Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет43/48
Дата11.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48

ӘОК 37.013.2 
 
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІН ИНФОРМАТИКА ПӘНІН 
ОҚЫТУДА ҚОЛДАНУ 
 
Үмбетәлі Ж.Б. 
«Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№3 орта мектеп мектепке 
дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесі, 
zhanar.umb@mail.ru
 
 
Қазақстандағы  білім  беруді  дамытудың  2011–2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 
бағдарламасы  жобасында  Қазақстанда  оқитындарды  сапалы  біліммен  қамтамасыз  етіп, 
халықаралық  рейтингілердегі  білім  көрсеткішінің  жақсаруы  мен  қазақстандық  білім  беру 
жүйесінің  тартымдылығын  арттыру  үшін,  ең  алдымен,  педагог  кадрлардың  мәртебесін 
арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін 
дамытуды  қамтамасыз  ету,  сондай-ақ  педагогтердің  еңбегін  мемлекеттік  қолдау  мен 
ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген [1]. 

314 
 
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев  «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деп аталатын Қазақстан 
халқына  арнаған  Жолдауында:  «...осы  заманғы  білім  беру  мен  кәсіптік  қайта  даярлау, 
«парасатты  экономиканың»  негіздерін  қалыптастыру,  жаңа  технологияларды,  идеялар  мен 
көзқарастарды  пайдалану,  инновациялық  экономиканы  дамыту,  сонымен  қатар  білім  беру 
реформасы  табысының  басты  өлшемі  –  тиісті  білім  мен  білік  алған  еліміздің  кез-келген 
азаматы әлемнің кез-келген елінде қызметке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу 
болып  табылады.  Біз  бүкіл  елімізде  гуманизацияға  бағытталған,  әлемдік  стандарттар 
деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз»–деген болатын  [3]. 
Бұл Елбасы Жолдауы талаптарымен ұштасады және жаңа саты маманын даярлайтын 
оқу  орындарының  міндетін  айқындайды.  Осыған  сәйкес  жаңа  формация  маманының  басты 
міндеті  –  өзінің  және  қоғамның  мүддесіне  өзін-өзі  белсендіруге  дайын,  өзгермелі  даму 
үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл болу. 
Біз  «құзырет» және  «құзыреттілік» ұғымдарын нақты мазмұнмен толықтыру арқылы 
білім беруді, оның ішінде оқушының білімділігін жаңаша сипатта жандандыруға мүмкіндік 
береді деп есептейміз. [2] 
Қоғам  қазіргі  заман  мұғалімінен  жоғары  мәдениеттілікті,  терең  рухани  және 
адамгершілік  қасиетті  құндылықтарға  көзқарастың  қалыптасқан  жүйесін,  ұстаздың  өзінің 
шәкіртінің шығармашылық деңгейінің дамуына қызығушылық танытуын, инновациялық іс-
әрекеттерге қабілеттілігін, өздігінен жетіле алуын, кәсіби белсенділікті және т.б. қамтамасыз 
етуді талап етеді. 
Құзіреттіліктің  қалыптасу  процесі  білімнің,  біліктің,  іс-әрекеттің  қалыптасуын 
қамтиды, ұстаздың жалпымәдени дамуын, өзінің көзқарасының және тұлғалық кәсіби құнды 
қасиеттердің қалыптасуын қамтиды. 
Білім  болашаққа  бағдарланатын  болғандықтан,  кез-келген  маман  даярлайтын  оқу 
орнының  басты  міндеттерінің  бірі-білім  алушының  кәсіби  құзіреттілігін  дамыту.  Құзірет-
тұлғаның белгілі бір пәндер шеңберіне қатысты білімі, біліктілігі, дағдысы мен іс-әрекеттері 
тәсілінің  өзара  байланысқан  сапаларының  жиынтығы.  Ал  құзіреттілік  –  адамның  өзінің  іс-
әрекет саласына сай тәжірибесін көздейді. 
Психология ғылымының кандидаты Б.К.Жұмағалиева құзіреттілікті тұлға бойындағы 
белгілі  пән  бойынша  алған  нәтижелі  білімнің  білім,  білік  дағдыларынан  көрінуі,  ал 
құзырлылық  осы  құзіреттілікті  өз  қажеттілігіне  сәйкес  қолдана,  пайдалана  білуі  деп 
көрсетеді. 
Қазіргі  таңда  білім  берудің  әлеуметтік  құрылымы  маңызды  элементтердің  біріне 
айналып  отыр.  Дүние  жүзінде  білімнің  ролі  артып,  әр  елдің  өзіндік  білім  беру  жүйесі 
тағайындалған.  Қазақстан  Республикасындағы  үлкен  өзгерістердің  білім  беру  саласында 
қамтылуы маңызды іс-шара болып табылады. Осы орайда білім сапасын арттыру мақсатында 
критериальдық бағалау жүйесін дамыту маңызды екендігі сөзсіз. 
Мектеп  дамуының  қазіргі  кезеңінде  білім  сапасын  бағалау  жүйесін  өзгерту  немесе 
жаңарту  мәселесі  неліктен  пайда  болды?  Ол  үшін  ең  әуелі,  мәселенің  туындауына  себепші 
болып отырған мынадай қайшылықтарды қарастыру қажет: 
1.
 
бес  балдық  жүйенің  қазіргі  заманға  сай  білім  жүйесін  қанағаттандыра  алмауы 
(бағаның  субьективтілігі,  нақты  бағалау  критериінің  болмауы-  бағалаудың  дұрыс  немесе 
дұрыс еместігі туралы ақпараттың болмауы); 
2.
 
оқушы  танымындағы  өзгерістер  мен  білім  саласындағы  қалыптасқан  қарым-
қатынастар сипаты арасындағы қайшылықтар; 
3.
 
білім  беру  жүйесіндегі  болып  жатқан  өзгерістер  мен  осы  жүйені  басқарудың 
сипаты арасындағы қайшылықтар. 
4.
 
әлеуметтік сұраныстардың өзгеруі 
Қазіргі білім беру жүйесінің ерекшелігі оның негізгі тауары- құзіреттілік, яғни білім 
алушының  қандай  да  бір  іс-әрекетке  құзіреттілігін  дамыту,  арттыру,  қалыптастыру.  Біз 
оқушының  білімін,  біліктілігін,  дағдысын  бағалаудан  оның  құзіреттілік  қасиетінің 
қалыптасуын бағалауымыз керек. 

315 
 
Оқушының  құзіреттілігін  дамытуда  педагогикалық  технологиялар  мен  бағалау 
жүйесінің алатын рөлі зор. Ал бұл өз кезегінде бағалау жүйесіндегі дамытушылықты қажет 
етеді.  Қазіргі  5  балдық  бағалау  жүйесі  қалыптасқан  уақытта  ол  оқушының  білім  деңгейін 
көтеруді негізге алып құрылған болатын, ал қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде 
емес,  басты  рөлде  оқушының  құзіреттілігін,  оның  жеке  тұлғалық  қасиеттерін  дамыту, 
қоршаған  ортамен  дұрыс  қарым-қатынас  орнату,  өзін-өзі  дамыту,  өзіндік  білімін  көтеру 
сияқты мақсаттар қойылған. 
Әлемдегі бағалау жүйелерінің көпшілігі – нормативті, яғни қандай да бір белгіленген 
нормамен салыстыру арқылы бағаланады. Критериалдық бағалау жүйесі нормативті бағалау 
жүйесіне жатады. Критериалдық бағалау жүйесі  – Халықаралық бакалавриат мектептерінде 
кең қолданылады. Бұл бағалау жүйесі  – білім алушының құзіреттілігін дамытуға, тұлғаның 
қалыптасуына бағытталған бағалау жүйесі. 
Критериалды  бағалау  –  оқушылардың  білім  жетістіктерін  ұжыммен  келісілген,  оқу 
үрдісіне  қатысушыларға  алдын-ала  белгілі,  оқушылардың  негізгі  құзыреттіліктерінің 
қалыптасуына  жағдай  жасайтын,  білім  берудің  мақсаты  мен  мазмұнына  сәйкес  нақты 
анықталған критерийлер бойынша  салыстыруға негізделген үрдіс. 
Критериалды бағалау міндеттері: 

 
Оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтау; 

 
Оқу  бағдарламасына  сәйкес  оқытудың  мақсаты  мен  нәтижелерінің  жетістіктерін 
оқушылардың өздерінің талдауы; 

 
Әрбір оқушының жеке даму траекториясын бақылау; 

 
Оқу  бағдарламасын  меңгерудегі  олқылықтарды  жою  үшін  оқушыларды 
ынталандыру; 

 
Оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау; 

 
Оқу  үрдісін  ұйымдастырудың  және  оқу  материалын  меңгерудің  ерекшеліктерін 
анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланысты қамтамасыз ету. 
Критериалды бағалау артықшылықтары: 

 
Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады; 

 
Оқушының жұмысы дұрыс орындалған жұмыс үлгісімен (эталон) салыстырылады; 

 
Үлгі (эталон) оқушыларға алдын-ала белгілі; 

 
Оқушыға бағалау алгоритмі алдын-ала белгілі; 

 
Білім берудің сапасы артады; 
Критериалды бағалау: 
Мұғалімдерге: 

 
Сапалы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құрастыруға; 

 
Өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға; 

 
Оқу үрдісінің сапасын жақсартуға; 

 
Әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып,  оқушы үшін оқытудың жеке 
траекториясын алуға; 

 
Бағалаудың әр түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға; 

 
Оқу бағдарламасының мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге мүмкіндік 
береді. 
Оқушыларға: 

 
Нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білу және түсінуге; 

 
Рефлексияға қатысу, яғни өзін және өз достарын бағалауға; 

 
Нақты есептерді  шешуде білімдерін қолдану,  өз ойларын  еркін жеткізе білуі, сын 
тұрғысынан ойлай білуге. 
Ата-аналарға: 

 
Баласының білім деңгейлерін бақылай алуға; 

 
Баласының оқу үрдісін бақылай алуға; 

 
Баласына оқу үрдісі кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. 

316 
 
Критериалдық  жүйе  қолданысында  білім  алушының  оқудағы  жетістіктерін  тексеру 
үшін бағалаудың келесі түрлері мен формалары қарастырылған: 
Қалыптастырушы және қорытындылаушы бағалау: 

 
Қалыптастырушы  бағалау  күнделікті  оқу  үрдісінде  оқушылардың  ағымдағы  білім 
деңгейлерін анықтау үшін және мұғалім мен оқушы арасында өзара байланысты орнату үшін  
қолданылады. 

 
Қорытындылаушы бағалау бұл білімді жалпылау, қорытындылау кезінде, тараудың 
немесе  модульдің  соңында,  немесе  таным  үрдісінің  қандай  да  бір  сатысында  оқушының 
жетістіктерін бағалау үшін қолданылады. 
Қалыптастырушы бағалау: 

 
Күнделікті оқу үрдісі кезінде жүргізіледі (өздік жұмыстар, тесттер т.с.с.) 

 
Оқушыға өз жұмыстарын өңдеуге және жоғары нәтижеге жетуге көмектеседі; 

 
Мұғалімге  оқушының  материалды  меңгергені  туралы    ақпарат  жинақтауға, 
талдауға және жоспарлауға мүмкіндік береді. 
Қорытындылаушы бағалау: 

 
Әрбір  бөлім  соңында  өткізіледі(бақылау  жұмысы  немесе  қорытынды  сынақ 
жұмысы ) 

 
Оқушыларға  әрбір бөлім бойынша өз білім деңгейлерін көрсетуге мүмкіндік береді 

 
Мұғалімге  оқушылардың  жетістіктері  туралы  қорытынды  пікір  жасауға  және 
қорытынды бағаны қоюға мүмкіндік береді. 
Формативті немесе қалыптастырушы бағалауды көбінесе «оқушының дүниені тануын 
бағалау  және  білім  беруді  жақсарту  үшін  бағалау»  деп  атайды,  себебі,  ол  оқушының  жеке 
басының  дамуы  мен  қалыптасуыа  көмектеседі.  Бұл  бағалау  жүйесі  мұғалімнің  әрбір 
оқушымен  жеке  жұмыс  жүргізуіне  мүмкіндік  береді,  оқушының  материалды 
меңгермегендігін  басынан-ақ  байқауына,  оқушы  білімін  диагностикалауына  мүмкіндік 
беріп,мұғалімге оқу үрдісін басқаша ұйымдастыруға көмектеседі, ал оқушыға – өзінің білім 
алуына  деген  үлкен  жаупкершілікті  сезінуді  жүктейді.  Бағалау  –  бұл  оқушының  ілгерілеу 
дәрежесін анықтаудан көрі кең ауқымдағы нәрсе. Бағалау оқушының өзінің таным үрдісіне 
қызығушылығын  арттырып,  оны  алға  жетелейді.Осы  орайда  формативті  бағалау  басқа 
бағалау  әдістерінен  қарағанда  оқушыға  материалды  тереңірек  түсінуіне  көмектеседі, 
сонымен  қатар  сол  материалды  сараптап,  өмірде  қалай  қолдануға  болатындығы  туралы 
ойлануын  оятады.  Формативті  бағалау  суммативті  бағалаумен  салыстырғанда  оқушы  мен 
мұғалім арасында кері байланысты жылдам қамтамасыз етеді. 
Суммативті  (немесе  қорытынды)  бағалау  бұл  білімді  жалпылау,  қорытындылау 
(қорытындылау  бағасы)  кезінде  қолданылатын,  тараудың  немесе  блоктың  соңында,  немесе 
таным үрдісінің қандай да бір сатысында оқушының өткен шақтағы жетістіктерін қарастыру 
үшін қолданылатын және сабақ оқытудан салыстырмалы түрде тысқары, қандай да бір уақыт 
аралықтарында  өткізіліп  отыратын  жетістіктер  деңгейінің  қорытындысын  шығаруда  ,  есеп 
беруде  қолданылатын  бағалау  түрі.  Бағалаудың  бұл  түрі  формативті  бағалаумен 
салыстырғанда оқушынының қызығушылығын оята қоймайды. 
Формативті  бағалау  шеңберінде  мұғалімдерге  оқушылардың  жетістік  деңгейін 
тексеріп отыратындай, қандай да бір қабілетін айқындайтын тестілеу, және көпеген елдерде 
қолданылып  жүрген  әдістер  мен  формалар  ұсынылады.Формативті  бағалау  әдістемесін 
қолдану қазіргі таңда мұғалім жұмысын бағалаудың жаңа жүйесінің маңызды критерийлері 
болып табылады. 
Рефлексия  кезінде  алған  білімдерді  бекіту  жүзеге  асады,жаңа  ұғымдарды  енгізумен 
бірге  белсенді  қайта  құруды  елестету;,  «менімен  сәйкес  келетін»  білімді  меншіктеу  сияқты 
жаңа мағына туындайды, ұзақ мезімді білімдер қалыптасады.  Оқушылар өз ойларын сөзбен 
жеткізуге  тырысады  немесе  графиктік  түрде  (яғни  ақпаратты  меншіктейді)  еркін 
дәйектілейді,  өз  пікірлері  мен  идеяларын  басқа  оқушылармен  бөліседі,  (әртүрлі 
көрсетілімдермен танысады) өз жеке бастарының ойлану операциясын сараптайды. 

317 
 
«Информатика»  пәні  бойынша  оқушылардың  білімдік  жетістіктерін  бағалаудың 
жалпы критерийлері 
Критерийлер 
Максималды деңгей 
А 
Білу және түсіну 
5 
В 
Зерттеу 
4 
С 
Жоспарлау 
4 
D 
Жоба құру 
5 
E 
Дизайн 
3 
F 
Коммуникация 
3 
G 
Рефлексия 
3 
Барлығы 
27 
Оқушылардың білім деңгейлері мына шкала бойынша бағаға айналдырылады: 
Ұпай саны 
Баға 
% 
13-0 ұпай 
«2» 
49%-0% 
18-14 ұпай 
«3» 
66%-50% 
22-19 ұпай 
«4» 
83%-67% 
27-23 ұпай 
«5» 
100%-84% 
«Информатика» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері 
Оқушылар істей білуі қажет 
Критерий А 
Қажетті ақпаратты іздеп табу; 
Алынған ақпаратты түсіндіру; 
Ақпаратты талдау; 
Ақпаратты техника (компьютер) тіліне «аудару»; 
Қазіргі қоғамдағы ақпараттың алатын орны және ролін түсіну; 
Адам қызметіндегі ақпаратты сақтау, өңдеу және тасымалдау бойынша қарапайым мысалдар 
келтіру; 
Ақпараттың әр түрлі формада берілуін анықтай алу; 
Критерий В 
Мәселені анықтай алу және гипотеза ұсыну, зерттеу мақсатын анықтау, қорытынды шығару; 
Зерттеудің әдіс-тәсілдерін анықтай білу; 
Қажетті ақпаратты дұрыс таңдай білу; 
Қосымша ақпарат іздей алу және оны өз бетімен мақсатқа жету үшін қолдана алу; 
Критерий С 
Мәселені  шешу  жоспарын  құру  (ресурстар  және  уақытты  қолдану  арқылы),  өз  бетімен 
сипаттау; 
Өз шығармашылық қызметін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру; 
Критерий D 
Компьютермен жұмыс кезінде техника қауіпсіздік ережелерін сақтау; 
Бағдарламалық жабдықтардың мүмкіндіктерін тиімді қолдану; 
Жұмысты жоспар бойынша орындау; 
Жұмысты белгіленген мерзімде орындау; 
Берілгендерді дұрыс жинақтау және жазу; 
Компьютерде есептер шешу және алынған нәтижелерді талдау; 
Есептерді  шешу  және  өз  білімдерін  жетілдіру  үшін  жаңа  ақпараттық  технологияларды 
қолдана алу; 
Берілген үлгіге сәйкес жобаны құру; 
Сапалы жоба құру; 
Критерий Е 

318 
 
Жобаның мүмкін болатын бірнеше нұсқаларын құрастыру; 
Өз жобасын берілген үлгіге сәйкес бағалау; 
Критерий F 
Сәйкес терминдерді қолданып, ғылыми ақпаратты жеткізу; 
Өз мысалдарын келтіру және түсіндіру; 
Ақпаратты түсінікті түрде көрсету; 
Ақпаратты тиімді түрде көрстеу үшін сәйкес технологияларды қолдану; 
Компьютер  көмегімен  берілгендерді  іздеу,сақтау,  құру,  өңдеу  және  тасымалдау  тәсілдерін 
дұрыс қолдану; 
Критерий G 
Шешу әдістерін талдау, өз қорытындыларының дұрыстығын дәлелдеу; 
Шығармашылық авторлық ойларын түсіндіру,талқылауларға қатысу; 
Шығармашылықты талдау және бағалау; 
Критерий H 
Қойылған есепті шешу үшін стандартты емес тәсілдерді қолдану; 
Топ мүшелерінің ойларымен бөлісе отырып, команда мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу; 
Қызығушылықпен, тәуелсіз және позитивті түрде жұмыс істеу. 
«Енгізу және шығару операторы» тақырыбы бойынша тапсырма 
Тапсырма: Төмендегі өрнекке мәндерін есептеуге арнаған программа құр. 
     
   
 
  
 
     
        
    
 
            
Бағалаудың жалпы критерийлері 
Критерийлер 
Оқушылардың 
білімдік 
жетістіктерін 
бағалаудың 
максималды деңгейі 
А 
Білу және түсіну 
5 
В 
Программаның орындалуы 
3 
Барлығы 
8 
Бағалаудың критериалдық шкаласы 
Критерийлер 
 
Дескрипторлар 
А 
(mах 5) 
0 
Оқушы критерийлердің ешқайсысын орындаған жоқ 
1 
Оқушы  программаның  құрылымын,  айнымалы  типтерін 
анықтауды біледі. 
2 
Оқушы  программаның  құрылымын,  айнымалы  типтерін 
анықтауды біледі, енгізу операторын қолданады. 
3 
Оқушы  программаның  құрылымын,  айнымалы  типтерін 
анықтауды  біледі,  енгізу  операторын  қолданады, 
стандартты  функциялар  арқылы  математикалық  өрнекті 
программа тілінде жаза біледі. 
4 
Оқушы  программаның  құрылымын,  айнымалы  типтерін 
анықтауды  біледі,  енгізу  операторын  қолданады, 
стандартты  функциялар  арқылы  математикалық  өрнекті 
программа тілінде жаза біледі, шығару операторын жаза 
алады. 
5 
Оқушы  программаның  құрылымын,  айнымалы  типтерін 
анықтауды  біледі,  енгізу  операторын  қолданады, 
стандартты  функциялар  арқылы  математикалық  өрнекті 
программа  тілінде  жаза  біледі,  шығару  операторы, 

319 
 
шығару операторындағы жазылу пішімімен жаза алады. 
В 
(mах 3) 
0 
Оқушы критерийлердің ешқайсысын орындаған жоқ 
1 
Turbo Pascal 7.0 программасын қоса алады. 
2 
Turbo 
Pascal 
7.0 
программасын 
қоса 
алады,  
программаның  мәтінін  тере  алады,  қатесін  тексере 
біледі. 
3 
Turbo 
Pascal 
7.0 
программасын 
қоса 
алады,  
программаның  мәтінін  тере  алады,  қатесін  тексере 
біледі, программаның берілгенін және нәтижесін көрсете 
алады. 
Ұпайлар санын бағаға айналдыру 
Барлық ұпайлар қосындысы 
Баға 
100-89%  немесе 8-7 ұпай 
«5» 
88-75%  немесе 6-5 ұпай 
«4» 
74-61%  немесе 4-3 ұпай 
«3» 
61% және одан төмен немесе 2-1 ұпай 
«2» 
Оқушыға баға қою үшін тексеру парағы 
Критерийлер 
бойынша 
ұпайлар 
Ұпайлар қосындысы 
Баға 
А 
В 
3 
2 
5 
«4» 
 
Бағалау жүйесінің негізгі мақсаты- білім сапасын арттыру болып табылады. Ал қазіргі 
заманғы  білім  сапасы  дегеніміз  ол  білім  алушының  келешектегі  өзінің  әртүрлі  жеке 
мәселелерін шешуге керекті, қажетті құзіреттіліктерін қалыптастыратын білім беру нәтижесі. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Безукладников  К.Э.  «Организация  деятельности  учащихся  на  уроках  в  школах» 
реализующих программы международного бакалавриата», Пермь, 2010, ПМГУ; 
2.
 
Шнейдер  М.Я.  «Оценка  качества  образования  в  школах  Международного 
бакалавриата», Вопросы образования, 2005, № 1.,С. 2–28. 
3.
 
Красноборова  А.А.,  «Критериальное  оценивания  как  технология  формирования 
учебно-позновательной компетентности учащихся», Нижний Новгород, 2010. 
 
 
УДК 378. 1 (076) 
 
ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУ 
 
Уразалиева У.К. 
«Ы.Алтынсарин атындағы орта  мектебі» КММ, Қарасай ауданы, Шамалған бекеті, 
s.aim85@mail.ru
 
 
 
«Ғылым - адам санасына болмысы бөлек, 
 
ерекше ұғымдарды орнықтыру арқылы ғана ұялайды» 
Әл-Фараби 
ХХІ  ғасыр  -  ақпарат  алмасу  мен  технологияның  қарқынды  түрде  дамыған  заманы. 
Егемендігін  әлем  мойындаған  жас  мемлекетіміз  жер  шарындағы  өзге  алпауыт  елдермен 
терезесі  тең  түрде  қарым-қатынас  орнату  үшін  заманауи  біліммен  мықтап  қаруланған 

320 
 
ұрпақты  тәрбиелеу  керек.  Бала  күнімізде  «Мектеп-кеме,  білім-теңіз»  деген  сөзді  жиі 
қайталағанымызбен астарына мән бермеуші едік. Есейе келе түсіндік. Адам баласы өміріне 
қажетті рухани азықты алғаш отбасынан алса, кейіннен мектеп қабырғасынан үйренеді екен. 
Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  айтқандай:  «Болашақта  өркениетті  дамыған  елдердің 
қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет.  Қазақ елін 30 дамыған елдер қатарына 
жеткізіп,  терезесін  тең  ететін  –  сапалы  білім».  Әрине,  әдемі  сөз  бен  әсерлі  ой  тұнығына 
жетелеген  бүгінгі  ой  толғамым  –  құстай  ұшып,  дамып  бара  жатқан  қоғамды  жасауда 
болашақта  үлесін  қосар  мектеп-ана  құшағында  сапалы  білім,  саналы  тәрбиемен  қаруланып 
жатқан  озат  оқушылар  әлемі  жайлы  болмақ.  Қай  білім  ордасы  болмасын,  үмітін  үкілеп 
ұшырған әр шәкіртін мақтан тұтып, өрге, қияға басқан қадамына сәттілік тілеп, ертеңгі күн 
өзі білім алған мектебінің, өз ауылының атын шығарар, қоғамға үлес қосып, кірпіш дүниенің 
кетігін  тауып  қалатынына  сенім  білдіріп,  үміт  күтеді.  Ол  -  өз  туған  жерін  гүлдендіріп, 
нұрландыратын да, шын жаны ашитын да туған жер перзентінің басты парызы. ХХІ ғасырда 
өз дәстүрін жалғаған білім ордасының басты  мақсаты  – сауатты оқушыларды сапалы білім 
алуға ұмтылдыру, мектептің, оқушылардың білім сапасын арттыру, білімге ұмтылған оқушы 
әлемін жасау, заман талабына сай сапалы біліммен қаруландыру. 
Еліміздің,  қоғамның  экономикалық,саяси,  мәдени  дамуына  үлес  қосатын  әлемдік 
өркениетке көтерілетін білімді де, мәдениетті, парасатты азамат тәрбиелеп шығару ұстаздар 
қауымының  бүгінгі  таңдағы  басты  міндеті.  Ол  үшін  жұмысқа  жаңашыл  бетбұрыс  керек. 
Қазіргі  педагогика  теориясына  елеулі  өзгерістер  еніп,  білім  беру  жүйесінде  жаңа 
технологиялар өмірге келуде. Оны меңгеру мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін 
ұйымдастыруына  көмектеседі.Оқытудың  жаңа  технологияларын  алдымен  жете  меңгеріп, 
одан соң оны оқу мазмұнына,оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне қарай 
таңдап пайдаланудың маңызы зор. Осыған орай соңғы кезде оқытудың ұжымдық түрі мектеп 
практикасына енгізілді. 
Ұжымдық  оқыту  әдісі  -  дәстүрлі  сабақ  жүйесін  толықтыру  емес,  білім  жүйесінің 
сапалы деңгейін көтерудегі ең негізгі әдістердің бірі. Осы әдіс арқылы:     
1.Оқушылар  құрамы  ауыспалы  жұппен,  өзара  және  оқушылар  мен  мұғалім 
арасындағы мәдени қарым-қатынасты нығайтады; 
2.Оқушының танымдық ойлау әрекетін, қабілетін, ойлау белсенділігін дамытады; 
3.Оқушылар өзара топпен, құрамы ауыспалы жұппен жұмыс істей отырып, арнайы бір 
шешімге келе алады; 
4.Өзіндік пікірін ашық айтуға, шығармашылық ізденіске бағыттайды; 
5.Оқушылардың  өзіндік  ізденісінің  нәтижесінде  ұжымдық  оқыту  әдісі  арқылы  ой 
өрісін кеңейтуге, көзқарас айта білуге, яғни өзіндік тұжырым жасай білуде маңызы өте көп. 
Ұжымдық  оқыту  әдісі  –  әрбір  мұғалімнің  өз  ісінің  шеберлігін  көрсететін,  оның 
жұмысқа  деген  талғамын  арттыратын  және  тәрбиеленуші  -лердің  алғысына  бөленетін  ХХІ 
ғасырдың  ең  үздік  әдістерінің  бірі.  Ұжымдық  оқыту  -  бұл  оқушылардың  танымдық, 
шығармашылық, теориялық және тәжірибелік іскерлігін оңтайлы басқару жүйесі.     
Қазіргі  заман  жағдайында  мұғалімнің  оқыту  қызметін  ашып  беруге  талпыныс 
«оқушы-оқушы»,  «оқушы-мұғалім»  арасындағы  бірлескен  жұмысы  қажет.  Менімше,  бұл 
белсенді оқытудың нақты әдістерімен түрлері оқушылардың ұжымдық жасау қажет. 
Оқыту  жүйесіндегі  ең  басты  тұлға  –  бала.  Егер  мұғалім  әрбір  балаға  сабақта  дербес 
назар аударып, дер кезінде көмектессе, зер салса, онда әрбір оқушы өзін мұғаліммен теңмін 
деп сезінеді, оның адамгершілік көмегін шын ниетпен қабылдайды.  
Осындай  ынтымақтастық  педагогикасы  жағдайында  барлық  жұмыс  істей  білуді, 
ойлайды, сүйеді, қуаныш етеді.  
Мұғалім  үшін  ең  қиын  нәрсе-сенің  соншалықты  беріліп  өткізген  сабағынан  соң 
көздері мөлдіреп, еш нәрсе түсінбей қалған балаларды көру.  
Не  істеу  керек?  Мектепке  келгенде  әрбір  оқушы  оқимын  деген  ниетпен  келеді. 
Бірақ,бәрі  бірдей  оқи  алмайды.  Неге?  Себебі,  әрбір  оқушының  қабілеті,  бейімділігі  әртүрлі 
болғандықтан,  оларды  даму  ерекшеліктері  де  сондай.  Сондықтан  қабілетті  оқушыны  да 

321 
 
назардан  тыс  қалдырмай  жеке  көмек  түрін  ұйымдастырмаса,  екеуі  де  жаман  оқушылар 
қатарына  қосылады.  Сол  себепті  оқушылардың  жан-жақты  мүмкіндіктерін  ескере  отырып, 
ұжымдық оқыту әдісін қолдандым.  
Бұл  дегеніңіз  –  оқуға  берілетін  кӛмекті  ӛзіндік  топтық,  жүптық  негізінде  орындау 
арқылы  әрбір  оқушы  жоғарғы  нәтижеге  жету  үшін  мүғалімнің  істейтін  іс-  әрекеттерінің 
жиынтығы.  Мұндай  әрекеттерді  іске  асыру  үшін  мұғалім  ең  алдымен  сыныптың 
«педконсилиум» мәліметтерімен танысуы тиіс.  
Бұл  тұрғыдан  алғанда  әрбір  оқушыны  өз  мүмкіндіктеріне,  қарай  білім,  дағды 
алатындай  етіп  оқытқан  жөн.  Мысалы,  қабілетті  оқушылары  көп  ыныпта  логикалық 
жетілген,оқулықпен  жүмыс  істей  алатын  оқушылар  үшін  жаңа  материалды  түсіндіруде 
ділгірлік  –  ізденіс  әдісін  қолданған  дұрыс.  Ал  орташа,нашар  оқушылары  көп  сыныпта 
репродуктивті әдісті қолдана отырып, сабақ ойын, әңгімелесу түрінде өткені ұтымды. 
Оқушыларды топ бойынша оқытуға бола ма, оның өзіндік ерекшелігі неде, мұғалімге 
оның  тиімділігі  кандай?  Бұл  мәселе  төңірегінде  сөз  қозғайтын  болсам,  онда  біріншіден, 
оқушының әлеуметтік – психологиялық танымы, екіншіден, оқушының ынтасы, үшіншіден, 
теориялық дайындығы есепке алынуы тиіс. Ұжымдық оқытуда құрамы ауыспалы жұптардың 
қозғалысы  арқылы  оқушылардың  нені  білетінін,  нені  меңгергенін,  нені  меңгермегенін 
білемін,  соның  нәтижесінде  оқушыларда  намыс  оты  оянып,  басқалардан  қалып  қалмауын 
ойлап, мүмкіндігіне қарай дайындық жасап, қозғалып құрамын ауыстырып отырады.  
Ұжыммен жұмыс кезінде мен сұрақтар қою, деңгейлік тапсырмалар беру, сынақ, тест 
сұрақтары, іскерлік ойындар ,сөзжұмбақ т.с.с. тапсырмаларды пайдаланамын.  
Бүгінгі  жас  ұрпақтың  ойлау  жүйесі  басқа.  Азат  ойлы.  Еркін.  Адамға  тек  білім  ғана 
жолдас  бола  алады.  Сол  мәңгілік  жолдасты  жанымызға  серік  ете  алғанда  ғана  біз  көздеген 
мақсатымызға жете алатынымызды ерте сезінгеніміз жөн. Өйтпегенде бәрі кеш болады. Абай 
атамыздың  «Қолымды  мезгілінен  кеш  сермедім»  деуі  соның  дәлелі  емес  пе?!  Иә,  Абай 
наразы  болған  халық  сол  қара  түнек  қоғамның  пердесін  сыпырып  тастады.  Бірақ  перденің 
нілі санамыздан әлі тазара қоймаған секілді. Қайткенде де санамыздағы білімсіздікке қарсы 
пиғылымызды мәңгілікке аластатуымыз керек. Көптеген алаш арыстары келешек жастарды 
«тек білім іздеп, білімге құштар бол!», «Оқысаңыз балалар, шамнан шырақ жағылар» - деп өз 
өлеңдерінде  бекер  өсиет  етпеген.  Өйткені  бар  байлықтың  кілті  -  білімде  екенін  сананы 
улаған қараңғылықты өз жарығымен нұрландырып, жарқын болашаққа жол ашатын тек білім 
екенін  қазақ  зиялылары  о  бастан-ақ  ұғынған.  Сондықтан  ертеңгі  елдің  таңы  жарқын,  күні 
шұғылалы,  еліміздің  мәртебесі  асқақ  болсын  десеңіз,  бүгінгі  ұрпақ,  бүгінгі  мектеп 
партасында  отырған  озат  бүлдіршіндер  ертеңгі  туын  желбіретер,  тізгінін  ұстар  жас  ұлан 
өздерің  екенін  ұмытпаңыздар!  Оқуыңды  баға  үшін  емес,  өзіңнің  болашағың  үшін  қажетті 
екенін есіңнен шығарма. Бүгінгі мектеп партасында  алған әрбір бағаң – болашақтағы әрбір 
табысың деп біл, озық ойлы Қазақ елінің ертеңгі патриоты! 

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет