Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 3.79 Mb.

бет9/32
Дата11.01.2017
өлшемі3.79 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32

ҚЫР СУРЕТТЕРІ

– 1 –


Жазғытұрғы, көктемгі мал тегіс ауыз толтырып асауға жарап, 

көк шөп керегеден келіп, шаруаның қыстың қарынан қатқан табан 

терісін жіпсітуге жылынған күннің көзі, тырнақтай бұдыр бұлты 

жоқ. Ашық аспанның алтын тақырында ертеден кешке дейін 

айналып, жан-жануардың барлығына да жадырап, күлімдеген 

күйімен керекті кештің көлеңкесіне кірген соң, салбурынның 

тұманы  жерді  жарып  жаңа  шыққан  жасыл  шөпке  жабысып, 

шыққа шомылдырып, аспанмен жерді ағалмен араластырғандай

1



Балбыраған  бұлттың  шығыс  жағы  жарық  жиек  алып,  кім-



кімнен көтере бастап, ел сәл әдемі ұйқыға оранған табиғаттың 

бетін ашып, оянуға айналған мезгіл еді. Тоқаң да оянып далаға 

шыға  сала,  ұйқыда  жатқан  ауылды  “тұрыңдардың”  астына 

алғаны, қой қоздатып көп отырған жерінен қозы аяқтанған соң 

ілгері қырға қарап қозғалғысы келген ауылдың көптен көшті 

көрмей,  жапырақ-шайырға  ішін  салып  қалған  түйелерін  таң 

асыруға,  үдеріп  көшіп,  кешірек  қонғандықтан,  біраздан  бері 

балаңсып қалған адамдары бірден жүк артқанға бой алдырып, 

ауыр ұйқыдан өздігінен оянар емес: “қырылғырлар, мұншама 

ұйқыдан кырылдыңдар ма? Ең болмаса – таң асқан түйелерді 

түріп жатсаңдаршы” – деген Тоқаңның әдепкі айқайына елең 

еткен ешкім болған да жоқ. Аспан жерге айнала оралған, түнгі 

тұман ашылуға айналған таң сезімінен сейіле бастап, шығыстан 

шыққан әуеңің ақ жиегі кетер түннің қара көлеңкесін көтере-

көтере ондағы, мұндағыны анық елестетеді.

Табиғатпен бірге мал да оянды. Өре бастады 

2

. Кешеден бері 



от жемей

3

 таң асып тұрған жүк артылған түйелер, отқа ұмтылып, 



кеткісі келіп, тықыршып тұр. Оның үстіне жайылғысы келген бос 

тайлақ-құнаншалар, өріске бастап баратын үлкендері байлаулы 



126

болған соң, өз беттерінше өре алмай

4

, жүріңдер деп ата-анасының 



етегінен алған балаларша, тұрған түйелердің бұйдасына оралып, 

мұрын ауыртып бақыртып болды. Түні бойы аспанды айқалаған 

кара  көлеңкедей  қуған  ақ  жиекті  артынан  іле-шала  шыққан; 

келетін күннің көш басшысы, жарық сәуленің алтын ұшқындары 

жержүзін жалай бастады. Ауыл ұйқыда. Шыр айналған аспанның 

жерге  жабысқан  жиегі  жарып  шығып,  жылжып  келе  жатқан 

күннің көзі шығыстағы бұлттарды қызылға бояп, жерге жарық 

шашты.


Тұманды  түннің  шығы  сіңіп,  балбырап,  бас  иіп  тұрған 

қаулар, ертеңгі күннің кірпігіндей болып бытырап, жержүзіне 

тегіс  төселген  жарық  жолдың  сәулесіне  шомылып,  сілкініп; 

шығып, сығып бойын безей бастады. Аспан, жер енді жарықпен 

жалғасып, табиғат тегіс тірілді.

Ауыл әлі ұйқыда жатқан жерлерінен тұрып, өруге бет алса да, 

ерінгендей, бір басып қана қайырылып, керіліп, қасынып, күйсеп, 

ертеңгі  әуеге  есінеп  тұрған  малдардың  түрі,  ұйқыға  беріліп 

бұйығып жатқан ауылдың жанымен ырғақтасып, жаңа жылжып 

келе  жатқан  жылы  күннің  жарығы  түрлендірген  табиғаттың 

көркіне қосылған кестесіне, қораның шетіндегі қоңсы қараша 

күркенің кемпіріне кейіген Тоқаңның айқайы да араласты.

Белдеуіне байлаулы, адалдан бары – жалғыз саулы інгенін 

шешіп жіберейін деп жатқан Мамыққа:

– Сен неңе жетісіп ұйықтайсың, қубас, – деді Тоқаң. Ауылдың 

ортасында шоғырмақтанған қой, қозы, түйе боздап, маңырап 

ұйықтаған ауылдың артынан жаңа шыққан жас күнді қарсы алып 

жатқанда, бұл көріктің барлығынан да бетін бұрып, қоңырайған 

қара  күрке  ауылдан  оқшау  тұр.  Жанындағы  жанды  қара  – 

жалғыз жапырық інген мен еңкейген кемпір Мамық – бұлардың 

барлығының мұңайған түрлері, ертеңгі ызы-қиқу ауылдан өзге 

әдет алғызып тұр.

Байдың  кейістігіне  қайтарып  Мамық  не  дей  қойсын.  Бұл 

байқұстың түнгі ұйқысының түгел болмағанына бір ай болса да, 

бұ күнгі қошаметке болған, өлген баласынан қалған қолындағы 

жалғыз қарғасы Мұқаш бір кеш бойына байдың қозысын жаяу 

айдағанда төзе алмай” табаны тиіп, түнімен аяғынан ұйықтай 

алмай,  таң  атарда  ғана  көзі  ілініп,  мұны  жастай  жасытқан 

жарлылығыңа,  жәрдемсіздігіне  жылап  әрі  Мұқаштың  аяғын 

уқалап ұзақ түнді көзінен атқызған Мамық, байдын жалғыз бұл 



127

емес күнде кекететін кейістігіне жиып-теріп бір жауап қайыратын 

кезі келсе де, қосақтың шетін сауып отырғандығы есіне келіп, 

үндеуге ауызы бармады.

Күн көтерілді. Ауыл оянды. Шоғырланған қараға ауыл адам-

дары да араласты. Табиғаттың көзіне тағы тіршілік қосылды. 

Бір-ақ... оқшау күрке өзгерместен кәдімгі қоңыр, күнгірт күйінде 

қала берді...

Інген  үйіріне  қосылып,  өріске  кетті...  Мамық  бүрісіп 

Мұқаштың басында отыр... ал, ертеңгі ескен ерке жел күркені де 

кекетті. Көтерілген күннің қиығы туырлықтың тесігінен түсіп, 

жатқан Мұқаштың бетін басты. Табиғаттың, адамның бұл үйге 

де қуанғандығы білінді.

–   2   –

Көк  шалғынға  көмілгендігі  болмаса,  тегістігі  тақырдай. 

Қырдың  құба  жонында  қарайған  бейнелер,  жөнеген  көш 

сағымданып келеді.

Көшкен ел, айдаған мал қара құрымдай көздің жауын жейді. 

Дала кемесі – түйе аяңымен ұйтқыған көштің алдындағы ұзын 

бойына  ораған  қызыл  құрлар.  Ертеңгі  күннің  шашыраған 

сәулесіне  шағылысқан,  керегелі  қоршауларда  өрге  шапқан 

бәйге аттарша алысып қатар-қатар, бір-бірімен сөйлесіп, ішкі 

әңгімелерін айтысып келе жатқан көш бастаған қыз-келіншектер 

көрінеді.

Ертеңгі салқын да шыдамай жылы көрпе жамылып, бұйығып 

ұйқыға айналса да алдыңғы көш бастаған жастар әңгімеге ай-

налып, түйенің ауған-қалғанына қарай коймас деген қауіппен 

ояу отырған Ырысқан. Анда-санда “айт-айт!” деген кейінгі кен 

қоршаулардан қылтыйып кемпірлер де келе жатыр.

Қөштер шаңырақ түйесі созылысып қаз-қатар келеді.

Ертеңгі ескен аз-кем желге желігіп, шайқалған, шалғынды 

жапырған  қалың  көштің  қадамынан  зәулім  қоршаулардан 

карасып,  екеу-екеу  әңгімелескен,  жастардың  ыстық  сөздері, 

серіктесе  қарақұрымдай  қалың  көштің  көбіндегі  қыстырулы 

қоңыраулардың  күлдірлері;  жазылап  жүк  артқан  сон  анасын 

ажырата алмай боздаған бота, тайлақтардың дауысына қосылып, 

кең даланы күңірентіп келеді. Екі қараның біреуі көлемдірек, 

қозғалмай тұр. Біреуі біресе ілгері жүріп, біресе бұрылып, бір 

нәрсені айдаған сықылданады. Бұл жұртқа қайтқан тайлақты 

қайырып келе жатқан атқа мінген еркек қыз.



128

Бұл асығады... көшке тезірек жетіп, қолын байлаған тайлақты 

тастап,  көшті  капталдаған  жастардың  қым-қыйғаш  жарысы-

на жеткісі келеді. Бұл мұншама асықса, қалған көлемді қара 

қозғалмайды. Төбенің ақ бетіндегі төскейге қозысын иіріп қойып, 

табанын уқалап отырған Мұқаштың қасында қалған бұл Мамық.

Мамық баласының қасынан кеткісі келмесе де жетегіндегі бас-

панасын артқан жалғыз сауулы інгені көштегі үйір түйелерінен 

айырылып тұрғысы келмей, боздап, жұлқынып мазасын алған 

соң, қасынан жорғамен тайлақ қуып өткен қызға: “Шырағым, 

мынаны ала кетші” дейді Мамық. Дауыстағанға айналатын қыз 

ба? Жол азық сұрап жарысатын бозбалаларға

5

 барғысы келіп, 



ол асығып келеді.

Мамық қозының қасынан кеткісі келмейді. Мұқаштың қасына 

келіп, еңкейіп: “Қарағым, жалғыз өзің шөлдеп өлесің ғой, түйені 

түріп жіберсем де қасыңда қалайын” деп еді, бала үндемеді.

Оны ыза басып отыр. Өзіндей балалар қозы айдап көштен 

қалмақ түгіл ат үстінде зек салып бара жатқанда, бұл біреудің 

қозысының қасында аяғын ауыртып отырған тіршіліктен адам 

болып  тумағанын-ақ  тәуір  көріп,  бұл  реттік  кінәсін  асырап 

өсірген үлкен әжесі Мамыққа артып отыр.

“Осы қу кемпір тұқым қылып таратпағанда мен осы күйді 

көрер ме едім”, – деген ойға көмілді. “Кет, қубас, мені аясаң, 

бүйтерімді  біле  тұрып  тұқым  туар  ма  едің”  деді  Мұқаш, 

жыламсыраған дауыспен Мамыққа қарап... “Кет, керегің жоқ, 

өлсем өлейін...” деуге-ақ әлі келіп, өксіп жылап та жіберді.

Мамық та жылады...

Төбенін ақ бауыры, көлеңке алып, күңгірттеніп

:

 бұлардың 



уайымына ортақтасты. Шоғырмақтанып көз ұшында кетіп бара 

жатқан көштің қарасын көксеп сарнаған сауулы інгеннің дауысы-

мен, бұлардың өксігі ертеңгі жұмсақ желдің жылуына жолығып, 

ұзаққа қарап есті.

Мамық  көштің  соңынан  кетті.  Анда-санда  шөлдейді-ау... 

өледі-ау... деген үн Мамық аузынан жаспен аралас шығады... Сон-

да да Мұқаштың қасынан қуғаны бар... Қубас, неге тудың дегені, 

кемпірдің ендігі қалған күнінің бар қызығы, өзінің барлығының 

арқасында екендігін өзі біле тұра-ақ Мұқаштың айтқандығы, 

онсыз да күйін кеміткен кемпірдің есін өртеді. Өксігі ашуға да 

айналды. Долыланды. Күйді Мамық...


129

“Жарлыны жаратпау ғой” деп, құдайға тілін тигізіп те алды.

Көздің  ұшында  шоғырланған  көш  көрінеді.  Көшке  тарта 

желе аяңдап боздаумен келе жатқан жапырық інгеннің үстінде 

ағыл-тегіл болып жасқа жуынған көзі төбенің ауызы алдындағы 

үйіріне тартпағанда, жолдан жаңылып та қалатын болып жылаған 

Мамық келе жатыр...

Сәске кезі, сағым бар жерді мұнарлатып Мамықтың күйіне 

қосылғандай  болды,  боздаған  түйенің,  жылаған  Мамықтық 

дауыстары.  Еш  әңгіме  естілмейді,  ертеңгі  ескен  ерке  желдің 

екпінімен алыс жаққа кетті...

–   3   –

Күн түске таянды. Ауыл алдақашан қонған. Аумақтағы үлкен 

ойпаттың ақала қып жиылған кең көл табанының көк орайына 

қонған елдің жаны да, малы да өмірлік рақатқа енгендей! Көк 

көрпеге  көмілген  көл  табанға  жапырлатып  тіккен  жаппалар. 

Жағалай  жатып  көк  майсаны  кешіп  жайылған  жылқы,  түйе. 

Жүк түсіріп болып, үй тігуге-ақ әлі келіп, ұйқыға енген ауыл 

табиғаттың төріндегі келісті кесте сықылды.

Бұл сиыққа сай әлі келмей тұрған ауылдың артына келіп, 

қораның төрінде құрым күркесін қарайтып жатқан Мамықтын 

пішіні...

Табиғаттың келбетін келтіріп тұрған қара орманның Мамыққа 

қарасатұғыны кешкі қой келгендегі қосақтың жебе сауымының 

жарты бақыр сүті, бауырына басқан бір Мұқашты мұңайтуға се-

беп болған сүт... Шалап құйған мес көзіне түсіп кетіп, кемпірдің, 

ойына осыны келтірді. “Сен қу тамақ қой, қарағымды қаңғыртып 

қалдырған” деп, жылап та жіберді. Қарттың қатқан кірпіктері 

жаспен жібіді.

Ауыл ұйқыдан оянып, шай ішем дегенше, түскі бүгелекпен 

үйездеген жылқылар өріп, жайылымға шықты. Тоқаң да торша-

сын төстеп тартып, әлі күнгі көрінбеген қозысын көздеуге кетті. 

Қозы көрінбейді. Тоқаң төбеге шықты. Қой көрінеді, қозы жоқ.

Тоқаң  қойға  келді.  Қоймен  бірге  қозыны  көріп:  “Ойыны 

осылғырлар ойнаймын деп қозыны жамыратып алдыңдар-ау” 

деп, Тоқаң қойшыға кейіп зәрін жая келді. Мұқаштың аяғы ауы-

9–1246


рып, айдай алмай отырған үстіне аңдаусыз келіп қалып, жамырап 

кетті деп қойшының қайта қайтарғанына, тарс еткізіп қойып 

қалған Тоқаңның қамшысы байқұстың басын білеудей қылды.

Мұқаш жоқ.

Оның  аяғы  ауырғанның  үстіне  ауылға  барса,  қозының 

жамырағаны үшін Тоқаңнан таяқ жеймін деген уайым қосылып 

қалды. Қой сауа алмай қалдық-ау деп қынжылмаса, Мұқаш қайда 

деген Мамықтан басқа ауылда адам болған жоқ. Мамыққа Мұқаш 

енді анық өлгендей көрінді. Қорықты, жылады Мамық.

Қалың жас қатпар бетте қайта ақты. Мамық жұртқа, Мұқашқа 

қайтты.

–   4   –



Жердің  жүзін  шуаққа  шомылдырған  жайлы  күн.  Кезекті 

кештің көлеңкесіне кіруге күтініп қызылға киінді.

Аспанның батыс беті сары жиектеніп келіп, қызарыңқырап, 

қара  кеуімдене  бастады.  Жазғытұрғы  ылғалды  жерден  кешкі 

көтерілген бу шіміркендіріп етіңе өткендей болғанмен, желдік 

жоқ. Тынықтығы зәрін жұмсатады.

Күн  батты.  Батыстан  ілінген  қара  кеуім  жержүзін  жалпы 

жапты.


Қас қарайды. Аспан мен жерді тағы ағалмен араластыратын 

буалдыр болды. Ұзақты күнге көкті қақ жарып жүрсе де құрышы 

қанбаған малдар қораға көңілсіз, айдаумен азар оралып келе 

жатыр.


М. Әуезов

131

ҚЫР СУРЕТТЕРІ

1. КЕШКІ ДӨҢ БАСЫНДА

Жаздың жайлы кеші. Бойды сергітетін қоңыр салқын леп 

дымқыл тұнық ауада біліне бастаған. Зәрі қайтқан қызыл күн 

әлсізденіп, таудан асып, ұясына кіріп барады. Жұқалаң, ұзыншақ 

көп бұлт қызыл сеңдей болып, батар күнді ентелеп қамап тұр

1

.



Қаракөк тұңғиық аспан күнбатысқа тақаған жерінде қызыл 

торғындай толқынданып, кейбір жерінде қызулы өрттің жалы-

нындай жайнайды. Күннің ақырғы сәулесі түсіп тұрған тау баста-

ры көлеңке басқан коңыр жердің алтын шатырындай нұрланып, 

қызғылттанады.

Дөң  басы  қазіргі  уақытта  өзгеше  көңілді.  Кешке  жақын 

у-шуы көбейіп, азан-қазан болған ауылдан шығып, биік сары 

дөңге көтеріліп келе жатқанда, бойың биікке тарта бергендей 

болады

2

. Белгісіз үміт күткен қомағай көз айналаны шарлайды. 



Кейбір жерде көз ұшында аспан төніп жерге қонып, жақындасып, 

жымдасқандай көрінеді. Кейде жерден көтерілген биік таулар 

иректеліп аспанға созылғандай...

Күнбатыстан басқа жақтың пішіні сұрғылт тартты. Алыста 

қарақошқыл тау да бетіне көлеңкедей әжімі жиылып, салқын 

пішінмен түнергендей.

Ептеп қоңырқай тартқан иесіз дала жеңіл тұманды жамылып 

сазарғандай. Жым-жырт.

Күн батты. Қызыл шапақтың көрікті ажары мүйнет сайын 

бәсеңдеп,  дүниені  қаптаған  сұрлықтан  жеңіліп  барады.  Жас 

баланың үзілген жердегі түсіндей болып, қаны тамған қызыл бет-

ке аз-аздап көкшіл сұрғылт өлім таңбасы араласқанға ұқсайды

3

...


Құлаққа ойдағы ауылдардың үні келеді. Қабат-қабат қалың 

таулардың  арасында  иіріліп  жатқан  жасыл  сайдың  бойын 

құлдилай қонған үш-төрт ауыл. Иірім-иірім әр ауылда алқақотан 


132

тігілген қараша үйлердің қалың ортасында бір-бір ақ үй жарық 

айдың, қара су ішіндегі суретіндей жарқырай түседі.

Аралары жақын. Бәрінің де айналасы неше түлік мал. Кешкі 

жайылыстары  бір-бірімен  қосылып  жатыр.  Әрбір  үйдің  жер 

ошағынан  будақтап,  бықсып  шығып  жатқан  түтіндері  кейде 

аспанға шығып, кейде өлкеге жайылып тарайды... Ауылдардың 

арасымен жасыл сайды жарып аққан жіңішке өзен. Кейде тура 

ағып, кейде иіріліп, бұраң-шимай жасайды. Жаңа жамыраған 

қозылар енелерімен бірге, у-шуынан басылып, ауылдардың екі 

жағындағы адырларға тырағайлап өріп барады.

Кешкі суға жаңа қайтып келе жатқан топ-топ жылқы ішіндегі 

түсі айқын қылаңдармен шұбарланып, жасыл шалғынның үстінде 

пыр-пыр  етіп  келе  жатыр.  Шыңғырып  тебіскен,  үйірін  іздеп 

кісінеген дауыстары кешкі ауадан қатты жаңғырып көтеріліп еді.

Еркектің көбі су жағасында әңгіме құрып, жылқы аралап жүр.

Ауыл кешке өзгеше жанданғандай. Қатын-бала, кемпір-шалға 

шейін  тыста.  Әркім  әртүрлі  шаруамен  қарбаласады.  Әсіресе 

малшы-жалшы,  қоңсы-қолаңшы  біткеннің  әбігер-машақаты, 

әуре-сарсаңы бітер емес. Тек жетіскен үйлерден шыққан қолы 

бос, еріккен қыз-келіншек екіден-үштен қосылып қалжыңдасып, 

күлісіп-сыңқылдасып, су жаққа барып, біресе топтанып ойнап, 

дөң асып кетіп жатыр...

Бұлардың тобынан жырылып қалған сұлу қыз ақ көйлек, қара 

кемзелімен ауылдың түсін ашып, даланың өзінше бір күйін еске 

түсіргендей болады

4

. Жұқа қара шапанын ақ білегіне арта салып, 



бұл да бір дөңнен асып барып, омырау қалтасына бағана асығыс 

бүктеліп салынған хатты алып оқып отыр

5

...


Өзенді өрлеп

6

, Саршегірдің шабытты кезінде құс ілдірмек 



болып келе жатқан бозбала судыр қағып, жылжып келе жатқан 

боз жорғаны қайта-қайта тебініп асығады.

Түрілген суық кабақты анда-санда бір қағып, өзен бойына 

қадалып келе жатқан Саршегірдің алтындай сары көзі ашумен 

от бүркіп тұрғандай. Еліріп иек қаққандай болып, анда-санда 

қылмыңдаған  басынан  өлімнен  де  таймайтын,  іздегенге  жау 

екені білінгендей.

Басын шайқатып, кекшитіп екі қанатын салбыратып жіберіп, 

шыдамсызданып отырып, аңшының қолғап киген колын жем-

басарымен, тегеурінімен сығымдап қысып кояды. Бір мезгілде 



133

асығып келе жатқан аңшы тасада отырған екі қаздың тұсына 

келіп  қалып,  қайта  жалт  берді.  Жемді  көзі  шалып  қалған 

Саршегір қолына жата калды.

Аңшы  жылдамдатып  кейін  шегініп  келіп,  боз  жорғаны 

қамшылап,  дабылды  ыңғайлап  алып,  шаба  жөнелді.  Бірер 

секөнттің  шамасында  каздарға  жақындап  келіп,  қаршығаны 

серпіндетіп лақтырып жіберіп, дабылды кағып-қағып қалды.

Дабылдың  даусынан  шошынып  ұшқан  қаздар  қанаттары 

судырлап, қарбаласып тік ұшты. Садақтың оғындай суылдап – 

қыран жөнелді.

Құлшынып  жөнелген  Саршегір  ұшқыр  қанатын  сыпсып 

еткізіп екі-үш қаққанда, әлі күнге ұйлығып, жөнеле алмай бара 

жатқан қаздардың астына жетіп қалды.

Келесі  секөнтте  Саршегір  машинаның  айналысындай  бір 

айналыс  жасағанда  аспандағы  үш  құстың  жарқ-жұрқ  еткен 

шапшаңдығы,  ұйқы-тұйқы  болып  жанталасқан  қарбаласы 

көрінді.


Аржағында  аңырап  тұрған  аңшы  қабақ,  қаққандай  уақыт 

өткенде, бір қазды шалқасынан ұстап сығымдап, төмен қарай 

созылып келе жатқан Саршегір көрінді. Қыран казды шұбатып 

алып түсіп, басып қалды. Аман қалған қаз аспаннан төгіле келіп 

сабаласа да, Саршегір жемін жіберген жоқ... Әне, аңшы да атын 

борбайлап шаба жөнелді.



2. ТҮНГІ АУЫЛ

Майдың  түні.  Желсіз  тынық  ауада  тыныштыққа  батқан 

табиғат өлі ұйқыда қалғып тұр. Сүттей жарық, толған ай сағат 

сайын сызылып, маңдайға (...) қалқып келе жатыр. Қарақошқыл 

аспанды  жымыңдасқан  жиын  жұлдыздар  шашып  тастаған 

күмістей безендіріп тұр.

Аспандағы жарқыраған сұлулар (...) сөлекет жердегі ұйқыға 

жеңгізіп, томсарып, қалғып тұрған тау-тоғайға наз араласқан 

қалжыңмен күліп қарап тұрғандай. Айналада қабат-қабат шың

тау, табиғат кәрі көңілінің ауа райын алғандай, түксиген салқын 

қабағына ескі әжімі жиналғандай ой шыңына батып тұр.

Қара  көңіл  көлеңке  басқан  сайларға  ай  жарығы  түспей, 

түн қараңғылығы басқан теріскей бетті алыстан қара үңгірдей 

үңірейтіп, тау ішін түнергендей қылып, иесіздендіріп тұр. Бұның 



134

үстіне дүниені басқан ауыр тыныштық, ұзаққа созылған жым-

жырттық, мұңмен сызылып төгілген ай сәулесі жүрек қанын 

қаттырақ соқтырып, көңілде күлімсіреу мен болымсыз үміт, рақат 

күйін құрғандай болады.

Тауды  жарған  көк  өзекте  еркелеп  иіріліп,  кей  жерінде 

керіле ұйықтап жатқандай әрекеті – көк шалғынның ортасын 

жарып аққан тілсіз Жіңішке өзені кейде бірқалыпты сарыннан 

жаңылмай, аспандағы ай-жұлдызбен сырласып, сумаң қағып, 

өлең айтып жатқандай.

Бірақ бірқалыпты шабыс білмейтін ойнақ мінезі – бірде жүзі 

жарқылдап күліп, бірде қорланып томсарып аққан қалпынан 

байқалғандай. Өзен жағасын жағалай шыққан жасыл тоғай желсіз 

ауада тыныштық алып, дүние намазына ұйып тұр.

Өзек  шалғынның  шетінде  бетке  сала  қонған  ауылдар 

у-шуынан басылып, іздеген тыныштығына жеткендей болып, 

тыныш алып, ұйқыда тұр. Түңліктері жабулы, үлкен ақ үйлер(ге) 

ай сәулесі төгіліп, ақ нұрымен шомылдырып тұрғандай. Үйлер 

жұмырланып, шаңқиған ақ түсімен өзектің түсін ашып, ұядағы 

ақ жұмыртқадай жарастығын толтырып тұр.

Алыстан қарағанда, жұмырланған үйлердін ұйқыдағы пішімі, 

жұмыр таудан сырттай бөліскен салқын сыр ішіне бүгіскендей. 

Ауылдың қотаны толған мал да бейбіт тыныштық алған... ұйқыда.

Рақатты, жарық түнде жайлы тыныштыққа сүйсініп жатқан 

бірен-саран  қой-ешкілердің  күйсеген  дыбыстары  естіледі. 

Кейбіреулері ұйқысынан оянып, тұра келіп шашалады...

Көп қой қалың ұйқымен жусап жатыр.

Бөлек күй тілемейтін сиырлар да қотанның шеттерінде әр 

жерге шашылып тынығып жатыр.

Қотанның  тау  жақ  шетіне  матастырып  тастаған  түйелер 

айқыш-ұйқыш болып шөгіп жатып, кезек-кезек пысылдайды, 

кейбірі ыңырана-ыңырана жөткірініп пысқырып жатыр.

Ауыл  жақтан  осы  секілді  бірқалыпты  мал  дыбыстарынан 

басқа анда-санда сергек күзетшінің сарылып жалыққан дауысын 

салған айтағы естіледі. Тау ұйқыда жатып жаңғырығып жауап 

қайтарады.

Күзетшінің  бір  қалыппен  созып  айтқан,  қажып  талған 

айқайында  белгілі  күй  бар  сияқты.  Күй  түн  тыныштығының 

күйіне ұқсайды... Сызылып, жүдеу тартып ағарып келе жатқан 

таң күйіне ұқсайды.



135

Бұл әуезінің ішінде де бір тыныштыққа бой ұрған салқындық, 

кеңдік бар...

Болымсыз мұң-зар араласқан қайғының да сарыны бар...

Бұл айғай түндегі қуаттың біріндей болып шыққан сайын 

дүние бәрін жыр әуезіне ерітіп, еліктіріп, жаңғырықтыра биік 

аспанға көтеріп кетіп жатыр.

Адамның әшейіндегі әлсіз даусы табиғаттың дыбыссыз тіліне 

тіл қосатын мезгілі болса осы болар-ау деген ой көңілге нық 

орнаған секілденеді...



Жаяу сал

3. ҚЫСҚЫ ТҮН

Қыстың ұзақ түні. Үлкен таудын ішінде жел гуілдеп соғып, 

ақ боран ұйтқып ойнап тұр. Қараңғы, тұманды түннін жанды 

шошытатын суығы қаһарлы. Ашуы келіп, аласұрған қатты дауыл 

бетіне қарсы қараған затты жерге қаққандай болып, құлшынып 

тұр. Ысқырып, бұлқынып, жынданып келе жатқан жолында беті 

кара жартас, жапырағынан айырылған әлсіз ағаш, қарауытқан 

кішкене кора көрінсе де екпіндеп келіп, кеудесімен соғып, ақ 

түтек боранның қиыршықтанған ақ тозаңын шашып, беттерін 

дамыл алмай көміп тұр.

Долы желдің айдауына түсіп, түтіндей болып алақаншықтаған 

ұсақ қар ұйтқып келіп, қуыс жердің бетін басып жатыр.

Шың тау тентек желдін ашуы мен ойнағына қарап, тұманды 

ойға батқандай, бас жағы бұлтқа араласып мұнарланып, түнеріп 

тұр.

Ақ  боран  көк  пен  жерді  бір-біріне  араластырғандай. 



Аспандағы ай-жұлдыз, жердегі қара-құрадан ешбір белгі жоқ. 

Айнала аппақ болып тұтасып алған.

Биік  тауға  екпіндеп  ойнап  шығып,  шың  басында  өнеріне 

сүйсінгендей  ойнақ  салып,  етекке  қарай  ысқырып  құлап 

жөнелгенде,  долы  дауыл  сай  бойында  жын-перінің  күйіне 

билегендей болады. Ағындап құтырып келіп, жартасқа соғып 

қорқытпақ болып, көрігін басып гуілдейді. Жер тарпып шаңын 

аспанға шығарып, ақ көбігін атқытып шабынады. Біресе жа-

бысып  келіп  құшақтап,  жарығына  кіріп  ысқырып,  тербетіп, 

оятпақшы болады.



136

Кейде одан өтіп, өзектегі қалтырап жаурап тұрған жас тоғайға 

келіп, жерге шейін басын игізіп, тәжім еткізіп, арасынан суылдап 

бұраң қағып, ойнап өтеді.

Кей-кейде бұның бәрін тастап, ұрысайға тығылып отырған 

кішкене қораның үстіне келіп, ақ түтек болып ұйтқып, ойнағын 

салып, жержүзінен жоғалтпақшы болады. Суық болып үскіріп, 

боран  болып  аласұрып,  әлсіз  адамға  қыр  көрсеткендей 

қаһарланады.  Кішкене  терезеден  көрініп  тұрған  әлсіз  жарық 

тыстағы  дауылдың  лебінен  қалтырағандай,  суықтан  бұғып 

бәсеңдегендей, жарығы да дірілдеп, алакөлеңке болып әлсірейді. 

Тынымсыз  соққан  боран  ұйытқып,  ұйлыққан  қар  терезенің, 

төменгі көздерін басып, жоғары таман өсіп келеді.

Кішкене үйдің іші жүдеу. Сарылған сары уайымның таңбасы 

үй ішіне түскендей. Пештің қырында тұрған жалаңбас лампы 

үй ішіндегі караңғылықты зорға жеңіп, жалпылдап, алакөлеңке 

болып жанып тұр.

Үй ішінің барлық жаны – кураған кемпір мен шал және он 

шақты жасқа келген ауру бала. Кемпір-шалдың бұдан бір ай 

бұрын сүзектен өлген келіні мен азамат баласынан қалған жалғыз 

ұрпағы осы бала еді. Бұ да он шақты күннен бері карай сүзек 

болып, қазірде ауруы қатайып, хал үстінде жатыр.

Баланы  пештің  жанына  жатқызып,  кемпір  мен  шал  екі 

жағында бүрсиіп, жүдеп, жаны қысылып жатқан жалғыздарына 

телміріп қарап, сарылып отыр. Жалғыз кабат терезеге екпіндеп 

келіп соққан қатты дауыл біресе гуілдеп шыдамсызданып, біресе 

ысқырып әлек салып, біресе дүрсілдетіп ат ойнатқандай болып 

құтырып, ауру баланы қайта-қайта шошытып оятады. Терезенің 

тесіктерінен кірген тыстағы суық енді бу болып шығып, үй ішіне 

тарап тұр.

Бала сағат сайын нашарланып, сөнуге айналған жарықтай 

төмендеп  барады.  Кемпір-шал  айласы  бітіп,  әлі  құрып,  кәрі 

көздерінен ұлы жастарын ағызып, мойындарына бұршақ салып 

тілеу тілейді. Сиынбаған аруақ, жалынбаған әулие қалған жоқ. 

Екеуі де іштегі қайғыны айтыспай ұғып отыр. Орталарындағы 

жалғыз тірек, жалғыз қанат кеткен соң күндері не болады?

Ержеткен бала мен келін өлген. Жанашыр жан жоқ. Бүгінгі 

соғып тұрған боран жалғыз бүгін емес, қыстай соққан. Бір жағы, 

соның салдарынан, бір жағы, баласы ауру болғандықтан, колдағы 

азын-аулақ малы күтілмей, бәрі де жұтап таусылған.



137

Енді аз күнде бұлардың басына келгелі колын созып, төніп 

аштық тұр. Жалғыз алданышы, жұбанышынан айырылып, қу 

моладай  құлазып  қалатын  жетімдік,  қубастық  та  бүгінгі  күн 

келгелі тұр. Өлгенше көрмесек екен деген суық пішінін сорлы 

үйдің ішіне кіргізіп, көрсетіп келеді.

Ендігі өмір не болар? Келесі күн қандай күйге ұшыратар? 

Белгісіз... Түсі суық... Жылдай созылған ұзақ түн өтпеді... Суық 

дауыл, ақ боран ашылған жоқ, бұрынғысындай құтырып, ша-

бынып тұр. Зәрлі түн әлсіз жанды жұтқалы жалана берді. Бұл 

түнмен ауру баланың өмірі жарыса алған жоқ. Аздан соң демі 

бітіп үзілді. Түнгі боран басқан жалғыз қурайдай, айдаһарша 

аласұрған  суық  табиғаттың арасында  баланың  әлсіз  өмірі  де 

таусылып, жарығы сөнді...




1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал