Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.8 Kb.
Pdf просмотр
бет3/10
Дата09.01.2017
өлшемі2.8 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

                                   
Б.Алдамжаров 
ақын-прозаик.  
30.06.1980 жыл 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
- 39 -
 
 
Жастар сарайының салтанатты ашылуына келген 
белгілі жазушы Смағұл Елубай және деректі фильмдердің 
авторы Оралбек Сарыбасовпен бірге 
 
 
 
Экономистердің I Халықаралық конференциясының 
 дөңгелек үстелі 

 
- 40 -
 
 
 
Абайдың 160 жылдығына арналған халықаралық 
конференцияның пленарлық мәжілісінде 
 
 
 
 
Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік  сыйлығының  
иегері,   жазушы -  драматург  Дулат  Исабековпен  бірге. 

 
- 41 -
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
КҮЛКІ ТАБИҒАТЫН 
САРАЛАҒАН 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
- 42 -
Лебіздер легі 
 
Екінші желі 
 
Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 
проректоры, профессор Б.Б.Траисов: 
 
Кешегі  кеңес  дәуірі  жылдарында  қоғам  дамуындағы 
қайшылықты  жоққашығаруға  көркем  прозаның  дамуына  аз 
кедергі  келтірген  жоқ.  Әлеуметтік  әділеттіліктің  бұзылуын, 
адамгершілік 
нормаларының 
аяқ 
асты 
болуын 
көркем 
шығармаларда  түстеп  көрсетуге  тиым  салынғаны  да  рас. 
Сондықтан  да  көркем  әдебиетіміздегі  сатиралық  сарын,  оның 
поэтикасы  қазақ  әдебиеттану  ғылымында  зерттелуге  тиіс 
тақырып еді. Мұны А.Мұсаев дер кезінде зерттеп, үлкен ғылыми 
еңбек  ұсынып  отыр.  Ізденушінің  жұмысы  қазақ  прозасындағы 
сатира  поэтикасының  мол  кезеңін  қамтиды,  оның  даму, 
қалыптасу жолдарын жіктейді. Сатира мен юмор поэтикасының 
қазақ 
әдебиетінде 
алатын 
орнын 
анықтайды. 
Көптеген 
авторлардың  шығармасындағы  күлкі  табиғатын  тұңғыш  рет 
ғылыми түрде саралайды. Бұл әдеби әдістер жүйесін орыс және 
туыстас  мемлекеттер  достастығы  елдерінің  әдебиетінің  даму 
процесімен  байланыстыра  зерттейді.  Сатира  поэтикасының 
басты объектісі  адам  болса, оның қоғамдағы орны, ішкі рухани 
жан  дүниесі,  яғни  толық  адам  концепциясы  да  жеткілікті 
қарастырылған: 
а)  жұмыс  қазақ  көркем  прозасының  дамуындағы  сатира 
поэтикасының негізгі бағыттарын анықтайды; 
ә)  концептуалды  мәнге  ие  болып  отырған  сатира  мен  юмор 
поэтикасы  деген  терминді  ізденуші  бірінші  болып  категория 
ретінде ғылыми айналымға қосып отыр; 
б)  сатира  мен  юмор  поэтикасының  өмір  шындығын  көрсетуде 
көркем  әдебиетіміздің  жетекші  әдіс-тәсілі  болғаны  байыпты 
талдаулар, орнықты ғылыми тұжырымдармен дәлелденеді; 
г)  сатираның  болмысқа  эстетикалық  қатынасының  өзіндік 
ерекшеліктері,  өмір  құбылыстарын  зерттеу,  бағалау,  көрсетуде 

 
- 43 -
өзіндік  құралдары,  өзіне  тән  табиғаты,  сыр-сипаты,  дербес  тегі 
болғандықтан,  оларға  өз  пікірін  білдіре  отырып,  үлкен  әдеби 
жүйенің тұтастығын зерделейді; 
е)  аталмыш  зерттеу  –  қазақ  әдебиеттану  ғылымындағы  жаңа 
бағыт, жаңа тенденция. 
Күлкімен  әшкерелеу  өнерінің  арғы  бастауларының 
бүгінгі 
күні 
үзілмей 
жетуін 
дәйекті 
тұжырымдайды. 
Ғ.Мүсірепов, Ә.Нұрпейісов, Т.Әлімқұлов, Ә.Тарази, Д.Исабеков, 
Т.Нұрмағанбетов,  М.Қаназов  шығармаларындағы  сатира  мен 
юмор  поэтикасының,  олардың  творчествосының  идеялық 
көркемдік  жағынан  ең  құнды  бөліктерінің  бірі  болып 
табылатыны  дәлелденеді.  Бұл  филология  саласында  оның  қазақ 
әдебиетінің  теориясы  мен  тарихы  үшін  елеулі  маңызы  бар, 
басым теориялық міндеттің түйіндері шешілген, ғылыми білікті 
еңбек деп есептеймін. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
- 44 -
Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор 
Қ.Мырзағалиев: 
 
Профессор  А.Мұсаевтың  бүгінгі  тілге  тиек  болып 
отырған  ғылыми  зерттеуі,  әдебиеттанудағы  үлкен  проблеманы 
көтерген профессорлар Т.Қожекеев, М.Тілеужанов зерттеулерін 
жалғастыруы  – автордың үлкен еңбеккерлігін  аңғартады. Еңбек 
–  тек  студенттер  қауымынан  ғана  емес,  әдебиет  сүйгіш 
оқырманға  рухани  азық.  Көркем  шығармадағы  юморлық, 
ирониялық,  сатиралық  сипат–сөз  шеберлерінің  стильдік, 
көркемдік  ерекшелігі.  Сөз  зергерлерінің  шеберлігінде  шек  жоқ. 
«Жанды 
жүйе» 
60-80 
жылдардағы 
үлкенді-кішілі 
сөз 
шеберлерінің  образ  жасаудағы  шеберлігін  талдай  отырып, 
оқырман  адам  мінезіндегі  оғаштыққа  күлдіре  жирентіп, 
адамгершілік-имандылыққа  жетелеуі–рухани  азық  болатыны 
сондықтан.  Біздің  кафедраның  қарт  ұстаздары  С.Ақмурзин, 
Ғ.Әбуханов,  М.Тілеужановтар  тірі  болса,  бұрынғы  шәкірті 
Алпысбайдың  осындай  ғылыми  табысына  ризалығын,  жақсы 
тілегін  айтпай  отыра  алмас  еді.  Алпысбайға  мықты  денсаулық, 
отбасына  береке,  бірлік,  ғылыми  жұмысының  жемісті  бола 
беруіне тілектестік білдіремін. 
 
*     *      * 
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.Шарабасов: 
 
Әрбір  ұлттық  әдебиеттің,  оның  әрбір  саласы  мен 
жанрының  поэтикасы  болады.  Поэтика  ұғымының  ауқымы  өте 
кең.  Оған  тақырып  таңдау,  идея  қозғау,  сюжет,  композиция 
жасау,  тіл,  стилін  қолдану,  түр-пішін  малдану,  басқа  да  өрнек-
айшық  салу,  әдіс-тәсілдер  –  бәрі  де  кіреді.  Әрбір  туындының 
поэтикалық мұндай бай элементтерінің шеберлік ерекшеліктерін 
түсініп,  тап  басып,  тауып  алу  –  бір  қиын.  Қырық  жыл  ішінде 
қазақ  прозасында  жазылған  шығармаларды  түгел  оқып  шығу  – 
екі  қиын.  Олардың  әрқайсысындағы  сатиралық  сарын-мотивті 
аңғарып,  оның  поэтикалық  қандай  әдіс-тәсілмен  жазылғанын, 
қандай  құралдар  пайдаланғанын  тану  –  үш  қиын.  Осының 

 
- 45 -
бәрінің  қыр-сырына  талдау  жасап,  теориялық,  практикалық 
тұжырымдарға  көтерілу  –  тағы  қиын.  Бұл  тақырыптың 
өзектілігі,  оны  жазуға  кім  болса,  соның  жүрегі  дауаламайтыны 
да  осында.  Ал,  профессор  А.Мұсаев  осы  қиындықтарға  қарсы 
тұрып, өзі қалап алған тақырыбын терең меңгеріп шыққан. 
Зерттеушінің  өз  еңбегінің  төрт  тарауында  да  ғылыми 
тұжырымдар 
жасауға 
көтеріліп, 
оларды 
нақты 
мысал, 
деректермен  дәйектеген.  Еңбекте,  негізінен,  қоғамдық  дамудың 
тоқырау,  қайта  құру,  жаңа  құрылымға  бетбұрыс,  нарыққа  көшу 
тұсындағы  әдеби  шығармалар  талдауға  алынған.  Оларда 
сатиралық леп-сарын кең де мол көрініс тапқан, тіпті, сатиралық 
емес 
туындылардың 
өзінде 
сатиралық, 
юморлық 
әдіс-
тәсілдердің 
жиі 
қолданыла 
бастағанын, 
әлеуметтік, 
экономикалық  өткір  проблемаларға  бой  ұру  көбейгенін,  өмір-
тіршіліктегі  кемшін-мінді  сынап-мінеп,  әшкерелеуге  жағдай 
туғызып,  толық  мүмкіншілік  берілгенін,  сатира,  юмордың 
тәрбиелік  мәнін  арттырып,  жағымды  күлкіге  кең  жол 
ашылғанын атап өткен. 
Бұл  еңбек  қазақ  әдебиетінің  мол  да  күрделі  саласы  – 
сатира,  юмордың  поэтикасын  зерттеп,  теориялық,  практикалық 
түйіндер  жасауға,  сөйтіп  әдебиеттану  ғылымына  өзіндік 
концепция енгізуді ниет еткен.  
Бүгінде  тәуелсіздік  алып,  егеменді  ел  болған  Қазақстан 
Республикасын  нығайтып,  дамытып,  көркейту  үшін  бұған 
кесапат  келтіріп  кедергі  жасайтын  өмір  тіршіліктері  қоғам 
мүшелерінің 
мінезіндегі, 
тәртібіндегі, 
ісіндегі 
ұнамсыз, 
жағымсыз жайттарды сынап-мінеп, жолдан алу, жою қажет. Бұл 
игілікті  де  ізгілікті  міндетті  жүзеге  асыру  үшін  жаңа  сипатты 
жаңа  сападағы,  жоғары  саналы  адамдар  тәрбиелеу  қажеттігін 
өмір көрсетіп отыр. Сондықтан заман, қоғам жаңа бағытта, жаңа 
құрылыммен  дамуға  бет  алған  мемлекетіміздің  ұл-қыздарын 
өмір  тіршілікке,  болмыс-құбылыстарға  көзқарасын,  өткен 
тарихымыз,  ата-бабаның  салт-санасын,  әдет-ғұрпы  туралы 
ұғым-түсінігін, болашағымыз туралы ой-болжам, арман-аңсарын 
мүлде  басқаша  қалыптастыруды  міндет  етіп  қойып  отыр. 

 
- 46 -
Өйткені  ондай  адамдар  ғана  жас  мемлекетімізді  үрдіс  даму 
жолына ғана алып шыға алады.  
Бұл  ұлы  міндетті  іске  асыруда  қолданатын  құрал-
қарудың  бірі  –  сатира,  юмор.  Оны  қолдануда  жақсы  нәтижеге 
жету  үшін  бұл  саланың  қыр-сырын,  теориялық,  практикалық 
жағын жете түсінуіміз, оның әдіс-тәсілдерін игеруіміз шарт. Бұл 
еңбек  осы  мақсатқа  қызмет  етеді.  Оның  бүгінгі  ғылым 
талаптары  мен  мемлекеттік  бағдарламамен  байланысы  осында. 
«Жанды  жүйе»  кітабының  бірінші  тарауында  бүгінгі  қазақ 
сатирасының  бастау  төркіні  ауыз  әдебиетінде  жатқанын, 
поэтикалық  өнердің,  сын-сықақтың,  өрнек-айшықтың  мектебі 
фольклор  болғанын,  бүгінгі  сатира  мен  юмор  соның  заңды 
жалғасы екенін сөз еткен. Қазіргі қазақ әңгімесіндегі сатиралық 
сарынның  көріністерін,  поэтикасын  ашуға  күш  салған. 
Зерттеуші  өз еңбегінің  төрт тарауында да  ғылыми тұжырымдар 
жасауға 
көтеріліп, 
оларды 
нақты 
мысал, 
деректермен 
дәйектеген. Еңбекте негізінен қоғамдық дамудың тоқырау, қайта 
құру,  жаңа  құрылымға  бетбұрыс,  нарыққа  көшу  тұсындағы 
әдеби  шығармалар  талдауға  алынған.  Оларда  сатиралық  леп-
сарын  кең  де  мол  көрініс  тапқан,  тіпті,  сатиралық  емес 
туындылардың өзінде сатиралық, юморлық әдіс-тәсілдердің жиі 
қолданыла 
бастағанын, 
әлеуметтік, 
экономикалық 
өткір 
проблемаларға  бой  ұру  көбейгенін,  өмір-тіршіліктегі  кемшін 
мінді  сынап-мінеп,  әшкерелеуге  жағдай  туғызып,  толық 
мүмкіншілік  берілгенін,  сатира,  юмордың  тәрбиелік  мәнін 
арттырып, жағымды күлкіге кең жол ашылғанын атап өткен. 
Екінші  тарауда  сатиралық  емес  роман,  повестерде  де 
жеке  оқиға,  жеке  елестерді  суреттеуде,  жеке  образдарды 
жасауда  сатиралық,  юморлық  әдіс-тәсіл  жалғастығы,  оның 
толассыз  даму  үстінде  екендігі  дәлелденген.  Бұл  сөз  болып 
отырған жылдардағы әдебиетіміздің идеялық-көркемдік пафосы 
екендігіне,  одан  қоғамымыздың  саяси-әлеуметтік,  моральдық-
этикалық 
проблемалары 
мен 
даму 
тенденциялары 
аңғарылатындығына 
көз 
жеткізілген. 
Таза 
сатиралық 
шығармаларды  қарастырған  үшінші  тарауда  сықақшылардың 
поэтикасындағы  ой-әдіске  уытты  да  әшкерелеуші  тілдік 

 
- 47 -
лексикаға  және  қимыл-әрекетке  табан  тірейтін,  комизм 
нысандарына  қарай  күлкі  реңдерін  тауып  қолданатыны  дертті 
жойып,  имандылықты  орнықтыруға  болатынына  сендіріп 
отыратыны, яғни идеялық биіктік сақталатыны түйінделген. 
Балалар  прозасындағы  сатиралық  мотивтер,  оның 
поэтикасын  сөз  еткен  төртінші  тарауда  жас  өркендер  әлемі 
көбіне  лирикалық  юмор  арқылы  ашылатыны,  күлкілі  жағдайға 
ұшыраған 
кейіпкерлер 
мысқылмен 
емес, 
аяушылықпен, 
симпатиямен 
көрсетілетіні, 
бүлдіршіндер 
қабылдауына 
лайықталып баяндалатыны атап өтілген. 
Бұл  еңбектің  өн  бойы  тұтастай  жаңалыққа,  тың  түйін, 
жаңа  қорытындыларға  толы.  Олай  дейтініміз  –  қазақ  сатира, 
юморының  поэтикасы  тұңғыш  рет  монографиялық  зерттеуге 
алынып отыр. Сатиралық емес, эпостық, роман, повестерге және 
балалар прозасындағы сатиралық мотив, оның поэтикасы алғаш 
рет  тілге  тиек  етілген.  Мұнда  Ғ.Мүсіреповтің  «Жат  қолында», 
Ә.Нұрпейісовтің  «Қан  мен  тер»,  «Сең»,  Ә.Таразидің  «Қорқау 
жұлдыз», 
«Кен», 
Т.Нұрмағанбетовтың 
«Бойтұмар», 
Д.Досжановтың 
«Табалдырығыңа 
табын», 
«Дария», 
Ж.Молдағалиевтің  «Ескі  дос»,  Қ.Ысқақовтың  «Ақсу  –  жер 
жаннаты»  эпостық  шығармаларындағы,  балалар  әдебиетінен 
Б.Соқпақпаевтың «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», 
Т.Нұрмағанбетовтың  «Көзәйнек»,  С.Асылбековтің  «Тасқара», 
М.Байғұтовтың  «Нәурізек»,  М.Қабанбаевтың  «Бақбақ  басы 
толған  күн»,  Ж.Дәуренбековтің  «Күн  ұясы»,  Қ.Қазиевтің 
«Иманжапырақ», 
«Қашқын», 
Қ.Данабаевтың 
«Гүлдәурен» 
повестеріндегі  сатиралық  елестер,  оның  поэтикасы  бірінші  рет 
ауызға алынып, шеберлік  әдіс-тәсілдік жүйесі  жаңадан ашылып 
отыр.  Бұлардағы  көркемдік  жинақтаудың  жиі  қолданылатын 
типтік  тәсілі  –  комизм  нысандарын  маңдайдан  сипаған, 
еркелеткен  болып  отырып,  жылы  юмормен  риясыз  тәлкек  ету, 
сынап-мінеп, іліп-шалу. 
Бұл  зерттеуде  қоғамды  адам  арқылы,  адамды  оның  іс-
әрекеті, мінезі, психологиясы арқылы таныту көркем әдебиеттің 
іргетасы десек, қазақ прозасында қоғам мүшелерінің алуан түрлі 
образдарын  жасау  талаптары,  олардың  қоғам  дамуына, 

 
- 48 -
әлеуметтік-экономикалық жағдайларға орай өзгеріп, кемелденіп 
отыратынына ерекше көңіл бөледі. 
 



 
 
Ғалым ғибраты 
 
 
 
Профессор  А.Мұсаев  зерттеулерінің  басты  объектісі 
болып  60-80  жылдар  аралығында  жарық  көрген  қазақ 
қаламгерлерінің  шығармалары  алынуының  да  өзіндік  себептері 
бар.  Өйткені,  60-жылдардың  басында  қазақ  әдебиетінде  үлкен 
бір  жаңа  күш,  жаңа  толқын  келді.  Білімді  де  білікті  толқын 
өздерімен  бірге  жаңа  серпіліс,  жаңа  дүбір  ала  келді.  Қазір 
кейбіреулер,  әсіресе,  құлдықта  өткен  өмірді  аңсаушылар  айтып 
жүргендей.  60-80  жылдар  аралығы  «қой  үстіне  бозторғай 
жұмыртқалаған заман» емес еді.  Қазір айықпас дертке айналған 
қоғамдық  дерттер  сол  кезде  пайда  болып,  тамыр  жая  бастаған 
болатын.  Қоғамдық  ой-сана  дағдарысқа  ұшырап,  ұлттық  сана 
мәңгүрттене  бастаған  сол  жылдары  санаулы  ғана  қазақ 
зиялылары  қалғи  бастаған  ұлтты  оятуға  тырысып  бақты. 
Талантты  ақын  жазушылар  көркем  шығармалары  арқылы 
қоғамды  іштен  ірітіп-шіріте  бастаған  дерттерді  ашық  көрсетуге 
тырысты. 
Дана 
партия 
басшылығымен 
«кемелденген 
социалистік»  қоғам  құрып жатқан ортада  бұл  оңай  болған  жоқ. 
Расымен оны да көретін көз керек. 
 
А.Мұсаев 
еңбектерінің 
маңыздылығы 
да 
осында. 
Сатириктер  қатарына  жата  қоймайтын  аталмыш  жазушылар 
шығармаларын  саралай  отырып  автор  тың  түйін,  тың 
қорытындыға  келеді.  Ә.Нұрпейісовтің  «Парызы»  сатиралық 
емес,  керісінше  трагедиялық  туынды  ғой,  ал осындағы жазушы 
сомдаған  сатиралық  образдар  табиғаты  ше?  Сол  сияқты 
М.Мағауин,  Ә.Кекілбаев,  Ә.Тарази  шығармаларындағы  ирония 
мен сарказм тәсілдері арқылы сомдалған образдар сипатын ашу 
арқылы  ғалым  қазақ  әдебиетінде  сатиралық  образдар  жасаудың 
жаңа тамаша дәстүрі қалыптасқандығы туралы айтады. 

 
- 49 -
 
«60-шы  жылдардан  бастап  қазақ  прозасында  (сатиралық 
шығармалар емес) сатиралық сарын (мотив) пайда болды. Оның 
басты  себебі  –  қоғамның  рухани  тоқырауы,  қоғамды  жайлаған 
кеселдер».  Ғалымның  бұл  пікірі  аталмыш  шығармаларға 
басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. 
 
Ж.Ж.Шайекенов 
Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті 
филология факультетінің деканы, филология 
ғылымдарының кандидаты, доцент  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
- 50 -
Профессор Алпысбай Мұсаев зерттеулеріндегі сатира 
поэтикасы мәселелері 
 
Сатира  –  болмысқа  эстетикалық  қатысының  өзіндік 
ерекшеліктері  бар,  өмір  құбылыстарын  зерттеу,  көрсетуде 
өзіндік  әдіс-құралдары,  өзіне  тән  табиғаты,  сыр-сипаты  бар 
дербес  әдебиет  жанры.  Сатиралық  шығармаларда  болмыс  пен 
құбылыстарға  баға  берудің,  түсіндірудің  ерекше  түрлері 
қолданылады.  Қазақ  әдебиетінде  ХХ  ғасырдың  60-90  жылдары 
қазақ сатирасы дамуының шарықтау шегі саналады. Бұл кезеңде 
сатира  мазмұны  мен  пішіні,  идеясы  жағынан  толығып, 
әдебиеттің 
кемел 
саласына 
айналды 
және 
мектептері 
қалыптасып, нығайды. Сатира қай дәуірдің  болмасын сыншысы 
әрі  міншісі,  себебі  оның  қоғамда  көтеретін  жүгі  ауыр,  атқарар 
міндеті  зор.  Сатира  зерттеушісі  Т.Қожакеевтің  де  сатираны 
«күштілер қаруы» деп атауы соның айғағы. 
Қазіргі  қазақ  сатирасы  замандастарымызды  жан-жақты 
адам  етіп  жетілдіруге,  тәуелсіз  еліміздің  алға  қойған  зор 
міндеттерін жүзеге асыруға кедергі келтіретін кері істерге қарсы 
күресте  қарымды  қаруға  айналып  отыр.  Бүгінгі  сатирада  көзге 
түсетін  тағы  бір  ерекшелік,  ол  түрі  және  жанры  жағынан  байи 
түсті. Бұл сатиралық роман, повестердің  көбеюінен, сатиралық-
лирикалық комедиялардың сахналардан тұрақты орын алуынан, 
юморлық-сатиралық  әңгімелердің,  фельетон  сияқты  жаңа 
түрлердің    әдебиет  сахнасында  көрінуінен  байқалады.    Қазіргі 
қазақ  сатирасы  бүгінгі  санасы,  психологиясы,  әлеуметтік 
тұрмыс-жағдайы,  ортасы,  өзара  қарым-қатынасының  сыр-
сипаты  өзгерген  күрделі  адамның  тынысын  тап  басып  тануға, 
ішкі  жан  дүниесін  терең  ашуға,  көңіл  көзін  көре  білуге 
ұмтылады. Сатира ірі нысананы, үлкен мәселені, салмақты ойды 
керек  етеді.  Бұл  ретте  ғалым  А.М.Мұсаев  сатираның  қасиеті 
туралы:  «Сатиралық  әдіс  –  өмірдегі  құбылыстардың 
зияндылығын,  кеселділігін  баяндай  отыра,  оларды  жо қ 
етуді,  өмірден  ығыстырып  шығаруды  талап  етеді.  Ал 
юмордағы  жағдай  бұдан  басқарақ.  Оның  қолданылатын 
тақырыптары  –  қоғамға  зиянсыз,  бірақ  оның  алға  қарай 

 
- 51 -
қарыштап  дамуына,  аз  да  болса,  кеселін  тигізетін  ақаулар, 
сонымен  бірге  адамның  жеке  басындағы  кемшіліктер, оның 
өмір 
ағымынан 
қалып 
қоюшылығы, 
түсінбестігі, 
характеріндегі  толып  жатқан  –  келеңсіздіктер»,  -  деп 
келтіреді [1]. 
Қазақ  әдебиеттануында  сатира  жанрын  зерттеу  мәселесі 
ХХ  ғасырдың  50-жылдарының  соңында  басталды,  ал  70-
жылдары  әдебиет  зерттеушілері  сатира  тарихына  тереңдеп  ене 
бастады.  Бұл  орайда  ғалымдар  Т.Қожакеев,  М.Тілеужанов 
еңбектерінде  көптеген  материалдар  белгілі  жүйеге  түсіріліп, 
жекелеген  жазушылардың  еңбектері  талданып,  сатиралық  және 
юморлық 
шығармалардың 
алдағы 
мүмкіншіліктері 
анық 
көрсетілген.  Ал  қазақ  сатирасының  ХХ  ғасырдағы  60-90 
жылдарындағы  тыныс-тіршілігі  туралы  зерттеулер  филология 
ғылымдарының  докторы,  профессор  Алпысбай  Мұсаұлы 
Мұсаевтың  еңбектерінен  орын  алады.  Зерттеуші  1990  жылы 
«Қазіргі  қазақ  прозасындағы  сатиралық  образдың  көркемдік 
ерекшеліктері»  тақырыбында  кандидаттық,  1999  жылы  «Қазақ 
прозасындағы сатира мен юмор поэтикасы (1960-1990 жылдар)» 
деген  тақырыпта  докторлық  диссертацияларын  қорғап,  ғылыми 
зерттеулерінің теориялық негіздерін жоғары оқу орындарында іс 
жүзінде  қолданысқа  енгізіп  келеді.  Профессор  А.М.Мұсаев 
«Қазіргі  қазақ  сатирасы»  (1993),  «Поэтика  казахской  сатиры» 
(1997),  «Жанды  жүйе»  (2002),  «Көркем  шығармадағы  сатира» 
(2007),  «Тарази  тағылымы»  (2008)  атты  әр  жылдары  жарық 
көрген 
монографиялары 
мен 
оқу 
құралдарында 
қазақ 
сатиратануының  қалыптасып,  даму  жолдары,  белгілі  сатирик, 
юморист қаламгерлер шығармашылығы жөнінде індете зерттеп, 
қазақ прозасындағы сатира поэтикасы туралы тағылымды ойлар 
айтады.  Ғалымның  бұл    зерттеулері    магистранттар  мен 
студенттерге  арналған  «Көркем  шығармадағы  сатира»  атты 
арнаулы пән түрінде бірнеше жылдан бері оқытылып келеді.   
Аталмыш  еңбектерінде  зерттеуші  қазіргі  кезеңдегі  қазақ 
әдебиетіндегі  сатиралық  туындылардың  жанрлық-стильдік    көп 
қырлылық    қасиеттеріндегі    проблемаларды,  сатира    мен 
юмордың  қоғамдағы  алатын  орнын,  олардың    ерекше 

 
- 52 -
функцияларын  ашып  көрсете  отырып,  1960-90  жылдардағы  
прозалық 
 
шығармалардың 
көркемдік-эстетикалық  
ерекшеліктерін,  ондағы    күлкі    феномендерінің    табиғатын  
халықтық  дәстүрмен  диалектикалық бірлікте қарайды, поэтика 
туралы  зерттеулерді    жүйелей  отырып,  қаламгерлердің  
шеберлік  қырларын,  көркемдік    тәсіл-амалдарын    айқындап, 
әдебиетіміздегі    сатираның    дәстүр  жалғастығын    пайымдайды, 
қазақ  ирониялық  прозасындағы    комизм  табиғатын    айқындап, 
олардың    принциптері    мен  эстетикалық    құралдарын  
нақтылайды, жазушы позициясының  мәнін,  образ бен сюжеттің  
қызметін  ашып,    баяндау  түрлері    мен  шығарма    мазмұнының  
формасы    мен  өзара      бірлігін    анықтайды,    балалар 
прозасындағы    күлкі  реңдерін,  көркем  деталь    жүйесін  тығыз 
байланыста  зерттейді. 
Қазақ  әңгімелеріндегі,  повестері  мен  романдарындағы 
сатира  мен  юмор  поэтикасын  зерттей  отырып,  ғалым  қазақ 
әдебиетіндегі 
сатира 
шеберлері 
Ә.Таразидің, 
Т.Нұрмағанбетовтың, 
Д.Исабековтың, 
Қ.Ысқақовтың, 
О.Әубәкіровтің,  Ү.Уайдиннің  шығармаларына  талдау  жасап, 
хронологиялық    жүйемен,    идеялық,    тақырыптық  жанрлық 
ерекшеліктерімен диалектикалық  бірлікте қарастырылады.   
Белгілі  әдебиеттанушылардың  бірі  Т.Кәкішев:  «Қазақ 
әдебиеттану  ғылымында көп назарға түспей, көп  әңгіме болмай 
жүрген  келелі  мәселелердің  бірі  –  сатира  жайы.    Осы  орайда 
А.Мұсаев ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ прозасына жаңа 
түр  мен  дәстүр  алып  келген  сатира  поэтикасын  жаңаша  толғап 
ғылыми  ой  жүйесінен  өткізіп  отыр.  60-90  жылдардағы  қазақ 
прозасында  күлкімен  әшкерелеу  өнерінің  өріс  алымын  зерттеп, 
қазақ  әдебиеті  тарихында  өзіне  тән  ерекшелікпен  көрінгенін 
бағамдайды», - деп зерттеушінің тынымсыз еңбегіне баға береді. 
А.Мұсаев  
сатиралық 
шығармаларға 
өзек 
болып, 
сатиралық  образдардың  жасалуына  әсер  ететін  қоғамдағы 
мерездерді 
тоғышарлық 
тамырларына 
балап, 
оларды: 
экономикалық,  ұйымдастырушылық,  идеологиялық  деп  үшке 
бөледі.  Содан  кейін  осы  үш  басты  қоғам  жауының  тізбегін 
тақатады,  экономикалық  тамырына  қоғамдық-экономикалық 

 
- 53 -
дамудың 
өткір 
қайшылықтарын, 
халықтың 
материалдық 
сұранысын 
қанағаттандырмауды, 
әлеуметтік 
әділеттілік 
принциптерінің  бұзылуын,  экономикалық  дамуымыздағы  әсіре-
әміршілдік  пен  әсіре  әкімшілдікті,  ал  ұйымдастырушылық 
тамырына басқару жұмысындағы жетілмегендікті, ұйымдастыру 
жұмысындағы  асыра  сілтеушілік  пен  әсіре  белсенділікті, 
адамдардың  әлеуметтік,  құқықтық  жағынан  әлсіз  қорғануын, 
келесі      идеологиялық  тамырына  саяси,  рухани  жұмыстардағы 
сыңаржақтылықты, сынға тежеу және жариялық принциптерінің 
бұзылуын,  адамдардың  құқықтық  және  саяси  мәдениетінің 
төмендігін,  демократиялық  даму  принципінің  жетімсіздігін, 
интеллектуалдық бастамалардың жоқтығын жатқызады. 
Зерттеуші 
қазақ 
сатирасының 
тамырын 
тереңнен, 
фольклордан  іздейді.  Басқа  халықтардағы  сияқты,  қазақ 
фольклорында да сатира әр түрлі, әр текті. Бірде ол дертті бетке 
айтар ащы сатира болса, бірде ақыл-кеңес  бере отырып, сынап-
сықақтайтын  дидактикалық  сатира  болады.  Тағы  бірде 
тақпақтай  әшкерелейтін  шешендік  сатира  түрінде  көрінсе,  енді 
бірде объектісі мен идеясы астарлап айтар аллегориялық сатира 
ретінде  көрінетінін  айтады,  қазақтың  шешендік  сөздерін,  мәңгі 
ескірмейтін  Алдар  Көсе,  Қожанасыр  образдарын  талдайды. 
Қазақтың  бай  фольклорындағы  әлемдік  әдебиетке  ортақ 
образдардың бірі – Қожанасырдың қылықтарын талдай отырып, 
оның  «күлкісінің  тағы  бір  қасиеті  –  қысқалығында,  оның 
күлкілері  байқаусызда,  абайсызда  бұрқ  етіп  шығады  да,  онша 
ұзаққа  бармайды.  Оның  күлкісінің  ұзаққа  бармауының  себебі, 
біздіңше, сол ақылдылық пен ақымақтықтың араласып кетуінен 
болса  керек.  Қожаның  шын  ақымақ  еместігін  әркім-ақ  білсе 
керек.  Өйткені,  Қожа  өзі  ақымақ  бола  қалып,  үшінші  адамды 
шын ақымаққа айналдырады», - деп баға береді  [1, 23].  
Зерттеуші  сатиралық  шығармалардың  арқауын  ХҮІІІ-
ХІХ  ғасырлардағы  ақын-жыраулар  поэзиясындағы  уытты  ащы 
сыни  сатираға  ұластыра  отырып,  ХХ  ғасырдағы  қазақ  
прозасына  көшеді.  Қазақ  прозасындағы  әңгімелерді  талдай 
отырып,  «әңгімедегі  поэтика  –  ақкөңілділікпен  ашық  айту, 
бүкпесіз,  бүркемелеусіз  айту  жолымен  күлкілі  ету,  сынай 

 
- 54 -
отырып  қорғау,  қолдау  әдісінен  көрінеді.  Әңгімедегі  поэтика  – 
жансызға  жан  бітіріп  суреттеу,  оған  әрекет  беру,  тірі  жандай 
суреттеу арқылы көрінетініне» тоқталады [1, 213].  
Содан  кейін  сатиратанушы  ғалым  қазақ  повестері  мен 
романдарынан  сатиралық  образдар  мен  әдіс-тәсілдерді  іздеген. 
Повестегі сатира – өзгерген жаңа кезеңнің  күрделі  тынысынан, 
әлеуметтік  тұрмыс-жағдайынан,  кейіпкерлердің  ішкі  дүниесін 
терең  ашуынан,  көңіл  көзін  көре  білуінен  көрінетінін  айта 
отырып,  А.Мұсаев: 
«сатиралық  емес  роман-повестердегі 
көркемдік  жинақтаудың  ең  бір  типті  әдісі  –    күлкі  объектісінің 
маңдайынан  сипап,    еркелете  отырып,  оны  достық  рәуіште 
сынау, риясыз тәлкек ету» екенін айтады. Осы жерде сатиралық 
образдарды  терең  талдайды,  оның  пікірінше  сатиралық  образ 
қайшылықты  негіздерден  құралады.  Оның  сыртқы,  ішкі 
қалыпты  және  белгілі  уақытқа  дейін  жасырын  түрі  болады. 
Образдың  ішкі  динамикалық  дамуы,  оның  кім  екендігін 
анықтағанша,  яғни,  сыртқы  «қабы»  сыпырылғанша  созылады. 
Сосын  оқырман  алдында  өзінің  бүкіл  болымсыз  болмысымен 
көрінетінін  баса  көрсетеді.  Ғалымның  пікірінше:  «60-90 
жылдардағы  қазақ  сатиралық  прозасы  кесек,  сатиралық  образ 
нұсқаларымен  мақтана  алмайды.  Мұнда  сатиралық  кейіпкерлер 
күйкі  тіршілік  пен  стереотип  шеңберінің  қапасында  жүр. 
Сатиралық  шығармаларда  бір-бірінен  аумайтын  бюрократтар, 
мансапқорлар,  алаяқтар  мен  арызқой  -  өсекшілер,  маскүнемдер 
көшіп жүреді. Екінші кемшілік –  барлық кілтипанды жағымсыз 
кейіпкердің  ғана  мінез-құлқынан  іздемей,  қоғамымыздағы 
кемшіліктердің  себебін  шаруашылықты  басқару  жүйесінен 
іздеген  жаңа  шығарманың  жоқтығы».  Ал  ирониялық  прозадағы 
характер – автор мен персонаждың ирониялық көзқарастарының 
түйіскен    жерінен  басталып,  қалыптаса  бастайды.  Характердің 
қалыптасуына  ирониялық  ойлау  жүйесімен  бірге  сатира  мен 
юмордың  бүкіл  құралдары  қызмет  етеді.  Сондықтан  да 
ирониялық  өмірлік  қатынастар  мен  материалдарды  беру  мен 
бағалауда,  дүниеге  сыншыл  көзқарастарды  қалыптастыруда, 
көркем әдеби бағыт деп бағалайды [3, 45]. 

 
- 55 -
Сатира  поэтикасы  кейде  алға  қойған  нақты  міндет, 
мақсатымен, идеясымен ажыратылады. Жанр таңдауға автордың 
икем-ыңғайы  да  әсер  етеді.  Ол  өзіне  ыңғайлы,  сыр-қырына 
қанық,  жазып  төселген жанрын  қалайды.  Кейде  жанр  автордың 
стильдік  тенденциясына  қарай  таңдалады.  Гротеск,  гипербола, 
ирония,  сарказмды  басты  құрал  етіп  пайдаланатын  стильдік 
ағымдағылар  памфлетке,  әшкерелеуші  фельетонға  үйір  келеді. 
Ал  жеңіл  күлкі,  жылы  юмор,  әзіл-оспаққа,  шарж  бен 
каррикатураны  ыңғайлы  санайтындар  юморлық,  комикалық 
жанрларды ыңғайлы көреді. 
А.Мұсаев ХХ ғасырдың екінші жартысындағы сатиралық 
шығармаларды  терең  талдай  отырып,  бұл  кезеңде  жазылған 
шығармалар мен олардың көркемдік жүйесінің басты ерекшелігі 
деп мыналарды атайды: бұл  уақытта сатиралық емес прозадағы 
сатиралық  әдіс  пен  жүйенің  дамуына  даңғыл  жол  ашылды; 
сатирик-жазушыларымыз  да,  прозашыларымыз  да  қоғамның 
әлеуметтік-экономикалық  өткір  проблемаларын  батыл  көтерді; 
сатиралық  өткірлеу  құралдарымен  қоғам  дамуының  саяси-
әлеуметтік кемшіліктерін сынауға, әшкерелеуге қолайлы жағдай 
қалыптасты;  сатираның  тәрбиелік  мәні 
артты,  келеңсіз 
жағдайларды  суреттеуде  де  жағымды  күлкінің  ролі  көтерілді. 
Сонымен қатар сөзді дәстүрлі орнында қолданбай, жаңа ұғымда 
қолдану  арқылы  соны  ұғым  тудыру,  сөзді  творчестволықпен 
пайдалану  да  күлкі  поэтикасының  бір  қыры  екенін  айтады. 
Ғалымның  пайымдауынша  көрсетіліп  отырған  кезеңдегі  қазақ 
сатирасында  жазушы  сатирик  мынадай  әдеби-эстетикалық 
принциптерге  табан  тірейді:  күнделікті  өмір  мен  оның 
шындығын  бейнелеуде,  нақтылап  суреттеуде,  ондағы  күлкілі 
жағдайлардың  мәнін  ашуда  сатира  мен  юмор  маңыздылығына; 
жазу барысында комизмнің екі басты бағытын анықтаған. Бірі – 
үнемі сатиралық, юморлық бояуға оранған өткір сөздер, екіншісі 
–  күлкі  шақыратын  іс-әрекеттер  мен  қимылдарға;  комизм 
объектісі  негізінен    тұрмыстық-әлеуметтік  келеңсіздік  екені 
белгілі.  Соған сәйкес оның қоғамдық маңыздылығы мен мәніне 
қарай  күлкі  реңкін  бағыттауға;  болымсыздық  пен  кемшілікті 
сынай  отырып,  оның  жөнделуіне,  шындықтың  үстемдік 

 
- 56 -
алатынына  көз  жеткізуге;  халықтың  түсінушілігі,  шындықты 
тануы  ғана  сатира  мен  юморды  әрі  қарай  дамытуға  ұдайы 
мүмкіндік беретіндігіне тоқталады.  
Кейбір 
кемшіліктеріне 
қарамастан, 
қазіргі 
қазақ 
прозасының  сатира  мен  юмор  поэтикасындағы  табыстары 
толассыз.  Оның  шығу  тегі,  дәстүрлік  сабақтастығы,  көркемдік 
әдістері  мен  құралдары,  принциптері  бар.  Бұл  кезеңдегі  қазақ 
әдебиеті  өзінің  терең  психологизміне  өмірдің  сан  қырын 
қопарып  ашуымен,  адам  жанының  нәзік  иірімдерін  тап  басып, 
жарқырата  көрсетуімен,  жақсылық  пен  жамандықтың  бітіспес 
тартысын нанымды көрсетуімен есте қалады.  
Жаңа  заманға,  жаңа  жағдайға  сәйкес  сатира  мен  юмор 
поэтикасы  да  жаңа  мазмұнға  ие  болуда.  Сатира  мен  юмор 
поэтикасының  дәстүрлік  сабақтастығы  басқа  да  көркемдік 
компоненттерімен,  жаңа  тақырыптық,  сюжеттік  қатынастарда 
дамуда.  Қоғамымызға,  жалпы  адамзатқа  жат  мерездерді  шенеп, 
жазған  прозалық  шығармалар  қоғам  мүшелерін 
ізгілік, 
адамгершілік рухта тәрбиелеуде зор роль атқарады. 
Әлеуметтік-қоғамдық  өмірімізде  жаңадан  көрініс  тапқан 
тоғышарлық  психология,  ескі  мерез  әдет-қылықтармен  күресу, 
оны күлкі  өнерімен  әшкерелеу жаңаша бағыт  алды. Бұл  әсіресе 
соңғы  жылдарда  жарық  көрген  прозалық  шығармаларда 
анығырақ  көрінеді.  Сондықтан  А.Мұсаев  сатираның  теориялық 
мәселелерін зерттеу жолындағы әріптестерімен тізе қосып, оның 
бір 
бұтағы 
– 
қазақ 
прозасының 
60-90 
жылдардағы 
шығармаларындағы сатира мен юмор поэтикасын талдап, сатира 
мен юморды пайдалану арқылы көркемдеу кестесінің жолдарын 
қарастырған.  Бұл  өзі  сайып  келгенде,  өмір  шындығын 
көрсетудегі  көркемдік  әдістің  бірі  болып  табылатынын 
көрсетеді. 
А.Мұсаев  өз  зерттеулерінде  сатиралық  емес  қазақ 
прозасындағы 
сатира 
мен 
юмордың 
жанрлық-стильдік 
көпқырлылық  қасиеттерін,  проблемалық-тақырыптық  және 
көркемдік  ерекшеліктерін,  қоғамдық  ерекше  функциясын 
анықтауға 
тырысқан. 
Аталған 
мәселелерді 
бұрын 
шығармашылығы  зерттеушілердің назарына көп іліне бермеген 

 
- 57 -
авторлар  –  Т.Әлімқұлов,  Ә.Тарази,  М.Байғұтов,  Д.Исабеков, 
М.Қаназов,  С.Асылбеков,  Л.Омарова,  М.Құлкенов  әңгімелерін 
негізге ала отырып  талдаған.  
Сонымен  қатар  қазақ  әдебиетінің  60-90  жылдардағы 
прозасында  романнан  бастап  әңгімеге  дейін  жанрда  сатиралық 
және  юморлық  кейіпкерлердің  түрлі  типтері  жасалды.    Бұл 
типтер  белгілі  прозашылар    Ә.Нұрпейісов,  Т.Әлімқұлов, 
Ә.Тарази,  Ж.Молдағалив,  Д.Досжанов,  М.Сқақбаев,  Т.Әбдіков, 
М.Сүндетов, 
Д.Исабековтермен 
бірге 
Т.Нұрмағанбетов, 
М.Байғұтов, 
С.Асылбеков, 
М.Есламғалиев, 
М.Құлкенов, 
Қ.Жиенбаев туындыларында жиі кездесетінін қарастырған. 
Сатираның  көпқырлы  қасиеттерінің  бірі  –  оның 
сатиралық  емес  прозадағы  белгілі  бір  елестер  мен  образдарды 
суреттеп  берудің  құралы,  поэтикалық  әдісі  түрінде  де  
қолданылатыны.  Қазақ  сөз  өнерінің  халық  таныған  зергерлері 
М.Әуезов,  Ғ.Мүсірепов,  Ә.Нұрпейісовтердің  көпке  белгілі 
атышулы көптомды шығармаларының кей беттерінде сатиралық 
сарын 
сенімді 
ситуацияларда 
анық 
көрінеді. 
Аталған 
туындыларда  сатира  мен  юмор  поэтикасы  –  сөзді  дәстүрлі 
орнында қолданбай, жаңа ұғымда қолдану арқылы көрінсе, бірде 
толғам  тұшымын  теріс  көрсету,  қисық  әрекетке  бару  арқылы, 
кейде  білмейтін  нәрсені    білетін  кісіге  сөйлетуде  жатса,  енді 
бірде  орыс  сөзін  бұзып  айтуынан  да  көрінеді.  Сонымен  бірге 
кейіпкерді  екінші  кейіпкерге  мінездету,  сипаттау  арқылы 
көрінсе,  кейде  автор  өз  атынан  баяндау,  мінездеу  арқылы, 
болмаса,  оның  пәтуасыздығын,  дарақылығын,  аңқаулығын  іс-
әрекетпен, мәні жоқ ойсыз екенін көрсету үшін сөйлету арқылы 
да кейіпкер табиғатын аша алады.  
Сатиралық  проза  өкілдерінен  О.Әубәкіров,  У.Уайдин, 
М.Рашев, 
Ғ.Қабышев, 
Б.Қыдырбекұлы, 
Ж.Алтайбаев, 
О.Иманәлиев,  Қ.Шыңғысов  шығармаларында  қоғам  шындығы 
уытты мысқылмен суреттеледі.  
Қазіргі  балалар  әдебиетіндегі  юмор  табиғатын  сипаттау 
Б.Соқпақбаевтың,  Н.Серәлиев,  Т.Нұрмағанбетов,  М.Қаназов, 
Қ.Қазиев, 
М.Байғұтов, 
С.Асылбеков, 
Қ.Данабаев  
шығармаларында  жалғасын  тапты.  Ғалым  А.Мұсаев  қазақ 

 
- 58 -
сатирасын 
зерттеуге 
арналған 
еңбектерінде 
балалар 
әдебиетіндегі  сатира  поэтикасын  да  қарастырып:  «балаларға 
арналған  кітаптарда  лирикалық  юмор  жас  оқырманын  ерекше 
толғанысқа  түсіріп,  күлкілі  жағдайға  ұшыраған  геройға  көбіне 
мысқылмен  емес,  аяушылықпен  қарайды.  Осыдан  келіп 
оқырман  қабылдауының  екі  түрі  келіп  шығады.  Бірі  –  жас 
бүлдіршіндердің қабылдауы, оның ерекше көзқарасы. Екіншісі – 
бала  жанын  терең  түсінетін  үлкендердің  қабылдауы.  Балалар 
туындыларындағы  күлкі  мөлшері  көбіне  балалардың  жас 
шамаларына сәйкес алынады», - деп көрсетеді [1, 236]. 
Қазақ  сатирасының  бұрынғы-соңды,  ұтымды-ұтымсыз, 
ащылы-тұщылы  өнімдерін  саралап  талдай  келе  профессор 
А.Мұсаев: «Әдебиеттің  міндеті  – көргенді көгендеп шығу емес, 
байқағанды 
жазушының 
байсалды 
ой 
елегінен 
өткізу, 
адамгершілік ерлікке бағдарлау», - деп тұжырымдайды [1, 119].    
Ғалым  А.Мұсаевты  сатира  табиғатын  зерттеуде  тыңнан 
түрен  салғандығы  оның  сатиралық  шығармалардағы  күлкі 
поэтикасын  қарастыруымен  қатар,  бұрын  қарастырылмаған 
сатиралық  емес  проза  поэтикасын  зерттеуінен  көрінеді.  Бұл 
ретте  қазақтың  бас  сатира  зерттеушісі  профессор  Т.Қожакеев 
ғылымдағы  ұстазы  ретінде  оның  бұл  еңбегіне  «Алпысбай 
Мұсаев  қазақ  әдебиеттану  ғылымындағы  сатира  туралы 
еңбектерінде жаңа зерттеу  бағытының концепциясын  ұстанған» 
деп  баға  береді.  А.Мұсаевтың  көркем  шығарма  поэтикасын 
пайымдаудағы 
тынымсыз 
еңбектенгеніне 
орай 
академик 
З.Қабдолов  оның  «прозалық  еңбектердің  терең  де,  қатпарлы 
қойнауларына  бойлай  еніп,  жарқырата  көрсетуі  оның  шын 
мәніндегі әдебиетші екенін көрсетеді» деп бағалайды. Ал ғалым 
Б.Майтанов  «сатира  табиғатына  көз  салатын  А.Мұсаевтың 
теориялық  әдебиеттану  ғылымына  өз  үлесін  қосқанын  айту 
парыз»  екені  айтса,  сыншы  Д.Ысқақов  оның  «әдеби  зерттеу 
еңбегі 
көрсетілген 
кезеңнің 
прозалық 
шығармаларының 
көркемдік-эстетикалық 
ерекшеліктерін, 
ондағы 
күлкі 
феномендерінің  табиғатын  халықтық  дәстүрмен  диалектикалық 
бірлікте  ұштастыра  қарастырып  жүзеге  асырғанын»  атап 
көрсетеді. 

 
- 59 -
Профессор А.Мұсаев тынымсыз зерттеушілік қарымымен 
қазақ  әдебиеттану  ғылымындағы  әлі  де  көп  зерттеуді  керек 
ететін  қиын  әрі  құпия,  нәзік  әрі  уытты  сатира  поэтикасын 
зерттеп  жүрген  танымды  ғалымдардың  бірі.  Ғалым  өзінің 
зерттеулерін іс жүзінде ұдайы қолданысқа енгізіп жүреді. Соның 
бір  айғағы  ретінде  2007  жылы  оның  «Көркем  шығармадағы 
сатира» атты оқу құралының электронды оқулық түрінде жарық 
көргенін  атап  айту  керек.  Бұл  ғалым  еңбегінің  бұрынғыдан  да 
кең  диапазонда  таралуына  мүмкіндік  береді.  Ал  сатиратанушы 
ретінде  қазақ  прозасындағы  уытты  қаламгерлік  әдіс-тәсілдерді 
тереңінен 
толғап, 
зерттеп, 
әдеби 
қолданысқа 
енгізген 
зерттеулерін 
әрі 
қарай 
жалғастырып, 
Әкім 
Тарази 
шығармашылығы 
туралы 
«Тарази 
тағылымы» 
атты 
монографияға  ұластырды.    Алпыстың  асқарына  шыққан 
айбарлы  ғалым  ағамыз  қазақ  сатиратануында  әлі  де  талай 
қаламгердің  шығармашылығын  зерттеп,  ғылыми  айналымға 
енгізетініне сеніміміз кәміл. 
 
Әдебиеттер 
1.  Мұсаев А.М. Қазіргі қазақ сатирасы: Монография. – Алматы, 
1993 
2.  Мұсаев  А.М.  Жанды  жүйе.  –  Алматы:  «Білім»,  2001.  –  277 
бет 
3.  Мұсаев  А.М.  Көркем  шығармадағы  сатира  /Оқу  құралы.  –  
Ақтөбе 2007. – 104 бет 
 
жүктеу 2.8 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет