Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 5.04 Kb.

бет9/19
Дата09.01.2017
өлшемі5.04 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19

М. Келес
ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫР
Мақалада  педагогикалық  институт  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  мамандығының  түлегі,  Архат
ауылында саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнаған ардақты ұстаз,оқу ағарту ісінің үздігі
Түгелжан Әзімбаеваның өнегелі істері жайлы баяндалады.
Кейде  маған  өмір  жақсы  адамдардың  игілікті  де  өнегелі  істерімен
көріктеніп,  мейір-шапағатымен  нұрлана  түсетіндей  сезіледі.Сезілмейді
солай  болады  да.  Оған  дәлел  ретінде  Шығыс  Қазақстан  облысы,  Абай
ауданы,  Арқат  аулындағы  ардақты  ұстаз  Түгелжан  Әзімбаеваның  ауыл
тұрғындары үшін жасап келе жатқан өнегелі істерін айта аламын. Саналы
ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнаған ардақты ұстаз Түгелжан апа зейнетке
шықса  да,  ауылда  «Баян»  атты  клуб  құрып,  әдеби-мәдени  кештер  мен
кездесулер  ұйымдастырып  келеді.  Оған  ауыл  тұрғындары  белсене
атсалысуда.  Клуб  Ұлы  Отан  соғысында  ерлікпен  қаза  тапқан  қазақтың
қайсар қызы Баян Байғожинаның есімімен аталады. 10 жылдан бері жұмыс
істеп келе жатқан орталықта 35-тей әдеби-мәдени кеш өткізілген екен. Олардың арасында елімізге
белгілі ақын-жазушылармен қатар, ауыл, аудан, облыс ардақ тұтар азаматтардың кештері бар. Әлемге
әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматовқа арналған «Адамзаттың Айтматовы», талантты ақын Мұхтар
Шахановтың құрметіне орай ұйымдастырылған «2002 жылдың үздік ақыны» әдеби кештері қызықты
өтсе, белгілі компазитор Шәмші Қалдаяқовқа арналған «Ән әлемінің падишасы» әдеби-музыкалық
кеш мектеп оқушыларының Әнұранды орындауымен басталып, Шәмші өмірінен естеліктер оқылып,
әншілер оның халық арасына кеңінен таралған әндерін шырқады. Сахнаға теледидар қойылып,
композитор жайлы деректі фильмдер көрсетілді.
Мұндай  әсерлі  кештерде  залда  ине  шаншар  орын  болмайды.  Сондай-ақ  облыс,  аудан
орталықтарынан арнайы қонақтар мен бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілері де шақырылады.
Ресейдегі – Абай, Қазақстандағы – Пушкин жылына орайластыра өткізілген «Пушкин поэзиясы»
кешіне «Абай» журналының бас редакторы, «Арқат ауылы» өлеңінің авторы Мұратбек Оспанов
пен журнал қызметкері, жазушы Айгүл Кемелбаевалар шақырылған. Тартымды да қызықты өткен
кешті  клуб  мүшесі  Айжан  Жанпейісова  мен  Совет  Ақтаев  жүргізсе,  күйші  Зейнолла  Сембаев
домбыраның  құлағында  ойнап,  өнерлі  өрен  Біржан,  ауылдың  жезтаңдай  әншісі  Армангүл
Имашевалар Абай әндерін шырқады. Сонымен қатар көріністер қойылып, «ауыл Абайы» атанған
Тоқан Жайсаңбаев ұлы ақынның рөлін шебер сомдады. Ал Онегин – Асқар Советжанов пен Татьяна
–  Жұлдыз  Бейбітқызы  –  мектеп  оқушылары.  Олар  да  негізгі  рөлдерді  кәсіби  әртістерден  кем
сомдамады.
Абай  ауданындағы  Арқат  ауылы  «батырлар  ауылы»  деп  те  аталады.  Себебі  аталмыш  шағын
ауылдан  Совет  одағының  батырлары  Закария  Белібаев  пен  Серікқазы  Бекбосынов,  сондай-ақ
жоғарыда  аталған  батыр  апамыз  Баян  Байғожиналар  шыққан.  Табиғаты  келісті  Арқат  ауылы  –
Республикамызға белгілі әсем жерлердің бірі. Мұнда кезінде көрнекті театр режиссері Ә.Мәмбетов
жазушы Ә.Әлімжановтың «Жазушы» романының желісі бойынша көркем фильм түсіргені де көпке
белгілі.
Осы ауылда «Баян» клубының қалай құрылғаны жайында Түгелжан Әзімжанқызы: «Біздің Арқат
ауылы Абай ауданының шеткері орналасқан елді-мекендерінің бірі. Ауылымызда Мәдениет үйі,
клуб дегендер болған емес. Ал Кеңес үкіметі құлағаннан кейінгі алғашқы жылдары мұндағы жағдай

76
қатты ушықты. Мекемелердің барлығы жабылып, ғимараттары талан-таражға түсті. Солардың бірі
– біздің үйіміздің іргесіндегі дүкен ғимараты еді. Қараусыз қалған бұл нысанның да есік-терезелері,
басқа да керек-жарақтары ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп, көз алдымызда құрып
бара жатты. Бұған дейін өзіміз жиі баратын дүкен ғимараттың құрдымға кетіп бара жатқанын көріп
қатты қиналдым. Содан 1998 жылы тәуекелге бел буып, төбесі мен қабырғалары ғана қалған, ғимарат
деп атауға да келмейтін аталмыш құрлысты сатып алдым. Бірақ онда не істейтінімді алдын-ала
ойламаған едім.  Әйтеуір, бір  керекке жарар  деп ойлағанмын.  Дүкен болып  жұмыс істеп  тұрған
кезіндегі аты батыр қыз «Баян» атын өзгертпей қалдырып, енді мұнда не істейтінімді ойластыра
бастадым.
Мен 1961-1993 жылдар аралығында Арқат орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ
бергенмін.  Сол  жылдары  мектептің  әдебиет  үйірмесін  жүргізіп,  дарынды  оқушыларға  әр  түрлі
сахналық көріністерді қойғызатынмын. «Ауру қалса да, әдет қалмайды» деген сөз рас екен, менде
«осы ғимаратты неге рухани бағытта пайдаланбасқа?» деген ой туды.
Сөйтіп, жартылай құлап жатқан құрлыстың бір жағын жөндеп, онда алғаш рет жоғары оқу орнын
бітіріп келген жастармен «Оралыңдар, дипломды маман боп» деген кеш өткіздім. Содан кейін әдеби-
мәдени кештер жалғасын таба береді. «Баян» клубы дүниеге осылайша келді», – дейді. Алайда,
ғимаратты сатып алуын алса да, оны жөндеу Түгелжан Әзімжанқызына қиынға түскен. Осындай
қиналған  сәттерде  оған  отағасы  мен  балалары  үнемі  рухани  демеу  беріп,  қолдарынан  келген
көмектерін де аямай жігерлендіріп отырған. Кейін ел арасынан да өнерге, мәдениетке деген жанашыр
азаматтар табылып, ісі өрге басты. Бұл ретте қаржылай көмек көрсеткен семейлік меценат Төлеуғазы
Иманғалиевті айрықша айта кеткеніміз жөн.
Клубта белгілі ақын-жазушы, ел ардақтайтын азаматтармен кездесулер өтіп қана қоймай, белгілі
ақын-жазушы мерейтойына орай әдеби кештер  де жиі өткізіледі. Үстіміздегі жылы Шәкәрімнің
150 жылдығына орай болған «Дала данышпаны» атты әдеби кеште клуб мүшелері ақын өлеңдерін
оқып, көріністер қойылды. Кешке арнайы қонақтар шақырылды. Мұндай кештерге клуб мүшелері
А.Жанпейісова,  Д.Айдарханов,  А.Имашев,  С.Мырзаханов,  Б.Тілеубаева,  Б.  Әйтімова,
Г.Әбдуахитқызы, Ж.Айдарханова, С.Ақатаев, Қ.Медеуов, Т.Жайсаңбаевтар белсене қатысады. Ауыл
мәдениетінің өркендеуіне тегін қызмет көрсетіп жүрген клуб мүшелеріне деген ауыл тұрғындарының
ризашылығы  шексіз.  Осындай  іргелі  істердің  ұйытқысы  болған  Түгелжан  апаның  еңбегі  облыс
тарапынан ескерусіз қалған жоқ.
Ардақты  ұстаз  2007  жылы  Шығыс  Қазақстан  обылысы  әкімі  сыйлығының  иегері  атанса,
тәуелсіздігіміздің 10 жылдығына орай Призиденттің «Алғыс хатымен» марапатталған. Ел ардақтаған
Түгелжан апа ат ауыздығымен су ішіп, ер етігімен саз кешкен 1942 жылдың қақаған қаңтарында
дүниеге  келген.  Әкесі  Әзімжан  Ибраев  сол  кездегі  Жанаарна,  Мақсұт,  Қопа  колхоздарында
колхоздарында колхоз бастығы, ауылдық кеңес төрағасы болып қызмет атқарған. Анасы Жаңылтай
ел  ішінде  қадірлі,  жайсаң  жан  болыпты.  Жәйтай  атанып  кеткен  аналары  45  жасында  дүниеден
қайтып, 5 қыз, 3 ұл жетім қалады. Жастайынан тауқыметті өмірді басынан өткерген Түгелжан апа
кейін сол жылдарды бір сәт те естен шығарған емес.
Соғыстан кейінгі бейнетті жылдары мектеп бітірген Түгелжан Әзімжанқызы 1961 жылы Семей
қаласындағы Н.К. Крупская атындағы педагогикалық институттың филология факультетін қазақ
тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша тәмамдаған. Содан кейінгі өмірі білікті де білімді шәкірт
тәрбиелеуге  арналды.  Ұстаздық  еткен  жылдары  тынымсыз  еңбегінің  арқасында  тағлымы  мол
тәлімгер ұстаздар қатарында болды. 1990 жылы «Қазақстандағы тіл саясаты және оны жүзеге асыру
жолдары»  атты  тақырыпта  өткен  республикалық  ғылыми-практикалық  конференцияда  Семей
облысы  мұғалімдерінің  атынан  баяндама  жасап,  кейін  оның  тезисі  кітап  болып  басылған.  Сол
жылдары ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың құттықтау хатын алды. Еңбектегі жетістігі үшін 1980
жылы «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері», 1983 жылы «Әдіскер мұғалім» атақтарына
ие болса, 1989 жылы ұзақ жылдар бойғы ізденісінің жемісі ретінде «Еңбек ардагері» медалін өңіріне

77
қадаған.
Ұстаз – өмір бойы ұстаз болу керек» деген қағиданы ұстанатын Түгелжан апаның игілікті істерге
мұрындық болуына отбасы үнемі демеу болумен келеді. Ауылда ұзақ жыл бойы мал дәрігері болған
жұбайы Еренғайып Лаубаев оның әр жетістігіне риза болып отырады. Отағасы да кезінде қызметін
абройлы атқарып, кеудесіне «Құрмет белгісі» орденін қадаған, ауылдың құрметті азаматтарының
бірі. Бүгінде зейнеткер. Үлкен қызы Айнаш пен күйеу баласы Совет екеуі Арқат ауылында ұстаздық
қызмет етіп, шәкірт тәрбиелеуде. Олардың балалары Арман мен Айжан әр әдеби кешке белсене
қатысады. Курчатов қаласында тұратын ұлы Ерсін – МАИ-дың бастығы, ал келіні Анар – дәрігер.
Немерелері Алуа, Диана, Бек үлгілі оқушылар. Кенже қызы Жанна – ұстаз, күйеу баласы Дәурен де
– МАИ қызметкері. Жиені Рахат өнерлі болып өсіп келеді.
Семей өңірінде Түгелжан апаны білмейтін адам кемде-кем десек артық айтпаған болар едік.
Қиын-қыстау заманда ауылдастарына рухани күш-қуат бере білген тәлімгер ұстаздың тынымсыз
еңбегі мен өнегелі істерін елі жақсы біледі. Осындай іргелі істерге ұйытқы болған ардақты ұстаз
қандай мақтауға да лайық. Оның еселі еңбегі жайындағы мақалалар облыстық, қалалық, аудандық
басылымдарда  үнемі  жарияланып  тұратыны  да  тегін  болмаса  керек.  Шалғайдағы  ауыл  төрінен
ашылған «Баян» клубы бүгінде өнерлі жастардың жолын ашып қана қоймай, шұғылалы істерімен
обылысқа кеңінен танылған өнегелі ордаға айналған. Оқу ағарту ісінің үздігі, әдіскер-ұстаз Түгелжан
Әзімжанова іргетасын қалаған аталмыш орталықтың ғұмыры ұзақ болатынына біздің де сеніміміз
мол.
Exemplary lifestyle
M. Keles
The article describes the graduate of the specialty of Kazakh language and literature of the institute, a
great teacher, who dedicate his life to teach the schoolchildren in Arkhat village Tugelzhan Azimbaev’s
activities.
Образцовая жизнь
М. Келес
5Статья посвящена выпускнице педагогического института специальности «Казахский язык
и литература», воспитавшей не одно поколение в селе Архат – Тугелжан Азимбаевой
УДК: 378.124:811
А. Жумабеков
Выпускник физико-математического факультета
Семипалатинского государственного педагогического института
Учитель физики филиала «Назарбаев Интеллектуальная школа ФМН г. Семей»
СЛОВО ОБ УЧИТЕЛЕ
Статья  является  своеобразным  отзывом  ученика  о  своем  учителе,  благодарностью  своему
наставнику за полученные знания и опыт, за совместные достижения и награды.
Маусымбаев  Серикбай  Салимбекович  –  заведующий  кафедрой  физики  Государственного
университета имени Шакарима города Семей, доктор педагогических наук, профессор РК и РФ,
академик КазНАЕН.

78
С.С.  Маусымбаев  родился  13  июня  1947  года  в  г.
Семипалатинске. Детские и школьные годы Серикбая
Салимбековича прошли в г. Аягузе, где он окончил с
медалью  среднюю  школу  №  58.  Его  склонность  и
интерес к физике и математике привели на физический
факультет КазГУ имени С.М. Кирова, где он с большим
вниманием слушал лекции знаменитых профессоров,
и  где  изначально  формировались  грани  научно-
педагогической  деятельности.  В  1970  году  после
окончания  университета  по  специальности
«Теоретическая  физика»  по  распределению  С.С.
Маусымбаев был направлен на кафедру физики Семипалатинского педагогического института имени
Н.К. Крупской. Вся дальнейшая его трудовая деятельность связана с этим учебным заведением, в
котором он прошёл путь от ассистента до проректора по учебно-воспитательной работе. В течение
10 лет он занимал должность проректора, а заведует кафедрой более 20 лет.
В 1972-1975 гг. Серикбай Салимбекович обучался в аспирантуре Киевского государственного
университета имени Т.Г. Шевченко и в 1976 г. защитил кандидатскую диссертацию на тему «Теория
движения и излучения заряженных частиц в однородном магнитном и неоднородном электрическом
полях», подготовленную под руководством  докторов физико-математических наук, профессоров
В.И. Воронцова (КГУ) и Ю.Г. Павленко (МГУ). В годы аспирантуры в Киеве и Москве ему довелось
слушать лекции знаменитых физиков-теоретиков, академиков Я.Б. Зельдовича, А.С. Давыдова, С.И.
Пекар, профессоров А.А. Соколова, В.В. Балашова, А.М. Федорченко и других.
На  протяжении  четырёх  лет  обучения  в  Семипалатинском  государственном  педагогическом
институте по специальности 050110 «Физика», Серикбай Салимбекович был моим преподавателем,
наставником,  научным  руководителем.  Именно  под  его  руководством,  будучи  студентом,  я  смог
достичь всех возможных наград, премий, званий и др. И сегодня, будучи учителем физики в филиале
«Назарбаев Интеллектуальная школа физико-математического направления г. Семей», продолжаю
активно работать с ним, порой обращаюсь за помощью в подготовке научных статей, проектов и
просто за жизненным советом.
На  ІІ  курсе  обучения  под  руководством  Серикбая  Салимбековича  принял  участие  в
Республиканской  студенческой  научно-практической  конференции  «Современные  тенденции
научного развития Казахстана: проблемы и пути решения», которая проводилась 22-23 апреля 2011
года в Жамбылском гуманитарно-техническом университете в г. Таразе и была посвящена 20-летию
Независимости Республики Казахстан. Подготовленный нами научный проект на тему «Внедрение
биотехнологий, нанотехнологий и компьютерно-информационных технологий в учебный процесс
педагогических вузов» занял І место среди 30 ВУЗов Казахстана. Кроме того, мы получили диплом
«За лучший доклад», представленный на данной конференции. Данный результат свидетельствует
о глубоком мышлении, дальновидности моего руководителя, его масштабном понимании задачи и
путей её решения.
Принимали участие в форсайт-семинаре «Болашақ – жастар үшін» 30 сентября-1 октября 2011
года  в  г.  Усть-Каменогорск,  на  котором  представили  свой  проект  «Внедрение  биотехнологий  в
медицину» по развитию своего региона. Для этого предложили ввести инновационные технологии
для разработки новейших препаратов для числа населения, подвергшихся ядерным испытаниям, а
в будущем предлагали защитить подрастающее поколение от радиационной обстановки и развить
успешную хозяйственную деятельность на Семипалатинском ядерном испытательном полигоне.
Данный  проект,  посвящённый  20-летию  закрытия  Семипалатинского  ядерного  испытательного
полигона,  был  признан  Ассоциацией  стипендиатов  международной  стипендии  Президента
Республики Казахстан «Болашақ» самым лучшим прорывным проектом по развитию своего региона.

79
Разработали  инновационный  проект  «Моделирование  движения  плазмы  в  термоядерном
реакторе»  и  получили  диплом  І  степени  в  «Вузовском  студенческом  конкурсе  инновационных
проектов по социально-гуманитарным и естественным наукам».
Под руководством Маусымбаева С.С. принимал участие в конкурсе на звание лучшего студента
Семипалатинского  государственного  педагогического  института  по  научно-исследовательской
деятельности  за  2011,  2012,  2013  годы,  по  результатам  которого  был  признан  победителем  и
награжден  грамотой  «Лучший  студент  по  научно-исследовательской  деятельности».  Серикбай
Салимбекович всегда оказывал мне всяческую поддержку и помощь, к нему можно всегда обратиться
за советом, который обязательно поможет в той или иной сложившейся ситуации.
Одним из важных наших достижений стало участие 13-16 марта 2012 года в 65-ой Международной
научно-практической  студенческой  конференции,  посвящённой  125-летию  со  дня  рождения
академика  Н.И.  Вавилова  в  Российском  государственном  аграрном  университете  –  Московской
сельскохозяйственной академии имени К.А. Тимирязева, где принимали участие студенты из 12
стран мира и 40 вузов Российской Федерации. По итогам конференции мы были удостоены диплома
II степени, а также получили два диплома за «Лучший доклад».
На мой взгляд, именно совместная работа с лучшим преподавателем, руководителем, заведующим
кафедрой  Маусымбаевым  С.С.  дала  мне  толчок  для  занятия  научно-исследовательской
деятельностью, а впоследствии – выбора профессии учителя. Ведь именно благодаря ему 14 сентября
2012  года  я  принял  участие  в  Первой  Международной  научно-методической  конференции
«Междисциплинарные исследования в науке и образовании», посвященной Дню знаний, в г. Киев
(Украина).  По  итогам  конференции  две  наши  научные  статьи  прошли  конкурсный  отбор,  были
опубликованы в сборнике и отмечены сертификатом.
Главным достижением  для меня и  моего наставника является то,  что 19 сентября  2012 года,
будучи студентом IV курса Семипалатинского государственного педагогического института, я был
признан победителем Республиканского конкурса на соискание студенческих стипендий ОФ «Фонда
Первого Президента Республики Казахстан – Лидера Нации». И совсем скоро, в ноябре 2012 года,
мы приняли участие в конкурсе, который был проведен Республиканской газетой «Казахстанская
правда», на публикацию лучшей статьи, посвященной встречи президента Н.А. Назарбаева на II
съезде  МК  «Жас  Отан»  НДП  «Нур  Отан»  в  г.  Астане.  Серикбай  Салимбекович  предложил  мне
написать  статью  по  научно-исследовательской  деятельности  студентов.  И  результаты  данного
конкурса не заставили себя долго ждать. По итогам данного конкурса 17 ноября 2012 года наша
статья «Раскрывая свой потенциал» была признана лучшей в Казахстане и опубликована.
Под руководством Серикбая Салимбековича принимал участие в VI Международной научной
конференции молодых ученых «Инновационное развитие и востребованность науки в современном
Казахстане», которая проходила в ОФ «Фонде Первого Президента Республики Казахстан – Лидера
Нации» 22-23 ноября 2012 года в г. Алматы. В ходе работы конференции мы получили сертификат
за представленный доклад и приглашение на Алматинский Международный Инновационный Форум.
Программа форума также включала проведение III Инновационного конвента во главе с акимом
города  –  А.  Есимовым,  а  также  Выставку  инновационных  технологий,  мультимедиа  и
телекоммуникаций.
В течение четырёх лет обучения в Семипалатинском государственном педагогическом институте
Серикбай  Салимбекович  готовил  меня  к  работе  учителя,  всегда  давал  методическую  помощь.
Благодаря ему свою государственную профессиональную практику проходил в филиале «Назарбаев
Интеллектуальная  школа  физико-математического  направления  г.  Семей»  АОО  «Назарбаев
Интеллектуальные  школы».  Следует  отметить,  что  под  руководством  Серикбая  Салимбековича
группа студентов-физиков неоднократно занимала призовые места на республиканских олимпиадах.
Под руководством Маусымбаева С.С. была подготовлена дипломная работа на тему «Повышение
познавательной деятельности у учащихся «Назарбаев Интеллектуальные школы при изучении темы

80
«Ядерная  энергетика».  По  окончании  института,  благодаря  граням  научно-исследовательской
деятельности,  которые  были  вложены  моим  руководителем,  смог  поступить  в  магистратуру
Казахстанско-Американского свободного университета на американскую программу обучения. А
вскоре вновь, только уже будучи магистрантом I курса Казахстанско-Американского свободного
университета, был признан победителем Республиканского конкурса на соискание студенческих
стипендий ОФ «Фонда Первого Президента Республики Казахстан – Лидера Нации».
С.С. Маусымбаевым опубликовано более 180 работ, в том числе 2 монографии, 16 учебников и
учебных пособий по квантовой механике, атомной, ядерной и нейтронной физике, физике твёрдого
тела и педагогике. Многие из этих работ впервые написаны на государственном языке, ряд работ
издан в России,  Украине, Узбекистане, Голландии, Англии и США.  Серикбай Салимбекович не
только руководитель, наставник, также он передал мне опыт по написанию научных статей. Именно
благодаря ему за время обучения в институте имел свыше 30 опубликованных научных работ в
«Вестнике Семипалатинского государственного педагогического института», сборниках материалов
конференций, газетах, журналах Казахстана, Российской Федерации и Украины.
Венцом многолетних исследований моего руководителя стала защита докторской диссертации
по педагогике в КазНПУ имени Абая в 2006 году на тему «Теория и практика профессиональной
подготовки  будущего  учителя  естественных  дисциплин  в  вузе  (на  материалах  физико-
математического факультета)».
На лекциях у Маусымбаева С.С. всегда всё было понятно, материал объяснялся доступным языком
по таким сложным предметам, как квантовая механика, статистическая физика, термодинамика и
др. Его лекции запомнились мне и по сей день, так как он всегда мог показать самые нестандартные
методы и подходы при решении сложных задач.
Ұстаз туралы сыр
А. Жұмабеков
Мақалада білімі мен тәжірибесі, жетістіктерге педагогикалық институт оқытушыларының
арқасында жеткендігі, шәкірттің өз оқытушысына деген алғысы баяндалады.
A word about the master
A. Zhumabekov
Article is about a peculiar comment of the student to the teacher, gratitude to the mentor for the gained
knowledge and experience, for joint achievements and awards.

81
ҚАЛДЫРҒАН ІЗІҢ МӘҢГІЛІК...
ВЕЧНОЕ ИМЯ УЧИТЕЛЯ
______________________________________________________
УДК:378.124:37
М.З. Жанбөбекова
Педагогика ғылымдарының докторы, педагогика кафедрасының меңгерушісі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
ҰСТАЗДЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ МАЙТАЛМАНЫ
Есекеев Жұмағали Есекейұлының бойында ұстаздың таразысы басым екендігі, көп жылдар
Крупская  атындағы  Семей  педагогикалық  институтының  педагогика  және  психология
кафедрасында еңбек еткендігі, ғылымға сүбелі үлес қосып, мыңдаған шәкірт тәрбиелеген шоқтығы
биік (азамат) ғалым болғандығы туралы ой қозғайды.
 Қандай қоғамды алсақ та,оның алға басуына ерекше әсер ететін білім
мен ғылым екені баршамызға аян, ақиқат. Ендеше сол білім мен ғылым
саласында еңбек еткен қарапайым да адал, абзал жандар жайлы ойлар
мен  естеліктер  айту,  түптеп  келгенде,  өзіміздің  өмірімізді  ой  елегінен
өткізу.  Өз  өмірімізді  таразыламайынша,  болашақ  бағыттарымызды
байыпты  барлау  мүмкін  емес.  Өткен  күннен  бастап,  бүгінге  дейінгі
аралықтағы  ғалымдар  мен  зиялыларымыздың  шығармашылықтарын
шолып өткенімізде, әрқайсысының өз кезінде, өз заманына сай, әрқилы
азаматтық, яғни, тарихи тұлғалық жүк көтергеніне көз жеткіземіз.
Әрбір халықтың тарихында оның ұлттық ой пікірі мен ғылымының,
мәдениетінің  алтын діңгегі сияқты дара тұлғалар болады.
Атақты педагог ғалым  В.А.Сухомлинский: «Мұғалімдік мамандық –
бұл адамтану, адамның күрделі де қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу
болып табылады»,- деп ұстаздық өнерге ерекше баға берген болатын. Осынау бағаны  ұлы  педагог
еліне еңбегімен сыйлы, өмір жолы жас ұрпаққа, келер ұрпаққа өнеге боларлықтай абзал жандарға
арнап берген болса керек. Халық мұғалімі-жас ұрпақтың рухани дүниесінің мүшесі,ол өзінің ең
қымбаттысы, ең құндысы саналатын балаларға өзінің үмітін артып, болашағын сеніп тапсыратын
қоғамның сенімді өкілі. Осы қасиеттерді бойына сіңірген, педагогикалық шеберліктің  шыңырау
шегіне жеткен, ардақты әке, Қазақстан  Республикасының белгілі ғалымы, ұлағатты ұстаз, педагогика
ғылымдарының кандидаты, доцент– Есекеев Жұмағали Есекейұлы.
«Ұстаздың  жолы-ұлы  жол»-дегендей,  Жұмағали    Есекеев  өзінің  еңбек  жолын    1950  жылы
институтта  педагогика  және  психология  кафедрасында ассистент оқытушы қызметінен бастап,
кейін  педагогика  және  психология  кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған.
Жұмағали Есекейұлы өзінің мол педагогикалық іс-тәжірибесінде ізденіп қана қойған жоқ, терең
мазмұн мен мәнге ие болған бірнеше жоғары оқу орнына арнап  оқулықтар жазып, соны  келешек
ұрпаққа  жеткізетін шәкірт  дайындады.
Жұмағали  Есекеевтің бойындағы ұйымдастырушылық және болашақты аңғарғыштық қабілеті,
жоғары    кәсіби    маман  иесі  екендігі,  еңбекқорлығы,  табандылығы,  ұжымды  басқара  білу  өнері
оның педагогикалық бейнесін асқақтатады.  1971-73 оқу жылдарында Крупская атындағы  Семей
педагогикалық  институтының тарих-педагогикалық факультетінің деканы болған. Педагогикалық
еңбек жолындағы оның сезімталдығы мен парасаттылығы, турашылдығы мен шыншылдығы, кәсіби
біліктілігі  мен  терең  білімпаздығы,  адами  қасиеттерінің  биіктігі  өз  шәкірттері  мен  әріптестері
арасында  үлкен  беделге  ие  болғызды.
Ізденімпаз педагогтың шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның

82
жүрегіне  жол  таба  білуі.  Ұстаз  атана  білу,  оны  қадір  тұту,  қастерлеу,  арындай  таза  ұстау  -  әр
педагогтың  борышы.  Ол  өз  кәсібін,  өз  пәнін  ,  барлық  шәкіртін  шексіз  сүйетін  адам.  Өзгермелі
қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты
өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.
Жоғары  оқу  орындарында  студенттерге  болашақ  алатын  мамандықтары  бойынша  кәсіби
құзіреттілігінің қалыптасуы туралы мәселені зерттеу педагогика іліміндегі өзекті мәселелердің бірі
болып табылады.
Жұмағали    Есекейұлының  студенттермен,  аспиранттармен,  ізденушілермен  өткізген  әрбір
дәрістері жоғары кәсіби шеберлігімен, оқытудың әдістемесі мен психологиясын терең білуімен де
ерекшеленетін. Ол жас мамандарға тәжірибелі жетекші ретінде де айрықша көзге түсті. Жастардың
педагогика  мәселелеріне  көңіл  бөліп  ғылыми  конференцияда  талқылауға  қызығушылығын
білдіргенін қолдап, өз ойларын баяндамаларында ашуға тырысқанын көреміз.
Оның қалың жұртшылық алдында яғни институттың, факультеттің ғылыми кеңесінде білім беру
сапасын  жетілдірудің  ғылыми-әдістемелік  мәселелері  жайлы  баяндамалары  өміршеңдігімен,
көкейтестілігімен ерекше назар аударатын. Өзінің мол педагогикалық, сондай-ақ оқыту тәжірибесінің
нәтижесінде қуатты ғылыми-әдістемелік педагогикалық ілімдердің берік ірге тасын қалай білді.
Халық даналығы «Ер басына күн туса, етікпенен су кешер»-деп жырлағандай, Жұмағали  Есекеев
халықтың арқасына ауыр жүк түскенде, теріс айналып кеткен жоқ. Қиыншылыққа мойымай, отқа
түскен болаттай шыңдала түсті. Ауыртпалық деген асау теңізде ақыл-парасаттың арқасында кемедей
кеше білді. Табандылығын таныта білген талапты азамат төзімділігінің арқасында қызметі өсті.
Сол себепті 1970-71 оқу жылында институттың дайындық бөлімінің деканы қызметін атқарған.
Ұзақ жылдар бойы ұстаздық жолда аянбай адал еңбек еткен тәжірбиелі педагог-ғалым Жұмағали
Есекейұлы жас мамандарға  ұстаздық мамандыққа тән қасиеттерді есіне  сақтап алу мақсатында
төмендегідей кеңес берді.
1.  Ұстаздық  мамандыққа  тән  қасиеттер  –  ұстаздың  адамгершілік  және  мамандық  білімділігі.
Бұл қасиет- ұстаз тұлғасының мынандай сипаттарынан байқалады:
• ұстаздың дүниетанымдық көзқарасы, сенімі мен ізгі мұраты;
• ұстаздық қызметке бейімділігі мен мамандық даярлығы;
• ұстаздық  қабілет  (ұйымдастырушылық,  конустриктивтік,  коммуникативтік,  экспрессивтік,
персептивтік, академиялық, дидактикалық);
• кәсіптік білімі мен біліктілігі, мамандық ісіне төселіп, әдеп-дағдыларын қалыптастыруы.
2. Ұстаздық қызмет қыры мен сыры мол біртұтас гуманистік мамандық. Осындай қасиеттерді
өз бойына сіңіріп, игі мақсатқа ұмтылған кісі ғана аса құрметті мамандықты игере алады.
3.  Ұстаздың  тұлғалық  қасиеттері,  өзге  мамандар  мен  түрлі  қызмет  атқаратын  адамдардан
айырмашылығы мынадай қасиеттерімен ерекшеленеді:
• ұстаздың  шәкірттерге  деген  ықылас-ынтасы,  балаларға  сүйіспеншілігі  мен  жанашырлық
көзқарасы; -ұстаздың ұстамдылығы мен байсалдылығы, мінез-құлқын, сезім күйін билей алуы;
• мұғалімнің  жан  дүниесінің  тебіреністері  мен  көңіл-күйін  басқара  аларлық  өзіне-өзінің
сыншылдық көзқарасы;
• ұстазға жарасымды осындай қасиеттер ғана оның кісілігі мен мамандыққа тән қабілеттілігін
білдіретін сапалар деп бағаланады.
Ұстаз шәкіртінің білімін шыңдаушы, білімнің биігіне қанат қағып, талай асуларды бағындыру
жолындағы демеушісі  әрі қолдаушысы екені баршаға аян. Күнделікті күйбең тірлікпен шектелмей
қомақты шаруаларға ден қойды. Бұл арада екі жағдайды бөліп көрсеткен жөн. Біріншіден, жастарды
тәрбиелеуде, олардың ой-өрісінің берік қалыптасуында кітап арқалар жүктің салмақтылығын жете
түсінді. Балалар үйінің кітапханасы күн сайын жаңа әдебиеттермен толықтырылды. Жас буын ақыл-
ойының  іргетасы    қалануында  білім  бұлағы  кітаптың  әсер,  ықпалы  нысанаға  алынады.  Түрлі
қызметтер атқара жүріп, 1967 жылы  кандидаттық  диссертациясын  қорғаған. «Крупская атындағы
Семей педагогикалық  институтының тарихы», «Қазақстандағы алғашқы педагогикалық оқу орыны»
тақырыптарында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысты.
Қандай қызметте жүрсе де Жұмағали  Есекейұлының бойында ұстаздықтың таразысы басым
болды. Осы оқу орнында көп жылдар бойы Крупская атындағы Семей педагогикалық  институтының

83
педагогика және  психология кафедрасында  оқытушы, аға оқытушы, доцент қызметін атқарды.
Жұмағали Есекейұлы студенттерге «Педагогика», «Педагогика тарихы», «Педагогикалық шеберлік»
пәндерінен дәріс оқыған. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарында (ИУУ) дәрістер оқып,жас
мамандарға кеңестер беріп отырды.
Мыңдаған шәкірт тәрбиелеп, ғылымға сүбелі үлес қосып келе жатқан қазақтың осындай шоқтығы
биік  азаматтарының  болуы  біз  үшін  үлкен  мақтаныш,  зор  мәртебе.  Семей  қаласының  Шәкәрім
атындағы  мемлекеттік  университетінде  Жұмағали  Есекейұлының  есімі  ерекше  мақтанышпен
аталады.
A tutor profession master
M.Z. Zhanbobekova
Esekeyev Zhumagali Yesekeyuly worked for Semey Pedagogical Institute in a pedagogy and psychology
department. Also he trained a lot of students into scholars.
Мастер учительского труда
М.З. Жанбобекова
В данной статье говорится об Есекееве Жумагали Есекеевиче, трудившемся долгие годы на
кафедре  педагогики  и  психологии  Семипалатинского  педагогического  института  имени  Н.К.
Крупской и внесшем значительный вклад в педагогическую науку.
УДК:378.124:004

1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал