Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 3.79 Mb.
Pdf просмотр
бет7/32
Дата11.01.2017
өлшемі3.79 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР 

(Ел әңгімесіндегі Қобыланды – ел қиялының 

ұлы батыры)

Бұрынғы  заманда  неше  алуан  хандық  құрған  түрік 

жұрттарының көбінің тойын бірге тойлап шыққан бір ел қазақ 

елі екені тарих жүзінен белгілі. Нағыз қазақ бірлігі XV ғасырлар 

ішінде шықты десек те, сол бірлікті жасаған рулардың көпшілігі 

ертерек заманда болған. Алтын Орда

1

, Қазан хандығы



2

, Ноғайлы

3



Өзбек



4

 бірлігі сияқты хандықтардың бәріне де кірген, солармен 

бірге ыстығына күйіп, суығына тоңып, ірі тарихи уақиғаларды 

бастарынан  бірге  кешіріскен.  Бұл  мағлұматтың  шындығын 

жалпы тарих жүзінен бір көрсек, ел қиялы жасаған, ел есінде 

сақталып қалған ескіліктен екінші рет тағы көреміз.

Кейінгі  заманда  қазақ  бірлігін  жасаған  рулар  бұрын  Ал-

тын  Орда  бірлігінде  болған.  Осы  сияқты  тарихи  дәуірлердің 

әрқайсысынан қазақтың бүгінде сақталып келген әдебиетінде 

айқын із болмаса да, долбар жасатарлық ұлы сүрлеу бар.

Қазақ руларының бұрынғы заманда қоныстасып, оттас болған

5

 



елдіктердің бәрінің тұсынан алып шыққан ырымы, жүлдесі бар.

Бәрінен де қазақ ескілігінде сақталып қалған белгі бар. Алтын 

Орда бірлігінің мезгілінен Едіге батыр әңгімесін

6

 алып шыққан. 



Одан бері Алтын Орда бірлігі құлап, жалпы саяси бірлік жоғалған 

уақытта бұрынғы бірлік көзі жақсы кездей болып ұмытылмай 

жүреді. Ел көңілінде ашық күнді жақсы мезгілдей ниет бірлігі, 

тілеу бірлігі жоғалмай жүрген бір кез болады. Сол кездің белгісі 

сияқты әңгімелер: Ер Тарғын, Шора, Қобыланды әңгімелерінде 

Алтын Орда құлаған кезде соның екі шетінде екі жаңа хандық 

жасалады. Бірі – Қазан, бірі – Қырым хандығы

7

. Қазанның ішіне 



Тама

8

, Қыпшақ



9

 кіреді. Қыпшақтың бірлігінде болғандығының 

белгісі болып Қара Қыпшақ Қобыланды әңгімесі қалған. Одан 

бері де қазақтың бірталай руы ноғайлымен бірігеді. Ноғайлы 



88

бірлігінде  болады.  Оның  ішінде  де  Қыпшақ  болған.  Кейінгі 

қазақ бірлігіне кірген рулар ноғайлы бірлігінің кезінен Сайын 

әңгімесін алып шығады.

Ноғайлы-қазақ бірлігін жалғыз Сайын әңгімесі емес

10

, ел ау-



зында сақталып қалған басқа өлең жырлардан да сезуге болады. 

Соңғы замандарға шейін қазақтың кейбір домбырашыларының 

ноғайлы-қазақ айырыларда тартылған күй деп шертетін күйлері 

болса керек. Одан беріде ноғайлы-қазақ айырылардағы өлеңі 

мынау:

Жылау, жылау, жылау күй,



Жылаған зарлы мынау күй,

Қазақ пен ноғай айырылды,

Қазақ сартқа қайырылды,

Ноғайлының ну елі,

Күңіренді, қайғырды.

Қара Қыпшақ қобыланды,

Қара орнынан айырды.

Ел қанаты қайырылды,

Зор күн туды, зор күндер,

Кетті күлкі мол күндер.

Жылау менен қоштасу

Келер ме қайтып ол күндер, –

деген.

Бұл өлең бұдан неше ғасырлар бұрын болған уақиғаны өлең 



өлшеуіне бір түсіп алған соң, ел есінің қаншалық жерге сақтап 

келетінін білдіреді. Сайын өлеңі де сол сияқты бірлік кезінен 

алып шыққан әңгіменің бірі.

Ноғайлыдан  соң  қазақ  руларының  көпшілігі  өзбекпен  бір 

болған.  Өзбек  бірлігінің  кезінен  Қамбар  батырдың  әңгімесін 

алып келеді

11

.

Сонымен қазақтағы батырлар әңгімелерін басынан аяғына 



шейін анықтап тексеріп қарағанда, бізге тіпті анық қылып тарих 

бетін ашып береді демесек те, сол ескі тарих көлемінде болған ірі 

мезгілдердің барлығының да ұлы суретін нобаймен, тұспалмен 

көрсеткендей болады.

Рас,  біз  елдің  тарихын  ылғи  батырлар  ертегісінен  құрап 

тізбейміз,  бірақ  ел  аузының  ескілікті  тарихқа  қаншалық 

жәрдемші болатыны кімге де болса белгілі.

Бұл турада қазақ елінің, ішінде сақталып қалған батырлар 

әңгімелері бүгінгі ел әңгімесі сияқты ескілігін жоғалтқан түрік 


89

тұқымдарының барлығына да тарихтың жаңа бір бетін ашып бер-

гендей болатын сияқты. Бұрынғы түрік тілдеріндегі ескі сөздерді 

қарастырған Европа ғалымдарының қазақ елінде ескі заманның 

сарқыны мен белгілері көп болуға керек деген тұспалдары батыр-

лар әңгімесі сияқты қазақтың ескі жыр, ескі өлеңдерінен аныққа 

шығып айқындалғандай болады.

Жоғарыда саналған батырлар әңгімелерінің әрқайсысының 

ішінде  тарих  ауданына  сиярлық  шындық  қайсы,  тарих 

уақиғаларынан  қалған  із,  сүрлеу  қайсы,  әрбір  әңгімеде  ел 

мінезі, ел қиялы, жалпы ұғымы. Бірлік әңгімесінде де қаншалық 

дәрежеде күшейіп, қаншалық қалыпқа шейін жететін, көрінетін 

жерлер аз емес.

Алғашқы жасаған долбарымыз қазақтың тарихын тексеріп 

жүрген азаматтарға орынды көрінсе, “Таң” журналының кейінгі 

сандарында өзгелердің жайынан да жалпы ой жүргізбекшіміз

12

.

Менің  әзірше  қарастырмағым  –  Қобыланды  батырдың 



әңгімесі. Қобыландының ел әңгімесіндегі мезгілі мен қалпын 

сынаудан бұрын әуелі Қобыланды жайындағы өзім естіген шынға 

жуық мағлұматтарды білдірмекшімін.

Ел  есінде  сақталып  келген  батырдың,  шынында,  болған 

адамнан тарайтын әңгімесі де болады. Кейде жалғыз ғана ел 

қиялының өзі туғызатын да батыр болады. Қобыландыны әуелі 

осы жағынан қарастырайық.

Орынбор  архивная  комиссиясының  мағлұматында, 

Қобыландының  бейіті  Илецкий  Защитадан  ауылға  қарай 

жүретін  қара  жолдың  үстінде,  Қобыланды  деген  бекет  бар

13



соның жанында Қобыландының бейіті деген бейіт бар дейді. 



Сол маңайдың қазағы Қобыланды жайынан әңгіме де айтады. 

Бұл – Қобыландының болған адам екеніне бір дәлел.

Екінші,  ақсақалдардың  шежіресінде  ескіліктен  қалған 

әңгіменің ретінде: Әз Жәнібек пен Әбілқайыр ханның тұстасы 

болады

14,15


. Қыпшақтың Әбілқайырға жағымды басты адамы – 

қадірлеген батыры болады.

Әбілқайырға  Қобыландымен  қадірі  тең  түсіп  жүретін 

Арғын Дайырқожа кектесіп жүргенінде, далада кездесіп, батыр 

Дайырқожаны өлтіріп кетеді.

Әбілқайыр Қобыландыны беруге Қыпшақтың наразылығынан 

қорқып, шыдай алмайды. Үш кісінің құнын алып, біт дегенге 

Арғын тоқтамайды. Сонымен ноғайлыдан кейінгі заманда қазақ 



90

бірлігіне кірген рулардың көпшілігі айырылады. Жоғарыдағы 

ноғайлы  мен  қазақ  айырылардағы  өлеңі  осы  тұста  айтылған 

болады.


Қобыланды  өлтірген  Дайырқожаның  әкесі  Қыдан  тайшы, 

Қыдан  деген  өлеңші  болады.  Ел  аузында  сақталып  қалған 

ескіліктің бірінде сол Қыдан ақын айтқан өлең деп мына өлең 

айтылады:

Қара Қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным 

Сексен асып, таянғанда тоқсанға,

Тұра алмастай үзілді ме жұлыным.

Адасқанын жолға салдың,

Бұл ноғайлы ұлының.

Аққан бұлақ, жанған шырақ,

Жалғыз күнде құрыдық,

Қара Қыпшақ Қобыландыда,

Нең бар еді, құлыным,–

деген.


Бұл сияқты ескілікті сөздер Қара Қыпшақ Қобыландының 

болған адам екенін анық, айқын білдіргендей болады. Затын-

да қазақ ескілігіне кіретін батыр әңгімелерінің көпшілігіндегі 

батырлар ылғи елдің қиялы туғыза берген адам емес, көбінесе 

болған  адамдардан  туатын  сияқты.  Жалғыз-ақ  ел  қиялының 

көтеріп, ірілетіп, әуелгі пішіннен өзгертіп, өңдеп әкететіні бар.

Біз көрген батырлар әңгімелері де сол қалыпты.

Қобыланды  әңгімесі  –  ел  қиялының  сондайлық  қылып 

көтерген,  келістіріп  суреттеп,  шеберлеп  әңгімелеген  сөзінің 

бірі.  Шеберлеп  әңгімелегені  барлық  батыр  әңгімесінің  ішіне 

кіретін  адамдардың  мінез-қалпын  толық  қылып  шығарудан, 

батыр жорығын сұлу қылып жырлауынан білінеді. Тағы да ба-

тыр пішініне ел мінезін сыйғызып, ел тілегі мен үмітін батыр 

өзінің көлеміне шеберлеп сыйғызғанынан білінеді. Қобыланды 

әңгімесінің  әңгімелік  жолындағы  маңызын,  бағасын  айтудан 

бұрын, бұл әңгіме тарих ауданына қарағанда қай мезгілде, қандай 

тарихи уақиғалардың салдарынан туғанын айтайық.

Жоғарыда Дайырқожаның өлімі үстінде айтылған өлең Әз-

Жәнібек, Әбілқайыр ханның заманында, ноғайлы-қазақ бірлігінің 

тұсында болған делінеді. Қобыланды ол заманның адамы бол-

са, онда XV ғасырдың орта кезінде өмір сүрген болады. Мен 

қазіргі заманда Қобыландыны не арғы, не бергі замандікі деп 

дауласпақшы емеспін.


91

Әдебиет тарихының көзімен қарағанда, біздің алдымыздағы 

міндет – Қобыландының жорығы. Батырлық сапары тарихтың 

қай  кезіне  жақындауға  мүмкін,  соны  тексеріп  қарау.  Елдің 

есінде ескіден сақталып қалған әңгімені жалпы тарих шеңберіне 

сыйғызып көру.

Қобыландының үлкен жорығы Қазан  қаласына аттанудан бас-

талады. Ел жыры Қобыландыны Қазан қаласымен соғыстырады.

Қобыландының батырлық әңгімесі ел өлеңінде осы уақиғаның 

айналасында болады.

Біз ел әңгімесінің осы жерін тарихтың қай кезіне келетінін 

тексермекшіміз.

Әңгімеде Қобыланды Қазан қаласымен соғысады. Әңгімедегі 

аталған  Қазан  қаласы  қай  Қазан?  Бізше,  бұл  бұрынғы  Қазан 

хандығының  астанасы  болған  бүгінгі  Еділ  бойындағы  Қазан 

қаласы.  Бұның  дәлелі  әңгіменің  өзінен  көрінеді.  Қобыланды 

аттанып барған Қазан екі қала екен дейді, бірі – сырлы Қазан, 

бірі – қара Қазан. Бүгінгі Қазан қаласы XIV–XV ғасырлардың 

шекарасында екі жерде болғаны рас. Әуелі Қазан XIV ғасырдың 

аяқ кезінде әуелі “Ғызан” деген судың құятын жерінде балқардан 

шыққан Алтынбек, Қалымбек салған қала болады. Алтынбек, 

Қалымбек балқардың Ғабдолла ханының баласы, бұның елдігін 

Ақсақ Темір ойрандап

16

, өзіне қаратып алғанда, ханның екі бала-



сы Еділді өрлеп кетіп, жоғарғы Қазан қаласын салған, артынан 

XV ғасырдың бас кезінде Алтын Ордадан бөлінген бірнеше рулар 

келіп, Еділ бойының хандығын жасайды. Оның астанасы Қазан 

қаласы болады. Бірақ бұлардың тұсында Қазан қаласы бұрынғы 

ескі  Қазаннан  7  шақырым  төмен  жерден  салынады.  Кейінгі 

уақытта Қазан хандығының астанасы да сол болады.

Мөлшермен  есептегенде  Қазан  хандығы  1430  жылдардан 

1552 жылға шейін еркін өмір сүрген, өзгеден елдігі, іргесі бөлек 

бір хандық болады. Өз бетімен еркін өмір сүріп тұрғанда, Қазанда 

14 хан болған. Алғашқысы Махмұт, соңғысы 1552 жылы Иван 

Грозный Қазан қаласын алған уақытта

17

 хан болып тұрған Ядгар. 



Бұл екі арада болған 14 ханның ішінде біздің әңгімеде аталатын 

Қазан деген хан жоқ. Бұл ат Қазан қаласының атына ұйқастырып, 

елдің өз қиялы қосқан ат болуға керек.

Біздің  ел  әңгімесіне  қарағанда,  Қобыланды  батыр  Қазан 

хандығының құлайтын мезгілінен көп бұрын өлген адам болады.


92

Бірақ  әңгіме  Қобыландыны  Қазанға  аттандырады.  Соған 

келелік. Ел әңгімесі, ел қиялы тарихтың пәлен жыл мен пәлен 

жыл арасындағы уақиға деп санайтын өлшеуінен бірде ілгері, 

бірде кейін кетіп отырады. Тарихта дәлді болып өткен мезгілді 

ел әңгімесінің кейде білмей шатастыратыны да болады. Кейде 

әдейі біле тұра бір сүйген мезгіліне, не есінде ұмытылмастай 

болып  нық  орнап  қалған  тарихи  уақиғаның  тұсына,  ертеде 

болған уақиғаны, кейінгі заманда болған уақиғаны да түгелімен 

алып келіп, бір жерге басын қосып, үйіп-төгіп қоятыны да бо-

лады. Сондықтан көп жұрттың ескілікті әңгімелерінен белгілі 

бір хан мен патшаның айналасына жиналады. Кейде бір үлкен 

тарихи дәуірге әкеп жиып қояды. Орыс жұртының батырлар 

ескілігінің барлығының (Владимир Красное солнышко) айна-

ласына жиналғаны сияқты, араб жұртының ескіліктегі әңгіме 

ертегінің көбі һарун Рашид айналасына жиналған сияқты

18

. Бергі 


заманда көп елдікке бөлінген түрік жұрттарының сондай дәуірі. 

Алтын Орданың кезі болады. Өзге елдерден іргесін бөлек қылып 

шыққанда, қазақ ескілігінің көбі Әз-Жәнібек ханның да тұсында 

болады. Міне, осы сияқты жалпы тарих шеңберінен бөлініп, 

үзіліп шыққан бір мезгіл өзінің тұсына бұрынғы соңғы заман-

дарда болған ірі уақиғаларды, ірі батыр бағландарды түгелімен 

жинап алатыны болады. Оны жинайтұғын ел қиялы.

Қобыланды да қазақтың ұлы батырларының бірі. Ұлылық 

бұның  ерекше  туысында,  ел  жақсының  туысы  туралы  өзінің 

нық орнаған көзқарасынан айырылмайды. Ел қиялы бір сүйген 

түрінен ауыспайды да, адаспайды. Сондықтан Қобыланды ерек-

ше туыспен туады. Бұның жаратылысына да әулие мен пір аралас 

ерекше қылып туғызады.

Қобыландының алғашқы жорығы Қазан қаласына аттанудан 

басталады.  Әңгіме  Қобыландының  Қазанды  шауып,  егескен 

жауын жеңіп, жолдағы еске алған жауларына жолшыбай ша-

буыл  жасап,  содан  қайтып  келгенде,  өз  елінде  болып  қалған 

ірі  уақиғаға  кездесіп,  елін  шапқан  қалмақтың  Алшағыр  де-

ген батырымен соның елін шауып, кегін алуымен бітеді. Бұл 

уақиғалар бірінің артынан бірі тізіліп келетін ұзақ әңгіме болса 

да,  барлығы  Қобыландының  алғашқы  батырлығы  басталып, 

алғашқы батырлық жолындағы өзгеше қайратын жыр қылып 

әңгіме қылумен тоқталады.

Қобыланды бұл әңгімеде ел қорғаны болған, елінің мақтаны, 

айдыны  болған  батыр.  Қобыландының  батырлық  мінезін, 


93

батырлық туысын ел әңгімесі өзінше толық қылып, батырдың 

бүтін пішінін жасап шығарғандай болады. Қобыланды алғашқы 

жорығының өзінде алыстан тоят іздейді. Ежелден кекті болған 

алыстағы мықты жауға аттанады. Жауға аттанарда қарындасымен, 

Құртқамен қоштасқан сөзінде өзін-өзі қайраттандырып, жаулан-

дырып шын батырдың тасқындаған бір сөзімен жауап береді.

Қора толған қойымды,

Аш бөріге тапсырдым.

Азу тісі балғадай,

Жас бөріге тапсырдым.

Тоғай толған жылқымды,

Жасанған жауға тапсырдым, –

деген сиқты желпінген сөздер, шын батыр аузынан ғана шығатын 

сөздер болады.

Қобыланды барлық әдетінде батыр әдетін істейді. Ол жалғыз 

жүріп, шабуылды жалғыз жасайды, қауіпті жау ішінде болса да, 

еркімен ұйықтап, еркін, салғырт жүреді. Қобыланды әйел тілін 

алмайды, әйел тілін алу қаншалық жақсы адал досы болса да, 

азғанмен бір есеп деп біледі. Қобыланды әйел көмегін алғысы 

келмейді. Дұспаннан дұспандық қана күту керек. Дұспандығына 

қайратпен  ғана  жауап  қайыру  керек  деп  біледі.  Сондықтан 

дұспан қолынан келген жақсылық пен кеңшілікті қабыл алмай-

ды. Көбіктінің қызы Қарлығаның істемек болған көмегін, беріп 

тұрған бостандығын сол себепті алмайды. Құртқаның болжал 

қылып, еліңді жау шауып, әке-шешең құл мен күң болып, бізді 

егескен жаудың мықтысы әкеткен заманда келерсің деген сөзі де 

Қобыландыға тоқтау болмайды.

Қобыланды жорықта олжа үшін, табыс үшін жүрген, дүние 

қуған батыр емес, ол жақсылық атақ үшін жүрген батыр, ай-

дын үшін жүрген қол. Сондықтан жорық жолында не кез келсе 

де,  бағасына,  ажарына  Қобыланды  қарамайды,  олжа  деген 

жолдастың бәрі тілегенін алып отырады. Сол ретті қарағанда 

Қобыландының өзін тілеп, өзінікі болмаққа ізденген Қарлығаны 

олжа деп алып кетеді. Барлық жолдың олжасы да Қият тобы мен 

Қараманда болады.

Қобыланды – елдің қиял қылған батыры. Бұл – өз руының 

мақтаны. Елінің қорғаны. Жаугерлік, тыныштығы жоқ заманда, 

жағалай шабыс құба қалмақ заманы сияқты аума-төкпе заман-

да, амандықты, тыныштықты тілеген ел батырды қиял қылған. 



94

Сондағы тілеген, қиял қылған батыры – Қобыланды. Бұл серікке 

қол  алмайды.  Елге  ауыртпалық  түсірмейді.  Елдің  құр  ғана 

қорғаны емес, өзі де ізденеді, жақындағы түгіл алыстағы жаудан 

да ізденіп барып, өшін алады.

Қобыландының бір басында әрі басшы батырдың, әрі артынан 

ерген қолдың да міндеті бар.

Қобыланды сияқты батыры, айдыны болған заманда Қыпшақ 

елін аларлық жау жоқ. Алса қапыда алады. Қобыланды жоқта, 

қамсызда, бейбітте алады. Бірақ Қобыланды тұрғанда елге өлім 

жоқ. Ер тіршілігін сақтаушы бар.

Қобыландыдан соңғы әңгімедегі екінші орын алатын Құртқа. 

Құртқа – Қобыланды сияқты ерекше туған батырдың теңі болып 

туған көңілдегідей жақсы жары. Онда жарға лайықты шыдам бар. 

Тоқтаулы мінезділіктен басқа жарын сыйлаған кең сабыр бар. Ол 

тілеуі дұрыс. Барлық ой, барлық ниетімен жар жолына барын 

сарп қылған жолдас. Сондықтан ол Қобыландының келешегін 

ойлағандықтан, болжал айтады. Қобыландының үйде отырған 

есі-ақылы – Құртқа. Қобыланды қайрат иесі болғанда, Құртқа – 

ақыл-ой  иесі.  Екі  жартыдан,  екі  жақсы  сыпаттан  құрылған 

жарастықты бір бүтін өмір – бұл екеуінің біріккен өмірі болады.

Құртқаның  өз  басына  арналған  тілегі  мен  ойы  жоқ.  Ол  – 

Қобыландының өміріне тілеуі мен қызметін қосып жіберген жан. 

Сондықтан ол тұспал айтудан гөрі басқа түс те көреді. Түсінде 

Қобыландыны  тауып  отырады.  Құртқа  –  елдің  Қобыланды 

сияқты  батырға  қиял  қылып  қосқан  жары.  Көбінесе  Құртқа 

Қобыландыдан есті, тартымды болады.

Қызметі: Қобыландыға Тайбурылды асырап жетілтіп, жолдас 

қылып беру – Құртқаның өзіне мақсат қылған жұмысы болады. 

Тайбурыл – Қобыландының Құртқадан соңғы серігі, жолдасы. 

Тайбурыл – көшпелі елдің батырына арналған ат. Көшпелі елдің 

қысылғанда сенім қылатын қыл құйрықты жел жетпес, есті серігі. 

Жорыққа, сапарға шыққанда артта қалған елден де, үйден де 

жалғыз сүйеніш сезімі аты болады. Сондықтан ол ат құр ғана 

мінгіш, құр ғана жүйрік, берік болудан басқа есті де болу керек. 

Сондықтан Тайбурыл керекті жерінде (тіл бітіп) сөйлеп те кетеді. 

Көтерген  қиял  Тайбурылды  өзге  малдан  жат  қылып,  ірілетіп 

әкетеді


19

.  Тайбурылдың  бұлай  болуына  Құртқаның  тәрбиесі 

себеп болады.

Құртқа  Тайбурылды  баласындай  тәрбиелейді.  Тайбурыл 

өзгеден  өзгеше  тәрбие  көрген,  Құртқа  тәрбиесінен  шыққан. 

Сондықтан өзгеден жат ісін көрсетеді.



95

ӘДЕБИЕТ ЕСКІЛІГІН ЖИНАУШЫЛАРҒА

Қазақ әдебиетінің шашылып жатқан жұрнақтарын жинап, 

арнаулы  бағасын  беріп,  тиісті  орын-орнына  тарату  –  бүгінгі 

күнде қазақ тіліне қызмет қылып жүрген жұрттың барлығына 

да бір жалпы міндет сияқты.

Шаң басып жатқан ескілікті жинап, басын құрап, көпшіліктің 

мүлкі қылып беру жалғыз ғана әдебиетті сүюшіліктен тумай-

ды.  Жақын  жердегі  алдыңғы  керегі  әдебиетті  сүйетін  қазақ 

оқушысына ой, сезім азығын беру болса, одан кейінгі зор пайдасы 

қазақ тілінің қалыптанып, нығайып өзіне біткен көркі мен күшін 

жинау үшін керек.

Көрік пен күш жинау елдің ішкі байлығын сыртқа шығарып, 

бетін ашады. Өткен заманның қадірлілері талайдан келе жатқан 

кәрі қазақтың бұл күнге шейін көмескі болып келген ақыл, сезім 

жолындағы  бітімін  айқын  көрсетеді.  Талайдан  қалыптанған 

ой тұлғасын көзге елестетеді. Қазақтың өткен күндегі тұлғасы 

айқындалмай, келешегінің беті ашылмайды. Өткен күннің ұғымы 

мен нанымы, әдебі мен салты анықталып екшелмесе, алдыңғыға 

бет түзелмейді. Ирегі мен бұраңы көбейеді. Қай жұрттың қай 

түрдегі өнерін алсақ та, артындағы қоры жиналмай, алдына қарай 

заулап кеткен емес. Бұл туралы бүгінгі еңбекшіл әдебиетінің өзін 

мысалға алсақ та:

“Біздің де артымызда ой тербететін ертегіміз бар, мифіміз

1

 бар. 



Алдымызда зор сеніммен күткен келешегіміз бар, магиямыз

2

 бар. 



Ертегіміз жер-дүниені меңгерген ұлы еңбек ертегісі. Алдымыз 

сол еңбектің адам қауымын баққа жеткізетін келешегі”, – дейді.

Ескілікті тірілтудің үшінші зор керегі мектеп үшін. Әрбір 

мектеп нағыз ұлт мектебі болуы үшін екі діңгекке тіреледі. Біреуі 

сол елдің тілі, екіншісі – тарихы. Осы екі тараудағы білімменен 

әрбір мектептің бір ұлтқа тиісті болған пішіні құралады.



96

Қазірде қазақ мектебінде тіл әңгімесі бірінші сатыдағы істі 

істеп келеді

3

. Жазу мен оқу жолында ана тілінің іргесін нығайтып, 



соны құрап келеді. Тілге арналған қызмет онымен бітпейді. Бұл 

тілдің қара қызметін атқарып келе жатқан мезгіліміз. Тіл оқуы 

жалғыз осы сатысында тұрып қалса, ол қалыптасқан өнер сияқты 

ақыл, сезім жемісі болып ойға азық бере алмайды.

Тіл оқуына әдебиет заңы, әдебиет тарихы ісін талдау барып 

қосылған күнде ғана тіл оқуы өнерге, білімге айналады.

Онан  соң  әдебиет  ескілігін  түгел  тірілтіп,  жинап  алып 

талғау жалғыз әдебиеттің өз керегін орындап, жоғарғы айтқан 

керекке жарай қоймайды. Орыс академигі А. Н. Веселовский:

4

 



“Қай жұрттың ескілігін алсақ та әдебиет ауданы көпке бірдей 

кең алқап, оған неше тарау өнердің неше алуан адамдары бір 

соқпай кете алмайды. Сол көп мергеннің бәрінің де іздеген керегі 

әдебиеттен аз көп болса да табылып отырады”

5

, – деген.



Шынында,  ескі  әдебиеттен  мағлұматты  кім  алмайды? 

Санасақ әдебиетшінің өзінен басқа: тарихшы, шаруа білгіші, 

тәрбиеші,  заң  білгіштері,  мәдениет  тарихшысы,  тағы  толып 

жатқан көпшіліктің бәрі де сөзін білсе, әдебиет мағлұматын бере 

де біледі. Ескі грек, рим жұртының тарих көзі жетпейтін кәрі 

заманында, құлдық дәуірінде болған елдің салт-санасы қандай 

түрде болғандығы туралы бірталай мағлұматты Гомер өлеңдері 

беріп отырғаны көпке мәлім

6

.

Сол  сияқты  казақ  әдебиеті  де  құр  ғана  өлең,  жыр  болып 



қоймай, ескі заң, ескі мінез, ескі білім тәжірибені білдірудің 

үстіне, қазақтың шаруа тіршілігі мен тұрмыс түрінен туатын 

ұғымын да айқын көрсетеді. Көшпелі салт бақташылық кәсібі 

қазақ елінің ой-сезімін, мінезі мен ұғымын өзгеден бөлек пішінде 

қалыптаған.  Қазақтың  алғашқы  өзгешелігінен  туатын  айқын 

бөлек, тұлғасы бар. Ерекше біткен ұлы денелі қол батыры, жан 

батыры болған геройы

7

 мен героинялары



8

 бар.


Бақташылық  кәсібінің  дәл  өзінен  туған  шаруа  геройы 

Қодар


9

 бұл сөздерге дәлел. Мол денелі алып бақташы бұрынғы 

жағалай  шабыс  заманындағы  Қобыланды

10

,  Тарғыннан



11

  кем 


бағаланбайды.

Бір кезде бар мақтанды батырға беріп:

Таңертең шапса, кешке озған,

Ылдидан шапса, төске озған,

Томаға көзді қасқа азбан, – 


97

десе


12

, Қодарға келгенде сол сияқты қиял қылған қара шаруаның 

қайраткерін еңбегіне сүйсіне жырлап:

Күнімен құдық аршып, түске шейін,

Сондай құдық қазады беске шейін,

Кейінің өз суы бар, кейінде жоқ.

Меспен тасып толтырар кешке шейін, – 

деп


13

 жазғы еңбегін айтып өтіп, қысқа келгенде тағы бір қырға 

мініп кететін Қодарды:

Жылқыға тіпті жайлы Қодар маман,

Сырт дұшпан бата алмайды ол бір қабан.

Қодекең шүйгітеді қайдағы отқа 

Жылқысы семіз шықты есен-аман,–

дейді


14

.

Қодар  пішінінде  қазақтың  көшпелі  тұрмысынан  туатын 



қиялы мен тілегінің бір жерге жиналған мол денелі жиынтығын 

көрмеуге болмайды.

Іздеуші, сынаушы болса, қазақ ескілігінен бұдан басқа да 

талай жаңалықты ашуына күмән жоқ.

Сондықтан осы айтылған неше тараулы керегі мен пайда-

сын санап келіп, ендігі айтылатын жалғыз-ақ сөз: сол қазақтың 

жоғалып,  ұмытылып,  тозып  бара  жатқан  сұлу  өнерін

15

  қайта 



жинап, тірілту керек деген ғана сөз болады.

Бұл  іс  бір-ақ  беттегі  адамдардың  міндеті  емес,  оқи  біліп, 

жаза білген бар қазақ баласының міндеті. Бұл жолда ең алдыңғы 

тілекті ел ішінде ескі сөзді білетін кәріқұлақтарға айтамыз.

Жазу білгендері ойында жүрген асыл жұрнақтардың бағасын 

ұғынып өз бетімен жазса, болмаса жаза білетін баласы, інісі 

сияқты жастарға жазғызса, не болмаса елге әдейі шығайын деп 

отырған оқушы, оқытушы жастарға жазғызса, сол іс өз міндетін 

атқарып, қазақтың елдігіне кәрі қолымен қосқан бір бағалы әлем 

байлығындай еңбек болар еді. Ел ішіндегі ескі сөзді білетін адам-

дар жаздың қол бос болатын кең күнінде, даяр жазушыға айтып 

отырып ұзақ өлең, әңгімелер болса да жазғызуы қиын болмас 

еді. Сол жұмысты істер еді. Осы үмітті ақтар еді деп сенеміз.

Сондықтан биыл жаз Семейдің техникумынан

16

 ел ішіндегі 



сауатсыздықты  жоюға  шығатын  100  шәкіртке  осы  нұсқауды 

қолданатын жоба қылып беріп, ел ескілігін жинап әкелуді тап-

сырып отырмыз. Бұл кез шәкірт Семей губерниясының барлық 

7–1246


98

бұрыш-бұрышына  саны  жеткенше  тарамақшы.  Талай  жерде 

елеусіз жүрген бағалы сөзді жарыққа салмай, ішінде әкетіп бара 

жатқан кәрі құлақтарға кездеспекші. Сондықтан күзге қарсы сол 

шәкірттер арқылы көп қадірлі сәлемдемені қалың елден күтеміз.

Енді  қазақ  әдебиеті  мен  тарихына  жанасатын  ескіліктің 

қандай түрлерін жинау керек, соған келейік. Бұл туралы Семейдің 

губерниялық  методический  кеңесі  мен  қазақ  техникумында 

жасалған мына нұсқаны ұсынамыз:

Ә д е б и е т   ж а й ы н а н   ж а з ы п   а л а т ы н д а р ы :

1. Алдымен ел ішінде кездесетін барлық батырлар әңгімесі. 

Бұлардың ішінде әсіресе қалдырмайтындар: “Козы Көрпеш – 

Баян сұлу”

17

, “Қобыланды”



18

, “Едіге”

19

, “Шора”


20

, “Алпамыс”

21

 

сияқтылар. Бұларды түгел білуші болса білген жерлерін жазып 



алу керек. Бұл әңгімелердің өлеңмен айтылуы шарт емес: қара- 

сөзбен болса да алу керек.

2. Ескі жиында айтысқан атақты ақындардың барлық айтысы. 

Айтысқан өлеңнің, мысалы, Кемпірбай

22

 мен Шөже



23

 не салдар 

айтысы сияқтылар болады.

3. Ескі билердің ру тартысының үстінде, билік үстінде өлең, 

мәтел, тақпақпен ырғасқан сөздері. Мысалы, Ақтайлақ

24

 бидің 



сөзі, Сабырбайдың

25

 Солтабайға айтқан сөздері



26

.

4. Есім



27

, Абылай


28

 сияқты көпке белгілі хандар жайындағы 

тарихи өлеңдер. Кабанбай

29

, Бөгенбай



30

, Ағыбай сияқты

31

 бергі 


замандағы батыр жайындағы жорық өлеңдер.

Осы сияқты атақты адамдардың жақыны арқылы солардың 

өмірбаянын, өмірінде кездескен белгілі үлкен уақиғаларын алу 

керек.  Мысалы,  Наурызбай

23

  мен  Тілеуқабақ



33

  қыздарынын 

әнгімесі сияқты.

5.  Қыз  ұзатқанда  айтылатын  өлеңдер:  жар-жар,  беташар, 

қоштасу.

6.  Салтпен  байланысқан  сыршылдық  өлеңдері:  естірту, 

қоштасу  (өлім  алдындағы  қоштасу,  жерге  қоштасу,  өткен 

дәуренге қоштасу). Жоқтау (хан өлгенде қарашының жоқтауы, 

қара кісі өлгенде үй ішінің жоқтауы). Бұндай өлеңдердің барлық 

кездескен түрлерін түгел жинау керек. Кім шығарды, қай заманда, 

кімге арналғаны жазылу керек.


99

7. Ақтабан шұбырынды сияқты аума-төкпе заманда басшылық 

еткен  ру  геройларының  әңгімелері.  Сол  уақиғаның  тұсынан 

қалған ескі өлең, жырлар.

8. Өзен, өлке, қоныс, мола, көл мен таулар атымен жалғасатын 

ертегіше әңгімелер (легендалар)

34

.

9. Қалмақ пен қазақ жаулығының тұсынан қалған, не болмаса, 



жақын рулармен жауласқан кезден қалған ескілікті әңгімелер. 

Көзкөргеннің баяны (воспоминание)

35

.

10.  Қазақтың  Бұқар  жырау



36

,  Шөже


37

,  Шортанбай

38



Жанақ



39

, Кемпірбай

40

 сияқты ақындарының өмірбаянына тиісті 



мағлұматтар: қай рудан, қанша жасқа келіп өлген. Өлгеніне қанша 

болған. Өміріндегі ірі өзгерістер, әдеті, өлеңді көп айтқан мезгілі, 

кімдерге, нелерге арнап айтқан өлеңдері бар. Солар жиналуы 

керек. Бұл ерекше көңіл бөлетін мағлұматтардың бірі. Бұлардан 

басқа ертегі адамынша аталатын: Асан  қайғы

41

,  Жиренше



42

, Ал-


дар Көсе

43

, Қорқыт



44

 жайларындағы әңгімелер. Солар айтты деген 

өлең, тақпақ сөздер, өмірбаянына тиісті болатын әңгіме. Ескі 

атақты билер жайынан да жиналуға керек. Олар: Төле, Бекболат, 

Шоң

45

, Торайғыр



46

, Қазыбек, Ақтайлақ сияқтылар болады.

11.  Атақты  бақсылар  жайындағы  әңгімелер  сарыны, 

күйлерінің аты, жындары жайындағы әңгімелер, жындарының 

аттары, істейтін міндеттері, бақсының сиынатын көмекшілері.

Одан  басқа  қазақ  әдетіндегі  шаманизм  сарқыттары:  “жұп 

шырақ”, ақ шашу, аластау, ұшықтау, отқа май құю, айтылатын 

сөздер тағы осы сияқты сақталып қалған ескі әдеттер.

Наурыз  сияқты  мейрамға  арналған  өлеңдер,  жарапазан 

өлеңдері.

1916 жыл уақиғаларымен жалғас туған әңгіме, өлең сияқты 

сымбатты сөздер.

1917 жыл өзгерісінен бергі уақиғалар туғызған өлең, жырлар, 

әңгімелер.

Т а р и х   ж а й ы н а н   ж а з ы п   а л а т ы н д а р ы :

1. Әрбір рудың шежіресі, рудың қазіргі туған жерге қайдан 

келіп, қандай уақиғалардың есебінен келгендігі. Бұрынғы жер 

иелері, сол замандағы ру басшысы мен батырлары.



2. Орысқа бағынбай хан билеп тұрған заманды білдіретін 

әңгімелер. Аға сұлтандар билік сүрген кездің әңгімесі. Бұрынғы 

шербешнай съездер. Көп ру бас қосысқанда жасалған уақытша 

ережелер.

3. Руды қаратқан себеп. Кім басшы болған. Алғашқы қараған 

мезгілдің әңгімелері.

 4. Қазақ даласының әр жеріне алғашқы келген переселендер. 

Алғашқы жер алуы. Ол кездегі қазақ пен келімсектер арасы. 

Алғашқы  қағысулар.  Бұл  уақиғалардың  тұсында  рулардан 

шыққан ерлер.

5.  1916  жылдың  сыртқы  жайын  білетін  әңгімелер.  Елдің 

берілгісі келмеген жалтағы, алысқа көшу, басшылары. Қарулы 

әскермен соқтығысу, соғыс суреттері. Көтерілістің арты.

Міне, осы сияқты жайлардан шама келгенше толық мағлұмат 

жиналуы  керек.  Жинаушыға  қойылатын  шарт:  барлық  сөз 

айтушының  дәл  өз  аузынан  шыққан  қалпында  ғана  жазы-

луы керек. Бұл сияқты іс басқа губернияларда да болар. Жаз 

елге қайтатын шәкірттер мен мұғалімдер арқылы жиналатын 

мағлұмат  аз  болмайды,  көп  болады.  Оқушы  мен  оқытушы  – 

біздегі өзінше көп халықтың бірі. Сондықтан олар арқылы қай 

губерния болса да дағды қылар.

Біздің қазірде айрықша осы жұмысқа шақыратын жеріміз – 

Қарқаралыдағы қазақ техникумы

47

. Семей шәкірттері Қарқаралыға 



бармайды. Ол уезд түгелімен сондағы техникумның міндетінде. 

Сондықтан осы істі қолданып, күздігүні мағлұмат туралы Семей 

техникумымен айрықша қатынас жасау керек.

100


Әңгімелер
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет