Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


"Ішің аяз,  ақ қырау, сыртың сұлу сарайсың" деген



жүктеу 2.82 Kb.
Pdf просмотр
бет8/8
Дата11.01.2017
өлшемі2.82 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8

 
75."Ішің аяз,  ақ қырау, сыртың сұлу сарайсың" деген 
өлең жолдарының   авторы 
А) Дулат                        
В) Орынбай 
С) Шортанбай 
Д) Шөже 
Е) Өске 
 
 
 

129 
 
76."Зар  заман  деген    –  ХІХ  ғасырда  өмір    сүрген  
Шортанбай  ақынның      заман  халін  айтқан    бір  өлеңінің  
аты" деп анықтама  берген зерттеуші 
А) В.Радлов 
В) Ы.Алтынсарин 
С) М.Әуезов                   
Д) С.Мұқанов 
Е) Ы.Дүйсенбаев 
 
77. Дулаттың  мысал  өлеңі 
А) "Шымшық пен бөдене"              
В) Шегіртке мен  құмырсқа" 
С) "Түлкі мен тырна" 
Д) "Бүркіт пен  қарға" 
Е) "Қарға мен  түлкі" 
 
78."Шортанбайдың  үш  зары  бар:  "Зар  заман",  "Бала 
зар", "Өлер зар" деп саралаған  зерттеуші. 
А) М.Әуезов 
В) С.Мұқанов                     
С) Қ.Жұмалиев 
Д) Е.Ысмайылов 
Е) Ы.Дүйсенбаев 
 
79."ХІХ  ғасырда    жасаған    ақындардың      шығарма-
ларында  қазақтың   кең даласына   түгел тараған бір өлең" 
деп С.Мұқанов  атаған  шығарма 
А) Махамбет "Жәңгірге" 
В) Махамбет. "Баймағамбетке" 
С) Шернияз. "Баймағамбет сұлтанға айтқаны"               
Д) Ыбырай Алтынсарин. "Кел,  балалар, оқылық" 
Е) Абай. "Қартайдың, қайғы ойладық,  ұлғайды арман" 
 
80.Баймағамбет сұлтанға: 
Үш қабат ақ  патшаға барып  келдің 
Жақсыны жаманменен танып келдің 

130 
 
Қызметің ақ патшаға  жаққаннан соң, 
Жанарал үлкен  шенді  алып келдің… –  
деп  сөйлеген ақын 
А) Махамбет 
В) Абыл 
С) Қашаған 
Д) Шернияз             
Е) Алмажан 
 
81.Мұрат ақынның үзінді алынған шығармасы: 
"Тайсойған Орал бойы  өскен  жерім
Кірім  жуып, кіндігім кескен жерім" 
А) "Шалгез" 
В) "Сарыарқа"                 
С) "Үш қиян" 
Д) "Қазтуған" 
Е) Жылқышымен айтысы 
 
82.Дулат Бабатайұлының жырын ата 
А) "Келдік талай жерге енді" 
В) "Тегімді менің сұрасаң"                
С) "Қобыз бен  Домбыра алып  топта сарнап" 
Д) "Дария, сенде  бір мін бар" 
Е) "Асқар таудың өлгені" 
 
83.Шернияз шешенге жұмбақ айтқан ақын 
А Мұрат 
В Абыл 
С Қашаған 
Д Махамбет               
Е Алмажан 
 
84.Мұрат  ақын  "Оқудан  қайтқан  азаматқа"  өлеңін 
арнаған адам 
А Есет би 
В Ғұмар Қазыұлына айтқаны 

131 
 
С Айжарыққа 
Д Дәулетімбет             
Е Досмұхамед 
 
85.Мұрат ақын 17 жасында  алғаш айтысқан   ақын 
А Жантолы 
В Жылқышы                 
С Бала  Ораз 
Д Тыныштық 
Е Ізім  Шайыр 
 
86."Қалмақтың қарғысы" жырының авторы 
А Досқожа 
В Күдері 
С Сүйінбай 
Д Мұрат                      
Е Қожаберген 
 
87."Әттең,    бір    қапы  дүние-ай!"  өлеңін    шығарған 
ақын 
А Махамбет 
В Шернияз 
С Абыл 
Д Қашаған 
Е Мұрат                        
 
88.Шернияздың      Баймағамбетке    арнауының      көпке  
белгілі  нұсқасының  саны 
А Бір нұсқа 
В Екі нұсқа 
С Үш нұсқа                
Д Төрт нұсқа 
Е Бес нұсқа 
 
 
 

132 
 
89.Шернияз ақын  өлеңін көрсетіңіз 
А "Исатай мен Науша"                      
В "Өлім" 
С "Не деп айтсам жарасар?" 
Д Сыйқыттың тойын бастауы 
Е "Үлгілі  сөзді  сөйлейін" 
 
90.Дулат  Бабатайұлының  "Тауды  екіге  жарасың"  деп  
басталатын   өлеңіне арқау   болған  өзен атауы 
А Тентек 
В Шынжылы 
С Ай 
Д Таңсық 
Е Аякөз  
 
 
 
91.Дулат ақынның  дастанын көрсетіңіз 
А "Ескендір" 
В "Шаштараз"  
 
 
 
С "Сабалақ" 
Д "Қалқаман-Мамыр" 
Е "Салиха-Сәмен" 
 
92."Өткен      заманды    жоқтап    айтқан  толғауын"  шы-
ғарған ақын 
А Шортанбай  
В Мұрат 
С Әбубәкір             
Д Ақмолла 
Е Базар 
 
93.Әбубәкір  Кердері  ақынның    Қазанда  Кәрімовтар 
баспасында  басылған  кітабы 
А "Бала зары" 
В "Өсиетнама" 
С "Әдебиет қазақия"   
 
 
Д "Насихат қазақия" 
Е "Манзумат қазақия" 

133 
 
94."Өмірдің өтуі" толғауын шығарған ақын 
А Шортанбай 
В Әбубәкір 
C Мұрат 
Д Шәңгерей          
Е Базар 
 
95."Бұқар  жырау  мен  Махамбеттен    кейінгі    толғау  
алыбы" аталған жырау 
А Дулат  
В Марабай 
С Базар             
Д Мұсабай 
Е Ақтан 
 
96.Үзінді алынған Әбубәкір Кердері өлеңі 
Әуелі туғаннан соң бірге жеттім, 
Еңбектеп екі жаста төрге жеттім. 
Үш пенен төрт жасымда төрге шығып, 
Шүлдірлеп ата-ананы ермек еттім… 
А "Байлар хақында айтқан өлеңі" 
В "Заманның опасыз халіне айтқан өлеңі" 
С "Сырқау болып жатқанда айтқан өлеңі"               
Д "Қазағым, қапыл болмаңыз" 
Е "Үйіне  қондырмаған   қызға  айтқан өлеңі" 
 
97."Мұрат Мөңкеұлы" атты зерттеудің авторы 
А М.Мағауин 
В Е.Ысмайылов 
С М.Әуезов 
Д Б.Омарұлы   
 
 
Е Х.Сүйіншәлиев 
 
98."Зар заман ағымы" атты оқу құралының авторы 
А М.Мағауин 
В Б.Омарұлы 

134 
 
С М.Әуезов 
Д Қ.Мәдібай 
 
 
 
Е С.Мұқанов  
 
99."Алқаласа  әлеумет"  атты    жинақ    қай  жылы   
жарық көрді 
А 1801 
В 1991   
 
 
С 1900 
Д 1701 
Е 1905 
 
100.Қазақ  әдебиеті  тарихында  зар  заман  ағымын 
ғылыми негіздеген ғалым. 
А Ахмет  Байтұрсынов 
В Халел Досмұхамедұлы 
С Мұхтар Әуезов 
 
 
 
Д Сәбит Мұқанов 
Е Әуелбек  Қоңыратбаев 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

135 
 
Зар заман  ақындары поэзиясының  қазақ  әдеби  
процесіндегі  маңызы 
 
Ресей  отаршылдығындағы  езілген  елдің  санасына  қозғау 
салған  ақындар  мұрасы  сол  тұстағы  өзекті  мәселелерді  дер  ке-
зінде көтеруімен ерекшеленеді. Арысы Асан қайғыдан басталған 
отаршылдыққа  қарсы  күрес  ақындар  шығармаларында  заңды 
жалғасын тапқандығы талдаулардың нәтижесінде тұжырымдал-
ды.  Қазақ  әдебиеті  тарихында  «зар  заман»  әдебиетін  зерттеу-
шілер ақындар мұрасына соқпай кетпейтіндігі ғылыми тұрғыда 
тұжырымдалды. Жоғарыда сөз болған мәліметтердің бәрі де елі-
міз  егемендік  алғаннан  бері  ақындар  мұрасына  біршама  көңіл 
бөлінгендігін байқатты. Соңғы жылдары жазылған үлкен-кішілі 
зерттеулер  мен  көпшілік  мақала,  естеліктерге  сүйене  отырып 
ақындардың  өмір  жолы  анықталды.  ХХ  ғасыр  басында  өмір 
сүрген  Алаш  қайраткерлері  тәрізді  зар  заман  ақындары  да  сол 
тұстағы  Ресей  патшасының  боданына  ұшыраған  елдің  бас  бос-
тандығын,  азаттығын  ойлап  зар  иледі.  Сондықтан  да  олардың 
шығармаларында мұң, зар  басым еді. Отарлаудың адам төзбес 
зардаптарына куә болған ақындар, қазақтың өз жерінен айырыла 
бастауына  төзе  алмады.  Олар  ел  ішіне  келген  әрбір  жаңалыққа 
үрке  қарады.  Олардың  ХІХ  ғасыр  поэзиясында    ұлт-азаттық 
күрес тақырыбына баса назар аударған, халқының тәуелсіздігін 
жырлап өткен ақындар екендігін көрсету мақсатында мұралары 
жан-жақты қарастырылды. Кез келген туындының басында жеке 
тұлға  тұратыны  белгілі.  Ал,  жеке  тұлғаның  адамгершілік  кел-
беті, ерекшеліктері, рухани қазыналарды игеруі, қарымының қа-
лыптасып,  қаламының  ұшталуы  мен  ойының  ұшқырлық  тауып 
үйлесіп  отыруы    өзі  өмір  сүрген  ортасының  барлық  қиыншы-
лықтарымен  тұтастықта  алып  қарағанда  айқын  көрінеді.  Сон-
дықтан  да  зар  заман  ақындары  өмір  сүрген  дәуір  мен  замана 
көрінісін бірлікте ұстай отырып беру басты мақсатымыз болды. 
Осы  мақсат  үдесінен  шығу  барысында  ақындар  өмір  сүрген 
заман көрінісін тарих деректеріне, мұрағат құжаттарына, қалам-
герлер  еңбектеріне  сүйене  отырып  талдап,  таразылауға  мүм-
кіндік алдық. Соның арқасында,  ақындар туралы айтар ойымыз 

136 
 
тың  деректермен  үнемі  толығып  отырды.  Ақын  жанының  ай-
қайы  –  елдің  тәуелсіздігі  жолындағы  ащы  айқай  болатын.  Бұл 
сипаттарды    өмірдің  ақиқатына  салған  ақын  оны  шығарманың 
мазмұнына  айналдырып,  мазмұн  мен  түрдің  үйлесімін  жасай 
білді.  Мұны  жай  ғана  баяндап  қоймай  әдеби  көркемдеу  құрал-
дары арқылы, образды сөздердің үстімен көрсетуге тырысты. Ол 
үшін  бір  оқиғаны  беруде  бірнеше  көркемдіктерді  қатар  пай-
даланып нағыз көркемсөз шебері екенін танытты. Әсіресе, елдің 
экономикалық өзгеріске ап дегеннен үйреніп  кете алмай тосын 
дүниедей қарауы, ақын ойымен дәл де анық сипаттталады. Базар 
саясатының,  нарық  заманның  қулығы  мен  тапшылығы  қара-
пайым халықтың күйзелісіне әкелгенін білеміз. Бірақ бұл құбы-
лыс  ақындар  шығармашылығына  үлкен  серпілісті,  тың  тақы-
рыптар  мен  суретті,  әдемі  көркемдікті,  тілдік,  троптық  өзгеше-
ліктерді  әкелді.  Соның  бәрінде  де  ақынның  психологиялық  ой 
иірімдеріне  түсіп  кетуіне,  сезіміне  әсер  етіп,  көңіл  күйіне  ай-
тарлықтай  салмақ  түскенін  байқаймыз.  Зерттеу  барысында  ке-
ңестік 
дәуірдің 
алғашқы 
жылдарында 
І.Жансүгіров, 
М.Әуезовтің  оң  пікіріне  ие  болған  А.Барманбекұлы  мұрасы 
еліміз  тәуелсіздік  алғаннан  бері  біршама  сөз  болғаны  анықтал-
ды.  Қазіргі  таңда  Асан  ақынның  еңбектеріне  әділ  баға  беріліп, 
зерттеу нысанына да алынып жатыр. Ақын өлеңдері «Қазақ поэ-
зиясының  антологиясы»  сынды  ірі  басылымдарға  ене  бастауы-
ның  өзі  оның  шығармаларының  өміршеңдігін  танытады.  Қолға 
түскен  мәліметтер  негізінде  шығармашылық  өмірбаяны  нақты-
ланып,  отбасылық  өмір  деректеріне  шолу  жасалды.  Зар  заман 
ақындарының соңғы өкілдерінің бірінен саналып жүрген Албан 
Асан  туындыларының  қоғамдық  сананы  ілгерілетуге,  рухания-
тымызды дамытуға жасаған ықпалын анықтаудағы еңбектерінің 
әдебиет  тарихында  алар  орны  белгіленіп,  көрсетілді.Өзінің  ал-
дындағы  Асан  қайғы,  Бұқар  жырау    және  XІX  ғасырда  өмір 
сүрген    қазақ  әдебиеті  тарихында  өзіндік  өрнегі  мен  орны  бар 
ақындар    Шортанбай,  Дулат,  Мұрат,  Әбубәкір  сонымен  қатар 
көршілес  жатқан  қырғыз  ақындары  шығармаларымен    бірлікте 
қарастырылып,  салыстырыла,  салғастырыла  берілді.  Сонымен 
бірге  «зар  заман»  ақындары  аталып  жүрген  бірқатар  ақын-

137 
 
дармен  Асан  ақын  еңбектерінің  арасындағы  үндестік,  үйлесім-
дерін  есепке  ала  отырып,  салыстыра,  салғастыра  қарастыруға 
күш салдық. 
Жетпіс  жыл  бойы  жүргізіліп  келген  солақай  саясаттың 
салқыны ең әуелден тарихымызды бұрмалаумен басталды десек 
артық айтқандық емес. Қазақтың тарихы, елдігі, мемлекеті бол-
мады  деген  жабайы,  анайы  ұғыммен  қаруланып  келген  халық-
тың  санасына  Ресейге  қосылғаннан  кейін  ғана  жарық  күндер 
басталды  деген  сенімді  ұялатып,  жолдан  адастырып  келген 
ұстанымның  тамырына  балта  шабылды.  Бұл  күнде  қолға  түс-
пейтін  мұрағат    деректерін  қарап  шығуға  мүмкіндік  алдық. 
Еңбегімізде  тарих  деректеріне  сүйене  отырып,  ақындар  өмір 
сүрген заман келбетін шыншылдықпен ашып көрсетуге тырыс-
тық.  Мұрағат  деректерін  өз  керекті  жерінде  пайдаланып  отыр-
дық. Келешекте халқымыз рухани сауығып, үлкен мұраттар жо-
лында мақсаттарына жетсе деген тілек ұшан-теңіз.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

138 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.  Алпысбаев  Қ.  Қазақ  әдебиетіндегі  тарихи  шығарма:  таным 
және көркемдік. – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2008. – 232 б. 
2.Әуезов  М.  Әдебиет  тарихы.  Жоғары  оқу  орындарының  сту-
денттеріне арналған. – Алматы: Ана тілі, – 1991. – 240 б. 
3.Нұртазин  Т.  Шеберлік  туралы  ойлар.  Әдеби-сын  мақалалар 
жинағы. – Алматы. 1961. 
4.Сүйіншәлиев  Х.  Қазақ  әдебиетінің  тарихы.  –  Алматы:  Ана-
тілі, – 680 б. 
5.Дәуітұлы  С.  Зар  заман.  Жыр,  толғаулар.  –  Алматы:  Жазушы, 
1993. –176 б. 
6.Ай, заман-ай, заман-ай. (бес  ғасыр жырлайды)  Құрастырушы-
лар:  М.Мағауин,  М.Байділдаев.  М.Әуезов  атындағы  Әдебиет 
және өнер институты. –Алматы, 1991. – Т.2.  
7.Омарұлы Б. Зар заман поэзиясы. (Генезис, типология, поэтика) 
–Алматы: Білім, 2000. – 368 б. 
8.Мырзахметов  М.Отаршылдық  дәуірдегі  әдебиет  (қазақ  әде-
биетінің  тарихын  дәуірлеу  мәселесі)  //  Жұлдыз.–1993,  –№  7. 
9.Сыдиықұлы Қ. Біртума жыр саңлақтары. XΙX ғасыр поэзиясы. 
– Алматы:  Ғылым, 1985. – 376 б. 
10.Жолдасбеков М.Асыл 
арналар.–Алматы: Жазушы, 1990.–350 б.
 
11.Мәдібаева Қ. Зар заман ағымы және Шортанбай мұрасы: фил. 
ғыл. канд. ...дисс. – Алматы, 1995. – 141б.  
12.Медеубекұлы С.  Бірі-«зар заман ақыны», бірі-«халық жауы», 
бірі-«кеңеске  қарсы»,  ...яки  Жамбыл  айналасындағы  айтылмай 
жүрген ақындар туралы // Ана тілі. – 1996. – 22 тамыз. 
13.Мұқанов  С.  Қазақтың  XVIII-XIX  ғасырдағы  әдебиетінің 
тарихынан очерктер. – Алматы: Арыс, 2002. – 359 б. 
14.Румянцев  П.П.  Уезды  Жетысу  /  Сост:  Ж.Кариева, 
Б.Нуржекеев. – Алматы: Жалын, 2000. – 336 с. 
15.Қазақстан  тарихы  көне  заманнан  бүгінге  дейін  (очерк).  Ред. 
А.К.Ақышев, М.Х. Асылбеков т.б. – Алматы: Дәуір,1994.–448 б. 
16.Бекмаханов  Е.  Қазақстан  XIX  ғасырдың  20-40  жылдарында 
(оқу құралы). – Алматы:  Санат, 1994. – 416 б. 

139 
 
17.  Қасқабасов  С.  Абай  және  фольклор.  Кіт.:  Жаназық.  – 
Алматы: Аударма, 2002. – 584 б. 
18.Құрбанғали  Х.  Тауарих  хамса  (бес  тарих).  –  Алматы: 
Қазақстан, 1992. – 437 б. 
19.Омаров.Б.Отаршылдыққа  қарсылық  поэзиясы  және  менталь-
дік мәселесі. 08.11.2012 жыл // Зерде). 
20.Радлов В.В. Алтын сандық . – Алматы: Ана тілі,1993. – 294 б. 
21  Жұмалиев  Қ.  Абай  Құнанбаев.  Кіт.:  Белестерден  биікке 
өрлеу. –  Алматы, 2007.  – 460 б. 
22. Бес ғасыр жырлайды.–Алматы: Жазушы, 1989. – Т.1. – 384 б. 
23.  Қазақ  хандығы  дәуіріндегі  әдебиет.  Құраст.:  М.  Мағауин.  – 
Алматы: Ана тілі, 1993,  – 176 б. 
24.Он ғасыр жырлайды. – Алматы, 2006, – 408 б. 
25.
Шортанбай Қанайұлы. Қайран халқым. Алматы: Раритет, 2002. 
26.  Келімбетов  Н.  Ежелгі  дәуір  әдебиеті.    –  Алматы:  Жазушы, 
1986. – 336 б. 
27. Әуезов М. Шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, – Т.20. 
– 376 б. 
28.Сүйіншәлиев  Х.  Қазақ  әдебиетінің  қалыптасу  кезеңдері.  – 
Алматы,1967.  
29.  Жұмалиев  Қ.  XVIII-XIX  ғасырдағы  қазақ  әдебиеті.  – 
Алматы: Мектеп, 1967.  – 170 б. 
30.Омарұлы  Б.  Қазақ  әдебиетіндегі  зар  заман  ағымы  (генезис, 
типология, поэтика
).  фил. ғыл. докт. ...дисс. –Алматы,2001.–315 б. 
 
31.Жұмалиев  Қ.Қазақ  әдебиеті.  8-класқа  арналған  оқулық.  А., 
1943, 258-бет. 
32.Сүйіншәлиев Х. ХІХ ғасыр әдебиеті, А.,1992, 220 бет  
33.Мағауин М. Ғасырлар бедері. А., Жазушы, 1991 
34.Досмұхамедұлы Х.Аламан, - Алматы. 1991, 110 бет 
35.Жұмалиев Х., Смаилов Е. Қазақ әдебиеті. Оқу құралы. ІІ бө-
лім. // Кіт.: Нарманбет Орманбетов. – Алматы: Қаз.біріккен мем. 
баспасы, –1942. Б. 117-123. 
36.Қазақ әдебиетінің тарихы. ХХ ғасырдың бас кезі. Он томдық. 
6 том. –Алматы. Қазақпарат, 2006 – 610 бет. 
37.Арғынбаев  Х.,  Мұқанов  М.,  Востров  В.  Қазақ  шежіресі  ха-
қында. – Алматы: Атамұра, 2000. – 463 б. 

140 
 
38.  Қаупынбаев  Т.  Ақырғы  демі  үзілмейді  ақынның  //  Егеменді 
Қазақстан. – 1996. – 20 қаңтар. 
39.  Халидуллин  О.Х.    Қазақтың  біртұтас  шежіресі.  Албан.  – 
Алматы, 2005. – 132 б.  
40.Жантөреұлы  Ғ.  Ұлы  жүз.  М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет 
және өнер институтының қолжазба қоры. 1039 бума, №1 дәптер. 
41.Мұсаев Ч. ақсақалдың жеке мұрағатынан. 
42. Жансүгіров І. Асан туралы // Ақыр заман [Албан Асан сөз-
дері]. Қызылорда: ҚМКӘБ, 1934. – 104 б. 
43.Әлібек  Т.  Құланаян  Құлмамбеттің  ақындық  мұрасы:  фил. 
ғыл. канд. ...дисс. – Алматы, 2002. – 157 б. 
44. Ахметов Ө. Албан Асан // Жетісу. – 2004. – 22-мамыр. 
45.  Омарұлы  Б.  Қазақ  әдебиетіндегі  зар  заман  ағымы  (генезис, 
типология, поэтика). 
фил. ғыл. докт. ...дисс.–Алматы, 2001.– 315 б. 
 
46. Ібітанов Е. Асан ақын //Советтік шекара.– 1997,12.06. 
47.  Қаупынбаев  Т.  Ақырғы  демі  үзілмейді  ақынның  //  Егеменді 
Қазақстан. – 1996. – 20 қаңтар. 
48.  Нарымбетов  Ә.  Ғасыр  сыры:  Зерттеулер  мен  естеліктер.  – 
Алматы: Арда, – 312 б.  
49. Омаров Т. ХХ ғасырдағы қазақ-қырғыз әдеби байланыстары: 
фил. ғыл. канд. ...дисс. автореф.2008.26б.  
50.  Барманбекұлы  А.  Заманның  түрін  естіңіз.  Құраст.: 
Қаупынбайұлы Т, Қожекеева Б. – Алматы: Дарын, 2006. – 178 б.  
51.Ауэзов М. Казахское народное творчество и его поэтическая 
среда // Тамыр: Альманах. Вып. 1[3]: искусство, культура, фило-
софия. 2001. № 1, С 66-83.  
52.  Кляшторный  С.Г.,  Султанов  Т.И.  Казахстан  летопись  трех 
тысячелетий (1440-1718). – Алма-Ата: Рауан, 1992. – 374 стр. 
53.  Ысмағұлов  Ж.  Абай:  даналық  дәрістері.  –  Алматы:  Өнер, 
2008. – 400 б. 
54.  Бекмаханов  Е.  Қазақстан  XIX  ғасырдың  20-40  жылдарында 
(оқу құралы). – Алматы:  Санат, 1994. – 416 б. 
55.Орталық  ғылыми  кітапхана.  1916  жылғы  болған  оқиғалар 
жайындағы өлеңдер жинағы. 1013 бума. 
56.Танекеев  С.  1916  жыл  (Ереуілтөбе  әсерлері).  –  Алматы: 
Атамұра-Қазақстан, 1994. – 176 б. 

141 
 
57. Он ғасыр жырлайды. – Алматы, 2006, – 408 б. 
58.  Қазақ  хандығы  дәуіріндегі  әдебиет.  Құраст.:  М.  Мағауин.  – 
Алматы: Ана тілі, 1993,  – 176 б. 
59.  Құрбанғали  Х.  Тауарих  хамса  (бес  тарих).  –  Алматы: 
Қазақстан, 1992. – 437 б. 
60.  Жұмалиев  Қ.  Абай  Құнанбаев.  Кіт.:  Белестерден  биікке 
өрлеу. –  Алматы, 2007.  – 460 б. 
61. Бес ғасыр жырлайды.–Алматы: Жазушы, 1989. – Т.1. – 384 б. 
62.  Мұқанов  С.  XX  ғасырдағы  қазақ  әдебиеті.  Құраст.: 
Н.Исмагулова. – Алматы: Атамұра, 2008. – 384 б. 
63.Қалижанұлы У.  Қазақ  әдебиетіндегі  діни-ағартушылық  ағым 
(XΙX  ғасырдың  екінші  жартысы  мен  XX  ғасырдың  басы):  фил. 
ғыл. докт. ...дисс. –
 
Алматы, 1999 – 293 б. 
64.Баласағұн Ж. Құтты білік [Көне түркі тілінен аударған және 
алғысөзі мен түсініктерін жазған.: А. Егеубаев]. – Алматы, 1986. 
–  615 б. 
65.
Қирабаев С.Тәуелсіздік рухымен.–Астана:
 
Фолиант,2002.–501
 б. 
66.Жұмалиев Қ. XVIII-XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті. – Алматы: 
Мектеп, 1967.  – 170 б. 
67.  Орталық  ғылыми  кітапхана.  1916  жылғы  болған  оқиғалар 
жайындағы өлеңдер жинағы. 1013 бума. 
68.  Орталық  ғылыми  кітапхана.  Әбубәкір  Кердері  өлеңдері.              
411 бума. 
69.  Қосанов  С.Базар  жырау  Оңдасұлының  әдеби  мұрасы:  фил. 
ғыл. канд. ...дисс. –
 
Алматы, 2005. – 176 б. 
70.  Хазірет  сұлтан  Ахмет  Иасауи.  Хикмет.  Баспаға  дайында-
ғандар:  М.Жармұхамедұлы,  М.Шафиғи,  Ж.Кәриева.  –  Алматы: 
Жалын, 2002. – 148 б.  
71. Мырзахметов М. Ясауи тағылымы. Түркістан, 1996. № 5. 
72.  Дәуітұлы  С.  «Диуани  хикмет»  және  қазақ  поэзиясы.  – 
Алматы: Экономика, 2001. – 350 б. 
73.Ысмайлов  Е.  Жамбыл  және  халық  ақындары.  –  Алматы: 
Санат, 1996. – 240 б. 
74.Қыраубаева  А.  Ежелгі  дәуір  әдебиеті.  –  Алматы:  «Алатау» 
баспа-полиграфиялық корпорациясы, 2006. – 168 б. 
75.Квятковский А. Поэтический словарь. – Москва, 1966.  

142 
 
76.Азибаева Б.У. Казахский дастанный эпос. – Алматы: Ғылым, 
1998. – 250 с. 
77.Базарбаев  М.  Замана  тудырған  әдебиет.  –  Алматы:  Жібек 
жолы, 2005. –512 бет.   
78.Елеукенов Ш. Әдебиет және ұлт тағдыры. – Алматы: Жалын, 
1997. – 368 б. 
79.Жұмалиев Х., Смаилов Е. Қазақ әдебиеті. Оқу құралы. ІІ бө-
лім. // Кіт.: Нарманбет Орманбетов. – Алматы: Қаз.біріккен мем. 
баспасы, –1942. Б. 117-123. 
80.Орталық ғылыми кітапхана. Нармамбет өлеңдері. 1019 бума. 
81.  Кенжебаев  Б.  ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  әдебиеті  Алматы: 
Білім, 1993.  
82.Омаров  Б.  Қазақ-қырғыз  қасіретнамасы.  –  Қызылорда:  Нұр-
Сәулет, 1998. – 44 б. 
83.Исмакова  А.  Казахская  художественная  проза.  Поэтика, 
жанр,  стиль  (начало  ХХ  века  и  современность).  –  Алматы: 
Ғылым, 1998. – С. 391. 
84.Сүйіншәлиев  Х.  XІX  ғасыр  әдебиеті.  –  Алматы:  Ана-тілі, 
1992. – 329 б. 
85.Махамбет. 
Шығармалары. 1 том.–Алматы: Ғылым, 2003. –
 97 б. 
86.Келімбетов  Н.  Ежелгі  дәуір  әдебиеті.    –  Алматы:  Жазушы, 
1986. – 336 б. 
87.Қасқабасов  С.  Абай  және  фольклор.  Кіт.:  Жаназық.  – 
Алматы: Аударма, 2002. – 584 б. 
88.Абай  Құнанбаев.  Шығармаларының  бір  томдық  толық 
жинағы. Баспаға дайындаған Ә.Жиреншин. – Алматы: Қазақтың 
мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1961.
 
– 693 б.
 
89.Орталық мемлекеттік мұрағат
. Қор–№825, тізбе–№1, іс –
 №12. 
90.  Қазақ  әдебиетінің  тарихы  (10  томдық).  Кеңестік  дәуір  әде-
биеті (1956-1990).9-том.–Алматы: Қазақпарат, – 2005.– 992 б. 
91.Сүйіншәлиев  Х.  Қазақ  әдебиетінің  тарихы.  –  Алматы:  Ана-
тілі, – 680 б. 
92. Баласағұн Ж. Құтты білік [Көне түркі тілінен аударған және 
алғысөзі мен түсініктерін жазған.: А. Егеубаев]. – Алматы, 1986. 
–  615 б. 

143 
 
93.Жармұхамедұлы  М.  Қожа  Ахмет  Иассауи  және  Түркістан.  – 
Алматы: Ғылым, 1999. – 127 б. 
94.М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер  институтының 
қолжазба қоры. Қожахметовтың Жаңабай Құдайбергенұлы жай-
лы деректері. 1041 бума, 3 том.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

144 
 
МАЗМҰНЫ 
 
КІРІСПЕ............................................................................................
1.  ТАРАУ.  ХІХ  ҒАСЫРДАҒЫ  ҚАЗАҚ  ТАРИХЫ  ЖӘНЕ 
ӘДЕБИЕТ.........................................................................................7 
1.1.ХІХ ғасыр – орыс отаршылдығының жаңа, батыл, бетбұрыс-
тар кезеңі ...........................................................................................7 
2.ТАРАУ. ЗАР ЗАМАН ПОЭЗИЯСЫ...........................................14 
2.1. 
Қазақ әдебиеті тарихындағы зар заман ағымы
..............14 
Дулат Бабатайұлы...........................................................................16 
Шортанбай Қанайұлы.....................................................................26 
Мұрат Мөңкеұлы.............................................................................34 
Әбубәкір Кердері.............................................................................45 
Нарманбет Орманбетұлы................................................................53 
3.ТАРАУ.А.БАРМАНБЕКҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ 
ӨМІРІ...............................................................................................59 
3.1 Өмірі мен шығармашылығы.....................................................59 
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ......................................................................111 
Зар заман  ақындары поэзиясының  қазақ  әдеби  
процесіндегі  маңызы.........................................................
135
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................138 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

145 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Б.Ш.Қожекеева 
 
XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің 
тарихы:  зар заман әдебиеті 
Оқу құралы 
 
 
 
 
                                        Редакторы:  Б.Е.Ахметова             
        Компьютерлік  қалыптаушы: С.Е.Смағұлова 
                                 Көркемдеуші:  А.Қалибекұлы  
 
 
 
Басуға 10.02.2013 ж. қол  қойылды. Пішімі 60 х 84/
16.
 
Офсеттік қағаз. Компьютерлік терілім.  
Әріп түрі  «Times/New Roman» Riso басылымы.  
 Шартты баспа табағы 9 
Таралымы   дана.   
Тапсырыс № 
 
«Қыздар университеті» баспасы . 
050000, Алматы, Гоголь көшесі 116 үй
 


жүктеу 2.82 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет