Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 3.79 Mb.
Pdf просмотр
бет8/32
Дата11.01.2017
өлшемі3.79 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32

ҚОРҒАНСЫЗДЫҢ КҮНІ

С. қаласының оңтүстігін жайлаған елдің, қалаға қатынасатын 

қара жолының үстінде Арқалық деген тау бар. (Даланың көңілсіз 

ұзақ жолында қажып келе жатқан керуенге Арқалық алыстан 

көрініп, дәмелендіріп тұрады. Жолдың аузында көлденең со-

зылып жатқан тұрқы он шақырымдай болғанмен, енсіз кереге 

сықылды, жалғыз тау. Не бауыры, не сыртында ықтыртын жоқ 

ысқаяқ. Арқалық жадағай, жалғыз қабат болған соң, қыс күнінде 

жел терісінен соқса да, оңынан соқса да паналығы жоқ: азынап 

тұрады.  Қыстың  басынан  екі  жағын  қар  алып,  жұмыртқадай 

қылып тегістеп тастайды)

1

.



Сондықтан  өзге  жер  ашық  болып  тұрғанда,  Арқалықтың 

бауыры көбінесе бораннан босамайтын. Алыстан қарағанда да 

Арқалық бұдыры жоқ жалаңаш. Көруге аса көңілсіз.

Жыл сайын кыс басынан қарлы болып, малға панасы жоқ 

болғандықтан, бауырын жайлаған ел малын өлтіріп, өзге ел аман 

отырғанда, шолақ жұттың құрығынан құтылмайтын. Сондықтан 

бауырын мекен қылған ел көбінесе кедей болатын. Бұл жерді 

мекен қылған ел, ерте күннен аталарының, қонысы болғандықтан 

және басқа ірге аударарлық жайлы жері жоқтықтан, “құдайына 

жылап” отыра беретін. Бұлардың жалғыз-ақ медеу қылатыны 

Арқалықтың егіндігі еді. (Бауыр сыртының шымы тұтас көделі 

жер болғандықтан, үй басының салған бірлі-жарымды бөлтек 

егіні тәуір болып шығып, ұзақ қысқа қорек қылатыны сол бо-

лушы еді)

2

.

Арқалықтың  бұл  айтылған  жайлары  оңтүстігін  жайлаған 



Уақпен көршілес үш-төрт болыс елге белгілі болатын. Бұған се-

беп – Арқалықтың сырт елдер қалаға қатынасатын қара жолдың 

үстінде болғандығы. Өткен-кеткен керуен ұзақ жолда не көлігі 

талып шалдығып, не өзі шаршап қажып келе жатқанда қадаулы 

қоналқалық, не түстіктік жері Арқалық болады.


104

Арқалықтың жолы асатын кезең – Күшікбай кезеңі деп ата-

лады.  Күшікбай  –  Арқалықты  қыстайтын  бес-алты  ауылдың 

атасы. Өзі батыр болған адам дейді. Дәл қара жолдын аузында, 

Арқалықтын  бір  кішілеу  биігінің  басында  тастан  үйген  оба 

секілді жалғыз мола бар. Сол мола Күшікбай батырдікі. Кезең 

де сол себепті Күшікбай атымен аталған.

Күшікбайдың  кім  екендігін,  басынан  қандай  дәурен 

кешкендігін әрлі-берлі етіп жүрген керуеннің көбі білуші еді. 

Оларға білдіретін заманның шежіресі – дәурені өтіп кедейлік 

басқан, көңілсіз салқын өмірге түскен кәрілер болатын. Бұдан 

соңғы білдірушілердің көбі өткен-кеткен керуенге көп сөйлесіп 

дағдыланған,  ауыл иесі болған  соң,  алдынан ешкім  шықпай, 

жаман әдеттеніп, өтірікшілеу болған адамдар болатын. Бұлардың 

көбі әңгіме айтудан бұрын, азырақ шарт керек қылушы еді. Алды-

мен күндізгі мазасыз суық пен қар басқан көңілсіз елсіз даладан 

құтылған  болу  керек.  Өнбейтін  азын-аулақ  малдың  соңынан 

жүріп әрі іш пыстырып, әрі қинаған бейнеттен серпіліп, күн бата 

үйіне келуіне керек. (Екінші, көлігіне, өзіне азық сұрап, шығын 

шығаратын  жат  керуен  жоқ  болсын.  Сол  кезде  үйінде  бірлі-

жарым көңілі сүйетін, сыйлайтын қонағы болуы керек. Ақсақал 

мал қоралап болып, жайланып шайын ішіп, қазанаспаның аузын-

да кейде жылтылдап, кейде лапылдап жанып жатқан отты көріп, 

бұрқылдап қайнап жатқан еттің иісі мұрнына келіп отырғанда, 

серпіліп әңгіме айтатын)

3

.



Жолдан қажып келіп, тынығып жантайып жатқан салбыраңқы, 

күңгірт пішінді жолаушылар бастарын көтерсе де, жарым-жар-

тылап қалғи отырып, әңгіме тыңдаушы еді.

Міне осындай көңілді жайдың бірінде өткен күндердің көп 

әңгімесін еске түсіріп отырып, әңгімеші ақсақал сөз арасында 

Күшікбайдың тарихын сөйлеуші еді.

(– Күшікбай батыр жиырма бір жасында дүние салған екен. 

Ерте күннен жортуылға аттанып, Уақтың көп батырларының ара-

сында бұғанасы қатпағандығына қарамай, талай қиын-қыстауда 

ақыл  тауып,  қажымай  қайрат,  ерлік  көрсеткен)

4

.  Осындай 



өнерінің арқасында ерте күннен батыр атын алған екен. Соңғы 

жылдарда көздеген мақсаты қолбасылық болып, аяғында оған да 

жетіп, егескен елінен кегін алып егер қылып жүргенде  шешек 

шығыпты. Шешек ауыр болып, төсекте қозғала алмай көп уақыт 



105

жатып қалған. Сол кезде Күшікбай ауырып жатыр дегенді естіп, 

талайдан өшін ала алмай жүрген Уақтың бір батыры жауының 

жанын ауыртпақ болып белдеуде байлаулы тұрған “қызыл бесті” 

деген атын тал түсте тартып алып кетіпті. “Пәленше атыңды 

алып кетті” деген ағайынның жетімсіген сөзін естігенде жаны 

шыдамай, ауруымен алысып, жылқыдан ат алғызып, жалаңаш 

етіне бір шекпенді кие салып, жауының артынан қуып кетіпті. 

“Батырды мұқаттым” деп үйіне келіп, жаңа жайланып, жауы 

отырғанда: Күшікбай атын ойнақтатып, найзасын түйілтіп, өрт 

сөндіргендей болып зәрін шашып  жетіп келген. Сол бетімен 

ауылдағы  самсаған  сары  қолға:  “Соғысамын,  қан  төгемін”,– 

деп әлек салған. Бірақ жиылған елдің ішіндегі басты адамдар: 

“Уақтың баласы бірін-бірі өлтіріп арандаспасын”–деп, ат-шапан 

айыбымен Күшікбайдың атын қайырыпты. Батыр еліне қайта 

қайтқанда  ауруы  меңдей  бастап,  атқа  әрең  жүріп,  осы  күнгі 

бейіті тұрған биіктің басына келгенде мұршасы құрып, найза-

сын тіреп аттан түсіпті. Сонан соң басын оңға қаратуға ғана 

шамасы  келіп,  жан  тәслім  қылған.  Артынан  ағайын-туғаны 

жылап барса: шешегінің ауыздарын шекпен қажап, қотырының 

суы шекпенінің сыртына шып-шып шығып кеткен екен дейді. 

Батырдың көп мұратына жете алмай, жас күнінде қуаты қайнап, 

долданып өлгендігінен моласы тұрған биіктің бауырынан боран, 

ызғар айықпайтын болған екен,– деп, бағанағы кәрі әңгімесін 

тоқтатушы еді.

Бұл әңгімені айтушы адамдар Күшікбайдың кім екенін жұртқа 

танытқанда,  өзінің  сол  батырдың  ұрпағы  екендігін  көңіліне 

бірталай қанағат қылып, бойы көтеріліп, көңілі күңгірт өмірдің 

уайымынан бірталай сергіп қалушы еді (...)

5

.



Январь  айының  аяқ  кезі.  Күн  батуға  тақап  калған  мезгіл. 

Күнбатыс батуға айналған күннің қызғылт сәулесімен нұрланып, 

қызыл торғынның түсіндей боялып тұр. Күнге жақын тұрған 

ұзынша жұқалаң бұлттардың түсі қалың өртке қызған темірдей 

қып-қызыл. Төбеге жақын тұрған алысырақ бұлттардың бір-бір 

жағы ғана жұқалаң қызылға боялған асыл нұрдың буын ғана 

жалатқандай. Қызғылт сәулесін дүниеге жайып тұрған күн шара-

сымен тұтас көрініп тұр. Аспан ашық. Берірек тұрған азғана ала-

шұбар бұлттар кең жаһанның жүзіне перде болған жоқ. Күні бойы 

тыныш болған жел Күшікбайдың бауырында ғана ызғырықтап, 



106

жаңада жауған көбік қарды жаяу борасындатып тур. (Күннің 

қызыл сәулесі даланы да, тауды да өз өңіне кіргізген. Күнбатыс 

жақтан бораған ұсақ қар да күн астынан қызғылттанып көрінеді)

6

.

Жоғарыда айтылған Күшікбайдан асатын қара жолдың үстіне 



Арқалықты бетіне алып, қала жақтан бір пар атты келе жатыр. 

Жайдақ  сары  шанаға  биіктеп  салған  жеңіл  жүгі  бар,  жақсы 

киінген екі жігіт. (Сылаң еті бар екі қоңыр ат қажығандығын 

білдірмей, көшір жігіт божы қаққан сайын ығыса жөнеліп, сары 

желіп келе жатыр)

7

.



Жолаушының бірінің торғын тысты жаңа түлкі тымағы бар. 

(Қалың киімнің сыртынан киген мол сұр шапанының жағасы қара 

барқыт. Аяғында байпағының қонышын барқытпен көмкерген 

жаңа қара етік. Алғашқы көрген жерден-ақ мынау мырзасы екен 

дегізгендей)

8

.



(Бұл жігіттің жасы отыз шамасында. Орта бойлы, дөңгелек 

денелі, қысқалау мұртты, шоқша сақалды сұрғылт беті дөңгелек 

жалпақтау. Суық қарайтын қисық біткен кішілеу өткір көзінде 

және түксиген қабағында өзгеше қаталдық бар. Кішкене мұрны 

көз,  қабағына  үйлеспейді.  Бұл  адамның  күлгендегі  пішіні 

құмарлыққа көп салынғандығын білдіріп тұрады.

Бұл жігіт – Ш-тың болысы Ақан мырза)

9

. Қалаға қазынаның 



алымын салуға барып, жұмыстарын түгел бітіріп, үйіне қайтып 

келе жатқан беті. Қасындағы Қалтай – ерте күннен жанынан тас-

тамайтын жолдасы. Ақан болыс болғаннан бері қарай атшабар 

қылып, бұрынғысынан да жақын ұстайтын. Қалтай аса пысық, 

сөзге ұста, қалжыңқой, әсіресе Ақанның түндегі жүрісіне өте 

ыңғайлы әрі жылпос, әрі тілді ер жігіт еді.

Ақан күні бойы жолда көп сөйлемей, бір нәрсені қадалып 

ойлағандай болып отырды. Бірақ түпсіз терең ойдың түйінін 

шеше алмай отырған кісінің пішініне түскенмен, Ақанның ойы 

қай жерде жүретіні белгілі еді. Ол көбінесе осындай қадалып 

ойлағанда, қиялында бір сұлу әйелдің суретін тауып алып, соған 

пәлендей деп сөйлесіп әзілдессем, сондай қылып кұшақтасам, 

сүйсем деп, соны ермек қылушы еді. Қалтай мырзасының не 

ойлайтынын білсе де, ерте күннен жалтаң болып өскендіктен, 

ашуланып қала ма деп қорғалақтап, жанын ауыртатын сөздерді 

мұндай күйде айтпайтын. Сондықтан Ақан үндемегенде, о да 

үндемей отырады.


107

Жолаушылар күні бойы тоңбай келсе де, кешке жақын күн 

суытынқырап, Күшікбай бауырының ызғырығы қатайған соң 

тоңази бастады.

(Божы ұстап отырған Қалтай бетін уқалап, кішкене қозғалып, 

Ақанға қарап: – Батыр-ау, мына Күшікбай “мені өлтірген шешек – 

осы Ш. қаласы” дей ме? Немене: бір емес-екі емес, ызғырықтайды 

да тұрады, – деп күлді. Ақан да түсі жадыраңқырап күліп, аз 

сергіп қалды. Біраз уақыт өткен соң тағы да үндемей күні бойғы 

әдетпен тұнжыраса бастады)

10

.

Осылай алыс жолдан жалығып, тоңып, ығы кетіп қырындап 



келе  жатқан  жолаушыларға  Күшікбай  кезеңінің  түбінде  бір 

жіңішке қара сызық секілденіп Қанайдың жалғыз қорасы көрінді. 

Ұзақ жол қажытқан жолаушылар осы болымсыз кішкене сызыққа 

қарап, қоналқаға келетін үйінің әртүрлі көңілсіз жайларын есіне 

түсірді. Бұрынғыдан да тұнжырады. Көңілсіздік молайды.

Қанайдың қорасы кезең қасына келгенге шейін жан иесінің 

мекені екендігін білдірмейді. Иесіз аңырап, ұмытылып қалған 

бірдеңе секілді. Қорадан жарты шақырымдай жерде басы қара- 

қожалақ болған кішкене төбешіктің үстінде томпайып жатқан 

бір  үлкен  кісінің,  бір  баланың  бейіті  бар.  Жолаушылар  өтіп 

бара жатып, әлгі бейіттерге қарап, ауыздары күбірлеп, тоңған 

қолдарын көтеріп, беттерін сипап, бата қылды. Күшікбайдың 

басынан соққан боран жаңадан шыққан бейітті қармен көміп, 

қараушының  көзінен  тез  жасырудың  қарекетін  істеп  жатыр. 

(Иесінің дүниеге келгенін сездіретін ақырғы белгісі – томпиған 

бейіт  аз  уақытта  жоғалмақ,  із  бітпек.  Таудан  аса  соққан  жел 

бейіт тұрған төбешіктің басында, әсіресе қатты ызғырықтанады; 

бейіттің  тау  жағынан  топырағын  ұшырып,  екінші  жағына 

жалданған қармен басып жатыр. Аз уақытта бейітті түгелімен қар 

көмгендей. Кейде себелеп, сырғып өтіп жатқан ұсақ қар өзінің 

мейрімсіз, ырзасыз, бірақ еркін бір куә екендігін білдіріп тұр.

Бейіттен жарты шақырымдай жерде тұрған екі кішкене қора 

да  бейіт  секілді  мүләйім  пішінденген.  Тозығы  әбден  жетіп, 

ескіргенін төбесі де сездіреді. Қыры кетіп жұмырланған бұрыш-

бұрышында үйіліп қалған қорда топырақ, қораның онсыз да аласа 

бойын жермен-жексен қылып тұр. Жан-жағына үйілген қар, қыс 

басынан бір күрелмегендіктен, қораның үстіне шығып, біржолата 

басып алған. Аз күнде қораны көзден жоғалтуға айналған.



108

Бұл күйден аманырақ болған есіктің ғана алды. Кішкене тар 

күресіні  бар.  Қыстау  айналасының  әлгідей  пішінінің  үстіне, 

теріскей жақ бұрышындағы бір қораның төбесі ортасына түсіп, 

таудан  аса  соққан  боран  әлгі  тесіктін,  үстінде  ақ  түтектеніп, 

біресе  түтін  секілденіп  ұйтқып,  біресе  қиыршықтанған  ұсақ 

қарын ішке себездеп төгіп, қораның ішін толтыруға тырысып 

жатыр. Тау жақтағы пішенқораның ішінде бір-екі шошақтай ғана 

тапталған аз пішен бар. Бұнда сауырсын жотасының бәрі қар 

болған бір арық қызыл торпақ және екі-үш жаман тоқты тұр)

11

.

Қораның сыртынан білініп тұрған осы секілді көңілсіз күйін 



көрген адам “бишара, мынау қандай сорлының қорасы екен?” 

деп еріксіз айтқандай. Мұны ойлаған адам үйге кіріп, қораны 

мекен кылған адамдарды көргенде, әлгі ойының шындығына 

көзі жетуші еді.

Күндізгі біз көрген жолаушылар күн батып, кой қоралаған 

мезгілде осы қораның алдына келіп тоқтады. Шанадан түсіп, 

үстерінің қарын сілкіп болған соң, Ақан мырза қораның сиқын 

көріп, көңілсізденіп:

( – Қалтай, осы үйге қайдан әкелдің? Кісі отырарлық жері де 

бар деймісің, басқа үйлердін біріне бармай, – деді.

Қалтай атты доғарып жатып:

– Үндеме, неге әкелгенімді кейін білерсің, – деді.

Құлағына жайлы хабар тиген соң, Ақан үйге кіруге асыға 

бастады. Аты доғарылды. Енді қонақтар қараңғы қораның ішіне 

кіріп, қабырғаны сипалап жүріп есікті тауып алып, үйге кірді)

12

.



Үй – ауызүй, төрүй ретінде салған екі бөлмелі екен. Бірақ 

ауыздағы  бөлме  затында  үйге  арналып  салынса  да,  қазіргі 

қалпында үйліктен шығып әрі шошала, әрі қораның міндетін 

атқарып тұр. Үйліктің белгісі терезенің жалғыз әйнегін жап-

сырып қойған тесіктен және жылтылдап от шығып жатқан бір 

бұрыштағы кішкене казанаспадан ғана білінеді. Іші қараңғы. 

Бұрыш-бұрышында аяздаған қар, қабырғасы кара балшықпен 

сыланған кір. Төбесіне жапқан сырғауыл қарайған, түгел ыстан 

қап-қара. Терезе жақтағы бір бұрышында жаңа туған бір қозы 

және арқасына киіз танып қойған бір арық қызыл торпақ тұр. 

Төрүйдің іші бұдан гөрі аз көңілдірек. Көп тұрғандықтан май 

болып кірлеп, қарайып кеткен кішкене тар тесіктен кіргенде, оң 

жақ бұрышта ешбір сәнсіз, ретсіз үйіле салған үлкен пеш бар. 

Одан жоғары бояуы көшіңкіреген ағаш төсек. Үстінде іждиһатты 



109

қолмен жиылған сұрғылт түсті көнетоздау екі-үш көрпе, жастық. 

Есікке қарсы төрде кішкене жүкаяқтың үстінде екі ескі сандық, 

үйдің қалған жерінде бөтен еш нәрсе жоқ. Төр дегені екі-үш кез 

ғана жерге жайылған ескі құрым киіз. Соның үстінде бір-екі 

ескілеу сырмақ. Үй ішінің барлық жасауы осы. Бұл үйдің де 

қабырғасы көп жылдардан бері сыланбағандықтан, әр жерінен 

қара балшығы шығып, кір болып, қожалақтанып тұр. Пештің де 

өнебойы не күйе немесе қожалақ болып, кей жерлерінің кәрнезі 

сынған  –  о  да  тозығы  жеткендігін  білдіргендей.  Оңтүстікке 

караған  екі  көзі  жамаулы  кішкене  терезеге  тау  желі  гуілдеп 

соғып, әр жеріндегі тесігінен тыстағы суық бу болып кіріп тұр. 

Көздерінің бәрін қырау басқан, аппақ. Пештің қырында тұрған 

кішкентай жалаңбас лампының жалпылдап жанған болымсыз 

жарығы үй ішінің қараңғылығын зорға жеңіп, азғана елпілдеп, 

күңгірт, қызғылт сәулесін түсіреді.

(Бұл  үйдің  барлық  жаны  –  үш-ақ  әйел.  Пештің  жанында 

біріне-бірі  тығылып,  бүрсиіп  отыр.  Әйелдердің  біреуі  –  сек-

сеннен асқан, кәрілігі әбден жеткен кемпір, екіншісі кырықтын 

шамасындағы  әйел,  үшіншісі  он  үш  жастағы  кыз.  Кемпірдің 

жасы  қартайып,  қуаты  азайғандығы  шын  болса  да,  бетінде 

ерекше бір қайрат білінеді, еркек пішіндес кесек. Үлкен, жалпақ 

маңдайлы, қошқар тұмсықтау келген үлкен мұрынды. Тақырлау 

сұйық қабақтың астынан көрінген кішкене өткір көздері қажыған 

салқын  жанармен  жалтылдайды.  Маңдайы  мен  екі  ұртына 

түскен қатпары қалың терең ажымдары өмірінін талай қайғы, 

талай бейнетіне куә. Бұл кемпір осы үйдің қазіргі қожасы. Ана 

әйелдің біреуі – келіні, біреуі – сол келіннен туған немере қызы. 

Келіннің, пішінінде не жақсылығына, не жаманшылығына айғақ 

болған орасан белгі жоқ: орта пішінді, орташа жаратылған адам 

тәрізді. Бірақ бұның пішінінде де өзгеден бөтен бір жаттық бар. 

Қадағалап қараған кісіге ол көрінетін. Тұңғиық қара көздері бір 

қараған жерден аумай, ылғи жансыздықпен қарап тұрғанына 

көзі түскен адам бишараның кім екенін айырушы еді. Ол жаңа 

арада  екі  көзінен  айырылған  су  қараңғы  еді.  Бұл  екі  әйелге 

ермек, жұбаныш болып отырған – жас қыз. Ол – сыпайы, нәзік 

болып өскен Ғазиза: жіңішке сұңғақ бойлы, азғана секпілі бар 

дөңгелек ақ сұр жүзді Ғазиза. Көрген көзге алғашқы жерден-

ақ  сүйкімділігін  сездіретін  уыз  жас.  Жалғыз-ақ  ұяң,  жұмсақ 


110

қарайтын  қара  көзінде  және  ылғи  шытынған,  кірбеңдеген 

қабағында қалың уайымның салған ізі бар. Пішіні мұңды, жүдеу. 

Жас басына орнаған қайғы, жүрегін жеген дерт сыртына шығып 

тұр)

13

.



Бұл баланың уайымы не? Уайымы – осы үйдегі үш әйелге 

ортақ болған жесірлік, жетімдік. Бұлардың басынан тағдыр да-

уылы жаңада ғана соғып өткен. Қоранын, алдындағы жас бейіттер 

сол дауылдың салдарынан туған. Бұл әйелдердің қуаныш-қызығы 

да, үміт-қорғаны да сол суық қабырға еліктермен бірге көмілген. 

Ол  қабырда  жатқан  –  Ғазизаның  әкесі  Жақып  және  жаны 

туысқан жалғыз кішкене бауыры – Мұқаш. Осы бүгінгі кештен 

бір ай бұрын әкесі мен бауыры қабат жығылып, сүзек болды. 

Ғазизаның ағам өлсе, күнім не болады деп күндіз-түні бірдей 

тыным алмай, құдайға кұпия сыбырлап, оңаша жерлерде тыста 

жүріп өксіп-өксіп жылағаны, кемпір әжесінің мойнына бұршағын 

салып, ата-бабасынын, аруағына жалбарынғаны себеп болмай, 

екеуі де өлген.

Иесіз қорада қуатсыз, қорғансыз үш әйел құлазып зарлап 

қалғанда,  маңайынан  жиылған  көрші-қолаңшы  ғазиздерінің 

сүйегін суық қабырға салғанын ойлағанда, әрқашан Ғазизаның 

жүрегі  шаншып,  өңі  қашып,  көзінен  ыстық  жасы  тамшылап 

кетуші еді.

Бұл бала жасынан көкесінің жалғыздығын, ағайындарының 

достығы жоқ қаттылығын ойлап, сыртына шығарып ешкімге 

айтпаса да, сол әкесіне жаны ашып, тілеуін тілеумен өскен. Ол 

көңілді болған уақытта – бұл да көңілденіп, қуанып отырушы 

еді. Жасынан сезімді бала зерделілігімен әкесінің жалғыздығын, 

шаруасының нашарлығын ұғып, соған қолынан келгенше көмек 

қылғысы келіп тұратынын сезген соң, үй іші түгелімен Ғазизаны 

әлпештеуші еді.

Бұрын  әкесі  тартатын  ауыртпалықтың  бәрі  бұл  күнде 

Ғазизаның өз басына түскен. Еркек істейтін шаруаның бәрін 

өзі істейтін болып, әлі келгенше үйінің барлық шаруасын ұстап 

тұрған – өзі. Соңғы аз уақыттан бері бұл қызметінің үстіне, тағы 

үй  ішіндегі  бар  жұмыс  масыл  болып  мойнына  мінді.  Бұрын 

тыстағы  шаруасына  да  көмегі  тиіп,  үйдегі  барлық  шаруаны 

жайлап отырған шешесі жиырма күннен бері көзінен айырылып, 

соқыр болды. Жақыптың тірі кезінде көзі анда-санда ауырып. 

қалып: “шөп түсті”, “көз ауру болдым.”, “желге асқынып кетті”,– 


111

деп жүре беруші еді. Жақып өліп, көп жылаған соң, сол көзі аз 

күнде суқараңғы болды. Үй үшінін кайғысы бұрынғысынан да 

асты. (Жетім-жесірге ес болып отырған кемпір, басынан кара 

тұман айықпай, үсті-үстіне қайғы жауып, қабат қаза көрген соң, 

құдайға, тағдырға нанған көңілмен бір уақыт шын жалбарынып, 

назаланып: “Құдай-ау, не күнә сұмдығымнан осындай: казаға ду-

шар қылдың? Не жазығым бар еді?” – деп  меңіреу дүниеге сұрақ 

қоюшы еді. Ауыр өксікпен күрсініп, кеудесін жарған уайымның 

жалынын, ешкімнен жауап қайтпайтынын білсе де, анда-санда 

дауыстап айтып отырушы еді)

14

.



Ғазиза  да  екі  шешесімен  қосылып,  жүректерін  жеген: 

қайғыларын  сыртына  шығарып  сөйлескенде,  бұрынғы  өткен 

күндерін сағынушы еді. Кемпір оны да еске түсіріп: ол күн де 

бір дәурен екен ғой, Жақып тірі тұрғанда кімнен кем, кімнен қор 

едім?! – деп, аһ ұрып алып: ендігіні айтсаңшы, тістегеннің ау-

зында, ұстағанның колында кетіп отырған деп,– үнсіз жылайтын.

Күндегі әдетпен белгілі уайымның соңында бишара әйелдер 

отырғанда, ауызүйдің есігі ашылды. Үшеуі бірдей: “бұ кім?–десіп 

есікке қарағанда, бұлар отырған: үйдің де есігі ашылып, үйге 

түлкі тымак, жақсы киімдер киген екі қонақ кіріп келді.

Ғазизаның  соқыр  шешесі  Ғазизаны  түртіп,  қонақтың  кім 

екенін  сұрады.  Ғазиза  қонақтар  келген  жердегі  таңданған 

пішінмен ақырын: “Білмеймін, танымаймын!” – деді. Қонақтар 

киімдерінің  қалған  қарын  қағып,  төрге  шығып  отырған  соң, 

асжаулық әкелгізді. Ақан құран оқыды. Артынан Ақан да, Қалтай 

да үй ішімен амандасып, кемпірге қарап:

– Құдай ісі сыпайышылық, ақырының қайырын берсін!– деп, 

жайлап көңіл айтты.

(Үй іші қонақтар алғашқы келгенде таңданса да, артынан 

пішіндерін, калыптарын көрген соң, жетімдік халдеріне мүмкін 

болған дәрежеде көңілденіңкіреп, жадырап, шамаларынша серги 

бастады. Еркектері өлгеннен бері қалған әйелдердің уайымынан 

босаған шағы осы бөтен кісілер келгенде ғана болатын. Одан 

басқа уақытта үшеуі үйде оңаша отырғанда жетімдік-жалғыздық 

та,  қорғансыздық-сорлылық  та  көздеріне  айқын  көрініп, 

көңілдерін мұң мен зардан айықтырмаушы еді. Сол ретпен қазіргі 

қонақтар келгенде де қабақтары жадыраған себебі осы еді)

15

.



Қонақтар шай ішіп, жайланып болды. Кемпір ауыл ақсақалы – 

басты еркектерше қонақтармен әр нәрсе жайынан жақсы сөйлесіп 



112

отырды. Кемпірдің байсалды сөзімен қонақтарын құрметтегісі 

келіп отырған ықыласын және қайратты жүзін байқаған соң, 

Ақан да әр нәрсенің жайынан сөйлесуге жалықпайтын сияқтанып 

отырды. Басында қала жайынан, ел жайынан қысқа-қысқа хабар-

лар айтып отырған Қалтай еді. Шай артынан екі қонақ көбінесе 

кемпір сөзіне құлақ салып отырды. Кемпір, қонағы – бір елдің 

болысы  болған  соң,  оның  үстіне  сөзінің  салмағы  бар  жуан 

ауылдың баласы болған соң, екінші, әрлі-берлі өткенде бірде 

болмаса-бірде сөзім, ісім түсер деп, өзінің баласы өлгеннен бергі 

жайын білдіріп қоюды ойлады.

Осы оймен өзінің жай-күйін айта бастады. Кемпірдін әңгімесі 

шешен ұғымды тілмен ұзақ айтылды. Даусын біресе тиісті жерде 

қатайтып, өңін ажарландырып, біресе ақырындап келіп, аяғын 

сыбырлап жеке-жеке айтып, ұғымды қылып, барынша көңіл-

іждиһатпен  айтты.  Әңгіме  әлпеті  өлер  алдындағы  қоштасып 

отырып айтқан немесе бір үлкен марқабат күткен кісісіне жаны 

қысылған  уақыттағы  үміт,  тілек  айтқан  сөзге  ұқсайды  (...)

16



Ақанға қарап, кабағындағы кірбеңі жадырап, сөз бастады:



– Қарағым, біздің хал-жайымыздың шет-жағасын көріп-біліп 

отырсың ғой, – деп, тағдырдың барлық суығына, зардабына, аза-

бына шыдаған, шыныққан қайратты, сабырлы пішінмен күрсініп 

алды.–  Біз  жетім-жесір  қалған  панасыз  бишарамыз.  Барлық 

дүниенің тауқыметін арқалап қалған жас балам – анау. Мен бол-

сам – сарнаған тілімнен басқа түгім қалмаған, қайратым қайтқан, 

бір аяғым көрде, бір аяғым жерде тұрған қуарған бір кемпірмін. 

Екі көзін алып, құдайым мүгедек қылып қойған келінім – анау. 

Өзіне күтуші керек қылып отырған ол – бір сорлы.

Әрі өтіп, бері өтіп жүргенде сондайлық бишаралар еді-ау деп 

есіне ала жүрсін деп, айтып қояйын деп отырмын. Күндердің күні 

болып жүдеп-жадап, біреуден зорлық, біреуден қорлық көріп 

отырған үстіне келсең, көзіңнің қырын саларсын. (...)

17

. Жайым-



ды айтып қояйын: ең болмаса – жылы сөзіңді айтарсың. Бөтен 

елдің жұмысына не сөз айтам демессің. Сендердің сөздеріңді 

тастай алатын Уақтың баласы жоқ кой. Бұл арада отырған елде 

адам секілді адам бар ма? Ұрғашы секілді жыбырлаған ұсақ. 

Қорыққанына  ғана  жауап  беріп,  корықса  ғана  айтқаныңды 

істейтін сұмдар емес пе?! Міне – менің Жақыбым өлгеніне екі 



113

ай болды. Біреуі туысқан болып: бишара, жайың қандай, шаруаң 

не күйде деп, есіктен карады ма екен? Қайта үйімізге келсе, 

шетінен  тысырайып,  жуанымсып  келеді.  Ылғи  жетім-жесір 

деп  қызығып  анталап,  бір  нәрсемізді  аузына  түсіріп  алғысы 

кеп тұрады. Ұялмағырлар ұялмастан бізді жегісі келіп тұрады. 

Мен сорлы балам өлгеннен бері солардан көрген зорлығымды 

айтайын деп отырмын.

Жақып  өлді.  Одан  бір  жұма  кейін,  жығылғанның  үстіне 

жұдырық  деп,  Мұқашым  өлді.  Күндіз-түні  жылауда  болып 

есеңгіреп  отырғанымызда:  енді  бұл  үйдің  еркектері  кетті, 

ылғи  ұрғашы  үй  болып  отыра  алмайды;  дүниесін  бөліп  ала-

мыз; қатындарды әрқайсымыз қолды-қолымызға аламыз деп, 

балаларымның  бет  топырағы  жасырылмай  жатып,  суық  сөз 

жүргізді ғой. Баламның тірі күнінде ағайын ішінде жақын көріп, 

бауырына тартып, қолына түскен азын-аулағының жартысын 

жырып беріп жүрген жар дегенде-жалғыз сенген Ысмағұл не 

қылды?  “Жақып  өлгенде  бата  қылушыларға  мен  қойымды 

сойғамын” деп, Мұқашым қысылып жатқанда, даладан ет тау-

сылса – сойып аламыз ба деп жүрген жалғыз ту қойымды әкетті 

ғой. Мына келініме: “Шаруаға ие болатын кісімсіп қоқақтамасын, 

одан да Жақыпты жоқтауын білсін, малға не болам деп жүр ме 

өзі?!”– деп айтады дейді.

Менің балам тірі болғанда соның тіршілігінен аужал алып 

телміріп  отырушы  еді.  Балақтағы  биттің  басқа  шыққанын 

көрмеймісің? Бұлар үшін қарағым не көрмеді?–дей келіп, қабағын 

көтеріп күрсініп алып: – сол тірі болса, маңына келе алар ма еді? 

Бәрінің де... боғын жуып, жақсысын асырып, жаманын жасырып, 

адам секілді қылып, осы ауылды адам қатарына қосқан сол емес 

пе еді? Жоқтығына қарамай үйін – базар, түзін – той қылып, 

думан қылып отырудан босаушы ма еді.  Момындығы,  биязы 

сыпайылығы қандай еді, топырағың торқа болғыр, қарағым!

Мына жамандардың ішінде оның тырнағына татитыны бар 

ма? Жақыбым осы жолы ауырғанда – солардың кеселінен ауырған 

жоқ па! Менің қайнымның мылжың Дүйсен деген баласы бар 

ғой. Қатынша жыбырлағаннан басқа, істейтін адам сияқты бір 

мінезі, бір ісі жоқ. Жаннан асқан дүниеқоңыз. Үйіне бір қонақ 

қонса, соған асқан бір жілікке жаны шығып, тыжырынып отыра-

ды. Үйіне қонақ қонған күні қатынына тыныштық жоқ: етті көп 

асасың, мені құртасың деп мыжиды да отырады. Соның үйіне 

8–1246


114

қыс  басында  Шұбарадырдың  көп  ұрыларының  біреуі  келеді. 

Мылжың: тамағым жоқ, жатқызатын жерім жоқ деп түн ішінде, 

боранда қуып жіберген. Ежелден Уақты кісіғұрлым көрмейтін; 

екі сөздің бірінде: “Шауып алам, айып алам!” – деп тұратын (...)

18



Өктем елдің баласы бұл қорлыққа шыдасын ба? “Өлмесең – өрем 

қап” деп далаға тентіретіп жіберген соң, сол түнде келіп, қорасын 

талқан қылып жарып, төрт-бес семіз қойын, малға мініп жүрген 

екі атын алып кеткен. Соған өзі іздеп баруға қорқып: “Барсам, 

тағы атымды алып қояды”,– деп, Жақыпқа келді ғой. “Сенімен 

ол елдің басты кісілері таныс, сөзіңді тастамайды. Менің малым-

ды көрнеу қоя беріп отырамысың?”– деп асылып отырып алды. 

Жер-жебіріне жетіп ұрсып:

– Құдай сүйер қылығың жоқ. Қазанбұзар үй-тентексің. Кісі 

ығысатын айдының жоқ, неменесіне жуансисың?! Бір күні бол-

маса бір күні керек ағайыннан жалғыз жілігіңді аяйсың. Жуан 

болсаң, мықты болсаң, – осы Арқалықтың түбінде өткен-кеткен 

біреумен ырылдасып неменеге отырсың? Дүниенің астын үстіне 

аударып, сенің болысыңнан оның ұрысы жуан болып отырған 

Тобықтыға сенің жол үстінде тұрған жаман лашығың жүк бо-

лып па?! “Өтпес жарлық – бойға қорлық” екенін әлі күнге неге 

білмейсің? – деп, жерден алып, жерге салды (...)

19

.



Аяғында,  мойнына  су  құйылып:  “Өзіңнен  басқа  сенерім 

жоқ” – деген соң, әлгі иттің малын іздеп кеткені ғой. Табандаған 

жиырма күн жүріп, табанынан таусылып бармаған кісі қоймай, 

аяғында, бар малын алып келді. Ұрысы жуан ауыл екен. Басын-

да  ел  кісілерінің  сөзіне  көнбей,  “Дүйсен  мылжыңның  ызасы 

өткен”, – деп, қасарып болмапты. Сонан соң елдің басшы адам-

дары: “Мұнымен кұда бол, әйтпесе малың тимейді”, – деген 

соң, мылжыңның 9-10-дағы қызын ұры ауылдың соқталдай бір 

азаматына бермек болып, сөз байлап, малын алып қайтыпты. 

Сол ұрымен осы күнде бал жаласқан құда болып отыр. Жақып 

сол жолда суық өтіп, өңі қашып, қу шүберектей болып келді. 

Артынан, немене, екі-үш күн өткен соң қатты жығылып, төсек 

тартып жатып қалды. Аяғы, мінекей – мынау болды. Жә! Сол 

мылжың осы күнде не істеп отыр де?

Менің  балам  қолының  қысқалығына  қарамай,  анаған  да, 

мынаған да араласып, ертеңді-кеш қарап отырмай, сауда қылатын 

еді ғой. Біреуден аткөпір қылып алып, біреуге аткөпір қылып 


115

беріп жүретін. Кімге не беріп жүретінін білеміз бе? Қарағым, кей-

де сыр қылып, не істеп жүрсің деп саудасының жайын сұрағанда, 

күліп:  “Апа,  соны  не  қыласыз,  мен  тірі  болсам,  аштан  өліп, 

көштен қалам деймісіз” деп жүре беруші еді. Бүгін басыма күн 

туған соң біліп отырмын ғой. Әйтпесе ішкен-жегеннен басқаны 

біліп пе едік? Жалғыз-ақ өтетінінен бір күн бұрын қолына қағаз-

қарындаш алып, есеп-қисабын жазды. Қағазының есеп-қисабын 

көрсеткенінде, жұрттың айтуынша, бересісіне қарап, аласысы 

да бар екен. Балам дүние салып жүре берді. Артында қалғанын 

есептеп отырып, қақ жартысын өзінің жабдығы мен бересісіне 

шығарттым. Осы күнде қолымызда қалғаны – он шақты тұяқ, 

екі-үш қана ірі қара. Елдегі аласысын бұл күнде іздеп алар бізде 

дәрмен жоқ.

Сонда  жұртқа  беретін  бересісін  есепке  салып  төлегенде 

өз  елімнің  Мәрден  деген  пұшығына  бермек  үш  қараның  со-

масындай борышы бар екен. Әлгі құрғыр ойымыздан шығып 

кетіпті. Он шақты күн болды, сол келіп, малын сұрап жүр. Біздің 

қолымызда  қалып  отырған  азын-аулақ  малы  –  мынау.  Одан 

берейік десек, шұбырып кеткелі – біз отырмыз. Қарағымның 

мойнына қарыз ғып, өзі жинаған азын-аулағын өзінің сауабы-

нан аяйын деп отырғаным жоқ. Жалғыз-ақ дүниесі құрғырдың 

тарлығы жалтаң көз қылып өлтіріп барады. Елден баламның 

аласысын  жиып  алғанша  деп  сөйлессем,  жай-жапсарымды 

айтсам, пұшық тоқтайтұғын. Бірақ соны маған сөйлестірмей, 

әлгі  Дүйсен  деген  мылжың  бар,  тағы  толып  жүрген  Бөрала 

секілді туысқандарымыз – бәрі бас қосыпты. Сөйлескен сөзі 

мынау: Мәрден – Тобықтының жуан аулының кісісі, ол ақысын 

сіңіртпейді. Және ол Жақып үйінің жай-күйін біліп отыр: оларды 

жылатып еш нәрсе алмайды, түбінде осының пәлесі бізге түседі. 

Басы аман, малы түгел, Жақыптың отына бірге күйетін жақыны 

деп бізді ұстайды. Біз бұдан басымызды амандап құтылмасақ бол-

майды десіпті. Соған жасап отырған айласы не деші? Қарағым, 

айтуға ауыз бармайтын сұмдық. “Тышқанның өлгені – мысықтың 

ойнағаны” деп, ендігісі – қалған көзімнің қарашығы – жалғыз 

Ғазизамды  жылатпақ.  “Кешегі  Жақыптың  аруағы  лағынет 

оқымасын, Мәрденді де жылатпайық: биыл бұның қатыны өлген, 

Ғазизаны соған берейік” деп айтады дейді. Кеселділердің осы 

сөзін естігенде, мына отырған балам зарлап қоя берді...


116

Осы сөзді айтқанда, кемпір маңайындағы жауыздықтың бәрін 

айқын көріп, өздерінің сол жауыздыктың қолында бір ойыншық 

болып отырғанын көріп, ызамен көзінің жасы сорғалап ағып 

кетті.

Ақан  мен  Қалтай  бұл  әңгіме  айтылып  отырғанда  жай-



ланып  шынтақтап,  жантайып  жатып,  анда-санда  көздерін 

Ғазизаға  жіберіп  қойып,  қадағалап  қарап  отырды.  Қемпірдің 

сөзін  жалықпай  тыңдап  отырса  да,  Ғазизаға  қарай  қалған 

пішіндерінде көңілдегі бір алаңдық пен іштеріне жасырынған 

жат  ойдың  белгісі  көрініп  тұр.  Ғазиза  анда-санда  ауыз  үйге 

шығып, отты қағыстырып және басқа әртүрлі ұсақ шаруаларды 

қарастырып келіп отырды. Қонақтар алғашқы келгендегі кейіс 

Ғазизаның қабағынан әлі жадыраған жоқ. Жалғыз-ақ айырықша 

сыпайылығы және үндемей ақырын жүріп, биязылықпен істеген 

істері ішіндегі сырын сыртына шығармай, жасырыңқырап отыр-

ды.

Кемпір қызарған көзін сүртіп, әңгімесін қайта қозғады. Ендігі 



даусы ашулы, қатаң келді:

– Кешегі баламнан қалған жалғыз көзім – бұл жылаған соң, 

бізде не тақат тұрады. Бұны жылатқан соң, қуарған қу өмірдің 

не бағасы бар? Сол сөзді айтқызып отырған сұмдарды қарғадым, 

ұрыстым.  Одан  басқа  біздің  қолымызда  не  тұр?  Жыластық, 

аяғында, сонымен қойдық. Міне: екі-үш күн болды, сол пұшық 

әлі  күнге  кеткен  жоқ  дейді.  Енді  әлгі  мылжыңның  қатыны 

жеңгетай  болып  жүрсе  керек.  Менің  қарағыма  келіп  айтады 

дейді:  “Шешелеріңе  жаның  ашыса,  Мәрденге  барғаның  жөн 

емес пе? Сен жігіт болып, осы үйіңнің жұмысын басқарып отыра 

алмассың? Одан да өзін біреуге сүйенген болсаң, сен сүйенгенге 

шешелерің  де  сүйенеді  ғой”,  –  деп  айтады  дейді.  Сөзінің 

қыршаңқысын қарасаңшы! Мен сонда баламды бір пұшыққа 

бермек пе екем?! Қатынының, мылжыңның өзінің ойы да менің 

балам көнсе, пұшыққа жетектетіп қоя бермек болса керек. Қасиет 

бар ма оларда! Кәпірстан болмаса – ойласайшы! Менің үйім – осы 

ауылдың үлкен үйі. Бүгін сол қарашаңырағының құруға айналып 

отырғаны – мынау. Құрымағанда, кім қалды? Бұл үйдің жайын 

ойласа, тұмсығы тасқа тиетіндей болған жоқ па? Ендігі қалған 

біз қалқыйып: “Баламның ізін жоғалтпаймын; орнын сақтап, 

құранын үзбейміз” десек, соны ұқпайды. Ұқса да өзінің құлқыны 


117

үшін: “Осы айтқаныңды істетпеймін” деп анталап, қолымыздағы 

азын-аулаққа көзі тұнып, соны бөліп алуға асығады. Әлгі менің 

баламды ана пұшыққа беріп жібермек болып жүргендегі ойы не 

деші? Қарағым, бүгінгі дүниеге не болып, қалқиып, осы азын-

аулақ шаруаны ұстап отырған Ғазиза ғой. “Осыны бірдеме қылып 

көзден таса қылсам, мына кемпір мен ана көзінен айырылып 

отырған қатын шаруаны ұстай алмайды; мұнан соң бар малымен, 

дүниесімен өз қолыма тиеді ғой”, – дейді.

Менің  баламның  жылағаны  оларға  не  керек?  Жақыптың 

аруағы  ырза  болмай,  күңіренгені  не  керек?!  Қу  құлқынын 

ырза  қылса  –  болады.  Мінекей,  “һас  жаман  қасындағысын 

қарақтайды”, – деген осы. Көрер көзге моп-момын, мүп-мүләйім 

болып жүрсе де, ол мылжыңның, іші осындай. Кеудесі толған – 

борсып жатқан бықсыма арамдық. Артынан естідік-ау, қарағым, 

тағы: “Баласы баруға ырза болса – болады, – деп айтады дейд.– 

Ол  ырза  болса,  қатындарға  сөз  салмай,  баланы  міңгестіріп 

қашырып жібереміз”,– дейтін көрінеді. Мінеки, қарағым, осы 

айтылып отырған дұспанның дұспандығын ойлағанда, онсыз 

да қаңғырып отырған басымыз дал болады. Дүниенің барлық 

таршылығын  ойлағанда,  ақылымыз  алтыға,  ойымыз  онға 

бөлінеді. Осылардың осындай қорлығын ойлағанда осы жерде 

өле қалғым келеді...

Кемпірдің көзінен тағы да жас моншақтап домалап, алдына 

түседі.

–  Құдайдың  менің  өз  басымнан,  менің  ұрпағымнан  аяған 



қазасы бар ма? Жасымда шешем өліп, өгей шешенің қолында 

қалып, жетімдіктің зарын өзім тартып едім. Содан өмірім жы-

лаудан, күйіктен арылған емес. Енді қартайып, төрімнен көрім 

жуық болғанда құдайдан ертеңгі-кеш тілейтінім: “Жақыбымның 

жаманатын  естіртпе,  осының  алдында  ал!”  –  деуші  едім.  Ол 

тілегімді істемеді, – деп, көзінен бетіне аққан жасын жеңімен 

сүртіп, мұрнын сіңбіріп: – тілеуі құрыған сорлы мен бұл күйік, 

бұл дертті көргенше, шірісем едім! – деп, сөзін тоқтатты.

Кемпір барлық мұң мен шерін айтып отырғанда бір қалып, 

бір  пішінмен  тыңдап  отырған  Ақан  әңгіме  біткен  соң  басын 

көтеріп алып, кемпірді жұбатпақ үшін аз сөз айтты. Сөзін шала 

естірлік қылып ақырын айтқан соң, ұғымсыз бірдеме болды. 

Сезімді адамның жүрегін шаныштырып тіксіндіретін, жұртты 

мінезінен жирендіретін, түңілтетін көрнеу жауыздықтар, ауыр 



118

халдер Ақанға көп әсер бере қойған жоқ. Жалғыз-ақ сол әңгіменің 

ішінде болып қорлық көруші, ыза шегуші қайраты-қуаты жоқ 

сорлы кемпірдің өзі айтқандығы азғана жүрегінің тыныштық, 

сезімсіз қалпын бұзғандай болып отырды. Бірақ күндегі өмірінде 

бұл секілді талай жауыздықты көріп, өзі де сондайлардың ішінде 

болып жүргендіктен, мына естіп отырған сөзінің бәрі көңіліне 

таныс, таңғаларлық тамашасы жоқ. Оқып кеткен сабағы секілді 

болды. Кемпір бәрін айтып жылап, қызы мен келіні ішінен ты-

нып, қайғы жұтып отырған күйін ойлағанда, азырақ сілкінгендей 

болып:  “Осыған  жанашырлық-ау!”  деп,  жүрегін  зорлықпен 

жұмсатайын десе де, аздан соң сезімсіз салқын қалпына қайта 

барып  отырды.  (Бұл  адамның  іші  жақсы  сезімге  жат  болып 

кеткен бір күңгірт дүние сияқты. Өз басына келгені болмаса, 

бөтен кісінің басына келген ауыртпалық пәле болып көрінбейді. 

Оның тартқан касіреті көңіліне қонбайды, сезіміне сіңбейді, тіпті 

ұғылмайды)

20

.



Бұл сағатта кемпірдің жүзіндегі қалың уайым жүрегінде қандай 

толқын барлығын көрсетіп тұр. Әңгімесін аузымен тоқтатса да, 

көңілінде соның аяғын тағы да созып, түкпірлеп ойлап, қайғының 

қабат-қабат шыңына ақылымен кіріп отыр. Бұл уақытта ойлап 

отырғаны – өтіп кеткен күн емес, алдында келе жатқан күннің 

жайы. Кемпір келешекте көзі көретін ауыртпалықтың, қайғының 

бәрін де көз алдына анықтап келтіріп, ішінен: “Осының бәрін 

көретінім рас, осындай азап, қасірет тартатыным шын” деп бас 

иіп отыр. Бірақ адамның жүрегін пішінінен танитын кісі болса, 

кемпірдің жүзіндегі халді көргенде, еріксіз бұл адамды көңлімен 

құрметтегендей еді. Дауылдың қара бұлтындай болып, әдейі ба-

сына арналып келе жатқан қайғы-қасіретті көріп, соның алдынан 

айласыз-әлсіз күйде өзінің отырғанын біліп тұрса да, кемпірдің 

жүзінде үлкен сабыр бар. Күйіп-пісіп жасығандықтан белгі жоқ. 

Сынбаған ажар, қажымаған қайрат, кек салқын ерлік бар (...)

21

.



Ақан Ғазизаға алғашқы кезде кеп қарауынан әлі күнге танған 

жоқ.  Кемпірдің  көзі  өзінен  ауғанда,  оның  көзі  тек  Ғазизада 

болып отыр. Көңіліне орнаған ойын қараған сайын пішінімен 

мағыналандырып, Ғазизаға білдірмек те. Бірақ көңілі бұзылып 

жаманшылықтың  бетін  көрмеген  Ғазизаға  ол  қарасты  ұғуға 

шорқақ болды. Ол өз пішінімен еш нәрсенің белгісін берген жоқ. 

Ақан кеп қарағанда ол қымсынып, қысылыңқырап, биязылығын 


119

сақтауды ғана ойлады. Біраздан соң ас пісті. Кемпірдің сыйламақ 

болып салғызған тәтті-дәмді тәуір еті қонақтардың алдына келді.

Бірталай уақыт өтті. Қонақтар тамағын ішіп жайланып, біраз 

отырған соң, жатуға ыңғайланып, тысқа шығуға айналды.

Кемпір  қонақтарды  әуелдегі  сый  көрген,  құрметтеген 

көңілмен Ғазизаға: “Қарағым, қонақтардың атына шөп керек 

қой; өзің шам алып бірге шығып, шөп алатын жерді көрсетіп 

бер”, – деді.

Ғазиза  бұрын  ойына  еш  нәрсе  келмесе  де,  Ақанның  көп 

қарағандығынан  сол  арада  сескеніп,  біраз  үндемей  тұрды. 

Аяғында, шықпасына болмайтын болған соң, шешесінің сөзіне 

зорға көніп, қонақтардың артынан бұ да шықты.

Ақан Ғазизаның үйінде отырғандағы ажарынан үміттенерлік 

еш нәрсе көрмеген соң, тысқа шыққанда Қалтайға сыбырлап жа-

сырын бірталай сөз айтты. Қалтай басын изеп, сөзін мақұлдады. 

Ғазиза бұл оқиғаны көрген жоқ. Артынан біраздан соң Ақан 

қораның  ішіндегі  есіктің  аузында  қалып,  Қалтай  мен  Ғазиза 

шам ұстап, пішен-қораның ішіне кірді. Пішен-қораның бұл жері 

қоранын ішінен қатынасатын, жаңада желініп жүрген кішкеме 

үңгір еді. Барлық кеңдігі бір-ақ кісі сыйғандай, төбесі аласа бір 

қуыс. Ғазиза шам ұстап ауызда тұрды. Қалтай пішен-қораның 

ішіне кірісімен шөпке қарамай, үлкен жұмысы ол емес, басқа 

нәрсе екенін сездіріп, өңі өзгеріп, өтірік күліп қуланып, әдепсіз 

мінезге түсіп, ойындағы дайындап алған сөздерін сөйлей баста-

ды. Ғазизанын алдында сескенген ойы Қалтайдың не айтпағын 

сезіп, қатты ашуланып, бір жағынан, намыстанғандай болып, 

сөзінің аяғын бітіртпестен:

– Сенің ойыңдағы сұмдығыңды білмей тұрмын ба? Аулақ жүр! 

Мен сенің мазақ қылатын кісің емеспін! – деп, лампыны жерге 

қойып, жөнеле берді. Қалтай күтпеген сөзді естігенде: басындағы 

күліп тұрған пішінін жия алмай, оның үстіне аңырайып аң-таң 

болып, ойына еш нәрсе келмей, біраз тұрып қалды. Ғазиза сол 

бетімен жүгіріп, екінші кораның есігінен шыға бергенде, есік 

алдында екеуінің сөзін естіп тұрған Ақан ұстай алды. Ғазизаның 

әуелде үрейі ұшып кетіп есін жиып алғанша, Ақан көтеріп пішен-

қоранын қуысына алып келді. Қалтай шамды өшіріп жіберіп, 

қораның ішіне карай кетіп қалды. Дүниені қараңғылық басты.



120

Ғазизаның үрейі ұшып, жүрегі тулап, есі шыққандай болып, 

сезімнің бәрі жоғалып, жалғыз-ақ “құтылсам-ау!” дегенді ой-

лап, қайта-қайта қатты жұлқынып ұмтылды. Сезімі жоқ, қатты 

ұстаған мықты қол рақым ойлап жібермеді. Еріксіз өз еркіне 

көндірді. Жалғыз-ақ қараңғы қуыста жалынған, жалбарынған, 

біресе есі кетіп, жүрегі жаншылып, үзіп-үзіп жылаған дыбыс-

тар келеді. Сезімі жоқ жауыз кара күштің қылған күнәсі мен 

зұлымдығына қатты тоң жер, суық балшық, көрдей қап-қараңғы 

дүние куә болды.

Қалтай  алғашқы  бетімен  тоқтай  алмай,  қақпаны  ашып 

тысқа шықты. Жел күндізгісінен қатайған. Күн алақаншықтап 

қатты борап түр. Қалтай күресінге таман шығып еді: гуілдеп, 

екпіндеп соққан қатты жел дедектетіп, бетіне ұсақ қар себелеп 

ығын кетірген соң, қайтадан қораға кірді. Алдынан ентігіп, беті 

дуылдап қызарып, жана болған құмарлықтан бұзылған түрмен 

Ақан шыға келді. Екеуі де сөйлескен жоқ. Бірақ кекілдегі істерін 

айтыспай-ақ ұғысты (...)

22

.

Ғазиза зорлықтан босанғанда есі ауыңқырап, көңліне дүние 



дүниелігін жоғалтқандай, өзінен алыстап бара жатқандай болып 

көрінді. Бұл сезім – бұл уақытқа шейін көңіліне келмеген аса 

жат бір суық сезім. Биіктен тайғанап құлап келе жатқандағы 

сезімдей біртүрлі шолақ, ұғымсыз. Не қыларын білмей, өксіп-

өксіп жылап, жерден басын көтерген қалпында отырып қалды. 

Бірталай отырған соң, ептеп есі кіре бастағандай болды. Бірақ 

есі кірген сайын ойына келген нәрсе өзгеше суық түрде. Әуелі 

әкесі өлгеннен бергі басына түскен ауыр хал түгелімен көз алдына 

тез елестеп өтті. Ақырында, соқыр болып, мүгедектеніп отырған 

шешесі; қартайып қайратынан айырылып, кемтар болып отырған 

кемпір  әжесі  есіне  түсті.  Басында  бір  ойына  келген  нәрсе  – 

шешелеріне барлық көрген қорлығын айтып жылап, зарлап жату 

еді. Артынан әлгілердің әлсіздігін ойлағанда:  іші  құсаға  то-

лып, жас жүрегі жаншылып, бұл күнге шейін көрмеген азабын 

тартты. Жас күнінен бір үйдің түгелімен еркелетіп, алақанына 

салған баласы. Еш уақытта қанаттыға қақтырып, тұмсықтыға 

шоқытқан емес. Жүрегінде ар-ұят та, жігер-намыс та бірге өскен. 

Кедейлігінен, қорғансыздығынан басқа міні жоқ, салмақты, таза 

тәрбиелі бала – бұл күнде сол не көріп отыр?


121

Әкесі өлгеннен бергі: “Ә, Құдай, біреудің зорлығын, қорлығын 

көрсетпе! – деп тілеген уыз тілегі қайда кетті? Бұрынғы бейнет, 

бишаралық  былай  тұрсын,  мынау  көрген  мазақ  не?  Осынша 

қорлау, рәсуалау не? Әуелден бергі қазаны көруіне осы қаршадай 

жас баланың не жазығы болып еді? Бүгінгі өмір бойында құлағы 

естімеген  зорлық,  зұлымдықты  көруге  не  жазық  қылып  еді? 

Қандай арамдық, не бұзық құлқы болып еді? – Ешбіріне жауап 

жоқ. Бірақ қайда жүрсе де, артынан көлеңкесіндей қалмай жүрген 

бір сорлылық, бір жылау.

Осы айтылған сөздің бәрін Ғазиза мұндайлық толық қылып 

ойламаса да, әрқайсысын көңілмен жүйрік аралап өтті.

Осыны ойлаған сайын, жүрегін ыза керней бастады. Көңілдегі 

күшті намыс сілкініп оянғандай болды. Барша басынан кешірген 

жетімдікке, бейнетке, жалғыздыққа, қорлық-мазаққа түгелімен 

қарсылық ойлады. Өмірінде сыртына шықпаған ашу, ыза, намыс 

барлық еркін билеп, дуылдап басына бір-ақ шықты.

Қорлық, мазақ көрген Ғазизаның көзінен дүниенің барлық 

қызығы кетті. Жастығына лайық болған үміт, қиялдың бәрі де 

ойын басқан қараңғылыққа батты, көңіліндегі өмір сүрсем деген 

оттың ақырғы жалыны сөнді. (...)

23

.



Ғазизаның көңілін бұл қиял кернеген сайын, үйге кіру керексіз 

бола бастады. Көңілінде қалған таусыншық сезімнің ойлатқаны: 

енді үйге кіріп қайтемін? Үйде мен көретін не қызық қалды? Би-

шара болған шешелерім ақырғы қайғымды көрмей-ақ, білмей-ақ 

қойсын! Қайғылы бір сыр көрге бірге-ақ кетсін дегендей болып, 

тысқа шықты. Күн әуелгі қалпынша:  ақтүтек боп борап тұр.

Біресе  өкіріп,  біресе  гуілдеп,  құтырынып  ұйтқып  соққан 

қатты  жел  Ғазизаға:  “жүр-жүр!”  дегендей  болып,  дедектетіп 

алып жүріп кетті.

Ғазиза кетіп бара жатып ойланып артына қарап, бишаралықтың 

кебінін киген кішкене ескі қорасын көрді. Ұйтқып аспанға ұшқан 

ұсақ  қар  жүрген  сайын  көзінен  ол  қораны  жасырып  барады. 

Үстінен үскіріп соққан қатты жел қарды айналасына төгіп, оны 

да  көмбекші.  Бишаралық,  иесіздіктің  таңбасы  басылған  ескі 

лашықтың ішінде Ғазизаның балалығы, еркелігі және қайғысы, 

қасіреті қалды. О да бірге көмілмек. Барлық жүрегіне жылы 

жақындары, нәзік қылып өсірген ұясы қалды...

Ғазиза енді суық, қатал табиғаттың еркінде. Өмірінің ақырғы 

қалған жанары қай жерде, қай уақытта сөнері белгісіз. Суық жел 


122

жұқа киімнің ішіне кіріп, кеулеп, ығын кетіріп, жауратып, ықтыра 

бастады. Ғазизаның көңілінде қалған ойдың ең ақырғы бұйрығы: 

әкесі мен бауырының бейітіне барып, екеуінің, арасында оты-

рып зарлау! Дүниеде жетім болып, жалғыз қалғандағы басынан 

кешірген қасіретін шығару, азабын, дертін айту. (Ғазиза бейітті 

бетіне алып: “А, Құдай, ендігі бар тілегім – осы көкемнің басына 

жеткіз!” – деп жүріп кетті)

24

.

Біз Ғазизаны шығарып салып, үйдегі әңгімеге келейік. Ақан 



әуелгі бетінде тысқа шығып, өзгелерден бұрын үйге кіріп жатып 

калды. Бірақ тыста болған әңгіменің немен тынарын білмей, 

біресе күдіктеніп қорқып, біресе азын-аулақ өкінгендей болып, 

тынышсызданып, қорғалақтап жатты. Ғазиза келетін уақыт бол-

ды. Бірақ көп уақыт өтсе де, келген жоқ.

Аздан  соң  кемпір  де,  келін  де:  Ғазиза  кайда  жүр  деп 

таңғалыңқырап жатты, аяғында, тысқа шығуға айналды. Сол 

уақытта атты суарып келіп, шөбін салып жайлап болған Қалтай 

да үйге кірді. Үйдегілер түгелімен: “Ғазиза кайда?” – деп шу ете 

қалды. Қалтай саспаған, сезігі жоқ пішінмен: “Бағана кетіп еді 

ғой, келмеді ме?” – деді.

Кемпір  де,  келіні  де  тынышсыздана  бастады.  Қалтай  бұл 

жұмыстан  ерте  бастан  өз  бастарын  арашалап  қоймақ  болып, 

әуелдегі айта бастаған сөзінің жөнін баптап ұқтырып, бұл бір 

пәленің боларын алдын ала білгендей дайындап алған сөздерін 

сенімді қылып айтып шықты: – Мен шөп суырған соң, құдықтың 

қайда екенін білмей, соны сұрадым. Балаңыз көрсетейін деп, 

қорадан бірталай жер ертіп шықты. Күн қатты боран болып, 

суық болған соң, тоңып қалар дедім де, құдықтың бетін біліп 

алып, үйге қайтарып жіберіп едім. Әлде сонда қораны таба ал-

май, адасып кетті ме? – деп, аналардан бұрын сезіктенгендей, 

тынышсызданғандай пішінге мінді.

Кемпір мен соқыр ана шошып: “Қарағым-ай! Үсіп кетер ме 

екен? Құдай-ай, тағы неге ұшыраттың?” – десіп киініп тысқа 

шығуға айналды.

Ақан  да  басын  көтеріп,  Қалтайға:  “Тысқа  шық,  айнала-

ны қара, айғайлап дабыста, тез бар!” – деді. Әлсіз, кем-кетік 

әйелдер бірінің артынан бірі ұстап, өңдері бұрынғыдан да жаман 

бұзылып, құдайына қайта-қайта сиынып, Қалтайдың артынан 

ере шықты.



123

Түтеп тұрған боран Қалтайдың сөзін шынға шығармақ бо-

лып құтырып тұр. Есік пен төрдей жердегі қарайған бұлдырап, 

жөнді көрінбейді. Ұйтқып келіп бетке жабысқан майда қар көзді 

ашқызбайды.

Кемпір күннің түрін көріп, назалы дауыспен: “Құдай, тағы 

төбемнен ұрайын деген екенсің ғой! Қарағым адасты ғой. Ұшып 

өлді ғой. Аруақтарым, қолдай гөр! Ақсарбас!” – деп баласын 

шақырып айғайлай бастады. Келіні де сүйенгені тілеуі, зары 

болып, қорқып тұрды. Қалтай қорадан ат алып мініп шығып, 

қайта-қайта айғайлап, шаба жөнелді.

Аз  жерге  бармастан  қарасы  өшіп,  боранмен  араласып 

көрінбей кетті Айғайлаған дауысы аз-ақ жерге естіліп, аздан 

соң о да үзілді.

(Әйелдер  де,  дауыстың  естілмейтінін  білген  соң,  ішінен 

зор қауіпке түсіп, зарлап тұрды. Бұлардың бар дәрмені – айғай 

болғандықтан, қайта-қайта айғайласып еді. Көп уақыт өтті.

– Е, тәңірі, жоқ болды, өлді, – деп, әйелдер зар салып, дауыс 

айтып, үйге кірді)

25

.



Бұрынғы қайғының бәрінен жаңа қайғы күшті болды. Өлді 

деуге көңілдері қимай, келер деген үмітті көбірек медеу қылайын 

десе де, көңілге кіріп қалған қорқыныш жүректерін билеп әкетіп 

отырды. Терезеге түтеп сокқан қатты жел бір қалпынан ауған жоқ.

Бірталай уақыт өткен соң дүсірлетіп Қалтай келді. Бірақ үйге 

жалғыз кіріп келген жерде-ақ енді еш нәрсенің болмағанына 

көздері жете бастады. Қалтай: “Өзім адасып кетіп, ауылды әрең 

таптым. Еш жерде жоқ”, – деді.

Әйелдер сол түні таң атқанша шам жағып, ұйықтамай оты-

рып, құдайдан тілек тіледі. Сиынды, жылады. Бірақ ешбір көмек 

берген жоқ. Шыдай алмай зар қаққан сорлыларға қыстын ұзақ 

түні жылдай болып созылды. Ақырында таң атты.

Қонақтар  ерте  қамданып,  жүруге  ыңғайланып  жатты. 

Таңертең де қарап, еш нәрсе таба алмаған Қалтай маңайындағы 

ағайындарына хабар берген. Тұрып алып, тез қамданған соң, 

Ақан кемпірдің қақсаған зарына шыдай алмай, аттарын дайын-

дап, жүріп кетті.

Жиылған ағайындары көп іздемей-ақ екі жас бейіттің арасын-

да өлік болып қалған Ғазизаның сүйегін тауып алды. (Үстіндегі 


онсыз да жұқа киімдері әр жерге шашылып қалыпты. Ғазизаның 

шашы азырақ дудырап капты. Денесінің жартысын қар басқан. 

Әкесінің бейітіне жабысып, қасіретті өмірдің ақырғы қуатын сол 

жерде берген екен. Өлер сағатына шейін қабағын басқан қайғы 

бұл уақытта жадыраған: ізі қалған жоқ. Балалық жүзінде: “Мен-

де жазық жоқ, мен тазамын”, – деген ашық тазалықтың белгісі, 

кайғы-қасіреттен сейілген жас баланың ажары бар)

26

.



Жауыздықтың жас кұрбаны қасіретке толы өмірінің азапты 

ақ түтегінен адасып өліп, мәңгі толас тапқандай.


1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет