Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет36/48
Дата11.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   48

 
Қолдану
 
7 мин
 
3-тапсырма:  
 
Сa(PO
4
)
2
            P          P
2
O
5
        H
3
PO
4
        Ca(H
2
PO
4
)
2  
    
Осы тізбекті реакцияны орындайды.
 
3.  Осы  айналуларды  жүзеге 
асырады.
 
Талдау
 
5 мин
 
4-тапсырма: Химиялық диктант
 
1)  Тек  қосылыстар  құрамында  болады, 
маңыздысы  құрамына  кальций  фосфаты 
кіретін .... минералы.
 
2)  Фосфордың  металдармен  қосылысы  ...  деп 
аталады.
 
3)  Адам  организміндегі  мөлшері  бойынша 
фосфор .... жатады.
 
4)  фосфор  (ІІІ)  оксиді  ....    тәрізді  кристалдық 
масса.
 
5)  Фосфор  қышқылы  ұшпайды  және  тұрақты, 
ол ..... қасиеттер көрсетпейді.   
 
 Химиялық диктанты талдайды.
 
Жинақтау
 
3мин
 
 5-тапсырма: 
 
Қоршаған 
ортаға 
байланыстырып "Эссе" жазады. 
 
"Эссе"бойынша  жазғанда  -рын 
тұжырымдайды. 
 
Бағалау 
критерийлері
 
2 мин
 
 
Белсенді қатысып отыруы;
 
 
Өткен  тақырып  бойынша  өз  ойын  еркін 
жеткізуі;
 
 
тапсырманы  орындауы;
 
 
Тақырыптың  маңызын түсінуі;
 
 
бірін-бірі  бағалауын;
 
 
постермен жұмыс жасай алуын;   Критерийлері 
жазылған  бағалау  арқылы  бір-біріне  баға 
береді.
 
Бірін-бірі 
бағалауда 
шешім  
қабылдайды. 
 
Стикерге рефлексия жазады.
 
Келесі тапсырма
 
1 мин
 
 8.13.  Фосфор және оның қосылыстары.
 
 
Бағалау көрсеткіштері: 
15-13 ұпай – «5»;     12 -10 ұпай –«4»;    9-7 ұпай –«3»;      «2» қойылмайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

260 
 
ӘОЖ 541.124  
 
МУЗЫКА ТЫҢДАУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ  
ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ 
 
Сарқытбекова М., 3 курс студенті, Спанова Ж., Қайролла Ж., 4 курс студенттері 
Ғылыми жетекшісі: Таубалдиева Ж.Ш., профессор., п.ғ.к. 
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ. 
z.taubaldieva @mail.ru 
 
Егемен еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалып жатырған 
талпыныстар жағдайында оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең, білімді, 
ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын 
таныта алатын бәсекеге сай құзіретті маман қалыптастыру маңызды міндетболып отыр. 
Құзіретті мамандар қауымы алдында жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру маңызды 
рөл атқарады.   
Эстетикалық  тәрбиенің  ажырамас  бөлігі-музыкалық  тәрбие  берудің  мақсаты 
оқушылардың ой-өрісін,шығармашылық қабілеттілігін дамыту жолында халық музыкасымен 
классикалық  музыкаларды  терең  сезіне  түсініп  қабылдай  алатын,  музыка  өнері   арқылы 
әсемдікті,сұлулықты,ішкі жан дүниесі сұлу,рухани бай жеке тұлғаны қалыптастыру. 
Музыкалық  білім  мен  тәрбие  берудің  мақсаттарын  жүзеге  асыру  үшін  оқушыларды 
музыкалық  шығармаларды  орындап  қана  қоймай  оны  терең  сезіммен,  саналы  түрде 
қабылдап, тыңдай білуге үйрету музыка маманының басты міндеті. 
«Егерде  өнерден  ләззат  алғың  келсе,  онда  өзіңнің  көркемдік  талғамың  мен  білімің 
жоғары болсын » ,музыка сыншысы  А.Серов «Бетховенның симфониясынан ләззат алу үшін 
музыканы  түсініп  тыңдай  білуің  керек»  деген   қанатты   сөздері  музыка  мамандарының  өз 
білімдерінің жоғары болуына қойылатын талап сияқты.  Сондықтан, оқушыларды музыканы 
дұрыс түсініп, талапқа сай тыңдай білуге тәрбиелеу арқылы олардың ой-өрісін, терең сезімін, 
санасын, қиялын, талғамын, жалпы өнерге деген сүйіспеншілігі мен жоғары мәдениеттілігін 
дамытамыз.  Әр  адамның  бойында  да  өзіне  тән  қасиеті  болады,  сол  қасиетті  дер  кезінде 
жүйелі  түрде  дамытпаса  ол   тұншығып  әрі  қарай  дамымай  қалуы  мүмкін.  Баланың 
бойындағы  осы  қасиетін,  қабілетін  ашып  дамыта  тәрбиелеу  кез  келген  ұстаздың  міндеті. 
Мектепке  дейін  балалардың  бойындағы  қасиеттері  отбасында  немесе  балабақшада  оянып, 
сол қабалеттерін ерте көрсете білген балалар да болады [1]. 
Жалпы  балалардың  көпшілігі  мектепке  дейін  бірдей  дамып  келмейді.  Бойында  еш 
қабілеті  жоқ  адам  болмайды,  әсіресе  «әу»  демейтін  адам  жоқ,  сондықтан  оқушылардың 
бойларындаөнердің  қай  түріне  бейім  қабілеттерін  дамыту  үшін  музыка  тыңдау,  олардың 
сезім  пернелерін  ояту  арқылы  жүзеге  асырылары  сөзсіз.  Себебі,  музыка-құдіретті  күш. 
«Ұйықтап жатқан адамды ән оятар, әннің мағыналы мәні оятар» деп ұлы да дана ақын Абай 
музыканың адам санасына ететін әсерін дәл суреттеген. 
Музыка  тыңдау   және  оны  қабылдау  музыка  сабағының  іс-әрекеттерінің  барлық 
түрлерінің   (ән  айту,  музыка  тыңдау,  музыка  сауаты)   нәтижесінде  қалыптасады.  Музыка 
тыңдау  процесі  кезінде  оқушылардың  зейінін,  эмоциялық  сезімдерін,  ойлау,  түйсіну 
қабілеттерін  дамытамыз.  Музыканы  тыңдау  неден  басталады  десек,  ол  тыныштықтан 
батсалады  дер  едік;  өйткені  музыканы  қабылдай  білу  алдымен  ұқыптылықты,  зейінділікті, 
тыныш тыңдай білуді талап етеді. Сонда ғана әуен-саз көңілге жайлы, ақылға қонымды, адам 
сезімін жылытатын жүрек қылын шертетін әсер берері сөзсіз. 
Төменгі  класс  оқушыларының  музыка  тыңдау  дағдыларын  дұрыс  қалыптастыру 
барысында  олардың  жас  ерекшеліктерін  ескеріп,  шағын,  жеңіл  музыкалық  шығармаларды 
тыңдатудан бастауымыз керек. Музыканың орындалу ырғағына, тембріне және шығарманың 
мазмұнына, тәрбиелік мәніне көңіл бөлу керек [1]. 

261 
 
1. Музыкалық шығарманың сипатын  (характерін) сезіну, естіген музыкаға эмоциялық 
әсерін көрсету, музыкалық бейнені түсіну. 
2.  Тыңдау  қабілеттілігі,  музыкалық  құбылыстарды  салыстырып,  баға  бере  білу. 
Мұның  өзі  ең  қарапайым  музыкалық  дыбысты  тыңдап,ести  білу  мәдениетін,  қайсібір 
бейнелеу құралдарына ден қойып, еркін тыңдау қабілеттілігін талап етеді.Мысалы, балалар 
музыкалық  дыбыстардың  ең  қарапайым  қасиеттерін,  аспаптардың   (рояль,  скрипка,  баян, 
домбыра,  қобыз,  т.б)  жоғары  және  төмен  тембрлік  дыбыстарын  бір-бірімен  салыстырады, 
әннің  бастамасын,қайырмасын   (музыкалық  шығарманың  ең  қарапайым  құрылымын)  бір-
бірінен айырады, бір-біріне қарама-қарсы көркем бейнелердің айырмашылығын байқайды. 
3.  Музыкаға  жеке  шығармашылық  көзқарас  қалыптастыру.  Бала  музыка  тыңдап 
отырғанда  көркем  бейнені,  жанрды (әнді,  күйді,  биді)  көз  алдына  өзінше  елестетіп 
қабылдайды. 
   Музыкалық тәрбие беруде негізгі көрнекілік – ол музыкалық шығарманың өзі болып 
табылады.  Музыкалық  білім  есту  арқылы  қалыптасады,  сондықтан,оқушылардың  есту 
қабілетін  дамыту  музыка  тыңдау  арқылы  жүзеге  асып,  барлық  музыкалық  түсініктер 
қалыптаса ды. Түсініктермен қатар оқушылар музыка жанрлары, шығармалардың құрылысы, 
музыканың тілі , сазгерлердің өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұматтар алады [2]. 
  Оқушыларға   тыңдататын  әр  музыкалық  шығарманың  мазмұны  музыкалық 
тәрбиенің  мақсат-мүддесіне  сай  болу  керек.  Музыкалық  шығарма  әр  класс  оқушыларының 
жас ерекшеліктеріне сай іріктелуі керек. 1-2 класс оқушыларына тыңдатылатын музыкалық 
шығарма шағын, жеңіл, ойналу ұзақтығы  1,1,5 минуттан аспайтын, 3-4 класс оқушыларына 
3  минуттай  болуы  керек.  Тыңдатылатын  музыкалық  шығармаларды   жеңіл  және  күрделі  
(байсалды) деп топтауға болады. Жеңіл музыкалық шығарманы көңіл көтеріп демалу кезінде 
тыңдауға  болады,  ондай  музыкалар  жеңіл  қабылданады,  сондықтанда  жеңіл  музыка  деп 
аталады.  Оған  эстрадалық,  джаздық,оперетталық  музыкаларды  жатқызуға  болады.Мұндай 
музыкалар  әдемі,  көркем  әуенді  болғандықтан  адамдарға  көтеріңкі  көңіл,  уақытша  қанағат 
береді.  Күрделі,  маңызды  музыкаларға  қарағанда  жеңіл  музыканың  мазмұны  жұтаң,  терең 
сезімге  жетелемейді.  Жеңіл  музыкалардың  ішінде  бос,  бас  ауыртатын  ешқандай  мағынасы 
жоқ  музыкаларда  болады.  Әсіресе  соңғы  кездері  сондай  әуендер  көбейіп  кетті,мәнсіз, 
мағынасыз, құр дүңкілдеген ұрмалы аспаптардың дыбыстарымен адамды еріксіз қозғалтатын 
тыңдаушының жүйкесіне балғамен ұрғандай әсер етуі арқылы нәзік сезімдер мен түйсіктерді 
жойып,мидың,жүйке жүйелерінің жұмысын әлсіретеді [3]. 
Мұндай музыкаларды жас балаларға ұзақ тыңдату  оларға кері әсер беретінін музыка 
маманы  жақсы  білуі  керек.  Сондықтан,  төменгі  класс  оқушыларына  музыка  тыңдатуды 
шағын,жеңіл  болсада  мағыналы  күрделі  музыкалық  шығармаларды  тыңдай  білуге  баулып, 
музыка  тыңдау  репертуарына  вокалдық,  аспаптық  шығармаларды,  халықтық,  кәсіби 
классикалық ( орыс,шетел) және қазіргі заманмузыкаларын енгізген дұрыс. 
Музыкалық  шығармаларды  қабылдау  кезеңінде  оларды  игеру  мынадай  төрт   кезеңге 
бөлуге болады: 
1) мұғалімнің кіріспе сөзі 
2) алғашқы тыңдау 
3) шығарманы талдау 
4) шығарманы қайта тыңдату. 
Мұғалімнің  кіріспе  сөзі  оқушылардың  зейінін  орындалатын  шығармаға  аудару 
мақсатында  болуы  керек.  Тыңдатылатын  музыканың   мазмұнын   толық  ашып  баяндап 
берудің  қажеті  жоқ,  олай  ету  оқушылардың  өздерінің  ойлау,түйсіну,  елестету  қабілеттерін 
дамытпайды,  керісінше  музыканы  тыңдамас  бұрын  олардың  зейінін  толық  әзірлеп,  тыңдап 
отырғанда  нені  байқайсындар?,  музыка  нені  баяндар  екен?  көз  алдарыңа  нені  елестетер 
екенсіндер?  деген  сияқты  қызықтыра,  ынталандыра  түсетін  тапсырмалар  оқушылардың 
бойындағы қиялын, шығармашылық қабілеттерін дамытады. 
1)  Кіріспе  әңгіменің  барысында  тыңдатылатын  музыканың  авторы  –  сазгер  туралы 
қысқаша түсінік беріп, осы шығармаға байланысты баяндау керек. 

262 
 
Кейбір  музыка  пәні  мұғалімдері  тыңдататын  шығарманың  композиторлары  туралы 
толық  дәріс  оқып,  туған,  өмірден  өткен  жылдарын,  оның  бүкіл  өмір  белестерін  айтып 
жатады, әрине бұл дұрыс емес, әсіресе төменгі класс оқушылары соншама көп мәліметті есте 
сақтай  алмай  музыка  тыңдауға  деген  ынталары,  зейіні  түсіп,  қызығушылықтары  басылып 
қалады.  Сондықтан,   оқулықтағы  немесе  музыка  кабинетіндегі  сазгердің  портреттерін 
көрсетіп таныстыру арқылы өте нақты қысқаша мәлімет берілгені дұрыс. 
2)  музыканы  алғашқы  тыңдау  барысында  жоғарыда  айтып  кеткендей,  оқушыларға 
тапсырмалар  беріп  тыңдатамыз  да,  олардың  қаншалықты  түсініп,  байқағандарын  талдау 
кезінде  білеміз.  Алғашқы  тыңдау  кезінде  бөлмеде  тыныштықты  сақтауды  қалыптастыру 
керек.  Егерде  бір  адам  тыныштықты  бұзса,  ол  барлық  оқушылардың  музыканы  дұрыс 
қабылдауына  кесел  келтіріп,  музыканың  композиторы  мен  оны  шебер  орындаушыны 
сыйламайтындықтарын  және  өздерінің  музыка  тыңдау  мәдениеттерінің  төмен  дәрежеде 
екендіктерін сезіндіруге тәрбиелейміз. 
3) « Музыка туралы сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, музыканың тілі сөйлеуден де 
бай»  деп  М.Горький  айтқандай  музыкалық  шығарманы  түсіну  мен  сезіну  бірдей 
емес,сөйлемдер  құрап  талдауға  болады.  1  класс  оқушыларына  көңілді  деген  ұғымдардан 
бастап,  кейін  қуанышты,  шатты,  көтеріңкі,  жігерлі  т.б.  түсініктерге  ұласып,  мұңды   деген 
ұғымға  қайғылы,  ойлы,  дабылды,  құпия  сырлы  т.б.  ұқсас  түсініктер  қалыптасады. 
Музыканың  ырғағын,  екпінін,  дыбыс  жоғарылылықтарын  сезіндіру  мақсатында,  тембрлік 
түсініктерін  қандай  аспаптарда  немесе  дауыста  орындалып  тұрғанын  ажырату  түрлі 
жанрлардағы  шығармаларды  жүйелі  түрде  тыңдату  арқылы  оқушылардың  музыкалық 
сауаттылықтарын арттырып, білім деңгейлерін  көтереміз [4]. 
4)  Музыканы  қайта  тыңдату  барысында-оқушылардың  ойында  музыка  мәңгі 
сақталып,қызығушылығы артады. 
Ұлттық  музыкамен  қатар  әлемдік  музыка  өнерімен  таныстырып  жаңа  заманның 
білімді  де  мәдениетті  бәсекеге  сай  жан-жақты  болашақ   мамандарын  дайындау  әр  музыка 
ұстазының  мақсаты,  сол  мақсатты  жүзеге  асыруда  музыка  пәнінің  басты  бөлігінің  бірі 
музыка тыңдаудың да  алатын орны ерекше. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.  «Қазақстан мектебі», 2012 ж. №8, 10 бет. 
2.  «Музыка әлемінде», Ғылыми әдістемелік журнал. Алматы. 2013 ж. №6, 17 бет. 
3.    Музыка  әлемінде  (Республикалық  ғылыми-әдістемелік,  педагогикалық  журнал) 
№6(6) 2004 
4.  Апраксина  О.А.  К  вопросу  о  системе  музыкального  воспитания  в  школе. 
Музыкальное воспитание в школе. - 1965. вып. 4. С.5. 
5.  Ұзақбаева  С.А.  Балаларға  эстетикалық  тәрбие  берудегі  халық  дәстүрі.  Алматы, 
1990   
 
 
ӘОК37.013.2 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ 
ҚОЛДАНЫЛУ ТИІМДІЛІГІ 
 
Сатаева Е.Б. 
№14 орта мектеп-гимназиясы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы,  
s.elnaz.b@mail.ru
 
 
Білім  беру  үрдісін  ақпараттандыру  –  жаңа  инновациялық  әдістер  мен  оқыту 
технологияларын қолдану арқылы, дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын 
жүзеге  асыра  отырып,  оқу-  тәрбие  үрдісінің  барлық  деңгейлерінің  тиімділігі  мен  сапасын 

263 
 
жоғарлатуды  көздейді.  Бүгінгі  күннің  талабына  сай  білім  саласында  жаңа  технологиялар 
қолданудың  маңызы  зор.  Заман  талабына  сай  білім  беру  оқушылардың  адамгершілік, 
интеллектуалдық  дамуының  жоғары  деңгейі  мен  білімін  қамтамасыз  етуге  бағытталған 
оқытудың  үздіксіз  үрдісі  десек,  оның  тиімділігі  мен  сапасын  арттыру  мұғалімнен  оқу 
процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілеті мен бейіміне негізделген 
оқытудың таңдамалы әдістеріне көшуді талап етеді. Ондағы негізгі мақсат оқушыға сапалы 
білім беру болып табылады. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа кез келген пәнді ұғындырудың тиімді 
жолы  – жаңа  технология  негіздері  болып  табылады.  Сондықтан  мен  өз  әдістемелік 
шеберлігімді шыңдау үшін үш айлық деңгейлік курсын оқып шықтым. Себебі, қазақ тілі мен 
әдебиеті  пәнін  оқытуда  жаңа  технологияларды  пайдалану  мұғалім  үшін  қандай  маңызды 
болса,  оқушы  үшін  одан  да  маңызды.  Жаңа  технологиялар  оқушылардың  білім  сапасын 
арттыруға, өздігінен жұмыс істеу  мүмкіндігін молайтуға көп көмегін тигізеді.  Мен курсты 
бітірген  соң  өз  әдістемеме  жаңаша  өзгерістер  енгіздім.  Ол  қандай  өзгерістер,  қандай 
жаңалықтар,  нәтижесі  бола  ма,  жоқ  па?  деген  сұрақтар  туындады.  Ең  алдымен,  сабақ 
жоспарында, сабақтың өтілу үрдісінде өзгешеліктер бар.
 
Жаңа әрі пайдалы ізденістердің бірі 
қазақ  тілі  мен  әдебиеті  сабағында  қолданылып  жүрген  әдістердің  бірі  –  «Оқу  мен  жазу 
арқылы  сын  тұрғысынан  ойлау»  технологиясы.  Бұл  технология  18  елдің  тәжірибесіне 
енгізілген. Бұл технология оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын  арттырады, ойлау 
белсенділігін,  тапқырлығын,  өзіне  деген  сенімділігін,  іскерлік  дағдысын  қалыптастырады. 
Сыни  тұрғыдан  ойлау  технологиясы  бойынша  сабақ  құрылымы  қызығушылықты  ояту, 
мағынаны  ажырату,  ой  толғаныс  кезеңдерінен  тұрып,  әр  кезеңдегі  тәрбиелік  және  оқу 
мақсаттары  әр  түрлі  стратегияларды  қолдана  отырып,  алға  мақсат  қою,  мәселені  зерттеу, 
жауап іздеу, оқушылардың өз ойларын ашық айта білуге тәрбиелейді. [1,19б.] 
-
 
Сын  тұрғысынан  ойлау  -  ашық  қоғам  негізі.Ол  өз  алдына  сұрақтар  қойып 
және  оларға  үнемі  жауап  іздеу,  әр  мәселеге  байланысты  өз  пікірін  айтып,  оны  дәлелдей 
алу,сонымен  қатар  басқалардың  пікірлерін  дәлірек  қарастыруды  және  сол  дәлелдемелерді 
қисынын зерттеу дегенді білдіреді.Сыни ойлау-адам өмірінің бір саласы. Олай делінетіні-бұл 
философия  адамдарға  көптеген  жолдар  мен  шешімдер  ішінен  өздері  үшін  маңызды,  әрі 
пайдалы  екенін,  тек  қажетті  ақпараттарды  ғана  жинап,  жаңа  білімді  бұрынғыдан  ажырата 
білуге көмектеседі [4,8-9 бб.]. 
  Сыни  ойлауды  дамыту  технологиясяның  дәстүрлі  оқытудан  басты  айырмашылығы-
білімнің  дайын  күйінде  берілмеуі.  Бұл  жобаның  мақсаты-  демократиялық  қоғамда  өз 
көзқарасы,  пайымдауы  бар,өзін-өзі  жетілдіріп  отыратын,  айналадағы  үдерістерге  сыни 
көзбен қарап, жауап бере алатын жеке тұлғаны қалыптастыру [2,53б.]. 
СТО  жобасын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу-білім беру сапасын арттырудың, 
оқыту  мақсатына  жетудің  бірден-бір  жолы.  «Сын  тұрғысынан  ойлау»-  сынап  қарау  емес, 
оқушының шыңдалған ойлау әрекеті.Бұл  технологияның негізінде оқушылар  топпен жұмыс 
істеу арқылы өзара пікірлесіп, ұтымды жауаптарды тауып айтуға үйренеді, іздене отырып, өз 
ойын  айтуға,  дәлелдеуге  мүмкіндік  алады.  Топпен  бірігіп  жұмыс  жасау  тұлға  бойында 
шыдамдылық,    мейірімділік,  ұжымдық  жауапкершілік,  бірігіп  бір  мәселені  шешу    секілді 
жағымды қасиеттерді дамытады. 
«Сын тұрғысынан ойлау технологиясын  қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарда қолдану» 
тақырыбын өзекті тақырып ретінде алдым. Осы технологиямен жұмыс жүргізу үшін  белгілі 
міндеттер қойдым.  Олар:  
1. Технологияны оқып меңгеру; 
2. Тәжірибеде қолдану
3. Нәтижесін анықтау. 
1-ші сатыда 2011-2012 оқу жылында технологиямен таныстым, баяндама әзірледім ; 
2-ші  сатыда  2012-2013  оқу  жылында  сабақтарымда  қолдандым,  пәндік  отырысқа 
әдістемелік әзірлеме дайындадым ; 
3-ші сатыда 2013 -2014 жылдары ашық сабақтар жоспарлап өткіздім. 

264 
 
Жалпы  «Сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясының»  90  түрлі  стратегиясы  бар, 
солардың ішіндегі - Даралық  пен ұқсастық,  Венн диаграммасы, Бес  жолды өлең, Галереяға 
саяхат, INSERT  кестесі, БББ стратегияларын сабақтарымда қолданамын. 
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізгі мақсаттары: 
- Тек қана оқуда емес, өмірде де оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту; 
- Өздігінен дұрыс шешім қабылдай білетін тұлғаны дамыту; 
- Ақпараттарен жұмыс істей білетін шығармашыл тұлға қалыптастыру; 
- Құбылыстарды жан-жақты талдап саралай білетін сыншыл тұлға тәрбиелеу. 
Сабақта белгілі қағидалар сақталынуы қажет. Ол үшін тақырып бойынша оқытушы – 
оқушыларға  тапсырманы  орындауға    уақыт  белгілеуі,  сенім  көрсетуі,  қолдауы  және  бағыт 
беріп көмектесуі қажет. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Оқытушы  оқушыларға  шешімін  табуға  қажет  мәселе  қояды.  Оны:  қарапайым
анықтаушы , практикалық түсіндірмелі шығармашылық,  бағалаушы сұрақтар қою 
арқылы жүзеге асырады.  Бұл  оқушылардың  жекелеген  мүмкіндіктері  мен  қабілеттерін 
ашуға бағытталады.  
Білім алушылардың іс-әрекеті: шешімін табуға қажет мәселені жүзеге асыру үшін: 
       V 
      + 
      - 
       ? 
Білдім 
Бұл маған жаңалық 
Менің 
ойыма 
қарама-
қайшы 
Бұл  туралы  білгім 
келеді 
деген  сұрақтарға  жауап  жазады.  Ерекше  артықшылық  бір  жағдай:  көп  сөйлемейтін, 
белсенділігі төмен оқушылардың қызығушылығы артып, олардың өз мүмкіндіктеріне қарай 
топтар бойынша сабаққа қатысуға тырысады. 
СТО  технологиясы-білім  берудің  сапасын  арттырудағы  тиімді  жоба.  Ол  үшін  оқытушы 
сабақтың  мақсатын  нақтылап,  оған  шығармашылық  тұрғыдан  келіп,  оқушының  білімділік, 
тәрбиелік  жағынан қызығуын  арттырып,оның ой-өрісін  дамытуда  аянбай  еңбектенуі  қажет. 
Неміс педагогі А Дистервергтің «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, жақсы мұғалім 
оқушының  өзін  ізденуге  жетелейді,  ойға  үйретеді  »  дегені  мәлім  .Осы  тәжірибені  СТО 
технологиясы да ұстанады. СТО мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынас [6,10б.] 
Мұғалім  бұл  жағдайда  танымдық  іс-әрекетті  ұйымдастыратын  ұжымдық  істердің  ұйтқысы 
болғандықтан,  оқушылардың  шығармашылығы  мен  танымдық    белсенділігін  арттырады. 
Сын  тұрғысынан  ойлау  негізінде  құрылған  сабақта  тек  жақсы  оқитын  оқушылар  ғана  
белсенді  жұмыс істеп  қана қоймай, барлық  баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, 
қабілеті  жеткен  жерге  дейін  еңбек  етуі  ойластырылса,  әр  оқушының  оқуға  деген 
қызығушылығы  артатыны  даусыз.  Сондай-ақ,  «Сын  тұрғысынан  ойлау»  технологиясына 
негізделген  сабақ  оқушының    ой-өрісін  дамытып,  жан-жақты,  терең  білім  алуына  жағдай 
жасап  қана  қоймай,  оқушы  бірде  басқаға  көмектессе,  бірде  басқаның  көмегін  өзі  алады. 
Оқушы  білімді  өз  ізденісімен,  өз  біліктілігімен    алады,  іскерлік  дағдылары  қалыптасып, 
1. Топ тақырып 
бойынша тапсырма 
алады 
2. Топтың әрбір 
мүшесі ізденеді 
7. Ой тұжырымдайды 
8. Берілген 
тапсырманы қорғайды 
6. Кесте толтырады 
5. Түйінді мәселені 
айқындайды 
4. Топта тақырыпты 
талқылайды 
3. Тапсырма бойынша 
ақпарат жинайды 

265 
 
артады.  СТО  бағдарламасы  негізінде  өткізілген  сабақтар  оқушының  тақырыпты  толық 
меңгеруіне,  өз  бетінше  жұмыс  жасауына  және    уақыт  үнемдеге  өте  ыңғайлы.  Бұл 
технологияны  пайдалану  жеке  тұлғаның  ойлау  қабілетін  дамытуға,  эстетикалық  тәрбие, 
коммуникативтік қабілеттерін шыңдауға, қолайлы шешім қабылдай алуға, ең бастысы, білім 
сапасын арттыруға негіз болады. 
 Нәтижесінде: 
- оқушы еркін сөйлеп, өз ойын жасқанбай айтуға үйренеді; 
- жұппен, топпен жұмыс істей отырып, бірін-бірі сыйлауға, шешімі табылмай   жатқан 
мәселені ақылдасып шешуге ұмтылады; 
- бірін-бірі оқытуға және дамытуға үйренеді; 
- жағымды қарым-қатынасқа бейімделеді; 
- ойы сараланған, дарынды, шығармашыл тұлға қалыптасады. 
Заман  талабына  сай,  ғылым  мен  техниканың  дамып,  қарыштаған  заманында,  жан-
жақты  білім  беру  жолында  Жаңа  жоба  Бағдарламасының  алатын  орны  ерекше  екенін  айта 
кеткен жөн. 
Өйткені оқушы сыни тұрғыдан ойлана отырып, алған білімін тек түсініп қана қоймай, 
білімін практика жүзінде қолданып, талдау жасап, қорытынды шығара отырып, сапалы білім 
алады. Сапалы білім алған оқушы болашағына сенімді болады. Сонымен қатар, өз біліміне, 
күшіне  сенген  адамның  қоғамда  өз  орны  болады.  Сонымен  бірге,    құрбы-  құрдастарының 
арасында  беделді,  әрі    сыйлы  болады.  Сыни  тұрғыдан  ойлана  білетін  жеке  тұлға 
Қазақстанның  болашағынын  іргесін  қалайтын,  білікті  де,  білімді  азамат  қалыптастыру  тек 
сыни  тұрғыдан  ойлай  алатын,  жан-жақты  ізденгіш,  өз  ісінің  қас  шебері  ұстаздың  ғана 
қолынан  келеді.  Ол  үшін  мұғалім  оқушыға  сапалы  білім  бере  білуі  керек.  Сапалы  оқыту-
білім алуға мүмкіндік беретін нақты жағдайларды жасаумен қатар, сол жағдайлардың өзімен 
тығыз байланыста болады. Сапалы оқытуды оқушыларлардың, қоршаған орта жағдайы және 
оқыту, білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастыруға болады [5, 9б.].  
Оқушыларға осындай сапалы, сындарлы білім беруде мұғалімдер қауымына 
қойылатын талап жылдан-жылға артып келеді. Жаңа заманның мұғалімі жаңаша білім 
беру  үшін  жан-жақты  ізденіп,  әр  сабағына  шығармашылықпен  қараған  кезде  ғана  жақсы 
нәтижеге қол жеткізуге болатынын біледі. 
Сол  мақсатты  жүзеге  асыруда  мұғалім  жан-жақты  ізденіп,  әр  сабағын  Блум 
таксаномиясына негіздеп жоспарлап, Бағдарламаның 7 модулін негізге алады. Яғни, мұғалім 
өзін де, өз жұмысына деген көзқарасын да жылдан-жылға жаңартып отыруы тиіс. Сол кезде 
ғана  оның  жұмысы  жемісті  болмақ.  Мұғалім  жұмыс  барысына  өзгешелік  енгізсе,  өзінің 
жұмысынан ләззат алады. Оқушылардың да сол өзгешелікті, жаңашылдықты сезініп, сабаққа 
деген қызығушылықтары мен ынтасы оянады. 
Сабақ-бір күндік емес, көп жылдық ойлар жемісі. Сабақ берудің жолдарын жоспарлау 
сонау қазақ халқының «Алғашқы қоңырауы»  атанған педагог-ағартушы  Ы.Алтынсариннен 
бастау алады. Заман өзгерген сайын сабақ беру үрдісі де заман ағымына сай дамуда. Соның 
бірден-бір  дәлелі  мұғалімдердің  Н.Ә.Назарбаевтың  Зияткерлік  мектебі  мен  Англияның 
Кембридж  университеті  бірлесе  ұйымдастырған  Жаңа  жоба  Бағдарламасының  
тыңдаушылары болып, өз әдістемелік тәжірибесін шыңдауы, жаңартуы, өз жұмысына өзгеріс 
енгізуі. 
Сабағымды  жоспарлаған  кезде  мен  Шульманның  «мұғалімнің  үш  көмекшісі»  деп 
атанған үш төмендегідей қасиеттерден тұратын: 
1.Теориялық білімді практикамен ұштастыру 
2.Демонстрациялау, түзету, оқытуды бағалау 
3.Мұғалім  шыншыл,  этикалық,  моральдық  құндылықтарын  ұстануы,-деген 
қасиеттергіне жүгініп, оқыту жақсы іске асады делінген екен [5,8-9 бб.] 
Сондықтан осы қасиеттерді негізге алдым. Өйткені осы қасиеттерден сабақтың тиімді 
өтілу факторлары туындайды. 
Сабақты жоспарлауда: 

266 
 
-Мұғалімнің білімі, шеберлігі, оқушының сыни тұрғыдан ойлануы; 
-Оқушы да, мұғалім де үнемі ізденіс үстінде болуы; 
-Оқушылар бір-бірін сыйлап, тыңдау мәдениетінін қалыптасуы; 
-Мұғалім де, оқушы да АКТ-ды жан-жақты меңгеруі; 
-Оқушы  өз  бетінше  тақырыпты  меңгеріп,  талдап,  қорытындылап,  сол  алған  білімін 
өмірде қолдана білуі. 
Осы  аталған  факторларды  ескерген  кезде  кері  байланыс  орнап,  сабақ  сапалы  өтеді. 
Сапалы  оқыту-  алған  теориялық  білімін  практкамен  байланысырады.  Сапалы  оқыту  бірте-
бірте  табысты  оқуға  ұласады.  Осындай  сапалы  білім  алған  оқушы  болашағын  өзі  қалап,  өз 
бетімен  өмірінде  елеулі  шешімдер  қабылдайды.  Ал  мұғалім  болса,  оқушыларға  сол 
болашаққа бағыттайтын жол, көпір. Сабақ беру-көп ізенуді, жан-жақты болуды талап етеді. 
Өйткені оқушының логикалық ойлауы, тіл байлығын, білім деңгейін арттыратын бірден-бір 
құрал-сабақ.  Егер  мұғалім  өз  сабағын  Жаңа  жоба  Бағдардарламасының  негізінде  құратын 
болса,  ең  жақсы  нәтижеге  жететіні  анық.  Жоба  бойынша  сабақ  жоспары  Блум 
таксаномиясының  негізінде  құрылды.  Сабақ  жоспарын  құруда  Бағдарламаның  7  модулі 
негізге  алынды.  Бұл  ретте  оқушылар  өздері  алған  білімдерін,  талқыға  салып,  қолданып, 
қорытынды,  сараптама  жасап,  сабақтың  тақырыбын,  мақсатын  ашады.  Өздері  ізденіп, 
сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады. Бұл, әрине,  білім сапасының артуына әкеледі. 
[3,60б.]. [7. 2б.] 
Жалпы  айтқанда,  «Оқу  мен  жазуды  сын  тұрғысынан  ойлау»  стратегиясы  сабақты 
жоспарлауда  өте  тиімді.  Мұнда  оқушының  ойы  шыңдалып,  өз  даму  деңгейіне  сай 
жетістіктерге  жетуге  болады.  Сын  тұрғысынан  ойлау  жобасы  мынадай  үш  құрылымнан 
тұрады: 
– қызығушылықты ояту; 
– мағынаны тану; 
– ой толғаныс. 
Бұл  технологияда  бұрынғы  білім  мен  жаңа  ұғым  ұштастырылады.  Соңғы  кезеңде 
оқушы  өз  шығармашылық  қабілетін  таныта  алады.  Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  сабақтарында 
жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қазіргі 
қоғам  талабына  сай  ой-өрісін  дамыту,  шығармашылығын  кеңейту,  дамыту,  терең  білімді, 
бәсекеге  қабілетті  тұлғаны  жасау,  заман  сұранысына  сай  ізденімпаз  тұлғаны  қалыптастыру 
негізге  алынып  отыр.    Сыни  тұрғыдан  ойлау  технологиясы  бойынша  оқушылар  топта 
бірлесе,  ынтымақтаса  жұмыс  жасаулары  тиіс.  Сабақты  жоспарлауда  сыни  тұрғыдан  ойлау 
технологиясының  жеті  модулі  негізге  алынады.  Бірақ  ол  модульдердің  барлығын  сабақ 
барысында түгелімен кіріктіре алмайсың. Сондықтан мен сыни тұрғыдан ойлау модуліне көп 
жүктелемін.  Бұл  ретте  мен  сыни  тұрғыдан  ойлау  технологиясының  әдіс-тәсілдерін 
қолданамын.  Сабақтың  бірінші  кезеңі  «Қызығушылығын  ояту»  кезеңін  көбіне  өлең 
жолдарымен  немесе  «Миға  шабуыл»  стратегиясын,  «Брэйн-ринг»  интеллектуалды  ойынын, 
зымыран  сұрақтарды  қолданып,  өткен  материалмен  жаңа  материалды  сабақтастырып 
отырамын.  Сабақтың  осы  кезеңі  біткенде  көбіне  сергіту  сәттерін  жүргіземін.  Себебі 
оқушылар жаңа материалды жақсы меңгеру үшін күш-қуат алып, сергиді. Сабақтың екінші 
кезеңі –«Мағынаны тану». Яғни, жаңа материалмен танысу, теориялық білімін практикамен 
ұштастыру  кезеңі.  Бұл  ретте  мен  «Джиксо»,  «Кластер»  әдістерін  қолданамын.  Оқушылар 
топтаса отырып, жаңа материалды меңгерді. Жаңа материал бойынша диалогқа түсіп, өз көз 
қарастарын білдіреді. Оқушы жаңа материалды меңгеріп қана қоймайды, өз ойларын ортаға 
салады.  Ой  –өрісі  мен  ортада  еркін  сөйлеу,  өз  ойын  жеткізе  алу  дағдылары  дамиды.Жазба 
тілі  мен  ауызекі  сөйлеу  тілі  шыңдалады.  «Ой  жинақтау»  кезеңінде  Эдвард  де  Боненың 
«Ойлаудың  алты  қалпағы»,  «Автор  орындығы»  ,  «Синквэйн»  әдісін    қолданып,  тақырып 
бойынша шағын эсселер жазғызамын. Бұл кезеңде оқушы өз алған білімін бекітеді, қорытып, 
жүйелейді.  Тиімділігі  оқушы  ізденеді,  өз  бетінше  оқып,  білім  алады,  өз  көзқарасын  еркін 
білдіре  алады,  ойын  көркем  жеткізуге  дағдыланады.Іс-тәжірибемде  сыни  тұрғыдан  ойлау 
технологиясын  пайдалана  отырып,  әріптестеріммен  тәжірибе  алмасу  мақсатында  қалалық 

267 
 
және  облыстық  семинарларға  қатыстым.  Облыстық  семинарда  «Эдвард  де  Бононың 
«Ойлаудың  алты  қалпағы»  стратегиясының  қазақ  әдебиеті  сабағында  қолдану  тиімділігі» 
деген  тақырыпта  баяндама  оқып,  практика  жүзінде  бұл  стратегияның  тиімділігін  көрсету 
үшін М.Әуезовтің «Жетім» әңгімесі тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Қалалық семинарда 
«Ертегідегі  халық  арманы»  тақырыбында  ашық  сабақ  өткізіп,    әріптестеріммен  тәжірибе 
алмастым. Оқушыларымның жетістігіне тоқталатын болсам, 7 в сынып оқушысы Мурашкин 
Дмитрий Астана қаласында өткен өзге ұлт өкілдерінің арасында қазақ тілін меңгеру деңгейін 
анықтау үшін республикалық байқауға қатысып, сертификатқа ие болды.7 в сынып оқушысы 
Жанилсаева  Айша  Ілияс  оқуларына  қатысып,  марапаттау  қағазына  ие  болса,  10  а  сынып 
оқушылары  «Жарқын  болашақ»  олимпиадасына  қатысып,  «Бұйрық  райдың  зерттелуі» 
тақрыбындағы  ғылыми  жұмысы  үшін  Шәудірбаева  Гульдана  ІІ  орынға,  шығармалар 
байқауына  қатысқан  Тукенова  Мадина  ІІІ  орынға  ие  болды.  Қорыта  айтқанда,  оқыту 
процесінің  нәтижелі  болуы  оқытушының  сабақ  беру  шеберлігіне,  сабағын  қызғылықты 
жүргізіп, зейін қойдыра білуіне, оқушылардың өздігінен білім алуға үйренуіне байланысты. 
Қандай да болмасын жаңа әдіс-тәсілдер әрбір оқушының өз бетімен оқып үйренуіне сенімін 
ұялатып,  шығармашылықпен  жұмыс  істеуіне,  қорытынды  жасай  алуына,  сөйлеу 
мәдениетінің өсуіне ықпал етеді, білім сапасын арттырады. Оқыту технологияларын сабақта 
қолдану оқушылардың білім сапасын арттырып қана қоймайды, олардың жеке тұлға ретінде 
қалыптасуына  әсерін  тигізеді.  Жаңа  әдіс-тәсілдерді  мән-мағыналарына,  ерекшеліктеріне 
қарай таңдап қолдана білсек, балаға білім беруде ұтарымыз анық. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
           1. Садуова Ж.Н. Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің 
кәсіби бағыттылығын қалыптастыру 
2. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы 2012ж. 
3. Бұзаубақова К.Ж. «Жаңа педагогикалық технологиялар» Тараз 2003ж. 
4.  Орта  білім  берудің  мазмұны:  Дәстүрлер  мен  өзгерістері  халықаралық  ғылыми-
тәжірибелік конференция мақалаларының жинағы. Астана 2012ж. 
 
5. Ш.Т. Мұқанбетова  «Тұлғалық-бағдарлы білім беру» «12 жылдық білім» №6 2009  
(53-бет)
 
6.  С.Б.Құлдыбаева   «Мектепте  ақпараттық-коммуникативтік  технологияны  қолдану 
міндеттері» №2 2006  (60-бет) 
7.  Қ.Р  педагог  қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыру  курстарының  нұсқаулығы  мен 
бағдарламасы, 2011 жыл 
 
 

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   48




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет