Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.8 Kb.

бет9/10
Дата09.01.2017
өлшемі2.8 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

             Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының 
иегері,  филология ғылымдарының кандидаты 

 
- 135 - 
Ғалым Алпысбай Мұсаев және қазақ сатирасы  мен  
юморы туралы 
 
 
Қазіргі  әдебиеттану  ғылымындағы  белгілі  ғалымдардың 
бірі  –  Алпысбай  Мұсаұлы.  Ол  қазақ  прозасындағы  сатира  мен 
юмор  поэтикасын  жан-жақты  зерттеп,  сатира  мен  юмор 
өрнегінің  терең  қатпарларын  ақтарып  көрсетті.  Халқымыздың 
бай  ауыз  әдебиетінен  бастау  алатын  әзіл-күлкі  бүгінгі 
әдебиетімізде  де  терең  тамыр  тартып  барады.  Ел  ішінде  талай 
айтқыштар,  күлдіргі  қылжақбастар,  әзілқой  құмар,  сөз  тапқыш 
шешендер  т.б.  болған.  Олар  өз  сөздерін  жеңіл  әжуа  күлкіден 
бастап,  уытты  мысқыл,  ащы  күлкімен  жалғастырып,  халықтың 
жеке  адамға,  одан  қоғамға  деген  сынын  юмор,  ирония,  сатира 
арқылы  жеткізген.  Адам  бойындағы  кемшілік  –  мінді,  олардың 
іс-әрекетіндегі  жағымсыз  көріністерді  көріп  қана  қоймай,  оны 
шеберлікпен әзіл-күлкіге бұра айта да білген [1]. Ал бүгінгі әзіл-
күлкіні,  өткір  сатираны  ақын  –  жазушылар  шығармаларынан 
табамыз.  Қазақ  әдебиетінің  даму  кезеңдеріне  барлау  жасай 
отырып, қазақ юморы мен сатирасының да даму жолына талдау 
жасауға болады. Халық бар жерде оның әдебиеті болатын болса, 
оның  юморы  мен  сатирасы  да  тереңнен  тамыр  тартып 
жатқанына  дау  айтпаймыз.  Ендеше  қазақ  әдебиетіндегі  сатира 
мен  юмор  жанр  ретінде  де,  жазушы  шеберлігінің  бір  қыры, 
өзіндік  стилі  ретінде  де  әдебиет  сүйер  қауымды  қызықтырмай 
қоймайды.  Осы  орайда,  ғалым  А.Мұсаевтың  қазақ  әдебиеттану 
ғылымында  сатира  мен  юмордың  қыр-сырын  жүйелі  зерттеп, 
қазіргі 
әдеби 
процессте 
сатиралық 
дәстүрлердің 
берік 
қалыптасқандығын көрсетті.  
 
Ғалым  А.Мұсаев  қазақ  әдебиетіндегі  сатира  мен  юмор 
поэтикасын  зерделеген  монография  мен  осы  жанрда  жазылған 
бірнеше  оқу  құралдарының  авторы  ретінде  әдебиетіміздегі 
сатиралық  дәстүрлердің  даму  жолдары  жөнінде  әлі  де  тынбай 
ізденіп  келеді.  Қазіргі  прозалық  шығармалардағы  сатиралық 
сарындарда арғы заманнан келе жатқан сөз тапқыштар, әзілқой-
қолжың,  келемеж-күлкіге  толы  сөз  иелері  Алдар  Көсе, 
Қожанасыр,  Жиренше  т.б.  сөздерімен  байланыстыра  зерделеп, 

 
- 136 - 
юмор  мен  сатира  халық  тарихымен  бірге  жасап,  әдебиетіміздің 
әр кезеңдегі  даму дәрежесіне  қарай  күрделеніп, одан  әрі дамып 
келе жатқанын көрсетеді. А.Мұсаев авторлығымен жарияланған 
«Қазіргі қазақ сатирасы», «Поэтика казахской сатиры», «Жанды 
жүйе»  т.б.  зерттеу  еңбек,  оқу  құралдарында  қазақ  күлкісінің 
табиғаты,  оның  бастаулары  мен  қазіргі  арналары  шебер 
үйлесімде  жан-жақты,  жүйелі  баяндалады.  Ғалым  қазақ 
сатирасы  мен  юморы  поэтикасын  әлем  әдебиеті,  туысқан  түркі 
халықтары  әдебиетімен  байланыста  қарастыра  келіп,  өз 
халқымызға  тән  қалжың,  әзіл-күлкінің  табиғи  байлығын,  оның 
көркем  әдебиетте  жазушы  шеберлігіне  қарай  көріну  жолдарын 
ғылыми  түрде  баяндайды  [2].  Халқы  өмірімен  біте  қайнасып, 
халық  ауыз  әдебиеті  арқылы  жасап  келе  жатқан  әзіл-күлкі, 
жайдары қалжың, өткір сын әдебиетіміздің проза жанрында кең 
түрде 
қолданыс 
тауып, 
есімі 
белгілі 
қаламгерлер 
шығармашылығы  арқылы  қазақ  әдебиетіндегі  сатира  мен 
юморлық  мектеп  дәстүрі  алға  қарай  дами  түсті  [3].  Осы  тұста 
60-90 
жылдардағы 
қазақ 
әдебиетінің 
өкілдері 
шығармашылығында  сатира  мен  юмор  өрнектері  шеберлікпен 
қолданыс  тапқанын  айтады.  «Бұлардың  қатарында,  -  дейді 
ғалым  А.Мұсаев,  М.Әуезов,  Ә.Нұрпейісов,  Т.Әлімқұлов, 
Т.Ахтанов,  З.Қабдолов,  Ә.Тарази,  М.Мағауин,  Ә.Кекілбаев, 
С.Мұратбеков, 
Д.Исабеков, 
Е.Домбаев, 
Т.Нұрмағанбетов, 
Ж.Молдағалиев,  М.Қаназов,  Ә.Сәрсенбаев  сияқты  жазушылар 
бар.  Олардың  шығармалары  өздерінің  терең  психологизмімен, 
өмірдің  сан  қырын  қопарып  ашуымен,  адам  жанының  нәзік 
иірімдерін  тап  басып  жарқырата  көрсетуімен,  жақсылық  пен 
жамандықтың  бітіспес  тартысын  қысымды  көрсетуімен  есте 
қалдырады»  [2.35].  Осылай  дей отырып,  ғалым  А.Мұсаев  қазақ 
әдебиеттану  ғылымында  сатира  мен  юмор  поэтикасын  бір 
жағынан  арнайы  жанр  ретінде  қарастыра  отырып,  екінші 
жағынан  сатира  мен  юморды  жоғарыда  аталған  жазушылар 
шығармашылығына  тән  стильдік  ерекшелік  ретінде  де  шебер 
талдап  көрсетеді.  Осы  ретте  ғалым  суреткер  жазушыға 
қойылатын  талап  та  заман  ағымына  қарай  салмақтай  түскенін 
ескертіп, 
жазу 
шеберлегін 
меңгеруде 
ескеретін 
басты 

 
- 137 - 
мәселелерді  әңгіме  етеді.  «Біздіңше,  қиындық  та,  біздегі  зор 
кемшілік  те  өмірді  өзінің  сан  түрлі  бояуымен  көрсете 
алмауымызда.  Тек  ақ  бояу,  қара  бояумен  жұмыс  істеуден 
жалығатын  кез  жетті.  Үлкен  суретші  аталу  үшін  тек  үлкен 
таудың,  үлкен  заводтың  суретін  салу  шарт  емес.  Кішкентай 
мөлдір  бұлақтың,  оның  жағасында  өсіп  тұрған  жалғыз  тал 
қызғалдақтың суретін келістіріп салып та үлкен суретші атануға 
әбден  болады»,  -  дейді  ғалым  [2.35].  Көркем  әдебиеттегі  юмор 
мен  сынның  нысанына  алынуға  тиісті  қоғамдағы  неше  түрлі 
кемшіліктерді,  тоғышарлық  қасиеттердің  негізгі  түрлерін 
санамалай 
көрсетіп, 
тоғышарлық 
тамырларын, 
оның 
«симптомдарын»  әңгіме  етеді.  Автор  сатира  мен  юмордың 
айырмашылығына 
да 
тоқтала 
келіп, 
олардың 
өзіндік 
ерекшеліктерін  ғылыми  нақты  дәлелдеп  береді.  Осы  бағытта, 
М.Тілеужанов,  Т.Қожакеев  т.б.  зерттеулеріне  де  сілтеме  жасап, 
сатира  мен  юмор  тақырыбында  қалам  тартқан  ғалымдар 
зерттеулерін сәтті қолдана отырып, ондағы ғылыми танымдарда 
одан  әрі  дамыта,  өрбіте  талдау  жасайды.  Сатира  мен  юмордың 
қазақ  әдебиетіндегі  даму  жолдарына  әдеби  талдау  жасап, 
әдебиетіміздің  әр  кезеңіндегі  идеялық-көркемдік  дәрежесін 
айқындап 
келе 
жатқанын 
ғылыми 
тұрғыда 
жан-жақты 
дәлелдейді. Бұрын шығармашылығы зерттеушілер назарына көп 
іліне  бермеген  авторлардың  әңгімелеріне  де  тоқталып,  жүйелі 
әңгіме қозғайды.  
 
Зерттеуші  А.Мұсаев  күлкі  поэтикасын  жеріне  жеткізе 
талдап,  осы  бағыттағы  барлық  ізденістерді  теориялық  жағынан 
жаңғырта  дамытып,  сатира  мен  юмордың  жанрлық-стильдік 
көпқырлық 
қасиеттерін, 
тақырыптық 
ғылыми 
маңызды 
мәселелерін  және  оның  көркемдік  ерекшеліктерін,  оның 
қоғамдағы,  әдебиеттану  ғылымындағы  функциясын  анықтауда 
өзінің ғылыми тереңдігі мен талғампаз ізденгіштігін байқатады. 
Осы  бағыттағы  еңбектерінен  оның  өзіндік  ғылыми  қолтаңбасы 
мен  жазу  шеберлігін  де  аңдауға  болады.  А.Мұсаев  –  тек  ғалым 
ғана  емес,  ол  жас  ұрпақты  білім  нәрімен  сусындатып  келе 
жатырған ұстаз, тәрбиеші, жоғары оқу орнының білікті маманы. 
Оның  ұстаз-тәрбиеші  екендігі  ғылыми  еңбектерінің  терең 

 
- 138 - 
мағыналы жазылуына да игі ықпал еткенін байқатады. «Көркем 
әдебиеттің  тәрбиелік  күші  туралы  сөз  қозғағанда,  әдетте  оның 
өнегелік  жағы  көп  сөз  болады.  Ал  екінші  жағы  көбінесе 
ескерусіз  қала  береді.  Ол  адам  тәрбиелеудің  тек  жақсыны  үлгі 
ету  арқылы  ғана  емес,  жаманнан  жирендіру  арқылы  да  жүзеге 
асатындығы»,  -  дей  отырып,  өзі  де  аталған  зерттеуінде  сатира 
мен юмордың тәрбиелік қырларына көп назар аударады [2.229]. 
 
Әлеуметтік  қоғамдық  өмірімізде  әдебиеттің  қажеттілігі 
қандай болса, сатира мен юмордың да белсенділігі, жаңа заманға 
сай жаңа мазмұндағы сатира мен юмор поэтикасының даму, өсу 
арналары  да  артып  келеді  [1].  Сондықтан  сатира  мен  юмор 
халықпен  бірге  жасап,  бірге  өсіп,  биіктеп  келеді,  терең  тамыр 
тарта  береді.  Қоғамдағы  жат  қылықтарды,  кемшіліктерді 
көрсетуде  сатира  мен  юмордың  күші  қаламгердің  жазушылық 
шеберлігіне  байланысты  көрінеді.  Ал  жазушы  стилі  мен 
шеберлігін  дамытатын  ойлы,  мазмұнды  ғылыми  зерттеулер 
десек,  ғалым  А.Мұсаевтың  ізденістері  осы  биік  талаптарға  сай 
деп білеміз. 
 
Ғалым  зерттеуінде  қазақ  балалар  прозасындағы  күлкінің 
көріністеріне 
де 
барлау 
жасалып, 
қазақ 
жазушылары 
Б.Соқпақбаев, 
М.Қаназов, 
С.Асылбеков, 
К.Данабаев 
т.б. 
прозасындағы бала психологиясына сай юморлық суреттеулерге 
көңіл  аударта  отырып,  оны  әлем  әдебиетіндегі  юморлық 
эпизодтармен байланыстыра талданады [4.165]. 
 
Қорыта  айтқанда,  біз  өз  ортасына  танымал  ғалым, 
шәкірттерінің  құрмет  тұтар  ұстазы,  бүгінде  алпыс  жастың 
асқарына  шығып  отырған  қадірлі  Алпысбай  Мұсаев  ағамызға 
мол  денсаулық,  шығармашылық  табыс  тілей  отырып,  алдағы 
уақытта да ғылым жолында ерінбей еңбек ете беріңіз деген тілек 
білдіреміз. 
Сәдуақас Нұрбол Әбділлаұлы 
Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық 
институтының қазақ әдебиеті      
кафедрасының меңгерушісі, 
филология ғылымдарының 
                                                           кандидаты, доцент 

 
- 139 - 
Поэзия сұңқары 
 
Тылсым табиғаты ерекше, жүрек үнін, көңіл күйін көркем 
тілмен  кестелеп  беретін  поэзия  әлемі  жаныңды  селт    еткізер, 
көңіліңе  шуақ  ұялатар  өзінше  бір  жұмбақ  әлем.  Оның  тереңіне 
батқан  сайын  малтықпай,  тұншықпай  керісінше,  жаныңды  бір 
рахат  сезім  баурап,  көңіліңнің  қанаттарын  кең  сермеп 
тұңғиығына  алаңсыз  сүңгисің.  Адам  баласына  осынша  рухани 
ләззат 
сыйлай 
алатын 
Ақын 
жанның 
көп 
пендеден 
артықшылығы да сол бір құдай берген ерекше қасиетінде болса 
керек.  Сондай  біртуар  талантымен  көп  адамды  табындырып, 
тамсандырып  өткен,  поэзия  аспанында  дауылдай  дүркіріп, 
найзағайдай жарқылдап, жасын боп жанып кеткен жарқыл тұлға 
Жарасқан Әдірашев еді.  
Қазақ поэзиясына алпысыншы жылдардың аяғында келіп, 
өмірден  өткенше  ширек  ғасырдан  астам  уақыт  бойы  өз 
буынында  жыр  бәйгесінің  алдын  бермеген  ақиық  ақын  есімін 
жыр  сүйер  қауым  ұмыта  қоймаған  болар.  Ақын  дүниеден 
өтісімен-ақ абыз ағалары, қанаттас тағдырластары, ізетті інілері 
ағынан  жарылып,  ақжарма  пікірлерін  айтып  шығармашылығын 
жоғары  бағалады.  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік 
сыйлығына  ұсынды.  Қазақстан  Аграрлық  Партиясы  Жарасқан 
Әбдірашев  атындағы  сыйлық  белгіледі.  Әдеби  еңбектерінің 
таңдамалы үш томдығы жарық көрді... 
 Осының  бәрі  ақынға  жасалған  құрмет.  Алайда,  ақынын 
аялайтын,  талантын  бағалайтын  халықтың  құрметі  таусылмақ 
емес.  Оған  дәлел  –  филология  ғылымдарының  докторы, 
профессор  Алпысбай  Мұсаевтың  ақын  шығармашылығына 
арнаған «Рух бостандығының жыршысы» атты еңбегінің жарық 
көруі.  Белгілі  әдебиеттанушы  ғалым  бұл  еңбегінде  қазақ 
поэзиясының  ірі  тұлғаларының  бірі  Жарасқан  Әбдірашевтің 
өлең,  поэмаларының  көркемдік  сипаты,  шеберлік  қырлары 
тұрғысынан  талдау  жасайды.  Ақынның  лирикалық  кейіпкерлер 
әлемінің  өзіндік  ерекшеліктері,  ұлттық  рух,  ұлттық  дәстүр, 
ұлттық  психология,  суреткерлік  шеберлік  мәселелері  ғылыми 
зерттеу тұрғысында қарастырылып, жан-жақты талданады. 

 
- 140 - 
Кітап  белгілі  қаламгер  Әбіш  Кекілбайдың:  «Өтіп  жатқан 
уақыт 
керуені 
Жарасқандай 
ерен 
таланттың 
ұлттық 
руханиятымыздағы  өзгеше  орнын  одан  әрмен  өркештендіре 
түсері  сөзсіз»,-  деген  сөзімен  ашылыпты.  Мұның  өзі  ақын 
шығармашылығына  деген  шынайы  ілтипат,  оның  талантына 
деген  құрмет  болса  керек.  Осындай  үлкен  қаламгерлер  пікір 
білдірген  ақын  жайлы,  оның  шығармашылығы  турасында 
жазылған  зерттеуші  ғалымның  ой-толғаныстарын  құраған  кітап 
бес  бөлімнен  тұрады.  Бірінші  бөлім  «Ақ  бұлақтар  ағыны»  деп 
аталыпты.  Мұнда  ол  ақынның  жалт  етіп  жарыққа  шыққан 
кездегі 
алғашқы 
талпыныстарынан 
бастап 
әңгімелейді. 
«Жарасқан поэзияға «Найзағайлы жаз» (1971ж.) атты кітабымен, 
келді  де  өзінің  өмірі  мен  өлеңін  найзағайлы  жаз  сияқты 
жарқылдатып  өткізді.  Кітаптарының  аты  өзгеріп  шыққанымен, 
Жарасқан  табиғатқа  тартқан  найзағайлы  жинақтарды  өмірге 
әкелді.  Оның  бірде  бір  жинағы  әдеби  ортада  «найзағай 
орнатпай» өткен емес»,- дейді зерттеуші ғалым. 
Ақын  лирикасындағы  ішкі  монолог  –  автордың  бар 
болмысын  жан-жақты  ашып  көрсетеді.  Лирикалық  кейіпкердің 
өзімен-өзі болып толғануында жан тебірентер нәзік мұң жатады. 
Сол  нәзік  мұңын  да,  сырын  да  ақын  өзінің  туған  даласымен 
бөліседі.  Туған  даласының  жыры  –  Жарасқан  ақынды 
сәйгүліктің  желіндей  естіріп,  қыран  құстың  қанатындай 
самғатады.  Осы  тұста  дала  сырын  Жарасқан  Әбдірашевтен 
артық  жырлайтын  ақын  жоқтай    болып  көрінеді.  Бар  алпыс  екі 
тамыры иіп, шабытына қамшы басатын ақын тақырыбы – Дала, 
туған  дала.  Сондықтан  да,  ақын  шеберліктің  шыңына  шыққан 
әзірде: «Дала, сенің ұлыңмын», - деп ашық айта  білді: 
 
Туған дала,  
тоғысты да көп тілек, 
Көңілімді орап алды отты леп! 
Осы қазір – тауыңа бір айналып 
кетсем бе екен?!. 
Тұрсам ба екен көк тіреп?! 
 

 
- 141 - 
Мендік арман, 
сендік үміт қаншалық, 
байтақ әлем тыңдар еді тамсанып? 
Осы қазір –  
бұлбұлыңа айналып 
кетсем бе екен?!. 
Тұрсам ба екен ән салып?!. 
 
Жоқ! 
Жоқ! 
Әр кез әжетіңе жарайын, 
болашаққа бірге күліп барайын! 
Барлығы да болуы үшін осының –  
Борышы мол ұлың болып қалайын!,- дейді ол.  
 
Осылайша  ақын  туған  даласына  бар  сырын,  көңіл 
түкпіріне 
қонақтаған 
қуаныш-ренішін, 
ой-толғанысының 
барлығын  сыр  ғып  шертеді.  Ақын  қиялының  қиясы  –  туған 
халқының  тағдыры.  Ол  өзінің  де,  ұлтының  да  күшті,  құдіретті 
болуын қалайды. Жарасқан ақын жекелеген тарихи тұлғалардың 
тағдыры  арқылы  бүтін  бір  уақыттың  бедерін  бейнелеп,  сол 
кезеңдегі  шындық  шымылдығын  ашады  да  көпшілік  іс-әрекет 
үстінде  іріктелген,  ұлттық  сана  сарабында  сұрыпталған 
оқиғаларды алып шығып, ұлттық намыс, ұлттық борыш, ұлттық 
сезімнің сұранысына береді.  
Оның  бұл  жаратылысын  дөп  басып  тани  білген  ғалым: 
«Төрт түлікпен тізгіндесіп таң атырған ұлттың тыныс-тіршілігін 
ақын  деректі  детальдармен  дәйектеп,  ұлттық  психологиямен 
пернелеп,  ұлттық  намыстан  нәр  алып,  ұлттық  санамен  саралап 
отырады.  Поэтикалық  образдардың  тарихи  галлереясын  тың 
тұлғалармен  толықтырып,  ұлттық  ұғымдардың  жинақталған, 
жүйеленген,  тағдыр  тезінен  өткен  өміршеңдерінің  қолдарына 
көркемдік  кілтін  ұстатады  да,  адамзат  тарихының  айдынына 
аман  алып  шығып,  бүгінгі  болмыспен  беттестіреді»,-  деп 
бағалайды.  Қазақ  баласы  үшін  туған  елдің,  даланың  орны 
ерекше,  ал  қазақ  ақыны  үшін  алабөтен.  Дала  табиғатын 

 
- 142 - 
суреттеп, туған елге деген сағынышын жазып жырламаған ақын 
жоқтың  қасы.  Бірақ  бұл  тақырыпта  қаншама  қалам  тербелсе  де 
даланың  айдыны сарқылып, ауқымы тарылып, кішірейіп  қалған 
емес. Себебі, әрбір ақын туған ел табиғатын өзінше суреттеп, ой 
түйеді, өзінше сезініп өзгеше жырлауға тырысады. 
Кітаптың  екінші  бөлімі  «Тамырлы  ойдың  тереңі»  деп 
аталыпты.  Автор  мұнда  Ж.Әбдірашев  мұрасының  өзегі 
азаматтық  лирикасына  кеңінен  тоқталады.  Бұл  орайда  ол: 
«Ақынның  тек  азаматтық  лирикасының  өзі  алуан  тақырыпта, 
сала-сала.  Олар  -  соғыс  және  бейбітшілік,  өмір  мен  өлім, 
адалдық пен зұлымдық, туған жер, ерлік, елдік пен бірлік, өлең-
өнер,  перзент  парызы  мәселелері.  Сонымен  бірге  ақын  қазіргі 
замандығы  адамзат  тірлігі,  планета  амандығы,  экологиялық 
зардаптардан  сақтану,  адамгершілік  ар-ұят,  әдептілік,  адамдық 
имандылық  тақырыбында      кең  толғап,  мол  қозғаған»,-  деген 
пікірін білдіреді. 
 
Жарасқан  Әбдірашев  өзімен  қатарлас  қаламгерлерді 
соғыстан  соң  туған  ұрпақ  санайтынын  арнайы  өлеңімен  де, 
кітабымен  де  алғаш  рет  жарқын  да  талапшыл,  батыл  үнмен 
жария  қылды.    Балғын,  балалық  шағында  соғыс  зардабын 
сезінген  Ж.Әбдірашевтің  қаламынан  «Соғыстан  соң  туғандар» 
өлеңі туындады: 
 
Сен не көрдің? 
Мен не көрдім? 
Не көрдік? 
Біз жасаған жоқ батырлық, 
Жоқ ерлік! 
 
деп,  өзіне  де,  өзімен  бірге  дүние  есігін  ашқан  замандастарына 
соғыстан соң дүниеге келгендеріне, батырлық жасамағандығына 
өкінетін  секілді.  Өлең  жолдарына  үңіле  қарасақ,  асқақ  ой, 
ақылды  сөзді  қарапайым  ұғыммен  жеткізгенде,  ақын  реалистік 
өнердің  білгірі  ретінде  көрінеді.  «Перзент  парызында»  ақын 
өзінің  туған  жері  мен  ата-тегіне,  азаматтығы  мен  адамдығына 

 
- 143 - 
қатысты  ой-толғамдарын  өлең  тіліне  айналдырып,  салиқалы 
тұжырым айтады. 
Аталмыш  еңбектің  үшінші  бөлімі  «Жалаулы  жырдың 
тағдыры»  деп  аталыпты.  Тұстастарынан  көш бойы озық  кеткен 
Жарасқан  жырлары  өткірлігімен  оқырманын  тәнті  етті.  Өлең 
өлкесіндегі  өзінен  үлкен  ағалары  да,  өкшесін  басқан  інілері  де 
оның  отты  жырлары  туралы  ауыз  толтырып  оң  пікірлерін 
білдіріп  жатты.  Солардың  біріне  құлақ  түрсек,  ақын  Тұманбай 
Молдағалиев:  «Әдебиетке,  оның  ішінде  поэзияға  бізден  кейін 
келген топтың, шоғырдың ең бір жарығы, ең бір сәулелісі, ең бір 
жұлдыздысы - Әбдіраштың Жарасқаны. Жалпы, білімі, ақындық 
күш-қуаты  бір  елдің  поэзиясының  ту  ұстаушысы  болатындай  
мүмкіндігі  әбден  бар  жігіт»  -  деген  жүрекжарды  лебізін,  ыстық 
ықыласын білдірген. Үлкен мінезбен, қайсар шабытпен төгілген 
жырлары  осындай  ой  айтуға  сұранып  тұрса  керек.  Мінез  деген 
тек  қан  мен  тектен,  тәрбие  мен  тәлімнен  ғана  емес,  өзі  өскен 
орта 
мен 
өзін 
қоршаған 
табиғаттың 
қатысуымен 
де 
қалыптасады. 
Автор 
ақын 
өлеңдерін 
ғылыми 
тұрғыда 
талдағанда  оның  осы  ішкі  серпілістеріне,  психологиялық 
оралымдарына ерекше мән берген.  
Ақын  өмірінің  соңғы  кезінде  қатты  науқастанып  жүріп 
жазған  кітабы  «Құлпытас  немесе  екі  дүние:  фәниден  бақиға 
дейін»  деп  аталады.  Ол  кітаптың  алғашқы  беті  «Қабірстан 
қақпасындағы  жазу  немесе  кітапқа  кілт»  деген  өлеңмен 
ашылыпты.  Шығарманың  ерекшелігіне  әдебиеттанушы  ғалым 
терең  үңілген:  «Байқадыңыз  ба,  Жарасқан  «Қабірстан»  дейді. 
Кез  келген  тірі  пенденің  құлағына  сұп-суық  боп  тиетін,  тұла 
бойын  аяз  қарығандай  түршіктіретін  «қорым»  мен  «мазарды» 
«Қабірстан»  деп,  яғни  ол  жерді  кешегі  өткен  ата-бабаларымыз 
бен  бүгінде  өтіп  жатқан  замандастарымыздың  қоныс  аударып, 
көшіп  бара  жатқан  жері  мен  елі  деп  қарайтын  сияқты.  Ақын 
оларды  тұрмыс  пен  түңліктің  астынан  кетсе  де,  тірліктен 
түпкілікті  кеткен  жоқ  деп  тұрған  жоқ  па?  Шынында  да  бұл  
өмірден өткен-кеткендердің күнделікті тәнін көрмесек те, жанын 
сезінбесек  сәт  сайын  ырығымен  жүрмесек  те,  рухымен  өмір 
сүрмесек  ұлттық  болмысымыздың  тамыр-талшығы  баяғыда 

 
- 144 - 
семіп,  көңіліміздің  ішіндегі  жанып  тұрған  шырақ  әлдеқашан 
сөніп  қалған  болар  еді.  Тіршілігіміз  әдіра  қалған  болар  еді»,- 
деген пәлсафалық ой айтады. 
 Оны Жарасқанның өзі де айтыпты: 
 
Үнсіз-түнсіз тас қой! – деме 
 «Құлыптас!» 
Үлкен-кіші құлыптастар астында 
Тірлік жатыр! 
Тағдыр жатыр! 
Тарих жатыр біртұтас! 
 
Ақын  бұл  жолдарды  өмірінің  соңғы  кезеңінде  өлім 
ызғары  мен  ажал  тырнағын  бүкіл  болмыс-бітімімен,  тұла  бой, 
жан жүрегімен әбден сезінген, көп ұзамай-ақ кебін киіп ақиретке 
кетер  кезін  білген  кезде  өзін-өзі  алдарқату  немесе  иландырып 
жұбату  үшін  ғана  жазып  отырған  жоқ,  сенің  ертеңгі  өлімің 
бүгінгі  өміріңнің  жалғасы  болатынын  ұқтыру  үшін  жазып 
отырғанға ұқсайды.  
«Рух 
бостандығының 
жыршысында» 
әдебиеттегі 
психологизмді,  кейіпкерлер  үні  мен  олардың  болмыс-бітімін 
зерттеуші 
ғалым 
Алпысбай 
Мұсаев 
ақын 
Жарасқан 
Әбдірашевтің  балаларға  арнаған  шығармалары  мен  оның  әзіл-
сықақ жанрына жазған дүниелерін де қалыс қалдырмаған. Оның 
эпиграммаларына  талдау  жасай  келе  автор:  «Жарасқан 
Әбдірашев – қазақ әдебиетіндегі ешкім батылы, байқағыштығы, 
шыдамы,  парасаттылығы  жетіп  көп  бара  бермейтін  осы 
эпиграмма  жанрын  тың  өрістерге  шығарып,  жаңа  биіктерге 
көтеріп кеткен ақын»,- деген баға береді. 
Көркемдік  –  рухани  дербес  ізденістерін  кездейсоқ, 
шашыраңқылықта  қалдырмай,  мақсатты  ізге  түсіру,  тұрақты 
бағыт  беру,  біртұтас  жүйеге  айналдыру,  яғни,  бірегей  дара 
творчестволық  концепциясын  түзу,  жыр  әлеміндегі  айнымас 
алтын  қазығын  қағу  -  өмір  мен  өлеңнің  ауыр  жол,  қилы 
өткелінен  мағыналы  рухани  ғұмыр,  ақындық  тағдыр  сабағын 
алып  өткендердің  ғана  еншісіндегі  бақыт.  Талантты  ақын, 

 
- 145 - 
ұлтжанды азамат төккен тері мен еткен еңбегінің жемісін көріп, 
қызығына бөленер шағында, шығармашылық ой мен парасаттық 
кемел  биігіне  көтерілген  кезеңде  өмірден  ертелеу  өткені 
өкінішті.  Поэзия  сұңқарының  самғау  биігін  өз  деңгейінде 
дәріптеп,  оның  оқырман  ойын  тербетер  шұрайлы  көркем 
шығармаларының  табиғатымен  таныстырған  бұл  зерттеу 
еңбектің  әдебиет  сүйер  қауым  үшін  тағы  бір  толымды  табыс 
екенінде дау жоқ. 
 
Ирина Қоспағанбетова  
«Ақтөбе университеті» газетінің бас редакторы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал