Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 5.24 Kb.

бет17/36
Дата09.01.2017
өлшемі5.24 Kb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36

Литература 
1.  Жиенкулова  Ш.  Тайна  танца.  -  Алма-Ата:  Издательство  «Өнер». 
1980. – с.11 
2.    Абиров  Д.  История  казахского  танца.  Учебное  пособие.  –  Алматы. 

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
144 
1997. – с. 6-8 
3.  Кульбекова  А.К.  Казахский  танец:  истоки,  основные  этапы 
формирования и развития.- Уральск. 2004. – с. 7-9 
 
 
А.У. Шукирова 
ХАЛЫҚ БИІ -  ДӘСТҮРЛЕРДІ САҚТАУШЫ РЕТІНДЕГІ ОНЫҢ ТӘРБИЕЛІК РӨЛІ 
 
«Халық  биі»  -  өнер  түрлерінің  бірі  және  оқыту  пәні.  Халық  биі  –  халықтың  рухани 
мәдениетінің  ажырамас  бір  бөлігі.  Қазақ  халық  биінің  шығу  тарихы  оның  негізін 
салушылармен тығыз байланысты.   
Түйін сөз: өнер,  би, тәрбие,  мәдениет,  фольклор. 
 
 
A.U. Shukirova 
FOLK DANCE - AS A FACTOR IN PRESERVING THE TRADITIONS  
AND EDUCATIONAL ROLE 
 
“Folk  dance"  as  article  of  educating  and  as  one  of  types  of  art.  Folk  dance  -  as  part 
noetemlemoaya spiritual culture. Origins of the Kazakh national dance, the founders. 
Key words: art, dance, education, culture, folklore. 
 
 
 
УДК 37.036     
Г.Б. Мусагалиева - оқытушы, магистр, 
М.Өтемісов атындағы БҚМУ, 
Е-mail: gulnur_muz 
 
ОҚУШЫЛАРҒА ӨНЕР ПӘНДЕРІН ИНТЕГРАЦИЯЛАУ АРҚЫЛЫ 
ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ ЖОЛДАРЫ 
 
Аңдатпа. «Оқушыларға өнер пәндерін интеграциялау арқылы эстетикалық тәрбие беру 
жолдары» атты мақаласында өнер пәндерін интеграциялау арқылы эстетикалық тәрбие берудің 
педагогикалық  моделін  жасаған.  5  сыныптың  күнтізбелік-тақырыптық  жоспары,  интегра-
цияланған сабақ үлгілері жетілдірілген. Музыканы әдебиетпен синтезді оқыту мәселесі – білім 
мазмұны жағынан да, оқыту бағыты мен технологиясы, әдіс-тәсілдері жағынан да, әдіснамалық 
ұстанымдар жағынан да музыкалық педагогикада жаңадан қалыптасып келе жатқан жаңа сала. 
Осы  жаңа  сала  бағытында  зерттеу  жұмысы  нәтижесінің  қорытындысында    оқушыларға 
эстетикалық  тәрбие  беруде  өнер  пәндерін  интеграциялаудың  мүмкіндіктері  жоғары  екендігін 
ұтымды әдістемемен көрсете алған.  
Түйін  сөз:  интеграция,  координация,  кіріктіру,  үйлестіру,  толықтыру,  жинақтау, 
синтетизм. 
 
Қазақстан  Республикасындағы  білім  беруді  дамытудың  2011-2020 
жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасында  орта  білім  сапасына 
қойылатын  негізгі  міндеттердің  бірі  қазіргі  заманғы    білім  берудің  үлгісін 
қалыптастыру  мен  оны  әлемдік  білім  беру  кеңестігіне  кірігуі  қажет  екендігі
 
атап көрсетілген [1 ]. 
Осыған орай, бүгінгі қоғамның тереңдеп келе жатқан үрдісі мектептегі 
ғылымдар  негізінен  білім  беруді,  ғылымдардың  алуан  салаларының  өзара 
байланысы  мен  интеграциясының  жаңа  дәрежеге  көтерілуі  негізінде  құруды 
талап етіп отыр. 
Латынша  «integratio»  сөзінің  қазақша  мағынасы  қайта  құру  (восста-

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
145 
новление),  толықтыру  (восполнение),  педагогика  және  психологиялық  қазақ 
тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде «қалпына келтіру» 
дегенді  білдірсе,  «integrer»  сөзі  «бүтін»  деген  мағынаны  соңғысы  екі 
мағынада қолданылады:  
- бөліктерді бүтінге біріктіру; 
-  бір  типтес  қоғамдық  құрылыстағы  екі  я  одан  да  көп  мемлекеттердің 
ұлттық  шаруашылығын біріктіру, бір-біріне ыңғайластыру процесі; 
-  педагогикалық  тұтастықты  қалыптастыратын  білімді  жүйелеу  мен 
жинақтауда әртүрлі ғылымдарды біріктіреді [2].  
Философиялық  және  энциклопедиялық  сөздіктерде  интеграция  қайта 
құрылу,  толығу  деп  анықтама  берілген  және  бұрын  жеке  дара  бөліктер  мен 
элементтердің  бір  тұтастыққа  бірігуімен  байланысты  даму  үрдісінің  қыры 
ретінде айқындайды
 
[ 3].
 
Философтардың еңбектерінде интеграция деп кейде білімдер жүйесінің 
синтезін айтады. «Синтез» гректің  «synthesis», яғни қосу, құрау, ұштастыру 
сөзінен  шыққан  деген  анықтама  береді.  Философияда  бұл  жөнінде  алғаш 
пікір  айтқан  Платон  «Федр»  және  «Софис»  атты  диалогтарында  адамдарда 
екі түрлі табиғи қабілеттердің барын, соның бірі -«synagjge» (қосу) - көптеген 
оқшау  нәрселерді  бір  идеяның  шеңберіне  кіргізу,  соған  жатқыру  деп 
тұжырым жасайды [4]. 
Интеграцияның қазіргі таңда маңыздылығы арта түсуде. Ол білім беру 
жүйесін  реформалаудың  да  әдіснамалық  негізі  болып  отыр.  Кіріктіру 
(интеграция)  мен  үйлестіру  (координация)  -  қазіргі  заманғы  пән 
байланысының екі бағыты. 
Қазақстандық  ғалым  А.А.Бейсенбаева  мектептегі  білімді  ізгілендіру 
құралы  ретінде  пәнаралық  байланыстың  теориялық-әдіснамалық  тұжырым-
дамасын  негіздеуде  ғылым  айналымында    алғаш  рет  «білімнің  пәнаралық 
интеграциясын»  енгізеді  және  оны  жеке  тұлға  дамуының  құралы  ретінде 
қарастыра  келе,  интеграциясы  дегеніміз-бұл  екі  ғылым  элементтерінің  жай 
қосылуы  емес,  табиғат  заңдарын  тереңірек  түсінуге  мүмкіндік  беретіндей 
дәрежеге олардың жаңаша жүйеленген ішкі бірлігі деп анықтайды [5]. 
Профессор  Ә.М.Мұханбетжанова    өз  еңбегінде  интеграция  білімнің 
жинақталуы  мен  толығуына  жеткізеді...интеграция  қашанда  жаңа  сапаның 
пайда  болуын  талап  етеді.  Интеграция  -  бірігу,  ортақ  ойлау  бағытын  табу 
және оны мазмұны жағынан толықтыру» деп түсіндіре келіп, «бұл жағдайлар 
білімдердің  жүйелілігіне  сай  келеді,  оқушылар  оқып  отырған  материалдар 
мазмұнын жақсы меңгереді, оқылған материалды анағұрлым еркін де, жеңіл 
айтып бере алады» деп ой түйеді [6]. 
Интеграция - шығармашылықпен жұмыс істейтін  бірде-бір мұғалімнің 
назарын  аудармай  қоймайтындығын  байқау  қиын  емес.  Бұл  оқушыларды 
оқыту мен тәрбиелеуге жаңаша көзқарас ретінде мойындалып отыр. 
Бүгінгі  білім  мазмұнын интеграциялап,  оның ғылыми  деңгейін  көтеру 
мәселесі қойылып отырған жағдайда оқушыларға музыка, әдебиет, бейнелеу 
өнері  пәндерінің  интеграциялану  арқылы  эстетикалық  тәрбие  беру  міндеті 
туып отыр.  
Өнер  -  мәдениеттің  құрамдас  бөлігі  бола  отырып,  оның  біртұтастығы 
толық  сақталған  кішкене  сипаты.  Ол  адамның  көркемдік  қызметінің  жемісі 
болғандықтан,  адам  санасының  синкретті  тұтастығының  көрінісі.  Ғалым-

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
146 
дарымыз «Синтетизм дегеніміз - көркемдік және ғылыми шығармашылықтың 
әр  түрінің  бірін-бірі  байытуы  негізінде  қалыптасқан  адамзат  ойының  ең 
жоғарғы  сатысы»  дей  келе,  солай  бола  тұрса  да,  шығармашылық  ойлауда 
ыдырау мен бөліну үрдістері жүріп отыратындығын, сөйтіп өнер түрлері мен 
жанрларының дербестік түрге ие  болатындығын да ескертеді.  «Бұл шынайы 
қайшылық эстетикалық және өнертанушылық ой тарихында ертеден-ақ өзінің 
көрнекті  бағасын  алды»  деп,  зерттеуші  бұл  құбылыстың  тарихилығын 
көрсетеді. 
 Демек,  өнердің  біртұтастық  болмысы  оқушыларға  да  сол  тұтастық 
сипатта  ұсынылса,  оның  қабылдануы  да  сананың  тұтастық  және  жүйелілік 
қалпына  сәйкес  жүретін  болады.  Бұл  құпия  жасырын  жүретін  құбылыс-
біртұтастық  деп  аталады.  Музыка  мен  әдебиет,  бейнелеу  өнерінің 
біртұтастығы да осы орайда қабылданады.  
  Мәдениетті, оның барлық байлығын толыққанды сезіну гуманитарлық 
бағдардағы  пәндерде  алған  білім-түсініктерді  кең  түрде  интеграциялап 
пайдалануға  да  зор  мүмкіндіктер  ашады.  Өнерде  адам  қызметі  мен 
мәдениеттің  жалпы  тұтас  бейнесі  бар.  Ол-  көркем  мәдениеттің  өзегі.  Өнер 
әлемді  және  адамды  синтезді  түрде  танытады.  Онда  ақыл-ой,  адамгершілік, 
сезім, әрекеттер біртұтастықта сезініледі. Бұл - өнердің синтездеуші сипаты. 
Өнер  әлемді  сұлулық  заңдылықтары  бойынша  меңгерудің  ең  жоғарғы 
түрі. Ол тұрмыстың барлық әсерлерін сұлулыққа айналдырады, сөйтіп адамға 
эстетикалық  рахат  пен  ләззат  береді.  Өнердегі  сұлулық  оның  түрінде, 
мазмұнында,  шеберлігінде,  мәнділігінде.  Өнердегі  сұлулыққа  болмысты 
шығармашылықпен  қайта  жасау  жолымен  жетуге  болады.  Өнер  сұлулық 
арманын  өзі  бейнелерінде  көрсете  отырып,  заттардың  ішкі  қажеттіліктерін 
аңғару қабілетіне үйретеді, сұлулықты сезуге, түсінуге тәрбиелейді, сұлулық 
заңдылықтары  бойынша  жасампаздыққа  жетелейді,  адамның  әлемдегі 
эстетикалық құндылықтар бағдарын қалыптастырады. 
Эстетикалық  тәрбиенің  негізгі  құралдары  –  музыка,  әдебиет    және 
бейнелеу  өнері.  Өнер  түрлері  адамды  қуанышқа  бөлейді,  жігерлендіреді, 
олардың  идеялық  жағынан  баюына  игі  әсер  етеді.  Өнер  түрлері  адам 
санасына белгілі бір көзқарастарды әр түрлі құралдар арқылы (музыкада- ән 
симфония,  оратория  т.б.  әдебиетте  -  проза,  поэзия  т.б.;  бейнелеуде  –  жанр, 
пейзаж) енгізеді. 
Өнер-ой мен сезім бірлігі арқылы әлемнің тұтастай көрінісін жасайтын 
адам  әрекетінің  бір  түрі,  өнер  және  оның    түрлері  өзінің  жақсы  үлгілері 
арқылы  адамның  рухани  мәдениетін  байытып,  дүниетанымын  кеңейтеді. 
Өнердің  қай  түрінен  болмасын  М.Жұмабаев
 
айтқандай:  «Әр  адамның 
сұлулық  сезімдері  әр  түрлі  нәрседен  оянымпаз  болады.  Біреуі  музыкадан, 
біреуі  сұлу  суреттен,  енді  біреудің  поэзиядан  әсер  алуы  мүмкін. 
Искусствоның әйтеуір бір түрінен ләззат алмайтын, біреуіне құмарланбайтын 
адам болмайды» [7 ]. 
 
Оқушы  әр  өнер  туындысында  жан  толғанысынан  туған  өзіндік 
қайталанбас  өнер  құдіретімен  танысады.  Өнегелі  оқиғалар,  үлгілі  кейіпкер-
образдар  арқылы  жас  өспірімді  тәрбиелеу,  адамгершілік  биіктікке  үндеудің 
маңызы ерекше, орны бөлек. 
Өнер  сабақтарының  оның  ішінде  музыка  пәнінің,  басқа  да  мектеп 

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
147 
пәндерімен психологиялық, педагогикалық ортақтығы мол, түпкі мұраты бір, 
ол-мәдениетті  тұлғаны  дамытып  қалыптастыру.  Дей  тұрғанмен,  музыка 
сабақтары  әсерлік  қуатының  молдығымен,  көркемдік  дамытушылық 
мүмкіндіктерінің  байлығымен  ерекшеленеді.  Музыка  пәні  өзіне  тектес  өнер 
пәндері  сияқты  көркем  өнерді  танып  білудің  жалпы  эстетикалық 
заңдылықтарын  ұсынады.  Сұлулық  заңдылықтары  негізінде  музыкалық 
мәдениеттің  қалыптасу  барысында  эстетикалық,  этикалық,  экологиялық, 
руханиятық  мәселелер  өз  шешімін  тауып  отырады.Сол  жинақталған 
қатынастар  мен  сезімдердің  ізгілікті  игі  тәжірибесінің  материалдық  көрінісі 
ретіндегі  көркем  өнердің  бір  саласы  музыка  арқылы,  нақтылап  айтқанда, 
мектептегі  музыка  пәні  арқылы,  мектеп  оқушысы  өмірге,  табиғатқа, 
қоршаған айнала дүниені адам мен жалпы адамзатқа ізгілікті қатынас жасау 
тәжірибесіне  қанығып  үйренеді.  Бұның  өзі,  ғылыми  түсініктердің 
сабақтастығы  тұрғысынан  келгенде,  оқушылардың  эстетикалық  тәрбиесінің 
мазмұны мен мәні деп танылады. Сондықтан да, эстетикалық тәрбие күрделі 
педагогикалық жүйе ретінде қаралады. 
Музыканың  бала  тәрбиесінде  үлес  қоспайтын  саласы  жоқ  десе  де 
болады.  Музыкалық  тәрбие  барысында  музыка  оятқан  көңіл-күй  баланың 
өмірінің  әртүрлі  жағын  қамтып,  оның  дүние  түйсінімінде  тұтастық  пен 
көркем  үйлесімнің  қалыптасуына  қажетті  құндылықтар  қосады.  Өмірдегі 
және өнердегі сұлулық пен әдемілікті, ұнамдық пен жарасымдылықты, ізгілік 
пен  парасатты  сезінуге,  түсінуге,  сүюге,  сақтауға  және  жасауға  үйретеді. 
Сөйтіп  оның  мінез-құлқын,  қарым-қатынасын  реттейді.  Бұған  адам  қасиет-
терінің  бір-бірінен  бөлінбес  сипаттары  және  өнер  түрлерінің  өзара  үндес 
байланысы  тұғырлық  негіз  болады.  Бұл  орайда  оқыту  мен  тәрбиелеудің  тұ-
тастығын құра алудағы музыканың синкретті сипаты ерекше маңызды. Атап 
айтқанда, оның әдебиет және бейнелеу өнерімен біртұтастығы аса мәнді.  
Музыка,  әдебиет,  бейнелеу  өнері  бір-бірімен  тығыз  байланысты. 
Өнердің  қай  саласы  болмасын  оқушы  сезіміне  әсер  етіп,  қиялын  қозғайтын, 
ой  өрісін  өсіретін,  әсемдікке  тәрбиелейтін  күшті  құрал.  Өнер  пәндері  
байланысы  эстетикалық  тәрбие  жүйесі  ауқымында  қарастырыла  отырып, 
жеке  тұлғаның  эстетикалық  құндылық  сапаларын  және  оның  эстетикалық-
шығармашылық әрекет мүмкіндіктерін қалыптастыру қызметін атқарады. 
Жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру құралы қызметіндегі музыка пәні 
өзінің әлеуметтік мәнін өнердің басқа түрлерімен тығыз байланыста ғана сол 
мақсатқа  сай  қолданысын  таба  алады.  Музыка  әдебиет,  бейнелеу  өнер 
түрлерімен бірлікте ғана эстетикалық цикл құра алады. Бұлардың әрқайсысы 
өзіне  тән  құралдары  арқылы  адамның  ішкі  жан  дүниесін  ашады,  бұның  өзі 
өнер түрлерінің өзара байланысын айқындайды. 
Г.Г.Шевченко  «Жасөспірімдерді  дамыту  және  эстетикалық  тәрбие-
леудегі  өнердің  байланысы»  зертеуінде  оқу  үрдісіндегі  өнер  түрлеріндегі 
пәнаралық  байланыс  типологиясын  жасайды.  Автордың  пікірінше,  эстети-
калық  циклдағы  пәндер  сабақтарында  корреляциялық-интегративті  пәнара-
лық  байланыс  өте  тиімді.  Пәнаралық  байланыс  жүйесі  оқытудың  бір  түрі 
ретінде  қарастырылып,  материалды  жақсы  қабылдауға,  пәнге  деген 
қызығушылық туғызуға, білім сапасына, әдеби оқулықтарды, өнердің әртүрлі 
шығармаларын қолдануға, анализдеуге көмектеседі. 
Мектепте  өнердің  әлеуметтік  құбылыс  ретінде  қажеттілігін  қарастыра 

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
148 
отырып,  өз  кезегінде  А.В.Луначарский:  «өнерді  оқып  білмей,  әлеуметтік 
басқа  пәндерді  оқу  мүмкін  емес»,  -  дейді.  Осындай  тезисті  ұстана  отырып, 
Б.Л.Неменский да өнерді қабылдау мен ойлап табу мүмкіншілігі туралы айта 
келіп,  «жалпы  білім  беретін  мектептің  міндеті  -  суретшіні  тәрбиелеу  емес, 
көрерменді, тыңдарманды, мәдениетті түсініп, қолдана алатын және  оны әрі 
қарай  дамыта  алатын  адамды  тәрбиелеу»  деп  шешеді.  Сонымен  қатар,  ол 
өнерді  қуанышсыз  жасау  мүмкін  емес,  сондықтан  әр  сабақта  балаға  өнермен 
қуанышты қауыштыру - әдістеменің басты сұрақтарының бірі екенін көрсетті  [8 ]. 
Жекелеген  мектептер,  оқытушылар  эмперикалық  деңгейде  интегра-
цияны оқу үрдісінде жүзеге асыра бастады, оқытушылар оқу-бейнелеу өнері-
музыка  т.б.  интеграциялауды  жүзеге  асырып  отыр.  Дегенмен  мұғалімдердің 
аталған  жұмыстары  ара-тұра  сипатта,  көбіне  ашық  сабақтарда  ғана  жүзеге 
асырылады. Оқулық жүйесі дәстүрлі оқытудың осы білімдік, дамытушылық, 
тәрбиелік  қызметінің  бірлігі  заңдылығын  сәл  басқаша,  яғни  оның  оқушы 
ойлауы  мен  шығармашылық  қабілетін,  тілін  дамыту  арқылы  дүниетанымын 
кеңейтіп,  адамгершілікке,  ізгілікке  тәрбиелеп,  эстетикалық  мәдениетін 
қалыптастыру  аспектісіне  маңызды  орын  береді.  Біз  тіл  сабақтарын 
эстетикалық  циклдағы  пәндермен  интеграциялап,  оқушы  іс-әрекетінің 
барлық түрін сезімдік-практикалық, рухани және шынайы іс-әрекеттер бірлігі 
ретінде тәрбиелеу арқылы жеке тұлғаны дамытуды мақсат етеміз. 
Эстеикалық  тәрбие  беруде  әр  өнердің  өзіндік  құндылығы  бола  тұра, 
олардың  әрқайсысының  жеке  мүмкіндіктері  шектеулі.  Осы  орайда  оқушы 
тәрбиесінде  көркемдік  синтезді  кеңірек,  әрі  тереңірек  пайдалану  қажеттілігі 
туындайды. 
Ж.Еңсепов:  «Эстетикалық  тәрбие  беруде  екі-үш  өнердің  қосындысы 
жоғары бағаланады» дейді [9]. 
 Өйткені  олардың  саны  артқан  сайын,  адам  сезімге  көбірек  берілетін 
болады.  Ал  сезім-ізгілік  пен  көркем  талғамның  түрткісі.  Мұндай  жағдайда 
оқушының жан дүниесінде прагматикалық мүддеден сезім басымдығы айқын 
жүреді.  Себебі  белгілі  бір  шамада  өнердің  ықпалы  эстетикалық  дамудың 
деңгейімен  тығыз  байланысты.  Эстетикалық  талғамы  мен  бағалауы  бар 
адамда өнер оған едәуір көп әсер етеді. 
Өнер кешенді қабылдау үрдісі көңіл-күй және көркемдік сезіммен бірге 
талдау,  жинақтау,  қорыту,  салыстыру  сияқты  ой  әрекеттері  арқылы  жүзеге 
асады.  Қабылдаушының  өнер  туындысын  талдап-жинақтау  дәрежесі  мен 
тәжірибесі көркемдік тәрбиенің сапасын арттырады. 
Эстетикалық  тәрбие  беруде  өнер  пәндерінің  кіріктірілуі  негізінде 
жүргізілген  жұмыстар  оқушылардың  дүниетанымын  қалыптастырып,  әрбір 
өнер туындыларынан эстетикалық талғаммен ләззат ала білуде үлкен қызмет 
атқарады.  
Музыка, әдебиет, бейнелеу өнері пәндерінің негізгі мақсаттарының бірі – 
оқушыларды  халқымыздың  ғасырлар  бойы  жасаған  рухани  мәдениетімен, 
көркем шығармашылық, жекелеген озық үлгілерімен таныстырып, көркемдік 
талғамын,  өзіндік  дүниетанымын  қалыптастыру,  сондай-ақ,  өмір  танудың 
ерекше  құралдары  музыкаға,  бейнелеу  өнеріне,  әдебиетке  сүйіспеншілігін 
оятып,  одан  эстетикалық  ләззат  ала  білуге,  ізгілікке,  биік  адамгершілікке, 
шынайы жарасымды мінездерге баулу болып табылады.   
Өнер  пәндері  арқылы  жүргізілетін  жұмыстар  жоспарлы,  мақсатты 

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
149 
түрде  өткізілген  жағдайда,  оқушылардың  тыңдаған,  көркем  шығармаларын 
жан-жақты  терең  талдай  білуге,  оның  қайталанбас  әсемдігін  сезініп, 
қабылдай  білуге,  өнердегі  талғамын,  белсенділігін  арттырып,  туындылардан 
алған әсер ләззатын, шығу тарихы т.с.с. мәселелер шешім табады.  
Өнер  пәндерінің  интеграциясы  оқуды  қызығушылықпен  қабылдауға, 
мотивацияны көбейтіп, оқу уақытын қайталаусыз тиімді пәндердің түрлерінің 
оқытылуына  әкеледі.  Жүйелілік  және  ұйымдасқан  түсінік  оқушыларды 
бұрынғы  алған  білімдеріне  қоса,  жаңа  оқу  материалдарын  түсінуге 
көмектеседі. 
Өнер  түрлерінің  біртұтастығы  білім  мазмұнының  ұлттық  компоненті 
ретінде  оқушыларға  эстетикалық  тәрбие  беруде    мол  мүмкіндікті  фактор 
болып  табылады.  Өнер  салалары  сабақтарын  бір  жүйеге  келтіріп,  ғылыми 
негізде  айқындалған  әдістемемен  жүргізетін  болсақ,  оқушылардың  өнер 
туралы түсініктері тереңдеп, жан-жақты дамыған, дүниетанымы қалыптасқан, 
көркем  шығармаға  деген  қызығушылығы  басым,  қабілетті,  дарын-таланты 
ұшталған,  парасатты,  жан-жақты  мәдениетті  тұлғаны  тәрбиелеуге  болады. 
«Жан-жақты  мәдениетті  тұлға  деп,  өз  мәдениетіне,  өзге  мәдениетке  де  тәнті 
адамды»  танимыз.  Төл  мәдениетін  терең  білу,  оған  басқа  мәдениеттерге 
қызығушылыққа  іргетас  қаласа,  көп  мәдениетті  білу  өз  мәдениетін  мақтан 
тұтуға негіз салады»- дейді Ж.Наурызбаев. 
Өнер  пәндерінің  бұл  табиғи  үйлесімі  музыка  пәнінде  лайықты  ескеру 
көзделеді.  Пән  бойынша  түзілетін  білім  мазмұнына  енгізу  олардың  ортақ 
белгілеріне  сүйенеді.  Музыка,  әдебиет,  бейнелеу  өнері  пәндерінің  интегра-
циялануы  білім  мазмұнында  ортақ  бір  композицияға,  сюжетке  бірігуінде, 
ортақ  таным  мазмұн  құруында,  ортақ  көңіл-күй  тудыруында,  ортақ  бір 
психологиялық  әрекет  тудыруында,  бірін–бір  толықтыру  үшін  қолданы-
луында көрінеді. 
Ол оқушының ізгілік эстетикалық дүниетанымы тұтас жүйе бейнесінде 
кемелденуіне алғышарт болып табылады. 
Өнерді  пәндерін  интеграциялау  деп  адамды  тәрбиелеудің  көркемдік 
міндеттерін  шешуде  жеке  бір  өнерді  дара  қолданумен  бірге,  бірнеше  өнер 
түрлерін біріктіре қолдану жолымен оларды бір кезде қабылдауды айтамыз.  
Өнерді кешенді қабылдау арқылы неғұрлым пайдалы жаңа нәтижелерге 
жету мүмкіндіктері туады: кең аумақты  ойлай білуге жағдай жасай отырып, 
оқушыны  ой  еркіндігіне,  ой  бостандығына  баулуға  болады;  олардың 
көркемдік  қиялын  дамытып,  ой-өрісін  кеңейтеді,  эстетикалық  талғамын 
қалыптастырады,  шығармашылық  құмарын  оятады,  нақты  практикалық 
әрекетке жетелейді. 
Өнер  пәндерінің  интеграциялануы  мектеп  оқушыларын  шығарма-
шылық  жағынан  дамыту  міндеттерін  шешуге  ықпал  етеді.  Өнерді  синтезді 
қабылдау  зейінмен  қоса  эмоционалды  сезінудің  біртұтас  дамуына  қол 
жеткізеді.  Қабылдау  мен  әрекет  арасында  тығыз  байланыс  орнайды:  әрбір 
бала көркем шығармадағы автордың айтайын деген ойын, көзқарасын сезімін 
білуге ғана емес, өз ойын да өнер тілімен жеткізуге ұмтылады.  
Өнер түрлерін интеграциялау арқылы құрылған білім мазмұны олардың 
бір-бірімен  ұқсастық  –  ортақтықтарының,  сондай-ақ  ерекшеліктерінің 
ашылуына  мүмкіндік  береді,  авторлық  ой  мен  эстетикалық  талғам  деңгейін 
дұрысырақ  неғұрлым  жақындастыра  қабылдауға  лайықты  көңіл-күй 
туғызады.  Сол  арқылы  оқушылардың  бір  де  бірін  қалдырмай  еліктіріп, 

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
150 
олардың  шығармашылық  әрекетке  ұмтылуларын  қамтамасыз  етеді,  ең 
қабілеттілерін тануға мүмкіндік ашады. 
Өнердің  қай  саласы  болмасын  оқушы  сезіміне  әсер  етіп,  қиялын  қоз-
ғайтын, ой өрісін өсіретін, әсемдікке тәрбиелейтін күшті құрал. Өнер пәндері 
байланысы  эстетикалық  тәрбие  жүйесі  ауқымында  қарастырыла  отырып, 
жеке  тұлғаның  эстетикалық  құндылық  сапаларын  және  оның  эстетикалық-
шығармашылық әрекет мүмкіндіктерін қалыптастыру қызметін атқарады. 
Бесінші  сыныптың  қазақ  әдебиетінде  үлкен  орын  алар  тұлғалардың 
бірі,  ұлы  ақын  –  А.Құнанбайұлы.  Оның    табиғат  лирикасы,  әсіресе  жылдың 
төрт  мезгілін  суреттейтін  өлеңдері    ақындық  шеберлікпен,  зор  мәдениетпен 
жазылған  аса,  сырлы  жырлар.  Бұлардың  композициялық  құрылысында  да 
өзіндік өзгешеліктер бар. Жыл мезгілдерін сипаттау үстінде алдымен әр түрлі 
ақындық бояу арқылы оқушының сөз алдына түрлі-түрлі табиғат көріністері 
келеді;  жайқалған  гүл  «бәйшешекті»,  «көгорай  шалғыны»  мен  «күркіреген 
өзені»  бар,  тамылжып  тұрған  «шыбынсыз  жаз»  да  сонда;  ақ  кірпік  бораны 
мен  үскірік  аязы  бар,  қылышын  сүйреткен  қырау  қабақ  қытымыр  қыс  та 
сонда;  аспанын  бұлт  торлап,  гүлі  солғын,  сарғыш  даласын  шық  басқан, 
сұрғылт  күз  де  сонда...  Әр  өлеңінде  ақын  әуелі  табиғат  көріністерін 
суреттейді,  ізінше  сол  көрініске  бөленген  қазақ  ауылының  тірлік-кәсібіне, 
шаруа-жайына  көшеді.Абайдың  музыка  мәдениетіне  де  қосар  үлесі  аз  емес. 
Ол  қазақтың  ән  өнерін  жаңа  көркемдік  бейнелеу  құралдарымен  байытты. 
Оның  «Сегіз  аяқ»,  «Көзімнің  қарасы»,  «Желсіз  түнде  жарық  ай»  т.б.  әндері 
мен «Торжорға», «Май түні»  т.б. атты 40-қа жуық күйлері белгілі. 
Музыка,  әдебиет,  бейнелеу  өнері  пәндерін  интеграциялауда  «Табиғат 
сұлулығы  Абай  шығармаларында»  тақырыбы  бойынша  ақынның  «Қыс», 
«Көктем»,  «Жазғытұры»,  Күз»  өлеңдеріндегі  табиғат  сұлулығын  сезіндіре 
отырып, айналадағы көркемдікті нәзік сезініп, шебер бейнеленген жырлары мен 
әндеріне  композиция  және  шығарма  (эссе)  жаздырып,  оқушыларды  туған 
өлкесінің  табиғатын  сүюге  тәрбиелеу  мақсатында  өнер  пәндері  бойынша 
табиғаттың таңқаларлық ғажайып сұлулығын қиялдау, суреттеу,  Абай өлеңдері 
мен  әндерінің  ерекшеліктерін  талғампаздықпен  сұрыптау,  есте  сақтау,  тыңдау 
(Абайдың  «Май  түні»,  «Торжорға»),  үйрену  («Желсіз  түнде  жарық  ай», 
«Қараңғы  түнде  тау  қалғып»),  орындау  т.б.  қабілеттерін  дамыту,  музыка, 
әдебиет,  бейнелеу  өнері  көркемөнердің  ажырамас  бөліктері  екендігін  жаңа 
тәсілмен түсіндірілді. Оқушылар өнер пәндеріндегі  оқу материалдары негізінде 
Абайды жан-жақты баяндай отырып, «Пейзаж» тақырыбында Табиғат бейнесі 
немесе Абай шығармаларына иллюстрация жасайды (1 кесте). 
«Жарасымдылықпен жалғасқан достық» сабағында Пушкиннің шығар-
маларынан «Татьянаның Онегинге жазған хаты» оқылады. Орыс халқының 
мәдениетіне  («Дымков  кәсіпшіліг»і,  «Гжель  өнері»)  тоқталып,  Дымков 
ойыншықтарын  әсемдеу  (әшекейлеу)  арқылы  өздері  де  сұлу  әсерге  бөленді, 
сұлулық  ләззат  ала  алды,  көрген,  естіген,  тыңдаған  жасаған  жұмыстарынан 
алған  көңіл-күйлерін 
сөзбен,  өлеңмен  жеткізуге  талпындырамыз. 
М.Жагорқызының    «Дудар-ай»  әні  тыңдатылып,    шығармалардан  алған 
әсерлерімен  бөлісіп,  ұлы  достықты,  екі  ел  мәдениетін,  табиғат  сұлулығын 
әңгімелей  отырып,  сабақ  соңы  достықтың  куәсіндей  екі  өзенге  арналған 
І.Жақановтың «Еділ мен Жайық» әнімен аяқталады (1кесте).  
М.Өтемісұлы  -  XIX-XX  ғасыр  әдебиетінде  өзіндік  орны  бар,  өр  ақын. 

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
151 
«Махамбет-батыр, 
Махамбет-ақын,  Махамбет-күйші»  тақырыбындағы 
сабақты  интеграциялауда  Махамбеттің  «Соғыс»,  «Қызғыш  құс»    өлеңдері 
оқылады.  «Жұмыр-қылыш»,  «Қайран  Нарын»  күйлері,  Н.Тілендиевтің 
«Махамбет»  поэмасы  тыңдатылып,  «Мен,  мен,  мен  едім»  термесінен  үзінді 
үйренеді.  Бейнелеу  өнерімен  байланыста    М.Сейісовтің  «Махамбет»  мүсіні 
көрсетіліп, «Батыр бейнесі» атты тақырыпта сурет салады (1 кесте). 
 
1 кесте  
5-сыныптың оқу материалдары негізінде өнер пәндерін  
интеграциялау үлгісі 
 

1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал