Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 5.01 Kb.

бет11/48
Дата11.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   48

 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.  
2.
 
“Болашақтың  іргесін  бірге  қалаймыз”   Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына 
Жолдауы, 2011 жыл        
3.
 
Қазақстан  Республикасы  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарғарналған 
мемлекеттік бағдарламасы     
4.
 
«Математика және физика » журналы №4, 2007 жыл  
5.
 
Мұхамбетжанова  С.Т.,  Мелдебекова  М.Т.  Педагогтардың  ақпараттық  – 
коммуникациялық  технологияларды  қолдану  бойынша  құзырлылықтарын  қалыптастыру 
әдістемесі. Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010 ж.  
 
 
УДК 574:37.015.3(045 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ЖАҢА ӘДІС – ТӘСІЛДЕР ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ 
 
Генжемуратова Л. К. 
«Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ, Қарасай ауданы, Шамалған бекеті, 
glyazat@mail.ru
  
 
«Маған  жақсы  мұғалім  қымбат  –  өйткені  ол  мектептің  жүрегі»-деп  Ы.Алтынсарин 
айтқандай.  Менің  ойымша  алдымен  жақсы  мұғалім  болу  үшін  оқушының  жүрегіне  терең 
бойлап,оған  білім  алуына,  сабақты  үйренуіне,  талаптануына  ұстаз  әрқашан  жағдай 
жасап,оның  сабаққа  деген  қызығушылығын  ашатындай,  ой  түрткі  болатындай  етіп  бағыт 
бағдар  беруі    және  де  сабаққа  өзі  де  күрделі  дайындықпен  келуі  керек  сонымен  қатар 
оқушыларға жақсы көңіл күй сыйлай білу және де
 
балалардын көңіл күйін ескеріп, оларды 
ынтымақтастыққа  баулып,  жас  ерекшеліктеріне  сәйкестендіріп  жаңа  әдіс  -  тәсілдер  арқылы 
сыни  ойлауын  дамытуда  АКТ  мен  оқыту  үшін  және  оқу  үшін    бағалауды  тиімді  пайдалана 
алуы керек.  
Жаңашыл мұғалім жаңа форматта сабақ беру арқылы 7 модульді қолданып оқушының 
пәнге деген қызығушылық қабілетін арттыру, өзгенің пікірімен санасу, топпен  жұмыс істеуге 
дағдылану, өз ойын еркін жеткізуге, сыни тұрғыдан ойлауға, өз бетімен шешім қабілеттерін 
қалыптастыруға ерекше мән беруі тиіс. Бұрынғы сабақ барысында мұғалім көп сөйлеуге көп 
уақыт жұмсаса, ал қазіргі жаңаша оқытуда оқушы іс-әрекеті  арқылы өз бетімен білім алуға 
жұмылдырылады.  «Мұғалімнің  айналысатыны  –  үнемі  қозғалып,  өзгеріп,  өсіп-өркендейтін 
тірі  адам  болғандықтан,  біркелкі  әдістен    табан  алмай,  шектеліп  қалуға  болмайды»  -  деп 
Жүсіпбек  Аймауытов  айтқандай,  бүгінгі  жаңа  форматта  білім  беру  міндетінің    «үйреніп» 
қалған дәстүрлі оқытудан анағұрлым өзгешелігі  барын аңғардым. Біліктілікті жетілдіргеннен 

77 
 
кейін    мектептегі  тәжірибе  кезінде  түсіну  бір  бөлек,  ал  оны  іс  жүзінде  қолдану  бір  бөлек 
екенін  сезіну  керек.  «Барлық  балалар  табысты  оқи  алады,  әрине,  егер  мұғалімдер  оларды 
дұрыстап оқыта алса...»  тұжырымдамасына орай мектептегі тәжірибе кезінде жеті модульді 
кіріктіріп, бар мүмкіндігің мен ұстанымдарыңды ұштастыра отырып, әр сабағыңда әр оқушы 
басты  тұлға,  ал  мұғалім  -  оқытудағы    бағыт-бағдар  беруші  екенін  естен  шығармауымыз 
керек. 
Тізбектелген  сабақтар  топтамасын  жоспарлап,  сабақ  өткізу  кезіндегі  қазақ  тілі  пәні 
бойынша Кембридж бағдарламасына сәйкес 7 модульдің қалай және неге енгізілгені туралы 
және осы модулдің тиімділігі жөнінде тоқталып өтпекпін. Менің бұл модульді таңдуымның 
негізгі  себебі  сыни  тұрғыда  ойлауға  үйрету  модулі  екі  мағынада  қарастырылады: 
оқушылардың  сыни  тұрғыда  ойлауын  дамыту  және  мұғалімдердің  сыни  тұрғыда  ойлауын 
дамыту.  (Мұғалімге  арналған  нұсқаулық,  13-бет)  Енді  тізбектелген    сабақтар  топтамасында 
сыни тұрғыда ойлауға үйрету модулін қалай  және неге пайдаландым, соған толық тоқталып 
өтейін.Оқушыларды оқытудағы осы модульді таңдаған мақсатым:  
Оқудағы  жаңа  тәсілдерді  енгізе  отырып,  оқушылардың  бойында  өз  бетімен  білім   
алуға,  өзін-өзі  реттеу  дағдыларын  қалыптастыруға    және  оқушылардың    қазақ  тілі  пәніне 
қызығушылығын арттыру мен қатар ынтымықтастықпен өздігінен  жұмыс жасауға  бейімдеп 
дағдыландыру болды. 
 Орта  мерзімді  жоспар  құрудағы  тізбектелген  сабақтар  топтамасына  7  модульді  
енгізудегі  қойған міндеттерім: 
 
 -  бағдарламада  іске  асырылатын  білім  берудің  жаңа  тәсілдерін  үйрете  отырып, 
өзгерістерді өз тәжірибемде қолдану; 
-  оқушының  сөздік  қорын  молайту,  ой-  өрісін  дамыту  жұмыстарын  сабақтың  әр 
кезеңдеріне сәйкес ұйымдастыру; 
-  ұлттық  бәсекеге  қабілетті,  өз  ойын  еркін  жеткізе  алатын,  сыни  тұрғыда  ойлануға 
қабілетті, интелектуалдық  қасиеттері терең дамыған  жеке тұлғаны қалыптастыру. 
Нәтижесінде  оқушылар - тақытыптың логикалық жүйесін сақтай отырып тапсырманы 
орындай  алады.  Қазақ  тілі  сабағының  өткізілу  жоспарын  «Сын  тұрғысынан  ойлау» 
технологиясы  стратегиялары  негізінде  құрып  оқыту,  яғни  сыни  тұрғыдан  ойлау  тәсілін  іс-
тәжірибеме  енгізу  нәтижесі  жеткіншектер  бойында  мынадай  іскерлік  дағдыларды 
қалыптастыруға болатынына көз жеткіздім 
•  Әрбір  оқушы  өзіндік  жеке  ойымен,    өтілген  тақырыпты  өмірмен  байланыстыра 
алады және  өзіндік ойлау қабілетімен ерекшеленеді; 
• Жеке дауысты немесе өзгенің ой – пікірін (кейіпкер, жазушы, бірге оқитын оқушы) 
қабылдауға үйренеді; 
Өз ойларын жинақтап, жүйелеп толық, дұрыс тұжырымдайды; 
•  Өз  біліміне  сүйеніп,  мәселенің  шешімін  дұрыс  тауып,  ойын  жеткізе  біледі,  яғни  
өзіндік «Мен» қалыптасады. 

 
Оқу  мен жазу арқылы  сын тұрғысынан ойлауды дамытуда өтілген тақырыпты өз 
тәжірибелерімен  немесе  өмірмен  байланыстыру  арқылы  оқушының  бір  пәнді  оқыту 
барысында бірнеше пәнге қызығушылығы артып сыни көзқарастары  жүйелі дамиды.  

 
«Оқушы – оқушы» , «мұғалім – оқушы» арасында диалог құруға қабілеті артады. 

 
 Өз ойын еркін жеткізе алатын, жан жақты дамыған жеке тұлға қалыптасады және 
оқушының  сөйлеу  мәдениеті  қалыптасады.  Өтілген  тақырыпты  мнемоника  арқылы  есіне 
түсіреді. 
Төменде  «Сөз  құрамы»  және  «Морфология»  салалары  бойынша  түзілген  орта 
мерзімді жоспардың үлгісі келтірілген.  
Қазақ тілі  пәні бойынша орта мерзімді сабақ жоспары  ( 6 – сынып) 
Сөз құрамы 

78 
 
№ 
Тақырыбы  
және оқып 
үйренудің 
негізгі мақсаты 
Оқып 
үйренудің   
нәтижесі 
Оқытуда 
қолданылатын 
әдіс- тәсілдер 
Үйрену 
мақсатында 
бағаны қоса, 
бағалау 
Барлығын 
қосқанда 
Негізгі 
дерек 
көздер 

Сөз 
құрамы.  
Түбір 
мен 
қосымша.  Сөз 
құрамы туралы 5 
-    сыныпта  алған 
білімдері 
мен  
жинаған 
мәліметтерін 
қолдана  отырып, 
оның 
жасалу 
жолын 
еске 
түсіру 
барысында  және 
жаңа 
тәсілдер 
арқылы 
оқушылардың 
сабаққа 
қызығушылығын 
арттыру. 
- Мәтінді түсініп 
талдайды, алған 
білімдерін 
өмірмен 
байланыстырады

- Постермен 
жұмыс жасау 
барысында 
ынтымақтаса 
отырып берілген 
тапсырманы 
талдайды  
- Өздігінен 
іздену 
дағдылары 
қалыптасады 
- Оқушылар- 
дың топтық 
жұмыстар 
арқылы  өзін 
және 
сыныптасына 
баға беруге 
дағдыланады 
Түсіндіру, 
талдау,  
сұрақ-жауап;  
Диалогтық 
оқыту, 
Дәптермен 
жұмыс, 
жеке, 
жұппен,  топпен 
жұмыс  
Ынтымақтастық 
орнайды, 
Регламент 
сақтай  отырып 
уақытты  тиімді 
үнемдей біледі 
АКТ- 
ны 
пайдаланып  жан 
– жақты ізденеді 
Өзін 
өзі 
реттей 
отырып,  сабақтың 
әр  бір  кезеңдеріне 
сәйкес бағалайды ал 
осы 
бағаларды 
жинақтап 
мұғалім 
нақты баға қояды  
 Осы  тақырып 
бойынша 
бұрынғы  алған 
білімін 
еске 
түсіреді 
Қайта 
қарастыру 
барысында 
тақырыпты 
кеңінен 
түсінеді 
Постер 
жасауда 
тақырыптың 
мәнін ашуда әр 
түрлі  тәсілдер 
қолданады 
және 
өз 
ойларын 
талдап 
жинақтап 
бірін 
бірі 
бағалайды 
Қазақ тілі.  
6 сынып, 
Авторы: 
Тұрсынова 
Г.Т., 
Қасымбек 
А.А., 
Такишева 
А.Ж., 
Шыныбаева 
А.К. 
«Арман 
ПВ» 
баспасы,200
9.  

Дара сөздер мен 
күрделі  сөздер. 
Өткен 
тақырыпты  еске 
түсіру 
барысында 
оқушылардың 
ойлау, 
сөйлеу 
дағдыларын 
қалыптастыру 
қиындыққа 
мойымайтынды-
ғын  құрметпен 
қарауға 
баули 
отырып 
тақырыпқа  сай 
сергіту  сәттерін 
пайдалану  
 
  
- Мәтінді 
түсінеді, 
- Әр түлі 
дәрежедегі 
сұрақтар қойып 
үйренеді 
- Оқушының 
сыни ойы 
дамиды 
- Көшбасшы 
оқушы 
айқындалады 
-  Өзара талдау 
барысында пікір 
талас тудыра 
отырып 
өздігінше 
зерртеу жасай 
алады   
Блум 
таксономиясы; 
СТО 
технологиясының 
стратегиялары, 
диалог, 
жеке 
жұмыс, 
топпен 
жұмыс; 
Бірін  бірі  бақылай 
отырып бағалау. 
 
Тап
сыр
ма 



1- 
оқу
шы 
  
  
  
2- 
оқу
шы 
  
  
  
3-
оқу
шы 
  
  
  
4- 
оқу
шы 
  
  
  
Жал
пы 
баға
сы 
  
  
  
Осы  тақырып 
бойынша 
бұрынғы  алған 
білімін 
еске 
түсіреді 
Тақырыпты 
кеңінен 
түсінеді 
Постер 
жасауда 
тақырыптың 
мәнін ашуда әр 
түрлі  тәсілдер 
қолданады 
және 
өз 
ойларын 
талдап 
жинақтап 
бірін 
бірі 
бағалайды 
Қазақ тілі.  

сынып, 
Авторы: 
Тұрсынова  
Г.Т., 
Қасымбек 
А.А., 
Такишева 
А.Ж., 
Шыныбаева 
А.К. 
«Арман 
ПВ» 
баспасы,200
9.  

Біріккен  сөздер. 
Тақырыпқа  сай 
суреттер  арқылы 
топқа  бөлу  және 
суреттердің 
-
 
Тақырыпқа 
сай 
ереже 
шығарады. 
-
 
Сұрақтарға 
нақты 
жауап 
Топтық, 
жеке 
жұмыс, 
диалогтік  оқыту 
(зерттеу, 
әңгімелесу), 
«Бәрі 
менің 
қолымда» 
стратегиясы 
бойынша  рефлексия 
жасай 
отырып 
Осы  тақырып 
бойынша 
бұрынғы  алған 
білімін 
еске 
түсіреді 
Қазақ тілі. 6 
сынып, 
Авторы: 
Тұрсынова 
Г.Т., 

79 
 
мағынасын  ашу 
арқылы 
тақырыппен 
сабақтың 
мақсатын 
ашу. 
әдебиет 
теориясынан  
білімдерін 
кеңейте 
отырып,пікіртал
ас 
тудыруда 
тақырыптың 
негізгі  идеясын 
ашу  барысында 
бұрынғы 
білетіндерін  еске 
түсіре  отырып, 
біріккен  сөздер 
туралы тереңірек 
түсінік беру. 
береді.  
-
 
Ынтымақтаст
ықта 
жұмыс 
істейді; 
-
 
 Оқиды, 
жазады  зерделей 
сол 
арқылы 
білімі 
шыңдалады; 
-
 
Түсінеді; 
-
 
 Ізденеді; 
-
 
 Талдайды; 
-
 
 Орындайды; 
-
 
 Бағалайды. 
 
АКТны  қолдану 
(интерактив 
тақта), 
венн 
диаграмма  
бағалау: 

  Бас  бармақ-`«Бұл 
тақырып  бойынша 
әлі  ізденіс  керек  »,  

  Сұқ  саусақ  –  «Бұл 
нұсқаулар  бойынша 
нақты 
нұсқаулар 
берілді»,  

 
Ортан 
терек- 
«Маған 
бұл 
ұнамады»,  

  Шылдыр  шүмек  –
«психологиялық 
эстафета»,  

 Кішкентай бөбек – 
«маған  бұл  жерде 
жетпеді».  
Алақанға 
ортақ 
ойды келтіріңдер   
 
Қайта 
қарастыру 
барысында 
тақырыпты 
кеңінен 
түсінеді 
Постер 
жасауда 
тақырыптың 
мәнін ашуда әр 
түрлі  тәсілдер 
қолданады 
және 
өз 
ойларын 
талдап 
жинақтап 
бірін 
бірі 
бағалайды 
Қасымбек 
А.А., 
Такишева 
А.Ж., 
Шыныбаева 
А.К. 
«Арман 
ПВ» 
баспасы,200
9. 
интерактивт
і 
тақта, 
оқушы 
презентация
лары,  тест, 
АКТ  Кесте 
(Біріккен 
сөздер) 
 
«Сөз  құрамы.»  және    «Түбір  мен  қосымша»  тақырыбын  өткен  кезімде  кедергілер  де 
болды,бірақ мен осы сабақ кезіндегі оқушылардың белсенді іс әрекеттеріне тоқталғым келіп 
отыр. Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларды тақырыпқа сай топқа бөлдім. 
Топқа бөлу кезеңінде « Миға шабуыл » стратегиясын пайдаландым. 
Осы  орайда  оқушыларға    «Осы  берілген  топ    атауларының  бүгінгі  сабаққа  қатысы 
қандай екенін ойланып отырыңдар» дедім. Содан соң тақырып пен  сабақтың мақсатын ашу 
үшін  оқушыларға  тақырыбымызға  байланысты  суреттер  көрсетіп,  «Ассоцияция»  құру 
барысында интербелсенді тақтадағы мәліметтер мен суреттерге  қарап,  «Лездеме сұрақтар» 
қойдым. 
«Лездеме сұрақтар» бойынша  «Ассоциация  » стратегиясын қолдандым және балалар 
түбір  және қосымша туралы 5  - сыныпта өткендіктен мнемоника  Loci  әдісін (еске түсіру) , 
демонстрация  жасау  (ақпараттық  коммуникациялық    технология),талқылау,  топтық  әңгіме  
(диалогтік  оқыту)  әдістерін  пайдаландым.  Оқушылар  өзара  жұппен  және  топпен    талқылап 
бір-бірімен пікірлесе отырып ойларын жинақтап бір нақты шешімге келіп, 2-3 минут ішінде  
олар  өзара    ойласа  отырып  бір  шешімге  келіп  нақты  жауаптар  берді.  Қалдықұл  Б  деген 
оқушы «Бүгінгі тақырыбымыз «Сөз құрамы» туралы біз бүгінгі сабақта түбір және қосымша 
туралы сабақ өтеміз. Біз бүгінгі сабақта түбірге қосымша жалғау арқылы жаңа сөз жасаймыз  
және  оны  түрлендіру  барысында  өзіміздің  білетін  мәліметтерімізге  қоса    қосымша  толық 
мәліметтер  аламыз.  Демек  біз  бастауыш  сыныпта  және  5-  сыныпта  алған  біліміміз  еске 
түсіріп,  өтілген  тақырыптарға  қысқаша  шолу  жасап  өтеміз»  деп    толық  әрі  нақты  жауап 
берді. 
«Жаңа  сабақты  бастамас  бастауыш  сыныпта  және  5-  сыныпта  алған  біліміміз  еске 
түсіріп, өтілген тақырыптарға тоқталып өтсек» деген ұсыныс жасаған кезімде оқушылар әр 
топ  бойынша  жинақталып,  уақытты  үнемдей  отырып  өздері  жинаған  мәліметтерін  және 
оқулықтағы мәліметтерді қоса отырып постер жасап,өз постерлерін қорғады. Оқушылар жан 
жақты  ізденіп  ғаламтордан  тапқан  мәліметтерін  де  кеңінен  пайдаланды.  Осы  кезеңде 
байқағаным  тақырып  туралы  мәліметтерімен  бөлісіп,  жан  жақты  тереңдете  дайындалған 
оқушылар: Қалдықұл Б, Кулданова Ж, Атаубаев С сынды оқушылар ғаламторды пайдаланып 
көптеген  деректер  жинап,  өз  ойларымен  бөлісіп  топта  ерекше  көзге  түсті.Осы  жерде  өзі 
мінезі  тұйық  алдынғы  дәстүрлі  сабақтар  кезінде  сабаққа  толық  қатыспай,  шет  қалып 
отыратын  Жолдасов  А    деген  оқушымыздың  белсене  қатысқанына  таң  қалып  ерекше 

80 
 
әсерлендім.  Ол  өзі  тақырыпқа  байланысты  мысалдар  мен  өз  пікірін  ерекше  көңіл  күймен 
жеткізуге тырысты. 
 Осы  орайда  «Сұрақ  қою»  стратегиясына  сүйеніп,  жаңа  сабаққа  кіріспе  ретінде 
балаларға  «Түбір  және  қосымша  дегеніміз  не?»  деп  сұрақ  қойдым.  Түлкібаева  А  деген 
оқушым  осы  сұраққа  өзгелерден  еркшеленіп  ережені  мысалдарымен  қоса  дәлелдеп  айтып 
берді.  Білетін мәліметтеріне сүйене отырып, тірек сызбалар арқылы тақтада өз ойын жеткізді 
осындай дәлелдемелерді оқушылар дәптерге түртіп алып отырды. Осы орайда «Ой қозғау», 
«Миға шабуыл»  және «Түртіп алу» әдістерін пайдаландым  және өз ара талдау барысында 
оқушыларға  бағалау  парағын  таратып  бердім.Бағалау  парағына  оқушылар  өзін  өзі  реттей 
отырып, сабақтың әр бір кезеңдеріне сәйкес өз білімдерін бағалайды. 
Бекіту  кезеңінде  топтарға  «  Топ  атаулардың  бүгінгі  сабаққа  қатысы  қандай  екенін 
ойланып отырыңдар  деген едім, осы атаулар неге байланысты екен? » деп сұрақ қойған кезде 
Атаубаев  С.  деген  оқушы  сыни  тұрғыда  саралап  ойлана  келе    «Топ  атаулары  сөзжасам 
саласының түрлеріне ұқсастырып жасапсыз, демек біз алдағы уақыттағы сабақтарда осы топ 
атауларына  сәйкес  тақырыптар  өтеміз  және  осы  тақырыптарды  өту  барысында  сөз  құрамы 
немесе сөздің жасалу жолдары туралы кеңінен мағлұмат аламыз» деп  ойға қонымды  жауап 
берді.  Осы  кезеңде  сыни  тұрғыда  ойлауды  және  зерттеушілік  және  топтық  әңгімені  тиімді 
пайдаландым.  Оқытуды  және  оқуды  бағалау  әдістерін  пайдаланып  бағалау  парғына  өз 
бағаларын  қоюды  ұмытып  кетпеулерін  қадағалап  отырдым  және  «Екі  түрлі  түсініктеме 
күнделігі» стартегиясын қолдану барысында оқушылар оқулықпен жұмыс жасап, сол арқылы 
өздеріне  таныс  емес  осы    тәсілді  пайдалануда    сөздік  қоры  молайып,  ойлау  қабілетін 
дамытып, кері байланыс орнату арқылы сабақты қорытындылады 
Бағалау кезеңінде оқушылар білімдерін бағалау парағы арқылы бағалайды.  
Мен  формативті  бағаларын    тексере  келе  өз  ойыммен  қоса  қорытып  жиынтық 
бағаларын қойдым. 
Сын  тұрғысынан  ойлау  –  оқу  мен  жазуды  дамыту  бағдарламасы.  Оқушыны 
мұғаліммен,  сыныптастарымен  еркін  сөйлесуге,  пікір  таластыруға,  бір-бірінің  ойын 
тыңдауға,  құрметтеуге,  өзекті  мәселені  шешу  жолдарын  іздей  отырып,  қиындықты  жеңуге 
баулитын  бағдарлама.Сыни  ойлауды  дамыту  технологиясының  дәстүрлі  оқытудан  басты 
айырмашылығы – білімнің дайын күйінде берілмеуі. Бұл жерде:  
o
 
Оқушы -  ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші 
o
 
Мұғалім-  әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы болып табылады. Осыған орай әр 
бір  сабақты  жоспарлағанда  өтілетін  сабақтың  кезеңдеріне  көңіл  бөліп,  оқушының 
қызығушылығын арттыра алатындай әдіс тәсілдерді тиімді пайдалана білу қажет. Сол кезде 
оқушылар: 
                                             Бағалайды 
             Жинақтайды 
     Талдайды   
                           Қолданады 
                    Біледі және түсінеді 
Осы сабақты өткізген соң 1994 жылы Роджерстің оқушылардың басты тілектері ретінде 
анықтаған  зертеулеріне  сүйене  отырып,    өз  сабақтарымда  пайдаланған  жаңа  әдіс  -  тәсілдер 
арқылы зерттеулер нәтижелеріне жалпы шолу жасап өтсем: 

 
 Оқушылар  өздеріне  сенгенді  және  құрметтегенді  қалайтынына  және  мұғалімнің 
өздеріне деген қамқорлығын сезінгісі келеді, көмектесуге деген ниетін, оларды кейін қалушы 
емес, үлгеруші ретінде көргісі келетінін білдіргенін қалайтынына көз жеткіздім.  

 
 Оқушылар рұқсат беруді емес, еркіндікті, мақсатқа қол жеткізу үшін өз ойын айту 
еркіндігін қалады.  

 
 Оқушыларға  жауапкершілік  алу  мүмкіндігі  беріліп,  олар  оқыту  туралы  шешім 
қабылдауда белсенді қатысушы болады 

 
 Оқушылар өздігінше таңдау жасап, дәрежеде өз оқуын басқаруы байқалды.  
Егер мұғалім осы жайттардың бәрін ескеріп:  

81 
 

 
 әр бір сабағына тыңғылықты дайындықпен келсе

 
 сыныптағы оқушылардың әрқайсысына ерекше көңіл бөлсе; 

 
 жай ғана «оқушы» деп қарамай оқушыға жеке тұлға ретінде көңіл бөлсе;  

 
 өз орнымен мақтап, мадақтап , қолпаштап отырса 

 
ойын еркін жеткізуіне мүмкіндік берсе оқушылардың білім алуға деген құштарлығы 
артып, оқуда белсенді бола алар еді. 
 
 
ӘОК 37.013.2 
 
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН  
ЕНГІЗУДІҢ ТИІМДІ ЖАҚТАРЫ 
 
Далабаев Азат Оралбайұлы 
Жетісу орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, Алматы облысы, 
 Ескелді ауданы, 
jetisu-jetisu@mail.ru
 
 
Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев  әрбір  жылғы  халқына  арнаған  жолдауында:  «жедел  дамып 
келе  жатқан  ортада  өмір  сүруге  қабілетті;  ұлттық  тілді,  тарихты  жетік  меңгерген,  отандық 
мәдениетті  бойында  қалыптастырған;  шығармашылығы  дамыған  жеке  тұлғаны 
қалыптастыру» деп атап өткен болатын. 
Бүгінде  білім  -  қоғамның  әлеуметтік-экономикалық,  интеллектуалдық  және  рухани 
дамуының  стратегиялық  бағдары  ғана  емес,  сонымен  қатар  біздің  қоғамымыздың 
қауіпсіздігінің кепілі. 
Оқытудағы  жаңа  технология  аса  қажетті  педагогикалық  мәселелердің  шешімдерін 
табуға,  ой  еңбегін  арттыруға,  оқу  процесін  тиімді  басқаруды  қамтамасыз  етеді.  Жаңа 
технологияларды  оқыту  үрдісінде  қолданудың  негізгі  ерекшелігі  ол  оқытушылар  мен 
оқушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасауға көп мүмкіндік береді 
және оны педагогикалық мақсатта пайдалану оқушылардың зердесіне, сезіміне, көзқарасына 
әсер ете отырып оның интеллектуалдық мүмкіншіліктерін арттыруға көмектеседі. 
Дене  тәрбиесінің  әлеуметтік  жүйе  және  қоғамдық  құбылыс  есебінде  дене  тәрбиесі 
жүйесін,  оның  қалыптасуы  мен  дамуының  негізгі  заңдылықтарын,  оның  қызметі  мен 
құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан 
ұрпақтың  дене  тәрбиесін  қамтамасыз  ету  үшін  керек.  Дене  тәрбиесі  тек  мектептегі  дене 
шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс, мектептен де тыс денсаулыққа байланысты 
шаралар  жүйесі  екенін  ескерсек,  қазіргі  кезеңдегі  білім  беру  орындарындағы  дене 
тәрбиесінің  жүйесі  жастардың  денсаулықтарын  нығайтумен  қоса,  тұлға  бойындағы 
биологиялық-психологиялық  қажеттіліктердің  жан-жақты  жетілуіне,  өмірге  белсенді 
ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді. Мұндай маңызды әдістеме ғылыми 
және  оқу  пәні  ретінде  жетекші  рөл  атқаратын,  дене  тәрбиесі  саласындағы  кәсіптік  бағытта 
болашақ  мұғалімдерді  дайындауды  жүзеге  асыратын  жоғары  оқу  орындарындағы  оқыту 
жүйесіне  тікелей  байланысты.  Қазіргі  кезеңде  жалпы  орта  мектептердегі  оқу 
бағдарламаларын  құрастыру  бағыт-бағдары  өзгерді.  Алайда,  бұлардың  бәрінде  мектеп 
оқушыларын  қайда  оқитындығы  ескерілмейді,  олардың  меңгеруі  тиіс  негізгі  дағдылар  мен 
қабілеттер,  оқу  нормасын  тапсыруға  арналған  шарттар  көрсетілген.  Денені  шынықтыру 
жаттығуларының  орындалуы  қозғалыс  дайындығының  деңгейі  туралы  мәлімет  береді. 
Дегенмен, бұл  бағдарламалар базалық,  үлгілік сипатқа ие, сондықтан оларды әрбір  педагог 
жергілікті  жағдай  мен салт-дәстүрлерге  орай  өзгертулер  мен  толықтырулар  енгізіп,  өзгерте 
алады.  Дене  тәрбиесі  мәселелерін  шығармашылық  тұрғыда  шешуге,  өзгермелі  өмір 
жағдайында  инновациялық  процестер  мен  жаңашыл  бағыттарды  дер  кезінде  меңгере 
отырып,  тәжірибеге  сын  көзбен  қарап,  дене  тәрбиесі  міндеттерін  жүзеге  асыруға  белсенді, 
салауаттылық пен дене мәдениетін меңгерген маман даярлаудың маңыздылығы артуда. 

82 
 
Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық 
құндылық  қағидаларымен  сабақтастыра  зерттеу  –  бүгінгі  күн  талабынан  туындап  отырған 
педагогика  ғылымының  міндеттерінің  бірі.  Дене  тәрбиесінің  мәнін  бүгінгі  жаңа  заман 
талабына  сәйкес  қарастыру  –  бұл  адамды  өзі  өмір  сүрген  ортаның  жемісі  ғана  емес,  сол 
ортадағы  дене  мәдениеті,  адамгершілік  қарым-қатынасы  әрекетімен  көрінетін  субъект  деп 
танылуымен  айқындалады.  Қоғамның  елеулі  өзгерістерге  түсуі,  адамның  мақсат-
мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект 
ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті  мен рухани 
құндылықтардың  табиғаты,  мәні,  шығу  тегі  және  атқаратын  қызметтері  туралы  жан-жақты 
зерттеу, оқушылардың дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста 
қарастыру 
қажеттігі 
біздің 
тақырыбымыздың 
өзектілігін 
айқындай 
түседі. 
Елімізде бәсекеге қабілетті білім – білім беру саласының ең басты міндеті болып отыр.  
Дамудың алдыңғы қатарындағы елдердің білім дәрежесімен теңесу – еліміздің біліми 
саясатының негізгі көздегені. Дамыған елу елдің қатарына енудің алғышарттарының бірі де 
осы сапалы да бәсекеге қабілетті білім. Сондықтан да еліміздегі мектептердегі білім берудің 
басты  ұстанымдары  мен  міндеттері,  әрекеттері,  жолдары  осы  мақсатқа  орай 
ұйымдастырылады. 
Мақсатқа  жетудің  түрлі  жолдары  бар.  Солардың  бірі  де  бірегейі  оқытудың  жаңа 
технологияларын пайдалану. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының (Астана, 
2000  жыл)  18-бабының  8-тармағында:  «Оқытудың  жаңа  технологияларын  сынақтан  өткізу, 
білім берудің жаңа мазмұнын енгізу үшін білім беру ұйымдарында эксперимент тәртібімен 
іске  асырылатын  білім  беру  бағдарламалары  әзірлену  мүмкіндігі»,  -  атап  көрсетілген  [1]. 
Осыған  орай  қазір  еліміздегі  көптеген  мектептерде  білім  берудің  жаңа  жүйесі  енгізіліп, 
әлемдік білім беру кеңістігіне бет алуда. Білімі мен ғылымы өз дәрежесінде дамыған елдер 
көш  бастап,  қашан  да  елдік  дамудың  кез  келген  саласында  озық  тұрары  сөзсіз.  Бізде  осы 
көштен қалмаудың қамын жасап бағудамыз. 
Жалпы  орта  мектептердегі  «Дене  тәрбиесі»  пәнінің  мақсаты  әлі  күнге  дейін 
толықтыруды  қажет  етеді,  осыған  орай  оның  ғылыми  негізделген  бағыт-бағдарын  жасау 
қажеттілігі  туындайды.  Осы  бағыттағы  ізденістердің  тиімдісі  дене  тәрбиесі  сабағында 
дәстүрлі  емес  оқыту  құралдарын  қолдануды  зерттеу  болып  табылады.  Дене  тәрбиесі  өсіп 
келе  жатқан  жас  ұрпаққа  білім  мен  тәрбие  беру  саласының  бір  тармағы  болып  табылады 
және  ол  жеке  тұлғаның  жан-жақты  дамуына,  күшті  де  қуатты  болып  өсуіне,  ұзақ  уақыт 
шығармашылық  еңбекке  жарамды  адамды  қалыптастыруға,  оны  Отан  сүйгіштікке 
дайындауға қызмет етеді. 
Республикамыздағы  білім  беру  саласында  және  әртүрлі  қолдану  салаларына 
байланысты  жаңа  бағыттағы  спорт,  дене  тәрбиесі  жүйесі  бойынша  мамандарға  деген 
сұраныстардың  артуы,  оларды  дайындаудағы  білімділігі  мен  қабілеттілігі,  біліктіліктің 
қазіргі  талаптарға  сай  болуы  өте  үлкен  маңызды  жұмыстарды  атқаруды  талап  етеді  және 
болашақ  педагогтардың  кәсіби  даярлығын,  білім  стандартына,  мазмұнына  сай  жетілдіру 
мәселелері көкейкесті мәселе болып отыр. Көрсетілген міндеттерді толық жүзеге асыру дене 
тәрбиесі жүйесіне тікелей байланысты. Дене тәрбиесін жүзеге асыру – денсаулықты нығайту, 
білім  беру,  дамыту,  тәрбиелеу  міндеттерін  шешуге  арналған  педагогикалық  жұмыстардың 
бірі бола отырып, жеке тұлғаның денсаулық деңгейін арттыру, табиғи күш-қуатын нығайту, 
дене  мүшелерін  гигиеналық  негіздері  мен  дене-  қозғалыс  қабілеті  мүмкіндіктеріне  сай,  өз 
бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап, өзін- өзі үнемі дамытып, көңілді де сергек 
жүруге баулиды. Болашақ ұрпағымыздың денсаулығының мықтылығы, салауатты өмір сүруі 
мектеп мұғалімінің жеке басымен оның жоғары оқу орнындағы теориялық жеке тәжірибелік 
дайындығының  дәрежесіне  тікелей  байланысты.  Осыған  орай  оқушылардың  дене  тәрбиесі 
жүйесін  жүзеге  асыру  жұмыстарын  ұйымдастыруға  болашақ  мұғалімдерді  даярлау  ісін 
кәсіби  дайындықтың  ажырамас  бөлігі  ретінде  қарастыру  керек.  Дене  тәрбиесі  және  спорт 
мамандары  күрделі  әлеуметтік  міндеттерді  шешуге  араласумен  бірге  оқушылардың 

83 
 
психологиялық  ерекшеліктеріне  сай,  оқу-тәрбие  міндеттерін  шешуде  олардың  рухани 
жетекшісі де болуы тиіс [2]. 
Оқушыларға  дене  шынықтыру  сабақтарында  жаңа  технологияны  пайдалану  оқыту 
мен тәрбиелеудің жалпы заңдылықтарына бағынған. Сондықтан оны іске асыру барысында 
дене  тәрбиесінің  жас  және  жыныстық  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  осы  заңдылықтарды 
көрсететін  жалпы  педагогикалық  ұстанымдарды  басшылыққа  алу  қажет.  Ол  ұстанымдарға 
жататындар:  жан-  жақтылық,  саналылық  пен  белсенділік,  бірте-бірте  жасалатын  әрекет, 
қайталамалық, көрнекілік, жеке даралық. 
Оқу үдерісінің үздіксіздігі негізгі үш қағидаларда көрініс тапқан: 
а) оқу-тәрбие үдерісі көп жылғы және жыл бойындағы сипатқа ие болуы тиіс
ә)  сабақ  барысында  әрбір  келесі  сабақтың  әсері  алдыңғы  сабақтың  ізінше  қатпарлы 
әсер  қалдыруы  тиіс,  себебі  жас  оқушының  ағзасында  алдыңғы  сабақтардың  әсерінен  пайда 
болған жағымды өзгерістер беки түсуі және жетіле түсуі қажет; 
б) демалыс жұмыс қабілетін қалпына келтірудің арта түсуі үшін жеткілікті болуы тиіс. 
Дене  жүктемелерін  бірте-бірте  және  жоғары  деңгейге  арттыру  ұстанымы  олардың  көлемі 
мен  қарқындылығының,  оқушыны  дайындауға  қойылатын  талаптардың  бірте-бірте 
күрделенуінің үздіксіз арта түсуімен байланысты болып келеді.  
Сабақтарды  бір-бірте  күрделендіру  оқушыны  дайындаудың  мүмкіндіктері  мен 
деңгейлеріне сәйкес келіп, олардың спорттық жетістіктерінің үздіксіз арта түсуін қамтамасыз 
етуі  тиіс.  Дене  жүктемелерінің  толқынды  түрде  өзгеру  ұстанымы  олардың  динамикасының 
толқынды сипатын көрсетеді, себебі ол салыстырмалы алғанда оқу – тәрбие үдерісінің кіші-
гірім үзіндісіне, немесе сабақтардың кезеңдері мен тұтас бір дәуіріне де тән болуы мүмкін. 
Спорттық  техника  мен  оны  жаңа  тұрғыда  жетілдіруге  үйрету  әдістерінің  кез-келген 
түрінің  жағымды  жақтары  бар,  бірақ  ол  жеке  қалпында  шапшаң  әрі  тиімді  үйретуді  толық 
қамтамасыз ете алмайды, сондықтан спорттық техниканы меңгеру барысында барлық әдістер 
бірін-бірі  толықтыратын  түрде  қолданылады.  Олар  жиірек  бір  уақытта  пайдаланылады. 
Қимыл-қозғалыстарды  белгілі  реттілікте  игеру.  Атап  айтқанда:  дайындалып  жүрген 
оқушылардың  оқуға  деген  жағымды  ынтасын  қалыптастыру;  қозғалыс  қимылының  мәні 
туралы  білімді  қалыптастыру;  әрбір  спорт  түрлері  бойынша  үйренетін  қозғалыстар  туралы 
толық түсінікті қалыптастыру; үйренетін қозғалыс қимылын тұтастай игеру. Сөйтіп, қимылға 
үйрету  дегеніміз  -  бұл  білім  алу,  қозғалыс  икемділігін  қалыптастыру  және  тиісті  дене 
жағынан қалыптасудың қасиеттерін тәрбиелеу [3]. 
Талдау,  жалпы  білім  беру  мектептерінде  оқу-тәрбие  үдерісін  ұйымдастыру  мен 
басқаруға  білім  беру  мен  спорттық  мекемелерге  тән  құрылымдар  -  мақсат,  жалпы  және 
арнайы (арнайылық) міндеттер, әдістер мен қағидалар, оқу кеңістігінде жүзеге асатын, нақты 
бағыттылығы  бар,  оқу  материалының  теориялық  және  тәжірибелік  мазмұны  кіретінін 
көрсетті.  Оқушы-спортшының  осы  білім  беру  кеңістігіндегі  таңдаған  жолының  басы, 
мектептегі оқу мерзіміндегі бастапқы кезеңнің де нақты құрылымы немесе мазмұны болады.  
Дене  тәрбиесі  сабағында  оқытудың  дәстүрлі  емес  құралдарын  қолдану  барсында 
оқушылардың  дене  тәрбиесін  дамыту  технологияларын  жетілдіруге;  дене  тәрбиесі 
сабақтарында  оқушыларды  адамгершілікке  тәрбиелеуге,  дене  тәрбиесі  арқылы  жеке 
тұлғаның  психофизиологиясын  өзгеруге:  өзін-өзі  реттеуін  қалыптастыру;  дене  тәрбиесі 
сабақтарын  пәнаралық  байланыс  арқылы  жетілдіру;  дене  қабілетін  рухани  құндылықтар 
арқылы  дамыту;  релаксация  арқылы  жеке  тұлғаның  психофизиологиялық  қабілеттерін 
дамыту; психикалық қуат мүмкіндіктері мен дене тәрбиесін сабақтастырып дамытуға т.б. қол 
жеткізуге болады. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Қазақстан - 2030.- А.: Ден саулық, 2005.- 140 б. 
2.
 
"Қазақстан-2050"  стратегиясы-қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты: 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  -  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына 
Жолдауы // Егемен Қазақстан. - 2012. - 15 желтоқсан. 

84 
 
3.
 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына 
Жолдауы.  2012  жыл,  14  желтоқсан.  «Қазақстан  –  2050»  стратегиясы  –  қалыптасқан 
мемелекеттің  жаңа  саяси  бағыты  /  Послание  Президента  Республики  Казахстан  –  Лидера 
Нации  Н.А.Назарбаева  народу  Казахстана.  14  декабря  2012  года.  Стратегия  «  Казахстан  – 
2050»: новый политический курс состоявшегося государства.- Петропавл, 2012.- 176 б. 
 
 

1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   48


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал