Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 5.24 Kb.
Pdf просмотр
бет22/36
Дата09.01.2017
өлшемі5.24 Kb.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36

/Книга и люди атты еңбегінде:  «Катанову принадлежит  около 900 рецензий – 
аннотаций – рефератов по восточным книгам и востоковедческим трудам. В его 
библиографиях,  каталогах  описаны  около  7000  названий  книг  на  русском, 
восточных, европейских языках» - деп дәлелдеп көрсетеді.  
Профессор  Н.Ф.Катановтың  түркологиялық  мұралары  туралы  кеңірек 
пікірлерді  И.Ф.Кокова  мен  И.Л.Кызласовтың  еңбектерінен  кездестіреміз. 
И.Ф.Кокова түркітану ғылымында өзіндік өшпес мұра қалдырған ғұламаның 
мұрағат  қорларындағы  еңбектерінің  назардан  тыс  қалып  келе  жатқандығын 
сөз  етсе,  И.Л.Кызласов  ғалымның  1885  жылдан  1921  жылға  дейінгі  еңбек-
терінің  библиографиясын    ұсына  келе,  ғалымды  тек  оның  қыл  қаламынан 
туындаған  ғылыми  еңбектерді  тереңдете
 
зерттегенде    ғана  толықтай  тани 
алатындығымыз жөнінде ой тастайды. Шынында да, ғалым еңбектерін жан
 
-
 
жақты толыққанды зерттемейінше, тарихтағы орнын тұтас тану мүмкін емес. 
Қазіргі  таңда  ұлы  тұлғаның  ғылыми  мұраларын  зерделеп,  ғылымға 
қосқан  үлесін  айқындау  мақсатында  ғылыми  конференциялар  мен  халық-
аралық  ғылыми  семинарлардың  өткізіліп  жатқандығын  зор  қуанышпен  айта 
аламыз.
 
«Катанов  оқулары»  атты  ғылыми  конференциялар  Н.Ф.Катанов 
атындағы  Хакас  Мемлекеттік  университетінде  1994  жылдан  бастау  алып 

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
200 
келеді.
 
1997  жылы  Қазан  қаласында  ғалымның  туғанына  135  жылдығына 
арналған  «Катанов  оқулары»,  2002  жылы  140  жылдығына арналған  Абакан, 
Қазан  қалаларында  өткізілген  халықаралық  ғылыми  конференциялар  және 
сол  жылы  Стамбул  университетінде  халықаралық  ғылыми  симпозиум,  2005 
жылы  ғалымның  түркітаным  ғылымындағы  мұраларының  зерттелуі 
бағытында  «Н.  Ф.  Катанов  мұрасы:  Еуразия  түркі  тілдес  халықтарының 
тарихы  мен  мәдениеті»  атты  халықаралық  ғылыми  семинарлардың  ғалым 
еңбектерін  танытуда  маңызы  зор.  Ғалымның  түркологиялық  мұраларын 
зерттеуде елеулі үлес қосып жүрген  Р. М. Валеев, В. Н.Тугужекова,  
О.Серткая, Р.Н. Алимов т.б. зерттеушілердің танымдық мақалаларында 
тың  деректер  берілген.  Р.М.Валеев  ғалымның  Санк-Петербург,  Қазан  уни-
верситеті  жылдарындағы  шығармашылық  кезеңдеріне  шолу  жасай  отырып, 
этнографиялық  зерттеулеріне  арнайы  тоқталады.  Ғалымның  түркологиялық 
мұрасы туралы келелі пікірлер Түрік  елі түркітанушыларының еңбектерінде 
де көрініс тапқан. Стамбул университетінің пр.О.Ф.Серткая «Н.Ф.Катановты 
танудағы  түрік  зерттеушілерінің  ортақ  көзқарастары»  деген  мақаласында 
түрік ғалымдарының Н.Ф.Катановты зерттеудегі еңбектерінің атап көрсетеді. 
Түркітану  әлемінің  тұғыр  тасын  қалап,  іргелі  еңбектерімен  танылған 
шоқтығы биік профессор Н.Ф.Катановтың жарыққа шыққан немесе қолжазба 
күйінде  қалған  хакас,  татар,  тува,  қазақ  және  т.б.  түркі  тілдері  мен 
этнографияға,  фольклортануға  қатысты  зерттеу  жұмыстарын  саралау  өз 
кезегін  күтуде.  Н.Ф.Катановты  XIX–XX  ғғ.  түркітану  ғылымындағы  түркі 
тілдес халықтарды жан-жақты зерттеуге орасан зор еңбек сіңірген бірден-бір 
түркітанушы екендігін тану, әсіресе қазақ тілі біліміне қосқан үлесін, тигізген 
пайдасын зерделеу өзекті мәселенің бірі. 
 
Әдебиеттер 
1.
 
Қайдар Ә., Оразов М. Түркітануға кіріспе. - Алматы, 2004. – б. 358. 
2.
 
Иванов С.Н. Н.Ф.Катанов - М, 1962.- с. 150 
3.
 
Кокова  И.Ф.  Н.Ф.Катанов:  Документально  –публицистическое  эссе.  - 
Абакан, 1993. – с. 85 
4.
 
Н.Ф.Катанов  Автобиография  и  Библиография.  //  Составитель 
И.Л.Кызласов. – Абакан, 2000. – с. 50. 
5.
 
Малов  С.Е.  Н.Ф.Катанов,  проф.  Казанского  университета  (1862-
1922гг.  К  95-летию  со  дня  рождения  //  Қазақ  ССР  Ғылым  Академиясының 
Хабаршысы. №5 -1958. – б. 6. 
                      
                                         
Р.К. Мухамбеткалиева, Ж.Т. Нугманова 
ЗНАЧИМОСТЬ НАУЧНЫХ ТРУДОВ ПРОФЕССОРА Н.Ф.КАТАНОВА 
 
В статье всесторонне рассмотрены роль и значение работ видного тюрколога Николая 
Федоровича  Катанова,  связанные  с  духовным  укладом  тюркоязычных  этносов,  отражающих 
их  самобытность,  традиции,  этнографические  особенности.  Указана  актуальность  научного 
вклада Н.Ф.Катанова в контексте развития современной тюркологии.  
Особое внимание уделяется роли ученого в ракурсе объединения тюркских государств для 
сохранения, защиты и развития национальных ценностей в условиях глобализации. Делается вывод 
об актуальности культурно-духовного развития Казахстана в контексте тюркской интеграции.   
Ключевые слова: этнография, фольклор, культура, тюркология, биография. 
 

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
201 
R.K. Mukhambetkalieva, Zh.T. Nugmanova 
THE IMPORTANCE OF PROFESSOR N.F.KATANOV’S SCIENTIFIC WORKS 
 
The  papercomprehensivelyreviewedthe  role  and  significanceof  a  prominentturkologist 
N.F.Katanovin  the  development  ofa  spiritualway  of  lifeassociated  withthe  Turkic-speakingethnic 
groups,  reflecting  their  identity,  traditions,  etnografichesikefeatures.  Indicatedthe  relevanceof 
scientificcontributions, N.F.Katanovin the contextof the modernTurkic. 
Particular  attention  ispaid  to  the  roleof  the  scientistfrom  the  perspective  ofunificationof  the 
Turkic statesfor the conservation, protection and developmentof national valuesin a globalized world. 
The  conclusionon  the  relevance  ofcultural  andspiritual  developmentof  Kazakhstan  inthe  context  of 
theTurkic integration. 
Key words: ethnography, folklore, culture, periodization biography. 
 
 
 
УДК 81.34 (574) 
Р.Б. Сұлтанғалиева – фил.ғ.к., 
                                               М.Өтемісов атындағы БҚМУ, 
қауымдастырылған профессор  
E-mail: R.Sultangalieva@mail.ru 
Ж.Ғ. Мусина – магистрант, 
                           М. Өтемісов атындағы БҚМУ 
 
АЙТЫСТАҒЫ ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҚЫРЫБЫНЫҢ  
ЕЛБАСЫ БЕЙНЕСІМЕН БІРЛІКТЕ ЖЫРЛАНУ ДӘСТҮРІ 
 
Аңдатпа. Мақалада  тәуелсіздік,  елдік,  еркіндік  тақырыбының  айтыс  өнерінде  Елбасы 
бейнесімен бірлікте жырлану дәстүріне мәтіндік талдау жасау арқылы талпыныс жасалады.  
Елбасы  бейнесі  айтыс  өнерінде  оның  ел  үшін  атқарған  іс-әрекеттері  арқылы  баға 
берушілік  сипатта  сомдалған.  Сондай-ақ  айтыскер  ақындар  тарих  тағылымынан  нәр  ала 
отырып, Елбасы бейнесін өткен тарихи тұлғалармен қатар ала отырып, суреттеуге жол береді. 
Бұл Елбасының көркем әдебиеттегі образын жалаң суреттеуден құтқарып, шынайы бейнелеуге 
мүмкіндік  береді.  Айтыс  өнерінің  өзі  тікелей  халық  алдында  орындалатындықтан,  реализмі 
басым болуымен ерекшеленеді.  
Тәуелсіздік,  еркіндік,  азаттық  идеяларының  бүгінгі  күнде  аяғын  нық  басып,  батыл 
қадам алып, әлемге танылуының арғы жағында Елбасының сарабдал саясатының тұрғандығын 
айтыс  мәтіндерінде  ашық  та  шынайы  айтылады.  Аталған  мақалада  осы  мәселелер  бүгінгі 
айтыс ақындарының өлең мәтіндеріне талдау жасау арқылы тұжырымдалады.  
Түйін  сөз:  айтыс,  дәстүрлі  өнер,  образ,  идея,  көркемдік  тұтастық,  тәуелсіздік  тақы-
рыбы, айтыс өнеріндегі еркіндік көрінісі, фольклор.  
 
Айтыс өнері - атадан балаға мирас болып келген, халқымыздың рухани 
төл  мәдениетінің  бір  бөлшегі.  Халқымыздың  төл  сөз  өнері.  Айтыстың  өмір-
шеңдігін  бүгінгі  күнге  жетіп,  жаңа  заманға  сай,  дамып,  жетіліп  отыруынан 
көреміз.  
Дала демократиясының ерекше үлгісі болған айтыс қай кезде болса да 
халықтың  талап-тілегін,  мақсат-мүддесін  орындап,  ел  үмітінің  үдесінен 
шығып  отырған.  Басқа  өнер  түрлерінен  ерекшелігі  де  сол  айтыс  сәтте 
айтылып, заматында өзінің тыңдарманымен қауышып жатады. 
Айтыс қай кезде де идеологиялық құрал ретінде пайдаланылып, өзінің 
сол сипаты арқылы көркемдік ерекшелігін дамыта алды. 
 
Қазіргі  айтыстың  тәуелсіздік  алғаннан  кейінгі  мезгілде  ерекше  дамуы, 

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
202 
халықтың ыстық ықыласына бөленуі сол айтыстың тек қана әлеуметтік өмір 
шындығын айтуында болды. 
Айтыста  сан  алуан  тақырып  қозғалады.  Әсіресе,  егемендік  алған 
жылдардан  кейінгі  айтыста  тәуелсіздік  тақырыбын  жырлау,  азаттықты 
ұлықтау, еркіндікті емірене жырлап, бабалар арманы мен боздақтарымыздың 
қанымен  келген  қасиетті  ұғымды  жырлауда  айтыс  өнері  жауынгерлік 
танытты  десек  артық  айтқандық  боламас.  Біз  осы  ғылыми  мақаламызда 
қазіргі  айтыстағы  тәуелсіздіктің  тақырыбының  идеялық  және  көркемдік 
тұрғыда жырлану ерекшеліктеріне қатысты ой қозғап, сол арқылы айтыстағы 
Елбасы бейнесінің ашылуына мән береміз.  
Әдебиеттану  ғылымында  қазіргі  кезең  әдебиетіндегі  ұлттық  идеялар, 
ұлттық сипаттағы мәселелер төңірегінде біршама сөз айтылып келеді. Айтыс 
та  қазақ  рухани  мәдениетінің  бір  бөлшегі  ретінде  ұлттық  мәселелерді  осы 
тәуелсіздік  кезеңімен  байланысты  қозғап  келе  жатырғаны  шындық.  Ал, 
тәуелсіздік  туралы  ұғымды  қозғасақ,  Елбасы  туралы  сөз  қозғамай  өте 
алмаймыз.  
Мақаламызға  қатысты  тақырыпты  саралағанде,  біздің  байқағанымыз, 
біріншіден,  Елбасы  бейнесі  айтыс  өнерінде  оның  ел  үшін  атқарған  іс-
әрекеттері  арқылы  баға  берушілік  сипатта  сомдалған.  Сондай-ақ,  айтыскер 
ақындар тарих тағылымынан нәр ала отырып, Елбасы бейнесін өткен тарихи 
тұлғалармен  қатар  ала  отырып,  суреттеуге  жол  береді.  Бұл  Елбасының 
көркем  әдебиеттегі  образын  жалаң  суреттеуден  құтқарып,  шынайы 
бейнелеуге  мүмкіндік  береді.  Айтыс  өнерінің  өзі  тікелей  халық  алдында 
орындалатындықтан, реализмі басым болуымен ерекшеленеді.  
Екіншіден,  тәуелсіздік,  еркіндік,  азаттық  идеяларының  бүгінгі  күнде 
аяғын  нық  басып,  батыл  қадам  алып,  әлемге  танылуының  арғы  жағында 
Елбасының  сарабдал  саясатының  тұрғандығын  айтыс  мәтіндерінде  ашық  та 
шынайы  айтылады.  Бұл  тұжырымдарға  нақты  мысал  ретінде  айтыс  туралы 
екі томдық жинақты талдау барысында көз жеткіздік.  
Тәуелсіздік жылдарындағы айтыстардың бұрынғы айтыстардан өзіндік 
ерекшелігінің бар  екендігін жеке мемлекет болып, өз тізгінімізді қолымызға 
алуымыз,  тілімізге  тиген  еркіндік,  ұлт  ретінде  еркіндігініміз,  жалпы  рухани 
бодандықтан  босауымыздан  іздесек  болады.  Айтыста  ақындар  халықтың 
жағдайын  айтуға,  ел  мұңын  билік  басындағыларға  жеткізуге,  мәселелерді 
шешуге ат салыса бастағанын байқаймыз. Қоғамдық мәселе көкірегі ояу, көзі 
ашық  бір  де  бір  ақынды  бей-жай  қалдырған  емес,  ақындар  шама-шарқы 
жеткенше қоғамдық мәселелерді көтеруге, олардың жағымды және жағымсыз 
жақтарын жеріне жеткізе айтуға тырысады.  
Бүгінгі  өткен  әрбір  күніміз,  қазіргі  тәуелсіз  Қазақстаннның  тарихи 
парақтары  болып  жазылып  қалады.  Өз  еркіндігін  алған  еліміз  1991  жылдан 
бері  қаншама  қиындықты  бастан  кешіріп,  жоқшылыққа  шыдап  бағып,  бір 
ғана  асыл  мұратқа  тәубе  етіп  келді.  Ол  –  азаттық,  еркіндік,  тәуелсіздік 
болатын.  Алғашқы  еліміздің  шынайы  тәуелсіздік  жолында  қадам  басқан 
кезден  күні  бүгінге  дейін,  бейбітшілік  пен  тыныштықта,  баршылық  пен 
молшылыққа халқын кенелту жолында тынбай, елің қамын ойлап, қайыспас 
қара  нар  тәрізді  еңбектеніп  келе  жатырған  Президентіміз  Н.Назарбаев  - 
тәуелсіз елдің тарихындағы мәңгі жасай беретін тұлға болып қалады.  
Тұтас  ұлтты  бір  шаңырақтың  астына  біріктіріп,  шартарапқа  танытқан 

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
203 
Елбасының  бекзат  болмысы  мен  кесек  мінезі,  азаматтық  пайымы  өз 
халқының  ғана  емес,  әлемдік  қауымдастық  тарапынан  да  әлдеқашан  әділ 
бағасын  алған.  Қазақ  елінің  тарихындағы  Тұңғыш  Президенттің  өмір  жолы 
үлкенге  үлгі,  кішіге  өнеге  боларлықтай.  Осы  жиырма  жылда  Елбасының 
тұлғалық,  азаматтық  қадір-қасиеттері,  қырлары  өнер  мен  әдебиет  саласын-
дағы шығармашылық иелеріне алтын арқау болды. «1 желтоқсан – Тұңғыш 
Президент  күні»  мерекесі  болып  белгіленді,  бұл  дегенің  Елбасыға  деген 
құрмет  болса,  екіншіден  Елбасының  қызметін  жас  ұрпақтың  арасында 
дәстүрлі түрде насихаттаудың бірден-бір жолы деп ұғамыз. 
Ғалым  Нұрдаулет  Ақыш:  «Іс  жүзінде  1989  жылдан  бастап  Қазақстан 
Республикасының  бірінші  басшысы  болып  сайланған  Нұрсұлтан  Әбішұлы 
осы  жиырма  жылдан  астам  уақыт  ішінде  өзінің  қандай  деңгейдегі  басшы 
екендігін  тек  өз  еліне  ғана  емес,  сыртқы  жұрттарға,  халықаралық  қауым-
дастыққа  жан-жақты  таныта  білді.  Тәуелсіздігін  енді  ғана  алған  жас 
мемлекеттің басшысы болу үлкен  сын болып табылатындығын ешкім жоққа 
шығара  алмаса  керек.  Өз  уақытында  баспасөз  беттерінде  Елбасы  туралы 
жарық көрген түрлі поэзиялық, прозалық туындылардың, эсселер мен көркем 
очерктердің  мазмұны,  міне,  осындай  нақты  пайымдауларға  әкеліп  саятын. 
Оларда Елбасының бейнесі негізінен қоғамдық ірі тұлға ретінде әр қырынан, 
әр  түрлі  адами  индекстер  тұрғысынан  көрініп  жататын.  Елбасының 
азаматтық және саяси тұлғасын әр автор өз таным-түсінігіне лайық әр түрлі 
деңгейде  сомдап  келеді.  Меніңше,  қаламгерлер  ең  алдымен  Елбасының 
ауқымды  деңгейдегі  ұйымдастырушылық  қабілетін,  яғни,  саяси  тұлғасын, 
Қазақстанның  патриоты,  қазақ  ұлтының  жанашыры  ретіндегі  қырларын  да 
ашып көрсеткендері жөн-ақ», - деп атап өтеді өзінің газет тілшілеріне берген 
бір сұхбатында. 
Н.Назарбаевтың    нар  тұлғасын  айшықтаған  көркем  проза,  поэзия, 
драматургия,  кино  туындылардың  қатары  жыл  өткен  сайын  көбейіп  келеді. 
Елбасымыздың  адами,  азаматтық  келбеті  бүгінгі  қазақ  прозасы,  поэзиясы, 
драматургиясында  зерттеу  нысаны    болуға  лайық  екендігі  ақиқат.  Елбасы-
мыздың  өмірі  мен  шығармашылық  ғұмырынан  алып  жазылатын  көркем 
шығармаларға  жүк  болар  тақырыптар  әлі  де  жеткілікті.  Ал,  бүгінгі  біздің 
тақырыбымыздағы айтыстағы Елбасы бейнесі туралы сөздің өзіндік  ерекше-
лігі  бар.  Айтыс  өнерінің  өзінде  сахналы  элементтің  болуы,  оның  халық 
санасына әсер ететін эмоционалдық, драмалық күйінің молдығын көрсетеді.  
Жалпы  тарихи  тұлғалардың  көркем  әдебиетте  бейнеленуінің  өзіндік 
дәстүрі  бар.  Айтыстың  тарихына  үңілсек,  тарихи  тұлғаларды  жырлаудың 
дәстүрі қалыптасқанын көреміз.  
Елбасы  туралы  айтыста  біршама  айтылып  келеді.  Зер  салып  қарасақ, 
айтыс  ақындарының  Елбасы  туралы  толғаныстары  көбіне  тәуелсіздік 
ұғымымен егіз аталып отыратынына көз жеткіземіз. Мысалы:  
Армандап тәуелсіздік арда күнді, 
Сары алтыннан сайладың балдағыңды. 
Хан Кене, жүрегіңмен сүйіп өттің, 
Қалың елің, қазағың ардағыңды. 
Ұлтымды бодандыққа бермеймін деп, 
Абылайлап қоздырдың аруағыңды. 
Оң жағыңа ертіп ап қол бастадың, 

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
204 
Ағыбай, Наурызбайдай тарланыңды. 
Шен таққан ақ патшаның өкілдерін, 
Көрмеуші ең қарқылдаған қарғы құрлы. 
Өз бауырың қырғызың тор құрғанда, 
Өкініп шайнап едің бармағыңды. 
Азаттықты аңсаған, кемеңгерім, 
Алыстан болжапсың-ау алдағыңды. 
Бүгін, міне, тәуелсіз қазақ болдық, 
Нұрағаң орындады арманыңды! [2,34] – деп жырлаған Аманжол Әлтаев 
өз  сөзінде  біздің  бүгінгі  жетіп  отырған  тәуелсіздігіміздің  жолында  құрбан 
болған, қазағымыздың ханы Кенесары және  оның қол  бастаған батырларын, 
қырғыздың  сатқындығын  суреттей  отырып,  сол  бабалар  аңсаған  азат  күнді 
Кенесарыдай  ханның  ісін  жалғасытырып,  тәуелсіздікке  қол  жеткізудің  көш 
басында  Елбасымыз  Нұрсұлтан  Назарбаев  тұр  деген  ойды  ұғамыз.  Айтыста 
Нұрсұлтан Назарбаев Елбасымызды ақын құр мақтамай, өткен тарихты айта 
келіп, сол бабалар аманатын орындаушы және сол аманат жүгінің өте ауыр да 
жауапты  іс  екенін  аңғартып,  біз  секілді  келешек  ұрпақтың  жарқын  өмір 
сүруін меңзейді.  
Ал  мына  бір  Мұхаметжан  Тазабеков  пен  Қуаныш  Мақсұтовтың 
айтысында  Елбасы  туралы  шумаққа  назар  салсақ,  тәулесіздіктің  алғашқы 
жылдарындағы  ауыр  кезеңдерді  артқа  тастап,  жаңа-жаңа  елдің  жағдайы 
жақсарып  келе  жатырғанын  және  Н.Назарбаевтың  президенттік  мерзімінің 
екінші  кезеңіне  сайлауға  түскенін  көреміз.  Мысалы,  Мұхамеджанның 
Қуаныш ақынға айтқан сөзін келтірсек:  
   
Жеті жыл артта қалды ырым қылар,  
   
Тәуелсіздік жаныңды жылындырар.  
   
Назарбайдың Президент немересі,  
   
Ол да үміткер, әр сөзі – жұғымды бал.  
   
Данышпан ел мұңайтпас Нұрсұлтанын,  
   
Көп тірлік тындырды ғой тығын қылар.  
Жаңадан кеп қосылған жолдастан да,  
Ескі дос ертерек сырыңды ұғар.  
«Үйренген хан иленген терідей» деп  
Бекер айтты дейсің бе бұрынғылар[2, 137].  
Мұқият зер салып оқыған адамға бұл жерде айтыстың үгіт-насихаттық 
жағын  аңғару  қиын  емес.  Жеті  жылдық  мерзімі  өтіп,  екінші  рет  сайлауға 
түскелі  отырған  Елбасымыздың  тындырған,  ел  үшін  жасаған  әрекеттерін 
саралай  келіп,  тәжірибесі  барын  айтып,  тек  Қуаныш  ақынды  ғана  емес,  сөз 
астарымен барша халықты қолдауға шақырып отырғанын көреміз 
Қазіргі  айтыстарда  өткен  тарихтағы  көрнекті  тұлғаларымызбен  қоса, 
бүгінгі  көзі  тірі  ортамызда  жүрген,  ел  үшін  жаны  тыныш  таппай  жүрген 
елбасыдан  бастап,  көптеген  қоғам  қайраткерлерінің  нысанға  алынуы  заңды 
құбылыс.  Тақырыбымызға  сәйкес,  Елбасының  образын  сомдауда  айтыскер 
ақындар оның ел үшін атқарған іс-әрекеттерінің төңірегінде жырлай отырып, 
тарихи  тұлғаның  ертеңгі  ұрпаққа  үлгі  болар  әрекеттерін  жырға  қосады. 
Мысалы,  Бекжан  Әшірбаев  пен  Қуаныш  Мақсұтовтың  айтысында  Қуаныш 
ақын Елбасының ел жалғыздығын, оның қызметіне барша ел болып, тілектес 
болуымызға шақырады.  
   
 
Халықтың қуанышын ұқпайды ма,  

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
205 
   
 
Бағасын болашақтың нықтайды ма? 
   
 
Нұрсұлтан жалғыз жүр ғой ел ішінде,  
   
 
Бір өзі күллі елді мықтайды ма? 
   
 
Ағайын, бірлік болмай - тірлік болмас,  
   
 
Осыны мына Бекжан ұқпайды ма?[6] 
Бұл  үзіндіде  елбасы  туралы  мақтау,  көркем  образды  айшықты  сөздер 
айтылмаса  да,  "жаяудың  шаңы  шықпас"  дегендей,  Елбасының  жалғыздығы, 
оның саясатын жүргізуге барша халықтың көмегі қажет екені айтылады.  
Ал,  Бекжан  Әшірбаев  болса,  өз  сөзінде  тәуелсіз  азат  елдің  төрі  - 
қазақтікі  екендігін  ашық  айтып,  көк  бөрінің  ұрпағы,  ата-бабаның  салт-
дәстүрін  аялаған  ұрпақ  ретінде  шабыттана  айтып,  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 
саясатын жүргізуге ат салысатын, кейбір әкім-қаралардың алаяқтығын ашына 
айтады:  
   
 
Орнатпай есігіне ілгек іштен,  
   
 
Диқаншы оралады түнгі егістен.  
   
 
Бар малын сатуменен күнелтеді,  
   
 
Су ішпес шөлдегенде кім кебістен? 
   
 
Әкімдер ештеңеден қорықпайды,  
   
 
Суретке Нұрекеңмен бірге түскен.  
   
 
Тәуелсіз тәуліктері, тоны келте,  
   
 
Аздырмас азат ұлды жолы демде.  
   
 
Төрі ортақ, дәстүрі озық ел едің ғой,  
   
 
Бабасы бұқа мүйіз, бөрі кеуде.  
   
 
Аталар зираты бар заңды жерді,  
   
 
Хақың жоқ қара шекпен төрі деуге[6].  
Қазақ халқының қалыптасу, даму жолындағы тарихи оқиғалар, көрнек-
ті адамдар, атамекен қоныстар туралы да қамтыла жырланады. Ақындардың 
жырларынан  өзінің  туып-өскен,  өркендеген  ата-бабаларын,  үрім-бұтақ 
әулеттерін,  атамекен  қоныстарын  ардақтаған  перзенттік  махаббатқа  толы 
көңіл-күй  әуендерінің  бұлайша  төгілуі  –  табиғи  құбылыс.  Өзінің  әуелгі 
шыққан  тегін,  үрім-бұтақ  әулеттерін,  ағайынын,  туысын,  ата-баба 
қоныстарын ардақтай жырлау байырғы сақ, ғұн, одан кейінгі түркі өркениеті 
заманындағы әдеби мұраларындағы желісі үзілмеген тақырып екендігі мәлім. 
Ал,  әкімдерді  сынауы  жалпы  айтыстың  сыншылдығын  көрсетеді.  Жалпы, 
сыншылдық, шынайы реализм айтыс өнерінің бірден-бір сипаты.  
Сөзімізді түйіндей келсек, Елбасының өмірі мен шығармашылық ғұмы-
рынан  жазылған  және  жазылатын  көркем  шығармаларға  жүк  болар  тақы-
рыптар  әлі  де  жеткілікті.  Ал,  айтыста  өз  кезегінде  сахнада  Елбасының  шы-
найы бейнесін жаңаша қырынан танытуға әлі де күш салады деп ойлаймын. 
 
Әдебиеттер 
1. Жолдасбеков М. Асыл арналар. – Алматы: Жазушы, 1990. – 338 б.  
2.  Қазіргі  айтыс.  1-кітап.  Құраст.:  И..  Нұрахметұлы,  С.  Дүйсенғазин.  – 
Астана: «Күлтегін» баспасы, 2006. – 312 бет.  
3.  Құлманова  З.  Айтыс  –  өнер  майданы  //  Қазақ  тілі  мен  әдебиеті.  – 
2000. қыркүйек. – 42-43-б.  
4.  Ахметов  З.  Идея  //  Әдебиеттану  терминдерінің  сөздігі.  –  Алматы: 
Жазушы, 1998.  
5. Әскербекқызы Ж. Көркемдік өріс. – Алматы: Таймас, 2008. – 296 б. 

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
206 
6. Қазіргі айтыс. 2-кітап. Құраст.: Н. Айтұлы, С. Дүйсенғазин. – Астана: 
«Күлтегін» баспасы, 2006. – 336 бет.  
7. Жармұхамедов М. Қазақ поэзиясындағы айтыстың тегі мен дамуы. –
Алматы: Мұраттас, 2001. – 231 б. 
8.  Жолдасбеков  М.  Қазаққа  Алланың  берген  сыйы  еді  //  Егемен 
Қазақстан. – 2008. 12-желтоқсан.  
9. Назарбаев Н. Ғасырлар тоғысында. - Алматы: Жазушы, 2001. 
10.  Ақыш  Н.  «Елбасы  бейнесінің  өнер  мен  әдебиетте  кейіпкер  ретінде 
сомдалуы» // Егемен Қазақстан - 2012. 30-қараша. 
 
 
Р.Б. Султангалиева, Ж.Г. Мусина 
ТРАДИЦИЯ ВОСПЕВАНИЯ ТЕМЫ НЕЗАВИСИМОСТИ В ЕДИНСТВЕ  
С ОБРАЗОМ ЕЛБАСЫ В ИСКУССТВЕ АЙТЫСА 
 
В  статье  сделана  попытка  текстового  анализа  традиции  воспевания  темы  независи-
мости, государственности, свободы в единстве с образом Елбасы в искусстве айтыса.  
Ключевые слова: анализ, айтыс, образ Елбасы, идея, художественность, темы незави-
мости, единстово.   

жүктеу 5.24 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет