Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 5.01 Kb.

бет24/48
Дата11.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   48

УДК: 378 (075.8) 
 
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ 
ҚОЛДАНУ 
 
Майлыбаева Г.С., магистр, аға оқытушы 
Кұлан Күлән,  4 курс студенті 
Утегулов Д.Е., 2 курс магистранты  
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ. 
 
Халқымыздың  тарихи-мәдени  мұраларының  түрлері  сан  алуан.  Солардың  қай-
қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған.    
Елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың  халыққа  жолдауында  «Жаңа  Қазақстандық  патриотизм 
дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел! Ол – барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы. 
Өткен  тарихымызға  тағзым  да,  бүгінгі  бақытымызға  мақтаныш  та,  гүлденген  келешекке 
сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю – бабалардан мирас 
болған  ұлы  мұраны  қадірлеу,  оны  көздің  қарашығындай  сақтау,  өз  үлесіңді  қосып,  дамыту 
және  кейінгі  ұрпаққа  аманат  етіп,  табыстау  деген  сөз»,  -  деп  ұлттық  мұраларымыздың 
құндылығы зор екендігін көрсетеді [1]. 
Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі - ұлттық ойындар. Бүгінде ойынды халық 
педагогикасының  бір  бөлігі  деп  тегін  айтпаса  керек,  адам  баласы  жасаған  жеті  кереметтің 
қатарына  сегізінші  етіп  осы  ойынның  аталып  жүруі  жайдан  жай  емес.  Қазақ  халқы  – 
материалдық  мұраларға  қоса  мәдени  қазыналарға  да  аса  бай  халықтардың  бірі.  Сондай 
қомақты дүниелер қатарына ұлт ойындары жатады. 
  Педагогикалық  теорияда  ойындар  түрлері,  оның  ішінде  ұлттық  ойындар    баланың 
ақыл-ойының  және  денесінің  дамуына  қажетті  негізгі  қызмет  түрі  ретінде  қарастырылады. 
Ойын  балаға  қажетті  қозғалыс  пен  эмоциялық  серпілісті  қанағаттандыратын  іс-әрекеттер 
туындатып, бала психикасының дамуына себепші болады. Ойын дегеніміз  – адамның ақыл-
ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, 
қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан 
үлкен де мәнді, мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз, өйткені ең алдымен не  болса 

185 
 
да  жол  бастар  қайнар  көзі  болатыны  белгілі.  Ұлттық  ойындар  өзінің  табиғатында, 
жаратылысында  ұлттық  өнегені  бойына  сіңіріп,  бүкіл  ұлтқа  тән  қасиеттерді  жинақтайды, 
толығып, жетілу арқылы, өзінің жан-жақты тәрбиелік қасиетін шыңдай түседі. Сондықтан ол 
тәрбие  жүйесінің  міндеттері  мен  түрлерін  толықтырып  қана  қоймай,  оқу-тәрбие  жүйесінің 
мазмұны мен әдіс-тәсілдерін байытуға, оны жетілдіре түсуге де өз үлесін қосады, барынша 
белсенді әрекет жасайды. 
Халқымыздың  ұлы  перзенттерінің  бірі,  аса  көрнекті  жазушы  М.Әуезов:  «Біздің 
халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын 
деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, 
ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған», - деп тегіннен тегін айтпаса керек [2]. 
Халық  өзінің қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей  – тегжейлі  білуді  баланың 
санасына  ойын  арқылы  жастайынан  сіңіре  білуді  көздеген.  Ойын  бала  табиғатымен  егіз. 
Өйткені бала ойынсыз өспек емес. Бала отбасы тәрбиесі және өзін қоршаған ортамен тығыз 
араласа  отырып  ана  тілін  үйренеді.  Осы  ретте,  Ә.Диваев:  «Как  киргизы  развлекают  детей» 
деген  мақаласында:  «бала  бас  бармағын  көтеріп  оған  пайғамбарымыз  не  дейді    деп  көк 
аспанға қарап, құдай тәңірінен рұқсат сұраған», - дей келіп, «Бес саусақ» ойыны мен саусақ 
атауларын  алға  тартады  және  аталған  мақалада  саусақ  пен  қимыл-қозғалыс  жасау  әрекеті 
негізінде  баланы  тәрбиелеп,  шынықтырудың  үлкен  даналық  философиялық  мағынасы 
жатқандығы сөз етіледі [3]. 
Мектеп табалдырығын алғаш аттаған балаларға ана тілін оқытудың тиімді әдістеріне 
ерекше  мән  беріледі.  Баланың  сөздік  қорын  молайтып,  сөзді  еркін,  өз  мағынасында 
қолдануға,  тез  жылдам  сөйлеуге  жаттықтыруға  ойын  бірден  –  бір  таптырмайтын  құрал. 
Мысалы:  Бірінші  сыныпта  балаларды  қимылдату  мақсаты  мен  халық  ойыны  «Қуыр,  қуыр, 
қуырмашты» ойнату пайдалы. Оның шарты: Бірінші бала бас бармақтан бастап шынашаққа 
дейін  бір  рет  саусақтардың  атын  түгел  айтып  береді.  Сөйтіп,  бар  саусағын  жұмып  тұрып, 
екінші бала кез – келген саусағының атын атайды. Бұл ойын балалардың тілін жаттықтырып, 
есте сақтау қабілетін жетілдіре түседі. 
Жұмбақ  шешу  ойынын  жарыс  түрінде  өткізуге  болады.  Жұмбақ  ойыны  балалардың 
өздігінен  ойлауына  мүмкіндік  береді.  Оларды  дерексіз  ойлаудан  нақтылы  ойлауға  жетелей 
түседі.  Бірінші  сыныпқа  келген  балалардың  кейбір  әріптерге  барлығының  бірдей  тілі  келе 
бермейді.  Бұл  кезеңде  нағыз  көмекші  халық  ойыны  болып  табылады.  Бұл  мақсатта  ежелгі 
халық ойыны жаңылтпашты ұтымды пайдалануға болады. Жаңылтпаштардың тіл дамытуда, 
сөзді таза сөйлеп, ширақ айтуда пайдасы көп. 
Қазақ  тілі  сабағында  «Буын»  тақырыбында  «Өз  атыңды  буынға  бөле  білесің  бе?» 
Сыныптағы заттарды ата ойындарын ойнатуға болады. 
Сабақта  ойын  түрлерін  күрделендіріп  «ойлан  тап»  ойынын  ойнатуға  болады.  Мысалы: 
Мұғалім ішінен «Алма» деген сөз ойлап тұрып «ал» буынынан басталатын бірінші буынды 
айтады.  Балалар  әр  түрлі  «ал»  буынынан  басталатын  бірнеше  сөздер  айтады.  (алау,  алма, 
алға). «Сан есім» тақырыбында «сен білесің бе?» ойынын ойнатуға болады. Мұнда бір әңгіме 
оқылып,  оқушыларға  ондағы  сан  есімдерді  атап  айту  ескеріледі.  Балалар  топқа  бөлініп 
мұқият тыңдаулары шарт. Қай топ әңгімедегі сан есімді көп жазса сол топ озады. Бұл ойында 
оқушылардың алары көп. Дара, күрделі сан есімдерді жазуға үйреніп дағдыланады, сауатты 
жазып  үйренеді.  Қазақ  тілі  сабағында  халық  ойынын  пайдалану  –  оқушылардың  еркін 
сөйлеуін, тіл байлығын сөздің дәл мағынасын бағдарлай білу қасиеттерін жетілдіре түседі. 
Халық  ойындарын  математика  сабағында  пайдалану  оқушының  алған  білімін 
күнделікті  өмірмен  берік  ұштастыруға  қолайлы.  Математика  сабағында  халық  ойындарын 
қолданудың түрлі жолдары бар. Мысалы: ойын сабақтың басында, не ортасында, не соңында 
қолданылуы  мүмкін.Ойынды  сабақтың  басында  қолдану  үй  тапсырмасын  тексеруге 
оқушылардың  түгел  қатысуына  мүмкіндік туғызады.Ортасында  оқушылардың  шаршағанын 
басып, сергіту жаттығуы мақсатында қолданылады.Сабақтың соңында сабақты бекіту немесе 
сол сабақтан алған білімді жинақтау. 

186 
 
Математика сабағында  «аз»,  «көп»  ұғымдарын баланың зердесіне ұялату оңай нәрсе 
емес.  Ал  оны  қарапайым  халық  ойынының  негізінде  түсіндіре  бастасаң,  ол  онша  қиындық 
келтірмейді. Бірінші сыныпта математиканы оқып үйрене бастағанда оқушылардың түсінігін 
жеңілдету  үшін  «санамақ»  ойынын  ойнату  тиімді.  Ұлттық  ойындарды  үнемі  пайдалану 
арқылы  оқушылардың  ауызша  есептерге  жаттығуына  логикалық  ой  жүйелерін  жетілдіре 
түсуіне  толық  мүмкіншілік  бар.  Олардың  қатарына  халықтың  байырғы  ауызша  есептерін, 
халық  ойындарын  жатқызуға  болады.  Атап  айтқанда:  «Қай  қолымда»,  «Сөз  мәнісін 
байқаңыз»,  «Өзім  де  құр  қалмаймын»  т.б.  Мысалы:  «өзім  де  құр  қалмайын»  ойыны.  
Жексенбі  күні  еді. Атамның үйіне немерелері  келді. Атасы олардың алдына бір табақ алма 
қойды.  Немерелері  атасына  алманы  бөліп  беруді  өтінді.  Алманы  бір  –  бірден  берсе  біреуі 
ауысып қалады, екі – екіден берсе жетпейді. Сонда неше алма, неше немере болған? 
Жауабы: 3 немере, 4 алма. 
Бастауыш  сыныпта  ойынды  пайдалану  арқылы  есептер  шығарумен  қатар  текстті 
есептеп  шығару  барысында  құрғақ  шығарумен  шектелмей  оның  тәрбиелік  мәнін  ашып 
түсіндіруді  қажет  етеді.    Сонымен  қатар,  Тәулік  жыл  ғасыр  тақырыбын  өткенде  біраз 
тәрбиелік мәні бар әңгіме жүргізуге болады. 
Мысалы, жылдың қазақша атауы бар екенін ескеріп былайша үйретеміз: 
Тышқан жылы – тыныштық. 
Сиыр жылы – сыйлық. 
Қоян жылы – қашбалы. 
Жылан жылы – жайлы. 
Ұлу жылы – үлгілі. 
Қой жылы – құтты. 
Мешін жылы – мейірлі. 
Тауық жылы – табысты. 
Ит жылы – игілік. 
Доңыз жылы – дүниелі. 
Одан кейін есепті шығаруға кіріссек сабақтың тәрбиелік мақсаты ашыла түсер еді. Өзі 
көрген  жағдайларды  отбасылық  тұрмыс  пен  қызмет  түрлерін  жаңғыртады.  Мәселен, 
қазақтың  ұлттық  ойындары:  «Бәйге»,  «Көкпар»,  «Алтын  сақа»,  «Хан  талапай»,  «Қыз  қуу», 
«Тоғызқұмалақ»  т.б.  балалардың  еңбекке  деген  қарым-қатынасы  мен  қабілеттерін 
арттырады. 
Ұлы  педагог  В.И.Сухомлинский:  «Ойынсыз,  музыкасыз,  ертегісіз,  творчествосыз, 
фантазиясыз толық  мәніндегі  ақыл-ой тәрбиесі  болмайды»,  - дейді.  Демек, шәкірттің ақыл-
ойы,  парасаты  ұлттық  салт-сананы  сіңіру  арқылы  баии  түседі.  Оқу  үрдісінде  ұлттық  ойын 
элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның 
танымдық,  тәрбиелік  маңызы  арта  түседі.  Оқушыларды  әсіресе,  «Сиқырлы  қоржын», 
«Көкпар», «Асық» секілді  ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын 
емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану керек деген 
пікір бар. Оқушы ойынның үстінде не соңында өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға 
алуы мүмкін. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның 
тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды. 
Бабаларымыздың  асыл  қазыналарына  деген  көзқарасын  құрметтеуге  сөз  әсемдігін 
сезінуге  үйретеді.  Батылдыққа,  өжеттікке  тәрбиелейді.  Ендеше  еңбекке  баулу  сабағын 
ұлттық ойындар арқылы сабақтастырып түсіндіру пән тақырыптарын тез, жылдам меңгеруге 
ықпал етеді. Оқушының сөздік қорын байыта түседі. 
Көңіл аударарлық  ойынның бір түрі – асық ойыны. Ол өте қарапайым көрінгенімен, 
мұнда  адам  денесін  шыңдап,  сомдайтын  қасиеттер,  бала  тәрбиесінде,  оны  өзара  әрекетке 
жетелейтін  қимыл  түрлері  қаншама.  Ең  бастысы,  ол  –  баланы  жастайынан  салауатты  өмір 
салтына  жетелейді.  Адамның  ойлау  жүйелерінің  жетілуінен  бастап,  бұлшық  еттерінің 
жетілуіне, тыныс мүшелерінің реттелуіне, өз дене мүшелерін меңгеруіне, соның нәтижесінде 
қырағылық мен мергендікке баулиды. 

187 
 
Ойын  мағынасымен  жеке  оқушының  мақсаттары  бір-бірінен  алшақ  кетпейді,  қайта 
бір-біріне  қабысып,  ұштасып  жатады.  Олай  болатыны,  ойын  мақсаты  -  өзінің  қарсыласын 
ұту,  одан  басым  түсіп,  жеңіске  жету.  Ұлттық  ойындардың  жасаушысы  –  халық,  бұл  – 
халықтық шеберлік. Осы күнде сол халық жасаған туындыларға күдікпен қарайтындар әлі де 
кездеседі.  
Ұлттық  ойындардың  ел  арасында  кең  тарауына  байланысты  бір  ойынның  әр  жерде 
әртүрлі  тәртіппен  ойналуы  және  олардың  атауларының  әртүрлі  болып  келуі  жиі  кездеседі. 
Осы  жағдайды  ескере  келіп  ойындарды  жүйелеу,  топтау  және  атау  беру  мәселесі  шығады. 
Топталып,  жүйеленбеген  ойындарды  тәжірибелік  тұрғыдан  қолдану,  ережесін  айқындау 
мүмкін болмайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1 сурет –  Қазақтың ұлттық ойындарын жүйелеу, топтау. 
 
Ойындарды  жүйелеу  арқылы  оларды  қолдану  кезінде  ойнаушыларды  жынысына, 
жасына  қарай  бөлу,  олардың  дене-күш  даму  ерекшелігін,  мінез-құлқын  ескеру  арқылы 
ойнаушыларды  топқа  бөлу,  оқу-жаттығу  ұзақтығын  анықтау,  жыл  мезгіліне  бөлу  сияқты 
қажетті шараларды іске асыруға мүмкіндік туады. 
Ойындарды  жүйелеу,  топтау,  барлық  ойындар  туралы  алынған  ақпаратты  бір  жерге 
жинақтауға және осы ақпаратты ғылыми және тәжірибелік тұрғыдан пайдалануға мүмкіндік 
береді.  
Қорыта  келгенде,  ұлттық  ойындардың  бастауыш  мектеп  оқу-тәрбие  үрдісінде 
пайдалануды  зерттей  келе  біз  ойындардың  адамдарды  дене  дамуына,  шынығуына,  еңбек 
етуіне бейімдеу мақсаттарында қажеттіліктен туғандығын көруге болады, сондықтан ұлттық 
ойындар  жалпы  дене  мәдениетін  дамытудың  негізі  болып  саналады  деген  тұжырым 
жасаймыз.   
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Н.Назарбаев. Нұрлы жол – болашаққа бастар жол. Қазақстан халқына жолдауы. 2014ж  
2. Кішібаева Д.  Ұлттық ойындардың пайдасы     /Бастауыш 
мектеп, 2004ж №1. -Б. 52-56 
3.  Сағындықов Е. Ұлттық ойындарды оқу тәрбие ісінде пайдалану. 
 
 
 
Қазақтың ұлттық ойындары
 
 
1. Қазғалмалы дене шынықтыру ойындары
 
2. Ой ойындары (Санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ т.б.)
 
3. Затпен, құралдарды қолдану арқылы ойналатын 
ойындар
 
4. Нәресте балалар ойыны
 
 
5. Мал – жануарлар, құстар т.б қолдану арқылы 
ойналатын ойындар
 

188 
 
ӘОК 
796.077.5 
 
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР 
САЛТЫН  ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Мамеков Е.Т. 
А.Титов атындағы орта мектебі «мектепке дейінгі шағын орталығымен 
мемлекеттік мекемесі», Ескелді ауданы, Қарабұлақ кенті 
 
Қазіргі  кезде  білім  беру  мекемелерінің  алдында  тұрған  міндеттердің  бірі  –  жас 
ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, 
қоршаған  ортасын  таза  ұстауға  және  жоғары,  сапалы  білім  алып,  сол  білімді  келешектегі 
өмірінде  пайдалана  білуге  тәрбиелеу  [1].  Өмір  салты  мен  денсаулық  арасындағы  өзара 
байланыс салауатты өмір салты ұғымын құрастырады. Салауатты өмір салтын насихаттауда, 
салауатты  өмір  сүру  мәдениетін  қалыптастыру  мәселелерін  жетілдіретін,  осы  саладағы 
басымдылықтарды  анықтайтын  ғылым  да,  өскелең  ұрпақты  оқыту,  тәрбиелеу  формалары 
мен жаңа әдістерді ұстанатын білім де қажет. Мектеп оқушыларының салауатты өмір салтын 
қалыптастыру  туралы  алған  білімдері  болашақ  азаматтардың  денсаулығын  сақтап  қалуға 
берік тірек болады.  
Мектеп оқушыларының салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру бұл:  
- Біріншіден, жеке тұлғаның өзін қоршаған жансыз және жанды табиғи ортамен жан – 
жақты үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны, елі, отбасы және өзі үшін барынша пайдалы өткізу 
дағдысын қалыптастыру;  
- Екіншіден, салауатты өмір салты – ол денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуы мен 
орнығуын қамтамасыз ету мақсатында денсаулықты нығайтуға бағытталған іс  – шараларды 
жүргізу [3] .  
Мектептегі  оқушы  денсаулығын  сақтау  мен  қалыптастырудың  басты  мақсаты: 
тұлғаның психологиялық, дене – қимыл әрекеттерінің мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктерін 
ескеріп,  гигиеналық  ұғымдарды,  салауатты  өмір  салтының  уәждамаларын,  жеке  бас 
тазалығын жете түсіндіру;  
Олардың  мінез  –  құлқында  белгілі  гигиеналық  тұрақтылықты  қалыптастыру,  өзіне  - 
өзі  қызмет  ету,  денсаулығын  сақтау,  нығайту,  мәдени  –  гигиеналық  мінез  –  құлық 
дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Сондықтан балаларды жасынан салауатты өмір 
салтына қалыптастыруға күш салып, зиянды әдеттерден сақтандыруымыз керек. Денсаулық 
тәрбиесі – ортақ мәселе. Халық санының өсуі, оның сапасы, деннің саулығы мемлекет әл  – 
ауқатының  дамуына  мұрындық  болады.  Сондықтан  да  Қазақстан  Республикасының 
Президенті  Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстанның  егемен  мемлекет  ретінде  қалыптасуы  мен 
дамуының  стратегиясы»  деген  еңбегінде  соның  4  негізгі  күшін  атап  көрсетті.  Оның  бірі  – 
жер  үстіндегі  байлық  деп  отырғанымыз  –  адам,  оның  білімі  мен  іскерлігі,  таланты  мен 
мәдениеті, денсаулығы деген еді [2]. 
Дене  тәрбиесі  сабағында  жаңа  инновациялық  технологиялардың  тиімділігі Білім-
қоғамды  тұрақтандыратын,  рухани  мұраны  сақтайтын,  ұрпақты  ұрпаққа  сабақтастыратын 
құрал.  Қолда  бар  мүмкіндікті  пайдаланып  оқытудың  жаңа  әдіс-тәсілдерін  тиімді  қолдану, 
жаңа  технологияны  әркімнің  өз  сабағында  пайдалану  арқылы  оқушы  жастарды  халықтың 
дәстүр үрдісінде адамгершілікке, салауатты өмір сүруге баулу дені сау ұрпақ тәрбиелеу дене 
тәрбиесі пәні мұғалімдерінің басты міндеті. Олай болса, оқыту мен тәрбиелеудің ой елегінен 
өтетін  әдіс-тәсілдерін,  жаңашаыл  педагогтардың  тапқан  әдістемелерін  біліп  қана  қою 
жеткіліксіз,  оны  әркім  өз  мүмкіндігінше  күнделікті  сабақта  пайдалану  қажет.  Сабақ 
барысында  оқушыларға  жеңілдетілген  логикалық  сұрақтар  беріп,  кейін  күрделі  сұрақтарды 
тапсырма  ретінде  беремін.  Сұрақтарға  байланысты  жауабын  тапқан  оқушы,  сол  жерде 
практикалық түрде орындап көрсетеді. Сабақ кезінде оқушының ішкі позициялық көз қарасы 
мен  бағыты  айқын  көрініс  бере  алады.  Сонда  ғана  сабақ  нәтижелі  болып,  білім  сапасы 

189 
 
артады.  Осы  бағыттарда  әрбір  мұғалімнің  оқытуға,  үйретуге  өз  тұғырнамасы  болуы  қажет. 
[3.5]  
Олар мыналар:  
- Әр оқушының білім деңгейін, қабілетін, мүмкіншілігін түсіну;  
- Оқушының бойындағы жетістіктері мен кемшіліктерін қабылдау;  
- Оқушыларға қиындықтарды жеңуге, кемшіліктерден арылуға көмектесу;  
Дене  шынықтыру  пәнінің  басқа  пәндерге  қарағанда  көптеген  ерекшеліктері  бар. 
Мұнда  негізінен  оқушының  қабілеті,  бейімділігі  баса  назарда  болуы  керек.  Дегенмен  де 
оқушыларды  бейімдеу,  қабілетін  дамыту,  спортқа  деген  қызығушылығын  арттыру  жақсы 
ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан оқушылардың пәнге қызығушылықтарын 
арттыру мақсатында сабақта тақырыпқа байланысты спорт түрлерінің шығу тарихын, спорт 
түрлері дамыған елдерді спорттың әр саласындағы белгілі спортшылар өмірін алуға болады. 
Сондықтан да мұғалім сабақты тартымды етіп теория мен практиканы ұштастыруында жаңа 
инновациялық  технологиялардың  тиімділігі  баса  назарда  болуы  қажет.  Бұл  мұғалім  мен 
оқушы  арасындағы  қарым-қатынас,  сабақты  жақсы  оқитын,  спортқа  бейім  оқушылармен 
белсенді  жұмыс  істеп  қана  қоймай,  барлық  баланың  дамуы  үшін  қолайлы  жақсы  ойлар 
туғызып, қабілеті жеткенше  еңбек етуін ойластыру.  
Барлық оқушылар өз қабілетін ең төменгі жеңіл тапсырмаларды орындаудан бастайды 
да,  оларды  міндетті  түрде  толық  орындап  болғаннан  кейін  ғана,  келесі  күрделі  деңгейдегі 
жаттығуларды орындауға көшіп отырады [4] . Бұл оқушылар арасындағы бәсекелестікті және 
әр  оқушының  өз  қабілетіне,  қызыметіне  сәйкес  жоғары  деңгейге  көтерілуіне  толық  жағдай 
жасалады. Осылай ойын элементтерін, әдістерін деңгейлеп орындату арқылы оқушылардың 
тапсырмаларды  орындауда  жинаған  ұпайларын  «даму  мониторингі»  кестесіне  белгілей 
отырып,  оқушы  біліміне  талдау  жасап  отыру  қажет.  Өтілетін  тақырыптарға  байланысты 
қызықты сергіту ойындарын ойнатудың да сабақ барысының сапасын арттыруға ықпалы көп. 
Атап  айтсам:  «Кім  шапшаң?»,  «Көңілді  ойындар!»,  «Мен  чемпион!»,  сонымен  қатар 
қозғалмалы  ойындар  және  ұлттық  ойындарды  сабақта  түрлендіріп  өткізуге  машықтандыру. 
Дене  шынықтыру  пәнінде  жаңа  инновациялық  технологияларды  қолданудың  орны  орасаң 
болары хақ. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім сапасын  көтеруге 
сыныптан  тыс  спорттық  шаралардың  да  маңызы  зор.  Соның  ішінде  қазақтың  ұлттық 
ойындары  мен  қозғалмалы  ойындарын,  әр  түрлі  жарыстарын,  тоғызқұмалақ,  арқан  тартыс, 
аударыспақ  сынды  ойын  түрлерін  өткізіп  отыру  керек.  Осындай  жұмыстарды  жүргізу 
нәтижесінде  оқушылардың  белсенділігі  артып,  спортқа  деген  бейімділігі  қалыптасады. 
Оқушылардың танымдық қабілеттерін артырып, салауатты өмір сүру, адам денсаулығы осы 
спортқа байланысты екендігін түсінеді. Нәтижесінде оқушылардың білім сапасы артып, оқу 
тоқсандарында  жоғары  сапаға  қол  жеткізуге  болады.  Жаңаша  әдсітерді  сабақтарда  үнемі 
қолданысқа  енгізуде  теория  мен  практиканың  ұштасуына  мән  бергенде  ғана  жұмыстың 
мазмұндылығы көріне алады. Осы бағыттарда сын тұрғысынан ойлау және деңгейлеп оқыту 
технологияларының  тиімді  әдістерін  дене  шынгықтыру  пәнінде  қолдануды  ұсынамын. 
Алдымен  «Дене  шынықтыру  пәні  не  береді?»  –деген  сұраққа:»  Қимыл  қозғалысты  береді. 
Машықтандыру.  Дене  мәдениетін  қалыптастыру.  Денені  шынықтыру,  тәрбиелеу.  Жалпы 
дамыту  жаттығуларын  меңгертеді.  Мемлекеттік  стандарттық  бағдарламаны  жоспарлай 
білуді, нормативтік тест жаттығуларды игертуді береді.  
Сабақ барысы кезінде Дене тәрбиесі сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын 
тиімді пайдалану.  
Осы  технологияның  шығармашылық  бөлігін  басшылыққа  ала  отырып,  ой  толғау 
жасауға  болады.  (мыс:  дене  шынықтыру  сабағында  сабақты  ойын  түрінде  ұйымдастыру 
керек)  осы  арқылы,  оқушылардың  бейімділігін  арттыруға  болады[5] .  Күтілетін  нәтиже  - 
дене  тәрбиесі  пәніне  деген  қызығушылықтары  артады.  Оқушы  шығармашылығы,  өзін-өзі 
басқаруы,  құрметі,  эстетикалық  талғамы  артады.  Дене  шынықтыру  сабағында  5-6 
сыныптарға  сергіту  сәтін  алуға  болады.  Өз  тәжірибемде  5-сыныптарға  өткізген 
«Эстафеталық жарыстар» атты сабағымда, алдымен оқушыларға ой толғау жасау мақсатында 

190 
 
қазақтың  ұлттық  ойын  түрлеріне  тоқталуды,  ұлттық  ойындар  туралы  өз  түсініктерін  сұрай 
отырып,  сабақ  барысы  кезінде  орындатуды  жоспарладым.  Міне,  осы  арқылы  оқушылар 
сабақтың  жарыс  түрінде  топтық  ойын  әдісінде  болатына  көз  жеткізеді.  Сабақты  қызықты 
өткізу  үшін  мультимедиалық  проектор  арқылы  қазақтың  ұлттық  ойындарының  тарихын 
таныстырып өтіп, жасырылған сұрақтарды табуға машықтандыру, әр топқа белгіленген ұпай 
сандарына қарай бағалап отырдым. Кейін сабақ барысын:  «Кім шапшаң?» бөлімі деп алып, 
бұл  бөлімінде  оқушылар  белгіленген  жерге  дейін  эстафеталық  таяқшамен  жүгіріп  барып, 
белгілі  жеріне  жеткен  кезде,  тақтаға  жазылып  берілген  есептерді  шапшаң  орындап  шығып 
кейін қайтып келулері  керек. Оқушылардың бұл бөлімде сабаққа деген қызығушылығының 
артуымен бірге, машықтанады, логикалық ойлау қабілеттері артады, қимыл-қозғалыс әрекеті 
дамиды. Төмендегі жарыс сабақ 
Тақырыбы:  Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ! 
Мақсаты:  Жас желектей өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына 
ішімдік, темекі, нашаның  адам баласын аздыратынын, одан аулақ болу жақтарын 
мысалдармен дәлелдеп түсіндіру. 
Салауатты өмір салтына тәрбиелеу. 
Көрнекілігі: салынған суреттер, қанатты сөздер жазылған иплакаттар. 
Түрі: Жарыс сабақ 
Барысы:   
Оқушылар екі топқа бөлініп тұрады. 
Мұғалім:  Адам  денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты 
болу жолдарын қарастыру керек. Денсаулықтың қатаң анықтамасы қандай? Дүниежүзілік 
денсаулық сақтау ұжымының ережелерінде «Денсаулық дегеніміз – тән ақауының немесе 
аурудың болмауы ғана емес, сонымен бірге ол рухани, физикалық, әлеуметтік – саулықтың 
толық мәнді теңдігі.  
Отанымыздың келешегі, көркеюі, оқушылар, сендердің қолдарыңда. Сондықтан 
сендердің таңдау- ларың – салауатты өмір салтын сақтау! Олай болса бүгінгі біздің тәрбие 
сағатымыздың тақырыбы «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ!» деп аталады.  

1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   48


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал