Қазақстан республикасы білім және ғылым



жүктеу 0.59 Mb.
Pdf просмотр
бет1/15
Дата10.09.2017
өлшемі0.59 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ 
МИНИСТРЛІГІ 
С.БӘЙІШЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ УНИВЕРСИТЕТІ 
Педагогика факультеті 
Қазақ тілі  мен әдебиеті кафедрасы 
 
 
 
 
«Тілтаным» ЖООаралық студенттер мен 
магистранттардың  ғылыми cеминары 
материалдарының 
ж и н а ғ ы 
 
 
13 сәуір, 2017 жыл   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ақтөбе, 2017 


 
УДК 811 
ББК  81.2 
 
Т93 
Ғылыми басылым 
Баспаға ғылыми семинардың редакциялық алқасы ұсынған 
 
 
Редакция  алқасы:  Аитова  Н.Н.  –  «Тілтаным»  зертханасының  меңгерушісі, 
филол.ғ.к.,  доцент,  Тоқсанбаева  Т.Ж.  –  доцент  қазақ  тілі  мен  әдебиеті 
кафедрасының  меңгерушісі,  филол.ғ.к.,  доцент;  Сұлтан  Ж.И.  -  филол.ғ.к., 
доцент,  Тұржанова  Г.Н.  –  гум.ғ.магистрі,  аға  оқытушы,  Борамбаева  А.М.  – 
гум.ғ.магистрі, аға оқытушы, Ермекбаева Г.Ғ. – гум.ғ.магистрі, аға оқытушы, 
Ажуова А. – гум.ғ.магистрі, аға оқытушы. 
 
 
«Тілтаным»:  ЖООаралық  студенттер  мен  магистранттардың    ғылыми  
семинары  материалдары  жинағы  –  Ақтөбе,  С.Бәйішев  атындағы  Ақтөбе 
университеті баспасы, 2017. -  131 бет 
 
ISBN 978-601-278-838-9
 
 
 
Бұл  ғылыми  жинаққа  студенттер  мен  магистранттардың    тіл  білімі, 
әдебиеттану,  және  оқыту  әдістемесінің  өзекті  мәселелеріне        арналған 
мақалалары    енгізілген.  Жинақ    филология,  қазақ  тіл  білімі  және  оқыту 
әдістемесі,  қазіргі    тіл  білімі,  әдебиеттану    бағытындағы  ізденушілер  мен 
филологтарға арналған. 
Жинақтағы  материалдар авторлық редакциямен шығарылды. 
 
 
УДК 811 
ББК  81.2 
 
 
 
 
 
ISBN 978-601-278-838-9
 
 
© С.Бәйішев атындағы АУ, 2017 


 
Алғы сөз 
 
 
C.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті«Тілтаным» атты жоғары оқу 
орындары  арасындағы  студенттер  мен  магистранттардың  он-лайн  семинары 
бірінші рет ұйымдастырылды.  
Жоғары  оқу  орындары  арасындағы  ынтымақтастықтың  кепілі  іспетті 
бұл  семинар  магистранттар  мен  аспиранттардың  филология  саласы,  оның 
ішінде  тіл  білімі  мен  әдебиеттану,  әдістеме  төңірегендегі  зерттеу 
жұмыстарын ашық қорғауға ұсынып, талқыдан өткізуіне мүмкіндік тудырды. 
Зерттеу жұмыстарының бір деңгейінің нәтижелерін жинақтап, ұсынған баспа 
материалы  филолог  мамандарға,  жалпы  қызығушылығы  бар  оқырмандарға 
арналған. 
Семинарды  ұйымдастыруға  қатысушыларға  алғыс  білдіре  отырып, 
семинар жұмысын дәстүрлі жалғасын табады деген үміттеміз. 
 
 
Ұйымдастырушылардан 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
1. ҚАЗІРГІ ТІЛ БІЛІМІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ БІРІКТІРУДІҢ  БАСТЫ  ФАКТОРЫ- 
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ 
 
Абдуллина Дария 
С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті педагогика факультеті,мамандық 
«Қазақ тілі мен әдебиеті», 1 курс магистранты 
Ғылыми жетекшісі: филол.ғ.к., доцент Н.Н.Аитова 
 
Аннотация:  Мақалада  қазақстандықтарды  біріктірудің  басты  факторы  –  мемлекеттік  тіл 
мәселесі  қарастырылады. 
Тірек сөздер: тіл білімі, этнос,  тілдердің дамуы, тіл тарихы, ұлт тілі. 
 
Annotation:This  article  considers  the  official  language  as  the  main  factor  of  association  of 
Kazakhstanis(the people of Kazakhstan) 
Key  words:linguistics,  ethnos,  the  development  of  language,  the  history  of  language,  the 
language of  the nation. 
 
    Ғасырлар бойы қазақтардың тарихи отанында өзіндік мәдениеті, діні және 
салт-дәстүрі  бар  көптеген  ұлттардың  тағдыры  тоғысып  жатты.  Нәтижесінде 
130-дан астам этнос өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешуде. Бұл этностардың өзара 
бейбіт  өмір  сүруінің,  барлық  азаматтардың  ұлты  мен  дініне  және  т.б. 
жағдайларына  қарамастан  құқықтары  тең  қаралатын  негізгі  кепіл  ˗  заң. 
Этностар  тілінің  дамуына  қатысты    Н.Назарбаевтың  тапсырысы  бойынша 
«Қазақстан  Республикасында  тілдерді  дамыту  мен  қолданудың  2011-2020 
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы » мен  «Қазақстан халықтары 
Ассамблеясының  стратегиясы»  сияқты  құжаттар  қабылданды.  Ұлттық 
саясаттың маңызды құралдарының бірі, көптеген этномәдени орталықтардың 
басын  біріктірген  Қазақстан  халықтарының  Ассамблеясы  этносаралық 
байланыс  пен  тіл  саясаты  мәселелерін  шешуде  маңызды  роль  атқаруда. 
Елімізде  этностық  топтар  тілдерінің  дамуы  мен  қолданылуына  байланысты 
көптеген жағдайлар жасалуда. Мысалы, елімізде мемлекеттік тілді ғана емес, 
көптеген  өзге  этностардың  да  тілін  меңгеру  үшін  құрылған  тіл  үйрету 
орталықтары жұмыс жасауда. Сонымен қатар ұйғыр, тәжік, өзбек тілдерінде 
білім  беретін  жалпы  мектептер  де  жұмыс  жасайды.  Мәдени-ақпарат  саласы 
да  назардан  тыс  қалмауда.  Қазақ-  орыс  театрларынан  өзге  этникалық 
топтардың  (өзбек,  ұйғыр,  корей,  неміс)  ұлттық  театрлары  жұмыс  жасайды. 
Көптеген  тілдерде  газет-журналдар  баспадан  шығады,  радио  және 
телебағдарламалар  таратылады.  Қалыптасқан  дәстүр  бойынша    көптеген 
ұлттардың мерекелері (Наурыз мейрамы, Масленица, Құрбан айт, Рождество 
және 
т.б.) 
жоғары 
деңгейде 
аталып 
өтуде. 
   Елбасы Н.Назарбаев халыққа жолдауында: «біз ұлтына ...қарамастан , әрбір 
қазақстандыққа салт-дәстүр, мәдениет пен дінді таңдауға ерік беретін  еркін 
әрі  ерікті  қоғамның  негіздерін  нығайтуға  тиіспіз»[1,16].  Ерікті  қоғам  өзге 
қоғамның  тіліне  тәуелді  болмауы  тиіс.  Еркін  қоғамның  еркін  ұлты  өз  ана 
тілін  бірінші  орынға  қойып,  өзге  тілдерді  құрметтеуі  тиіс.  Білім  беру  тілі 


 
мемлекеттік тіл болуы тиіс.«Сол тілде адамгершілік,интелектуалдық, мәдени 
және ой мен бой дамуы іске аспақ деген еді Б.Хасанов »[2, 10]. «Мемлекеттік 
тіл  елдің  барлық  аумағында  және  түрлі  өмір  салаларында  қолданылуы 
баршаға  міндетті  болып  табылатындықтан»[  3,  33]  қазақ  жерінде  барша 
халықтың  білуі  міндетті  және  де  солай  болуы  тиіс.  Олай  болу  үшін  тоқсан 
жолдың  торабына  шығар  даңғыл  жол-  заң  жолы  мықты  болуы  тиіс.  Қазақ 
тілін білуді талап етіп, оны негізгі тілге айналдыру арқылы ғана қазақ тіліміз 
этностарды біріктіруші факторға айналады. Мемлекеттік тілді балабақшадан, 
тіпті  отбасынан  бастап  жоғары  дәрежеде  оқып-үйрету  керек.  Қазақ  тілі 
пәнінің  бағдарламасын  күрделендіріп,  жаңаша  құрастырып,  Қазақстандағы 
білім  саласын  түбегейлі  өзгертіп,  егеменді  елдің  жас  ұрпағы  толыққанды 
білім 
алуына 
жаңа 
мүмкіндік 
жасалуы 
тиіс. 
   Тілді  үйрету  үшін  тілдік  орта  қалыптастыру  қажет.Ол  үшін  мемлекеттік 
қолдау – басты мәселе. Сонымен қатар оқушыларды жазғы демалыстарында 
қазақы  лагерлер  мен  ауылдарға  қоныстандырып,  тіл  үйренуге  мүмкіндіктер 
жасалып,  әр  күніне  бағдарлама  құрып,  қазақтың  әдебиеті  мен  мәдениетін, 
әдет –ғұрып пен салт- дәстүрін, дінін қатыстырып білім- тәрбие беру керек. 
Бала  тәрбиесіне  қатаң  қарау  керек.  Оның  бойына  тектілік,  даралық, 
қасиеттілікті 
дарыту, 
сіңіру, 
жетілдіру 
керек.  
   Баспасөз, ақпарат, мәдениет салаларында да мемлекеттік тілдің мәртебесін 
көтеру  керек.  Барлық  газет-журналдар  қазақ  тілінде  басып  шығарылса, 
телебағдарламалар  толықтай  қазақ  тілінде  жүргізілсе,  нұр  үстіне  нұр  болар 
еді.  Жоғарыда  келтірілгендердің  барлығының  орындалуы  үшін  нағыз  өз 
ісінің  шебері,  тіл  мамандары  арнайы  дайындалып  оқытылуы  қажет. 
   Тілді  дамыту  оңай  құбылыс  емес,  оның  ұзақ  жолы  бар.  Алдымен  өз 
тілімізді  құрметтеп,  өз  тілімізде  еркін,  әдеби  де  мәдени  сөйлеу  арқылы  біз 
өзге  тілді  де  құрметтей  аламыз,сол  тілді  үйренуге  мүмкіндік  туады.  «Өзге 
тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!». 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.Қазақстан  республикасында  білім  беруді  дамытудың  2005-2010  жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасы/Егемен Қазақстан.16 қазан,2004. 
2.Б.Хасанұлы  «Мемлекеттік  тілді  дамытудың  стратегиясы  және  оны 
жүзеге асырудың аймақтық тактикасы». – Орал, 2005. 
3. 
Б.Хасанов 
«Социально-лингвистические 
проблемы  
функционирования 
казахского 
языка 
в 
Республике 
Казахстан».Автореф.дис.док.филол.наук.-Алматы, 1992.
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ЛИНГВОСТАТИСТИКАЛЫҚ ӘДІС 
 
Айтбаева Гүлнұр 
С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті педагогика факультеті,мамандық «Қазақ 
тілі мен әдебиеті»,4 курс студенті 
Ғылыми жетекшісі:   филол.ғ.к., доцент Ж.И.Сұлтан
 
 
Аннотация:    В  статье  рассматривается  наука    лингвостатистика  и  его  роль  в  казахском 
языкознании. Исследование текстов статистическим способом в тюркском языке  – основывается 
на  внутреннею природу языка, то есть на агглютинативную структуру.  В  казахском языке этот 
метод начал применяться только с начала 60-х годов XX века, в том числе общераспространенные 
статистические  методы,  также  тюркология,  индоевропейские  языки,систематическое  и  научное 
знание.  В  ходе  исследования  языка  как  средства  общения  рассматривается  применение  такой 
методики определенной системы. 
Ключевые  слова:  лингвостатика,  аглютинация,математическая  статистика,  моделирование, 
статистический метод. 
Abstract:In  article  the  science  of  linguostatistics  and  its  role  in  Kazakh  linguistics  is  considered.  The 
research of texts in Turkic language – is based in the statistical way on internal language nature, that is on 
agglutinative  structure.  In  Kazakh  statistical  methodhas  begun  to  be  applied  since  the  beginning  of  the 
60th  years  of  the  20th  century  in  the  way  of  the  turkology,  Indo-European  language,systematic  and 
scientific  knowledge.  During  the  research  to  language  as  the  means  of  communication  arises 
consideration to application of such technique of a certain system. 
Keywords: linguostatics, aglyutination, mathematical statistics, modeling, statistical method. 
 
 
 
Кезінде  Бүкілодақ  бойынша  «Тіл  статистикасы»  1957  жылдан  зерттеле 
басталса,  филология  ғылымдарының  докторы,  математик  Қ.Б.Бектаев 
жетекшілік  еткен  Қазақстандық  ғылыми  шығармашылық  топ  зерттеу 
жұмыстарын  1970  жылдан  бастап  жүргізіле  бастады.  ҚазССР  ҒА  Тіл  білімі 
институтындағы  «Статолингвистикалық  зерттеу  және  автоматтандыру»  деп 
аталатын  ғылыми  шығармашылық  топ  қазақ  әдебиетіндегі  белгілі  ақын-
жазушылар  шығармалары  мен  басқа  да  стильдерге  қатысты  мәтіндер  тілін 
статистикалық әдіспен зерттеді. Содан бері осы сала бойынша едәуір ғылыми 
еңбек жарық көрді.  
Өткен  ғасырдың  өзінде  үндіеуропа  тіл  білімінде  кең  тараған 
статистикалық әдіс түркітануда, соның ішінде қазақ тілінде тек ХХ ғасырдың 
60-жылдарынан бастап жүйелі және ғылыми тұрғыда қолданыла бастады. 
Қолданбалы  тіл  білімінің  «Статистикалық  лингвистика»  деп  аталып 
жүрген  жаңа  саланың  бастауында  профессор  Құдайберген  Қуанұлы 
Жұбановтың тұрғаны жайында белгілі тілші-статист ғалымдар – Қ.Б.Бектаев, 
С.Мырзабеков  т.б.  қазақ  тілінің  статистикасы  туралы  зерттеулері  мен 
мақалаларында арнайы атап көрсеткен болатын. Ғалымның сол кездің өзінде-
ақ  тіл  білімінде  сандық  деректерді  пайдаланудың  қажеттілігіне  ерекше  ден 
қойғаны  байқалады.Бүгінде  тіл  білімінің  бір  саласына  айналып  отырған 
лингвистикалық  статистиканы  ғалым  Қ.Жұбанов  сол  кездің  өзінде-ақ  тани 
білген.  Тілдің  сандық  сипатынан  байқалатын  сапалық  қасиеттерін  оны 
зерттеуде пайдалануға болатын тиімді әдіс көздерінің бірі екенін де байқаған. 
Қазақ  тіл білімінде лингвостатистикалық  әдістің  қалыптасу  тарихын  сөз 
еткенде ең алдымен Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың есімі аталады.Мұны 


 
белгілі тілші-статист ғалымдар – Қ.Б.Бектаев, С.Мырзабеков т.б. қазақ тілінің 
статистикасы  туралы  зерттеулері  мен  мақалаларында  атап  көрсеткен. 
Мәселен,  С.Мырзабеков  «Қазақ  тілін  зерттеуде  санды  пайдалану»  атты 
мақаласында:  Қазақ  совет  тіл  білімінің  негізін  қалаушылардың  бірі,  совет 
дәуірінде  қазақ  тілін  тұңғыш  рет  ғылыми  түрде  зерттеген  маман-лингвист 
Қ.Жұбанов  ретіне  қарай  сандық  деректерді  де  пайдаланған,  –  десе  [1,  96], 
ғалым  Қ.Б.Бектаев:  Лингвистикалық  статистикаға  қатысты  элементтерді  – 
сандық  деректер  мен  мәліметтерді,  оны  пайдалану  нәтижесіндегі  кейбір 
пікірлер мен тұжырымдарды біз профессор Қ.Жұбановтың еңбектерінен жиі 
кездестіреміз, – дейді  
Қ.Жұбанов – қазақ тіл білімінің өркендеуіне ерекше еңбек сіңірген, қазақ 
тілінің  грамматикалық  терминологиясының  негізін  қалаған  білгір  ғалым. 
Сонымен қатар, ғұлама ғалым қазақ тіл білімінің заңдылықтарын айқындауда 
математикалық  әдістерді  қолдануды  да  жөн  деп  санаған.  Бұл  тұрғыда 
Қ.Жұбанов  былай  дейді:  «Что  касается  существа  дела,  то  премудрая 
математическая  формула  построения  алфавита  была  лишь  ученым 
плагиатом.  Это  перевоплашенная  в  математику  казахская  система 
сокращения букв, созданая для заметания следов» [2, 108-105]. 
Ғұлама  ғалым  1936  жылы  шыққан  «Қазақ  тілінің  грамматикасы»  атты 
еңбегінде:  «Дыбыстың  саны  бар  да,  сапасы  бар.  Дыбыстың  сапасы  бірдей 
бола  тұрып,  саны  әлденешеу  бола  береді....  бір  тілде  жұмсалатын 
дыбыстардың  жалпы  санының  ұшы-қиыры  жоқ,  бірақ  олардың  бәрінің 
сапасы  әртүрлі бола  бермейді....  Ілиястың небары  он  екі жол  «Қойшы  ойы» 
деген  кішкене  өлеңінде  488  дыбыс  бар.  Бірақ  488  дыбыс  түрлі  емес,  мұнда 
небары  28-ақ  түрлі  дыбыс  бар.  Осы  28  түрлі  дыбыстың  бірі  10,  бірі  50  рет 
қайталанып  барып,  488  болған.  Қазақ  тілінде  де  сапасы  әртүрлі  болатын 
дыбыстардың  арнаулы  саны  бар»  [3,  169  б.].  Сонымен  қатар  ғалымның 
еңбегінде  сөйлемдегі  сөздердің  орын  тәртібі,  қазақ  орфографиясы, 
дыбыстардың 
айтылу 
және 
жазылу 
ерекшеліктері, 
буындардағы 
дыбыстардың  сандық  сипаты  туралы  тың  пікірлер,  құнды  тұжырымдар 
көптеп  кездеседі.Қ.Қ.Жұбанов  сандық  деректерді  пайдалану  жөніндегі 
пікірлерінен мынадай қорытынды шығады: профессор Құдайберген Қуанұлы 
Жұбановтың  қазақ  тіл  білімі  туралы  зерттеулерінде  тілді  сандық  деректер 
мен  мәліметтер  негізінде  қараудың  алғашқы  нышандары  бар.  Демек  қазіргі 
таңда  тіл  білімінің  бір  саласына  айналып  отырған  лингвистикалық 
статистиканы  ғалым  сол  кездің  өзінде-ақ  тани  білген.  Тілдің  сандық 
сипатынан  байқалатын  сапалық  қасиеттерін,  оны  зерттеуде  пайдалануға 
болатын  тиімді  әдіс  көздерінің  бірі  екенін  байқаған.  Сөйтіп,  ол  сандық 
деректердің  негізінде  тілге  қатысты  бірсыпыра  жайларды  (дыбыстар, 
буындар, сөздер, сөйлем мүшелерінің орны т.б.) нақты анықтап, кейбір тың 
тұжырымдар жасаған [3, 358]. 
Ғалымның  еңбегін  талдай  келе,  Қ.Жұбановтың  қазақ  тіл  білімінде 
лингвостатистикалық  әдістің  қалыптасуындағы  негізгі  тұжырымдарын 
былайша топтауға болады: 


 
1. Қ.Жұбанов – қазақ тіл білімінде лингвостатистикалық әдістің алғашқы 
нышанын жасаушы. Бұған ғалымның жоғарыда аталған еңбегі мен пікірлері 
дәлел. 
2.  Қазақ  тілі  заңдылықтарын  айқындауда  математикалық  әдісті 
қолданудың ұтымды жақтарын атаған.  
3.  Ғалым  қазақ  тілінің  дыбыстық  жүйесі  мен  орфографиялық 
заңдылықтарын  анықтау  үшін  статистикалық  әдісті  пайдалану  тиімді  деп 
есептеген.  
Қазақ тілінің нормативті курсын жүйелеу мен жазу жұмысына профессор 
Қ.Жұбановтан  кейін  белгілі  тілші-ғалымдар:  Н.Т.Сауранбаев,  І.Кеңесбаев, 
М.Балақаев, А.Ысқақов және т.б. ғалымдар атсалысты. Бастауыш пен жоғары 
сыныптарға,  педучилищелерге  арналған  «Қазақ  тілі»  оқулықтарының 
авторлары  тілдің  буындық  құрылымын,  дыбыс  физиологиясын,  тілдің 
акценттік,  екпіндік  және  т.б.  мәселелеріне  қатысты  зерттеулерінде  сан  мен 
сапаны  бөлмей,  бірге  қарастырады.  Мысалы,  І.Кеңесбаев  қазақ  тілінің 
дыбыстарын  лингвостатистикалық  тұрғыдан  зерттеп,  алынған  нәтижелерін 
«Әліппе»  оқулықтарын  түзуде  және  Ғ.Мұсабаевпен  бірлесе  жазылған 
«Қазіргі қазақ тілі» оқулығының фонетика саласында пайдаланған. 
М.Балақаев  сөз  тіркестерінің  табиғатын  зерттеуде  көптеген  нақты 
мәтіндік  материалдарды  сандық  қатынастар  көмегімен  қарастырған.  Ғалым 
қазақ  тілінің  нормасын  сақтау  мақсатында  қазақ  тіліне  орыс  тілінен  енген 
термин  сөздерді  санады.  Бұл  үшін  М.Балақаев  баспасөз  мәтініндегі 
лексиканы  алып  қарастырды.  Ғалым:  «Осындай  терминдердің  саны  үздіксіз 
көбейіп,  қазақтың  әдеби  тілінің  лексикалық  құрамына  қосылуда  олардың 
жылдан-жылға  көбею  мөлшерінің  қаншалықты  екенін  аңғару  үшін  әр 
жылдары  шыққан  «Социалистік  Қазақстан»  газетіндегі  сөздерді,  оның 
ішіндегі  термин  сөздерді,  санын  анықтағанымызда,  мынадай  мәліметтерді 
байқадық: 
1924 жылы әр 1000 сөздің 14-і термин сөздер; 
1925 жылы әр 1000 сөздің 25-і термин сөздер; 
1934 жылы әр 1000 сөздің 64-і термин сөздер; 
1949 жылы әр 1000 сөздің 80-і термин сөздер. 
Бұдан орыс тілі арқылы қазақ тіліне енген сөздердің саны барған сайын 
көбейіп келе жатқанын байқауға болады», – дейді [4, 361].  
Х.Арғынов 
алғаш 
рет 
қазақ 
тіліндегі 
сөйлемдердің 
өзіндік 
заңдылықтарын  айқындауда  статистикалық  әдіске  сүйенген.  Ғалым  «Ер 
Тарғын» ертегісі мен «Қалың мал», «Ботагөз» романдарындағы сөйлемдерді 
санап, мынадай ерекшеліктерді анықтаған: 
 «Ер  Тарғын»  ертегісі  мен  «Қалың  мал»,  «Ботагөз»  романдарындағы 
барлық  сөйлем  саны  −  14629,  оның  ішіндегі:  жай  сөйлем  −  7820;  салалас 
құрмалас сөйлем − 1688; сабақтас құрмалас сөйлем – 3587; аралас құрмалас 
сөйлем  −  1534.  Ғалым  статистикалық  әдіспен  қазақ  тілінде  сөйлемдердің 
кездесу  жиілігін  анықтап,  соларға  сүйене  отырып,  жоғары  сыныптарға 
арналған қазақ тілі оқулығын жазды. 


 
А.Хасенова  қазақ  тіліндегі  етістіктердің  лексика-семантикалық  сипатын 
анықтау  мақсатында  статистикалық  әдісті  қолдану  нәтижесінде:  «Қазіргі 
қазақ  тілінде  қолданылып  жүрген  туынды  түбір  етістіктерді  жинақтап, 
оларды  жасайтын  жұрнақтарды  саралай  келіп,  барлық  фонетикалық 
варианттарымен  қоса  есептегенде  200-ге  жуық  аффикстердің  қатысы  бар 
екені байқалды» деген қорытындыға келді. 
Жалпы,  ХХ  ғасырдың  отызыншы  жылдарынан  бастап  алпысыншы 
жылдар  арасы  қазақ  тіл  біліміндегі  математикалық  әдісті  қолдана  бастау 
кезеңі  болып  саналады.  Бұл  кезеңде  тілші-ғалымдар  статистикалық  әдісті 
жалпылама  түрде  пайдаланды,  ал  1960  жылдан  бастап  профессор 
Қ.Бектаевтың  жетекшілігімен  лингвистикалық  статистиканы  тілдің  бүкіл 
құрылымына  қолдана  бастады.  Сондықтан  бүкіл  түркі  тілі  әлемінде,  оның 
ішінде  қазақ  тіл  білімінде  математикалық  лингвистиканың  негізін  қалаушы 
Қ.Бектаев деуге толық негіз бар. 
Қазақ  ССР  Ғылым  академиясының  Тіл  білімі  институтында  1969  жылы 
«Статистическое  и  информационное  изучение  тюркских  языков»  атты 
Бүкілодақтық  ғылыми  жиынның  өтуі  қазақ  тіл  білімі  үшін  елеулі  құбылыс 
болды.  Осы  ғылыми  форумның  нәтижесінде  1970  жылы  Тіл  білімі 
институтында  статолингвистика  саласының  белгілі  ғалымы  Қалдыбай 
Бектаевтың  жетекшілік  етуімен  «Тіл  статистикасы  және  автоматтандыру» 
атты  ғылыми  топ  құрылды.  Осы  кезеңнен  бастап  қазақ  тілін  статистикалық 
зерттеу  ісі  жүйелі  түрде  жүргізілді.  Бірнеше  жас  ғалым  статистикалық 
лингвистика  саласынан  кандидаттық  диссертация  қорғап,  олардың  ғылыми 
мақалалар  жинағы,  монографиялары,  оқу  құралдары  жарық  көрді.  Кеңес 
Одағы бойынша өтілетін ғылыми конференцияларға жол ашылды. Қазақстан 
статолингвистері  зерттеулерінің  нәтижесі  1973  жылы  «Қазақ  тексінің 
статистикасы»  атты  ғылыми  жинақта  жарық  көрді.  Бұл  жинаққа  сол  жылға 
дейінгі  қорғалған  (және  дайындалған)  кандидаттық  диссертациялардың 
негізгі мазмұнын ашатын мақалалар енді.  
Қазақ  тіл  білімінде  математикалық  әдістің  ғылым  болып  қалануы 
Қ.Бектаевтың  есімімен  тығыз  байланысты.  Қ.Бектаев    қазақ  тілінде  ғана 
емес,  бүкіл  түркі  тілінде  алғаш  рет  лингвистикалық  статистика  әдісінің 
ғылыми 
негізін 
қалаған 
ғалым. 
Қ.Бектаевтың 
лингвистикадағы 
статистикалық  әдіс  жөнінде  «Математические  методы  в  языкознаний», 
«Қазақ  тілінің  кері  алфавитті  сөздігі»,  «Қазақ  тексінің  статистикасы», 
«Статистика речи» т.б. көптеген еңбектері жарық көрді [5, 118].  
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.  Мырзабеков  С.  Қазақ  тілін  зерттеуде  санды  пайдалану  //  Қазақ  тілі 
грамматикасы бойынша зерттеулер. –Алматы, 1975, 96 б. 
2.  Бектаев  Қ.,  Белботаев  А.,  Смайылов  Т.  Қазақ  тіл  біліміндегі 
лингвистиканың  алғашқы  көріністері  //  Құдайберген  Жұбанов  және  қазақ 
совет тіл білімі. –Алматы: Ғылым, 1990. –108-115 бб. 
3. Жұбанов және совет тіл білімі. –Алматы: Ғылым, 1990. –358 б. 

10 
 
4. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. –Алматы: Ғылым, 1966. –361 
5. Бегалиев Ғ. Әріп, дыбыс, буын. Қызылорда, 1935, 118 б. 
 
 
 
ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМ АТАУЛАРЫНЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ 
 

Каталог: assets -> images -> kafedr
kafedr -> «Әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыс ғылым пәндері» кафедрасы
kafedr -> «Мұнай-газ және тау-кен ісі» кафедрасының тәрбие жұмысы жыл басында бекітілген
kafedr -> «Әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыс ғылым пәндері» кафедрасы
images -> Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары
images -> Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары
images -> Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары
images -> Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары
kafedr -> «Әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыс ғылым пәндері» кафедрасы и н ф о р м а т и к а

жүктеу 0.59 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет