Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.8 Kb.

бет2/10
Дата09.01.2017
өлшемі2.8 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

                                                       Сәндібек Әлібекұлы 
                                                          Қазақстан   Журналистер 
                                                        Одағының мүшесі 
                                                           Ақтөбе қаласы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
- 23 -
Шеберлік шыңы немесе мастер класс 
 
         Кейінгі  буын  інінің  алдыңғы  буын  ағаны  тек  ерте 
туылған  жасына  қарап  емес,  өмірде  тындырған  бекзат  ісіне, 
айналасын  нұрландырған  иман  жүрегінің  рухани  күшіне  қарап 
құрметтеуі,  ұстаз  тұтуы,  ол  туралы  тебіреніп  толғануы  адамзат 
тарихында  ықлым  заманнан  бері  үзілмей  келе  жатқан  алтын 
желі,  сабақтастық.  Бүгінгі  толғаныстың  кейіпкері  жасында 
ауылдастары  не  әкім  болар,  не  ақын  болар  деп  болжағанмен, 
белгілі  ғалым  болған  асыл  аға,  ардақты  ұстаз  -    Қазақстан 
Республикасы  халық  ағарту  ісінің  озық  қызметкері,  филология 
ғылымдарының  докторы,  профессор,  ҚР  Жаратылыстану 
ғылымдары  Академиясының  мүше-корреспонденті  Алпысбай 
Мұсаұлы Мұсаев. 
    Қазіргі  қазақ  әдебиеттану  ғылымында  өзіндік  орны  бар 
Мұсаев  Алпысбай  ағамыз  жақында  есіміндегі  сан  асқаралы 
алпысқа  абыроймен  толды.  Алпекең  бүкіл  саналы  ғұмырын  М. 
Өтемісов 
атындағы 
Батыс 
Қазақстан 
мемлекеттік 
университетінде  өткізді.  Ғылымның  асқар  шыңына  осы  қара 
шаңырақта  қол  жеткізді.  Ұстаз  болып  өзінің  уақытын  аямай, 
өзгенің  уақытын  аялау  арқылы,  әрбір  сабағының  қызықты  да 
әсерлі өтуімен шәкірт жүрегінде  әдебиетке деген  іңкәрлік сезім 
оятуымен  абыройға  бөленді.  Басты  ерлігі  кандидаттық, 
докторлық  жұмыстарында  екінің  бірі  тәуекел  етіп  бара 
бермейтін  сатираны  таратып  айтып,  әдебиеттануда  үлкен 
зерттеушілік зерде көрсете білуінде. 
     Теориялық  еңбектерде  әдебиеттегі  шегініс  автордың 
айтпақ ойын толық ашуына мүмкіндік жасайтын көркемдік әдіс 
деп  жатады.  Бұдан  20  жыл  бұрын  Мұсаевтың  сабағы  болады 
дегенде 416 аудиторияға студенттер 3 топ түгел жиналатын. Бұл 
жиналу  қырықтағы  лектордың  алды  қаттылығынан  қаймығудан 
емес,  театрдың  жаңа  премьерасынан  қалыс  қалмауды  ойлаған 
көрермендік    қызығушылық  ықыластан.  Сатира  мен  юмор 
саласын  саралап  талдай  келе    ұстазымыз  кілт  тоқтап,  ешкімге 
назарын салып қарамай, ұнжырғасы түскен кейіпте аудиторияда 
әрлі-берлі  бір-екі  минут  жүріп,  кенет  ұйқыдан  жаңа  оянғандай 

 
- 24 -
жан-жағына кезек қарап, қолын артына айқастырып, алға бір-екі 
қадам басып сол ізімен еңсесін бұрмастан кейін артымен шегіне 
жүріп,  кібіртіктеп  тұрып  алады.  Сол  кезде  аудиторияның  әр 
жерінен  «қазір,  қазір  бастайды»  -    деп  дегібірсіздене  сыбырлап 
айтылған сөздер естіліп жататын. Содан соң... ағай образға кіріп 
шығарманың иіріміне үйіріп алып кететін. Бұл Мұсаевтың өзіне 
ғана  тән  шеберлік,  әдіс-тәсіл,  қазіргі  тілмен  айтқанда  мастер 
класс сабақтар болатын...    
       Тоқсаныншы  жылдардың  басында  ұстазымыз  А.Мұсаевтың 
ізіне  әріптес  іні  болып  ердік.  Кафедра  меңгерушісі  қызметін 
атқарған  Алпекең  сол  кездері  ата,  бала,  немере  болып  келетін 
үш  буын  ұрпақтарын  үлкен  мәдениетпен,  өзара  сыйластыққа 
сызат 
түсірмей 
білікті 
басқара 
білгендігін 
бүгін 
ғана 
байқағандаймыз.  Жоғары  мектепте  іскер  басшы,  зерделі  ғалым 
қандай  болуы  керек  екендіктің  үлгісін  ағамыз  ақ  адал  ісімен 
көрсеткен  екен-ау.  Бұл  Алпекеңнің  ұстаздық  қырын  таныту 
мақсатында  айтылған  ойлар  болса,  ғалымдық  қыры  арнайы 
зерттеуді  қажет  ететіні  сөзсіз.  Дегенмен,  мерейтой  қарсаңында 
мақала  көлемінде  болса  да  ғалым  еңбектеріне  азды-көпті 
тоқталып өтуді жөн санадық. 
 Қазіргі  таңда  Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  мемлекеттік 
университетінің 
Гуманитарлық 
зерттеулер 
институты 
директоры  қызметін  атқарушы  профессор  А.Мұсаев  көптеген 
ғылыми  еңбектердің  авторы.  Солардың  негізгілері:  «Қазіргі 
қазақ  сатирасы»  (1993),  «Поэтика  казахской  сатиры»  (1997), 
«Жанды  жүйе»  (2002),  «Әйтеке  би  аймағының  этномәдени 
мұрасы»  (2006),  «Рух  бостандығының  жыршысы»  (2007), 
«Көркемдік  кестесі»  (2007),  «Көркем  шығармадағы  сатира» 
(2007),  «Қазақ  прозасындағы  жеке  адам  концепциясы  (1960-
1970ж.ж.)» (2007), «Тарази тағылымы» (2008). 
  Профессор 
А.Мұсаев 
«Қазіргі 
қазақ 
сатирасы» 
монографиясында 
рухани 
ұстаздары 
Т.Қожакеев 
пен 
М.Тілеужанов  есімдерін,  олардың  қазақ  сынын  өркендетудегі 
үлесін  ғылым  әдебі  тұрғысынан  үлкен  құрметпен  атай  келіп, 
«бәріміздің де илеп жатқанымыз бір терінің пұшпағы» екендігін 
танытса,  50-60  жылдардағы  Ғ.Мүсірепов  шығармаларындағы 

 
- 25 -
юморды сөз ете отырып, мұның  шығу төркінін, төл  әдебиеттегі 
дәстүр  сабақтастығын  анық  аңғарта  алған.  Әдебиетімізде  50-60 
жылдары  сатиралық  образдардың  үлгісін  жасаған  Ғабит 
Мүсірепов.  Жазушы  стилінің  ерекше  қырын  белгілейтін 
характер 
жасаудағы 
ұтымды 
тәсілінің 
бірі-юмор. 
«Шығармашылдық  бай  тәжірибе  Ғ.Мүсірепов  қаламына  әзілдің 
не түрін сіңіріп, оны шебер қолданғаны байқалады. Жазушының 
көңілді күлкісі мен ащы сатирасынан ұлы Абай, Сұлтанмахмұт, 
Бейімбет юморының сәулесін де байқаймыз»,-дейді ғалым. 
   Бұдан  әрі  ғалым  монографияда  әдебиет  зерттеушіге  тән 
пайыммен  көркем  шығармадағы  иронияның  қызметін  және  ол 
кімдердің  шығармашылықтарына  тән  екендігін  нақтылай 
түскен. Сөзіміз дәлелді болу  үшін  ғылыми еңбектегі ойымызды 
айқындай  түсер  мына  бір  үзіндіні  келтірейік:  «Ирония-
кемшілікті  астармен  пернелеп,  сынау,  сықақтау,  мысқылдау, 
кекету. Ирония жоқ жақсылықты өп-өтірік бар ету арқылы әдейі 
сол  жоқ  нәрсенің  орнын  ойсырата  көрсету,  мазақ  қылу,  оның 
өзін  астарлап,  объектіні  тәлкек  ету,  кері  айтып  келеке  ету. 
Соңғы  жылдары  қазақ  прозасындағы  байқалған  бір  ерекшелік-
сатиралық  образдардың  құрылымындағы  ирониялық  бояудың 
молдығы  дер  едік.  Олардағы  иронияның  қолданылуы  әртүрлі. 
Біреуінде  жазушы  иронияны  өз  қаһарманына  қолданса, 
біреуінде  қаһарман  өзін  қоршаған ортаға, болмаса жазушы  өтіп 
жатқан  оқиғаға  ирониялық  көзқарасын  білдіріп  отырады. 
Әдеттегіден  гөрі  аса  ирониялық  рең  Т.Әлімқұлов,  М.Мағауин, 
О.Сәрсенбаев, 
Т.Әбдіков, 
Д.Исабеков, 
М.Қаназов 
шығармаларына тән».   
    Қазақ  прозасындағы  ізденістер,  қаламгерлік  ерекшелікті 
танытатын  эстетикалық  комедиялық  категориялар  (юмор, 
сатира,  ирония,  сарказм,  гротеск)  және  оның  шығармада  ойды 
бейнелі  жеткізудегі  көркемдік  қызметі  туралы  пайымдар 
профессор А.Мұсаевтың әдебиеттанудағы бір  қыры болса, «Рух 
бостандығының  жыршысы»  еңбегі  ғалымның  поэзия  саласын 
терең  меңгергендігін  және  өзі  де  мұнан  құралақан  еместігін 
аңғаратады.    Қазақ  поэзиясына  ХХ  ғасырдың  70  жылдары 
келген  Жарасқан  Әбдірашевтің  өлең  өлкесіндегі  өзіндік 

 
- 26 -
ерекешелігін  сөз  ететін  бұл  еңбек  ақын  сөзінің  қуатын 
танытуымен 
қатар, 
бүгінгі 
күн 
тұрғысынан 
рухани 
құндылықтарымызды  қалай  тануымыз  керек  деген  көкейдегі 
сауалға да жауап бергендей. Оқып көрелік: «Қазақ поэзиясында 
өзіндік  бет  бағытын  анықтаған,  ешкімге  ұқсамайтын  дара 
қолтаңбалы  ақындар,  әрине,  аз  да  болса  бар.  Міне,  осындай 
өзіндік үн, қайталанбас мәнер арқылы тұлғалы биікке көтеріліп, 
терең  тамырлы ой тереңдігіне жеткен  қазақтың  көрнекті ақыны  
Жарасқан  Әбдірашев.  Ақын  тілінің  құпияларына  бару  бізге 
оңайға  түскен  жоқ.  Әлі  де  ашылмаған  сырлары  көп.  Ақын 
поэтикасы ұшан теңіз мол жұмыс болғандықтан, кейбір стильдік 
белгілерін ажыратуға септігін тигізетін жайларды ғана сөз еттік. 
Әйтпесе, суреткердің  көркем сөз саласындағы  ізденістерінің өзі 
ғана  талай  ғылыми  жұмыстардың  объектісі  болатыны  сөзсіз»  – 
деп ағынан жарылып, алда атқарылуы тиіс жұмыстарды ғалымға 
тән аңғарымпаздықпен атап өтеді.  
    Ғылыми ойланып, толғануда қашанда поэзия элементі бар. 
Шын  ғылым  мен  шын  поэзия  үндесім  тапса  тағыны  жетіп 
қайырар  сиқырлы  күшке  ие.  Бүгінде  ғылыммен  сөз  сөйлеп, 
бақшадай көркейген ағамыздың ақындығы бір төбе.    Көңілдің 
шалқыған тұстарында: 
                         Тасиды Жайық, тасиды, 
                         Жағалау бір сәт бас иді. 
                         Асқақтап биік қараған, 
                         Қайыңдар мүлгіп жасиды... 
                         Мен-дағы тынбай толқыдым, 
                         Кеудемнен мұңым айықпай, 
                         Серпіп бір сезім толқынын, 
                         Тасысам екен Жайықтай,- 
деп бір төгеді.  
      Ғалым-ұстаз  еңбектеріндегі  ендігі  бір  тоқталуды  қажет 
ететін  «Мәдени  мұра»  Мемлекеттік  бағдарламасы  бойынша 
жүргізіліп  жатқан  ғылыми  жұмыстарының  бірі  –  Ақтөбе 
өңірінің  тарихи  –  мәдени  мұраларын  зерттеп,  ғылыми 
айналымға  енгізуі.  Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  мемлекеттік 
университетінің Гуманитарлық зерттеулер институтын басқарып 

 
- 27 -
отырған  ағамыздың  бұл  саладағы  іс  нәтижесі  «Әйтеке  би 
аймағының  этномәдени  мұрасы»  атты  еңбегінен  көрінеді. 
Жаһандану  заманында  материалдық  құндылықтармен  қатар 
рухани  құндылықтар  қазақ  жұртына  аса  қажетті.  Осындай  
жүзеге  асырылып  жатқан  жүрек  қуантарлық  істердің  басында 
өзіңіз  тұрғаныңыз  қандай  ғанибет  асыл  аға.  Өзіңіз  салған 
сүрлеумен жеткен биігіңіз асқақ болсын қадірлі ұстаз.       
     
        Сабыр М.Б. 
филология ғылымдарының 
          докторы, профессор 
                                                  
                                                 Мамыров А.Ы. 
                                                            филология ғылымдарының 
                                             кандидаты, доцент 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
- 28 -
 
 
«Жанды жүйе» кітабының тұсаукесер рәсімі  
 
 
 
 
Республикалық Аграрлық партияның басшысы, сенат 
депутаты Ромин Мәдинов бағалы сыйлықты табыс етуде 

 
- 29 -
 
 
«Біртұтас экономикалық кеңістік: стратегиясы және жүзеге 
асыру механизмі» атты халықаралық конференция 
 
 
 
Гуманитарлық ғылыми зерттеу институтының ұжымы 
белгілі ғалымдар Р.Бердібаев және Ж.Смағұловтармен бірге    
 

 
- 30 -
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ҚАЛАМГЕРЛІК  
ҚЫРЛАРЫ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
- 31 -
Лебіздер легі 
 
Бірінші желі 
 
Әдебиетке келгеніңе рахмет! 
 
Жұбан  Молдағалиев 
СССР және Қазақ ССР Мемлекеттік 
сыйлықтарының иегері 
20.07.1981 жыл 
 
*   *   * 
Алпысбай!  
Өнердің 
батасын 
алған 
азамат 
екенсің, 
жұлдызың жансын! 
 
Қадыр Мырзалиев 
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік 
сыйлығының иегері, Қазақстан халық жазушысы 
26.10.1986 жыл 
 
*    *    * 
Алпысбай, Айсұлу! 
Меніңше  дүниеде  екі-ақ  сұлу  адам  бар:  ақын 
және ақынжанды. Соның екеуі де өздерің екен. 
Әманда, осылай болғайсыңдар! 
 
Жарасқан Әбдірашев 
Мағжан Жұмабаев атындағы сыйлықтың 
иегері, ақын 
12.10.1974 жыл 

 
- 32 -
*    *     * 
Қарындасым – Айсұлу,  
Ақын інім – Алпысбай, 
Бақыт нұрына малынып,  
Бөлене беріңдер алғысқа! 
 
Бәкір Тәжібаев 
ақын, драматург 
23.05.1979 жыл 
 
*    *     * 
Айсұлу келінім мен Алпысбай ініме 
Тек  бақыт  тілеймін.  Өмірлерің  өлеңдей  әсем 
болсын. 
Сабырхан Асанов 
ақын 
24.05.1979 
 
*    *    * 
 
     
Алпысбай, Айсұлу! 
Айналайындар, 
көңіл 
кеселеріңді 
кір 
шалмасын! 
Оралхан Бөкеев 
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік 
сыйлығының иегері,  
жазушы-драматург 
16.10.1974 жыл 
 
*     *     * 
 

 
- 33 -
Алпысбайға! 
 
Тағдырдың талмай тартыс талқысында, 
Төтеп бар тауқыметке, бар қысымға –  
Қыннан қылыш суырып өзің үшін, 
Мұса қарт майдан ашқан алпысында?! 
 
Жасымай, жатпай, батпай сары суға, 
Аянбай, айқасуға, алысуға –  
Мұса қарт алпысында іңкәр болған, 
Алпысбай өзіңменен табысуға?! 
 
Тілеймін Мұса қарттай тартысқай деп, 
Тілеймін Мұса қарттай жар құшқай деп, 
Ардақ тұтып алты алаш, туған жұртың 
Ұлықтап, жатсын сені Алпысбай деп!.. 
 
Иранбек Оразбаев 
Ақын-драматург 
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік 
сыйлығының иегері 
27.03. 1979 жыл. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
- 34 -
Жыр толқыны тынбасын 
 
Мен  Алпысбай  інімді  алғашқы  тырнақалды 
туындылары  республикалық  басылымдарға  жариялана 
бастаған  кезі  –  жетпісінші  жылдардың  басынан  бері 
білемін.  Ол  алғашқы  аяқ  алысынан-ақ  лирикалық 
планда  жазып,  философиялық  ойға  ұштастыруға 
шеберлігін  байқатып  еді.  Әлі  сол  табысынан  танбай 
іздену үстінде өсіп келе жатқандығы қуантады. 
Үстіміздегі  жылы  республикалық  «Жалын» 
баспасынан  шыққан  «Дария  жыры»  атты  жастар 
жинағында 
Алпысбайдың 
бір 
топ 
өлеңдері 
жарияланды. Жаңа жыр жинағы да дайын тұр.  
Қазір  Алпысбай  өлеңде  өз  жолын  табуға  талмай 
талпыныс жасап жүргендей көрінеді маған.  
О, жүрегім, нені іздедің шарқ ұрып, 
Мұрат асыл – қал дей алман тартынып, 
Маңдай терім төгіледі күні-түн, 
Арман бұлақ қалмау үшін сарқылып,  
-  деп  өзі  де  ағынан  жарылады.  Әдебиет  отауына 
әдеппен  аттанған,  мол  дайындықпен  келген  жас  ақын 
Алпысбай  Мұсаев  өлең  өлкесіне  старт  алып,  үлкен 
жолға шықты. Бұл ұлы жолдағы сапары жемісті болып, 
сәтті жалғаса беруіне шын ағалық ниетпен тілектеспін.  
 
Боранғали Ырзабаев, 
Қазақстан Жазушылар  
Одағының мүшесі, ақын 
16 сәуір, 1982 жыл. 
   
 

 
- 35 -
Ақындық тағдыр 
 
Ақындық  тағдыр...  Мұны  мен  айтқан  жоқпын.  «Бұл 
өзіңмен  өзің  арпалысып  өтті  деген  сөз».  Алпысбай  не  әкім,  не 
ақын  болуы  керек  еді.  Өзіңді  өзің  екіге  бөлу  қиын.  Өз  басым 
Алпысбайдың  ақын  болуына  бала  кезден  тілектестерінің  бірі 
едім. 
Осынау  кешігіңкіреп  шыққалы  отырған  кітабы  сол  бір 
үлкен  үміттің  ақталғаны  деп  ойлаймын.  Бала  кез,  жастық  шақ, 
жігіттік дәурен осы өлеңдерінің ішінде оның кіршіксіз көңілі де, 
айдай  арманы  да  бар.  Естір  құлақ,  көрер  көз  болса,  таныр.  Әр 
шумақ, әр жолына тоқталып, талдау жасап жату менің міндетіме 
жатпайды деп ойлаймын. 
Белгілі  бір  кезеңнің,  белгілі  бір  буынның  сөзін  айтатын 
кішкентай  кітаптар  болады.  Алпысбайдың  осы  жинағы  сондай 
кітап. 
 
Жарасқан Әбдірашев,  
Мағжан Жұмабаев атындағы сыйлықтың иегері, 
ақын 
 
 
*     *     * 
 
«Сапар алдында» жыр жинағына пікір 
 
Қандай  жас  адамның  да  алдындағы  азаматтық  парызын 
сезуі,  егер  ол  шын  суреткер  болса,  оның  шығарымпаздық 
процесінің  бастау  алуына  импульс  болса  алады.  Ондайда  автор 
өзін толғандырған жайларға үңіліп, оның мән-маңызын түсінуге 
тырысып бағады. Мына жас та өнерге осылайша қарым-қатынас 
жасасам деп талап қылады екен. 
Көк өзені көңілдің тасып терең, 
Кең дүние, құпияңды ашып көрем. 
Ел үмітін ақтасам деген оймен, 
Туған жер топырағын басып келем. 

 
- 36 -
Мұндағы жас автордың  дүниенің құпиясын ашып көруге 
тырысуы  –  жаңа  тақырып,  жаңа  проблема  көтерем  дегені 
ретінде  түсінген  жөн.  Әзір  автор  ештеңе  де  аша  қойған  жоқ, 
бірақ  реалды  болмысқа,  оның  өнермен  қарым-қатынасына  тіс 
қаққандықпен  қарауы назар аударады. Туған  жердің  топырағын 
бекер  басып  жүрмегендігін,  әл-қадырынша  өзіне  артса  да, 
артпаса да, ел үмітін сезуі көзге түседі. 
Осы ашу, биіктерге шығу – оның көксегені: 
Сондықтан мен бәріне дабыл қағам, 
Аянбайық, 
Күш-қуат барында, Адам! 
Коммунистік сеніммен 
Аттанайық,  
Биіктерге алдағы  
Алынбаған! 
Бұл  шумақта  керемет  метафора,  тосын  теңеу,  шын  троп 
атымен  жоқ.  Мұнда  бізге  керегі,  жас  автордың  биіктерге 
шығудың  не  үшін,  нендей  мақсат  үшін  керек  екенін  пайымдай 
бастағаны.  Ол  біздің  әлеуметтік  болашағымызға  тарихи 
оптимизм  тұрғысынан  қарап,  коммунистік  идеализмді  үнемі 
есінде  ұстайды.  Бұл  айтылып  жүрген,  көпке  таныс  шындық 
болса  да,  балауса  автордың  аузына  қалай  түсе  қалғаны 
ойлантады. Мұны жас жігіттің көзқарасының қалыптасқандығы, 
рухани есейгендігі деу артық. Бізді жас жігіттің сол жолға қарай 
ыңғай танытқаны ойлантады. 
Жас  автордың  туған  жер,  жастық  шақ,  махаббат  жайлы 
жырларында қарапайымдылық бар. 
Армысыңдар, көкорай шалғындарым, 
Армысыңдар, балауса балғындарым. 
Әттең, ерте білмеппін, уа, туған жер, 
Осыншама өзінде нәрдің барын. 
Жас автордың осы «ашуы» өзі үшін қымбат. 
Саласын сен тұп-тұнық маған ойлар, 
Тербетіле ән шырқар, қарағайлар. 
Жағалауын арманның іздеп келем, 
Күндер, түндер, зымырап барады айлар, 

 
- 37 -
Саласың сен тұп-тұнық маған ойлар. 
Осы  шумақта  автор  ол  неғылған  ой  екенін  көркемдеп 
жеткізбесе де, ойланатын сәттері бар екенін фиксация жасайды. 
Шумақтағы жанды ырғақ, орнықты интонация құлақты қасиды.  
Жас  автор  жаңалыққа,  соны  дүниені  танып  білуге  ниет 
қылады. 
Жастығым, қуат, нұр берген, 
Кеудемде ірі бар талап 
Келмейді жүргім сүрлеумен, 
Жолдарды тағы қайталап. 
Міне, осы сүрлеуден қашу керек-ақ! Жаттанды ой, штамп 
жолдар, 
тозған 
тіркестер 
қазіргі 
поэзияда 
жыртылып 
айырылады.  Жас  автор  содан  басы  бүтін  құтылып  кете  алмаса 
да,  өз  шама-шарқын  сезіп,  өзі  жүріп  келе  жатқан  жолдың  бет-
бедерін  аңғарып,  бұрын  кісі  аяғы  тие  қоймаған  соны  соқпақ 
аңсайды.  Ол  аңсау  оны  поэтикалық  биікке  шығарып  тастамаса 
да, талап барлығын көрсетеді. 
Жас автор еркін жазуға талпынады. Ол метафора тізбегін, 
тың  троптарды  ағыл-тегіл  қолданбаса  да,  кейде  ретті  жерінде 
пайдаланады. 
Суретшінің бояуындай түрленткен, 
Көктем әні – кемпірқосақ жолағы. 
Сырттай 
қарағанда, 
осы 
қолдан 
күрделендірілген 
метафора  тізбегі  жасанды  тартып  тұрса  да,  ішіне  үңілгенде, 
аздап болса да ассосацияның барлығын табуға болады. Көктем – 
поэзия, жастық шақ символы. Оның әні – ерекше  құбылыс, сан 
бояудың  спектрі. Ол спектр  – кемпірқосақ жолағы, асқақ ұғым. 
Осылай  сатылап  барып,  жай  ғана  информацияны  метафоралап 
жеткізу  – қазіргі поэзиядағы мода тәріздес  етек алған құбылыс. 
Жас автордың поэтикалық көруі де жаман емес. 
 
Тынбады, жаңбыр тағы тамшылады, 
Көктің де таусылғандай бар шыдамы. 
Ақ найзағай аспанда сарт-сұрт етіп, 
Бауырына бұлттардың шаншылады. 
 

 
- 38 -
Осы  шумақта  екі  қасиет  көзге  түседі.  Жас  автор 
дыбыстық  образдарға  жадағай,  сырттай  еліктеп,  «сарт-сұрт» 
деген  одағайды  қолданғанда  табиғат  құбылысын  табиғилықпен 
қағаз бетіне түсірем деген талабы (эстетикалық қарым-қатынас) 
бейнелеу  дәлдігі  тұрғысынан  (эстетикалық  баға  беру)  бір-
бірімен  қабыспай,  әлгі  талабын  жоққа  шығарып  тұр.  Шыдамы 
таусылу  мен  шатыр  ете  түсудің  ғана  арасында  психологиялық 
пластика  болуға  тиіс.  Жас  автор  фольклорлық  ойламды 
қолданып,  оның  қасына  қазіргі  поэзияға  тән  «бауырына 
бұлттардың  шаншылады»  деген  образды  жолды  қосады.  Осы 
тіркестердің  қатар  келуі  автордың  ойламындағы  ғана  емес,  исі 
қазақ  поэзиясындағы  консервативтік  күштер  мен  прогрессивті 
тенденциялардың тоқайласа шайқасар тұсын көрсетеді. 
Жас автор ата-ана, табиғат, сүйген қызы, студенттік шақ, 
т.б  жайлы  өлеңдерінде  тақырыпты  өз  әл-қадырынша  еркін 
жырлауға  тырысады.  Оларды  жалт  еткен  жолдар,  бейнелі 
тіркестер ұшырасып отырады. 
 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал