Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 5.04 Kb.

бет3/19
Дата09.01.2017
өлшемі5.04 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

М. Каримов
Манаш Қозыбаев атындағы тарихи зерттеулер ғылыми орталығының директоры
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
ІСКЕР БАСШЫ
Мақаласында 2004-2008 жылдары Семей мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры
Е.Б. Сыдықовтың институттағы беделі, ғылыми зерттеу орталықтарын, Педагогикалық білім
халықаралық академиясының қазақстандық бөлімшесін құруға зор үлес қосқаны, жоғары мектептің
шебер ұйымдастырушысы болғандығы туралы баяндалады.
Үстіміздегі 2014 жылы құрылғанына 80 жыл толғалы отырған бұрыңғы
Семей мемлкеттік педагогикалық институтында, елімізге белгілі тарихшы
ғалым,  ұлағатты  ұстаз,  жоғары  мектептің  шебер  ұйымдастырушысы  –
Ерлан  Бәттәшұлы  Сыдықов  ректор  болған  2004-2008  жылдар  аталмыш
жоғары  оқу  орнының  даму  тарихындағы  айшықты  кезеңнің  бірі  болды
десек артық айтпаймыз.
Қазақ  елінің  жоғары  оқу  орындарының  ішіндегі  ежелгілерінің  бірі,
көшбасшысы,  қоғамға  қажетті  білікті  мамандар  дайындауда  үлкен
жетістіктерге  жетіп  келе  жатқан,  өзіндік  тамаша  дәстүрлері  бар,  қара
шаңырақ  –  бүгінгі  Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық  университетінің
тарих факультетін 1978 жылы ойдағыдай бітіріп, үлкен өмірге қадамын
жасаған  Ерлан  Бәттәшұлының  1997  жылы,  бүгіндері  Семей  қаласының
Шәкәрім  атындағы  мемлекеттік  университеті  аталатын,  ол  кездерде  «Семей»  мемлекеттік
университеті аталған жоғары оқу орнына ректор болып тағайындалған кезеңге дейінгі аралықтағы
еңбек жолы, әлеуметтік белсенділігі жоғары, қиындықтардан қорықпай, алдындағы белестерді алуға

26
ұмтылған талапшыл, жас азамат үшін шын мәніндегі үлкен өмір мектебі болғанын көреміз.
Ерлан Бәттәшұлының «Семей» мемлекеттік университетіне ректор болып тағайындалған уақыт,
еліміздің жоғарғы оқу орындары саласында күрделі және түбегейлі қайта құруларды іске асырудың
бастапқы кезеңі болатын. Бір кездерде студенттер қаласы аталған Семейде он бес орта арнайы оқу
орындарының болғанын айтпағаннын өзінде, Семей мемлекеттік педагогикалық институты, Семей
зоотехникалық-малдәрігерлік институты, Семей медицина институты және Ет және сүт өнеркәсібінің
Семей технологиялық институты сияқты сол кездегі бүкіл елімізге танымал және беделге ие болған
жоғары орындарының болғаны белгілі. Тоқсаныншы жылдардың ортасынан басталған еліміздің
білім  саласындағы  реформаның  нәтижесінде,  2005  жылы  Семей  мемлекеттік  педагогикалық
институты, Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институты және Ет және сүт өнеркәсібінің Семей
технологиялық институты оңтайластырылынып, «Семей» мемлекеттік университеті деп аталатын
жаңа жоғары оқу орнына біріктірілгені мәлім.
Мемлекет ашылғанына әлі бір жыл да тола қоймаған, әртүрлі бағыттағы жоғары оқу орындарынан
құралған, шешілуі тиіс мәселелері өте көп университетті осы замаңғы жоғары оқу орнына айналдыру
міндетін қойды. Бүгінгі күндері артта қалған сол бір кезеңді еске алып, ой елегінен өткізгенде,
ректор Ерлан Сыдықовтың иығына қандай ауыр жүктің түскенін сезінгендей боласың.
Мына осындай бір күрделі кезеңде бүкіл университет ұжымы және жалпы жұртшылық жаңа
келген басшыдан үлкен үміт күтті. Ерлан Бәттәшұлы да олардың сенімінен шығуға тырысты. «Жас
келсе іске» деп ертеден халық айтқандай жұмысқа білек сыбана кіріскен ректордың көпсалалы
қызметінің нәтижесін көп ұзамай-ақ ел көре бастады.
Оның талмай соңына түсіп, данышпан Шәкәрімнің атын университетке алып беруінінің өзі неге
тұрады.  1999  жылы  22  қыркүйектегі  Қазақстан  Республикасы  үкіметінің  №  1436  қаулысымен
«Семей» мемлекеттік университетіне Шәкәрім аты берілді. Осы қаулыны универиситет ұжымына
тапсыруға ҚР Білім және Ғылым министрлігінің бірінші вице-министрі арнайы келді. Осы шарамен
қатар универиситет бас ғимаратының алдында, тек Семей үшін ғана емес, сонымен бірге бүкіл
Қазақстан үшін де маңызды оқиға – Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткішінің ашылу рәсімі өтіп
еді.
Ерлан Бәттәшұлының басшылығымен университетте іргелі ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін
ғылыми зерттеу орталықтарын ашу қолға алынды. Осы саясаттың дұрыстығы оның нәтижелерінен
де көрінді. 2003 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеттің жанынан ең алдымен
«Шәкәрімтану»  ғылыми  зерттеу  орталығы  қүрылды.  Орталықтың  зерттеу  жұмыстарының
нәтижесінде бес томдық «Шәкәрімтану мәселелері», «Шәкәрім тұлғалық» энциклопедиясы және
көптеген ғылыми мақалалар дүниеге келді. Ұлы ойшылдың 150-жылдық мерей тойына арналған
халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция осы орталықтың негізінде өткізілді. Бұған Қытай
мен Моңғолиядан және Еуропа елдерінен сондағы қазақ халқының өкілдері қатысты.
Ректор Ерлан Сыдықов университет ұжымының әлеуметтік мәселелерін шешуге де үнемі жіті
көңіл бөліп отырды. Сол кездерде бір  ұжымның қала сыртындағы құрылысы бітпей, тоқтап қалған
демалысқа арналған ғимаратын университетке аудартып, оны күрделі жөндеуден өткізіп, осы заманғы
спорттық-сауықтыру кешеніне айналдырды. Қала сыртындағы осы кешен әлі күнге дейін ұжым
мүшелеріне қызмет көрсетіп келе жатыр. Оның сол кездегі үлкен бір ерлігі – пәтер түрінде салынған
жатақхананы оқытушылар мен қызметкерлерге пәтер ретінде алуға және жекешелендіруге жағдай
жасауы болды.
Тоғыз  жыл  бойы  Семей  аймағына  қажет  педагогикалық  кадрларды  дайындау  қызметін
университет атқарды, алайда өмір педагогикалық оқу орындарының жеке болу қажеттілігін көрсетті.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бойынша 2004 жылы елде бес педагогикалық институт
құрылды. Соның бірі – Семей мемлекеттік педагогикалық институты болды. 2004 жылы сәуірде
Ерлан  Бәттәшұлы  Сыдықов  Семей  мемлекеттік  педагогикалық  институтының  ректоры  болып
тағайындалды.
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бергі кезеңнен бастап еліміздің қоғамдық саласының барлық
жағын қамтитын терең өзгерістердің жүріп жатқаны жұртшылыққа аян. Еліміздің жоғары білім
саласын әлемдік стандарттарға сәйкес кредиттік жүйеге көшіру туралы сөз жоғары ортада өткен
ғасырдың  90-шы  жылдарында-ақ  айтыла  бастаған  болатын.  Бұл  1999  жылы  нақты  шындыққа

27
айналды. Қазақстан осы жылы Болон декларациясына қол қойған, Еуропаның 29 елінің қатарына
енді. 2008 жылдың басынан бастап Ерлан Бәттәшұлының тікелей басшылығымен Семей мемлекеттік
педагогикалық институтының оқу үрдісі де осы технологияға көшті. Сонымен бірге институт ұжымы
оқу  орнының  білім  беру  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  оны  дүниежүзілік  стандарттармен
байланыстыруға,  оқу  үрдісіне  қажет  жаңа  технологияларды  ендіруге  үнемі  күш  салды.  2000
жылдардың басында мұғалім кадрларын дайындаудың бірнеше сатылы жаңа моделіне өту қолға
алынды. 2005 жылы мамыр айында өткен студенттер білімін тексерудің мемлекеттік аралық бақылау
нәтижесі бойынша институт Қазақстандағы тоғыз педагогикалық жоғары оқу орындарының ішінде
бірінші және еліміздің барлық жоғары оқу орындарының ішінде жетінші орынға ие болды. Бұл сөз
жоқ, Ерлан Бәттәшұлы бастаған үлкен ұжымның аса елеулі көрсеткіштерінің бірі еді.
Ерлан Сыдықов инситуттың басшысы ретінде оқу орнының мектептермен тікелей байланысын
кеңейтуге алғашқы күндерден-ақ ден қойды. Осы мақсатта институттың білікті мамандары әртүрлі
тренинг-семинарлар өткізуге, дәрістер оқуға ауыл-селолардағы мектептерге үнемі шығып тұрды.
Интитутта жыл сайын өтетін «Ашық есік» күнінің әсерлі өтуіне де ерекше көңіл бөлінетін. Қала
мектептерінің  кейбіреулерінде  белгілі  бір  мамандық  пен  пән  бойынша  институттың  арнайы
кафедраларының ашылуы да алға қойған игілікті мақсаттың нәтижелі болуына септігін тигізгені
аян.
Ректор сол сияқты студент жастардың ертеңгі білікті маман болып шығуларына ғана көңіл бөліп
қоймай, олардан жан-жақты дамуларын да өз назарында ұстады. Соның бір мысалы, институтта
негізі  қаланған  ақындар  мектебінен  дүйім  елге  танылған  Ринат  Зайытов,  Сара  Тоқтамысова,
Қарлығаш Әубәкірова сияқты және т.б. дүлдүлдердің шығуы. Ерлан Бәттәшұлы спортты өзі ғана
сүйіп қоймай, онымен жастардың жаппай айналысуларына мейілінше көңіл бөлді. Институт қайта
құрылған жылдардың ішінде ғана 60 студент облыстық, 30-ы Қазақстанның чемпионаттарының, 8-
і  азиялық ойындардың  чемпионадары болды.  Бұларды айтудағы  себебіміз, бастаманы  нәтижелі
іске айналдырудың өзінің ғана оңай болмайтындығы. Бұл Ерекеңнің ұйымдастырушылық үлкен
қабілетінің бір көрінісі сияқты болады да тұрады.
Қазақстанның Ертіс өңірінің, оның ішінде Семей жерінің ежелден бай тарихын зерттеу қажеттігін
ескере отырып, оларды жүйелі және мақсатты түрде жүргізу үшін ректордың ұсынысымен 2004
жылы 5 сәуірде институттың Ғылыми Кеңесі академик Манаш Қозыбаев атындағы тарихи зерттеулер
ғылыми  орталығын  құру  туралы  қаулы  қабылдады.  Осы  жылдары  Семей  педагогикалық
институтының академик М.Қозыбаев атындағы тарихи зерттеулер ғылыми орталығының ғалымдары
Ресей Федерациясы Ғылым Академиясының Сібір бөлімінің тарих институтының және Моңғол
Ғылым Академиясының Баян-Өлгейдегі әлеуметтік-саяси зерттеулер орталығының ғалымдарымен
тығыз ғылыми байланыс орнатты.
Сол  сияқты  институттың  ғылыми  орталықтарының  ғалымдары  профессор  Е.Б.Сыдықовтың
басшылығымен  «Алаш  қозғалысының»  белгісіз  беттерін  мақсатты  түрде  зерттеуді  қолға  алды.
Нәтижесінде 2008 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтында Алаш қозғалысының
90-жылдығына  арналған  республикалық  деңгейдегі  мерекелік  іс-шаралар  өткізілді.  Ерлан
Бәттәшұлының  табанды  ізденістерінің  нәтижесінде  институттың  бас  ғимаратының  алдына,  сол
кездегі еліміздегі бірден-бір Әлихан Бөкейхановтың тамаша ескерткіші қойылды.
Е.Б.  Сыдықовтың  ұсынысы  бойынша  Семей  мемлекеттік  педагогикалық  институтында
Педагогикалық  білім  халықаралық  академиясының  қазақстандық  бөлімшесі  құрылды,  «СМПИ
Хабаршысы», «Еуразия орталығы», «Шәкәрім» ғылыми журналдары шығарылды.
2008 жылдың тамыз айында Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетіне ректор болып
тағайындалған  Ерлан  Бәттәшұлы  Сыдықов  осы  бір  қиындығы  мен  қуанышы  қатар  жүретін
жауапкершілікті істі 2011 жылдың тамызына дейін абыроймен атқарып келді.
2011  жылдың  тамызында  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  тікелей  шешімімен  Ерлан
Бәттәшұлы Сыдықовтың Лев Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университетіне ректор болып
тағайындалуы  «Ердің  сыншысы  –  ел»  деп  білетін  оның  шығысқазақстандық  жерлестерін  және
әріптестерін бейжай қалдыра алмады. Бүгіндері еліміздің белгілі жоғары оқу орындарының алдыңғы
шоғырының басында жүрген осы оқу орнының жетістіктері отандастарымызды қуантатыны сөзсіз.
1934  жылы  құрылғаннан  бергі  80-жылға  жуық  кезеңде  еліміздің  білім  саласы,  оның  ішінде

28
мектептер үшін білікті кадрларды үздіксіз дайындап келген кешегі Семей мемлекеттік педагогикалық
институтының бүгінгі ізбасары, Шығыс Қазақстандағы іргелі жоғары оқу орны – Семей қаласының
Шәкәрім  атындағы  мемлекеттік  университетінің  осы  бір  игілікті  міндетті  жаңа  белестерге
шығаратыны анық.
The leader the head
M. Karimov
In article is told about E.B. Sydykov's holding a post of the rector of Semipalatinsk State Pedagogical
Institute from 2004 to 2008 authority, about his huge contribution to formation of the Kazakh division of
the International academy of pedagogical education, about the research centers created by him.
Деятельный руководитель
М. Каримов
В  статье  говорится  об  авторитете  Е.Б.  Сыдыкова,  занимавшего  пост  ректора
Семипалатинского государственного педагогического института с 2004 по 2008 гг., о его огромном
вкладе  в  формирование  казахского  подразделения  Международной  академии  педагогического
образования, о созданных им научно-исследовательских центрах.
УДК:378.113.1
М. Каримов
Манаш Қозыбаев атындағы тарихи зерттеулер ғылыми орталығының директоры
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
ЖАҢАЛЫҚҚА ЖАНЫ ҚҰМАР РЕКТОР
Мақалада  Мейір  Ғариполлаұлы  Ескендіров  ректор  болған  2008-2011  жылдары  Семей
мемлекеттік педагогикалық институтының дамуы мен жаңа нәтижелі белестерге жеткендігі
туралы баяндалады.
Жоғары  оқу  орындарының  алдарына  қойылатын  негізгі  міндеттерді
нәтижелі түрде іске асыруда, көпсалалы жұмыстарды шебер ұйымдастырып
отыратын басшының, яғни ректордың орны ерекше. Міне осы тұрғыдан
келгенде Семей мемлекеттік педагогикалық институтының 80 жылға жуық
тарихында ректор болып қызмет атқарған он алты адамның әр қайсысының
игілікті іске қосқан азды-көпті үлестерінің ізі жатыр.
2008  жылы  тамызда  Семей  мемлекеттік  педагогикалық  институтына
тарих ғылымдарының докторы, профессор Мейір Ғариполлаұлы Ескендіров
ректор болып тағайындалды. Отыз бес жасында еліміздің байырғы жоғары
оқу орындарының біріне ректорлық қызметке келген Мейір Ғариполлаұлы
Ескендіровтың  еңбек  биографиясының  мазмұндылығына  онымен
танысқанда коресіз. Өзі институттың озық түлектерінің бірі болған оның еңбек жолы осы жоғары
оқу орынымен тікелей байланысты. Еңбек жолын оқытушыдан бастаған ол, Семей мемлекеттік
университеті  ректорының  көмекшісі,  Шәкәрім  атындағы  Семей  мемлекеттік  университетінің
Маркетинг және жалпы мониторинг бөлімі қызметінің жетекшісі, Семей мемлекеттік педагогикалық
институтының  қаржы-экономикалық  және  шаруашылық  жұмыс  жөніндегі  проректоры,  осы
институттың әлеуметтік-экономикалық жұмыс жөніндегі проректоры және Шәкәрім атындағы Семей
мемлекеттік университетінің бірінші проректоры сияқты нәтижелі қызмет баспалдақтарынан өтті.
Бұл өз тарапынан алғыр азаматтың өсу жолындағы тамаша тәжірибе мектебі болды.

29
Қоғамның, жоғары оқу орының және мектептің осы заманғы сұраныстарын естіп қана білген
емес,  ішінде  жүріп  көрген  азаматтың  Семей  мемлекеттік  педагогикалық  институтының
басшылығына келуі талай іс-шараларды нәтижелі түрде жүзеге асыруға негіз болды.
Тәуелсіз  Қазақстан  Республикасының  егеменді  ел  ретінде  әлемдік  қауымдастықта  алатын
айшықты  орынының  Болон  үрдісіне  сәйкес  халықаралық  білім  беру  стандарттарын  меңгерген,
еуразиялық және әлемдік талаптар негізінде білім беру ісінің мазмұнына және жүргізу бағытына
соны  өзгерістер  енгізе  алатын  білімді  де  білікті  мамандарға  байланысты  болатындығын  жақсы
білетін  Мейір  Ғариполлаұлы,  алғашқы  күндерден-ақ  болашақ  мұғалімдерді  сапалы  даярлауға
бағытталған және оларды дайындаушылардың біліктіліктерін көтеретін үлкен істерді қолға алды.
Ол өзі ректор болып тұрған біраз жылдардың ішінде талай игілікті бастамаларға мұрындық бола
білді.
Ректордың тікелей қолға алуымен Семей мемлекеттік педагогикалық институты алыс және жақын
шетелдердің көптеген жоғары оқу орындарымен және ғылыми мекемелерімен елуге жуық келісімдер
жасады.  Америка  Құрама  Штаттарының  Питсбург  мемлекеттік  университетімен  және
Ұлыбританияның  Рэдинг  университетімен  жасалған  келісімдердің  негізінде  Халықаралық
магистратураның ашылуы шын мәнінде елең еткізерліктей үлкен жаңалық болды. Бұл бойынша
Халықаралық магистратураны бітірушілердің «Білім берудегі халықаралық сарапшы» біліктілігін
алып  шығуларына  қол  жеткізілді.  Бүгіндері,  оқытушыларды  және  студентерді  академиялық
ұтқырлықтары бойынша дайындаудың сол кезде басталған игі ісі одан әрі жалғастығын табуда.
Институтты  дамыту  және  халықаралық  білім  беру  қызметі  нарығында  бәсекеге  түсе  алатын
педагогикалық кадрларды дайындау бойынша, Мейір Ғариполлаұлының креативті көзқарастары,
жаңашыл  идеялары  және  алысты  болжайтын  жоспарлары  студенттерді  айырбастау  және
қосдипломды  білім  беру  бағытындағы,  жоғарыда  аталған  университететтермен  және  Корея
Республикасының Джионгсанг Ұлттық универиситетімен жасалған меморандумның негізінде жатты.
Елімізден жырақта оқып жатқан студенттер шетелдік озық білімді алумен бірге, бүгіндері өздері
сол елдердегі қазақ мәдениетінің жаршысы да бола білуде.
Мейір  Ескендіров  жоғары  оқу  орынын  дамыту  бағдарламасында  жақын  шетелдердегі
әріптестеріміз – қазіргі кездегі Ресей жоғары оқу орындарымен екіжақты байланысты дамытуға
ерекше көңіл бөлді. Ол ректор болған жылдарда Том мемлекеттік педагогикалық университетімен,
Новосібір  мемлекеттік  педагогикалық  университетімен  және  Барнаулдағы  Алтай  мемлекеттік
педагогикалық академиясымен екі жаққа да тиімді тығыз байланыстар орнатылды. Мәселен, 2011
жылы  20-23  желтоқсан  аралығында  Семей  мемлекеттік  педагогикалық  институтына  Алтай
мемлекеттік педагогикалық академиясының делегациясы келді. Кездесу барысында институттың
педагогикалық кадрлардың біліктілігін көтеру және қайта дайындау аймақтық орталығы және Алтай
мемлекеттік  педагогикалық  академиясының  қосымша  кәсіби  білім  беру  орталығымен  арада
мамандардың біліктілігін халықаралық стандарттарға сәйкес көтеру мүммкіндіктеріне  байланысты
ынтымақтастықтың  бағыттары  айқындалды.  Сөз  жоқ  осындай  екіжақты  немесе  көпжақты
байланыстар әркімде жинақталған үлкен әлеуетті ортаға салып, оларды ортақ игілікке айналдыруға
мүмкіндік береді.
Ректор педагогикалық институттың ең негізгі мақсаты – үстіміздегі ғасырдың талаптарына сай
жаңа тұрпатты ұстаз мамандарын дайындау екендігін үнемі қайталаудан жалықпайтын. Ол сонау
90-шы жылдардың басындағы қиын экономикалық кезеңнің өзінде де мемлекет мектептерге, білім
беру  ісіне  көңіл  бөлуін  әсте  төмендетпегендігін,  сондықтан  мектептерге,  оның  ішінде  ауыл
мектептеріне  ерекше  көңіл  бөлу  керектігін,  педагогикалық  институттардың  қала  мен  ауыл
арасындағы рухани байланысты жалғастырушы көпір екендігін атап айтатын. Мектеп оқушылары
үшін  Семей  мемлекеттік  педагогикалық  институтында  жыл  сайын  қала  және  ауыл  мектптері
оқушыларына арналған пән олимпиадаларын өткізу дәстүрге айналды. Солардың алпыс пайызынан
астамы ауыл балалары болды. Болашақ мектеп түлектерінің ішінен мұғалім мамандығын таңдап
алғысы  келетіндерді  іздеу  бағытындағы  жұмыстарын  институт  қала  мен  ауыл  мектептерінің
арасында үнемі жүргізіп отырды. Осыған сәйкес Мейір Ғариполлаұлының тікелей бастамасымен
жыл  сайын  «Ауылым-алтын  бесігім»  акциясы  өтіп  отырды.  Бұл  бойынша  институттың
професссорлары  мен  оқытушыларының  және  студенттерінен  құрылған  шығармашылық  топтар

30
Семей  өңірінің  аудандарындағы  ауылдық  мектептерге  барып  дәрістер  оқу,  баяндамалар  жасау,
семинар-тренингтер жүргізу, мастер-класстар, студенттердің ғылыми бағыттағы жұмыстарының
көрмелерін өткізу және олардың күшімен концерттер беру сияқты шараларды іске асырды.
Мейір Ғариполлаұлының бастамасымен, институтта бұрыннан бері қызмет жасап келе жатқан
ғылыми және оқу-әдістемелік бағытындағы Академик Манаш Қозыбаев атындағы тарихи зерттеулер
ғылыми  орталығының,  Халықаралық  педагогикалық  білім  академиясының  экологиялық
орталығының, Семей мемлекеттік педагогикалық институтының тілдік білім және халықаралық
бағдарламалар  тіл  орталығының  қызметін  күшейтуден  басқа,  осы  және  т.б.  бағыттардағы  жаңа
орталықтарды  ашуға  үлкен  көңіл  бөлінді.  Олардың  қатарына  Педагогикалық  білім  берудің
инновациялық  орталығы,  Білім  берудің  технологияларының  халықаралық  лабораториясы,
Репетиторлық  мектеп,  Мектепке  дейінгі  білім  және  тәрбие,  «Қоғам»  әлеуметтану  аймақтық
орталығы,  «Интеллект»  орталығы  сияқты  түрлі  бағыттардағы  орталықтар  ашылып,  нәтижелі
жұмыстар жүргізілді.
Институтта Мейір Ескендіров ректор болған жылдар ішінде барлық мамандықтар бойынша және
оқудың  барлық  түрлерінен  оқытудың  кредиттік  технологиясына  көшу  негізінен  аяқталды.  Осы
кезеңде  химия  және  биология  мамандықтары  бойынша  мектепке  бірнеше  тілді  меңгерген
мұғалімдерді дайындау басталды. Студенттерге жоғары деңгейде білім беру және шетелдік озық
технологияларды  игеру  мақсатында  әлемнің  алдыңғы  қатарлы  университеттерінен  әлемдік
деңгейдегі  профессорлар дәрістер  оқуға шақырылып  отырды. Сол  сияқты институт  студенттері
және  шетелдік  жоғары  оқу  орындарынан  келген  олардың  құрдастары  үшін  ағылшын  тілін
жетілдіретін дәстүрлі халықаралық жазғы лагерьлер жұмыс істеді. Сөз жоқ осындай шаралардың
олардың өзара мәдени, біліми ықпалдарын және тәжірибе алмасуларын жаңа деңгейге шығарғаны
анық.
Шынында да Семей мемлекеттік педагогикалық институты өзі қызмет жасаған жылдардың ішінде
Шығыс Қазақстан аймағының педагогикалық білім беру және кадрларды дайындау саласындағы
оқу-білім беру, ғылыми және мәдени орталығы болып табылды.
Мейір Ғариполлаұлының тікелей бастамасымен бүгіндері құрылғанына бес жыл толып отырған,
нәтижелі жұмыс істеп келе жатқан, шетелдік қазақтардың жастарына арналған дайындық бөлімі
ашылды. Шетелдік жастарға ректор тарапынан үнемі қамқорлық жасалынды десек артық айтпаймыз.
Институтта Мейір Ескендіров ректор болған жылдары патриоттық тәрбие, студенттер арасында
көшбасшылық дағдылар және студенттердің азаматтық белсенділігін арттыру, әлеуметтік қолдау
топтамасын ұсыну, салауатты өмір салтын қалыптастыру, студенттерді мәдени және эстетикалық
құндылықтарға бейімдеу, дарынды жастарды дамыту және қолдау бойынша жұмыстар жүйелі түрде
жүргізілді. Осы кезенде институтта студенттік екі қоғамдық ұйым, он алты өзін-өзі басқару бірлестігі,
екі КВН лигасы сияқты және т.б. басқа студент жастар ұйымдары жұмыс жасады.
Институттың спорттық саладағы жетістіктері де орасан зор болды деп айта аламыз. Еуропа және
Азия  чемпионаттарының  жүлдегерлерінің  арасында  біздің  де  талай  студенттеріміз  болғанын
мақтанышпен  айтуға  болады.  Солардың  қатарында  болашақ  «Қазақстан  барысы»  Айбек
Нұғымаровтың да болғанын мақтанышпен айтамыз.
Бір сөзбен айтқанда, бүкіл Қазақстан қоғамының басты мақсаттарының бірі – жастарда белсенді
азаматтық позиция ұстанымдары мен әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру бағытындағы игі
шаралар  Семей  мемлекеттік  педагогикалық  институтында  да  атқарылып,  оң  нәтижелерін  беріп
отырды.
Мейір Ғариполлаұлы уақытының шектеулілігіне қарамай, Семей қаласы және Семей аймағындағы
үлкен саяси және тәрбиелік мәні бар қоғамдық істердің қашанда белортасында жүрді. Ол «Нұр
Отан» ХДП институттағы бастауыш ұйымының төрағасы қызметін де атқарып отырды. 2011 жылғы
сәуірдегі Қазақстан Рсепубликасының Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты
қолдау бойынша облыстық штабтың орынбасары, оның сенімді тұлғасы болды.
2009  жылы  ректор  М.Ғ.Ескендіровтың  басшылығымен  Семей  мемлекеттік  педагогикалық
институтының 75-жылдық мерей тойы кең атап өтілді.
Мейір  Ғариполлаұлы  Ескендіров  ректор  болған  2008-2011  жылдары  Семей  мемлекеттік
педагогикалық институты өзінің одан арғы дамуында ауыз толтырып айтарлықтай жаңа нәтижелі
белестерге шықты.

31
The rector the innovator
M. Karimov
In article is told about M.G. Eskendirov heading Semipalatinsk State Pedagogical Institute from 2008
to 2011, about development and new achievements of higher education institution these years.
Ректор-новатор
М. Каримов
В  статье  рассказывается  о  М.Г.  Ескендирове,  возглавлявшем  Семипалатинский
государственный педагогический институт с 2008 по 2011 гг., о развитии и новых достижениях
вуза в эти годы.
УДК:37.011.31

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал