Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 5.24 Kb.
Pdf просмотр
бет18/36
Дата09.01.2017
өлшемі5.24 Kb.
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36

№ 
Интеграция-
ланған сабақ 
тақырыптары 
Оқу пәндерінің мазмұны 
Музыка 
Әдебиет 
Бейнелеу өнері 

Сүйікті 
мектебім! 
(Кіріспе сабақ) 
 
Ұстазым 
менің! 
«Сүйікті мектебім!» 
әні: Ө.Байділдаев 
сөзі: Ш.Смаханов 
«Ұстазым менің» 
әні: Ә.Еспаев, сөзі: 
А.Шамкенов 
Мақал-мәтелдер. 
Оқу-білім, өнер 
туралы. 
 
«Сүйікті 
ұстазым!» 
шығарма жазу 
Бейнелеу өнерінің 
түрлері. 
Натюрморт. 
 
Портрет. 
«Ұстаз бейнесі»  

Ы.Алтынсарин  «Кел, балалар 
оқылық!» әнін 
үйрену. 
Ы.Алтынсарин 
өмірі. 
Алтынсарин 
әңгімелері. 
Түрлі түсті 
бояумен сурет 
салу.  

Табиғат 
сұлулығы 
Абай шығар-
маларында 
Абай  әндері 
 «Желсіз түнде 
жарық ай», 
«Қараңғы түнде тау 
қалғып» 
Абай Құнанбаев 
«Қыс», 
«Жазғытұрым», 
«Күз», «Жаз» 
Табиғат бейнесі. 
Пейзаж. 

Қазақстан – 
құт дарыған 
мекенім 
«Қазақстан» әні: 
А.Жайымов, сөзі; 
Қ.Сыдық 
С.Мауленов 
«Менің 
Республикам» 
Сәулет өнері. 
Дизайн өнері. 
«Бәйтерек»,    
«Елтаңба» 

Батырлар 
жыры 
 
Е.Рахмадиев 
«Алпамыс», 
«Абылай хан». 
«Ұланымыз ұлы 
елдің» әні: 
М.Әубәеіров,  
сөзі: Қ.Баянбаев 
Батырлар жыры. 
Алпамыс батыр 
жыры 
Қару-жарақтар 
жасау 

Жарасымдылы
қпен жарасқан 
достық 
 
М.Жагорқызы 
«Дудар-ай»,  
І. Жақанов  
«Еділ мен Жайық» 
Пушкин 
шығармалары.» 
Татьянаның 
Онегинге жазған 
хаты» 
Затқа қарап сурет 
салу. 

Қазақтың 
ұлттық 
музыкалық 
аспаптары 
К.Дүйсекеев 
«Қазағымның 
күйлері-ай» 
І.Жансүгіров 
«Домбыра» өлеңі 
Бұйымдарды 
өрнектеу. 

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
152 

Жыр алыбы-
Жамбыл 
 
«Жамбыл ата» 
әні. Ж.Тұрсынбаев, 
сөзі: Ә.Асылбеков 
Ж.Жабаев 
«Өтеген батыр». 
С.Аронұлы 
«Жақсы мен 
жаман адамның 
қасиеті 
Портрет.  
Н.Крутильников 
«Жамбыл» 

М.Өтемісұлы  
«Жұмыр-қылыш», 
«Қайран Нарын» 
күйлері,  
Н.Тілендиев 
«Махамбет» 
поэмасы 
М.Өтемісұлы 
«Соғыс», 
«Қызғыш құс» 
өлеңдері 
Мүсін.  
М.Сейісов 
«Махамбет». 
«Батыр бейнесі» 
 
Эстетикалық  тәрбиені  жүзеге  асыруда  музыка  пәнін  өнердің  басқа 
түрлерімен  интеграциялап  оқыту  арқылы  жеке  тұлға  бойында  көркемдік 
тәрбиені  біртұтас  жүйеде  қалыптастыру  зәрулігі  барған  сайын  айқын 
білінуде.  Өнер  пәндерінің  синтезді  әдіспен  қолданылуы  ізгілік  мұраттарды 
шешуде тиімді жол болып табылады. 
Жас  ұрпаққа  эстетикалық  тәрбие  беру  құралы  ретінде  музыка  тек 
өнердің басқа түрлерімен тығыз байланыста ғана өзінің бұл қызметін атқара 
алады. Музыкалық-әдеби, көркем бейнелерді кіріктіру оқушылардың қызығу-
шылығын  арттырып,  эстетикалық  қатынасқа  бағыттайды.  Нәтижесінде  бала 
нақты  музыкалық  шығарманы  тыңдауға,  орындауға,  бағалауға,  эстетикалық 
сезінуге қалау білдіріп, құлықтық танытады.  
Қазақ халқының музыкалық- әдеби  бейнелеу туындылары өзара өріле, 
бірлестікте  өмір  сүруінің  негізгі  көздерінің  бірі-  олардың  тәлім-тәрбиелік, 
танымдық  мәні  мен  мақсатында.  Мұнда  халықтық  педагогиканың  мазмұны 
жинақталған,  сондықтан  да  осынау    біртұтастықты  халықтық  тәлімде  негізі 
ретінде  қолдану  өзінің  эстетикалық  қызметін  атқару  барысында  оқушыны 
үлгілі өнегеге тәрбиелеу мақсатын көздейді.  
Өнер  пәндерін  байланысын  біртұтастықта  қолдануда  түрлі  әдістер 
пайдаланылады  және  ол  әдістер  байытыла  түседі.  (музыкалық  ынталандыру, 
көрнекілікті есту, сөздік талдау, бейнелерді салыстыру, жинақтау, безендіру т.б.) 
 Музыка сабағында өнер пәндерінің кіріктірілуі эстетикалық қажеттілік 
тұрғысынан  қолданылып  жеке  тұлғаны  дамытып,  қалыптастыруға 
бағытталады.  
Музыканы  өнрдің  басқа  түрлерімен  (  әдебиет,  бейнелеу  өенрімен) 
синтезді  оқыту  мәселесі  –  білім  мазмұны  жағынан  да,  оқыту  бағыты  мен 
технологиясы,  әдіс-тәсілдері  жағынан  да,  әдіснамалық  ұстанымдар  жағынан 
да  музыкалық  педагогикада  жаңадан  қалыптасып  келе  жатқан  жаңа  сала. 
Оның болашақ дамуы ашық.  
Біз  өнер  пәндерін  интеграциялау  арқылы  оқытып,  тәрбиелеудің  жаңа 
әдіс-тәсілдерін  таңдадық.  Өнер  пәндерінен  алған  білімдерін  пайдалана 
отырып,  тақырыптарды  логикалық  жүйеде  кіріктіру  нәтижесінде  өнер 
пәндеріне деген қызығушылығы артты.  
 
Жоғарыда  айтылғандар  зерттеп  отырған  мәселелерімізді  толықтай 
қарастырмаса  да,  оқушылардың  өнер  пәндерін  интеграциялау  арқылы 
тәжірибелік-педагогикалық  әдістердің  тиімділігін  арттырудың  басты 

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
153 
жолдары болып табылады.  
 
Әдебиеттер 
1.
 
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011–2020 
жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы  /  Егеменді  Қазақстан,               
18 маусым, 2010. - 10 б. 
 
2.
 
Қазақ  тілі  терминдерінің  салалық  ғылыми  түсіндірме  сөздігі 
педагогика және психология. – Алматы: Мектеп, 2002. – 20 б.
  
3.
 
Философский  словарь  /Под.  Ред.  И.Т.Фролова.-6-е  изд.,  перераб.            
И доп. - М.: Политиздат, 1991. - 560 с.
 
4.
 
Әбішов  Қ.  Философия:  Студенттер  иен  аспиранттарға  арналған 
оқулық. - Алматы, 2001.-264 б. 
5.
 
Бейсенбаева  А.  Пәнаралық  байланыс  негізінде  оқу  процесін 
ұйымдастыру. – Алматы, 1995. - 26 б. 
6.
 
Мұханбетжанова  Ә.М.  Бастауыш  білімнің  интеграциясы  арқылы 
оқушыларда  дүниенің  ғылыми  бейнесін  қалыптастырудың  теориялық-
әдіснамалық  негіздері  /п.ғ.д.ғылыми  дәрежесін  алу  үшін  дайындалған 
диссертация. - Алматы, 2000. - 120б

 
7.
 
М.Жұмабаев Педагогика. – Алматы: Ана тілі.1992. - 51 б.
 
 
8.
 
Сухаревская  Е.Ю.  Технология  интегрированного  урока.  //Практ. 
пособие  для  учителей  нач.  школы,  студентов  пед.  учеб.  Заведений, 
слушателей ИПК. - Ростов н/Д: Изд-во «Учитель», 2003. - 128 с. 
9.
 
Еңсепов  Ж.Ж.  Музыка  мен  әдебиет  байланысы  негізінде  оқушы-
лардың музыкалық қызығушылығын қалыптастыру. //Пед.ғ.канд.. дәрежесін алу 
үшін дайындлған автореферат. - Алматы: Абай атындағы АМУ. 2002. – 20 б. 
 
 
Г.Б. Мусагалиева 
ПУТИ ЭСТЕТИЧЕСКОГО ВОСПИТАНИЯ ЧЕРЕЗ ИНТЕГРАЦИЮ ПРЕДМЕТОВ 
ИСКУССТВ 
  
Данная статья посредством интеграции дисциплин по преподаванию искусств, целиком 
концентрируясь  на  теоретических  основах  и  методике  эстетического  воспитания  учащихся, 
опирается на интеграции дисциплин музыка, литература, рисование в 5-классах. 
Ключевые  слова:  интеграция,  интеграционное  обучение,  координация,  взаимодейст-
вие, соответствие, дополнение, объединение, синтетизм. 
 
 
G.B. Mussagaliyeva 
THE WAYS OF ESTHETICAL BREADING OF STUDENTS THROUGH INTEGRATION 
OF ART SUBJECTS 
 
This article through integration art teaching subjects fully concentrate attention to theoretical 
bases  and  methodic  of  esthetical  bringing  of  school  students,  based  on  the  integration  of  discipline 
music, literature, art in 5 class.    
Key words: integration, integration teaching, coordination, relationship, influencing, adding, 
completing, synthesize.  
 
УДК 37.036:37.01                                                   
К.Е. Ерболатова – магистр,  
М. Өтемісов атындағы БҚМУ, 

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
154 
Е-mail: erbolatova.89@mail.ru 
                                                                             
ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА 
ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ 
 
Аңдатпа.  Музыкалық  тәрбиенің  жас  буынға  тікелей  және  кешенді  түрде  әсер  ете 
отырып  рухани  жан  дүниесін  байытатындығы,  балалардың  музыкалық-эстетикалық  қызығу-
шылығын,  қабілеттерін,  эстетикалық  қарым-қатынастарының  қалыптасуына  септігін 
тигізетіндегі  жөнінде  айтылған.  Мектеп  оқушыларына  халықтық  педагогика  арқылы 
эстетикалық  тәрбие  берудің  мүмкіндіктері  лекция-концерттер,  әңгіме-концерттер,  белгілі  бір 
атаулы  күндерге  немесе  мерекелерге арналған  музыкалық  кештер,  ертеңгіліктер, т.б. арқылы 
қалыптастыру қарастырылған. 
Түйін сөз: педагогика, идея, тәрбие, образ, поэма, патриот, эстетика, музыка, концерт, 
мәдениет. 
 
Қай  заманда  болмасын  адамзат  алдында  тұратын  ұлы  міндет  -  өзінің 
өмірін  жалғастырушы  саналы  ұрпақ  тәрбиелеу.  Еліміз  егемендікке  қол 
жеткізгеннен  соң  жас  ұрпаққа  ұлттық  тәрбие  беру  міндеті  уақыт  талабымен 
бірге  келген  игілікті  мақсат  екендігі  даусыз.  Ел  Президенті  Н.  Ә.  Назарбаев 
«Ұлт  мәселесіне  қатысты  жалпы  үрдісті  танып-түсіну,  сөз  жоқ,  қажет. 
Мұнсыз  мемлекеттік  дамудың  жалпы  логикасын  бажайлау  мүмкін  емес»,  - 
деп көрсеткен. 
Бұл  міндеттер  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңында 
Білім беру жүйелерінің міндеттері:  «азаматтық пен  елжандылыққа, өз Отаны – 
Қазақстан  Республикасына  сүйіспеншілікке,  мемлекеттік  рәміздерді  құр-
меттеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, әлемдік және отандық мәдениеттің 
жетістіктеріне баурау, қазақ халқы мен республиканың басқа халықтарының 
тарихын,  әдет-ғұрпы  мен  дәстүрлерін  зерделеу,  мемлекеттік  тілді,  орыс 
шетел  тілдерін  меңгеру»  деп  көрсетілгенімен  қазақ  халқы  дәстүрлерінің 
тәрбиелік мәніне де айрықша көңіл аударылғанын байқауға болады. 
Халықтық  педагогика  мыңдаған  жылдар  бұрын  пайда  болып,  «нақты 
өмірдің  мәнін,  оның  даму  заңдылықтарын  танып-білуге  бағытталған  өзіндік 
адам қызметі ретіндегі ғылым болмаған, дәлірек айтқанда, жаңа пайда болған 
кезде қарқындап дамыды, бірақ педагогика оны арнаулы сала ретінде ғылыми 
білімнен  бөліп  алған  жоқ»  [1,  б.  232].  Ол  қазіргі  кезеңнің  өзінде  педагогика 
ғылымының  басты  проблемаларының  бірі  болып  табылады.  Халықтық 
педагогика идеяларын, аса бай тәжірибесін талай ұрпақ пайдаланып келеді. 
Тарихи  педагогика  проблемаларын  тарихнамалық  зерттеу  өткендегі 
тәрбие,  оның  ішінде  эстетикалық  тәрбие  тәжірибесіне  зерттеу  тарихи 
дамудың  барлық  кезеңдерінде  жүріп  жатқанын  дәлелдейді.  Түрлі  кезеңдегі 
педагогтар  мен  ойшылдар  ауызекі  халық  шығармашылығын  және  халықтық 
педагогикадан  алынатын  үлгі-өнегені  халық  даналығының  көрінісі  ретінде 
пайдалану жөнінде құнды идеяларды аз айтқан жоқ. Чехтың ұлы педагогы  
Я.А.  Коменский:  «Бұрын  әлдекім  жасаған  жалпыға  ортақ  және 
арнаулы,  ескі  және  жаңа  шолуларды  пайдалану  қажет»,  -  деген  болатын          
[2,  с.501].  Оның пікірінше,  адамзаттың  ұзақ  уақыт  қалыптасқан  өткен  уақыт 
тәжірибесі  «адамзат  баласы  бірлесіп  иеленетін  жалпыға  бірдей  даналық 
қазынасы» болып табылады.  
В.Г.  Белинский  тәрбиешілер  мен  балалар  жазушыларына  үн  тастай 
отырып,  оларды  балаларға  «жалпы  адамзаттық,  әлемдік  құбылыстарды 

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
155 
мүмкіндігінше  көбірек  беруге,  тек  оларды  өзіндік  және  ұлттық  құбылыстар 
арқылы таныстырып отыруға» шақырды. 
Балалар  кітаптарында  халық  өмірі,  оның  арман  тілегі  мен  үміті, 
ұмтылысы,  қайғы-қуанышы  неғұрлым  кең,  терең  және  әсем  бейнеленген 
сайын,  олар  өз  тәрбиелік  рөлін  соғұрлым  жақсы  атқарады.  В.  Г.  Белинский 
балаларды баурап алатын поэтикалық образдарын, көптеген жан жылуы мен 
патриоттық  сезімдерге  бай,  балалар  қиялы  мен  сезімдеріне  жақын,  сонша-
лықты түсінікті мысалдарды, ертегілерді, поэмалардан үзінділерді, өлеңдерді 
оқып  беруді  ұсынды.  Сөйтіп,  балалардың  сезіміне  неғұрлым  күштірек  әсер 
етуге тырысу керектігін, оларды әсемдікті сезіне білуге, халық әндерімен таныс 
болуға ерте жастан баулудың маңыздылығын атап көрсетті [3, с. 83-84]. 
Бұл  тұрғыда  ол  балаларға  өткенді  көбірек  пайымдатуды,  бірақ  мұның 
бәрін  өзіндік  және  ұлттық  құбылыстар  арқылы  меңгертуді  ұсынады.  Оның 
сөздерінде  терең  ой  пікірлер  мен  шындық  жатыр.  Бұл  бүгінгі  күннің  де 
көкейкесті мәселесі болып отыр. В. Г. Белинскийдің пікірі бойынша ауызекі 
халық  шығармашылығы  эстетикалық  тәрбиені  жүзеге  асыруға  тиіс, 
біріншіден,  эстетикалық  тәрбие  жас  ұрпақты  әсемдік  әлеміне  енгізеді, 
екіншіден,  айналадағы  өмірді  тезірек  түсінуге  көмектеседі.  Эстетикалық 
тәрбиені жүзеге асыруда ол халық өнеріне, атап айтқанда, халық музыкасына 
ерекше орын берді.  
«Музыка  бүгінге  дейін  бұқараның,  халықтың  бірден-бір  поэзиясы 
болып қалып отыр; сондықтан ол өз халқын сүйетін әрбір адам үшін қызықты 
да  қымбат.  Ал  өз  туғаныңды  сүймеу  мүмкін  емес...  халық  поэзиясында 
дәуірдің  аңыздары  сақталып  қалған»  [4,  с.  308],    демек  өмірдің,  туған  таби-
ғаттың,  тұрмыстың  реалистік  шынайы  бейнесі,  халықтың  аңыз-әңгімелері, 
жыр-дастандары,  ертегілері  –  осының  бәрі  жас  шағынан  балаларды 
отансүйгіштікке тәрбиелеуге және сол сүйіспеншілігін дамытуға тиіс.  
Халықтық  педагогиканың  мұралары-музыкатану  ғылымындағы  өзекті 
мәселе. Бұл саладағы еңбектерде (А. Затаевич, А. Жұбанов, Б. Ерзакович,  
Я.  Аравин,  А.  Темірбекова,  А.  Мұхамбетова,  Т.  Қоңыратбаев  т.б.) 
халқымыздың ертедегі музыкалық мәдениетіне (әншілік, күйшілік, ақындық, 
жыршылық т.б.), оның көрнекті тұлғаларының қазақ мәдениеті тарихындағы 
орнына, музыка мәдениетінің көне дәуірлеріне қатысты тарихи мәселелерге, 
басқа да тарихи-теориялық мәселелерге ден қоюшылық байқалады. Олардың 
кейбірінде бала тәрбиесіндегі маңыздылығы ескеріледі. Мәселен,  
Б. Ерзаковичтің еңбегінде халықтық педагогиканың музыканы балалар 
ойын-сауығында,  еңбек  пен  адамгершілік-эстетикалық  тәрбиеде,  сондай-ақ 
жас  жеткіншектердің  музыкалық  қабілетін  қалыптастырып,  дамуында 
пайдаланғаны туралы айтылады.  
Эстетикалық тәрбиені дамытуда халықтық музыкалық шығармашылық 
елеулі  рөл  атқарғаны  және  әлі  де  атқара  беретіні  даусыз.  Бұл  тұрғыдан 
алғанда  М.  Х.  Балтабаевтың  жұмысы  –  көңіл  қоюға  тұрарлық  еңбек.  Онда 
қазақтың  халықтық  музыкалық  шығармашылығы  жоғары  оқу  орындарын-
дағы  вокальды-аспаптық  ансамбльге  қатысушыларға  көркемдік-эстетикалық 
тәрбие беру  құралы ретінде қарастырылып, студент жастарды тәрбиелеудегі 
халықтық-музыкалық  шығармашылықтың  рөлі  мен  орны  белгіленеді,  оның 
өзіндік  ерекшелігі  анықталып,  Қазақстан  жоғары  оқу  орындарының  музыка 
бөлімдерін  ұйымдастырудың  толып  жатқан  проблемаларын  кешенді  түрде 

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
156 
шешу  жолдары  көрсетіліп,  олар  жергілікті  жерлердегі  көркемөнерпаздар 
ұжымдарының  білікті  жетекшілерін  даярлау  мен  қайта  даярлау  мәселесін 
шешу  және  халықтық  музыкалық  шығармашылықтың  потенциалдық 
мүмкіндіктерін жан-жақты пайдалану үшін негіз ретінде қарастырылды. 
Қоғамның  жаңа  әлеуметтік-саяси  дамуы  жағдайларында  жалпы  білім 
беретін  мектеп  оқушыларын  өз  халқының  рухани  қазыналарымен,  оның 
ұлттық  мәдениетімен,  дәстүрлерімен  негұрлым  терең  таныстыру  қажеттігі 
туындайды.  Өйткені  халықтың  барлық  озық  ойлары  мен  тәжірибелері 
соларда жинақталған. Қазақтың халықтық педагогикасының мазмұны бай да 
сан қилы. Ол жеткіншек ұрпаққа тәрбие берудің барлық жақтарын қамтиды. 
Эстетикалық тәрбиенің қалыптасуы мен дамуы халықтың сан ғасырлық 
тарихымен, тыныс-тіршілігімен, тұрмыс-салтымен және мәдениетімен тығыз 
байланысты екені мәлім. Басқа халықтар сияқты, қазақ халқының да өзіндік 
әлеуметтік-экономикалық 
тарихы 
және 
тұрмыс-салты 
қазақтардың 
материалдық-рухани  мәдениетіне,  тұрмысы  мен  діни  көзқарасына  өз  әсерін 
тигізіп,  өзіне  тән  тіршілік  салтын  қалыптастырып,  тәрбиенің  халықтық 
дәстүрлерін өмірге әкелді.  
Халықтық  педагогикада  болмысқа  эстетикалық  көзқарасты,  эстети-
калық  талғамдарды  қалыптастыру,  балалар  мен  жастарды  бай  әдеби  және 
музыкалық  мәдениетке  тарту  құралдары  сан  алуан.  Соның  бірі  мектептегі 
музыка пәні.   
Музыка  пәніне  аптасына  бір  ғана  сағат  берілу  жағдайында  оның  эсте-
тикалық  тәрбие  қызметін  толықтыру  мақсатында  сыныптан  тыс  жұмыстың 
берер  пайдасы  мол.  Сыныптан  тыс  жұмыс  оқушылардың  шығармашылық 
ынтасын  дамытады.  Ұйымдастырылатын  шараларға  оқушылардың  тікелей 
қатысуы  олардың  музыкаға  қызығушылығының  оянуына  септік  етеді. 
Балалардың  музыкалық  қабілетінің  артуына  жағдай  жасала  отырып, 
сыныптан  тыс  жұмыстарда  олардың  музыкалық  ой-өрісі  кеңиді.  Музыкаға 
ықылас-ниетпен қарап, мектеп бағдарламаларындағы шығармалар, сазгерлер 
туралы түсініктері тереңдейді. 
Сыныптан  тыс  музыкалық  жұмыс  түрлері  сан  алуан.  Ол:  лекция-
концерттер,  әңгіме-концерттер,  белгілі  бір  музыкалық  атаулы  күндерге 
немесе мерекелерге арналған музыкалық кештер, ертеңгіліктер т.б. Олардың 
бәрі негізгі міндетке оқушылардың эстетикалық тәрбиесін жетілдіруге, тұлға 
қалыптастыруға  қызмет  етеді.  Олар  үлкендердің  (музыка  пәні  мұғалімі  т.б.) 
қатысуымен  ұйымдастырылып  өтетін;  үлкендердің  қатысынсыз  оқушы-
лардың  өз  бетінше  ұйымдастырып  өткізетін  музыка  мамандарын,  өнер 
адамдарын қатыстырып өтетін тағы басқа түрде де ұйымдастырылады. 
Сыныптан  тыс  музыкалық  жұмыстардың  жоспарларында  олардың  әр 
түрі  өзара  үйлестіріліп,  бір-бірін  толықтырып  тұратындай  етіп  көрсетіледі, 
олардың  музыка  пәнімен  байланысты  болуы  да  ескеріледі.  Сыныптан  тыс 
жұмыс – оқу-тәрбие ісінің жеке тұлғаға бағытталған елеулі бір бөлігі. 
Педагогика  ұғымы  негізінен  тәрбие,  білім  беру,  оқыту,  дамытудан 
тұрады.  Тәрбие  –  жеке  тұлғаны  қалыптастыру  және  дамыту  үрдістерімен 
анықталады.  Ол  әлеуметтік  тарапынан  бағытталынады,  реттелінеді.  Дамыту 
педагогикалық  тұрғыдан  іріктелген,  сұрыпталған  мәдениеттің  мазмұнын 
оқушылардың  меңгеруге  қабілеттілігі.  «Мәдениет  дегеніміз  –  болмысты 
жаңартуға,  адамзат  тарихының  байлығын  тұлғаның  ішкі  байлығына  айнал-

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
157 
дыруға,  адамның  оң  күш  қайратын  жан-жақты  анықтауға  және  дамытуға 
бағытталған  тұрмыс  пен  сананың  барлық  салаларындағы  адамзаттың 
әлеуметтік-  ілгерішіл  шығармашылық  қызметі.  Ал  тар  мағынасында  мате-
риалдық  (техника,  өндірістік  тәжірибе,  заттай  құндылықтар)  және  рухани 
мәдениет  (ғылым,  өнер,  әдебиет,  философия,  адамгершілік,  ағарту  т.б.), 
сондай-ақ  саяси  мәдениет  қоғамның,  таптың,  жеке  адамның  қоғамдық 
қатынастарды жаңартушы субъекті ретіндегі жеке тұлғаның әлеуметтік даму 
шамасын сипаттайтын әрекеттерінің мақсаттары, құралдары, нәтижелері) деп 
айту қалыптасқан»[5, с. 225]. 
Қазіргі мектепте бұл құрамдастар кешенді түрде жүзеге асады. Музыка 
сабақтарында олар өзара байланыста әрі біртұтас қолданылып, оқушылардың 
музыкаға сүйіспеншілігін дамыту және оқушылардың жалпы музыкалық ой-
өрісін  кеңейту  көзделінеді.  Ол  сыныптан  тыс  жұмыстарда  кеңейтіліп, 
тереңдетіліп,  практикалық  сипатқа  жақындатылып,  тұлға  дамытушылық 
тәрбие сапаларын оқушылар бойына дарыта түседі. 
Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарға оқушылар өз қалаулары, еркі, 
қабілеті,  қызығушылығы  бойынша  тартылады  және  кездейсоқ  емес,  жүйелі 
ұйымдастырылады.  Музыкалық-эстетикалық  сыныптан  тыс  жұмыс  жалпы 
оқу  –  тәрбие  ісі  аясында  онымен  сабақтастықта,  үйлесімді  әрі  жоспарлы 
түрде  жүзеге  асуы  шарт.  Егер  музыкалық-эстетикалық  іс  сыныптан  тыс 
жұмыстың арқауы болып, басқа салалар оның айналасына топтастырылатын 
болса, әлдеқайда жоғары нәтижеге қол жету арта түседі. 
«Шын  мәніне  келгенде,  өнердің  кез-келген  түрлерінің  ішінде  адам 
сезімінің  серпінін  музыкадай  шынайылықпен  білім  –  болмысымен,  нәзік  те 
терең  жеткізіп  беретіні  жоқ  та  шығар»  -  деп  Д.  Шостакович  [6,  с.  10] 
айтқандай , музыканың басты нысанасы – адам, оның рухани өмірі, идеялары, 
армандары  мен  ұмтылыстары.  Тұлға  дамытуда  сыныптан  тыс  жұмыстар 
елеулі маңызды болса, онда бұл жерде музыканың да орны ерекше.  
Сыныптан  тыс  жұмыстардың  бір  саласы  –  ән,  күй,  фольклорының 
үлгілерімен  табыстыру  арқылы  оқушылардың  көркемдік  және  эстетикалық 
түсініктерін  кеңейту,  рухани  мәдениетін  жоғарылату,  адамгершілік 
қасиеттерін  жетілдіру,  отанын,  елін  сүюге  тәрбиелеу  істерінің  нәтижелігіне 
септік ету. 
Қазақстан  Республикасының  орта  білім  беруді  дамыту  тұжырым-
дамасында:  «Білім  берудің  мақсаты  –  адамға  оның  талаптануларын, 
қабілеттерін  дамыту,  сол  арқылы  оған  нағыз  өмір  үшін  жаңа  рухани  күш 
беру» [7]  деп көрсетілген қағидаттың жүзеге асуы мектептегі сыныптан тыс 
атқарылатын музыкалық-эстетикалық тәрбиеге де тікелей қатысты. 
Музыкалық  эстетикалық  тәрбие  мектептегі  сыныптан  тыс  жұмыстың 
қайсысында  болса  да  белгілі  бір  дәрежеде  тікелей  немесе  жанама  түрде 
музыкалық  сәттердің  енгізілуі  арқылы  жүзеге  асып  жатады.  Сондықтан 
оқушыларды  музыкалық-эстетикалық  мәдениетке  баулу  сыныптан  тыс 
тәрбие жұмысының жалпы сипаттарымен өзектестікте көрініс береді. 
 
«Біріншіден,  оқудан  тыс  әр  тарапты  әрекет  баланың  сабақта  мүмкін 
болмайтын жан-жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді. 
Екіншіден,  сыныптан  тыс  әр  түрлі  тәрбие  жұмысының  түрімен 
айналысу  баланың  жеке  әлеуметтік  тәжірибесін  жандандырып  жетілдіреді, 

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
158 
оның  адамзат  құндылықтарына  негізделген  білімдерін  байытып,  қажетті 
практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады. 
Үшіншіден,  сыныптан  тыс  әр  түрлі  тәрбие  жұмысы  оқушыларда 
әрекеттің  әр  түріне  қатысты  қызығушылығының  дамуына,  оған  белсенді 
құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. 
Төртіншіден, сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысының формасы тек 
қана  баланың  өзіндік  дара  қабілетін  ашуға  ықпал  етпейді,  сонымен  бірге 
оқушылар  ұжымында  өмір  сүруге  үйретеді,  ...  өзара  ынтымақтастыққа 
тәрбиелейді» [8, с. 13-14]. 
Сыныптан  тыс  жұмыстарда  оқушыларға  эстетикалық  тәрбие  беруде 
халық  педагогикасының  этикалық-эстетикалық  сипатын  пайдалану  айырық-
ша  маңызды  болып  табылады.  Қазақ  халқының  мәдениеті  мен  салт-
дәстүрлері  өзінің  ізгілікті,  адамгершілікті  мазмұнымен  шәкірттер  бойына, 
туған  халқына,  Отанына  деген  құрмет  пен  сүйіспеншілік  сезімдерін  халық 
педагогикасы арқылы сіңірудің аса бір тиімді жолы. Халық педагогикасының 
этикалық-эстетикалық бағыттылығы тұрмыс-салт, мәдениет құбылыстарында 
айқын  көрінеді.  Олар  ғасырлар  бойы  ұрпақтар  сабақтастығы  арқылы  бір 
тұтас тәлім, өнеге ретінде жүзеге асып отырды. 
Ұзақ  даму  тарихы  бар  халық  педагогикасы  бүгінгі  күндері  де  жас 
ұрпақты  тәрбиелеуде  халықтың  этникалық  мінез  тәжірибесінде,  тұрмыста 
белсенді қолданылып келеді. Халық педагогикасының түрлі салалары (сәндік 
көркем еңбек, музыка, өнеге сөздер, ұлттық ойындар, тұрмыстық салттар т.б.) 
өздерінің  ішкі  бай  мазмұнымен  қатар  этикалық-эстетикалық  мәнімен  өзара 
өзектесіп келеді. 
Мектептегі түрлі мерекелік кештер азаматтық белсенділік тәжірибесіне, 
ұлтжандылыққа, биік адамгершілікке баулитын қызметтерімен бірге олардың 
әрбірі  оқушының  музыкалық-эстетикалық  мәдениетін  көтеруге  әсер  етеді. 
Олардың  қатарына  Жаңа  жыл,  Аналар  мерекесі,  Наурыз,    Жеңіс  күні, 
Конституция  күні,  Білім  күні,  Тілдер  мерекесі,  Ұстаздар  күні,  Тәуелсіздік 
күні,  Әліппемен  қоштасу,  «Алтын  күз»,  «Қыз  сыны»,    «Жігіт  сұлтаны»  т.б. 
бұлардың  қатары  сан  алуан  пәндік,  тақырыптық  кештермен  молая  түседі. 
Соның ішінде  «Қазақ музыкасы кештері» циклды  кештер балаларды ұлттық 
дәстүрлі музыкамен молырақ сусындатуға мүмкіндік  етеді.  Ұлттық дәстүрлі 
өнер мен мәдениет бағытындағы кештер оқушылардың жан дүниесін рухани-
эстетикалық  тұрғыдан  байытумен  бірге,  жеке  қабілеттердің  ашылуында 
үлкен  маңызға  ие.  Тек  олар  жүйелі,  сауатты,  әсерлі,  оқушылар 
белсенділігімен өтуі шарт.  
Халықтық  педагогика-тәрбие  мен  оқыту  саласындағы  халық  бұқарасы 
білімдерінің,  іскерліктерінің,  дағдыларының  жиынтығы,  солардың  негізінде 
ұрпақтан  ұрпаққа  халық  шығармашылығы  арқылы  (поэтикалы,  музыкалық, 
сәндік-қолданбалы  өнер)  беріліп  отыратын  әдет-ғұрыптар  мен  дәстүрлер 
қалыптасқан.  Халықтық  педагогиканың  мақсаты  –  жас  ұрпақты  ата-бабалар 
тәжірибесінің ең жақсы мұраттарына тәрбиелеу. 
 
Адамдардың  рухани  байлығының  өзі-ең  алдымен  олардың  білімділігі, 
ана тілін білуі және мәдени деңгейі, адамгершілік сезімталдығы, эстетикалық 
жағынан  дамыған  жеке  дүниетанымдық  ой-өрісі.  Олардың  негіздері,  біздің 
сенімімізше,  ең  алдымен  өз  халқының  ұлттық  әдет-ғұрыптары  мен  дәстүр-

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
159 
лерін  игеру  және  оларға  тікелей  іс  жүзінде  қатысу  процесінде  қалыптасуға 
тиіс.  Ұлттық  әдет-ғұрыптар  мен  дәстүрлер  оның  үстіне  ұлттық  санамен, 
ұлттық  намыспен,  отансүйгіштік  және  интернационализммен  байланысты 
ұлттық сезімдерді дамытуға да жәрдемдесуге тиіс. 
 

жүктеу 5.24 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет