Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 5.01 Kb.

бет3/48
Дата11.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48

ӘОК 37.013.2 
 
ҮӘЖ ТЕХНОЛОГИЯСЫ – НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН  
БІЛІМ БЕРУ НЕГІЗІ 
 
Алимова А.Е. 
«Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№3 орта мектеп мектепке 
дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесі 
zhanar.umb@mail.ru 
 
                                                             Білім - бақтың жібермейтін қазығы, 
                                                             Білімсіз бақ –  әлдекімнің азығы. 
                                                                                                   М.Әуезов 
 
        «Бақыт  жолы  біліммен  табылады»  деп  ойшыл-философ  Ахмед  Йүгінеки 
тұжырымдағандай,  білім  —  адамның  бойындағы  қабілеттерін  кеңінен  ашуға  және 
пайдалануға, 
өз 
мүмкіндіктерін 
жүзеге 
асыруға 
ықпал 
ететін 
құндылық.  
Білім  мен    оның    дамуы -   адамзат  өркениетінің  өлшемі.  Олай  болса  білім  саласы үнемі 
жетіліп,  жаңарып отыруды  қажет  етеді.  Біз  өмір  сүріп  отырған  қазіргі  кезең   -  жаңа 
көзқарасты, жаңашылдықты талап ететін кезең. Соның ішінде білім саласында болып жатқан 
жасампаз өзгерістердің мәні мен маңызы зор. Қазіргі  таңдағы білім беру - сабақтастығы бар 
білім  беру  бағдарламалары  мен  нәтижеге  бағытталған  білім  берудегі  тиімді  педагогикалық 
технологияларды  үйлестіре    іске  асыру  жолдарынының  мазмұнды  жүйесі.  Бұл  жөнінде 
Қазақстан  Республикасы  «Білім  туралы»  Заңының  8-бабында  «Білім  беру  жүйесінің  басты 
міндеттерінің  бірі  –  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру, 
халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Сондықтан  
қазіргі  даму  кезеңі  білім  беру  жүйесінің  алдында  оқыту  үрдісінің  технологияландыру 

16 
 
мәселесін  қойып  отыр.  Оқытудың  әр  түрлі  технологиялары  сарапталып,  жаңашыл 
педагогтердің  іс  –  тәжірибесі  зерттеліп,  мектеп  өміріне  енгізілуде.  Ізденімпаз  мұғалімнің 
шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба 
білуі. Жүсіпбек Аймауытовтың:  «Сабақ беру - үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол үшін 
жаңадан  жаңалық  табатын  өнер»,  -  деген    ұлағатты  сөзіне  сай  әр  мұғалім,  өз  білімін 
жетілдіріп,  дәстүрлі  сабақтардан  гөрі,  жаңа  талапқа  сай  нәтижеге  бағытталған  
педагогикалық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, 
мәнді,  қонымды,  тиімді  болары  сөзсіз.  Бүгінгі  күні  кеңінен  пайдаланылып  жүрген 
технологиялардың  бірі  –  Ж.У.  Кобдикованың  “Оқытудың  үшөлшемді  әдістемелік  жүйесі” 
педагогикалық  технологиясы.  Бұл  технологияның  өзіндік  ерекшелігі  сабақ  барысында 
оқушының өзі ізденіп, өзі оқып, өзі үйренуіне жағдай жасалған. Сабақта проблемалық оқыту 
іске  асырылады.  Мұғалім  сабақта  оқушыға  бағыт-бағдар  беріп,  басқарушылық  міндеттер 
атқара  отырып,  әрбір  оқушының  жеке  мүмкіндіктерін,  қабілеттерін,  қызығушылықтарын 
анықтайды.  Оқушының  қызметі  көптеген  тұлғалық  қасиеттеріне  қарай  бағаланады 
(интеллектуалды  дамуы,  тіл  мәдениеті,  дербестігі,  инициативасы,  жауапкершілігі,  т.б.). 
Әрбір  оқушының  дамуы  басқа  оқушымен  емес,  өзімен  салыстырылады.  Оқушыға  өзін-өзі  
бағалауға  мүмкіндік  беріледі.  Бұл  технологияда  индивидуалды  және  топтық  оқыту  түрлері 
негізгі болып табылады.  
 Мұндай  топта  оқушы  өз  даралығын  жоғалтпайды.  Қажетті  жағдайда  оқушылар  бір-
бірінен көмек сұрай алады, ортақ міндеттерді шешеді. Бұл жағдайда әрбір оқушы тек өзінің 
жетістіктерін  бағалап  немесе  кемшіліктерін  түсініп  қана  қоймайды,  сонымен  бірге  ортақ 
нәтижеге  өзі  қалай  әсер  ететінін  көре  алады.  Индивидуалды  оқыту  түрі  оқушыға  кейбір 
тапсырмаларға  тереңінен  тоқталуға  мүмкіндік  береді,  өзінің  де,  мұғалімнің  де  алдында 
тапсырмаларды  орындау  нәтижесіне  жауапты  болуға  үйретеді.Оқытудың  үшөлшемді 
әдістемелік  жүйесі  педагогикалық  технологиясында  мұғалім  теориялық,  әдістемелік 
тұрғыдан үздіксіз іздене отырып, ІІІ кезеңнен тұратын сабақ құрылымы жүйелеген  «оқушы 
дәптерін» дайын күйінде оқушы алдына береді. Оқушы  берілген тапсырмаларды орындауда 
жеңілден  ауырға  ауыса  отырып,  І  кезең  тапсырмаларын  орындау  арқылы  өтілген  сабақтың 
бағасы қорытындыланады. ІІ кезеңде оқушы берілген түрлі тапсырмаларды орындау арқылы 
практика жүзінде бекіте  отырып, жаңа тақырыпты өз бетінше меңгереді, өзіндік танымдық 
іс-әрекеті арта түседі.    ІІІ кезеңде оқушы алған білімін деңгейлік  тапсырмаларды сатылай 
орындау    арқылы,  жаңа  тақырыпты  меңгерудегі  жеткен  жетістігін  ашық  журналға  түсіріп, 
өзін-өзі бағалап,  сапалы білімге қол жеткізеді. 
Бұл педагогикалық технологиядағы басты мақсат – оқушының оқу-танымдық әрекетін 
жандандыра отырып, оны алға қойған мақсатқа, жеке басының қабілетін толық пайдаланып, 
тиісті  деңгейге  жетуіне  жағдай  туғызу.  Мектебімізде  мұғалімдердің  технологияны  жүзеге 
асыруына жағдай жасалған, инновациялық іс-әрекеттерді үздіксіз ізденіспен зерттей отырып, 
іс жүзінде  пайдалану мүмкіндіктерін игеруде. Осы педагогикалық технологияны қолданып 
жүрген  мұғалімдер  әрбір  оқушының  қабілетіне  қарай  білім  алып,  ізденімпаздыққа, 
шығармашылыққа, дербестікке бетбұрыс жасайтынына көз жеткізуде. Технологияның негізі 
оқушының  жұмыс  дәптері  болғандықтан,  мен  7-сыныптың  қазақ  тілі  пәні  бойынша  жұмыс 
дәптерін  жазып  шықтым.  Сонда  байқағаным,  бұл  технологияның  бір  ерекшілігі:  өткенді 
пысықтауға  арналған  материалды  оқушылар  үйде  қайталап,  жаңа  тақырыпты  меңгеруге 
үйден дайындалып келеді. Мұның тиімділігі  біріншіден, уақыт үнемделеді, өйткені дәстүрлі 
оқыту  бойынша  оқушылар  қойылған  сұраққа  жауап  білмесе,  мұғалім  өзі  түсіндіріп,  уақыт 
жоғалтатын  еді.  Екіншіден,  егер  мұғалім  жүйелі  түрде  өткенді  пысықтауға  арналған 
тапсырмаларды орындауды талап етсе, оқушының барлығы, соның ішінде нашар оқушы да 
дайындалып  келуге  мәжбүр  болады,  нәтижесінде  әрбір  оқушының  белсендігі  мен 
жауапкершілігі  артады,  Сондай-ақ,  өз  тәжірибемде  ҮӘЖ  техологиясын  қолданып  оқытуда 
көбінесе  шығармашылық  жұмыстар  арқылы    оқытуды  негізге  алдым,  себебі  ол  
оқушылардың  танымдық  қабілетін,  ізденімпаздығы  мен  белсенділігін,  өз  бетімен  ізденуін 

17 
 
күшейтіп,  олардың    зерттеу  жұмыстарына  икемделуіне  және  оқушылық  деңгейден 
шығармашылық деңгейге дейін көтерілуіне мол мүмкіндіктер әкелетініне көз жеткіздім.    
Енді аталған педагогикалық технология бойынша сабақтың өту барысына тоқталайын.   
І кезең (5-7 минут) 
1. 
Ұйымдастыру кезеңі. 
2. 
Үй жұмысын тексеру. 
Мақсаты:  өткен  тақырып  бойынша  деңгейлік  тапсырмаларды  аяқтау      дәрежесін 
тексеру. 
  Бұл  жерде  үздік  оқушылар  өз  дәптерлері  бойынша  басқа  оқушыларды  тексереді 
немесе дәптерлерін бір-бірімен алмасып тексереді. Тексеруден соң әрбір оқушы сыныптағы 
және үй жұмысының жалпы балын санап, мұғалімге айтады. Мұғалім әрбір оқушының балын 
“Ашық журналға” жазады, тиісті бағасын қояды. 
ІІ кезең (20-25 минут) 
Өз бетінше жаңа тақырыпты меңгеру. 
Бұл  жерде  10-15  минуттық  өзіндік  жұмыс  ұйымдастырылады.  Мысалы,  оқушыға  5 
сұраққа  жауап  беру  ұсынылады  (сұрақтар  параққа  жазылған,  әрбір  оқушыға  немесе  жұпқа, 
немесе топқа беріледі). Сұрақтарға жауап беру үшін оқушылар алдымен өз бетінше мәтінді 
(жаңа  тақырып  бойынша)  оқиды.  Мәтінмен  жұмысты  төмендегі  әдістер  бойынша 
ұйымдастыруға  болады. 
ІІІ кезең (12 минут + 3 минут) 
1.Деңгейлік тапсырмаларды орындау. 
Оқушыларға үш деңгейлік тапсырмалар ұсынылады: 
1- деңгей – оқушылық (репродуктивтік), стандарт. 
2- деңгей – алгоритмдік, орташа қиындық. 
3- деңгей – эвристикалық, күрделі. 
 1-  деңгейде  оқушылар  репродуктивтік  әрекеттер  жасайды.  Олардың  қызметіне 
мұғалімді мұқият тыңдау, зерттеліп жатқан объектіні бақылау, нұсқа бойынша практикалық 
әрекеттерді  жасау  жатады.  Бұл  деңгейде  олардан  ұғымдарды,  фактілерді,  ережелерді    білу 
және  оларды  үлгі  бойынша  қолдана  білу  талап  етіледі.  (Сұрақтар  түрі:  Не?  Қашан?  Қай 
жылы? Қайда? Неге? Аяқта т.б.)                                                 
2- деңгейдің тапсырмалары оқушылардан өз білімдерін түрлі жағдайда қолдана білуін 
қажет етеді. Бұл жерде оқушының танымдық қызметіне оқу материалын өзгерту, оны сыни 
тұрғыдан  ұғыну,  шешім  қабылдаудың  тиімді  жолдарын  іздеу,  білімді    салыстыру  жатады. 
(Тапсырмалар  түрі:  түсіндір,  бірнеше  тәсілмен  шеш,  тексер,  салыстыр,  талда,  құрылымы 
қандай, классификация жаса, т.б.) 
3-деңгейде 
оқушылар 
танымдық-ізденушілік 
сипаттағы, 
білімнің 
тереңделуінебағытталған  тапсырмаларды  орындайды.  Бұл  тапсырмалар  оқушылардан  жаңа 
әдістерді  пайдаланып,  білімдерін  қалыптан  тыс  жағдайда  қолдана  білуін  талап  етеді 
(Тапсырмалар  түрі:  өз  шешіміңді  тап,  алгоритм  жаса,  жүйеле,  зертте,  қорытынды    шығар, 
жетістіктерін сипатта, сәйкес келе ме, қорытындылар дұрыс па, т.б.) 
1-деңгейдің тапсырмаларын барлық оқушы (үлгерімі төмен де, жоғары да) орындауға 
міндетті.  Бұл  деген  сөз  мұғалім  барлық  оқушыға  бірдей  қарайды,  оларды  алдын  ала  
қабілетті және қабілетсіз деп бөлуден аулақ болып, оқушы көңіліне кірбің келтірмейді. Әрі 
барлық оқушы мемлекеттік стандарт білімін меңгергеніне кепілдік болады. 
Деңгейлік тапсырмаларды орындауды оқушылар барлығы бір уақытта бастайды және 
әрқайсысы өз білім шыңына өзінің жеке қабілеттеріне қарай жетеді. Әрбір оқушы жоғарғы 
деңгейге жетуге мақсат етеді, өйткені әрбір деңгейлік тапсырманы орындағаны үшін оқушы 
балл жинап отырады: 
1- деңгей – 5 балл (5 тапсырма) 
2- деңгей – 4 балл (4/2 тапсырма) 
3-деңгей – 3 балл (2/1 тапсырма) 

18 
 
Деңгейлік  тапсырмалардың  барлығын  сыныпта  орындап  бітіру  мүмкін  емес, 
сондықтан үй жұмысына сол деңгейлік тапсырмалар беріледі. 
Сабақтың  соңғы  3  минутында  сыныптағы  балдар  саналып,  “Ашық  журналға” 
белгіленеді. 
  Өзгермелі  қоғамдағы  жаңа  формация  мұғалімі  –  педагогикалық  құралдардың 
барлығын  меңгерген,  тұрақты  өзін-өзі  жетілдіруге  талпынған,  рухани  дамыған,  толысқан 
шығармашыл  тұлға.  Қазіргі  кезде  мұғалімге  қойылатын  талаптар :  бәсекеге  қабілеттілігі, 
білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. 
Жиырма  бірінші  ғасырға  лайық  жоғары  мәдениетпен  өмір  сүргеніміз  кім-кімге  де 
жоғары мәртебе емес пе? Өз тағдырымыз бен  болашағымыздың  жарқын да, кемелді болуы 
тек ұстаздар қолында екенін ұмытпайық. Біз салатын әрбір ізбен келешек ұрпақ, яғни қазақ 
жастары жүретінін ескерейік. Ал сол жастар, міне, бүгінгі алдарымызда отырған  оқушылар. 
Бұлардың атар таңы арайланып атсын, батар күні тыныштықпен батсын десек, оқушылардың 
өздеріне сенімін арттыра отырып бар білімін іс жүзінде қолдана алуға бағыттауымыз керек. 
Қазақ  елінің  шырқар  биігі,  шығар  шыңы  тек дара  болсын!  Егемен  еліміздің  ертеңіне  тірек, 
іргесіне  сүйеу  болатын  ұрпағымыздың  азаматтық  келбеті,  адамгершілік  қасиеті    артып, 
болашағы жарқын болғай!    
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.  Кобдикова  Ж.У  «Үшөлшемді  әдістемелік  жүйе  (ҮӘЖ)  нәтижеге  бағытталған  білім 
берудің тиімді механизмі» 
2.  «Қазақ тілі мен әдебиеті » журналы  2012ж 
 
 
УДК 574:37.015.3(045 
 
ЖАҢАША ОЙЛАУ МЕН ЖАҢАША ІС-ӘРЕКЕТ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ 
 
Аскарова Амангуль Курбанбаевна 
«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ, Алматы облысы, Қарасай ауданы
almaaskar96@mail.ru  
 
 
Тәуелсіз  елдің  тірегі  –  білімді  ұрпақ.  Білімді  ұрпақ  жеткізу  ұстаздың  міндеті. 
«Болашаққа болжам жасау үшін өткен тарихыңа көз сал» – деген халық даналығына жүгінсек 
қазақ  елі  өз  тәуелсіздігін  алғанға  дейінде  көптеген  тар  жол  тайғақ  кешулерді  бастан 
кешірген. Намысы мен өресі биік ұлтжанды азаматтарының арқасында өз білімдерін жойған 
емес. Керісінше кез-келген қиындыққа қасқая тұрып ұлт сауаттылығы мен дәстүрін, ділі мен 
дінін  қатар  сақтаған.  Өз  заманының  білім  шамшырағын  алғаш  жаққан  Ы.Алтынсарин 
«Маған  жақсы  мұғалім  бәрінен  қымбат,  өйткені  мұғалім  мектептің  жүрегі»  –  деп  ұрпақ 
болашағының  тірегі  ұстаз  екендігін  айқындап  кеткен.  «Халықтың  кемеліне  келіп  өркендеп 
өсуі  үшін  ең  алдымен азаттық  пен  білім  қажет»  –  деп  ұлы  ғұлама  Ш.Уәлиханов  айтқандай 
бүгінде азаттығын алған қазақ еліде өзінің өркендеп өсуі үшін білім саласына көптеп назар 
аударуда.  
Әлемнің  жетекші  елдерінің  көпшілігі  білім  беру  жүйесін,  білім  берудің  мақсатын, 
мазмұны  мен  технологияларын  оның  нәтижесіне  қарап  бағалайтын  болды.  Білім  берудің 
қазіргі  негізгі  мақсаты  білім  алып,  білік  пен  дағды,  іскерлікке  қол  жеткізу  ғана  емес, 
солардың  негізінде  дербес,  әлеуметтік  және  кәсіби  біліктілікке  –  ақпаратты  өзі  іздеп  табу, 
талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты 
өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады. 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңының  8  -  бабында  «Білім  беру 
жүйесінің  басты  міндеті  -  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді 

19 
 
ақпараттандыру,  халықаралық  коммуникациялық  желілерге  шығу,  ұлттық  және  жалпы 
адамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика  жетістіктері  негізінде  жеке  тұлғаны 
қалыптастыруға,  дамытуға  және  кәсіби  шыңдауға  бағытталған  білім  алу  үшін  қажетті 
жағдайлар  жасау»  -  деп  атап  көрсеткендей,  қазіргі  кезеңде  әрбір  мұғалімнің  алдына  қойып 
отырған басты міндеттерінің бірі  - оқытудың әдіс - тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және 
жаңа педагогикалық технологияны меңгеру 
Әлем  жылдам  өзгеруде.  Қарқынды  өзгеріп  жатқан  әлемде  білім  саласындағы 
азаматтардың алдына үлкен жауапкершілік тұрғаны баршаға мәлім.  
Заман  көшінен  қалмай  өзінің  келешегі  болған  ұрпақтары  бойында  ұлттық 
құндылықтарды жоймай керісінше жандандыра отырып білім нәрімен сусындатқысы келетін 
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің қызметкерлеріде қазіргі таңда аталған жүйеде 
үлкен  өзгерістер  жасауда.  Соның  бірі  мұғалімдер  біліктілігін  арттыру  курстарының 
деңгейлік  бағдарламалары.  Бұл  біліктілікті  арттыру  курстары  әлемнің  озық  үлгідегі  білім 
беру тәжірибелерінен жинақталған. 
Олай  болса  «Мен  еш  уақытта  өз  оқушыларыма  еш  нәрсе  үйретпеймін  –  тек  қана 
олардың  оқуы  үшін  жағдай  жаратамын»  –  деген  Альберт  Эйнштейін  бастамасын  назарға 
ұстаған  бұл  оқыту  үдерісінде,  оқушылардың  өздігінен  білім  алуына  жағдай  жасау  негізгі 
мақсат болып есептеледі.  
«Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы мектебінің қандай негізде құрылуына барып 
тіреледі. Мектебімізді таза берік һәм өз жанымызға (қазақ жанына) үйлесетіндей негізде құра 
білсек  келешегіміз  үшін  тайынбай  серттесуге  болады»  –  деп  халық  данасы  Мағжан 
Жұмабаев айтқандай біз өз мектебімізді өз жанымыздан алыстатпай ұлт құндылығын сақтай 
отырып  өзгенің  жақсысымен  жапсарластыруымыз  қажет.  Бұл  әрине  қиыннан 
қиыстырылатын қиын шаруа. Дегенмен Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың дәстүрлі халыққа 
жолдауындағы  «Алдағы міндет  – өсу жолы, алдымызға айқын мақсаттар қойып, болашаққа 
сеніммен қарау, экономикасы дамыған жаһандану кезінде кез келген қауіп қатерге төтеп бере 
алатын, алпауыт мемлекеттердің қатарына ену» – деген ұранды жолдарды басшылыққа алған 
білім  қызыметкерлері  үлкен  істі  қажырлылықпен  басатап  жіберді.  Бұл  іске  елбасының 
тағыда  мынадай  жолдары  бастама  болды  деуге  болады.  Оның  «Бүгінде  халық  аралық 
стандарттар  негізінде  Назарбаев  университетеі  мен  зияткерлік  мектептер  табысты  жұмыс 
істеуде. Олардың тәжірибесін бүкіл қазақстандық білім беру жүйесіне таратып, барлық білім 
беру  мекемелерін  солардың  деңгейіне  тарту  қажет.  Оқу  жастарға  тек  білім  беріп  қоймай, 
сонымен бірге оларды әлеуметтік тұрмыстық  бейімделу үрдісінде пайдалана білуге үйретуі 
тиіс» – деген жалынды сөздері дем бергендей. 
Білім  –  болашақ  бағдары,  кез-келген  оқу  орынның  басты  міндеттерінің  бірі  –  жеке 
тұлғаның  құзіреттілігін  дамыту.  Құзірет  –  оқушының  жеке  және  қоғам  талаптарын 
қанағаттандыру  мақсатындағы  табысты  іс-әрекетіне  қажетті  білім  дайындығына  әлеуметтік 
тапсырыс. Құзыреттілік – оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім 
нәтижесі. Ақпараттық құзыреттілік – бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, 
сақтау,  оны  жүзеге  асыру  және  ақпараттық  –  коммуникациялық  технологияның 
мүмкіндіктерін  жан-жақты  қолдану  қабілеті.  Оқушылардың  түпкілікті  құзіреттіліктері  – 
білім  берудің  жаңа  нәтижелері.  Құзіреттілікті  оқушының  пән  бойынша  игерген  білім, 
білігінің  жинағы  деп  қабылдауға  келмейді.  Ол  –  оқу  нәтижесінде  өзгермелі  жағдайда 
меңгерген  білім,  білік,  дағдыны  тәжірибеде  қолдана  алу  қабілеті  болып  табылатын  жаңа 
сапа. 
Өз өміріме үнемі ұлылар өсиеттерін ұран қып жүретін менде Абай атамыздың «сенде 
бір  кірпіш  дүниеге,  тетігін  тапта  бар  қалан»  –  деген  ұлы  сөзін  арқау  етіп  жас  кезімде 
ұстаздық  мамандығын  таңдаған  болатынмын.  Ушинскидің  «Мұғалім  өзінің  білімін  үздіксіз 
көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды ізденуді тоқтасымен оның мұғалімдігіде жойылады» 
– деген көрегенді сөзінен үлгі алып өз білімімді үнемі жетілдіріп отыруға тырысамын.  
Осы  орайда  2013  жылы  сәуір  айының  8-і  мен  шілде  айының  5-іне  дейінгі  аралықта 
менде  Талдықорған  қаласындағы  Назарбаев  атындағы  зияткерлік  мектебіндегі 

20 
 
педагогикалық шеберлік орталағында ІІ- деңгей бағдарламасы бойынша курстан өттім. Курс 
сынағын  тапсырып  тиісті  құжаттарды  алғаннан  кейін  алдымда  қиын  да  күрделі  міндеттің 
тұрғанын  сезіндім.  Өйткені  мен  20-жылдық  іс-тәжірибемді  түбегейлі  өзгертуім  тиіс. 
Оқушыларға  жаңа  форматтағы  білім  беруім  керек,  нақтырақ  айтқанда  оқушыларға  дайын 
білімді бермей олардың өздігінен білім алуына жағдай жасауым қажет. Биылғы оқу жылында 
да  сабақ  жаңаша  ұйымдастырылады.  Сабақ  барысында  қалай  оқу  керектігін  үйренуде 
(метатану) ынтымақтастық оқыту жоспарланады.  
Топтық,  жұптық  жұмыстарды  ұйымдастыра  отырып  жеке  тұлғаның  қалыптасуына 
әсер етуім қажет. Сабақтарда түрлі жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануым керек. Өзімінің 
кәсіби  дамуымды  жүзеге  асыру  үшін  алдағы  атқаратын  жұмыстарыма  жалпы  жоспар 
жасадым. Жоспар бойынша ең алғаш мектеп әкімшілігін бағдарламаның негізгі идеяларымен 
таныстырдым,  әріптестермен  кездестім  олармен  жаңалықтарыммен  бөлістім.  Жыл  басынан 
бастап  жүктеме  бойынша  бекітілген  сыныптарымда  сабақтарды  жаңа  әдіс-тәсілдерге 
негізделген  қысқа  мерзімді  жоспарлармен  жүргіздім.  Қысқа  мерзімді  жоспар  табысты  оқу 
мен  оқытуға  бағытталады.  нақтырақ  айтқанда  Блумның  «толық  меңгерту  теориясындағы» 
зерттеушілік таксономиясы негізінде жасалды.  
Сабақтарды  жайлы  атмосфера  қалыптастырумен  бастадым.  Оқушыларды  түрлі 
әдістер  арқылы  топқа  (жұпқа)  бөлуді  ұйымдастырдым.  Топ  ережесін  ескере  отырып 
ынтымақтастық  оқуды  қалыптастырдым.  Сабақ  мақсатын  оқушыларға  қойдыру  үшін 
жетелеуші  сұрақтар  (ашық,  жабық  сынақтан  өткізу)  түрлерін  пайдаландым.  Міндеттерді 
бірлесе  талқылай  отырып  назарларын  табыс  критерилеріне  аударуға  тырыстым.  Өйткені 
оқыту  мен  оқу  нәтижесі,  тапсырмаларды  орындау  арқылы  алынған  білім  табыс  критерийін 
білгенде ғана айқындалмақ.  
Сабақ мақсаты мен міндеті айқындалғаннан кейін, топта, жұпта түрлі жұмыстар (білу) 
ұйымдастырылды.  Бұл  жұмыстар  сындарлы  оқыту  теориясына  негізделеді,  өйткені  оқушы 
бұрынғы  білетіндерін  жаңғырту  арқылы  бүгінгі  білімді  жүйелі  ұштастыру  керек.  Ыстық 
орындық,  тілші  сұхбаты,  хаттар  келгенде  т.б  әдістер  арқылы  үй  тапсырмаларына  шолу 
жасаймын.(Түсіну)  Жаңа  тақырыпты  меңгеру  немесе  оқулық  пен  жұмыс.  (Қолдану)  Оқу 
арқылы  алынған  ақпараттар  топ  және  жұп  мүшелерінің  қатысуымен  талқыланады.(Талдау) 
Одан  әрі  ең  маңыздылары  іріктеліп  өңделеді.  (Жинақтау)  Постер,  кластер  жасау  немесе 
диалогты оқыту арқылы өңделген ақпараттар өзге топ мүшелерімен алмастырылады (постер 
қорғау, жигсо, мозайка, т.б.).  
Ендігі 
кезекте 
жиналған 
ақпараттар 
қорытындылынып 
бекітіледі. 
Яғни 
критерйлермен  жұмыс.  Әр  оқушы  бүгінгі  сабақтан  түйгендерін  жинақтап  белгілейді. 
(бағалау) Алынған білімнің өмірлік маңызын балауға жұмыс жасайды. Көбіне бұл тапсырма 
шығармашыл  оқушыларға  беріледі.  Жаңа  форматтағы  жүргізілген  бір  сабақтың  қысқа 
мерізімді жоспары осындай тізбекпен жүзеге асқанымен оның өзі үлкен үш блокқа бөлінеді:  
1) ой шақыру; 
2) мағынаны тану; 
3) ой толғаныс.  
Алынған  білімнің  нәтижесін  оқушылар  құрдастары  арқылы  және  өз-өзін  бағалайды. 
Соңынан топ басшылары топ жұмысын бағалайды. Бұл бағалаулар формативті түрде болады, 
өйткені  бұл  білім  алу  үшін  жасалған  еңбек  және  іс-әрекет,  осыларды  ескере  отырып 
қалыптастырушы  бағалар  мұғалімнің  көмегімен  оқушының  білім  деңгейінің  нәтижесі  үшін 
қойылады. 
Жаңаша  ұйымдастырылған  сабақ  төменде  келтірілген  жеті  модульдің  өз-ара 
ықпалдасуымен ұйымдастырылған жағдайда нәтижелі болмақ. Олар: 
1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер (диалог негізінде оқу мен оқыту, қалай 
оқу керектігін үйрену, ЖАДА, топтық және жұптық талдаулар т.б). 
2. Сын тұрғысынан ойлау (алған білімдерін саралай алуы, шынайылықты салыстыра 
отырып ажырату, өмірдегі мәнін ұғыну, тұрмыстық әлеуетте пайдалану). 

21 
 
3.  Білім  беруде  АКТ  пайдалану.  Қазіргі  таңдағы  заманауи  ақпараттық 
технологиялардың  соңғы  үлгілерін  өз  қажеттігіне  қарай  пайдалана  білуге  үйрету  арқылы 
дүниетанымын кеңейту. АКТ-ны қолдану қазіргі ақпараттану кеңістігінде өте тиімді. Өйткені 
дамыған  елдердің  көш  бастауының  бірден  –  бір  маңызды  құралы  болып  тұрған  осы 
ақпараттық технологиялар екедігі даусыз.  
4.  Талантты  және  дарынды  балаларды  оқыту.  Сабақтың  өн  бойында  іс-әрекеттерде 
(постер,  кластер  жасау)  тамаша  суретшілер  мен  сызбагерлер  немесе  негізі  түйіндерді  дәл 
табушылар тіпті кей-кейде ақындық қабілеттерде көрініс тауып жатады. 
5. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беруде әр түрлі жас шамасындағы 
балалардың ерекшеліктеріне қарай оқыта отырып, олардың жауапкершілікті зерделеуі, өзін-
өзі бағалауын байқауға болады. 
6.  Оқу  үшін  бағалау  мен  оқуды  бағалауда  оқушылар  өз  еңбектерінің  жемісін  және 
оның нәтижесін талдап бағалап үйренеді. 
7. Көшбасшылық модульіне оқушы өз білгендерін құрдастарына үйретуге белсенділік 
таныту мен қатар өз білімін бекітеді және жетілдіреді.  
Тізбектелген  сабақтарға  жасалған  қысқа  мерзімді  жоспарлар  орта  мерізімді 
жоспарларға  негізделеді.  Өйткені  тарау  немесе  бөлім  біткенде  тест,  сұрақ  -жауап  кестелер 
толтыру арқылы білімдер тексеріліп отырылады яғни білім сапасы талданады.  
Орта мерізімді жоспардыңда өз кезегінде артықшылықтары бар. Өйткені жоспар тарау 
тақырыбымен  оның  мазмұныны  негізделеді.  Жалпы  мақсаттар  айқындалып,  модульдар 
ықпалдастығы ескеріледі. Тарау мен тақырып оқытылуынан нәтиже күтіледі. 
Білім беру үдерісінде алға кеткен мемлекеттердің тәжірибесімен танысу және соның 
нәтижесінде  ұлттық  білім  беру  модельін  құрастыру  бүгінгі  күні  өзекті  мәселе  болып  отыр, 
өйткені  нарықтық  экономикаға  негізделген  мемлекетімізге  мамандар  қажеттігі  туындауы 
мүмкін. 
Мұғалім  бала  бойындағы  түрлі  қаиеттерді  байқап,оның  сапалық  ерекшеліктерін 
бағалапары  қарай  дамуына  жағдай  туғызу  қажет.  Білім  сапалы  болуы  үшін  мұғалім  билік 
жүргізуші емес, керісінше білім алуға талпынған оқушыға көмекші болуы керек. 
Екінші  деңгей  бағдарламасы  негізінде  бір  мұғалімге  тәлімгерлік  және  төрт-бес 
мұғалімнен  тұратын  коучинг  жұмыстарын  ұйымдастырып  жүргізу  қарастырылған.  Осы 
орайда  мен  тәлімгерлік  жұмысын  биология  пәні  мұғалімі  Омарова  Ақмаралмен 
жүргізудемін.  
Ал  коучинг  жұмыстарына  тарих  бірлестігінен  Кайпова  Ботакөз,  жаратылыстану 
бірлестігінен  Жумашева  Гулбану,  Бокаева  Шарафат,  Тлеуова  Айнаш,  математика 
бірлестігінен  Сагиева  Жайна,  қазақ  тілі  бірлестігінен  Жаканшаева  Венера  ұсыныстарын 
жасап, жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі күнде бұл әріптестерім өз сабақтары жаңаша 
үлгіде өткізуде.  
Сабақтардан  өзге  мектепте  өзгеріс  енгізу  мақсатында  қараша  айында  желілік 
қоғамдастық  аясында  өткен  семинарда  «Сабақтарда  диалогтық  оқыту  әдістемесін  тиімді 
пайдалану»  тақырыбында  коучинг,  қазан  айында  өз  коучтарыммен  «Мұғалімдер  не  үшін 
өзгеруі қажет. Өзгерістегі жеті модуль ықпалдастығының тиімділігі» тақырыбында коучинг 
сабақ өткізсем, үйренуші топ м ұғалімдерімен «Сын тұрғысынан ойлау модульін сабақтарда 
тиімді  пайдалану»  тақырыбында  шеберлік  сыныбын  өткіздім.  Бұл  шараларды  орындауда 
әрине  қиындықтарға  тап  болдым.  Кейбір  әріптестерімнің  қайшы  пікірлері,  ата-аналардың  т 
үсінбеушіліктері сенімсіздіктердің туындауы т.б. 
Қорытындылай  келе,  мен  бұл  өзгеріске  өзімнің  оң  көзқарасымды  білдіргім  келеді. 
Өйткені өзгертілген сабақ жоспарының нәтижесі көңіл толарлықтай. Мұғалім сабақ процесін 
ұйымдастырушы, бағыттаушы рөлінде болады. Әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге мүмкіндік 
алады,  өз  ойын,  пікірін  айтуға  мүмкіндік  береді,  жауаптар  тыңдалады.  Оқушының  жеке 
қабілеті анықталып, іштей бір-бірінен қалмауға тырысады. 
Тапсырманың күрделену деңгейіне қарай оқушының ойлау, орындау қабілеті артады 
Өзін-өзі  тексеруге  дағдыланады.  Мұғалім  жекелеген  оқушыларға  көмектесуге  мүмкіндік 

22 
 
алады.  Жеке  басты  құрметтей  отырып,  білім  алуға  ж  ағдай  жасау  қазіргі  оқытудың  негізгі 
талабы.  Оқушылардың  бәрінің  ойлау  қ  абіліеті  бірдей  емес.  Сондықтан  бұл  мәселеге 
психологиялық  тұрғыдан  қарап  педагогикалық  ә  рекет,  әдістемелік  шеберлікпен  жұмыс 
жасау  керек.  Ахмет  Байтұрсын  ұлының  мына  б  ір  сөзі  ойға  оралады  «Шеберліктің  белгісі 
түрлі әдісті болу» бір сабақтың әр кезеңінде түрлі әдістерді орнымен пайдалану арқылы көп 
нәтижеге жетуге болады. 
Мұғалім  өз  білімін,  білігін,  оқытудың  әдіс-тәсілдерін  үнемі  жетілдіріп  отыруы  және 
жаңа  педагогикалық  технологияны  меңгерген  болуы  қажет.  Қазіргі  мұғалім  педагогикалық 
жұмыста жүйелі іс-әрекет жүргізітін. Өзгерістерге тез төселе алатын, жаңаша ойлай білетін, 
оқушылармен тіл табыса алатын,іске шебер болуы керек. 
Ал оқушы дүние танымдық қабілеті жоғары, ізденімпаз талапты, өз алдына мақсат қоя 
алатын  және  сол  мақсатқа  жету  жолына  іс-әркет  жасайтын,  өзін-өзі  реттей  алатын, 
тақырыпты өз бетінше түсіне алатын, жан-жақты дамығын болуы керек.Осылай қалптасқан 
оқушы ғана сапалы білім иесі атанса оны жетелеген мұғалім табысты ұстаз болары хақ. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.  Қазақстан  Республикасы  педагог  қызыметкелерінің  біліктілігін  арттыру 
курстарының бағдарламасы. 
2.  Қазақстан Республикасы  Президенті  Н.Назарбаев  Қазақстан  халқына  жолдаулары. 
2014-2015жыл. 
3. «Жеті қазына» даналық сөздер жинағы. Қызылорда.1978жыл. 
4. Ғаламтор материалдары. 
 
 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал