Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 5.24 Kb.
Pdf просмотр
бет33/36
Дата09.01.2017
өлшемі5.24 Kb.
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36

Литература 
1.
 
Центральный архив Министерства обороны Российской Федерации 
(ЦАМО). 
 Ф. 158. Оп. 12841. Д. 7. Л. 301.  
2.
 
П.Р. Букаткин. Западный Казахстан в годы Великой Отечественной 
войны (1941–1945). Автореферат дисс. канд. ист. наук. Алма-Ата. 1967. С. 12. 
3.
 
ЦАМО. Ф. 158. Оп. 12841. Д. 7. Л. 259-302. 
4.
 
ЦАМО. Ф. 159. Оп. 13075. Д. 56. Л. 8. 
5.
 
ЦАМО. Л. 41. 
6.
 
ЦАМО. Ф. 158. Оп. 12829. Д. 13. Л. 40-42. 
7.
 
Страницы большого пути. Из истории военного комиссариата ЗКО. 
Под ред. полковника Г.К. Мукатаева. Санкт-Петербург. 2001. С. 40. 
8.
 
Страницы большого пути. Из истории военного комиссариата ЗКО. 
Под ред. полковника Г.К. Мукатаева. Санкт-Петербург. 2001С. 48. 
9.
 
П.Р.  Букаткин.  Западноказахстанцы  в  годы  суровых  испытаний. 
Издание  Западно-Казахстанского  Госуниверситета  им.  М.  Утемисова.  Под 
редакцией акад. Т.З. Рысбекова. Уральск. 2005. С. 94. 
10.
 
П.Р.  Букаткин.  Западноказахстанцы  в  годы  суровых  испытаний. 
Издание  Западно-Казахстанского  Госуниверситета  им.  М.  Утемисова.  Под 
редакцией акад. Т.З. Рысбекова. Уральск. 2005. С. 103. 
11.
 
Великая победа на Волге. Под ред. К.К. Рокоссовского. М. 1965. С. 98. 
12.
 
Великая победа на Волге. Под ред. К.К. Рокоссовского. М. 1965. С. 
236, схема № 20. 
13.
 
И.Т. Пересыпкин. Связь в Великой Отечественной войне. М. 1973. 
С. 127. 
14.
 
А.И.  Еременко.  Сталинград.  Записки  командующего  фронтом.  М. 
1961. С. 280, 281. 
15.
 
Казахстанская правда. 1942 год. 2 апреля. 
16.
 
Казахстан  в  период  Великой  Отечественной  войны  Советского 
Союза.  1941–1945.  Сборник  документов  и  материалов.  Том  1.  Алма-Ата. 
1964. С. 377. 
17.
 
ЦАМО. Л. 72-75, 101-102. 

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
294 
18.
 
Командир стрелкового батальона капитан Чепур Сергей Иванович 
боевой  офицер,  в  боях  за  Сталинград  проявил  себя  храбро,  награжден 
орденами Красного Знамени и Александра Невского [ЦАМО. Ф. 1912. Оп. 2, 
9, 19. Л. 146]. 
19.
 
ЦАМО. Ф. 60339. Оп. 35741. Д. 3. Л. 2; Д. 2. Л. 26. 
20.
 
Людмила  Корина.  Панорама  подвига  //  Казахстанская  правда. 
2010. 12 марта. С. 24. 
 
А.И. Исмаилов 
СТАЛИНГРАДТЫҚ ШАЙҚАС КЕЗЕҢІНДЕГІ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН 
(1942 ж. жазы – 1943 ж. ақпаны) 
 
Мақалада  сталинградтық  шайқастың  тыл  аймағында  өткен  Еділ  мен  Дон  жағалауын-
дағы,  Еділ  өзеніне  жақын  орналасқан  республиканың  батыс  өңіріндегі  өткен  ірі  соғыс 
шайқастары туралы айтылған. 
Түйін  сөз:  Ұлы  Отан  соғысы,  сталинградтық  шайқас,  Батыс  Қазақстан,  қазақстандық 
құрылымдар, фронтқа көмек. 
 
A.I. Ismailov 
WEST KAZAKHSTAN IN THE PERIOD OF THE STALINGRAD BATTLE 
(summer 1942  - February 1943) 
 
In  article  is  considered  the    major  hostilities  on  the  banks  of  the  Volga  and  the  Don  rivers, 
The  West  Kazakhstan    region  of  the  Republic  as  geographically  close  region  to    the  Volga  river, 
becomes part of the rear area of the Stalingrad front. 
Key  words:  Great Patriotic  war,  the battle of Stalingrad, West Kazakhstan, Kazakh military 
units, contribution to the front. 
 
 
 
УДК 0032 
Д.Ж. Опиев - тарих пәнінің мұғалімі,  
тарих магистрі, Батыс Қазақстан облыстық 
 дарынды балаларға арналған мамандандырылған  
мектеп интернаты  
Е-mail: darxan_oral@mail.ru  
 
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ  
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ АУЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНІҢ 
ҚОРҒАНЫС ҚОРЫН ЖАСАУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ 
 
Аңдатпа.  Мақалада  халыққа  ауыр  зардап  әкелген  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарындағы 
Батыс  Қазақстан  облысы  ауыл  еңбеккерлерінің  Қорғаныс  қорын  жасақтау  патриоттық 
қозғалысына белсенді қатысқандығы айтылады. Сонымен қатар ауыл еңбеккерлерінің Қызыл 
Армия  бөлімдеріне  жіберген  ауыл  шаруашылық  өнімдерімен  өнеркәсіп  заттары  мұрағат 
қорлары негізінде жан-жақты сипатталады. 
Түйін сөз: кеңес, еңбекақы, еңбеккер, облигация, ауыл. 
 
1941  жылы  22  маусымда  Германияның  КСРО  территориясына 
тұтқиылдан  баса  көктеп  кіруі  Ұлы  Отан  соғысының  басталуына  әкелді.  Бұл 
соғыс  халық  шаруашылығын  қиратып  қана  қоймай,  елдің  экономикасына 
орасан зор шығын келтірді. Шаруашылықты қалпына келтіру және  соғысып 
жатырған  Қызыл  Армия  бөлімдерін  азық-түлікпен,  киім-кешекпен,  оқ-дәрі-

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
295 
мен қамтамасыз ету жұмыстарына тылдағы өнеркәсіп және ауыл еңбекшілері 
белсенділікпен  көмектесті.  Осындай  бүкілхалықтық  іс-шаралардан  Батыс 
Қазақстан  облысының  ауыл  еңбекерлері  де  тыс  қалмады.  Қызыл  Армияға 
материальдық және моральдық көмек көрсету бағытында республиканың кез 
келген  облыс  аймақтарында  митингілер,  жиналыстар  өткізіліп  жатты. 
Мәселен, Батыс Қазақстан облысы Жымпиты аудан орталығы еңбекшілерінің 
1941  жылы  22  маусымда  болған  митингісінде  мынадай  қарар  қабылдады: 
«..Кеңес үкіметімен екі арада жасалған бейбітшілік шартын өз бетімен бұзып 
отырған  фашистік  Германияның  тарапынан  жасалған  жауыздығына  іспен 
жауап  береміз.  Кеңес  үкіметінің  қолданып  отырған  шаралары  өте  дұрыс, 
біздер  Ұлы  Отанымызды  қорғау  үшін  партия  мен  үкіметтің  бірінші 
шақыруына  даярмыз,  өзімізді  мобилизациялық  даярлықта  ұстаймыз,  саяси-
шаруашылық  науқандарды  мезгілінде  және  сапалы  етіп  орындаумен  жауап 
береміз..»  [1,  б.  29-30].  Жиналыстың  қорытындысында  үлкен  міндеттеме 
алған еңбекшілер кез келген жұмысты атқаруға дайын екендіктерін осылайша 
білдірді.  Облысымыздың  әр  өңірінде  жалғасын  тауып  жатырған  мұндай 
шаралар еңбекшілер тарапынан үлкен қолдау тапты. Қызыл Армияны қажетті 
заттармен қамтамасыз ету мақсатында Қорғаныс қоры жасақталды. Жоғары-
дан арнайы тапсырма алған партия ұйымдары Қорғаныс қорының мақсатын, 
орындалу  барысын,  орталықтан  ұйымдастыру  мәселелерімен  шұғылданды. 
Нәтижесінде ел алдындағы аталған мәселелерді шешу үшін 1941 жылы тамыз 
айының  басында  Қазақстан  Компартиясының  Орталық  Комитеті  қорғаныс 
қорын  жасау  туралы  мәселе  талқылап,  облыстық  және  аудандық  партия 
комитеттеріне «Отан қорғау қорын жасаудың мақсатын және бұған еңбекші-
лердің  жаппай  қатынасуы  қажет  екенін  еңбекшілерге  кеңінен  түсіндіруді 
ұйымдастыру»  міндеттерін  жүктеді.  Осыған  байланысты  республиканың  әр 
облыс  орталықтарында  Қорғаныс  қорын  жасақтауға  өнеркәсіп  және  ауыл 
еңбекшілерінің  жаппай  қатынасуы  туралы  үгіт-насихат  жұмыстары  кеңінен 
жүргізіліп жатты. Қорғаныс қорын жасау жөніндегі патриоттық қозғалыстың 
дамуындағы басты үш кезеңді анықтап, саралауға болады: 
Бірінші  кезең-қысқа  уақыт  аралығын-соғыс  басталған  күннен  1941 
жылдың шілде айының аяғына дейінгі мерзімді қамтиды. Осы кезең еліміздің 
түкпір-түкпірінде  майданға  патриоттық  көмектің  бұл  формасының  тууымен 
және жер-жерге таралуымен сипатталады. 
Екінші  кезең-1941  жылдың  тамыз  айынан  1942  жылдың  аяғына  дейін 
созылды.  Бұл  кезеңде  Коммунистік  партияның  ұйымдастыру  жұмысының 
нәтижесінде    осы  қозғалыс  бүкілхалықтық  сипат  алды.  Қорғаныс  қорына 
түскен қаржының негізгі бөлігін еңбекшілер осы кезеңде тапсырды. 
Үшінші  кезеңде,  яғни  1943  жылдың  бас  кезінен  соғыстың  аяғына 
дейінгі  аралықта  тыл  еңбеккерлерінен  түскен  ақшалай  қаржының  қарқыны 
баяулады.  Оның  себебі,  патриоттардың  соғыс  техникасын  жасату  жөніндегі 
бастамасының тууы және  соғыс заемының шығарылуы ғана емес, сондай-ақ 
қаржы  аударудың  формасының  өзгеруімен  де  байланысты  еді  [2,  б.  17]. 
Осындай  бүкілхалықтық  патриоттық  қозғалысқа  ұласқан  іс-шараларға 
облысымыздың  ауыл  еңбеккерлері  белсенді  қатысты.  Отан  қорғау  қоры-
қаржының ерекше түрі екенін айта кеткен жөн. Ол салықтан жиналған немесе 
өкіметке жұрттың қарызға берген қаражаты емес,  қайта халықтың соғыстың 
алғашқы  қиын  кезеңінде  өз  армиясының  жауынгерлік  және  әскери  қуатын 

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
296 
күшейту үшін  еркімен берген сый-құрметі. Сондықтан оны жинау жолының 
сан-алуан түрі халықтың өз инициативасымен тығыз байланысты болды [3, б. 
147].  Отан  қорғау  қорына  арнайы  есепшот  ашылысымен  республика 
еңбекшілері  бірде  майдан  вахтасына  тұрса,  бірде  артық  өнімдерін  майданға 
тапсырды.  Осындай  патриоттық  қозғалыста  Батыс  Қазақстан  облысының 
еңбекшілері  үлкен  жауапкершілік  танытты.  Мәселен,  1941  жылы  5  тамызға 
қарай  Қорғаныс  қоры  үшін  Мемлекеттік  банктің  Оралдағы  бөлімшесіне 
39569  сом  көлемінде  қаржы  түсті.  Сонымен  қатар ортақ  жауды  жеңуде  Ұлы 
Отан соғысының зейнеткерлері мен мүгедектері де өз үлесін қосты. Мәселен 
Орда  ауданындағы  Сайхын  селосының  зейнеткері  Спецова  фашистік 
басқыншыларды  толық  талқандағанша  Қорғаныс  қорына  өз  зейнетақысын 
аударуды сұрап, облыстық еңбекпен қамту мекемесіне хат жіберді [4, б. 16].  
Бүкілхалықтық Отан қорғау қорын жасау үшін жүріп жатқан осы қозғалыста 
еңбекшілердің көпшілік болып құрастырған бұл қаржысынан басқа олардың 
әрқайсысының кезінде еңбектеніп, жинаған өз жеке меншігінен қосқан үлесі 
де  өте  маңызды  орын  алды.  Сондықтан  әркімнің  Отан  қорғанысын  нығайту 
үшін беріп отырған көмегі майдандағы жауынгерлер рухын көтерумен бірге, 
оларға қосымша қару-жарақпен техникаға айналатынын жақсы түсінді. Кеңес 
патриотының  бұл  сезімін  соғыстың  алғашқы  күндерінде  колхошы  ана 
Балғаным  Ізбасованың  Орал  өңірінен  майдандағы  баласы  ұшқыш  Айтжан 
Ізбасовқа  жазған  хатынан  айқын  көруге  болады.  Ол  хатында:  «Балам, 
Айтжан!  Қазіргі  жағдайды  жақсы  білесің.  Жауға  Кеңестің  қасиетті  жеріне 
адым  аттатпаңдар!  Кеңес  зауытының  істеп  шығарған  тамаша  соғыс 
жарағының  бәрін  жауға  батыл,  дәл  жұмсаңдар.  Сіздер  соғыс  майданында, 
Ұлы  Отанды  қорғау  жолында  ерлік  көрсетсеңіздер,  біздер,  аналар  еңбек 
майданында  үлгі  көрсетеміз.  Еліміздің  экономикалық  күшін  арттыра  беру 
үшін  жан  аямай  күресеміз.  Масайраған  жауды  жермен  жексен  етіңдер, 
балаларым!-деп  жазды  [3,  б.  151].  Осындай  отаншылдық  сезімге  толы 
айтылған  сөздер  алдыңғы  шепте  соғысып  жатқан  кез  келген  жауынгерге 
ерекше  күш  беріп  қана  қоймай,  үлкен  жауапкершілік  жүктеді.  1941  жылы  8 
тамызда  қабылданған  «Қорғаныс  қорын  құру  туралы»  облыстық  партия 
комитеті  бюросы  қаулысының  алғашқы  нәтижесінің  қорытындысы  Батыс 
Қазақстан  облысы  ауыл  еңбеккерлерінің  бұл  қозғалысқа  жаппай  белсенді-
лікпен  қатысқандығын  көрсетті.  Мысалы,  Жымпиты  ауданы  Коминтерн 
атындағы  ауыл  шаруашылық  артелінің  еңбеккерлері  ай  сайынғы  үш  күндік 
жұмыс  күнін  қорға  аударуға  шешім  қабылдады.  Колхоз  төрағасы  Жұмашев 
сиырын, 60 жастағы колхозшы Тұрғалиева 2 қойын берді [4, б. 166]. Сонымен 
қатар  «Коминтерн»  ұжымжарының  А.Тұрғалиева  басқаратын  бригада  аптап 
ыстыққа,  еңбектің  ауырлығына  төзіп,  7  күн  бойы  егістік  алқапта  үзіліссіз 
еңбек  етті.  Сөйтіп  олар  мемлекетке  астық  тапсыру  жоспарын  110  пайызға 
орындап шықты [5, б. 45]. Ал, Жаңақала  ауданы бойынша 1941 жылдың 18 
қыркүйегіне  қарай  Отан  қорғау  қорына  еңбекші  қызметкерлерден  2070  сом 
облигация  жиналып  тапсырылды  [6,  б.  13].  Батыс  Қазақстан  облысы  Ойыл 
ауылдық кеңесінің еңбеккерлері 1941 жылдың 6 қазанына қарай Отан қорғау 
қорына  23200  сом  облигация,  3231  центнер  тары,  3  жылқы,  жіберді.  Бұған 
қоса  осы  ауылда  1268  адам  қатынасқан  2  рет  комсомол  сенбілігі  ұйымдас-
тырылып,  соның  нәтижесінде  3744  сом  ақша  Отан  қорғау  қорына  жіберілді 
[6,  б.  19].  1941  жылдың  27  қазанына  қарай  Қаратөбе  ауданы,  Қаракөл 

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
297 
ауылының  еңбекшілері  айына  12  мың  сом  құрайтын  2  күндік  еңбекақысын 
Отан қорғау қорына аударды және 16 мың сом құрайтын облигация мен 5 бас 
малын берді   [6, б. 25]. Жалпақтал ауданы Көктерек ауылының еңбекшілері 
1941 жылдың 1 қазанына қарай Отан қорғау қорына 7415 сом ақша аударды 
[6, б. 28]. Ал, 1941 жылдың 1 желтоқсанындағы мәлімет бойынша КСРО-ның 
Қорғаныс қорына Батыс Қазақстан облысынан 433 грамм алтын, 16656 грамм 
күміс,  541  грамм  қалайы,  264,5  центнер  сүттен  жасалған  өнімдер,  752 
центнер еттен жасалған өнімдер, 909,8 тонна дәнді-дақылдар, 473 кг жүн, 705 
дана  былғарыдан  жасалған  бұйымдар,  3519  мың  сом  облигация  заемдары 
тапсырылды  [6,  б.  7].  Соғыстың  алғашқы  күндерінен  бастап  1942  жылдың 
аяғына  дейін  елдің  қорғаныс  қорына  Батыс  Қазақстан  облысы  ауыл 
еңбеккерлерінен келіп түскен қаржылай және басқаша көмек түрі: 1 миллион 
545  мың  сом  қаржылай  көмек,  486  алтын,  20  кг  972  грамм  күміс,  541  мың 
платина,  1900,5  тонна  астық  22,3  центнер  май,  19  тонна  пішен  тағы  басқа 
заттар жіберді [7, б. 144]. Батыс Қазақстан облысынан 1942 жылдың басынан 
1942  жылдың  2  ақпаны  аралығында  Қорғаныс  қорына  8899,0  мың  сомды 
құрайтын  284,5  тонна  дәнді-дақылдар,  75  дана  былғарыдан  жасалған 
бұйымдар, 7 кг май, 28 грамм алтын, 182 грамм күміс жиналды [6, б. 2]. 1942 
жылдың  11  ақпанына  қарай  облыстан  Қорғаныс  қорына  9016,0  мың  сомды 
құрайтын  327,7  тонна  дәнді-дақылдар,  79  дана  былғарыдан  жасалған 
бұйымдар  жиналды  [6,  б.  3].  Жалпы,  Республика  бойынша  1942  жылдың 
қаңтарына дейін қазақстандықтар еліміздің Қорғаныс қорына ақшалай 59 млн 
775 мың сом ақша, 2277 грамм алтын, 230 кг күміс тапсырды. Бұлардан басқа 
ауыл  еңбеккерлері  5207  тонна  астық,  20  мың  центнерден  астам  ет,  10  мың 
литр сүт, 210 центнерден астам май және басқа да көптеген тамақ өнімдерін 
өткізді [2, б. 38]. Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысы ауыл еңбеккерлері 
республикамыздың  еңбекшілері  сияқты  Қорғаныс  қорына  бидай  тапсыру 
арқылы  жеңіске  өз  үлестерін  қосты.  Мәселен,  1942  жылы  Батыс  Қазақстан 
облысы Жаңақала  ауданы Отан қорғау қорына 118 центнер бидай [8, б. 22], 
Казталов ауданы 565 центнер бидай [8, б. 26], Тасқала ауданы 9382 центнер 
бидай  [8,  б.  27],  Теректі  ауданы  417  центнер  бидай    [8,  б.  28],  Жалпақтал 
ауданы  158  центнер  бидай  [8,  б.  29],  Ақжайық  ауданы  400  центнер  бидай 
тапсырды  [8,  б.  33].  Жалпы,  республика  еңбекшілері  1942  жылдың  өзінде 
ғана 1,5 млн пұт бидай, 128 мың пұт күріш және 66 мың пұт басқа да азық-
түлік өнімдерін тапсырды [2, б. 45]. Облыс  еңбеккерлері 1943 жылы Қызыл 
Армияны жарақтандыру қорына 360 грамм алтын, 536 грамм платина және 14 
кг  234  грамм  күміс  өткізіп,  56  млн  сом  ақша  аударды.  Жалпы,  1941-1945 
жылдары  Батыс  Қазақстан  облысы  бойынша  мемлекетке  368,1  мың  тонна 
астық, 74,393 тонна ет, 92,792 тонна сүт және 4,984 тонна жүн тапсырылды 
[5,  б.  45].  Тарихи  әдебиеттерде  танк  жасауға  ақша  жинаушылар  туралы 
көптеп  айтылған.  Олардың  жиниған  ақшаларының  арқасында  майданға 
мыңдаған  танкілер  жіберілген  болатын.  Бүкіл  елдегідей  Батыс  Қазақстан 
облысының  халқы  да  танк  жасау  үшін  ақша  жинаған  болатын.  Мысалы, 
Шыңғырлау  ауданының  әйелдері  «Советская  женщина»  атты  танк 
колоннасының құрылуына 30 мың сом ақша жинап берген. Ал, Орал қаласы 
бойынша  12  мың  сом  жиналған  [9,  б.  94].  Сонымен  қатар  Батыс  Қазақстан 
облысынан  «Қазақстан  колхозшысы»  деген  атпен  жасақталып  жатқан  танк 
колоннасы  мен  әскери  ұшақ  эскадриласы  құрылысына  облыстан  52928  мың 

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
298 
сом  аударылды.  Бұл  істе  Зеленов,  Тайпақ,  Орда  және  Шыңғырлау  ауданы 
еңбекшілері  белсенділік  танытып,  басқа  аудандармен  салыстырғанда 
қаржыны  көбірек  жинады  [7,  б.  144].  Ал,  өз  кезегінде  Батыс  Қазақстан 
облысы Тасқала ауданының тұрғындары танк колоннасын құру мақсатында 3 
мың 830 сом ақша берсе,  еңбеккерлер 10 мың сомнан астам қаржы жинады. 
Жалпы,  1943  жылдың  21  қаңтарына  дейін  танк  колонналары  мен  авиа 
эскадрильясын  жасату  қорына  Батыс  Қазақстан  облысы  бойынша  ауыл 
еңбеккерлерінен  35623  сом,  жұмысшылар  мен  қызметшілерден  6542  сом 
құрайтын  барлығы  42165  сом  қаржы  түсті  [2,  б.  64].  Осылайша  Батыс 
Қазақстан  облысының  ауыл  еңбеккерлері  ел  басына  күн  туған  қиын-қыстау 
кезеңде  республикалық  іс-шаралардан  тысқары  қалмай,  қолдарынан  келген 
көмектерін  аяған  жоқ.  Нәтижесінде  республикалық  қорға  облыс  еңбеккер-
лерінің жіберген ауыл шаруашылығының өнімдері соғысып жатырған Қызыл 
Армия  бөлімдері  үшін  орасан  зор  көмек  болды.  Соғыс  кезінде  қалыптасқан 
қиын  жағдайдан  шығуға  бағытталған  іс-шараларға  облыстағы  ауыл 
еңбеккерлерінің  жаппай  қатынасуы  өлке  халқының  жасаған  орасан  зор 
еңбегін тағы бір дәлелдей түседі. 
 
Әдебиеттер 
1.
 
Казахстан в период ВОВ Советского Союза 1941-1945 г.г. Сборник 
док. и матер. -Алма-Ата: Наука, 1 том, 1964. – с.460. 
2.
 
Байсеркеев Л. Майданды демеген қуатты күш. – Алматы: Казахстан, 
1985. – б. 160. 
3.
 
Балақаев  Т,  Алдажұманов  Қ.  Қазақстан  еңбекшілері  майдан 
қызметінде. 1941-1945 ж.ж. – Алматы: Ғылым, 1985. – б. 320. 
4.
 
Букаткин  П.Р.  Западноказахстанцы  в  годы  суровых  испытаний 
1941-1945 г.г. - Уральск, 2005. – с. 210. 
5.
 
Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. – Алматы:  Арыс, 2002.- б.  
6.
 
Батыс  Қазақстан  облыстық  мемлекеттік  мұрағаты  (БҚОММ),  850-
қор, 1-тізбе, 1143-іс. 
7.
 
Рысбеков Т.З, Бірімжаров Б.Қ, Құрманалин С.Б, Жақсығалиев Ж.Ж. 
Батыс Қазақстан облысы тарихы. - Орал, 2001.- б. 230. 
8.
 
БҚОММ, 850-қор, 1-тізбе, 2266-іс. 
9.
 
Бірімжаров  Б.Қ,  Қайырғалиев  А.Ж.  Ұлы  Жеңістің  60  жылдығына 
арналған  ғылыми-теориялық  конференция  (материалдар  жинағы):  Батыс 
Қазақстан еңбекшілерінің Ұлы Жеңіске қосқан үлесі. – б. 270. 
 
 
Д. Опиев 
ВКЛАД ЗАПАДНОКАЗАХСТАНСКИХ ТРУЖЕНИКОВ СЕЛА В ГОДЫ ВЕЛИКОЙ 
ОТЕЧЕСТВЕННОЙ ВОЙНЫ В ФОНД ОБОРОНЫ 
 
В  статье  говорится  об  активном  участии  западноказахстанских  тружеников  села  в 
патриотическом  движении  по  формированию  Фонда  обороны  во  время  Великой  Отечест-
венной войны. Наряду с этим всесторонне описаны сельхозпродукты и промышленные товары, 
отосланные в свое время в Красную Армию работниками села. 
Ключевые слова: совет, зарплата, трудовик, облигация, село. 
 
 
 
D. Opiyev 

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
299 
INVESTMENT OF THE WORKERS OF THE WEST KAZAKHSTAN REGION IN DOING 
THE FOND OF DEFENSE DURING  THE GREAT PATRIOTIC WAR 
 
In  this  article  was  written  about  the  active  participation  of  the  workers  of  the  West 
Kazakhstan  region  for  doing  the  fond  of  defense  during  Great  the  Patriotic  War  which  was  a  great 
suffering  for  people.  And  also  was  described  about  agricultural  products  which  were  sent  for  the 
section of the Red Army as the archives fonds by the village workers. 
Key words: Advice,salary,worker,bond, village. 
 
 
 
УДК 516. 65: 54 (574)  
 
А.И. Исмаилов, С.Н. Әлібек - 
М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент 
Е-mail: Seid-61@mail.ru 
 
ГЕНЕРАЛ САБЫР РАҚЫМОВТЫҢ 1943 ЖЫЛҒЫ 
МАЙДАНДАҒЫ ЕРЛІГІ 
 
Андатпа. Мақалада Ұлы Отан соғысы кезеңінде қазақ ұлтынан шыққан офицерлердің 
арасында  бірінші  болып  жоғары  дәрежелі  генерал  шеніне  қол  жеткізген  С.О.  Рақымовтың 
ерлігі  жазылған.  С.Рақымов  сарбаздарын  ұрысқа  жеке  өзі  бастап  барып,  тың  шабуылдаушы 
мәнердегі басшылық шеберлігін көрсеткен. 
Түйін сөз: офицер, дивизия, шен, әскер, соғыс. 
 
1941-1945  жылдардағы  Ұлы  Отан  соғысы  кезеңінде  қазақ  ұлтынан 
шыққан  офицерлердің  арасында  бірінші  болып  жоғары  дәрежелі  генерал 
шеніне  қол  жеткізген  Оңтүстік  Қазақстан  облысы  Қазығұрт  ауданының 
тумасы Сабыр Омарұлы Рақымов болатын. 
Осы  жоғары  әскери  шенге  жетудегі  оның  қаһармандық  жолы  да  оңай 
болған  жоқ.  Майор  Рақымов  ұрыс  даласына  ортаазиялық  104-танк  дивизиясы-
ның құрамында 1941 жылдың шілде айында кірісті. Полк командирінің орынба-
сары  болып  тұрған  шағында  олардың  мотоатқыштар  полкі  алғашқы  шайқаста-
рын  Ельня  қаласы  аумағында  жүргізді.  Ол  Смоленск  жерінде  орналасқан  қала 
болатын. Москваны алу мақсатында Вязьма, Ельня және Рославль секілді ежелгі 
орыс  қалалары  арқылы  жолындағы  бар  кедергі-тосқауылдарды  бұзып-жарып, 
өршелене  алға  ұмтылған  неміс  генералы  Гудерианның  танктік  және  моторлы 
дивизиясына  қарсы  тұру  ол  кезде  шын  мәнінде  үлкен  ерлік  еді.  Бірақ,  осы 
ұрыстарда  жау  алғаш  рет  Кеңес  әскерінің  қайсарлығын  сезінді.  Смоленск 
жеріндегі  кескілескен  шайқастарда  офицер  Сабыр  Рақымовтың  қолбасшылық 
қасиеті шыңдалып, жеңіске деген құштарлығы арта түсті. 
Ол  сарбаздарын  ұрысқа  жеке  өзі  бастап  баратын.  Рақымовтың 
шабуылдаушы  мәнердегі  басшылық  шеберлігі  Батыс  майдандағы  алғашқы 
ұрыстарда-ақ  қалыптасқан  еді.  Қаптаған  қауіп-қатерге  қарамай  ол  талай  рет 
алдыңғы шептен табылып, дұшпанмен бетпе-бет келді.  
Гитлерлік  Германия  басшылығының  1942  жылдағы  жоспарында  Сол-
түстік Кавказ бен Закавказье айрықша орын алды. Осы орайда соғыс алдында 
1940  жылдары  Бакудің  мұнайлы  аймағында  мұнай  өндірудің  71  пайызға 
жеткенін, ал Майкоп пен Грозныйдың мұнайлы аудандарында алынған мұнай 
өнімі  бүкіл  Кеңестер  Одағында  өндірілген  мұнайдың  24  пайызын  құраған-
дығын айта кеткен жөн. 
Сондай-ақ Солтүстік Кавказ бен Дон даласы техникалық мәдениет пен 

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
300 
мал  шаруашылығы  өркендеген,  астық  өнімдерін  мол  өндіретін,  ауылшаруа-
шылығы дамыған елдің бай аудандары қатарына жатады.  
Жалпы Солтүстік Кавказ және Закавказье соғыстан алдыңғы жылдары 
күшті  индустриалдық  дамуды  бастан  өткеріп,  Кеңес  мемлекеті  экономика-
сындағы маңызды тіректердің бірі болды. 
Аса  ауқымды  мұнай  көздерінен  бөлек,  бұл  ауданнан  темір  мен  марга-
нец кендерінің үлкен қоры, сирек кездесетін металдар мен құрылыс мекеме-
леріне  арналған  шикізаттар  табылған.  Сонымен  қатар  мұнда  электростан-
циялар  мен  металлургия  өнеркәсібі  заводтары  салынған.  Сондықтан, 
өздерінің  Мәскеу  түбіндегі  шайқастағы  масқара  жеңілісінен  сабақ  алуды 
көздеген  вермахттың  1942  жылғы  жоспарында  Кавказ  бағыты  әскери-саяси 
және стратегиялық маңыздылығымен ерекшеленді [1]. 
1942 жылдың жазындағы Оңтүстік-Батыс және Оңтүстік аймақтардағы 
ұрыс  қимылдары  жанкештілікпен,  асқан  қатыгездікпен  өткендіктен,  алапат 
қантөгіске  алып  келді.  Осы  орайда  кеңестік  көлемді  әскери  құрылымдарды 
Н.В.Ватутин,  Р.Я.Малиновский,  А.А.Гречко,  И.Е.Петров,  адмирал  Ф.С.Ок-
тябрьский  секілді  дарынды  кеңес  генерал-қолбасшылары  басқарғандығын 
атап  айтқанды  жөн  көрдік.  Бұл  жайында  «Кавказ  соғысының  батырлары» 
кітабында да жазылған. Онда былай делінген: 
«И.В.Сталин И.Е.Петровтың қолбасшылық қасиетін жоғары бағалаған. 
Мәселен,  адмирал  Ф.С.Октябрьский  құрсаудағы  Севастопольден  И.В.Ста-
линге жіберген жеделхатында генерал Петровты өз ісін жетік білетін сенімді 
командир  ретінде  атай  келіп,  оған  «генерал-лейтенант»  шенін  беруді 
өтінумен  қоса,  Севастопольдегі  Приморск  армиясы  басшысы  қызметінде 
қалдыруын сұраған. Сталин бұл өтінішті қабыл алған [2]. 
Бірнеше  мыңдық  кеңес  әскерін  партиялық-саяси  сауаттандыру  ісі 
Иосиф  Сталиннің  айналасындағы  мемлекет  қайраткерлеріне  тапсырылды. 
Олар Л.М.Каганович пен Л.З.Мехлис болатын. 
Бұл  тұрғыда  Кавказ  бағытындағы  ұрыстардағы  штаб  басшыларының 
ішінен кейіннен Кеңестер Одағы Қарулы Күштерінің Бас Штабын басқарған 
генерал А.А.Антоновты атап өтуге болады. 
Біз  барынша  белгілі  кеңес  қолбасшылары  мен  әскербасыларының 
аттарын  атап,  қаһармандық  жолдарын  тілге  тиек  еттік.  Неге  дейсіз  ғой? 
Жауап  мынада.  Қандай  іспен  айналыспасын  әр  адамның  өмірінде  естен 
кетпейтін  тарихи  жағдайларға  негізделген  сәттер  болады.  Осы  сәттер  оны 
биік  белестерге  жетелеп,  ұшпаққа  шығарады.  Шындығында  армия,  корпус, 
дивизия болсын, тіпті, взвод, рота болсын, майдан өмірі мен ұрыс даласында 
темірдей  тәртіп  орнап,  отансүйгіштік  қасиет  жоғарылап,  бұл  механизм 
үзілмегенде ғана әскери тапсырма орындалатыны белгілі. 
Нағыз  ержүрек,  аты  аңызға  айналған  адамдардың  бірін-бірі  кездейсоқ 
тауып,  таңғаларлық  жағдайларда  тағдырлас  болуын  тарихта  аз  кездестір-
мейміз.  Полк  командирі  майор  Рақымов  та  маңызды  сын  сағаттарда 
тактикалық  шеберлігін  шыңдай  отырып,  ұрыс  даласында  аса  маңызды 
шешімдер  қабылдаумен  қатар,  бар  жауапкершілікті  де  өз  мойнына  алуға 
міндетті болды. Айтса айтқандай, офицер Рақымов та сол кезеңдердегі әскери 
міндетке  адал  қараған  бар  тұлғалар  секілді  батырлығы  мен  қолбасшылық 
қабілеті  қатар  ұштасқан  бірегей  тұлғалардың  қатарынан  еді.  Осы  майдан 
өміріндегі  ұрыс  жолдарының  әр  кезеңдерінде  ол  жоғарыда  аты  аталған 
таңғажайып тағдырлы талай тұлғалармен тізе қосты. Әскери бақыт дегеніңіз 

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
301 
де осы болар, бәлкім. 
1149  –  атқыштар  полкына  майор  Рақымов  командир  орынбасары 
қызметін  атқару  үшін  келді.  Ол  мұнда  1940  жылы  жазда  Орта  Азия  Әскери 
округінде  құрылған  104-танк  дивизиясынан  жіберілген  болатын.  Аталмыш 
танк  дивизиясының  құрамында  Смоленск  жерінде  өткен  ауыр  шайқастарға 
қатынасып,  жорықтардың  бірінде  жарақат  алды.  Солтүстік  Кавказдағы 
Железноводск  қаласында  орын  тепкен  әскери  госпитальда  ем  қабылдады. 
Жарақатынан  айыққан  соң  353-атқыштар  дивизиясына  жіберілді.  Ал  1149-
атқыштар полкі осы дивизияның құрамына кіретін. 1941 жылғы 27 қазандағы 
ұрыста  полк  командирі  подполковник  Петров  Дионисий  Петрович  қаза 
тауып, полкті басқару міндеті С.О.Рақымовқа жүктелді [3]. 
Өзара  қарым-қатынастарда  да,  әскери  тапсырмаларды  орындау 
барысында да Сабыр полктің штаб бастығы әрі комиссары Спиридонов Петр 
Михайловичпен  және  Полухин  Александр  Орестовичпен  толық  тіл  табыса 
білді.  Рақымов  полкі  офицерлері  мен  қызыләскерлерінің  ержүректігінің, 
қаһармандығының  дәлелі  ретінде  олардың  әскери  марапаттарын  атауға 
болады.  Батальон  командирі  аға  лейтенант  Гаращук  Николай  Анисимович 
және  полк  парторгі  аға  политрук  Илларионов  Николай  Алексеевич  Кеңес 
мемлекетінің  жоғары  наградасы  –  Ленин  орденімен  марапатталды.  Оңтүстік 
майдан  қолбасшысының  бұйрығымен  (генерал-лейтенант  Р.Я.Малиновский) 
1149-атқыштар  полкінің  жеті  жауынгеріне  «Қызыл  Жұлдыз»  ордені  тапсы-
рылды.  Батальон  командирі  капитан  Батаев  Виктор  Петрович  пен  миномет 
взводының  командирі  аға  лейтенант  Прокопьев  Григорий  Григориевич 
«Қызыл Ту» орденімен марапатталды [4]. 
1942  жылдың  мамырында  подполковник  С.О.Рақымов  353-атқыштар 
дивизиясы  командирінің  орынбасары  қызметіне  тағайындалды.  Бұл  дивизия 
1941 жылдың тамызында жасақталған болатын. 
Алғашында  бұл  дивизия  қазан  айынан  бастап  56-армия  құрамында 
Оңтүстік-Батыс майдандағы ұрыстарға қатысса, 1942 жылдың ақпанынан 18-
армияның қол астында соғысқа араласты. Кейіннен 1942 жылдың шілдесінен 
1943 жылдың наурызына дейін Солтүстік Кавказ майданындағы армия құра-
мында ұрыс даласында болды. Қысқасын айтқанда, бұл дивизия Кавказ үшін 
болған  шайқастардың  ең  қауіпті  аумақтарына  жіберілді.  Осынау  ұрыстар 
С.Рақымовтың командирлік шеберлігінің шыңдалуына септігін тигізді. 
1942  жылдың  26  қазанынан  полковник  Сабыр  Рақымов  өмірінің  жаңа 
кезеңі  басталды  десек  болады.  Оған  395-атқыштар  дивизиясын  басқару 
тапсырылды.  Басқаша  айтқанда,  ол  штат  бойынша  «генерал-лейтенант» 
қызметін  атқаруға  кірісті.  Бұл  ірі  әскери  құрылым  әр  майдан  шебіндегі 
ұрыстарда  қайсарлық  танытып,  сарбаздарының  қаһармандығы  ел  аузына 
ілініп, даңққа бөленді. «Қызыл Ту» және «2-дәрежелі Суворов» ордендерімен 
қатар  «Таманьская»  құрметті  атауына  да  иелік  етті.  Мұның  бәріне  дивизия 
бірте-бірте қол жеткізді. Өзінің жеке құрамы негізінен Донецк көмір бассейні 
шахтерлерінен  құралған  бұл  дивизия  1941  жылдың  29  қыркүйегінен  бастап 
Оңтүстік  майданда  гитлерлік  басқыншыларға  қарсы  ұрыс  жүргізді. 
Мариуполь  қаласына  кіруге  ұмтылған  жау  әскеріне  тосқауыл  қоя  отырып, 
кеңестік  9-18-армиялар  бөлімшелерінің  жау  құрсауынан  сытылып  шығуына 
көмек  қолын  да  созды.  1941  жылы  танктер  жәрдеміне  сүйенген  жаудың  ірі 
әскери  күші  дивизия  қорғауға  алған  аймаққа  өте  жақын  келді.  Кескілескен 
шайқастар  басталды.  Жауға  тойтарыс  берілді.  Дивизияның  Миус  өзенінің 

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
302 
шығыс жағалауынан бастау алған шабуылына полковник Рақымов басшылық 
етті.  Ал,  ол  уақытқа  дейін  дивизияны  Кеңес  Одағының  Батыры  полковник 
Петраковский  Анатолий  Иосифович  басқарған  болатын.  Ол  1939-1940 
жылдардағы  кеңес-фин  соғысына  қатысқан  белгілі  офицер,  кәнігі  әскери 
мамандардың бірі еді. 
1940  жылы  батальон  командирі  бола  жүріп,  қарсыластың  қорғаныс 
аумағын  бұзып  өтіп,  финдерді  көп  шығынға  ұшыратты.  1940  жылдың            
21  наурызында  А.И.Петраковскийге  «Кеңес  Одағының  Батыры»  атағы 
берілді.  Майдан  басшылығының  шешімімен  дивизия  командирі  басқа 
қызметке бекітілді. Соғыстан  кейінгі жылдары генерал-майор Петраковский 
Дондағы  Ростов  қаласында  тұрды.  Миус  өзені  ауданындағы  шайқастарда 
Рақымов дивизиясы жаудың 23 блиндажын қиратып, қарсыластың 4 – таулы 
атқыштар  дивизиясының  құрамындағы  1200-дей  солдаттары  мен  офицерле-
рінің  көзін  жойды.  1942  жылдың  қаңтарында  жаудың  миналаған  аймақтары 
мен  түрлі  инженерлік  кедергілерін  қирата  отырып,  дивизия  бөлімдері 
шабуылдарын  одан  әрі  үдете  түсті.  Дивизия  1942  жылыдң  25  қаңтарында 
«Үш  емен»  аңғарына  жетіп,  «412-биіктікті»  бағындырды.  50  елді-мекен 
жаудан  азат  етілді.  Сегіз 115мм-лік  зеңбірек,  6  автомашина,  2  танк  және                  
3  тягач,  5  пулемет  8500  патронымен  бірге  олжаланды.  Дивизия  бөлімдері 
Кубань  өзеніне  табан  тіреп,  Могукарска  ауданына  шықты  да,  жау  әскерінің 
шегінер жолын кесіп тастады. 
1942-1943  жылдардағы  қысқы  ұрыстарда  да    полковник  Рақымовтың 
командирлік дарыны ерекше байқалып тұрды. 1943 ж. сәуірдің екінші жарты-
сынан оның дивизиясының бөлімдері Ольховский – Новотроицкий ауданына 
жетті.  Қызыләскерлер  мен  офицерлер  ержүректік  пен  батырлық  көрсетті. 
Миус  өзені  бойындағы  бекінісі  ұстап-тұру  кезінде.  714-атқыштар  полкінде 
Мергендер  қозғалысы  деген  бейресми  ұғым  пайда  болды.  Мәселен,  шахтер-
лер  династиясынан  шыққан  сержант  Фаустов  Оңтүстік  майдан  шебіндегі 
белгілі мергендердің бірі болды. Полк командирі майор Ильясов ауыр жара-
қат алғанына қарамастан, ұрыс алаңын тастап кетпей ерлікпен қаза тапты. 
Старшина Кондратьев Леонтий Васильевич осы полкте борышын өтей 
жүріп,  Кеңес  Одағының  Батыры  атағына  қол  жеткізді.  Ол  Кубаньдағы 
ұрыстардың  бірінде  із-түзсіз  жоғалып  кетті.  Барлаушы  Полин  Алексей 
Владимирович жау дзотын өз кеудесімен жауып, ерліктің таңғажайып үлгісін 
көрсетіп, әскери тапсырманы орындау үшін өмірін қиды.  
1943  жылдың  қаңтарында  дивизияның  алдыңғы  бөлімдері  Качканова 
қаласына жетіп, жау бекінісін бұзып өтті. Қыраттар арқылы қарсы шабуылға 
шыққан олар Кубань станицалары мен ауылдарын жаудан тазартып, мұнайлы 
аймақты азат етті [5]. 
Кондратьев пен Полиннің жанқиярлық ерлігі дивизияның барлық жеке 
құрамдары  үшін  үлгі  болды.  Дивизия  командирі  С.Рақымов  пен  дивизия 
комиссары  А.Сахнюк,  командирлер  мен  бөлімдердің  саяси  жетекшілері  
әскери  тапсырмаларды  моральдік  және  күштік  тұрғыда  мүлтіксіз  орындауға 
үйрете  отырып,  олардың  қаруды  қолдану  мен  әскери  техниканы  тиімді 
пайдаланудағы  шеберліктерін  шыңдауда  көп  еңбек  сіңірді.  Осынау  жоғары 
сападағы  әскери  дайындықтардың  Рақымов  дивизиясы  жеңістерінің  кепілі, 
ерліктерінің  негізі  екенін  атап  айтқан  жөн.  Дивизияның  қызылармиялық 
газеті  «Қызыл  жауынгерде»  (№51  22  сәуір  1943жыл)  жарияланған  «Батыр 

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
303 
Кондратьев  секілді  шайқасайық»  атты  мақалада  дивизия  сарбаздарының 
қызылармиялық  жиналыста  оның  ерлігін  үлгі  тұтына  талқылап,  сондай-ақ 
әскери  жанұяға  мүшелікті  адал  атқару  мәселесі  сөз  болғандығы,  ұрыс 
даласында  қаруластары  Леонтий  Кондратьевтің  жанқиярлық  ерлігін 
қайталауға серттескендігі айтылған. 
Кавказдағы  соғыс  батырлары  туралы  соғыстан  кейін  қалам  тартқан 
авторлар да старшина Кондратьев Леонтий Васильевичтің өзінің елу жылдық 
өмірінде  көп  нәубетті  көргенін  атап  көрсеткен  болатын.  Бұл  –  оның 
өміріндегі  үшінші  соғыс.  Сарбаздық  міндеттің  қызығы  мен  қиыншылығын 
бір кісідей көрген ол империалистік соғысты да, Деникинге қарсы күресті де, 
ақ поляктарға қарсы арпалысты да бастан кешірді. Немістерге қарсы күресте 
де қаруын қолынан тастамады. Гитлершілдердің 198-жаяуәскер дивизиясына 
соққы  беріп,  Хатыпс  өзенін  қолға  алуға  бұйрық  берілген  болатын.  Таңнан, 
бері  тыныш  таппаған  взвод  тұман  мен  түтінді  пайдаланып  400,3  биіктікке 
еңбектей  жылжып  жақын  келген  тұста  жау  оқ  жаудыра  бастады.  Кеңес 
әскерлері  кері  шегінбеді.  Старшина  Кондратьев  осы  сәтте  алғашқылардың 
бірі болып шабуылға шығып, ондаған гитлершілдердің көзін жойды [6]. 
КСРО  Жоғары  Кеңесі  Президиумның  1943  жылғы  31  наурыздағы 
жарлығымен  «Әскери  тапсырманы  орындау  барысындағы  адалдығы,  неміс 
басқыншыларына  қарсы  күресте  көрсеткен  ерлігі  мен  қайсарлығы  үшін» 
старшина  Кондратьев  Леонид  Васильевичке  «Кеңес  Одағының  Батыры» 
атағы берілді [7]. 
1943  жылғы  20  сәуірдегі  газет  материалдарында  құрама  командирінің 
саяси  жетекшілер  мен  жауынгерлердің  үлкен  тобы  ордендер  және  медаль-
дармен марапатталғаны айтылған. «Қызыл матамен қапталған үстелге жас әрі 
сымбатты  лейтенант  Толубаев  нық  қадаммен  жақындай  берді.  Н.  Хуторына 
шабуыл  үстінде  қорқынышты,  қаймығуды  білмейтін  командир  өзінің  бес 
автоматшыларымен бірге қарсыластың екі қарсы шабуылына тойтарыс берді. 
Гитлершілдердің  саны  екі  жүздей  еді.  Бұл  Толубаевты  үрейлендірмеді. 
Фашистерді  жақындау  жіберіп,  қынадай  қыра  бастады.  Немістер  көп 
өліктерін  ұрыс  алаңында  қалдырып,  кейін  шегінуге  мәжбүр  болды.  Осы 
ерлігі үшін офицер Толубаев Александр Невский орденімен марапатталды». 
Дивизия басшылығы ұрыстарда ерекше  ерлігімен көзге түскен жауын-
герлер  мен  офицерлерді  жоғары  мемлекеттік  марапаттарға  дер  кезінде  ұсы-
нып отырды. Саяси жетекші Романов Георгий Васильевич Ленин орденімен 
марапатталса,  алдыңғы  шептегі  ұрыстарға  басшылық  жасай  отырып,  жеке 
ерлігімен де ерекшеленген бөлімдер командирлері Ключиков, Лисовой, Фро-
лов және саяси жетекші Воробьев «Қызыл белгі» орденімен марапатталды. 
Дивизия  командирі  полковник  Сабыр  Рақымов  КСРО  Жоғары  Кеңесі 
Президиумының  атынан  1942  жылдың  желтоқсанында  және  1943  жылдың 
қаңтарында  212-дей  қызыләскерлер  мен  кіші  командирлерді,  офицерлерді 
наградтады  [8].  «Марапатталғандардың  ішінде  1917  жылы  туған,  қазақ 
ұлтынан  шыққан  Жамбыл  облысы  Свердлов  ауданы,  Буденный  атындағы 
ұжымшардың  тумасы,  29-танкке  қарсы  артиллериялық  дивизияның 
барлаушысы  ефрейтор  Сағиев  Шыңғыс  Ахметұлы  да  бар  болатын.  Сарбаз 
Сағиев Қызыл Армия қатарына 1940 жылдың ақпанынан қосылған. Ұлы Отан 
соғысындағы  майдандарға  1941  жылдың  шілдесінен  араласқан.  Белорусь 
Республикасының астанасы Минск түбіндегі қанды ұрыстарға қатысқан. Сол 

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
304 
шайқастарда  жараланып,  емделгеннен  соң  Оңтүстік  майданға  жіберілген. 
1942  жылы  тамызда  Батайск  қаласының  сыртындағы  соғыста  ерекше  ерлік 
көрсеткен. Бораған оқтың астында жүріп, жарты шақырым жерден Моншаев 
екеуі  зеңбірекке  снаряд  жеткізіп  беріп  тұрған.  Моншаев  сол  әрекет  үстінде 
қаза  тауып,  Сағиев  ызалана  қимылдап,  жәшік  толы  снарядтарды  батареяға 
еңбектеп жеткізуін тоқтатпаған. Сол сәтте фашистер батареяны қоршауға ала 
бастады.  Сағиев  те  қарап  қалмай,  жаралы  жауынгердің  қолынан  пулеметін 
жұлып  алып,  оқ  жаудырып,  20  фашисті  жер  жастандырды.  Оның  бірде-бір 
нысананы  назардан  тыс  қалдырмайтын  қырағылығын  айтпағанның  өзінде, 
барлау кезінде батылдық пен мұқияттылықты берік ұстайтын». 
Бұл  жолдар  дивизия  командирі  инженер-майор  Бодровтың  қолы 
қойылған марапат қағазынан алынып отыр. 
Дивизия  командирі  С.Рақымов  оны  өзі  бекітіп,  «Қызыл  Жұлдыз» 
орденімен марапаттаған [9]. 
1923  жылы  туған  Оңтүстік  Қазақстанн  облысы,  Жуалы  ауданы, 
Самсоновка  ауылынан  шыққан  он  тоғыз  жасар  жас  офицер  Данилко  Иван 
Федоровичтің  марапат  қағазында  оның  1942  жылдың  29  желтоқсанында 
«Қызыл  Жұлдыз»  орденін  алғандығы  жазылған.  Ол  403,3  биіктікті 
бағындырудағы  ұрыста  шешімділік  пен  жанқиярлық  танытқан.  Жаудың 
толассыз  боратқан  оғының  астында  алға  ұмтылуын  тоқтатпай,  үш  рет 
шабуылға шығып, жау блиндаждарына жетіп, оның біреуін жарып жіберген. 
7-8  желтоқсандағы «Белгісіз» биіктігі үшін өткен шайқаста жау шебіне жеке-
дара жетіп, қос гранатамен дзотты жарып, 10 гитлершінің көзін жойды. Осы 
ұрыста  ауыр  жарақаттанып,  госпитальға  жіберілді.  723-СП-нің  командирі 
майор  Строковтың  мәлімдемесінде  дивизия  командирі  полковник  Сабыр 
Рақымовтың  лейтенант  И.Ф.  Данилканы  «Қызыл  Жұлдыз»  орденімен 
марапаттағаны жайында айтылған [10]. 
1943  жылғы  22  ақпанда  командир  бұйрығымен  Рақымовтың  әскери 
құрамасынан  ұрыста  көрсеткен  ерлігі  мен  ержүректігі  үшін  20  адамға 
«Қызыл  Жұлдыз»  ордені,  64  адамға  «Ерлігі  үшін»  және  «Ұрыстағы  ерлігі 
үшін» медальдары берілді. 
Кавказ  үшін  болған  6  айға  созылған  күресте  56-армия  құрамындағы 
395-атқыштар  дивизиясы  жаудың  Туапсеге  өтер  жолына  тосқауыл  қойды. 
Сол кезде 1058 адам марапатқа ұсынылды. Олардың арасында белгілі мерген 
Василий  Курка,  пулеметші  Пителин,  автоматшылар  взводының  командирі 
лейтенант Толыбаев та болды [11]. 
Дивизияның атқыштар полкі соғысты өз тұғырына екі  орден қадаумен 
аяқтады. Артиллериялық полк Богдан Хмельницкий орденімен, 29-ИПТАД – 
«Қызыл белгі» орденімен марапатталды [12].  
Дивизия  командирі  С.О.Рақымовтың  Солтүстік  Кавказ  бен  Закавказье 
үшін  өткен  шайқастарда  белсенді  қорғаныс  пен  сәтті  шабуылдарды  шебер 
ұйымдастыра  білуі  жоғарыда  аталған  марапаттарға  жетуде  оның  аз  еңбек 
сіңірмегендігін айғақтайды. 
Әскери Кеңестің Сабыр Рақымов атына жіберген жеделхатында былай 
делінген:  «Сіздің  басқаруыңыздағы  дивизия  алдымен  он  сегізінші,  кейіннен 
56-армияның  құрамында  жоғары  әскери  дайындығымен  ерекшеленіп,  мәңгі 
өшпес  ерліктер  жасады.  Сізге  жолдас  Рақымов,  және  дивизияның  жеке 
құрамына алғысымызды айта отырып, алдағы уақытта да жауды талқандауда 
осы  табандылығын  жоғалтпайтынына  үлкен  сенім  білдіреміз.  Жеделхатқа 

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
305 
Петров,  Колонин,  Ермолов,  Гречко,  Харитонов,  Гольденштейн  және 
Кальченко  қол  қойған.  Бұлар  Черноморск  тобы  әскери  құрамдары  мен 
армиясының басшылары мен саяси жетекшілері болатын. Осылайша дивизия 
командирінің  әскери қызметі жоғары бағаланды.  Оған «Қызыл белгі» және 
«2-дәрежелі Суворов» ордендері тапсырылды. КСРО Үкіметінің 1943 жылғы 
19  наурыздағы  шешімімен  395-атқыштар  дивизиясының  командирі  Сабыр 
Омарұлы Рақымовқа «генерал-майор» әскери шені берілді. 
1943 жылдың маусымынан С.О.Рақымов Ворошилов атындағы Жоғары 
Әскери академияға жіберілді. Осы уақыттан академия 9 айлық оқу мерзіміне 
ауысты.  Сабыр  Рақымов  толыққанды  білім  алып,  тактикалық-шапшаңдық 
шеберлігін  шыңдау  үшін  Мәскеуге  келді.  Сабыр  секілді  жоғары  дәрежелі 
командир  үшін  бұл  оқудың  майдан  даласында  практикалық  тапсырмаларды 
орындауда да көп көмегі тигені анық. 

жүктеу 5.24 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет