Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 5.24 Kb.

бет30/36
Дата09.01.2017
өлшемі5.24 Kb.
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   36

Литература 
1.
 
Янски  Герберт.  Ахмет  Заки  Валиди  Таган//  Юлдашбаев  А.М. 
Известный и неизвестный Заки Валиди в памяти своих современников. Уфа, 
2000. С. 29.  
2.
 
Образование  Башкирской  Автономной  Советской  Социалистичес-
кой Республики. Сб. док и мат. / Под ред. Б.Х. Юлдашбаева. – Уфа: Башкир-
ское книжное издательство, 1959. 
3.
 
Кульшарипов М.М.  З. Валидов  и  образование  Башкирской  Авто-
номной  Советской  Социалистической  Республики  (1917–1920 гг.). –  Уфа: 
Китап, 1992. 
4.
 
Протоколы  Всероссийского  мусульманского  съезда,  проходившего 
в Москве с 1 по 11 мая 1917 г. – Пг., 1917. (На татар. яз.) 
5.
 
Тоган З.В. Воспоминания. Кн. 1. – Уфа: Китап, 1994 
6.
 
Национально-государственное  устройство  Башкортостана  (1917–
1925 гг.). Док и мат. / Автор-сост. Б.Х. Юлдашбаев. Т. 1. – Уфа: Китап, 2002. 
7.
 
Кульшарипов М.М.  Башкирское  национальное  движение  (1917–
1921 гг). – Уфа, Китап, 2000. 
8.
 
Советская Башкирия. 1997, 23 сент. 
9.
 
Юлдашбаев А.М. Профессор А.-З. Валиди Тоган. (Научно-популяр-
ная  брошюра). –  Уфа,  1991;  Ахметзаки  Валиди  Тоган //  Судъба  и  наследие 
башкирских  ученых-эмигрантов. –  Уфа,  1995;  Не  сочтите  за  пророчество… 
Письма,  сообщения,  выступления. –  Уфа,  1998;  Известный  и  неизвестный 
Заки Валиди (в памяти своих современников). – Уфа, 2000. 
10.
 
Салихов А.Г.  Научная  деятельность  А. Валидова  в  России. –  Уфа, 
2001. 
11.
 
Касимов С.Ф. «Хатиряляр»  – «Воспоминания» А.-З.Валиди Тогана… // 
Востоковедение  в  Башкортостане.  История.  Культура.  Кн. 2. –Уфа,  1992; 
Автономия  башкортостана:  становление  национальной  государственности 
башкирского  народа  (1917–1925 гг.). –  Уфа,  1997;  Кульшарипов М.М. 

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
263 
З. Валидов  и  образование  Башкирской  Автономной  Советской  Социалис-
тической  Республики  (1917–1920 гг.). –  Уфа:  Китап,  1992;  Башкирское 
национальное движение (1917–1921 гг). – Уфа, Китап, 2000; Заки Валиди как 
политик  и  ученый  востоковед.  Уфа,  2010  (соавторстве  с  А.М. Юлдашбае-
вым);  Ишемгулов Н.У.  О  некоторых  проблемах  башкирского  национально-
освободительного  движения //  Востоковедение  в  Башкортостане.  История. 
Культура. Кн. 1. –Уфа, 1992 
12.
 
Хусаинов Г.Б.  Ахметзаки  Валиди  Туган.  Историко-биографическая 
книга.  (На  башк. яз.). –Уфа,  2000;  Баимов  Р.Н.  Полет  сокола.  Историко-
документальный  роман.  Уфа,  1997;  Шафиков Г.Г.  Крючья  под  ребро.  Эссе, 
мысли, стихи. – Уфа, 1993; Дыхание жгучей истории. – Уфа, 1998. 
13.
 
Исхаков С.М.  Ахмет-Заки  Валидов:  новейшая  литература  и  факты 
его  политической  биографии //  Вопросы  истории.  № 10,  2003;  Из  истории 
российской  эмиграции:  письма  А.З. Валидова  и  М. Чокаева.  1924–1932 гг. – 
М., 1999. 
14.
 
Сагдиев, А.В.  М. Султангалиев  и  идеология  национально-освобо-
дительного движения. Научно-аналитический обзор. – М., 1990. 
15.
 
Султанбеков, Б.Ф., Малышева, С.Ю. Трагические судьбы. – Казань, 
1996.  
16.
 
Сайт «Уфагубъ». В. Стечкин. Башкирские власти отмывают пособ-
ника фашистов Валиди от коричневых пятен и т.д. 
17.
 
См.:  Российская  газета.  9 декабря,  2009 г.;  Республика  Башкор-
тостан. 20–23 января, 2010 г. 
18.
 
   Борисюк  Ю.,  Шишков  А.  Заки  Валидов.  Степной  волк,  отец 
русского федерализма// Профиль, 1998, 9 марта, С.  
 
 
М. Кульшарипов 
З. ВАЛИДИ  ЖӘНЕ БАШҚҰРТ АВТОНОМИЯЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫН 
ҚҰРУДАҒЫ ОНЫҢ РӨЛІ 
 
Мақалада  З.Валидидің  тек  шығыстанушы,  ғалым  ретінде,  сонымен  қатар  ұлы  саяси 
қоғам  қайраткері,  башқұрттардың  мемлекеттік  жүйе  құруына  ұлттық  қозғалыс  күшін 
бастаушы  қырынан  көрсетілген.  Совет  Одағының  Большевиктер  жағынан  автономия  құру 
мәселесін қолдау таппағандығынан З.Валиди шетел асуына тура келді. 
Түйін сөз: орыс федерализмі, башқұрт ұлттық қозғалысы, I Бүкілресейлік мұсылмандар 
съезді, Орталық кеңес, Башқұрт үкіметі, башқұрт жасағы, фальсификация. 
 
 
M.M. Kulsharipov 
Z. VALIDI AND HIS ROLE IN FOUNDING OF BASHKIR AUTONOMOUS REPUBLIC 
 
In the article of M. Kulsharipov it is revealed that Z. Validi was not only a prominent scholar-
orientalist;  he  was  an  eminent  political  figure,  who  headed  national  movement  of  the  Bashkirs  for 
achieving their state system. There is also stated that Z. Validi was one of the ideologists of Russian 
federalism.  However  Validi  approach  to  the  question  of  autonomy  didn't  meet  with  insight  from 
Bolshevik leadership of the Soviet country and that was the reason of his emigration abroad. 
Key  words:  Russian  federalism,  Bashkir  national  motion,  I,  is  All-russian  moslem 
convention, Central advice, Bashkir government, Bashkir troops, falsification. 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
264 
УДК 94(574)       
Л.Б. Бердіғожин – т.ғ.д., 
                         Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік 
   университеті гуманитарлық зерттеу орталығы директоры 
                         К.Б. Меңдігереев – т.ғ.к., 
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау 
 мемлекеттік университетінің доценті 
                         Р.Е. Бердіғожина – магистрант,  
Қызылорда «Болашақ» университеті, 
E-mail: berdyguzhin@mail.ru  
   
МҰНАЙШЫ МАМАНДАР ЕСТЕЛІГІ - ТАРИХИ ДЕРЕК КӨЗІ 
 
Аңдатпа.  Мұнайшы  мамандар  туралы  естеліктерді  нарративтік  тарихи  құнды  дерек 
көзі  ретінде  пайдалану  Қазақстан  мұнай  кәсіпшіліктерінің  қалыптасуы,  дамуы,  мұнайшы 
кадрларды  даярлау  жөнінде  маңызды  мағлұматтар  алуға,  қазақ  мұнайының  тарихын  жан-
жақты саралауға мүмкіндік береді.  
Түйін сөз: мұнайшы, мамандар, мұрағат, деректер, естелік, мұнай, газ. 
 
Қазақстан  мұнай  өнеркәсібінің  қалыптасып,  дамуы  және  маман 
кадрларының  өсіп,  жетілуі  туралы  естеліктер  де  нарративтік  тарихи  құнды 
дерек бола алады.  
Естеліктердің  тарихнамалық  зерттеу  объектісіне  айналуы  тәуелсіздік 
жылдарынан  басталады.  Бұл  бағытта  С.Шеретов  [1],  Қ.Әлімғазинов  [2] 
диссертациялары қорғалды.  
С.Шеретов  естеліктерге  Ресей  тарихнамасы  тұрғысында  теориялық  – 
методологиялық  мән  берсе,  Қ.Әлімғазинов  азамат  соғысына  қатысушылар 
естеліктерін тарихи дерек көзі ретінде зерделейді.  
Естелік иелері, олар мемлекеттік құрылыс қайраткерлері, партия, кеңес 
қызметкерлері,  өндіріс  ұйымдастырушылары.  1920-1940  жылдардағы  мұнай 
кәсіпшіліктерінің  дамуы,  өндіріс  мәселелері,  маман  кадрлардың  жағдайы 
туралы қоғам қайраткері Сабыр Шарипов (1882-1942) естеліктерінің мәні зор.   
С.Шарипов  1928-1932  жылдары  «Ембі-мұнай»  бірлестігі  басшысының 
орынбасары, 1938-1941 жылдары Құлсары, Доссор кәсіпшіліктерінде қызмет 
атқарған.  
С.Шариповтың  ерекше  еңбегі,  ол  жергілікті  жерлердегі  қазақ 
балаларының техникалық білім алуына қамқор болуы еді. Оның еңбектерінде 
мұнайшы  мамандар  туралы  шыншыл  деректер  көп.  Осы  жылдардағы 
кәсіпшіліктердің  материалдық-техникалық  базасы,  темір  жол  құрылысын 
салу,  кадрларды  ФЗУ,  Горпромуч,  мұнай  техникумында  және  орталықтан 
дайындау  мәселесі  комсомол  ардагері  Қ.Ізімбергенов  [3],  Ембі  мұнай  трест 
басшылары Я.Лаврентьев естеліктерінде баяндалады. 
Соғыс  жылдарындағы  ғалымдар  мен  мұнайшылардың  ерен  еңбегі 
туралы  сол  кездері  КСРО  мұнай  өнеркәсібі  министрінің  орынбасары  болған 
Н.К.Байбаковтың [4] жазбалары тарихи құнды.  
Себебі,  онда  отты  жылдары  Сібір  мен  Қазақстандағы  мұнай  кеніш-
терінің ашылуы нақты баяндалады.  
1930-1960  жылдардағы  мұнай  кәсіпшіліктері  туралы,  Ұлы  Отан  соғы-
сының  отты  күндері,  өндіріс  орындарының  ашылуы  жөніндегі  мағлұматтар 
С.Мұқашев [5], С.Өтебаев [6] естеліктерінде баяндалады.  

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
265 
Қазақстанның мемлекет қайраткері Саламат Мұқашев (1927-2004) 1947 
жылы  Атырау  мұнай  техникумын  бітірген.  1970-1988  жылдары  Атырау, 
Маңғыстау облыстық партия комитетін басқарған. Қазақ КСР Жоғары Кеңесі 
төрағасы қызметтерінде мұнай өнеркәсібімен тікелей айналысқан.  
Мұнайшылар  туралы  естелік  кітаптардың  авторы,көп  жыл  мұнайлы 
Атырау, Маңғыстау облыстарын басқарған Саламат Мұқашев туралы Рахмет 
Өтесінов мол деректер келтіреді. 
«Ол жұмыспен  қатар оқудан қол үзбеді. Әуелі Харьковтан екі жылдық 
кәсіподақтар мектебін бітіріп алды. Содан кейін Мәскеудегі кәсіподақтардың 
жоғарғы мектебін тәмамдады.  
Әңгіме  кімнің  не  бітіргенінде  емес,  сол  алған  білімін  өмірде  қолдана 
білуінде  ғой.  Ол  әрине  адамның  жеке  басының  қабілетінде,  ой  өрісінің  кең-
дігінде.  Қандай  іске  де  жауапкершілікпен  кірісуінде.  Бұл  жағынан  Саламат 
өзін көрсете білді. Әуелі алған мамандығы бойынша кәсіподақтар жүйесінде 
істеп жүрді де кейін партиялық жұмысқа ауысты. аудандық, облыстық партия 
комитеттерінің  бірінші  хатшысы  болды.  Еңбек  жолын  Қазақ  ҚСР  Жоғары 
Кеңесі президиумының төрағасы қызметінде жүріп аяқтады.  
17 жыл бойы жоғарғы лауазымды жұмыста жүргеніне қарағанда жаман 
жасамаған болу керек. Менің білетінім, Маңғыстау облысында бірінші басшы 
болып  істеген  уақытында  жергілікті  кадрлерді  көтеру  жөнінде  батыл  қимыл 
жасады. Бұдан бұрын аудан, облыс басшы орындарында жергілікті жігіттерді 
саусақпен  санап  алған  еді.  С.Мұқашев  өзі  істеген  5  жылдың  ішінде  аудан-
дардың  бірін  басшыларын  түгелімен  жергілікті  мамандармен  ауыстырды. 
Кейін облыстық басшы орындарға да соларды қойды. 
Саламат  зейнеткерлікке  шыққасын  да  қарап  жатқан  жоқ.  Заманы 
туралы,  замандастары  туралы  ой  тербеп,  қалам  тартып,  бірнеше  кітап 
шығарды. Бұл Атырау, Маңғыстау облыстары тарихына қосқан үлесі. Кезінде 
алдыңғы  қатарлы  азаматтарға  тиісті  бағасын  берсе,  енді  соларды  болашақ 
ұрпақтың жадында қалдыру жолындағы еңбегі елеусіз қалмаса керек» [7]. 
Сафи  Өтебаев  (1909-2007)  болса,  алғашқы  қазақтың  кәсіби  мұнайшы 
маманы.  Сафи  Өтебаев  1928-1930  жылдары  Доссор  кәсіби  мектебінде, 
жылдары Орынбор жұмысшы факультетінде, 1931-1935 жылдары Баку мұнай 
институтында білім алған.  
Қатардағы  мұнайшы  инженерден  Ембі  кәсіпшіліктерінде  басшы, 
Маңғыстау мұнай бірлестігінің алғашқы бас директоры.  
1960 жылдары Қазақстан өнеркәсібін Маңғыстау мұнайынсыз елестету 
мүмкін  емес.  1950  жылдардың  екінші  жартысында  Ембі  мұнайшы  маманда-
рының ізденістері және қажыр қайраты негізінде  Маңғыстауда ірі мұнай газ 
қоры  анықталды.  1958  жылы  Маңғыстада  барлау-бұрғылау  жұмыстарын 
жүргізу  үшін  «Маңғыстаумұнайгазбарлау»  тресті  құрылды.  Оны  кәсіби 
мұнайшы Бердіғожин Орынбай Адайұлы басқарып, мұнайшылар құлан түзде 
Өзен,  Жетібай  кеніштерін  бұрғылай  бастады.  Нәтижесінде  ірі  мұнай-газ 
кеніштері ашылып, тез арада мұнайшылар қалалары Ақтау, Өзен бой көтерді. 
Міне,  осындай  қажырлы  істер  Рахмет  Өтесіновтің  естелік  еңбектерінде 
баяндалады. 
Р.Өтесінов 1951 жылы Мәскеудегі Губкин атындағы мұнай институтын 
бітіріп  Ембі  мұнай  кәсіпшіліктерінде  қызмет  атқарды,  1964-1969  жылдары 
Өзен мұнай басқармасының тұңғыш бастығы болған.  

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
266 
1960-1970  жылдары  Маңғыстау  түбегінде  көмірсутегі  қорының  ашылуы, 
оған деген КСРО Одақтық, Қазақстан Республикалық партия, үкімет органдары 
тарапынан  үлкен  қамқорлықты  туғызды.  Одақтық  маңыздағы  «Маңғыстау 
мұнай газ» өндірістік бірлестігі құрылып, ол тікелей Мәскеуге бағынды.  
1960  жылдары  ашылған  Жаңажол,  Кенқияқ  кеніштері  мен  Қосөзен 
аралығы:  Жайық-Еділ  аралығы  кәсіпшіліктері  Мартыши,  Камышитовый, 
Ровное кеніштері ашылғанмен республикалық сала министрлігі құрылмады.  
Кәрі  Ембі  кәсіпшіліктерінің  сол  кезеңдердегі  даму  тарихы,  мұнайшы 
мамандардың  тұрмыс  тірлігі  туралы  деректі  мәліметтер  мұнайшы 
Сағынғалиев Бөлекбайдың еңбегінен кездестіреміз [8]. 
Б.Сағынғалиев  1954  жылы  Мәскеу  мұнай  институтын  бітірген  соң, 
мұнай кәсіпшіліктерінде инженер қызметін атқарған.  
1971-1986 жылдары Ембі мұнай бірлестігін басқарған. 
1970-1980  жылдары  Ембі  мұнайшы  мамандары  ескі  кен  орындарын 
тиімді пайдаланып қана қоймай, жер қыртысын терең геологиялық-геофизи-
калық зерттеуге кірісті. 
Осы  жылдары  жүргізілген  жұмыстар  желісі,  ғалым-мұнайшы  Мақаш 
Балғымбаев (1932-2005) еңбегінен көрініс тапты (9]. 
М.Балғымбаев 1955 жылы Мәскеу мұнай институтын бітірген соң, көп 
жылдары  барлау  экспедицияларында  геолог  қызметтерін  атқарды.  Жалпы 
мұнайлы  Ембі  тарихи  шежіресін  ел  басқарған  ел  ағаларынсыз  елестету 
мүмкін  емес.  Солардың  бірегейі-Көшеков  Оңайбай.  О.Көшековтың    облыс 
басқарған 1977-1986 жылдары кәрі Ембі аты екінші мәрте (1899 жылғы Қара 
Шұңғылдан  кейін  –  Л.Б.)  Әлемге  әйгілі  болды.  1979  жылы  әлемде  теңдесі 
жоқ  Теңіз  мұнай  кеніші  (Теңіз,  Королевск,  Огайск  –  Л.Б.)  ашылды. 
О.Көшеков өз естеліктерінде, сол бір жылдары теңіз кенішін игерудегі облыс 
басшылары  Е.Тасқынбаев,  Ю.Викулов,  Р.Бердіғожин  еңбектеріне  ерекше 
тоқталады [10]. 
Қазірде  Қазақстан  мұнай  өнеркәсібін  Оңтүстік  Торғай  өңіріндегі 
Құмкөл мұнай кенішінсіз елестету мүмкін емес.  
1984 жылдары ашылып, алғашқы 1 млн. тонна мұнайын еліміз тәуелсіз-
дігіне  арнаған,  Құмкөл  кеніші  1991  жылдан  қарқынды  жұмыс  жасауда. 
Кенішті  осы  заманғы  қуатты  өндіріс  ошағына  айналдыруда  өндіріс  басшы-
лары М.Саламатов, Т.Хасанов, Р.Бердіғожин т.б. және Сыр өлкесі басшылары 
Е.Әуелбеков,  С.Шаухаманов,  Б.Сапарбаев  т.б.  еңбектері  туралы  Бақберген 
Досманбетовтың өмірбаян деректері сыр шертеді [11]. 
Б.Досманбетов  1997-1999  жылдары  Қызылорда  қаласы  әкімі,  арнайы 
экономикалық аймақ басшысы болды.  
Тарихи фактілерді тікелей мұрағат деректері арқылы анықтап, мағлұмат 
алсақ, естеліктер сол мұрағат деректерінде жарияланған оқиғалар мен олардың 
куәсі  тарихи  тұлғалардды  сөйлетуде,  бағалауда  аса  құнды  дерек  болмақ. 
Өзімізге  дейінгі  зерттеулерде  естеліктер  нақтылы  пайдаланылған  жоқ. 
Мұнайшы  мамандар  туралы  естеліктер  баспасөз  беттерінде  кейінгі  кездері 
қазақ мұнайының жүз жылдығы қарсаңы мен соңғы жылдары жазыла бастады. 
                       
 
 

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
267 
Әдебиеттер 
1.  Шеретов  С.Г.  Теоретическое  проблемы  мемуароведение.  (Российская 
историография 1917-1991 гг.): автореф... канд. ист. наук. – Алматы, 1996. –с.342 
2. Алимгазинов К.Ш. Воспоминания участников Гражданской Войны в 
Казахстане  как  исторический  источник:  применение  методов  многомерного 
статического анализа: автореф... канд. ист. наук. – Алматы, 2001. –с. 387 
3.  Ізімбергенов  Қ.  Бізді  шыңдаған  күндер  //  Жастықтың  жарқын  іздері.  – 
Алматы, 1978. – Б.41-62. 
4. Байбаков Н.К. Дело жизни. Записки нефтяника. – Москва, 1984. – с. 319  
5. Мұқашев С. Атырау ардагерлері. – Алматы, 1994;  
6. Мұқашев С. Биік белестерде. – Алматы, 1977. – 12 б. 
7. Мұқашев С.  Ұйымшылдық, Іскерлік, Тәртіп. – Алматы, 1982. – 26 б.  
8. Мұқашев С. Өнегелі өмір. – Алматы, 1998. – 72 б.  
9. Мұқашев С. Летопись Города Атырау «1640-2001». – Алматы, 2001.- 45 б.  
10. Өтебаев С. Өмір мұрағаты. – Алматы, 1988. -35б.  
11.  Өтебаев  С.  50  лет  нефтяной  промышленности  Казахстана.  –Алма-
Ата, 1967.–22 с.  
12. Өтебаев С. Асулар арқылы. – Алматы, 1976. – 160 б.  
13. Өтесінов Р. Алыптың ашылуы. – Алматы, 1982. – 56б. 
 14. Өтесінов Р.  Алыстағы алау. – Алматы, 1983.- 54б. 
15. Өтесінов Р. Кең жылой. – Алматы, 1989.-76б. 
16. Өтесінов Р.  Жолдар және жолдастар. – Алматы, 2002. – 76б. 
17. Сағынғалиев Б. История «Большой Эмбы». – Алматы, 2002. – 168 с. 
18.  Балғымбаев  О.  Нефтяная  Эмба.  Летопись  событии.  –  Алматы, 
2001. – 162 с. 
19. Көшеков О. Ел құрметінің иегері. – Алматы, 2005. -54б. 
20.    Көшеков  О.Тенгиз  давался  нелегко  //  Прикаспийская  Коммуна.  – 
2003. – №5.  
21. Досмамбетов Б.С. Қызылорда. – Алматы, 2003.- 451б. 
22. Досмамбетов Б.С.  Сүйем сені Сыр елі. – Астана, 2005.- 398б. 
                                         
 
Л.ББердыгожин, К.БМеңдигереев, Р.ЕБердыгожина 
ИЗ ИСТОРИЧЕСКИХ ИСТОЧНИКОВ СПЕЦИАЛИСТОВ НЕФТЯНИКОВ 
 
В  статье  рассматриваются  мемуарные  источники  в  истории  кадров  нефтегазового 
комплекса Казахстана. 
Ключевые слова: нефтяники, специалисты, архив, источники, история, нефть, газ. 
 
 
L. Berdigozhin, K. Mendigereev, L. Berdigozhin 
FROM HISTORICAL SOURCES OF OIL INDUSTRY WORKER EXPERTS 
 
The  article  deals  with  the  sources  of  memoirs  in  the  history  of  oil  and  gas  complex  of 
Kazakhstan personnel  
Key words: archive, sources, oil, gas, history, specialist. 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
268 
УДК 516. 65: 54 (574)   
С.Н. Әлібек - т.ғ.д., профессор,  
С.Қ. Қосанбаев - т.ғ.к., доцент, 
М. Әуезов атындағы ОҚМУ, 
 Шымкент, 
E-mail: Seid-61@mail.ru 
 
ҰЛЫ ТҰРАН ТАРИХЫНЫҢ ҰЛЫ ТҰЛҒАСЫ 
 
Аңдатпа.  Қазақстанның  бостандығы,  тәуелсіздігі  және  тұтастығы  үшін  күрескен 
халқының  адал  ұлы  Тұрар  Рысқұловтың  қоғамдық-саяси,  қайраткерлік  қызметі  мұрағат 
деректері  негізінде  баяндалады,  кеңес  билігі  уәде  еткен  еркіндіктің  ауылы  алыстағанын, 
халықтың сан ғасырдан бері сақталып келе жатқан салт-дәстүрлері мен ұлттық ерекшеліктері 
ескерусіз  қалып,  күштеп  қолдан  ұжымдастырудың  арқасында  қалың  елдің  алапат  аштыққа 
ұрынғанын  ашық  айтқандығы  нақты  тарихи  деректермен  сараланып,  оның  тұлғалық  бейнесі 
ашылған. Сондай-ақ, мақаланың авторлары Тұрар Рысқұловтың қазақ тарихындағы тұлғалық 
орны мен еңбектерін зерттеп-зерделеу арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа 
тәрбиелеуді көздейді.  
Түйін сөз: Тұран, тұлға, ұлт-азаттық көтеріліс, қозғалыс, Алаш қайраткерлері, кеңестік 
тоталитарлық жүйе, Түркісіб құрылысы, геноцид саясаты. 
 
Ұлы  Тұранның  тарихында  саяси  қайраткерлігімен  тазалығын  жоғалт-
пай, ұлт алдындағы перзенттік парызын абыроймен атқарған атақты тұлғалар 
аз  болмаған.  Солардың  бірі,  жоғары  ұйымдастырушылық  қасиеті  мен 
шеберлігінің арқасында қазақ елінің салт-дәстүрін, тарихи болмысын, ұлттық 
тұтастығы  мен  қасиетті  тілін,  ұлттық  менталитетін,  теологиялық  таным  –
түсінігін қастерлеген абзал ұлдарының бірі  Тұрар Рысқұлов болатын. Белгілі 
қаламгер  Шерхан  Мұртаза  «Сталинге  хат»,  «Бесеудің  хаты»  драмаларында, 
«Қызыл  жебе»  романында  қоғам  қайраткерінің  қасіретті  ғұмыры  мен 
қызықты  қызметтік  жолына  асқан  көрегендікпен  үңіле  отырып,  Тұрар 
Рысқұловтың әдеби бейнесін ойдағыдай бере білген.  Әсіресе «Сталинге хат» 
пьесасы тарихи фактілерге дәлме дәл негізделген.  
Кеңестік һәм қазіргі кезеңдегі әдеби, ғылыми және баспасөз материал-
дарын  қайта  сүзгіден  өткізе  отырып  Тұрар  Рысқұловтың  ұшан-теңіз  риясыз 
еңбегі аз зерттелді деп те, көп зерттелді деп те айта алмайды екенбіз. Кешегі 
Кеңестік  тоталитарлық  жүйеге  бағынған  жылдары    (1917-1918  ж.)  Тұрар 
Рысқұлов  қазақ  еңбекшілерінің  арасында  өзінің  белсенді  үгіт-насихат 
жұмыстарын жүргізе отырып, талантты ұйымдастырушы ретінде көзге түсті. 
1918  жылдың  сәуірінде  Әулие  ата  кеңесі  атқару  комитеті  төрағасының 
орынбасары  қызметіне  тағайындалып,  Әулие  ата  мұсылмандары  арасында 
кәсіподақ ұйымын құруға бел шеше кірісті. Осы қызметте жүріп 1916 жылғы 
ұлт-азаттық көтеріліс кезінде көршілес Қытай еліне  ауа көшкен аш ағайынды 
елге  қайтару  үшін,  жұттан  қалжыраған  қауқарсыз  халықты  аман  алып  қалу 
үшін  тамақтандыру  тіректерін  ашты.  Небәрі  жиырма  төрт  жасында  осы 
қызметке  тағайындалған  Тұрар  тәжірибелігі  мен  талғампаздығын,  жоқ-
жітіктің жанайқайына жауаппен қарайтын тазалығын талай рет дәлелдеді [1]. 
Ендеше,  тарихи  баспасөз  материалдарына  назар  аударайық.  1926  жылдары 
жарық  көрген  «Коммунистическая  мысль»  журналында  жарияланған 
«Очерки  революционного  движения  в  Средней  Азии»  атты  мақаласында 
Г.Туркестанский  (П.Г.Галузо)  былай  деп  жазады:  «первое,  что  бросается  в 

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
269 
глаза  при  чтении  статьи  Рыскулова,  -  это  недостаточная  оборудованность 
статьи  точными  ссылками  на  источники.  Неверно  указание  товарища 
Рыскулова,  что    край  уже  с  первых  попыток  проникновения  в  него  русских 
еще со времени  Петра Великого является не только объектом эксплуатации 
для  развивавшегося  отечественного  капитализма,  но  также  и  местом  для 
переселения  из  районов  крестьянских  волнений,  ибо  зеселение  края  всерьез 
началось только с 1906 года, да и то до 1910 года край для переселения был 
закрыт  и  населялся  только  самовольцами.  Борьба  киргиз  и  туркмен  против 
переселенца – мужика фактически была борьбой против русского помещика, 
поставившего  этого  мужика  в  такое  положение,  что  он  был  вынужден 
наступать  на  туземца.  Этот  элемент  противоречий  мог  разрешиться  и 
разрешился  вовсе  не  на  туркестанской  арене  борьбы,  а  на  арене  русской 
аграрной революции» [2]. 
Кеңестік  отаршылдық  идеологияны  қолдайтындығын  көзқарасымен  
танытқан  автор  Тұрар  Рысқұлов  мақаласының      әр  сөйлеміне    ескертпелер 
мен  түзетулер  берген.  Қара  халықтың  жалғыз  қазынасы  –  жерінен 
айырылуына Кеңес үкіметінің түк қатысы жоқтығын жалаулата сөйлегенімен, 
ар  жағынан  империялистік,  шовинистік  амбициясы  байқалып  тұрады. 
Андреевка, Алексеевка, Петропавл, Павлодар, Ванновка т.б. топонимикалық 
атаулар  осыған  нақты  айғақ  бола  алады.  Ал  Н.Кузьмин  атты  автор  «О 
марксистском  понимании  восстания  1916  года»  мақаласында  өзінің  сын 
садағын тағы да  Тұрар Рысқұловқа кезей отырып, қазақ қайраткерінің өрелі 
ойын  түсінбеуге  тырысады:  Статья  Рыскулова  «Восстание  туземцев  Туркес-
тана  1916  г»  полно  грубейших  ошибок  против  марксизма.  Вся  беда 
Рыскулова  в  том,  что  он  заранее  нарисовал  себе  какую-то  теорию  которое 
заключается  в  следующем:  «Всякое  движение  угнетенных  против  угнетаю-
щих  национальностей  непременно  носит  национальный  характер.  Утверж-
дение Рыскулова не совсем верно. Товарищу Рыскулову необходимо доказать 
чистоту местной буржуазии для того, чтобы иметь возможность сказать, что 
движение  1916  года  было  национально-демократическим.  Революционный 
характер этого движения ясен сам собой, несмотря на то, что оно безусловно 
национального  характера  не  носило.  В  общем  и  целом,  картина  остается 
ясной движение не имело ни плана ни руководства» [3]. Басшысы да, бағдары 
да  жүйелі  жоспары  да  жоқ  қауқарсыз  қозғалыс  деп  есептеген  автор 
Б.Әшекеев пен А.Имановтартардың саяси-әлеуметтік іс-әрекеттерін елемеуге 
тырысады.    Әр  сөйлем  сайын Тұрар  Рысқұловтың  «саяси  қателігін»  көрсете 
беруіне  қарағанда  автор  ұлт-азаттық  көтерілістін  болғаның  мойындағысы 
келмейді.  Осы жазбаларға көз жүгірте отырып-ақ Тұрар Рысқұловтың сиясы 
кеппеген  саяси  сараптамаларының  соққына  шам  алып  түсу  «жапондық 
тыңшыларды  тұтқындау»  науқанынан  әлдеқайда  бұрын  басталғанын 
бағамдаймыз.  
Тұрар  Рысқұловтың  пікірінше  1916  жылғы  көтеріліс  үлкен  саяси 
төңкеріске  негіз  болған  ұлт  –  азаттық  қозғалыс.  Ол  орыс  большевиктері 
айтқандай  байлар  мен  панисламистердің  ұйтқы  болуымен  басталған  және 
буржуазия ұлтшылдарының идеологиясына қызмет еткен қозғалыс емес [4].  
ХХ  ғасырдың  1920-жылдары  жүргізілген  жер-су  реформасы  кедей 
кепшіктің  қуатты  қолдауына  ие  болғанымен,  алғашқы  науқанда  сансыз 
сәтсіздіктер  мен  өрескел  қателіктерге  жол  берілген  болатын.  Реформа 

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
270 
барысында  берекеге  кенеледі  деген  елдің  басынан  өткен  бір  жағдаятты  Тұрар 
Рысқұлов  былайша  атап  көрсеткен:  «Лепсі  уезіндегі  қайтарылған  жерді 
қазақтарға  бергенімен,  іс  жүзінде  орыстар  оларды  уезде  жаппай  ұрып-соғып, 
бөлінген жерді кері алуда. Осы уезде орыстар қолымен он бір адам өлтірілді» [5].  
Осы  мәлімдемесінен  түйгеніміз  –  Тұрар  Рысқұлов  секілді  көреген 
тұлғалар «аша тұяқ қалдырмай» асыра сілтейтін белсенділердің дайындықсыз 
бастамаларына  батыл  тойтарыс  беріп  отырған.  Кеңестік  кезендегі  интелли-
генцияны  жаппай  қуғын  –  сүргінге  ұшырату  науқанға  айналған  жылдары  
сабырлы  қалпың  сақтап,  салмақты  ой  тастау  үшін,  «қызыл  тулы  Кеңестің» 
«қайырымдылығын» көрген көздердің көз жасын көре білу үшін ерекше білім 
иесі, асқан ақыл иесі болу керек. Алаш қайраткерлерінің барлығы дерлік бұл 
үддеден  шыға  білген.  Ташкентте  мұғалімдер  институты  ашылғанда  көкірегі 
ояу  қазақ  жастары  арасында  аталған  оқу  орнына  ат  басын  бұрғандардың 
арасында Рысқұлов та бар болатын. «Дегенмен, аталмыш оқу орнын аяқтауға 
мүмкіндік  болмады,  себебі  ақпан  төңкерісінен  кейін  бірден  революциялық 
жұмысқа бас ұрып Әулиеата уезінде Уақытша өкіметке қарсы күресуіме тура 
келді»  -  деп  өз  өмірбаянында  өкіне  мәлімдеуіне  қарағанда,  мұнан  кейінгі 
рухани  һәм  саяси  сабақты  өзгермелі  өмір  мектебінен  алғандығын  аңғарған-
даймыз. Кейіннен республиканың басшылық орындарында жүрген кезінде де 
Тұрар  Рысқұлов  Кеңес  билігі  уәде  еткен  еркіндіктің  ауылы  алыстағанын, 
халықтың  сан  ғасырдан  бері  сақталып    келе  жатқан  салт-дәстүрлері  мен 
ұлттық  ерекшеліктері  ескерусіз  қалып,  күштеп  қолдан  ұжымдастырудың 
арқасында  қалын  елдің    алапат  аштыққа  ұрынғанын  ашына  айтып  кетті. 
Ұлтқа  қарсы  істелген  геноцидті  ұлы  жүректері  тоқтағанша  таусыла  айтып 
өткен  арыстар  ақыр  соңында  өздері  де  сталиндік  саяси  қуғын-сүргін 
жендеттерінің  құрбаны  болды.  Асыра  сілтеушіліктің  ақыры  неге  апарып 
соқтыратынын сезген Тұрар Рысқұлов өз жазбаларында былай дейді:  «Мұн-
дай  асыра  сілтеушіліктерге  себеп  болған  негізгі  жайттар:  коллективтендіру 
мен малды қоғамдастыруға жоғары процент қуушылық, жерді бірлесіп өңдеу 
серіктестіктерін  жойып,  мал  шаруашылығымен  шұғылданатын  аудандарда 
барлық  жерде  бірдей  артельдер  типті  коммуналар  ұйымдастыруға,  шамадан 
тыс  алып  колхоздар  ұйымдастыруға  әуестенушілік,  300-400  шаңырақты 
зорлықпен  бір  жерге  жинап,  қалашық  жасау,  қазақ  колхоздарын  орыс 
колхоздарына күштеп қосу, колхоз-совхоз комбинаттарын құру, атамекенінен 
үдере  көшкен  бай-бағланның  төлеуге  тиіс  салығын  көбінесе  жарлы-
жақыбайларға  бөліп  салу,  бірқатар  аудандарда  революциялық  заңдылықтың 
жаппай  бұзылуы  (ұрып-соғу,  қамауға  алу,  біреудің  мүлкін  иемдену  т.с.с.) 
колхозшылардың  тапсырған  шикізатына  ақы  төлемеу,  аудандарды  жете 
білмеу....» (И.В.Сталинге жазған хатынан) [6]. 
Ия мұның үстіне қоңыр төбел тіршілікті қазақтың күн көрісіне күйрете 
соққы  берген  ет  салығы,  жүн  салығы,  бидай  салығынан  басқа  естіген  есті 
азаматтың  зығырданын  қайнататын  шошқа  салығы  (иманы  айрандай  үйіп 
отырған  елде  мұнан  артық  қандай  қорлық  керек),  шаңырақ  салығы,  киіз  үй 
салығы, ит терісін өткізу салығы (қазақ ешқашан харамға қасапшы болмаған), 
жылқының  құйрық-жалын  күзеп  өткізу  салығы  (қазақта  о  дүниеге  аттанған 
адамның  жылқысының  ғана  құйрық-жалын  күзеп,  жылына  дейін  мінбейтін 
салт  болған)  секілді  сорақылықтарға  жаны  төзбеген  қайраткерлер  қарсылық 
көрсеткен  күннен  бастап  «банды»  аталып  шыға  келген.  «Кіші  Қазан» 

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
271 
доктринасының  авторы Ф.И.Голощекин Сталинге жазған хатында «сонғы екі 
жылда (1930-1931 жж) ірі бандылардың 15 көтерілісі болды. Оларға 34000-ға 
жуық  адам  қатысты.  Осы  екі  жылда  1350  контрреволюциялық  топтар 
жойылды  және  олардың  7,5  мыңдай  қатынасушылары  қолға  түсті»  [7]  деп 
(«Қазақ  тарихы  журналы»)  мақтана-мәлімдеуіне  қарағанда  мемлекеттің 
төңкеріс  жасамақ  болған  маңызды  «бандыларды»  талқандау  операциясы 
ұзаққа    созылғанға  ұқсайды.  Т.Рысқұлов  Кеңес  үкіметінің  Түркістанда 
түбегейлі  орнығуына  атсалысқан.  Түркістан  кеңестерінің  VI  құрылтайында 
мүшелікке  сайланған,  1918  жылдың  желтоқсанында  өткен  Түркістан 
компартиясының  ІІ  конференциясында  мұсылман  бюросын  басқару  сеніп 
тапсырылған.  Түрксіб  құрылысында  да  өзіндік  қолтаңбасы  қалған  текті  де 
таптырмас  кадр  еді  [6].  Бұл  пікірімізге  Түркістан  компартиясының  мүшесі 
М.Фрунзенің  «крупнейшим  представителем  этих  мусульманских  коммунис-
тов из киргиз является Рыскулов….помимо ума, обладает большой энергией 
и  недюжинным  характером»  деген  көзқарасы  дәлел  бола  алады  [8]. 
Т.Рысқұлов 1919 ж наурызда Түркістан Кеңестері Орталық Атқару Комитеті 
төрағасының  орынбасары,  1920  ж  21  қаңтарда  Түркістан  Атқару  Комитеті 
төрағасы  И.А.Апиннің  Москваға  ауысуына  байланысты  төраға  қызметтерін 
абыроймен  атқарды.  Ол  1921  –  1922  жылдары  РСФСР  –  дың  Ұлт  істері 
жөніндегі  Халық  Комиссариатында  қызмет  атқарды,  кейінірек  сол 
Комиссариаттың  екінші  орынбасары  лауазымында  істеді.  Кейін,  Орталық 
Комитетінің  ұйғарымы  бойынша,  арада  жыл  өткен  соң  қайтадан  Ташкентке 
келеді  де,  1922  –  1924  жылдар  аралығында  Түркістан  Республикасы  Халық 
Комиссарлары Кеңесінің төрағасы қызметін атқарады [9]. 
Т.Рысқұлов 1923 ж 5-9 наурыз аралығында Ташкентте өткен Орта Азия 
республикаларының  ортақ  суландыру  жүйесін  қалпына  келтіру  туралы 
баяндамасы  арқылы  өз  өресінің  тым  жоғары  екендігін,  реформаторлық 
қасиеттерінің  толағай  екендігін  тағы  да  бір  дәлелдеді  [10].  Түрксіб 
құрылысына тәжірибелі инженер-теміржолшы М.Тынышбаевты тартып, төрт 
жылға  межеленген  тарихи  құрылысты  қысқа  мерзімде  (1930  жылы  мамыр 
айында, мерзімінен бір жыл бұрын) аяқтады.  
Сонан  соң,  Тұрар  Рысқұлов  Моңғол  Халық  Республикасының 
құрылуына байланысты 1924 – 1925 жылдары сонда болып, онда Республика 
Конституциясын  жазуға  атсалысумен  бірге,  ол  ел  астанасының  атын  «Ұлан 
Батыр»  деп  қойылуына  тікелей  мұрындық  болады.  Сондай  –  ақ  Орталық 
Комитетінің  шешімімен  ол,  1926  жылдың  наурызынан  бастап  Қазақстан 
Өлкелік  партия  комитетінің  қарауына  жауапты  жұмысқа  келеді  де,  сонда 
қазақ  өлкелік  комитеті  баспасөз  бөлімінің  меңгерушісі,  әрі  «Еңбекші  қазақ» 
газетінің жауапты редакторы болып тағайындалады. Шындығында да қай істе 
де өзінің асқан табандылығы мен білімділігін, кемеңгер де кемелділігің, биік 
талғам  мен  парасаттылығын  таныта  алған Тұрар Рысқұлов  1926  жылдың  27 
мамырынан  Орталық  Комитетінің  қаулысымен  РСФСР  Халық  Комиссарлар 
Кеңесі төрағасының үшінші орынбасары болып тағайындалады да, оны 1937 
жылдың аяғына дейін жалғастырады  [11]. 
1930–1931  жылдары  елді  аштық  жайлаған  кезенде  Сталинге  келіп 
жатқан хаттар мен телеграмалардың саны күннен күнге арта түсті. Осы түста 
Тұрар Рысқұловта өзінің алғашқы екі хатымен нақты деректемелерін жазды. 
Алғашқысы 1932 жылы қырқүйек айында, кейнгісі 1933 жылғы қаңтар айын-
да жолданды. Үшінші хат 1933 жылдың тоғызыншы наурызында жазылған.  

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
272 
Енді  хаттарда  келтірілген  тарихи  фактілерге  назар  аударайық.  Ақтөбе 
облысы  бойынша  1  млн  12  мың  бес  жүз  адамнан  1932  жылы  725  мың  800 
жүзі  ғана  тірі  қалған,  бұл  –  71  пайыз  ғана  деген  сөз.  Қызылорда  аудандық 
атқару  комитеті  төрағасының  деректері  ондағы  ауыл  советтерінде  15–20 
пайыз  ғана  адам  тіршілікте  бар  екенін  айғақтап  түр.  Өлген  кісілердін  етін 
жеген оқиғалар жайында хабар жете бастады.  Әсіресе балалар арасында өлім – 
жетім көп. Қазақ әйелдері балаларын мекемелер мен үйлердің алдына тастап 
кетуде.  50.000  мың  қазақ  баласының  ешқайда  орналастырылмағаны  ресми 
түрде  хабарланды. 1932  жылғы ақпан айында жүргізілген  бүкілодақтық  мал 
санағының  мәліметтеріне  қарағанда  40  млн  бас  малдан  санақ  кезінде  5  млн 
397 мың бас қана мал қалғаны – яғни мал басының 85,5 пайыз кеміп кеткені 
анықталды.  Тұрғылықты  халықтың  90  пайызы  мал  шаруашылығымен 
айналысатындықтан,  бұл  мәселе  едәуір  дәрежеде  ұлттық  мәселе  болып 
табылады.  1932  жылы  бірқатар  қазақ  аудандарында  егіс  көлемін  есептеу 
барысында елеулі қөз бояушылықтарға жол берілгені қазір анықталып отыр. 
1932  жылғы  көктемгі  егіс  науқаны  барысында  колхоздармен  көптеген 
ауданда  тұқым  себу  нормасы  туралы  жалған  ақпарлар  жасалып,  өрескел 
бұрмалаушылықтарға жол берілген.  Бұл аудандарда тұқым қоры аз жиналған 
және  қарызға  алынған  тұқым  көп  жерде  елжұртқа  жеткізілмеген.  Демек, 
осының  өзі  жұрттың  қонысынан  ауып,  ашаршылыққа  ұшырауына  себеп 
болды.Орталық  Комитеттің  1932  жылғы  қырқүйектегі  қаулысында  «200.000 
мың  қазақ  шаруашылығын  отырықшыландыру  жұмыстары  жүргізілген» 
деген    тұжырым  бар.  Ал  іс  жүзінде  олардың  саны  100  мыңға  да  жетпеген. 
Қазақтар  салған  үйлерін  тастап  –  қорек  іздеп  –  босып  кеткен.  Мысалы, 
Алматы  облысында  2100  үй,  Қарағанды  облысында  4100  үй,  Мақтарал 
ауданында 250 үй қанырап бос қалған. 1932 жылғы мамыр айында Қарқаралы 
ауданындағы халықтың саны 50400 адам болса, содан қараша айының қарса-
ңында  тірі  қалғаны  –  15900,  ал  аудан  орталығында  күн  сайын  15–20  адам 
өледі. Төрғай, Батпаққара өңірінде халықтың 20–30 пайызы қырылып болған, 
қалғандары көшіп кеткен. Шалқар ауданындағы әлденеше ауылдарда тұрғы-
лықты халықтың 30–35 пайызы қырылып қалған. Осындай аудандар құрамына 
кіретін Ақтөбе облысы  бойынша 1930 жылға дейін өмір сүріп келген. [12].   
Алайда  Тұрар  Рысқұловтың  Қазақстан  трагедиясы  туралы  Сталинге 
жазған  үшінші  хаты  тым  кеш  жетті.  Ол  кезде  (1933  жылдың  ақпаны)  қазақ 
түгелімен  қырылғандары  қырылып,  қалғандары  босып,  амандары  сол  жерде 
қалып,  түсініксіз  нәубет  біржола  аяқталып  біткен  кез  еді.  Дегенмен,  Тұрар 
Рысқұловтың  Мәскеуде  ірі  қызмет  атқара  түрып,  сол  кездегі  қазақ  халқын 
ашаршылық апатына ұшыратып, тікелей геноцид жасап отырған Сталинге жүрек 
жүтқан қаһармандықпен қаймықпай хат жазуы – теңдессіз ерлік болатын.  
Жинақтап  айтқанда,  Тұрар  Рысқұловтың  қазақ  тарихындағы  тұлғалық 
орны  мен  еңбектерінің  жас  ұрпақты  отансүйгіштікке,  ұлтжандылыққа 
тәрбиелеуде  атқаратын  ролі  орасан  зор,  әлі  де  талмай  зерттеп-зерделеуді 
талап  етеді.  Біздің  міндет:  азаттыққа  қол  жеткен    бүгінгі  күнде  жалынды 
жастарға  Тұрар  Рысқұловтың  ғибратты  ғұмыры  мен  өнегелі    істерін  қаз 
қалпында жеткізу болатын. 

1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   36


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал