Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет1/48
Дата11.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48


 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ  
I.ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 
 
МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 
ЖЕТЫСУСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ 
И.ЖАНСУГУРОВА 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНЕ 
ЕНДІРУ – САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» 
 
дәстүрлі аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция  
МАТЕРИАЛДАРЫ 
16-17 қаңтар 
 
 
 
 
 
МАТЕРИАЛЫ  
региональной научно-методической конференции 
 
«ВНЕДРЕНИЕ ИННОВАЦИОННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ В 
ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ  ПРОЦЕСС – ОСНОВА КАЧЕСТВЕННОГО 
ОБРАЗОВАНИЯ» 
16-17 января 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ТАЛДЫҚОРҒАН - 2015  
ТАЛДЫКОРГАН - 2015 


 
УДК 37.0   
ББК 74.04 
И 67 
 
 
 
         Редакция  алқасы:  Ә.Е.Бектұрғанов  (бас  редактор),  М.Т.Кантуреев  (бас 
редактордың орынбасары), Е.Б.Мукажанов, Х.Т.Наубаева. 
 
            И 67   «Инновациялық технологияларды білім беру процесіне ендіру- 
сапалы білім негізі» дәстүрлі аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция 
материалдары: казақша, орысша. Талдықорған: І.Жансүгіров атындағы Жетісу 
мемлекеттік университеті. 2015. 362 бет 
ISBN  978-601-216-278-8 
 
  
 
 
 
УДК 37.0   
ББК 74.04 
 
 
 
 
 
 
          Жинак материалдары докторанттарға, магистранттарға, студенттерге және 
ғылыми мәселелермен айналысатын окырмандарға арналған. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ISBN  978-601-216-278-8 
 
 
 
 
© І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, 2015 


 
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры,   
ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының (ҰҒА) корреспондент мүшесі,  
з.ғ.д., профессор Ә.Е.Бектұрғановтың  
АЛҒЫ СӨЗІ 
 
 
 
Құрметті әріптестер, конференцияға 
қатысушы қонақтар! 
  
І.Жансүгіров  атындағы  Жетісу 
мемлекеттік 
университетінде  
«Инновациялық 
технологияларды 
білім  беру  процесіне  ендіру  –  сапалы 
білім  негізі»  атты  аймақтық  ғылыми-
әдістемелік 
конференциясын 
өткізу 
дәстүрге айналып отыр. Өздеріңіз жақсы 
білесіздер  өндірістің,  экономиканың, 
әлеуметтің  қай  саласында  болмасын 
инновациялық  негізде  ізденіп  қызмет 
етпесе, елімізде  ілгері даму болмайды. 
Инновация  оқу-тәрбие  процесінің 
ағымы 
мен 
нәтижесін 
жақсартуда  
педагогикалық  жүйедегі  өзгеріс  десек, 
қазіргі  уақытта  инновация  деп  көбінесе 
жаңа  технологияларды,  әдістер  мен 
құралдарды  жасау  және  оны  қолдануды 
айтамыз. Сондықтан оқыту мен тәрбиедегі жаңа технология инновациялық идеяларды енгізу, 
жаңарту нысаны болып табылады. 
 Елбасымыздың Қазақстан ғылымы мен білімінің әлемдік беделін арттыру жолындағы 
қамқорлығы  қазіргі  таңда    өз  нәтижесін  беруде.    Биылғы  «Нұрлы  жол  –  болашаққа  бастар 
жол»  атты  халыққа  Жолдауында  индустрияландыру  бағдарламалары  негізінде  жоғары 
білімді  мамандар  даярлауға  көңіл  бөліп,  жоғары  оқу  орындарының  алдына  үлкен  мақсат  -
міндеттер қойып отыр.  
Оның  бірі  -  бүгінгі  күні  өзіміз  көтеріп  отырған    инновациялық  оқыту  технологиясы 
арқылы  оқу  мен  тәрбие  жұмысын  дамыту.  Елдің  әлеуметтік  -экономикалық  жағдайын 
жақсарту  бағытында  жеке  тұлғаға  жүйелі,  нақты  білім  беру.      Алайда,  инновациялық 
педагогикалық технологияларды  қажетті деңгейде қолдану және осы арқылы жеке тұлғаның 
білім  деңгейін,  шығармашылық  қабілетін  қоғамдық  сұранысқа  сай  қалыптастыру    барлық 
білім  беретін  мекемелердің  дағдылы  ісіне  айнала  қойған  жоқ.  Әлі  де  болса  кейбір 
оқытушыларымыз  оқыту  үрдісін  ұйымдастыру  мен  жүргізуде  оқытудың  дәстүрлі  әдістері 
мен тәсілдерін пайдаланумен шектеліп келеді.   Осы тұрғыда бүгінгі ұйымдастырып жатқан 
семинарымыздың берері,  айтар жаңалығы, үйретер тәсілі, жинақтар тәжірибесі  мол болады 
деп сенемін.      
Жалпы, инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану оқу процесін сапалы 
түрлендіруге,  жаңашыл  жобаларды  енгізуге,  оны  тиімді  басқаруға  негіз  болып,  әрбір  білім 
мекемесінде  өзіндік  даму  жолын  табуға,  әрбір  мұғалімге  өзінің  әдістемелік  жүйесін  құруға 
септігін  тигізетінін  күнделікті  көріп  жүрміз.  Сондықтан  оқытудың  инновациялық 
технологияларын  оқу  орындарының  практикасына  белсенді  түрде  ендіру  қажеттілігі  күн 
санап артып отыр.  
Құрметті  әріптестер!  Өздеріңіз  жақсы  білесіздер,  Елбасы  биылғы  Жолдауын 
жылдағыдан  ерте  жариялап,  жыл  басынан  Жолдауда  көрсетілген  бағыттар  бойынша  іске 


 
кірісуді талап еткен болатын. Ел болашағы жастардың бойына отаншылдық қасиетті сіңіріп, 
жаңа қазақстандық патриотизмде тәрбиелеуді мақсат етіп отыр.  
Тәуелсіз Қазақстанның біз бағалауға тиісті құндылықтары көп. Соның бірі әрі бірегейі 
– Тәуелсіздік ұғымы. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы:  «Қазақстанның тәуелсіздігі  деген өте  
қасиетті ұғым. Бабалардың аңсағаны біздің буынның бақытына келді. Оны сақтау бәріміздің 
азаматтық парызымыз. Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың 
мемлекеттілігінің  тарихы  сол  кезден  бастау  алады»  -  деуі  көп  дүниені  аңғартады.  Бүгінде 
ғаламды  мойындатқан    қазақ  елі  осыдан  550  жыл  бұрын  іргетасын  қалаған  сол    қазақ 
хандығының заңды жалғасы екендігін жас буын жүрекпен сезінуі тиіс.  
Сонымен  қатар  тәуелсіз  елдің  басты  айғақтарының  бірі    Есім  ханның  ескі  жолы, 
Қасым ханның жолы, Тәуке ханның жеті жарғысының  бүгінгі үлгісі Тәуелсіз Қазақстанның 
Ата заңына да 20 жыл толады. Бұл елдіктің, адами құндылықтың, бірліктің, берекенің кепілі. 
Конституцияны қастерлеу әр азаматтың қасиетті борышы.  
Елбасының  тағы  бір  ерен  еңбегінің  бірі    130-дан  астам    ұлттардың басын  біріктіріп, 
бір  шаңырақтың  астына  жиюы.  Елімізде  құрылған  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  өзге 
елдерге, мемлекеттерге үлгі көрсетіп қана қойған жоқ, бірліктің қазақстандық бірегей үлгісін 
қалыптастырды.  Бүгінде  сол  Ассамблеяның  құрылғанына  20  жыл  толды.  Осы  жерде  айта 
кеткен  жөн  болар,  Ассамблеяның  20  жылдығына  орай  университетте  «Қазақстан  халқы 
Ассамблеясы» кафедрасы құрылып, жұмыс істеуде.  
Биылғы  жыл  тарихи  құндылықтарға  толы,  ұлт  мүддесін  ұлықтайтын  берекелі  де 
мерекелі  жыл.  Сондықтан  Елбасы  бастамасын  қолдап,  ерекше  ынтамен  аталған  Қазақ 
хандығының  550  жылдығын,  Ата  заңымыздың  20  жылдық  мерейтойын,  Қазақстан  халқы 
Ассамблеясының 20 жылдығын атап өту, атап қана қоймай жас буынның жадында жаңғырту, 
жүректеріне  ұялату  біздің,  әсіресе,  білім  саласындағы  азаматтардың  басты  міндеті  деп 
ойлаймын.  Жаңашылдыққа  ұмтылған  жаһандану  уақытында  осындай  құндылықтарымыз 
арқылы елдігімізді еңселі, тәуелсіздігімізді тұғырлы ете аларымыз хақ. 
2015  жыл  да    білім  беру  саласындағы  инновациялық   тың  жобалардың  туындауына 
мүмкіндік беретін жыл болады деп сенемін.  Сондықтан, қай салада болмасын өз ісіне берік, 
білімді, бәсекелестікке қабілетті жаңалықтар әкелетін сапалы мамандар қажет.   
Бүгінгі  біздің  конференциямызда  оқылатын  баяндамалар,  айтылатын  пікірлер, 
жарыссөздер  отандық  білімді  инновациялық  тұрғыда  дамытып,    ғылыми  негіздеп,  жаңа 
технологиялық әдістерді оқыту процесінде қолдануда тың шешімдерге әкеледі деп сенемін.  
Баршаңызды белсенділік танытуға шақырамын. Конференция жұмысы сәтті өтсін! 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
УДК 574:37.015.3(045) 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ 
ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ 
 
Абатаева О.Н. 
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі" КММ, Oraz2307@mail.ru 
 
Бастауыш  білім  –  үздіксіз  білім  берудің  баспалдағы.  Бастауыш  саты  -  бұл  оқушы 
тұлғасы  мен  санасының  қарқынды  дамитын  құнды,  қайталанбайтын  кезеңі.  Сондықтан 
бастауыш мектеп - оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. 
  
Елбасы Қазақстан халқына жолдауында бүкіл дүниежүзі елдері арасындағы алдыңғы 
50 мемлекеттің бірі болу мақсатында: бәрі де мектептен басталады. Егемен еліміздің тірегі – 
білімді  ұрпақ.  Білім бастауы  –  бастауыш  мектептен  берілетіні  айқын.  Осыдан  да  бастауыш 
мектепте  әр  түрлі  пәндер  тоғысып,  оқушы  білімін  дамытып,  келбетін  сомдауға  үлес 
қосатынын  ескерген.  Мұғалімнің  негізгі  ұстанған  мақсаты  -  білімнің  жаңа  үлгісін  жасап, 
белгілі  бір  көлемдегі  білім  мен  білік  дағдыларын  меңгерту,  оқу  мен  тәрбие  үрдісін 
ұйымдастырудың сан түрлі  жаңа әдіс  - тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабаққа 
тиімді пайдалана білуі, бір сөзбен айтқанда - оқу үрдісін дамыту. 
Жаңа  технологияны  жүзеге  асыру,  тиімділігіне  қарай  пайдалану  үшін,  әр  мұғалім 
өзінің  алдында  отырған  оқушыларының  жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  педагогикалық 
мақсат  -  мүддесіне  байланысты,  өзінің  шеберлігіне  байланысты  таңдап  алады.    Жаңа 
технологияны  жүзеге  асыруда  мұғалім  белсенділігі,  шығармашылық  ізденісі,  өз 
мамандығына  деген  сүйіспеншілігі,  алдындағы  шәкірттерін  бағалауы  ерекше  орын  алады. 
Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі - жаңа технология негіздері болып 
табылады. 
 Бұл  үшін  мұғалімдердің  инновациялық  іс  -  әрекеттің  ғылыми  -  педагогикалық 
негіздерін  меңгеруі  мақсат  етіледі.  Ал  жаңа  технологияны  пайдалану  міндетті  деңгейдегі 
білімді  қалыптастыра  отырып  мүмкіндік  деңгейге  жеткізеді.  Сондықтан  бастауыш  сынып 
мұғалімдерінің  біліктілігін  көтеру  мен  шығармашылық,  педагогикалық  әрекетін 
ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгерудің маңызы зор. Оқытудың 
жаңа  технологиясы  дегенде,  ең  алдымен,  педагогикалық  технология  деген  ұғымды  түсіну 
керек.  Оқыту,  білім  беру  тәжірибесі  педагогикалық  үрдістің  сапасын  үнемі  арттырып 
отыруды  талап  етеді.  Осыған  байланысты  ғылым  мен  тәжірибеде  педагогикалық  үрдістің 
сапасын  көтерудің  бай  тәжірибесі  жинақталған.  Технология  сөзі  /  techne  -  өнер, 
шығармашылық, logos - ілім / 
Педагогикалық  технология  терминінің  анықтамаларын  көптеген  авторлар  өз  түсінігі 
мен өз санасында қалыптасқан көзқарастарын қалыптастырған. Педагогикалық технология - 
педагогикалық  мақсатқа  жету  үшін  пайдаланатын  барлық  дара  инструменталдық  және 
методологиялық құралдардың қолдану ретімен жиынтық жүйесін білдіреді. 
Инновациялық технология нәтижелері: 
1. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі. 
2. Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады. 
3. Олардың әрқайсының деңгейін анықтай аламын. 
4. Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аламын. 
5.Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретемін. 
6.Оқушылардың  қабілеттері,  сөз  саптау  еркіндігі,  ұйымшылдығы,  шығармашылық 
белсенділігін арттырамын. 
7. Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген кәсіби 
сенімін қалыптастырамын. 
8. Оқушы өзіне және өзгеге баға беруге машықтанады.. 


 
        ҚР  «Білім  туралы»  Заңында  «Білім  беру  жүйесінің  басты  міндеті  –  ұлттық  және 
азаматтық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика  жетістіктері  негізінде  жеке  адамды 
қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған. Бұл міндеттерді шешу үшін мұғалімнің 
күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге жол ашады.  
Сондықтан  сабақ  барысын  жаңаша  ұйымдастыру  қажет.  Оқушының  пәнге  деген 
қызығушылығы мен ынтасын арттыру керек деп есептеймін. Осы мақсатта 2 сыныпта қазақ 
тілі пәнінен өткізген сабақ үлгімді ұсынамын. 
 
Қазақ тілі  2-сынып 
Тақырыбы: Сан есім
 
Оң 
жақ 
бағандағы 
тапсырмаларды 
құрастырушы 
мұғалімдердің есіне: 
I  кезең.  Төмендегі  «Көпір»  тапсырмаларын  оқушылар  үйде 
орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді. Мұғалім алғашқы 
5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін; б) алдыңғы тақырыптың III 
кезеңінің  үш  деңгейлік  тапсырмаларын  үйде  аяқтап  келу 
дәрежесін  тексергеннен  кейін  в)  «Көпір»  тапсырмаларын 
тексереді. 
«Көпір» 
Тапсырмалары 
өткен 
тақырыптар 
бойынша 
жаңа  сабақты  меңгеруге 
негіз  болатын  қайталау 
тапсырмалары 
«Қызыл» сөзі қай сөз табына жатады? 
Сын есім    2) зат есім  3) етістік 
Неліктен? 
Өйткені заттың сынын білдіреді. 
Қазақ тілінде неше сөз табы бар? 
Жауабы:  1) 3 
   2) 9 
  3) 4 
«Бес»   саны заттың несін білдіреді? 
Ж. Заттың   санын  білдіреді. 
II  кезең(топтық  жұмыс)  жаңа  сабақтытоптық  жұмыс  барысында  оқушылардың  өз  бетімен 
меңгеруіне  жағдай  жасау:  а)  оқушылар  төмендегі  «Білу»,  «Түсіну»,  «Талдау»,  «Жинақтау» 
тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен 
бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады. 
Теориясы: «Білу» 
(тақырып 
мазмұны 
бойынша 
кім?не?қандай?қалай? 
нені?қашан?не 
істеді 
сияқты сұрақтарға жауап 
беретін  толық  ақпарат 
іріктелінуі керек) 
Екі көзің не үшін керек? 
Жақсыларды көру үшін. 
Екі қолың не үшін керек? 
Елге көмек беру үшін. 
 
Бұл не? Өлең 
Қарамен жазылған сөздер қандай сұраққа жауап береді? 
Жауабы:   неше?сұрағына жауап береді. 
 
Бұл сөздер заттың  несін   білдіреді?  
 Заттың санын білдіреді.  
Сан  есімнің  екі  түрі  бар.  Олар  есептік    және  реттік  сан 
есімдер. 
 
 
 


 
Теориясы: «Талдау» 
(1.Салыстыр, 
2.Айырмашылығы 
неде? 
3.Ұқсастығы 
неде? 
4.Тақырыптың басты идеясын 
жаз  деген  тапсырмалар  болу 
керек. 
Немесе 
1-3 
тапсырмаларды 
Венн 
диаграммасы  арқылы  қамтуға 
болады.) 
Венн диаграммасын толтыр. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Теориясы: 
«Жинақтау»(Қорытынды 
шығар, анықтама бер, мазмұнды 
жүйеле,  кестені,  тірек  сызбаны, 
сөзжұмбақты  толтыр  немесе 
өзің  құрастыр  тағы  с.с.  басқа 
түрдегі  тапсырмалар  оқушының 
жоғарыдағы 
«тақырыптың 
басты 
идеясына»жазған 
жауабына қойылады) 
1.Ребусты шеш: 
Шешуі:   Елу 
Шешуіндегі шыққан сөзден сөйлем құра. 
2.Қай сөз табына жатады? 
Жауабы: сан есім 
Оқулықпен жұмыс (5 минут): төмендегі «Қолдану» және оқушының тақырып мазмұнына 
«Баға  беруі»  тәсілдеріне  сәйкес,  яғни  рефлексия  жасауға,  эссе  жазуға  арналған,  практика 
жүзінде бекіту тапсырмалары орындалады. Нәтижесі ауызша марапатталады. 
 
Практикасы: 
«Қолдану» 
(оқулықпен 
жұмыс 
жүргізу 
барысында 
тек 
қарапайым 
тапсырмалармен 
бекіту 
жүргізіледі.  Дайын  формулалар 
арқылы 
есептер 
шығару 
орындалады) 
Оқулықпен жұмыс 448- жаттығу. 
Жұмбақты  оқып,  жатқа  жаз.  Сан  есімді  тауып  астын 
сыз. 
 
Тоғыз белбеу, қос жібек, 
Екі мұрын, бір шүмек. 
Практикасы:  «Баға  беру»(Сен 
қалай  ойлайсың?не  істер  едің? 
деген  тапсырмалар  оқушыға 
жоғарыда  алған  білімін  (теория 
бойынша) 
және 
біліктілігін 
(практикасы  бойынша)  өмірдегі 
жағдаяттарды 
шешуге 
бағытталып қойылады) 
 
Сен қалай ойлайсың? 
100-ге дейінгі санда неше толық ондықтар бар? 
 
Жауабы: Тоғыз 
 
  III  кезең(кері  байланыс  –  бағалау  кезеңі):  Жеке  жұмыс.  Жоғарыда  меңгерген  мазмұнды 
үш  деңгейге  іріктеп    (әр  деңгейдің  білімділік,  біліктілік,  яғни  құзыреттілік  деңгейін 
анықтайтын  тапсырмалар)  оларды  біртіндеп  орындату  арқылы  балл  жинату  барысында 
оқушының  құзіреттілік  деңгейін  анықтап,  әділ  бағалау  жүзеге  асырылады.  Бұл 
тапсырмаларды  оқушылар  сабақтың  соңына  дейін  қалған  15  минуттың  12  минутында 
орындайды  +  3  минут  қорытынды  жасалады.  Қалған  тапсырмаларды  үйде  аяқтап  келеді. 
Қорытынды  балл  саны  дәстүрлі  бағаға  айналдырылып,  келесі  сабақтың  басында  сынып 
журналына қойылады, мониторингке тіркеледі. 
I деңгей (5 балл) 
Сын есім 
Сан есім 
Айырмашылығы неде? Сын есім-
заттың сынын,сапасын білдіреді. 
Сан есім заттың санын білдіреді

Ұқсастығы неде? Екеуі де сөз 
таптары. 


 
Теориясы: «Білу» 
(тақырып  мазмұны  бойынша 
кім?не?қандай?қалай? 
нені?қашан?не  істеді  сияқты 
сұрақтарға 
жауап 
беретін 
толық ақпарат іріктелінуі керек) 
1.Мына  сөздердің  ішінен  сан  есімдерді  тауып,астын 
сыз.. 
Дала, сана, үш, ұл,тоғыз , қыз,сегіз, сексен. 
2.Сан есімдерді қалай таптың
Ж.Сұрақ қою арқылы
3.Сан  есімдер  қанша?,  неше?,  нешінші?–сұрақтарына 
жауап береді. 
4.Нешінші? сұрағына жауап беретін сөздерді  жаз. 
Жауабы: үшінші, бесінші, сексенінші
5.Неше?,Қанша?  сұрақтарына  жауап  беретін  сөздерді 
жаз. 
Ж:   Бес,екі.  тоғыз,  үш,  алты 
Практикасы: «Қолдану» 
(II 
кезеңдегіге 
қарапайым 
тапсырмалар 
үлгісіндегі 
тапсырмалар)  
Оқулықпен 
жұмыс451-жаттығу.Тірек 
сөздер 
бойынша"Серуенде"тақырыбына  әңгіме  құра  және 
сөйлем ішіндегі сан есімдерді тап.  
Тірек  сөздер  :оқушы,серуен,  он  екі,  ұстап  алды,  құс, 
бір, қызық. 
II деңгей (5 балл + 4 балл = 9 балл) 
Теориясы: «Түсіну» 
(неге? 
неліктен?себебі?не 
үшін?сұрақтары 
оқушының 
жоғарыда  берген  жауаптарына 
оларды 
тереңдету 
үшін 
қойылады) 
 
1.Сан есімдердің қай сөз табымен байланысып тұр? 
Сызбамен көрсет 
Он                               саусақ 
 
Тоғыз                          аяқ 
 
Сегіз                           белбеу 
 
Бес                              тас 
Теориясы: «Талдау» 
(1.Салыстыр,  2.Айырмашылығы 
неде? 
3.Ұқсастығы 
неде? 
4.Тақырыптың  басты  идеясын 
жаз  деген  тапсырмалар  болу 
керек. 
Немесе 
1-3 
тапсырмаларды 
Венн 
диаграммасы  арқылы  қамтуға 
болады.) 
2.Бағандағы сөздерді салыстыр. 
 
 
 
 
 
 
 
               
Ұқсастығы: Екеуі де сөз таптары 
Айырмашылығы:  1.  Есептік  сан  есім        2.  Реттік  сан 
есім 
 
Практикасы: «Қолдану» 
(II 
кезеңдегіге 
қарапайым 
тапсырмалар 
үлгісіндегі 
тапсырмалар) 
Оқулықтағы 450 –жаттығу. Берілген сөздердің сан есім 
екенін дәлелде. 
  Бес, тоғыз, жетінші, отызыншы. 
Бұл- сан есім , өйткені----- 
III деңгей ( 9 балл + 3 балл = 12 балл) 
Үш 
Бес 
Үшінші 
Бесінші 


 
Теориясы: «Жинақтау» 
(Қорытынды 
шығаруға 
бағытталған: мазмұнды жүйеле, 
анықтама  бер,  кесте,  сызба, 
ребус 
шеш. 
Деген 
сөздер 
тапсырма 
шартында 
болуы 
керек) 
Сөзжұмбақты шеш. 
1.
 
Жанды сағат  
Айқай салады. 
2.
 
Сырты қызыл  
Іші тәтті. 
3.
 
Жерде туып көкте өледі. 
4.
 
Қанаты жоқ ұшады, 
Аяғы жоқ қашады. 
5.
 
Жылт –жылт етеді 
Жылғалардан өтеді. 
6.
 
Дегендей ешкім тимесін
Алыпты қадап инесін.  
7.
 
Өзі жап-жас мұрты бар, 
Ет пен сүтке ұмтылар. 
 
е 
с  е  к   
 
а  л  м 
а   
т  ү  т  і 
н 
 
ж  е  л 
с  у   
 
к 
і 
р  п  і 
 
м  ы  с  ы  қ 
 
 
 
Шешуіндегі   2 -3 сөздерден сөйлем құрап жаз. 
Практикасы:  «Баға  беру»(Сен 
қалай  ойлайсың?не  істер  едің? 
сияқты  тапсырмалар  өмірдегі 
жағдаяттарды 
шешуге 
бағытталып қойылады) 
1.
 
Сен қалай ойлайсың? 
Оңынан оқысаң да-сол сан, 
Солынан оқысаң да – сол сан. 
Ол қандай екі таңбалы сан? 
Жауабы : Қырық 
2.
 
Аптаның бесінші күні қалай аталады? 
Жауабы:  жұма–қасиетті күн. 
 
 


жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет