Қазақстан республикасы білім және ғылым



жүктеу 1.13 Mb.
Pdf просмотр
бет3/12
Дата02.05.2017
өлшемі1.13 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Кәсіп  -  қоғамдық  еңбек  бөлінісінде  жалпы  адамзаттық  мораль 

нормаларымен келісілген еңбек түрі және адамзат үшін материалды игіліктер 

бастамасы. Кәсіп саласына қарай еңбек бөлінісіне ие. Мысалы: слесарь кәсібі 

мына  түрлерге  бөлінеді:  слесарь-кұрастырушы;  слесарь-жөндеуші  және 

аспапшы-слесарь  т.б.  Сондықтан  кәсіп  саласы  белгілі  бір  мамандықтар 

бойынша еңбек бөлінісіне ие болады. 



Мамандық  -  белгілі  бір  кәсіп  саласы  бойынша  шағын  ауқымды  еңбек 

түрін  қамтиды.  Кейбір  кәсіп  саласының  қызметіне  орай  мамандандыру 

процесі жүргізіледі. 

Кейбір  кәсіп  саласындағы  мамандық  қызметінде  мамандандыру  процесі 

де  жүргізіледі.  Мысалы:  дәрігер  кәсібінің  оташы  мамандығы  және  оның 

нейрохиругия  (бас  сүйекке  операция  жасаушы)  саласы  бойынша 

маманданады. Сөйтіп, мамандық -  кәсіп қызметіне қарағанда ұғымы тар, ол 

мамандану - мамандыкқа қарағанда әлдеқайда тар ұғым. 



Біліктілік  -  бұл  белгілі  бір  кәсіптік  қызмет  саласын  атқаруға  тиісті 

дайындық  деңгейі  бар  адам.  Яғни,  біліктілік  дегеніміз  -кәсіпті  тиісті 

дәрежеде игеру дағдысы. 

Академик  В.С.  Леднев  кәсіптік  даярлықтық  біліктілік  деңгейін  мына 

төмендегідей етіп көрсетеді: 

0-дік деңгейі - біліктілігі жоқ жұмысшылар; 

1 деңгей - жұмысшы мамандар; 

2 деңгей - орта дәрежелі мамандар (техниктер); 

3деңгей  -  жоғары  дәрежелі  мамандар  (инженерлер,  дәрігерлер, 

мұғалімдер); 



 

18 


4  деңгей  -  ғылыми  дәрежелі  мамандар  (ғылым  саласы  бойынша 

кандидатгар мен докторлар). 

Жұмысшы  мамандығының  кәсіптік  біліктілігі  игеру  деңгейінің  тиісті 

разрядтары  арқылы  белгіленеді.  2-3  деңгейдегі  мамандар  біліктілігін  санат 

класқа  бөлу  орны  анықтайды.  Мысалы,  1-ші  санатты  мұғалім,  жоғары 

санатты дәрігер, 3-ші санатты заңгер. 

  Белгілі  бір  кәсіп,  не  мамандық  саласы  бойынша  дайындық  деңгейі 

кәсіптік біліктілік сипаты арқылы айқындалады. 



Біліктілік  сипаттамасы  -  тиісті  кәсіп  саласы  бойынша  мамандардың 

білім, білік және дағдысын белгілейтін мемлекеттік құжат. Жұмысшылардың 

кәсіптік  біліктілігі  екі  нәрсе  арқылы  сипатталады.  Кәсіп  саласы  бойынша 

білім  деңгейін  анықтау  үшін  «білуі  тиіс»  нәрселер  мен  білік  пен  дағдыға 

байланысты  «істей  алатын»  нәрселер.  Мұның  барлығы  бірыңғай  тарифты  - 

біліктілік анықтамасында белгіленіп, жинақталған. 



Құзыр  -  белгілі  бір  кәсіптік  таным  саласы  бойынша  шешім  шығаруға 

лауазымдық құқы бар маман. 



Құзыреттілік  -  тиістікәсіп  саласы  бойынша  білім,  білік  және  дағдысы 

жоғары  деңгейде  қалыптасқан,  оны  саналы  атқара  алатын  маманның 

қабілеттілігі. 

Даму  –  ол  дегеніміз,  адамның  физикалық,  психикалық  және  рухани 

күштерінің  ішкі  реттілікпен  сандық  және  сапалық  өзгеруінің  объективті 

процессі,  ол  оның  өмірлік  потенциалының  мазұмыны  мен  орынын 

қамтамасыз етеді. 



Тәрбие  –  ол  бір  ұрпақтың  тәжірибе  беру  процессі  және  оны  адамның 

дамуын қамтамасыз ететін, екінші ұрпақтың меңгеруі. 



Білім беру – ол қоғамда адамның дамуы үшін арнайы ұйымдастырылған 

жағдайлар жүйесі. 



Оқыту–  ұрпақтар  тәжірибесін  педагогпен  оқушының  қатысуымен  беру 

және қабылдау процессі. 



Өздік  тәрбие  –  ол  адамның  дамуын  қамтамасыз  ететін,  өзінің  ішкі 

рухани факторлар әсерімен алдыңғы ұрпақ тәжірибесін меңгеру процессі. 



Өздік білім алу – ол өзінің дамуына бағытталған, ұрпақтар тәжірибесін 

меңгеру бойынша өзін іштей ұйымдастыру жүйесі. 



Өздік  оқу  –  ол  адамның  ұрпақтар  тәжірибесін  өз  бетімен  және  өзі 

таңдаған құралдар көмегімен ұмтылып қабылдау процессі. 



Тәрбиелік  қатынастар  дегеніміз,  адамдар  арасындағы  адамды 

тәрбиелеу, білім беру, оқытуға бағытталған өзара қарым-қатынас түрі. 

Алайда, Сіздер жаңа танысқан білімдер санаты кәсіби оқыту педагогі мен 

технология  мұғалімінің  кәсіби  түрде  жұмыс  істеуіне  жеткіліксіз  болып 

табылады.  Олардың  қызметі  дегеніміз  –  оқушылардың  жалпы  дамуы  ғана 

емес,  сонымен  қатар  олардың  кәсіби  дайындығы.  Онда  өзінің  жалпы  білім 

беру  пәндерінің  мұғалімінің  қызметіне  қарағанда  өзінің  ерекшеліктері  бар. 

Кәсіби  оқыту  педагогі  және  технология  мұғалімі  нақты  бір  еңбекті  және 

кәсіби  қызметті  жақсы  меңгеруі  тиіс.  Ғылымда  олар  ерекше  түсініктер 

жүйесі арқылы сипатталады. 



 

19 


Ондай  түсініктер  кем  дегенде  сегіз.  Олардың  бір  бөлігі  таза  педагогтік 

болып табылмайды. Мысалы, «өндіріс күштері», «жұмыскер», «мамандық» - 

экономика  және  өндірісті  ұйымдастыру  саласынан,  «жеке  потенциал»  – 

социология  саласынан.  Барлық  сегіз  түсінік  шекаралас,  яғни  ғылымдар 

шектеуінде туындап, бірнеше ғылым саласында бірден қолданылады. 

Өндіріс  күштері  дегеніміз,  еңбек  субъектісі  (адам)  және  еңбек 

нысандары  (еңбектің  құрал-жабдықтары  мен  заттары)  кіретін  өндірістің 

қоғамдық тәсілінің құрама бөлігі. 

Бұл  түсініктен  туындайтыны,  кәсіби  мектептерде,  колледждарда,  оқу 

өндірістік  комбинаттарында  (ОӨК)  және  кейбір  мектептерде  оқушылар 

шартты түрде айтқанда, өндіріс күші болуға дайындалады. Осы әрбір адамға 

тән  болып  табылатын  қоғамдық  функцияны  орындау  үшін,  олар  жеткілікті 

дәрежеде дамып, кәсіби дайын болуы қажет. Адам өндіріс күштерінің басты 

элементі  болып  табылады.  Ол  материалдық  жетістіктер  немесе 

интеллектуалды қызмет өнімдерін жасау бойынша өнімді еңбек етеді. 



Жұмыскер – ол өндіріске (мемлекеттік немесе жеке меншік) жалданып, 

өнімді еңбек етіп және сол еңбегінің ақысына өмір сүретін адам. 



Жұмысшы – ол бастауыш немесе орта білімі бар қара жұмыс жұмыскері. 

Қызметкер  –  ол  интеллектуалды  қызметке  негізделген,  қызмет  көрсету 

еңбегінің жұмыскері. 

Жұмыскер,  жұмысшы  және  қызметкер  еңбектің  субъектісі  болып 

табылады  және  өндіріс  күшін  білдіреді.  Оларды  дайындау  оқыту-тәрбие 

мекемелеріне, өнеркәсіптердің техникалық оқыту бөлімдеріне, оқу-өндірістік 

комбинаттарына  және  кей  жағдайларда  өндірістік  оқыту,  алдыңғы  кәсіптік 

және бастапқы кәсіптік дайындыққа оқыту енгізілген мектептерге жүктелген. 

Оқу  кезінде  болашақ  жұмысшылар  мен  қызметкерлер  елдің  еңбек 

ресурстарын білдіреді. 

Еңбек ресурстары – ол тұрғындардың қажетті дәрежеде физикалық және 

ойлау қабілетіне ие, еңбекке жарамды, алайда еңбекке әлі араласқан бөлігі. 

Жұмыскерлерді,  оның  ішінде  жұмысшылар  мен  қызметкерлерді 

мамандығы  бойынша  бөлу,  еңбектің  бөлінуі  негізінде  жүргізіледі.  Бұл 

бөліну,  қандай  да  бір  жұмысты  орындау  үшін  арнайы  дайындықты 

жоспарлайды. Жұмыскер болу үшін қандай-да бір мамандықты игеру қажет. 



Кәсіп – ол арнайы дайындық пен күн көріс ретінде пайдаланылатын және 

арнайы дайындықты талап ететін еңбек қызметінің түрі. 



Мамандық – ол белгілі бір кәсіп шеңберіндегі еңбек қызметінің түрі. 

Жұмыскердің  жеке  потенциалы  –  ол  белгілі  бір  кәсіп  (мамандық) 

бойынша  еңбек  қызметін  табысты  жетілдірілуін  анықтайтын,  жалпы  және 

кәсіби дамуының дәрежесі. 

Жеке (еңбек) потенциал өзіне келесі түсініктерден тұрады: 

психофизиологиялық  потенциал  –  еңбек  функцияларын  табысты 

орындауды  қамтамасыз  ететін  дене  құрылымының  дамуының,  денсаулық 

жағдайының, жұмысқа қабілеттілігінің, шыдамдылығының, деңгейі; 

біліктілік  потенциалы  –  нақты  бір  кәсіби  қызметті  орындау  қабілетін 

белгілейтін, жалпы және арнайы білімдердің жүйесі; 


 

20 


әлеуметтік  –  педагогикалық  потенциал  –  еңбек  өнімділігін  жоғарлатуға 

әсерін  тигізетін  азаматтық  түсініктің  деңгейі,  еңбекке  және  кәсіпке  қарым-

қатынасының, қызығушылығының, мәдениетінің деңгейі. 

Жеке  потенциалдың  болашақ  жұмыскердің  кәсіби  бағытының  болашақ 

дамуына  бағыт  беретінін  ескерейік.  Сонымен  қатар,  ол  дегеніміз  жас 

адамның  дамуының  бөлігі  ғана,  өйткені  оның  өмірі  кәсіби  қызметпен  ғана 

шектелмейді. 

Жұмыскердің  жеке  потенциалының  дамуы  кәсіби  тәрбие,  кәсіби  білім 

беру,  кәсіби  оқыту  арқылы  қол  жеткізіледі.  Осы  үш  түсінік  алдында 

оқытылған  –  тәрбиеге,  білім  беруге,  оқытуға  жатады.  Оның  ерекшелігі 

болашақ  маманның  еңбек  потенциалы  ретіндегі  жеке  потенциал  дамуына 

бағытталған ерекшеліктен тұрады. 

Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу, кәсіби өздік білім алу, кәсіби өздік оқу сияқты 

түсініктерді  пайдалану  да  заңды.  Олар  да  бұрын  оқып  өткен  -  өзін-өзі 

тәрбиелеу,  өздік  білім  алу,  өздік  оқуға  кіреді.  Олардың  ерекшелігі  – 

жұмыскер  жеке  потенциалының  даму  бағытын  өзінің  жеке  құралдарымен 

бағыттауда.  

Бұл жеке потенциалдың дамуына бағытталған кәсіби тәрбие, білім беру, 

оқу бірлестігінде атқарылатын күрделі кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу, өздік білім 

алу, өздік оқу жұмыскердің кәсіби қалыптасуы деп аталады.  

Маманның  кәсіби  қалыптасу  барысында  оның  кәсіби  шеберлігінің  өсуі 

жүреді. 


Кәсіби  шеберлік  –  тұлғаның  кәсіптік  білімін,  дағдысын,  шеберлігін, 

шығармашылық  қызмет  элементтерінің  жоғары  деңгейін  көрсететін  және 

тәжірибе  процесінде  алатын  қасиеті.  Шеберліктің  даму  деңгейіне 

байланысты жұмысшылардың біліктілігі ерекшеленеді. 



Кәсіби біліктілік – ол қандай-да бір белгілі еңбек сапасы және белгілі бір 

күрделі орындалуына жұмыскердің кәсіби дайындық деңгейі. 

Жұмысшы  мамандықтарында  біліктілік  разрядпен  белгіленеді.  Олар 

алтыдан  артық,  алайда,  әдетте  6  разрядтық  топтама  қолданылады.  Кәсіби 

мектептерден  көбінесе  3-4  разрядты  жұмысшылар  шығады.  Жұмысшының 

разрядына байланысты біліктілік төменгі, орташа, жоғарғы және ең жоғарғы 

болып  бөлінеді.  Жұмысшщының  жоғарғы  және  ең  жоғарғы  біліктілігі 

жұмысшының  кәсіптілігін  сипаттайды.  Кәсіптілік  –  ол  тек  қана  кәсіпті 

(мамандықты) шебер игеру ғана емес, онымен қоса жоғары азаматтық жетілу, 

жауапкершілік және кәсіби жауапкершілік сезімінің болуы. 

Сонымен,  сіздер  кәсіби  оқыту  педагогы  және  технология  мұғалімі 

жасөспірімдер  мен  жастардың  жалпы  дамуымен  ғана  айналыспай,  бәрінен 

бұрын олардың кәсіби дамуымен айналысатындығына көз жеткіздіңіздер. Ал, 

бұл  дегеніміз  экономика,  өндіріс,  қоғам  және  оқушылардың  өздерінің 

алдарындағы  жауапкершілік.  Кәсіби  дайындықтың  нәтижелері  еңбек 

өнімділігінде,  кәсіпке  қарым-қатынасында,  қызметтегі  шығармашылық 

компоненттің болуында байқалады. Нәтижесінде жұмыскердің жаңа бәсекеге 

қабілетті  түрі  қалыптасады.  Бәсекегеқабілетті  жұмыскер  –  ол  еңбек 

нарығында  және  жұмыс  күшінде  өзінің  шебер  қолдарын,  ақылын  және 


 

21 


тәрбиелі  рухын  ұсына  алушы,  яғни  өзінің  сипатын  өзінің  және  отбасының 

жетістігін  қамтамасыз  ететін  тауар  ретінде  лайықты  бағаға  ұсынады. 

Бәсекеге қабылетті жұмыскер – ол бүгінгі күні мемлекеттік және мемлекеттік 

емес  кәсіпорындар  (мекемелер)  нақты  қажетсінетін  тұлға,  олар  нақты 

сұранымға ие өнімдерді өндіре алады, керісінше жағдайда жұмыскер оп-оңай 

жұмыссыз болып шығады.  



Жұмыссыз  –  еңбекпен  қамтамасыз  ету  қызметінде  (еңбек  биржасында) 

жұмыс  іздеуші  ретінде  келесі  жағдайларда  тіркелген:  өзінің  кәсіби  білім, 

дағды  және  шеберлігіне  жауап  беретін  жұмыстың  жоқтығы;  тиісті  кәсіби 

дайындықтың  болмауынан  сәйкес  жұмыс  таңдауға  мүмкіндіктің  болмауы, 

бұрынғы  мамандығы  бойынша  жұмыстарды  орындауға  қабілетін  жоғалтуы; 

болған кәсіптер (мамандықтар) бойынша біліктілігін жоғарылату қажеттілігі. 

Көріп  отырғанымыздай  кәсіби  оқыту  педагогына  негізгі  білімдердің 

қажеттілігімен қоса қосымша кәсіби маңызды түсініктер де қажет.  

Әдебиеттер:   

 негізгі:       1[14-25 ] 

қосымша:  1[304-312 ]      2[20-37 ] 

Бақылау сұрақтары 

1.Педагогикалық жүйе деген не ?. 

2.Кәсіптік мектептің құрылымдық компонеттеріне не кіреді ? 

3.Педагогика  коммуникация тәсілдері. 

      4.Білім беру ақпараты  

 

3-дәріс Кәсіптік білімді басқару теориясы

 

Басқару теориясы туралы жалпы ұғым. Жеке тұлғаны дамытуда оның 

бойына  білім,  білік  және  дағды  негіздерін  қалыптастырып,  сонымен  бірге 

жалпы адамзаттық құндылыктар туралы мәліметтер беріп, оларды пайдалана 

білуді үйрету- ережелері мен нормаларын білім үрдісі десек болады. 

Педагогикалық 

басшылық 

дегеніміз 

оқушы, 

не 


студентке 

авторитарлық(үстемшіл) әсер ету емес, оларға жалпы не кәсіптік 

 ерекшеліктерін  дамытуда  жан-жақты,  әрі  үйлесімді  ықпал  ету,  соған 

мүмкіндік  пен  алғы-шарттар  жасау.  Алдымен,  басқару  теориясының  мына 

төмендегі жалпы ұғымын анықтау қажет, олар: 

- басқару  

- басшылық 

         - басқару қызметі 

         - басшылық принциптері 

         - басқару әдістері 

  Қазіргі  таңдағы  басқару  теориясы-басшылық  шешімдерін  қабылдау 

мен  оны  жүзеге  асыру,  ақпараттарды  қозғалысқа  келтіру,  тікелей  әрі 

байланыс процесіне басшылық жасау болып отыр. Олар: өзара әсер етуші екі 

жақ, яғни басқарылатындар мен  

басқарушылардан тұрады. Сөйтіп, жүйенің өзін-өзі басқару біртұтастығы 

пайда болады. Ол қоршаған ортамен әрекет етуінеде игі әсерін тигізеді. 



 

22 


Басқару—  басқарушы  жүйелердің  басқарылатындарға,  олардың 

қызметіне әсер ету арқылы түпкі нәтижеге жету үшін тиімді басшылық жасау 

екенін  аңғарамыз.  Басқару  негізі  ақпараттық  процестерден  тұрады.  Оны 

қабылдау,  өңдеу  және  сыртқы  ортамен      байланыс  арқылы  дамиды.  Одан 

белгілі  бір  нысандар  туралы  мәлімет  біле  аламыз.  Бұл  жүйелерді 

басқаруда,оны жұмыс істеп тұрған жүйелеріне қосу арқылы және қабылдау

қайта  өңдеу,  сақтау  және  жіберу  арқылы  ақпараттарының  тиімділігін 

арттырамыз.  Басқарудан  туындайтын  екінші бір  ұғым бар.  Ол  -  «басшылық 

жасау». Бұл кең ұғым, бірақ ол мынадай анықтамаларды қажет етеді: 

- белгілі бір жүйелі мақсат қою; 

-  жұмыстың  негізгі  бағыттары  мен  мазмұны  бойынша  нақты  міндеттер 

белгілеу; 

- арнайы қызмет әзірлеу; 

Басқару әкімшілік қызметіне басшылық жасау болып табылады, басқаша 

айтқанда басқару - объективті, ал басшылық жасау - субъективті сипаттамаға 

ие. 


Басшылық  -  басқару  ісінде  жеке  субъектінің  өзін-өзі  басқару  жүйесіне 

әсерін көрсетеді,  яғни  мақсатқа  жету  жолындағы жеке  тұлғаның біліктік іс-

әрекеті. 

Кәсіптік  мектептің  педагогикалық  үрдісін  жүзеге  асырудағы  басқару 

қызметі туралы бірер сөз айталық. 

Басқару  қызметі  деп  еңбек  бөлінісін  анықтау  мен  басшылық  аясын 

мамандандыруда ерекше мәртебеге ие қызмет. 

Басқару қызметінің қазіргі таңда жетілдірілген мынадай түрлері бар: 

1. Жоспарлау. 

2. Ұйымдастыру. 

3. Реттеу. 

4. Бақылау. 

5. Есеп алу. 

6. Талдау. 

Осы қызметтерге жеке-жеке тоқталсақ: 



Жоспарлау  -  белгілі  бір  мақсатқа  жету  жолында  қойылатын  міндеттер. 

Ол  жүйені  болжау,  ағымдағы  қызметтер  және  нақты  бағдарламалау  сияқты 

бөлімдерден тұрады. 

Ұйымдастыру  -  қайсыбір  басшылық  шешімдерді  іске  асыруда  жүйелер 

элементтерінің  өзара  байланысьн  ұйымдастырып,  басқару  процесін  ретке 

келтіруге бағытталады. 

Реттеу  -  жүйе  бөліктері  арасындағы  сәйкессіздік  жағдай  мен 

үйлесімділікті  қамтамасыз  етуге  арналған.  Ол  тиісті  сәйкессіздіктерді 

бақылау нәтижесінде алынған мәліметтер 

ақпарынан  соң  жүзеге  асырылады.  Негізгі  күштерді  қалай  және  қайтып 

орналастыру керек екендігін жедел шешуге жұмылдырады. 

Бақылау  -  процестерді  жоспарлаудың,  нұсқаудың  және  шешімдерді 

нақты  жүзеге  қалай  асып  жатқандығы  жөніндегі  сәйкестікті  тексереді. 



 

23 


Бақылау  -  істің  кері  байланыс  арқылы  мәліметін  білетін  тәсіл. 

Басшыланбайтын процесс -басқарылмайтын процесс. 



Есеп  алу  —  басқару  процесі  негізінде  нәтижеге  қол  жеткізу  үшін 

алынатын  сандық  жеке  сапалық  баға  көрсеткіші.  Ол  шаралардың 

қаншалықты  жүзеге  асып  жатқандығының  өлшеуіші.  Есепті  бақылаудан 

ажыратуға болмайды, бірақ ол оған тәуелді құбылыс. 



Талдау-  басқару  жүйесін  жетілдіруде  кейбір  бөлім  қызметтеріне 

объективті баға береді, ұсынысын білдіреді. Әрбір басқару циклы талдаумен 

аяқталады және нәтижелі болу үшін бұл цикл қайталана береді. 

Оқыту  мен  бақылаудың  жалпы  заңдылықтарына  ойжүгіртіп  әрі  мұқият 

оқыңдар. Олардың кызметін, әсіресе бақылауда орын алған кемшіліктер мен 

оларды түзету шараларын жүзеге асыру жүйесі іске асырылады. Бұған мысал 

ретінде,  Қазақстан  Республикасының  барлық  аумағындағы  білім  беру 

орындарына  2003  жылы  өндірілген  тестілеудің  бірыңғай  Ұлттық  жүйесін 

келтіруге болады. 

 

Басқару мен білім беру процесінің кызметіндеі  ұқсастықты мына 



кестеден көруге болады 

Басқару 


функциясы

 

Басқару функциясы мазмұнының оқыту процесіндеі 



көрінісі

 

Жоспарлау 



Мақсат: - дидактикалық,  

  -      тәрбиелік, 

  -   дамытушылық.  

Сабақ жоспарын кұру. Оқыту мазмұнын іріктеу және  

конспект дайындау. Дидактикалық материалдарды 

сұрыптау. 

 

Ұйымдастыру 



 

сабаққа дидактиқалық құралдар дайындау. Оқу және 

көрнекі құралдардың тексеру ұйымдастыру шараларын 

жүргізу, окытушы мен студенттің ілтипатты амандасуы, 

оларды түгелдеу, мақсатын, жоспарын таныстырып, кезең 

бойынша өткізу. 

Реттеу

 

Оқытуда жоспарға сәйкессіздік жағдай туса сабақ әдісі мен 



қарқынын өзгерту 

Есепалу 


 

Өткен материалдарды игергенін байқау үшін жазбаша және 

ауызша билет - сұрақтар, тесттер, бақылау жұмыстары, 

тақырыптық сынақ, модуль бойынша ауызша және жазбаша 

жауаптар алу. 

Курстықорытужөнемемлекеттікемтихандыұйымдастыру. 

Бағалау 

Баға қою, алынған білім, білік дағдыларды журналға, 

оқушының кітапшасына қондыру 

Талдау


 

 

Дайындалған жоспар бойынша өткізілген сабақ бойынша 



білім, білік дағдылар сәйкестігін, қолданылған оқыту 

әдістері мен құралдардың тиімділігін, оның білім 



 

24 


алушылардың білімі, білігі және дағдысына әсерін анықтау. 

Оқыту процесіне бұл жағдайда басқару қызметі екі жақты жүзеге асады. 

- сабақ барысында; 

- оның кұрамдық компоненттерінде. 

Әдебиеттер       негізгі:       1[14-25 ] 

                         қосымша:  1[304-312 ],      2[20-34 ] 

 Бақылау сұрақтары: 

1.

 



«Басқару  теориясы»,  «басшылық  жасау»  «басқару  қызметі» 

ұғымдарының мағынасы қандай  ? 

2 Басқаруқызметінің қандай түрлері бар ? . 

3.Басқару мен білім берудің арасында қандай ұқсастықтар бар? 

4.Кәсіптік 

білім  беретін  оқу  орындарында  оқу-тәрбие  үрдісін              

басқарудың тәсілдері қандай?. 

 

4 Дәріс.Қазақстан мен ТМД елдеріндегі кәсіптік білім беру жүйесі 



 

  Қазіргі  кездегі  Қазақстан  мен  ТМД  елдерінің  экономикалық  жағдайы, 

оның  каншалықты  нарық  жағдайына  бейімделуіне  білікті  жұмысшы 

мамандарға деген сұранысты қанағаттандыру мәселесіне тікелей байланысты 

болып  отыр.  Саяси-әлеуметтік  және  экономикалық  реформаларды  жүзеге 

асыруда бәсекелестік басты орынға шықты. Қалыптасқан жағдайда халықты 

әлеуметтік  қорғау  институттары  нарықтық  қатынастар  саласында  болып 

жатқан өзгерістердің даму қарқынына ілесе алмай, еңбекке жарамды белгілі 

бір  әлеуметтік  топ  корғаусыз  қалады.  Бұл  адамдар  үшін  басты  қорғаныс 

қызметі, әрі кепілі  - ол елдегі кәсіптік білім беру жүйесін дұрыс жолға қою 

болып  табылады.  Білім  беру,  оның  ішінде  кәсіби  білім  беру  жүйесінің 

қызметін  дұрыс  ұйымдастырғанда  ғана  қоғамның  әрбір  мүшесіне  тиісті 

жалпы  немесе  кәсіптік  білім  бере  аламыз.  Тек  қана  нарық  талабына  лайық 

сұранысқа ие жоғары білікті дәрежеде дайындалған кәсіптік мектеп, колледж 

не  жоғарғы  оқу  орнын  бітірген  мамандар  арқылы  ғана  ішкі  еңбек 

ресурстарын  толықтырып,  жұмыссыздықты  жоюға  жол  ашуға  болады. 

Сөйтіп,  қоғамда  болып  жатқан  экономикалық  өзгерістер  талабын  бұрынғы 

білім  беру  жүйесі  қанағаттандыра  алмайды.  Өндіргіш  күштердің  даму 

қарқынына  ілесу  үшін  білім  беру  жұйесі  мына  төмендегі  екі  заңдылыққа 

сүйенуі керек: 

- өндіргіш күштердің даму деңгейіне білім беру жүйесінің сәйкестігі; 

- өндіріс қатынастар жағдайына білім беру жүйесінің сәйкестігі.  

Бұл сәйкестік алдыңғы қатарда болса ғана нәтиже бермек. 

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор А. Новиковтың пікіріне 

сүйенсек, «жеке тұлғаға жалпы және кәсіби білім беру ісінің даму қарқыны 

өндірістің  даму  деңгейінен  асып  түсуі  керек»-дамыта  білім  беру  ісін  басты 

принцип  етіп  ұстауымыз  керек.  Осы  жерде  жалпы  бастауыш  және  орта 

кәсіптік  білім  беру  жүйесінің  білікті  жұмысшылар  мен  мамандар  даярлауда 



 

25 


тиісті  білім  мазмұнымен  қамтамасыз  етуде  рөлі  қандай  деген  сұрақ 

туындайды. 

Жалпы  Қазақстан  мен  ТМД  елдерінде  еңбек  ресурстары  сапасы  туралы 

мәселе  бастауыш  және  орта  кәсіптік  білім  мекемелері  түсініктерінің 

дайындық  деңгейі  деген  мәселемен  ұштасып  жатыр.  Атап  айтқанда,  мұнда 

тек  белгілі  бір  теориялық  білім,  кәсіби  білік  және  практикалық  дағдыны 

қалыптастыру  ғана  емес,  әңгіме  жеке  тұлғаның  бойында  тиісті  кәсіби 

шеберлік  пен  жалпы  адамзаттық  құндылықтарды  еңбек  барысында 

үйренумен  қатар,  сонымен  бірге  жаңа  техника  мен  технологияларды 

өндіріске тиімді ендіре білу, қажет болған жағдайда нарық пен бәсекелестік 

талап етіп отырған кәсіп саласы мен мамандықты қысқа мерзімде игере білу 

қабілеттілігі  де  басым  болуы  тиіс.  Көптеген  дамыған  елдерде  әр  адам  өз 

кәсібі мен мамандығын 3-4 рет (ал, кейбір жоғары дамушы елдерде 5-6) рет 

өзгертіп немесе біліктіліктерін көтере алады. 

Қорыта  келе,  кәсіптік  білім  орындарын  бітіруші  түлектердің  дайындық 

сапасына қойылатын талаптарды мына екі топқа бөлуге болады. 



Каталог: sites -> default -> files -> books
books -> ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы
books -> Қолданбалы экология
books -> Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі
books -> Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі
books -> Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі
books -> Ж. Ә. Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік инженерия институты «Көтеру-тасымалдау машиналары мен гидравлика» кафедрасы
books -> Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі
books -> Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі
books -> Студенттің ПƏндік оқУ-Əдістемелік кешені

жүктеу 1.13 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет