Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 5.24 Kb.
Pdf просмотр
бет10/36
Дата09.01.2017
өлшемі5.24 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36

Әдебиеттер 
1.
 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың 
Қазақстан халқына жолдауы «Жаңа он жылдық – Жаңа экономикалық өрлеу 
Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері».- Астана: Егемен Қазақстан, 2010.- № 33-
3529 (25881).- Б.1-5. 
2.
 
Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  
дамыту тұжырымдамасы. // Жайық ұстазы.- Орал, 2004.- №1(42).- Б.2-4. 
 
3.
 
Қазақстан  Республикасындағы  білім  беруді  дамытудың  2011-2020 
жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы.  -  Егемен  Қазақстан, 

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
88 
18.06.2010. Б. 9-10. 
4.
 
Руссо Ж.-Ж.  Эмиль, или о воспитании.- М., 1986.- 324 с. 
5.
 
Френе С. Избранные педагогические сочинения / Перевод. с.франц.- 
М.: Прогресс, 1990.- 304 с. 
6.
 
Духавнева А.В., Столяренко Л.Д. История зарубежной педагогики и 
философия образования. - Ростов на дону: «Феникс», 2000. – С.161-171. 
7.
 
Щацкий С.Т.  Избранные педагогические сочинение.-М., 1989.  
8.
 
Блонский  П.П.  Избранные  педагогические  и  психологические 
сочинения.В 2-х т. Т2./ Под ред. А.В.Петровского.-М., 1979.- 400 с.  
9.
 
Макаренко А.С. Педагогические сочинения.- М., 1984.- Т.1.-512 с. 
10.
 
Давыдов В.В. проблемы развывающего обучения. - М., 1986. - 239с.  
11.
 
Орлов  В.А.  Активность  и  самостоятельность  учащихся  // 
Педагогика.- 1998.- №4.
 
 
12.
 
Петровский В.А. Психология неадаптивной активности.- М., 1993.  
13.
 
Смирнова Е.О. Детская психология. - М.: Владос, 2009.- 366 с. 
 
 
А.Г. Муханбетчина 
УСЛОВИЯ ФОРМИРОВАНИЯ АКТИВНОСТИ ДЕТЕЙ  В ПРЕДШКОЛЬНОЙ 
ПОДГОТОВКЕ ПОСРЕДСТВОМ РАЗВИВАЮЩЕЙ СРЕДЫ 
 
В  данной  статье  рассматриваются  условия  формирования  активности  детей  в 
предшкольной  подготовке  посредством  развивающей  среды.  Раскрываются    параметры  и 
направления  создания  развивающей  среды,  характеризуются  компоненты  психологической 
подготовки детей к школе. 
Ключевые слова: развитие, среда, активность, предшкола, подготовка, деятельность, игра. 
                                  
 
 
A. Muhanbetchina 
THE CONDITION OF FORMATION CHILDREN’S ACTIVITY IN PRESCHOOL 
PREPARATION BY MEANS OF THE DEVELOPING ENVIRONMENT 
 
This article  describes the  condition  of  formation  children’s  activity  in  preschool  preparation 
by  means  of  the  developing  environment.  This  article  deals  with  the  parameters  and  directions  of 
creation  of  the  developing  environment.  The  component  of  physiological  preparation  of  children to 
school is characterized. 
Key words: development, environment, activity, preschool, preparation, activities, game. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
УДК 793.3(574)  
Қ.Д. Айтқалиева  -  өнертану к.,  

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
89 
М.Өтемісов атындағы БҚМУ 
E-mail: Aitkalieva_kd@mail.ru 
 
ШАРА ЖИЕНҚҰЛОВА БИ МЕКТЕБІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ 
 
Аңдатпа.  Мақалада  қазақ  халқының  тұңғыш  кәсіби  бишісі,  ұстаз  Шара  Жиенқұ-
лованың  қазақ  би  мектебінің  ерекшелігі  анықталып,  оның  жас  ұрпақты  тәрбиелеудегі  орны 
ашылған. 
Түйін сөз: өнер, хореография, сахна, би қимылы, тәрбие.   
 
Танцует Шара.  
Дочь последнего кочевника Средней Азии – казаха. 
История и современность – в ее характере.  
История и будущее – в поведении.  
Сегодня, как сказали поэты, высокий полдень  
                                                     ее солнечной судьбы.  
Танцует Шара. 
Она исполняет счастливые танцы Востока.  
Танцует Шара.  
Танец счастливой казахской девушки.  
 
(О.Сулейменов. Из поэмы «Казахстан») 
 
Би.  Бұл  Шараның  бүкіл  шығармашылық  өскен  жолының,  қалдырған 
өнер соқпағының айнасы іспетті. Жанына нұр шашып, биік белеске бастаған 
ұлттық  өнердің  мол  шұғыласы  Шара  жүрегін  қуанышқа  бөлеп  келеді. 
«Шараның  биі  ұршықтан  басалады»  деуші  еді  Құрманбек  Жандарбеков.  Би 
тұнып  тұрған  поэзия,  сұлулық,  қазақтың  әні  де,  күйі  де,  сән-салтанаты  мен 
тұрмыс-тіршілігі де содан нұрлы бастау алып жатқандай. Бәйге, көкпар, қыз 
қуу, келін түсіріп, той-томалақ жасауда қанша қимыл бар. Алаша тоқып, киіз 
басып,  сырмақ  оюдың  өзінде  қандай  әдемілік  кездеседі.  Бұйығы  Шара 
кезінен  сол  тау  мен  дала  арасында  тел  өсіп,  барлығын  жанына  тоқып 
бойжетті. Қошқар мен сыңар мүйіздер киіз  басуда қалай өрнек тапса, қыран 
қанатының суылы да би тәңіриясына шабыт беретін.  
Қазақ  биінің  жұлдызы,  Қазақ  КСР  Халық  артисі,  қазақ  КСР  Мемле-
кеттік  сыйлығының  лауреаты  Шара  (Гүлшара)  Жиенқұлованың  шығарма-
шылығы  халықтық  өнердің  кең  қанат  жайып,  тамаша  дамуына  үлкен  үлес 
қосып, ұлттық хореографияны әлемдік деңгейге шығарды.  
Қай елдің ғылымында болмасын жеке бір тұлғаны сөз еткенде алдымен 
айтылатыны  сол тұлғаның шыққан тегі, өскен ортасы, заманы. 
Шара  1912  жылы  19  тамызда  Верный  қаласында  (қазіргі  Алматы). 
Оның әкесі Баймолда Жиенқұлұлы ағаш дайындаумен айналысқан бай адам 
болған.    Көпбалалы  отбасында  Гүлшара    өте  сүйкімді  болып  өсті.  Шешесі 
Тыныбаланың  талап  етуімен  Шара  алдымен  медресе,  соңынан  орыс 
мектебінде  оқыды.  Сол  кездегі  қыздарға  бұл  жәй тән  емес  еді.  Бала  кезінен 
тоқыма,  би  өнерлерімен  әуестенеді.  Әрқашан  да  пысық  және  ширақ,  үй 
шаруасындағы қарапайым міндеттерін жылдам бітіріп тастайтын кішкене қыз 
жайлаудағы  еркін  өмірге  жан-тәнімен  беріліп  кететін.  Бала  кезінен  Шара 
музыканы,  әнді  сүйді,  күйлер  мен  олар  туралы  аңыздарды  сағаттап 
тыңдайтын.  Ұшқыр  ойлы,  жарқын  мінезді  ол  қозғалысты  ойындарды жақсы 

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
90 
көретін  және  оларды  өзі  жиі  де  ұйымдастыратын.  Ойлап  табудан 
жалықпайтын ол жастар арасында беделді болды.    
Туған жерінде  еркін тыныстап, ертегілері мен аңыздарына құлақ түре, 
халық әуендерінің ырғағын еркін түсіне, әндері мен билерінде оның байлығы 
туралы  айтатынын,  бүкіл  өмірін  соған  арнайтынын  білмей  тұрып,  Шараның 
сезімтал жаратылысы халық өнерінің дархан сыйлығын бойына сіңіре берді. 
Орыс мектебіндегі оқудың алғашқы жылдарынан-ақ Шара барлық қоғамдық 
шаралардың белсенді мүшесі болды. Оны бәрінен бұрын сахна қызықтырады.  
1925 жылы-ақ  Шара оқушылар концерттік тобының құрамында ақылы 
концерттерде  өнер  көрсетеді.  Театрмен  қызу  әуестену,  өзіне  тоқтаусыз 
тартатын  сахна  билігі  Шараны  одан  әрі  қызықтырып  әкетеді.  Өзін  ән  мен 
биде көрсетуге ұмтылу оның рухани қажеттілігіне айналады. Бұрынырақ аты 
Алматыға  алмастырылған  Верный  қаласы  1929  жылдың  мамырында  Қазақ 
автономиялық  республикасының  астанасы  болды.  Жаңа  астананың  мәдени 
өміріндегі тамаша жаңалықтардың бірі – репертуарында қазақ драматургтері 
М.Әуезов, Т.Жароков т.б. пьесалары жүріп жатқан Қызылордадан (бұрынғы 
астана)  көшіп  келген  қазақ  драма  театры  болды.  Театр  А.Пушкиннің, 
Н.Гогольдің, Н.Погодиннің, В.Шекспирдің шығармаларын қойды.   
1928  жылдан  бастап  1933  жылдар  аралығында  –  Шара  ұлттық  драма 
театрының  артисі.  Театрда  Серке  Қожамқұлов,  Елубай  Өмірзақов,  Қалибек 
Қуанышбаев, Құрманбек Жандарбеков, Қанабек Байсейітов, Мәлике Шамова, 
Күләш  Байсейітова  сияқты  көрнекті  актерлермен  қатар  қызмет  еткен 
жылдардың еңбек жолын жаңа бастаған актер үшін зор маңызы болды. Бірақ 
мұнда да, драма театрының сахнасында да Шара ән салып, би билесем деген 
тілегі тастамайды. Сондықтан 1933 жылы театр жанынан музыкалық студия 
ұйымдастырылғанда,  ең  бірінші  мүшелердің  қатарында  вокал  және 
үйлесімділік сабақтарын ала бастайды. 
 
1934 жылы студиялықтар «Айман-Шолпан», «Шұға» пьесаларын қояды 
және өздерінің ең жақсы спектаклі – «Қыз Жібек» операсын жасап шығарды. 
Сол  жылы  музыкалық  студия  Мемлекеттік  музыкалық-  драмалық  театр 
болып  құрылды.  Бұл  жыл  оның  шығармашылығындағы  ең  тамаша  жыл 
болды.  Оның  шынайы  талантын  ашқан  музыкалық  театрға  келуі, 
балетмейстер  А.Александровпен  кездесуі  оның  өнеріндегі  жолын  айқындап 
берді – балет артисінің, ұлттық хореографияны белсенді жасаушының жолы.  
Бишінің  көрікті  сыртқы  келбеті;  іскер  жігерлілігі  биші  қолының 
ғажайып нәзік үйлесімділігімен реңдене түседі. Қоюшылар Али Ардобустың, 
М.П.Арцибашеваның  би  әдістерін  еркін  түсініп,  орыс  және  өзбек  билерінің 
қимылдарымен алмастыра отырып, Шара тек қазақ хореографиясына ғана тән 
мүлдем жаңа сипаттар жасады.  
1938  жылы  тұңғыш  ұлттық  балет  «Қалқаман-Мамыр»  спектаклінің 
премьерасы өтті, балеттің музыкасын жазған композитор В.Великанов, Шара 
осы балетте Мамырдың бейнесін сомдады.  
1938  жылы  Шара  Жиенқұлова  қазақтың  ең  алғашқы  «Амангелді» 
көркем  фильміндегі  басты  кейіпкер  –  Балымның  рөліне  шақырылады. 
Ленинград  киностудиясында  жүргізілген  кино  түсірілімі  кезінде  биші  қазақ 
билерінің  қойылым  үшін  шақырған  И.А.Моисеевпен  қоян-қолтық  шығарма-
щылық  ынтымақтастықта  жұмыс  істейді.  И.Моисеевпен  бірге  жұмыс  істеуі 
бишінің одан арғы шығармашылық жолын айқындап берді.  

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
91 
1940  жылы  Қазақтың  мемлекеттік  Жамбыл  атындағы  филармония-
сының  жанынан  ән-би  ансамбілі  құрылды.  Республиканың  үкіметі  әртіске 
қолдау  көрсетті.  Ш.Жиенқұлованың  1940  жылдан  1966  жылға  дейінгі 
шығармашылық  қызметі  осы  ансамбльмен  сабақтас:  ол  осы  ұжымның 
көркемдік  жетекшісі  де,  жеке  бишісі  де  болып  қызмет  атқарды.  Бишінің 
репертуарында  –  қазақ  және  әлем  халықтарының  билері.  Қазақ  билерін 
дайындау  кезінде  биші  халық  шығармашылығын  кеңінен  қолданып, 
ұлтымыздың  тұрмысын,  ғұрыптарын,  салт-рәсімдерін  мұқия  зерделеді:  би 
қимылдары аңыздардың, өмірден байқағандарының негізінде туындады. Биші 
сомдаған  билер  ешқашан  өзінің  тартымдылығын  жоғалтқан  емес  және  олар 
қазақ хореографиялық өнерінің классикалық дүниесіне айналды. Олар -  қиял 
мен  елестетуден    пайда  болған  ұмытылмайтын  «Тәттімбет»,  «Айжан  қыз», 
«Қара жорға» билері еді.  
1965  жылдан  1975  жыл  аралығында  Шара  Жиенқұлова  педагогикалық 
қызметпен  айналысады.  Алғашында  Алматы  хореографиялық  училищесінің 
халық  би  бөлімінің  меңгерушісі,  соңынан  оның  директоры  болды.  Педаго-
гикалық  қызметінің  бұл  жылдары  оған  көп  қуаныштар  мен  қынжылулар 
әкеледі.  Ш.Жиенқұлова  училищеде  қызмет  істеген  алғашқы  күндерінен-ақ 
алдына  міндет  етіп  балет  мектебі  үшін  бөлек  ғимараттың  салынуына  қол 
жеткізуді қояды (Ол жылдары хореографиялық училище Алматы мемлекеттік 
Құрманғазы  атындағы  консерваторияның  екінші  қабатында  орналасқан  еді). 
Училищенің  жаңа ғимаратын  салуды  өтініп  ол  тоздырған  табалдырықтар  өз 
жемісін  берді,  құрылыс  басталды.  Қазір  қазақтың  тұңғыш  ұлттық  бишісі 
Шара  Жиенқұлованың  қажырлы  еңбегінің  арқасында  еліміздің  хореогра-
фиялық  өнерінің  өзінің  ғимараты,  өзінің  мектебі  бар,  онда  күннен  күнге, 
жылдан  жылға  хореографияның  жас  таланттары  өздерінің  шеберлігін 
шыңдайды. Шәкірттерді іріктеп алу кезеңдерінде олардың тек бишілерге тән 
мүмкіндіктері  мен  дене  бітіміне  ғана  мән  бермей,  бет-әлпетіне  де  аса  зор 
көңіл бөлген еді.  
Шара Жиенқұлова би өнерін тек бір өзі ғана игеріп, бір өзі ғана сахнада 
билеуді  мұрат  тұтқан  емес.  Шәкіртсіз  ұстаз  –  тұл.  Өнер  биігіне  көтерілген 
сайын,  өнер  құпиясына  молынан  қаныққан  сайын,  оның  тылсым  сырларын 
өзінен кейінгі жастарға үйретуге бел шеше кірісті.  
Шара – абзал ұстаз, ұжым жетекшісі болды. Ол  бишілік-практикалық 
жұмысына  теориялық  педагогикалық  жұмыстарды  ойдағыдай  ұштастырып 
келді.  Оның  педагог-балетмейстерлер  мен  жас  орындаушыларға  арналған 
«Қазақ билері» (1955), «Тайна танца» (1980), «Өмірім менің - өнерім» (1983),  
«Сымбат»  (1987),  «Танцы  друзей»    (1989)  атты  көптеген  кітаптары  жарық 
көрді.  
Қазақ  биі  негізінен  қол,  бас,  мойын,  көз,  иық  секілді  түрлі  дене 
мүшелерінің  қимылдарымен  биленеді.  Ал  оны  біз  қиюын  тауып,  үйлестіре 
білсек,  қазақтың  ұлттық  биінің  өз  ерекшелігі  танылады.  Шара  бұл  жөнінде 
«Би туралы сабақ» деген кітап жазды және сол кітап бойынша мектепте сабақ  
жүргізді.  Сонымен  қатар,  оған  өз  елінің  тұрмысын,  тарихын,  әдет-ғұрпын, 
салт-санасын, дәстүрін зейін қойып үйрене білуіне де өте көп пайдасы тиді. 
Әсіресе, ел арасында гастрольдік сапармен шығуының көмегі өте зор болды. 
Сонда  оның  назар  аударғаны  –  Оңтүстік  Қазақстан  халқының  киімі  мен 
музыкасынан  солтүстік  Қазақстан  тұрғындарының  киімі  мен  музыкасының 

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
92 
айырмашылығы  болғаны.  Шара  кәрі  құлақ  қариялардың  әңгімелеріне  ден 
қойып,  хиссалар,  ертегілер,  өлеңдер,  ән-күйлер  тыдады.  Бұлар  оның  халық 
қазынасынан  нәр  алған  өнерінің  өсуіне  көп  жәрдемін  тигізді.  Сөйтіп  бұл 
билер басқа туысқан халықтар биінің қатарынан өз орнын алып, заңды түрде 
«Қазақ  биі»  деген  атқа  ие  болды.  Көп  жылдар  бойы  тынымсыз  тірнектеп 
жинап,  моншақтай  теріп  жүріп  жетпіске  тарта  қазақтың  ұлттық  билерін 
шығарды, қырық биді сахнаға қойды. Оның ішінде жеке  билер де, топтасып 
орындайтын билер де бар. Мұның бәрі ұлттық негізге құрылған, мазмұн-мәні, 
идеясы  анық,  билік  нақыш-өрнегі  сұлу,  нәзік,  әрі  түсінікті  билер.  Шара 
билерінде  батысқа  және  шығысқа  еліктеушілік  болған  жоқ,  оның  еңбегінде 
ұлттық мінез әркез сақталды.   Билері, оның ішінде қазақ билері арқылы  жас 
ұрпақ  қазақ халқының тарихымен, мәдениетімен, әдет-ғұрпымен, салтымен, 
ұрпақтан-ұрпаққа  мұра  боп  келе  жатқан  қасиетті  дәстүрлерімен  танысады. 
Шара апамыз құрып беріп кеткен қазақ би мектебі жастарымызды әдемілікке, 
адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеуде орасан зор рөл атқарады.       
Би  өнерінің  өзінде  адамның  пластикалық  жарасымының  дамуына  әрі 
үйлесімді  жәрдемдесетін  қасиеттер  бар.  Оқушылар  би  үйірмесіне  қатысу 
арқылы  ең  алдымен  денсаулығын  нығайтады.  Жеңіл  қимылдауға, 
шапшаңдыққа,  қажырлыққа,  кеңестікте  бағыт  ұстай  білуге  жол  ашады, 
қимылдың  формасы  мен  бағытының  дұрыстығын  сезіне  білуге  тәрбиелейді. 
Би  –  денесінің  сымбатты  болуына,  жүргенде  бұралаң-қисалаңсыз,  оғаш 
сөлекеттсіз  болмауына  мүмкіндік  жасайды.  Сонымен  қоса  мектеп 
қабырғасындағы  ұжымдық  биге  үзбей  қатынасып  жүретін  балалармен, 
қыздардың бір-бірімен  еркін әңгімелесіп, өзара қысылмайтындағын, сыпайы 
келетінін  аңғарамыз.  Шара  Жиенқұлова  өзінің  «Сымбат»  деген  кітабында 
былай дейді: «Би өнерінің әліппесі  ең алдымен денені түзу ұстап үйренуден 
басталуға  тиіс.  Кейбір  жастардың  жүріс  –тұрысы  сөлекеттеу  болып  келеді. 
Мәселен, денесін былық-сылық бос ұстап, екі иығын ретсіз қомдап, қолдары 
епетейсіз  салбырап,  мойнын  ішіне  тартып  бүкірейтіп  жүретіндер  бар. 
Әсіресе,  қыз  балалардың  жүрісі  өте  әсем  болғаны жөн.  Мысалы,  екі  аяқтың 
ұшын  ішке  қаратып  шалыс  жүріп  әдеттенгендіктен,  кейбір  қыздардың 
аяқтары  «қисық»  көрінуі  әбден  мүмкін.  Мұны  түзеп,  қалыпқа  келтіру 
адамның өз қолындағы іс» [1, б. 28].   
Шара  Жиенқұлова  қазақ  биіне  көптеген  мазмұнды  қазақ  қимылдарын 
енгізді. Олар:  
1.
 
Қазақтың  қолөнер  үлгілерінен  туындайтын  би  қимылдары;  тұмар-
ша,  қошқар  мүйіз,  сыңар  мүйіз,  киік  мүйіз,  арқар  мүйіз,  тарақ,  ирек,  қурай 
гүл, шаңырақ, шынжыр жол, ашамай, қияқ гүл, құс мұран, үкі аяқ, көбелек, 
құс қанаты, ай қияқ, жұлдыз, қос өркеш, қос жылан.  
2.
 
Тұрмысқа байланысты туындайтын би қимылдары; сәлем (әйелдер), 
сәлем  (ерлер),  сәукеле,  түбек,  торсық,  кебеже,  кереге  көз,  құрт  сығу, 
беташар, айна, бота мойын, арқан, ожау, ою, ши орау, саба пісу, тары түю, 
киіз басу, жүн сабау, алатау, ұршық, өрмек, қазақ үй, тақия.  
3.
 
Ерлердің  іс-әрекетінен  туындайтын  би  қимылдары;    ақын,  қосаяқ, 
малдас  құру,  алтыбақан,  насыбайшы,  бүркіт,  теңселме,  тізе  бүгу,  ақ 
сандық, көк сандық, тең арқалау, шалғы, аударыспақ.  
4.
 
 Қазақтың  ұлт  ойындарынан  туындайтын  би  қимылдары;  күрес, 
садақ ату, күміс ілу, атқа міну, сайыс, ат шабыс І түрі, ат шабыс ІІ түрі, 
ат шабыс ІІІ түрі, ат шабыс ІV түрі, ат шабыс V түрі.  

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
93 
5.
 
Домбыра  аспабына  байланысты  туған  би  қимылдары;  отырыс, 
домбыраны жоғары көтеру, домбыраны тік ұстау, домбыраны оңға ұстау, 
домбыраны алға ұстау.  
Шара  би  қойылымдарында  сол  халықтың  тұрмыс-тіршілігін,  әдет-
ғұрпын  тағы  басқа  ұлттық  ерекшеліктеріне  тән  қимылдармен  өрнектеді. 
Мысалы,  «Айжан  қыз»  -  жеке  би.  Құрманғазының  күйіне  қойылған.  Бірде 
қазақтың атақты үш халық күйшісі кездеседі. Оның бірі  домбырашы Айжан 
қыз екен. Ол өз ортасында өжет қыз атаныпты. Дарынды, ешқандай қорлық-
зорлыққа  мойын  ұсынып  қорықпай,  ескі  салт  дағдыларына  бағынбай  тойда, 
жиында, сауық кештерінде домбыра шертіп, күй шығарады екен. Соған орай, 
оның өнерін де халық сүйсіне тыңдайды. Кезінде Құрманғазымен кездесіпті. 
Оның осындай ашықжарқын алғыр мінезіне, өнеріне сүйсінген Құраманғазы 
«Айжан  қыз»  деген  күй  арнап  шығарды.  Би  осы  күйдің  ырғағына  қойылды. 
Шара  би  миниатюрасында  жастық  шақтың  салтанат  құруын  көрсетеді. 
«Айжан  қыз»  биінің  бірінші  бөлімінде  нәзік,  биязы  қыздың  тал  бойындағы 
ерекше  әсем  қимыл  баяндалса:  екінші  бөлімінде  жігерлі,  қажырлы 
домбырашы  қыздың  буырқанған  күш-қайратын  күйдің  тартқан  сәтіндегі 
саусақтарының  көз  ілеспейтінқимылын,  орындау  шеберлігін,  қызу 
қандылығын, тебіреніс толқынын көрермендердің көз алдына анық елестетіп 
беруше Шара апа көп күш салған болатын.  
«Қос  алқа»  -  қыз  бен  жігіттің  жұптасып  билеуіне  арналған  би.  «Қос 
алқа» Дәулеткерейдің күйі. Күй өзегіне дала қызғалдағындай құлпыра өскен 
ерке қыздың сүйген жігітімен өзен бойында кездесу сәті алынған. Ат суарған 
боп  су  басына  келген  жігіттің  де  жүрегі  лүпілдеп  қызды  күтіп  тұрады. 
Ынтыққан  қос  жүректің  мөлдір  махаббатын    бар  аймақ  құптағандай:  судың 
ағысы да, кешкі самал желдің сыбдыры да қуаныш күйін тартқандай муызка 
болып  естіледі.  Асыға күткен қызы жүрегінің дүрсілі, құлағындағы сырғасы 
мен  мойнындағы  қос  алқаның  сылдыры  қол  ұстасқан  қыз  бен  жігіттің  би 
ырғағына айналды.  
Құрманғанзының атақты «Сарыарқа» күйін алғаш рет тыңдағанда Шара 
апаға  кең  далада  жосылған  арғымақтардың  шабысы,  қыз  қуу  ойыны  бірден 
көз алдына келеді.  «Сарыарқа» күйіне би шығару   апамыздың көпке дейінгі 
сәті түсіп, іске аспай жүрген арманы болған еді. Сөйтіп күй ырғағына «Қыз 
қуу»  биін бір үлкен концертте  шағарады. Оны Шара өзі билеп шығады. Би 
көрермен  қауымның құптауына ие болды. Шара оны қай сахнада билесе де 
үлкен табыспен өтіп жүрді.  
Шара  апамыздың  өте  әсем  биінің  бірі  -  Латиф  Хамидидің  әніне 
қойылған  «Қазақ  вальсі».  Осы  шығарманы  біз  әншілеріміздің  орындауында 
сан рет естіп жүрміз. Ал Шара «Қазақ вальсін» би тілінде өзінше баяндайды, 
музыкаға  сай  толқыған  би  кестелерін  тоқиды,  әдемі,  қызғылықты  би  қимыл 
композициясын жасайды. Кейде кербез, кейде ұршықша үйірілген әсем дене 
қимылдары,  бет  мимикасы  арқылы    биші  қазақ  жастарының  шаттық  көңіл-
күйін,  бақытты  өмірін  бейнелейді.  Шара  өзі  орындауға  тиіс  вокалдық-би 
сценарилерінде, хореографиялық суреттемелерде бүгінгі күннің рухын беруге 
көп көңіл бөлді.   
Репертуарындағы  әртүрлі  ұлттар  билерімен  қоса  Шара  қазақтың  әр 
алуан  сипаттағы  халық  әндерін  де  биге  қосады.  Әндер  ырғағына,  мақамына 
қарай  билеп  қана  қоймай,  әндердің  сөздеріне  орай  түрлі-түрлі  мимикалар 

 
 
 
 
 
 
Хабаршы №1 - 2013 ж.  
 
 
 
94 
жасап,  ойнай  да алады.  «Молдабай»,  «Нақ-нақ»,  «Жариям  айдай»,  «Қыздар-
ай»,  «Әне,  гүл-гүл  тамаша»,  «Бипыл»,  «Сәулем-ай»,  «Мерген»  т.б.  сияқты 
халық  әндерін  әсем  түрлентіп  орындағанда,  жұрт  мейлінше  разы  боп, 
рахаттанып  қалатын  еді.  «Мен  бидегі  барлық  жаңалық  пен  жақсылыққа 
құштармын.  Бірақ  бірінші  кезекке  өзімнің  ұлттық  биімді  қоямын.  Әрбір 
азамат өз халқының өнері үшін титтей де болса үлесін қосуы керек. Сонда ол 
өз  халқының  ұрпағы  болмақ»  -  деген    Шара  апамыздың  жас  ұрпаққа 
қалдырған керемет өсиеті бар  [2, б. 109].  
Сонымен, Шара Жиенқұлованың сиқырлы сазды ұлттық би мектебі жас 
ұрпақты  жарасымды  етіп  тәрбиелеудің  аса  пәрменді  құралы,  бұл  – 
адамгершілік пен көркемдік сезімнің дамуында үлкен рөл атқарады.  Оның би 
мектебін оқып үйрену жас ұрпақты иманжүзділік пен көркемдік дәстүрлерге 
баулып, халықтың рухани әлеміне терең бойлатады.  
           
Әдебиеттер 
1.
 
Жиенқұлова Ш. Сымбат. - Алма-Ата: Госиздат, 1955.– 348 б.  
2.
 
Шара. Құраст. К.Диярова. – Алматы: Өнер, 2005. - 160 б.  
3.
 
Жиенқұлова Ш. Өмірім менің өнерім.- Алматы: Жазушы, 1992.  - 112 б. 
4.
 
Қазақстан  хореографиясының  тарихы.  Оқулық  авторлары: 
Т.Қышқашбаев,  Ә.Шаңқыбаева, Г.Жұмасейітова, Л.Мамбетова,  Ф.Мусина.  – 
Алматы: Издат. Маркет, 2005.  - 272 б. 
5.
 
Сарынова  Л.  Балетное  искусство  Казахстана.  -  Алма-Ата:  Наука, 
1976. -176 с.  
 
 
К.Д. Айткалиева 
ВОСПИТАТЕЛЬНОЕ ЗНАЧЕНИЕ ШКОЛЫ ТАНЦА ШАРЫ ЖИЕНКУЛОВОЙ 
 
В  статье  рассматривается  воспитательное  значение  школы  казахского  танца 
танцовщицы, педагога Ш.Жиенкуловой.  

жүктеу 5.24 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет