Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 5.04 Kb.

бет6/19
Дата09.01.2017
өлшемі5.04 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Қ.С. Құрмамбаева
Ф.ғ.к., қазақ әдебиеті кафедрасының доценті м.а.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
ҚАРАУЫЛДА БІР АҚЫН
Мақаласында Филология факультетінің түлегі Төлеген Жанғалиев өлеңдеріндегі қоғамның ащы
шындығын  тәтті  өтіріктен  артық  санайтыны,  дүние  сырын,  ұлт  ожданын,  философиялық
түйіндерді (өз көзқарасымен) жазған.
Абай туған топырақ киелі де мәртебелі. Сондықтан бұл елден шыққан
кейінгі толқын ақындарға өнерге ынтызарлық бір жағынан мәртебе болса,
бір жағынан қиын, неге десек, елеусіз қалу қаупі күшті. Өйткені мұнда
ақындықты Абайдай алыппен өлшеуге жұртшылық әбден үйреніп алған.
Әлсіз  ақынды  мүлде  менсінбеу  тұрсын,  кісі  құрлы  көрмейді.  Жазушы
шықса Мұхтардың биігімен өлшеуге үйренген. Абайдан иісі қазақ атаулы
ақындығы асып тұрмаған соң бұл жердің ақындары өмір бәйгеде, өлең
кеңістікте қара үзіп келуден үмітті.
Әкем – ақын, ағам ақын, мен – ақын,
Тіліп түсер тілден тартқан жазасын.
Өлең жазып жарық сәуле түсірген,
Қара ниет кеуделерге қара түн.
Төлеген Жанғалиев «Ағайынға арыз» аталған өлеңінде мұның бір ұшығын айтатындай көрінеді.
Туған  ағасы  қазаққа  есімі  белгілі  ақын  –  Мерғали  Ибраев.  Төлеген  ағада  ардақты  аға  туралы
сағынышпен жазған жүрекжарды өлеңдері біршама.
Қазақстан  жазушылар  одағының  мүшесі,  Халықаралық  Жамбыл  қоры  және  облыс  әкімі
сыйлықтарының  лауреаты,  жазба  ақындардың  облыстық,  республикалық  мүшайраларының
жеңімпазы,  өңірдегі  іргелі  оқу  орындарының  бірі  болған  Cемей  мемлекеттік  педагогикалық
институтының түлегі Төлеген Жанғалиев.
Өмір бойы туған жері Қарауылда тұрып келе жатқан бұл ақынды ендігі Абай елінің бүгінгі абызы
десе артық айтқандық емес. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан рухани эстафетаны қазір Төлеген аға өз
қолына алды. Оны кешегі өткен Кәмен Оразалин сияқты қарт абыздан қабылдап алғандай әсері
бар.  Семейден  жер  кіндігі  Жидебайға,  өнер  өлке,  жыр  мекенге  ынтыға  көз  тігіп  отырған  мына
біздерге солай елестейтіні рас. Енді бұл киелі мекеннен қалам құдіретін алты алашына танытып,
ұрпақ сабақтастығын жалғастырар кім шығар екен деп күтеміз. Шыңғыстау – сөз қонған құт мекен,
исі қазаққа Абай, Мұхтар, Шәкәрім, Көкбай, Шәкір, Тыныштықбекпен танылған өнер ордасы болған

50
соң мирасқорлық үзілмей, жалғас табуы заңды.
Туы биік туған елге өкпем жоқ,
Халқыма да өкпе айтпаймын өктемдеп.
Көкбай құсап бере салам орнымды,
«Мә, ағайын, егер егін ексең»деп.
Сөйтіп, ақындықтың нар жүгін иығына салған Төлеген Жанғалиев «Мойындау» өлеңінде былайша
түйіндеуі шындық
Саналы ойға саңылаудан күн түспей,
Кеудемді жел осқылайды бишіктей.
Абай ата бол деп еді «бір кірпіш»,
Бола алатын жайым да жоқ кірпіштей....
Деп қоямын дерттің демін ауыр ап,
Жетім қозы-жүрек іште маңырап.
Жүріп өткен жолыңды айту – оңай-ау,
Артта қалған ізіңді айту – ауыр-ақ!
Төлеген  Жанғалиев  туған  жерден  алшақ  кеткісі  жоғын  «Тыныштықбекке  тыныстау»  аталған
өлеңінде әдемі ашқан.
Өзіңдей өлең үшін туған жанға,
Қажет-ақ Шәкәрімнің балағаны.
«Сылдыр бұлақ», «Кең бұлақ» керек саған,
Сылдырымен сырыңды сабақтаған.
Көк пен жерді көзіңе көрсете ме,
Қара түтін қалаға қонақтаған.
Ақын солай дей келе, ұлылар мекенінде туған өзінің осал еместігін тілге тиек етіп, түйіп өтуі
дұрыс:
«Көкбет жандар жер түгіл, көк тырнаған,
Дегеніне жетті ме?» – депсің маған.
Шалшық емес, мен, інім, шалқармын ғой,
Ал шалқарға ешқашан қақ тұрмаған.
Ақынның  жырлары  кейінгі  қазақ  қоғамының  ашы-тұщысын,  мұң-мұқтажын,  кем-кетігін
танытады, өз дәуірінің үнін үндейді. Өнер атаулы нарыққа пұл болмай, қаңтарылып, қажетсіз сезіліп,
қалыс қалған заман болды. Алақапшық арқалап жан сақтаумен кеткен қаймана жұрт өлеңді неғылсын
деген кері кеткен күндер азаймады. Қарны тойғанға мәз болуды ойлағандар асыл өнерді керексінбей
қор қылары баяғыдан белгілі емес пе еді. Адамға рухани азық тимесе жан дүние кірленіп, жүрген
жері оңбайды.
Қызыл тілім – қызыл жалау секілді,
Қазір менің қадірімді кетірді.
«Ақынмын» деп арқаланар жайым жоқ,
Ақымақтың сөзі бүгін өтімді.
Ақын жалқау тартқан ауылдасқа, ырду-дырдуды малданған елге, қоғамын билей алмаған қазіргі
пәс қазаққа ренжіп, қаламдас ініге жүректен шер төгіп алып, өзін былайша жұбатады:
Мейлі жұрт «тасыр» десін, «асыл» десін,
Жалғасып алғы күнге жатыр көшім.
Өлеңімнің ғұмыры ұзақ болсын,
Өлеңі оқылмаған ақын жетім!
Сөйтіп, ақындықтың сырын жыр шумағымен бір сездірген Төлеген Жанғалиев қазақ жадына
зияны  тиіп  жүрген,  әйтпесе  қан  тазалығы  үшін  баяғы  ата-бабаларымыз  ұстанған  шежірелік

51
дүниетанымды қазіргі заманда теріс қолданып, қара бастың қамына салып жіберген топастыққа
«Қыжыл» өлеңінде жаны кейіп, жыр төгеді. Бұрынғы «Арғын, Найман жиылса, таңырқаған сөзіме»
деген Абай хакімнің сөз саптауына сүйеніп, сөзін сабақтайды.
Найман да емен, Тобықты, Арғын да емен,
Ата-текті сұраса болдым керең.
Ұлы Абайдың елінің баласымын,
Уысынан шықпайтын айбынды өлең.
Ру деген ұғым жоқ ақындарда,
Ұлтынан басқаға олар бас ұрған?
«Бірің – қазақ, бірің – дос бол» деді Абай,
Ата сөзін аттауға қақым бар ма?
...Ата жолын қуғансып, қулық сауған,
Ала қарға адамдар арам қатсын!
Төлеген ақын өлеңдерінде бір үміт, бір күдік ай мен күндей алмасады. Мынау ақылын ақша
билеп алған заманның сұрқы есті жанға ұнамайды. Жалғаны көп нәрсіздік ел ішін жайлап алды.
Береке-бақ жалғанға неге тұрақтайды. Мұндай құсаны Төлеген ақын «Құдай бізді ұмытты» деп
налып атайды. Құдай емес, иман мен адалдықты дұрыс бағалай алмаған қазақ өзі кінәлі шығар.
Құдай бізді ұмытты,
Ертеңі жоқ ел ме едік.
Бұрыс еттік дұрысты,
Дұрыстығын көз көріп.
Абай абыз өзегі өртеніп айтқанда түзелмеген қазақтың мінезі әлі түзелмеді. Жан-жақтан қазақты
жұтып жібергісі бар арандар аз ба еді? Соның бірі дін жамылған бетперде.
Діндарларың дін ұстар
Ділмарсиды құрансыз.
Молдаға да күдік бар,
Молда болмас күмәнсіз.
Ақынның бұлай шамырқануы ақша деген соқыр күштің күллі рухы әлі жетілмеген жаңа қоғамды
түгелдей билеп-төстеп алуы. Нарыққа дайын емес халықтың наласы, жас баладай қорғансыздығы
жанына батады. «Сат!!!» деген нала өлең осыған дәлел. Жердің сатылуы, сатымға түскен құнарлы,
киелі дүниені көру ақынға екі бастан жан төзгісіз ауыр.
Елінің күйзелісін көрген ақын иман, дін туралы жырлар жазуы оң тірлік сенімнің кілті сияқты.
Кешегі атом сынағы 40 жыл өлім шашқан басына бағы тайған өлкеде адамдар тағдыры тығырыққа
тірелді.  Атом  кесапаты  сауды  ауру,  дерттіні  беймезгіл  ажал  құштырды.  Төлеген  Жанғалиев
поэзиясының әр парағында «Заман-ай»» делінген, атом полигоны құрсаулаған қазақ ұлтының зары
тұратыны  сондықтан.  Ақын  бұл  сұмдыққа  қарсылығын,  наразылығын  «Астапыралла»  деп  жыр
қылып айтуы заңды құбылыс.
Ажарын атом бұзып тозған дала,
Қалың елге әперсін қайдан баға,
Пушкиндей мәңгі өмір сүрер едің,
Неге тудың қазақ боп қайран баба!
Абай рухына арыз айту полигон жұтын қоюлата, темір ноқтаның тегеурінін қыса түседі.
Тегінде полигон тақырыбы Абай ауданынан шыққан ақын-жазушылардың шығармаларында бар,
ауыр, құсалы тақырып. «Атылған көл», полигон араны ұлғайған сайын мұндағы өмір қорлыққа
түсті.  Мүгедек,  кем  туған  балалардың  көз  жасын  өлеңге  салу  шынымен  ауыр  емес  пе.  Ұясы
талқандалған құс сияқты отбасылар көбейгенін ақын күйініп айтуын оқырман күйіне оқиды.
Арақ иісі, темекі ысы басқан,
Аузынан запыран мен құсық аққан.

52
Алба-жұлба қобырап Ажар жатыр,
Ал, сәбилер жылайды құты қашқан.
Шеше ғана емес, көкжөтел әке де мас. Береке жоқ, бағы қашқан бұл екеудің қара басына төнген
кері кету екі баласын қоса шарпып тұрған жоқ па, оның обалы кімге?! Олардың соры кімге? Қазақтың
әр ауылында осындай отбасылар кездеседі. Неге?
Сондықтан  туған  елін  жамандықтан,  кеселден,  имансыздықтан  құтқаруға  себі  тисін  деген
ақындық жүрекпен Төлеген Жанғалиев діни астары терең, насихатқа үндейтін, себебі дін әуелден
насихат, Құран аяттары мен Абайдан эпиграф алынған жырлар жазды. «Біз жұмаққа бармаймыз»,
«Қадір түнгі тілек» ақынның жүрек үнін де, қазіргі қазақты толғантқан ой, мүдде, мұратты да бір
лекте ашып тұрғаны рас. Бір жағынан қазағым ақ пен қараны ажырата алмай, қорлықта кетпесін
деген Абайдың асыл өсиетіне үн қосу.
Өтірікке бүгін өріс бермеймін,
Өкіргенше ертең барып көрімде!
Бір қызығы осы өлеңнен оның қазақы мінезі көрініп қалады. Қазақтың құдайға сенуі бір басқа,
өтірік мүләйімсуді ұнатпайды.
Баршаңызға аят, сүре жаттауға,
Ауыз бармас азан айтып қақсауға.
Барым да осы, жоғым да ағайын,
Алладан да сұрамаймын бассауға.
Қазақтың ұлттық мінезі көркейсе, баяғы салтанатын тауып ерліктің үлгісі болған ескі бекзаттықты
қайта тапса, халық болып толысса деген ақ тілек ақынның әр өлеңінен қылаң береді.
Абай елінен шығу ақынға үнемі бір ой салады. Соны ол әрі қуана, әрі сенімді ақтасам деп жыр
жазатындай көрінеді.
Ұрпағы болғаннан соң ұлы Абайдың,
Еңбегіме еш ақы сұрамаймын.
Көп өлеңім көш бастап жүр әнекей,
Көзіндей мөлдіреген құралайдың.
Хан-Шыңғыс, қара Ертістің арасында,
Жарадым тарландармен таласуға,
Тістінің тырнағы бар жүрегімде,
Күштінің жарасы бар қанатымда.
Тек туралы ой ақынға рухани қуат береді. Бірақ қазіргі ұлт болып ұйысудың қажеті өсіп тұрғанда
бас-басына би болуды заман көтере ме! Сондықтан ақын әуелгі сөзін қайта оңдайды.
Туысы болғаннан соң бар қазақтың,
Терімді тегім үшін сорғалаттым.
Кеңпейілді Аллама жақсам болды,
Келмейді пенделермен саудаласқым!
Төлеген Жанғалиев  Абай өсиетіне  адалдық танытып, «Адамзаттың  бәрін сүй,  бауырым деп»
дегенін әдемі өрнектейді. Солай болғаны дұрыс та. Өзі аз қазақ бөліне бергенін доғарар күн де,
сана да әбден жетерлік болды. Ақын үшін қоғамның ащы шындығын жасырмау бәрінен қымбат.
Тәтті  өтіріктен  ащы  шындықты  артық  санап,  бүкпей  мойындау  ауруын  жасырмай,  дұрыс  ем
қабылдағанмен тең. Оның өлеңдерінде бір қайғы, бір өкініш, бір уайым, бір үміт арбасып жүретінін
өз басым солай қабылдадым. Ақын жырау бабаларының сарынымен де жырлайды. Дүние сырын,
ұлттың ожданын, философиялық түйіндерді өз көзімен, Төлеген ақын көзімен айқын береді.

53
The poet of Karauyl
K.S. Kurmambaeva
The philosophical outlook in the poems of Tulegen Dzhangaliyev which is interwined with the sorrow,
grief, suffering and reflections about the fate of Kazakh people are highlighted in the article.
Поэт из Караула
К.С. Курмамбаева
В статье раскрывается философское мировоззрение творчества выпускника филологического
факультета Толегена Жангалиева, в котором переплелись печаль и горе, страдания и размышления
о судьбе казахского народа.
УДК:378.124:51
Р.Р. Абдрахманова
Государственный университет имени Шакарима г. Семей
ДЕКАН ФАКУЛЬТЕТА ДВУХ ДЕСЯТИЛЕТИЙ
Статья  посвящена  трудовому  и  творческому  пути  ученого-физика,  отличника  народного
просвещения Казахской ССР Юнусова Актяма Агзамовича, возглавлявшего физико-математический
факультет на протяжении почти двух десятилетий и оставившего добрый неизгладимый след в
истории вуза.
Организация  и  совершенствование  учебной,  научно-
исследовательской,  методической  и  воспитательной  работы,
профориентационной довузовской подготовки, научных исследований
по профилю факультета, подготовка и повышение квалификации научно-
педагогических кадров – это не полный перечень задач и забот, которые
входят  в  сферу  деятельности  декана  факультета.  В  течение  почти
двадцати лет, с 1973 по 1992 год, с этой работой успешно справлялся
Юнусов Актям Агзамович – декан физико-математического факультета
Семипалатинского педагогического института имени Н.К. Крупской.
А.А. Юнусов родился 8 ноября 1926 года. Детские и юношеские годы
совпали с годами становления советской власти, тяжелыми военными
годами. С 15 лет начался его трудовой стаж, времени на учебу не было. Работал разнорабочим на
мясоконсервном комбинате, обувной артели. В 1944 году был призван в ряды Советской армии, где
прослужил  до  1950  года.  Демобилизовался  в  звании  лейтенанта.  Затем  в  течение  четырех  лет
совмещал  работу  кладовщиком  в  областной  больнице  с  учебой  в  вечерней  школе  №1  рабочей
молодежи, которую окончил с золотой медалью в 1954 году.
Успешно сдав вступительные экзамены, с сентября 1954 года А.А.Юнусов становится студентом
физического  факультета  Казахского  государственного  университета  имени  С.М.  Кирова.  Годы
интенсивной учебы, специализация по кафедре ядерной и теоретической физики, и в 1959 году
студент  А.А.  Юнусов  блестяще  защищает  дипломную  работу  «Исследование  ионизирующей
способности заряженных частиц при помощи электронно-импульсной камеры». И опять возвращение
домой  –  в  родной  город  Семипалатинск.  В  течение  года  Актям  Агзамович  работает  физиком–

54
радиологом на мясоконсервном комбинате. А с сентября 1960 года и до конца жизненного пути он
отдает свои силы, знания, опыт подготовке педагогических кадров, учителей физики.
Работая на кафедре физики, он прошел поэтапно весь путь от ассистента, старшего преподавателя,
доцента до декана физико-математического факультета. Актям Агзамович проводил лекционные и
лабораторно-практические занятия в группах будущих физиков по электродинамике, специальной
теории  относительности,  физике  атомного  ядра  и  элементарных  частиц,  курсу  общей  физики.
Студенты и преподаватели неизменно высоко оценивали содержание, уровень его занятий.
В  апреле  1973  года  А.А.  Юнусов  избирается  деканом  физико-математического  факультета
Семипалатинского педагогического института имени Н.К. Крупской. Факультет тогда насчитывал
до 600 студентов, обучавшихся по специальностям «Учитель физики», «Учитель математики», и
был в то время одним из ведущих факультетов института.
В стенах института Актям Агзамович сформировался как ученый-физик, педагог, талантливый
организатор.  На  протяжении  двух  десятилетий  деятельности  декана  физико-математического
факультета он внес значительный вклад в организацию и совершенствование учебного процесса на
факультете, в подготовку кадров физиков и математиков для народного образования.
Следуя принципу Махатма Ганди: «Живи, будто завтра умрешь, учись, будто будешь жить вечно»,
Актям  Агзамович  при  огромной  занятости  находил  время  и  силы  заниматься  актуальными
проблемами теоретической физики. «О собственном вращении тел в теории тяготения Эйнштейна»,
«Уравнение  поступательного  движения  небесных  тел  произвольной  формы,  имеющих  заряды  и
магнитные моменты, в общей теории относительности», «Анализ методики первого приближения
по  Фоку  в  общей  теории  относительности»,  «Сравнительный  анализ  релятивистских  функций
Лагранжа в общей теории относительности» и др. – темы его публикаций в республиканских научных
журналах, журнале института астрофизики Академии наук Казахстана, выступлений на научных
конференциях. Итогом научных поисков А.А. Юнусова стала его успешная защита диссертации на
соискание ученой степени кандидата физико-математических наук в 1976 году. Позже Решением
государственного  комитета  СССР  по  народному  образованию  ему  присуждается  ученое  звание
доцента по кафедре физики. Но А.А. Юнусов продолжает научную работу, участвует в совместных
исследованиях  по  проблеме  движения  тел  в  общей  теории  относительности,  проводимых  в
Астрофизическом институте Академии наук Казахской ССР, публикует научные статьи.
Боевая и трудовая деятельность А.А. Юнусова отмечена государственными наградами: медаль
«За  победу  над  Германией  в  1941-1945гг.»,  медаль  «ХХХ  лет  Вооруженных  сил  СССР»,  значок
«Отличник  народного  просвещения  Казахской  ССР»,  Грамота  Президиума  Верховного  Совета
Казахской ССР. Многочисленные благодарности от администрации института – оценка его успешной
работы как в качестве преподавателя, так и в качестве декана физико-математического факультета.
Актям  Агзамович  обладал  щедрым  запасом  человеческого  обаяния.  Всегда  улыбчивый,
добродушный и доброжелательный, он отличался редким даром понимания людей. Его любили и
коллеги, и студенты. Таким он и останется в памяти всех, кому посчастливилось жить и работать
рядом с ним. Актям Агзамович Юнусов ушел из жизни 2 октября 1992 года.
Dean of faculty of two decades
R.R. Abdrahmanova
Article is devoted to labour and creative ways of physicist, a student of education Kazakh SSR Aktyam
Agzamovich Yunusov, who headed the Faculty of physics and mathematics for nearly two decades and left
an ineffaceable mark in the history of the University.

55
Екі онжылдықтағы факультет деканы
Р.Р. Абдрахманова
Мақала  ҚазССР  халық  ағарту  ісінің  үздігі  физик-ғалым  Юнусов  Актам  Агзамұлының  еңбек
және  шығармашылық  жолына,  физика-  математика  факультетін  басқарған  20  жылдық  ерен
еңбегіне арналған.
УДК:378.124:51
Жолымбаев О.М.
Математика және математиканы оқытудың әдістемесі кафедрасының меңгерушісі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
ӨЗ БИІГІНЕ АР ТАЗАЛЫҒЫМЕН ШЫҚҚАН АБЗАЛ АҒА!
Қ.  Нұрсұлтанұлының  асыл  қаситетттері  мен  адамгершілігін  сипаттап,  математик
мұғалімдерді даярлауда, қазақ ғылымында салған сора жолы туралы баяндалған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетін 1993 жылы
бітіріп,  еңбек  жолымды  Семей  мемлекеттік  педагогикалық
институтының  математика  және  математиканы  оқыту  әдістемесі
кафедрасынан бастағанымды тағдырдың маған берген үлкен сыйы деп
есептеймін. Қаламыздағы білім мен ғылымның қарашаңырағы мен үшін
үлкен өмір мектебі болды. Олай дейтінім, осы кафедраның іргетасын
қалаған, ұстаздық пен ғалымдықты қатар алып жүрген абзал ағалармен
қызметтес болып, етене жақын араласып, ой-пікір алмасып, ғылыми-
педагогикалық қызметімді сәтті бастадым. «Бітер істің басында, жақсы
жүрер қасында» дегендей, білімдерін, қайрат-жігерлерін жас ұрпақтың
болашағына жұмсауға келгенде шаршау дегенді білмейтін, ой-пікір алмасып, білмегеніңді сұрай
қалсаң, математиканың жілігін шағып, майын ішкізетін ұстаздар әрі ақылшың, әрі қамқоршың.
Осындай жаны жайсаң жақсы ағаның бірі – Қажи Нұрсұлтанұлы еді.
Кеше ғана арамызда ағалық ақылы мен зиялы шапағатын маңайына шашып жүрген ұлағатты
ұстаз,  профессор,  Қазақстан  Республикасы  білім  беру  ісінің  құрметті  қызметкері,  Қазақстан
Республикасы  білім беру ісінің үздігі, Семей қаласының құрметті азаматы Қажи Нұрсұлтановтың
ортамыздан кеткеніне биылғы маусымда бір жыл толып отыр. Бұл кісіні бір көрген жан тарихтың
тереңіне бойлап, бүгінгі мен ертеңді жалғай отырып айтқан пайымды да, салиқалы әңгімесін өмірі
ұмытпасы анық. Біздің ұжымның бағы осындай алаш арыстарының соңғы тұяғындай болған жанмен
алпыс жылға жуық етене еңбек еткенімізде.
Ол кісі 1928 жылы еліміздің тарихи уақиғаларға аса бай өлкесі, Тарбағатай тауының ғұндардың
құтты көліне (Зайсан) қарай созыла түсетін шұбар шилі жазығындағы  Ақсуат ауданына қарасты
Қарғыба ауылсоветінің Қаратал колхозында дүниеге келеді.
Ел арасында «Жақсы ұстаздың шәкірті ғана ұстазына теңеседі, яки одан артады» деген наными
сөз бар. Еліміз бен өңірімізге ғылым мен бизнестің әр саласында танылған шәкірттері Астанадағы
Еуразия университетінде көп жылдар бойы кафедра басқарған профессор Дәуренбек Әубәкіров,
Павлодар қаласындағы жоғары оқу орындарында ұзақ жылдар факультет және кафедра басқарған
Нариман  Машрапов,  Шамкен  Қасенов,  Семейде  Сайлаубек  Қалиев,  Ерғали  Есенжолов  сынды

56
ғалымдар – Қажи ағаның төл шәкірттері. Мұндай өрелі де өнегелі шәкірттерді Қазақстанның әр
қиырдағы  қалаларының оқу орындарынан кезіктіруге болады.
Кезінде профессор Қажекеңмен тілдескенде, оның әр сөзін тәрбие сағатының материалы деп
ұғынатын едік.
Өзінің алдынан білім алған, тағылым көрген алғашқы шәкірттері Мәркен Жақияұлы Шайжүнісов,
Нығмет Рахметұлы Жотабаев, Хамит Сыдықов, Тауфих Рымжанов, Тлеухан Тағлиманов және т.б.
туралы мақтанышпен, майын тамыза айтқан әңгіме-естеліктері әлі жадымызда жаңғырып тұр.
Облыстың,  қаланың  әр  мектебінде  Қажи  ағаның  ең  болмағанда  бір  шәкірті  ұстаздық  етіп
жүргеніне күмәніміз жоқ. Оның: «Мектептен жеріген адам, жоғары  оқу орнына жоламауы керек»
деген қанатты сөзі оқытушылар арасында мақал болып жайылды.
Мына бір сәт өмірі есімнен кетпейді. Бірде ылғи КазГУ бітірген Семейлік жігіттер жиналып
қалып, өткен-кеткенді еске алып тұрғанда қасымызға Қажекең келіп, әңгімеміз жараса түсті. Ойдан
ой шығып, пікірден пікір туған шақта Қажекең «Логика» пәнінің мектеп бағдарламасынан 1918
жылы алынып тасталғанын сөз қылды. Біз өзіміз үшін математикалық  логиканың  адам өмірінің әр
қызметіне, қоғамдағы роліне ықпалын жаңа қырынан таныдық. Логика адам ойлап, қиял шарлатуға
әсер етіп, шығармашылық қанат бітіретін ғылым. Логиканы оқымаған адамның ойлау белсенділігі
төмен, өзіндік принципі жоқ, айтқанға көніп, айдағанға жүретін болады. Біз осы логика пәнін әлі
күнге мектепке кіргізе алмай жүрміз деп ауыр күрсінгені көз алдымда.
Мектепте жүйелі түрде «Ойлау логикасы» пәнін енгізуді дәріптеуші, осы жолда үлкен еңбектер
жазып, тер төккен ғалым Қажи Нұрсұлтанұлы логикалық ойлаудың қажет екеніне айрықша көңіл
бөліп, дерексіз ойлау қабілеттілігі туа бітпей, білім алу процесінде қалыптасатындығына ерекше
мән берді.
Бір кездері Алаш Орда деген сөзден ат үркетін, өзін зиялымын деген жан одан аулақ жүруді
қалаған тұста Қажи Нұрсұлтанұлының ғылыми-зерттемдік тақырыбының анық нақтылануы үшін
қазақтың тұңғыш профессор математигі, Алаш партиясы мен өкіметінің арыс көсемдерінің бірі
Әлімхан  Әбуұлы  Ермековтің  еңбектерімен  танысуы,  ол  кісімен  хат  алысып  тұруын  үлкен
азаматтыққа,  батырлыққа  балаған  орынды.  Алаш  математикасының  ірге  тасын  қалап,  қазақша
ғылыми математикалық тіл қалыптастырғаны жайлы тарихи әдебиеттерге шолу жасаған еңбектері
Қажи Нұрсұлтановтың осы баянды аралас-құраластықтан туғандығына күмән жоқ.
Енді Қажекеңнің Әлімхан Әбуұлы Ермековпен рухани танысуы турасында өзі айтқан әңгімесіне
кезек берейік. «Мен Әлімхан Ермековпен тікелей жүздескен емеспін. Алайда, журнал мен газет
беттеріндегі жарияланымдар арқылы бірнеше жылдар бойы ақпарласып тұрдым. Оған «Білім және
еңбек» республикалық журналының сол кездегі бас редакторы Талап Сұлтанбеков тікелей себепкер
болды.  Талап  Сұлтанбеков  журналдың  бас  редакторы  болған  жылдары  мен  сол  журналдың
беттерінде  бірнеше  математикатану,  математика  тарихын  тану  тақырыптарына  байланысты
мақалалар  шығарып  тұрдым.  Сондай  зерттемдік  дайындамамды  әзірлеп  «Білім  және  еңбек»
журналына арнайы кірген бір сәтте Талап: «Ертең біздің журналға сен іздеп жүрген бір адам келеді.
Ол кісінің аты профессор Әлімхан Ермеков. Сен сол кісінің «Ұлы математика курсы» деп аталатын
кітабы  туралы  материалыңды  дайындап,  бізге  ертең  алып  кел.  Мен  сені  сол  кісімен  бетпе-бет
жүздестірейін» - деді. Менің қуанышымда шек болған жоқ. Дереу А.С. Пушкин атындағы орталық
кітапханаға барып, Әлімханның «Ұлы математика курсы» атты кітабын алдым да, оны ішіме тығып
алып журнал редакциясына жеттім. Өкінішке орай Әлімхан Ермеков  мен келместен бір сағаттай
бұрын «Білім және еңбек» журналына келіп, өзінің мақаласын тапсырыпты. Сонан соң Қарағандыға
шұғыл шақыру қағазын алып, сонда ұшып кетіпті. Әлімхан Ермековтің өз қолымен «Білім және
еңбек» журналына арнайы жазылған мақаласы және профессор Ә.Ермековтің «Ұлы математика
курсы»  туралы  менің  шағын  мақалам  осы  журналдың  1967  жылғы    6-нөмірінде    жарық  көрді.
Аталмыш мақала «Білім және еңбек» журналында жарияланғаннан кейін мен профессор Ермековке
арнайы хат жолдадым. Ол хатыма профессор Ермеков орыс тілінде жауап қайырды» - деп көңілі

57
түскен сәтте қимастықпен еске алып отыратын еді.
Қажекең қазақтың қара сөзінің майын тамыза, сұхбаттасын еліктіре айтатын әңгімесі әлі күнге
жадымызда жаттаулы. Өзінің шәкірт және студент, ғылымдағы алғашқы талпыныс дәуірі турасында:
«халық данагерлерінің «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» дейтін қағидалық  қанатты сөзі бар.
Сондай мектебі жақсы ұстаздарымның біреуі – Қарпық Егізбаев. Ол кісі – орта мектепте 7 сыныптан
бастап қазақ тілінен сабақ берген мұғалімім. Қарпық мұғалім өзінің ұстаздық ұлағатты өмірі туралы
«Тағылым»  атты жазған ғұмырнамалық шығармасын қолтаңбасын  қойып, өзі маған табыстаған
болатын. Менің тіл сүйетін, білімқұмар адам болып қалыптасуыма ерінбей еңбек еткен мұғалімнің
бірі осы кісі.
Алматыдағы    әл-Фараби  атындағы  ұлттық  университетте  білім  алған  кезімде  5  жыл  бойы
математикалық анализден, функциялар теориясынан дәріс оқып, тәрбие берген ұстаздарымның бірі
және  бірегейі,  қазақтан  шыққан  тұңғыш  ғылым  докторы,  математик,  профессор  Орынбек
Ахметбекұлы Жәутіковті осы салтанатты жиналыста атап өтуім, менше, артық емес секілді. Сол
профессор, академиктің ұсынысымен ғылыми-зерттемдік тақырыбым анықталып және де аталмыш
университеттің    профессор  математигі  Феодосий  Дементьевич  Крамардың  жетекшілігі  және
академик  О.А.Жәутіковтың  оппонент  болып,  көрсеткен  ғылыми  да  ғибратты  қызметтерінің
арқасында  1975  жылы  «Қазақстанда  математика  педагогикасы  ойларының  даму  тарихы»  деген
тақырып бойынша педагогика ғылымдарының  кандидаты деген ғылыми дәрежеге қол жеткіздім, -
деп  ұстаздарын  мейірлене  еске  алып  отыратын.  Өзінің    80  жасқа  толғанына  арналған  Ғылыми
Кеңестің  отырысында  ғылыми-оқытушылық қызметіндегі сабақтастыққа ерекше толқи тоқталған
еді.
Кандидаттық диссертацияны орындау барысында  Қажи Нұрсұлтанұлына араб, парсы тілдерінен
сауат ашу өте қажет болды. Осы жолдағы ерен еңбектің нәтижесінде Әл-Фараби бабамыздың араб,
парсы тілдерінде жазылған ғылыми еңбектері  қазақ тілінде жарық көріп, оқырмандарының көңілінен
шықты.
Қажи  Нұрсұлтанұлы  өзінің  Семей  мемлекеттік  педагогикалық  институтындағы  жоғары
математика  кафедрасында  қызмет  істеген  күнінен  бастап,  оның  кәсіби  маман  және  ғылыми
зерттемгер ретінде қалыптасуына әрі өсуіне тікелей жәрдемшілік етуші, сол кездегі кафедраның
меңгерушісі  әрі  институттың  ғылым  жұмыстары  бойынша  проректоры,  профессор  Төлеубай
Ыдырысұлы Амановтың қамқоршылық істерін зор ризашылықпен айтатын.
Қажи ағаның ғылыми-педагогикалық, еңбек жолдарына көз салсақ, еңбекпен, бейнетпен есейген
кезеңдердің, қажырлы ізденіс пен жас ұрпаққа деген  шексіз қамқорлыққа толы мейірімнің, оларды
білім нәрімен сусындатқан толғанысты шақтардың, маңдай тері тамшылап, ой кенін қопарып тапқан
өрелі тұжырымдарын ел игілігіне ұсынуға асыққан сәттердің куәсі боласыз.
Қажи Нұрсұлтанұлының газет-журнал беттерінде жарық көрген мақалаларынан ХІХ ғасырда
өмір сүріп, Тарбағатай өңірінде алғаш мешіт, медресе  салған  Тана Тілемісұлы Базаровпен (1803-
1868) тығыз байланыста болғанын көреміз. Отаршылдыққа қарсы  қажыр-қайрат жұмсап, халықты
шоқынып кетуден сақтандырған Тана мырзаның өмірін, мешіт, медреселерін зерттеуге Қажи аға
еселі еңбек сіңіріп қарышты қадам тартты.
Өзі оқыған Ойшілік ауылындағы білімнің қасиетті баспалдағы  - бастауыш мектепке, Тана мырза
атының берілуі үшін үлкен еңбек сіңірді.
Бұл  медреселер  жөнінде  Қажи  аға  өзі  былай  дейтін:  «Тана  медреселері  осы  өлкеден  өрбіп
бастауын  алып,  әлемге  тарап  кеткен  әйгілі  ілімдердің  замана  толқынының  қайталай  оралған
жаңғырығы, жаңаша үрдіспен жеткен өз ошағына оралған ұшқыны». Осы сөзде үлкен мән-мағына
бар білгенге. Ғалым-математик осы сөзімен-ақ бүкіләлемдік дүниетаным жолдарының бастауы  мен
тоғысуын,  сан  өзгеріске  түссе  де  алғашқы  нүктесінен  адаспайтынын,  күнді  айналған  аспан
денесіндей  айналып  соғып,  өзгере  дамып  отыратын,  сол  жолдағы  еңбек  те  иесін  таппай
қалмайтынын, ұрпақ шындықтан ақиқатты түбі бір аршып алатынын меңземей ме.

58
«Мен сонау Тана мектебінде жүргенде-ақ бір керемет жаңалық ашсам, бір құпияны ойлап тапсам
деп бала қиялымен армандаушы едім. Оның не екенін, қандай әрекетпен  қолға түсерін білмесем
де, әйтеуір бір тылсым күш жетелеп жүретін. Білуге құлшындыратын. Кейін білдім, мен көксеген
арман – ата-бабамыздың сара жолындағы өсиеттеп кетсе де, ұзап шырқап барып үйіріліп қайта
соғып, дами түсіп жетіліп отыратын ілім екен. Соны ашу екен» - деп өмірдегі іздегенін тапқанын
профессор ағамыз ризашылықпен айтып отыратын.
«Тәңірқұты – аз, оның бірі – ұстаз» деп Тана мырза айтқандай, ұстаздық жолында жастардың
нағыз қамқоры бола білген Қажи аға айнымас адалдығымен, кішіпейіл елгезектігімен құрметке
бөленді.
Қажи  Нұрсұлтанов  ағартушылық  еңбегінде  оқытушы,  факультет  деканының  орынбасары
қызметтерін атқарып, доцент, профессор, Семей қаласының Құрметті азаматы атанды. Халық үшін
атқарған еңбегін бұлдап, түймедейін түйедей етіп, қарақан басының қамы үшін зыр жүгіру Қажи
ағаға  жат  мінез  еді.  Ақырын  жүріп  анық  басқан  ұстаз  өз  биігіне    ар  тазалығымен,  алғыр
танымгерлігімен, ұшан-теңіз білімімен, еңбекқорлығымен көтерілді.
«Еңбек ету – басты міндет. Білгенді үйретуден асқан бақыт жоқ қой ұстаз үшін. Айтқаныңды
қағып алып, нұсқаған жолыңды ұстанған шәкірт үшін аянбау керек. Оны қызғыштай қорып, сақтау
қажет. Менің өмірлік ұстанымым да осы» - дейтін қадірлі аға шешіле бір сөйлеген сәттерінде.
Білім  бере  жүріп  жазған  оқулықтары  екі  томдық  «Математикалық  логика  бастамалары»,
«Дискретті математикалық логика», «Ойлау логикасы», «Ертегі есептер», «Жүлдегерлік жүз есеп»
студенттер арасында кеңінен пайдаланылып, жарыққа шықпай тұрып-ақ зор қызығушылық тудырды.
Қажи Нұрсұлтановтың алдынан сан мыңдаған шәкірттер білім алып, қанаттанды. Ол білімге
ұмтылған әр адамға  қол ұшын созуға  дайын тұратын. Кафедра магистранттары, жас ұстаздар,
мектеп  мұғалімдері,  жас  ғалымдар,  студенттерге  ақыл,  кеңесін  беруден  әсте  жалыққан  немесе
шаршаған емес. Шәкіртінің бойынан бір жылт еткен ұшқын көрсе, соны тұтатпай қоймайтын ол
жеткен  асуды  мақтан  тұтып,  мейірлене  қуанатын.  Ерекше  мінезді  елгезек  адам  аярлық  пен
жәдігөйлік,  қулық  пен  өтірік  көрсе  кірпідей  жиырылатын.  Жағымсыз  қылық,  жасанды  мінез
шәкірттеріне жұғып кетердей  жанұшыра қорғаштап, ақ пен қараны айыра дәлелдегенше асығатын
еді, мейірманды ұстаз.
Қажи аға  300-ден аса ғылыми-әдістемелік мақалалар жазыпты. Танымгер ұстаз әр мақаласында
көтерген мәселенің  жүгі бір-бір жаңа жоба, жаңаша бағдарламаларға өзек болатындай аса маңызды.
1971 жылы Мәскеу қаласында ғылымдар тарихы мәселелері бойынша өткізілген 13-ші Халықаралық
конгресте баяндама жасап, іс-тәжірибесі дүние жүзіне тарайды. Одан соң іле Ленинград, Тамбов,
Ташкент,  Самарқанд,  Саратов,  т.с.с.  қалаларында    өткен  ғылыми  конференцияларда  өзекті
тақырыптар негізінде ғылыми баяндамалар жасап, көптеген мәселелер көтерді.
Көп жылғы жемісті еңбегі, білікті кадрлар даярлаудағы іскерлігі үшін Қажи Нұрсұлтанұлына
«Семей қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді. Сонымен қатар, «Еңбек ардагері» медалімен,
«Қазақстан Республикасының оқу ісінің үздігі», «За отличные работы в высшей школе», «Қазақстан
Республикасы білім  беру ісінің құрметті қызметкері» белгілерімен, «Ұлағатты ұстаз» атағымен,
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың, оқу-ағарту саласы басшыларының алғыс хаттарымен марапатталды.
Қазір  Қажи  Нұрсұлтанұлымен  болған  кезімізді  сағынышпен  жиі  еске  алып,  үнемі  ауыздан
тастамай жүреміз. Асыл қасиеттері  мен адамгершілік сипатын шәкірттерімізге үлгі етеміз. Қажи
Нұрсұлтанұлының математик мұғалімдерді даярлауда, қазақ  ғылымында салған ісі сайрап жатыр.
A person who has reached professional heights by his honest labor
O.M. Zholymbaev
The  personal  attributes  of  Nursultanuly  K.,  his  major  role  in  training  mathematicians  and  great
contributions to the development of Kazakh science is at the focus of the article.

59
Человек, достигший профессиональных высот своим честным трудом
О.М. Жолымбаев
В статье характеризуются личные и человеческие качества К. Нурсултанулы, рассказывается
о его роли в подготовке учителей математики и личном вкладе в развитие казахстанской науки.
УДК:378.124:811.161.1

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал