Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 5.04 Kb.

бет8/19
Дата09.01.2017
өлшемі5.04 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19

М.С. Мырзақанов
Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының меңгерушісі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік универитетінің доценті
ҚР Суретшілер Одағының мүшесі
ҰСТАЗҒА ТАҒЗЫМ
Тәуелсіз Қазақ елінің бейнелеу өнеріндегі белгілі тұлға Әмірғазин Қайртай Жақыпұлының білім
беру саласын дамытуға, сапалы мамандар даярлауға, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге
үлес қосқан азамат екендігі айтылады.
Дамыған  50  елдiң  қатарындағы  елдермен  бiрге  iргелi  ел  болуға,  ұлт
болып қалуымызға, мемлекеттiк тiлдi, халқымыздың тарихын, мәдениетiн,
өнерiн бiлетiн, қазақтың жанын ұға алатын, елiнiң саясатынан хабардар
өз саласының бәсекеге төтеп бере алатын нағыз маманын дайындау қазiргi
елбасымыздың  өнер,  білім  салаларына  қойып  отырған  негізгі  талабы.
Ендеше осы қойылып отырған міндеттерді шешуде балаларды өнермен
сусындататын бейнелеу өнерiнің маңызы өте зор.
Бейнелеу өнері – ұлттық мәдениеттің өркендеу үдерісінде өзіндік орны
бар,  халықтың  рухын  арттыратын  шығармашылық  саланың  бірі.  Оның
түрлі  жанрлары:  графика,  керамика,  мүсін,  қолөнер,  тоқыма,  сәулет,
зергерлік, т.б. өзара біріге отырып, синтездік өнерді құрайды. Бұл өнердің аталған бағыттарында
өздерінің  таланты  мен  шеберлігін  танытып  жүрген  өнерпаздар  аз  емес.  Тәуелсіз  Қазақ  елінің
бейнелеу өнеріндегі сондай белгілі тұлғаның бірі Әмірғазин Қайртай Жақыпұлы. Оны көпшілік
білім  беру  саласын  дамытуға,  сапалы  мамандарды  даярлауға,  жастарды  патриоттық  рухта
тәрбиелеуге  үлес  қосып  жүрген  зиялы  азамат  ретінде  таниды.  Өмір  жолында  еңбексүйгіштік,
қоғамдық белсенділікпен ерекшеленіп, нағыз азаматтық қасиеттерге ие болған ол – тұлға ретінде
халқының игілігіне бөленіп, қызметтің ең қызықты да қиын салаларын атқарып отырған абыройлы
ұстаз.
Әңгімемізге  арқау  болып  отырған  ұлттық  кескіндеме  өнерінің  майталманы,  еліміздің  кәсіби
бейнелеу өнерінің негізін қалаушылардың бірі, тума талант иесі Қайртай Жақыпұлы – педагогика
ғылымдарының докторы, профессор. Ол 1949 жылы мамыражай мамыр айында Семей облысының
Аягөз ауданындағы Ақшатау ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Аягөз қаласының № 244 жалпы
білім беретін орта мектепті бітіріп, Н.К. Крупская атындағы Семей мемлекеттік педагогикалық
институтының студенті атанады. Студенттік өмірдің үшінші жылында В.И. Ленин атындағы Мәскеу
мемлекеттік  педагогикалық институтының  көркемөнер факультетінің  үшінші курсына  ауысады.

68
1972 жылы Кеңес Армиясы қарулы күштерінің қатарында екі жыл отан алдындағы әскери борышын
өтеп, 1977 жылы институтты тәмәмдайды. Мәскеу институтын бітіріп келген соң ол өзінің алғашқы
еңбек  жолдарын  Н.К.  Крупская  атындағы  Семей  мемлекеттік  педагогикалық  институтының
жалпытехникалық пәндер мен қолданбалы өнер кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарудан
бастады.  1980-1984  жылдар  аралығында  Қайртай  Жақыпұлы  өзі  оқыған  Мәскеу  мемлекеттік
педагогикалық институтындағы қолданбалы сәндік өнер кафедрасы жанындағы аспирантурада оқып,
кандидаттық  диссертациясын  сәтті  қорғап  шықты.  1985-1990  жылдар  аралығында  Семей
педагогикалық инситутының көркем сурет факультетіне жетекшілік етті. Декандық қызметті атқарып
жүрген жылдары ол студенттердің ақылшысы, болашақты дұрыс меңзеп бағыт беруші ұстазы бола
білді. Ол өзінің талантты да талапты шәкірттерімен мақтанады. Олардың өнердегі жолына үнемі
бағыт-бағлар беріп қана қоймай, үнемі ізденіс жолында жүрулеріне ынталандырып отырады. Ал
шәкірттері  болса,  өз  ісінің  білгірі  атанған  ұстаздарының  қашанда  көңілінен  шығып,  қуантуға
тырысады. Бүгінгі таңда оның одан дәріс алған шәкірттері еліміздің барлық салаларында еңбек
атқаруда. Еліміздің ұлттық өнерін дамытуда өз үлестерін қосып жүрген азаматтар К.А. Мұхамадиев,
В.Г. Гостев, Ж. Ерғазин, Ж. Азаматов, С. Насымбеков, Т. Айдаболов, Т. Татиев, Б.Ш .Дүйсенбаев,
А.Б. Байғалиев,  И.В. Дядов, М. Лобадин  және т. басқалар  Қайртай аға біздің екінші  әкеміз деп
мақтаныш тұтады. Ол Семей педагогикалық институтының кәсіподағының төрағасы ретінде талай
оқытушылар  мен  студенттерге  қамқорлық  көрсете  білді.  1993-1996  жылдары  Қазақ  Ұлттық
мемлекеттік  көркем  академиясының  оқу-тәрбие  жұмыстары  жөніндегі  проректоры  қызметін
атқарды.  1996  жылы  Мәскеуде  докторлық  диссертациясын  сәтті  қорғады.  Қайртай  Жақыпұлы
бейнелеу өнері ғылымын дамытуға ат салысып, осы аралықта он бестен астам ғылым кандидаттарын
даярлады.
Өмірдің әрбір тетігіне кірпіш болып қаланып, өнер әлемінің биік шыңын бағындырған, сол өнер
өлкесінде өзіндік қолтаңбаларын қалдырып жүрген Қайртай аға қазақ тарихында таңбалы орны
бар жандардың бірі. «Өнер» дейтін киелі де, ғажайып дүниенің тізгінін ұстап, содан қасиетті тұмар
таққан  оның  мәдениет  майданындағы  іздерінің  асыл  екенін  білеміз.  Ол  бейнелеу  өнерінің
маңыздылығы туралы былай дейді: «...Бейнелеу өнері сурет салуды үйретумен қатар, халқымыздың
ұлттық шығармашылық туындыларын талдай бiлудi, сол арқылы балалардың көркемдiк талғамын,
ұлтжандылық сезімін қалыптастырады. Күндегi өмiрде ұлттық өнеріміздің қол өнер туындыларын
қанша  тұрып  байқап  қарағанмен,  кейде  ересек  адамның  өзi,  сол  тамашалап  тұрған  өнер
туындысының мағанасын өз деңгейiнде толық түсiне алмайды. Қазiргi уақытта батыс өнеріне деген
жастардың қызығушылығы, бейнелеу өнерiнiң неше түрлi бағыттарына еліктеу етек алып отыр,
сондықтан  өнер туындыларын  дұрыс  талдай  бiле отырып  оған  баға  беру қажет...».  Қайртай  аға
үшін  білімді  бағалау  кезiнде  оның  табиғи  мүмкiншiлiгiн  ескерiп,  әрбiр  салған  баланың  суретiн
шығармашылық туынды ретiнде қарауын басты назарда алу ең негізгі талап болып саналады. Ол
бейнелеу  өнерi  пәнiндегi  затқа  қарап  салу,  тақырыпқа  байланысты  композиция  орындау,  сәндiк
сурет  сабақтарында  берiлетiн  тапсырмалар,  бiр-бiрiмен  өзара  байланыста  болуы  басты  шарт.
Осындай талаптарды жоғары деңгейде орындау пән мұғаліміне тікелей байланысты деп санайды.
Тұлғаның адами қасиетін, еліне, туған жеріне деген махаббатын оның әр туындысынан көруге
болады. Оның шығармаларынан өз халқына деген сүйіспеншілік әрдайым менмұндалап тұрады.
Ол табиғатынан дарынды, қарапайым, мәдениетті адам. Оның осындай қасиеттерін ғылымдағы,
өнердегі, өмірдегі аға буын әріптестері: Ғ. Есім, А.С. Еспенбетов, М.В. Корешков, Л.Г. Медведев,
Н.Қ. Қалиев, Ұ.Ш. Ибраимов, Қ. Ералин, Д. Шоқпарұлы, Е.Қ. Есенжолов, С.М. Бөрбасов және т.б.
ерекше  бағалайды.  Ол  ішкі  жан  дүниесінің  байлығын  және  ашықтығын  шығармалары  арқылы
көрерменге  паш  етті.  Өмір  жолындағы  барлық  ауыртпашылықтарға  қарсы  тұра  білді.  Өнердің
тарихпен  бірге  жүретінін  ескерсек,  суретші  туындылары  өз  заманындағы  болып  жатқан
жаңалықтарға  лық  толы  екенін  және  де  жарқын  болашаққа  деген  сенімділікке  жетелейтінін
көрсетеді.

69
Күн санап көркейіп, ғаламдық өркениетке құлаш ұрған заманда қазіргі заман талабына кәсіптік
деңгейі  де,  мамандық  шеберлігі  де  сай  болғандықтан,  Ресейдің  Омбы  қаласындағы  көркем
техникалық  колледжді  абыроймен  басқарып  келеді.  Бүгінгі  биіктен  тұрып  қарасақ,  өткен
жылдардағы жүзеге асқан ауқымды істер өз кезегімен, оңай атқарыла қалған секілді көрінеді. Соны
бастама, тың идея, жаңа ізденістер ескерусіз қалмай ол Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігінің  тарапынан  «Ғылым  саласының  құрметті  қызметкері»,  «Ресей  Федерациясының
бастапқы  кәсіби  білім  беру  саласының  құрметті  қызметкері»  төс  белгілерімен  марапатталды.
Қиындықтарға еш мойымай тек алға ғана жылжу қажет деген қағиданы туы етіп алған ол талмай
еңбек етуде.
Дана Абай «Қазақтың қолөнерлісі-қазақтың әулиесі» деген. «Байлық жұтайды, білім өзгеріске
түсіп отырады, ал нағыз өнер туындысы-мәңгілік құндылық» деп бұл ойға академик Ғарифолла
Есім  өз  пікірін  қосады.  Ұлттық  өнерді  дамыту  үшін  отандық  өнертануды  қалыптастыру  қажет.
Міне осы салада Қайртай Жақыпұлы бірнеше ғылыми туындыларды жарыққа шығарды, соның
ішінде  «Теоретические  основы  и  методика  обучения  школьников  казахскому  декоративно-
прикладному искусству», «Развитите и модернизация художественного образования Омской области»
атты монографиялары оның өнер саласы, соның ішінде қолданбалы сәндік өнерді насихаттаудағы
еңбек жолының бір дәлелі. Қайртай Жақыпұлын Ресейдің Омбы қаласында қазақтың қолданбалы
сәндік өнерінің қырларын танытып жүрген педагог-ғалым десек артық айтпаған болармыз. Оның
бойынан ұлтжандылықты, өмірге деген сергек құлшынысты байқай аламыз. Мен үшін өнертану
біліміне аяқ басқан кезден бастап есімде жатталып қалған, көңіліме ерекше ұялаған өнер әлеміндегі
есімнің бірі – Қайртай аға. Сурет өнеріне құмарлығымның артуына, өнерге байланысты ғылыми
көзқарасымның қалыптасып, дамуында осы кісінің өзіндік еңбегі бар. Менің сурет өнеріне деген
құмарлығымды байқаған ол небір кітаптар,  атақты суретшілердің туындылары топтастырылған
буклеттер әкеліп беретін. Менің қолөнер саласынан білгендерімнің барлығы осы кісінің қасында
жүргенде түрленіп, әрленіп тұрғандай сезілетін, себебі ол қазақтың сәндік қолданбалы өнері туралы
толғаныспен көп айтатын. Бұл адамның қасында жүріп мен көп нәрсені көкейге тұттым, көп нәрсені
үйрендім. Бірде ол мені өзінің ғылым саласындағы жетекшісі қолданбалы сәнді өнер және дизайн
саласындағы атақты мамандардың бірі, педагогика ғылымдарының докторы, Ресей Федерациясы
Ғылым  Академиясының  корреспондент  мүшесі  профессор  Нишумов  Борис  Михайловичпен
таныстырды. Кандидаттық диссертациямды даярлау барысында аталмыш ғалымнан өнер туралы
бай мұра алдым десем де болады. Міне өзі ғана емес, өзгелермен де табыстыра жүретін Қайртай
аға осындай.
Спорт десе ішкен асын жерге қоятын ол мені спортқа да тартты, ол грек-рим күресінің спорт
шебері. Грек-рим күресіне қатысып біраз жер араладық, жаңа таныстықтар таптық. Барған жерлерде
өнерді еш ұмытпай, насихаттап жүретін оның әнге деген де құштарлығы басым. Абайдың «Айттым
сәлем Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы» әндерін құйқылжыта орындайды
және басқалардың орындауындағы әндерді әсерлі бір сезіммен тыңдайды. Ол: «Қазір халықтың
талғамы жоғары, дайындаған дүниеге сын көзбен қарайды. Сондықтан үнемі көрермен талғамына
сай дүниелерді әзірлеу, сұранысты қанағаттандыру үшін көп ізденіс керек», – дейді. Қазіргі заманғы
жаһандану үрдістері ықпалы нәтижесінде өзгеріске ұшыраған «әлем бет бейнесіндегі» Қазақстанның
өркениеттілік даму заңдылығын түйсіну, бүгінгі адамзаттың қай-қайсысын болсын ойға жетелеген
өзін-өзі тану, өз парқын бағалау секілді сауалдарға жауап алуда ұстазымның аз да болса септігін
тигізері сөзсіз.
Қайртай Жақыпұлы адал жар, абзал әке, мейірімді ата. Жан жары Бақытгүл әпкемізбен тату-
тәтті отбасында Арман, Ерлан атты ұлдарды тәрбиелеп шаңырағын мәуелі баққа айналдырып отыр.
Ұлдарын ғылым саласына баулыса, немересі Асқар атасының жолын жалғастыруда. Ақ халатты
абзал жан Бақытгүл әпкемізмен сыйласымдығы гүл біткен жақсы қасиеттері қандай қиыншылықты
болса да жеңуге болатыны сенімділік тудырады. Береке бірлік бар жерде тірлік бар екеніне көз

70
жеткізеді.  Ол  отбасылық  бақытты  зор  санайды,  бәрі  отбасынан  басталады  дейді.  Өз  өміріндегі
басты оқиғалардың бірі отау құруым деп мақтана айтады. Салауатты өмір салтын өзі ғана ұстанбай
оны насихаттап жүрген жандардың бірі.
«Ұстаз  еңбегін  диқан  тірлігімен  салыстыруға  болады»  –  дейді  халқымыз.  Қашан  да  диқан
көктемде жер төсіне сепкен дәнін ала жаздай баптап, күзде соның жемісін жинайды. Ұстаз да сол
сияқты. Қайртай аға ерінбей-жалықпай жинаған тәжірибеңіз уақыт өткен сайын өз нәтижесін беріп
жатыр, ылайым солай бола берсін.
Биылғы жылы білімнің қара шаңырағы Семей мемлекеттік педагогикалық институты 80 жылдық,
көркем өнер факультеті өзінің 45 жылдық мерей тойын атап өтпекші. Аталмыш  білім ордасының,
факультеттің тарихында өзіндік қолтаңбасын қалдырған менің осындай ұстазымды жаңа буын да
біле жүрер деген сеніммен оған тағзым етемін.
Bow to the teacher
M.S. Mirzakanov
The article gives data of a significant figure in the field of fine art of independent Kazakhstan – Amirgazin
K.Zh. mainly article accentuates the reader’s attention on his professional activity and contribution into
education development as well as training qualified specialists, and upbringing patriotic youth.
Поклон учителю
М.С. Мырзаканов
В статье говорится о важной фигуре в изобразительном искусстве независимого Казахстана
– Амиргазине К.Ж.; его профессиональном и творческом пути, его вкладе в развитие образования,
подготовку качественных специалистов, патриотическое воспитание молодежи.
УДК: 378.124:53
С.С. Маусымбаев
Заведующий кафедрой физики, д.п.н., профессор
Государственный университет имени Шакарима г. Семей
СМЫСЛ ЕГО ЖИЗНИ – ФИЗИКА
В статье рассказывается о научно-педагогической деятельности выпускника 1976 года СГПИ
Мукушева Базарбека Агзашулы, его научных пристрастиях и достижениях, его педагогических и
личных качествах.
  Мукушев  Базарбек  Агзашулы  –  выпускник  1976  года  Семипалатинского  государственного
педагогического института, ныне и.о. профессора кафедры физики Государственного университета
им. Шакарима г. Семей.
Базарбек Агзашулы после окончания института работал учителем физики в сельских школах
Семипалатинской  области.  Будучи  учителем,  он  занимался  научными  исследованиями,
посвященными методике преподавания физики. Его проблемные статьи опубликовались в различных
научных  журналах  республиканского  и  всесоюзного  масштаба.  Основными  направлениями  его
научной деятельности стали воспитание одаренных детей по физико-математическим направлениям,
организация различных научно-технических кружков в средней школе, решение проблем подготовки

71
школьников к физическим олимпиадам и др.
Научно-педагогическая  деятельность  Б.А.  Мукушева
была  замечена  руководством  Семипалатинского
государственного  педагогического  института,  и  он  был
приглашен в качестве преподавателя на кафедру физики.
В  1988  году  Базарбек  Агзашулы  поступил  в  очную
аспирантуру института содержания и методов обучения при
АПН  (г.  Москва)  и  в  1991  году  защитил  кандидатскую
диссертацию на тему «Система задач как средство обучения
методам  теоретического  исследования  в  классах
физического профиля». Основные положения диссертации
посвящены  вопросам  конструирования  содержания
учебных  физических  задач  в  классах  с  углубленным
изучением физики.
В 2006 году защитил докторскую диссертацию на тему
«Теоретические  основы  формирования  синергетической
культуры  учащейся  молодежи»,  в  которой  впервые  в
научном пространстве СНГ исследованы возможности внедрения теории синергетики в содержание
обучения средней и высшей школы. По проблемам исследования было опубликовано более 120
статей, 3 монографии и 10 учебных пособий. Замечателен тот факт, что значительная доля трудов
напечатана в ведущих изданиях Казахстана, России, Украины и США.
Совместно со студентами создан комплекс оборудования, позволяющий исследовать физические
процессы  в  различных  нелинейных  системах.  Им  составлены  уникальные  программы  для
электронной  вычислительной  машины,  с  помощью  которых  можно  моделировать  сложные
природные процессы. Научные разработки Б. Мукушева запатентованы и широко применяются  в
различных сферах современной науки. Базарбек Агзашулы занимается составлением оригинальных
физических задач для олимпиад различного уровня, получивших название среди ученых-физиков –
«мукушевские  задачи».  В  настоящее  время  он  активно  занимается  проблемами  применения
теоретических  и  практических  методов  физики  и  информатики  в  исследовании  общественных
процессов.
Базарбек  Агзашулы  –  обладатель  гранта  конкурса  «Лучший  преподаватель  вуза»,  который
ежегодно проводится Министерством образования и науки Республики Казахстан. Он дважды стал
обладателем этого гранта – в 2007 и 2012 гг. Основные требования к соискателю этой номинации
заключаются в том, что он должен иметь солидные теоретические и прикладные научные результаты,
результаты  учебно-воспитательной  деятельности  в  вузе,  а  также  педагогические  достижения
инновационнного характера.
Активный  пропагандист  достижений  естественно-математических  наук  в  информационном
пространстве Казахстана и СНГ, Б.А. Мукушев целенаправленно занимается исследованием проблем
внедрения их теоретических результатов в технику. Он также пробует свои силы в публицистике.
Его проблемные статьи, написанные на казахском и русском языках, систематически печатаются
на страницах газет «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Семей таны», «Вести Семей» и
др. Перечислим некоторые статьи, опубликованные в этих газетах: «Дарынды балаларды тәрбиелеу
жайы қалай?», «Назарбаев зияткерлiк мектебi әлемдiк бiлiм кеңiстiгiнде», «Наука отроков питает»,
«Семейге  дарынды  балаларға  арналған  мектеп  керек  пе?»,  «Влюбленный  в  физику»  и  др.
Лейтмотивом этих статей являются проблемы изучения естественнонаучных дисциплин в средней
и высшей школе, формирования подрастающего поколения с технической подготовкой и воспитания
молодежи в духе современной науки.
После  досрочной  защиты  кандидатской  диссертации  в  Москве  в  1991  году,  вернувшись  в

72
суверенный Казахстан, Базарбек Агзашулы с единомышленниками сразу взялся решать вопросы,
связанные с привлечением молодежи в науку и технику.
Под его руководством один соскатель защитил кандидатскую диссертацию по педагогической
науке.  Одним  из  инициаторов  открытия  «Назарбаев  интеллектуальной  школы  физико-
математического направления» на семейской земле является Базарбек Агзашулы.
Он  –  бессменный  руководитель  олимпийского  резерва  школьников  по  физике.  Его  ученики
неизменно демонстрируют глубокие знания по физике в различных международных олимпиадах и
возвращаются на родину всегда с медалями. Здесь уместно отметить некоторые научные достижения
семейских  детей,  участвовавших  в  различных  состязаниях  в  разных  областях  знаний.  Жанибек
Альпишев – обладатель бронзовой медали Международной олимпиады школьников по физике в
Италии  (1999  г.),  зачислен  без  вступительного  экзамена  в  студенты  Физико-технического
университета  г.  Москвы.  Ныне  он  является  доктором  физики  и  работает  в  одном  из  научно-
исследовательских  институтов  США.  Рафаэль  Мавлюкеев  –  обладатель  бронзовой  медали
Международной  олимпиады  по  физике  в  Индонезии  (2002  г.).  Аскаров  Даулет  –  обладатель
серебряной медали Международной олимпиады по физике в Испании (2005 г.).
Более  30  учеников  школ  городов  Семей,  Павлодар  и  Усть-Каменогорск  стали  призерами
республиканских и международных конкурсов по защите научных проектов, которые посвящены
решению  актуальных  вопросов  физики,  математики,  информатики,  экономики,  экологии  и
лингвистики.  Из  этих  проектов  большую  научную  ценность  представляют  следующие  работы:
«Движение тел в поле центральной силы» (физика), «Создание искусственной гравитации в условиях
космоса»  (космическая  техника),  «Решение  геометрических  задач  барицентрическим  методом»
(математика),  «Математическая  модель  финансовой  пирамиды»  (прикладная  математика),
«Практическое  применение  формулы  Шеннона»  (информатика),  «Финансовый  рынок:
экономический и математический анализ» (математическая экономика), «Гидродинамический метод
очистки водоема от загрязнения» (экология), «Распознавание тайнописей в произведениях Конана
Дойля» (лингвистика) и др.
Базарбек  Агзашулы  принимает  активное  участие  в  подготовке  студентов  к  предметным
олимпиадам и защите научных работ на различных конкурсах. В настоящее время 9 его студентов
являются  призерами  республиканских  олимпиад  по  физике  и  5  студентов  –  призерами  защиты
научных работ. Следующие работы можно отнести к лучшим исследованиям: «Измерение магнитной
индукции Земли», «Исследование геофизических процессов посредством компьютерной техники и
др.
Наш Базеке – хороший музыкант (гитарист), ему не чужды поэзия и проза. Поражает широта его
кругозора. Он уместно цитирует великого Абая применительно к вопросам воспитания молодежи,
проблемам науки и человечества.
Но Базарбек Агзашулы больше всего любит физику. Все, что связано с физикой, стало смылом и
образом его жизни.
«Спасибо  Всевышнему  за  то,  что  Он  сотворил  именно  такой  мир,  где  есть  Физика.  По  этой
причине я никогда не скучаю… Для меня, – говорит он, – главный смысл жизни заключается в том,
чтобы  мои  воспитанники  опережали  меня,  то  есть  чтобы  они  профессионально  владели  всеми
возможностями  физических  и  других  естественных  наук,  и  в  то  же  время  были  истинными
патриотами суверенного Казахстана»
Meaning of his life - Physics
S.S. Mausymbaev
The scientific and pedagogical activities of the graduate of 1976 of Semipalatinsk State Pedagogical
Institute Mukushev Bazarbek Agzashuly, his scientific passions and achievements, his teaching and personal
qualities are described in this article.

73
Физика – оның өмірінің мәні
С.С. Маусымбаев
Мақалада Семей мемлекеттік  педагогикалық институтының 1976 жылғы  түлегі Мұқышев
Базарбек  Ағзашұлының  ғылыми-педагогикалық  жетістіктері,  оның  педагог  әрі  тұлға  болып
қалыптасып өсу жолы туралы баяндалған.
УДК: 378.124:811
Л.Қ. Мейрамбекова, А.Н. Қойлыбаева
Шетел филологиясы кафедрасының оқытушылары
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік универитеті
ҰСТАЗҒА БАС ИЕЙІК
Ғ.Қ.  Исмаилованың  жоғары  кәсіби  шебер  маман,  кафедра  ісіне  берілген  басшы  екендігі
баяндалған.
Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең! – деп айта отырып
біз  бүгін  Семей  қаласының  Шәкәрім  атындағы  мемлекеттік
университетінің  шетел  филология  кафедрасының  ірге  тасын  қалаушы
Исмаилова Ғайнигул Қабидуллақызы жайлы сөз етпекпіз.
Ғайнигул Қабидуллақызы  атаулы университетте 1981 жылдан бастап
еңбек атқарып келеді. Еңбек жолында жоғары білім беру жүйесінде қызмет
атқарғаннан бері өзін тәжірибелі маман, кәсіби педагог, шығармашылық
тұлға ретінде көрсетіп келеді және шетел тілдерін оқыту үрдісінде қазіргі заманауи әдістерді белсенді
түрде еңгізуде.
Сонымен қатар  өзінің еңбек өтілі барысында көптеген ғылыми еңбектер жаза отырып, Қазақстан
Республикасының білім министрлігінен бірнеше марапатқа ие болды. Білім беру барысында ерінбей
еңбегін ерен еткен Гайнигул Қабидуллақызының бірнеше ғылыми монографиялық еңбектері жарық
көрді.  Сонымен  қатар  жоғары  білім  беру  саласында    алыс  және  жақын  шет  елдерде  ғылыми
мақалалар,  республикалық  әдістемелік  орталықта  студенттерге  және  магистранттарға  арналған
электронды сөздіктері де ғылыми еңбектің санында. Мысалы  ТМД елдерінің ғалымдарына арналған
«Nauka I studia» (Польша), «Наука и образование» (Днепропетровск, Украина)  жинағында  өзінің
ғылыми  еңбектерін  жариялады.  50-  ден  астам  мақалалары,  5  оқу-әдістемелік  құралдары  мен
жинақтары, сондай-ақ , электрондық  «Қаржы-несие терминологиясының идеографиялық сөздігі
(ағылшын,  орыс,  қазақ,  неміс  тілдері  материалдары  бойынша)»  жарық  көрді.  Ғылыми
ізденпаздылығымен көзге түсіп жүрген ғалымдардың бірі.
2011 жылдың желтоқсан айында «Тәуелсіздікке 15 жыл» мерекесіне қарсы «Жоғары білім берудегі
озат оқытушы» медалімен марапатталды.
Жігері мен жалындылығын үнемі ізденіске арнайтын, өзінің қойған мақсатына жетуге тырысатын
талапты  жандардың  бірі  екендігін  тағы  бір  мойындатқан  жетістіктерінің  бірі  –  биылғы  жылы
Қазақстан Республикаысның ұйымдастырумен өткен «Жоғары оқу орынының үздік оқытушысы»

74
атты сайыста үздіктердің қатарынан көрінді, білім министірі Саринжипов А. құттықтап, медальмен
мараппаттады.
Ғайнигул  Қабидоллақызы  тек  қана  университет  қабырғасында  ғана  емес,  сонымен  бірге
республикалық деңгейде Абылай хан атындағы КазХҚжӘТУ-дің «Шетел тілдері» мамандық тобы
бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің мүшесі, 2005-2008 жылдар аралығында ҰТО-
ның  апелляция  комиссиясының  төрағасы  ретінде  қатысты.  Осы  қызметі  үшін  ҰТО  мүдірі  И.
Сағындыкова алғыс хатпен марапаттады.
Осындай  жетістіктермен  бірге  –  инновациялық    жаңалықтарды  жүзеге  асыра  алатын  кәсіби
белсенді ғалым-педагог. Оқу үрдісінің тиімділігін арттыру үшін оқу материалын өте жақсы меңгеруге
бағытталған әртүрлі жұмыс түрлерін қолданады. Шет тілдер оқыту әдістемесін өте жақсы меңгерген,
ісіне шығармашылықпен қарайды. Өзінің педагогикалық және әдістемелік шеберлігін арттыруда
шет  тілдерді  оқыту  әдістемесінде  жаңа  ұсыныстар  мен  инновациалық  медиатехнологияларды:
компьютерлік WEB-тестілер, мультимедиялық презентацияларды, электронды оқулықтарды, бейне-
аудио таспаларды, интернеттегі оқыту сайттарын қолдана отырып, көп жұмыс істейді.
Ғайнигул Қабидоллақызы еңбек өтілін тек қана біліммен ұштастырмай, қала және университет
аясында өтетін жас мамандарды даярлау, тәрбиелеуге өз үлесін қосуда. Облыстық, республикалық
және қалалық сайыстарға жастарды патриоттық рухты тәрбиелеуге арналған сайыстарға жоғары
білімді етіп дайындауда.
Басқарушы қызметкер ретінде алдына қойған мақсатын дәл жоспарлап, жүзеге асыруды, әртүрлі
нұсқаларды қарастыра отырып, дұрыс шешім қабылдап, өзінің қабілетін көрсете алады. Туындайтын
мәселелерді бағалай алады, жан-жақты анықтайды, өзінің жұмыс жоспарын жоғарғы оқу орнының
жаңа талаптарына сай жаңартып отырады.
Исмаилова Г.К.-ның атқарған жұмыстары жоғары кәсіби маман және кафедра ісіне берілген басшы
екенін  көрсетеді.  Әрдайым  оптимизм    көрсетіп,  шыдамдылық  танытады,    жұмысқа  және
әріптестеріне жағымды қатынасты сақтай алады. Қоғамдық жұмыстарға үлкен жауапкершілікпен
қарайды. Өзіне және студенттерге талап қоя біледі.
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген. – деген өлең шумақтарын арнай отыра біз осындай білгір және
білімді ғалымның аясында қызмет атқарып жүргенімізді мақтан тұтамыз.
Let us bow our head in front of the teacher!
L.K. Meirambekova, A.N. Koilibayeva
G.K. Esmailova is the best professional master specialist. She is a leader that was given to the matter
of the department.
Давайте преклоним голову перед учителем!
Л.К. Мейрамбекова, А.Н. Койлыбаева
Статья посвящена заведующей кафедрой иностранной филологии, кандидату филологических
наук, победителю в номинации «Преподаватель года» – Исмаиловой Г.К.

75
УДК: 378.124:811

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал