Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 5.04 Kb.

бет16/19
Дата09.01.2017
өлшемі5.04 Kb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Б.Т. Қайыржанов
Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік  мектебі директоры
ӘРІПТЕСТІК БАЙЛАНЫСТАР
Мақалада еліміздегі білім берудегі өзгерістер жағдайында Семей қаласының Шәкәрім атындағы
мемлекеттік университеті мен Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев
Зияткерлік  мектебі  арасындағы  әріптестік  аясында  атқарылған  жұмыстар  негізінде  алдағы
байланыс басымдықтарын анықтау жөнінде ойтүйін жасалады.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арналған жолдауларында
экономикалық  және  қоғамдық  жаңару  қажеттіліктеріне  сай  келетін  осы
заманғы  білім  беру  жүйесін  құру  мен  жетілдіруді,  сол  сияқты  адами
ресурсты  дамытуды атап өтіп отыр. Осыған орай бұл мақсаттар Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытуға арналған мемлекеттік құжаттарда
қазiргі педагогикалық қоғамдастықтың алдында бiлiм берудiң жаңа моделiн
құрудың,  тәжірибеден  өткiзу  мен  енгiзудiң  ауқымды  мiндеттерi  мен
принциптерi  негізінде көрініс тапқан. Қазіргі таңда Қазақстанда білім беру
жүйесін  әлемнiң  жетекшi  елдерiнiң    бiлiм  беру  кеңістігімен  тиімді
кірігетіндей  жаңа  модельдерді  енгізу  үрдісі  жүріп  жатыр.  Сондай  жаңа
модельдердің бірі - бейiндi оқытуды көптілділікпен ұштастыру.
Әлемдiк тәжiрибе бойынша  бейiндiк оқыту,  көптiлдiлiктi қамтамасыз
ету  бiлiм  берудiң  жаңа  сапасына  қол  жеткiзуге  және  білім  туралы

126
құжаттардың  басқа  елдерде  мойындалуына,  оқушылар  алмасып  оқытуға  мүмкіндігінше  жағдай
жасайды. Бұл модель білім беру жүйесін түбегейлі жаңарту мен өзгерістерді қажет етеді.
Білім беруді жаңарту мен өзгерістер көбінесе мемлекеттік, салалық деңгейде бастама алса,
жалғасы - қоғам, оқу орындары, және ата-аналар қауымы қолдауымен іске асатын кең ауқымды
жұмыс. Білім берудегі өзгерістер тар мағынасында алғанда тоқтап қалмайтын, үздіксіз дамып және
жетілдіріліп отыратын үрдіс.
Еліміздегі білім берудегі іргелі өзгеріс - бейiндi оқытуды үштілділікпен ұштастыру жағдайында
педагог  кадрлар  дайындайтын  жоғары  оқу  орындары  мен  Зияткерлік  мектептер  арасындағы
байланыс басымдықтарын анықтап алу өзгерістерді тиімді де сапалы іске асыруға негіз болады.
Бұл  мақала  мақсаты  білім  берудегі  өзгерістер  жағдайында  жоғары  оқу  орны  мен  Зияткерлік
мектептер  байланысындағы  басымдықтарға  түпкілікті  негізделген  жауап  беру  емес,  жергілікті
педагог кадрлар дайындайтын жоғары оқу орны мен Зияткерлік мектеп байланысы жағдайында
сол басымдықтарды анықтауға талпыныс жасау.
  «Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  дербес  білім  беру  ұйымының  басқарма  төрайымы
Шамшидинова  К.Н.:  «Білім  берудегі  жоғары  сапа  және  көшбасшылық-2013»  халықаралық
конференциясындағы баяндамасында  «Біз еңбек нарығының жылдам даму жағдайында кәсіптік
дағдыларға  талаптардың  да  тез  өзгеріп  отырғанының  куәсі  болып  отырмыз.  Жұмыс  көбінесе
жобалық  қызметке  және  әртүрлі  қызығушы  жақтардың  ынтымақтастығына  негізделуде...  Бұл
дегеніміз білім беру жүйесі тек қана әрбір адамның қабілеті мен мүмкіндігін ғана ашып қоймай,
оның даму бағыттарын анықтап беру, болашақ ұрпаққа жаңа мәдени құндылықтар қалыптастыруға
мүмкіндік  жасау»,-  деп  атап  өтті.  Яғни  ынтымақтастыққа  және  құндылықтарға  баса  назар
аударуымыз керек екенін меңзейді.
  Осы  орайда  Семей  қаласының  Шәкәрім  атындағы  мемлекеттік  университеті  мен  Семей
қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі арасындағы әріптестік
аясында  атқарылған  жұмыстар  білім  берудегі  өзгерістер  жағдайында  байланыс  басымдықтары
бойынша біршама ойтүйін жасауға мүмкіндік береді.
Білім берудегі өзгерістер жағдайында жоғары оқу орны мен Зияткерлік мектептер байланысында
білім беруді дамытудың әлемдік тенденцияларына сәйкес басымдықтар болуы керек деп ойлаймыз.
XXI  ғасырда әлемдік білім кеңістігі үшін жалпы тенденция жалпыға бірдей жоғары сапалы білім
беруге көшу болып отыр. Осы тенденцияға сәйкес Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін
еліміздегі барлық жалпы орта білім беру оқу орындарына тарату мақсаты тұр. Сәйкесінше осы
өзгерістерге сай мамандар дайындауда жоғары оқу орны мен Зияткерлік мектептердің байланысы
шын мәнінде біте қайнасуы керек. Қазір білім беру мазмұны мен оқушылардың оқу жетістіктерін
бағалауға, оқыту мақсаттарын нақты анықтауға баса көңіл аударылып отыр, жаңа пәндер пайда
болып, оқыту әдістемелеріне түбегейлі өзгерістер енгізілуде. Осыған орай, педагогикалық шеберлік
орталықтарында еліміздің ұстаздары білім жетілдіру курстарынан өтіп жатса, жоғары оқу орындары
да  бұл  мәселеге  салалық  деңгейде  үлкен  бетбұрыс  жасап  отыр.  Сонымен  қатар,  болашақ
педагогтарды осы мақсаттарға сай дайындауға жергілікті оқу орындарының да мүмкіндіктерін өзара
пайдалануға бағыт алынды. Бұл мәселеде екі жақтың да қызығушылықтары бар. Білім берудегі
өзгерістер  жағдайында  жоғары  оқу  орны  мен  Зияткерлік  мектептер  байланысы  бойынша
жинақталған тәжірибенің  басты басымдықтарды анықтауға пайдасы өте зор болып отыр.
Болашақ ұстаздардың Зияткерлік мектепте педагогикалық тәжірибеден өтуі барысында жоғары
оқу орындарында оқу мазмұнына, оқу әдістемесіне, оның ішінде оқушының білім жетістігін бағалау
әдістерін оқытуда өзгерістер енгізу қажеттілігі айқын көрінеді, өйткені бұл мәселелер бойынша
біраз  алшақтық байқалады. Сол сияқты Зияткерлік мектептердің оқу жоспарына ағылшын тілінде
өткізілетін  «Жаһандық  көзқарастар  және  жобалық  жұмыстар»  атты  пән  енгізіліп  отыр.  Яғни,
болашақта бұл пәнді жоғары оқу орнының оқу жоспарына тым болмағанда элективті курс ретінде
енгізу қажеттілігі туындайды.
Зияткерлік  мектептердің  деңгейі  жылдан–жылға  халықаралық  талапқа  сай  өсіп  келе
жатқандықтан өңірде сол талапқа сай адами ресурстарды жоғары оқу орнында дайындау қажеттігі
үлкен мәселе ретінде белең алып келе жатыр. Мәселен, өңірде Зияткерлік мектептер мен жалпы
білім  беру  мектептерді  қазір  үштілді,  болмаса  екітілді  жас  мамандармен  қамтамасыз  етудің

127
қиындықтары сезіле бастады. Қазір ауылды жерлерде шағын комплектілі мектептер саны артып
отыр, ал ол мектептерге де екі немесе үштілді мамандар қажет екендігі айдан анық. Мектептің
кадрлармен қаматамасыз ету стратегиясы бойынша ұстаздар қатарын жас мамандармен толықтырып
отыру көзделген. Осы мәселені шешу жолын іздеу барысында жақсы оқу үлгерімін көрсетіп жүрген
2,3,4-курс студенттерін мектепте іске асып жатқан жобаларға тарту жолға қойылды. Олар мектепте
қызмет  атқарып  жүрген  шетелдік  мұғалімдерден  тіл  жетілдіру  курсынан  жүйелі  түрде  өтуге
тартылды. Сонымен қатар CLIL(пәнді және тілді кіріктіріп өткізу) әдістемесі бойынша дайындықтан
өткізілді.    Атқарылған  жұмыс  түрлерінің  студенттердің  қажеттілігіне  сай  екені  байқалды.  Бұл
болашақ педагогтарды дайындаудағы күтілетін нәтижені бірлесіп анықтауға негіз болады.
Бұл  жұмыс  түрлері  ұлттық  құндылықтарды  сақтай  отырып,  әлемдік  білім  берудегі
көпмәдениеттілік  және  әлеуметтік-бағытталған  кеңістік  құру  тенденциясына  да  сәйкес  келеді.
Сонымен бірге, студенттердің академиялық мобильді болуына көп септігін тигізеді деп ойлаймыз,
ол өз кезегінде мамандарымыздың бәскеге сай болуына көмектесетіні сөзсіз.
Жоғары оқу орны мен мектептердегі білім берудегі құндылықтарды сәйкестендіруге басымдық
беру керек. Себебі, қазіргі таңда жас ұрпақтың бойына ұлттық және әлемдік құндылықтарды білім
беру барысында сіңдіру қажет. Бұл құндылықтар тәрбие жұмысында ғана емес, сабақ беру арқылы
да іске асуы керек.  Ал бұл міндетті іске асыру дағдылары жоғары оқу орнында қаланғаны абзал,
жұмыс барысында бұл міндетті іске асыру үнемі өзгеріп, жетілдіріліп отырады. Сол сияқты мектептің
бүкіл жұмыс жоспары құндылықтарды іске асыруға бағытталуы  қажет.
Келесі  басымдық  оқыту  әдістемесіне  байланысты  болмақ.  Болашақ  мұғалім  өзгерісті  тез
қабылдауға бейім болуы керек. Оқыту әдістемесін үнемі жетілдіріп отыруға және қызметтестеріне
баға беруге үйренуі керек. Қазір мұғалім жұмысындағы өзгерістер үнемі жүріп отыратын құбылыс
болып отыр. Ол өзгерістер әріптестерінің көмегі арқылы да іске асады, олар бірін-бірі дамытып,
толықтырып отырады, сондықтан болашақ ұстаз әріптестерімен жұмыс істеу, қарым-қатынас орнату
түрлерін де меңгеру керек. Бұл бағытта «Lesson Study» жобасы жақсы нәтиже беріп отыр.
Болашақ педагогтардың көшбасшылық қабілеттерін жетілдіріп, өз мүмкіндіктерін іске асыруға
жағдай жасау да - басты жұмыстардың бірі. Көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру және дамыту
қазір барлық кәсіби салада бөлінген көшбасшылық, нақтылағанда қандай да бір жобаны іске асыру
арқылы көрініс табуда. Жобаны студент жоғары оқу орны қабырғасында, сол сияқты мектептерде
де іске асыра алады. Яғни, болашақ педагогтарға белгілі бір жобамен келуіне мектептің есігі әрқашан
ашық  болуы керек.  Семей қаласындағы  физика-математика  бағытындағы Назарбаев  Зияткерлік
мектебінде жыл сайын оқушылардың республикалық Ғылым фестивалін өткізу дәстүрі қалыптасқан.
Болашақ педагогтарды мектеп оқушыларына жоба жетекшісі ретінде тарту арқылы көшбасшылық
дағдыларын ұштай түсуге болады.
Дамыған елдердің білім беру жүйесінде академиялық адалдыққа баса көңіл бөлінеді, тіпті оқу
орнынан  шығарылу  себебінің  басым  көпшілігі  академиялық  адалдықты  сақтамау  салдарынан
болады. Бұл жұмысқа басымдық беру себебі мұғалімдер оқушының білім жетістіктерін бағалау
ережелерінің барлығын адал орындау үшін қажет. Ал ол қасиет сүйегіне сіңбеген адам қолайы түсе
қалса, ережені бұзуға дайын тұрады. Бұл өз кезегінде оқушы білімін адал бағаламауға және оқытуда
көзбояушылыққа,  үстірт  білім  беруге  әкеліп  соқтырады,  сол  сияқты  шығармашылық  жұмыста
плагиат жасауға бейімділікке итермелейді.   Академиялық адалдық қаситеттерін қалыптастыруға
жоғарыда айтылған «Жаһандық көзқарастар және жобалық жұмыстар» пәнінің маңызы өте зор.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
беру  академиясы,  Семей  қаласының  Шәкәрім  атындағы  мемлекеттік  университеті,  Семей
қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Семей қалалық білім
беру бөлімі бірлесіп өткізген «Қазақстанда педагог мамандарды дайындаудың заманауи бағыттары»
атты  республикалық  ғылыми-тәжірибелік  конференцияның  нәтижелері  тағы  бір  басымдықты
көрсетіп  берді.  Университет  оқытушылары  мен  мектеп  мұғалімдері  байланысының  тиімділігі
тәжірибеде көрініс тапты. Осы форматта Зияткерлік мектеп мұғалімдерінің болашақ ұстаздарға да
арнап шеберлік-кластарын ұйымдастырып отыру қажеттілігі даусыз.
Жалпы  алғанда,  жоғарыда  аталған  басымдықтар  бойынша  әріптестік  негізінде  жоспарлы
жұмыстар жүргізу еліміздегі білім берудегі өзгерістер жағдайында жоғары оқу орны мен Зияткерлік

128
мектептердің кадрларды дайындау  мәселесін  шешуде екі жаққа да тиімді болары сөзсіз.
1. Қазақстан  Республикасының  Президенті–елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан  халқына
жолдаулары.-  Астана, 29.01.2010., 28.01.2011., 14.12.2012., 17.01.2014.
2. «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiнгi бiлiм берудi дамыту  тұжырымдамасы».-
Астана, 2004.
3. Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011–2020  жылдарға  арналған
мемлекеттік бағдарламасы.- Астана, 2010.
4. «Білім  берудегі  жоғары  сапа  және  көшбасшылық-2013»  халықаралық  конференциясы
материалдары.- Астана, 2013.
Relations
B.T. Kaiyrzhanov
The  article  concludes  the  relationship  between  Semey  state  university  named  after  Shakarim  and
Nazarbayev  intellectual  school  with  the  direction  physics-  mathematics  science,  their  activities  in  the
context of educational changes in our republic and their future relationship steps.
Связь и сотрудничество
Б.Т. Каиржанов
В  статье  раскрывается  тема  работы  Интеллектуальных  школ,  а  также  возможность  и
необходимость тесного сотрудничества школы и вуза.
УДК:378
Әубәкірова А.М.
Институттың 1984 жылғы түлегі
БІЛІМ ОРДАСЫНЫҢ КЕЛЕШЕГІ – ЕЛІМНІҢ БОЛАШАҒЫ
Педагогикалалық  институт  пен  3  тілде  оқытатын  дарынды  балаларға  арналған
мамандандырылған мектептің сабақтастығы туралы баяндалған.
Кез келген ұлттың дамып, өркендеуі үшін алдымен білім беру мәселесін
шешу қажет. Өйткені, тек қана білім беру жүйесін күшейту арқылы ғана
мемлекет өрге басып, өркениетке жете алады. Алаш зиялылары білім және
ғылым  саласы  турасында  «Алаш»  партиясы  бағдарламасы  жобасының
«Ғылым-білім  үйрету»  деп  аталынатын  ІХ  бөлімінде  оқу  орындарында
білім  алу  жалпы  халыққа  қол  жетімді,  әрі  тегін  болуын,  бастауыш
мектептерде ана тілінде оқыту, ұлттық орта мектептер мен университет
ашу қажеттігін көрсете келе, одан әрі: «оқу жолы өз алды автономия түрінде
болуы;  үкімет  оқу  ісінде  кіріспеу;  мұғалімдер-профессорлар  өз  ара
сайлаумен қойылуы»  керек деп оқу-білім саласына  қатысты белгілеген
басты бағыттары қазіргі күнгі әлемдік білім беру деңгейіне сәйкес келетін
негізгі  талаптар  екендігіне  көз  жеткіземіз.  Ендеше,  біздің  ұлттық
зиялыларымыз осыдан 90 жыл бұрын озық тәжірбиелі шетелдік білім беру
жүйесіне де назар аударған екен. Ал қазіргі жаһандану жағдайында білім беру саласының  маңызы
тіптен бірнеше есе арта түсті. Сондықтан мемлекетіміздің тарапынан отандық білім беру жүйесінің
жаңаша даму жолына түсіп, жылдан—жылға жетіліп отыруына ерекше ден қойылуда. Осы мақсатта
Қазақстан Республикасында тәуелсіздік алған жылдардың алғашқы кезінен-ақ  білім беру саласында

129
бірнеше  кезеңді  күрделі  қайта  құру  бағдарламалары  жүзеге  асырылып,  үнемі  жетілдірілуде.
Сонымен  қатар    еліміздің  тәуелсіздік  алған  уақытында,  егеменді  ел  атанып,  тілі  мен  дініне,
мәдениетіне де баса назар аудара бастады. Бұл бағытта қазіргі заман талабына сай, Елбасының
халыққа  Жолдауында  да,  білім  беру  ісінде  де  жыл  сайын  өзгерістер  енгізіп  отырғаны  белгілі.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты кезекті жолдауын басшылыққа
ала отырып, елімізде қабылданған мәдени мұра бағдарламасын жүзеге асыру үшін, ҚР Білім және
ғылым министрлігі республикада 33 мектепте жаратылыстану – математика бағытындағы пәндерді
үш тілде оқыту бағдарламасын енгізді. Бұл мектептердің қатарында Шәкәрім атындағы 90 жылдық
тарихы бар білім ордасы да бар.  Мектептің іргесі 1924 жылы бұрынғы Алаш, қазіргі Жаңасемей
қаласында Алаш мектептері деп аталған бастауыш мектеп болып қаланған.  1934 жылы №19, 20
және №5 ШКМ  мектептерінің бірігуімен №5 толық емес орта мектеп болып қайта ашылады. Осы
уақыт  аралығында  мектебіміз  орта  мектеп,  мектеп  -  гимназиядан  үш  тілде  оқытатын  дарынды
балаларға арналған мамандандырылған мектеп мәртебесіне дейін көтерілді.
Кезінде 1917 жылы Алаш зиялылыры Семейде мұсылман оқытушылар ұйымын құрып, Мәннан
Тұрғанбаевтың төрағалығымен, Мұхтар Әуезовтың хатшылығымен «Бастауыш мектептердегі оқу
программалары» жасалынып, «Сарыарқа» газетіне жарияланғандығы, ұйым жиындарында Алаш
мектебіндегі бала оқыту мәселелері қаралғандығы белгілі. Бүгінде, ХХ ғасыр басында қазақ ұлтының
мүддесін қорғап, халқына көшбасшы бола білген, парасатты да көреген, дана азаматтары - алаш
зиялыларының арман еткен білім ордасының күннен-күнге мәртебесінің артуы үлкен жетістік. Оның
куәсі  90 жылдық тарихы бар біздің Шәкәрім атындағы  мектебіміз, тарихы  мектебімізбен сабақтас
жоғарғы мектеп, 80 жылдық тарихы бар Семей педагогикалық институты.
Қазақ  ұлтының  білімділік  деңгейімен  ұлттық  бәсекелестiк  қабiлетi  айқындалатыны  сөзсіз.
Сондықтан   ХХI  ғасырда  әлемдік  өркениет төрінен  орын  алуы  үшін, Қазақстанның  жан-жақты
дамуының бірден-бір жолы білімді, ғылымды әр қырынан меңгеру қажет болуында.   Ал әлемдiк
бiлiм  беру  кеңiстiгiне  толығымен  кiрiгу  бұл  бiлiм  беру  жүйесiн  халықаралық  деңгейге
сәйкестендіруді, мектеп пен жоғары мектеп арасындағы тығыз байланысты орнатуды талап етеді.
Мұны Алаш ардақтысы Ахмет Бай-тұрсыновтың сөзімен түйіндесек: «Басқадан  кем бол¬мас үшін
біз  білімді,  бай  һәм  күшті  болуымыз  керек.  Білімді  болуға  оқу  керек,  бай  болуға  кә¬сіп  керек.
Күшті болуға бірлік керек. Осы керек¬тердің жолын¬да жұмыс істеу керек».
Француз қайраткері «Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет»  дегендей бүгінде
оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес жасалған оқу бағдармаларымен жұмыс жасау,
ғалымдар  мен  жаңашыл  педагогтардың  еңбектерімен  танысу  жұмыстары  мектебіміздің
мұғалімдерінің үздіксіз ізденісін айқындауда. Ұстаздар Кембридж бағдарламасы бойынша деңгейлік
курстардан  өтіп,  Швейцарияда  «Болашақ»  бағдарламасы  негізінде  білімдерін  шыңдап  келсе,
Республикалық  ғылыми-практикалық  «Дарын»  орталығының  ұйымдастыруымен  жоғары  оқу
орындары базасындағы білім жетілдіру курстарына, семинарларға, тәжірибелік оқуларға қатысуда.
Осы бағытта Семей педагогикалық институтымен байланыс ежелден жолға қойылған десек болады.
Институтты бітірген мамандар мектепке жұмысқа келсе,  мектеп түлектері институт қабырғасында
еңбек етіп, болашақ мамандар мектепте тәжірибелік сынақтан өтуде. Солардың бірі  мектебіміздің
бірінші түлегі физика математика ғылымының кандидаты М.Естекбаев ұзақ жылдар мамандарды
даярлауға  ат  салысса,  профессор  Қажи  Нұрсұлтанұлы  мектебімізде  алғаш  рет  математиктердің
«Архимедшілер  алауы»  клубын  құрып,  мектептерде  Логика  пәнін  енгізу  мәселесін  көтеріп
математика мұғалімдері Ж.Дүрмекбаева, Л.Амреновалармен бірлесе отырып, алғашқы «Логика»
оқулығын жазды.
Бұл мәліметтер мектеп пен бүгінгі күні 80 жылдығын атап өткелі отырған жоғары оқу орыны
тарихының бір бірімен тығыз байланысының, сабақтастығының көрінісі. Осы уақыт аралығында
мектебімізде жұмыс жасаған ұстаздар қауымының басым көпшілігі аталған жоғары оқу орынының
түлектері  болса,  бүгінгі  таңда  жұмыс  жасайтын  мұғалімдердің  80%-ы  Семей  педагогикалық
институтын әр жылдары бітірген мамандар.
Менде 1980 жылы Семей қаласындағы М.Әуезов атындағы педагогикалық училищесін қызыл
дипломмен  бітіріп,  Н.К.Крупская  атындағы  педагогикалық  институттың  физика  -  математика
факультетіне  математика  пәнінен  жазбаша  емтиханнан  «5»  деген  баға  алып,  басқа  сабақтардан

130
емтихан тапсырудан босатылып бірден студент қатарына қабылданған едім. Институт қабырғасында
жүріп, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқаным үшін мені студенттер қаладағы Киров аудандық
кеңесіне  1983  жылы  депутат  етіп  сайлады.  Студенттік  жылдарымда  институт  қабырғасында
ұйымдастырылған  «Сауле»  құрылыс  отрядында  құрылыс  шебері,  бригадир  болып  еңбек  етіп,
облыстың  Бесқарағай,  Тарбағатай,  Таскескен  аудандарының  шаруашылықтарындағы  маңызды
құрылыс  объектілерінде  өз  қол  таңбамды  қалдырдым.  1984  жылы  институтты  математика
мамандығы бойынша «Үздік» дипломмен бітіріп, еңбек жолымды Семей қаласындағы №16 мектепте
математика  мұғалімі  болып  бастап,  қазіргі  уақытта  «Шәкәрім  атындағы  облыстық  дарынды
балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектепке» басшылық жасаудамын.
Бүгінде  мектебіміздің  заман  талабына  сай  жұмыс  жасауына  мемлекет  тарапынан  көп  көңіл
бөлінуде. Мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтуда интерактивті кабинеттер алынып,
компьютермен  жабдықтауға,  мектепті  бірыңғай  интернет  желісіне  қосуға,  интернет  жұмысын
пайдалануға назар аударылды. Пән кабинеттері, көрнекі құралдар, ағылшын тіліндегі математика,
физика, химия оқулықтары,  кабинет мебельдері, асханаға, спорт  саласын дамытуға, технология
кабинеттеріне қажетті техникалық құралдар алынып, жабдықталды. Педагогикалық институтпен
бірлесе математика, физика, химия пәндерін ағылшын тілінде беретін кадрлармен қамтамасыз ету,
олардың біліктілік деңгейін көтеру жұмыстары да басты назарда ұсталынуда. Жоғары оқу орынының
оқытушы  ғалымдары 1500  сағаттық оқу  курстарын жүргізіп,  оқушыларды ғылыми  жұмыстарға
бағыттауда ғылыми жетекшілік жасауы өз нәтижесін беруде. Мектеп оқушылары Швеция, Россия,
Греция т.б алыс жақын шет елдерде болған халықаралық деңгейдегі жарыстарда, ғылыми жобаларын
сәтті  қорғап,  бүгінде  жоғары  оқу  орындарында,  Назарбаев  Университетінде  білімдерін  сәтті
жалғастыруда.
Мектебімізден алғашқы 10 түлегі 1952 жылы бітірсе, бүгінгі таңда оның саны 3715 оқушыға
жетті. 40 оқушы Алтын медаль, «Алтын белгі» төсбелгісінің, 30 оқушы Күміс медальдің, 83 түлек
Үздік  аттестат  иегері  атанды.  Мектеп  түлектері  -  ғылым  докторлары  мен  кандидаттары,  түрлі
саланың құрметті атақ иегерлері еліміздің түкпір түкпірінде еңбек етуде.
Осындай  ХХІ  ғасырдың  жан-жақты  зерделі,  дарынды,  талантты  адамдарын  қалыптастыруда
білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында болмақ. Осы тұрғыда мұғалімге білім берудің
тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі де тиіп отыр. Ежелгі грек материалисі, философ
Демокрит айтқандай, «Еңбек үздіксіз үйренгендіктің арқасында жеңілдей түседі». Сондықтан әр
ұстаз – ХХІ ғасыр мұғаліміне сай болу үшін – ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жан-жақты шебер,
тынымсыз  еңбекқор,  терең  қазыналы  білімпаз,  кез-келген  ортаның  ұйытқысы  болу  керек.  Осы
бағытта  ұстаздар  қауымының  жыл  сайын  өз  білімдерін  көтеруі,  ЖОО  орыны  базасында
ұйымдастырылатын  ғылыми  –  практикалық  семинарлар,  конференцияларға  қатысу  деңгейі,
оқушылардың байқау, жоба жарыстары, т.б. шаралардағы жетістіктері арта түсуде. Институттың
«Ғылым  жаршысы»  басылымында,  газет-журнал  беттерінде,  институт  базасында  өткізілген
халықаралық  ғылыми-практикалық  конференцияларда,  аймақтық  пән  олимпиадаларымен  пән
апталықтары  арқылы  өз  іс  -  тәжірибелерін  таратуға,  әріптестерімен  бөлісуге  мүмкіндік  алған.
Сондай  шаралардың  қатарында:  2007  жылы  «Салауаттылық  -  салтымыз»  тақырыбында  мектеп
директорларына  арналған  қалалық  фестиваль,  2008  жылы  «Шәкәрім  қазынасы  –  асыл  мұра»
тақырыбында қалалық, 2011 жылы  «Көптіл  білетін дарынды тұлға қалыптастыру» тақырыбында,
2012  жылы  институттың  физика-математика  факультетімен  бірлесе  «Математиканы  көп  тілде
оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында облыстық, 2013 жылы Шәкәрім атындағы Университет
жанындағы «Жоғары педагогикалық орталықтың» қолдауымен мектебімізде бірінші рет өткізілген
«Көптілділік-әлемдік  білім  кеңістігіне  интеграцияланудың  негізгі  шарты»  тақырыбындағы
республикалық  ғылыми – практикалық семинарларды атауға болады.
Тәрбие мен білім беру саласында жеткен жетістіктері үшін 2009 жылы Семей педагогикалық
институтының  70  жылдығына  арналған  мектептер  арасындағы  облыстық    байқауда  мектебіміз
«Шығыс Қазақстан облысының үздік мектебі» деп танылып,  І дәрежелі дипломмен, 2010 жылы
«Дарынды балалар-Қазақстанның болашағы» энциклопедиясының қоғамдық редакциясы шешімімен
«Білім»  номинациясының  Дипломымен,  2010  жылы  қала  мектептері  арасында  жылдық  рейтинг
қорытындысымен  І орынға ие болып Грамотамен, 2012 жылы Қазақстан Республикасы білім және

131
ғылым  министрлігінің  Құрмет  грамотасымен,  2012  жылы  Ғылым  негіздері  бойынша  VIII
халықаралық  интернет  олимпиадасының  Алғыс  хатымен,  2013  жылы  ҚР  Білім  және  ғылым
министрлігі  «Дарын»  республикалық  ғылыми-практикалық  орталығының  Алғыс  хатымен
марапатталып,  2010  жылы  ҰБТ  қорытындысымен  Үздік 100  мектеп  қатарына  енді,  2014  жылы
мектеп Қазақстан экономикасы Ұлттық бизнес-рейтинг одағының шешімімен «Сала көшбасшысы»
атанып, арнайы ескерткіш белгі және ұлттық сертификатпен марапатталды. Әр жыл сайын білім
мен ғылым, өнер мен спорт саласында ерекшеленген ұстаздарымыз бен оқушыларымызға арналған
«Шәкәрім  дарындары»  басылымын  шығару,  жыл  қорытындысында  «Жылдың  үздік  мұғалімі»,
«Үздік  жыл  оқушысы»  рейтингісі  бойынша  жүлдегерлерді  анықтау  дәстүрге  айналған.Осындай
еңбектерімен 90 жылдық тарихы бар мектебіміздің ел тәуелсіздігі жолында халқымызбен қатар
басқан қадамы ардагер ұстаз Д.Тоққариннің және мектеп ұжымының  көп жылғы ізденісінен туған,
мектеп  түлегі Марат  Құрманбайдың  демеушілігімен жарық  көрген  «Білімнің шежірелі  ордасы»
атты басылымда айқын көрініс тапқан.
Биік белестермен, асқаралы асуларды алыста қалдырған білім ордасында ізі қалған жүздеген
ұстаздардың  еңбегі  кейінгі  ұрпаққа  мақтаныш,  есімдері  алтын  әріппен  шәкірттерінің  жүрегіне
жазылған құрметті жандар. Олардың алдарынан өндірістің түрлі салаларында еңбек ететін мамандар,
ғылым докторлары, кандидаттары, спорт, өнер саңлақтары тәрбиеленіп, бүгінде мектебіміздің ғана
емес еліміздің мақтанышына айналуда.
Білім ордасының келешегі - елімнің болашағы деп жұмыс жасайтын бүгінгі ұстаздар қауымының
да тынымсыз еңбегі, жауапкершілігі тәрбие мен білім  беруде жарқын істермен жалғасын табатынына
мектеп басшысы ретінде сенімім зор.
Мектеп адам баласының санасын ашып, білім жолына тәрбиелеп, өнегелі өмір жолына түсуге
қол  ұшын  беретін  -  киелі  білім  ордасы.  Оның  қабырғасы  –  әрбір  адамның  алдағы  өмірін
қалып¬тастырар алғашқы табалдырық. Сондықтан да әрбіреуіміздің алда қандай адам боларымыз
да мектепте алған білімімізге, тәлім-тәрбиемізге байланысты.  Олай болса, жас ұрпаққа үйретері
мол аға ұрпақтың ісі өрге жүзіп, еңбектері үстем болсын.
The future of the institution – the future of the people
A.M. Aubakirova
There stated the link of pedagogical institute with scool of talanted children of three language learning.
Будущее системы образования – будущее народа
А.М. Аубакирова
В статье говорится о тесной связи педагогического института со школами для одаренных
детей, обучающихся на трех языках.

132
УДК:378.124:811

1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал