Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.8 Kb.

бет7/10
Дата09.01.2017
өлшемі2.8 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Смағұлова А.С. 
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік 
университетінің заң ғылымдарының 
 кандидаты, доцент  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Білімге бірізділік пен сабақтастық қажет 
Сұхбат 

 
- 107 - 
 
           Жоғары  оқу  орындары  бәсекеге  қабілетті  ме?  Он  бес 
жылда  он  шақты  министр  ауысып,  әрқайсысы  бір 
реформаның  құлағына  жармасқанмен,  «баяғы  жартас-бір 
жартас».  М.Ломоносов  атындағы  Мәскеу  университетінің 
ректоры 
Виктор 
Садовничий 
таяуда 
қазақстандық 
тележурналистке  берген  сұхбатында:  «Оқу  жүйесіндегі 
сапырылысқан  реформадан  нәтиже  күту  қиын.  Білімге 
бірізді, сабақтасқан, жалғасып дамитын жүйе қажет», - деген 
пікір айтқан еді.   
       Қ.Жұбанов 
атындағы 
Ақтөбе 
университеті 
де 
құрылымдық  тұрғыдан  біраз  өзгеріске  ұшырады.  Бірақ 
аймақтың  ғылыми  орталығына  айналған  оқу  ордасының 
ғылыми  ізденісі  саябырсыған  жоқ.  Өткен  жылы  ғана    2 
ғылым  докторы  мен  16  ғылым  кандидаты  диссертация 
қорғап,  университет  оқытушыларының  сапалық  құрамы 
жақсара  түсті.  Сегіз  факультеті,  37  кафедрасы,  27  ғылым 
доқторы  мен  профессоры,  152  ғылым  кандидаты  мен 
доценті,  9 757  студенті  бар  оқу  орнының  облыстағы 
әріптестері  арасындағы  шоқтығы  биік.    Бұл    былтыр 
университет  пен  пединститут  болып  екіге  бөлінгеннен 
кейінгі  жағдай.  
Еліміз  бойынша  білімді  дамыту  жөніндегі  бесжылдық 
мемлекеттік  бағдарлама  жүзеге  асырылу  үстінде.  Негізгі 
нысана  –білікті  маман  даярлау  және  шетелдік  озық  білім 
үлгілерін  меңгеру.  Оны  жүзеге  асыру  барысы  қалай? 
Университеттің  ғылыми  жұмыстар  жөніндегі  проректоры, 
филология  ғылымдарының  докторы,  профессор  Алпысбай 
Мұсаевтың әңгімесі осы туралы. 
 
-  Алпысбай 
Мұсаұлы, 
Ақтөбе 
университетінің 
математиктері  мен  физиктерінің  есімдері  көпке 
танымал.  Университетте  екі  диссертациялық  кеңес 
жұмыс 
істейтіндігінен 
хабардармыз. 
Ғылыми 
дәреженің  осында,  Ақтөбе  қаласында  қорғалуы-үлкен  

 
- 108 - 
мәртебе.  Осыған  байланыстырып,  оқытушылардың 
біліктілігін көтеру мәселесіне тоқталсаңыз. 
-  Оқытушы  профессорлардың  біліктілігін  көтеру  ғылыми 
өтіл,  аспирантура,  аға  ғылыми  қызметкерлікке  ауыстыру, 
доктарантура және ізденушілер арқылы жүзеге асады. 
Қазір  университет  бойынша  73  аспирант,  50  магистрант,  85 
ізденуші кандидаттық диссертация жазса, 15   ғылым кандидаты 
докторлық диссертация жазу үстінде. 
           Университет 
ғылымдары 
физика-математика 
ғылымдарының кандидатттары Бақытжан Ахметов пен  Қуантай 
Әбдіхалықов  докторлық  диссертация  дәрежесіне  арнаған 
зерттеу  жұмыстарын  аяқтап,  қорғау  сәтін  күтіп  отыр.  Ал  аға 
қызметкерлікке  ауыстырылған  Баян  Бораш  және  Мұхамедияр 
Мұздақбаев 
Әл-Фараби 
атындағы 
Қазақ 
Ұлттық 
университетінде, 
В.М.Сухорученко 
Швейцарияда 
жүрсе, 
Шолпан  Тілепина  ҚазМЮА-да,  Гүлжан  Шоқым    Қазақтың 
қыздар 
институтында, 
Рахым 
Бекназаров 
Ш.Уәлиханов 
атындағы тарих және этнология институтында, Бағдат Селенова 
Сокольский  атындағы  катализ  және  электро-химия    ғылыми-
зерттеу  институтында  ғылыми  жұмыстарын  жалғастыруда. 
Есептеу 
техникасы 
және 
ақпарат 
кафедрасының 
аға 
оқытушылары  ғылыми  жұмыстарын  аяқтау  мақсатында  аға 
ғылыми  қызметке  ауыстырылды.  Екеуі  де  Қазақ-Британ 
техникалық университетіне ғылыми іссапарға жіберілді.  
          Аспирантурада  кадрлар  дайындау  7  ғылыми  мамандық  
бойынша жүргізілді.  Мұнда қазір 15 ізденуші, 44 аспирант бар, 
олардың 15-і  бірыңғай ғылыми жұмыспен, 29-ы жұмыстан  қол 
үзбей  айналысуда.  Өткен  жылы  аспирантурамызға  Білім  және 
ғылым  министрлігінің  тапсырысы  бойынша  9  орын  (оның  4-і 
сырттай  бөлімге)  бөлінді.  Былтыр  бірінші  рет  Экономика  және 
халық 
шаруашылығын 
басқару 
және 
Қазақ 
әдебиеті 
мамандықтарына  қабылдау  болды.  Нәтижесінде  емтихан 
арқылы 12 аспирант оқуға түсті. 
         Ғылыми  жұмыстар  және  оны  дамыту  төңірегінде  соңғы 
уақыттағы  болып  жатқан  жетістіктер  туралы  айтар  болсам, 
өткен 
жылы 
негізгі 
ғылыми 
жұмыстарда 
бірсыпыра 

 
- 109 - 
жетістіктерге 
қол 
жетті. 
Үш 
оқытушымыз 
өздерінің 
кандидаттық  диссертацияларын  қорғап,  ғылыми  дәреже  алды. 
Университеттің  жетекші  ғалымдары  мемлекеттің  бірқатар 
ғылыми  гаранттарына  ие  болды.  Олардың  алдыңғы  легінде 
университет 
ректоры, 
физика-математика 
ғылымдарының 
докторы,  профессор  Кенжеғали  Кенжебаев,  физика-математика 
ғылымдарының  кандидаттары  Қ.Әбдіхалықов,  М.Мұздақбаев, 
Б.Ахметов, И.Ф.Спивак –Лавров бар.  
           Университетіміздің  ғалымдары  конденцияланған  күй 
физикасы 
кафедрасының 
меңгерушісі, 
физика-математика 
ғылымдарының  кандидаты,  доцент  Сағын  Төлепбергенов  пен 
физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Әмірғали 
Бекешов  республика  жоғары  оқу  орындары  арасында  өткен 
байқауда үздік атанып, 2004 жылғы ғылым саласындағы Қаныш 
Сәтбаев атындағы сыйлықтың лауреаттары атанды. Өткен жылы 
университет  базасында  7  ғылыми-теориялық  конференция 
ұйымдастырылды.  Конференция  материалдары,  бағдаламалары 
университет  баспа  орталығында  дер  кезінде  дайындалып 
отырды. 
Мұндай 
жоғары 
деңгейдегі 
конференцияларға 
университетіміздің  профессор-оқытушылар  құрамымен  қатар 
үздік  студенттеріміз  де  өздерінің  ғылыми  жұмыстарымен 
атсалысып келеді.  
-  Осы  студенттердің  ғылыми-зерттеу  жұмыстарымен 
айналысуы және белгілі бір нәтижелерге  қол жеткізуі 
жөніне тоқтала кетсеңіз. 
-  Студенттерді 
белсенді 
шығармашылық 
жұмысқа 
тартудың тиімді жолдарының бірі-оларды университеттің 
ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатыстыру. Қазіргі уақытта 
әр  факультетте  студенттердің  ғылыми  қоғамы,  жас 
ғалымдар  кеңестері  бар.  Университет  бойынша  108 
проблемалық  топтар  мен  ғылыми  үйірмелер  жұмыс 
жасайды.  Жыл  сайын  сәуір  айының  орта  шенінде 
факультеттердің  барлығында  студенттердің  дәстүрлі 
Ғылыми апталығы өткізіліп тұрады. Осы апталықта көзге 
түскен  үздік  ғылыми  жұмыстар  одан  жоғары  ғылыми 

 
- 110 - 
байқауларға  жолдама  алады.  Белсенді  студенттеріміз 
мақтау қағаздарымен, сыйлықтармен марапатталады.  
          Осы  аталған  шаралар  аясындағы  жұмыстар  физика-
математика және экономика факультеттерінде тереңірек көрінді. 
Өткен  жылы  экономика  факультетінің  Жас  ғалымдар  кеңесі 
Орынбор  мемлекеттік  университетімен  бірігіп  студенттер  мен 
жас  ғалымдардың  ғылыми-теориялық  конференциясын  өткізді. 
Оған  қаланың  жоғары  оқу  орындарынан  және  көрші  Ресей 
жоғары  оқу  орындарынан  200-ден  астам  студент  қатынасты. 
Конференция 
 

секцияға 
бөлініп 
жұмыс 
істеді. 
Қорытындысында  87  жұмысты  біріктірген,  көлемі    21,8  баспа 
табақтық ғылыми жинақ бастырылып шығарылды.  
-  Университеттің  басқа оқу орындарымен халықаралық 
байланыс деңгейі қандай дәрежеде? 
-  Халықаралық  байланыс  бірнеше  бағыттар  бойынша 
дамып  келеді.  Мамандар  мен  студенттерді  шетелге 
іссапармен жіберу, халықаралық жоба мен бағдарламалар, 
конференция, симпозиумдарға қатысу үшін жағдай жасау 
университет басшылығы тарапынан толық қолдау тапқан.  
         Физика-математика факультетінің  пофессор-оқытушылары 
мен ғылымға ден қойған жас ғалымдары Украина ұлттық-ғылым 
академиясының  математика  институтымен,  Киев  мемлекеттік 
университетімен 
тығыз 
шығармашылық 
байланыста. 
Университетіміздің 
ақпараттық 
жүйе 
 
кафедрасының 
оқытушысы, 
физика-математика 
факультетінің 
кандидаты 
Қуантай Әбдіхалықов академик Глушков атындағы Кибернетика 
институтының  профессоры  В.К.Задираканың  жетекшілігімен 
докторлық  диссертациясын  дайындау  үстінде.  Сондай-ақ 
ақпарат  және  есептеу  техникасы  кафедрасы  Санкт-Петербург, 
Москва, 
Самара 
мемлекеттік 
университеттерімен 
үнемі 
байланыс жасап отырады. 
           Шет  тілдері  факультетінің  оқытушылары  халықаралық 
ұйымдармен  байланысты  нығайта  түсті.  Өткен  жылы  Британ 
Кеңесінің  өкілі  Е.Хозуля  факультет  оқытушылары  және 
студенттерімен екі рет кездесу өткізді. Бұл бағдарлама ағылшын 
тілін оқыту, білім беру, мәдениет, ғылым туралы ақпараттармен 

 
- 111 - 
толық  қамтылған.  Сондай-ақ  EdNEt  білім  беру  жүйесінің 
аймақтық  директоры  Джон  Найт  оқытушылар  және  факультет 
студенттерімен  кездесіп,  несиелік  технологиямен  оқыту, 
ағылшын  тіліндегі  американ  нұсқауларының  ерекшеліктері 
жөніндегі  кезекті  пікірталасын  өткізді.  Осы  факультеттің  жас 
оқытушылары  Динара  Жұмағұл  және  Дина  Матчановалар 
«Болашақ» бағдарламалары бойынша барлық сынақтардан  өтіп, 
Германия жоғары оқу орындарында магистратурада оқып жүр. 
-  Университеттің  материалдық-техникалық  базасы 
қандай,  қазіргі  заманғы  талаптарға  жауап  бере  ала 
ма?  Бөлінуден  кейін  қоңыртөбел  күйге  түсіп  қалған 
жоқсыңдар ма? 
-  Барлық  оқу  корпустары  күрделі  жөндеуден  өткізіліп, 
дәрісханалар 
қажетті 
оқу 
құрал-жабдықтарымен 
қамтамасыз  етілді.  Оқу  лабораториялары  жаңа  заманғы 
талаптарға  сай  жабдықталып,  жастардың  терең  білім 
алуына бар мүмкіншілік жасалған. 
Университет  кітапханасы  -  оқу  процесі  мен  ғылыми-зерттеу 
жұмыстарын  қажетті  әдебиеттермен  қамтамасыз  ететін,  рухани 
білім  және  интеллектуалдық  қарым-қатынастардың  мәдени 
орталығы  болып  табылатын  жетекші  бөлім.  Кітапхананың 
келешектегі  түбегейлі  қызметі  кітап  қорын  сақтау  және  оны 
соңғы  басылымдармен  толықтырып  отыру  болу  есептеледі. 
Бүгінгі  таңда  университет  кітапханасында  280    100  дана  кітап 
қоры  бар.  Тек  бір  ғана  2004  жылдың  өзінде  кітапхана  қорына 
4866 дана кітап алынды.  
        Кітап  қорын толықтыру процесі кафедралар мен жекелеген 
пән  оқытушылары  өтініштері,  оқу  залдарынан,  абономент 
бөлімдерінен  түскен  оқырман  сұраныстары  негізінде  жүзеге 
асырылады.  
        Кітапханада сонымен бірге мерзімді басылымдар мен газет-
журналдар  тігінділері  де  сақталады.  Одан  студенттер  өздеріне 
қажетті материалдарды дер кезінде пайдалана алады.  
        Елбасы  Жолдауында  отандық  білім  жүйесін  бәсекеге 
бейімдеп  құру  жөнінде  нақты  тапсырма  беріліп,  ұлттың  өресі 
білім  нәрімен  сусындағанда  ғана  өсетінін,  білім  сапасын 

 
- 112 - 
халықаралық  дәрежеге  көтеру  мен  әлемдік  білім  тайталасында 
дамыған мемлекеттермен деңгейлес болу мәселесін қадап айтты. 
         Отанымыздың  білім  беру  жүйесіндегі  ізденістері  мен 
бастамалары  әлемдік  білім  кеңістігіндегі  ықпалдастықты 
арттыру  мен  сапасын  көтеруге  бағытталған.  Білім  беру 
нормаларын өзара мақұлдау жөніндегі Лиссабон конвенциясын, 
жоғары  білім  саласы  мен  құрылымындағы  бірізділікке  қатысты 
Сорбон  декларациясын  қолдап,  белсенді  араласуға  талпыныс 
жасаған  мемлекеттердің  арасында  Қазақстан  алғашқылардың 
қатарында  тұр.  Еліміздің  Болон  процесіне  қосылуы  отандық 
білімнің  жаңа  талаптары  мен  саяси–экономикалық  таңдауына 
толық  жауап  береді.  Мәселенің  маңызын  еліміздің  Болон 
процесіне  қосылғандығымен  ғана  байланыструға  болмайды. 
Бұны  сапа  мен  бәсекелестік  мүмкіндігін  көтеру  мақсатындағы 
білім парадигмаларының алмасуы деп ұққанымыз жөн. 
-  Қазір  диплом  алу  оңай,  жұмыс  табу  қиын.  Анығын 
айтсақ,  мамандық  көп,  оны  меңгеріп  әкетуге  қауқар 
шамалы. Себеп-кадрлардың сапасыз даярлығы. 
-   Нарыққа өз кәсібін жете білетін жан  ғана кіретініне дау жоқ. 
Біз  ферроқорыту  зауытымен,  тағы  басқа  ірі  кәсіпорындармен 
байланыс 
орнаттық 
Қазақстан 
жұмыс 
берушілері 
конференциясы 
университетті 
мамандар 
даярлаудағы 
жетістіктері  үшін,  Құрмет  грамотасымен  марапаттады.  Соңғы 
кезде  студенттердің  өндірістік  өтіліне  үкімет  тарапынан  қозғау 
салынғаны да жағдайды жақсарта түспек. 
 
Әңгімелескен А.Шөкіш 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
- 113 - 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ҒЫЛЫМ  
ҚИЯСЫНДА 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
- 114 - 
Лебіздер легі 
 
Төртінші желі 
 
 Зерттеуші  А.Мұсаев  өз  еңбектерінде  ғылыми 
тұжырымдар  жасауға  көтеріліп,  оларды  нақты  мысал, 
деректермен  дәйектеген.  Еңбекте  негізінен  қоғамдық 
дамудың  тоқырау,  қайта  құру,  жаңа  құрылымға 
бетбұрыс, нарыққа көшу тұсындағы әдеби шығармалар 
талдауға  алынған.  Оларда  сатиралық  леп  –  сарынның 
кең  де  мол  көрініс  тапқанын,  тіпті,  сатиралық  емес 
туындылардың  өзінде  сатиралық,  юморлық  әдіс  – 
тәсілдің  жиі  қолданыла  бастағанын,  әлеуметтік, 
экономикалық 
өткір 
проблемаларға 
бой 
ұру 
көбейгенін, өмір – тіршіліктегі кемшін – мінді, сынап – 
мінеп, 
әшкерелеуге 
жағдай 
туғызып, 
толық 
мүмкіншілік  берілгенін,  сатира  юмордың  тәрбиелік 
мәнін арттырып, жағымды күлкіге кең жол ашылғанын 
атап өткен.  
                                                 Темірбек Қожакеев 
                                      филология ғылымдарының 
докторы, профессор 
                                                      10.09.1999 жыл 
 
*    *    * 
 
Прозалық  еңбектердің  терең  де,  қатпарлары 
қойнауларына  бойлап  еніп,  жарқырата  көрсетуі  оның 
шын мәніндегі әдебиетші екенін көрсетеді. 
 
Академик Зейнолла Қабдолов 
13.10.1999жыл 

 
- 115 - 
*     *    * 
Алпысбай Мұсаев қазақ әдебиеттану 
ғылымындағы сатира туралы еңбектерінде жаңа 
зерттеу бағытының концепциясын ұсынған. 
 
                                                 Темірбек Қожакеев 
                                      филология ғылымдарының 
докторы, профессор 
 
*    *   * 
 
Қазақ  әдебиеттану  ғылымында  көп  назарға 
түспей, көп әңгіме болмай  жүрген келелі мәселелердің 
бірі  –  сатира  жайы.  Осы  орайда  ізденуші  Алпысбай 
Мұсаев 
жиырмасыншы 
ғасырдың 
екінші 
жартысындағы  қазақ  прозасына  жаңа  түр  мен  дәстүр 
алып келген сатира поэтикасын жаңаша толғап ғылыми 
ой жүйесінен өткізіп отыр. Алпысыншы – тоқсаныншы 
жылдардағы  қазақ  прозасында  күлкімен  әшкерелеу 
өнерінің 
өріс 
алымын 
зерттеп, 
қазақ 
әдебиеті 
тарихында 
өзіне 
тән 
ерекшелікпен 
көрінгенін 
бағымдайды.  
 
Тұрсынбек Кәкішев 
филология ғылымдарының докторы, 
профессор 
2 қазан 1999 жыл 
 
 
 
 

 
- 116 - 
  
А.Мұсаевтың  әдеби  зерттеу  еңбегі  көрсетілген 
кезеңнің 
прозалық 
шығармаларының 
көркемдік-
эстетикалық 
ерекшеліктерін, 
ондағы 
күлкі 
феномендерінің 
табиғатын 
халықтық 
дәстүрмен 
диалектикалық бірлікте ұштастыра қарастырып  жүзеге 
асырған. 
Д.Ысқақов 
                                филология ғылымдарының 
докторы, 
                                                        профессор  
                                                    13. X. 1999 жыл. 
 
*    *    * 
 
Қазір  облыс  орталықтарында  да  әдебиетшілер 
тобы  қалыптасып,  алғашқы  игі  жемістерін  бере 
бастады,  Оралда  А.Мұсаев  бастаған  әдебиетшілерден 
де күтеріміз көп. 
 
Бекен Ыбырайым 
Филология ғылымдарының докторы, 
әдебиеттанушы 
13. 07. 2001 жыл. 
 
*    *    * 
 
А.Мұсаевтың  зерттеу  барысында  қол  жеткен 
нәтижелері  қазақ  әдебиетіндегі  сатира  поэтикасының 
ілгерушілік  роль  атқарғандығын  айғақтай  отырып, 
әдебиеттану 
ілімінде 
өз 
объектісін 
зерделеу 
тұрғысынан  елеулі  ықпал  еткендігін  баса  көрсетуіміз 

 
- 117 - 
керек. 
Зерттеушінің 
әрбір 
ғылыми 
нәтижесі 
әдебиеттану  ғылымының  дамуында  өз  орнын  алады 
деп сенемін.  
 
Құлбек Ергөбеков 
филология ғылымдарының докторы,  
профессор, сыншы – ғалым 
3 қазан 1999 жыл 
                                     
*  *  * 
 
Сатира  табиғатына  көз  салатын  А.Мұсаевтың 
теориялық  әдебиеттану  ғылымына  өз  үлесін  қосқанын 
айту парыз. 
 
                                              Бақытжан Майтанов 
                               филология ғылымдарының 
докторы, 
                                             сыншы - әдебиетші               
20. 07. 2001 жыл 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
- 118 - 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ҒИБРАТТЫ ҒАЛЫМ  
ЕҢБЕКТЕРІ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
- 119 - 
Тағылымы мол  еңбек 
 
Қазақ әдебиеттану ғылымның назарына көп түспеген, көп 
әңгіме  болып  жүрмеген  жанрдың  бірі  –  сатира.  Әдетте  сыншы 
да,  зерттеуші  ғалымдар  да  әдебиеттің  жетекші  жанрларына 
көбірек  мән  береді  де,  сатиралық  туындылар  қаға  беріс  қалып 
қоя береді. 
Сатира 
жанрын 
зерттеушілердің 
профессорлар 
Т.Қожакеев, 
М.Тілеужанов, 
Н.Омашев 
сияқты 
бірлі-жар 
ғалымдар  болмаса,  басқалай  аздығы  да  осы  ойымызға  дәлел 
іспетті.  Ал  шындығына  келсек,  сатира  үлкен  жанр,  оның 
қарастырар,  зерттер  проблемалары  да  жеткілікті  және  ол 
проблемалар жалпы әдебиет дамуымен, өзге жанрлар тарихымен 
тығыз сабақтасып жатыр. 
Осы  ретте  А.С.Пушкин  атындағы  Орал  педагогика 
институты 
қазақ 
әдебиеті 
кафедрасының 
меңгерушісі, 
филология  ғылымдарының  кандидаты,  доцент  Алпысбай 
Мұсаевтың «Қазіргі  қазақ сатирасы» атты монографиясы   - осы 
салада  істелген  жаңа  жұмыс,  тың  туынды  демекпіз.  Аталған 
еңбектің  тақырып  актуальдығы  мен  ғылыми  мәнділігі  – 
сатиралық 
және 
юморлық 
образдардың 
көркемдігі 
ерекшеліктерін  арнайы  қарастырып,  оны  70-90  жылдардағы 
белгілі  қазақ  қаламгерлерінің  шығармалары  негізінде  талдап, 
ғылыми  тұжырымдар  десек,  екіншіден,  өмірдегі  жағымсыз 
жайлар, қоғам бойындағы міндер қазіргі күн талабы тұрғысынан 
талқыланса,  үшіншіден,  зерттеушінің  көптеген  прозалық 
туындыларды  суреттеу  тәсілі,  образдар  табиғаты  тұрғысынан 
сатиралық  шығарма  ретінде  алғаш  рет  алып  қарастырылуынан 
да көрінеді. 
Кітаптың  кіріспесінде  автор  еңбектің  міндет-мақсатын 
нақты,  тұжырымды  көрсеткен.  Ол  түйін  автор  айтуында  70-90 
жылдар 
шеңберіндегі 
сатиралық 
және 
сатиралық 
емес 
прозадағы  сатиралық  образдардың  ерекшелігін  сөз  ете  отырып, 
оларды  тұлғалаудағы  қаламгерлердің  шеберлік  қырларын, 
көркемдік тәсіл-амалдарын айқындау, әдебиетіміздегі сатиралық 
дәстүр жалғастығын пайымдау. Аталған мақсатқа сай зерттеуші 

 
- 120 - 
тақырыпты төмендегі екі бағытта: «Сатиралық образдардың тегі 
мен  дәстүрлігі»  және  «Сатиралық  образдардың  типологиясы» 
деп қарастырған. 
Аталмыш  еңбектің  алғашқы  тарауында  сатираның 
атқаратын  қоғамдық-әлеуметтік  мәні,  сатира  хақындағы  өзге 
елдер  әдебиеті  мен    қазақ  әдебиеттану  ғылымындағы  зерттеу 
пікірлерге шолу жасалады. 
Негізгі  мәселе  –  сатира  дәстүрі  болғандықтан,  ғалым 
қазақ  әдебиетіндегі  жалпы  сатиралық  жанрдың  туу,  даму 
тарихын шартты түрде төрт кезеңге бөліп қарастырған. Абайдың 
сатиралық    дәстүрі  совет  дәуірінде  Қ.Тайшықов,  Б.Майлин, 
Ғ.Мүсірепов,  А.Тоқмағамбетов  творчествосы  арқылы  жемісті 
жалғасты дей келе, зерттеуші бұл салада Бейімбет прозасы мен 
поэзиясындағы  сатира  мен  юмордың  сипатын  ерекше  атайды. 
Биағаңда  юморлық  образдың  да,  сатиралық  типтің  де  не  алуан 
түрі  мол  ұшырасатынын,  оған  әйгілі  Мырқымбайдың  болмаса 
«Азамат Азаматыч» романындағы небір сатиралық тұлғалардың 
жататындығын дәлелге келтіреді. 
Прозадағы  сатиралық  һәм  юморлық  образдардың  үздік 
үлгісін 
зерттеуші 
Ғ.Мүсірепов 
творчествосынан 
табады. 
Ғабеңнің характер жасаудағы ұтымды әрі жиі қолданатын тәсілі 
юмор  екенін  атап  өтеді.  «Өлмес  сатиралық  және  юморлық 
образдар  Жұман,  Қарабай,  Қоңқай,  Жантық,  Байжан  бейнелері 
ғасырлар  бойы  халық  жасаған  ащы  сатира,  жайдары  юмормен 
суарылған» (12-бет) деп дәйекті  түйін жасайды. 
Міне,  осындай  Биағаң,  Ғабең  дәстүрін  60-70  жылдарда 
жалғастырған  қаламгерлер  деп  С.Адамбеков,  Ж.Алтайбаевты, 
О.Әубәкіровті, 
Т.Әлімқұловты, 
Е.Домбаевты, 
Б.Қадырбекұлдарын 
атай 
келе, 
олардың 
әрқайсысының 
сатиралық  образ  тұлғалаудағы  қолданған  көркемдік  тәсіл 
амалдарына  жеке-жеке  талдау  жасайды,  ерекшелігін  ашады. 
Мәселен, С.Адамбеков «Атылған қыз туралы аңызда» гипербола 
мен  гротескіге  көбірек  барып,  сол  арқылы  образдың  жағымсыз 
кейпін  кеңірек  ашуға  сәтті  ұмтылыс  жасаса,  О.Әубәкіров  «өз 
кейіпкерін  сомдауда  авторлық  ұтқыр  сөз  қолдануға,  сөйтіп, 
олардың образын үстемелеп ашып отыруға шеберлігін» (16-бет) 

 
- 121 - 
атап,  дәлел  ретінде  Бөден,  Пәштуан,  Көди,  Сөди  секілді 
Осағаңның одағай тұлғаларын атайды.  
Е.Домбаев  оқиға  құбылыстарды  әсірелеп  көрсетуге, 
сатиралық  фантастика  тәсіліне  жиі  барады.  Бұл  тәсіл  оған  өзі 
мансұқтанып  отырған  құбылысты  айрықша  зорайтып  көрсетіп, 
оның  ұнамсыз  мінін  кеңірек  ашуға  мүмкіндік  береді  деп 
түйіндейді ойын. Ал, Тәкен Әлімқұлов сатиралық образ жасауда 
көбіне  көп  иронияны  ұтымды  қолданса,    Ә.Тарази  басым 
кездесетін  зілсіз  юмормен  мен  жаймашуақ  күлкінің  кейде 
гротескіге,  өткір  сарказмге  де  ұласып  кететінін  «Аяз  бен  Бибі» 
повесін,  «Тасжарған»  романын  талдау  арқылы  дәлелдеп 
көрсетеді.  Бұның  бәрі  зерттеушінің  өз  ой-түйіндеулерін  нақты 
талдауға  негіздегенін,  жауапкершілігін  байқатады.  Тарау 
соңында  ол  қазақ  сатирасындағы  жетістіктермен  қатар 
бірсыпыра  кемшілікті  де  орынды  атайды.  Әлі  де  болса  қазақ 
сатирасында  кесек  толыққанды  тұлға  жасала  қоймағанын, 
сатиралық  бейнелердің  көп  ретте  іс-мінез,  түсінік  тұрғысынан 
ұқсастау келетінін айтады. 
Екінші  тарауда  сатиралық  образдар  типологиясы  деген 
мәселені  зерттеуші  тың,  соны  арнада  қарастырады.  Әдетте 
сатиралық  образды  біз  көбіне-көп  сатиралық  туындыдан 
іздейміз  ғой.  Ғалым  бұл  дәстүрді  ұтымды  да  батыл  бұзып, 
зерттеу  объектісі  етіп  сатиралық  емес  туындыларды  алып, 
олардағы  сатиралық  және  юморлық  бейнелер  ерекшелігін 
анықтауды алға қояды. 
Тарауда  Ә.Нұрпейісовтің  «Қан  мен  тер»  романындағы 
Судыр  Ахметтің,  Ә.Тарази  «Кен»  романындағы  Кәкіштің, 
М.Мағауиннің 
«Тұлымханның 
бақыты» 
әңгімесіндегі 
Тұлымханның,  «Мұрагер»  әңгімесіндегі  екі  ғалымсымақтың, 
Жайсаңбек 
Молдағалиев, 
М.Қаназов 
шығармаларындағы 
сатиралық образды бейнелеу ерекшелігіне тоқталады. Зерттеуші 
осылайша  талдау  барысында  сатиралық  емес  прозадағы 
сатиралық 
тұлғалар 
ерекшелігін, 
олардың 
типологиясын 
айқындап  береді.  Мұнымен  қатар  қазіргі  әдебиетіміздегі 
гротескілік  образ,  авторлық  образ,  образ-шындық  сияқты 
сатиралық образдардың тың, соны түрлерін түстеп береді. 

 
- 122 - 
Қаламгер-ғалым өзінің ой-пайымдауларын дәлелдеу үшін 
ретті  жерінде  зерттеу  тақырыбына  қатысты  туысқан  елдер 
әдебиеті  үлгілерінен  де  мысалдар  келтіріп  ойын  нақты 
тұжырымдап  отырған.  Сөйтіп  проблеманы  тек  қазақ  әдебиеті 
мысалында  ғана  қарастырып  қоймай,  мүмкіндігінше  қазіргі 
әдеби  процесс  шеберінде  кеңірек  алып  пайымдауға  ұмтылыс 
жасаған.  Бұл  зерттеушінің  тақырыбын  жете  меңгергенін  үлкен 
жауапкершілікпен тыңғылықты атқарғанын аңғартады. 
Кітаптың аннотациясында көрсетілгендей, сатира – қазақ 
әдебиетін  оқыту  процесінде  көп  зерттелмеген  салалардың  бірі. 
Сол тұрғыдан алғанда аталмыш кітапты жоғары оқу орнындағы 
филология  факултетінің  студенттері  мен  мектеп  мұғалімдері, 
әдебиет  зерттеушілеріне,  көпшілік  оқырман  қауымға  арналған 
қажетті де толымды еңбек деп танимыз. 
 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал