Қазақстан республикасы білім және ғылым



жүктеу 1.13 Mb.
Pdf просмотр
бет6/12
Дата02.05.2017
өлшемі1.13 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

1.  Кіріспе  нұсқау  -  оқушыларға  белгілі  бір  жұмысты  белсенді  және 

саналы түрде атқару үшін жүргізілетін алғашқы дайындық. Мұнда тәжірибе 

жүргізу мен түсіндіру жұмыстары қатар жүргізіледі. 

Оның тәжірибесінде құрылғылардың ішкі, көзге көрінбейтін процестерін 

түсіндіруге болады. Мысалы, олар: 

- құрылғылардың жұмыс кезіндегі физикалық және химиялық процестері

-  кинематикалық  схемада  көрсетілген  бөлшектер  мен  тораптардың  өзара 

қимылы; 


-  түрлі  блоктардың,  модульдердің  электр-радио  элементтері  мен  өлшеу 

аспаптарының жұмыс істеуі мен өзара бірлескен әрекеті; 

-  құрылғылар  мен  аспаптардағы  жұмыс  істеу  кезіндегі  ішкі  өзгерістер 

сипаттамасы т.с.с. 

Кіріспе  нұсқау,  негізінен,  өндірістік  оқыту  сабақты  өткізу  барысында 

жүргізіліп, мына үлгідегі құрылымды қамтиды:  

1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. 

2. Оқушылардың теориялық дайындығын тексеру. 

3. Сабақта жоспарланған жұмыс мазмұнын түсіндіру, жаттығулар мен өз 

бетінше жұмыстардың орындалу тәртібі; 

4.Жасалынатын техникалық бұйымдардың сұлбасын, кестесін қарастыру. 

5.  Оқу-өндірістік  жұмыстарға  қажетті  материалдық  объектілерді 

демонстрациялау. 

6.    Оқушыларға  оқу-өндірістік  жұмыстарды  орындауға  қажетті  құрал-

жабдықтармен, құрылғылар мен аспаптармен таныстыру. 

7.  Жұмысты  тиімді  орындау,  сапасын  бақылау  тәсілдері  мен  әдістерін 

түсіндіру және демонстрациялау. 

8.  Қателіктер  мен  ақаулардың  алдын  алу  және  болдырмау  шараларын 

қарастыру. 

9.  Оқу-өндірістік  жұмыстарды  атқару  кезінде  жұмыс  орнын  тиімді 

ұйымдастыра білуді түсіндіру және көрсету. 

10.Шеберханада,  не  өндірісте  жұмысты  атқару  кезінде,  еңбек  және 

қауіпсіздік ережелерін ескеру. 

11.Кіріспе нұсқаудың қалай түсінгенін сұрау, бақылау, бекіту, егер қажет 

болса тиісті жерлерін кайталау. 

12. Оқушыларға тапсырма беріп, жұмыс орындарына бөлу.  

Бұл 

келтірілген 



кұрылымдар 

оқу 


мазмұнының 

ерекшелігі 

менкүрделілігіне  қарай,  не  өндірістік  оқыту  шеберінің  оқу  не  тәрбие 

мақсатына байланысты ішінара өзгеріске ұшырауы да мүмкін. 



2.  Ағымдағы  нұсқау  -  кіріспе  нұсқаудан  соң  жүргізіліп  еңбек 

жаттығуларын  орындауда  жиі  жіберілетін  қателіктерді  болдырмауға 

бағытталады. Ол әрбір оқушымен жеке өткізіледі. Ағымдағы нұсқау кезінде 

өндірістік оқыту шебері оқушының жұмыс орындарын аралап, тексеріп мына 

нәтижелерге назар аударуы тиіс: 

а) жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуына;  

ә) еңбек қызметін, тәсілдерін дұрыс атқаруға; 


 

42 


б) 

бақылау-өлшеу 

аспаптары 

мен 


кұрал-жабдықтарды 

дұрыс 


пайдалануға; 

в) техникалық құжаттарды дұрыс пайдалана білуге

г)техника кауіпсіздігі ережелерін және өндірістік санитария мен гигиена 

нормаларын сақтауға. 

Ағымдағы  нұсқау  кезінде  шебер  өндірістік  орындағы  оқупылардың 

жұмыс  орнын  кезең  кезеңімен  мына  төмендегі  мақсаттарды  шешу  үшін, 

бірнеше рет жүргізеді. 

1-ші аралау: кіріспе нұсқаудан соң, барлық оқупылар іске кіріскен кезде

2-ші аралау: оқушылардың жұмыс орындарын дұрыс ұйымдастырғанын, 

оның тәсілдерін меңгеру дәрежесін, материалдар мен құралдарды тиімділігін, 

техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау шарттарын тексереді. 

3-ші  аралау:  жұмысты  атқару  барысында  жіберген  қателіктері  және 

оларды жою жолдарын іске асыру үшін. 



3.Корытынды  нұсқау  -  шебердің  жүмысты  атқару  кезінде  істің  сапасы 

дұрыс  орындауы  және  жіберілген  қателіктердің  жалпы  сипаттамасы 

қорытындылады. Ол өндірістік оқыту соңында, не тиісті оқу бағдарламасы не 

тараулар аяқталған соң, оқушылармен белсенді әңгіме түрінде жүргізіледі. 



Жазбаша  нұсқау  -  өндірістік  оқыту  процесінде  дидактикалық 

құндылыққа  ие.  Өйткені  ол,  түрлі  ақпараттық  мәліметтерді  біріктіреді; 

сөздік,  графикалық-сызбалы,  мәтінге  бақылау  сұрақтарын  енгізу,  кесте 

толтыру т.б. 



Жазбаша  нұсқа-  өндірістік  оқу  жағдайында  кеңінен  қолданылады. 

Жазбаша  нұсқау  білім  алушылардың  өз  беттерінше  іскер-дағдылықтарын 

дамытуда,  өз-өзін  бақылауда  еңбек  өндірісін  жоғарылатады,  өңдеу 

технологиясын  дұрыс  табады,  мамандықты  игеруіне  көмектеседі,  өндірістік 

оқуды  шебер  басқаруды  жеңілдетеді.  Өндіріс  кәсіпорнында  және 

шеберханалары да нұсқау материалдары оқылады. Білім алушылар шебердің 

көмегінсіз,  инструкциямен  жұмыс  жасауға  дағдыланады.  Жазбаша 

нұсқаудың 

тиімділігі қандай жағдайда жоғарылайды. Егер дидактикалық талап 

бойынша  дұрыс  жауап  берсе  және  өндірістік  оқытуда  басқа  әдістермен 

сәйкес  қолданылса.  Өндірістік  оқыту  шебері  жазбаша  нұсқадан  картотека, 

нұсқау  түрін,  тақырыбы  бойынша  бағдарлама,  тақырыпты  анықтау,  жұмыс 

түрін, орындалу операциясы, жазба 

нұсқауларын  құру,  әр  жаттығудың  орындалу  тәртібін  анықтау,  өңделу 

технологаясының түсінігі, жұмыс ережесі және жазба карта түрлерін анықтап 

жасауы тиіс. 



Жазба 

нұскаулардың 

келесі 

түрлері 

ұсынылады: 

нұскау 


конструкциялық) 

картасы; 

технологиялық 

карта; 


инструкциялы-

технологиялық карта; ақаудың болу себептері картасы; сабақта орындалатын 

тапсырма  картасы;  үй  тапсырмасы;  бақылау  картасы;  сапаны  бақылау  әдіс 

картасы;  еңбекті  ұйымдастыру  картасы,  еңбекті  бөлу  жұмысына  арналған 

нұсқау - технологиялық карта. 


 

43 


Нұсқаудың  ерекшелігі  болып  мыналар  сипатталады:  біріншіден, 

мазмұндарын  толық  игеріп  алатындай  және  түсінікті  болу,  екіншіден, 

мазмұны ықшамдалған түрде.  

Нұскау картада жұмыстың қандай да болсын түрінің бірізділік мазмұны, 

жаттығулары, немесе негізгі көрсеткіштері мен анықтамаларды  дұрыс сақтау 

міндеттері көрсетіледі 

Кәсіптік  оқу  орындарында  оқу  құжаттарына  байланысты  жазба 

нұсқауларын 

өндірісте 

жұмысшылар 

қолданады. 

Өндірістік 

оқу 

шеберханаларында  өндірістік  іс-тәжірибиенің  соңғы  кезеңінде  мамандықты 



игерген уакытта, нұсқау технологиялық картасын, сапаны бақылау картасын 

колдануды  ұсынады.  Ал  кәсіптік  мектепте  операцияны  орындау  тапсырма 

картасы болып саналады.Ол жерде разряд, орындау нормасы, уақыт нормасы 

және берілген операцияның базасы көрсетіледі, сонымен қатар жұмысшының 

орындау  нормасы,  сосын  барып  оқушының  нормасы  көрсетіледі.  Жазбаша 

нұсқаулар  болуы  мумкін  мынадай  түрде: плакаттар,  альбом  беттері  алынып 

ашылатын  және  де  альбом  әртүрлі  жеке  қолдануға  арналған  карталары 

сонымен қатар диофильмдер, диапозиттер, транспоранттар графопроектор.  



Негізгі 1[64-70  ] 2[ 278-303] ,3[246-255] 

Бақылау сұрақтары: 

1.Кәсіби  оқыту  оқыту  принциптерінің  ерекшелігі  неде  және    оқытудың 

қандай принциптер белгілі? 

2.Оқыту әдістерінің қандай түрлері белгілі ? 

3.Теориялық 

оқыту 

әдісі 


мен 

өндірістік 

оқыту 

әдістерінің 



айырмашылықтвры неде ? 

4.Іс-әрекеттің тиімділігіне байланысты оқыту әдістері қалай жіктеледі ? 



8-дәріс  Кәсіптік білім берудегі педагогикалық технологиялар 

Педагогикадағы  технологиялық  жолға  өту  мүмкіндігін  бағалау  үшін 

«технология», «педагогикалық технология» түсініктерінің маңызын анықтау 

қажет,  себебі,  педагогтардың  көпшілігі  алғашқыда  оқу  технологиясымен, 

оқыту  және  педагогикалық  технологиялардың  арасындағы  айырмашылыққа 

мән берген жоқ. 

Тарихи  тұрғыдан  «технология»  түсінігі  техникалық  прогреспен 

байланысты  және  сөздіктердің  түсініктеріне  сәйкес  (грек  тілінің  tėchnē  - 

өнер, шеберлік, жасампаздық және logos – сөз, оқу) материалдарды өңдеудің 

тәсілдері және құралдары туралы білімдердің жиынтығы. 



Технологиялық  процессүнемі  қажетті  құралдарды  (материалдар  және 

құрал-жабдықтар)  және  жағдайларды  пайдалану  операцияларының  белгілі 

бір  кезектілігін  білдіреді.  Технологияның  маңызды  белгілер  қатарына 

стандартизациялауды,  процесті  және  оның  берілген  жағдайларға  қатысты 

көрсету мүмкіндігін унификациялау жатқызылады. 

Өкінішке  орай,  «технология»  түсінігі  көбінесе  алғашқы  түсінігі  ретінде 

қолданылмайды.  Бүгінгі  күні  оның  кем  дегенде  үш  түсініктемесін 

кездестіруге болады: 



 

44 


 

 оқытуды  ұйымдастырудың  (бақылау  жұмысын  жазу  технологиясы, 



топтық  қызметті  ұйымдастыру  технологиясы,  қарым-қатынас  технологиясы 

т.с.с.); 

 

 нақты педагогикалық жүйенің синонимі ретінде (оқытудың «дәстүрлі» 



технологиясы,  В.В.  Давыдовтың  -  Д.Б.  Элькониннің  мектеп  үшін  арналған 

жүйесі және т.с.с.); 

 

 өнімді  берілген  қасиеттерімен  алуға  мүмкіндік  беретін  әдістер  мен 



процесстердің жиынтығы мен кезектілігі. 

Алғашқы  мағынадағы  «технология»  түсінігін  қолдану  педагогикаға 

қандай да  бір  жаңалық  әкелмейді,  оқыту  процессін нақтыламайды.  Тек  жай 

ғана бір түсінік екіншісіне ауыстырылады. Егер бұрын «әдістеме» десе, қазір 

енді  «технология»  дейді.  Сөздер  атаулары  айырбасталғанымен,  пәннің 

мағынасы  өзгерген  жоқ,  ал  әдістер  мен  нысандарды  бір  түсінікке  түйістіру 

қосымша қиындыққа әкелері анық. 

Екінші жағдайда, технология деп педагогикалық жүйені атайды, ғылымда 

да  басқа  жаңа  түсінік  туындамайды.  Бұрын  “жүйе”  деген  –  ал  қазір 

“технология”  дейді.  Бұл  жерде  технология  сөзі  өзінің  өндірістік  ортадан 

келгендегі мағынасын жоғалтады.Бұдан бір ғана қортынды шығаруға болады: 

жақсы танымал және іріктелген түсініктерді жалпы және қалыпсыз бірдеңеге 

айырбастау  дегеніміз,  ол  ғылыми  танымнан  бір  қадам  артқа  жылжу  болып 

табылады.  Сондықтан  “технология”  терминін  сөздің  алғашқы  мағынасын 

сақтайтын үшінші мағынада қолдануға болады. 

Педагогикалық  технологиялық  процесстің  сапалық  ерекшеліктері,  оны 

білім  берудің  қазіргі  кезеңдегі  мәселелерін  нақты  шешуге  мүмкіндік  беріп, 

оқытудың дәстүрлі нысандары және құралдары алдында тиімді көрінеді. 



Педагогикалық 

технология 

– 

дегеніміз, 

ол 


педагогикалық 

қимылдардың  тиімді  болуына  кепілдік  беретін  нақты  ғылыми  жобаланған 

және  дәл  орындалған  құбылыс.  Педагогикалық  процесс  белгілі  принциптар 

жүйесінде  құрылғандықтан,  педагогикалық  технология  педагогтің  жеке 

тұлғасы толықтай көріне алатын, осы принциптерді жүйелі түрде нақты өзара 

байланыстыра  алатын,  ішкі  және  сыртқы  қимылдардың  жиынтығы  ретінде 

қаралады.  Педагогикалық  технологияның  оқыту  әдістемесі  және  тәрбие 

жұмысынан  айырмашылығы  осында.  Егер  «әдістеме»  түсінігі  оқыту  және 

тәрбиелеу  әдістер  мен  тәсілдер  кешенін,  оны  жүргізуші  қайраткерге 

қатысынысыз  қолдану  процедурасын  білдірсе,  онда  педагогикалық 

технология  педагог  тұлғасының  жан-жақты  болуын  білдіреді.  Бұдан  анық 

көрінетіндігі  педагогтік  мәселе  тек  қана  білікті  кәсіби-педагог  орындаған, 



орынды технология көмегімен тиімді шешіле алады. 

Ғылыми  әдебиетте  «жаңалық»,  «енгізілген  жаңалық»,  «инновация» 

түсініктері қолданылады. Жаңалық деп күнделікті педагогиканың ұсынылған 

түріндегі  элементін  түсінуге  болады,  ол  мұндай  сипатта  әлі  кездескен  жоқ 

(дегенмен оған ұқсас құбылысты тауып алуға болады, өйткені жаңа дегеніміз 

–  ескідегі  ұмытылған  жақсылық).  Енгізілген  жаңалықтар  –  жаңалықты 

тасымалдаушы,  оны  тарату,  тәжірибеге  жеткізу  құралы  (жаңа  жобалар, 

бағдарламалар,  оқыту  құралдары,  көрнекіліктер,  оқыту  мекемелерінің 



 

45 


түрлері).  Өзімен  бірге  жаңалық  әкеліп,  тәжірибеде  тұрақтаған  енгізілген 

жаңалықтар,  тәжірибені  өзгертіп,  жаңартады  және  оны  неғұрлым  тиімді 

қылады. Инновация дегеніміз – ол жаңалықтардың педагогикалық тәжірибеге 

тарауы. 


Инновациалық  процессбілім  бері  тәжірибесін  жетілдіру  процессін, 

енгізілген  жаңалықтар  негізінде  білім  беру  жүйесін  дамытуды  білдіреді, 

немесе  дәлірек  айтқанда  осы  жүйелерді  инновациялық  даму  базасында 

байыту,  түрін  өзгерту  негізінде  және білім берудің  дәстүрлі  мақсат,  мазмұн 

және құралдарының бөлігін өзгерту. 

Қазіргі  заманғы  қоғамның,  мәдениеттің  және  білім  берудің  даму 

жағдайында педагогикалық қызметтің инновациалық бағытының қажеттілігі 

бірқатар жағдайлармен белгіленеді. 

1.

 

 Жүріп  жатқан  әлеуметтік-экономикалық  өзгерістер  әртүрлі  деңгейдегі 



оқу  орындарындағы  оқу-тәрбие  процессін  ұйымдастыру  әдістемесін  және 

технологиясын,  білім  беру  жүйесн  түпкілікті  жаңарту  қажеттілігін  талап 

етеді.  Педагогикалық  жаңалықтарды  жасау,  меңгеру  және  қолдануды 

қамтьитын мұғалімдер мен тәрбиешілердің инновациялық бағыттағы қызметі 

білім беру саясатының жаңарту құралы ретінде жүреді. 

2.

 



 Білім  беру  мазмұнының  гуманитаризацилануының  күшеюі,  оқу 

пәндерінің көлемі және құрамының үздіксіз өзгеруі, жаңа оқу пәндерін енгізу 

үнемі  оқытудың  жаңа  ұйымдық  нысандарын  және  технологияларын 

іздестіруді  талап  етеді.  Осындай  жағдайда  мұғалімдерортасындағы 

педагогикалық білімнің рөлі мен беделі едәуір артады. 

3.

 



 Мұғалімдердің  педагогикалық  жаңалықтарды  меңгеру  және  қолдану 

фактілеріне көзқарас сипаты өзгерді. Оқу-тәрбие процессі мазмұнының қатал 

шектеу  жағдайында  мұғалім  өзінің  жаңа  бағдарламалар  мен  оқулықтарды 

таңдауда  ғана  емес,  сонымен  қатарпедагогикалық  қызметтің  жаңа  әдістері 

мен  тәсілдерін  қолдануда  да  шектеулі  болды.  Егер  бұрын  инновациялық 

қызмет  тек  қана  жоғарыдан  ұсынылған  жаңалықтарды  енгізу  ғана  болып 

келсе, қазіргі кезде ол күннен-күнге іздену, таңдау сипатына ие болып келеді. 

Міне  сондықтан  мектеп  жетекшілерінің,  білім  беруді  басқару  органының 

маңызды 

бағыты 


болып 

мұғалімдердің 

енгізетін 

педагогикалық 

инновацияларын  талдау,  бағалау,  оларды  дайындауға  және  қолдануға 

қолайлы жағдай жасау болып табылады. 

4.

 

 Жалпы  білім  беру  оқу  орындарының  нарықтық  қатынастар  кезеңіне 



енуі, жаңа түрдегі, оның ішінде мемлекеттік емес оқу орындарының көптеп 

ашылуы олардың арасындағы бәсекелестікке жол ашуда. 



Инновациалық  ұйымдар  –  оқу  және  педагог  еңбегінің  тиімділігін 

жоғарлату мақсатындағы инновациялық өзгерістер тәртібінде жұмыс істейтін 

ұйымдар. 

Тек  қана  тәрбиелеу  және  білім  беру  мақсаттарын  қатар  алдына  қойған 

мекеме ғана оқу орны деп атала алады. 

Оқу  орны  –  білім  беру  процессін  жүргізетін  мекеме,  яғни  бір  немесе 

бірнеше  білім  беру  бағдарламаларын  іске  асырып,  және  оқушыларды, 

тәрбиеленушілерді тәрбиелеумен айналысады. 


 

46 


Білім берудің инновациялық сипаты, педагогикалық шығармашылықтың 

дамуы,  білім  берудің  гумманизациялануы  және  диверсификациялануы 

альтернативті  деп  аталатын  мектептердің  құрылуына  әкелді,  яғни  олар 

дәстүрлі  түрдегі  мектептерге  қарағанда  білім  беруге  көзқарастарының 

қарама-қарсы, керсінше бағытта болуы. 

Инновациалық  оқу  орындары  –  бұл  қызметі  ерекше  және  тиімді 

идеялар  және  технологиялар  негізінде  құрылған  оқу  орындары.  Олар  жаңа 

білім  беру  жүйесін  немесе  жаңалық  элементтері  бар  жүйені  білдіреді  және 

жаңа білім беру тәжірибесін қолданады. 



Гимназия  –  түрлі  іргелі  ғылымдар  салаларында  шығармашылық  және 

зерттеу  қызметіне  дайын,  білімді  интеллигентті  тұлғаны  қалыптастыруға 

бағытталған  қоғамдық  мекеме  түрі.  Ол  5-11  сынптар  құрамымен  жұмыс 

жасайды.  Гимназиядағы  білім  беру  кең  гуманитарлық  базаға  сүйеніп, 

міндетті түрде бірнеше (2-ден кем емес) шет тілдерін оқытады  

Лицей – тек қана салалы жоғары білім беру орныны жанында ашылады. 

ЖОО-мен  (жоғарғы  оқу  орны)  бірлесе  лицей  оқу  кешенін  құрайды  онда 

жоғары  сыныптың  оқушылары  оқиды  (8-ші  сыныптан  бастап).  Лицей 

жекелеген  пәндер  бойынша  тереңдетіліп  білім  беруге,  оқушыларды 

жекелеген  салаларға  ерте  бастап  дайындауға  арналған  және  бітірушілерді 

кәсіпті саналы таңдауына, жоо-да шығармашылық дербестікке дайындайды. 



Жекелеген  пәндерді  тереңдетіп  оқытатын  жалпы  білім  беру  мектебі 

білімнің  таңдаған  бір  саласы  бойынша  бірнеше  пәндерден  кеңейтілген, 

тереңдетілген  білім  береді  және  сәйкес  білім  саласы  бойынша  ертерек 

кәсіпке дайындайды. 

Инновациалық  деген  атауды  енгізілетін  жаңалықтарды  немесе  олардың 

элементтерін  енгізе  бастаған  оқу  орындар  алды.  Өздерінің  инновациялық 

процессті  қабылдайтындықтарын  еліміздің  барлық  оқу  орындарының 

басшылары  мәлімдеді.  Олардың  осыған  сәйкестігін  инновациялық 

өзгерістерінің  мазмұнын  және  бағытын  қарастырып  барып  анықтауға 

болады. 


Оқу  орнының  инновациялық  критерийін  қалыптастыру  үшін  енгізілген 

жаңалықтардың  оқу-тәрбие  процессінің  нәтижесін  жақсартып  қана  емес, 

нашарлатуға апаруы мүмкін екендігін еске түсірейік: 

 



 инновация  туралы  жарилап  қана  қою,  тиімді  эффектіні  алуды 

білдірмейді; 

 

 инновациялар  инновация  үшін  жарияланбайды,  олар  оқыту  және 



тәрбие берудің тиімділігін жақсарту үшін қажет; 

 



 педагогикалық  жүйені  бір  мезетте  бірнеше  параметрлер  бойынша 

жақсартуға  болмайды.  Ал  егер  енгізілген  жаңалықтар  бір  ғана  аспектіні 

жақсартып, екіншісін нашарлатса – олар керек болар ма екен? 

 



 нысаны  емес  мағынасы  бойынша  инновация  бола  алса  ғана  олар  оқу 

және педагогикалық еңбектің жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді. 

Негізгі әдебиеттер: 


 

47 


            1 [134-178],        4 [154-166],        5 [118-140] 

 

Бақылау сұрақтары: 



1.“Технология” ұғымының мағынасы  нені білдіреді? 

2.Педагогикалық технологияның оқыту әдістемесі мен тәрбие жұмыстарынан 

қандай айырмашылықтары бар? 

3.Инновация, инновациялық процесс, инновациялық ұйым,инновациялық оқу 

орындары терминдеріне түсініктеме беріңіз 

4.Проблемалық және қарқынды күшейте оқытулардың ерешеліктері неде ? 

 

9-дәріс  Кәсіптік  білім  беру  жүйесінде  білім,  білік,  және  дағдыны 

бақылау 

Жалпы бақылаудың мынадай  жүйелері бар: 

1.  Білім  берудің  деңгейі  мен  түрі,  оқу  мерзіміне  қарай  білім  сапасын 

тексерудің  тестілеу,  есеп  шығару,  өндірістік,  курстық  жұмыстар,  біліктілік 

тапсырмалары,  практика  бойынша  есеп,  іскерлік  ойын  мен  дөңгелек  үстел 

т.б.  сияқты  түрлері  бар.  Оқу  жоспарына  кіретін  бақылау  жұмыстары  пәнді 

оқыту сағаттарының сеніміне кіреді. 

2.  Кәсіптік  дайындық  деңгейі  әрбір  жарты  жылда  бір  рет  тексеріліп 

отырады,  ал  жыл  соңында  оку  мерзімі  бір  жылдық  топтарға  кезеңдік 

аттестация  жүргізіледі.  Аттестация  кезінде  білім  алушылар  кәсіп  саласы 

бойышпа  емтихан  тапсырып  тиісті  (разряд,  класс,  санат)  біліктілікке  ие 

болады. 


3.  Кезеңдік  аттестация  жыл  соңында,  оқушылардың  кәсіп  саласына 

байланысты,  өз  бетінше  орындаған  өнеркәсіптік  тапсырмалары,  тиісті 

біліктілік  деңгейіне  сәйкестігі  негізінде  оку  -өндірістік  шеберханаларында, 

зертханаларда,  полигондарда,  оқу  орнының  шаруашылықтарында,  олар 

болмаған  жағдайда  өндірістегі  жұмыс  орындарында  жүргізіледі.  Кезеңдік 

аттестацияны  өткізуге  арнайы  аттестациялық  комиссия  құрылып,  оқу  орны 

арнайы  бұйрық  шығарып,  оған  директор  басшылық  жасайды.  Комиссия 

құрамына  өндірістік  оқыту  шеберлері,  өнеркәсіп  өкілдері,  техникалық 

қадағалау  органдары  қызметкерлері,  оқытушылар  кіруі  мүмкін.  Курс  толық 

өтілген соң, бітіруші біліктілік емтихандарын тапсырады. 

4.  Бітірушінің  біліктілік  емтихандары  білім  алушылардыц  мамандығы 

бойынша  олардың  дайындығын  анықтау  (класс,  разряд,  санат)  мақсатында 

жүргізіледі. Біліктілік емтихандары алу барысында оқушылардан алған білім, 

білік  және  дағдылары  олардың  кәсіптік  сипаттама  талаптарын  ескере 

жасалған өндірістік тапсырмалар беру арқылы алынады. 

5.  Білім  алушыларға  біліктілік  емтихандарының  түрін  таңдауына  қүқық 

беріледі.  Ол  жазбаша  біліктілік  жүмыстары,  дипломдық  жобалар  немесе 

шығармашылық (өнертапқыштық), практикалық жұмыстар болуы мүмкін. 

6.  Біліктілік  сынақ  жұмыстары  өндірістік  практиканың  соңғы  кезеңінде 

өткізіледі.  Өндірістік  жұмыстарды  бағалау  кезінде  смтихан  комиссиясының 

мүшелері  бұйым  сапасына,  жұмыстың  талапқа  сай  орындалуына,  оның 

мерзіміне  және  оқушылардың  жұмысты  атқару  икемділігі  мен  дағдысына, 



 

48 


еңбек  қауіпсіздігі  шаралары  мен  гигиеналық  нормаларды  сақтауына  мән 

береді. 


7.  Білім  берудің  мемлекеттік  стандарттарының  орындалуы  мен  білім 

саласын  бақылау  Қазақстан  Республикасы  Орталық  атқару  органдарының 

білім  саласы  бойьшша  белгілеген  ережелері  мен  тәртіптері  бойынша 

жүргізіледі.  Олар  емтихан  өткізу  туралы,  курстан  курсқа  көшіру  туралы, 

кезеңдік аттестация мен оқу орнын бітіру туралы нұсқауларда анықталған. 

Білімді  бақылау  және  бағалау  ғылыми  дәлелденген,  тәжірибеде 

қолданылған  принциптер  негізінде  жүргізіледі:  әділдік,  жан-жақтылық, 

жүйелік, жеке-даралық, дифференциалдық және тәрбиелік. 



Әділдік,  шындық  (білім  сапасының  нақтылығы,  баға  өлшемі  мен 

ережесі  нормасына қатысты)  -  бұл  субъективтік  факторларды болдырмауды 

көздейді. 


Каталог: sites -> default -> files -> books
books -> ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы
books -> Қолданбалы экология
books -> Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі
books -> Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі
books -> Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі
books -> Ж. Ә. Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік инженерия институты «Көтеру-тасымалдау машиналары мен гидравлика» кафедрасы
books -> Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі
books -> Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі
books -> Студенттің ПƏндік оқУ-Əдістемелік кешені

жүктеу 1.13 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет