Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 5.01 Kb.

бет14/48
Дата11.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   48

ӘОК37.013.2 
 
     ЗАМАН ТАЛАБЫ – ЖАС ҰРПАҚҚА РУХАНИ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ БЕРУ 
 
Жексенбинова Айнагүл Серғазыновна 
Жендік бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Алматы облысы, Ескелді ауданы, 
jetisu-jetisu@mail.ru
 
 
Қазіргі уақытта жас ұрпаққа рухани тәлім тәрбие беру заман талабы. Адам тәрбиелеу, 
өзіні туған ұлы мен қызын тәрбиелеу азаматтың ең бірінші аса маңызды қоғамдық қызметі, 
оның азаматтыққызметі. Егемен ел болып, еңсесін тіктеп, етек жеңін жиіп, елдігін ерекшелей 
түскен қазақ елінің айрандай ұйыған айбынды ел болып көпке танылуы, ең алдымен бүгінгі 
өскелең  ұрпаққа  тікелей  байланысты.  Ендеше  еліміздің  болашағы  жастар  болғандықтан, 
олардың рухани тәрбиесіне аса мән беруімізді қажет ететіні сөзсіз. Руханилық жеке тұлғаның 
негізгі  сапалық  көрсеткші.  Руханилықтың  негізінде  адамның  мінез-құлқы  қалыптасады,  ар-
ұят,  өзін-өзі  бағалау  және  адамгершілік  сапалары  дамиды.  Мұның  өзі  мейірімділікке, 
ізгілікке  шақырады.  Рухани-адамгершілік  тәрбие  –  бұл  дұрыс  дағдылар  мен  өзін-өзі  ұстау 
дағдыларының  нормалары,  ұйымдағы  қарым-қатынас  мәдениетінің  тұрақтылығын 
қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс 
әрекетінанықтайды.  Адамгершіліктің  негізі  мінез-құлық  нормалары  мен  ережелерінен 
тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық  өзара 
қарым-қатынастарды  басқарады.  Отанға  дегенсүйіспеншілік,  қоғам  игілігі  үшін  адам  еңбек 
етуі,  өзара  көмектесуі,  сондай-ақ  қоғамға  тән  адамгершіліктің    өзге  де  формалары,  бұл-
сананың,  сезімдердің,  мінез-құлық  пен  өзара  қарым-қатынастың  бөлінбес  элементтері, 
олардың  негізінде  қоғамымыздың  қоғамдық-экономикалық  құндылықтарына  жатады. 
Ыбырай  Алтынсарин  бабамыздың  «Адамгершілікке  тәрбиелеу  құралы  –  еңбекпен  ата-ана 
үлгісі»  -  дегендей,  келешек  азаматтың  дұрыс  жол  таңдауы  үшін,өздігінен  саналы  әрекет 
жасау үшін тал бесіктегі тәрбиенің орны ерекше екендігін айта кеткен абзал.  
Атақты  педагог  В.  Сухомлинский;  «Бала  кезде  үш  жастан  он  екі  жасқа  дейінгі 
аралықтаәр  адам  өзінің  рухани  дамуына  қажетті  нәрсенің  бәрін  де  ертегіден  алады  деп 
көрсеткен. Демек, рухани тәрбиенің азығы ағаштың көшет кезінен бастау алуы. Білім-ғылым 
болмағанда  өскелең  ұрпақты  діннің  құдіретімен  тәрбиелеп,  үндеу  тастаған.  Бұл  дегеніміз 
қазақ  халқының  бала  тәрбиесіне  деген  көзқарасының  қырағылығы.  Балалар  адам  өмірінің 
қуанышы,  өмірдің  мәні.Егеменді  еліміздің  болашақ  ұрпақтарының  сана-сезімін,  ұлттық 
психологиясын  сонау  ерте  заманнан  келе  жатқан  ата-бабалар  салт-дәстүрімен,  халықтық 
мұралары  мен  сабақтастыра  тәрбиелеу    қазіргі  күннің  өзекті  мәселелеріне  айналып  отыр. 
Себебі  ең  берекелі,  ең  парасатты  тәжірибе  халық  түйген  тұжырымдар,  ғасырлар  бойы 
«зергерлік»  ұқыптылықпен  сұрыпталған  үрдістер,  дамыған  даналық  дәстүрлер,  тәлім-
тәрбиелік  ойлар.  Ұлттық  ойындарымыз  халықтық  мұраларды  болашақ  мамандарға  дене 
тәрбиесін беруде  пайдалану дене мүмкіндіктерін тәрбиелеп қана қоймай, ақыл - ой жұмыс 
қабілетін  қалыптастырып,  рухани  -  адамгершілік  сезімдері  арқылы  шығармашылық  күш-
жігерін  толық  мәнінде  көрсетуге  әсер  етеді.  Еліміздің  қоғамдық-экономикалық  өміріндегі 
елеулі өзгерістерге байланысты саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени, рухани жағдайлар 
жастарды тәрбиелеу мәселесін дұрыс бағытта ойластыруды талап етуде.  
Жанұя  ғасырлар  бойы  өмір  сүріп  келе  жатқан  адам  баласының  әлеуметтік  ортасы. 
Халықтың  салт-дәстүрін  әдет-ғұрыптарының  сақтаушысы.  Сондықтан  жанұя  тәрбиесі 
халықтың  ой  арманымен  мол  тәжірибесімен  ұлттық  дәстүрімен  дамып  ұрпақтан-ұрпаққа 
жалғасып жеткен тарихи мұра. Әрбір жанұяда балалардың рухани-адамгершілік қасиеттерін 
қалыптастыру ең бірінші ата-ана тәрбиесіне байланысты. Қай заманда, қайсы елде болса да  
жанұяның  адамзат  ұрпағына  ететін  ықпалы  мен  әсерін  өмірдегі  басқа  ешнәрсенің  күшімен 
салыстыруға болмайды. Жанұя тәрбиесінің түрлері мен мүмкіндіктері көп, әсіресе, көргенді, 
ынтымақты,  тату  тәтті  тұратын  отбасында  шаңырақ  шаттығы-негізінен,  қоғамдық  сананың 

101 
 
адамгершілік, кісілік, қайырымдылық, әдептілік, әділеттілік сияқты толып жатқан моральдық 
ұғымдарға  негізделеді  Бала  өз  заманына  тән  кісілікті,  әдептілікті,  қайырымдылықты,  тіпті 
бұзақылықты да алғаш рет осы өзінің отбасында меңгереді. Үй ішінде күнделікті айтылатын 
ұлағатты өсиеттері  мен ақылы, ал жастардың оларға деген сый құрметі,  адал көңілі, әдепті 
қылықтары,  ерке-назы,  жалпы   алғанда,  дұрыс  қалыптасқан  моральдық-психологиялық 
қарым-қатынастар  отбасы  өмірінің  ерекше  рухани  бір  байлығы.  Осындай  отбасында  өскен 
балалар бақытты, олардың өмірден алатыны да, өмірге беретіні де көп болады. 
Адамгершілік  тәрбиесінің  әрқайсысының  ерекшеліктерін  жетік білетін  ұстаз  халық 
педагогикасын  ғасырлар  бойы  қалыптасқан салт-дәстүрлерді,  әдет-  ғұрыпты  жан-
жақты терең білумен қатар, өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық 
кезеңдерінде  пайдаланғаны  дұрыс.  Ата-ананың  болашақ  тәрбиесі  үшін  жауапкершілігі 
ұрпақтан  ұрпаққа жалғасуда.«Балапан  ұяда  не көрсе,  ұшқанда  соны  іледі»дегендей,  ата-
ананың күн сайын атқарып  жүрген жұмысы-  балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер 
айтса,  соны  айтатынын,  не істесе  соны  істегісі  келетінін бәріміз  де білеміз.  Баланың  үйден 
көргені,  етене  жақындарынан  естігені-ол  үшін  адамгершілік  тәрбиесінің  ең  үлкені,  демек 
жақсылыққа  ұмтылып,  жағымды  істермен  айналысатын  адамның  айналасындағыларға 
көрсетер мен берер тәлімі мол болмақ.. 
Жас  өспірім  тәлім-тәрбиені,  адамгершілік  қасиеттерді  үлкендерден,  тәрбиешілерден 
насихат  жолымен  емес,  тек  шынайы  көру, сезім  қатынасында  ғана  алады. 
Жақсы адамгершілік 
қасиеттердің 
түп негізі 
отбасында 
қалыптасатыны 
белгілі. 
Адамгершілік  қасиеттер  ізгілікпен  ұштастырады.  Әсіресе  еңбекке  деген  тұрақты ықыласы 
бар  және еңбектене білуде  өзін  көрсететін  балаларды  еңбек  сүйгіштікке  тәрбиелеубасты 
міндет болып табылады. 
Бүгінгі  таңда  ғасырлар  қойнауында  қалыптасқан  ұлттық  тәрбиені,  озық  өнегелі 
дәстүрлерді,  адамгершілік  асыл  қасиеттерді  жастар  бойына  қалыптастыруда,  оны  ұтымды 
пайдалану  аса  маңызды  міндеттердің  біріне  айналып  отырғаны  даусыз.  Сондай-ақ,  ұлттық 
мәдениеттің,  әдебиеттің,  тілдің,  халықтық  педагогиканың  тағдыры  мен  болашағы  да 
мектептегі жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты. “Отбасы адамның өте маңызды, өте жауапты 
ісі. Отбасы өмірді кемеліне келтіреді, отбасы бақыт әкеледі, бірақ әрбір отбасы, ең алдымен 
мемлекеттік  маңызы  бар  зор  іс  болып  табылады”,-  деп  анықтама  берген  А.С.  Макаренко 
болатын.  Қазіргі  кезеңдегі  саяси,  экономикалық  жағдайдың  тұрақсыздығы,  тұрмыстағы 
күйзеліс,  ұлтаралық  қатынастардың  шиеленісе  түсуі,  адамгершілік  құндылықтардың 
құлдырауы,  білімге,  адал  еңбекке  деген  ынтасының  азаюы,  отбасын  құруға 
жауапкершілікпен  белсенді  қарамауы,  зорлық-зомбылық  пен  қатыгездіктің  бел  алуы  т.б. 
мәселелері  жастар  тәрбиесіне  жаңаша  қарауды  талап  етіп  отыр.  Сонымен  қатар,  қазақ 
халқының  әріден  келе  жатқан  мәдениетін  және  білім,  тәлім-тәрбие  беру  жүйесінің 
негіздерімен  жан-жақты  танысу  бүгінгі  күннің  басты  бағдары,  талабы  десек  те  болады. 
Тәрбиедегі басты бағыт делінген тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: “Әрбір адам ең алдымен 
өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы болу керек екенін, ұлттық болашағы тек өзіне 
байланысты  болатынын  есте  ұстауға  тиіс.  Оның  осындай  тұжырымға  тоқталуына  ұлттық 
әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер көмектеседі, солар арқылы ол жалпы азаматтық мәдениетке аяқ 
басып,  өз  халқының  мәдени  игілігін  басқа  халықтарға  жақын  да  түсінікті  ете  алады. 
Сондықтан әрбір ұрпақ өз кезімен өткеннің тағдыры мен талаптарын, объективті факторлар 
ретінде  ұсынып,  сол  арқылы  ұрпақты  өмірге  даярлап,  оларды  жинақталған  бай  тәжірибе 
негізінде тәрбиелей отырып, өзінің ата-аналарының рухани мұрасын игере түсуі керек” екені 
айтылған.  
Адамгершілік  тәрбие-бұл  дұрыс  дағдылар  мен  өзін-өзі  ұстау  дағдыларының 
нормалары,ұйымдағы  қарым-қатынас  мәдениетінің  тұрақтылығын  қалыптастырады.  Жеке 
адамның  адамгершілік  санасының  дәрежесі  оның  мінез-құлқы  мен  іс-  әрекетін  анықтайды. 
Жас өспірім тәлім-тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді үлкендерден, тәрбиешілерден насихат 
жолымен емес, тек шынайы көру, сезім қатынасында ғана алады. Жеке тұлғаның бойындағы 
жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы осы бағытта жүзеге асады, сөйтіп оның өзі-

102 
 
өзі  тануына,  өзіндік  бағдарын  анықтауына  мүмкіндік  туғызатындай  тәлім-тәрбие  берілуі 
керек.  Жақсы  адамгершілік  қасиеттердің  түп  негізі  отбасында  қалыптасатыны  белгілі. 
Адамгершілік  қасиеттер  ізгілікпен  ұштастырады.  Әсіресе  еңбекке  деген  тұрақты  ықыласы 
бар  және  еңбектене  білуде  өзін  көрсететін  балаларды  еңбек  сүйгіштікке  тәрбиелеу  басты 
міндет  болып  табылады.  Өз  халқының  мәдениетін,  тарихын,  өнерін  сүю  арқылы  басқа 
халықтардың да тілі мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті 
азамат  қалыптасады.  Қазақ  халқының  әлеуметтік  өмірінде  үлкенді  сыйлау  ұлттық  дәстүрге 
айналған.  Отбасында,  балабақшада  ,  қоғамдық  орындарда  үлкенді  сыйлау  дәстүрін  бұзбау 
және оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі. 
Халқымыздың  тәлім  -  тәрбиелік  мұрасына  үңілсек,  ол  адамгершілікті, 
қайрымдылықты,мейірбандықты  дәріптейді.  Ата-бабаларымыздың  баланы  бесігінен  жақсы 
әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлағатты 
сөздердің  мәні  өте  зор.  Адамгершілікті,  ар-ұяты  бар  адамның  бет-бейнесі  иманжүзді, 
жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халық «Иман жүзді кісі» деп құрметтеп 
сыйлаған. 
Балаларымызды  имандылыққа  тәрбиелеу  үшін  олардың  ар-ұятын,  намысын  оятып, 
мейірімділік,  қайырымдылық,  кішіпейілдік,  қамқорлық  көрсету,  адалдық,  ізеттілік  сияқты 
қасиеттерді  бойына  сіңіру  қажет.Баланы  үлкенді  сыйлауға,кішіге  ізет  көрсетуге,  иманды 
болуға,  адамгершілікке  баулу  адамгершілік  тәрбиесінің  жемісі.  Балаларды  адамгершілікке 
тәрбиелеуде  ұлттық  педагогика  қашанда  халық  тәрбиесін  үлгі  ұстайды.  Ал,  адамгершілік 
тәрбиелеудің  бірден-бір  жолы  осы  іске  көзін  жеткізу,  сенімін  арттыру.  Осы  қасиеттерді 
балаға жасынан бойына сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын қалаған 
 Адамгершілік  -  адамның рухани арқауы. Өйткені  адам баласы қоғамда өзінің жақсы 
адамгершілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. 
Қазіргі  кезде  өсіп  келе  жатқан  ұрпақты  тәрбиелеуде  қойылған  мақсаттардың  бірі 
қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан-жақты дамыған 
жеке  тұлғаны  қалыптастыру.  «Өзін-өзі  тану»  пәні  —  баланы  жастайынан  отаншылдыққа, 
әдептілікке,  достыққа,  тазалыққа,  ұқыптылыққа,  мейірімділікке,табиғатты  сүюге,отбасын 
сыйлауға,  ұйымшылдыққа  үйретеді.  Адам  бойына  кішіпейілдік,  сыпайлық,  рақымшылық, 
жанашарлық,  сыйластық,  тілектестік  сияқты  қасиеттерді  дарыту  және  өзгелерді  қадірлей, 
сыйлай,  құрметтей  білу,  тыңдай  білу,  қолынан  келгенше  адамдарға  көмектесу,  кешірімді 
болуды үйретде «Өзін-өзі тану» пәнінің үлесіне тимек. 
Халық  педагогикасы-нәрестенің  сезімін  ананың  әуенімен  оятатын  бесік  жырлары, 
даналыққа  толы  мақал-мәтелдер,  жұмбақ-жаңылтпаштар,  қиял-ғажайып  ертегілері, 
ойындары,  тәрбиелеп  өсіру  негіздері  адамгершілік  ниеттерге  баулиды.  Ата-аналарға  ойын 
жаттығулардың  және  әр  түрлі  байланыстырып  сөйлеуге,  сөздік  қорын  дамытуға  арналған 
тапсырмалардың жазбаларын үйде баласымен сауат ашу, математика, тіл дамыту сабақтарын 
қайталау үшін ұсынамыз.  Адамгершілік рухани тәрбиесі-тәрбие бағыттарының ішіндегі  ең 
күрделісінің бірі. Адамгершілік тәрбиесінде дінге сүйенбеу мүмкін емес. Адамгершілік заңы 
Аллаһтың  адам  баласына  түсірген  кітаптарының  негізінде  жатыр.  Адам  баласының  жалған 
дүниеде  және  ахіреттегі  бақытқа  қауымдастыратын  керекті  өнегелердің  нелерден 
тұратындығын  білдіріп,құлшылық  міндеттерін  түсіндіреді.  Адамгершілік-әдептілік  ілім 
негізінде  тұлға  бойындағы  рухани  адамгершілік  қалыптастырудың  дұрыс  жүрмеуіне  және 
өзінің  өзегінен  жасанды  идеялармен  айырылып  қалған  адамгершілік  қалыптастырудың 
дұрыс  жүрмеуінен,  жағымсыз,  нашар  келбеттің  пайда  болуына  душар  етеді.  Адамгершілік 
тәрбиесі қоғамның моральдық талабына сай тәрбиеленушінің сезімі, мінез-құлқы, сапасына 
мақсатты  және  жүйелі  ықпал  ете  отырып,олардың  бойында  адамгершілік  сапаларды 
қалыптастыру  делінеді.  Адамгершілік-адамның  рухани  байлығы,  болашақ  ұрпақты  ізгілік 
бесігіне  бөлейтін  руханиет  дәуіріне  жаңа  қадам  болып  табылады.  Адамгершілік  тәрбиенің 
нәтижесі  адамдық  тәрбие  болып  табылады.  Адамды  құрметтеу,  оған  сену,  әдептілік, 
кішіпейілділік,  қайырымдылық  бұл-адамгершіліктің  жоғарғы  құндылығы.  Адамгершілік 
тақырыбы-мәңгілік.  Ол  ешқашан  ескірмек  емес.  Жас  ұрпақтың  бойына  адамгершілік 

103 
 
қасиеттерді сіңіру ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл 
қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы-халқында, отбасында,олардың өнерлерінде, әдет-
ғұрыптарында. 
Әр 
адам 
адамгершілікті 
күнделікті 
тұрмыс-тіршілігінен, 
өзін 
қоршағантабиғаттан бойына сіңіреді.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР  
1. Қабдиева С. Ұрпақ тәрбиесіндегі адамгершілік мәселелері. //Бастауыш мектеп//, No2, 2005. 
2. Асылов Ұ. Әдептану-Алматы: //Мектеп баспасы// 2001.  
3. Аханов Б.Шығармашылық тұлға қалыптастыру. //Сыныптағы тәрбие// 2006,№1 .  
4.  Аманжолова А.А. Жеке тұлғаны адамгершілік рухани бағытта тәрбиелеу. 
5. Әбдірахманов Ш.Ұрпақ тәрбиесінің кейбір мәселелері.  
6. Бекенова Ә.Қ. Адамгершілік қасиеті атамыздан қалған мұра. 
7. Данина Г.Рухани- адамгершілік тәрбиесінің негіздері. // Бастауыш мектеп// 
8. Данаева М.Т. Әр адам өзінің адам екенің ұмытпау қажет.  
9. Капешова Ш.Т. Адамгершілікті жасөспірім бойында қалыптастыру.  
10. Құрманбаева М. Тұлғаны рухани- адамгершілікке тәрбиелеу. 
11. Исмағұлова Т. Рухани адамгершілікті дамыту //Бастауыш мектеп//, 2006,№3, 
12. Мұқышев К. Жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамытудағы ойынның маңызы. 
13. Игісінова Н.Б. Жастарға адамшгершілік-рухани тәрбие берудің негізі.//Өзіндік таным//. 
2004. 
 
 
ӘОК 37.013.2 
 
БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДІ ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ 
ПАЙДАЛАНУҒА ДАЯРЛАУ МӘСЕЛЕСІ 
 
Жолтаева Г.Н., п.ғ.к., доцент, Муратбекова Д.Е., 2 курс магистранты 
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ. 
 
Қоғамдағы  әлеуметтік-мәдени  жағдай  әр  педагогтың  қазіргі  таңдағы  қоғамның 
сұранысына  және  өзінің  қажеттілігіне,  қызығушылығына,  мүмкіншілігіне  сәйкес  білім  мен 
тәрбие алуын қажет етеді. 
Болашақ  мұғалімдерді  әлемдік  және  отандық  мәдениеттің  ортақ  мәселелерін 
бағдарлауға,  жалпы  адамзаттық  құндылықтарды  игеруге,  демократиялық  және  жаңа 
әлеуметтік-мәдени  ортада  өмір  сүрудің  жаңа  ережелерін  үйренуге,  ұлттық  сана-сезімді 
дамытуға үйрету қажет. 
Мұғалім балаларға қоғамдық тарихи тәжірибенің таңдаулысын меңгертуге, білім ғана 
емес,  ғылыми  дүниетаным,  ұлттық  мұрат,  азаматтық  позицияны  қалыптастырып,    рухани-
адамгершілік  тәрбиесін  беруі    және  шығармашылықпен  ойлауына  мүмкіндік  туғызып,қиын 
жаяжаттардан шығу іскерлігін қалыптастыруы қажет. 
Осы  тұрғыдан  алғанда,  қоғамның  сұранысы  мен  талаптарына  сай  жаңа 
технологияларды  пайдалана  алатын  бәсекеге  қабілетті  педагогтар  даярлау  мәселелеріне 
ерекше  көңіл  бөлінуде.  Жоғары  оқу  орны  негізінен  жақсы  білім  алған,  сондай-ақ, 
болашақтағы кәсібін білетін оған бейім оқуын жалғастыруға бағытталған жастардың түсуіне 
мүдделі. Г.И.Рузавиннің айтуынша, егер студент өзінің болашақтағы кәсіби ортасын жақсы 
елестете алса, онда білім алудағы іс-әрекеті мақсатты болады [1]. 
Елімізде  оқыту  мазмұны  жаңартылып,  12  жылдық  білім  беру  жүйесіне  көшу 
мақсатында  жаңа  буын  оқулықтарының  негізінде  жасалған  бағдарламалар  бастауыш 
мектептің  жаңа  жүйеге  көшуін,  әрбір  мұғалімнен  жаңаша  жұмыс  істеуін,  батыл 
шығармашалық ізденісін, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап 
етеді.  Сондықтан,  мұғалім  өз  білімін  жан-жақты  жетілдіре  отырып,  оқушыны  қызықтырып 

104 
 
оқыту керек екенін сөзсіз. Ұлы неміс пегагогы А.А.Дистервег: «Жаман мұғалім ақиқатты өзі 
айтып береді, ал жақсы оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді» – деген [2]. 
Адамзат  баласының  өз  ұрпағын  оқыту,  тәрбиелеудегі  ең  озық,  тиімді,  ізденістерін, 
тәжірибелерін  жалғасытырып,  тың  жолдарын  іздеу,  классикалық  педагогиканың  озық 
үлгілерін  жаңашылдықпен  дамыту  жалғаса  бермек.  «Педагогикалық  технология»  дегеніміз 
не?   Технология  – tehne   (шеберлік,  өнер,  білім)  деген  мағынаны  білдіретін  грек  сөзі. 
Академик  В.М.  Монаховтың  айтуы  бойынша:  технология-  оқушы  мен  ұстазға  бірдей 
қолайлы  жағдай  тудырушы,  оқу  процесін  ұйымдастыру  және  жүргізу,  бірлескен 
педагогикалық  әрекетті  жобалаудың  жан-жақты  ойластырылған  үлгісі.  Ал  педагог-  ғалым 
Беспалько  өзінің  «Слагаемые  педагогической  технологии»  деген  еңбегінде  былай  дейді: 
«Оқу тәрбие процесінің алдын ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның тәжірибеде жүзеге 
асуы – белгілі бір педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асу жобасы» [3]. 
Президентіміз  Н.А.  Назарбаев  айтқандай,  сапалы  білім  беру  Қазақстанның 
индустрияландыруының және инновациялануының негізіне айналуы тиіс. Бұл мәселе жалпы 
білім  беретін  мектептерге  байланысты  айтылып  тұрғандығы  белгілі.  Еліміздің  болашағы 
орта  мектептен  толық  қанды  сапалы  білім  алған,  оның  бағдарламасын  толық  меңгерген 
баладан, яғни, оқушыдан шығары анық, өйткені, ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар- бүгінгі 
мектеп оқушысы. 
Мектепте  жұмыс  атқаратын  әрбір  мұғалімнің  алдына  қазіргі  таңда  қойылатын  талап 
өте  үлкен  болып  отыр.  Мұғалім  өзінің  инновациялық  іс-әрекетін  қалыптастырып,  оны 
меңгеріп, сол жаңа педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде жүйелі пайдалану 
арқылы  оқушылардың  білім  сапасын  арттыруы  қажет.  Сонда  ғана  жаңа  педагогикалық 
технологияларды меңгерген, өз практикасында қолданған  әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі 
даму жағынан көре алады. 
Мұғалім  алғаш  жаңа  педагогикалық  технологияларды:  оқып  үйренеді,  екнішіден, 
меңгереді,  үшіншіден,  жаңа  педагогикалық  технологияларды  тәжірибеде  қолданады, 
төртіншіден, оны дамытып, нәтижесін тексереді. 
Жаңа  педагогикалық  технологиялар  педагогика  ғылымының  жаңа  саласы. 
Инновациялық  үрдістің  негізі  –  жаңалықтарды  қалыптастыру,  қолдану,  жүзеге  асырудың 
тұтастық  қызметі.  Инновация  білім  деңгейінің  көтерілуіне  жағдай  жасайды.  Инновацияны 
«жаңалық»,  «жаңа  әдіс»,  «өзгеріс»,  «әдістеме»,  «жаңашылдық»,  ал  инновациялық  үрдісті 
«жаңа әдістеме құралы» деп атауға болады. 
Инновацияны  қолдану  дегеніміз,  инновацияны  шаблон,  трафарет  ретінде  пайдалану 
емес,  өйткені  әр  мұғалімнің  өз  іс  тәжірибесі  бар.  Бірақ,  инновацияны  қолдану  арқылы 
мұғалім  өз  іс  тәжірибесін  байытып,  еңбегін  жеңілдетіп,  белгілі  бір  нәтижеге  жету- 
педагогиканың ең асыл заты болып табылады. Ушинский К.Д. айтқандай, іс тәжірибе толық 
көшіріліп  алынбайды,  тек  оның  негізгі  ойы  ғана  алыну  мүмкін.  Осы  негізгі  ойды  түсініп 
оларға  шығармашылық  көз  қараспен  қараған  мұғалім  технология  бойынша  жұмыс  атқара 
алады. 
Өмір  талабы  бойынша  оқушы  қазіргі  кездегі  сабақта  қонақ  болып  отырмай,  оның 
негізгі  кейіпкері  болу  керек.  Осыған  қарай  нәтижеге  жеткізсе,  әр  технология  тиімді.  Оқу 
үрдісіннің  тиімділігін  арттыру  жолдарын  іздестіру  мақсатымен  өз  басым  жеке 
технологиялармен танысып, оларды оқып, үйренуге бет бұрдым. 
Қазіргі заманда жиі кезесетін  технологиялар төменгі кестеде көрсетілген [4]: 
№ 
Технологиялар атауы 
Авторлары 

Саралап деңгейлеп оқыту 
Қараев Ж.А., Кобдикова Ж.У. 

Модульдік оқыту технологиясы 
Жампеисова М.М. 

Дамыта оқыту технологиясы 
Тұрғымбаев Т., Эльконин Д.Б. 
Давыдов В.В., Зайцев В. 

Проблемалық  оқыту технологисы 
Монахов М. 

Ірі блокпен оқыту технологиясы 
Шаталов, Эрдниев П.М. 

105 
 

Жобалау әдістемесі 
Дж. Дьюи 

Сын тұрғысынан ойлау 
Джинни, Л. Стил, С.Крутис, 
Ч.Темпл 

Алдын-ала оқыту технологиясы 
Лысенкова А. 

Тұлғалық гумандық технологиясы 
Амонашвили Ш. 
10 
Жүйелілік тұрғысынан оқыту технологиясы 
Ғалиев Т.Т. 
 
Бұл, әрине, барлық технологиялардың толық тізімі емес. 
М.Монаховтың  жоғарыда  айтылған  сөзіннен,  технология  -  оқу  үрдісін  жобалаудың 
жүйелік әдісі... Педагогикалық технологияны дұрыс жобалау үшін мынандай 5 элемент керек 
[3]: 
1. Мақсат қою. 
2.Болжау.  Оқушылар  еңбегін  болжау  дегеніміз:  деңгейлік  оқытуға  бағытталып 
құрылған өздік жұмысы. 
3. Оқушылардың сабақтан тыс өз бетімен орындайтын жұмыстары. 
4.  Логикалық  құрылым.  Шығын  мақсаттың  мазмұны  мен  саны  оқушылардың  даму 
аймағын және уақыт бойынша әр аймақтың ұзақтығын анықтайды. 
5.  Түзету.  Қарастырып  отырған  сұрақтағы  мүмкін  болатын  қиындықтар: 
оқушылардың  көп  жіберетін  қателері,  оқушының  оқу  стандартты  деңгейіне  көтерудің 
педагогикаға тән шаралар жүйесі. 
Сонымен  қатар,  педагогикалық  технологияны  құрудың  алғашқы  сатысы  мынандай 
баптардан тұрады: 
1.  Мұғалімді әдістемелік қамтамасыз ету. 
2.  Мектеп оқулықтарын дайындау жүйесі. 
3.  Мұғалімнің кәсіпкерлік дайындық жүйесі. 
4.  Оқу үрдісін жобалау. 
5.  Оқушының жалпы және оқу жүктемелері. 
Нәтижесінде оқу технологиясы осы мақсаттарға жетуі тиіс: 
1.  Оқушыны  илеуге  көне  қоятын  объект  деп  қарамай,  табиғат  берген  қасиетін,  күш 
қуатын шыңдайтын, қабілетін дамытатын жеке тұлға деп мойындау. 
2.  Жеке тұлғаның мемлекеттік және жергілікті жердің мүддесін ұштастыруы. 
3.  Оқушылардың  танымдық  мүмкіндіктеріне,  бейімділігіне,  қабілетіне  қарай  білім 
мазмұнын міндетті түрде игеретін деңгейлерін анықтау. 
4.  Оқушыға «Білім туралы» Заңға сәкес өз бағасын таңдауға мүмкіндік беру. 
5.  Жалпы  білім  беру  мекемелерінің  көп  түрлігін  қамтамасыз  ететін  білім  мазмұның 
құрылымын нақтылау. 
5В010200  –  Бастауышта  оқыту  педагогикасы  мен  әдістемесі  мамандығы  бойынша 
бакалаврлар мынадай кәсіби қызмет түрлерін атқара алуы көрсетілген [5]: 
-  диагностикалық  –  оқушы  тұлғасын,  оқыту,  тәрбиелеу  және  даму  нәтижелерін 
зерттеу; 
-  ұйымдастырушылық-технологиялық  (педагогикалық  технологиялар  негізінде  оқу-
тәрбие үдерісін ұйымдастыру); 
-  педагогикалық  басқару  («субъект-субъектінің»  өзара  әрекеті,  білім  беру 
менеджменті); 
- жобалау (бастауыш мектептегі білім беруді моделдеу); 
- ғылыми-зерттеу (білім беру мекемелеріндегі мәселелерді шешудегі шығармашылық 
ізденіс, педагогикалық тәжірибені зерттеу, рефлексия). 
Бастауыш  сынып  мұғалімі  кәсіби  қызметінің  функциясы  –  кіші  мектеп  жасындағы 
оқушылардың субъектілік іс-әрекеттерін ұйымдастыру және тұлғаның қалыптасуы мен даму 
үдерісін басқару. 

106 
 
Сондықтан  болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдерін  педагогикалық  технологияларды 
пайдалануға  даярлауды  қамтамасыз  ету  үшін  педагогикалық  технологияны  жобалау  қажет. 
Оның  құраушылары  мотивациялық,  мазмұндық,  іс-әрекетті  болып  табылады.  Ол  үшін 
болашақ мұғалімді даярлау моделі әзірленеді. Көп жағдайда модельде қарастырған критерий 
болашақ  маманның  таңдаған  мамандығына  ұмтылысынан  туындайды.  Критерий  (грек 
сөзінен алғанда – пайымдау үшін құрал), белгі, сынның негізінде қандай-да нәрсені бағалау, 
анықтау  немесе  жіктеу  жүргізіледі;  баға  өлшемі  [6].  Психологиялық,  педагогикалық 
түсіндірме  сөздікте  критерий  ―...  бағалауға,  пікір  айтуға  не  топтастыруға  негіз  болатын 
белгі;  қайсы  бір  құбылысты  пайымдау,  бағалау  өлшемі.  Педагогикада  белгілі  бір 
құбылыстардың критерийлерін талдап-белгілеу қиын, өйткені педагогика пәнінің өзі күрделі 
және көріністері сан алуан - деп оның қиындық тудыратын жақтары айтылған [7]. 
Педагогикалық  технологияларды  пайдалануды  мұғалімнің  кәсіби  даярлығындағы  іс-
әрекет  құрылымы  мотивациялық,  мазмұндық,  операциялық  компоненттер  көрсеткіштері 
және  сипаттамаларымен  толықтырылған,  бір-бірімен  өзара  байланысты  жүйе  ретінде 
қарастырамыз. 
Педагогикалық  технологияларды  пайдаланудағы  мұғалімнің  кәсіби  даярлығы 
мазмұнындағы іс-әрекеттер құрылымы: 
Мотивациялық:  
- педагогикалық технологияларына қызығушылықтың болуы;  
- педагогикалық технологияларының тұлғалық мәнін түсінуі; 
- педагогикалық технологияларын меңгеруге қажеттіліктің болуы; 
- педагогикалық технологияларын пайдалануға ұмтылысы. 
Мазмұндық: 
- педагогикалық технологиялар туралы теориялық және әдіснамалық білімнің болуы; 
-  педагогикалық  технологияларының  оқу  үдерісінде  алатын  орны  мен  атқаратын 
қызметін білуі; 
- педагогикалық технологияларды пайдаланудың әдіс-тәсілдерін білуі. 
Операциялық: 
- педагогикалық технологияларды таңдап ала білу; 
- педагогикалық технологияларды жобалау
- педагогикалық технологияларды пайдалану 
Рефлекциялық: 
- өзіндік талдау жасауы; 
- өзіндік баға беруді жүзеге асыруы; 
- өзара баға беруді дамыту қабілетінің болуы. 
Болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  технологиялық  даярлығының  қалыптасу 
деңгейлерін төмендегідей анықтауға болады. 
Төмен  деңгей  –  технологиялық  даярлықтың  қажеттілігін  саналы  сезінбейді,  оны 
танып  білу  бойынша  ұмтылысы  төмен;  сабақтың  түрлерін,  олардың  құрылымын,  сабақта 
пайдаланатын оқыту әдістерін, ұйымдастыру формаларын, пайдаланатын құралдарды танып 
біледі және сипаттай алады; өзіндік талдауды жүзеге асыра алмайды. 
Орта  деңгей  –  репродуктивті  әрекет,  технологиялық  даярлықтың  оқытуды  нәтижелі 
етуге  қажетілігін  сезінуі  төмен;  сабақты  өтуді,  белгілі  іс-әрекеттерді  орындауға  қажетті 
меңгерген  ақпараттар  негізінде  өз  бетінше  қайта  жаңғырта  алады,  қолдануды  бағдарлай 
алады; іс-әрекетіне өзіндік талдау жүргізуі жеткіліксіз. 
Жеткілікті деңгей – тиімді әрекет, технологиялық даярлықтың оқытуды нәтижелі етіп 
ұйымдастыру мүмкіндігін саналы сезінеді; көптеген нысандарға тиісті іс-әрекеттердің үлгісін 
пайдалануы дұрыс жүзеге асырылады, бұл жағдайда бақылаудағы білімгер жаңа, қажетті деп 
танылған әрекетке арналған субъективті жаңа ақпараттарды өз бетінше құруы немесе белгілі 
бағдарлық  негізді  өзгертуі  орын  алады;  орындаған  іс-әрекетіне  талдау  жасауы  толық  мәнді 
болмайды. 

107 
 
Жоғары  деңгей  –  шығармашылық  әрекет,  мұғалімнің  технологиялық  даярлығының 
оқытуды барынша нәтижелі етіп ұйымдастыруға бағытталатынын саналы сезінеді және оны 
барынша  танып  білуге  ұмтылады;  оқыту  технологиялары  жөніндегі  білімі  толық  мәнді 
болады;  көптеген  нысандарды  танып  білуде  іс-әрекеттің  бағдарлық  негізін  өз  бетінше 
құрастыра  алуы  орын  алады,  осындай  іс-әрекет  негізінде  объективті  жаңа  ақпараттар 
жинақтайды; орындаған іс-әрекетіне талдау жасауы толық мәнді жүзеге асырылады. 
Оқу  үрдісінде  инновациялық  технологияларды  пайдаланудың  студенттердің  білімін 
көтерумен қатар оның тәрбиелік те маңызы зор. Дәстүрлі оқыту әдісіне қарағанда кредиттік 
оқыту  жүйесі,  электрондық  оқулық  немесе  жаңа  инновациялық  оқыту  технологиясы 
студенттердің  жалпы  қызығушылығын  туғызады,  ол  өз  кезегінде  оларды  сапалы  және 
тұрақты білім алуына жағдай жасайды.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.  Рузавин  Г.И.  Педагогические  инновационные  технологии:  Учебн.  пособие  для 
вузов. – М: ЮНИТИ ДАНА, 1999. -250с. 
2.  Дистерверг  A.  Руководство  к  образованию  немецких  учителей.   Избранные 
педагогические сочинения. М.: Учпедгиз, 1956. С. 136-203. 
3. Монахов В.М. Творческая педагогика. - 2001. - 1. - с.35-47.  
4.   Бұзаубақова  К.  Ж.  "Жаңа  педагогикалық  технология"  тренингі  [Мәтін]  :  оқу-
әдістемелік құрал. -А.:Жазушы, 2005.-54с 
5.  «5В010200  –  Бастауышта  оқыту  педагогикасы  мен  әдістемесі»  мамандығы  ҚР 
МЖМБС. ҚР МЖМБС 6.08.012-2009. - Астана, 2009. - 24 б. 
6.  Советский  энциклопедический  словарь.  –М.:  Советская  энциклопедия,  1989.  -  С. 
664. 
7.  Қазақ  тілі  терминдерінің  салалық  ғылыми  түсіндірме  сӛздігі:  Педагогика  және 
психология /жалпы редакциясын басқарған А.Қ.Құсайынов. –Алматы: Мектеп; ЖАҚ, 2002. – 
256 б. 
 
 

1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   48


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал