Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 5.24 Kb.

бет23/36
Дата09.01.2017
өлшемі5.24 Kb.
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36

 
 
R.B. Sultangalieva, Zh.G. Musina 
THE TRADITION OF CHANTING THE THEME OF INDEPENDENCE 
IN UNITY WITH THE IMAGE OF THE PRESIDENT IN AITYS 
 
The author of the article tried to analyze the themes of independence, peacefulness, freedom 
in unity with the image of the president in aitys. 
Key words: analyze, themes, independence, peacefulness, freedom, unity, image, president, aitys. 
 
 
                    
УДК 82-7 (574) 
Р.Б. Сұлтанғалиева – филол.ғ.к., 
М. Өтемісов атындағы БҚМУ, 
қауымдастырылған профессор 
E-mail: R.Sultangalieva@mail.ru 
 
С. БАЛҒАБАЕВ ДРАМАТУРГИЯСЫНДАҒЫ ӘЗІЛ-СЫҚАҚ 
ИНТЕРМЕДИЯЛАРДЫҢ КӨРКЕМДІК ИДЕЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ 
 
                     
Аңдатпа.  Мақалада  С.  Балғабаев  драматургиясындағы  әлеуметтік  мәнді  проблемаларға 
құрылған,  әр  түрлі  характерлері  бар,  сан  алуан  күлкіге  негізделген,  жанр  шарттарына  толық 
жауап беретін әзіл-сықақ интермедияларындағы адамгершілік табиғатына жат құбылыстар, адам 
мінезіндегі  олқылықтар  дараланған  мінездер  арқылы  талданып,  сол  арқылы  табиғи  күлкіге 
негізделген  реалистік  астар  сөз  болады.  Драматургтың  «Аспирант,  әйел  және  жын», 
«Консультация»  «Анау-Мынау»,  «Лекция»,  «О  дүниеден  оралған  сиыр»,  «Хирург»  «Қызды 
қалай айналдыруға болады?» интермедияларына талдау жасалады. Әр дәуірдің өз өзгешелігі мен 
ерекшелігі,  өз  болмысы,  өз  мәселелері  болатыны  заңдылық.  Соған  орай  замандас  бейнесін, 
бүгінгі  қоғамның  характерін  жасауда  да  жаңаша  тәсіл,  тартысқа  құрылған  әзіл-сықақ 
интермедияларынан С. Балғабаевтың өзіндік көркемдік идеялық ерекшелігі аңғарылып отырады. 
Түйін сөз: интермедия, комедиялық пьеса, водевиль, фарс, мелодрама, сахна, характер,  
ситуация, психологизм, характерлер тартысы, шарттылық амалдар, детальды ойнату, символ, 
идеал, персонаж. 
Қазақ  елі  өз  тәуелсіздігін  алғаннан  кейін,  Д.  Исабеков,  Ш.  Мұртаза,          

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
207 
С. Балғабаев, Б. Мұқай, И. Сапарбай, Р. Отарбай, Т. Ахметжан Р. Мұқанова 
сынды  бірқатар  драматургтердің  белсенді  араласуымен  көркемдік  биік 
деңгейде  қалыптаса  бастаған  қазіргі  қазақ  драматургиясы  бүгінгі  күнгі  төл 
әдебиетімізде  қалыптасқан,  үнемі  жаңару,  толығу  үстінде.  Бүгінгі  таңдағы 
ұлттық  драматургиядағы  даму,  жаңаша  тың  тақырыптағы  драмалардың  көр-
кемдік-идеялық ерекшелігін ашуда  С. Балғабаев шығармаларының рөлі зор. 
Сұлтанәлі  Балғабаев  жалпы  қазақ  драматургиясының,  соның  ішінде 
ХХІ ғасырдың соны тақырыптарының игерілуіне, жас ұрпақтың патриоттық 
рухын  оятып,  психологиялық  дамуына  сүбелі  үлес  қосқан,  қазіргі  заман 
драматургиясының  қарыштап  кемелдене  дамуына  еңбек  сіңірген,  қазақ 
драматургиясында  өзіндік  қолтаңбасы  бар  талантты  драматург.  Драматур-
гияның  өз  ішінен  бірнеше  жанрларға  қалам  тербеген  С.  Балғабаевтың  әзіл-
сықақ интермедялары өзінше бір төбе. 
Драматургтың «Аспирант, әйел және жын» пьесасы бүгінгі замандағы 
бақталастар  ортасын  танытатын  туынды.  «Аспиранттың  үйі.  Бөлмеде  бір 
стол,  диван,  орындық.  Қабырғада  арзанқол  кілем.  Столының  жанында 
Аспирант  аяғын  айқастырып  жіберіп  телефонмен  сөйлесіп  отыр»  деп 
басталатын  Сұлтанәлі  Балғабаевтың  «Аспирант,  әйел  және  жын»  аталатын 
бір актілі пьесасында пендешілікпен атаққа да, байлыққа да, баққа да құмар 
адамдардың  характерлерін  сипаттау  барысында,  халық  өмірінің  терең 
шындығын,  іштарлық,  көреалмаушылық  сипаттарын  дәл  көрсеткен. 
Аспирант, әйел, жын ғана қатысатын бұл пьесада автор ең алдымен  өмірде 
дос  болғансып  күндес  болатын,  ақылдаспақшы  болып  жат  пиғыл  ойлайтын 
адамдардың  психологиясына  үңілген.  Яғни  аспирант  пен  әйелдің  атақ 
алудағы ең бірінші міндеті – достары Айранбай мен Гүлзипадан қай жеріміз 
кем  деген  мақсатты  ұстануы.  Драматургтың  шебер  тілімен  кестелеген  екі 
кейіпкердің  (әйел  мен  жын)  арасындағы    тұздығы  тұшымды  диалогында 
болған  үстіне  бола  берсін  деген  ашкөздікті  байқататын  тұсына  көз  жіберіп 
көрейік. Мысалы, интермедияның басталуындағы көріністе: 
Әйел. Ендеше бар ғой... қалай десем екен?! 
Жын. Айта беріңіз, әміршім... 
Әйел.  Айтсам...  өзі...  жағдай  былай  ғой...  Ел  қатарлы  өмір  сүргіміз 
келеді... 
Жын. Өте дұрыс айтасыз... 
Әйел. Бірақ енді... өзің де көріп тұрсың... Ақша жетпейді... Жұрттың 
әйелі болса... 
Жын. Не бұйырасыз, әміршім?! 
Әйел. Кандидаттың әйелі болғым келеді [1, 194] - десе, интермедияның 
дамуында күйеуінің кандидаттық дәрежесін місе тұтпайтын әйелі  енді  оның 
доктор  дәрежесіне  көтерілгенін  қалайды.  Ол  оқиғаның  дамуындағы 
көріністен айқын байқалады. Мысалы: 
Әйел. Айтпақшы, сен бәрін қой да әлгінің өзін доктор етсейші... 
Жын. Кімді? 
Әйел. Әлгіні... Біздің үйдегі Мырқымбайды... 
Жын. Өзі Мырқымбай болса қалай доктор болады?! 
Әйел. Е... енді болады ғой... Сүйеуші болса әбден болады. Оның үстіне, 
міне ақша да жетпей жатыр... 
Жын. Апырмай, ә?! 

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
208 
Әйел. Өтінем. Жасаңызшы?!  
Жын.  Жарайды,  қоймадыңыз  ғой.  Жасайын,  құдіретті  әміршім  [1, 
199].  Бұл  тұста  күйеуінің  ғылым  докторы  болғанын,  егер  ол  сол  дәрежеге 
жетсе, атақ-абыройда, ақшада, дәрежеде сонда болады деп ой түйген әйелінің 
арманы орындалады. Яғни, күйеуі бірден ғылым докторы болады.  
Оқиғаның  байланысында,  «...іші  тар  адам  нақ  өз  дұшпанына  қастық 
қылғандай,  өзін-өзі  кейістікке  ұшыратады»  (Демокрит)  яғни,  профессор 
болған  Айранбайдың  атақ-дәрежесін  көре  алмайтын  аспиранттың  әйелі  оны 
күндейді. Мәселен, оны төмендегі мысалдан анық аңғаруға болады:  
Әйел.  Анаң  қарашы!  Тағы  да  ұйықтап  кетті.  Маубас!  Адам 
болмайтын  маубас!  Енді  қайтсем  екен,  ә?!  Айналайын,  біздің  шалды 
профессор етпесең күн көре алатын түріміз жоқ... 
Жын. Тым ертелеу емес пе, әміршім?! Біраз күте тұрсақ қайтеді?! 
Әйел. Нені күтеміз?! 
Жын. Доктор болғаны жақында ғана... Ыңғайсыз шығар?.. 
Әйел. Несі ыңғайсыз?! Жаман Айранбай профессор болғанда... бұл неге 
бола алмайды...  [1, 206]. Драматург осы тұста аспиранттың әйелінің бойынан 
кездесетін  көре  алмаушылықтан  туындайтын  күншілдікті,  қызғаншақтық 
қасиеттен туындайтын жат пиғылдардың барлығын айқын көрсетеді.   
Алдымен  әйел,  аспирант  күйеуінің  ғылым  кандидаты,  кейін  ғылым 
докторы  болғанын  қалады,    одан  соң  профессорлық  дәрежесін  менсінбей, 
енді  оның  тіпті  академик  болғанын  қалайды.  Мысалы,  интермедияның 
шарықтау шегінде: 
Әйел. Әй қойшы! Сені де жын дейді -ау! Бір профессордың өзін жасай 
алмайсың!  Айтпақшы  Айранбайдың  үйіне  звандайыншы.  Ә-ау!  Гүлзипа-
мысың?!  Халің  қалай?!  Жақсы...  жақсы  күйеуің  қалай?!  Жас  жігіттей 
шапқылап  жүр  ме?!  Профессор  болса  да,  қартайған  жоқ  па?!  Не?! 
Профессор  емес?!  Сонда  кім?!  академик?!  Ой  сұмдық-ай!  Естідің  бе,  өзі 
академик... өзі жап-жас... 
Жын. Кейде ондай болады... 
Әйел.  Жақында  «Мерседес»  алыпты...  Енді  әйелімен  бірге  сайраңдап 
жүрген көрінеді... 
Жын. Академик болғасын алады ғой енді... 
Әйел. Біз неге академик болмаймыз?! Біз неге «Мерседес» алмаймыз?! 
[1, 208] - деген  қызғанышты сезімінен оның достарымен бақталас екені анық 
байқалады.  С.  Балғабаев  осы  интермедиясының  шешімін  дүниеде  ақшамен, 
атақпен,  бақ-дәулетпен  сатып  алуға,  орын  толтыруға  болмайтын  жалғыз 
нәрсе бар, ол – уақыт дегенге әкеліп саяды.  
Пьесаның  күретамыр  тартысына  қатыспағанмен  қысылтаң,  қиын-
қыстау  кезде  көрінетін  жын  бейнесі  автордың  тапқан  жетістіктерінің  бірі. 
Себебі  жынның  құдірет  күші  арқылы  аз  күннің  ішінде  аспиранттан  профес-
сор  атағына    дейін  көтерілу,  аяқ  астынан  мол  қаражатты  болу  бұл  тек  ғана 
адам  қиялынан  туындайтын  түсінік  ғана.  Автордың  шеберлігі  оқиғаның 
соңын  қайтадан  жынның  көмегімен  алғашқы  аспиранттық  кезіне 
айналдыруында.  
Интермедия – сахнада драмалық шығармаларының көрінісі арасындағы 
ойналатын қысқа комедиялық пьеса немесе көрініс [2, 357]. 
Драматургтың  «Лекция»,  «О  дүниеден  оралған  сиыр»,  «Анау  мен 

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
209 
Мынау»,  «Қызды  қалай  айналдыруға  болады»,  «Консультация»,  «Өтірік 
айтпайтын  адам»,  «Күйеуге  тиген  еркек»,  «Хирург»  сынды  әзіл-сықақ 
интермедиялары бар. 
«Драматургияның  басқа  жанрларына  қарағанда,  комедия  финалы 
көбіне тартыстың жағымды шешімімен, жамандық жеңіліп, жақсылық үстем 
болған баянды күймен аяқталады.  
...Комедия  жанры  поэтикасының  шарттылығы  бойынша  жағымсыз 
кейіпкерлер түптің түбінде бармақ шайнап, қателігін мойындайтыны, жеңіліп 
тізе бүгетіні, сөйтіп адал ниет, ақ тілек, әділ іс салтанат құратыны» [3, 218] - 
деген  екен.  Әрине  бұнда  драматург  Сұлтанәлі  Балғабаев  бүгінгі  заман 
тақырыбына  жазылған  драмаларындағы  қоғамдық,  адами  ірі  мәселелерді 
өткір  тартыс  аясында  бейнелесе,  сонымен  бірге  өмірімізде  ұшырасатын 
кейбір жағымсыз жайларды күлкіге айналдыра отырып, қатты сынға алады.  
Сұлтанәлі  Балғабаев  «Консультация»  интермедиясында  шамадан  тыс 
шіренуден шығатын, негізсіз күпініп кісімсулерінен, орынсыз одыраң қылық-
тарынан  туындайтын  күлкілі  де  қызықты  әрекеттерінің  шым-шытырығында 
әлек болып жүретін пьеса кейіпкерлерінің (көзілдірікті әйел мен көрші әйел) 
әрқайсысының  жеке-жеке  тағдырымен  ішкі  өзіндік  иірімдерге  толы  өмірі 
психологиялық  қайшылықтармен  шынайы  ерекшеленген.  «Әрбір  ән  сияқты 
әр комедияның да өз уақыты, өз дәуірі бар» (С. Сервантес). Интермедияның 
идеясы өзінің олқылығын байқамаса да, өзгенің сәл кемшілігін әңгіме етуден 
тайынбайтын  замандастардың  пенделік  қасиеттерін  әшкерелеу  арқылы  жаңа 
қоғам жастарының арасында ақжүректі, таза еңбекті сүйетін, адал іске жаны 
құмар, ұсақ әңгімеге араласпай, ірі істердің жанынан көрінер азамат тұлғасын 
қалыптастыру арқылы қоғамды түзетуді көздейді. Оқиға көзілдірікті әйелдің 
үйіне  көрші  әйел  келуінен  бастау  алады.  Өз  ісінің  маманы,  әлемнің  соңғы 
жаңалықтарынан  хабары  бар  көзілдірікті  әйелдің  мамандығы  –  электрик. 
Интермедияға да арқау болатын оның мамандығы.  
Міне,  осыншалықты  күлкілі  жағдай  барысында  жүзеге  асқан  интер-
медия  кейіпкерлері  қазіргі  қоғам  адамдарының  мінез-құлықтарын  нақты 
ашып береді.  
Кезінде  мойындамай,  рухани  жадап-жүдеп  жүрген  пұшайман  адамға 
сәтімен айтылған марапат – ол адамның омырауына алтын таққанмен бірдей 
деген  идеяны  қамтитын  Сұлтанәлі  Балғабаевтың  «Анау-Мынау»  атты  әзіл-
сықақ интермедиясының қысқалығына қарамастан, заман талабына сай өзекті 
тақырыпты қозғайды.  
«Комедияда  әр  алуан  әрсіз  әрекеттер  баяндалады,  келеңсіз  кісілер, 
олардың кесірлі қылықтары мен кесірлі мінездері сықақ етіледі» (әл-Фараби). 
Драматург бұл пьесасында ХХІ ғасыр мансапқа құмартып күн кешкен дәуірін 
қатты  сынға  алған  атақ-дәрежесіне  қол  жеткіземін  деп  жүргенде  алдына 
қойған  мақсат-мүддесінен  адасқан  жандардың  жан  дүниесін  қатты  әжуамен 
сынға алады. Осындай күрделі құбылыс бұл пьесада да көрініс береді. 
Комедияның күші – күлкіде, күлкінің күші – шындық пен табиғилықта. 
Шыншыл  һәм  табиғи  күлкі  терең  мазмұнды  тартыстан  туып,  толыққанды 
юморлық,  не  сатиралық  образдарға  көркем  жинақталып,  парасатты  биік 
идеяға  шебер  бағындырылғанда  ғана  комедия  жалаң  водевиль,  жеңіл  фарс, 
арзан  мелодрама  сипаттарынан аулақ,  бұл жанрдың  шын  мәніндегі  шынайы 
шығармасына айнала алады [4, 332] -деген пікірінің драматургтың әзіл-сықақ 

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
210 
интермедиясына  да  қатысты  екені  ақиқат.  Себебі  «Анау-Мынау»  интерме-
диясы күлкінің күші арқылы қоғамдағы шындықты қатты сынға алады. Оқиға 
небәрі  екі  кейіпкердің  қатысуымен  өтеді.  Интермедияның  өзегімақтауды 
жаны  сүйетін  басшы  ағасы  мен  мақтай  білетін  інісі  арасында  жүзеге  асады. 
Оқиғаның  басында  Анау:  «...  Мікеңнің  азаматтығы  бүкіл  жанынан, 
болмысынан  байқалады»  [8,  234]-деген    мақтауынан  жеке  басының  қамы 
үшін, күні үшін  еш жамандықтан тайынбайтын Анау бейнесінің протиптерін 
автор қазіргі өз қоғамымыздан да көруге болатындығын аңғартады.  
Сұлтанәлі  Балғабаевтың  «Лекция»  аталатын  әзіл-сықақ  интермедиясы  – 
ХХ ғасыр дертіне айналған маскүнемдіктің адамзатқа тигізер әсерін астарлы 
кескінмен тамаша баяндайды.  
Пьесаның  идеясы  Әмір  Теміровичтің  «Маскүнемдік  –  дерт»  атты 
тақырыпта оқитын лекциясына саяды. Завклуб пен лектор арасында өрбитін 
оқиға желісі жас оқырмандары мен көрермендерін адамгершілікке, салауатты 
өмір  салтын  сақтауға  үндейді.  Драматургтың  басты  мақсаты  локтор  Әмір 
Теміровичтің оқыған лекциясымен астасып жатыр. 
Лектор:  «Құрметті  жолдастар!  Маскүнемдіктің  дерт  екенін  бәріңіз 
де  жақсы  білесіңіздер.  Ішкілік  деген  адамның  асқазанын  бұзады.  Бауырын 
шірітеді.  Жұмыс  қабілетін  төмендетеді.  Тіпті  көп  ішіп  кеткен  адам 
семьясына  да  ие  бола  алмай,  абыройынан  айырылып,  алиментчик  болып 
кетеді. Сондықтан да маскүнемдікке қарсы күрес ерте заманнан бері аяусыз 
түрде  жүргізіліп  келеді...  Мысалы  бір  кезде  Қытайда  маскүнемдікке 
салынып,  арақ  ішкен  адамның  жон  терісін  сыпырып,  таспа  тілетін,  бірақ 
жұрт  ішуін  сонда  да  тимаған.  Ертедегі  Египетте  ішкіштердің  басын 
шауып  тастап  отырған,  бірақ  маскүнемдер  сонда  да  азаймаған.  Азаймақ 
түгілі  қайта  көбейген.  Индияда  алкачтарды  өлімші  етіп  соққыға  жыққан, 
бірақ олар есін жинай салып қайтадан бөтелкеге жүгірген»  [1, 228]. 
Лектордың  сыры  –  бір-ақ  сыр.  Дүниедегі  маскүнемге  айналған 
жандардың  арын  құрбандыққа  шалып,  денсаулығы  мен  отбасын  аяқ  асты 
ететін жағдайға душар боларын сездіру. 
Пьесадағы  ең  басты  кейіпкер  –  лектор  Әмір  Темірович.  Тіпті  күллі 
идея, мақсат оның қатысуына, соның мән-мағынасын ашуға құрылған десе де 
болғандай.  Драматург  лектор  бейнесіне  көп  мағына,  идея  сыйғызуға  күш 
салған. 
Дүние  үшін,  мал  үшін  жаны  мен  арын  құрбандыққа  шалар  адамгер-
шіліктен гөрі пендешілігі басым жандардың ішкі жан дүниесіне, болмысына 
куә  ететін  Сұлтанәлі  Балғабаевтың  «О  дүниеден  оралған  сиыр»  атты 
интермедиясы  қасиет-сипатымен,  түсінік  дүниетанымымен  оқырмандарды 
өзіне  баулитын  шығарма.  Интермедияның  түп  қазық  идеясы  –  қоғамға, 
адамгершілікке  жат  моральды  аяусыз  әшкерелейді.  Бөлім  меңгерушісі  мен 
қызыл  сиыр  шығарманың  басты  кейіпкері.  Интермедия  тартысы  –  әділетті 
көксеген  қызыл  сиыр  мен  өмірдің  бар  қызығы,  дүниенің  бар  шырыны  қу 
құлқынының  қамын  ойлайтын  бөлім  меңгерушісі  арасында.  Оқиға  желісі 
бойынша мал басын, одан түсер пайда, сауылған сүтті  есепке алып отырған 
бөлім меңгерушісі – Айранбай Қиқымбаевқа о дүниеден қызыл сиыр қоңырау 
шалады. Бір жыл бұрын қыста арам қатқан сиыр өзінің өлгендігі жөнінде акт 
жасатып, біржолата есептен шығартуын өтінеді. Дегенмен, пендешілігі басым 
Айранбай  Қиқымбаев  қызыл  сиырды  өлген  тізімнен  шығармағаны  былай 

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
211 
тұрсын, тіпті бұзаулатып қойғандығы да белгілі.  
Сұлтанәлі  Балғабаев  кейіпкерлердің  ішкі  жан  дүниесіне  үңіліп, 
әрқайсысының  ерекшеліктерін  ашуға  көңіл  бөлген.  Драматургтың  шебер 
тілімен кестелеген екі кейіпкердің диалогына көз жіберіп көрейік.  
«Қызыл  сиыр.  Айреке-ау,  енді  айып  етпеңіз...  Мен  қашан  бұзаула-
ғанымды әлде де түсінкіремей тұрмын... 
Бөлімше меңгерушісі. Туһ, өзінің не қылған кеще сиырсың, айттық қой 
биыл  көктемде  деп...  Бөлімшеміз  төл  алуын  жоспарын  орындай  алмай 
жатқанда  бұзаулағансың.  Тура  бір  бұзау  жетпей  тұр  еді...  сол  кезде 
сен...сен әйдік еркек бұзауды сарт еткіздің ғой... Рахмет саған, сол үшін! 
Қызыл сиыр. Рас айтасыз ба? 
Бөлімше меңгерушісі. Рас айтпағанда ше?! Тіпті сен бізге төл алудан 
ғана  емес,  сүт  сауудан  да  сұмдық  көмектесіп  тұрсың.  Тоқсандық 
жоспарымызға  қауіп  төнгенде...  бар  болғаны  екі-ақ  күн  қалғанда  сен  лақ 
еткізіп төрт жүз литр сүт бере салдың ғой... 
Қызыл сиыр. Кәдімгі сүт пе? 
Бөлімше меңгерушісі. Сен сияқты сиырдан қай бір жөнді сүт шығушы 
еді. Әрине, ептеп ашыған. Бірақ өйтіп-бүйтіп жүріп есепке кіргіздік қой... 
Қызыл сиыр. Ойпырмай, менен қыруар пайда көрген екенсіңдер де! 
Бөлім меңгерушісі. Қайдағы пайда?! Сен үшін бақташыға ай сайын бес 
жүз теңге ақша төлейміз. Бұзаушыға, сауыншыға кеткен шығын тағы бар. 
Қызыл  сиыр.  Е,  солай  ма?  Өйтіп  әуреге  түскенше  шығарып, 
біржолата құтылмайсыз ба? Оның үстіне мойныма мініп, пәле болдың деп 
бақташым да мазамды алып барады... 
Бөлімше  меңгерушісі.  Өй,  өзің  бір  әр  нәрсені  айтып,  адамның  басын 
қатыратын  заржақ  неме  екенсің.  Жарайды  енді...бара  бер,  бірдеңесін 
ойластырамыз... [1, 233]. 
Драматургтың «О дүниеден оралған сиыр» атты интермедиясының түп 
қазық  идеясы  –  қоғамға,  адамгершілікке  жат  моральды  аяусыз  әшкерелеу. 
Автор әжуа мен мысқыл тәсілі арқылы бүгінгі қоғамның біз білмейті қараңғы 
тұстары күлкі найзасына ілген.  
Интермедияның астары заман өзгеріп Мынау өлгеннен кейін, Анаудың 
қолына      билік  тиіп,  сол  билікті  ұстап  қалуды  мегзейді.  Бұл  интермедиядан 
диалог, бірер ситуация, оқыс жағдай тудыратын күлкіден қоғамдық мәні зор 
күлкіге ауысамыз.  
Сұлтанәлі  Балғабаевтың  «Хирург»  атты  интермедиясының  айтпақ 
идеясы:  өлім  –  жау,  дәрігер  –  қолбасшы,  күрес  тактикасын  жақсы  білген 
дәрігер  ғана  жеңе  алатындығын  жеткізген.  Оқиға  тек  екі  адамның,  яғни 
Жәкен  –  қызметі  белгісіз  кісі  және  Мәкен  –  мединституттың  соңғы  курс 
студенті  арасында  жүзеге  асады.  Автор  ең  алдымен  әзіл-сықақ  интермедия-
ларына  өмірлік  жағдайлардың  бірін  сәтімен  таңдап  алған.  Ал  денсаулық 
сақтау  саласындағы  түрлі  құйтырқы  әрекеттер,  парақорлық,  білмсіздіктен 
шыққан маман екі күннің бірінде кездесетін жағдай. Оқиға барысында оқуға 
көкесінің көмегімен түскен Мәкеннің мамандығына бейім емес екенін, оның 
негізгі өзі қалаған мамандығы телемастер екендігін оның: «Оны білемін аға! 
Сізді жұрттың бәрі адал, принципшіл деп мақтайды. Бірақ со жолы маған 
көмектеспей-ақ  қоюыңыз  керек  еді.  Онда  мен  қазір  дырдай  телемастер 
болып  жүретін  едім»  [1,  249]  –деген  өз  сөзінен  аңғаруға  болады.  Оқиға 

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
212 
соңында оқуға түсуге өзіне көмектескен көкесі Мәкенге  эксперимент болып 
келуімен  аяқталады.  Оқиға  тартымдылығымен,  әрі  мысқыл  арқылы  қоғам 
шындығын өзгеріссіз жазғандығымен ерекшеленеді.  
Әзіл-сықақ интермедиялардың тақырыбы – бір алуан күлкі, отбасылық 
жағдайлардан,  махаббат  шырғалаңдарынан,  бозбалашылық  қызықтардан 
туындап  жатады.  Бұл  орайда  автордың  «Қызды  қалай  айналдыруға 
болады?»    атты  интермедиясында  нағыз  махаббат  шырғалаңына  тап  болған 
жігіттің  басынан  кешкен  оқиғасы  баяндалады.  Қыз,  қыздың  жеңгесі,  жігіт 
арасында өтетін оқиға жігерсіз жігіттердің қазіргі қоғамда да кездесетіндігін 
және  ескі  салт-дәстүрдің  үлгісін  қатты  әшкерелейді.  Драматург  кейіпкер-
лердің  ішкі  дүниесіндегі  қайшылықтарды  шеберлікпен  көрсеткен.  Адам 
қоғамнан  тыс  өмір  сүре  алмайды.  Қоғамдағы  болып  жатқан  құбылыстар 
сөзссіз  әсер  етеді.  Мысалы:  Оқиға  оқырманын  күлкіге  қарық  қылып, 
көрерменін кейіпкерлер шынайы әрекеттерімен баурап алары сөзссіз.  
«Кейіпкердің мінезі көптеген жеке бейнелермен, белгілі әлеуметтік топқа 
қосылатын  түрлі  адамдардың  бейнелерімен  құралады...  Бір  жұмыс-шының, 
топтың,  дүкенші  саудагерлердің  портретін  дұрыс  суреттеп  жазу  үшін  топ, 
жұмысшы саудагерлерді қадағалап қарауымыз керек» (М. Горький) [5, 204]. 
Баршамызға  мәлім,  әр  дәуірдің  өз  өзгешелігі  мен  ерекшелігі,  өз 
болмысы,  өз  мәселелері  болатыны  заңдылық.  Соған  орай  замандас  бейнесін 
жасауда  да  жаңаша  тәсіл,  тартысқа  құрылған  әзіл-сықақ  интермедиялардың 
легіндегі ерекешеліктер С. Балғабаевтың өзіндік ерекшелігі. 
Бір қарағанда әзіл-сықақ интермедиялары қарапайым оқиғаға құрылған 
болып көрінуі ықтимал, бірақ тереңірек үңіліп, ой жүгіртсек қоғам өміріндегі 
аса  маңызды  әлеуметтік  құбылыстың  жай-жапсарын  көрермен  қауымға  етер 
әсері  мол.  Драматург  жеке  адамның  тағдыры  арқылы  бүгінгі  өмірдегі  әлеу-
меттік  қайшылықтарды,  кейіпкердің  философиялық  толғанысын,  шынайы 
шындықтың құпиясын қарастыруда ұмтылған іштей тартысы арқылы барған.  
С.  Балғабаевтың  әзіл-сықақ  интермедиялары  жанрлық  формалары 
жағынан  сан  алуан  болып  келеді.  Күлкі  тудырудағы  ситуация,  психология 
ерекшеліктері,  характерлер  тартысы,  шарттылық  амалдар,  затты,  детальды 
ойнату,  тілдік  сипаттамалар,  неше  түрлі  көркемдік  құралдар  еркін 
қолданылған.  
С. Балғабаевтың әзіл-сықақ интермедиялары атының астарлы, символ-
ды  мәні  бар,  кейіпкерлер  есімі  олардың  әлеуметтік  ортасының  моралінен, 
идеалынан жақсы  хабар  береді.  Персонаждар  тілі  лексикалық,  синтаксистік, 
интонациялық жағынан дараланып берілген.  
Әлеуметтік  мәнді  проблемаларға  құрылған,  әр  түрлі  характерлері  бар, 
сан  алуан  күлкіге  негізделген,  жанр  шарттарына  толық  жауап  беретін  С. 
Балғабаевтың  әзіл-сықақ  интермедиялары  қазіргі  қазақ  драматургиясының 
дамуына  үлкен  әсер  етті.  Драматургтың  интермедияларында  адамгершілік 
табиғатына  жат  құбылыстар,  адам  мінезіндегі  олқылықтар  –  махаббат 
тұрлаусыздығы,  жағымпаздық,  парақорлық,  зиянқорлық  дүниеқоңыздық 
күлкі  болады.  Бұнда  дараланған  мінездер  бар,  табиғи  күлкіге  негізделген 
реалистік астар бар.  
 Осындай  пьесаларды  оқып  немесе  театр  сахналарынан  көру  арқылы 
барлық  қауым  өкілдері  жаманнан  жиіркеніп,  жақсыдан  үлгі  алып  өсері 
даусыз.  Яғни  ұлттық  драматургия  жанрына  астарлы  оймен,  көркем  сөз 

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
213 
шеберлігімен үн қосқан С. Балғабаев пьесаларының қазақ театры сахнасында 
орны мәңгілік болары ақиқат. 
 
 

1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал