраныс әзірлеу; 

Оқу-өндірістік 



процестердің 

материалдық-техникалықбазасын 

жасақтау,  құрал-жабдықтармен,  шикізаттармен,  полуфабрикаттармен  т.б. 

материалдармен қамтамасыз ету; 

-  Өндірістің  алдыңғы  қатардағы  жұмысшыларының  заттарының 

(новаторлар) іс-тәжірибесін оқып, үйрену; 

- Оқушыларды жұмысқа жеке-жеке бөлу; 

-  Бітіруші  біліктілік  жұмыстарына  қажет  үлгі  сынақ  ұйымдастыру 

қызмтінәзірлеу және өткізу. 

Өндірістік  оқытудың  толық  мазмұнын  іске  асыру  үшін  басшылар 

басқарудың басқа да тәсілдерін кешенді түрде жүзеге асыра білуі керек, олар: 

өндірістік оқыту практикасын реттеу, ішкі бақылау жұмысы, есеп пен талдау. 

Бұл жағдайларда өндірістік оқыту шебері арнайы тіркеу журналын жүргізеді, 

ал оқушылар өндірістік оқу мен практикаға арналған күнделік жүргізеді. 

Өндірістік  оқыту  үрдісі,  ондағы  әдіс-тәсілдерді  өткен  тарауларда 

қарастырғанбыз. 

Нег: 4 [335-511], 7 [262-325], 8 [511-641] 

Қос: 2 [66-88], 1 [195-301] 

Бақылау сұрақтары: 

1.Теориялық оқытудың негізгі міндеттері қандай ? 

          2.Өндірістік  оқыту  мен  өндірістік  практикаға  басшылық  қандай 

заңдылықтарға сүйене отырып жасалады ? 

3.Ішкі бақылаудың міндеттерін атаңыз? 

4.Ішкі бақылау жұмыстарын жүргізудің әдіс-тәсілдері қандай ? 

5.Бақылау түрлерін атаңыз.  

 


Каталог: sites -> default -> files -> books
books -> ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы
books -> Қолданбалы экология
books -> Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі
books -> Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі
books -> Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі
books -> Ж. Ә. Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік инженерия институты «Көтеру-тасымалдау машиналары мен гидравлика» кафедрасы
books -> Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі
books -> Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі
books -> Студенттің ПƏндік оқУ-Əдістемелік кешені

жүктеу 1.13 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет