Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет35/48
Дата11.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   48
ӘОК37.013.2 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢАШЫЛДЫҒЫ 
 
Рахимбаева Нурсулу Кентаевна 
Бастауыш сынып мұғалімі 
№9 орта мектеп, Талдықорған қ., 
Sayan.nursulu@mail.ru
 
 
Қазіргі  заманғы  білім  беру  жүйесінің  басты  қайшылығы  тез  өсіп  бара  жатқан  жаңа 
білімдер  қарқыны  мен  жеке  тұлғаның  оларды  игерудегі  шектеулі  мүмкіндіктері  арасында. 

251 
 
Бұл  қарама  қайшылық  педагогикалық  теорияны  білім  берудің  абсалютті  идеялынан  (жан 
жақты дамыған тұлға) бас тартып, жаңа идеалға адамның өзін өзі реттеуі мен өздігінен білім 
алу қабілеттерін барынша дамытуға көшуіне мәжбүр етті.  
Сонымен,  жаңаша  оқытудағы  басты  нәрсе  бұл  білім  алу  және  өздігінен  білім  алу 
негізінде  адам  қабілеттерін,  икемділіктерін  дамыту.  Жаңа  білім  алу  парадигмасында 
тұлғаның  қызығушылықтарын  қамтамасыз  етуде  тұтастық,  бағыттылықпен  бірге  мықты 
негізділік (фундаменталдылық) те шешуші рөлге ие.  
Қазіргі  заманғы  оқушының,  әсіресе  студенттің  басты  мақсаты  көптеген  пәндерден, 
олардағы ұшан теңіз ақпараттардың ішінен ең негізгісін, мәндісін таба білу.  
Тәуелсіз  ел  тірегі  білімді  ұрпақ  десек,  жаңа  дәуірдің  күн  тәртібінде  тұрған  мәселе 
білім беру, ғылымды дамыту. Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» Заңында:  «Білім 
беру  жүйесінің  басты  міндеті  ұлттық  және  жалпы  азаматтық  құндылықтар,  ғылым  мен 
практика  жетістіктері  негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға  және  кәсіби  шыңдауға 
бағытталған  білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар:  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу, 
білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп 
білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.  
Сондықтан,  қазіргі  даму  кезеңі  білім  беру  жүйесінің  алдында  оқыту  үрдісі 
технологияландыру  мәселесін  қойып  отыр.  Бүгінгі  күннің  басты  ерекшеліктерінің  бірі, 
«Қазақстан  Республикасының  ақпараттық  кеңістіктің  бәсекеге  қабілеттілігін  2006-2009 
жылдарында  даму  тұжырымдамасында»,  келтірілгендей,  ақпараттың  ақылға  симайтын 
шамадан  тыс,  оны  игеруде  адамның  биологиялық  мүмкіндіктерінің  «артық»  мөлшерде 
дамуы.  Сол  себепті  де  оқу  оқыту  қысқа  мерзімде  ақпараттың  көлемді  бөлігін  тиімді  түрде 
ұсынатын,  сол  ақпаратты  жоғарғы  деңгейде  игеретін  және  практикада  бекіте  алатын 
әдістерді қолдануды талап етеді. 
Бұл талап білім беру саласында инновациялық өзгерістерге әкеліп, оқудың оқытудың 
негізі  ретінде  тұлғалық  дамуды  қарастырады,  өйткені  бұл  дәуірдің  идеологиялық, 
әлеуметтік,  саяси  сұраныстары  адамнан  келесідей  құзырлықтарды  талап  етеді:  ақпараттың 
ішінен өзіненқажеттісін таңдап, оны пайдалану;  
-
 
проблемаларды  шешу  және  шешім  қабылдау;  өзіндік  пікір,  идеялар,  тұжырым, 
түсінік келтіру, оларды дәлелдей және қорғай білу;  
-
 
социумда  ауызша  және  жазбаша  түрде  қарым-қатынас  құра  білу,  бірлесе  жұмыс 
жасай білу, жанжалдарды болдырмау;  
-
 
өмірге  деген  көзқарасын,  ұстанатын  сенімдерін,  қажеттіліктерін,  құндылықтарын 
жалпы адами құндылықтармен байланыстыру;  
-
 
өздігімен үйрене білу, өз білімін әрқашанда дамытып отыру.  
Қазіргі  заманғы  үздіксіз  өзгеріп  жатқан  жағдайында  жоғары  мектеп  өз  әрекетінде 
білім  алушылардың  зияткерлік  (интеллектуалы)  қабілеттерінің  дамуына  бағытталуы  қажет. 
Өз  кезегінде  бұл  қасиет  білім  алушыларға  «техникалық,  экономикалық  және  мәдени 
өзгерістер мен олардың сан алуандығын саналы түрде түсініп, бастамашылдық, кәсіпкерлік 
рух  пен  икемділік  секілді  қасиеттерді  қабылдап,  қазіргі  заманғы  өндірістік  ортада  өзіне 
сенімді түрде еңбек ету мүмкіншілігін береді». 
Қоғамның  қазіргі  даму  кезеңінде  болып  жатқан  әлеуметтік  саяси  және  жаңа 
технологиялық  өзгерістерден  ұрпақ  тәрбиесіндегі  бетбұрыстардан  білім  мен  тәрбие 
жүйелерінің ісін жаңа сатыға көтеру қажеттілігі туындап отыр. Заман талабына сай білім оқу 
орындарында  білім  мазмұнын,  оның  құрылымдық  жүйесін  жақсарту  білім  реформасының 
жүзеге  асының  басты  шарты.  Осы  заманғы  білім  берудің  стратегиялық  мақсатын  өз 
жауапкершілігін  сезіне  алатын,  өздігінен  әрекет  етуге  және  әрекетінің  шешімін  таба  білуге 
қабілетті,  барлық  істе  сауатты  тұлғаны  оқыту  мен  тәрбиелеуді  қамтамасыз  ету  болып 
табылады. Жоғарыдағы мақсаттарға жоғары  оқу орындарында білім берудің Отандық және 
әлемдік тәрбиелерінде қалыптасып, өз қызметін оң атқарып келе жатқан білім мазмұнының 
негізгі құрылымын жобасын жүзеге асыруды қолданылатын жаңа педагогикалық технология 
арқылы жету көзделеді.  

252 
 
Қазіргі уақытта модульдік оқыту технологиясын көптеген оқытушылар пайдалануда. 
Модульдік оқыту 1960 жылдардың аяғына қарай шет елдерде (АҚШта) дәстүрлі оқудың бір 
нұсқасы,  бағыты  ретінде  пайда  болды.  «Модуль»  латынның  «өлшем»,  «шама»,  «мөлшер» 
деген  сөзі.  Сонымен  қатар  модуль  дегеніміз  ірі  блок,  бөлінген,  яғни  оқу  материалдарын, 
бөлшекке,  блоктарға  бөліп  беру.  Қазіргі  уақытта  қазақстанда  білім  берудің  өзіндік  үлгісі 
қалыптасуда.  Модульдік  оқу  технологиясының  негізі  білім  алушының  танымдық 
белсенділігін,  танымдық  іс  әрекеттерінің  әртүрлі  іс  әрекеттерін  ойлау,  зейін,  қабылдау 
әрекеттерін, ойын арқылы және сөздік байлықтарын дамыту. 
Айта кетер тағы бір тиімді жағы бірізділігі, жүйелілігі, дарынды оқушылармен жұмыс 
істеуге қолайлы. Модульдік оқыту технологиясымен оқытунұсқасында білімді толық игеруді 
негізге ала отырып, қазіргі дидактика талабына сәйкес, білім алушыларды оқыту ғана емес, 
тұлғаның танымдық қызметін ұйымдастыруға, оқу үрдісін диалогтік қарымқатынас негізінде 
құруға  болады.  Бұл  оқу  үрдісі  мен  оқытушының  жұмысына  мынадай  өзгерістер  туғызады: 
біріншіден,  оқушы  мен  оқытушы  оқудың  ұйымдастырушысына  айналады;  екіншіден, 
мұғалім сабаққа алдын ала зерттеу жасап, уақыттың көпшілігін сабақты даярлауға жұмсайды 
да,  сабақ  барысында  тек  бақылаушы,  үйлестіруші  қызметін  атқарады.  Ал  дәстүрлі  оқытуда 
білім  беру  процесі  көп  жағдайда  білім  алушының  сабаққа  «таза  парақ»  күйінде  келіп, 
оқытушының  оны  сабақта  біліммен«толтырумен»  айналысатын  құбылыс  деп  түсінеді. 
Шәкірт  сабақта  ғана  жаңа  білім  алып,  сабақтан  кейін  оны  бекітужұмысымен  ғана 
айналысады. Инновациялық оқу оқыту барысында үйренушілер әрқашанда белсенді болып, 
өзіндік  пікір  қалыптастырып,  өз  ойларын  дұрыс  жеткізе  білуге,  өз  көзқарасын  дәлелдеуге, 
пікірталас  жүргізуге,  басқаларды  тыңдауға,  өзге  пікірді  сыйлауға  және  онымен  санасуға 
үйренеді. Қазіргі заманғы білім беру жүйесін құру оқытудың инновациялық нысандары мен 
әдістерін енгізу педагог қызметкерлердің тұлғасына және кәсіпттік құзыреттілігіне жоғарғы 
талаптар қоюда.  
Жаңа оқыту технологиясын меңгеруде оқытушылардың, педагог қызметкерлердің жан 
жақты білімі қажет. Қазіргі оқытушы педагогикалық процесте жүйелі жұмыс жүргізе алатын, 
педагогикалық  өзгерістерге тез  төселетін, жаңаша ойлау  жүйесін тез меңгере алатын, білім 
алушылармен  ортақ  тіл  табыса  алатын,  білімді,  іскер,  шебер  болуы  керек.  Жаңа 
педагогикалық  технологияның  ерекшеліктері  өсіп  келе  жатқан  жас  тұлғаны  жан  жақты 
дамыту.  Инновациялық  білімді  дамыту,  өзгеріс  енгізу,  жаңа  педагогикалық  идеялар  мен 
жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы білім алушы тек тыңдаушы, орындаушы ғана болса, ал 
қазіргі білім алушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. 
Қазіргі білім алушы дүниетаным қабілеті жоғары, дарынды, өнерпаз, ізденімпаз, талапты, өз 
алдына мақсат қоя білу керек. 
Жаңа  ақпараттық  технологияларды  пайдалану  педагогикалық  іс  әрекеттердің 
мазмұны  мен  формасын  толықтыру  негізінде  оқыту  үрдісін  жетілдірудің  бірден  бір  жолы. 
Компьютерлік  желілерді,  интернет  жүйесін,  электрондық  оқулықтарды,  мультимедиялық 
технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпараттық 
коммуникациялық  технологиялар  кеңістігін  құруға  жағдай  жасайды.  Оқытудың 
педагогикалық жаңа технологияларының барлығы дерлік оқушының өз бетінше білім алуын 
ұйымдастыруға  бағытталған.  Қазіргі  уақытта  білім  мазмұнын  жаңарту  мен  сапасын  жаңа 
деңгейге  көтеру  мақсатында  оқытудың  педагогикалық  технологиялары  арқылы  оқыту 
әдістерінің  50-ге  жуық  үлгілері  ұсынылып,  мектеп  тәжірибесіне  енгізіле  бастады. 
Педагогикалық технологиялар көптүрлі болуына қарамастан,олардың іске асуының екі ғана 
жолы бар. 
Біріншісі теориялық негізде орындалуы, екіншісі тәжірибемен жүзеге келуі. 
Бүгінгі  таңда  қазақстандық  ғалымдарымыз  Ш.Қаланова,  Ж.Қараев,  Ш.Таубаева, 
М.Жанпейісова,  Ә.Жүнісбек  және  т.б.  ғалымдарымыздың  зерттеулерінде  оқытудың  жаңа 
технологиялары жан жақты қарастырылды.  
Оқыту  үрдісінде  жаңа  педагогикалық  технологияларды  тиімді  қолдану  мұғалімнің 
интеллектуалдық,  кәсіптік,  рухани,  адамгершілік,  азаматтық  сияқты  көптеген  адами 

253 
 
қабілеттерінің  қалыптасуына  игі  ықпалын  тигізеді.  Оқушының  өз  бетімен  білім  алуына, 
өзіндік  ой  пікірін  қалыптастырып,  қорытынды  жасай  білуін,  өз  білімін  өзі  бағалай  білуіне, 
қисынды  ойлау  қабілетін  қалыптастырып,  шығармашылық  іс  әрекетін  ұйымдастыруға 
мүмкіндік береді.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.  Подласый  И.П.  Совершенствования  методов  обучения.  в  кн.:  Выбор  методов 
обучения в средней школе / под ред. Ю.К. Бабанской. Москва, 1991.  
2.  Бабанский  Ю.К.Оптимизация  учебно  воспитательного  процесса.  Методические 
основы. Москва, 1982. 
3.  Курт  Мередит,  Джинни  Стил,  Чарлзь  Тэмпл,  Скот  Уолтер.  Оқу  мен  жазу  арқылы 
сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Әдістемелік құрал. Алматы, 2000. 
 
 
УДК 378.4 (571.54) 
 
ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ИННОВАЦИОННЫХ МЕТОДОВ И ФОРМ ОБУЧЕНИЯ В 
ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЯХ РЕГИОНА 
 
Рысымбетова Ж.Е.  
КГУ «СШ имени Ы.Алтынсарина», Карасайский район, ст.Шамалган  
 
Великий  Абай  говорил:  «Сила  человека  заключается  в  его  разуме  и  знаниях».Слова 
мыслителя  казахского  народа  остаются  актуальными  и  в  наши  дни,  когда  в  условиях 
расширения  процессов  глобализации  образование  становится  главным  фактором  развития 
общества. Эти тенденции глубже проникают и в сферу казахстанского образования, ложатся 
в основу происходящих перемен в Казахстане.В настоящее время в нашей стране происходят 
существенные  изменения  в  системе  образования  Казахстана.  Сегодня  современное 
образование немыслимо без инновационных процессов. Одной из таких задач современного 
образования становится раскрытие потенциала всех участников образовательного процесса, 
предоставление им возможностей проявления творческих способностей. Решение этих задач 
невозможно  без  осуществления  вариативности  образовательных  процессов,  в  связи  с  чем 
появляются различные инновационные типы и виды образовательных учреждений, которые 
требуют глубокого научного и практического осмысления. 
Изменение роли образования в обществе обусловило большую часть инновационных 
процессов.  Раньше  безусловными  ориентирами  образования  были  формирование  знаний, 
навыков, информационных и социальных умений (качеств), обеспечивающих «готовность к 
жизни»,  в  свою  очередь,  понимаемую  как  способность  приспособления  личности  к 
общественным  обстоятельствам.  Теперь  образование  все  более  ориентируется  на  создание 
таких технологий и способов влияния на личность, в которых обеспечивается баланс между 
социальными  и  индивидуальными  потребностями,  и,  которые,  запуская  механизм 
саморазвития  (самосовершенствования,  самообразования),  обеспечивают  готовность 
личности  к  реализации  собственной  индивидуальности  и  изменениям  общества.  Многие 
образовательные учреждения стали вводить некоторые новые элементы в свою деятельность, 
но  практика  преобразований  столкнулась  с  серьезным  противоречием  между  имеющейся 
потребностью  в  быстром  развитии  и  неумением  педагогов  это  делать.  Сегодня, 
современному  специалисту  в  сфере  образования  необходимо  свободно  ориентироваться  в 
понятиях педагогической инноватики: «новое», «новшество», «инновация», «инновационный 
процесс», «инновационная деятельность», «педагог-инноватор» и др. 
В  наше  время,  когда  информация  становится  стратегическим  ресурсом  развития 
общества  с  одной  стороны,  а  с  другой  –  быстро  теряет  свою  актуальность,  устаревает  и 
требует  в  информационном  обществе  постоянного  обновления.  Результатом  обучения  и 

254 
 
воспитания  в  школе  должны  стать  умения  находить  нужную  информацию  и  способность 
участвовать  в  совместном  принятии  решений.  А  это  означает  переход  с  объяснительно 
иллюстративного  способа  обучения  на  деятельностный,  при  котором  ученик  становится 
активным субъектом учебного процесса. 
В  настоящее  время  существует  множество  способов  инновационного  обучения, 
например, такие, как, модульное обучение, электронно-интерактивное обучение, проблемное 
обучение,  дистанционное  обучение, исследовательское  методическое  обучение,  метод 
проектов и т.д. 
И  так  главной  целью  инновационных  технологий  образования  является  подготовка 
человека  к  жизни  в  постоянно  изменяющемся  мире.  Целью  инновационной  деятельности 
является  качественное  изменение  личности  учащегося  по  сравнению  с  традиционной 
системой.  Развитие  умения  мотивировать  действия,  самостоятельно  ориентироваться  в 
получаемой  информации,  формирование  творческого  нешаблонного  мышления,  развитие 
детей  за  счёт  максимального  раскрытия  их  природных  способностей,  используя  новейшие 
достижения науки и практики, - основные цели инновационной деятельности. 
Современные  образовательные  инновации  делают  акцент  собственно  на  ученика, 
ставя  его  в  центр  образовательного  процесса.  Он  самостоятелен  в  поиске  знаний, 
заинтересован  в  успешном  разрешении  изучаемой  проблемы,  в  обретении  умений 
организовать  свою  учебную  деятельность  и  объективно  оценивать  свои  индивидуальные 
качества, психологические особенности. 
Инновации  в  образовании,  в  первую  очередь,  должны  быть  направлены  на 
создание личности, настроенной на успех в любой области приложения своих возможностей. 
Под педагогическими инновациями следует подразумевать целенаправленное, осмысленное, 
определённое  изменение  педагогической  деятельности  (и  управления  этой  деятельностью) 
через  разработку  и  введение  в  образовательных  учреждениях  педагогических  и 
управленческих новшеств. Соответственно развитие инновационных процессов - есть способ 
обеспечения  модернизации  образования,  повышения  его  качества,  эффективности  и 
доступности. 
В  нашем  образовательном  учреждении  образовательные  инновации  внедряются 
непосредственно  в  организацию  учебного  процесса,  в  программы  и  методики.  Изменения 
коснулись  непосредственно  педагогической  деятельности  и  оценки  качества  образования. 
Отсюда – очередной этап поиска перспективных направлений развития образования.  
На  наш  взгляд,  инновационные  методы  -  методы,  основанные  на  использовании 
современных  достижений  науки  и  информационных  технологий  в  образовании, 
направленные  на  развитие  творческих  способностей  и  самостоятельности  (методы 
проблемного  и  проективного  обучения,  исследовательские  методы,  тренинговые  формы, 
предусматривающие  актуализацию  творческого  потенциала  и  самостоятельности 
обучающихся). 
Современная школа должна стать передовой  площадкой и в части  информационных 
технологий, местом, где ребенок получает не только необходимые знания, но и проникается 
духом  современного  информационного  общества.  Без  применения  информационно-
коммуникативных технологий (ИКТ) образовательное учреждение не может претендовать на 
инновационный  статус  в  образовании.  Ведь  инновационным  считается  образовательное 
учреждение,  широко  внедряющее  в  образовательный  процесс  организационные, 
дидактические,  технические  и  технологические  инновации и  на  этой  основе  добивающееся 
реального увеличения темпов и объемов усвоения знаний. 
Внедрение ИКТ в содержание образовательного процесса подразумевает интеграцию 
различных  предметных  областей  с  информатикой,  что  ведет  к  информатизации  сознания 
обучающихся  и  пониманию  ими  процессов  информатизации  в  современном  обществе.  В 
современной  школьной  методической  системе  появляются  все  новые  информационные 
технологии,  а  выпускники  школы  имеют  подготовку  к  освоению  новых  информационных 
технологий  в  будущей  трудовой  деятельности.  Использование  ИКТ  технологий  в 

255 
 
образовательном  процессе  в  нашем  образовательном  учреждении  начинается  еще  с 
дошкольного возраста. 
А применение такой инновационной технологии, как информационно – аналитическая 
методика  управления  качеством  обучения  позволила  педагогам  учреждения,  реализующим 
основные  и  дополнительные  образовательные  программы,  объективно,  беспристрастно 
проследить  развитие  во  времени  каждого  ребенка  в  отдельности,  класса,  параллели, 
учреждения  в  целом.  При  внесении  некоторых  изменений  такая  технология  может  стать 
незаменимым  средством  при  подготовке  классно  –  обобщающего  контроля,  изучении 
состояния  преподавания  любого  предмета,  изучения  системы  работы  отдельно  взятого 
педагога.  
Таким  образом,  образование  по  своей  сути  уже  является  инновацией.  Применяя 
вышеперечисленные  технологии  в  инновационном  обучении,  педагоги  нашего  учреждения 
делают  процесс  образования  более  полным,  интересным,  насыщенным.  При  пересечении 
предметных  областей  интеграция  (основного  и  дополнительного  образования)  просто 
необходима для формирования целостного мировоззрения и мировосприятия обучающихся.  
Поэтому,  чтобы  научить  учеников  самостоятельно  мыслить,  принимать  решения, 
работать  в группах,  развивать  коммуникативные,  творческие  способности,  брать 
ответственность  на  себя,  учителям  и  администрации  школы    необходимо    изучать 
и использовать новые методики. 
Соответственно,  развитие  инновационных  процессов —  есть  способ  обеспечения 
модернизации образования, повышения его качества, эффективности и доступности. 
Инновации  в образовании  необходимы,  так  как  требуют  творческий  подход 
в подготовке учителей, что качественно влияет на личностный рост учеников. 
Сегодня  обществу  нужны  инициативные  и  самостоятельные  ученики,  способные 
постоянно  совершенствовать  свою  личность  и  деятельность.  Именно  они  могут  адекватно 
выполнять  свои  функции,  отличаясь  социально-профессиональной  мобильностью, 
готовностью  к  быстрому  обновлению  знаний,  освоению  новых  сфер  деятельности, 
расширению арсенала навыков и умений и их творческого применения в профессиональной 
деятельности.  Творчество  связано  со  способностями  человека,  особенно  со  способностью 
нестандартно  мыслить.  Особую  роль  в  развитии  творческих  способностей  учеников  
выполняет  инновационное  обучение,  которое  обеспечивает  переход,  познавательной 
деятельности  в  профессиональную  с  соответствующей  сменой  потребностей  и  мотивов, 
целей,  действий,  средств,  предметов  и  результатов.  Такое  обучение  придаёт  целостность, 
системную организованность и личностный смысл усваиваемым знаниям.  
Учитель  не  столько  учит  и  воспитывает,  сколько  актуализирует,  стимулирует 
учеников к развитию, создаёт условия для их самовыдвижения на базе использования опыта 
учителя  и  обучаемых.  Тогда  возникает  приоритет  субъектно-смыслового  обучения,  по 
сравнению  с  информационным  обучением,  необходимость  диагностики  личностного 
развития,  включения  учебных  задач  в  контекст  жизненных  проблем.  В  таком  случае 
объектом  работы  учеников  становится  не  «порция  информации»,  а  ситуация  во  всей  своей 
предметной неопределённости и противоречивости. 
Следовательно,  процесс  обучения  учащихся  протекает  в  совместной  деятельности  с 
учителем,  под  его  руководством.  Учитель  направляет  этот  процесс  в  соответствии  с 
применением  инновационных  технологий  и  особенностями  учащихся,  он  систематизирует, 
конкретизирует  содержание  обучения,  придаёт  логическое  обоснование  знаниям,  которым 
овладевают  учащиеся,  он  изыскивает  наиболее  рациональные  пути  вооружения  своих 
учеников умениями, нужными в самостоятельном познании, вырабатывает навыки учеников. 
 
 
 
 
 

256 
 
УДК 378.018.43 
 
ОҚЫТУ  ҮДЕРІСІНДЕ  ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ 
 
Сабырова Айман Кенжегалиевна 
«Ы.Алтынсарин атындағы орта  мектебі» КММ, Қарасай ауданы, Шамалған бекеті,  
s.aim85@mail.ru
 
 
  
Қазақстанның  тәуелсіз  мемлекет  ретінде  қалыптасуы  орта  білім  беру  жүйесінің 
дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі 
мәдени  дамуына  басты  ықпал  жасайтын  тірегі  де,  түп  қазығы  да  –  мектеп.  Мектептер  -дің 
білім  деңгейін  көтеру  және  онда  интерактивті  құралдарды  пайдалану  арқылы  оқу  –  тәрбие 
процесін  тиісті  деңгейге  көтеру,  мектеп  ұстаздарының,  басшыларының,  педагоги  -калық 
ұжымның  жүйелі  басшылыққа  алған  бағыты  деп  есептейміз.  Интерактивті  құрал  -дарды 
қолдану  негізінде  мектепте  жаратылыстану  бағытының  пәндерін  оқыту  сапасын  арттырып, 
білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады. 
Заманымызға  сай  қазіргі  қоғамды  ақпараттандыруда  педагогтардың  біліктілігін 
ақпараттық  –  коммуникациялық  технологияны  қолдану  саласы  бойынша  көтеру  негізгі 
міндеттерінің  біріне  айналды.  Қазақстан  Республикасының  Білім  туралы  заңында:  «Білім 
беру  жүйесінің  басты  міндеттерінің  бірі  –  білім  беру  бағдарламаларын  меңгеру  үшін 
жағдайлар  жасау  керек»  деп  көрсетілген.  Солардың  бірі  білім  беруді  ақпараттандыру 
барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез – 
келген  білім  беру  саласында  мультимедиалық  электрондық  оқыту  құралдары  барлық 
пәндерді оқытуға пайдаланылады. 
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы 
дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. 
Білім  беру  үрдісін  ақпараттандыру  –  жаңа  ақпараттық  технологияларды  пайдалану 
арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу 
– тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. 
Біріккен  ұлттар  ұйымының  шешімімен  «ХХІ  ғасыр  –  ақпараттандыру  ғасыры»  деп 
аталады.  Қазақстан  Республикасы  да  ғылыми  –  техникалық  прогрестің  негізгі  белгісі  – 
қоғамды  ақпараттандыру  болатын  жаңа  кезеңіне  енді.  Заманымызға  сай  қазіргі  қоғамды 
ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық – коммуникациялық технологияны 
қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды. 
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, 
логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму 
мен  оны  іске  асыру  құралы  ретінде  пайдалану  дағдыларын  қалыптастырып,  ақпараттық 
қоғамға бейімдеу. 
Олай  болса,  ақпараттық  бірліктердің  білімге  айналуы  әлемнің  жүйелік  –  ақпараттық 
бейнесін  оқушылардың  шығармашылық  қабілеттері  мен  құнды-лық  бағдарларын  дамыту 
арқылы  қалыптастыруды  көздейтін,  адамның  дүниетанымының  құрамдас  бөлігі  болып 
табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы. 
Ақпараттық бірлікті қалыптастыру: мектептің материалдық - техника - лық базасына; 
ақпараттық  қоғам  саясатының  мақсаты  мен  міндеттеріне;  оқушылардың  ақпараттық 
мәдениетін  қалыптастыру  жүйесіне;оқушылардың  жас  ерекшеліктері  мен  меңгеру 
қабілеттеріне,  педагог  мамандардың  информатикадан  білім  деңгейлерінің  сапасы  мен 
шеберліктеріне,  оқу  –  тәрбие  бағытының  ақпараттық  қоғам  бағытымен  өзара  байланысына 
тәуелді.  Қазіргі  уақытта  жаратылыстану  –  ғылыми  білім  беруде  сабақ  барысында 
интерактивті  құралдарды  қолдануда.  Интерактивті  құралдардың  көмегімен  мұғалімнің, 
оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр. 
Білім берудегі интерактивті технология – мұндағы интерактивті сөзі - inter (бірлесу), 
act  (әрекет  жасау)  ұғымын  білдіреді,  сабақ  барысында  оқушы-ның  топпен  жұмыс  жасауға 

257 
 
қатыспауы мүмкін емес, бірін - бір толықтыра -тын, сабақ барысында барлық оқушылардың 
қатысуын  ұйымдастыратын  оқыту  барысы.  Интерактивті  құралдарды  пайдаланудың 
тиімділігі.Қазіргі  уақытта  заманымызға  сай  қазіргі  қоғамды  ақпараттандыруда 
педагогтардың  біліктілігін  ақпараттық  –  коммуникациялық  технологияны  қолдану  саласы 
бойынша  көтеру  негізгі  міндеттерінің  бірі  білім  беруді  ақпараттандыру  барысында 
дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез – келген білім 
беру  саласында  мультимедиалық  электрондық  оқыту  құралдары  барлық  пәндерді  оқытуға 
пайдаланылады. Бұл бағытта ақпарат-тық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу 
бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі – бағдарламалық – техникалық кешен 
болып саналатын интерактивті тақта болып табылады. 
Қарапайым  тақта  және  компьютер  проекторына  қарағанда,  интерактивті  тақта  сабақ 
мазмұнын  кеңінен  ашуына  мүмкіншілігі  өте  зор.  Интерактивті  тақтаны  пайдалану  кезінде 
үлкен жетістікке қол жеткізу үшін, тек қана сауатты сабақ жоспарлап, керекті материалдарды 
дайындау керек. 
Сабақта  мұғалім  интерактивті  тақтаны  бір  емес  бірнеше  рет  пайдалана  алады, 
қарапайым тақтаға қарағанда интерактивті тақта пайдалануға ыңғайлы, әрі уақыт үнемдейді. 
Интерактивті тақта оқытудың басқа тәсілдеріне қарағанда  (салыстырғанда), көптеген 
жетістіктері бар. 
Бұл  жетістіктер  туралы  өз  сабағында  интерактивті  тақтаны  пайдалана  -тын 
мұғалімдер  ғана  айта  алады.  Қызметтестер  мен  біріге  отырып  сабақта  дайындалу  арқылы 
жақсы  әсерге  қол  жеткізуге  болады,  бұл  тек  қана  міндет-терді  бөліп  беру  мен  уақытты 
үнемдеу ғана емес, сонымен қатар берілген материалдардың сапасын да арттырады. 
Мұғалімдердің  көрсетуінше  интерактивті  бағдарлама  олардың  жартылай  жұмысын 
атқарады, мысалы: белгілі бір материалды интерактивтік тақтада орындау арқылы файлдағы 
белгілермен  өзгерістерді  сақтап  қалуға  болады,  бұны  сабақта  болмай  қалған  оқушыларға 
қайта түсіндіруге немесе келесі жолы тағы да қолдануға болады. 
Оқу  материалдар  базасын  жасау,  қызметтестермен  жасаған  материалдарды  өз 
сабағымда пайдалану арқылы мұғалімдер уақытын үнемдейді. 
Материалдарды оқып үйрену барысында интерактивті тақтаны пайдалану білім өрісін 
кеңейтуге  мүмкіндік  береді,  сондықтан  мұғалімдердің  дайындаған  материалы  оқушыларға 
түсініктірек болады. 
Көп  мұғалімдердің  байқағанындай  сабақтың  оқушыларға  қызықты  және  дәлелді 
(мағыналы)  болады,  және  оны  (оқушылар)  жылдам  есте  сақтаqды.  Интерактивті  тақта  оқу 
сапасын  жоғары  деңгейде  тағы  да  мұғалімдердің  уақытын  үнемдейді,  оған  бұрын  өтілген 
материалдардың екінші рет қайталауға қажеті жоқ. 
Интерактивті  тақта  барлық  сабақта  қолдану  мүмкін,  жоқ  болмаса  сабақтың  әрбір 
сатысында.  Басқа  да  заттар  сияқты  интерактивті  тақтаны  пайдаланудан  ең  көп  тиімділікке 
сабақта қойылған мақсаттарға сәйкес қолдану арқылы жетуге болады. 
Интерактивті  тақтамен  бірге  жүретін  бағдарламалық  нұсқаулықты  жақсы  біліп,  оны 
сабаққа дайындалғанда қолданулары керек. 
Мұғалімдерге  тағы  басқа  да  бағдарламалық  құжаттар  керек.  Жоғарыда 
айтылғандарды  қорытындылай  келе,  айта  кетейік:  Сабақ  алдын  -  ала  дайындалған  болу 
керек, сонда ғана материалдар жылдам түсіндіріледі. 
Интерактивті  тақтада  бір  уақытта  бірнеше  материалдарды  қолдануға  болады:  бейне, 
дыбыс,  сурет,  мәтін,  және  т.  б.  Сабақ  соңына  дейін  логикалық  үздіксіз  түрде  болса,  сонда 
ғана  сабақ  қойылған  мақсатына  жетеді;  Сабақ  кезінде  сақталған  файлдар  оқушыларға 
беріледі:  сондай  -  ақ  бұл  файлдарды  келесі  сабақта  өтетін  материалдарды  қайталау  және 
толықтыру үшін қолданылады. 
Сабақ үрдісінде пайдаланып жүрген әдіс - тәсілдер оқушылардың оқуға деген ынта - 
ықыласының, дағды мен ой - өріс, білім - біліктерінің артуымен сипатталары сөзсіз. 
Бұл  мақсатқа  қол  жеткізу  үшін  әрбір  педагогтың  бәсекеге  қабілеттілігі  бүкіл  білім 
кеңістігіндегіт  бәсекеге  қабілеттілікпен  сәйкес  болу  керек.  Осы  орайда  қазақстандық  білім 

258 
 
беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты - білім беруді ақпараттандыру, оқыту үрдісіне 
ақпараттық  технологияны  кеңінен  енгізуге  ден  қойылып  отыр.  Оқытудың  компьютерлік 
технологиясы  мұғаліммен  оқушының  шығармашылық  қасиеттерін  дамытып,  шыңдаумен 
қатар  олардың  өзара  тұлғалық  -  бағытталған,  мақсатты  әрекетін  қалыптастырады.  Әрі 
сабақтың  сапасы  артып,  уақыт  үнемделеді,  оқушылардың  пәнге  қызығушылығы  мен 
практикалық,  іскерлік  дағдысы  дамиды.  Оқытудың  инновациялық  технологиясы 
элементтерін сан жылдар бойы отандық әдістемелік-педагогикалық тәжірибеде дәлелденген 
озық  үлгілерін  ұштастыра  отырып,  жүйелі  түрде  бірізділікпен  оқыту  сөзсіз  өз  нәтижесін 
береді.  Әр  сабақта  жеке  оқушыны  қоғамның  ең  негізгі  құндылығы  ретінде  танып,  оның 
рухани  жан  дүниесінің  баюына,  шығармашылық  өркендеуіне  мүмкіндік  берукез  келген 
сабақтың басты мақсаты дұрыс қойылып, мұғалім-оқушы арасында оңтайлы психологиялық 
қарым-қатынас  негізінде  құрылған  сабақ  арқылы  әр  ұстаз  өз  тәжірибесін  кемелдендіре 
алады. 
Өз  тәжірибемде  оқыту  үрдісінде  интерактивті  тақтаны  кеңінен  қолданамын.  Мұнда 
оқушылармен  қарым-қатынас,  тәжірибені  демонстрациялау,  оқушының  ой-тұжырымын 
ауызша  баяндау,  т.б.әдіс-тәсілдер  кіріктіріліп,  біртұтас  жүйе  ретінде  жүзеге  асады. 
Оқушының  ойлау,сөйлеу,  бақылау,  баяндау,  есте  сақтау,  қайта  жаңғырту  сияқты  ой 
операциялары әр сабақта дамытылып, тиімді жолдармен жаттықтырылып отырады.  
Осы  орайда  10  сыныпта  "Фосфор  және  оның  қосылыстары"  тақырыбында  аймақтық 
семинар сабағын өткіздім. 
1.    Фосфор  және  оның  қосылыстары  арасындағы  генетикалық  байланыс  туралы 
оқушылардың  түсініктерін  қалыптастыру.  Фосфордың  алынуын,  қасиеттерін,  қолданылуын 
және  оның  қосылыстарының    қасиеттерін  сыни  тұрғыдан  ойлауға,ғылыми  -  саналылыққа, 
есте сақтау  қабілетін  дамыту - сабақтың негізгі мақсатты болып табылды.
 
 
Пәні 
10 "Б"  сынып Химия 
Сабақтың 
тақырыбы
 
8.13.  Фосфор және оның қосылыстары.
 
Мақсаты
 
Фосфор және оның қосылыстарының  қасиеттерін сыни тұрғыдан ойлауға дамыту.
 
Оқыту нәтижелері
 
 
Фосфор қасиеттері бойынша біледі; 
 
 
Фосфордың қосылыстарын түсінеді;
 
 
топ ережесіне бағынады;
 
 
сұрақтарды бірлесе шешеді;
 
 
өзін және өзгелерді бағалауды үйренеді;
 
 
басқаның пікірімен санасады.
 
Сілтеме
 
МАН -2012ж;  Марта Бронсон  өзін-өзі реттеу; СТО;  АлександерДиалог негізінде 
оқыту;   Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер Выготский , Воуд;  Барнс  пен Мерсер 
зерттеушілік әңгіме; АКТ 
 
Сабақ кезеңдері
 
Мұғалімнің іс-әрекеті 
 
 
Оқушының іс-әрекеті
 
 
Ұйымдастыру
 
2 мин
 

 
Амандасу;
 

 
психологиялық ахуал туғызу;
 

 
"Шаттық шеңберін " өткізу.
 

 
топ ережесіне бағынады
 
Білу, тану
 
5 мин
 
1-тапсырма:
 
Кез-келген  оқушы  ыстық  орындыққа  отырып, 
диалогтағы  топтық  әңгімелесу  арқылы  кері 
байланыс жасайды 
 
2-тапсырма: 
 
"ой қозғау" 
 
 
бейнефильмді көреді. 
 
5  А  топ  элементтерінің  жалпы 
сипаттамасын, 
азоттың  
құрылысын, 
физикалық 
қасиеттерін, табиғатта таралуын, 
химиялық 
әрекеттесуін, 
қолданылуын  кері  байланыс 
арқылы ойларын айтады.
 
2.  бейнефильмде  қандай  іс-
әрекеті  бойынша  тәжірибені  өз 
ойларын  айтады.
 
Түсіну
 
Әр  топқа  берілген    тапсырмаларды  оқып,   1-топ:    Фосфордың  құрылысы, 
Свечение фосфора.mov

259 
 
20 мин 
 
түсінгені бойынша талқылап, қағазға түсіреді. 
 
1-топ:   
 
 Фосфордың 
құрылысын, 
табиғатта 
таралуын,физикалық  қасиеттеріне  сипаттама 
береді;
 
2-топ:
 
Химиялық қасиеттерін, алынуын түсіндіреді; 
 
3-топ: 
 
Қолданылуы, биохимиялық рөлі,
 
 фосфор оксидтері бойынша сипаттама береді;
 
4-топ: 
 
Фосфор  қышқылдарының  қасиеттері  және 
фосфор  қышқылдарының  тұздары  бойынша 
шолу жасайды.
 
табиғатта  таралуы,  физикалық 
қасиеттерін айтады.
 
2-топ: 
Химиялық  қасиеттері, 
алынуы, туралы жіктейді.
 
 3-топ: 
Қолданылуын, 
биохимиялық  рөлін,  фосфор 
оксидтері  бойынша  өз  ойларын 
айтады.
 
 4-топ: Фосфор қышқылдарының 
қасиеттерін 
және 
тұз-дары 
бойынша ойларын айтады.
 
 Олар 
оқып, 
түсініп, 
дәптерлеріне  түртіп жазады

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   48




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет