Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.8 Kb.

бет6/10
Дата09.01.2017
өлшемі2.8 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 
                                                  Шәкіртіңіз 
                                                  Балғабаева Алтынай 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
- 90 -
Ұстазыма 
 
Шәкіртіне төгіп шуақ арайын, 
Таң қалдырған білімімен талайын. 
Сатираны серік етіп жанына, 
Күлкіге бөлеп жүрген маңайын. 
 
Шығыпсыз алпыс деген асқар шыңға, 
Әр уақыт ерен іске бастар тұлға! 
Арадай нәр жинаған жиылады, 
Ізгілік жолыңызда – жастар сонда. 
 
Жеттіңіз бұл күнге де талып, тасып, 
Арманның ақ желкені алып қашып. 
Өткен күн, кедергілер арасынан – 
Ғұлама ғалым болып қалыптасып. 
 
Ақ ниет, әрқашанда ақ жолыңыз, 
«Әдебиет-ардың ісі» - ар болыңыз! 
Ілім сүйген бүгінгі жас өркенге, 
Жарқыраған жұлдыздай бар болыңыз.  
                   
            
Шәкіртіңіз 
Марал Жонысова 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
- 91 -
 
 
 
 
 
 
 
БІЛІКТІЛІК 
 БЕЛЕСІНДЕ 
 
 
 
 
 
 
 
 
        
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Лебіздер легі 

 
- 92 -
 
  Үшінші  желі 
 
Ғылымға өз жолымен қосылған 
 
Қадірлі ғылыми Кеңес мүшелері! 
Жоғары 
аттестациялық 
Комиссия 
бүгінгі 
таңда 
докторлық  диссертацияларға  талапты  күшейтіп  тұр.  Біз  өз 
кеңесімізге  қандай  жоғары,  биік  талап  қойылса  да  жауап  бере 
алатын,  мазмұны  терең  де  салмақты  да  сындарлы  еңбектерді 
қабылдауымыз 
керек. 
Докторлық, 
әсіресе, 
филология 
ғылымдарының  докторлығына  диссертация  жазу-күрмеуі  мол, 
күрделі  шаруа.  Оған  жігіттің  жігіті  шыдайды.  Бұл  жігіт  біздің 
ресми сынымыздан өтіп тұр.  
Ал,  алған  тақырыбы  -  Қазақ  прозасындағы  сатира  мен 
юмор  поэтикасы!  Поэтика  -    сонау  Аристотель  заманынан  келе 
жатқан  теориялық  соқпақ  қой.  Сол  соқпаққа  өз  жолымен  келіп 
қосылған. Қазақ прозасындағы сатиралық, юморлық еңбектердің 
поэтикасын, олардың  композициялық,  сюжеттік  құрылымдарын 
теориялық  талдауға  баруы-ізденушінің  талант  табиғатын, 
қабілет-қарымын  байқатады.  Көне  заманнан  келе  жатқан 
теориялық  талаптарға  қазіргі  заман  ауқымы  тұрғысынан  келіп 
отыр.  
Құрметті 
әріптестер! 
Жалпы, 
қазақ 
әдебиеттану 
ғылымында сатирадан қорғағандар - өте аз, саусақпен санарлық, 
бұл  жігіт  сол  аздың  бірі.  Болмаса  арамызда-Кеңес  мүшесі, 
сатира сардары Темірбек Қожакеев отыр ғой. Солай ма Темке!.. 
Ізденушінің  зерттеу  нәтижелерін  мәлімдеуі,  сөйлеу 
мәнері, прозалық еңбектердің терең  де, қатпарлы қойнауларына 
бойлап еніп, жарқырата көрсетуі оның шын мәніндегі әдебиетші 
екенін көрсетеді. 
 Бұл  жігіттің  қорғар  алдында  жазған  еңбектерімен 
танысып шықтым. Ішінде үш өлең кітабы да бар екен.Талантты 
ақын  жігіт,  докторлық  диссертация  жазған.  Бұл  не  деген  сөз? 
Бұл  творчествоның  психологиясын  біледі  деген  сөз.  Бізде 
әдебиеттанушылардың 
барлығы 
да 
творчествоның 

 
- 93 -
психологиясына  бара  алады  деу  қиын.  Нағыз  творчество 
процесін 
біле 
алмайды. 
«Рождение 
художественного 
произведения»  оларға  өте  қиын.  Сондықтан  олардың  көбі 
«умозрительно» жазады. 
Ал,  мына  жігіт  еңбек  жазғанда  өз  тәжірибесінен  алып 
отыр. Алған тақырыбына  өзінің  шығармашылығының қабысқан 
жері  осы.  Өте  сәтті  табысу.  Бұл  табысу  ізденушінің  пайдасына 
шешілген.  Жалпы  бұл  жігіттің  ішкі  гармониясы  келіскендігін 
байқадық.  Сондықтан  да  болмысының  симметрично  келетін 
жері осы ара деп білемін... 
 
                                                      Академик 
                                                                Зейнолла Қабдолов 
 
Ум (ойша пайымдау)  
 
                                                            
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ішкі түйіні мықты 

 
- 94 -
 
        Бүгінгі мерейтой иесі Мұсаев Алпысбай біздің институттың  
түлегі.  Әуелі  студент,  сосын  оқытушы.  Институт  бітіргеннен 
кейін,  мектепте  мұғалім,  комсомол,  партия  органдарында 
облыстық «Орал өңірі» газетінде жұмыс істеп, әбден шыңдалып 
барып, өзінің өскен ұясына келді. 
           Институт  ұжымы,  әсіресе,  негізінен  өзінің  бұрынғы 
ұстаздарынан  тұратын  кафедра  оқытушылары  қуана    қарсы 
алды.  «Жас  келсе  іске  дегендей»,  институттың  қоғамдық 
жұмысына да, оқу-ғылыми жұмысына да белсене араласып кете 
барды.  Ол  кезде  жас  мұғалімнен    Серікқали  Шарабасов  екеуі 
ғана.  Сол  шамада,  кафедра  меңгерушісі  Мәтжан  Тілеужанов 
докторлығын қорғап келді де, көп ұзамай аспирантура ашылды. 
Ол  барлық  жағынан  әбден  дайындықтан  өткен  Алпысбайды 
өзіне  аспирантураға  қабылдады.  Сөйтіп,  біздің  институттың 
тарихында 
әдебиеттану 
саласында 
алғаш 
ашылған 
аспирантураның  бірінші  аспиранты  болды.  Мәкеңнің  бар 
кезінде  қабылданған  бес-алты  аспиранттың  қорғағаны  да 
Алпысбай болды. 
         Мәкен оны өзіне жете таныс қазақ сатирасы мен юморына 
алып  барды.  Шығармашылық  ісімен  бұрыннан  да  таныс,  бұған 
дейін  бірлі-жарым  өлең  кітаптары  шыққан  Алпысбай  сатираға 
әбден  ден  қойды.  Ұстазы  Мәтжан  Мақсымұлы  екеуі  соңғы 
жиырма  жыл  дидарында  тізе  қосып  еңбектеніп,  қыруар  шаруа 
атқарды.    Бірігіп  еңбектер  жазды,  мақалалар  жазды.  Соның 
нәтижесінде,  тоқсаныншы    жылдардың  басында    Қазақтың  
Абай атындағы Мемлекеттік педагогикалық мамандандырылған 
кеңесінде кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап шықты.  
Одан бері де  біраз су ақты. Кейін Мәкең пенсия шығып, 
біраз  жұмыс  атқарғаннан  кейін,  кафедра  меңгерушілігіне  өзінің 
шәкірті Алпысбайды ұсынды. Біздер оны кафедра ветерандары – 
Ғабдырахым  Абуханов,  Меруерт  Жолдықайырова,  Шәнді 
Жұмағазиева,  Қалимолла  Мырзағалиевтер  құп  алдық.  Бұрынғы 
шәкіртіміз  бізге  меңгерушілік  жасады.  Біз  өте  түсіністікпен 
еңбек  еттік.  Іргесін  отызыншы  жылдары  академик  Қажым 

 
- 95 -
Жұмалиев 
қалаған 
іргелі 
де 
дәстүрлі 
кафедра, 
институтымыздағы киелі орындардың бірі еді.                                                           
Алпысбай  өзі  бір  қарағанда,  қобыр-собыр  салақтау 
сияқты  көрінгенмен,  ішкі  түйіні  мықты,  алған  бетінен 
қайтпайтын,  табанды  да  қайсар  жан.  «Далаға  шықпайды, 
кілттеніп  алып  жазып  жатыр»  дегенді  есітіп,  телефонмен 
звондап  қоятыным  бар.  «Сәке!  Дүниеде  не  жаңалық  болып 
жатыр?»  деп  сұрайды,  алаңсыз  жазу-сызу  ісімен  айналысқан 
әріптес-шәкіртім.  Мен жаңалықтармен хабардар етем де, бір сәт 
шашылған қағаз,  қаптаған кітап ортасында ойға шомған, оңаша 
қалып  ғылым  сырына  үңілген  шәкірт-ініме  қызыға  қараймын. 
Соры  қалың біздің  буынға ондай мүмкіндіктер көп бола  қойған 
жоқ қой... 
 Сөйткен,  Алпысбай  бүгінгі  мерейлі  жасына  келіп  тұр. 
Құр  қол  келген  жоқ.  «Қазіргі  қазақ  сатирасы»  атты 
монографиясы  «Ана  тілі»  баспасынан  шықса,  «Поэтика-
казахской  сатиры»  атты  оқу  құралы  орыс  тілінде  «Санат» 
баспасынан  шықты.  Оның  сыртында  ондаған  мақалалар  мен 
докторлық  диссертациясын  талқылаудан  өткізіп,  буып-түйіп 
әкеліп отыр.  
Айналайын,  Алпысбай!  Алған  бағытыңнан  тайма! 
Айсұлу екеулеріңнің 
алған  бағыттарың  дұрыс,  дұрыс  келе  жатырсыңдар.  Айсұлу  да 
Ленинградта  қорғаған  қазақтың  аз  ғана  қыздарының  бірі.  Мен, 
биыл  өзі  тоқсанға  толғалы  тұрмын.  Дүние  жалғанның  қызығы 
өзің  қолмен  ұстаған,  өзің  жазған  еңбектен  алған  ләззатқа 
жетпейді.  Сен  мынау  өзіңді  қоршаған  жандардың  үмітісің. 
Өзіңді үкілеп қосқан жандардың үмітін ақтай бер! 
                          
Сәрсен  Ақмурзин 
А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық  
институытының 40-50 жылдардағы ректоры                                                             
28   желтоқсан  1998 жыл 
 
 
 

 
- 96 -
Нұрлы жол 
 
 
Алпысбаймен кездесіп, танысуым бір ғажап оқиға болды. 
Өткен  ғасырдың  сексенінші жылдарының  ортасында менің  «Ол 
– 
менің 
тағдырым» 
атты 
пьесам 
Орал 
қаласындағы 
А.Н.Островский  атындағы  орыс  театрында  қойылатын  болып, 
кенеттен  ұшып  барғанмын.  Уақыт  жаңа  жыл  қарсаңы, 
желтоқсан  айының  аяғы  болса  керек.  Жеделқабыл  «Ақжайық» 
қонақ үйіне орналасып театрға келдік...  
 
Пьеса  үлкен  табыспен  қойылып  жатты.  Ол  өзі  уақыт 
ағымына  лайықтасып  жазылған  шығарма  болатын.  Антракт 
кезінде  бір  жас  жігіт  келіп  танысты.  Қазақ  көрермені  мүлде  аз 
болғандықтан  бұл  маған  қатты  әсер  етті.  Өзі  осындағы  жоғары 
оқу  орнында  оқытушы,  қазір  аспирантурада  жүрген  кезі  екен. 
Спектакль соңында Алпысбай мені үйіне шақырды. Әрі жалғыз, 
әрі  суық  қонақ  үйден  запы  болған  мен  бірден  келісіп,  грек 
режиссёрдің  машинасымен  қонақ  үймен  біржола  есептесіп, 
Алпысбайдың үйіне келдік. Алпысбай жанұясымен таныстырды. 
Жұбайы  –  Айсұлу,  балалары  –  Бауыржан,  Әлиялар  мектепке 
енді барып жүрген кездері екен.  
 
Содан  әңгіме  басталып  кетсін.  Алпысбай  өзі  менің 
шығармашылығыммен  танысып,  зерттеп,  ғылыми  айналымға 
айналдырмақ  ойда  екен.  Айтушы  –  мен,  тыңдаушы  –  ол.  Сол 
түні  ұзақ  сырластық.  Не  айтылмады  дейсің!  Жалпы  әдебиет, 
өнер,  өмір  жайлы  пікір  алыстық,  ойларымызды  ортаға  салдық. 
Таң  ата ұйықтамастан Алматыға ұшып кеттім. Міне, содан бері 
көп жылға созылған ағалы-інілі сыйластығымыз орнады.  
 
Ол  өзінің  кандидаттық,  докторлық  диссертацияларында 
менің  хикаят,  повесть-романдарымды  ғылыми  айналымға 
түсірді.  Олардың  қатарына  «Үлкен  ауыл»,  «Асу-асу»,  «Қиян 
соқпақ»,  «Қорқау  жұлдыз-қара  жыра»,    «Тасжарған»,  «Кен», 
«Жаза»,  «Москва-Баласаз»  секілді  шығармаларымды  жатқызуға 
болады. 
 Кейін 
Алпысбай 
кандидаттық 
қорғағанда, 
жазушылардың  шығармашылық  үйіне  тоқтады.  Онда  менің 
Қазақстан 
Жазушылар 
Одағының 
хатшысы 
кезім. 

 
- 97 -
Кандидаттығын қорғап шыққаннан кейін біздер, ағалары Сайын 
Мұратбеков, 
Қалихан 
Ысқақов, 
Рамазан 
Тоқтаров  оны 
құттықтап  шыққан  едік.  Оның  Сәдуақас  Мұстафаев  деген  досы 
менің  қарындасым  Райханға  үйленді.  Сөйтіп  жан  достығымыз, 
қан достығына ұласты.  
 
Мен,  Алматыда  өткен  ғасырдың  аяғында  Әл-Фараби 
атындағы  Қазақ  ұлттық  университетінде  Алпысбай  інімнің 
докторлық  диссертация  қорғаған  кеңесіне  де  қатыстым.  Өзіне 
тән байсалды да байыпты жауаптарымен ресми сыннан сүрінбей 
өтті. 
Қазақ 
әдебиеттану 
ғылымының 
кілең 
жампоз, 
марғасқаларынан  құрылған  Ғылыми  кеңес  ізденуші  інімді  біраз 
қақпақылға  алып  барып,  баталарын  беріп,  бірауыздан  дауыс 
берді.  Осы  қорғаудан  кейін  мен  ойладым  –  ғылым  жолы  мен 
жазушылық жолы әр басқа екен. Бұны Рымғали досым да талай 
айтып  еді.  Бұлардың  ізденіске  толы  жанкешті  еңбегін 
мойындадым. Қалихан болса мойындамас еді.  
 
Сөйткен Алпысбай інім де алпыстың асқарына шығыпты. 
Өзің  ойлашы,  Алпысбайжан,  кешегі  өзің  қорғаған  Ғылыми 
Кеңес  мүшелерінен,  өз  қатарыңды  айтпағанда,  кім  қалды, 
жалғыз  –  Тұрсекең,  Тұрсынбек  Кәкішев  ағам  ғана!  Негізін 
Зейнолла  –  Зәкең,  Темірбек  –  Темкең,  Зәки  –  Зекең  ағаларың 
қалаған әдебиеттанудың  ақ туын алып жүру сіздердің  буынның 
мойнына  түсетіні  өзінен-өзі  түсінікті  нәрсе.  Осынау  абыройлы 
да  нұрлы  жолда,  еңсең  түспей  еңбек  етіп  асқар  биіктерден 
көріне бер дегім келеді. 
 
                                                  Әкім Тарази 
                                                  Қазақстан Республикасының 
                                                 мемлекеттік сыйлығының иегері,  
                                                жазушы-драматург 
 
 
 
 
 
 

 
- 98 -
Қасиетін қара өлеңнің сезінген 
 
Мен  Алпысбаймен  Орал  педагогикалық  институтының 
қабырғасында  таныстым.  Ол  мектепті  кеше  ғана  бітірген, 
сәмбіталдай  солқылдаған  жас  жігіт.  Біз  болсақ  өндірісте  екі 
жылдай  жұмыс  істеп,  оның  үстіне  Кеңес  Армиясы  қатарында 
болып келген,  әбден ысылып, сақайыңқыраған жігіт ағасы едік. 
Бәрімізді  жырға  деген  ынтызарлық  табыстырды.  Бізбен  қатар 
кейін  белгілі  қаламгер  атанған  талантты  прозашы  Мұқадес 
Есләмғалиев  үмітті  қалам  иелері  -  Қайыржан Хасанов,  Ұзақбай 
Рахматуллин, Серікқали Шарабасов, Шолпан Қыдырниязовалар  
бар,  бір  курс  кейін,  бір  курс  жоғары  оқыдық.  Ішіміздегі  ең 
жасымыз  да  Алпысбай  болатын.  Бірақ  сол  кездің  өзінде  жазу 
өнеріне деген өзіндік көзқарасы бар, дайындығы мол жігіт екені 
байқалатын.  Екінші  курсты  аяқтағаннан  кейін  Алматыға,  Қазақ 
университетіне  ауысқысы  келетінін  айтты.  «Бұның  не?»-деп 
сұрағанымда,  «Әдеби ортаға жақындайын» деп едім деді. Кейін 
кафедра  меңгерушісі  Сәрсен  Ақмурзин  ағаймен  ұзақ  әңгімеден 
кейін, бұл пікірінен айныды.  
Әдебиетте  дәстүр  деген  ұғым  бар.  Абай  болмаса,  қазақ 
өлеңі,  қазіргі  дәрежесіне  көтеріле  алмас  еді.  Біздер  өлеңге 
келген  кезде,  алдымызда  -  Қадыр,  Сағи,  Тұманбай,  Жұмекен, 
Төлеген  сияқты  қазақ  өлеңінің  жампоздары  жыр  орбитасында 
жарқырап тұр еді. Біздер түгіл, облыс орталықтарында тұратын 
әбден 
танымал 
ақындар: 
Көкшетауда-Еркеш 
Ибрагим, 
Жезқазғанда–Кәкімбек Салықов, Ақтөбеде-Мұхтар Құрманалин, 
Оралда  – Жанғали Набиуллиндерге де оңай емес еді.  
          Оралдағы  әдеби  мектептің  басында  Жәкең-Жанғали  аға 
отырды.  Астанаға    қоныс  аудармай,  тапжылмастан  Оралда 
отырып  –  ақ  талай  талантты  дүниелер  тудырған  Жәкеңе  біздің 
құрметіміз шексіз-тін. 
          Жастайынан кітапты көп оқу, жақсы қалыптасқан оқымпаз 
орта, оны  әдебиетке алып келді.  «Бесінші класқа дейін  қалалық 
балалар 
кітапханасын 
оқып 
тауыстым, 
сосын 
қалалық 
кітапханаға ауыз салдым»-деп отыратын. Жүз елу жылдан астам 
тарихы  бар,  іргесін  белгілі  саяхатшылар  П.П.Семенов-Тянь-

 
- 99 -
Шанский,  академик  Л.С.Бергтер  салған  көне  Қазалыдағы 
Максим  Горький  атындағы  қалалық  кітапхана  шын  мәніндегі 
рухани    орталық  болатын.  Басқа  ғылым  саласындағыларды 
тізбелемей-ақ,  осы  кітапхана  оқырмандары  арасынан  белгілі 
ақын  Әли Есмпамбетов, елуінші жылдары  Москва мемлекеттік 
университетін,  Максим  Горький  атындағы  Дүниежүзілік 
әдебиет  институтының  аспирантурасын  бітіріп,  «Дружба 
народов» журналы мен СССР Жазушылар Одағында еңбек еткен 
талантты  әдебиет  сыншысы-ғалым, орыс-қазақ  тілдерінде  еркін 
жазатын  марқұм  Қалжан  Нұрмахановты  атасақ  та  жеткілікті. 
Біздің Алпекең де осы ізбен жүрген болатын... 
          Аптасына,  айына  Жәкеңе  жиналып,  дүркірете  жыр  оқып, 
желпініп қалатынбыз. Осы топтың ішінде бізбен бірге Алпысбай  
інім де жүретін... Облыстық «Орал өңірі» газетінде бірге қызмет 
істедік.  Бір  күні  Алпекең,  институтқа  кеткісі  келетінін, 
профессор  М.Тілеужанов  көптен  шақырып  жүргенін»  айтып 
ақылдасты. Мен: «Өзіңе сенсең бар! Болмаса, бізбен бірге істей 
бер.  Түбі  сен,  бізге  бастық  боласың!»  деп  әзілдедім.  Оның 
коммунистік  партия  мүшесі  екендігін  есіне  сап.  Сонан  соң,  әрі 
жазушы,  әрі  ғалымдардың  бар  екенін  айттым.  Мысал  ретінде, 
Ә.Тәжібаев, 
З.Қабдолов, 
Т.Кәкішев, 
Т.Қожакеев, 
Т.Әбдірахманова, 
фантаст-жазушы 
А.Х.Мархабаевтардың  
есімін  атадым. Ол ойланып қалды... 
           Алпысбай  сенімді  ақтады,  ол  әрі  қаламгер,  әрі  ғалым 
болып  қалыптасты.  Жақында  оның  «Телқоңыр»  атты  өлеңдер 
жинағын оқып, үміт алдамағанын аңдадым. Өлең кітабына алғы 
сөзді  қазақтың  талантты  ақыны,  автордың  замандасы,  марқұм 
Жарасқан  Әбдірашев  жазған  екен.  Шындығында,  Жәкең 
жазғандай,  белгілі  бір  уақыттың  жүгін  көтеріп  тұрған  жинақ. 
Белгілі  бір  буынның  сөзін  айтып  тұрған  жинақ.  Жалпы, 
Алпекең,  қазақтың  қара  өлеңінің  қасиетін  терең  сезінген  жан. 
Әрі бармай-ақ қояйық. 
Мына өлеңге назар аударып қараңызшы?! 
Тыңбады жаңбыр тағы тамшылады, 
Көктің де таусылғандай бар шыдамы, 
Ақ найзағай астында сарт-сұрт етіп, 

 
- 100 - 
Бауырына бұлттардың шаншылады. 
        Қандай  дәл,  қандай  нақты  сурет!  Мен  мұндай  суретті 
салған,  жазған  адамның  ақын  екендігіне  әбден  қол  қоямын. 
Алпысбай  Мұсаев  бұл  күндері  филология  ғылымдарының 
докторы,  профессор.  Есімі  республика  көлеміне  мәшһүр 
көрнекті, қаламгер-ғалым. Ақындығың  мен ғалымдығың құстың 
қос қанатындай сені биіктерге самғатсын! 
 
                                                                       Айтқали Нәріков 
Ақын, Қазақстан Жазушылар 
                                                              Одағының мүшесі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
- 101 - 
 
                               
Ақиығым, алпыста! 
 
Ақын жаны жырымен тыныстаған, 
Жазылар жазса бойы құрыстаған. 
«Алпысбай-алпыс жаста» дегенінде, 
Інім деппін: - «Ғылымда ту ұстаған». 
 
Жетпісің желпіп ашты есігіңді, 
Жасыңнан ел таныды есіміңді. 
Ғылымның қырқасына шыға келдің, 
Асыл сөз тербеткенде бесігіңді. 
 
Туған күнің – үшінде қарашаның, 
Сыр бойында өтіпті бала шағың. 
Ғылымда кедергісіз даңғыл жол жоқ, 
Алпыс жыл, алпыс асу, дара шағың. 
 
Танылдың еліңе сен барыңменен, 
Алау қып жүрегіңді арыңменен. 
Асқаралы асудан аса бергін, 
Айсұлудай ақ жарқын жарыңменен. 
 
...Кезіп жүрдің Ырғыздың қырқаларын, 
Елің білді шежіреден сыр табарын. 
Таныттың кітап жазып асылдарды, 
Кеңестің заманында қымтағанын. 

 
- 102 - 
 
Кезгенде ғылым іздеп шартарапты, 
Бар жүгін институттың арқалатты. 
Бауыржан мен Әлия ер жеткенде, 
Алпысқа келгенін де байқамапты. 
 
Көп болсын ізіңе ерген серіктерің, 
Тәуелсіз болсын  әркез ерікті елің. 
Ғылымның шыңдарынан көріне бер, 
Алпысбай Мұсаевтай көрікті ерім! 
 
Жетпіске бүгін бұрдың аттың басын, 
Айсұлу болды әркез ақылдасың. 
Ақ көңіл, кішіпейіл, мінезіңді, 
Халқың мен дос-жараның мақұлдасын. 
 
Шықтың бүгін алпыстың асқарына, 
Келгендей көрінбей ме қас-қағымда? 
Ағаңның тілегі сол, - бар өмірің 
Айналсын осы заман дастанына. 
 
Жастардың аштың әркез бұлақ көзін, 
Бет бұрмай пенделікке – шуақ сезім. 
Әдебиет майталманы бола білдің, 
Зерттеген ғылым жолын етіп төзім. 
 
Алдыңа қойдың өмір талаптарын, 
Ешкімге міндет қылып қол артпадың. 
Келесің әлі күнге ізденумен, 
Білмей қалып кей кезде тез таң атқанын. 
 
Таусылмасын ешқашан әл-шыдамың, 
Білімнің арғымағын қамшылағың. 
«Алпысты – тал түс» - дейді атам қазақ, 
Қызықты көрер кезің келді шағың. 
 

 
- 103 - 
Жақсы-жаман болу да бір өзіңнен, 
Байқалар сөйлескенде мінезіңнен. 
Жұлдыз ауру басыңа жұқпасын деп, 
Сыйласамын ерекше бір сезімменен. 
 
Ойларың найзағайдай жарқылдасын, 
Біліміңнің бұлағы сарқылмасын. 
Қабыл болып тілегің, жақсы атыңмен, 
Арғымағы арманның алқынбасын. 
 
Асыл сөзді ардақты жан тыңдасын, 
Ұмытпасын, ұстазын, нар тұлғасын. 
Қадірлі боп еліңе, сәуле шашып, 
Алыс-алыс жерлерге даңқың барсын.  
 
Аман болып ұрпағың, бала-шағаң, 
Ажырамаң шаттықтан, тамашадан. 
Айсұлудай жарыңмен қоса ағар деп, 
Тілек жазды ақ жүрек Марат ағаң. 
 
                                                        Марат Қабижанұлы  
Оралдағы аймақтық,  
Түркістандағы Республикалық  
«Батаменен  ел көгерер» - батагөй  
ақсақалдар жарысының жеңімпазы, 
Қазақстан Журналистер 
Одағының мүшесі, ақын. 
Ақтөбе, 2008 жыл 
 
 
 
 
 
 
 
Мәдени мұра жанашыры 

 
- 104 - 
 
Ғалым, ұстаз Алпысбай Мұсаұлының 60 жылдық мерейтойына 
 
 
Жаңа  басталған  мыңжылдықта  біз  дүниені  жаңаша 
бағалаймыз.  Соның  ішінде  өз  ісіне  адал,  өз  мамандығына  шын 
ықыласымен  берілген  жандардың  орны  әрине  бөлек.  Сондай 
азаматтардың  бірі  белгілі  ғалым,  ұлағатты  ұстаз,  профессор 
Алпысбай  Мұсаұлы  60-тың  қырқасынан  енді  ғана  асқан,  өзінің 
ғалымдық,  ұстаздық  жолында  қомақты  жетістіктерге  жетіп, 
кемел шағына келген жанның бірі.  
 
Алпысбай  Мұсаұлын  өзім  60-жылдардың  аяғында 
А.С.Пушкин  атындағы  Орал  мемлекеттік  институты  тарих  – 
филология факультетінің студенті кезінен білемін. Ол факультет 
деканы,  танымал  ғалым,  профессор  М.М.  Тілеужановтың 
тәрбиесін  алған,  белсенді  студент  еді.  Біз  ол  кезде  сол 
институттың  бірінші  курс  студентіміз  және  мерейтой  иесінің 
ағасы Қонысбай Мұсаевпен курстас болдық. Қатар оқыған бір –
екі  жыл  ішінде  белсенді  студенттің  институтта  өткізілетін 
студенттердің 
ғылыми 
конференциялары 
мен 
институт 
кештерінде  ерекше  көзге  түсіп,  өз  ұстаздарының  сеніміне  ие 
болғандығын  байқаған  болатынмыз.  Міне,  содан  бері  де  40 
жылға  таяу  уақыт  өткен  екен.  Сол  уақыт  кезеңінде  ғылымда, 
өмірде  толағай  табыстарға  жетіп,  танымал  ғалымдық,  сүйікті 
ұстаздық  дәрежеге  жеткен  Алпысбай  Мұсаұлының  қуанышы 
бәрімізге  де  ортақ.  Ғалымның    өзіне  тән  ерекшелігі,  оның 
кәсіптік  ойының  тереңдігі,  өзінің  көзқарасына  сенімділігі, 
қарапайымдылығы,  адамгершілігі  мен  ізгілігі  көпке  белгілі. 
Басшы  ғалымның  бойындағы  кәсіпқой  жетекші  ретінде 
жауапкершілігі,  алысты  болжай  білуі,  ойының  ұшқырлығы, 
істеген 
ісінің 
тиянақты 
болуы 
біршама 
табыстарға 
жеткізгендігін  көріп  отырмыз.  Оның  ішінде  10-нан  астам 
монографиялық зерттеулері мен оқу құралдары ретінде баспадан 
шығып,  халық  игілігіне  берілген  еңбектерін  айтуға  болады. 
Сондай-ақ    ғылыми  мақалаларының  ағылшын,  араб,  орыс 
тілдерінде  жариялануы  оның  оқырман  аудиториясының  кең 
екендігін байқатады. 

 
- 105 - 
 
Алпысбай  Мұсаұлы  үнемі  ізденіс  үстінде,  оған  дәлел 
боларлық  жағдай  оның  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 
бастамасымен  өмірге  келіп,  қолға  алынған  «Мәдени  мұра» 
бағдарламасы  бойынша  Ақтөбе  өңірінің  біршама  бөлігін 
зерттеген 
экспедиция 
ұйымдастырды. 
Нәтижесінде 
осы 
аймақтың  этномәдени  мұрасын  зерттеу,  жинақтау  жұмыстары 
жүргізіліп,  құнды  материалдар  халықтың  қолына  тиіп  жатыр. 
Ғалымның  көзқарасы,  қазақ тұрмыс  – тіршілік сабасында пісіп-
жетіліп,  нағыз  қазақи  әдет  –  ғұрып,  салт  –  дәстүрлерді  бойына 
сіңіре  білген  ғалым  екендігі  көрінеді.  Өйткені,  бұл  дәстүрлер 
адамгершілік, 
танымдылық, 
әділдік, 
адами 
қасиеттердің 
күретамыры  болып  табылады.  Үлкенге  құрмет,  кішіге  ізет  – 
үлгі, өнеге көрсету, ағалық ақыл – кеңес беру, қарапайымдылық, 
мейірімділік,  обал  сауапты  түсінуі  көпке  үлгі  боларлықтай 
азаматқа тән қасиет деп білеміз.  
 
А.Мұсаевтың  зерттеу  еңбегінің  халық  үшін  қаншалықты 
маңызға  ие  екенін  айтқанда,  осындай  егеменді  еліміздің  өткен 
тарихын  қайта  қарап,  ата  -  бабаларымыздың  үзіліп  қала 
жаздаған  мәдени-  рухани  мұраларын  ұлттық  сана-  сезімге 
құйып,  дәнекер  етуге  ат  салысып  жүргендігін  айтпай  кетуге 
болмайды.  
 
Әріптес  ғалым  ағамыздың  өзіне  де,  өзгеге  де  орынды 
талап  қоя  білетін  білгір  маман  екендігін  біз  Қ.Жұбанов 
атындағы  Ақтөбе  мемлекеттік  университетінің  ғылыми  жұмыс 
және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры қызметін 
атқарып  жүргенде-ақ  байқаған  болатынмыз.  Осы  кезеңде 
«Ақтөбе мемлекеттік университетінің хабаршысы» атты ғылыми 
журнал  үзбестен  шығарылып,  оның  беттерінен  әр  факультеттің 
белсенді ғалымдары, ұстаздары, өздерінің ғылымда, оқыту әдіс- 
тәсілдерін  жетілдіруде  қол  жеткен  табыстарын  ортаға  салуға 
мүмкіндік  туды.  2005  жылдан  бері  өзі  басқарып  отырған 
университет  жанынан  ашылған  Гуманитарлық  зерттеулер 
институтының 
«Гуманитарлық 
зерттеу 
мәселелері» 
деп 
аталатын 
ғылыми 
мақалалар 
жинағы 
өзінің 
мазмұны, 
авторларының  халықаралық  деңгейден  студентке  дейінгі 
аралықты  қамтыған  демократиялық  сипатымен,  талғамға  сай 

 
- 106 - 
көркемдеуімен  көзге  түсіп,  онда  әлеуметтану,  педагогика, 
этнопедагогика,  тарих,  филология,  мәдени  мұра,  заңтану, 
философия  және  экономика  салаларын  қамтумен  қатар,  жас 
ғалым  –  студенттердің  ғылыми  ой  –  түйіндерін  ортаға  салуға 
мүмкіндік беріп, қолдап отырғандығын  көреміз.  
 
Осындай  мерейтой  тұсында  Алпысбай  Мұсаұлының 
жанында  әріптес,  айнымас  сенімді  досы,  ақыл  -  кеңесшісі, 
отбасының  ұйтқысы,  жұбайы  Айсұлу  Ахмадиқызымен  қол 
ұстасып,  бірге  тәрбиелеп,  өсіріп  отырған  ұл  –  қыздары, 
немерелерінің  қызығын  көруге  тілек 
білдіреміз.  Кемел 
шағыңызда  әлі  де  тарих  қойынауында  ашылмай  жатқан  талай 
мәдени  –  рухани  мұрамызды  ашып,  халыққа  жеткізуге  күш 
жігеріңізді  салады  деп  Сізге  сенім  білдіріп,  творчестволық 
табыс, мықты денсаулық тілейміз.   
 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал