Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 5.01 Kb.

бет40/48
Дата11.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   48

 
 
ӘОЖ541.124  
 
МУЗЫКА САБАҒЫНДА МУЗЫКАЛЫҚ ОРЫНДАУШЫЛЫҚ ӘРЕКЕТТЕРДІ 
ҰЙЫМДАСТЫРУДА МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІ 
 
Таубалдиева Ж.Ш.,  профессор., п.ғ.к. 
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ. 
z.taubaldieva @mail.ru  
 
Қазақстан Республикасының жаңа кезеңде түрақты дамуына арналған жаһандық білім 
моделін құруды қамтамасыз ететін негізгі түлғалардың бірі мүғалім екені анық. Бүгінгі білім 
беру сапасы-қоғамымыздың ертеңі. Президент Н.Ә. Назарбаевтың елдің 2030 жылға дейінгі 
стратегиялық  даму  басымдықтарын    айқындаған  Қазақстан  халқына  Жолдауында  алдағы 
ғасырдың  экономикалық  және  әлеуметтік  дамуының  жетекші  факторы  «Адамдардың 
өздері,олардың  еркі,көш-қайраты,табандылығы  мен  білімі  болып  табылады,  ал  ХХ1 
ғасырдағы қоғам дамуының негізгі қағидасы,бірінші кезекте,білім деңгейімен айқындалатын 
өлттың  бәсекеге  қабілеттілігі  болады»-деп  атап  өткен.Бұл  –сапалы  білім  кепілі.Сапа 
өздігінен келмейді, оған жетіудің жолдарын қарастыру мұғалімнің қолында.Ол үшін-негізгі 
мақсатты  анықтау,жеке  тұлға  сұранысын  қанағаттандыру,жетістікке  жету  жолдарын 
іздестіру,кәсіби  біліктілікті  арттыру,  т.с..  Бұл  ретте  музыка  мұғалімінің  құпиясы  тек  оқыту 
ғана  емес,не  үшін  және  қалай  оқыту.  Бұл  ретте  музыка  мұғалімінің  шеберлігі  үлкен  рөл 
атқарады.Шеберліктің белгісі-қабілеттілік десек,оның байқау түрлері төменгіше: 
-жобалаушылық қабілет(жоспарлау жұмыстарында байқалады); 

291 
 
-құрастырушылық  қабілет  (оқушылармен  жұмыс  жүргізу  түрлерін,  әдіс-тәсілдерін, 
сабақтың құрылымын,т.б., құра білуі). 
-ұйымдастырушылық 
қабілет 
(өз 
қызметін,оқушылар 
қызметін,ата-аналар 
қызметін,жалпы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру біліктілігі); 
-танымдық қабілет(өзін және өзгені тани білу, жетістікті,кемшілікті көре білу,т.б.). 
Педагогикалық 
шеберлік 
музыка 
мұғалімінің 
өз 
жұмысының 
сапалық 
көрсеткішіне,педагогикалық  қызмет  нәтижелерін  зерттеу  және  оған  жету  жолдарын  танып 
білу біліктілігінен басталады [1,2 б]. 
Музыка  сабағында  қарапайым  музыкалық  аспаптарды  (даңғыра,  дабыл,  асатаяқ, 
тұяқтас,  шаңқобыз,  ксилофон,  металлофон,  румба,  маракас,  ұшбұрыш  және  т.б.)  қолдану, 
балалардың  сол  сабаққа  деген  ынтасын,  сүйіспеншілігін,  белсенділігін,  жауапкершілігін 
арттырады,  олардың  музыкалық  қабілетін  дамытуға,  шығармашылық  дербестігін 
қалыптастыруға  ықпалын  тигізеді.  Шығармашылық  әрекет  кезінде  музыканы  сергек 
қабылдау, бірігіп   орындау   (ансамбль) сезімі және дағдысы дамиды. 
Балалар  үшін  сабақта  қолданылатын  музыкалық  аспаптар  көлемі,  салмағы  жағынан 
ыңғайлы,  құрылысы  қарапайым,  әрі  мықты  болуы  керек.  Аспаптарды  ойнаудан  бұрын 
мұғалім  оқушыларға  олардың  құрылысы,  шығу  тарихы,  дыбыстық  бояуы  (тембрі)  туралы 
біраз  мағлұматтар  бере  отырып,  оны  сабақта  пайдаланудың  тиімділігін,  мақсатын  және 
қолдану тәсілдерін әңгімелейді. 
Аспапта  ойнау  кезінде  балалардың  тұрып  ойнау,  немесе  отырып  ойнау  қалпын 
қадағалау  қажет.  Аспаптарды  меңгерудің  ең  алғашқы  қадамы  ретінде  балалардың  ырғақ 
сезімін  дамытатын  қарапайым  жаттығулар  жасаған  тиімді.  Әр  музыкалық  аспаптың 
сипатына  сай  оның  ырғақтық  өрнектерді  келтіру  ерекшеліктерін  ескеру  керек.  Мұғалім 
сабақта  орындалатын  жаттығудың  балалардың  меңгеруіне  жеңіл  әрі  түсінікті  болуын 
қадағалайды. 
Сынып  балалардың  барлығының  белсенді  жұмыс  атқаруына  арналған  жаттығу 
ретінде  халық  күйі  „Келіншекке”  жүгінуге  болады.  Мұғалім  күйді  домбырада  ойнаса, 
оқушылар  асатаяқта,  тайтұяқта,  шаңқобызда  күй  желісіне  қосылады    [2.27б.].  Сыныптағы 
ұлдар  тобы  домбырада  тарту  қимылдарын  жасаса,  қыздар  тобы  би  қимылдарын  өрнектеп, 
шығарманың  көркемдігін  одан  әрі  жетілдіреді.  Мұндай  тәсіл  балаларды  шығармашылық 
белсенділігін баулиды.  
Сабақ  өткен  сайын  балалардың  аспапаты  меңгеруі  шыңдала  түседі.  Бірақ,  мұғалім 
балалармен  жұмыс  кезінде  олардың  әрқайсысының  музыкалық  қабілетін  ескергені  жөн. 
Кейде  бір  оқушы  сабақ  сайын  бір  ғана  аспапта  ойнайды.  Ол  дұрыс.  Себебі,  оқушы  сол 
аспапта  ойнаған  сайын  оның  қыр-сырын  терең  түсініп,  техникалық  ойнау  шеберлігінің 
тереңдете түседі.  
Балаларды  ксилофонды,  металлофонда  ойнау  да  өте  қызықтырады.  Д.Ботбаевтың 
„Жаңбыр  шақыру”  әнінің  кіріспесіне  ксилофонды  пайдалану  жаңбырдың  тамшылауын  өте 
дәл,  анық  бейнелейді,  такт  өткен  сайын  жаңбыр  тамшысы  жиілеп,  қалың    жаңбырға,  яғни 
хорға ұласып кетеді [3,20 б]. 
Халық әні „Бір бала” орындалғанда, сүйемел ретінде металлофонды және маракасты 
ғана  қолдануға  болады.  Себебі,  әннің  сипаты,  екпіні  мын  ырғақтың  ерекшеліктері 
метоллофонның  таза,  жинақы  да  көмкеріңкі  дыбысын  қолданғанда  ғана  ашыла  түседі  деп 
ойлаймыз.  
Музыка сабағында ойынның түрлері өткізуге болады, әсіресе І сынып оқушылары тек 
ойын арқылы, тіпті қиын музыканы меңгеріпте кете алады  
Музыка пәні мұғалімі үшін бірнеше кезеңнен тұратын ұзақ оқыту процесінде мынадай 
міндет  қойылады:  оқушылардың  музыка  өнеріне  қызығушылығын  ояту,  дамыту,  олардың 
музыканы қабылдау қабілетін  
дамытуды  жүйелі  түрде  ұйымдастыру  және  халықтық  мұра  –  орындаушылықты 
насихаттау. 

292 
 
Музыка  мұғалімінің  қызметі  –  ұйымдастырушылық,  танымдық,  эмоционалдық  т.  б. 
біршене бағытта жүргізіледі. 
Ұйымдастырушылық  бағыт  -  мұғалімнің  оқыту,  тәрбиелеу  процесін  жоспарлау  және 
ұйымдастыруға  құрылады.  Бұл  оқу  материалын  іріктеу,  оқу  және  тәрбие  жұмыстарының 
түрлі  формаларын,  сабақ  жүргізу  барысын  ұйымдастыру  т.  б.    Бұл  үшін  мұғалім  мынадай 
заңдылықтарды білуге тиіс: 
а) мектептегі музыкалық қызметті ұйымдастырудың негізгі  формаларын; 
ә) музыка бағдарламасының мазмұнын, оның идеялық-теориялық негізін, 
дидактикалық принциптері мен әдістерін
б) музыкалық шығарманың көркемдік және тәрбиелік мәнін; 
в) оқушылардың жас ерекшеліктерін білуге; 
г)  оқыту-тәрбиелеу  процесін  ұйымдастырудың  ормалары  мен  дістерін  әр  сынып 
деңгейіне байланысты таңдай білуге; 
Танымдық  бағыт  мұғалімнің,  оқушылардың  ой-қызметін  басқаруына  байланысты 
құралады. Бұл үшін мұғалім: 
а) ғылыми-теориялық, әдіснамалық және психологиялық- педагогикалық негіздерін 
білуге; 
ә) білім мен дағдының дидактикалық принциптерінің қалыптасуын қадағалауға; 
б)  танымдық  процестердің  мүмкіншіліктерін  және  ақыл-ой  қызметін  бірте-бірте 
жетілдіру арқылы басқаруға; 
в) оқытуды анық психологиялық түсініктемелер арқылы құра білуге
г) пәнаралық байланысты қолдана отырып жүйелі білім беруге; 
ғ)  өткен  метериал  мен  өтілетін  материалды  байланыстыра  отырып  логикалық 
шешімдер жасауға, 
д) сабақта оқушының  шығармашылық қабілетін, музыкалық білімді алуға өз еркімен 
ұмтылысын тәбиелеуге, 
Эмоционалдық  бағыт  –  мұғалімнің  музыка  өнеріне  деген  көзқара-  сына  және  оның  
оқушылардың әсемдікті сезіну қабілетін қалыптастыруы- на байланысты анықталады. 
Бұл үшін музыка мұғалімі мынаны ескеру қажет:  
а)  мектептегі музыкалық тәрбие жұмысының қоғамдық тәрбиедегі рөлін; 
ә) эмоционалдық тәрбиенің жеке адамның жан-жақты қалыптасуындағы маңызын
б)  музыка өнерінің адамға тигізер әсер ерекшеліктерін. 
Сонымен  қатар  музыка  маманы  бала  бойында    музыка  эмоционалдық  көзқарасты 
тәрбиелеуге,  эстетикалық  талғамды  және  музыкалық  форманың  ең  жетілген  түрлері  мен 
идеялық – образдық мазмұнының бірлігі арқылы қалыптастыруға міндетті және музыка өнері 
арқылы  патриотизм,  интернационализм  сезімін  тәрбиелеуге,  музыкалық  материалды  толық 
игеру үшін сабақ барысында эмоционалдық қалыпты сақтауға, оқушылардың музыка өнерін 
терең  ұғынуы  ұшін  эстетикалық  толғаныс  әлемін  байыту,  кеңейту  үшін  жұмыс  жасауға 
міндетті. 
Ізденушілік  бағыт  -  мұғалімнің  оқу  процесін  жетілдіру  арқылы  және 
профессионалдық шеберлігін көтеруі арқылы көрінеді. 
Бұл  мұғалімнің  өзінің  музыкалық-педагогикалық  қызметін  талдаумен  және  озат 
педагогтар тәжірибесін, жаңа әдістерді педагогикалық қызметке енгізуімен ұштастырылады. 
Мұғалім ғылыми зерттеулердің теориялық негізін және зерттеу жұмысын өткізу 
әдістемесін  білуге  тиіс.  Сонымен  қатар  педагогикалық  кәсіби  шеберлігіне  мына 
талаптар қойылады
а) оқу процесін бақылауға және талдауға; 
ә) педагогикалық фактілерді бір жүйеге келтіруге; 
б)  кез-келген  педагогикалық  ситуацияға  музыкалық  білімін,            педагогикалық 
біліктілігін қолдана білуге; 
в)  музыка  сабағының  құрылымына  жаңа  формалар,  әдістер  қолдану  жолында  үнемі 
ізденіс үстінде болу;  

293 
 
г) сабақтың тақырыбын ашу мақсатына сәйкес қосымша материалдар қолдануға; 
ғ) өз еңбегінің жемісін болжай білуге; 
д) оқушылардың музыкалық даму деңгейін білуге
  е)  үнемі  білімін  жетілдіруге,  орындаушылық  тәжірибесін,  музыкалық  репертуарды 
толықтыруға, оқушылармен сөздік байланыс шеберлігін жетілдіруге міндетті [4,10 б]. 
Өз 
білімін 
табандылықпен 
жетілдіріп, 
тапсырылған 
іске 
адалдықпен, 
сүйіспеншілікпен қараған жоғары моральдық қасиеттері болған жағдайда ғана мұғалім бұған 
лайықты  бола  алады.  Мұғалімнің  оқу-тәрбие  қызметіндегі  табыстары  көбінесе  оның 
шеберлігіне  байланысты.  Ол  өздігінен  келмейді.  Қайта  мұғалімнің  кәсіптік  шеберлігін 
арттыруда,  мәдени  және  саяси  ой-өрісін  кеңейту  жөніндегі  табанды  және  күнделікті 
жұмісінің  нәтижесі  болып  табылады.  Қазіргі  кезде  оқу-тәрбие  процесін  ізгілендіруде, 
оқытудың  тәрбиелік  сипатының  басымдылығына,  сондай-ақ  тұлғалық  бағдарына  назар 
аударыла  бастады.  Бір  қунарлығы  қазіргі  балалар  өте  алғыр.  Олардың  қай-қайсысының 
бойынан  дарындылықты  табуға  болады.  Тек  тұтанып  тұрған  отты  мезгілінде  үрлеп,  дұрыс 
бағыт-бағдар  беру  талабын  қанағаттандырып  отыруда  мұғалімнің  асқан  шеберлігі  қажет: 
кәсіптік  шеберлік  өздігінен  келмейді.  Ол  педагогикалық  мамандығын  арттыру  жөніндегі 
мәдени және саяси ой-өрісін кеңейту жөніндегі табанды да күнделікті жұмысының нәтижесі 
болып табылады.  
Кәсіптік  шеберлік  өз  пәнін  терең  білуді,  тәрбие  мен  оқытудың  жаңа 
заңдылықтарын  білуді  жүргізу  шеберлігін  көздейді.  Кәсіби  шеберліктің  маңызды 
көрсеткіші  оқу-тәрбие  жұмыстарын  жүргізу  шеберлігі  мен  дағдысының  болуы.  Ол 
оқушылардың  мінез-құлқын  бақылау,  зерттеу  және  олардың  адамгершілік  қасиеттерін 
қалыптастыруына көмектеседі. 
Ал сөздігі, жұмысқа әрдайым әзір тұруды, кейбір кездескен қиын- шылықтарды жеңуі, 
тез  арада  шешім  қабылдауы,  оқушылардың  ыңғайын  табуы,  ортақ  тіл  табысы  араласуы 
керек.  Жеке  тұлғаның,  мұғалімнің  шеберлігі  дер  кезінде  оларға  ықпал  ету,  мінез-құлық 
жолын  көрсетіп,  иландыра  білу,  жаңаша  іздестіру  жолдарын  жүргізу,  ғылыми  негізін 
меңгеру,  өзінің  кәсіби  шеберлігін  кеңестерде,  жиналыстарда,  ғылыми-практикалық 
конференцияларда көрсетуі керек [5,20 б]. 
Егер    мұғалім  бұрын  жаттап  алған  педагогтік  ережелер  мен  әдістемелік  тәсілдерге 
сүйенсе, оқушыларды тәрбиелеуде елеулі табысқа жетуі қиын болады, өмірден артта қалады, 
өзіне  жүктеген  міндеттерді  орындай  алмайды.  Мұғалімдердің  кәсіптік  шеберлігін,  оның 
мамандығын артыруда әдістемелік бірлестіктің рөлі зор. 
«Мұғалімнің мәдениеті» тақырыбында: Адамның кісілік қабілеті, соған лайықты бола 
білу,  адамның  табиғатпен,  әлеммен  үйлесімділігіне  оқу-тәрбие  процесінің  халықтық 
дәстүрмен  сабақтасып  жатуына,  рухани  мәдениет  негізінде  болашақ  ұрпақтың  рухани-
адамгершілік тәрбиесін жаңа сатыға көтеруге негізделген. Жеке тұлғаның бойындағы жалпы 
адамзаттық  құндылықтардың  қалыптасуы  да  осы  бағытта  жүзеге  асады.  Оқу-тәрбие 
саласында  жүргізілетін  жұмыстардың  тиімділігін  арттырудың  қажетті  шарты  –  мұғалімнің 
мәдениеттілігі, әдептілігі болып табылады. Ол мұғалімнің ішкі және сыртқы мәдениеті. 
Қорыта  келгенде,  күрделі  сан  қырлы  оқу-тәрбие  қызметі  мамандықта  мұғалімдердің 
білімін арттыруда әрдайым жүйелі жұмыс қажет. Қызметін жаңа бастаған жас мұғалім ғана 
емес, көп жылдар бойы еңбек еткен ұстаз мұғалімдер әр мамандығын арттыруы қажет. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.Валиева  М.  «Білім  беру  мекемесіндегі  мұғалім  қызметінің  ұйымдастырылу 
бағыттары.»(Әдістемелік нұсқау).Алматы,2012. 
2.Апраксина О.А. Методика музыкального воспитания в школе, М. 1983. 
3.К.Әсімбекова. Хор жүргізу негіздері 1994. Алматы. 
4.Таубалдиева   Ж.   Мектепте   музыкаға   тәрбиелеу   әдістемесі,     Оқу   құралы.Алматы, 
«Ғылым» 2002. 
5.Музыка әлемінде. Республикалық әдістемелік журнал. Алматы 2013 (1-3-) 

294 
 
6. Бейсенбекұлы О. Сазды аспаптар сыры А. 1994. 
7. Музыка әлемінде Республикалық әдістемелік жұрнал Алматы.2014  №(2-4) 
 
 
ӘОК 37.013.2 
 
ДЕҢГЕЙЛІК  БАҒДАРЛАМА  – ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ  БАСТАУЫ 
 
Тоқтарова Жаңагүл Жұмамұратқызы 
«Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№3 орта мектеп мектепке 
дейінгі шағын орталығымен»  мемлекеттік коммуналдық мекемесі 
janarm80_80@mail.ru
 
 
Оқытудың  дәстүрлі  жүйесі  ғасырлар  бойы    халыққа  жақсы  қызмет  атқарып  келді. 
Бірақ  енді  өскелең  талапты  қанағаттандыра  алмайды.  Сондықтан  оқытуды  жақсарту 
мақсатында  орта  білім  беру  жүйесінде  әлемдік  жоғары  деңгейге  қол    жеткізген  анағұрлым 
танымал оқыту әдістемелері арасында кең тараған сындарлы теориялық оқытуға негізделген 
тәсіл  басшылыққа  алынып,  мектептегі  еңбек  тәжірибесі  әртүрлі  мұғалімдерді  қатыстырып 
мектептің  оқыту  мен  оқу  тәжірибесіне  өзгерістер  енгізілуде.  Бұл  өзгерістер    еншісінде 
шешімін күтіп тұрған талай өзекті мәселе бар. 
1.Үлгерім.  Дәстүрлі жүйе бойынша сынып толық үлгерім бере алмайды.  
2.Мұғалім оқу үрдісінде бірінші орында және ол кітаптағы білімді оқушыға жеткізуші 
3.Барлық  оқушыға  бірегей  мемлекеттік  бағдарлама,  ал  сыныптағы  барлық 
оқушылардың қабілеті бірдей дамымаған. 
4.Сабақтың ұзақтығы 45 мин. 
Оқытудың дәстүрлі жүйесі төменде мынадай қарама-қайшылықтарды туғызып келді. 
1.Адам  ақыл-ойының  және  қызметінің    ұжымдық  сипаты  мен  білімді  меңгерудің  
дербестік сипаты арасындағы қарама-қайшылық. 
2.Барлығы  үшін  оқытудың  бірдей  қарқыны  және  қабілеттерінің,  еңбекқорлығы  мен 
қызығуының әр түрлілігі арасындағы қайшылықтар 
3.Мектептің қазіргі құрылымы мен білімнің жаңа мазмұны арасындағы қайшылықтар. 
  
Алға жылжуға кедергі болып отырған осындай жағдайлардан 
шығудың жолы – Сындарлы оқыту теориясы деп білемін.  
Мектебімізде  сертификатталған  мұғалімдер    бағдарлама  талаптарына  сәйкес  жұмыс 
жсауда. Бұл мұғалімдердің оқыту үрдісінен өзгеріс лебі сезіліп, әріптестер арасында олардың 
оқыту  тәсіліне  қызығушылық  пайда  болып,  «тәжірибе  алмасу»  деп  жүрген  үдерісіміз 
«әріптестердің  бірін-бірі  оқыту»  үдерісіне  айналып  шыға  келді.  Бұл  Деңгейлік 
бағдарламаның  біздің  мектебімізге  алып  келген  ең  үлкен  жетістігі  деп  білемін.  Себебі 
мұғалімдер  бірлесе  отырып  жасаған  сабағы  оқушыларға  қызықты  болып,  олардың  оқуға 
деген құштарлығы артып, өздерінше іздене бастады. Мектеп өмірінде толастамайтын өзгеше 
бір еңбек үдерісі жүріп жатыр. Бұл үдеріс – өмір бойы оқитын оқушыны тәрбиелейтін үдеріс. 
Бізге,  мұғалімдерге  де,  қоғамға  да,  керегі  –  осы  емес  пе?  Себебі,  қарқынды  өзгеріс  жүріп 
жатқан заманға керегі – өмір бойы оқитын оқушы. 
Жаңа заман оқушысын жаңаша оқытып жатқан мұғалімдердің жұмысының мазмұны: 
Үшінші деңгей бағдарламасы бойынша оқыған мұғалімдер  өз сабақтарын сындарлы 
оқытудың  жеті  модулі  бойынша  ұйымдастырып,  оқытуды  бағалау  құралдарын,  Блум 
таксаномиясын пайдаланып, топпен жұмыс жасап, постер қорғатып, сергіту сәттерін өткізіп, 
оқушыларға өз бетінше жұмыс жасатуда; 
Екінші  деңгей  бағдарламасы  бойынша  оқыған  мұғалімдер  коучинг  және  тәлімгерлік 
үдерісі арқылы топтардағы бірлескен жұмыс және ұжымдық жұмыстар жүргізуде; 
Бірінші 
деңгей 
бағдарламасы 
бойынша 
оқыған 
мұғалімдер 
семинарлар 
ұйымдастырып,  коучингтерге,  тәлімгерлерге  бағыт-бағдар  бере  отырып,  осы  үдерістердің 

295 
 
жүруіне  тікелей  көшбасшылық  жасауда  және  өздері  де  сабақ  үлгілерін  көрсетіп, 
мұғалімдерге тәлімгер болып та жүр. 
Бірінші  деңгей  бағдарламасы  бойынша  оқыған  мұғалімдердің    «Мектепті  дамыту 
жоспары»  негізге  алынып,    жылдық  жоспарға  семинарлар,    коучингтер,  тәлімгерлік 
жұмыстары,  желілік  байланыстар  енгізілген.  Осы  жоспарға  сәйкес  мектепішілік, 
мектепаралық қалалық іс-шаралар өткізілуде және өзінің оң нәтижелерін беруде. 9.12.2014ж. 
ұйымдастырылған  қалалық  семинарда  шеберлік  сынып  және  8-сыныпта  әдебиет  сабағын 
өткіздім. Мен төменде өзімнің сыни тұрғыдан ойлау модулі бойынша өткізілген сабағымды 
ұсынып отырмын.  
9.12.2014. 
8-сынып. Әдебиет пәні. 
Тақырыбы  
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы 
Сілтеме: 
Жалпы  білім  беретін  мектептің 8-сынып мұғалімдерге арналған. Қазақ 
әдебиеті пәні оқыту әдістемесі. Оқулық, АКТ 
Жалпы 
мақсаты: 
Оқушыларға Шәкәрім шығармашылығының табиғатын таныту, Шәкәрім 
тұлғасын толыққанды қарастыруға күш салу. 
Оқушылар 
үшін оқу 
нәтиже 
лері: 
Шәкәрімнің өмірі мен  шығармашылығы туралы білгенін еске түсіреді. 
Шәкәрім қазақ халқының рухани, мәдени, әдеби өмірінде өзіндік із 
қалдырған асыл тұлға, сөз өнерінің өрен жүйрігі, даналық ойдың дара зергері
әмбебап талант иесі екендігін түсінеді. Шығармашылығын топтастыру. Әр 
өлеңдегі ақынның айтпақ ойын салыстырады. Өлеңді талдай отырып  сызба 
әзірлеу. Шәкәрім шығармашылығын бағалайды. 
Түйінді  
идеялар: 
Шәкәрім Құдайбердіұлы – үлкен ақын, жазушы, аудармашы, тарихшы. 
Сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу  тілдерін  дамыту 
Сабақта 
қолдана 
тын материал 
дар: 
Слайд,   оқу  құрал-жабдықтары.  
Оқыту  әдісі: 
Сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары,АКТ, Диалог, сұрақ-жауап, талдау, 
дәптермен жұмыс 
Дерек көздер:  Әдістеме, 8-сыныпқа арналған  «Қазақ әдебиеті» оқулығы, Сөздік  жұмыс 
Тапсырма 
лар: 
Мәтінді оқу, сұрақтарға жауап беру, салыстыру, жинақтау, бағалау. 
№  Сабақтың 
кезеңдері 
Сабақтың 
мазмұны 
Мұғалімнің 
әрекеті 
Оқушының әрекеті   Ресурстар  

Ұйымдастыру 
кезеңі 
5-мин 
Оқушылардың 
сабаққа 
дайындығын 
тексеру, 
амандасу, 
психологиялық 
ахуалды 
жақсылау 
«Кірпі»
 
тренингі
 
  
 
Оқушылар 
«жиырылған 
кірпіні»  ретін 
тауып жазу 
керек.Ал, кірпі 
жазылмауға 
тырысу керек. 
Оқушылар  
 
Жаңа сабақ
                                   І. Қызығушылықтарын ояту. 

 
«Сіз білесіз бе?» 
ақпараттық 
мағлұматтар 
арқылы ой 
қозғау.(Слайдтар 
«Аялдама» 
стратегиясы 
мағлұматтармен 
таныстырады
 
Мағлұматпен 
танысып, шешімін 
стикерлер арқылы 
көрсетеді.  
ОүБ құр. 
«Минуттық 
шешім» 

296 
 
арқылы) 
– Меккеге барып, 
қажы атанған 
адам. 
-өз заманында 
ойшыл 
азаматтардың бірі 
атанған.  
-Мекке сапары ол 
үшін діни сапар 
ғана емес, ілім 
іздеу жолы 
болған.  
- аса бай Стамбул 
кітапханасында 
болған. 
-төрт тілге жетік  
болған: орыс, 
араб, түрік, 
парсы. 
-Л. Толстойды 
өзіне ұстаз 
тұтқан, онымен 
хат алысып 
тұрған. 
 
ІІ. Мағынаны ажырату. 
3.  Білу  
 
 
Шәкәрімнің өмірі 
мен  
шығармашылығы 
туралы білгенін еске 
түсіреді. 
 
«Қарлы кесек» стр-
сы«Біз осы Шәкәрімді 
білеміз бе?» деген 
сұрақ қояды. 
Ш.Қ.-ның 
өмірінен, 
Шығ-нан  
білгенін 
ортаға 
салады. 
 
Кәмпит
тер 
а  Түсіну. 
(Сиқырлы 
сандықша) 
1.Шәкәрімнің өмірі 
2.Өлеңдері 
3.Поэмалары және 
еңбегі 
4. Аудармашы және 
сазгер 
Бақылайды. 
Әр топ өз номерлеріне 
сәйкес конвертті алады 
Постер 
жасайды 
Кәмпит
тер 
Оқулық 
б  Қолдану   
1.Шәкәрім 
өміріндегі елеулі 
оқиғалар 
2.Өлеңдерінің 
тақырыптары 
3.Эпик ақын және 
зерттеуші 
4.Дүниежүзінің озық 
мәдениетін игеруші. 
 
Бақылайды. 
Әр топ өзіне 
берілген 
тапсырма  
бойынша  
постер 
қорғайды 
 
Кәмпит
тер 
ОүБ 
құр. 
«Толық
тыр»  
әдісі 
  
в   
Талдау 
Даналық ойдан дән 
ізде 
Ресурс таратады. 
Шәкәрімді әр 
қырынан 
ОүБ 
құр. 

297 
 
 
Шеберлік  сыныпта,  оқушылармен  өткізілген  сабағымды  да  әріптестер  жылы 
қабылдап,  рефлексия  кезінде  өздерінің  жақсы  лебіздерін  білдірген.  Дегенмен  әттеген-ай 
дегізетін тұстар өзіме ғана белгілі болып қалған жайы бар. 
Қазіргі  сыныптық-сабақтық  жүйе    Сындарлы  оқыту  теориясын  қолдануда  қарама-
қайшылықтар туындатып жатқан жайы бар.  
1.Сабақтың ұзақтығы 45 мин. Осы уақыт ішінде ғылымның ашқан  
жаңалықтарын  озық  үлгілерді  қолдана  отырып  және  сабаққа  қойылған  талаптарды 
орындау керек. Уақыт жетпейді. 
2.Әрбір 45 минуттан соң бір пән екінші пәнмен ауыстырылады.  
Оқушы  келесі  пәнге  және  оның  мұғаліміне  дайындалуы  қажет.  Алғашқы  сабақта 
естіп-білген  білімнің  есте  сақталуы  туралы  не  айтуға  болады.  Оның  үстіне  басқа  пәннен  
жаңа  білімді  игеру  қажет.  Осылай  5-6  сабақ  алмасады.  Адам  миы  аса  құдіретті  «кассета» 
болса да, берілген ақпараттар рет-ретімен өшірмей жазылып қалуына ешкім кепілдік бермес. 
3.  Оқу  үрдісіндегі  прогрессивті  ілім  іс  жүзіне  асырылып,  өз  нәтижесін  беру  барлық 
үрдістер уақыт ішінде өтетінін ескермеске болмайды.  
талдайды 
«Түзету
» 
 
                                                        ІІІ. Ой толғаныс.
 
г 

1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   48


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал