Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.8 Kb.

бет8/10
Дата09.01.2017
өлшемі2.8 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Зейнолла Мүтиев 
Филология ғылымдарының кандидаты 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
- 123 - 
Әдебиет әлемінің айшығы 
 
Әдебиет  әлемі  өзінше бөлек  әлем. Оның қыры мен сыры 
адам  жанын  бір  баураса  тереңіне  тартып,  көкірек  сарайыңа 
тұңғиығынан  мауыты  ойлар  мен  масаты  жырлар  құйып  өзіне 
ынтықтыра  түсері  анық.  Көркем  әдебиетпен  өсіп-өнген, 
сонымен  есейіп,  сонымен  ержеткен  ұрпақтың  жан  дүниесін 
ерекше  жарқырап,  парасат  пайымының  жоғары  болатыны  да 
содан  шығар.  Сол  әдебиет  әлеміне  имене  еніп,  өзінің  адал  да 
айнымас ниетімен, қажырлы еңбегімен сол өлкені мәңгілік серік 
еткен  Алпысбай Мұсаұлы бар  саналы  ғұмырын тылсымы терең 
әдебиет әлеміне қызмет етуге арнап келеді. 
Қазақ  әдебиеттану  ғылымында  ойып  орын  алған  белгілі 
әдебиеттанушы  ғалым,  филология  ғылымдарының  докторы, 
профессор  Алпысбай  Мұсаевты  көпшілік  зиялы  қауым, 
әдебиетке құштар жастар ұлағатты ұстаз ретінде жақсы таниды. 
Оның алдынан білім алып, үлкен өмірге қанаттанған жастардың 
ұшқыр  ойлы  таланттары  жоғары  мектепте  ұстаз,  өнерлілері 
үлкен  додада  талай  мәрте  жеңімпаз  болып  көпшілікті 
мойындатқан айтыскер ақын, жыраулар.  Ал  ғалым-ұстаз оларға 
қашанда  ақылшы,  жанашыр  сонымен  бірге  сыншы  да.  Ғалым  - 
әдебиеттің сан-салалы қырларына тоқталып, оның ерекшеліктері 
мен  жетістіктеріне  жан-жақты  талдау  жасап,  сол  жолдағы 
ізденушіге бағыт-бағдар береді. 
Жақында ғалым Алпысбай Мұсаевтың магистранттар мен 
аспиранттарға,  жоғары  оқу  орындарының  студенттері  мен 
оқытушы-мұғалімдерге, жалпы  әдебиет пен  өнерді сүйер қалың 
оқырман  қауымға  арналған  «Көркемдік  кестесі»  атты  әдеби 
зерттеулер,  мақалалар  жинағы  жарық  көрді.  Кітапқа  әдебиет 
әлеміне  әр  жылдары  келіп,  жарқырай  көрінген  өкілдерінің  сан 
түрлі  туындыларына  арнап  жазған  мақалалары  арқау  болған. 
Кітап  өткен  ғасырдың  отызыншы  жылдарының  ойраны  туралы 
сыр  шертетін  жазушы  Смағұл  Елубайдың  «Ақ  боз  үй»  романы 
жайлы  жазылған  «Уақыт  шындығы  –  қаламгер  көзімен»  атты 
мақаламен  ашылған.  «Қаламгер  бола  тұрып  халқының  қамын 
жемеу,  сөзін  сөйлемеу  –  қылмыспен  тең.  Уақыт  толқынының 

 
- 124 - 
ығына  жығылмай,  қайта  ағысқа  қарсы  жүзген  талантты 
қаламгерлеріміз,  уақыт шындығына сай  қолдарына  қалам алып, 
халқының  басынан  өткен  ауыр  кезең  алапатын  қағаз  бетіне 
түсірді»,-дей  келе,  «Өмірдің  қараңғы  жағына  бірлі-екілі 
жағымсыз  кейіпкерлердің  болымсыз  қылықтарын  көрсету  емес, 
осы уақытқа дейін жазылмай келген, шымылдығы түсірулі жаңа 
тақырыптар.  Міне,  осындай  отызыншы  жылғы  ақ  сүйек  аштық 
тәрізді  жабық  тақырыптың  жабуын  сыпырған,  талантының 
құшыры  бар  прозашымыз  Смағұл  Елубаевтың  «Ақ  боз  үй» 
романына осы  қиын  да  күрделі  тақырыпты  – отыз  екіде  болған 
жаппай  ашаршылық  жылын  арқау  еткен.  Қазақстанның  құмды 
өңіріндегі  аймақтық  коллективтендіру  тұсындағы  қарбалас-
қамын,  хал-ахуалын  табиғи  қалпында,  ешқандай  боямасыз, 
бүкпесіз  суреттеген»,-деген  пікір  айтқан  бұдан  әрі  автор 
аталмыш  шығарманың  идеялық  мазмұнына,  кейіпкерлер 
образына  тоқтала  келе,  өмір  шындығын  берудегі  қаламгер 
шеберлігін кеңінен сөз етеді.  
Әдебиетімізге  алпысыншы  жылдары  келген  бір  топ 
талантты 
шоғырдың 
белді 
өкілдерінің 
бірі 
Дүкенбай 
Досжановтың  творчестволық  жолын  айшықтайтын  «Мұхтар 
асуы»,  «Қызылқұмның  желі  не  деп  жылайды?»,  «Құмда  қалған 
кемелер»  атты  шығармаларына  тоқталады.  Жазушының  адам 
мен табиғат арасындағы байланысты, адам мен адам арасындағы 
өзара  сыйластық  қарым-қатынас  жайында  жазған  дүниелерінің 
көркемдік 
ерекшеліктеріне 
жан-жақты 
талдау 
жасаған. 
«Жазушының  көркемдік  құралдары  әр  алуан.  Д.Досжановтың 
жүрдек  қаламы  кейде  өзінің  сәулелі  юморға,  нәзік  лирикаға, 
терең  психологияға  қабілетті  екенін  аңғартады.  Шым-шымдап 
есетін  жылы  юморға  толы  ойнақы  тілі  оқушысын  еліктіріп 
отырады» - дейді автор. 
Кітапта  сондай-ақ,  өлең  сөзден  кестелеп  ою  ойған 
ақындар  туралы,  олардың  шығармашылығы  хақында  тұшымды 
ойлар  айтылған.  Соның  бір  сарасы  халқымыздың  маңдайалды 
жыр  дүлдүлі  Қадыр  Мырза  Әли  шығармашылғына  арналыпты. 
Қазақ  поэзиясына  өзіндік  үн,  өзіндік  екпін  алып  келген  Қадыр 
жырларының  қадір-қасиетіне  терең  үңілген  ғалым  ақынның 

 
- 125 - 
айтар  ойы  мен  астарлы  ұғымын,  теңеуі  мен  көркемдеу 
сипатының өзіне тән ерекшеліктерін дөп  басқан. Ақынның «Ой 
орманы», «Дала дидары», «Бұлбұл бағы», «Домбыра сазы» атты 
өлеңдеріне  талдау  жасай  келе,  «Ақын  жалаң  суреттерді 
жасындай  ойнатып  қана  қоймайды,  оның  ықшам  да  ұшқыр 
қосақ  жолдары  оқушысын  жақсылық  пен  жамандық,  ерлік  пен 
ездік,  жолдастық  пен  жаулық,  адамгершілік  пен  арамзалық 
сияқты 
философиялық 
категориялар 
төңірегінде 
терең 
толғантып,  еріксіз  ойға  қалдырады.  Ақын  өмірдің  әрбір 
құбылысынан  адамдар  арасындағы  қатынастар  көрінісін  анық 
байқап,  қалт  еткен  қозғалыстың  өзін  қанатты  оймен  түйіндеуге 
шебер»-деген әділ байламын айтады.  
Еңбекте  сонымен  бірге  қазақтың  белгілі  ақындары: 
Мұқағали  Мақатаев,  Жұбан  Молдағалиев,  Әбділда  Тәжібаев, 
Мұзафар Әлімбаев, Ақұштап Бақтыгереева, Серік  Ақсұңқарұлы 
шығармалары  туралы  да  толымды  ой-пікірлер  айтылған.  Онда 
жұртшылық  мойындаған  дарабоз  ақын  туралы:  «Мұқағали 
біздің  өлең  өнерімізде  ерекше  құбылыс  десе,  қасиетті  қара 
өлеңмен ар-намысты ту етіп өткен Жұбан аға жайында: «Жұбан 
Молдағалиев  поэзиясының  ең  басты  стильдік  ерекшелігі  де  - 
өршіл рух, өз халқын, туған жерін жан-тәнімен сүю. Бұл қасиет 
оның  жырларында  бетке  теуіп  білінбей,  дараланбай  –  бүкіл 
өлеңдерінің өн бойына сіңісіп, кірісіп кеткен»,-деген ой айтады. 
Ал,  «Жайықтың  ақ  шағаласы»  атты  мақаласында  таланты  ерте 
танылып, поэзия әлемінде жарық жұлдыздай жарқырап көрінген 
Ақұштап  Бақтыгереева  туралы  өзінің  риясыз  көңілін  жайып 
салады. Бұл мақала ақынның «Ақ шағала» атты жыр жинағының 
жарыққа  шығуына  байланысты  жазылған  екен.  Ғалым  жыр 
сүйер  қауым  қауышқан  осынау  жинаққа  терең  үңілген, 
әдебиеттанушы  тұрғысынан  талдаған.  «Ақұштаптың  ақындық 
рухы  оның  туған  өлкесінің  табиғатымен  туысады.  Ақын 
жырлайтын  сұлулық,  өмірдің  әсемдігін  түсіну  де  табиғат 
суреттерімен  байланысты»  -  дей  келе  ақынның  табиғат,  Отан, 
ана, туған жер, махаббат жайында жазған өлеңдеріне тоқталады. 
Қалың  оқырман  қауымның  қолына  жақында  ғана  тиген 
«Көркемдік  кестесінде»  автор  өзінің  білім  мен  өмір  жолында 

 
- 126 - 
бағыт-бағдар  берген  ұстаздарын  ұлықтауға  ден  қойған.  Олай 
дейтініміз 
бұл 
кітаптағы 
бірсыпыра 
мақалалар 
өзінің 
әдебиеттегі,  өмірдегі  ұстаздары  Темірбек  Қожакеев,  Мәтжан 
Тілеужановтың  кісілік  келбеті,  ұстаздық  ұлағаты  жайында. 
Қазақтың  заңғар  жазушысы  Мұхтар  Әуезов  «ұстаздықты  –  ұлы 
нәрсе!»  деген  екен.  Ұстаз  алдында  борыштар,  қарыздар  жан 
кемде-кем  шығар.  Кәсібіңде  жоғары  жетістікке  жетіп,  шырқау 
биікке көтерілсең  де, қанша атақ-дәрежеге қол артсаң да өмірде 
оған себеп болған, ықпал еткен жан ретінде ұстаз тұлғасы асқақ 
тұрары  хақ.  Өзі  де  жас  шағынан  ұстаздық  етіп,  жас  ұрпақты 
тәрбиелеуге  атсалысқан  Алпысбай  Мұсаевтың  бүгінгідей 
ғылымның  биік  шыңында  тұрып  өз  ұстаздарын  ұлағатпен  еске 
алуы заңды болса керек. 
Қорыта  келе,  айтарымыз  ғалымның  зерттеу  мақалалар 
жинағы  әдебиет  әлемінде  өзіндік орны бар тұлғаларды тағы бір 
еске  түсіріп,  олардың  шығармалары  жайында  тереңірек  түсіне 
түсуге 
ықпал 
етері 
сөзсіз. 
Автор 
ақын-жазушылардың 
еңбектеріне  әдеби  және  ғылыми  тұрғыдан  талдау  жасай  келе 
көпшілік көңілінде жүрсе де көп мән бере бермейтін бей-мағлұм 
тұстарына тоқталуды мақсат еткен.     
 
Ирина Қоспағанбетова  
«Ақтөбе университеті» газетінің бас редакторы 
маусым айы 2007 жыл 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
- 127 - 
Текті тұлғалармен танылған өңір 
 
«Әйтеке  би  ауданының  этномәдени  мұрасы»    атты 
аймақтың  әдеби-мәдени шежіресі іспетті іргелі ғылыми-зерттеу  
еңбегі жарық көрді 
Қазір  өткенімізді  зерделеп,  жадымызды  жаңғырта 
бастаған  кезең.  «Мәдени  мұра»  атты  мемлекеттік  бағдарлама 
күн  тәртібіне  қойылғаннан  бері  елімізде  біршама  дүниенің  қат-
қабаты  ашылып,  жоғалтқанымызды  тауып,  ұмытқанымызды 
қайта  жаңғыртып  жатқанымыз  –  ұлт  мүддесі  үшін  құптарлық 
жағдай  екені  күн  өткен  сайын  дәлелденіп  келеді.  Осы  игі 
шараның бір тармағы–Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік 
университетінің 
жанындағы 
Гуманитарлық 
зерттеулер 
институты мен Облыстық тарих, археология, этнография зерттеу 
орталығы  ұйымдастырған  ғылыми  экспедиция  өз  сапарын 
шежірелі  әрі  тарихи  жәдігерліктерге  бай  өңір  –  Әйтеке  би 
ауданынан бастады. 
Аталмыш 
 
экспедиция 
Гуманитарлық 
зерттеулер 
институтының  директоры,  филология  ғылымдарының  докторы, 
профессор  Алпысбай  Мұсаевтың  басшылығымен  атқарылды. 
Сондай-ақ  экспедиция  құрамында  институт  директорының 
орынбасары,  педагогика  ғылымдарының  кандидаты,  доцент 
Айсұлу  Тасимова,  институттың  ғылыми  кеңес  мүшесі, 
өлкетанушы, 
Қазақстан 
Республикасының 
еңбегі 
сіңген 
Мәдениет  қызметкері  Рысжан  Ілиясова,    институттың  ғылыми 
қызметкері, филология магистрі Айнұр Қожахметова, Әйтеке би 
аудандық 
халықтар 
достығы 
мұражайының 
директоры 
Гүлжаһан  Шматова,  аудандық  мұражай  қызметкері  Гүлнар 
Есмағамбетовалар болды.  
 
Экспедиция  құрамы  өз  жұмысын  Комсомол,  Құмқұдық, 
Ақтасты,  Аралтөбе,  Аралтоғай,  Қарабұтақ,  Ақкөл  өңірлерінде 
жүргізіп, біршама көнекөз қарттар шерткен  шежіре мен  мұраға 
толы  жәдігерліктердің  куәсі  болып  қайтты.  Ғылыми  ізденісті 
серік  еткен  экспедиция  мүшелері  мол  рухани  олжаға 
кенелгендей  жәйт  –  Комсомол  жеріндегі  әйгілі  Былшық  бидің 
немересі Әнес Төлегеновпен кездесіп, ұлағатты бидің  өмірі мен 

 
- 128 - 
шешендік сөздері хақында мәліметтер алғандығы еді. Содан соң 
Аралтөбе  елдімекенінде    зерттеушілер  тобы  ауылдың  ескінің 
көзіндей 
қариясы 
Орысбай 
Нұрмаханов 
 
ақсақалмен 
әңгімелескен.  Орысбай  ақсақалдың  аузынан  жазылып  алынған 
сонау  бір  замандардағы  қасиеті  асқан  Бақсайыс  әулие    және 
оның  мешіті  мен  қорымы  жөніндегі  қызықты  мәліметтер  де  
ғылыми-танымдық  еңбектен  көрініс  тапқан.      Бақсайыс  әулие 
қасиетінің ерекшелігі сол, көнторсыққа киік сауып ішіпті деседі. 
Атақоныстың  шұрайлы  тұстарының  бірі  –  Бақсайыс  өзенінің 
сағасын  жағалай  қоныстанған    рулардың    келу  тарихы  да 
тартымды  әңгімеленеді.  Белгілі  ақын  Қуандық  Шаңғытбаевтың 
атасы–  Шаңғытбай  қажы  туралы  да  Орысбай  ақсақал  айтқан 
біраз деректер келтірілген.  
Өңірді  кең  қамтыған  экспедиция  бағытының  соңғы 
аялдағаны – ежелгі Қарабұтақ жері болатын. Өз заманында тұтас 
бір  ауданның  орталығы  болған  Қарабұтақтың  тарихы  –  терең. 
Ежелгі  Қарабұтақ  жерінде  осы  араның  тірі  шежіресі  деуге 
боларлық,  сексеннің  сеңгіріне  шыққан  Нысаналы  Жаңбырбаев  
ақсақал  мен  Аяп  Әзбергеновтерден  де  біраз  құнды  мәліметтер 
жазылып  алынып,  еңбекке  енгізілді.  Нысаналы  ақсақал  аудан 
аумағында  мекендеп,  өмір  сүрген  Назаралы  әулие,  Сары  ишан, 
Шаңғытбай  қажы, Бақсайыс  әулие, Нұржан бай туралы кеңінен 
әңгімелеп, бұған дейін жұрттың назарына ілікпеген мәліметтерді 
алға тартты. 
Мұнда қол бастаған батыр да, небір әділ шешімімен, қара 
қылды  қақ  жарған  би  де,  ағайын  мен  ел  жұртқа  болысқан 
жомарт  бай  да,  діни  оқу  мен  ілім-білімнің  шырағын  жаққан 
оқымысты мен ағартушы да  мол болған және олардың атқарған 
жұмыстарының  жергілікті  жердегі  ұрпақтарының  аузынан 
алынып  берілуі  кітапта  жарияланған  деректердің  құндылығын 
арттыра түседі.  
 
Ел  өңірінің  мәдени мұрасын зерделеу мақсатын көздеген 
экспедиция  мүшелері  Аралтоғай  елдімекенінде  болып,  сол 
жердің  әрідегі  тарихты  тәуір  білетін  елгезек  қарияларымен 
кездескен. Сол кездесуде Сары ишанның немересі Саттарберген 
қарт, Әшім Қуанышев,  Төлеуғали Сәндібеков сынды ақсақалдар 

 
- 129 - 
өткеннен  біраз  сыр  шертіп,  өңірде  болған  оқиғалардан,  елдің 
азаматтарының өмірдерегінен хабардар етті. 
Бұл игі шара – экспедицияның мақсаты да сол – «Мәдени 
мұра» 
мемлекеттік 
бағдарламасы 
аясында 
халықтық  
фольклорды,    оның  ішінде  жұрт  жадында  сақталған  сөз  өнері 
мұраларын,  тарихи-мәдени  орындарды,  жер-су  атауларына 
қатысты  мәселелерді кеңінен қарастырып зерттеу болатын. Сол 
себепті 
ғылыми 
қызметкерлер 
мен 
өлкетанушылардың 
шешімімен  зерттеу  жұмысын  Ақтөбе  облысындағы  қазақтың 
қаймағы бұзылмаған, тарихтан белгілі от тілді, орақ ауызды би-
шешендері мен тарихи мұраға бай өлке болып саналатын Әйтеке 
би ауданынан бастау ұйғарылған. 
Осындай 
үлкен 
ізденістерге 
тола 
жұмыстардың 
нәтижесінде  «Әйтеке  би  аймағының  этномәдени  мұрасы»  атты 
көлемді  еңбек  дүниеге  келді.  Өлкеге  қатысты  бұрын-соңды 
мұндай  іргелі  ғылыми-зерттеу,  танымдық-әдеби  еңбек  жарыққа 
шықпаған  еді.  Бұл  көзайым    кітаптың  авторы  –  экспедиция 
жетекшісі,  профессор  Алпысбай  Мұсаев.  Аталмыш  ғылыми  –
зерттеу  кітабы  «Билер  мен  шешендер»,  «Әулиелер  мен  киелі 
орындар»,  «Ағартушылар  мен  қоғам  қайраткерлері»,  «Ағаштан 
ою  ойып,  темірден  түйін  түйгендер»,  «Әйтеке  би  ауданының 
әдеби  мұрасы»,  «Ауыл  ақындары»,  «Атаулардың  астары  – 
тұнған тарих» деп аталатын  жеті тараудан тұрады. Әр тарау бір-
бірімен  жүйелі  түрде  сабақтасып  жатқанын  астын  сызып  айта 
кеткен жөн. 
Халқымыздың  Атыраудан  Алтайға  созылған  алқабы 
мемлекеттігін  орыс  отарына  дейін  де,  кейін  шынжыр  балақ, 
қанды төс боп келген – орыс судьясы араласа бастаған тұста да 
дауын  дуалы  аузымен  шеше  білген  қазақтың  от  тілді,  орақ 
ауызды  билері  тұтас  «Билер  институты»  деп  аталатын 
концепция  аясында  болғаны  және  бұл  бірізділік  кешегі  ХХ 
ғасырдың  басына  дейін  жалғасып  келгені  мәлім.  Тоқсан  ауыз 
сөздің тобықтай түйінін жасайтын билердің төрелігін халқымыз 
«Тура  биде  –  туған  жоқ,  туғанды  биде  –  иман  жоқ»,-  деп 
бағалап,  тек  төбе  бидің  сөзіне  ғана  жүгініп  қоймаған,  әр  ру,  әр 
тайпа  өз  ортасынан  шыққан  бидің  сөзіне  де  тоқтай  білген. 

 
- 130 - 
Аталмыш еңбек авторы осындай  қалың қоныстанған елдің  төбе 
биі  Әйтекеден  бастап,  кенже  биі  Былшыққа  дейін  жалғасқан 
көненің көзі би-шешендердің әрқайсысына жеке-жеке тоқталған. 
«Әулиелер  мен  киелі  орындар»  атты  тарауда  Әйтеке  би 
аймағының  ағартушылық  саласындағы  діни  оқымыстылары 
туралы  сөз  болған.  Онда    сол  өңірде  өмір  сүрген  Бақсайыс 
әулиеден  бастап,  кешегі  ХХ  ғасырдың  басына  дейін  үздіксіз 
жалғасып  келіп,  ең  соңы  әйгілі  Сары  ишан  атанған  Қожахмет 
Үмбетұлының  ұлағатты  істерін  баяндайтын  деректер  қалың 
көпшілікке ұсынылған.  Жоғарыда атап өткеніміздей, сол жердің 
байырғы тұрғыны Орысбай ақсақал есімі сол маңайды жайлаған 
елді ерекше  қасиетімен баурап алған Бақсайыс әулие және оның 
мешіті  мен  қорымы  туралы  тың  да  танымдық  мәні  зор 
мәліметтер  келтірілген.    Әулиелер  жатқан  қорымдарды  аралап, 
киелі  орындарда  болған  экспедиция  мүшелері  олардың  өмірі 
мен атқарған қызметі туралы терең мағлұматты деректер жинап, 
қағаз  бетіне  түсіріп,  оны  оқырманға  ұсынып  отыр.  Мысалы, 
Бақсайыс  әулие,  Қарабас  әулие,  Жайлау  әулие,  Ақкөлдегі 
Абдолла  әулие,  Аққұмдағы  Раманқұл  әулие,  Айтбай  ақын 
атанып 
кеткен 
Айтмұхамбет 
ахун, 
Әзірбай, 
Ақбақсы, 
Әлмағамбет,  Сары  ишан  әулие  атанған  Қожахмет  Үмбетұлы 
туралы  деректер  оқырманды  елең  еткізері  даусыз.    Қарабұтақ 
жеріне діни білім-танымның шырағын жаққан Сары ишан, шын 
аты  –  Қожахмет  Үмбетұлы  1858  жылы  Қызылорда  облысы, 
Қазалы  ауданында  дүниеге  келген.  Руы–Жетіру,  Керейттің 
Қожасы,  әйгілі  Қосым  қожаның  ұрпағы.  Қосым  қожаның  әкесі 
Мүсірәлі  Сұпы  –  Әзиз,  бабамыз  Әйтеке  бидің  пірі.  Сары  ишан 
есін 
білетін 
шамаға 
жеткен 
соң 
әкесінің 
ықпалымен 
Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауидің медресесіне оқуға түскен. 
Медресені тәмамдаған соң, арнайы осы өңірге жіберілген  болса 
керек,  1878  жылдары  Қарабұтақ  өңірінің  Аралтоғай  жеріне 
келген.   
Әйтеке  би  өңірінің  дархан  жері  –  дүние  жүзіне  танымал 
болған  тұлғалардың  атамекені.  Жұртына  ізгі-өнеге  қалдырып, 
ақыл-ой, 
қайрат-жігерімен, 
білім-білігімен 
қызмет 
етуді 
азаматтық  борыш,  әрі  ұлтқа  деген  сүйіспеншіліктің  бір  көрінісі 

 
- 131 - 
деп  сезінген  қазақ  баласы  киелі  жерден  өсіп-өнді.  Еңбектің 
құнды  тұстарының  бірі  –  жаңа  дәуірдегі  қоғам  қайраткерлері 
мен ағартушылары атанған тұлғалардың өмірбаяндық деректері 
тұңғыш  рет  жүйеленіп,  жинақталып  берілгендігі.    Қазақ 
мемлекетінің  нығаюына  үлес  қосқан    Темірбек  Жүргенов, 
Сейдалы  Оразалин,  Сырлыбай  Бекбаев  сияқты  тұлғалар  –осы 
өңірдің  түлектері.  Сонымен  қатар    Төреғали  Қаратаев,  Ысқақ 
Райымбергенов,  Тағыберген  Бітімбаев,  Әліби  Қойлыбаев, 
Мейірхан 
Ақдәулетұлы 
сияқты 
есімдері 
елге 
танымал  
азаматтардың 
өмірдеректері 
де 
жұртшылық 
назарына 
ұсынылған.  Олардың  алдыңғы  буындары  солақай  саясаттың 
кесірінен  қуғын-сүргін  көріп,  туған  топырақтан  ажырап  қалған. 
Бұл  еңбектің  құндылығы  да    олардың  өмір  жолдары  мен 
шығармашылық 
үрдістері 
кеңінен 
сөз 
болғандығымен 
ерекшеленеді. 
«Ағаштан ою ойып, темірден түйін түйгендер» тарауында 
имандылық  пен  шеберлікті  қатар  ұстаған,  қиын-қыстау 
шақтарда еліне қамқор болған пірлі ұста атанған, он саусағынан 
өнері  тамған  Соңғыбай  Құмақбайұлы,  Якуда  Жалмырзаұлы, 
Мұқаш  Жолаевтар  туралы  мәліметтер  берілген.  Ел  ішінен 
шыққан  зергер-ұсталар  ел  қамын  жеп,  қиын-қыстау  шақта 
көптің  абыройы  үшін    еңбек  еткен.  Табиғатпен  тамырлас, 
тіршілік  атаулының  құпиясы  мен  тыныс-тіршілігін  тап  басып 
білген,  сонымен  елге  пайдасын  тигізген  небір  ғажап  ілімнің 
иелері өмір сүрген  бұл өңірде. Басылымда сол жандар жайында 
да біраз дерек көздері жұртқа жария етілген.  
Кітаптың келесі бір тарауы «Әйтеке би ауданының әдеби 
мұралары» деп аталған. Тарау сол  өңірге  белгілі жыр дүлдүлі  – 
Жәкібай  шығармашылығымен  ашылған.    Өрісі  кең  өңірдің  төл 
перзенті  Жәкібай  жырауды  қазақтың  таңды  таңға  ұрып 
жырлайтын  жыршы,  жырауларының  соңы  деуге  де  болады. 
Ұйықтамай,  қызыл  күрең  шайды  ішіп  отырып,  жеті  күн,  жеті 
түн  жырлайтын  жыршы  туралы  бүгінгі  ұрпағы  ерекше 
ілтипатпен еске алады. 
«Тыңдаушысын қалғытса,  
 Бейшаралығы жыраудың», 

 
- 132 - 
-деген сөздерін келтіре отырып, естелік айтқан балаларының өзі 
бүгінде  аталық  жасқа  жетіп  қалған.  Іргелі  еңбекте  жыраудың 
тәрбиесін  көрген  жандардың    естеліктері,  сондай-ақ  оның  өз 
заманында шығарған жыр-дастандары орын алған.  
Әуелден  әулие-әмбиелердің  мекені  Әйтеке  би  өңірінің 
бақсы-балгерлері мен жыршы-жырауларын түгендеген, олардың 
еңбектерін  там-тұмдап  жинақтап  бүгінгі  оқырман  қауымға 
ұсынып  отырған  бұл  еңбектің  айтар  ойы  мен  берері  мол  екені 
даусыз.  Оқырман  қауымға  белгілі  халық  ақыны  Құрманәлі 
Дәуітұлының  үлкен  толғауы,  оның  Мәриям  қызбен  айтысы 
берілген.  Сол  жердің  төл  перзенті  Сидақ  Дайрабайұлы  туралы 
тың  деректер,  өлең  сөздің  майын  тамызатын    Закария 
Шоқаевтың  Мәлікпен  айтысы  жарияланған.    Айтыстың  өне 
бойында  сол  кездегі  ел  тынысы,  ауыл-аймақтағы  жаңалық 
атаулы,  адамдардың  мінез-құлқы  мен  іс-әрекеттері  шынайы 
баяндалған.  Осы  тарауда  сондай-ақ,  аймақтың  мәдениетін 
дамытуға айтарлықтай үлес қосқан жан-жақты талант иесі Мәлік 
Әлмұратов шығармашылығы да кең көлемде қамтылған.  Шебер 
қобызшы,  айтулы  жыршы,  белгілі  фольклорист-журналист 
болған Мәліктің қабілет-қарымының жарқырап көрінген тұсы – 
ақындығы болды. Ақын қаламынан туған әйгілі Абат батырдың 
ерлік  істерін  баяндайтын  «Абат»  поэмасы  мен    оның  Жамал 
қызбен айтысы да оқырман қауымды қызықтыратындығы сөзсіз.  
Сондай-ақ,  автор  ақынның  біраз  өлеңдері  мен  толғаулары 
көлемінің  көптігінен  басқа  басылымға  жүк  болатынын  да 
ескерте  кеткен.  Осындай  артына  мол  өшпес  сөз  мұрасын 
қалдырып кеткен жандардың жоқтаушысы табылып, оны қалың 
жұртшылыққа  қауыштырып  жатқаны  көңілге  ризашылық  сезім 
ұялатады.  Бұл  бөлімде  сонымен  бірге  қазақ  поэзиясынан  ойып 
орын  алған,  майталман  лирик  Қуандық  Шаңғытбаев,  белгілі 
ақын  Мұхтар  Құрманалин,  Смат  Қабылбаев,  Қызмет  Нұралин, 
Сақтаған 
Жұмағұлов, 
Қазыбай 
Нұрмұханбетовтардың 
шығармашылығына   лайықты орын берілген.  
 «Ауыл  ақындары»  аталған  тараудың  ұсынары  мол. 
Мұнда 
ел 
ішіндегі 
суырыпсалма 
ақын-жыршылардың 
шығармалары  жинақталып,  алғаш  рет  баспа  бетін  көрген. 

 
- 133 - 
Олардың  қатарында  90  жыл  жасаған  Алтын  Ылаубайқызы 
бастаған  Әбілқайыр  Дүйсенбин,  Шәкимарат  Оңғаров,  Төребек 
Досқалиев,  Бауыржан  Әбдіхалық  сынды  өлең  сөздің  қадір-
қасиетін сезініп, меңгерген жандар бар.  
Өз  кезегінде  «Атаулардың  астарында–тұңған  тарих» 
тарауында қамтылған жәйттер  қазақтың кең сайын дала төсінде 
еркін  өсіп-өнген,  өзінің  тәлім-тәрбиесімен,  салт-дәстүрімен  сан 
ғасырлық  ескерткіштер  қалдырып  кеткен  дала  төсіндегі  тарих 
таңбаларын  танып  білдік  пе,  зерделедік  пе,  оларды  сақтап 
сөйлете  алдық  па  деген  сауалдарға  жауап  ретінде  қозғалған 
тәрізді.  Бабалар  қалдырған  тарихтың  хаты–  жер-су  атаулары 
түптеп  келгенде  елдіктің  белгісі.  Автор  осы  қағиданы 
басшылыққа  алған.  Сол  өңірдегі  Жалғызағаш,  Үңгіртас, 
Әулиеағаш,  Сандал  төбе  сияқты  көптеген  тарихи  жерлер 
жөнінде ел аузындағы деректер қайта жаңғыртылып баяндалып, 
ол  орындар  түрлі-түсті  суреттерімен  берілген.  Сонымен  бірге 
еңбекте  қазақтың  соңғы  ханы  сайланған  қасиетті  мекен  – 
Қарашатау жері туралы шынайы дәлелдер келтірілген.                  
Тарих қойнауында жатқан көнекөз  қариялардың даналық 
сөздері  бүгінгі  ұрпақ  тәрбиесінің  алтын  діңгегіне  айналары 
сөзсіз.  Басылымның  бір  ұтары  мұнда  бұған  дейін  баспа  бетін 
көрмеген  тың  дүниелер  жарияланған.  «Ел  іші  -  өнер  кеніші»,- 
дейді қазақ даналығы. Толымды зерттеулер мен іргелі ізденістер 
арқасында  дүниеге  келген  аталмыш  еңбекте  сол  өңірдің 
маңдайалды,  саналы,  өнерлі  жандарының  артында  қалған  сөз-
мұрасы  арқау  болған.    Кітапты  оқып отырғанда  сол  елде  туып, 
сол  жерде  өскен,  туған  жерді  сүйіп,  оның  топырағын 
қастерлеуді  мұрат  тұтқан  асыл  текті  азаматтарымыздың  рухы 
оянып,  бүгінгі  ұрпақпен  қауышқандай  күйге  бөленесің. 
Тағдырдың  тәлкегіне  түсіп,  небір  қиямет-қайымды  бастан 
өткерсе  де,  жер  аударылып,  қуғын-сүргін  көрсе  де  мойымаған 
жандардың  табандылығына,  рухының  күштілігіне  қайран 
қаласың. 
«Жинаққа  енген  туындылардың  барлығын  «төрт  аяғын 
тең  басқан»  дүниелер  деп  айту  артықтау  болар,  бәлкім.  Біз  бұл 
жерде  жер-ел,  уақыт,  кезең  және  тұрмыс-тіршілік  жағдайларын 

 
- 134 - 
кеңінен  қаперге  алдық.  Әдебиет,  жалпы  өнер  тек  таза 
классикалық  дүниелерден  тұрмайтынын  ескерсек,  Әйтеке  би 
ауданының  этнофольклорлық,  этномәдени  мұрасы  да  сол  алып 
айдынға  құятын  таза  ағыстың  бірі  деп  қарауымыз  керек. 
Ұсынылып отырған дүниелердің барлығы осы өңірде өмір сүріп, 
тірлік  кешкен  ата-бабаларымыздың  артында  қалған  сарқылмас 
мол рухани  қазынасы. Ол бүгінгі  ұрпақ санасында мәңгілік  ізін 
берік қалдыратынына сенім мол»,- дейді кітап авторы профессор 
Алпысбай  Мұсаев  басылымға  жазған  алғы  сөзінде.  Демек, 
мұның  өзі  іргелі  ізденісті  мақсат  тұтқан  еңбектің  дер  кезінде 
жарық көргендігін және оның облыстың рухани өмірінде елеулі 
орын алатындығын аңғартады.  
Тұтас  эпикалық  аудан  Әйтеке  би  аймағына  жасалған 
ғылыми  экспедиция  қорытындысымен  дүниеге  келген  «Әйтеке 
би  аймағының  этномәдени  мұрасы»  атты  қалың  оқырман 
қауымға  арналған  сүбелі  еңбек  атағы  осы  өңірден  де  әрі 
асқақтаған  тұлғалардың    рухани  жаңғыра  түсіп,  түлеп,    елімен, 
ұрпағымен  қайта  қауышып  тұрғанындай  сезімге  бөлейтіні 
ақиқат. Әдебиет әлеміне құт дарытатын қазына болып қосылған 
аталмыш  зерделі  зерттеудің  жас  ұрпақтың  тәрбиесіне  тигізер 
септігі  де,  оның  қалың  оқырман  жұртшылыққа  берері  де  мол 
болмақ.  Барымызды  бағамдап,  жоғымызды  түгендеп  жатқан 
тұстағы  атқарылуға  тиісті  қыруар  шаруаның  басы  бұл.  Және 
мұны  басқа  емес,  Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  мемлекеттік 
университетінің 
Гуманитарлық 
зерттеулер 
институтының 
тындырып отырғаны ілгері күндерге  үмітпен  қарауға мүмкіндік 
береді. Бұл – іргелі ізденіс нәтижесінде дүниеге келген қомақты 
еңбек,  жұрт  сүйсіне  оқитын  кітап  ұланғайыр  ұмтылыстың 
қарлығашы  ғана  іспеттес.  Әдетте  өзгенің  қамын  күйттеп, 
өзіндегі 
асылдарды 
көзге 
елемейтін 
немқұрайдылықтың 
ауылынан  алыстап  бара  жатқанымызды  танытатын  тағылымды 
еңбектің жарқын көрінісі ретінде қабылдауға лайық.   
 
                    Әмір Оралбай 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал